Enbekshi QazaQ

Бизнес

Қарағанды облысы қарқынды дамып келеді: жаңа зауыттар, жұмыс орындары және халықтың тұрмысына қолайлы жағдайлар 14.10.2025
Қарағанды облысында биыл 29 жаңа өндіріс іске қосылмақ. Ірі жобалардың қатарында болат құбырлары, алюминий радиаторлары, ферроқорытпалар шығаратын зауыттар, сондай-ақ машина жасау саласындағы жаңа нысандар бар. Соның арқасында екі мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ.Өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев облыстық мәслихаттың сессиясында халық қалаулыларына есеп беріп, Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалардың орындалу барысына тоқталды.– 2025 жылғы Жолдауында Президент еліміздің алдында өңдеуші өнеркәсіпті дамытып, оған жаңа серпін беру міндетін қойған болатын. Бұл бағыт Қарағанды облысында нақты жүзеге асырылып жатыр. Өңдеуші өнеркәсіптің жалпы өндірістегі үлесі бүгінде 76%-ды құрайды. Машина жасау саласы да қарқынды дамып келеді: 2025 жылдың сегіз айында оның өндіріс көлемі 312,5 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға өсті. Нәтижесінде машина жасаудың өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі 13%-ға дейін көтерілді. Индустриялық аймақта жаңа жобаларды іске асыру арқылы біз Саран қаласын моноқала мәртебесінен шығарып, жаңа жұмыс орындарын ашуға әрі экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік алдық, – деді аймақ басшысы.Сегіз ай ішінде облыстың өнеркәсіптік өндірісі 7%-ға артты. Тартылған инвестиция көлемі 645 млрд теңгеге жуықтады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 11%-ға көп.Жұмыссыздық деңгейі республика бойынша ең төменгі көрсеткіштердің бірі болып қалып отыр – шамамен 4%.Тұрғын үй құрылысы да қарқын алған: сегіз айда 351 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 1330 кезекте тұрған отбасы жаңа пәтерге қоныстанады.Ауылдық елді мекендер мен қалаларда ауызсу жүйелері жаңартылып, газ тарту жұмыстары кеңейтіліп жатыр, жолдар жөнделуде. Биыл облыста таза ауызсумен қамту мәселесі толық шешіледі деп күтілуде.Әлеуметтік салаға да айрықша көңіл бөлінуде. Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау шараларына облыс бюджетінің жартысынан астамы бағытталуда. Биылдың өзінде бес жаңа балабақша ашылып, алты мектеп салынды. Мемлекет басшысының ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 65 медициналық нысан бой көтерді, тағы 27-сі жыл соңына дейін іске қосылады.– Ортақ еңбегіміздің нақты нәтижесін көріп отырмыз. Өнеркәсіп те, ауыл шаруашылығы да, әлеуметтік сала да тұрақты өсім көрсетуде. Президент елімізде экономикалық өсімді кемінде 7% деңгейінде қамтамасыз етуді міндеттеген. Біз өз алдымызға бұдан да биік межелерді қойып отырмыз, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.Депутаттар облыс әкімінің есебін қабылдап, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына оң бағасын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1079380?lang=kk
Қарағандылық спортшы батуттық гимнастикадан Әлем кубогының жүлдегері атанды 14.10.2025
Қарағандылық Ерлан Тасмағамбетов батуттық гимнастикадан Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды. Жарыс Болгарияның Варна қаласында өтті.Ұлттық құраманың сапында барлығы үш қарағандылық спортшы бақ сынады – дуэт құрамында Данил Мұсабаев пен Никита Тумаков, сондай-ақ Ерлан Тасмағамбетов болды. Ол павлодарлық Виктория Бутолинамен жұптасып өнер көрсетті. Нәтижесінде Тасмағамбетов пен Бутолина үшінші орынға ие болды.– Бұл жолы Мұсабаев пен Тумаковқа сәл ғана сәттілік жетіспеді, жүлдесіз оралды. Бірақ жуырда ғана Германияда өткен Әлем кубогы кезеңінде олар алтын медаль алған болатын. Мұндай жеңістер жас спортшыларды жігерлендіреді, жаңа биіктерді бағындыруға жол ашады. Біздің межеміз бұрыннан биік: ірі әрі беделді жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегерлері мен чемпиондары атандық. Қазақстан батуттық гимнастикада әлемдік деңгейде танылған және мойындалған. Ерлан Тасмағамбетовтың бұл жолғы қола медалі – соның тағы бір дәлелі, – дейді Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сергей Вертянкин.Жыл соңына дейін қарағандылық спортшыларды қарқынды кезең күтіп тұр. Қазір батутшылар 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтіп жатқан ТМД ойындарында ел намысын қорғауда. Ал одан кейін Ерлан Тасмағамбетов, Данил Мұсабаев пен Никита Тумаков Испанияға аттанып, Әлем чемпионатына қатысады.– Әрине, біз медаль жеңеміз деген жігермен барамыз және жеңіске сенеміз. Біздің спортшыларда барлық мүмкіндік бар: сәтті комбинациялар, мықты дайындық, жақсы физикалық қалып. Сондықтан біз оларға жанкүйер боламыз! – дейді бапкер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1077432?lang=kk
Қарағанды облысы – онлайн-саудадағы отандық көшбасшылардың бірі 14.10.2025
Қарағанды облысы Қазақстанда электронды сауданы дамытуда алдыңғы қатарлы өңір саналады. Бұл – жергілікті бизнестің белсенділігінің және отандық Teez маркетплейсінің серпінді дамуының нәтижесі. Қазірдің өзінде еліміздегі әр бесінші онлайн-тапсырыс Қарағанды үлесіне тиіп отыр.Teez – жеткізу мерзімі бар болғаны бір күнді құрайтын, қазақстандық қарқынды дамып келе жатқан онлайн-сауда алаңы. 2024 жылдың қыркүйегінде іске қосылған жоба қысқа уақыт ішінде зор нәтижеге қол жеткізді. 2025 жылдың қаңтарында қарағандылықтар берген тапсырыстар көлемі 2,3 миллионнан асып, бұл Қазақстандағы барлық онлайн-сатылымдардың 17,8 пайызын құрады.Арада бір жыл өткенде, 2025 жылдың қыркүйегінде Teez тәулігіне 10 мыңнан астам тапсырысты қабылдап, еліміздің 30 қаласына жеткізіп отыр.Қарағанды мен өзге өңір кәсіпкерлері үшін Teez – өнімдерін сату және нарыққа шығарудың тиімді құралы. Бүгінде алаңда 37 мың отандық кәсіпкердің тауарлары ұсынылған.— Біздің мақсатымыз – әрбір қазақстандық брендтің халықаралық деңгейде бәсекеге түсуіне мүмкіндік беру. Осы үшін біз қолайлы экожүйе қалыптастырып жатырмыз: төмен комиссия, тегін сақтау, жарнамалық қолдау және жедел жеткізу, — дейді Teez компаниясының бас директоры Линар Хуснуллин.Маркетплейстің өңірде дамуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына да ықпал етуде. Бүгінде Қарағандыда 350-ден астам адам Teez компаниясында еңбек етсе, алдағы жылдары бұл сан бүкіл Қазақстан бойынша 8 мыңға жетуі жоспарланып отыр.Электронды сауданың өркендеуі логистика, курьерлік қызмет және қоғамдық тамақтану секілді салалардың дамуына да серпін беруде.Өткен жылдың қарашасында Қарағандыға жұмыс сапарымен келген ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев атап өткендей, өзінің географиялық орналасуы мен инфрақұрылымдық әлеуетін ескере отырып, Қарағанды облысы Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азияның да ірі сауда-логистикалық хабына айнала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1077274?lang=kk
Қарағандылық дуэт Германияда өткен әлем кубогында алтын медаль иеленді 14.10.2025
Германияның Котбус қаласында батут гимнастикасынан 2025 жылғы Әлем кубогының төртінші кезеңі өтті. Қарағандылық спортшылар Данил Мұсабаев пен Никита Тумаков жарыстың чемпиондары болып танылды.Байрақты бәсекеге 13 елден 57 спортшы қатысып, бес жиынтық медаль сарапқа салынды.Қарағандылық дуэт синхронды секіру сайысында 52,200 ұпай жинап, қарсыластарын артта қалдырды. Екінші орынға әлем чемпиондары – германиялық Кайо Локстерман мен Фабиан Фогель (52,050) жайғасса, үшінші орынды әлем және Еуропа чемпиондары – британдық Зак Перзаманос пен Кори Уолкс (51,530) иеленді.Жеңімпаздарды жаттықтырушы Сергей Вертянкин дайындады.Айта кетерлігі, Мұсабаев пен Тумаков үшін бұл маусым табысты өтіп келеді. Биыл ақпанда олар Әзірбайжанда өткен әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде алған болатын.Данил Мұсабаев – Қазақстан спортындағы жұлдыздардың бірі, 2022 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері әрі 2024 жылы Парижде өткен Олимпиадаға қатысушы. Ал 18 жастағы Никита Тумаков үшін сол күміс – әлемдік деңгейдегі алғашқы медаль еді. Енді ол алтынды да қанжығасына байлады.Бұл туралы Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1072361?lang=kk
Қарағанды облысына 640 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды 14.10.2025
Қарағанды облысында инвестиция тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Биылғы сегіз айда өңірге 644 млрд теңге қаржы құйылды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға артық.Бұл туралы аппараттық кеңесте облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Асқар Газалиев мәлімдеді.2025 жылы жалпы саны 29 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның жартысына жуығы өңдеу өнеркәсібі саласына тиесілі. Жыл қорытындысымен 1,5 трлн теңге инвестиция тарту көзделген.Инвесторларға өңірде қолайлы жағдай жасалған. Мемлекеттік бағдарламалар мен даму институттарымен қатар, өңірлік «Кәсіпкер» және «Өрлеу» бағдарламалары жұмыс істейді. Дайын инфрақұрылыммен және салықтық жеңілдіктермен қамтамасыз етілген екі ірі алаң бар – «Сарыарқа» АЭА мен Саран индустриялық аймағы. Сондай-ақ «Сарыарқа» ӘКК базасында Инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.Қолдау тетіктері жеңілдетілген несиелер, инфрақұрылым тарту, жер телімдерін бөлу және жер қойнауын пайдалану лицензияларын ұсынуды қамтиды.– Облыста іскерлік белсенділік артып келеді. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 101 мыңнан асты. Биыл 3,8 мың кәсіпкерге субсидия, кепілдік, грант және жеңілдетілген несие арқылы қаржылай қолдау көрсету жоспарланған, – деді Асқар Ғазалиев.Қазірдің өзінде бірнеше ірі жоба іске қосылды. Атап айтқанда, ыстық мырыштау зауыты, Samsung маркалы теледидарлар мен кір жуғыш машиналар шығаратын өндіріс орындары пайдалануға берілді. Металлургиялық кремний өндірісі қайта қалпына келтірілуде.Осакаров ауданында қуаттылығы 150 МВт болатын жел электр станциясының құрылысы аяқталуға жақын. Жақын уақытта өңірде болаттан тік дәнекерлі құбырлар, алюминий радиаторлары мен кремнийлі қорытпалар өндірісі жолға қойылады.Аграрлық салада да ірі жобалар бар. Осакаров ауданында ең ірі тауарлы-сүт фермасының құрылысы басталды. Жыл соңына дейін сыйымдылығы 1200 басқа арналған алғашқы кезең іске қосылмақ.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы үнемі бақылауда екенін атап өтті.– Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы инвестицияларды қай салаға және қандай көлемде бағыттау қажеттігін нақтылап айтты. Жобаларды дайындау мен іске асыруға әкімдер жеке жауапты. Инвесторларда мәселе туындаған жағдайда, заң аясында жедел шаралар қабылдануы тиіс, – деді өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1072257?lang=kk
Мерейтойлық Mining & Metals Central Asia және Kazcomak 2025 көрмелері Алматыда 30 елден 500-ден астам компанияны біріктіреді 15.09.2025
17-19 қыркүйек аралығында «Атакент» ҚІЫО-да 30-шы мерейтойлық Орталық Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» - Mining & Metals Central Asia 2025 көрмесі және 21-ші Қазақстандық Халықаралық «Жол және өнеркәсіптік құрылыс, коммуналдық техника» - Kazcomak 2025 көрмесі өтеді.Биылғы жылы іс-шаралар 30 елден 515 компанияны біріктіреді, олардың ішінде Австралия, Австрия, Бельгия, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, Кипр, Қырғызстан, Нидерланды, Жаңа Зеландия, БАӘ, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Украина, Финляндия, Франция, Чехия, Швейцария, Оңтүстік Корея және ОАР бар. Австрия, Ұлыбритания, Германия, Иран, Қытай, Ресей, Түркияның ұлттық стендтері Қазақстан көрме алаңындағы халықаралық қатысудың өсуін айқын көрсетеді. 68 жаңа экспоненттер (жалпы санның 13%) дебютанттар болады, бұл көрменің жаңа ойыншылар үшін стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.Көрменің мазмұнды іскерлік бағдарламасын мемлекеттік органдардың өкілдері, тәжірибелі сарапшылар, ірі салалық қауымдастықтар мен одақтардың өкілдері арасынан ондаған спикерлер қамтамасыз етеді. 17 қыркүйекте «ГМК-ның басты мәселелері: қазақстандық мазмұн, инвестициялар, технологиялар, логистика, халықаралық серіктестік» тақырыбында Пленарлық отырыс өтеді, онда қатысушылар Қазақстанның инвестициялық әлеуетін, кәсіпорындарды цифрландыру және технологиялық жаңғырту, қазақстандық мазмұнды дамыту, жаңа логистикалық маршруттар мен жеткізу тізбектерін, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты талқылайды. Бұдан басқа, Kcell компаниясы (AI аймағының серіктесі) Almaty Hub-пен бірлесіп Demo Day өткізеді — стартаптар мен әзірлеушілер үшін бірегей алаң, онда олар өз шешімдерін индустрия көшбасшыларына тікелей ұсына алады және пилоттық жобаларды іске қоса алады. Сондай-ақ, көрменің бірінші күнінің мазмұнына практикалық семинарлар кіреді: CiDRA Minerals Processing Inc (Испания), NLT EUROPE (ОАР), Epiroc, Proftec және Қазақстандық Тау-кен палатасының Дөңгелек үстелі.18 қыркүйекте «ГМК-ның заманауи сын-қатерлеріне арналған жасанды интеллект негізіндегі шешімдер» тақырыбында Панельдік кейс-сессия өтеді. Composit компаниясы «Кен орындарындағы абразивті тозуға қарсы тиімді шешімдер» тақырыбында арнайы жабық семинар өткізеді. Көрменің іскерлік бағдарламасын Герман Ассоциациясының Симпозиумы және жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың жобаларын таныстыру сессиясы аяқтайды.Mining & Metals Central Asia және Kazcomak көрмелері жаңа серіктестіктерді қалыптастыруға, инновациялық шешімдерді енгізуге және тау-кен саласының негізгі міндеттерін шешуге ықпал ете отырып, саланың маңызды оқиғасы болып қала береді.Іс-шараға ресми қолдау көрсететіндер: ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, Алматы қаласының Әкімдігі, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен», РҚБ «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» (ТМКҚ).Семинар аймағының серіктесі - Composit компаниясы, AI аймағының серіктесі - Kcell компаниясы, Vip Lounge серіктесі - Cemeq Asia компаниясы, Гала қабылдау серіктесі - WR Logistics компаниясыІс-шараның ұйымдастырушысы - Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.Көрмелер туралы толық ақпаратты ресми сайттардан алуға болады: www.miningworld.kz , www.kazcomak.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1068043?lang=kk
ШЫМКЕНТ: ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ЕСЕБІНЕН ЕРЕКШЕ ОҚЫТУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ШӘКІРТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАТАҚХАНА САЛЫНУДА 26.07.2025
 Бұл әлеуметтік нысан  сөйлеу және өзге де кемістігі бар 300-ге жуық оқушыны заманауи жайлы жатын орынмен қамтамасыз етуге бағытталған. Жатақханада оқушыларға қажетті барлық жағдайлар жасалған. Мұнда медицина кабинеті, спорт, жаттығу, тынығу бөлмелері қарастырылған. Қазіргі уақытта ғимараттың қабырғасын өру жұмыстары жүргізілуде.  Нысанды биыл желтоқсан айында аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарланған.  Жобаны жүзеге асыру мерзімі мен құрылыс жұмыстарының сапасы бақылауда. Активтерді жергілікті халықтың игілігіне, өмір сүруін жақсартуға тікелей әсер ететін маңызды жобаларға бағыттау жалғасуда.
Отандық кәсіпорындарды қолдау және өңірлік инвестштабтар 15.07.2025
Отандық кәсіпорындарды қолдау және өңірлік инвестштабтар: Олжас Бектенов экономикалық өсімді одан әрі қамтамасыз етуге қатысты тапсырмалар бердіҮкімет отырысында Премьер-министр  экономика өсімінің оң динамикасын сақтау және оны одан әрі тұрақты дамыту үшін бірқатар тапсырмалар берді.Негізгі капиталға салынатын инвестициялар мен тікелей шетелдік инвестициялар бойынша нысаналы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету керектігі атап өтілді.Осыған байланысты өңірлік инвестициялық штабтардың алаңын белсенді пайдалану міндеті қойылды. Жоғары технологиялық өнім шығару саласында экспортқа бағдарланған жобаларға баса назар аудару тапсырылды. Салалық ведомстволарға өңдеуші өнеркәсіп секторын дамуын қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктелді.«Өңдеу өнеркәсібінің тұрақты өсуі үшін ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз ете отырып, отандық кәсіпорындардың өндірістік жүктемесін арттыру керек. Мүдделі мемлекеттік органдар өңдеуге арналған шикізатты әкелу мәселелерін жан-жақты пысықтауға тиіс. Сонымен қатар арнайы экономикалық  және индустриялық аймақтарда тиісті инженерлік,  сондай-ақ көлік инфрақұрылымын құру жұмыстарын жеделдету қажет. Осы бағытта халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын неғұрлым белсенді тарту керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
ШЫМКЕНТТЕГІ САУДА-ЛОГИСТИКА САЛАСЫ ДАМУДА: ALMAAR LOGISTICS – СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ 10.07.2025
 Шымкент қаласы үшін стратегиялық маңызы зор нысандардың бірі – «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізіне жақын орналасқан Almaar Logistics сауда-логистика орталығы бүгінде тиімді жұмыс істеуде.Жалпы аумағы 24 мың шаршы метрді құрайтын көпфункционалды кешеннің құрылысына жеке инвестор тарапынан 14,8 миллиард теңге көлемінде инвестиция салынған. Бұл – өңірлік экономиканы дамытуға бағытталған ірі жоба болып табылады.Орталық заманауи сақтау технологияларымен толық жабдықталған. Әсіресе тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін ұзақ уақыт сақтамай, тұтынушыға жедел жеткізуге мүмкіндік беретін логистикалық жүйе енгізілген. Бұл – өнім сапасын сақтау мен шығынды азайтудың тиімді жолы.Almaar Logistics орталығының қызметі қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмысын оңтайландыруға, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыруға зор үлес қосып отыр.Мұндай жобалар Шымкенттің логистикалық хаб ретіндегі әлеуетін арттырып, өңірлік және халықаралық нарықтармен тығыз байланыс орнатуға жол ашады.
Орталық Азиядағы электроника саласындағы басты көрмеге қатысыңыз: Electronica Expo Kazakhstan 2025! 03.07.2025
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қолдауымен 2025 жылдың 9–11 шілдесі аралығында Астанадағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында Electronica Expo Kazakhstan 2025 өтеді — бұл Орталық Азиядағы электроника, электротехника және цифрлық технологиялар саласындағы ең ірі іс-шара.Мұнда тұрмыстық және өнеркәсіптік техниканың ең жаңа үлгілері мен заманауи шешімдері ұсынылады — электрондық компоненттер мен модульдерден бастап, интерактивті жүйелер, бейнебақылау және дайын цифрлық шешімдерге дейін ақпаратқа толы секциялар.Көрмеде 10 елден келген 150-ден астам компания, 35-тен астам спикер және көптеген мастер-класстар күтілуде. Сонымен қатар, бағдарламада: бизнес-конференциялар, энергия үнемдеу мен энергия тиімділігі бойынша дөңгелек үстелдер, AI тақырыбындағы панельдік сессиялар, дрон-футбол турнирі, робототехника бойынша жарыстар және тағы басқа іс-шаралар.Electronica Expo Kazakhstan көрмеcі — электроника саласындағы әзірлеушілерді, өндірушілерді, дистрибьюторларды, түпкі пайдаланушыларды, қызмет көрсетуші ұйымдарды және өнімді ілгерілету мен сатып алумен айналысатын басқа да салалық өкілдерді бір алаңда біріктіретін маңызды іс-шара.Көрмеге кіру алдын ала тіркеу арқылы тегінҚосымша ақпарат алу үшін бізге WhatsApp арқылы хабарласыңыз: +905368106898немесе электрондық поштамызға жазыңыз: info@electronica-expo.com Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1029039?lang=kk
Қарағандылық балуандар Вьетнамдағы Азия чемпионатында екі қола жүлдеге ие болды 25.06.2025
Вьетнамда, Бариа-Вунгтау провинциясында жасы 17-ден 23-ке дейінгі спортшылар арасында күрестен Азия чемпионаты өтті. 24 елдің мыңнан астам жас балуаны сайысқа түсті. Қазақстан құрамасының құрамында Қарағанды облысынан екі спортшы қатысып, үйлеріне медальдармен оралды.-  Вьетнам алғаш рет континенттік біріншілікті қабылдады. Турнир Азиядағы күрес қозғалысын дамыту үшін үлкен маңызға ие, сондай-ақ тәжірибе алмасуға, шеберлікті арттыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Азия күрес федерациясының президенті Мохамад Авамлех.23 жастан аспаған балуандар арасындағы жарыста қарағандылық Ангелина Первухина 55 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды. Ол Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығады.Қола жүлдеге Ә.Молдағұлова атындағы облыстық олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушісі Асхаб Хаджиев ие болды. Ол 79 кг салмақ дәрежесінде еркін күресте үшінші орынды иеленді.Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1023673?lang=kk
Балқашта шағын өнеркәсіптік аймақ құру мәселесі талқыланды 25.06.2025
Балқашта ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың тапсырмасымен өсімнің жаңа нүктелерін қалыптастыруға кірісті. Бірінші қадам аясында Қазақмыстың өнеркәсіптік нысандарының бос алаңдарында шағын өнеркәсіптік аймақ құру көзделген. Болашақта ол индустриялық аймаққа айналуы тиіс. Жоба моноқаланың экономикасын әртараптандыруға, шикізаттық емес секторды дамытуға, жаңа өндірістер ашу үшін инвесторлар тартуға және қосымша жұмыс орындарын қамтамасыз етуге бағытталған.Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Балқашқа жұмыс сапары барысында осы мәселе бойынша кеңес өткізді.Қала әкімі Сапар Сатаев қазір жұмыс Балқаштың бас өнеркәсіптік алыбы - «Қазақмыс» корпорациясымен бірлесіп жүргізіліп жатқанын баяндады.Талдау негізінде басым бағыттар белгіленді: металл өңдеу және техникалық сервис, құрылыс және қаптама материалдарын өндіру, логистика және қойма кешендері, инженерлік және энергетикалық қызметтер. Бұл салалар оқшаулау және кооперациялау үшін жоғары әлеуетке ие, деп атап өтті Сапар Сатаев.Ермағанбет Бөлекпаев жедел іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.-  Өсімнің жаңа нүктелері - бұл Балқаштың орнықты дамуы үшін стратегиялық міндет. Қазірдің өзінде инженерлік коммуникациялар жүргізуге кірісуді және бизнеспен жұмысты қарқындатуды тапсырамын. Әлеуетті инвесторларды тартып, оларға нақты учаскелер мен шарттарды ұсыну қажет, - деді облыс әкімі.Жұмыс сапары барысында өңір басшысы Балқаш әуежайының қайта жөнделу барысын да тексерді. Жұмыс қызу жүріп жатыр. Бірінші кезең аяқталды. Аэровокзалды күрделі жөндеу және арнайы көлік қызметіне арналған жаңа ғимараттың құрылысы жалғасуда. Аэровокзал кешені кеңейтіліп, ұшып келу және ұшу залдары кеңейтіледі. Бұл ретте ғимараттың тарихи келбеті толығымен сақталады.Барлық жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Басты мақсат - туризмді дамыту. Жаңғыртудан кейін әуежайдың өткізу қабілеті 30%-ға артады және ұшу географиясы кеңейеді.Ермағанбет Бөлекпаев әуе айлағының айналасын абаттандыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.Облыс әкімі сондай-ақ катодты мыс өндіретін «Сары Қазына» ЖШС зауытында болды. Компания қала мен «Қоңырат» шағын ауданындағы әлеуметтік жобаларды белсенді қолдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1021876?lang=kk
Қазақстандық тұрмыстық техника өндірушісі Samsung өнімдерін шығаруды бастайды 25.06.2025
Отандық тұрмыстық техника өндірушісі «Silk Road Electronics» ЖШС Samsung компаниясымен келісімге қол қойды және биылғы тамыз айынан бастап белгілі әлемдік брендтің теледидарлары мен кір жуатын машиналарын шығаруды бастайды.  Кәсіпорын екінші жыл жұмыс істеуде, қазіргі уақытта 270 мыңнан астам техника өндірілді: теледидарлар, шағын пештер, кір жуатын машиналар, шаңсорғыштар, ас үй сорғыштары және басқа да өнімдер қазақстандық нарықта және ТМД елдерінде жоғары сұранысқа ие.- Samsung компаниясымен ынтымақтастық – біз үшін дамудың үлкен кезеңі. Өткен жылы біз үлкен тораптан кіші торапқа көштік. Толық циклді өндірісіміз, локализацияның жоғары деңгейіне өту. 2026 жылы штамптау цехын іске қосамыз. Келесі жылдың ортасынан бастап барлық технология іске қосылады және локализация одан да жоғары болады. Бүгінгі таңда 300-ге жуық адам жұмысқа орналастырылды, 2028 жылға қарай қызметкерлер санын 1100-ге дейін арттыруды көздеп отырмыз. Шетелдік нарықтарға шығу және өнім желісін ұлғайту жоспарымызда бар, — деп атап өтті «Silk Road Electronics» ЖШС директоры Александр Критский.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1020040?lang=kk
Қарағанды облысында жоғары кернеулі электр желілерінің тіректерін өндіретін жаңа металлургия кластері іске қосылады 25.06.2025
Қарағанды облысында «Қазақстанның ыстық мырыштау зауыты» ЖШС базасында өнімге коррозияға қарсы жабын жағып, оның беріктігі мен қызмет ету мерзімін 50 жылға дейін ұзартатын өндіріс кластерін іске қосу жоспарланып отыр. Соның аясында жоғары кернеулі электр желілерінің тіректерін шығаратын зауыт ашылады.Кәсіпорын басшылығы зауытты іске қосу бойынша техникалық кезең аяқталғанын хабарлады. Жоба кәсіпорынның жеке қаражаты және «Бәйтерек» қоры тарапынан берілген қаржыландыру арқылы жүзеге асырылып жатыр.– Жалпы аумағы 9 гектар, өндірістік бөлігі – 6,5 мың шаршы метр. Жоспар бойынша 115 адам жұмыспен қамтылады. Жылдық өндірістік қуаттылық – 50 мың тонна. Алдағы уақытта бұл көлемді 70 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Мұнда ыстық мырыштауға мұқтаж қосымша өндірістерді біріктіретін толыққанды кластер құрылады. Сондай-ақ жоғары кернеулі желі тіректерін толық циклмен шығаратын зауыт та осы аумақта ашылады, – деді кәсіпорынның бас директоры Александр Ларионов.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1020049?lang=kk
Қарағанды облысында үш шағын өнеркәсіптік аймақ және моноқалаларға инвестицияларды ынталандыру үшін 22 жоба іске асырылуда 25.06.2025
Биыл Қарағанды облысында үш шағын өнеркәсіптік аймақтың құрылысын аяқтау жоспарланған. Олар аймақтың ірі кәсіпорындарының айналасында орналасады. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте бұл аймақтар шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыруға, сондай-ақ өңірге инвестициялар тартуға арналғанын хабарлады.Сонымен қатар инвесторларды тарту және моноқалаларды дамытуды қолдау үшін жалпы құны 218 млрд теңге болатын 22 жоба анықталды. Бұл жобаларды іске асыру жер учаскелерін беруді, инфрақұрылымды дамытуды және 1 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді.«Теміртауда өнеркәсіп инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылады, онда "Қармет Сервис" базасында ауданы 20 мың м2 өнеркәсіптік аймақ құру жоспарлануда. Бұл бастама өндірістік қуатты кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған»,  — деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1019799?lang=kk
Қарағанды облысы қалалар байланысы арқылы өсімге қол жеткізбек 25.06.2025
Биыл ақпан айында үкімет Қарағанды агломерациясын дамытудың кешенді жоспарын бекіткен болатын. Алдағы бес жылда өңірде өңдеу өнеркәсібінде кемінде 15 жаңа өндірісті іске қосу жоспарлануда. Бұл 17 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.Агломерациялық тәсілдің артықшылықтары туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев моноқалаларды дамыту бойынша республикалық семинарда айтып берді.-  Біз не үшін Қарағанды агломерациясын құрдық? Мұнда ғылымды, біздің жетекші университеттерімізді қостық, олар бәрін негіздеді. Қазір барлық даму жоспарлары агломерацияны ескере отырып құрылған. Біріншісі - серіктес қалаларды Қарағандымен байланыстыратын қоғамдық көліктің бірыңғай жүйесі. Қазір оны моделдеп жатырмыз. Жолаушылар тасымалында бірыңғай тариф жұмыс істейді, күнделікті еңбек көші-қонын ескере отырып, электронды билет жүйесі енгізілді, - деп атап өтті өңір басшысы. - Бизнес үшін логистика ыңғайлы болуы үшін жұмыстар жасалуда. Сондай-ақ әлеуметтік мәселелер, тұрғын үй де назарда.Облыс әкімі металлургиялық кластерді дамыта бастаған Теміртауды мысал ретінде келтірді. Ол үшін жобалар пулы құрылды. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау көзделген.Сондай-ақ зәкірлік жобаларға және шағын өнеркәсіптік аймақтар құруға баса назар аударылады.Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға көп көңіл бөлінбек: кәсіпорындарға білікті жұмыс күші қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1018928?lang=kk
Қарағандылық ескекшілер құрлықтық біріншілікте жеті медаль жеңіп алды 25.06.2025
Қарағандылық ескекшілер Тайландтан жеті медаль: үш алтын, үш күміс және бір қола алып келді. Байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионатында 15 елдің 300-ге жуық спортшысы бақ сынасты. Континенттік біріншілік 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтті.Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық екінші орынды иеленді. Оған қарағандылықтардың елеулі үлесі бар.Алтын медальді Денис Кленин (к1, 1000 м) жеңіп алды. Дмитрий Холмогоров тұғырдың ең жоғарғы сатысына екі рет көтерілді (микс, 500 м; к2, 500 м).Сонымен қатар, Кленин мен Холмогоров бірлесе екінші орынды (к4, 500 м) иеленді.Вероника Трапезниковада екі күміс (к2, 500 м; к4, 500 м). Ульяна Иванова қола жүлдеге ие болды (с2, 500 м).Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1018258?lang=kk
Қарағандылық жүзушілер Әлем кубогында тамаша өнер көрсетті 25.06.2025
Қазақстан құрамасы Қытайда өткен Әлем кубогында сенсация тудырды. Бұл Қарағанды облысының спортшыларының еңбегі.13-15 маусым аралығында Сиань қаласында көркем (синхронды) жүзуден Әлем кубогының суперфиналы өтті. Жарысқа 16 елден 125 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасына 14 жүзуші енді.Бұған дейін бірінші кезең Францияда, екіншісі Египетте, ал үшіншісі Канадада өткен болатын."Әлем кубогының төрт кезеңінің қорытындысы бойынша әйелдер дуэтінде біздің қыздарымыз Ясмин Тұяқова, Арина Пушкина және Даяна Жаманчалова күміс медальға ие болды. Техникалық, еркін және акробатикалық бағдарламалар бойынша топтық өнер көрсетуде Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Ксения Макарова, Арина Мясникова және Ясмин Тұяқова қола жүлдеге ие болды", - деп хабарлады Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1018312?lang=kk
Қарағанды облысына жарты миллионға жуық турист келеді деп күтілуде 25.06.2025
Қарағанды облысы жыл соңына дейін 500 мыңға жуық турист қабылдауға дайын. Өңір инфрақұрылымға, цифрлық шешімдер мен сервиске белсенді түрде инвестиция салып, қауіпсіздік пен жайлылықты күшейтуде. Негізгі назар - Балқаш курорттық аймағы мен Қарқаралыдағы экотуризмді дамытуға аударылады.Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды.Балқашта әуежайды, жағажай мен жағалауды қайта жаңарту жалғасуда. Жаңғыртудан кейін әуежайдың өткізу қабілеті 30%-ға артады. Жаңа авиарейстерді іске қосу және қозғалысы шектеулі жолаушыларға толық бейімделу көзделген.Қала сумен жабдықтау мәселесін де шешуде. Балқаш әкімі Сапар Сатаевтың хабарлауынша, Барковский және Рембаза аудандарында жаңа магистральға қосылу есебінен су қысымы тұрақтандырылды. Торанғалық және Шұбартүбек ауылдарында су құбырының құрылысы басталды. Жергілікті тазарту құрылғыларын орнату қарастырылуда - жоба инвесторлармен бірлесіп іске асырылып жатыр.Биылғы маусымда «Қарағанды-Балқаш» бағытында вагондарды ұлғайтуды қоса алғанда, қосымша автобус, теміржол және авиамаршруттар ашылды.Осы аптада, 20-21 маусымда жаздың басты оқиғасы - BalkhashTourFest өтеді. Бағдарламада - ақпараттық тур және QAZ ELI туристік қызметтерін брондаудың алғашқы отандық онлайн-жүйесінің тұсаукесері қарастырылған.Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская цифрлық шешімдерді енгізу туралы айтып берді. WhatsApp-та ЖИ базасында тәулік бойы чат-бот жұмыс істейді, онлайн-гидке қолжетімділігі бар QR-кодтар пайда болды. visitqaraganda.kz турпорталы жаңа ақпаратпен толықтырылып, қонақ үйлерді онлайн-брондау жүйесі енгізілуде.Қарқаралыда сондай-ақ инфрақұрылым мен тарихи-мәдени мұра нысандарына ерекше назар аударылады. Жыл соңына дейін «Қарағанды-Қарқаралы» тас жолының жөндеу жұмыстары аяқталады. Ұлттық паркте бағыттар орнатылып, «Бұғылы» аймағына инженерлік желілер тарту басталды.Шілде айында мұнда халықаралық трейлер-марафон өтетін Qarkaraly Bugyly Fest - 2025 өтеді.Ермағанбет Бөлекпаев әкімдіктер мен «ҚазАвтоЖол» компаниясына автожолдар бойында және көпшілік демалатын орындарда санитарлық-гигиеналық тораптар салуды қамтамасыз етуді тапсырды.-  Қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылады. Көпшілік демалатын орындарда тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету қажет. Қосымша мангалдар, барбекю-аймақтар, санитарлық тораптар мен қоқысқа арналған контейнерлер орнату қажет, - деп атап өтті өңір басшысы. - Біз туризмді дамытып қана қоймай, адамдар демалғысы келетін атмосфера қалыптастырамыз. Бұл әркімнің жеке жауапкершілігі маңызға ие жүйелі жұмыс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1018137?lang=kk
ТХКБ-ға шығатын «Орталық – Батыс» көлік дәлізінің құрылысы басталды 21.06.2025
Қостанай облысында «Орталық – Батыс» автожол дәлізінің құрылысы басталды.Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қолға алынды және еліміздің көлік инфрақұрылымын дамыту мен транзиттік әлеуетін арттыру жөніндегі Үкімет жоспарларына енгізілген.Құрылыс жұмыстары бір уақытта екі нүктеде – Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Жанкелдин ауданына қарасты Торғай ауылында басталды. Құрылыс «Астана – Жәнтеке – Егіндікөл – Арқалық – Торғай – Ырғыз» бағыты бойынша жүргізіліп жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы 865 шақырымды құрайды.Жаңа жол дәлізі еліміздің орталық бөлігін батыс өңірлермен тікелей байланыстырмақ. Сонымен қатар ол Қазақстанды Транскаспий халықаралық көлік бағытына (ТХКБ) шығуға мүмкіндік береді. Жаңа бағыттың арқасында Астана мен Ырғыз арасындағы арақашықтық 573 шақырымға қысқарады.Құрылыс жұмыстарының барысында экологиялық мәселелерге ерекше көңіл бөлінуде. Киіктердің қоныс аудару аймақтарында жолдың көлденең профилін өзгерту қарастырылған, 1:10 еңіс жануарлардың еркін әрі кедергісіз қозғалуына мүмкіндік береді.Құрылыстың басталуына негізделген салтанатты шараға ҚР көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев пен өңір басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1017531?lang=kk