Бизнес

Осакаров ауданында жел паркі салынады 28.04.2025
Осакаров ауданында қуаты 150 МВт болатын бірінші жел электр станциясы іске қосылады. Ал келешекте оның аумағында қуаты 500 МВт жел паркі пайда болады. Ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін жер телімі берілді. Іздестіру жұмыстары басталады.Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте инвестиция тарту жұмыстары туралы айтып берді.Оның айтуынша, биыл жалпы сомасы 301 млрд теңге болатын инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Олардың ішінде қуаттылығы жылына 45 млн дана кірпіш зауыты бар, ол 40 жұмыс орнын ашады.Ауыл шаруашылығы да дамуда. Мал шаруашылығымен айналысатын ауыл тұрғындарының қажеттіліктері үшін жайылымдардың жетіспеушілігі мәселесі шешілуде.– 2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы айналымына 2169 гектар жер тартылды. 2023 жылдан бастап ауданда халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. «Жайлау» жобасы өзін жақсы жағынан көрсетті, Қарағайлы, Сарыөзек, Озерный, Ақбұлақ, Шідерті ауылдық округтерінде және Молодежный кентінде жайылымдардың жетіспеушілігі мәселесі шешілді. Биыл аталмыш жоба Есіл ауылдық округінде жүзеге асырылады. Халықты жайылыммен қамтамасыз ету, сондай-ақ шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады, – деп хабарлады Руслан Нұрмұханбетов.Басым мәселелердің бірі – тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Осакаровкада су құбыры желілерінің жетінші кезегінің құрылысы аяқталуда. Биыл Садовое және Трудовое ауылдарында да су құбырларын іске қосу керек. Тағы екі ауылда – Колхозное мен Шұңқыркөл су құбыры желілері салына бастады. Тұрғындары аз – 200 адамға дейін елді мекендерде суды тазарту бойынша блок-модульдер орнатылады.Ауданда жылумен жабдықтауды да жақсартумен айналысады. Молодежный кентінде өткен жылы іске қосылған жаңа блок-модульді қазандыққа қосымша осындай екінші нысанды іске қосу жоспарлануда. Пушкин, Абай және Аспандияров көшелеріндегі 3 шақырымға жуық жылу желілері жөнделеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/983328?lang=kk

Комикс көрмесінде қарағандылықтар басқа елге саяхаттағандай әсер алады 28.04.2025
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының залдарының бірі Бельгия Корольдігінің бұрышына айналды. Мұнда «Le Tour de Belgique en BD» көрмесі ашылды. Экспозиция «Франкофон көктемі – 2025» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Келушілерге басқа ел мәдениетіне шомып, бірегей оқиғалар арқылы оның үш өңірінің – Брюссель, Фламанд және Валлон өңірлерінің байлығынан шабыт алу ұсынылады.– Бұл көрмені Бельгияның Қазақстандағы елшілігі ұсынды. Абай атындағы кітапханаға келген кез-келген адам өзі үшін осы еуропалық елді аша алады. Көрменің ерекшелігі Брюссель комикстер мұражайымен бірігіп жасалғандығында. Суреттелген оқиғалар әлеміне шомып, Бельгияның түрлі қалаларының сұлулығын бағалауға мүмкіндік жасалған. Бұл шағын елде үш ресми тіл бар: нидерланд, француз және неміс тілдері. Олардың барлығы паннода бейнеленген, – деді Қарағанды француз альянсының жетекшісі Екатерина Фирсова.Көрме 24 сәуірде ашылды және 8 мамырға дейін қолжетімді болады. Кіру тегін.Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Бұқар жырау даңғылы, 30 мекенжайы бойынша орналасқан («Кеншілер мәдениет сарайы» аялдамасы). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/983329?lang=kk

Қарағандылық параатлет Бахрейнде боччадан халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды 28.04.2025
Қарағандылық Анастасия Кутурман Бахрейнде өткен Manama 2025 World Boccia Challenger халықаралық рейтингтік турнирінен қола медальмен оралды. Қазақстандықтар барлығы екі медаль жеңіп алды.Бахрейндегі халықаралық турнирге 14 елден 170 спортшы қатысты. ҚР Ұлттық құрама командасына Астана, Алматы, Қарағанды және Павлодар қалаларынан 10 спортшы кірді.Қарағандылық Анастасия Кутурманнан басқа, Жетісу облысының спортшысы Қуаныш Асқарбеков та жүлдеге ие болды. Ол алтын медаль ұтып алды.Қарағандыда бочча 2020 жылдан бері дами бастады.– Бәрі менің сал ауруына шалдыққан қызым айналысатын спорт іздегенімнен басталды. Мен бочча туралы білдім. Сол кезде Астанадағы инклюзивті мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өз бастамасымен бочча бойынша факультатив жүргізгенін білдім. Осылайша біртіндеп, бір-бірімізбен әңгімелесе отырып, біз алдымен Қазақстан бочча федерациясын, содан кейін екі жыл бұрын облыстық бочча федерациясын құрдық, – деді Қарағанды облысы бойынша бочча федерациясы президентінің орынбасары Гаухар Ақыжанова.Анастасия Кутурман Қарағандыда боччаға әуестенген алғашқы спортшылардың бірі болды. Кейіннен оған Аружан Жеңіс қосылды, ол да Бахрейнде Қарағанды облысының намысын қорғады.– Бастапқыда біз дайындыққа барып, жиналған қаражатқа ойынға керек-жарақ сатып алдық. Боччаға арнайы қымбат доптар керек. Сондай-ақ допты ойын алаңына шығару үшін рампалар қажет. Мысалы, Аружан бізде тек саусақтардың ұшымен ғана ойнайды және оған Қазақстан федерациясы ұсынған қымбат рампа қажет болды, – дейді Гаухар Ақыжанова.Қазір Қазақстанда бочча белсенді дамып келеді. Биыл мамыр айында Қарағандыда боччадан Кубок ұйымдастырылады. Ал тамызда Астанада алғашқы халықаралық челлендж өтеді.Бочча – паралимпиадалық спорт түрі, оны церебралды сал ауруы және орталық жүйке жүйесінің басқа да зақымданулары бар адамдар айналыса алады. Бұл доп ойынының дәлдігі боулингке ұқсас. Боччаны қолмен, саусақпен, тіпті ауызбен ойнауға болады. Ол үшін кейбір спортшыларға допты ойын алаңына шығаруға мүмкіндік беретін арнайы рампа қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/983330?lang=kk
Жергілікті өндірісті қолдау: Қарағанды облысы «Қазцинк» кәсіпорнымен ынтымақтастықты кеңейтеді 25.04.2025
Қарағанды облысы жергілікті өнімді өткізу нарығын кеңейтудің қосымша тәсілдерін іздеуде. Өңірге ірі тау-кен металлургиялық «Қазцинк» компаниясының делегациясы келді. Еліміздің түсті металлургиясы көшбасшыларының бірі қазірдің өзінде «Қарағандыда жасалған» маркалы өнімді пайдаланады. Бұл тау-кен қазу жұмыстарына арналған бекіту, футерлеу, гуммирленген бұйымдар және т.б. Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіпшілері жаңа жеткізушілерді іздеуге келді. Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімдігімен меморандумға қол қойылды, оның мақсаты – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және өңіраралық іскерлік байланыстарды дамыту.«Казцинк» өкілдері өңірдің бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарында болып, өндіріспен танысты.Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өңірлік тауар өндірушілер өнімдерінің көрмесі өтті. Арнайы киімнен бастап технологиялық жабдыққа, 3D-басып шығаруды пайдаланатын аддитивті технологияларға дейін жергілікті тауарлар мен шешімдердің кең спектрі ұсынылды.Одан кейін дөңгелек үстел өтіп, онда ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.– Біздің облысымызды сіздер білесіздер, жергілікті кәсіпорындармен жұмыс істейсіздер. Өзара тиімді ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктері бар. Біз отандық ірі компаниялардың біздің облыстың тауар өндірушілерімен жаңа қарым-қатынас орнатқанына қуаныштымыз. Бізде импортты алмастыратын өндірістер бар, соның ішінде жоғары өңделген өнім шығарады, – деп қонақтарды облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қарсы алды.Қарағандылық тауар өндірушілер компания басшылығына өз ұсыныстарын тікелей айта алды.«Қазцинк» ЖШС бас директоры Жанат Жанботин үкімет ірі бизнестің алдына экономика өсіміне қол жеткізу үшін елдің ішкі құндылығын арттыру міндетін қойып отырғанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл сапар іскерлік байланыстарды кеңейтуге серпін береді.– Бізге негізгі тауар өндірушілердің жетістіктерімен, бизнесімен танысуға мүмкіндік туды. Бұл өте жақсы тәжірибе. Iрi бизнестiң ел iшiндегi құндылығын арттыруға қатысуы біз үшiн шешушi болып отыр. Осыған байланысты импортты алмастыру жолымен жүру үшін жергілікті өндірушілермен жанасу нүктелерін іздестірудеміз. Осы кездесуден сенімді серіктестер табамыз деп күтемін. Ынтымақтастық үшін әлеует зор, – деді Жанат Жанботин.Меморандум тараптардың қазақстандық қамтудың өсуін ынталандыруға дайындығын көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/982660?lang=kk

Туризм және саяхат: Қарағанды облысы Алматыдағы KITF халықаралық көрмесіне қатысуда 25.04.2025
Алматыда KITF халықаралық көрмесі өтуде. Экспозиция Орталық Азиядағы туризм бойынша ең ірі кәсіби алаң және еліміздің туристік саласының басты оқиғасы болып табылады. Оған әлемнің 30 елінен мыңнан астам туристік компания қатысады.Қарағанды облысынан кәсіпкерлік басқармасы, Қарқаралы ұлттық паркі, R-TOUR туристік агенттігі, «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешені, «Nomads Club» ЖШС ішкі туризм туристік агенттігі, «Орман» қонақ үйі, Visit Qaraganda туристік ақпараттық орталығы өкілдік етеді.Алаңда Қарағанды өңірінің бай мәдени және табиғи мұрасы таныстырылды. Қазақстандықтар мен шетелдік қонақтардың демалуы үшін танымал орындар Қарқаралы саябағы мен Балқаш көлінің жағалауы болып табылады.Егер Қарқаралы ұлттық паркі – таулы-орманды оазис және белсенді туризм үшін өте қолайлы болса, онда Қазақстанның үздік 20 туристік орнының қатарына кіретін Балқаш көлі су спортын сүйетіндердің де, тынығып уақыт өткізуді қалайтындардың да көңілінен шығуы мүмкін. Бұл бағыттар үшін инфрақұрылымды дамыту бойынша жол карталары әзірленді.Көрме аясында пленарлық отырыстар, роуд-шоу, семинарлар, тұсаукесерлер және басқа да салалық іс-шаралар өтеді.KITF – бұл меморандумдарға қол қою, елдер арасындағы өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламаларын дамыту үшін тамаша мүмкіндік.Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасының ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/982512?lang=kk

Қарағанды облысының тұрғындары «Тарих үні» жалпыреспубликалық флешмобына қосылды 25.04.2025
23 сәуірде Қарағанды облысының тұрғындары Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған «Тарих үні» жалпыреспубликалық флешмобына белсене қатысты.Акция Жеңіс күнін мерекелеуге дайындықтың маңызды бөлігіне айналды және тарихи естелікті сақтауға, ардагерлердің ерлігін құрметтеуге және осы құндылықтарды жаңа ұрпаққа беруге бағытталған.Флешмоб аясында қатысушылар майдангерлердің естеліктерінен, майданнан келген хаттардан және Ұлы Отан соғысы кезіндегі мұрағат құжаттарынан қысқа, бірақ терең үзінділерді таңдады. Бұл мәтіндер дауыстап, жан-тәнімен және мәнерлеп оқылып, аудио мен бейнеге жазылды. Содан кейін қатысушылар #ГолосИстории80 және #ТарихҮні80 хештегімен әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарына жазбаларды жариялады.Қатысушылар арасында мектеп оқушылары мен студенттерден бастап ардагерлер мен қамқор азаматтарға дейін әр түрлі буын өкілдері болғаны өте қуанышты. Осылайша, Қарағанды облысының тұрғындары кезекті рет азаматтық белсенділігі мен тарихты дәріптейтінін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/982513?lang=kk

Қарағандылық оқушылар АҚШ-та робототехника бойынша чемпионатта жүлдеге ие болды 24.04.2025
АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен FIRST Championship 2025 мектеп инженериясы чемпионатында қарағандылық екі команда жоғары нәтиже көрсетті. Қарағандылықтар Core Values Coopertition Winner номинациясында үздік атанды.Үш жас санаты мен түрлі номинациялар бойынша әлемнің 50 елінің 1058 командасының құрамында 110 мың қатысушы бақ сынасты. Жоғары бәсекелестікке қарамастан, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының қарағандылық Jeltoqsun командасы 258 команда арасында роботтар ойыны бойынша топ-20-ға енді. Осы мектептен Rasslexx Core Values Coopertition Winner номинациясында чемпион атанды.Біздің еліміздің намысын Хьюстонда бар-жоғы жеті команда қорғады. Қазақстан құрамасы барлық үш жас санатында рекордтық жетістіктерге жетті. Осындай деңгейдегі нәтижелер – Қазақстан тарихындағы алғашқы жетістік. Құрама барлығы алты марапатқа ие болды. Қарағандылықтардан басқа Астана, Алматы және Павлодардан жинақталған жас инженерлер жеңіске жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/979913?lang=kk

Қарағанды облысы үш айда 1 трлн теңгенің өнеркәсіптік өнімін өндірді 24.04.2025
Қарағанды облысы экономика дамуының оң динамикасын сақтап отыр. Жыл басынан бері өсім шамамен 13%-ды құрады. Өсім барлық негізгі көрсеткіштер бойынша байқалады: өнеркәсіп және аграрлық өнім өндірісі, инвестициялар, құрылыс, сауда және т. б.Аймақтың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы аппараттық кеңесте баяндалды.– Облыс экономикасының өсу қарқыны 12,9% деңгейінде қалыптасты. Өнеркәсіп өнімдері 1 088,7 млрд теңгеге өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,1%-ға артық. Өсім машина жасау, қара және түсті металлургия, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру, құрылыс индустриясы, химия және жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік өндірісінде қамтамасыз етілген. Тау-кен өнеркәсібінде көлем 12,7%-ға өсті, өсім көмір және металл кендерін өндіруде де қамтамасыз етілді, – деп хабарлады экономика басқармасының басшысы Татьяна Аблаева.Үш айда 165 млрд теңге инвестиция тартылды. Ауыл шаруашылығындағы, өңдеуші өнеркәсіптегі, құрылыстағы, саудадағы, білім берудегі салымдардың өсуі тіркелді.Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Асқар Ғазалиевтің мәліметінше, жыл қорытындысы бойынша 30-дан астам инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде 17-сі өнеркәсіпте, онда 2,7 мың жұмыс орны құрылмақ. Silk Road Electronics зауытында Samsung теледидарлары мен кір жуу машиналары шығарыла бастайды. Осакаров ауданында «Гиперборей» компаниясы қуаты 150 МВт болатын алғашқы жел электр станциясын іске қосады.Кеңесте тұрғын үй құрылысы туралы да баяндалды. Жыл басынан бері 54 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Әлеуметтік осал санаттағы кезекте тұрғандарды қамтамасыз ету үшін бастапқы нарықта пәтерлер сатып алынады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қаражат бөлінді.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жоспарланған көрсеткіштерді қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берді. Басты міндеттердің бірі – инвестиция тарту, тұрғындарды жұмыспен қамту. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/980061?lang=kk

Қарағанды облысы егіс науқанына дайын 24.04.2025
Қарағанды облысында биыл егіс алқабы 1,2 млн гектарды құрайды. Майлы және жем-шөп дақылдарын егу, картоп пен көкөніс отырғызу ұлғайтылатын болады. Алқаптарға шығатын техника толығымен дайын. Тұқымдар сатып алынған, олардың көпшілігінің өнімділігі жоғары. Аграршылар минералдық тыңайтқыштарды белсенді пайдаланатын болады.Мәселені пысықтау үшін облыста агрокеңес ұйымдастырылды, онда егіс науқанына дайындық пен мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды. Бұқар жырау ауданында өткен кеңеске өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары, ғалымдар, қаржы институттарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, тыңайтқыштар мен техниканы жеткізушілер, аграрлық сақтандырушылар қатысты.– Мемлекет басшысы нақты міндеттер қойды: аграрлық ғылымды дамыту, селекцияны жақсарту, заманауи технологияларды енгізу, техника мен қаржыландыруды қолжетімді ету, сондай-ақ экспортты арттыру. Осы бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біз ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға бақылауды күшейтеміз, суармалы жерлерді айналымға қайтарамыз, жаңа нысандар салып, ескілерін жаңғыртамыз. Өнімділіктің өсуіне және дақылдардың алуан түрлілігіне көшуге ерекше назар аударылады, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Айдарбек Сапаров мемлекеттік қолдау шараларына егжей-тегжейлі тоқталды. Атап айтқанда, жеңілдікпен қаржыландыруға қолжетімділік 5%-ға кеңейтілді. Көктемгі егіс жұмыстарын несиелеу көлемі рекордтық 700 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингіне биыл 200 млрд теңге бөлінді.– Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласын дамудың жаңа шебіне шығару және 5 жыл ішінде жалпы өнім көлемін екі есеге ұлғайту жөнінде нақты міндеттер қойды. АӨК-тің әрбір бағыты бойынша шараларды көздейтін Жол картасы әзірленді, – деп атап өтті министр.Айдарбек Сапаров өсімдік өсірушілерді мал шаруашылығын дамытуға шақырды. Оның айтуынша, бұл ауыл тұрғындарын жыл бойы жұмыспен қамтуды, жемге сұранысты және сұранысқа ие өнім өндірісінің өсуін қамтамасыз етеді. Биыл мал шаруашылығы саласына жеңілдікпен несие беру кеңейтіледі.Әріптестеріне «Шахтерское» ЖШС басшысы Георгий Прокоп та үндеу тастады. Ол мемлекеттік қолдау шараларының іс жүзінде қалай әрекет ететінін және алға жылжуға мүмкіндік беретінін айтып берді. Биыл озық кәсіпорын егіс алқабын 7 мың гектарға ұлғайтып, 42 мың гектарға жеткізеді. Алқаптарды әртараптандыру үшін майлы дақылдар: зығыр, мақсары мен рапс егіледі.– Біз ақпан айында 5%-бен несие ала алдық. Тыңайтқыштарды желтоқсан айында сатып алдық. Ал техниканың лизингі кепілсіз жылдық 5% мөлшерлемемен. Бұрын-соңды мұндай болған ба еді?! Жаңарыңыздар, құрметті әріптестер! Біз түрлі қуаттылықтағы 24 трактор алдық. Тыңайтқыштар бойынша да солай: төрт мың тонна сатып алдық, жерді өңдеуге қажетті нәрсенің бәрін сатып алдық. Бұл біздің шаруашылығымыздың тарихында бұрын-соңды болмаған! Егістікті екі рет толық өңдейміз. Бұл біздің егініміздің болашағы, – деп атап өтті Георгий Прокоп.Аграрлық кеңестен кейін Айдарбек Сапаров азаматтарға жеке қабылдау өткізді. Ауыл шаруашылығы өндірушілері министрге асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру, ет кластерін құру және т. б. мәселелермен жүгінді.Сондай-ақ, техника көрмесі ұйымдастырылып, онда егіншілерге жаңа өнімдер ұсынылды.Ал ауыл шаруашылығы өндірушілері өз өнімдерінің алуан түрлілігін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/979704?lang=kk

ҚМУ-дағы халықаралық форум әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдарды біріктірді 24.04.2025
Қарағанды медицина университеті Ғылым күніне орайластырылған биомедицина саласындағы «Зерттеулер мен инновациялар» халықаралық форумының алаңына айналды. Ол Франциядан, Қытайдан, Нидерландыдан, сондай-ақ Қазақстанның жетекші университеттерінен ғалымдардың басын біріктірді.– Форум жай ғана конференция емес, жаңа ғылыми байланыстарды қалыптастыруға және бірлескен жобаларды әзірлеуге арналған тұғырнама. Сондай-ақ ғылыми сағаттарды салыстыру және үздік шетелдік тәжірибені қабылдау мүмкіндігі, – деп атап өтті ҚМУ ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры Ермек Тұрғынов. – Біз биомедицинаның қаншалықты тез дамып келе жатқанын көріп отырмыз және заманмен қатар жүруге тырысамыз. Мұндай кездесулер – болашақ ұрпақтың денсаулығына инвестиция салу.Қарағанды медициналық университеті бірнеше жылдан бері биомедицина бойынша магистрлер даярлауда. Ермек Тұрғыновтың айтуынша, еліміздегі ұжымдық пайдаланудағы екі зертхананың бірі дәл осы жерде орналасқан. Қазір оны жаңғырту жүріп жатыр – 2026 жылға қарай зертхананы әлемдік деңгейге шығару жоспарланып отыр.– Біз қалыпты және патологиялық процестердің қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін ағзаны ішінен щерттейміз. Онсыз тиімді дәрілерді әзірлеу мүмкін емес. Сонымен қатар, басқа елдерде кім және қалай айналысатынын түсіну маңызды. Мұнда тәжірибе алмасу маңызды мәселе, – дейді ҚМУ Өмір туралы ғылымдар институтының директоры Дмитрий Клюев.Форум жас ғалымдар үшін маңызды оқиға болды. Оларға жеке секция арналды. Университеттің кіші ғылыми қызметкері Дмитрий Солянов биомедицинадан үлкен болашақ көреді. Қазір ол хроматография және генді редакциялау саласындағы зерттеулермен, сондай-ақ простата және сүт безі обыры саласындағы әзірлемелермен айналысады.– Биомедицинаның келешегі ең алдымен бүкіл адамзатқа пайда әкелетіндігінде. Тіпті қазіргі уақытта біздің зерттеулеріміз өте қымбат немесе болашаққа тым көп көз салатын болса да, футуризм саласы болып табылады, әрбір зерттеу, жас ғалымның әрбір зерттеуі болашақтың технологиясын қалай да арзандатады. Қазір қол жетпейтін нәрсе бірнеше жылдан кейін мыңдаған адамның өмірін жақсарта алады, – деп есептейді Дмитрий Солянов.Форум спикерлерінің бірі – CIPREVO («Рак және инновация») француз орталығының президенті Грегуар Прево халықаралық ғылыми диалогтың басты мақсаты – созылмалы аурулар мен онкологияларға қарсы күресте ынтымақтастықты дамыту және озық тәжірибе алмасу деп санайды. Конференцияда ол өкпенің ұсақ жасушалы обыры жасушаларында жүргізілген зерттеу және белгілі бір препараттардың әсерін зерттеу нәтижелерімен бөлісті.– Жақын арада онкологияны жеңе алатын дәрі-дәрмектер жасала ма, жоқ па – бұл күрделі мәселе, – дейді француз биологы. – Бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша көптеген ғалымдар обырды емдеумен айналысуда, алайда негізгі мәні дәл осы профилактика. Басты мақсат – аурудың дамуына жол бермеу. Бірінші кезекте салауатты өмір салты туралы сөз қощғауымыз керпа. Мұндай тәсіл онкологиялық аурулардың, оның ішінде сүт безі, простата және тоқ ішек обырының пайда болу қаупін айтарлықтай төмендетуге қабілетті.Конференцияға қатысушылар молекулалық медицинаға қатысты көптеген тақырыптарды қамтыды: геномика мен ДНК редакциясынан бастап цифрлық денсаулық сақтау мен таргеттік терапияға дейін. Сондай-ақ, секциялар жұмысы барысында биомаркерлер, жасанды интеллект, созылмалы аурулардың алдын алу мәселелері талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/979720?lang=kk

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та робототехника бойынша әлем чемпионатында ел намысын қорғап жатыр 18.04.2025
Қазақстаннан жеті команда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST Championship атты мектеп оқушыларына арналған ең беделді инженерлік жарысқа аттанды. Олардың қатарында қарағандылықтар да бар.Байқауға қатысушының ең кішісі — небәрі 6 жаста, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.Биыл чемпионат 110 елден келген 50 мыңнан астам жас инженер мен өнертапқыштарды біріктірді. 2025 жылғы маусымының тақырыбы — суасты әлемін зерттеу және қорғау.Биыл Қазақстан бұл байқауға бұрын-соңды болмаған ауқымда — бірден 7 командамен қатысып отыр. Жолдаманың көбеюі — еліміздің мектеп робототехникасының халықаралық беделі артып келе жатқанын көрсетеді.«Біздің командалар — маусымның басты фавориттері. Қазақстанның қоржынына тағы да жүлделер мен жеңістер қосылады деп үміттенеміз», — деді USTEM Foundation қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов.Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионаты — Almaty Tech Cup нәтижесінде іріктелді. Ел атынан қатысып жатқан командалар: Atlantis — «Сатурн» мектебі, Павлодар қаласы; PID — Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы; Cristabol — Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы; Skillset — «Skillset» мектебі, Астана қаласы; JelToqSun және Rasslexx — «Мұрагер» мектебі, Қарағанды қаласы.Айта кетейік, Қазақстан — FIRST GLOBAL робототехникасынан 190-нан астам ел қатысатын әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы (Женева (2022), Сингапур (2023), Афина (2024).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/978725?lang=kk

Ермағанбет Бөлекпаев Гомель облысының делегациясымен кездесті 18.04.2025
Беларусь өнеркәсіпшілері Қарағанды облысымен бизнес серіктестікті нығайтуға мүдделі. Байланыстарды дамыту үшін Қарағандыға құрамында мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпорын басшылары бар Гомель облысынан үлкен делегация келді. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесуде өңіраралық ынтымақтастық әлеуеті талқыланды.– Беларусь пен Қазақстанды жыл сайын дамып, нығайып келе жатқан ортақ тарих, терең тарихи және мәдени байланыстар біріктіреді, – деп қонақтарды қарсы алды Ермағанбет Бөлекпаев. – Өздеріңіз білетіндей, біздің облыс – өнеркәсіптік өңір. Мұнда ірі тау-кен кәсіпорындары, сондай-ақ түсті және қара металлургия, машина жасау, тамақ, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы мен энергетика өндірістері шоғырланған. Біз өнімді әлемнің 50 еліне, соның ішінде Беларусь Республикасына да жеткіземіз. Ынтымақтастық үшін негіз бар, біз өзара тиімді жағдайда жұмыс істеуге дайынбыз.Аймақ басшысы «Сарыарқа» АЭА мен Saran индустриалды аймағында инвесторлар үшін жасалған жағдайлар туралы айтты.Өз кезегінде қонақтар гомельдік кәсіпорындардың мүмкіндіктерін көрсететін бейнероликті ұсынды.Гомель облыстық атқару комитетінің төрағасы Иван Крупко Қазақстан Беларусь үшін стратегиялық серіктестердің бірі және сыртқы тауар айналымы бойынша Ресей мен Қытайдан кейін үшінші орында екенін атап өтті.– Соңғы бесжылдықта Гомель облысының Қазақстанмен тауар айналымы бір жарым есеге артты. Менің ойымша, біз өз халықтарымыз үшін, өз тұрғындарымыз үшін екі жаққа да тиімді нүктелер табсақ, көп нәрсеге қол жеткізе аламыз. Біздің кездесуіміз өңіраралық ынтымақтастықты дамытуда жақсы нәтиже береді деп үміттенемін, – деп атап өтті делегация басшысы.Негізінен Беларусьтан жергілікті нарыққа қазір ет-сүт өнімдері, ауыл шаруашылығы техникасы жеткізіледі. Иван Крупконың пікірінше, жиһаз шығаратын бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, гомельдік кәсіпорындар фермерлерге арналған техниканы ұсынады.Қарағандылықтар қыркүйек айында Гомельде өтетін экономикалық форумға шақырылды.Кездесу Гомель және Қарағанды облыстары арасындағы өңіраралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюмен аяқталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/977322?lang=kk

Қарағанды қаласының жетінші сынып оқушысы Spelling Bee халықаралық байқауының республикалық деңгейінде жеңіске жеткені үшін сыйлық ретінде Ұлыбританияда оқу курсын ұтып алды 18.04.2025
Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінің жетінші сынып оқушысы Данияр Мұстафин Spelling Bee халықаралық байқауының республикалық кезеңінде үздік атанды. Білім додасындағы жеңісі үшін сыйлық ретінде Ұлыбританияға сапар ұтып алдя, онда оқушы EF Education First-тен бір апталық тіл курсынан өтеді.Spelling bee – жыл сайынғы ағылшын емле байқауы. Қатысушылар жылдамдыққа күрделі ағылшын сөздерін әріптермен жіктеп атаулары тиіс.Биыл байқауға 7–9 сынып оқушылары қатысты. Барлық турлардың қорытындысы бойынша үздік нәтижелерді Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Данияр Мұстафин көрсетті.– Даниярдың ең алғашқы ағылшын мұғалімдері оның ағалары болды. Үлкен ұлымыз ҚТЛ, ортаншымыз – IT-лицейді бітірді. Данияр біздің кенже баламыз, ағалары онымен жиі ағылшынша сөйлесетін. 4–5 жастан бастап Данияр ағылшын тіліне қызығушылық танытты. Бұл байқауға ол онша дайындалған жоқ. Мен оның бойында жарыс рухын сақтауға тырысамын. Бұрын ол жеңіліске ұшырағанда қатты күйзелетін, бірақ мен әрқашан ең бастысы – қатысу, ал жеңістер міндетті түрде болады деп айтатынмын, – дейді Даниярдың анасы Айнагүл Мұстафина.Сыйлық ретінде Даниярға EF Education First-тен бір апталық стипендия берілді. Курс Ұлыбританияда осы жылдың шілде айының соңында өтеді.– Бізге Англияның үш қаласын таңдау ұсынылды. Біз Борнмутты таңдадық. Данияр сол жерде ағылшын отбасында тұрады. Тамақтану, тұру, оқу – осының бәрі стипендиямен өтеледі. Виза мен ұшу өз есебімізден, – дейді Айнагүл Мұстафина. – Әрине, бұл арзан емес, бірақ бала өз жеңісінің жемісін пайдалануы тиіс.Осы байқауда тағы бір қарағандылық жүлделі орынға ие болды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оныншы сынып оқушысы Эмир Бүтімбаев қола медальға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/977311?lang=kk

Қытай Халық Республикасы Чжэцзян провинциясының кәсіпкерлер делегациясы Ақмола облысына сапармен келді 18.04.2025
Ақмола облысына Қытай Халық Республикасының Чжэцзян провинциясынан келген кәсіпкерлер делегациясы өңір әкімдігінің шақыруымен іссапармен келді. Сапардың басты мақсаты – инвестициялық ынтымақтастықты дамыту.Көкшетау қаласында облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов делегация өкілдерімен өнеркәсіп, электронды коммерция және логистика саласындағы бірқатар жобаларды талқылады.Чжэцзян – Қытайдың маңызды провинцияларының бірі. Астанасы – Ханчжоу қаласы, мұнда Alibaba, DingTalk сынды әлемге әйгілі технологиялық алыптардың бас кеңселері орналасқан. Сонымен қатар, бұл өңір – шетелге инвестиция салатын ірі жеке компаниялары ең көп шоғырланған Қытай провинциясы.Қытайлық тарап Транскаспий дәлізінің Орта коридоры аясында өңірдің инфрақұрылымын пайдалануға қызығушылық танытты. Кездесу барысында республикалық маңызы бар “Aqmola” индустриялық аймағына ерекше назар аударылып, делегация бұл аумақты жоғары бағалап, өндіріс орындарын орналастыру үшін әлеуетті нысан ретінде қарастыруда.Әкімдік шетелдік компаниялар үшін Қазақстанда қарастырылған инвестициялық преференциялар мен жағдайлар туралы ақпарат беріп, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге және бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы орта қалыптастыруға дайын екенін жеткізді.Тараптар бауырлас өңірлер форматында ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастыруға ниетті екендерін білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/976987?lang=kk

Қарағандыда 27 сәуірде орган концерттерінің маусымы басталады 18.04.2025
Қарағандыдағы кафедралды собор – орган музыкасын сүйетіндер жиналатын дәстүрлі орын. Биыл концерттер маусымы 27 сәуірде басталады. Бағдарлама қыркүйекке дейін қалыптастырылған: Қазақстан, Австрия, Чехия, Ресей және Германиядан келген органшылар өнер көрсетеді деп күтілуде.27 сәуірде астаналық органшы, халықаралық конкурстардың лауреаты Әсел Смағұлова көрермендерді шеберлігімен қуантады. Ол Қарағанды жұртшылығына жақсы таныс, осында бірнеше рет өнер көрсеткен.Шетелдік қонақтардың арасында: Австриядан Франц Райтнер мен Анжелика Киртц, Чехиядан Йежабек Томаш, Германиядан Винсент де Пол бар.Барлық орган концерттеріне кіру тегін. Басталуы бір уақытта: 15:00.Әулие Дева Мария барлық халықтардың Фатим анасының кафедралдық соборы мына мекен-жай бойынша орналасқан: Шахтерлер, 32.Аңдатпа және концерттік бағдарламаны Instagram парақшасынан бақылауға болады.Қарағандыдағы соборға арналған органды австриялық Pfluger фирмасы жасаған. Онда 32 тіркелім, 1974 металл құбырлар және 128 ағаш құбырлар бар - барлығы 2102 құбыр. Құрал дыбыс үй-жайдың барлық бұрыштарын толтыратындай етіп орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/976892?lang=kk

Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл: жастар, бірлік және жаңа форматтар 18.04.2025
Қарағандыда облыстық ҚХА кеңесінің кездесуі өтті, онда мерейтойлық жылды мерекелік қана емес, мазмұны жағынан да маңызды ету мәселесі талқыланды. Жастардың рөлі, еріктілік пен ғылыми бастамаларды дамыту басты назарда.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ҚХА бүгінде этносаралық келісімнің символы ғана емес, қоғам мен мемлекет арасындағы диалогтың нақты құралы екенін атап өтті. Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттық бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосты. Оның қатарында белсенді қоғамдық жұмысы үшін марапатталған ордендер мен медальдар иегерлері бар.– Жеңістің 80 жылдығы мен ел Конституциясының 30 жылдығымен қатар биылғы жылдың басты оқиғаларының бірі Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы болмақ. Осы уақыт ішінде ҚХА өзін мемлекет пен қоғам арасындағы ұлттық бірлік пен диалогты нығайтуға ықпал ететін бірегей қоғамдық институт ретінде көрсетті. Қарағанды Ассамблеясы өңірдің дамуында елеулі рөл атқарды, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.ҚХА өкілдері жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып, бүгінде жастарды тартудың аса маңызды екенін атап өтті. «Жастар Ассамблеясы» толеранттылық мәдениетін қалыптастыру, дәстүрлі құндылықтарды ілгерілету және қоғамдық өмірге тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Жастар жаңа бастамалардың басты драйвері ретінде қарастырылады. Ермағанбет Бөлекпаев әрбір этномәдени бірлестікте жастар таныстырылуы тиіс екенін атап өтті. Кездесуде ҚХА-ның ғылыми жұмысы да қозғалды. Биыл Қарағандыда Әлімхан Ермековке арналған конференция өтеді. Ассамблея сондай-ақ еріктілер акцияларына белсенді қатысады, қайырымдылық жобаларын қолдайды және ұрпақтар арасында диалог орнатады.– 30 жыл ішінде Ассамблея өзінің бастапқы миссиясының шеңберінен шықты. Бүгінде ол еріктілікпен, қайырымдылықпен, әлеуметтік қолдаумен айналысады. Өткен жылы су тасқыны болған кезде ҚХА бірінші болып көмекке келді. Жақында Достық үйінде ақсақалдар мен жастардың диалогы өтті. Бұл Ассамблея ұлтаралық өзара іс-қимыл үшін тұғырнамаға айналғанын көрсетеді, – деп атап өтті ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Рустам Бузяков. – Елдегі бейбітшілік пен тұрақтылық – оның көп жылдық жұмысының нәтижесі.Кездесу соңында қоғам өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне мерейтойлық медальдар табысталды.Теміртаулық грек мәдени орталығының төрайымы Деспина Касапиди былай деді:– Бұрын біз бытыраңқы болғанбыз, ал бүгін бір үлкен отбасындаймыз. Ассамблеяның күші де осында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/976649?lang=kk

Қарағандылық каратешілер Жапонияда өткен халықаралық турнирде 16 медаль жеңіп алды 18.04.2025
Жапонияның Тояма қаласында киокушинкай каратеден беделді халықаралық турнир өтті. Қарағанды облысынан 11 жауынгер сайысқа түсті. Нәтиже де жоғары: 16 медаль, оның алтауы алтын.Қазақстандықтардың қарсыластары Жапония, Ресей, Германия және Кореяның мықты спортшылары болды.– Қарағанды мектебі өзін жарқын көрсетті. Біз алты алтын медаль ұтып алдық. Бұл өте жақсы нәтиже, әсіресе қараша айында Австралияда өтетін Әлем кубогының алдында. Оған қарағандылық бес спортшы іріктеліп алынды. Жылдың басты жарыстарына барынша дайындалып жатырмыз, – дейді Қарағанды облысының кекушинкай карате федерациясының басшысы Тимур Райымбеков.Ол өзі де алтын медаль алды. Түрлі пәндер бойынша Илья Опалев, Амира Райымбекова, Жанетта Сұлтанова бірінші орын алды. Владимир Гриневецкий ката мен кумитте екі рет жеңімпаз атанды. Оның күш-қуаты халықаралық турнирде үздік деп танылды.Күміс және қола жүлдеге Думан Балтабай, Амира Райымбекова, Аружан Маден, Виктор Кузнецов, Әсем Шәугенбай, Жанетта Сұлатнова, Милослав Парфенов ие болды.Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/976479?lang=kk

Қарағанды облысында «Менің Жеңіс тарихым» патриоттық челленджі басталды 17.04.2025
Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Менің Жеңіс тарихым» патриоттық онлайн-акциясы басталып, облыс тұрғындары, оқушылары және жастары әлеуметтік желілерде белсенділік танытуда. Олар соғысқа қатысқан туыстарының және тыл еңбеккерлерінің суреттерімен белсенді түрде бөлісіп, оларды қысқаша отбасылық әңгімелерімен, естеліктерімен және мұрағаттық суреттерімен жариялауда.Қарағанды қаласының тұрғыны Алия Искакова өзінің атасының өмір баяны туралы қысқаша ақпаратпен бөлісті: «Искаков Ахметжан Искакович Жезқазған облысы, Ақадыр ауданының Өспен кентінде 1920 жылы туған. 1940 жылы әскер қатарына шақырылды. Қоршаудағы Ленинградты босатуға қатысты. Қызы Армияның атқыштар взводында болған. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. 1943 жылы соғыста алған контузияға байланысты босатылды. Босатылғаннан кейін кейін мұғалім болып жұмыс істеп, мектепте алгебра, геометрия және физика пәндерінен сабақ берді».Әлеуметтік желінің бір қолданушысы Мөлдір Ерболатқызы атасының ағасы туралы әңгімелеп берді: «Менің атам, Дюсембаев Ершора — ерліктің, намыстың және туған жерге деген адалдықтың үлгісі. 1941 жылдың шілдесінде майданға аттанып, Ұлы Отан соғысының ауыр күндерінде елі мен жерін ерлікпен қорғады. Курск түбіндегі және Харьков үшін шайқастарда асқан батырлық танытқандардың бірі. «Катюша» артиллериялық қондырғысының командирі ретінде жауға қарсы қаймықпай шайқасты. 1943 жылы қазан айында аяғынан ауыр жарақат алғанына қарамастан, рухы сынбады. Оның ерлігі «Даңқ» орденімен, «Отан соғысы» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды».Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарағанды облысынан майданға 45 мыңға жуық адам аттанды. Олардың 18 мыңға жуығы туған жеріне оралмады. Алайда олардың әрқайсысының ерлігі мен жанқиярлығы ұрпақ жүрегінде мәңгі сақталады.Ерен ерлігі мен қайсарлығы үшін 18 қарағандылық жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ал 6587 сарбаз ордендер мен медальдармен марапатталып, ел тарихында өшпес із қалдырды.«Менің жеңіс тарихым»— бұл жай ғана акция емес, бұл ата-бабаларымыздың ерлігіне деген шынайы құрмет.Бұл бастама арқылы біз әр отбасының жеңіс жолын еске түсіріп, соғыс жылдарындағы батырлық пен табандылықты жаңғыртамыз. Әрбір естелік — бұл ұрпақтар арасындағы байланыс, мақтаныш пен рухтың көрінісі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/974538?lang=kk

Қарағанды облысының әкімі Францияның Қазақстандағы елшісімен кездесті 17.04.2025
Танысу сапарымен Қарағанды облысына Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиоге келді. Аймақ әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту және гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.Аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті туралы айтып, оның инвесторлар үшін тартымдылығын атап өтті.– Біз өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Қарағанды облысында бизнес жүргізу үшін жағдай жасалған. «Сарыарқа» және Саран арнайы экономикалық аймақтар жұмыс істейді, онда резиденттерге салықтық және кедендік преференциялар, сондай-ақ инфрақұрылым ұсынылады. Өңір экономикасының негізін өңдеу өнеркәсібі құрайды, бірақ біз француз компанияларының біздің нарыққа және басқа да бағыттарға, атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға кіруіне жәрдемдесуге дайынбыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.– Біз мәдени-гуманитарлық салада бұрыннан бері жемісті ынтымақтастық жасап келеміз. Енді инвестициялық бағытты күшейтетін кез келді. Бізді әсіресе денсаулық сақтау және жоғары технологиялар саласындағы жобалар қызықтырады. Осы кездесудің қорытындысы бойынша біз өңірде, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласында бірлескен бастамаларды іске қосу мүмкіндіктерін қарастырамыз, – деді Сильван Гиоге.Ол сондай-ақ сапар аясында бірқатар нысандарды – Карлаг тарихи-мемориалдық мұражайын, француз тілі оқытылатын университеттер мен мектептерді аралағанын, Қарағанды Француз Альянсымен жаңа келісімге қол қойғанын, сондай-ақ Франкофония күндері ұйымдастырылған француз киносы фестиваліне қатысқанын хабарлады.– Қарағанды университеттерімен академиялық байланыстарды дамыту өзге салалардағы ынтымақтастықты кеңейту үшін берік негіз құрады, – деді Франция елшісі. – Медициналық және техникалық университеттерде балқымалар мен жаңа медициналық технологиялар саласындағы бірлескен зерттеулерді қоса алғанда, қызықты жобалар іске асырылуда.Кездесуді қорытындылай келе, Ермағанбет Бөлекпаев облыста Инвесторларды қолдау орталығы жұмыс істейтінін және өңірдің диалог пен бірлескен жұмыс үшін ашық екенін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/970933?lang=kk

Қарағанды электронды сауда орталығына айналады 16.04.2025
Қарағанды облысы онлайн-сату бойынша ел арасында көшбасшылар үштігінде. Электрондық коммерцияны дамыту жалғасатын болады. Бұл үшін облыс әкімдігінде бірінші отандық Teez маркетплейсімен меморандумға қол қойылды. Қазірдің өзінде оның алаңында 40-қа жуық қазақстандық тауар өндірушілер тіркелген. Мақсаты – отандық өнімді өткізу үшін бірлесіп қолайлы жағдайлар жасау.– Қарағандыда маркетплейстің ашылуымен жергілікті тауар өндірушілер үшін үлкен мүмкіндіктер пайда болды. Біз бастапқыда отандық өнімді ілгерілету және қолдау туралы келістік. Бірге жұмыс істейтін боламыз. Ең алдымен, бұл өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу, – деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.Teez маркетплейсі бірегей үлгімен ерекшеленеді, онда барлық тауар Қарағандыдағы бір орталық хабта орналасқан, осы жерден өңделеді және бүкіл Қазақстан бойынша бір күнде жеткізіледі.Teez компаниясының негізін қалаушы Линар Хуснуллин «Қарағанды – Қазақстанның электрондық сауда орталығы» атты ауқымды жобаны таныстырды.– Қарағанды – осындай бизнес үшін тамаша орын. Жергілікті жеткізушілермен ынтымақтастықты дамыту маңызды, – дейді кәсіпкер.Ол «Қазақстанда жасалған» маркасымен тауарларды сату және ілгерілету үшін көзделген арнайы шарттар туралы айтып берді. Бұл – ерекше іріктеулер, төмендетілген комиссия, жеңілдікпен жылжыту.Жоба қазақстандық кәсіпкерлерді электрондық коммерцияға оқыту және қоғамды құру бойынша ауқымды бағдарламаны қамтиды. Мультиплатформалық конференциялар ұйымдастырылады, біріншісін 23 сәуірде өткізу жоспарланған. Селлерлер мен өндірушілердің өзара іс-қимылы үшін коворкинг-клуб ашылады.– Бүгін қол қойылған меморандум осы электрондық алаңда біздің жергілікті тауар өндірушілеріміздің барынша көп қатысуы бағытындағы жұмысты айқындайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда жасалған 38 тауар маркетплейс алаңында сатылады. Бұл тек бастама. Тұрмыстық химиямен айналысатындар, ұлттық киімдерді ұсынатындар бар. Қазір қайта өңдеушілер бойынша жұмыс жүргізілуде, – деді кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/969907?lang=kk