Бизнес
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАРАФОН ЖАҢАЖОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ 21.02.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында күні кеше Мырзакент кентінде басталған марафон бүгін Жаңажол ауылдық округінде жалғасын тапты.Тазалық іс-шарасына ауыл әкімі міндетін атқарушы Мырза Мұса, осы округтен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты Жанболат Саттаров, ауыл билері Әбді Мұғалбеков пен Тіллә Файзиевтер және округтің тұрғындары қатысты.Марафон барысында 8 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылып, бұл қоқыстар аудан аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонға төгілді. Жолдар мен аяқжолдардың бойы ретке келтіріліп, арық-атыздар мен ирригациялық жүйелер тазаланды. Сонымен қатар шараға 2 техника мен 120 адам қатысты. Экологиялық акция жоғары дәрежеде өтті.Іс-шара барысында ауылдық округтің мәдениет үйінің қызметкері Ақтөре Құрманбай Мемлекет басшысының бастамасын толық қолдайтынын айтып, бүкіл қазақстандықтарды отанымызды таза ұстауға, туған жерімізді қадірлеп-қастерлеуге шақырды. Сондай-ақ ол тазалық бойынша челленджді Жаңажол ауылдық округінен Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің тұрғындарына жолдады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941304
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 21.02.2025
Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына Файзулла Байдуллаев тағайындалды. Басқарма басшысын ұжымға облыс әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.Файзулла Байдуллаев 1985 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Ол М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Банк ісі» мамандығы бойынша және Шымкент университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.Еңбек жолын 2005 жылы «Альянс Банк» АҚ – ЕҚДБ секторының маманы болып бастаған. 2007-2009 жылдар аралығында «Альянс Банк» АҚ – ЕҚДБ секторының бас маманы болып жұмыс істеді. 2009-2016 жылдары «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ ОҚО бойынша филиалының КТ арқылы кредиттеу бөлімінің жетекші маманы, Кредиттеу бөлімінің бас маманы, Кредиттік серіктестіктерінің консультанты қызметтерін атқарған. 2016-2019 жылдар аралығында «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары лауазымында қызмет етті. 2019-2022 жылдары «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры болды. 2022 жылы Ордабасы ауданы әкімінің кеңесшісі, 2022 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Түркістан» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы лауазымында қызмет етті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941443
ТҮРКІСТАНДА ТОҢАЗЫТҚЫШ ЖӘНЕ МҰЗДАТҚЫШ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІН ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 21.02.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров укараиналық инвесторлармен кездесті. «UBC Group» компаниясының өкілдері Игорь Бурдиленко мен Юрий Светличныймен кездесіп, аймақта жүзеге асырылып жатқан жобаның жай-күйін талқылады. Украиналық инвесторлар қолайлы жағдай жасап, жұмысқа қолдау көрсеткен облыс басшылығына алғыстарын білдірді.Облыс әкімі Нұралхан Көшеров әріптестікті нығайтып, зауыттың келесі кезеңдерін іске қосуға қолдау көрсетілетінін жеткізді.– Бұл инвестициялық жоба біз үшін өте маңызды. Өндіріс желілерін ашуға қажетті жер мен инфрақұрылым ұсынуға әзірміз. Индустриалды аймақ, арнайы экономикалық аймақтарымыз бар. Президентіміз 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Осы ретте аталған кәсіпорындарға жергілікті жастарды тарту үшін білікті маман даярлауға да қолдауларыңызды күтеміз. Маман даярлау ісін бірлесе атқаруға, колледждерді қажетті гранттармен қамтуға дайынбыз, – деді облыс әкімі.Игорь Бурдиленко Кентаудағы колледжбен бірлесе іс атқарып, жастарды жұмысқа тартып жатқанын мәлімдеді. Алдағы уақытта да бұл бағытта жұмыстар жалғаспақ.Бүгінде Түркістан облысындағы «Шағын өндірістік парк» аумағында тоңазытқыш құрылғылары мен мұздатқыш сөрелер шығаратын кәсіпорын жұмысын бастап кеткен. Өнімдерін Орталық Азия елдеріне импорттап келе жатқан «UBC Group» холдингі Түркістан облысында екі ірі өндіріс желісін ашу жөнінде шешім қабылдаған. Бірінші кезеңіне 5 миллион еуро көлемінде қаржы құйылып, 350-ге жуық жұмыс орны ашылса, алдағы уақытта бой көтеретін екінші зауытқа да инвестиция салынбақ. Нәтижесінде айына 10 мыңға дейін тоңазытқыш жабдығын шығарып, мыңға жуық адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941447
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР 21.02.2025
Жетісай ауданы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясындағы тазалықты жанына серік еткен аудан тұрғындарының санитарлық тазалықты сақтау, өздері өмір сүріп отырған аймақтарды көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Тазалық шарасына барлық мекеме қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жергілікті мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер, тұрғындар бір кісідей атсалысуда. Әрбір ұжым бөлінген аумақтарды, көшелерді, саябақтар мен скверлерді, қала, кент, елді мекендердің кіреберіс аймақтары мен әлеуметтік нысандардың айналасын қоқыс қалдықтарынан тазартып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосуда.Халқымыздың «Балаға тәрбие беруден бұрын өзіңді тәрбиеле. Өйткені, перзент саған қарап өседі, бой түзейді» деген дана сөзін ескерер болсақ, әрбір ата-ана ұл-қыздарының өздеріне қарап тәрбие алатынын естен шығармағаны жөн. Кез-келген адам тазалықты өз бойынан көрініс табатындай етсе, өзін және ортасын таза ұстай білсе, өзге адамдарға да сол тазалығын үлгі ете алатыны сөзсіз.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941761
ТҮРКІСТАН: «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА» ОРАЙ «БІР КОЛЛЕДЖ – БІР ӨНІМ» ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ 21.02.2025
Түркістан облысында «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу жөніндегі өңірлік жоспар бекітілді. Өңірлік жоспар 7 бағыт, 64 қадамнан тұрады. Бұл туралы Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова мәлімдеді.«Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу аясында салалық басқармалар, аудандық және қалалық әкімдіктер мен техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының бірлескен жұмыстары жүзеге асырылмақ. Жалпы облыста 50 колледж жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі көпсалалы колледждер. Оның ішінде, ауылшаруашылық саласы мамандарын – 10, қызмет көрсету және туризм саласы мамандарын – 3, ал құрылыс саласы бойынша мамандарды – облыстағы 11 колледж даярлайды. Бүгінгі таңда 75 мамандық бойынша 45 студент білім алып жатыр. Сондай-ақ, 30 колледжде жұмысшы мамандар даярланады, студенттер саны 16 100-ді құрайды. 2024-2025 оқу жылында 15 525 мемлекеттік тапсырыс болса, оның ішінде 8 678-і – жұмысшы мамандықтар. Ал, 2025-2026 оқу жылына 15 500 мемлекеттік тапсырыс жоспарланған, оның ішінде жұмысшы мамандықтарының санын 9 500-ге ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Биыл «Бір колледж-бір өнім» деп аталатын жобаны енгізе отырып, 5 колледждің базасында цехтар ашып, кіші кәсіпорындарға айналдыру жұмысын жүргізудеміз. Білікті жұмысшы маман дайындаудың жолы - дуалды оқыту жүйесі қолға алынған. Бүгінгі таңда 35 колледжде дуалды оқыту жүйесімен 64 мамандық бойынша 10 353 білім алушы қамтылған»,- деді спикер.Айгүл Ерғалиқызының сөзінше, биыл «Мамандықтар атласы» даярланады. Сондай-ақ, инвесторлар мен кәсіпорындардың сұранысы негізінде жаңа мамандықтарды ашу бойынша жұмыстар жүргізілмек. Оның ішінде лифт және эскалатор, жылжымайтын мүлікті басқару, ет және ет өнімдерін өндіру, агрохимия, пилотсыз ұшу аппараттары, мақта шитін өңдеу және жіп иіру, вагон жөндеу слесары, жасыл энергетика, гидротехникалық құрылыс мамандықтары бар.Сондай-ақ, брифингке қатысқан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашовтың сөзінше, өңірде еңбекке қабілетті 850 мың адам бар. Оның ішінде, 200 мың адам жұмысшы мамандығы бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ, бекітілген ұлттық кәсіби классификаторда 1 270 мамандық тобы және 12 185 мамандық пен қызмет түрлері енгізілген.«2025 жылға «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітіліп, 130 769 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, биыл «Ұлттық жобалар» аясында жүзеге асырылатын 375 жоба шеңберінде 4 074 жұмыс орнын ашу көзделуде. «Еңбек» бағытындағы бос жұмыс орындары бойынша ашылатын 57 221 жұмыс орны мен 32 448 субсидияланған жұмыс орны бойынша да жұмысшы мамандықтарға басымдық беріледі. Сонымен қатар, облыста биыл 125 инвестициялық жоба негізінде 2004 жұмыс орнын ашу көзделген. Бүгінде жаңа жұмыс орындарына жолданатын азаматтарды қысқа мерзімдік кәсіптік оқытудан өткізу үшін жеке инвесторлармен меморандумдар түзіліп жатыр. Бұдан бөлек, 2025 жылы 32 448 адамды уақытша субсидияланатын жұмыс орындарына жолдау жоспарлануда»,- деді спикер.Айта кетейік, облыста биыл бос жұмыс орындары жәрмеңкелері мен өндіріс орындарында ашық есік күндерін өткізу жоспарланған. Аталған жәрмеңкелерде 350-ге жуық жұмыс берушілерден 1500-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылуда. Бос жұмыс орындарының 57 пайызы жұмысшы мамандықтарға тиесілі.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941764
ТҮРКІСТАНДА ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҰЖЫМДАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ 21.02.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдар фестивалінің облыстық кезеңі өтті.Қазақстан халқының татулығы мен бірлігін нығайту мақсатында ұйымдастырылған шараға этномәдени бірлестік төрағалары мен өкілдері, өнер ұжымдары қатысты.Фестиваль барысында өңірдегі аудан, қалалардан келген түрлі этностардың өнерпаздары жеке және топ болып халық әндерін орындау, би билеу және халық аспаптарында орындау бойынша сайысқа түсті.Мерекелік шараға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары - Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейтжанов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің «Алқоңыр» фальклорлық ансамблінің әртісі Аружан Әбдіқадір, «Жаңа леп» ұжымының дәстүрлі әншісі Бекболат Серік және «Самғау» би ансамблінің әртісі Ақжол Абибулла қазылық етті.Әділқазылардың шешімі бойынша топ болып халық әндерін орындауда Сайрам ауданының «Ғұнча» халықтық ән-би ансамблі топ жарды. Бұл сайыста Қазығұрт ауданының «Дониёр-Файз» тобы 2-орынды, Сауран ауданының «Достық» ансамблі 3-орынды иеленді. Би сайысында Кентау қаласының қос өнер ұжымы – «Рапсодия Жастары» би тобы 1-орынды, «Рапсодия» би тобы 2-орынға лайық деп танылды. Ал Төлеби ауданының «Жаңа толқын» жастар клубының «Грация» шығармашылық тобы 3-орын алды.Сондай-ақ 18 жасқа дейінгі ән байқауында саурандық әншілер биіктен көрінді. «Отан» әнін нәшіне келтіре орындаған Умида Эркинова жеңімпаз атанса, «Өкінбе сен» әнімен Ғиесиддин Рахмиддинов 2-орынды еншіледі. «Ұлы дала» әнімен қазығұрттық Муштарибану Хусниддин үздік үштікті түйіндеді.18 жастан жоғары әншілер сайысында 1-орын алған саурандық Мұратжан Атажанов «Қоғалы-ай» әнін әуелете орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Бұл сайыста арыстық Роза Сейітқасымова «Ақерке ақжайық» әнімен 2-орынды, жетісайлық Руфат Ходжиев «Елім менің» әнімен 3-орынды иеленді.Этностар арасындағы татулықтың мызғымас алтын көпірін көрсеткен фестиваль барысында басқарма басшысының орынбасары іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан шығармашылық ұжымдарды «Алғыс хатпен» марапаттады. Облыстық кезеңде жүлделі орын алған өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар енді республикалық байқауда бақ сынайды.Татулықты ту еткен фестиваль соңында этнос өкілдері «Атамекен» әнін қосыла шырқап, әдемі кештің әрін келтірді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941779
Қарағандылықтарды Орталық саябақта өтетін жаппай шаңғы жарысына шақырады 21.02.2025
Қарағандыда 22 ақпанда жаппай шаңғы жарысы өтеді. Спорттық шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған. Барлық ниет білдірушілер – оқушылардан бастап зейнеткерлерге дейін қатыса алады."Өтініштер wintersport_kz@mail.ru электрондық поштасына және WhatsApp 8-708-972-80-57 нөміріне қабылданады. Бір айналым – 1,5 км", – деп хабарлады Дене шынықтыру және спорт басқармасы.Жарыс бағдарламасы жеті жүгіруден тұрады: үшеуі – 4-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары арасында, екеуі – колледждер мен ЖОО студенттері арасында, сондай-ақ ерлер мен әйелдер, ардагерлер арасында жеке жарыстар болады.Қатысушылар Қарағанды орталық саябағында «Green City Park» тұрғын үй кешені жағынан үшінші шағын көлдің жанында жиналады. Жарыс сағат 12:00 басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/940932
Қарағанды мен Теміртауда бос орындар жәрмеңкесі өтеді 21.02.2025
Қарағанды мен Теміртауда жұмысқа орналасқысы келетін тұрғындар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылады.Облыстың еңбек ұтқырлығы орталығы жұмыссыз қарағандылықтарды 21 ақпанда сағат 12:00 Бұқар жырау даңғылы, 9 мекен-жайы бойынша орналасқан жоғары политехникалық колледжге шақырады.Байланыс телефондары: 60-50-50, Whatsapp: (8-775) 644-35-80.Жұмыс іздеп жүрген теміртаулықтарды 20 ақпанда сағат 16:00-де Чайковский көшесі, 2/1 мекенжайындағы Жастар орталығында күтеді.Телефон: (8-7213) 91-64-20.Жәрмеңкелерде облыс кәсіпорындары сұранысқа ие жұмыс орындарын ұсынады. Олардың ішінде дәнекерлеуші, электрик, сатушы, кассир, жүргізуші және т. б. бос орындар бар. Ізденушілер жұмыс тауып, түрлі мемлекеттік органдардың өкілдерінен кеңес ала алады.Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің мақсаты жұмыс беруші мен ізденуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады.Бүгінгі таңда Қарағанды облысы бойынша enbek.kz электрондық еңбек биржасында 3 мыңнан астам бос жұмыс орны қолжетімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/940946
«Қауіпсіз жол»: Қарағанды облысында республикалық акция өтуде 21.02.2025
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысын бақылауды күшейту мақсатында 18–21 ақпанда Қарағанды облысының полиция департаменті «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді, деп хабарлайды Polisia.kz.Бұл күндері аймақ жолдарында полиция жасақтары көп болады. Полиция қызметкерлері еріктілермен және қоғам өкілдерімен бірлесіп, жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше назар аудара отырып, рейдтер өткізеді.Бұдан басқа, қоғамдық көліктер – автобустар мен таксилер тексеріледі, сондай-ақ шетелдік тіркелген автомобиль жүргізушілерінің тәртібіне бақылау күшейтілді.Қабылданған шараларға қарамастан, жыл басынан бері облыс аумағында 44 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тауып, 58-і түрлі жарақаттар алған. Патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 15 850 оқиғасын тіркеді, оның ішінде 83 көлік құралын мас күйінде жүргізу оқиғасы бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/941286
Жас суретшілер Қарағандыдағы көрмеде өз еңбектері арқылы көшпенділердің өмірі туралы әңгімелейді 21.02.2025
15 жас суретшінің 30-дан астам жұмысы "Дала. Көшпенділер" атты көрме өтеді. Экспозиция 20 ақпанда сағат 16:00 ашылады.Көрме – көшпенділердің дәстүрлері мен олардың қазіргі қоғамға ықпалы туралы ойланатын алаң. Қарағандылық жас суретшілер өз шығармашылықтарымен көшпелі халық өмірінің тарихы мен философиясы туралы әңгімелейді.Көрмеде түрлі жанрдағы және түрлі қырлы жұмыстар: пейзаждар, портреттер, графика, абстрактілі суреттер, тоқыма бұйымдары ұсынылады.Экспозиция 2 наурызға дейін жалғасады.Мұражайдың мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 76.Жұмыс уақыты: жұмыс күндері – 10:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс күндері - 10:00-ден 17:00-ге дейін.Анықтама телефоны: (8-7212) 475-475.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/941310
Бокстан халықаралық турнирде Қарағанды облысының спортшылары бес медаль жеңіп алды 21.02.2025
Алматыда олимпиада чемпионы және еңбек сіңірген спорт шебері Ермахан Ыбырайымовтың жүлдесі үшін қыздар арасында бокстан VII Халықаралық турнир аяқталды. Қарағанды облысынан он спортшы қатысып, оның бесеуі медальмен оралды.Турнирге Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның 19 өңірінен 270-тен астам спортшы қатысты.Қарағанды облысының намысын 15–18 жас аралығындағы он бойжеткен қорғады.Олардың екеуі – Шахтинск қаласында тұратын апалы-сіңлілі Аяулым мен Камила Оспановалар 63 кг және 70 кг дәрежесінде алтын медальға ие болды. Қарағандылық Алина Құдайгенова 60 кг және Айдана Убайдоллақызы 80 кг салмақта күміс медаль алды. Үшінші орын 48 кг санатында өнер көрсеткен қарағандылық Айжан Мұратқа бұйырды.– Турнир біз үшін жақсы өтті. Қыздар айтарлықтай бәсекелестікке қарамастан лайықты нәтиже көрсетті, – деп атап өтті Қарағанды облыстық бокс федерациясының персонал және жалпы мәселелер жөніндегі бас менеджері Айгүл Байманова.Қазір біздің спортшылар бірден бірнеше маңызды жарысқа – бокстан Латвиядағы халықаралық чемпионатқа, Қазақстан мен Азия чемпионаттарына дайындалуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/941353
Қарағанды облысында борышкерлерге несиелерін өтеуге көмектеседі 21.02.2025
Қарағанды облысының Бұқар жырау және Осакаров аудандарында пилоттық режимде «Қайта бастау» жобасы іске қосылды. Оның мақсаты – несие бойынша қарызы бар адамдарға көмек көрсету.«Қайта бастау» жобасы аясында қарызы бар адамдар үшін қаржылық сауаттылық сабақтары өткізіледі, тұрақты жұмыс табуға және банктерден қарызды қайтарудың жеке және жайлы шарттарын алуға көмектеседі.Бұл бағдарламаға 90 және одан көп күн қарызы бар қарыз алушылар қатыса алады. Бұл ретте қарыз сомасы маңызды емес. Алайда, егер адамның түрлі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан бірнеше қарызы болса, онда оған қатысуға жол берілмейді.Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері қатысушылармен жеке шарттар жасасады, онда күрделі қаржылық жағдайдан шығу үшін қажетті барлық қадамдар жазылады.Бірінші кезекте қаржылық сауаттылық курсынан өту керек. Оны Amanat партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша өткізеді. Онлайн да, офлайн форматында да айналысуға болады.Содан кейін, егер қажет болса, борышкерге жұмысқа орналасуға көмектеседі. Бұл үшін облыста табысты жұмыс істейтін бірнеше әлеуметтік бағдарламалар іске қосылады. Олардың ішінде әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас» және «Алтын жас» жобалары, қоғамдық жұмыстар мен бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар бар.«Қайта бастау» жобасының қорытынды кезеңі – банктен немесе микроқаржы ұйымынан кредитті өтеудің жеке шарттарын алу. Оған оқудан өткен және жұмыс тапқан қатысушыларға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандары көмектеседі.«Қайта бастау» жобасының қатысушысы болу үшін ауылдық округ әкімдігіне немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгіну қажет.Байланыс телефондары:Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – (8-7214) 94-13-74;Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – (8-7215) 42-10-38;Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы – (87212) 43-16-75. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/941382
Торонтода PDAC 2025 көрмесі аясында халықаралық геологиялық форум өтеді 21.02.2025
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі PDAC 2025 көрме алаңында «Meet Kazakhstan: The Power of Geology in the Ninth Largest Nation» халықаралық форумы өтетінін хабарлайды.Бұл пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласындағы жыл сайынғы ең ірі конференция. Іс-шара Қазақстанның геологиялық әлеуетін талқылау мақсатында салалық және мемлекеттік секторлардың жетекші сарапшылары мен мамандарын жинайды.Сондай-ақ, қатысушылар Қазақстан павильоны мен стендтерімен таныса алады.Өтетін күні: 2 наурызУақыты: 10:00 – 14:45Өтетін орны: Торонто, Metro Toronto Convention Center, North Building, Room 202B Сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://meetkazakhstan.com Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/941236
Қуандық Қажкенов Рудный қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді 21.02.2025
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Рудный қаласына жұмыс сапары аясында оның тұрғындарымен кездесу өткізді.Ашық диалог барысында ол Министрліктің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қазіргі жұмыстары туралы айтып, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.Талқылауға жобалаушылар мен құрылыс ұйымдарының өкілдері қатысып, өз ұсыныстарын жеткізді. Кездесуде қала ортасын дамыту және тұрғын үй қорын басқару тиімділігін арттыруға қатысты өзекті мәселелер қозғалған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/941564
Вице-министр Қуандық Қажкенов жұмыс сапарымен Рудный қаласында болды 21.02.2025
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Рудный қаласына жұмыс сапары аясында бірқатар жүзеге асырылған тұрғын үй нысандарын аралады.Сапар барысында вице-министр халықты сапалы және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат аясында салынған жаңа және қайта жөнделген тұрғын үй кешендерімен танысты.Ең алдымен Топорков көшесі, 160 мекенжайында орналасқан 5 қабатты тұрғын үй қаралды. Бұл ғимаратта 22 пәтер бар, оның 18-і көпбалалы отбасыларға арналған кең көлемді төрт бөлмелі пәтерлер. Ғимаратты қайта жаңғырту жұмыстарын «PRIME CONSTRUCTIONS» ЖШС құрылыс компаниясы жүргізген.Ол Сандригайло көшесі, 59 мекенжайындағы «Алтын дән» тұрғын үй кешеніне барды. Бұл тұрғын үй кешенінде 98 пәтер бар, оның ішінде 27 – бір бөлмелі, 71 – екі бөлмелі. Бұл кешенге зейнеткерлер, жетім балалар, толық емес отбасылар және бюджеттік сала қызметкерлері қоныстанған. Тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарын «QAZAQSTAN CONSTRUCTION HOLDING» ЖШС жүргізді.Сондай-ақ, сапар аясында «QC Holding» компаниясының «Аят» тұрғын үй кешенін қарап шықты. Бұл – 60 пәтерден тұратын заманауи алты қабатты тұрғын үй. Нысанда «QC Holding» компаниясы директорының орынбасары Нұрлан Күлшіков вице-министрге аяқталған жобалардың презентациясын ұсынып, қаладағы қазіргі құрылыс нысандарының іске асырылу барысы туралы баяндады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/941575
Кеніште қаза тапқан азаматтардың отбасына барып көңіл айтты 21.02.2025
Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б.Шыңғысов, Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Р.Қапарова, Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы Қ.Балмағамбетов, Жезқазған қаласының әкімі Қ.Шайжанов, Сәтбаев қаласының әкімі М.Бөрібаев, Ұлытау ауданының әкімі А.Мырзабеков, Ұлытау ауданы қоғамдық кеңестің төрағасы С.Баймағанбетов, Ұлытау облысының бас имамы Б.Жансарин, ардагерлер кеңестерінің төрағалары Т.Бүкіров, М.Қазамбаев, «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы «Ардагерлер кеңесі» төрағасы А.Мулаков, Б.Балқыбайұлы мешітінің бас имамы Е.Такеев қаза болған кеншілердің отбасына барып көңіл айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/941308
ҚР Премьер-Министрі қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтып, үкіметтік комиссияның есебін тыңдады 21.02.2025
«Үкімет атынан шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.Марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себептерін тексеру және зардаптарын жою бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың есебі тыңдалды. «Оқиғанының мән-жайын мұқият тексеріп, зардаптарын жою керек. Қанат Алдабергенұлы, жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы туралы үнемі баяндап отырыңыз», — деп атап өтті Премьер-министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/941311
Ақмола облысында «Жұмысшы мамандықтар жылы: жаңа мүмкіндіктерді ашу» жастар форумы ашылды 21.02.2025
Көкшетау қаласындағы Bolashaq Saraiy-ында «Жұмысшы мамандықтар жылы: жаңа мүмкіндіктерді ашу» өңірлік жастар форумы ресми түрде ашылды. Іс-шара Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізіліп, билік өкілдері, бизнес, білім беру мекемелері мен жастар арасындағы маңызды диалог алаңына айналды.Форумға 500-ден астам қатысушы, 29 колледж және өңірдің жетекші компанияларын таныстыратын 44 әлеуметтік серіктес жиналды. Ақмола облысы агроөнеркәсіптік секторда, құрылыс, металлургия және туризм салаларында жетекші орындарға ие. Өңірдегі 800-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорын мыңдаған жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту экономика үшін маңызды рөл атқарады, ал жас мамандарды даярлау – жұмысшы мамандықтарының ұрпақтар сабақтастығының негізі.Жастар форумы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Талғат Жүнісұлы, «Talap» КЕАҚ президенті Санжар Тәтибеков және Социалистік Еңбек Ері Есілбай Қадралиннің қатысуымен өтті.Олар интерактивті көрменің жұмысымен танысты. Бұл көрмеде өңірдің 10-нан астам жетекші колледжі ұсынылып, онда IT және робототехникадан бастап, кондитерлік іс, ветеринария және маркшейдерияға дейінгі сұранысқа ие мамандықтар оқытылады.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов атап өткендей, бүгінгі таңда Ақмола командасының қоржынында 35 алтын, 21 күміс және 30 қола медаль, сондай-ақ 57 «Кемелдік медальоны» бар. Бұлардың барлығы WorldSkills кәсіби шеберлік байқауында олжаланған. Сонымен қатар, өңірдегі барлық ТжКБ ұйымдарында 700-ден астам кәсіпорынның қатысуымен Индустриялық кеңестер жұмыс істейді, ал мақсатты кадрларды даярлау түлектердің тиімді жұмыспен қамтылуына ықпал етеді.«Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялап, еңбек адамының мәртебесін арттыруға ерекше назар аударды. Бұл шешім елдің дамуы мен оның экономикалық әлеуетін нығайтуда жұмысшылардың маңызды рөлін көрсетеді. Біз тек кездесулер өткізіп қана қоймай, нақты шаралар қабылдауымыз керек. Бүгінде облыста 20 мыңнан астам студент кәсіби білім алуда. Бұл оларға оқу барысында-ақ жұмысқа орналасуға мүмкіндік берсе, жұмыс берушілер үшін болашақ мамандарды өз кәсіпорындарына дайындауға жағдай жасайды. Құрметті жастар, бүгінде көптеген жұмысшы мамандықтар жоғары технологиялық сипатқа ие, олар техника, технология, тіпті бағдарламалау саласында терең білімді талап етеді. Осы мамандықтар барған сайын күрделене түсуде және қызықты бола бастады», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.Айта кетейік, өңірде кадрларға деген қажеттілік бойынша өңірлік карта – Ақмола облысының Жаңа мамандықтар мен құзыреттер Атласы әзірленді. Бұл жинақта жаңа, трансформацияланатын және жойылып бара жатқан мамандықтар ұсынылған. Олар өңдеу өнеркәсібі, ауыл және орман шаруашылығы, қызмет көрсету саласы сияқты негізгі бағыттарды қамтиды. Бұл Атлас білім беру процесін әрі қарай жоспарлаудың және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлаудың негізіне айналады.Форумның ресми бөлімі Ақмола облысы колледж студенттерінің қолынан шыққан киім үлгілерін көрсетумен аяқталды. Сонымен қатар, әлеуметтік серіктестер өздерінің табысты еңбек жолдары туралы бөлісті.Бағдарламаның соңғы бөлігі «ABYROY» тобының концертімен аяқталды.Форумның екінші жартысында мектеп оқушылары мен колледж студенттері түрлі мамандықтар бойынша шеберлік сабақтарына қатысып, форсайт-сессияларында өздерін сынап көреді. Сессия спикерлері ретінде аймақтың жетекші сарапшылары мен әртүрлі салалардың өкілдері шақырылған.Форум екі күнге – 19-20 ақпан аралығында созылады.Бағдарламада: көрмелер, пікірталастар, кәсіби тренингтер, нетворкинг және басқа да іс-шаралар бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/941344
Бірыңғай байланыс орталығында рекорд: бір күнде 120 мың өтініш өңделді 21.02.2025
2024 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы КЕ АҚ-ның Бірыңғай байланыс орталығы 27 миллионнан астам өтініш өңдеді. Күн сайын Бірыңғай байланыс орталығы 1414 нөміріне келіп түскен қоңырауларды, Telegram-дағы EgovKzBot 2.0 чат-боты мен support@goscorp.kz электронды поштасына жолданған хабарламаларды, сондай-ақ «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы жүргізілген бейнеқоңырауларды қоса алғанда 30 мыңнан 90 мыңға дейін өтініштерді қабылдайды. Жуырда орталықтың 2011 жылдан бастап жұмыс істеген барлық кезеңінен бері ең жоғары көрсеткіш тіркелді – бір күнде 120 мың өтініш қабылданды. Ең көп қойылатын сұрақтар – ЭЦҚ беру және кері қайтарып алу, салық пен есептік көрсеткіштердің сомасын анықтау, ҚР азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін беру. «Бірыңғай байланыс орталығы өз қызметін бастаған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінде негізгі буынға айналды. 2024 жылы Бырыңғай байланыс орталығына 27,1 миллион өтініш келіп түсті, ал қызмет алушылардың консультациялық көмек сапасына қанағаттану деңгейі 96,8 пайызға жетті. Біз Бірыңғай байланыс орталығының жұмыс процестерін жетілдіруді жалғастырып, мемлекеттік қызметтерді алу ісін одан әрі жеңіл әрі қолжетімді ететін боламыз» – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясының Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев. 2024 жылы Бірыңғай байланыс орталығы ЭЦҚ бойынша 1 023 354 өтініш, төлқұжаттарды беру бойынша 367 428 өтініш, жеке куәліктерді беру – 228 693, cалық төлеушілерді тіркеу бойынша 114 082 өтініш, бала туғанға жәрдемақы тағайындау бойынша 81 902 өтініш, бала күтімі бойынша 1,5 жасқа дейінгі әлеуметтік төлемдерге 67 979 өтініш, көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы бойынша 64 544 өтінішке жауап берді. Еске салайық, Бірыңғай байланыс орталығы 1381 мемлекеттік қызмет бойынша кеңес береді. Қазақстан азаматтары үшін кез келген байланыс операторы арқылы барлық өтініштер тегін қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/941046
Нұра ауданында ең епті және мықты көкпаршылар анықталды 21.02.2025
Нұра ауданында JKL форматындағы көкпардан турнир өтті. Жастардың ойынын тамашалауға жүзден астам көрермен жиналды. Жарысқа төрт команда қатысты.JKL форматындағы көкпарда бір мезгілде жарысатын екі команданың әрқайсысынан үш ойыншыдан жіберілді. Қалғандары қосалқы рөлде болды және қажет болған жағдайда алаңнан шығып кеткендерді ауыстырды. Қалған ойындар ұлттық дәстүр бойынша өтті: қатысушылар серке ешкі тұтас еті үшін күресіп, ат үстінде өзін ұстау шеберлігін, күш-жігері мен ептілігін көрсетті.– Көрермендер көп болды – жүзге жуық адам жиналды. Ойын өте қызықты, әсерлі болды. Жанкүйерлер өз командаларына шын жүректен алаңдады, – деді Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Самат Үсенбеков.Барлық ойындар қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: бірінші орынды «Нұра» (Нұра ауданы), екінші орынды «Құлагер» (Нұра ауданы) және үшінші орынды «Құндызды» (Осакаров ауданы) командасы иеленді.Жеңімпаздар медальдармен, кубоктармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/940089