Бизнес
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ 24.02.2025
Ордабасы ауданында тұрғындарды табиғи газбен қамту жұмыстары жүйелі түрде атқарылып келеді. Бүгін Қажымұқан ауылдық округі, Амангелді ауылындағы газ нысанының құрылысы аяқталып, іске қосылды.Тұрғындардың қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков, аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков және аудандық мәслихат депутаты Бейсенбай Сатыбалдиев қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Салтанатты шарада ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар ізгі ниеттерін жеткізді.Нысанның құрылысы 2021 жылы “НИП-А-А-А” ЖШС мердігер мекемесі тарапынан басталған. Жалпы ұзындығы 9,5 шақырымды құрайтын құбыр арқылы 200-ден аса абонентке газ жеткізілді.Айта кетейік, Ордабасы ауданы бойынша 57 елді мекеннің 61,4%-ы табиғи газбен қамтылып отыр. Қазіргі уақытта 4 елді мекеннің (Шұбар, Береке, Сарытоғай, Тоқсансай) құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, газ құбырларына сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың наурыз айында аталған елді мекендерге көгілдір отын беру жоспарланып отыр. Жалпы аудан көлемінде 35 елді мекен табиғи газбен қамтылған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/942914
ТҮРКІСТАН: ШЫРАҚШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП КҮШЕЙЕДІ 24.02.2025
Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Киелі орындарында көрсетілетін діни рәсімдер» және «Жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібі» тақырыбында семинар-тренинг өтті.Зиярат орындарында қызмет көрсететін шырақшылардың қызмет сапасы мен біліктілігін арттыру мақсатында өткен жиында шырақшыларға қойылатын талаптар күшейтілетіні талқыланып, киелі орындардың айналасын таза ұстап, зияратшыларға қолайлы жағдай жасау керектігі айтылды.Іс-шараға облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы мен басқарма қызметкерлері, мәдениет және туризм басқармаларының орынбасары мен бөлім басшылары, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, ҚМДБ-ның өкілдері, Түркістан облысы аумағындағы зиярат орындарында қызмет ететін шырақшылар, «Халықаралық туризм және меймандостық» университетінің вице-ректоры, БАҚ өкілдері қатысты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/942916
ТҮРКІСТАН: ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ ДЕРЕКТЕРІН ӨЗЕКТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ 24.02.2025
Түркістан облысында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен жекелеген азаматтарға жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік қызметке тарту, кәсіби дағдыларды игеру, құқықтық проблемаларды шешу, психологиялық көмек көрсету сияқты мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп келеді. Осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында кеңінен талқыланды.Нұралхан Көшеров жауапты тұлғаларға өзектендіруге жататын азаматтарды анықтап, тиісті шаралар жүргізуді тапсырды. Аудан, қала, ауыл әкімдері мен жауапты бөлімдерге осы бағыттағы жұмысты реттейтін нақты алгоритм ұсынуды жүктеді. Жұмыс орындарын көбейту, инвестиция тарту, өзіндік кірістерді ұлғайту, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға басымдық беру керектігін ескертті.Жиында Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның айтуынша, Отбасының цифрлық картасындағы деректерге сәйкес бүгінгі таңға облыс бойынша 508 414 отбасы бар. Оның ішінде, А – қауіпсіз деңгейінде 10 002 отбасы немесе 2%, В – қанағат деңгейінде 165 712 отбасы немесе 32,6%, С – қолайсыз деңгейінде 181 067 отбасы немесе 35,6% болып қалыптасқан. D және Е санаттарында 151 633 отбасы есепке алынып, олардың үлесі 29,8%-ды құрап отыр. Сондай-ақ облыс бойынша жарналары мен аударымдары жоқ 18 455 жеке кәсіп иесі бар. Олардың үлесі 3,8%-ды құрайды. Өңірде мекенжайы бойынша тіркелген, алайда мүлдем тұрмайтындар саны – 23 887, бұл D және Е санатындағы азаматтардың 4,9%-ын құрады. Оларды нақты тұрып жатқан тұрғылықты жері бойынша тіркеуді рәсімдеу қажет.Отбасының әл-ауқатын бағалау мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған 9 критерий негізінде автоматты түрде айқындалады. Нақтырақ айтқанда, отбасының әлеуметтік саламаттылығы, жұмыспен қамтылуы, кірістер және кредиттік міндеттемелері, ауыл шаруашылығы, жылжымалы мүлкі, әлеуметтік қорғалуы, денсаулық деңгейі, білім деңгейі, тұрғын үй жағдайлары есепке алынады.Айта кетейік, жыл соңына дейін Д мен Е деңгейдегі отбасылар санын 137 мыңға дейін төмендеу межеленді. Осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізіледі.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/942920
Сандықтау ауданында әлеуметтік осал топтар үшін алғашқы үй сатып алынды 24.02.2025
Ақмола облысында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру жалғасуда. Өткен жылы облыстың 10 өңірінде 850 пәтер сатып алынды. Биыл 1000-нан астам жаңа пәтердің кілтін тапсыру жоспарлануда. Бұл бағдарлама бойынша тұрғын үйге қойылатын негізгі талаптар – жоғары сапа, жақсы жөндеу жұмыстары, сондай-ақ мектеп пен басқа да әлеуметтік нысандардың жақын орналасуы.Аудан әкімдігінің қаражаты есебінен сатып алынған жаңа пәтерлердің иегерлері әлеуметтік осал топқа жататын 16 отбасы болды. Көпбалалы отбасылар, жетім балалар және қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтар Балкашино кентінен баспана алды. Әрбір пәтер кең асүймен, жайлы жатын бөлмелермен және жылы атмосфера қалыптастыратын жоғары сапалы әрлеу материалдарымен жабдықталған.Пәтер кілттерін табыстау барысында Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай қолайлы тұрғын үйдің болуы азаматтардың өмір сүру сапасын арттырудың басты көрсеткіштерінің бірі екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылуда. Бүгінде мемлекеттік саясат халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл бастаманың әлеуметтік осал азаматтарға, жетім балалар мен көпбалалы отбасыларға – қолдауға аса мұқтаж жандарға көмек көрсетуге арналуы ерекше қуантады», — деп атап өтті аудан әкімі.Құрылыс компаниясы өкілдерінің айтуынша, таза әрлеуі бар 16 пәтерлі тұрғын үй жарты жыл ішінде салынған. Құрылыста қазақстандық өндірістің, соның ішінде Көкшетау кірпіш зауытының материалдары қолданылды.Александра Гречихина өз баспанасын бес жылдан астам уақыт күткен. Пәтер кілтін алу оның өміріндегі маңызды оқиға болды.«Бүгін мен және отбасым үшін қуанышты күн. Біз екі бөлмелі пәтер алдық. Ел Президентіне тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешкені үшін алғысымды білдіремін. Енді біз өз үйімізде тұрамыз», — деп өз қуанышымен бөлісті А. Гречихина.Пәтер иелерінің бірі – көпбалалы ана Олеся Шаталова.«Менің отбасым үшін бұл – нағыз бақыт! Біз жаңа үйге көшу мүмкіндігін ұзақ күттік. Енді әрқайсымызға жеткілікті орын болады және өміріміз әлдеқайда жайлы болатынына сенімдіміз. Бізге қолдау көрсеткендердің барлығына алғыс айтамын», — деді көпбалалы ана.Айта кетейік, 16 пәтерлі бұл үй Сандықтау ауданында сатып алынған алғашқы тұрғын үй кешені болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/942665
Жарқайың ауданында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды 24.02.2025
Бүгін ауданда «Алтын жас» белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуы өтті. Жоба ауданның жас кәсіпкері Саят Кемпіровтің бастамасымен жүзеге асырылды. 2024 жылы ол «Тәуелсіздік ұрпақтары» облыстық байқауына қатысып, орталықты ашуға грант жеңіп алды.«Мемлекеттік қолдаудың арқасында мен осы белсенді ұзақ өмір сүру орталығын аштым. Мұнда аға буын өкілдері тек қарым-қатынас жасап қана қоймай, өз таланттарын ашып, шығармашылықпен айналысып, спортпен шұғылданып, жаңа нәрселерді үйрене алады», – деді орталықтың директоры Саят Кемпіров.Орталықта түрлі үйірмелер, дене белсенділігі сабақтары, шығармашылық шеберлік курстары және әлеуметтік кездесулер өткізіледі. Сондай-ақ зейнеткерлер үшін медициналық кеңестер бұрышы қарастырылған.«Біз осындай орталықтың ашылғанына өте қуаныштымыз. Мұнда біз қызықты істермен айналысып, денсаулығымызды нығайта аламыз. Біздің жасымызда бұл ерекше маңызды», – деп атап өтті Ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұлболсын Ахметова.Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы шамамен күніне 20 адам қабылдап, онда 2 маман жұмыс жасайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/942799
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА БІЛІКТІ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ 24.02.2025
Биыл елімізде Мемлекет басшысының Жарлығымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен маңызды басқосуда осы бағытта атқарылатын жоспарлар таныстырылып, өндірістік және әлеуметтік салаларда жұмысшы мамандықтарының имиджін көтеру үшін түрлі шаралар өткізілетіні айтылды. Жиында облыс әкімінің орынбасары жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.– Өңір басшысы Нұралхан Оралбайұлы аймақта ашылған және енді ашылатын өндіріс орындарында жұмыс істейтін жастарды даярлауды тапсырды. Осы мәселе басты назарда болуы тиіс. Түркістан облысында «Жұмысшы мамандықтар жылын» жылын өткізу жөніндегі өңірлік жоспар бекітілді. Жоспар 7 бағыт, 64 қадамнан тұрады. Басты міндетіміз – жұмысшы кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, жұмыс берушілердің жұмысшы мамандықтары кадрларын даярлауға және қолдауға қатысуын арттыру және имиджін көтеру. Салалық басқармалар, аудандық, қалалық әкімдіктер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бірлесе жұмыс атқарады. Сонымен қатар салалық басқармалар мен әкімдіктер өздерінің жоспарларын жасап, әлеуметтік бағдарламалар арқылы жұмысшыларға қолдау көрсетеді. Өңірдің еңбек нарығына болашақтағы сұранысқа ие «Мамандықтар атласы» жасалады. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуіміз керек, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова осы бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, кәсіпорындарда-кәсіби бағдар, орта, ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен ашық есік күндері және «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкелері мен экскурсиялар ұйымдастырылады. «Mamandyk Fest» фестивалі, «Мамандықтар жәрмеңкесі», «Дублер күні» жобасы, «One School One Skill» (бір мектеп - бір дағды) жобасы, «Jas SkillsTurkistan», «Junior Skills Turkistan» кәсіби шеберлік конкурстары мен пәндік олимпиадалар қолға алынды. Жастардың арасында «Жұмысшының бір күні» аймақтық жұмысшы мамандықтар жәрмеңкесі, «Жұмысшы мамандығы – табысты болашақтың кілті» форумы, «Мен кәсіпкермін!» облыстық конкурс, «НаурызFEST», фестивалі, «Бизнесидея» байқауы, «Чемпиондар» және «Еңбек кубогы» спартакиадалары және тағы басқа іс-шаралар жыл бойы өткізіледі.Сонымен қатар биыл «Бір колледж – бір өнім» деп аталатын жоба енгізе отырып, 5 колледждің базасында цехтар ашып, кіші кәсіпорындарға айналдыру жұмысы атқарылауда. Білікті жұмысшы маман дайындаудың құралы болып саналатын дуальды оқыту қолға алынған. Бүгінгі таңда, 35 колледжде дуалдық оқыту жүйесімен 64 мамандық бойынша 654 орта және кіші кәсіпорынның қатысуымен 10 353 білім алушы қамтылған.Инвесторлар мен кәсіпорындардың сұранысы негізінде жаңа мамандықтарды ашу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мектептерде 10 бейіндік сыныптар және қосымша білім беру ұйымдарында техникалық клубтар ашылады. Колледждерге ребрендинг жасау, яғни білім мекемелерінің имиджін көтеру және жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайту жұмыстары жүргізіледі.2024-2025 оқу жылында 15 525 мемлекеттік тапсырыс орналастырылған. Оның ішінде 8 678-і – жұмысшы мамандықтары. 2025-2026 оқу жылына 15500 мемлекеттік тапсырыс жоспарланған. Соның ішінде жұмысшы мамандықтарының санын 9500-ге ұлғайту жоспарланып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/942445
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: БӘЙДІБЕКТЕ ӨТКЕН ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНДА 92 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ 24.02.2025
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасының «Таза қала» кезеңі аясында Бәйдібек ауданда тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл жұмыстарға аудан тұрғындары, түрлі сала мамандары мен «ЖасLife» еріктілер клубының ерікті жастары атсалысты.Шара барысында кіреберіс және ішкі көшелер, саябақтар, арықтар мен су өткізгіш құбырлар қоқыстан тазартылды.Бұған дейін Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов аудан тұрғындарын тазалық жұмыстарына белсене қатысуға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырған болатын.– Ауданымыздың болашағы мен дамуы тек біздердің бірлескен күш-жігерімізге байланысты. Көркею мен дамуға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек. Әрбір тұрғын жауапкершілікті өзіне міндет деп санаса, бәріміз бірге таза әрі әдемі ортада өмір сүретін боламыз. Сондықтан, сенбіліктер мен қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, экологиялық мәдениетімізді дамытуымыз қажет. Жұмыла көтерген жүк жеңіл, сондықтан ауданымыздың тазалығы мен көркеюі үшін бірігіп жұмыс істеуге, айналамызды таза ұстауға, қоғамдық орындарды әрдайым күтіп-баптауға, үй аулаларын ретке келтіруге шақырамын, – деді аудан әкімі.Айта кетейік, бағдарлама аясында ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына 3000-ға жуық тұрғын мен белсенді жас қатысып, 28 техника жұмылдырылды. 41 шақырым көше бойы, 19 шақырым аяқжол, 16 балалар мен спорт алаңшасы, 8 көпір, каналдар мен өзен арналарында тазалық жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 92 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/942451
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҚҰРЫЛАТЫН ЗАУЫТТАР МЕН КӘСІПОРЫНДАР САЛЫНУДА 24.02.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында облыста жүзеге асырылып жатқан жобалардың қазіргі жай-күйі пысықталды. Сонымен бірге алдағы уақытта атқарылатын инвест-жобалар да сараланды. Мәселелер ашық айтылып, аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына, инвесторларға нақты міндеттер жүктелді.– Инвесторларға, кәсіпкерлерге әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз. Дегенмен жерді алып, жобаны кешіктіруге жол берілмейді. Жауапты басқармалар, жергілікті әкімдіктер инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеп, жобаларды уақтылы жүзеге асырулары керек. Екі тарап та өздеріне жүктелген міндеттерін орындаулары тиіс, – деді Нұралхан Көшеров.Мәжілісте Созақ ауданында жүзеге асырылып жатқан «Катко» Қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны» ЖШС-нің инвестициялық жобалары, «Буденовское» БК» ЖШС-нің уранды қайта өңдеу кешенінің құрылысы, «TAIQONYR QYSHQYL ZAUYTY» ЖШС-нің күкірт қышқылын өндіру зауытының құрылысының қазіргі жағдайы талқыланды. Жұмысты жандандыру жүктелді. Бұл үш жоба жүзеге асқанда 1000-нан аса жұмыс орны ашылады. Сонымен бірге Кентаудағы «КазОйлЭнерджи» ЖШС-нің түрлі-түсті кендерді және металлургия өндірістерінің өнеркәсіптік қалдықтарын өңдейтін зауыт салынуда. 2026 жылы ашылады деп межеленген зауытта 1500 тұрғын жұмыспен қамтылмақ. «Kentau Redstar» мен «Turan Shenhua» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жобалары да талқыланды. Бұл өндіріс орындары іске қосылатын кез жақын. Ордабасы ауданында «CENTRAL ASIA ALUMINIUM» ЖШС-нің алюминий өнімдерін өндіру зауының құрылысы да қарқынды. Мұнда 100 адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ Түлкібас, Қазығұрт, Бәйдібек, Төлеби ауданы мен Арыс қаласындағы жобаларды инфрақұрылыммен қамту мәселелері де қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.Айта кетейік, өткен жылы Түркістан облысында негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 1 334,9 млрд. теңгеге жетіп, 1,4 есе артығымен орындалды. Экономиканың дамуына тың серпін беретін 145 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылды. Оның ішінде өндірісті және ауыл шаруашылығын терең қайта өңдеуді дамытуға басымдық берілуде. Аймақта жаңа зауыттар ашып, жұмыс орындарын көбейту бағытындағы ілкімді істер жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/942533
Көлік министрлігінде кезекті құқықтық жалпыға бірдей оқыту шеңберінде семинар өтті 24.02.2025
Бүгін Көлік министрлігінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі Ғ. Әлиханованың қатысуымен кезекті құқықтық жалпыға бірдей оқыту шеңберінде семинар өтті.Семинарда заңнаманың салалары (кіші салалары) бойынша құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларының нормалары мен талаптары түсіндірілді.Жалпыға бірдей оқыту қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне заңнамалық және заңға тәуелді құқықтық актілерге мониторинг жүргізу сапасын арттыруға бағытталған тиісті ұсынымдар берілді, сондай-ақ қабылданған нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық нормаларын айқындауға және оларды болжау жолымен жетілдіру және қабылданған нормативтік құқықтық актілерді іске асырудың тиімділігін талдау, бағалау, әзірлеуге байланысты проблематика талқыланды.Жалпы, семинарды өткізу құқықтық мониторинг саласындағы практикалық білімді кеңейтуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/942721
Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің жобасын талқылау жалғасуда 21.02.2025
QazIndustry платформасында Қазақстандық тауар өндірушілер реестрінің жобасын талқылау мақсатында онлайн кездесу өтті. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған кездесуге еліміздің әртүрлі аймақтарынан 200-ге жуық бизнес өкілдері, сондай-ақ өндірістік ассоциациялардың мүшелері қатысты.Бұл реестр жобасын талқылау аясындағы Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы ұйымдастырған үшінші кездесу.Талқылау барысында бизнес өкілдерінің өндірісті бағалау және Қазақстандық тауар өндірушілер реестрі аясындағы салалық комиссияның қызметі туралы ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып, бағалау критерийлері, рәсімдердің ашықтығы, шешім қабылдау әдістері және реестрге қосылу тәртібін жетілдіру мүмкіндіктері ерекше назарға алынды.Еске сала кетейік, Қазақстанда тауар өндірушілер реестрін жүргізу ережелері жобасын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Реестрдің іске қосылуы 2025 жылға жоспарланған. Жаңа цифрлық платформа қазіргі уақытта қолданылып жүрген СТ-KZ және Индустриалды сертификаттарды алмастырып, кәсіпкерлер үшін бюрократиялық және қаржылық шығындарды азайтып, рәсімдерді жеңілдетеді.Кездесудің модераторлары айтылған барлық ескертулер мен ұсыныстар ескеріліп, келесі кездесулерде де талқыланатынын атап өтті.Жақын арада өтінімдерді реестрге қосу үшін цифрлық верификациялау мәселелері бойынша кезекті онлайн кездесулерді өткізу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/938927
Владислав Киреев Азия ойындарында екінші медаль жеңіп алды 21.02.2025
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында биатлондағы соңғы марапаттар ойнатылды. Қазақстан ерлер командасы эстафетада Жапония құрамасына есе жіберіп, екінші орынды иеленді. Күміс медальді Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Кирилл Бауэр және Владислав Киреев құрамындағы біздің квартет жеңіп алды. Жарысқа жеті елдің командалары қатысты.Бұл қазақстандық биатлоншылардың IX қысқы Азия ойындарындағы төртінші медалі. Бұған дейін жеке жарыста Теміртау қаласының тұрғыны, Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі Владислав Киреев чемпион атанса, Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.Қазақстанның әйелдер құрамасы да эстафетада үздік үштікке енді.Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасыФото: Нұрғали ЖұмағазыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/937296
Грузия мен Қытайға жаңа әуе рейстері ашылады 21.02.2025
Көлік министрлігінің жаңа халықаралық рейстерді ашу бойынша жүргізіп жатқан жұмысы шеңберінде қазақстандық әуекомпаниялар Грузия мен Қытай бағыттары бойынша жаңа рейстерді іске қосады.Мәселен, ағымдағы жылдың 27 мамырынан бастап "Air Astana" әуекомпаниясы Атыраудан Тбилисиге тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 3 рет сейсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus типті әуе кемелерімен орындалады. Бүгінгі таңда Тбилисиге рейстер Алматы және Ақтау қалаларынан орындалады.Ағымдағы жылдың 28 мамырынан бастап "SCAT" әуекомпаниясы Шымкент қаласынан Сианға тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Қазіргі уақытта Сианьға тікелей рейстерді Қытай әуекомпаниялары Алматы мен Астанадан орындайды.Жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/942033
ТҮРКІСТАН: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ 21.02.2025
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өзі жетекшілік ететін салалар бойынша өңір тұрғындарын кезекті рет қабылдады. Жеке қабылдауға тиісті басқарманың орынбасарлары мен жауапты өкілдері қатысты.Қабылдауға келген тұрғындар денсаулық, жұмысқа орналасу, білім саласына қатысты мәселелерді көтерді. Бірі мүгедектікке шығу бойынша ықпал жасауын сұраса, енді бірі көпбалалы ана мәртебесін қарастыруды айтты. Төлебилік азамат мектептегі ақша жинау мәселесін айтып, мектеп директорының үстінен шағымданды. Сонымен қатар тұрғындардың бірі мектептегі әлімжеттік мәселесіне және мектеп директорының дөрекі әрекеттеріне наразылық білдірді. Мектепте мұғалімдердің білім сапасын көтеру жөнінде де ұсыныс берілді.Тұрғындарды мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары әрбір мәселе заң аясында қаралатынын, ұсыныс пен өтініштер хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыс жүргізілетінін атап өтті. Жауапты басшыларға мәселелерді жан-жақты зерделеп, қысқа мерзімде шешуді тапсырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941972
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫНДА 13 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ 21.02.2025
2025 жылғы 19 ақпан күні сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы өтті. Сессия жұмысының алдында мәслихат төрағасы облыстағы жаңа кадрлық тағайындауларға тоқталып өтті. Сонымен қатар облыс әкімі өңірдің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа Құрмет грамотасын табыстады.Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясының жұмысына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді.Күн тәртібінде 13 мәселе қаралды. Олардың бірқатарына тоқталсақ, Түркістан облысындағы кеден бекеттерінің жұмысы және облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өзекті мәселелері туралы, облыс әкімдігінің жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөнінде баяндамалар жасалды.Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасы мен Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасы басшыларының есептері тыңдалды.Депутаттар пікірлерін білдіріп, шешім жобаларына өз ұсыныстарын енгізді.Күн тәртібінде қаралған маңызды мәселелердің бірі «Түркістан облысының басқару схемасына» өзгерістер мен толықтыру енгізу бойынша шешім қабылданды. Одан бөлек, кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді. Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тіледі.– Бүгінгі мәслихат сессиясында маңызды мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Бұл шешімдер облыстың дамуына оң әсерін береді деп есептеймін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында стратегиялық жоспарлар жасау, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жақсарту, агроөнеркәсіп кешеніндегі өсімді ұлғайту, салық-бюджет саясатын реформалау, денсаулық сақтау және білім беру саласын одан әрі дамытуды тапсырды. Бюджет қаражатын қатаң үнемдеп, нақты елге қажет жобаларға жұмсау керектігін ескертті. Біз экономиканы әртараптандыру, кіріс көздерін ұлғайту, инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашуға басымдық беріп жатырмыз. Сонымен бірге агроөнеркәсіп кешенін дамыту, су үнемдеу технологиясын енгізу жұмыстарын жандандырдық. Президентіміз биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Облыста атаулы жылды атап өту бойынша арнайы іс-шара жоспары әзірленді. Өңірдегі колледждер кәсіпорындармен бірлесіп, қажетті мамандарды даярлауға белсене атсалысады. Облыста салынған зауыттар мен фабрикаларда өзіміздің жастар, тұрғындар жұмыс істеуі тиіс. Сондықтан өндіріске қажетті арнайы мамандарды, жұмысшыларды даярлау бойынша тиісті жұмыстар атқарылады. Бұл бастамаға депутаттар да атсалысып, өз үлестерін қосуы керек. «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы Мәжіліс пен Сенаттан қолдау тауып, Президентке қол қоюға ұсынылды. Бұл – Түркістан қаласын ғана емес, тұтас өңірді дамуға жетелейтін маңызды құжат. Түркістанды дамыту – тарихқа деген құрмет. Өңір дамуы үшін ел бастаған азаматтар ынтымақпен жұмыс істеуі тиіс. Бірлік болса, тірлік берекелі, ел мерекелі болады. Сондықтан алға қойған мақсаттар мен міндеттерді бірлесіп орындауымыз қажет, – деді Нұралхан Көшеров.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941978
Белгілі молдавиялық әнші Қарағандыдағы «Мэрцишор» фестиваліне келеді 21.02.2025
Қарағандыда Мэрцишор көктемді қарсы алу мерекесін атап өту дәстүрге айналды. Биыл осы аттас румын мәдениетінің фестивалі он бірінші рет өткізіліп отыр. Өңірдің этноқоғамдарын біріктіретін мәдени шара Алғыс айту күніне орайластырылып, екі мерейтойлық күн – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және облыстық «Дакия» румын қоғамының 20 жылдығына арналған.«Мэрцишор-2025» фестивалі 28 ақпанда «Күш бірлікте» достық сабағынан басталады. Оқушылармен кездесу Қарағандыдағы № 2 лицейде өтеді.Бірінші наурыз Алғыс айту күні фестиваль ұйымдастырушылары қарағандылықтар мен қала қонақтарын Достық үйіне шақырады. Бағдарлама ауқымды: концерт, румындардың киімдері мен тұрмыстарын көрсету, кітап көрмесі және фотосушка. Фестивальдің қонағы – Молдова Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ленуца Георгицэ. Танымал молдавиялық әнші ширек ғасырдан астам сахнада түрлі елдерде гастрольдік сапар шегіп келеді.Гала-концертте түрлі халықтардың әндері мен билері орындалады. «Доруле» ансамблі және басқа да этно-ұжымдар, сондай-ақ «Волшебная страна» және «Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамбльдері өнер көрсетеді.Мерекеге кіру тегін.Қарағандыда «Дакия» облыстық румын қоғамы 2005 жылдың сәуірінен бастап жұмыс істейді. Ұзақ жылдар бойы этнобірлестікті Николай Плушкис басқарған. Енді оның есімі «Мэрцишор» фестиваліне берілді.Ежелгі Мэрцишор мерекесі Молдова мен Румынияда атап өтіледі. Ол көп жағдайда Наурызға ұқсас және көктемнің басталуы мен жаңаруын білдіреді. Мерекеде бір-біріне ақ және қызыл түсті жіптен жасалған бутоньерлер тарту ету дәстүрге айналған. Қызыл түс өмір мен махаббатты, ақ түс – тазалық пен руханилықты білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/941850
Көгалдандырылған кіреберіс пен жайлы жаяу жүргіншілер аймағы: Қарағанды қалай өзгереді 21.02.2025
Биыл Қарағандыда көгалдандырылған кіреберіс пайда болады және жаяу жүргіншілердің мобильдік картасы жасалады. Қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған жобалардың аяқталуына баса назар аударылды.Биыл Қазыбек би атындағы ауданда үш маңызды нысанда абаттандыру жұмыстары аяқталады. Бұл К. С. Станиславский атындағы орыс драма театрының алдындағы алаң. Мұнда тірек қабырғасын қайта тұрғызып, ыңғайлы баспалдақ жасап, аялдамаларды алаңның шетіне ауыстыру арқылы ашық кеңістік жасалады. Тарихи көрінісі бар орындықтар, қоқыс салатын жәшіктер мен шамдар орнатылып, ағаш егіледі.Аудан әкімі Ералы Оспанов атап өткендей, бұл нысан тәжірибелік алаң болып табылады: мұнда алғаш рет табиғи граниттен жасалған тротуар плиткасы пайдаланылады.Сондай-ақ, Оңтүстік-Шығыстағы Сарыарқа көшесіндегі жаңа саябақта да кемшіліктер жойылып, жұмыстар аяқталады. Ал ең маңызды жоба – Бұқар жырау даңғылын абаттандыру, ол қала тұрғындары үшін ыңғайлы әрі тартымды болмақ.Биыл жаяу жүргіншілердің жайлы жүруіне ерекше назар аударылды. Жаяу жүргіншілердің мобильдік картасы әзірленіп, оның негізінде Оңтүстік-Шығыстың ең көп жүктелген бағыттары туралы деректер жатыр. Бірінші кезекте Шахтерлер даңғылындағы гүлбақты («БУМ» сауда үйінен № 3 емханаға дейін), сондай-ақ «Норма» дүкенінің жанындағы Бөкетов гүлбағын абаттандыру жоспарлануда. Жаяу жүргіншілер жолдары жаңартылып, жарықтандыру орнатылып, әлеуметтік маңызы бар нысандарға қол жетімділік қамтамасыз етіледі.Маңызды жобалардың бірі Алматы тас жолы жағынан - аркадан бастап православ шіркеуіне дейін қалаға көгалдандырылған кіреберіс салу болады. Жол бойында екі қатарға 2800 жуық ағаш егу жоспарлануда. Қазір топырақтың өсімдік егуге жарамдылығы туралы сарапшылардың қорытындысы күтілуде. Ағаш егу Үлкен Михайловка станциясындағы мектеп жанындағы ескі саябақта ағаштарды кесу үшін өтемдік көгалдандыру аясында да жүргізіледі.– Барлық өтемдік ағаш егулер қатаң бақылауда болады, – деп атап өтті аудан әкімі.Қазыбек би ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша биыл 61 жобаны іске асыпу жоспарланып отыр. Өтініштерді 10 наурызға дейін мына сілтеме бойынша беруге болады gov.kz/memleket/entities/karaganda-rayon-im-kazybek-bi. Бағдарлама бойынша аулалар мен гүлбақтарды жөндеу ғана емес, сонымен қатар жарықтандыру, тұрақ және субұрқақтарды орнату да қаржыландырылады. Билік тұрғындарды жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/941866
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1 МЛН ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙДІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ ЖОСПАРЛАНУДА 21.02.2025
Түркістан облысында жергілікті тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасып келеді.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында халықты тұрғын үймен қамтамсыз ету, тұрғын үй қоры мәселелері кеңінен сараланып, көппәтерлі тұрғын үйлердің жай-күйі талқыланды.Аймақ басшысы тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету механизмін жетілдіруді, баспана кезегіндегі заңсыздықтарға жол бермеуді қатаң ескертті.– Басты мақсат – қаржы мүмкіндігіне қарай халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Аудан, қала әкімдеріне тұрғындарды баспанамен қамту бойынша жаңа механизм қарастыруды, өңірлік бағдарлама аясында ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Баспана шын мұқтаж отбасыларға берілу керек. Мемлекет қаржысын тиімді жұмсау – басты міндет. Сондықтан мониторинг жұмыстарын күшейту қажет. Тиімсіз жобаларды қаржыландырмай, қаржыны тұрғындар үшін қажетті жобаларға бағыттаған жөн. Көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін реттеу, жөндеу жұмыстарын жүйелеңіздер, – деді Нұралхан Көшеров.Мәжілісте Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков саладағы өзекті мәселелерге тоқталып, тұрғын үй кезегі туралы есеп берді. Оның баяндауынша, бүгінде облыс бойынша тұрғын үй кезегінде 67 400-ден астам адам тұр. Одан бөлек, кезекте тұрған азаматтарға түгендеу жұмыстары жүргізіліп, 17 062 адам үй кезегінен шығарылды.Өңірде қарқынды жүргізілген құрылыс жұмыстарының нәтижесінде, 2018-2024 жылдар аралығында үй кезегінде тұрған 7766 азамат коммуналдық тұрғын үйлермен қамтылды. Одан бөлек, 11 500-ге жуық азамат ипотекалық тұрғын үй алған. Ал, өткен жылы 1 млн 153 800 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.Жергілікті әкімдіктер тарапынан тұрғын үй алуға басқа да мүмкіндіктер қарастырылған. Былтыр тұрғын үй сертификаттарына жергілікті бюджеттен 40,5 млн теңге қаржы қаралды. Атап айтқанда, Түркістан қаласында 20 млн теңге, Отырар және Төлеби аудандарында 5 млн теңгеден, Сайрам ауданында 7,5 млн теңге, Сауранда 3 млн теңге жергілікті бюджеттен тұрғын үй алуға бөлінген. Бұл сертификат ипотекалық баспана алу үшін 10 % алғашқы жарнасын мемлекет тарапынан төлеуді көздейді.Мемлекет басшысының тапсырмасымен тұрғын үйді жалдау ақысының 50 %-ын субсидиялау тетіктері енгізілген. Белгіленген шарттарға сәйкес, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар мен көпбалалы отбасылар тұрғын үй субсидиясын ала алады. Бүгінгі таңда субсидия алушылардың саны 2 407 отбасыны құрайды. Қаржыны мақсатты пайдалану бойынша жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде, субсидия алушылардың деңгейі 61 %-ға төмендеді. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.Айта кетейік, биыл жалпы көлемі 1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941091
ТҮРКІСТАН: КҮЛТӨБЕ ТАРИХИ ҚАЛАШЫҒЫН ЗАМАНАУИ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛДЫРУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ 21.02.2025
Түркістан қаласында «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құру жұмыстары жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қалашыққа барып, мамандардың жобаға қатысты ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Жобаға жауаптыларға шетелдің осы бағыттағы тәжірибелерін зерделеп, тиімді тұстарын алуды, жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.Бүгінде Күлтөбе қалашығының металл конструкциялары, күмбез жабындары орнатылған. Жан-жағына инфрақұрылым тартылған. Аталған жұмыстар ЮНЕСКО талаптарын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылуда.Алдағы уақытта Күлтөбе қалашығында қабылдау орталығы, музейі бар ғимараттар салу ұсынысы енгізілген. Ол ғимараттарда Қаңлы дәуірі, Орта ғасырлар, Қазақ хандығы дәуірінің археологиялық ескерткіштерімен қатар сол кезең туралы мәліметтер жұртшылыққа ұсынылмақ. Сонымен бірге интерактивті қабырғалар орнатылып, технологияның соңғы үлгілері қолданысқа енгізілуі мүмкін.Жалпы бұл жобаның тұжырымдамасы әлі де талқыланып, тиісті шешім қабылданады. Болашақта Түркістан қаласы тағы бір тарихи және туристік орталықпен толығады деп күтіліп отыр. Тарихы тереңде жатқан қалашық көпшілікке дәріптеліп, осында табылған ежелгі тұрақтар, жәдігерлер туристер назарына ұсынылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941141
ТҮРКІСТАН: БИЫЛ САЙРАМДАҒЫ 8 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯЛАР ОРНАТЫЛМАҚ 21.02.2025
Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты елді мекендерді интернет желісімен қамту жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр.Өткен жылы аудандағы 21 елді мекенге «Билайн» және «Кселл» ұялы байланыс операторлары тарапынан базалық станциялар орнатылды. Нақтырақ айтсақ, 4 базалық станцияны «Билайн» операторы қойса, 21 базалық құрылғы «Кселл» тарапынан орнатылды. Атап айтқанда, Ақбұлақ, Арыс, Жібек жолы, Қарасу, Қарабұлақ, Қарамұрт, Қайнарбұлақ, Құтарыс, Көлкент және Манкент ауылдық округтерінің елді мекендеріне 4G техналогиясы қамтылған базалық станциялар орнатылды.Биыл Сайрам ауданындағы 8 елді мекенге жаңадан базалық станциялар орнату жоспарланған. Бүгінде Көлкент ауылдық округіне қарасты М.Оразалиев және Шапырашты ауылдарында ұялы байланыс интернетінің сапасын жақсарту бойынша жұмыстар атқарылуда.Сонымен қатар аудан орталығы Ақсукент ауылдық округіне 5G желісі іске қосылды. Бұл желі аудан тұрғындарының сапалы интернетке қосылуына мүмкіндік береді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941296
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЗАҢДЫЛЫҒЫН САҚТАМАҒАН 14 ҒИМАРАТ СОТ ШЕШІМІМЕН БҰЗЫЛДЫ 21.02.2025
Түркістан қаласы күн санап дамып, жаңа нысандар бой көтеруде. Алайда кез келген құрылыс заң талаптарына сай жүргізілуі тиіс. Түркістан қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұхит Көшенов жобалаушы ұйымдар, техникалық қадағалаушылар және мердігерлермен кездесіп, құрылыс саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.Құрылыс – тек қала көркі ғана емес, ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігі. Сондықтан заңсыз және рұқсатсыз салынып жатқан нысандарға қатаң бақылау жүргізілуде. Мониторинг және бақылау жұмыстарының нәтижесінде мына деректер анықталды:112 кәсіпкерлік нысан толық аяқталмай пайдалануға берілген. Олардың басым бөлігі Тәуке хан даңғылы, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі, С.Қожанов, С.Ерубаев көшелері мен Қызылорда және Кентау тас жолдары бойында орналасқан. Сот шешімімен 14 нысан бұзылса, салынған әкімшілік айыппұл – 29 942 120 теңге (7475 АЕК)Құрылыс салу үшін қажет құжаттар тізімі:Жер телімінің құжаты – нысан салуға рұқсат беретін акт.Сәулет-жоспарлау тапсырмасы – қала құрылысына сәйкестігін айқындайтын жоба.Эскиздік жоба – ғимараттың бастапқы сызбасы.Сараптамадан өткен жұмыс жобасы – сапа мен қауіпсіздікті растайтын құжат.Құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға рұқсат – міндетті мемлекеттік рұқсат қағазы.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941298