Enbekshi QazaQ

Бизнес

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ақмолалық спортшыларды қысқы Азия ойындарындағы тарихи жеңісімен құттықтады 14.02.2025
«Қысқы Азия ойындарындағы тарихи жеңісімен ақмолалық спортшылар мен олардың бапкерлерін шын жүректен құттықтаймын!Біздің шорт-трекшілер Қазақстан спортының жаңа парағын ашып, 5000 метрлік эстафетада Азия ойындарының алғашқы алтынын жеңіп алды! Әсіресе, бұл жеңіске ақмолалық жерлестеріміз – Денис Никиша мен Мерсаид Жақсыбаевтың өз үлестерін қосқаны біз үшін үлкен қуаныш. Олардың шеберлігі, жеңіске деген жігері мен жанкешті еңбегі елімізге жоғары марапат әкелді!Сондай-ақ, біздің қыздар да күміс медаль жеңіп алып, керемет жетістікке жетті! Ольга Тихонова мен Яна Ханның осы жеңіске қосқан үлесіне мақтанамыз!Бұл жеңістер – спортшыларымыздың талантының, қажырлы еңбегі мен биік белестерді бағындыруға деген ұмтылысының айқын дәлелі. Олар жастарға үлгі болып, бәрімізге жігер береді!Спортшыларымызға зор денсаулық, жаңа жетістіктер және ең биік спорттық тұғырларды бағындыруды тілеймін!» – делінген облыс әкімінің құттықтауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/934284
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУАЛАР ҚЫСТА ҚЫРЫҚҚАБАТ ЕГУДІ БАСТАДЫ 14.02.2025
Жетісай ауданында дихандар ақпан айының басында қырыққабат егіп жатыр. Егістігіне ерте көшет отырғызуды бастағандардың бірі Руслан Құдайқұлов.Жалпы иелігінде 30 гектар егістік жері бар Жетісай ауданы Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде орналасқан шаруа қожалығы биылғы жылы 15 гектарға орамжапырақтың ерте пісетін «Зарисма» және «Валикор» сорттарының 525 мың түп көшетін егуді бастады. Өткен жылы да дәл осы екі сорттан ойдағыдай өнім алған іріленген қожалық қалған 15 гектар алқапқа болгар бұрышы мен қарбыз егуді жоспарлап отыр. 10 жылдан бері ағын суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суғару әдісін қолданып келе жатқан азамат биылғы өнімнің де жақсы болатынына сенімді.– Ес білгелі отбасымызбен диханшылықпен айналысамыз. Негізгі күн көрісіміз де осы. Мұнда қазір 20 адам жұмыс істеп жатыр, жұмысшыларға күніне 5000 теңгеден еңбекақысын төлеп отырмыз. Құдай қаласа наурыз айында ортасындағы ашық жерге қарбыз, болгар бұрышын егіп, ойдағыдай өнім аламыз деп ниеттеніп отырмыз. Егілген көшеттің үстін жапқышпен жауып, жауын-шашыннан қорғаймыз. Ең бастысы – күтіп-баптауға үлкен мән берілуі керек, – дейді шаруашылық төрағасы Руслан Құдайқұлов.Ерте көктемнен бастап қырыққабат егуге, сонан соң қауын-қарбыз егуге, жинауға қатысатын ауыл азаматтары күзгі мақта терімнен де қалыс қалмайтындықтарын айтады. Бір жылдың 11 айында егістік алқаптарда жұмыс істеп, қыстың 1 айында ғана бос болатынын айтқан Ширинкүл Машрапова бір отбасыдан 4-5 адам жұмысқа ерінбей шықса тәп-тәуір табыс табуға болатынын алға тартады.Айта кетейік, өткен жылы ауданның ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған 79,3 мың га егістіктің 40,8 мың гектарына мақта, 19,7 мың гектардан астам бақша, 6,6 мың га мал азықтық дақылдары мен 3,4 мың га көкөніс егілген. Аталған дақылдардан 110 мың тонна мақта, 549 мың тонна бақша, 88,8 мың тонна көкөніс, 46,1 мың тонна дәнді және бұршақты дақылдар, 67,7 мың тонна мал азықтық дақылдар алынған.Өткен жылы аудан шаруаларының 1296,9 га жерге еккен қырыққабатынан 38 907 тонна өнім алынып, еліміздің өзге өңірлері мен Ресей мемлекетіне экспортталған. Биылғы жылы 1356 гектар жерге ерте пісетін қырыққабат дақылы егіледі деп жоспарлануда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/933240
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 14.02.2025
Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Тоғызбаев Айдос Мүсірәлиұлы тағайындалды. Жаңа орынбасарды Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.– Мемлекет басшысы, Үкімет тарапынан жергілікті әкімдіктерге маңызды міндетер жүктеліп отыр. Өңір басшысы Нұралхан Оралбайұлының бастамасымен облысты дамыту бойынша ауқымды іс атқарылуда. Облыс әкімі аппараты осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізуі тиіс. Уақытты тиімді пайдаланып, тапсырмаларды жедел әрі сапалы орындау керек. Осы бағытта жемісті еңбек етеді деп сенім білдіремін, – деді Еркебұлан Дауылбаев.Тоғызбаев Айдос Мүсірәлиұлы 1988 жылы өмірге келген. Білімі – жоғары: М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын және Қазақ технология және бизнес университетін бітірген. Мамандықтары – құқықтану, экономика.2008-2010 жылдары Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының іс жүргізушісі, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманының міндетін атқарушы, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманы қызметтерін атқарған.2010-2011 жылдары Алматы қаласы, Жетісу ауданы №2 аудандық сотының жетекші маманы, «Қазақстан құстары» ЖШС-нің заңгері болса, 2012 жылы ҚР Әділет министрлігінің кадр департаменті мемлекеттік қызметкерлердің этикасының сақталуын бақылау басқармасының сарапшысы болды.2013-2019 жылдары аралығында ҚР Әділет министрлігінің кадр қызметі департаментінің мемлекеттік қызметшілердің этикасының сақталуын бақылау басқармасының сарапшысы, ҚР Әділет министрлігінің кадр қызметі департаменті мемлекеттік қызметшілерді бағалау және мониторингтеу басқармасының бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің персоналды басқару бөлімі кадр жұмысы секторының бас консультанты-әдеп жөніндегі уәкілі болып еңбек етті. 2019 - 2021 жылдары Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары болса, 2021 жылдың 7 шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы болып қызмет атқарып келді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/933476
ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АПТАСЫНА 200-ГЕ ЖУЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ 14.02.2025
Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында биыл жұмыстар күшейтіле түспек. Нақтырақ айтсақ, облыс аумағында күнделікті өткізілетін 7 263 сенбілік іс-шарасы бекітілді. Жоспарға сәйкес әр күні 40-қа жуық елді мекенде сенбіліктер өтіп, аптасына 200-ге жуық елді мекен толық тазалық жұмыстарымен қамтылмақ. Сонымен қатар іс-шаралар 9 ауқымды тақырыпқа бөлініп өткізіледі. Облыс көлемінде «Үлгілі ауыл», «Жомарт түлек» байқаулары өткізіліп, үздік елді мекендер анықталады.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрғағалығымен өткен жиында бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспар сараланды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, басымдық аумақтардың тазалығын қамтамасыз етуге, абаттандыруға, нысандардың қасбеттерін, жарықшамдар мен субұрқақтарды күтіп-ұстауға, жол белгілерін ретке келтіруге, жолдарды жөндеу жұмыстарына берілмек. Сонымен қатар білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, діни нысандардың тазалығы назарда болады. Бұл жұмыстарға тұрғындармен қатар, кәсіпкерлер де жұмылдырылады.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, бағдарлама аясында 210 мыңнан астам кәсіпкерлік нысанның, соның ішінде 4 мыңға жуық орта кәсіпорынның аумақтарын ретке келтіру жұмыстары ұйымдастырылады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында табиғатты қорғау және экологияны жақсарту мәселесіне ерекше назар аударып, ел аумағында жасыл белдеу құруды тапсырған болатын. Осы ретте, республикалық маңызы бар жолдардың бойында 1 млн. ағаш отырғызу бастамасы қолға алынуда. Ағаштар кезең-кезеңімен республикалық маңызы бар 691 шақырым жол бойына орналастырылады. Ағаштардың күтімін қамтамасыз ету үшін ұңғыма бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, тамшылатып суару жүйесі мен арнайы қоршаулар орнатылады. Жобаға облыс аумағындағы «Қазатомөнеркәсіп», ҚТЖ, «KEGOC», «Инкай» және өзге де ірі кәсіпорындарды тарту көзделуде. Оған қоса осы жылы елді мекендерді көгалдандыру бойынша 1,2 миллионнан аса ағаш отырғызу межеленген.Облыс әкімі жауапты тұлғаларға елді мекендерде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметін жүйелендіру, қоқысты алып кету жиілігі мен қызмет көрсету сапасын бақылауда ұстауды тапсырды.– Елімізде «Таза Қазақстан» бағдарламасы іске асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы мерзімінде және сапалы орындалуы тиіс. Аудан, қала әкімдерінің жұмысы енді «Таза Қазақстан» бағдарламасын орындау арқылы да бағаланады. Кейбір аудан, қалаларда жүргізіліп жатқан абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары тиісті деңгейде емес. Тазалық жұмыстарын жүргізетін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жарғыларына тиісті өзгерістер енгізбеген әкімдіктер де бар. Біз тиісті жұмыстар жүргізу арқылы тұрғындардың қоршаған ортаға, тазалыққа деген сана-сезімін көтеріп, экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрғындардың, жастардың тазалыққа деген жауапкершілігін арттыруымыз қажет. Жұмысты ширатыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.Өңір басшысы облыс аумағындағы «Қазпочта» «Қазақтелеком», банктер және осы секілді халыққа қызмет көрсететін мекемелер «Таза Қазақстан» бағдарламасын орындаудан тыс қалмай, өздеріне тиесілі ғимараттар мен ауларын таза ұстауға міндетті екенін жеткізді.Қазіргі уақытта Түркістан облысының әкімдігі жергілікті атқарушы органның жанынан мемлекеттік коммуналдық мекеме құру арқылы санитарлық тазалық жұмыстарын аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде жүргізу жұмыстарын қолға алуда. Бағдарлама аясында санитарлық жұмыстар мен абаттандыру жұмыстарын жүргізуге 407 арнайы техника сатып алу жұмыстары басталды. Аудан, қалалар мен басқармалардың іс-шара жоспары бекітіліп, әкімдердің рейтингісі жасалады.Айта кетейік, өткен жылы 1440 сенбілік өткізіліп, бұл жұмыстарға 300 мыңнан астам адам мен 1,5 мыңнан астам техника жұмылдырылды. Нәтижесінде, 3,4 мың тонна қоқыс шығарылып, 1,1 миллион ағаш отырғызылды. Одан бөлек, 120 көппәтерлі тұрғын үйлердің келбеті ретке келтіріліп, 83 арнайы техника сатып алынды. Аудан, қала әкімдіктерінің Полиция департаментімен бірге қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету бағытында атқарған жұмыстардың нәтижесінде заң талаптарын бұзған тұлғаларға 26 702 хаттама толтырылып, жалпы көлемі 318,5 млн. теңге айыппұл салынды. Мониторинг жұмыстарының нәтижесінде 2880 қоқыс үйіндісі анықталып, қысқа мерзімде тазалау жұмыстары жүргізілді. «Ғарыш сапары» космомониторинг арқылы 367 жерде заңсыз қоқыс орындары анықталып, қоқыстан тазартылды.Бүгінгі таңда TazaQazBot платформасына мыңға жуық өтінім түскен. Оның ішінде, 988 өтінім орындалған болса, қалғандары орындалу барысында. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде аталған жүйенің Түркістан облысында іс жүзінде қолданылуы республика көлемінде алғашқы орында қалыптасты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/933848
ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ОН БІР КҮНДІК ЭКО-МАРАФОН ӨТТІ 14.02.2025
Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында, 2025 жылдың 27 қаңтар күні аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен Шардара ауданының 60 жылдығына орай, ауданның санитарлық жағдайын жақсарту, қоғамдық орындарды тазарту және адамдарды табиғатты қорғауға шақыру мақсатында, эко-марафон бастау алған болатын. Марафонды аудан әкімі Араман Қарсыбаев пен ерікті жастар аудан орталығынан бастап, саябақтарды қоқыстан тазартты.Тазалық шарасында Шардара ауданының жастары “Біз табиғатты қорғауды өзімізден бастайық, табиғатты аялау – біздің міндетіміз” деген ұранмен бастап, эко-марафон барлық ауылдық округтерге жолданып, 10 ауылдық округте жалғасын тапты. 11 күнге созылған марафон бүгін яғни, 7 ақпан күні Достық ауылдық округінде өтіп, ауданның ерікті жастары мен тұрғындары атсалысты.Эко-марафон аясында қала, ауыл округтерінен 1000-нан астам ерікті жас қатысып, 14 техника жұмылдырылды. 18 шақырым ирригациялық жүйелер, 21 шақырым аяқжолдар, 50 шақырымнан астам көше бойлары тазаланып, 76 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды.Шардара ауданында жүзеге асып жатқан тазалық шарасы бір марафонның немесе науқанның аясында ғана емес, жыл бойы жүйелі түрде жалғаспақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/934100
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ 14.02.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға қолдау көрсету – өте маңызды міндет.Мемлекеттік қолдау шын мәнінде мұқтаж адамдарға көрсетілуі қажет. Бір сөзбен, кез келген әлеуметтік көмек әділ, ашық және тиімді болуға тиіс», деп атап өткені белгілі.Еліміздің барлық өңірлерінде Отбасын қолдау орталықтарын құру Президент Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат» тұжырымдамасына енгізілген. Осы орайда, Кентау қаласында Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады.Қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова орталық басшысын тағайындап, орталықтың маңыздылығына тоқталып, мекеме қызметкерлері қиын жағдайға тап болған отбасының барлық мүшелерінің әлеуметтік және жеке дамуына қолдау көрсететініне сенім білдірді.Орталық басшысы болып Арай Сауранбекова тағайындалды. Мекемеде барлығы 17 қызметкер жұмыс істейді. Жаңа мекемеде психолог және әлеуметтік қызмет көрсету бөлмесі, уақытша 25-тей адамға жатын бөлме бар, қызмет көрсету бөлмесімен жабдықталған. Бұл қызмет көрсету бөлмелерінің барлығы талапқа сай қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген.Айта кетейік, орталық отбасы институтын қолдау мақсатында, өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасыларға өмірлік қиын жағдайының күрделенуіне психикалық жайсыздық, тұлғааралық жанжалды ықпал ететін жағдайларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік кеңестер береді. 6 бағыт бойынша әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-еңбек, ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсетеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/934102
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ОТАНДЫҚ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУДЕ ҮКІМЕТКЕ ҚОСЫМША ҚҰН САЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІН ТАҒЫ ДА ПЫСЫҚТАУДЫ ТАПСЫРДЫ 14.02.2025
– Кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн. Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керек. Қосымша құн салығына қатысты бұған дейін көзқарасымды білдірмеген едім. Өйткені қызметтік дәрежеме сәйкес, менің әрбір сөзім, пікірім қатаң тапсырма сияқты қабылданады. Соған қарамастан бұл мәселе бойынша ойымды жеткізгім келеді. Қалай десек те, қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс.Үкімет түпкілікті шешімді білікті сарапшылардың, қайталап айтамын, білікті сарапшылар мен кәсіпкерлердің, әлбетте депутаттардың пікіріне құлақ аса отырып, нақты есептеулер негізінде қабылдағаны дұрыс.Бір анығы, Үкіметтің қазіргі ұсынып отырған мөлшерлемесі тым жоғары. Сіздер нақты цифрды айттыңыздар. Оны қоғам қызу талқылады. Тіпті, кей жағдайда артық сөздер де айтылды. Дегенмен, бұл қоғам талқысына алдын ала салынған ұсыныс болатын. Тағы қайталап айтамын, Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысы бизнес, қоғам, кәсіпкерлер, сарапшылардың, яғни барлық тараптың пікірі ескеріле отырып жалғасуы керек. Биыл нақты шешім қабылдануға тиіс. Мен бұған дейін де айттым: Үкімет бұл мәселені депутаттармен және сарапшылармен егжей-тегжейлі талқылауы керек. Бүгін айтылған ой-пікірлер де ескеріледі. Мемлекетке барынша оңтайлы шешім қажет. Яғни бір жағынан бизнес жүргізуге кедергі келтірмей, қолайлы жағдай жасайтын, ал екінші жағынан, салыққа қатысты тәртіпті күшейтіп, бюджет кірісін арттыратын тиімді жолды табуымыз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/934108
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ КӘСІПКЕРГЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛГЕН 14.02.2025
Түркістан облысында өткен жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1,33 трлн теңгеге жеткен. Ал, 2025-2028 жылдар аралығында облыста 2,1 трлн теңгеге 85 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл жобалар аясында мұнай-химия, машина жасау, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларында жаңа кәсіпорындар ашылады. Отандық кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсету мақсатында «Бірыңғай кешенді бағдарламасы» арқылы 2024 жылдың өзінде 698 бизнес өкіліне 60,2 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді. Сонымен қатар, былтыр несиелердің пайыздық мөлшерлемесін төмендету үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден 16,2 млрд теңге бөлінген. Жалпы облыста 1 700 гектарды қамтитын 14 индустриалды аймақ пен 580 гектар аумақта орналасқан арнайы экономикалық аймақтар бар. Бұл аймақтарда кәсіпорындар үшін дайын инфрақұрылым ұсынылып, салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған.Сонымен қатар, «Шағын өндірістік парктер» құрылып, кәсіпкерлерге жеңілдетілген шарттармен дайын өндірістік ғимараттар беріледі. Бұл ғимараттарды нарықтағы бағадан 50%-ға төмен жалға алу немесе 3%-дық несиемен 7 жылға бөліп төлеу мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек, өңірге шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында Түркістан облысы әкімдігі бірқатар ірі келісімдерге қол қойды. Атап айтқанда, Қытайдың «Лихуа Груп» компаниясы облыста ПВХ құбырларын шығару, мақта өңдеу және тігін фабрикаларын іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, «Чайна Энерджи» компаниясы жалпы құны 400 млн АҚШ долларын құрайтын күн электр станцияларын салмақ. Одан бөлек, Франция мен Қытайдың «КАТКО» бірлескен кәсіпорны Созақ ауданында уран өндіру кешенін іске қосады.Сонымен қатар, 2024 жылы өңдеу өнеркәсібі саласы бойынша 585,3 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 113,1%-ды құрады. Ең үлкен өсімдер металлургия (125,1%), машина жасау (112%), жиһаз өндірісі (162,1%) саласында. 2024 жылдың қорытындысымен өңдеу өнеркәсібінде 37,2 млрд теңгеге 22 жаңа жоба іске қосылып, 985 жаңа жұмыс орны ашылады. Олардың ішінде, құны 2,5 млрд теңгені құрайтын «CaPable Group» итальяндық технология бойынша жөргектердің жаңа түрін өндіру, 1,1 млрд теңгелік «Borte engineering» ЖШС-ң Сүт өңдеу кәсіпорындарына арналған жабдықтар өндірісі мен 1,3 млрд теңгеге «JNRAY Group» ЖШС-ң тігін фабрикасы бар. Бұл жобалар ел экономикасын әртараптандыруға және импортқа тәуелділікті төмендетуге ықпал етеді. Сондай-ақ, облыста өндірілген тауарларды Орталық Азия, Қытай және Еуропа нарығына экспорттауға мүмкіндік беретін логистикалық орталықтар мен сауда алаңдары дамып келеді.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/934109
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ 14.02.2025
Жетісай ауданында қысқы-көктемгі кезеңдердегі су тасқынына дайындық жұмыстарын пысықтау, орын алуы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша оқу-жаттығу өтті. Онда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін аудандық азаматтық қорғау және авариялық-құтқару қызметі қатарынан құрылған 12 команда жетекшілері мен топ мүшелерінен қызметтік міндеттері сұралды, техникалардың, су сору құрылғылары (мотопомпа) мен жеке құрамның дайындығы, шартты су басу салдарын жою жұмыстары тексерілді.Шараның мақсаты – айтып келмейтін табиғи-техногендік апаттарға қашанда дайын болу керектігін ескере отырып, аудандағы азаматтық құтқару топтарының дайындығын, қажетті техникалары мен құрал-саймандарының жарамдылығын пысықтау, тексеру.Сонымен қатар аудан басшысы оқу-жаттығу барысында апат орын алған жағдайда бірінші кезекте қажеттілігі туындайтын байланыс саласымен, азық-түлікпен қамтамасыз ететін және барлау-құтқару қызметтерін жүргізетін басты салалардың жұмыстарына ерекше көңіл бөлді.Осылайша аудандағы төтенше жағдайлардың алдын алу, төтенше жағдай кезінде адам шығынын болдырмау және төтенше жағдайда ережеге сәйкес дер кезінде іс-қимыл атқаруды дұрыс ұйымдастыру мақсатында өткен республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу жұмыстары тағы да бір рет пысықталды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/934111
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «КӨКТЕМ-2025» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ 14.02.2025
Төлеби ауданында көктемгі су тасқынына дайындық аясында «Көктем-2025» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы өтті. Оқу-жаттығу шарасында аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің дайындықтары пысықталды.Іс-шараға Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов қатысып, өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлерінің жұмысын бақылап, арнайы техникалардың жағдайымен танысты.Оқу-жаттығу жиыны көктемгі уақытта ықтимал болатын төтенше жағдайларды жою бойынша азаматтық қорғаныс құрылымы мен қызметтерінің даярлығын тексеру және жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/934112
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ТАЗАЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫ ӨТІП ЖАТЫР 14.02.2025
Өздерінің ауызбіршілігімен өзге округтер мен қала, кент тұрғындарына өнеге көрсетіп, туып-өскен ауылдарының көркейіп-көгалдануына білек сыбана кірісіп жүрген, санитарлық тазалық жұмыстарының жүйелі жүргізілуін қолдап тазалық эстафетасын қолға алған Ж.Ералиев ауылдық округі, Үтіртөбе елді мекенінің тұрғындары бүгін тағы бір игі істің бастамашысы болды.«Туған жердің топырағы – бәрімізге қымбат» деп ұрандатқан елді мекен тұрғындары бүгін ауыл ақсақалдарының бастамасымен санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, 0,90 гектар жерге 1500 түп қаратал көшетін отырғызды.Үлгі боларлық шараға аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, аудандық мәслихат депутаттары Нұрбол Байтілесов пен Олжас Қаныбеков, аудан әкімінің орынбасарлары мен БАҚ өкілдері қатысты.Туған елге, ауылға қарайласып, ерте көктемде сенбілік ұйымдастырып, туған өлкенің көркеюіне мұрындық болып отырған азаматтардың тірлігі қашан да құптарлық бастама.– Амандық болса, алдағы төрт-бес жылда бұл маң адам танымастай болып өзгеретініне сенімдіміз. Бастысы бауырлардың, ағайындардың ынтасы зор. Бір қуанарлығы – бұл іске жастармен қатар ауылдың үлкендері де атсалысып келеді, – дейді ауыл ақсақалдары.Сенбілік барысында ауыл ішіндегі арық көздері тазаланып, көшелер де ретке келтіріліп отыр. Ауыл азаматтарының арасында осындай іске қолдау көрсетіп, басы-қасында арнайы техникалармен көмек көрсеткендер де болды.Ерте көктемде ауылдағы ағайын жазғы және күзгі тірлігіне ерте қамданып жатады. Алайда кейде қолда барды ұқсата алмай, қала берді техника жетпей, бір істің қиюы кетіп жататыны тағы анық. Ал мұндайда үтіртөбелік тұрғындардың бастамасы барлық елді мекендер үлгі алып, жалғастырар шара.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/934114
Қарағандыда жеңіл атлетикадан турнирде екі рекорд орнатылды 14.02.2025
Қарағандыда 49-шы рет жас спортшылар арасында (2008–2009 ж. ж.) Еңбек ері, аты аңызға айналған шахтер Яуда Мұсағалиевті еске алуға арналған республикалық мемориал өтті. Жарыс барлық қаза болған кеншілерге арналған. Оған Көкшетау, Сәтбаев, Петропавл қалаларынан, Саумалкөлден және Қарағанды облысынан 200-ден астам спортшы қатысты.Екі жоғары жетістікке қол жеткізілді.Ә. Молдағұлова атындағы спорт интернатынан Алина Головина осы біріншілікті рекордтық уақытта – 7.43 секундта 50 метрге кедергілермен жүгірді. Ал Георгий Козьма тосқауыл арқылы жүгіруде 6.90 нәтиже көрсетіп, Виталий Земстың жетістігінен асып түсті. Жігіт - Теміртаудағы спорт интернаты филиалының өкілі.Қарағанды облысының Ә. Молдағұлова атындағы олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушілері осы турнирде үздік нәтиже көрсетті. Олардың қатарында танымал спорт әулетінің өкілі Ярослав Засимович те бар. Ол биікке секіруден қола медаль жеңіп алды.– Мен алдымен күреске әуес болдым, бірақ кейін атам мен ағамның секіргенін көрдім де, отбасылық істі жалғастыруды шештім. Мен құрама командаға кіруді қалаймын. Алда Қазақстан чемпионаты бар. Мені атам жаттықтырып жүр. Әлеует бар деді, – дейді Ярослав.Спортшының тәлімгері – әйгілі Сергей Геннадьевич Засимович, кеңестік жеңіл атлет және Еуропаның экс-рекордсмені (1984 ж.). Оның ең үздік нәтижесі – 236 сантиметр – әлі күнге дейін биікке секіру бойынша Қазақстанның рекорды болып қалуда.Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/932093
Қарағандының өткені мен бүгіні туралы Қала күніне арналған тарихи экскурсиядан білуге болады 14.02.2025
Қала күніне орай Қарағандыда «Қазыналы Қарағанды» тарихи экскурсиясы өтеді. Онда кеншілер астанасының өткені, шағын ауылдың индустриялық және мәдени орталыққа қалай айналғаны туралы білуге болады.Барлық тілек білдірушілер шақырылады:- 10 ақпанда сағат 14:00 «Сарыжайлау» кинотеатрына;- 12 ақпанда сағат 14:00 теміржолшылардың мәдениет сарайында;- 13 ақпанда сағат 15:00 Жаңа Майқұдық мәдениет сарайында;- 14 ақпанда сағат 14:00 «Молодежный» мәдениет сарайында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/932234
Мүгедектігі бар қазақстандықтардың 59 мыңнан астам тапсырысы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы орындалды 14.02.2025
2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 59,6 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде 37 мыңы оңалтудың техникалық құралдарына, 4,3 мыңы ымдау тілі қызметіне, 17,6 мыңы жеке көмекші қызметіне, 0,7 мыңы шипажай-курорттық емделу бойынша жүгінген. Порталды пайдалану бойынша кеңесті 1414 нөмірі бойынша қолдау байланыс орталығынан алуға болады.Портал техникалық құралдарды және оңалту қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні дербес таңдауға мүмкіндік береді. Тапсырысты көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы жасауға болады. Тапсырыс берілген техникалық құралдарды жеткізу немесе өздігінен алып кетуге болады.Мүгедектігі бар қазақстандықтарға протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар ұсынылады.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/932339
«Инвестиция орнына тариф»: Қарағандыда биыл Архитектурная көшесіндегі жылу желілерін қайта құру аяқталады 14.02.2025
Қарағандыда жылумен жабдықтау сапасын жақсарту жалғасуда. Өткен жылы Оңтүстік-Шығыстағы жылу қуаттарының тапшылығын жою үшін үшінші жылу құбырының құрылысы аяқталды. Биыл Майқұдықта инвестициялық бағдарлама бойынша Архитектурная көшесіндегі жылу желілерін қайта құру аяқталуы тиіс.Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев монополистерге «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы бойынша тұтынушылар алдында есеп беруді тапсырды. Тарифті қалыптастыруға қандай жайттар әсер ететіні туралы «Теплотранзит Караганды» компаниясы хабарлады.Қарағандыда орталық жылу жүйесіне 4690 үй қосылған, олардың жартысына жуығы көп қабатты үйлер. Жылу желілерінің ұзындығы – 448 км. Коммуникациялардың тозуы әлі де жоғары – 71,2%. Бекітілген инвестициялық бағдарлама аясында жаңғырту жүргізілуде. Шаралар жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, жылу шығындарын азайтуға және жылумен жабдықтау жүйесінің тозуын азайтуға бағытталған.1 ақпаннан бастап жылумен жабдықтау қызметтеріне жаңа тарифтер күшіне енді. Өзгерістер Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің бұйрықтарымен бекітілді.«Бағаның көтерілуі «Инвестиция орнына тариф» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы инвестициялық бағдарламаны іске асыруға, стратегиялық тауар құнының өзгеруіне (нормативтік шығындар үшін электр энергиясы мен жылу энергиясы), сондай-ақ көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюына байланысты», – деп түсіндірді компанияда.«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС қаржы директоры Алданыш Күніспеков осы жылғы жобалар туралы айтып берді.– Архитектурная көшесіндегі жылу желілерін қайта жаңарту 2023 жылдан бастап жүргізіледі. 1,6 шақырымның 500 метрі қалды. Биыл ол толығымен аяқталуы тиіс. Күтілетін нәтиже – жылумен жабдықтауды жақсарту, жылу желілерінің сенімділігін арттыру, шығындарды азайту, – деп хабарлады ол.– Сондай-ақ, «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы аясында 28-ші шағын ауданда орамішілік желілер мен сорғы станциясын қайта жаңартуды бастаймыз. Желілердің ұзындығы – 1,37 км. Жоба екі жылдық, 2026 жылға көшеді. Оны іске асыру осы аудандағы жаңа құрылыстарды жылуға қосуға мүмкіндік береді.«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС бас директоры Андрей Ляпуновтың айтуынша, наурыз айының соңында Оңтүстік-Шығыс тұтынушыларын үшінші жылу құбырына қосу жоспарланып отыр.– Қазір ол тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Біз сорғылардың, автоматиканың жұмысын тексереміз, – деді ол. – Жалпы, билікпен бірлесіп қаланы жылумен жабдықтауды жаңғыртуды жалғастырудамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/932584
Әлеуметтік бизнес: Мемлекеттік қолдаудың арқасында қарағандылықтар арт-кеңістік пен түзету орталығын ашты 14.02.2025
Мүмкіндігі шектеулі қарағандылық Аделина Битюкова мемлекеттік грант алып, шығармашылық адамдар үшін арт-кеңістік құрды. Мұнда сурет салуға, тафтингпен айналысуға, киімдерді кастомизациялауға болады. Өткен жылы өңірде әлеуметтік осал санаттағы 178 адам өз ісін ашу және дамыту үшін мемлекеттің қолдауына ие болды.«Среда» арт-кеңістігінде бүгінде бес адам жұмыс істейді. Көп балалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтағы балалар студияда тегін оқиды.– Біз құммен және суда сурет салумен, кастомизациямен, тафтингпен (кілем кестелеу өнері) айналысамыз. Ол қазір Еуропада өте танымал. Дәл осы тафтинг жабдығына грант алынды, – дейді Аделина. – Біз үнемі дамып, орталығымызды жаңа бағыттармен толықтырып келеміз.Гранттарға көбінесе білім беру және оңалту орталықтары, жартылай фабрикаттар мен кондитерлік өнімдер өндірісі, шаруа қожалықтары ашылады.Ерекше қажеттіліктері бар баланың анасы Шынар Тен NeuroTen балалар дамуының нейрокоррекциялық орталығын ашты. Гранттық қаражат оған жаңа әдістемелерді енгізуге көмектесті.– Алынған ақшаға біз сенсорлық-динамикалық кубқа арналған металл конструкцияны және бейімделген дене шынықтыруға арналған мүкәммалды сатып алдық. Бұл элементтер балалардың вестибулярлық және тактильдік жүйесін дамытуға көмектеседі. Нормотипті балаларда мұндай дағдылар балалар алаңдарында табиғи түрде қалыптасады, ал ерекшеліктері бар балаларға олардың дамуы үшін арнайы жағдайлар жасау қажет, – деп түсіндірді Шынар.Әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарды гранттық қолдау бағдарламасына көп балалы отбасылар, мемлекеттік жәрдемақы, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар, мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалардың ата-аналары немесе қамқоршылары, қандастар, қоныс аударушылар қатыса алады. Ол үшін жұмыссыз ретінде тіркелу немесе үш жылдан аспайтын жеке кәсіпкер мәртебесіне ие болу керек. Міндетті шарт – «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курсынан өту.Гранттар қайтарымсыз негізде 400 АЕК-ке дейін мөлшерде бір рет беріледі (2025 жылы сома 1 572 800 теңгені құрайды). Бұл қаражат қажетті жабдықтарды, шығыс материалдарын сатып алуға, үй-жайларды жалға алуға және бизнесті іске қосуға байланысты басқа да шығындарға бөлінеді.– Жобадағы ең бастысы, барлық грант алушылар бұрын жұмыссыз болған. Енді олар өз бизнестерін табысты жүргізіп қана қоймай, қосымша жұмыс орындарын ашуда, – дейді Қарағанды облысы бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығының директоры Нұржан Сыздықов.Биыл әлеуметтік әлсіз санатқа жататын ісін жаңа бастаған 183 кәсіпкерді қолдау жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/933092
Қарағанды облысында Қарқаралы петициясының 120 жылдығына арналған жинақ таныстырылды 14.02.2025
Биыл Қарқаралы петициясына қол қойылғанына 120 жыл толады. Осы күнге орай «Алаштың Қарқаралысы» жинағы таныстырылды. Оған Қазақстан ғалымдарының зерттеу жұмыстары кірді. Кітап Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен жарық көрді.– Бұл Қарқаралы петициясының 120 жылдығына арналған үлкен оқиға болды. Онда көптеген тарихи фактілер бар. Бұл кітап өткен ғасырдың басындағы маңызды тарихи оқиғаға арналған ескерткіш болып табылады. Мен өзім өлкенің тарихын зерттеймін, алты кітап шығардым. Қарқаралыны терең зерттеу жалғасын табады деп үміттенемін, – деп атап өтті өлкетанушы-ардагер Саят Оспанов.Тарихи мәліметтерді еске салайық: 1905 жылғы 25 шілдеде Қарқаралыдағы Қоянды жәрмеңкесінде патша үкіметінің отарлануына қарсы петиция қабылданып, Николай II-ге жолданды, Оған 15 мыңға жуық адам қол қойды. Петицияға қол қойған және ықтимал құрастырушылардың арасында Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Жақып Ақпаев және басқалары болды. Бұл құжат барлық проблемаларды қамтып, ұлттық қозғалыстың бағдарламалық мақаласына айналды.– Кітапта Қарқаралы тарихына ғана емес, халық тарихына, соның ішінде тәуелсіздік тарихына қатысты көптеген фактілер көрсетілген. Дәл осы Қарқаралыда «Алаш» қозғалысының қайраткерлері тұрған тәуелсіздіктің бастаулары бар екені анық айтылған. Өлкенің тарихы үшін қазақ зиялы қауым өкілдерінің халық бостандығы үшін күресі Қарқаралы жерінде басталғаны маңызды, – дейді Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері Сатбек Сламбеков.Жинақтың тұсаукесерінде ғалымдар, өлкетанушылар, тарих мұғалімдері мен жоғары сынып оқушыларының Қарқаралы петициясы мен «Алаш» қозғалысы туралы баяндамалары тыңдалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/933278
«Таза Қазақстан»: Қарағанды жастары экологиялық сын-қатерлерді талқылауда 14.02.2025
Облыста «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Қалалық әкімдіктің қолдауымен Қарағанды Жастар ресурстық орталығының комьюнити- орталығында табиғат және экология мәселелеріне арналған «Табиғатты аяла» кездесуі өтті. Ол 30-ға жуық қатысушыны, соның ішінде студенттер, белсенділер, экологиялық ұйымдардың өкілдері және планетамыздың болашағына немқұрайлы қарамайтын жандардың басын қосады.Спикерлер өзекті экологиялық проблемаларды, адам қызметінің табиғатқа әсерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заманауи бастамаларды қозғады, сондай-ақ жастардың осы процестердегі рөлі туралы айтты.Қалалық мәслихат депутаты және экобелсенді Василий Климаков экология саласындағы мемлекеттік бастамалар, табиғатты қорғау шаралары және экологиялық проблемаларды шешуге қоғамдық қатысу мүмкіндіктері туралы айтып берді.Биолог-оқытушы Денис Сирман климаттық өзгерістерге және табиғи ресурстарды тұрақты пайдаланудың маңыздылығына ғылыми көзқарасымен бөлісті.Болашақ эколог Мәдина Әсетқызы еріктілер қозғалысы, жастардың экоакцияларға қатысуы және біздің әрқайсымыз экологиялық жағдайды жақсартуға қалай көмектесетініміз туралы айтып берді.Кездесу жаһандық экологиялық мәселелерді талқылау үшін ғана емес, сонымен қатар идеялар алмасу алаңына айналды. Қатысушылар сарапшыларға сұрақтар қойып, өз ұсыныстарымен бөлісті және табиғатты қорғау бойынша бірлескен жобалар әзірледі.Жастар қоршаған ортаны қорғау үшін қабылдай алатын практикалық қадамдарға ерекше назар аударылды. Онда барлық ниет білдірушілер қатыса алатын нақты экологиялық акциялар талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/933341
9 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқудан өтті 14.02.2025
2025 жылдың басынан бері 9,3 мың азамат, оның ішінде 7,6 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 513,4 мың қазақстандық тіркелген, оның 14,7 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 420,2 мың адам оқудан өтті.Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 849 курс жариялады, оның 307-і тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар.Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.Қантар айындағы ең көп сұранысқа ие курстар – «Кассир», «Построение отдела продаж в отеле», «Страховой агент», «Пішу және тігу» және «Продавец».Платформада маркетинг және БАҚ, туризм, қаржы және бухгалтерлік есеп және т. б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.Оқуға https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілін, материалды берудің ыңғайлы принципін дербес таңдайды, білім беру үдерісіндегі өзінің ілгерілеуін бақылай алады.Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруға тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – білім алушы тарапынан курсты бағалау. Сертификатты жүктеу кезінде игерген дағдылар бойынша Enbek.kz-те бос жұмыс орындарының ұсыныстары қосылды.Алынған сертификат Enbek.kz-те тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші Платформада сәтті оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.2023 жылдың желтоқсан айынан бастап курстарды Enbek мобильді қосымшасы арқылы оқуға болады, қосымшаны Google Play және App Store-дан жүктеуге болатынын естеріңізге саламыз.Платформада тіркелу және жұмыс істеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысуды сұраймыз: (8-7172) 95-43-17 (ішкі. 877, 878, 888).Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/933422
Қарағанды облысында «Жайдарман» мектеп лигасының ең көңілді және тапқыр командасы анықталды 14.02.2025
Бұқар жырау ауданында «Жайдарман» әзілкештер ойыны барысында облыстың 13 мектеп командасы үздік атанды. Үштөбе ауылының өскелең ұрпағы нң көңілді және тапқыр деп танылды. Олардың әзілдері, суырыпсалма әзілдері мен көріністері көрермендер мен төрешілердің көңілінен шықты.«Жайдарман» өңірлік мектеп ойындары лигасы жоғары деңгейде өтті, ұйымдастырушылар мен көрермендердің пікірінше, ойынға қатысушылар жақсы дайындықтарын көрсетті.– Бұл ойын қатысушылардың да, жанкүйерлердің де есінде қалатын жарқын оқиға болды, – деді Бұқар жырау ауданының Жастар ресурстық орталығының директоры Мейірлан Қали.Бірінші орынды Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылының «Қырмызы қыздары» командасы иеленді. Бас жүлде – 150 000 теңге.Екінші орын Бұқар жырау ауданының Ботақара ауылының «Торайғыр» командасына бұйырды. Топ мүшелері 100 000 теңге алды.Үшінші орын Қарқаралы ауданының Теректі ауылының «Теректі Еркелері» ойыншыларына берілді және сыйлық 50 000 теңгені құрады.«Үздік ойыншы» номинациясында «Joketok» командасынан Манерхан Бөкейхан жеңіске жетті – оның харизмасы мен шеберлігі көрермендерді де, төрешілерді де тәнті етті.Бұқар жырау ауданы Ботақара ауылының жас тұрғыны, «Көз тимесін» командасының жетекшісі Аяру Ерланқызы «Үздік капитан» атанды.Бүгінгі таңда «Жайдарман» тек ойын ғана емес, шығармашылық қабілеттерді дамытуға арналған платформа. «Жайдарманда» 120 мыңнан астам жас қазақстандық ойнайды. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді.И количество участников с каждым годом становится больше. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/933481