Бизнес
Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың мерзімі бірнеше есе қысқартылды: конкурс жариялаудан бастап жұмыстың басталуына дейін – 10 күн 14.02.2025
Қазақстанда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа жеңілдетілген ережелер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы алғашқы шарттар жасалды. Оларды қабылдау жобаларды, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды жедел іске қосуға және олардың бағасының көтерілу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Жеңімпаздар негізінен жергілікті компаниялар болады, бұл аймақтардың бизнесі мен экономикасына қолдау болып саналады. Мемлекет басшысы 2024 жылғы 1 шілдеде рәсімдерді оңайлатуға және бюрократиядан арылтуға бағытталған «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңға қол қойды. Заң шеңберінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мерзімін барынша қысқартуды қамтитын жаңа Ережелер қабылданды.Мәселен, конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алу бойынша тиісті құжаттаманы талқылау 5 күннен 2 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қабылдау — 15 күннен 5 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қарау және қорытындылау — 10 күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Осылайша, конкурстар мен аукциондар бойынша жеңімпаз ең көп дегенде 10 жұмыс күні ішінде анықталады.Рейтингтік-балдық жүйені қолдану арқылы өткізілетін конкурс (автоматтандырылған сатып алу тәсілі, жеңімпазды веб-портал айқындайды) арқылы сатып алу жеңімпаздары жиналған ұпайлар негізінде 5 жұмыс күні ішінде (бұрын мерзімі 29 жұмыс күнін құраған) айқындалады. Олар жұмыс тәжірибесі, тұрақты салық аударымдарының болуы, кешіктірулердің болмауы және басқалары үшін беріледі.Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу мерзімі 5 күннен 2 күнге дейін қысқартылды.Сондай-ақ жергілікті жеткізушілер үшін шартты жеңілдіктер 1%-дан 2%-ға дейін ұлғайтылды. Ақмола облысы Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысы бойынша байқау елімізде алғашқылардың бірі болып жаңа ережелер бойынша өткізілді. Биылғы 8 қаңтарда жарияланып, қорытындысы 6 жұмыс күні ішінде шығарылды және 16 қаңтарда құрылыс салушы жұмысқа кірісті.«Жобаның құны 2 млрд теңгеден асады. Мердігер рейтингтік-балдық жүйені қолдана отырып, жаңа мемлекеттік сатып алулар бойынша таңдалды, бұл конкурс мерзімін айтарлықтай қысқартты. Бұл бізге құрылысты 16 қаңтарда бастап кетуге мүмкіндік берді. Жоба жыл соңына дейін аяқталады және нысан пайдалануға беріледі. Сондай-ақ біз жүйеде қосымша балл алатын жергілікті құрылыс салушыларға назар аударамыз, бұл олардың қатысуын ынталандырады», — деді Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Байқуанышев.Спорт мектебінің ғимараты өтпе жол арқылы бір-бірімен байланысқан екі блоктан тұрады. Мұнда тренажер залы, хоккей корты және басқа да жаттығу алаңдары жұмыс істейтін болады. Құрылыс материалдарының 90%-ын жергілікті өндірістен алу жоспарлануда. Ауылдық спорт мектебінің жалпы қабылдау мүмкіндігі – ауысымда 78 адам.Жаңа ережелер бойынша 330 адам тұратын Батыс Қазақстан облысының Жалын ауылында су құбырын салу бойынша конкурс өткізілді. Жеңілдетілген жүйенің арқасында сатып алу процедурасы алты күнде жүргізілді, бұл жергілікті құрылыс салушыға жұмысқа тез кірісуге мүмкіндік берді. Жобаның құны – 785 млн теңгеден астам. Су құбырының құрылысы ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді.Сонымен қатар Түркістан облысы Сарыағаш қаласында жаңа буынды дамыту орталығының құрылысы басталды. Жобаның құны – 2,7 млрд теңгеден астам. Мердігер 8 жұмыс күні ішінде рейтингтік-балдық жүйені қолдана отырып таңдалған жергілікті компаниялардың бірі болды.Шымкент қаласының Бозарық шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйлер салу жобасы бойынша сатып алу рәсімі 7 жұмыс күні ішінде жүргізілді. Жобаның құны – 4,9 млрд теңгеден астам.Ұлытау облысының Мыңадыр стансасында мектеп салу бойынша сатып алу рәсімі 5 жұмыс күні ішінде жүргізілді, мердігер жергілікті компания болды. Жаңа мектеп салу оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешеді. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған мектеп толып кеткен, спорт залы да жоқ. 80 орынға есептелген жаңа екі қабатты мектептің кабинеттері сапалы білім беру үдерісін қамтамасыз ету үшін заманауи жабдықтармен жабдықталатын болады.Жаңа ережелерге сәйкес, осы жылдың 10 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстанда 951,38 млрд теңге сомасына 282 703 шарт жасалды. Салыстыру үшін: өткен жылдың тиісті кезеңінде 223,2 млрд теңгеге 165 558 шарт жасалған.Берілген шағымдардың саны өткен жылмен салыстырғанда 22%-дан астамға: 1700-ден 1320-ға дейін төмендеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/934509
«Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды 14.02.2025
«Акмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатымен бірлесе 2025 жылғы 6-8 ақпан күндері «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезенің өткізді. Олимпиадаға 17 ауданнан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан, «Білім-инновация» лицей-интернатынан, Астана қаласы №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан, Көкшетау қаласы Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан, Щучинск қаласының «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатынан, Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан барлығы 154 оқушы қатысты. «Жарқын болашақ» олимпиадасы бес бағыт бойынша өткізілді:1.«Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу);2.«Білгірлер бәйгесі» (халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша сайыс);3.«Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс);4.«Сөз шеберлері» (шешендік өнер, көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу);5.«Әнші-бұлбұлдар» (ән айту). Олимпиаданың қорытындысы бойынша 43 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 13, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 24, грамотамен – 9 оқушы марапатталды.«Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ақмола облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.Облыстық кезеңінің нәтижесі бойынша І орынды иеленген 6 оқушы олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.Атап айтсақ, «Жарқын болашақ» олимпиадасы «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада. Оған 7-11-сыныпта оқитын қазақ тілді (ұлты қазақ) және қазақ тілді емес (өзге ұлт өкілдері) оқушылар қатыса алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/934902
Көкшетауда «ТҰҚЫМ-2025 КӨКШЕТАУ» халықаралық конференция-көрмесі өтті 14.02.2025
Көкшетау қаласында «Тұқым күні, Тұқым-2025» халықаралық конференциясы өтті. Бұл шара Қазақстаннан және Еуропа мен ТМД елдерінен келген агрономдар, сарапшылар мен зерттеушілерді тоғыстырды.Шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпан қатысты. Ол осындай алаңдардың тәжірибе мен білім алмасудағы маңыздылығын атап өтті.Қатысушылар жоғары маржиналды дақылдардың отандық және шетелдік селекциядағы тұқымдар көрмесімен танысты.Сапалы тұқым – мол өнім алудың негізгі факторы. Өткен жылы өңірдің аграршылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бұл агрономиялық технологияларды қатаң сақтауға, элиталық тұқым себу алқаптарының ұлғаюына және мемлекеттік қолдау бағдарламаларын тиімді іске асыруға байланысты болды.Тұқым селекциясының маңызы зор. Бұл бағытта А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы тұрақты зерттеулер жүргізіп келеді. Орталық ғалымдарының еңбегінің бір дәлелі – «Таймас» жаздық жұмсақ бидай сорты. Ол өткен жылы Қазақстанның климаттық сын-қатерлеріне бейімделу және селекция саласындағы инновациялардың символына айналды.Конференция барысында ғалымдар мен мамандар тұқым сапасын арттыру, заманауи селекциялық технологияларды енгізу, өңдеудің инновациялық әдістерін қолдану және өнімділікті арттыру мақсатында дақыл сорттарын жетілдіру мәселелерін талқылады.Сонымен қатар, отандық және шетелдік селекционерлер әзірлеген перспективалы ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары туралы ақпарат ұсынылды.«Тұқым күні, Тұқым-2025» Көкшетау халықаралық конференциясы аграрлық ғылымды дамыту және ауыл шаруашылығы тиімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/934927
Көлік министрі «Exim Finance» директорлар кеңесінің Төрағасымен кездесті 14.02.2025
Көлік министрлігі ғимаратында ведомство басшысы Марат Қарабаев «Exim Finance» Директорлар кеңесінің төрағасы Салах Ибрагим Әл Насермен кездесті.Кездесу көлік-логистика секторы саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталды.2026-2028 жылдары аралығында жүзеге асыру көзделген ауданы 10 мың шаршы метрді, жалпы құны $7,5 млн құрайтын көлік-логистика хабын (KЛХ) салу жоспары талқыланды.Ақмола облысында орналасатын көлік-логистика хабы ішкі нарыққа да, халықаралық транзиттік ағындарға да қызмет көрсетуге қабілетті заманауи ғимарат болмақ. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/935196
2024 жылғы жолаушыларға қызмет көрсету, багажды және жүктерді өңдеу жұмыстарының нәтижелері және 2025 жылға арналған жоспарлар бойынша қорытынды кеңес 14.02.2025
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде (ҚАӘ) Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсету, багажды және жүктерді өңдеу мәселелері бойынша қорытынды кеңес өтті. Іс-шараға ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің, ҚАӘ, еліміздің әуежайлары мен әуекомпанияларының өкілдері қатысты. Қызмет көрсету сапасын арттыруға және жолаушылардың құқықтарын сақтауға бағытталған жаңа заңнамалық өзгерістер енгізу мәселелері, 2024 жылы жолаушыларға, багажға және жүктерге жерүсті қызмет көрсету бойынша ҚАӘ тексерулерінің қорытындылары, сондай-ақ 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды.Сондай-ақ, әуежайлар тарапынан 2024 жылға арналған формальдылықты жеңілдету желісі бойынша кеңестердің жаңартылған бағдарламалары мен қорытынды хаттамаларын ұсынуды қоса алғанда, формальдылықты жеңілдету бөлігінде авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында тексерулер жүргізу жөніндегі ИКАО әмбебап бағдарламасы бойынша алдағы аудитке дайындық мәселесі көтерілді."Алматы халықаралық әуежайы" АҚ, "Қорқыт Ата Әуежайы" АҚ, "Шымкент әуежайы" АҚ өкілдерінің Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларының әуежайларындағы жаңа жолаушылар терминалдарының жұмыс тиімділігі туралы баяндамалары айтылды. Өткен жылы отандық әуекомпаниялар 14,3 млн жолаушыны тасымалдады (2023 жылмен салыстырғанда 9%-ға көп). Қазақстан әуежайларында қызмет көрсетілген жолаушылар саны 29,7 млн адамды құрады (2023 жылмен салыстырғанда 14%-ға көп). Өсіп келе жатқан жолаушылар ағыны аясында ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, жолаушыларды тасымалдау технологиялық процестерді үнемі жетілдіруді, инфрақұрылымды жарамды күйде ұстауды және жаңартуды, сондай-ақ жолаушыларға багажды және жүктерді өңдеуде қызмет көрсетуге тартылған қызметкерлерді тұрақты оқытуды талап етеді.Осыған байланысты ҚАӘ өкілдері жолаушыларға қызмет көрсету, багажды және жүктерді өңдеу саласындағы жердегі қызмет көрсетуді бақылау шеңберінде тексеру кезінде авиация инспекторлары анықтаған бұзушылықтардың негізгі түрлерін айтып берді.Жиында "Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ бірінші басшысы Меруерт Жолдыбаева жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған Ақтау әуежайындағы "BEST AIRPORT SERVICE" пилоттық жобасының нәтижелерін ұсынды. Ақтау әуежайы басқа әуежайларды жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін жобаға қосылуға шақырды.ҚР Азаматтық авиация қызметкерлері күніне орайластырылған кеңестің соңында ҚР әуежайлары мен әуекомпанияларының жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қызметінің ерекше көзге түскен қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Авиация саласын дамытуға қосқан үлесі мен жетістіктері үшін, сондай-ақ іске берілгендігі үшін оларға ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры атынан Алғыс хаттар табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/934783
Қызмет көрсету сапасын арттыру үшін жеке тасымалдаушы вагондарда арнайы бейнебақылау жүйесін орнатып жатыр 14.02.2025
Жеке тасымалдаушы жолаушы вагондарында бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстарын жалғастыруда. Мәселен, «Сары-арка компани» ЖШС жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен пойыз бригадалары жұмысының тиімділігін арттыру үшін «Орал-Астана» бағытында қатынайтын 10 вагонда қосымша бейнебақылау жүйесін орнатуда.Бұдан басқа 2024 жылы компания қосымша тағы 10 жолаушы вагонында бейнебақылау жүйесін орнатты.Компания вагондардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнекамералар орнатумен қатар жолаушы вагондарының паркін жаңарту жұмыстарын да жүргізуде.Жалпы тасымалдаушыда "Орал-Астана" бағытында қатынайтын сыйымдылығы 600 орындық 30-ға жуық вагон бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/934643
ҚҰРМЕТТІ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! 14.02.2025
Үкімет Ұлытау өңірінде жаңа мектеп салу үшін қайтарылған активтерден 1,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлді📌 Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.🔷 Білім беру нысаны «Вокзал» шағын ауданында салынады. Бүгінде шағын ауданда тұратын балалардың басым бөлігі қаланың басқа аудандарындағы мектептерде білім алуда. Олар екі ауысымда автобуспен тасымалданады. Жаңа білім ошағының құрылысы балаларды заман талабына сай оқытуға қолайлы жағдай жасап, білім алуға қол жеткізуін арттыруға мүмкіндік береді.🔵 Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандардыі салуға шамамен 56,6 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында Атырау облысының Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай ауылындағы мектептер, Түркістан облысының Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола облысының Зеренді ауылындағы спорт кешені, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана және Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар.Арнаулы мемлекеттік қорға ақша қаражатын аударудан басқа, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілерінің қаражаты есебінен Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешені, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығының құрылысы жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/931247
Еуропаға ұшатын жаңа әуе рейсі іске қосылмақ 14.02.2025
ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.Осылайша, ағымдағы жылдың 27 мамырынан бастап "SCAT" қазақстандық әуе компаниясы Шымкент – Будапешт бағыты бойынша Венгрияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер "Boeing 737" үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалатын болады.Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілудеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/932040
Жеке тасымалдаушы "Орал-Астана" бағытындағы вагондарды жаңартуда 14.02.2025
«САРЫ-АРҚА» ЖШС №58/57 «Орал – Астана (Нұрлы жол)» әлеуметтік маңыздағы бағытта жолаушыларды тасымалдайды. Серіктестік паркін жаңа жолаушылар вагондарымен жаңарту жұмыстарын жүргізіп келеді. Өткен жылдары тасымалдаушы желіге екі жаңа вагонды қосты, ал 2025 жылдың ақпан айының ортасынан бастап кезекті жаңа плацкарт вагонын іске қосады.Жаңа вагондар кондиционер, тоңазытқыш, микротолқынды пештермен жабдықталған. Әр салонда екі электр розеткалары және жолаушыларға арналған электронды құрылғыларды қосу үшін төрт USB қарастырылған. Жолаушылар мен пойыз бригадасы қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттырып, заң мен тәртіптің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету үшін вагондар бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.Алдағы уақытта қосымша тағы бір жаңа плацкарт вагоны желіге шығады.Жалпы бұл тасымалдаушыда "Орал-Астана" бағытында 600 орындық 30-ға жуық вагон қатынайды.15011:40 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/932325
Үндістан мен Қазақстан астаналары арасында жаңа маршрут іске қосылады 14.02.2025
ҚР Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және еліміздің әуе тасымалдар нарығындағы шетелдік "лоу-кост" әуе компаниялардың үлесін ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыруда. 5 ақпанда Қазақстанның авиациялық билігі Астана қаласының халықаралық әуежайы өкілдерінің қатысуымен "Indigo" Үнді "лоу-кост" әуе компаниясының басшылығымен кездесу өткізді.Биылғы жылдың 14 мамырынан бастап "Indigo" әуе компаниясы Астана – Дели бағыты бойынша жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер A-320/321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рет жиілікпен орындалады.Қазақстан мен Үндістан астаналары арасында тікелей рейстің ашылуы елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және елдің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады.Сонымен қатар, бұған дейін хабарланғандай, "Эйр Астана" қазақстандық әуе компаниясы осы жылдың 20 сәуірінен бастап "Airbus" үлгісіндегі әуе кемесінде аптасына 3 рет жиілікпен Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады.Жалпы, көктемгі-жазғы навигация кезеңінде елдер арасындағы жолаушылар рейстерінің 5 әуе бағыты бойынша аптасына 24 рейске дейін ұлғаюы күтілуде. Қазіргі уақытта тұрақты әуе қатынасы Алматы – Дели ("Эйр Астана" - аптасына 7 рейс, "IndiGo" - аптасына 7 рейс), Алматы – Гоа (SCAT – 2), Астана – Гоа (FlyArystan – 2) бағыттары бойынша орындалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/932463
2025 жылы елімізде қандай жолдар салынып, жөндеуден өтеді? 14.02.2025
Биылғы жол құрылысы маусымында 13 мың шақырым жолда құрылыс пен жөндеу жұмыстары басталады. Атап айтқанда, ұзындығы 2,2 мың шақырым жол құрылыс және қайта жаңарту, 6,6 мың шақырым жол күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Жергілікті маңыздағы 4,2 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланды.Жалпы ұзындығы шамамен 1 мың шақырымды құрайтын, құрылысы осы кезге дейін басталып кеткен «Қалбатау – Майқапшағай», «Күрті – Қонаев», «Қызылорда – Жезқазған» және «Ұзынағаш – Отар» күре жолдарында жұмыс жалғаспақ.Сонымен қатар төрт жолақты «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Қарағанды – Жезқазған», «Атырау – Доссор» және «Сарыағаш қаласының айналма жолы» жобаларының құрылысын бастау көзделген. Олардың жалпы ұзындығы 1 мың шақырымнан асады.10 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Биыл оның 6,6 мың шақырымы жұмыстармен қамтылады. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен (5 мың шақырым жол) асып түседі. Өткен жылы орташа жөндеу жұмыстары басталған «Жезқазған – Петропавл», «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз», «Қандыағаш – Шалқар – Ырғыз» сияқты ірі жобаларда биыл да жұмыстар жалғаспақ.Биыл бұдан өзге «Қарабұтақ – Рудный – Қостанай», «Атырау – Орал» және «Астана – Қорғалжын» автожолдарының учаскелерін қоса алғанда, ұзындығы 2,6 мың шақырымды құрайтын автомобиль жолдарында орташа жөндеу жұмыстары басталады.Жергілікті маңызы бар жол инфрақұрылымын дамыту да басымдыққа ие болмақ. Өңірлерде жергілікті маңызы бар жалпы ұзындығы 4,2 мың шақырымды құрайтын жолдарды жөндеу жоспарланған. Олардың қатарында «Атырау – Форт – Шевченко», «Түркістан – Шәуілдір», «Чапай – Сайқын» жолдары, сондай-ақ Семей қаласындағы көпірдің құрылысы бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/932669
«Кешенді жоспар бойынша әрекет ету қажет»: Ақмола облысында су тасқынына қарсы дайындық басталды 14.02.2025
Биыл өңір басшылығы су тасқынына дайындықты ерте бастау туралы шешім қабылдады. Қыс мезгілі әлі аяқталмаса да, тәулік бойы осал аймақтарды қорғау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Әсіресе, үш аудан арқылы өтетін Жабай өзенінің арнасын кеңейтуге ерекше көңіл бөлінуде. Ақмола облысының әкімі барлық өңірлерде кешенді жұмыстар жүргізілуі қажет екенін атап өтті.Қазіргі уақытта Балкашино ауылында Жабай өзенінің арнасын кеңейту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл шаралар көктемгі су тасқыны кезінде Атбасардағы су басу қаупін азайтуға көмектеседі. Өзеннің жағалауы қамыс пен ағаш өсімдіктерінен тазартылып, арнасы 35 метрге дейін кеңейтіліп, тереңдігі 3 метрге дейін ұлғайтылуда.«Біз судың ағысын жылдамдатып, өзеннің арнасынан асып төгілуіне жол бермейміз. Ең осал тұстарда екі қорғаныс бөгеті салынады. Балкашинода тереңдігі шамамен бес метр болатын су қоймасы пайда болады. Артық су осы қоймаға жіберіліп, кейін ауыл тұрғындарының қажетіне жаратылады. Дәл осындай жұмыстар Атбасар ауданында да атқарылады», – деді жобалық компанияның басшысы, «Бахыт-Гидро» ЖШС директоры Бахыт Бесжігітова.Ауқымды жобаны келесі жылдың мамыр айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Бүгінде жұмыстың жартысына жуығы орындалды. Жобаның жүзеге асуына «Демеу Қазақстан» қорының қаржыландыруы мүмкіндік берді.Сонымен қатар, биыл көктемде Атбасардағы топырақ бөгеті бойында үш су өткізгіш құрылғының құрылысы аяқталады.Өңір басшысы Сандықтау және Атбасар аудандарына жасаған жұмыс сапары барысында атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімен көрді.«Қазіргі таңда 38,2 текше метр темірбетон құбырлар, металл құрылғылар мен шлюздер бұзылып, ауыстырылды. Сонымен қатар, 45 текше метр топырақ қазылып, 10 метрге жылжытылды. Диаметрі 10 метр болатын құбырлар төселіп, су қабылдайтын арматураның қаптамасы жасалды. Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сай орындалуда», – деп баяндады Атбасар ауданының әкімі Кеңеш Әлімжанов.Айта кетейік, облыста алты ірі су айдынына осындай жұмыстар жүргізіледі. Бұл ондаған елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. «Жазда біз қауіпті аймақтардағы тұрғындарды көшіру жұмыстарын жүргіздік. 400-ден астам отбасы Атбасарға қоныстандырылып, жаңа үйлермен қамтамасыз етілді. Осылайша, тұрақты су басу қаупі бар аймақтар қазір бос тұр. Көктемгі жағдай ауа температурасына, жауын-шашын мөлшеріне, топырақтың тоңдану деңгейіне байланысты болады. Біз бұл мәселелерді жіті бақылауда ұстаймыз. Жедел штаб құрылды. Бүгін біз мердігерлер мен өзге де мүдделі органдардың қатысуымен алғашқы өңіраралық кеңес өткіздік. Тәуекелдер әрдайым бар, бірақ біз оған дайын болуымыз керек», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.Өңір басшысы Атбасар ауданының жергілікті билік өкілдері, төтенше жағдай департаменті, прокуратура, кәсіпкерлер және өзге де мүдделі тұлғалармен кеңейтілген жиын өткізді.«Су тасқыны үшінші онкүндікте күтілуде. Өткен жылы Атбасар ауданында мыңнан астам үй зардап шекті. Әлі де 20 елді мекенді су басу қаупі сейілген жоқ. Барлық ауылдарда қарсы шаралар толық жүргізілген жоқ. Мысалы, Сочинск ауылында соңғы үш жылда ешқандай инженерлік жұмыстар атқарылмаған. Су қоймасындағы су деңгейі көтеріліп, 20-дан астам үйге қауіп төніп тұр. Жыл сайын қорғаныс шаралары өз күшімізбен жасалғанымен, күтілетін нәтиже бермей келеді. Атбасардағы топырақ бөгеті де алаңдаушылық тудырады. Сондықтан ұзақ мерзімді шешімдер қабылдау қажет», – деді аймақ басшысы.Марат Ахметжанов жиналысқа қатысушыларға өткен жылғы қателіктерді қайталамау керектігін ескертіп, барлық жұмыстарды жоспарға сәйкес кешенді түрде жүргізу қажеттігін атап өтті.«Қар суы мен көлдердің тасу қаупін қоса есептегенде, барлық ықтимал қауіптер ескерілуі керек. Дайындық уақтылы жүргізіліп, қолданылатын шаралар тиімді болуы тиіс», – деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/931928
Малик Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттарына арналған «Тәртіпті өзіңнен баста!» атты түсіндірме кездесуі өтті 14.02.2025
Бүгін Малик Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының алаңында «Заң мен тәртіп» принципін насихаттау мақсатында оқу орнының курсанттарына арналған «Тәртіпті өзіңнен баста!» атты білім беру лекциясы өтті. Сабақтың басты тақырыбы – коррупцияға нөлдік толеранттылық идеологиясын қолдайтын белсенді азаматтық позицияны дамыту, заңгерлік мәдениетті арттыру, сондай-ақ жас ұрпақ арасында адалдық пен абыройлылық принциптерін нығайту болды.Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бірінші орынбасары Сағыныш Аяғанова курсанттарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бар жүйесі туралы баяндады.«Бүгінгі шараның мақсаты – «Коррупцияға нөлдік толеранттылық» идеологиясын қолдайтын белсенді азаматтық позицияны дамыту. Академия курсанттарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бар жүйесі, коррупцияның қандай теріс салдарлары бар екені, әрқайсымыз адал қоғам қалыптастыруға қандай үлес қоса алатыны талқыланды», - деп атап өтті Сағыныш Аяғанова.Лектордың айтуынша, «Заң мен тәртіп» принципін жүзеге асыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті тұрақты түрде халықтың әртүрлі санаттарын қамтитын іс-шаралар өткізіп келеді, бұл мектеп оқушыларына, студенттерге, мемлекеттік қызметшілерге және азаматтық қоғамға арналған жеке іс-шаралар.Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Даниярбек Нұрсейітов коррупцияға нөлдік толеранттылық идеологиясын қолдайтын белсенді азаматтық позицияны танытудың, сондай-ақ жас ұрпақ арасында адалдық пен абыройлылық принциптерін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.«Бүгінгі лекция маған сыбайлас жемқорлықпен күрестегі маңызды құрал ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл механизмдерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. «Заң мен тәртіп» принципіне негізделген жалпы білім беру жүйесінің дамуы курсанттардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың негізі болып табылады, оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды, эмоционалдық жағдайдан тәуелсіз шешім қабылдау және әрекет ету қабілетін сіңіру арқылы. Осындай форматтағы іс-шараларды өткізу азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде жеке тұлға қалыптасу кезеңіндегі курсанттардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасы мен мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады», - деп атап өтті Академия курсанты Мұрат Жанбаев.Айта кету керек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері оқу семинары өткізіп, тақырыптық бейнероликтер көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/931959
Марат Ахметжанов ауыл аманаты бағдарламасының потенциалды қатысушыларымен кездесті 14.02.2025
Айдабол ауылында Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжанов ауыл аманаты бағдарламасының потенциалды қатысушыларымен кездесті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл кәсіпкерлігін дамытуға қатысты бұйрығына сәйкес, Зеренді ауданында ет- мал шаруашылығы кластері құрылады, оның орталығы – «МБ-4» ЖШС ет комбинаты болады.«Ауыл аманаты бағдарламасы ауыл кәсіпкерлеріне ерекше несие шарттарын ұсынады – 7 жылға 2,5%. Бірақ бұл мемлекет тарапынан сыйлық емес, әр жұмсалған қаражат жіті бақылауда болады. Зеренді ауданындағы ет кластерін дамытуға шамамен 450 млн. теңге бөлінуде, және бұл қаражат барлық тұрғындардың мүддесіне қызмет етуі тиіс. Біздің міндетіміз – сіздерге ветеринарлық қызмет көрсету, азықпен қамтамасыз ету, сондай-ақ логистика мен сату жүйелерін қалыптастыруда көмек көрсету», – деді өңір басшысы.Марат Ахметжанов аудан әкіміне және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшылығына жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды, себебі жауапкершілік айтарлықтай. Оның айтуынша, Айдабол ауыл округінің барлық тұрғындары оң өзгерістерді сезінуі тиіс, ал жергілікті бюджетке түсетін қосымша салық түсімдері маңызды мәселелерді шешуге септігін тигізеді.«МБ-4» ЖШС басшысы Азамат Шалмаганбетов ет комбинатының қуаты қазіргі уақытта жартылай ғана пайдаланылатынын айтты. Кәсіпорын сапалы жергілікті шикізатқа мүдделі әрі малшаруашылыққа ветеринарлық және зоотехникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге дайын. Дұрыс қоректендірілсе, салауатты сиыр ұрпағы күн сайын 600–800 грамм ғана емес, бір килограмнан астам масса жинай алады. Сонымен қатар, ет комбинаты серіктестеріне жоғарырақ сатып алу бағаларын ұсынады.«Біз комбикорм зауытын салуды және боен қалдықтарын қайта өңдеуді ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз – өндірістің жабық цикліне қол жеткізу, ол барлық қатысушыларға максималды пайда әкеледі», – деді кәсіпорын басшысы.Кездесуді қорытындылай келе, өңір басшысы: «Бұл модель болашағы зор, оны дұрыс іске асырып, кейін басқа аудандарға тарату – біздің басты міндетіміз»,- деп атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/931984
Урюпинка ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды 14.02.2025
Ақкөл ауданының Урюпинка ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жаңа Фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) іске қосылды. Бұл медициналық мекеме бес елді мекеннің 1500-ден астам тұрғынына медициналық көмек көрсетеді.Жаңа амбулатория ғимараты заманауи медициналық мекемелерге қойылатын барлық талаптарды ескере отырып жобаланған. Ішінде 10 мамандандырылған кабинет бар: тіркеу бөлімі, ақпараттандыру кабинеті, фельдшер кабинеті, қақырық жинау кабинеті, физиотерапия кабинеті, процедуралық кабинет, стерильдеу бөлмесі, қарау кабинеті, егу кабинеті және қосалқы бөлмелер. Барлық кабинеттер заманауи жиһаздармен және медициналық жабдықтармен, соның ішінде дефибриллятор, ЭКГ-аппарат, небулайзер және стерильді кабинасымен жабдықталған. Сонымен қатар, 4 бірлік компьютерлік техника мен веб-камералар орнатылған.Медициналық бригада құрамында білікті мамандар жұмыс істейді: аға дәрігер, 3 орта медицина қызметкері және 1 әлеуметтік қызметкер, олар ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуге дайын. ФАП заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген және күніне 40 пациентке дейін қабылдай алады.Көлікпен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында амбулаторияға санитарлық көлік бекітілген, бұл науқастарды қажет болған жағдайда жедел жеткізуге мүмкіндік береді.«Медициналық мекеменің ашылуы біз үшін маңызды оқиға. Енді біз аудан орталығына бармай-ақ, осында заманауи медициналық көмек ала аламыз. Біздің қажеттіліктерімізге осылай көңіл бөлінгеніне қатты ризамыз», – деп әсерімен бөлісті Урюпинка ауылының тұрғыны Наталья Ильинична. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/933035
Ақмола облысында егіс науқанына дайындық басталды 14.02.2025
Ақмола облысы – еліміздің ауыл шаруашылығы саласында жетекші орын алатын өңірлердің бірі. Дегенмен, аймақ тәуекелі жоғары егіншілік аймақта орналасқан. Осыған байланысты биылғы егіс науқанына дайындық әдеттегіден ерте басталды. Бұл – ауа райының қолайсыз әсерін азайтып, тұрақты өнім алуға мүмкіндік береді.Облыс әкімі Марат Ахметжанов ең өнімді аудандардың ауыл шаруашылығы өндірушілерімен және басшыларымен аймақтық кеңес өткізді. Сондай-ақ, өңірдегі ірі кәсіпорындарға барып, ауыл шаруашылығы техникасын дайындау, өнім жинау және қайта өңдеу барысымен танысты.«Көктемгі егіс – аса жауапты кезең. Жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін одан әрі арттыруға қатысты нақты міндеттер қойды. Президент өткен жылы ауыл шаруашылығы саласы жақсы көрсеткішке қол жеткізгенімен, көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген несие көлемін ұлғайту қажет екенін атап өтті. Біз әр күнді барынша тиімді пайдалануымыз керек. Бұл – тәуекелдерді төмендетіп, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарты», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.Облыс әкімі шаруаларды қажетті техникамен, жанар-жағармаймен, тыңайтқыштармен және несие құралдарымен толық қамтамасыз ету үшін жұмысты күшейтуге шақырды.«Биыл жеңілдетілген несиені алғаш рет көктемгі егіс басталмай жатып беріп отырмыз. Яғни, науқанға дейін шаруалар толық дайын болуы тиіс. Мемлекет өз тарапынан барлық қолдауды көрсетуде: жеңілдетілген несие, субсидия, арзандатылған жанармай. Ал әкімдер мемлекеттік қолдау алатын шаруашылықтарды өздері барып бақылауы қажет. Басты мақсат – сапалы өнім алу, оны сақтау және өңдеу. Осы процестерге сіздер де мүдделі болуыңыз керек. Өнімділік пен табыс – сіздердің басқарушылық жетістіктеріңіздің бір бөлігі», – деді өңір басшысы.Жеңілдетілген несие беру «Кен Дала» және «Кен Дала 2» бағдарламалары арқылы өткен жылдың желтоқсан айынан басталды. Бүгінде 52,3 млрд теңгеге 329 өтінім түсіп, оның 217-сі мақұлданды.Биыл Ақмола облысында 5,4 млн гектар алқапқа егін егіледі, оның ішінде 4,7 млн гектары – дәнді және бұршақты дақылдарға тиесілі. Егіс жұмыстарына 36,5 мың дана ауыл шаруашылығы техникасы дайындалуда, оның 75%-ы қазірдің өзінде толық дайын. Сонымен қатар, техника паркін жаңарту мақсатында 7% жаңа техника сатып алынады. Марат Ахметжанов дәлме-дәл егіншілік технологияларын, цифрландыруды, ылғал сақтау әдістерін және өсімдіктерді кешенді қорғау шараларын белсенді енгізу қажеттігін айтты.«Барлығын ауа райына жауып қоюға болмайды. Агротехнологияларды қатаң сақтау ғана тұрақты өнім алуға және саланың рентабельділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп тілге тиек етті өңір басшысы.Биыл облыста алғаш рет Агрономиялық кеңес құрылды. Оның негізгі міндеті – тұқым сапасын бақылау және агротехнологиялардың сақталуын қамтамасыз ету.Облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан кеңес барысында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бюджетке төлейтін салық көлемі алған субсидиясынан бір жарым есе аз екенін атап өтті. Бұл – мемлекеттің агросектордың ерекшелігін ескеріп, арнайы салық режимін енгізгенінің дәлелі. Мұндай жеңілдік басқа экономикалық салаларда жоқ.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 1 наурызға дейін егіс алқаптарының құрылымын толық айқындап, майлы және мал азығы дақылдарының үлесін арттыру міндеті қойылды. Ал 1 сәуірге дейін зертханалық жағдайда тұқым сапасын толық талдап, ауыл шаруашылығы техникасының дайындығын аяқтау қажет.Облыс әкімі аудан әкімдеріне шаруалармен тығыз байланыс орнатып, нақты көмек көрсетуді және бөлінген несиелерді игеру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.«Көктемнің әр күні – бір жылдық азық. Біз қателікке жол бере алмаймыз. Сондықтан әр жауапты тұлға барынша ұқыптылық пен жеделдік танытып, қойылған міндеттерді толық орындауы қажет», – деп түйіндеді Марат Ахметжанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/933257
Қажымұқан Мұңайтпасұлы ескерткіші енді кешкі уақытта айқын көрінеді 14.02.2025
Целиноград ауданында көше жарығын орнату жұмыстары жалғасуда. Қажымұқан ауылында әйгілі қазақ палуаны, цирк әртісі, кәсіпқойлар арасындағы классикалық күрестен бірнеше дүркін әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлының ескерткіші орналасқан аумақ жарықтандырылды.«КИПЭСТ» ЖШС қызметкерлерінің күшімен төрт жарық бағаны орнатылды. Жұмыстар демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылды. Енді ескерткіш кешкі уақытта бұрынғыдан да айқын көрініп, айналасындағы аумақ тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз әрі жайлы бола түсті.Ауыл тұрғындары абаттандыру жұмыстарына қосқан үлесі үшін аудан басшылығына шынайы алғыстарын білдірді. Олардың айтуынша, жарықтандыру тек ескерткіштің көркін арттырып қана қоймай, ұлы спортшының ерлігін еске алуға мүмкіндік беретін ерекше атмосфера қалыптастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/933502
Облыс әкімі Марат Ахметжанов ақмолалық шорт-трекшілерді IX қысқы Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алуымен құттықтады 14.02.2025
«Барша ақмолалықтардың атынан Никиша Денисті, Хан Янаны, Жақсыбаев Мерсаидті және Тихонова Ольганы (Қытай) қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарындағы күміс жүлдесімен құттықтаймын!Сіздер шорт-тректен 2000 метрлік аралас эстафетада жоғары шеберлік танытып, күміс жүлдеге қол жеткіздіңіздер.Бұл жетістік бапкерлеріңіздің сенімін ақтап, жанкүйерлеріңізді қуантты, сондай-ақ аймақ спортшыларының жоғары деңгейде дайындалғанын тағы бір мәрте дәлелдеді.Алдағы жарыстарда жеңістеріңіз көбейіп, денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз аман, табыстарыңыз мол болсын!» – делінген құттықтауда.Еске сала кетейік, бүгін Харбин (Қытай) қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында ақмолалық шорт-трекшілер 2000 метрлік аралас эстафетада ел қоржынына алғашқы жүлдені – күміс медальді сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/934217
Олжас Бектенов Қосшының бас жоспарымен және көпсалалы жаңа аурухананың құрылысымен танысты 14.02.2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Қосшы қаласын дамытудың бас жоспарымен танысып, өңірде әлеуметтік инфрақұрылым құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Премьер-министрді өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етті.Қазіргі уақытта қалада ресми түрде 59 мыңға жуық адам тұрады, бұл ретте бағалау деректері бойынша тұрғындардың нақты саны 100 мыңнан астам адамды құрайды. 30 мың тұрғынға есептелген инженерлік желілерге айтарлықтай үлкен жүктеме түсуде. Болжам бойынша, халық саны 2038 жылға қарай 150 мыңға дейін өседі.Жаңа бас жоспар аумақты кеңейтуді, жаңартылған қызмет көрсету аймақтарына бөлуді, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейді. Қосшы әкімі Азамат Қапышев Үкімет басшысына қаланың тұрғын үй қорын кеңейту, жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар ашу, сауықтыру аймақтарын дамыту және тағы басқа да жоспарланған шаралар туралы баяндады.Жаңа көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына 360 гектардан астам, жеке тұрғын үй құрылысына 900 гектардан астам жер телімі бөлінген. Сондай-ақ 2038 жылға дейін 31 балабақша, 16 жалпы орта мектеп, облыстық аурухана және 7 емхана салу жоспарланып отыр. Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және қосымша қуаттарды құру мақсатында жаңа қазандық, қосалқы электр стансасы мен ЭБЖ, сумен жабдықтау, тазарту құрылыстары және басқа да нысандар салу көзделген. 2024 жылы «Сары-Арқа» магистралды газ құбыры арқылы қаланы көгілдір отынмен қамту жұмыстары басталып, 2026 жылы аяқталады. Бұдан басқа, өндірістік және коммуналдық кәсіпорындарға арналған алаңдар салынады. Өнеркәсіпті дамыту және қаланың солтүстік-батыс бөлігінде жаңа жұмыс орындарын құру үшін жалпы ауданы 264 га индустриялық аймақ ашу көзделген. Елордаға апаратын жол салу жоспарлануда.Сонымен қатар саябақтар мен жаяу жүргіншілерге арналған гүлзарларды абаттандыру, ойын және спорт нысандары бар балалардың ойын-сауық және демалыс саябағын ашу жоспарланған. Жасыл желектер отырғызуға бөлінген жалпы аумақ 132,5 гектарды құрайды. Әкімшілік ғимараттар, орталық стадион, мұз сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, мәдениет үйлері, жаңа неке сарайы, оқушылар сарайы, театр, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін салу үшін аумақтар қарастырылған.Күрделі мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, Премьер-министр жаңа өрт сөндіру депосы құрылысының барысымен танысты. 4 жылдан кейін жұмыстың тек 60%-ы аяқталған. Алайда, мердігер ұйым қаржыландырудың жеткіліксіз екені туралы хабарлаған. Шарт бойынша заманауи қондырғылармен жабдықталған нысан құрылысына 1,2 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Олжас Бектенов қосымша қаржы қарастырылмайтынын, қаражат тек ЖСҚ-ға енгізілген сома шегінде бөлінетінін баса айтты. Премьер-министр мердігерлік ұйымнан жақын арада жұмыстарды аяқтауды талап етті, орындалмаған жағдайда шарт бұзылады.Сондай-ақ 537 үлескердің, оның ішінде «Сирень бағы» тұрғын үй кешенінің көпжылдық мәселесін шешу туралы баяндалды. Жаңа мердігер қала күніне орай 106 тұрғынға баспана кілті табысталады деп уәде беріп отыр, тағы 209 отбасы жақын арада көптен күткен жаңа үйлеріне қоныстанады. Өз кезегінде, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тиісті заңнаманы жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Жұмыс сапары барысында Қосшыдағы көпсалалы аурухана құрылысына барған Олжас Бектенов өңірде тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді. 350 орындық стационары және бір ауысымда 1 мың келушіге дейін қабылдай алатын емханасы бар медициналық мекеме қала және Ақмола облысының астана маңындағы жеті ауданы тұрғындарына қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда Қосшы тұрғындарына мемлекеттік және жеке емханаларда ауысымына 250 келушіге дейін медициналық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар соңғы 2 жылда тіркелген халық саны 24 мыңнан 42 мың адамға дейін өсті. Көпсалалы аурухананың құрылысы орын тапшылығы мәселесін шешеді. Мұнда хирургия, травматология, кардиохирургия, нейрохирургия, онкология, химиотерапия және басқа да бөлімшелер жұмыс істейді. Бұдан басқа, аумақта медицина қызметкерлеріне арналған екі көппәтерлі тұрғын үй және қала сыртынан келетін науқастарды орналастыру үшін пансионат құрылысы қарастырылған.Нысан Viamedis компаниясының жеке инвестициясы есебінен 28 млрд теңгеден астам сомаға салынуда. Оның 9 млрд теңгеден астамы аурухананы Siemens неміс компаниясының заманауи медициналық жабдықтарымен қамтамасыз етуге жұмсалады деп жоспарланып отыр. Премьер-министрге «Viamedis» ЖШС бас директоры Әсет Ахметов құрылыс-монтаждау жұмыстары мерзімінен бұрын жүргізіліп жатқанын баяндады. Жұмысқа барлығы 200-ге жуық адам жұмылдырылған, құрылыс материалдары негізінен отандық өндірушілерден сатып алынады. Емхана осы жылдың соңына дейін, стационар 2026 жылы ашылады деп жоспарланған. Медициналық жаңа мекеменің іске қосылуы 956 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында азаматтардың тұрмыс сапасына әсер ететін барлық мәселелерге назар аударуды тапсырды. Үкімет әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/934222
Ақмолалық спортшы Константин Борцов IX қысқы Азия ойындарында спринтерлік жарыста күміс жүлдеге ие болды 14.02.2025
Ақмола облысының спортшысы Константин Борцов қысқы Азия ойындарындағы спринтерлік жарыста ел құрамасының қоржынына тағы бір медаль салды.«Жерлесіміз Константин Борцовты Азия ойындарының күміс жүлдесімен құттықтаймыз!Шаңғы жарысының ең тартысты сайыстарының бірі – классикалық спринтте біздің спортшымыз табысты өнер көрсетіп, қызу бәсекеде екінші орынға ие болды!Бүгінгі таңда бұл – біздің спортшылар жеңіп алған екінші медаль. Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз. Сіздер – Ақмола облысының мақтанышысыздар!» – деп атап өтті Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.Еске сала кетейік, Харбин (Қытай) қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында ақмолалық шорт-трекшілер – Денис Никиша, Хан Яна, Мерсаид Жақсыбаев және Ольга Тихонова 2000 метрлік аралас эстафетада күміс жүлдеге ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/934260