Enbekshi QazaQ

Бизнес

Қарағандыда суретші Вениамин Шамшиннің жеке көрмесі өтеді 01.02.2025
Қарағандыда суретші Вениамин Шамшиннің жеке көрмесі ашылады. Экспозицияда оның жұбайының жеке коллекциясынан суреттер ұсынылады.Вениамин Шамшин – 50-ші жылдардан бері Қарағандыда өмір сүрген суретші. Ол социалистік реализм жанрында сурет салған. Оның портфолиосында композициялар, портреттер мен тұрмыстық сюжеттер бар.Олардың ішінен көрмені ұйымдастырушылар замандастарының әдеттегі портреттерін қызықты деп санайды.– Вениамин Шамшиннің үлкен жеке көрмесін ұйымдастыру – оның жұбайының арманы болатын. Көзі тірісінде ол өте белсенді болған, көрмелері жиі ұйымдастырылып тұратын, бірақ ол қайтыс болғаннан кейін 2004 жылы ауқымды экспозициялар болған жоқ. Біз суретшінің жесірімен кездесіп, көрме алдындағы жұмыстарды тамашаладық. Әрине, олардың барлығы жоғары бағаланатын дүниелер, – деді көрме өтетін «Алтын ғасыр» галереясының жетекшісі Бибігүл Исполова.Кәсіби көрермен үшін Вениамин Шамшиннің жұмыстары портрет өнері бойынша тамаша оқу материалы болады. Басқалары үшін бұл экспозиция – классикалық бейнелеу өнерін түсінуді кеңейтуге мүмкіндік береді.Көрме 1–13 ақпан аралығында Комиссаров көшесі, 35а мекен-жайы бойынша «Алтын ғасыр» галереясында өтеді. Кіру тегін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/927758
Қарағандыда болашақ мемлекеттік қызметкерлерді даярлайтын жастар клубы жұмыс істей бастады 01.02.2025
Мемлекеттік қызметке түсуге ниет білдірген қарағандылық студенттерге бейресми жағдайда мемлекеттік басқару, әкімшілендіру және медиа сауаттылық негіздері оқытылады. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында «Елге қызмет» жастар клубы ашылды.Қатысушылар мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге ниет білдірген қарағандылық ЖОО-ның белсенді студенттері қатарынан іріктелді. Клубта мемлекеттік басқару және әкімшілік, заңнама, экология және т.б. бағыттар бойынша бірнеше топ құрылды. Әр бағыт бойынша арнайы дәрістер мен семинарлар өткізілетін болады. Сондай-ақ, клубта барлық қатысушылар оқып-үйренуі тиіс жалпы пәндер қарастырылған, олар – медиа сауаттылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, тұлғаны дамыту, мемлекеттік басқару негіздері және т. б.Сабақтар әр жұма сайын өткізіледі. Бір курс алты айға есептелген.– Біз жастар үшін бейресми, жайлы жағдай жасағымыз келеді. Былайша айтқанда - шенеуніктік тәсілсіз. Себебі мемлекеттік мекемелердегі көпшілікті дәл осы жайт қорқытады. Біз, керісінше, клуб мүшелерімен шай ішіп, әркімге өз пікірін білдіруге, идеяларды талқылауға мүмкіндік бере аламыз, – дейді клуб жетекшісі Ернар Рақышев.Қазір клуб мүшелерінің алғашқы тобын жинақтау аяқталуға жақын. Екінші лектің басталу күні - осы жылдың қыркүйек айы. Клубқа қатысуға өтінімді WhatsApp +7-771-527- 06-27 нөміріне немесе Instagram @elgeqyzmet _ jastary жеке хабарламаларына жазу арқылы беруге болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/927838
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің Қазақстандағы Пәкістан Ислам Республикасының Елшісімен кездесуі өтті 01.02.2025
Астанада Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Науман Башир Бхаттимен кездесті.Кездесу барысында тараптар көлік және логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, соның ішінде теміржол және автомобиль қатынасын дамыту, сондай-ақ жүк тасымалы көлемін ұлғайту перспективаларын талқылады. Екі ел арасындағы көлік дәліздерін кеңейту және транзиттік маршруттарды жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның (ҮАК) кезекті отырысын өткізуге дайындық мәселесі қарастырылды. Қазақстан тарапы іс-шараны екі жаққа қолайлы мерзімде өткізуді қолдайтынын және отырыстың күн тәртібін талқылауға дайын екенін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға және көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екендіктерін растады, бұл Қазақстан мен Пәкістан арасындағы экономикалық қатынастардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/927372
21 учаске бойынша аукционның жазылу бонусы 20 млрд теңгеден астам соманы құрады 01.02.2025
Бүгін «minerals.e-qazyna.kz» Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы қатты пайдалы қазбалар қоры бар жер қойнауының 24 учаскесі бойынша электрондық аукцион өтті.Аукционға барлығы 50-ден астам компания қатысты. Қол қою бонусының жалпы сомасы 20 млрд 69 млн теңге құрайды.Аукционға шығарылған 3 учаске бойынша өтінімдердің болмауына байланысты аукцион өткізілмеді. Осы учаскелер бойынша аукцион қайта жарияланатынын хабарлаймыз.Қол қою бонусының расталған мөлшері қорытындылар хаттамасына қол қойылған сәттен бастап 20 жұмыс күні ішінде төленуге тиіс. Жеңімпаз қол қою бонусының түпкілікті мөлшерін төлемеген жағдайда, қатысушы растаған қол қою бонусын төлеу жөніндегі басымдық пен міндеттемелер қол қою бонусының ең үлкен мөлшерін ұсынған келесі аукцион қатысушысына ауысады.Жер қойнауын пайдаланушылар үшін өңірлерді әлеуметтік-экономикалық қолдау, жоғары қосылған құны жоғары өнім алу (көмір химиясы), Қазақстанда қайта өңдеу кәсіпорындарын салу және т.б. секілді қосымша міндеттемелер белгіленгенін айта кеткен жөн. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/927303
Олжас Бектенов: Үкімет Президенттің экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын іске асырады 01.02.2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының биылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.Премьер-министрдің орынбасарлары, министрлер мен бірқатар ұйым басшылығы экономика салаларының өсуін қамтамасыз ету, инвесторлар үшін заңнамалық жағдайларды жетілдіру, сирек жер металдары өндірісін дамыту, ядролық кластер құру, жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, жол және көлік-логистикалық, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, «Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект енгізу, білім беру және медициналық қызметтер сапасын одан әрі арттыру жөніндегі жоспарлар туралы баяндады.Премьер-министр алдағы кезеңдегі жұмыстың басты бағыты азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған экономиканың өсуін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Үкімет барлық бағыт бойынша жедел шешімдер қабылдап, Президент тапсырмаларының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етеді.«Біз инвестицияларды тарту, салық-бюджет саясатын және жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, еліміздің бәсекелестік артықшылықтарын күшейту, іскерлік ахуалды жақсарту, инфрақұрылымдық және энергетикалық даму, цифрландырудың тұтас жүйесін және халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қайта қарау бағытында белсенді жұмыс істеуіміз керек. Ол үшін Үкіметте өкілеттіктер жеткілікті. Министрлер мен әкімдер жедел шешімдер қабылдауға және қойылған міндеттерді іске асыруға толық жауапты болуға тиіс. Мемлекет басшысы кеше айтқан әрбір бағыт бойынша нақты нәтиже, орталықта да, жергілікті жерлерде де әрбір басшының тиімді жұмысы қажет. Инвесторлардың нақты мәселелерін шешумен айналысып, әуре-сарсаңға салмай, керісінше – кәсіпкерлердің келуіне, дамуына, зауыттар, кәсіпорындар, өндірістер салуына көмектесу керек. Әрбір басшы мұны өз жұмысының басты қағидаты деп білуі тиіс. Тек нақты жұмыс қажет. Ескі, бюрократиялық жұмыс әдістерін, формализмді қолдана отырып, жаңа жағдайларда оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы орындауға көңіл бөлуді, басы артық қазағазбастылықсыз және көпке созбай батыл шаралар қабылдауды тапсырамын. Біздің бәрімізден нақты нәтиже күтіп отыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Премьер-министр бюджеттік тәртіпті қатаң нығайтуға және мемлекеттік бюджетті басым бағыттар бойынша теңгерімді бөлуге баса назар аудара отырып, жұмыстың бірінші кезектегі бірқатар бағытына назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/927259
5 266 зейнеткер тегін жол жүру карталарын алды 01.02.2025
Көкшетау қаласының әкімдігі зейнеткерлік жастағы адамдарға анықтамалар беру бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.Еске сала кетейік, 2025 жылдың қаңтар айынан бастап Көкшетау қаласының зейнеткерлері қала ішіндегі қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігін алды. Бұл жоба зейнеткерлерге қажетті орындарға, медициналық мекемелерге, дүкендерге немесе әлеуметтік мекемелерге оңай және тегін баруға мүмкіндік береді.Жыл басынан бері 10 847 анықтама берілді, оның ішінде 5 266 зейнеткер «Көкше Bus Tөlem» жүйесінде өз карталарын алып, тегін жол жүру құқығын пайдалана алады.Әлеуметтік қызметкерлер мен қалалық еріктілер ұйымдастырған көшпелі іс-шаралардың маңызы зор. Олар зейнеткерлік жастағы адамдардың кең ауқымын қамтиды, бұл анықтамалар мен жол жүру карталарын мұқтаж адамдарға тиімді және жедел түрде беруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер 27 зейнеткерге анықтама алуына көмек көрсетті.«Бүгін тегін жол жүру картасы үшін анықтама алуға келдім. Бізге осындай қолдау көрсетіп жатқандығына қуаныштымын. Әкімдікке осындай бастамасы үшін алғыс айтамын» – деп атап өтті Көкшетау қаласының тұрғыны.Кеңес алу үшін 8 716 2 29-81-00, 8 716 2 29 81 08 нөмірлеріне хабарласа аласыздар немесе Шалқар көшесі 9 А, операциялық зал, 1, 2, 3 терезелеріне жүгінуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/927291
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТАБИҒИ ШЫРЫН ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 01.02.2025
Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округінде орналасқан «Қазығұрт бақтары» өндірістік кооперативі табиғи шырын дайындайтын цехты іске қосуда. Цех қуаттылығы тәулігіне 1 тонна шикі өнімді өндіруге қауқарлы. Жоба құны – 682 412 500 теңге. Кәсіпкер жеміс өнімдерін сақтайтын 500 тонналық қойма құрылысын өз қаржысы есебінен аяқтауға жақын. Цех іск қосылғанда алма, шие, қара өрік шырынын дайындауды жоспарлап отыр.Өндірістік кооператив иелігіндегі 138 гектар аумақтың 110 гектарына 300 мыңға жуық қарқынды алма бауын еккен. Тамшылатып суару жүйесі арқылы өсірілген «Гренни Смит», «Айдаред», «Голден делишес», «Гала» сортты алмаларын еліміздің барлық өңірлерімен қатар, алыс-жақын шетелге экспорттайды.Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Амантайұлы цехтың құрылысы, өндірістік кооператив жұмысымен танысты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/926911
Олжас Бектенов: Үкімет Президенттің экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын іске асырады 01.02.2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының биылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.Премьер-министрдің орынбасарлары, министрлер мен бірқатар ұйым басшылығы экономика салаларының өсуін қамтамасыз ету, инвесторлар үшін заңнамалық жағдайларды жетілдіру, сирек жер металдары өндірісін дамыту, ядролық кластер құру, жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, жол және көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, «Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект енгізу, білім беру және медициналық қызметтер сапасын одан әрі арттыру жөніндегі жоспарлар туралы баяндады.Премьер-министр алдағы кезеңдегі жұмыстың басты бағыты азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған экономиканың өсуін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Үкімет барлық бағыт бойынша жедел шешімдер қабылдап, Президент тапсырмаларының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етеді.«Біз инвестициялар тарту, салық-бюджет саясатын және жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, еліміздің бәсекелестік артықшылықтарын күшейту, іскерлік ахуалды жақсарту, инженерлік инфрақұрылымдық және энергетикалық даму, цифрландырудың тұтас жүйесін құру және халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қайта қарау бағытында белсенді жұмыс атқаруға тиіспіз.Ол үшін Үкіметте өкілеттіктер жеткілікті. Министрлер мен әкімдер жауапты шешімдер қабылдап, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға толық жауапты болуы тиіс.Мемлекет басшысы кеше айтқан әрбір бағыт бойынша нақты нәтиже және әрбір басшының жұмысының тиімділігі – орталықта да, жергілікті жерлерде де қажет. Инвесторлардың нақты мәселелерін шешумен айналысу керек, әуре-сарсаңға салмау керек, керісінше – кәсіпкерлердің келуіне, дамуына, зауыт, кәсіпорын, өндіріс салуына көмектесу керек. Әрбір басшы мұны өз жұмысының басты қағидаты деп білуі тиіс. Тек нақты жұмыс қажет.Ескі, бюрократиялық жұмыс әдістерін, формализмді қолдана отырып, жаңа жағдайларда оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.Мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы орындауға көңіл бөлуді, басы артық қазағазбастылықсыз және көпке созбай батыл шаралар қабылдауды тапсырамын. Біздің бәрімізден нақты нәтиже күтіп отыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Премьер-министр бюджеттік тәртіпті қатаң нығайтуға және мемлекеттік бюджетті басым бағыттар бойынша теңгерімді бөлуге баса назар аудара отырып, жұмыстың бірінші кезектегі бірқатар бағытына назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/926912
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ТАСЫМАЛЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЮ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ 01.02.2025
Түркістан облысында мұнай өнімдерінің заңсыз тасымалына қарсы күрес күшейтілді. Облыс аумағында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында 2024 жылдың өзінде мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 567 фактісі анықталып, 32 370 литр дизель отыны мен 6008 литр бензин тәркіленді. Мемлекетке келтірілген шығынды өтеу мақсатында 46 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.Аталған жұмыстар Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Роман Склярдың тапсырмасы негізінде жүзеге асырылып отыр.Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Әбдізақованың айтуынша, Түркістан облысының әкімдігі жанынан құрылған арнайы жұмысшы топ көлеңкелі нарыққа тосқауыл қою мақсатында жүйелі түрде тексеру жүргізуде. Оның құрамына кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, полиция департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті, қаржы мониторингі агенттігі, көлік инспекциясы, табиғи монополияларды реттеу комитеті және жергілікті атқарушы органдар кіреді.Басты мақсат – мұнай өнімдерінің жасанды тапшылығын болдырмау, алыпсатарлыққа жол бермеу және заңсыз тасымалдың алдын алу.Қазіргі таңда Түркістан облысында 380 жанармай құю бекеті және 9 мұнай базасы заңды негізде жұмыс істеп тұр. АИ-92, АИ-95 және дизель отыны еркін сатылуда, және өңірде мұнай өнімдеріне тапшылық тіркелген жоқ.Түркістан облысының әкімдігі заңсыз жанар-жағармай тасымалын болдырмау мақсатында бақылауды күшейтіп, тиісті шараларды жалғастыра беретін болады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/926915
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ 6 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫҢ АСҚАЗАНЫНАН 1 КЕЛІ ШАШ АЛЫП ШЫҚТЫ 01.02.2025
Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 6 жасар қыз баланың асқазанына күрделі ота жасады. Асқазанда өте үлкен мөлшердегі бөгде заттар анықталған пациент шұғыл түрде Түркістан каласынан Облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Сол мезетте асқазанға ЭФГДС процедурасын жасау арқылы бөгде зат анықталып, күрделі ота жасалды. Ота кезінде дәрігерлер бүлдіршіннің асқазанынан ұйысып қалған бір уыс шаш алып шықты. Асқазаннан шыққан шаштың салмағы бір келіге жуық. Ота сәтті өтіп, емделуші бір күннен кейін палатаға ауыстырылды. Бір аптаға жуық ауруханада ем алған қыз баланың жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды.Анасының айтуынша, баланың аурғанына 1 ай болған. Ол асқазан аймағының ауырсынуына, әлсіздікке, тәбетінің болмауына, салмағының төмендеуіне шағымданған.«Отаның ұзақтығы бір сағатқа созылды. Ота өте сәтті өтті. Жалпы мұндай жағдайлар баланың қараусыз қалғанынан болады. Кішкентай балалар түрлі заттарды аузына салып, салдарынан ішке зиянды заттар жиналады. Бұл жағдай баланың өмірі үшін қауіпті болғандықтан, ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауларын ескертеміз. Түркістан облыстық балалар ауруханасында хирургиялық көмектер тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында көрсетіледі» деді Облыстық балалар ауруханасының балалар хирургі Мұқағали Темірбеков.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/927263
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК БАЛАЛАР ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНА БАРДЫ 01.02.2025
Төлеби ауданындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері «Тау самалы» демалыс аймағына саяхатқа барды.Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың ұйымдастыруымен «Таудағы бір күн» тақырыбымен өткен саяхатта балалар аспалы жолмен таудың биік нүктесіне шықты. Демалыс орнын жоғарыдан тамашалап, тюбингпен, шанамен сырғанады.Өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуді мақсат еткен саяхатқа жалпы 54 бала барған.Шара барысында балаларға «Шымкент цирк» мекемесі тау баурайына арнайы келіп, өнер көрсетті. Жастар ресурстық орталығының мамандары балалар арасында түрлі жарыстар ұйымдастырып, жеңімпаздарды құнды сыйлықтармен марапаттады.Айта кетсек, тауға саяхат дәстүрі жыл көлемінде жалғасын табады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/927264
ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ТҰҢҒЫШ РЕТ «КӨСЕМ» ДРАМАСЫ САХНАЛАНДЫ 01.02.2025
Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Қонаевтың туғанына – 113 жыл.Сайрам аудандық Қазақ халық театры қоғам қайраткерінің құрметіне «Көсем» атты психологиялық мұңды драмасын сахналады. Бұл тақырыптағы пьеса тұңғыш рет қойылып отыр.Қойылымды тамашалауға аудан әкімі Арман Сәбитов, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.Оқиға өткен ғасырдың 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен елін әділ басқарған Дінмұхамед Қонаев төңірегінде өрбиді. Сахнада сол кезде Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Ахметұлы себепсіз жұмыстан алынуы, Мәскеуден оған жасалған қысым мен жастардың азапталуы көңіл толқытады. Саяси көзқарасы мен сол кездегі «лениндік» саясатты бетке ұстап, қарсылығын білдірген жастар дара қайраткерін барынша қорғайды. Елдік мүддені биікке көтереді.Осынау қойылымды деректерге сүйеніп, көркемдеген автор — халықаралық Жамбыл сыйлығының иегері, доцент, Сайрам ауданының Құрметті азаматы Болаттемір Алтаев. Ал режиссері Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иесі Әскер Құлданов.Қойылым соңында театр ұжымына аудан әкімінің Арман Сәбитовтің және «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Түркістан облысы, Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» Шәріпбек Жамалбековтің, Халықаралық Д.А.Қонаев қорының вице-президенті Сайрам ауданының «Құрметті азаматы» Шатырхан Керімбековтің ықылас гүлі табысталды. Олар сахна төрінде шығармашылық топпен арнайы кездесіп, театр ұжымының өнерін жоғары бағалады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/927265
ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ АМЕРИКАЛЫҚ ИНВЕСТОРМЕН БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІРЕГЕЙ ЖОБАНЫ ТАЛҚЫЛАДЫ 01.02.2025
Бүгін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Америка Құрама Штаттарынан арнайы келген инвестормен кездесіп, білім саласын дамытуға арналған бірегей жобаны талқылады. Қазақстанның тумасы Даяна Музан Түркістан облысында қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын балабақша мен мектеп ашу бойынша әлеуметтік жобасын таныстырды. Жекеменшік білім ұясы қазақ тілін терең меңгеріп, шет тілдерін үйрететін, спорт пен музыкаға баурайтын бірегей жоба болмақ.Пилоттық жоба батыстың еуропалық білім беру стандарттарын сақтай отырып, білім сапасын арттыруға бағытталған. АҚШ азаматшасы оқушыларға жайлы, арнайы қалашығы бар мектепке жергілікті педагогтарды жұмысқа тартпақ. Келіссөздер барысында облыс әкімі бірегей жобаның жүзеге асуына жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты.– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Үкімет жұмысының басты бағыттарын айқындады. Оның ішінде білім беру саласын дамыту, инвестиция тарту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Жүйелі негізде біз әртүрлі елдердің инвесторларымен кездесеміз. Өңірде білім сапасын арттыруға басымдық берілген. Біз, өз тарапымыздан бұл бағыттағы жұмыстарды бюрократиясыз, қысқа мерзімде шешуге бар күшімізді саламыз, – деді Нұралхан Көшеров.Облыс әкімі білім ошағының құрылысын жүргізетін аймақты таңдаған кезде халықтың тығыздығын, инженерлік желілер мен инфрақұрылымға қосылу мүмкіндігін ескеру қажеттігін атап өтті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/927283
ТҮРКІСТАН: КОРЕЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЕНДІРМЕК 01.02.2025
Түркістан облысы озық ауыл шаруашылығы технологиялары мен халықаралық ынтымақтастықтың орталығына айнала отырып, агроөнеркәсіптік секторға инвестициялар тартуды жалғастыруда. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров Корея елінен арнайы келген бір топ инвесторлармен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар бірқатар маңызды жобаларды жан-жақты талқылады.Кәсіпкерлер құрама жем өндірісін дамытуға, ірі қара мал өсіруге және озық корей технологияларын қолдана отырып күріш өсіруге бағытталған ауқымды инвестициялық жобаларды іске қосудың жоспарларын таныстырды. Жобаны іске асыру өңірдің ауыл шаруашылығы әлеуетін нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және аграрлық секторға заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.Ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңыздылығын ерекше атап өткен өңір басшысы Түркістан облысының ерекше климаттық жағдайына тоқталып, ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылатын жобалар туралы жоспарларымен бөлісті. Әкім халықаралық агроөнеркәсіп саласындағы мамандандырылған компаниямен екі жақты іскерлік қарым-қатынасты орнатуға ниетті екенін жеткізді.– Бірлескен жобаларды облысымыздың оңтүстік өңірінде жүзеге асыруға болады. Ондағы бірнеше ауданның өзінде 1 миллионнан астам халық тұрады. Жұмыс күші жеткілікті. Қалдықсыз өндіріске қажетті өнімдермен өзіміздің шаруалар қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар бірегей технологиялық әдістермен жергілікті диқандармен тәжірибе алмасуға шақырамын. Біздің өңірдің халқы өте еңбекқор, жаңашылдықты жақсы қабылдайды, - деді Нұралхан Көшеров.Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығын әртараптандыру, су үнемдеу технологиялары мен жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану жұмысы қарқынды жүруде. Өңір экономикасының маңызды саласы ауыл шаруашылығында өнім көлемі былтыр 1 трлн теңгеден асып, өндірілген өнім бойынша елімізде көш бастады. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 896 мың гектарға егіледі.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/927288
Қарағанды облысының 75 жастағы пауэрлифтері Норвегияда өтетін әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғауға дайындалуда 01.02.2025
Дәрібай Оспанов – пауэрлифтингтен төрт дүркін әлем чемпионы. 75 жастағы спортшы жазда Норвегияда өтетін кезекті әлем чемпионатына дайындалуда.Ақсақал Шет ауданының Ағадыр кентінде тұрады. Пауэрлифтингпен ол 19 жыл бұрын 56 жасында айналыса бастаған.– Жас кезімде мен де спортпен – волейболмен айналыстым. Менде 1-ші разряд бар. Сонымен қатар теннис ойнағанмын, самбомен айналыстым, бірақ бұл жай ғана әуесқойлық еді. Ал кәсіби спортпен 56 жасымда ғана айналыса бастадым, – дейді ақсақал.Алдымен Дәрібай Оспанов өз үйінде жаттыққан. Кенттегі кішігірім спорт залы пауэрлифтингпен айналысуға келмейтін. Алайда, уақыт өте келе спортшы мәселені өз қолына алуды шешкен.– Біз жатып гір көтеру және басқа да жаттығуларға арналған құралдармен жабдықталған зал құруды шештік. Спорттық жабдықтар металл сынықтарынан жиналды. Осылай, ақырындап, бәрін істедік, – дейді пауэрлифтер. – Қазір де кейбір құрылғыларды өзіміз жасаймыз. Залымыз кішігірім, жабдықталуы да 100% емес, сондықтан кейбір нәрсені өзіміз жасауға тура келеді.2024 жылы әлем чемпионатындағы кезекті жеңісі үшін Дәрібай Оспанов Қасым-Жомарт Тоқаевтан сыйлыққа HS Power жиынтығын алды, ол арнайы орындық пен 450 кг арналған штангадан тұрады.Қазір ауылдың спорт залында пауэрлифтер ұлымен бірге 9 және одан жоғары жастағы балаларды тегін жаттықтыруда. Олардың арасында төрт халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бірнеше спорт шебері, Қазақстан мен Азия чемпиондары бар.Бапкерлік қызметтен басқа, ақсақал қажырлы жаттығуларын да жалғастырады. Наурызда оны іріктеу чемпионаты күтіп тұр, онда жеңіске жетсе, Драммен қаласында (Норвегия) өтетін әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болады.– Біз ол сайысқа баламызбен бірге қатысуды жоспарлап отырмыз. Ол пауэрлифтингтен бес дүркін әлем чемпионы. Әрине, мұның бәрі қымбат. Пауэрлифтингті олимпиадалық спорт түрлері сияқты қолдап отырса екен дейміз, – дейді Дәрібай Оспанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/926432
Ғылым мен өндірістің байланысы: Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ автоөнеркәсіп кәсіпорнымен стратегиялық серіктестіктің басталғаны туралы мәлімдеді 01.02.2025
Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті автобустар мен арнайы техника шығаратын QazTehna компаниясымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы уағдаласты. Стратегиялық әріптестік ғылым, білім және өнеркәсіп байланысын күшейтуге бағытталған. Бұл өңірдің кадрлық әлеуетін дамытуға ықпал етуі тиіс."Келісім аясында "QazTehna" ЖШС зауытының базасында университет филиалын ашу жоспарлануда. Бөлімше ғылыми-практикалық жұмыстарды іске асыру, өндірістің техникалық тапсырмалары бойынша жобаларды орындау және инженер-конструкторлар мен инженер-технологтар сияқты жоғары білікті мамандарды даярлау алаңына айналады", – делінген ЖОО хабарламасында.Ынтымақтастық даярлықтың барлық деңгейлерін – бакалавриатты, магистратураны және докторантураны қамтиды. Студенттер мен оқытушылар пәнаралық жобаларға қатысу мүмкіндігіне ие болады.Университетте сондай-ақ студенттер мен магистранттардың қатысуымен жолаушылар автобусының прототипін жасау жобасы талқыланды. Үлгіні таңдай отырып, материалдарды іріктеуден, бөлшектерді құюдан бастап толық құрастыруға дейінгі барлық процестермен айналысатын команда анықталады деп болжануда.Университет қызметкерлері зауытта болып, өндіріспен танысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/926433
Суретшілер арасында республикалық шығармашылық байқауға өтінімдер қабылдау жүріп жатыр 01.02.2025
Қазақстанда кәсіби суретшілер арасында «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты республикалық шығармашылық байқауға өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған байқаудың мақсаты – ұлттық құндылықтар мен мәдени нысандарды дәріптеу, отандық суретшілердің шығармашылығын қолдау және қоғамдағы патриоттық рух пен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру.Байқауға қазақ халқының дәстүрлі мәдени құндылықтары тақырыбында пейзаж, натюрморт және сюжеттік картина жанрында жұмыстарын ұсынған кәсіби суретшілер қатыса алады.Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 24 ақпанына дейін жалғасады.Марапаттау рәсімі және іріктелген туындылар көрмесінің ашылуы 2025 жылдың 12 наурызында өтеді.Барлық қосымша сұрақтар бойынша (8-7172) 919-035, 919-036 (ішкі: 366, 643) телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/926455
Мопедпен – тек ереже бойынша: 5 сәуірден бастап олардың жүргізушілеріне қойылатын жаңа талаптар күшіне енеді 01.02.2025
2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтерді механикалық көлік құралдарына теңестіретін Қазақстан Республикасының заңнамасына түзетулер күшіне енеді. Сол күннен бастап бұл көлік құралымен полицияда тіркегеннен, техникалық тексеруден өткеннен, АҚЖ-ның сақтандыру полисін ресімдегеннен кейін және A1 санатындағы жүргізуші куәлігі болған кезде ғана жүруге болады.– Тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға жеке басын куәландыратын құжаттармен жүгіну, сондай-ақ техникалық құжатты немесе көлік сипаттамалары туралы мәліметтерді ұсыну қажет. Содан кейін өтінішті толтырып, мемлекеттік баж салығын төлеу керек, – деп түсіндірді әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы полиция майоры Азамат Дайрабаев. – Бұрын сатып алынған мопедтерді тіркеу үшін Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі, 5 мекен-жайы бойынша мамандандырылған ХҚКО-ға техникалық тексеруден өту және барлық құжаттарды рәсімдеу үшін әкелу қажет.Сол жерде A1 санатына практикалық емтихан тапсыруға болады. Бұл үшін барлық жағдай жасалған: автодром және арнайы техника. Жалғыз ерекшелік – емтихандар қар еріп, автодром жабыны құрғағаннан кейін ғана қабылданады.Енді барлық мопедтердің жүргізушілері үшін жүргізуші куәлігі міндетті. Жалғыз ерекшелік – егер B санаты бар болса, онда қосымша құжаттар талап етілмейді.Бұдан басқа, осы күннен бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске мопедшілерді көлік құралдарының жүргізушілері ретінде жауапкершілікке тартуды көздейтін түзетулер күшіне енеді. Трассаға шыққан кезде олар басқа жол қозғалысына қатысушылар сияқты барлық белгіленген талаптарды сақтауға міндетті болады.– Барлық өзгерістер мен жаңашылдықтар көлік құралдарын пайдалануды реттеуге бағытталған, – деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары подполковник Елжас Жартыбаев.Олар жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға ғана емес, мопедшілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға да көмектесуі тиіс екенін атап өтті полиция өкілі.Полицейлер мопедтердің иелерін тіркеуге, қажетті құжаттарды алуға және оқудан өтуді алдын ала ойластыруға шақырады. Әйтпесе, 5 сәуірден бастап тиісті құжаттарсыз мопедті басқару ереже бұзушылық болып саналады және айыппұл салынады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/926546
Қарағандылықтар әйелдер хоккейі мен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткендері туралы айтып берді 01.02.2025
Латвия астанасы Ригада екінші дивизионның А тобындағы қыздар арасында хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Қазақстанның әйелдер құрамасы бес матчта төрт жеңіске жетіп, күміс медальға ие болды. Команданың табысына қарағандылықтар өз үлесін қосты. Іріктеу нәтижесі бойынша құрамаға қарағандылық «Юность-Грация» командасының төрт өкілі кірді: қорғаушы және үш шабуылшы.Чемпионат 20–26 қаңтар аралығында өтті. Үйлеріне оралғаннан кейін қыздар «Қарағанды-Арена» мұз сарайындағы кездесуде өздерінің спорттық мансабы туралы айтып берді.Шабуылшы Анна Климованың бұл үшінші әлем чемпионаты. Бұған дейін ұлттық құрамада Болгария мен Нидерландыда өнер көрсеткен. Ол хоккейге 8 жасында келіп, 9 жылдан бері айналысып келеді.№ 3 гимназияның 10-сынып оқушысы хоккей спортын оқумен біріктіру қиын екенін мойындайды. Тұрақты сапарда болған кезде сыныптастарына ілесу үшін бағдарламаны өз бетінше меңгеруге тура келеді.– Хоккейді дамыту үшін көп нәрсе жүзеге асырылуда. Жаттығу үшін қолайлы жағдай жасалуда. Біз ілгерілеп келеміз. Меніңше, чемпион болу үшін бәрі де жеткілікті, – деп санайды Анна Климова. – Әлем чемпионатына қатысу - баға жетпес тәжірибе. Ригадағы ойындар өте қызықты болды. Келесі жылы да ұлттық құрамаға кіруге үміттенемін.Бойжеткеннің есебінде бір голы мен бір голға шайба шығару сәті бар.– Латвиядағы жарыстарға дайындық өте маңызды болды. Оқу-жаттығу жиындары Өскеменде, содан кейін Ригада өтті. Алғашқы матч Ұлыбритания құрамасымен өтті. Менің ойымша, толық жинақтала алмадық, сондықтан ұтылдық. Аздап күш салу керек болды. Бірақ Жаңа Зеландияны, Қытайдың Тайбейін, Нидерланды мен Латвияны жеңе алдық, – деді қорғаушы Калима Нығматулина.Бойжеткеннің айтуынша, ол хоккейді керемет және жылдам спорт болғандықтан таңдаған. Бесінші жыл қатарынан айналысып келеді. Ауыртпалыққа үйреніп алған: киім-кешектің салмағы шамамен 30 килограмм.Калима әйелдер хоккейінде ерлер хоккейінен гөрі қаталырақ күреседі деген пікірмен келіспейді.– Бізге күш қолдануға рұқсат етілмейді. Ұрысқа рұқсат берілген. Менің ойымша, бұл ерлер арасындағы күреске қарағанда өрескел көрінеді. Бірақ ол да қызықты, – дейді хоккейші.Қарағандылық Алина Жакулина мен Рената Лившиц те Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды.– Қыздарымыздың барлық ойындарын бақыладық. Байқау өте қызықты болды. Бірінші орынға дейін аздап жетпей қалды. Жалпы, лайықты ойнадық, – деп бағалады «Юность-Грация» командасының аға жаттықтырушысы Василий Попов. – Сегізінші жыл қатарынан әйелдер командасын жаттықтырып келемін. Қыздармен жұмыс істеу әлдеқайда оңай, олар өте мұқият ойнайды, жаупты. Бірақ бірінші күннен бастап тәртіп пен қатаңдықты жіті бақылауға тура келеді. Міндет – тек алға шығу.«Юность-Грация» Қазақстан чемпионатында жеңіске жетуге бағытталған. Қарағандыда 10–16 ақпанда ұлттық біріншіліктің үшінші туры өтеді. Ойынға Астана, Алматы және Өскеменнен командалар келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/926916
Бизнеске IT енгізу туралы тегін курсқа стартаперлер мен басшылар шақырылады 01.02.2025
Қарағандыда бизнес иелеріне сандық менеджментті игеруге көмектеседі. Тегін курс «Террикон алқабы» IT-хабында ұйымдастырылады. Баяндамашы ретінде Microsoft Kazakhstan, «ҚазТрансКом» АҚ және Anytime.kz-те жұмыс істеген тәжірибелі басқарушы Георгий Битадзе дәріс оқиды.Сабақтар 10 ақпанда басталып, 28 ақпанға дейін жалғасады. Курстың бірінші аптасы – офлайн, қалғандары – онлайн.Қатысушыларды тіркеу сайтта басталды terricon.kz."Курс аяқталғаннан кейін бизнеске қашан және қандай ІТ-жүйелерді енгізуді түсінесіздер; ІТ қауіпсіздігі ұғымын және оны бақылаудың негізгі дағдыларын үйренесіздер; ұйымыңыздың ІТ-жобаларындағы ақшаны есептеуді меңгересіздер; бұлтты сервистердің қалай жұмыс істейтінін және оларды қолданудың шегі қайда екенін түсінесіздер", – деп уәде береді ұйымдастырушылар.«Террикон алқабы» ІТ-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағат басқармасының қолдауымен өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/927038