Бизнес
Қарағандыда салынып жатқан рұқсат құжаттары бар тұрғын үй кешендерінің тізімі 01.02.2025
Бүгінгі таңда Қарағандыда 57 көппәтерлі тұрғын үй салынуда, оның ішінде 48 – барлық рұқсат құжаттары бар, 4 КТҮК-де құжаттардың толық пакеті бар, бірақ құрылыс жұмыстары тоқтатылды, 3-еуінде рұқсаты жоқ және 2-еуінде ұзақ құрылыс.Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін барлық рұқсат құжаттары бар салынып жатқан үйлердің тізімі.Алайда салынып жатқан КТҮ тізбесінде пайдалануға берілген, әкімдік беретін үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты бар тұрғын үй кешендері жоқ.Сонымен қатар, үлескерлердің қаражатын тарту үшін тұрғын үй-құрылыс кооперативтері (ТҮҚК) құрылады, бұл заңмен тыйым салынбаған, бірақ КТҮ құрылысының аяқталу мерзімдері туралы 100% кепілдік бермейді. Мұндай «Жилой фонд» ТҮҚК (барлық нысандар) және «Comfortniy Gorod» («Новый Город-2» ТК, «Новый Город-3» ТК, «Британский Комфортный Квартал» ТК) құрылыс компанияларында құрылған.Құрметті қарағандылықтар жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын өте мұқият болыңыз. Үлестік құрылыс туралы қолданыстағы заңнаманы айналып өту кезінде жасалған барлық мәмілелер жарамсыз болып табылады. Оларға алдын ала брондау шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын беру шарты жатады.Барлық толық ақпаратты Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан, сондай-ақ Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінен (42-11-76, 42-12-65) білуге болады.Құрылыс салушылардың назарына – Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңнамасында тиісті рұқсатсыз үлескерлердің қаражатын тартуға тыйым салынады, бұл ретте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928674
Балқашта техникалық селеннің бірінші партиясы жөнелтілді 01.02.2025
Балқашта «Қазақмыс прогресс» кәсіпорны СТ-1 маркалы техникалық селен шығарды. Бірінші партия – 100 тонна өнім жөнелтілді. Бұл туралы «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.Қазақстанда алғаш рет өнеркәсіптік мақсатта вакуумдық дистилляцияның бірегей әдісі қолданылды. Технологияны Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Металлургия және байыту институтының ғалымдары әзірледі. Бірегей қондырғы әлемдік түсті металдар нарығының талаптарына сәйкес келетін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Әдіс реагенттерді пайдаланбай селенді тазартудың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді, бұл процесті экологиялық қауіпсіз етеді."Бүгінгі таңда селен күн батареялары, көшіру аппараттары, шыны, керамика өндірісінде, сондай-ақ медицина мен химия өнеркәсібінде қолданылады. Балқашта жаңа өндірісті іске қосу Қазақстан мен Қазақмыстың әлемдік түсті металдар нарығындағы экономикалық позицияларын нығайту үшін жаңа көкжиектер ашады", – делінген хабарламада.Балқаш өнеркәсіптік алаңында 2020 жылы бағалы металдарды өндіру кезінде ілеспе өнім ретінде шығарылатын қара селенді тазарту жобасын іске асыру басталды. 2022 жылы жаңа өндірістік учаске іске қосылды, ал 2023 жылы ол өнеркәсіптік тұрғыда пайдаланыла бастады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928680
Маңғыстау студенттері Жоғарғы Агротехникалық Колледж Шағалалы ауылында сұранысқа ие мамандықтарды тегін меңгеруде 01.02.2025
1968 жылдан бастау алған, Жоғарғы Агротехникалық Колледжі мемлекетіміздегі мамандарылған кәсіби жоғарғы оқу орны болып табылады. Қазіргі таңда, «Жарқын болашақ» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысынан 150-ге жуық студент Ақмола облысының колледждерінде тегін білім алуда. Бұл жоба сұранысқа ие мамандықтарды меңгеріп, сапалы білім алуға ұмтылатын жастар үшін маңызды қолдау болды.Бағдарлама 10 жұмысшы мамандықты қамтиды, олардың ішінде агрономия, механика, ақпараттық жүйелер, жерге орналастыру және электрмен жабдықтау бар. Студенттер тек тегін білім алып қана қоймай, жатақхана, үш мезгіл тамақтану және жергілікті білім беру мемлекеттік тапсырысы аясында қосымша стипендиямен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, 2016 жылдан бастап жоғарғы агротехникалық колледж халықаралық WorldSkills байқауының қатысушысы. Білім алушылар облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері атануда. Халықаралық WorldSkills Lyon байқауында «Электрмонтаж жүйесі» бойынша қатысып, республикалық жарыс «Өнеркәсіптік автоматтандыру» байқауында жүлделі ІІІ орын алды.Бағдарламаның қатысушысы, бірінші курс студенті Асадбек Голбаев, Ақтаудан Шагалалы ауылындағы Жоғары агротехникалық колледжінде бағдарламалау мамандығын оқуға келген. Ол бағдарламалауға ерте жастан қызығып, болашақта «ҚазМұнайГаз» компаниясында жұмыс істеуді жоспарлап отыр.«Мен жатақханада тегін тұрып, тамақтанумен қамтамасыз етілдім. Бұл бағдарлама – үлкен мүмкіндік», – дейді Асадбек Голбаев.Колледж директоры Арман Оспановтың айтуынша, 2024 жылы оқу орнына «Жарқын болашақ» бағдарламасы бойынша 48 студент қабылданған. Жоба «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен қаржыландырылып, 12-22 жас аралығындағы оқушыларға арналған. Сонымен қатар, өз Жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет кадрлық әлеуетті жүйелі түрде арттыруы керек», — деп атап өтті. Білікті кадрларды тек жоғары оқу орындарында ғана емес, сондай-ақ еліміздегі техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында да дайындау қажет. Бұл колледж түлектеріне өздерінің жоғары нәтижелерін көрсете отырып, салалық мемлекеттік органдарда жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау деген сөз. Жоғары агротехникалық колледж студенттері халықаралық, республикалық және облыстық байқауларға белсенді қатысып, үнемі жүлделі орындарға ие болады. Бұл біздің оқушыларымыздың жоғары деңгейде дайындалғанын және кәсібилігін көрсетеді. Қазіргі мақсатымыз, өңірдің ауыл шаруашылығы саласы үшін кәсіби және әлеуметтік құзыреттілігі жоғары, үздіксіз жетілдіруге дайын, заманауи өндірістік технологияларды меңгеруге және дамытуға қабілетті, ғылымды қажетсінетін экономика жағдайында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/928864
Биыл отандық әуе компаниялар 24 әлеуметтік маңызы бар бағытты орындайды 01.02.2025
Ел ішіндегі қалалар арасында әуе қатынасын одан әрі дамытып, жолаушылар сұранысын қанағаттандыру үшін 2025 жылы субсидияланатын әуе рейстерін орындайтын әуе компаниялар конкурс нәтижесіне сәйкес айқындалды. Субсидияланатын маршруттар ел тұрғындарына қолжетімді бағамен саяхаттауға мүмкіндік беріп қана қоймай, ішкі әуе нарығының дамуын қамтамасыз етпек.Билеттерді әуе компаниялардың ресми сайттарынан сатып алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/928568
Алматы облысы Лавар ауылының маңында стационарлық автоматтандырылған өлшеу құрылғысы орнатылады 01.02.2025
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің басшысы Алтай Әлі мен Бас көлік прокурорының орынбасары Руслан Исаевтың төрағалығымен Алматы қаласында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді, сондай-ақ жел генераторларының құрамдас жабдықтарын тасымалдау мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске аумақтық инспекциялардың басшылары, жұмыс тобының қатысушылары, «Атамекен» ҰКП өңірлік палаталары, қауымдастықтар мен тасымалдаушылар қатысты.Жиын барысында кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған бірқатар мәселелер талқыланды. Мысалы, арнайы рұқсат алған жағдайда«Нұр-Жолы» кеден бекеті аймағындағы 1,5 шақырымдық автожол учаскесінің бағытын келісу процесі алынып тасталады.Сондай-ақ, жолдардың мерзімінен бұрын тозуын және көлікке тиелген жүктің белгіленген нормадан аспауы үшін Алматы облысындағы Лавар ауылының маңында стационарлық автоматтандырылған өлшеу құрылғысын орнату жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/928819
Кәсіпкерлерге аяқ киімді таңбалауға рұқсат болатын қоймалардың тізімі бекітілді 01.02.2025
Қойма нысандарының тізімі тоқсан сайын жаңартылып отырады, бұл үрдіс өз кезегінде бизнес үшін деректердің өзектілігін қамтамасыз етеді. Компаниялар қоймасын тізімге кіргізу үшін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін құжаттар пакетімен бірге өтініш жіберуі тиіс.Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025 жылғы 28 қаңтардағы бұйрығына сәйкес, кәсіпкерлер аяқ киім өнімдерін шығарылғаннан кейін оны ішкі нарыққа немесе реимпорттаудан бұрын таңбалауға болатын қоймалардың тізбесін бекітті. Ережеге сәйкес компаниялар өз сұранымдарына келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:қоймаға меншік құқығын немесе оны жалға алу құқығын растайтын құжаттар;көлік құралдарының кіруі мен шығуын, адамдардың кіруі мен шығуын бақылау жүйелері, сондай-ақ бейнебақылау жүйесі туралы ақпаратты қоса алғанда, қойманың техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер.Бүгінгі таңда Аналитикалық платформаның мәліметтері бойынша таңбалау жүйесінде аяқ киім айналымының 4 418 қатысушысы тіркелген, оның ішінде: 1 759 импорттаушы, 88 өндіруші, 118 көтерме және 2 453 бөлшек сауда өкілі.Аяқ киім өнімдерін міндетті түрде таңбалау енгізілген күннен бастап (2021 жылдың 1 қарашасынан) 130,65 миллион жұп аяқ киім таңбаланып, 40,42 миллион таңбалау коды айналымға енгізіліп, оның 39,3 миллионы айналымнан шығарылды. Жыл басынан бері 2,52 миллион жұп аяқ киім таңбаланып, 642 мың дана тауар айналымына шығарылып, оның 584 мың данасы тауар айналымынан шығарылды.Анықтама үшін: Үкіметтің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 95 қаулысымен «Қазақтелеком» АҚ Қазақстандағы тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор болып белгіленді (https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2000000095). Бүгінгі таңда темекі өнімдері, аяқ киім және дәрі-дәрмекке міндетті таңбалау енгізілді (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400035129). Келесі өнім топтары бойынша таңбалау бойынша пилоттық жобалар іске қосылды: мотор майлары, сыра қайнату өнімдері, зергерлік бұйымдар.Тауарларды таңбалау мен қадағалау бойынша бірыңғай оператордың баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/927802
Қазақстан мен Еуропалық Одақ коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды талқылады 01.02.2025
29 қаңтарда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі мен Еуропалық инвестициялық банк (ЕИБ) және Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) өкілдері арасында жұмыс кездесуі өтті. Қанат Шарлапаев халықаралық серіктестермен еліміздің коммуналдық секторын жаңғырту перспективаларын, соның ішінде Қазақстанның FELICITY II жобасына қатысу мүмкіндігін талқылады.Басты назар сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңарту, оның ішінде заманауи тазарту құрылыстарын салу мәселелеріне аударылды. Коммуналдық инфрақұрылымның тозуы қомақты инвестиция мен озық технологияларды қажет етеді, сондықтан кездесу қатысушылары ресурстарды тиімді басқару үшін цифрлық шешімдерді енгізу мен қаржыландырудың ықтимал нұсқаларын қарастырды.Еуропалық инвестициялық банк Қазақстандағы басым инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға дайын екенін растады, ал GIZ сарапшылары елдің FELICITY II бағдарламасына қатысуы энергияны үнемдейтін және экологиялық тұрақты технологияларды енгізуге көмектесетінін атап өтті.Нәтижесінде тараптар инфрақұрылымның ағымдағы жағдайына бірлескен талдау жүргізуге, қаржыландыру тетіктерін әзірлеуге және коммуналдық секторды жаңғырту бойынша пилоттық жобаларды дайындауға келісті. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қоршаған ортаға түсетін салмақты азайту мақсатында халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/928224
Сандықтау ауданында Жабай өзенінің жағасын бекіту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде 01.02.2025
Ақмола облысында су ресурстарының жағдайын жақсарту бойынша кешенді іс-шаралар аясында Сандыктау ауданы Балкашино ауылының жағалауы бойында Жабай өзенінің жағасын бекіту және арнасының түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде.Қазіргі таңда өзен арнасының бойында құнарлы өсімдік қабатын алу жұмыстары аяқталды. Өзеннің үш учаскесін түзеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар екі ауысымда жасалып, 25 техника жұмылдырылған. Жоспар бойынша жұмыстар осы жылы аяқталады.«Жоба жағалаудағы аумақтарды қорғауды күшейтіп, экожүйенің тұрақтылығын арттырады. Біз экологиялық және техникалық стандарттарды қатаң сақтай отырып, өзен маңындағы елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудеміз», – деді «Целингидротех» ЖШС учаске бастығы Қайролла Жақсылықов.Жабай өзенінің арнасын түзеу бойынша негізгі жұмыстар осы жылдың наурыз айына дейін аяқталады, ал каналдарды жетілдіру, дамбалар салу көктемгі тасқын қаупі бар кезеңнен кейін жалғасады. Көктем уақытында құрылыс техникасының кезекшілігі ұйымдастырылады.Айта кетейік, Ақмола облысында гидротехникалық нысандарды реконструкциялау және салу бойынша алты жоба жүзеге асырылуда. Жабай, Шағалалы және Қалқұтан өзендерінің жағаларын бекіту және түбін тереңдету, Жібек Жолы ауылында қорғаныс дамбаларын салу жұмыстары жүргізілуде, бұл тасқынның таралуын болдырмауға және жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Шортанды ауданының Дамса ауылында және Жақсы ауданындағы Чапаевская бөгетінде су өткізу құрылыстарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, бұл олардың өткізу қабілетін арттырып, су басу қаупін төмендетеді. Іс-шаралар «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/927935
Ақмола облысының аңшылық алқаптарында жабайы жануарларды қысқы азықтандыру 01.02.2025
Ақмола облысы өзінің кең аңшылық алқаптарымен танымал, олардың жалпы ауданы 12 млн 343 мың га. 12 млн 114 мың га аумақта 161 аңшылық шаруашылығы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда оның ішінде 10 млн. 278 мың гектар алқапта 82 түрлі меншік нысанындағы заңды және жеке тұлғалардың қарамағындағы 139 шаруашылық белсенді жұмыс істеуде.Қыс мезгілінде жабайы жануарлар табиғи тағамның жетіспеуіне байланысты әсіресе қиынға соғады. Жануарлар популяциясын қолдау үшін аңшылық шаруашылықтары қажетті азық-түлік жинап, қыста алдын-ала дайындалады. Бұл мұқият жоспарлау мен күш-жігерді қажет ететін маңызды және жауапты жұмыс.Суық ауа райының басталуымен жануарларды қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету үшін азықтандыру жұмыстары басталды. Ол үшін арнайы жабдықталған тамақтандыру алаңдарына қойылады:- жануарлардың денсаулығын нығайту үшін қажет тұз;- энергия мен қоректік заттарға бай астық пен шөп;- қосымша жем көзі ретінде қызмет ететін ағаш бұтақтарының тал жапырақтары.Мұндай шаралар жабайы табиғат популяциясын тұрақты ұстауға, әсіресе қатал қыс пен шектеулі табиғи жем жағдайында көмектеседі. Айта кету керек, жабайы табиғатты азықтандыру тек табиғатты күту ғана емес, сонымен қатар биоәртүрлілік пен экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған әрбір аңшылық шаруашылығының міндеті. Осындай күш-жігердің арқасында Ақмола облысының аңшылық алқаптары өз байлығын сақтап, аймақтың жабайы табиғатының алуан түрлілігіне таңдануға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/928163
Ерейментау ауданында сиыр етін өндіретін агроөнеркәсіптік кешен құрылысы бойынша шетелдік инвесторлармен жұмыс кездесуі өтті 01.02.2025
Ерейментау ауданында арнайы инвестициялық жобаны жүзеге асыру мақсатында «BIG FARM» ЖШС өкілдері Франция және Испаниядан келген жабдық жеткізушілермен кездесті. Жұмыс кездесуіне Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов пен Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатов қатысты.Кездесу барысында «BIG FARM» ЖШС құрылтайшысы Оралбай Әбуов халықаралық жетекші компаниялармен бірқатар стратегиялық маңызды келісімшарттарға қол қойды. Олардың ішінде Испаниялық ROSAL MABRIK компаниясымен сағатына 20 тонна өнім өндіретін құрамажем зауытын салу туралы келісім; Франциялық GLOBAL GRAIN SOLUTION GROUP компаниясымен 50 мың тонна сыйымдылығы бар элеватор салу жөніндегі келісім; Испаниялық APISA компаниясымен сағатына 3 тонна жем-шөпті дегидрациялайтын (кептіру) желісін жеткізу туралы келісім.Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов бұл жобаның өңір үшін маңыздылығын атап өтіп, агроөнеркәсіптік сектордағы әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастық ел мен аймақтың тұрақты дамуына ықпал ететінін жеткізді.Айта кетейік, бұл жоба сиыр етін өндіру мен қайта өңдеудің толық циклді технологиясын қамтиды. Жобаның жоспарланған ең жоғары қуаты 20 000 бас малды құрайды және ол жоба Индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/928186
Бұланды ауданының Новобратск ауылдық округінде жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды 01.02.2025
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында Новобратск ауылында 600-ге жуық адамға қызмет көрсететін заманауи фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Жаңа ғимарат, 282 шаршы метр, негізгі медициналық қызметтерді көрсету үшін барлық қажетті жабдықтармен, ыңғайлы жиһазбен және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шақыру түймесімен жабдықталған.«Мен зейнеткермін, туғаннан бері осында тұрамын. Менің ата-анам да осында дүниеге келген. Бүгін біз осындай керемет фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылғанына куә болдық. Біз келіп, құрылыс кезінде қарадық, бірақ бәрі жоғары деңгейде болады деп күткен жоқпыз. Мұнда барлығы, жаңа жабдықтар, емдеу бөлмесі, ультрадыбыстық аппарат және тағы басқалар бар. Біз тұрғындар құрылысқа қызығушылық танытқандарға және, әрине, мемлекет басшысына өте ризамыз», - деп атап өтті Новобратск ауылдық округінің тұрғыны Людмила Шалго.Айта кетейік, бүгінгі таңда Бұланды ауданында 6 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік және 23 медициналық пункт бар. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Партизанка және Алтынды ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысы аяқталуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/928192
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ДИҚАНДАР ҚЫСТЫГҮНІ ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІН ЖИНАП ЖАТЫР 01.02.2025
Келестік шаруалар қырыққабаттың алғашқы өнімін жинауға кірісті. Атап айтқанда, Біртілек ауылдық округіне қарасты Жолбасшы ауылының тұрғыны Шералы Тәжібаев 2 гектар аумаққа қырыққабат өнімін егіп, бүгінде 38 тонна өнім алып отыр. Былтыр қара күзде егілген көкөніс қазір пісіп жетілген. Шаруа ақпан айында тағы 100 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Жиналған өнімнің алғашқы легі еліміздегі үлкен қалаларға жөнелтілуде.– Биыл қар аз түсті. Қыс суық бола қойған жоқ. Жеңіл жамылғының астына егілген көкөніс көшеті тез тамыр байлады. Жиналып жатқан қырыққабаттың әрқайсысының салмағы 4 келіге дейін барады. Қырыққабатты ертерек ексек, мұнан кейін сәуір, мамыр айынан бастап екінші өнім егеміз. Ерте шықса бағаға да әсер етеді. Қанша ерте шықса, сонша қымбат болады, – дейді Шералы Шырынбайұлы.Жыл он екі ай тыным көрмейтін келестік диқандардың дені қазір қырыққабат егіп жатыр. Өңірдегі шаруашылықтар мың гектарға жуық жерден астам жерге көкөністің осы түрін егуде. Бір маусымда егістіктен үш рет өнім жиып алу аграрлық сала үшін де, шаруаға да тиімді болды.Айта кетсек, өткен жылы Келес ауданы бойынша 2 400 гектарға қырыққабат өнімі егіліп, шаруалар 35 мың тонна өнім алды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/927677
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ENI PLENITUDE ARM WIND КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ 01.02.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Италияның Eni Plenitude энергетикалық компаниясының Қазақстандағы «ArmWind» ЖШС-ның Бас директоры Федерико Пульезе бастаған делегацияны қабылдады. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын жан-жақты талқылады.Баламалы энергия өндірумен айналысатын халықаралық энергетикалық компания Түркістан облысы, Отырар ауданында қуаты 50 МВт болатын заманауи технологияларға негізделген «Шәуілдір» күн электр станциясының құрылысын жүзеге асырған. Бұл өз кезегінде, қоршаған ортаны ластамай, электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді. Кездесу барысында осы жобаның әлеуеті мен оның мүмкін болатын дамуы туралы сөз қозғады.Сондай-ақ энергия үнемдеу мен жаңартылатын қуат көздерін қолдануды өнеркәсіпті дамытуда пайдалану туралы талқыланды. «Күлтөбе» археологиялық алаңында 3D карталау жабдығын орнату мүмкіндігі туралы итальяндық компаниямен талқылаулар жүргізілді. Облыс әкімі бұл жұмыстардың аймақ үшін маңыздылығын ерекше атап өтіп, өңірдің дамуына бағытталған жобаларды қолдауға дайын екенін айтты.– Осы уақытқа дейін өздеріңізбен тығыз байланыста жұмыс атқарып келдік және болашақта да бірлескен жобаларды іске асыру бойынша екіжақты ынтымақтастығымызды одан әрі дамытамыз деп үміттенеміз. Біздің өңіріміз жаңартылатын энергия көздері саласында айтарлықтай ресурстық әлеуетке ие. Сондықтан осы жұмыстарды өңірдің өнеркәсіптік секторына да қолдануды қарастырудамыз. Осы бағытта бірлесе жұмыс атқаруға шақырамын Өз тарапымыздан өңір дамуына, тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін барлық бастамаларды қолдауға әрқашан дайынбыз, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.ArmWind компаниясының Бас директорі өз кезегінде аймақтың дамуына жергілікті еңбек күшін және техникалық дағдыларды арттыру арқылы үлес қосатын, сондай-ақ ArmWind компаниясының тұрақты даму миссиясына сәйкес жаңартылатын энергия көздері саласында жаңа мүмкіндіктерді зерттеу мақсатында осы жемісті ынтымақтастықты жалғастыруды ұсынды.Айта кетейік, италиялық Eni Plenitude Arm Wind компаниясы Түркістан қаласындағы мектепке қуаты 50 кВТ-қа тең күн электр станциясын орнатқан болатын, сондай-ақ басқа да энергия тиімділігін арттыру шараларын жүзеге асырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/927884
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ ЖОЛДАРЫ, АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ 01.02.2025
Түркістан облысы әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жолдары талқыланған мәжіліс өтті. Күн тәртібінде 6 мәселе қаралды. Атап айтқанда, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды және энергетиканы дамыту, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салаларды дамыту, цифрлық технологияны жан-жақты енгізу, салық-бюджет саясатын реформалау және «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру жөніндегі жоспарлар баяндалды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларға өңір экономикасын көтеру бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.– Мемлекет басшысы экономикамыздың көлемін арттыруды және өңіріміздің жалпы ішкі өнімін өсіруді тапсырды. Өңдеу өнеркәсібін жедел дамытуды және инвестиция таруға баса мән беруді айрықша атап өтті. Өңірге жеке инвестиция тарту – аудан, қала әкімдерінің ең басты міндеті. Облыста жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын жаңғыртумен қатар жаңа өндіріс орындарын ашуға баса мән беру қажет. Шетелдік және отандық инвесторларға бірдей ұстаным мен талап қойылуы керек және олар экологиялық талаптарды міндетті түрде орындаулары қажет. 2025-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын 85 инвестициялық жобаның пулы қалыптасты. Осы жобаларды іске асыру бойынша жеке-жеке жұмыс жоспарын әзірлеуді тапсырамын, – деді Нұралхан Көшеров.Мәжілісте облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жетекшілік ететін салалары бойынша жоспарларын баяндаса, басқарма басшыларының да есептері мен жоспарлары тыңдалды. «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру бойынша Түркістан облысының полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов баяндама жасады.Облыс әкімі Нұралхан Көшеров экономиканы әртараптандыру, облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушыларымен жасалған әрбір келісімшарт міндеттемелерінің толық орындалуын қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемдеп пайдалану, суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейтуді және су үнемдейтін технологияларын енгізуді тапсырды.Жауаптыларға негізгі басымдықтарды айқындап, стратегиялық маңызы бар жобаларды қаржыландыру және жеке инвестиция тарту жұмыстарын жүргізуді, туризм, инфрақұрылымды дамыту, ауыз су, газ мәселесін шешу, құрылыс жұмыстарының сапасын арттыру, медицина, білім, әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу жөнінде тапсырма берді. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жүйелі іс атқару, цифрлық технологияны енгізу, бюджетті тиімді игеру, өзіндік кірістерді арттыру, жұмыс орындарын ашу бағытында да жұмыс жанданады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/928148
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАР САНЫ АЗАЙҒАН 01.02.2025
Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Мәжіліске Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етті. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.2024 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы қылмыстардың және жол-көлік оқиғаларының деңгейі туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Е.Пралиев пен Түркістан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Б.Айтпаев баяндама жасады.Кеден саласындағы құқық бұзушылықтар мен өзекті мәселелер туралы Түркістан облысы мемлекеттік кірістер департаменті, кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы С.Маликов, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Д.Сүлейменовтің есебі тыңдалса, пробация қызметі есебіндегілермен қайта қылмыстың алдын-алу шараларының тиімділігі мен оларға құқықтық әлеуметтік көмек көрсету туралы Түркістан облысы прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының басшысы Н.Мықтыбаев, Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы С.Жұмағұлов, Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Темірбаева баяндама жасады. Сонымен бірге теміржол саласындағы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік жағдайы да талқыланды. Бұл туралы Түркістан станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы Д.Орынбаевтың ұсыныстары қаралды. Облыс әкімі аталған мәселелерді бақылауда ұстап, тиісті жұмыстар атқаруды тапсырды.– Қылмыстар деңгейі өскен аудан, қалаларда және қоғамдық орындарда рейдтік іс-шараларды күшейтіп, қылмыстардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында тиісті жұмыстарды жандандыру керек. Пробация есебінде тұрған азаматтардың қайта қылмысқа баруының алдын-алу бойынша тиісті жұмыстарды атқарып, пробация есебінде тұрған азаматтарды толық жұмыспен қамту үшін тиісті жұмыстарды ширатуды тапсырамын, – деген Нұралхан Көшеров жауаптыларға «Атамекен», «Қапланбек», «Қазығұрт» кеден бекетін қайта құру шараларын уақтылы аяқтау және «Жібек жолы» кеден бекетін толық жаңғырту бойынша жұмыстарды сапалы атқаруды тапсырды.Сонымен қатар кеден бекеттерінде адамдар мен көліктердің ретсіз жиналуының алдын алу, импортталатын тауарларды декларациялау жұмыстарын қатаң бақылау, халықаралық жүк айналымы көлемін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу, кеден бекеттері мен өткізу пункттеріндегі жолаушылар мен жүктердің қауіпсіздігін қатаң қамтамасыз ету мәселелері де айтылып, тиісті тапсырмалар берілді.Айта кетейік, 2024 жылы Түркістан облысында қылмыстық құқықбұзушылықтардың саны 3,5%-ға (5 453-тен 5 262-ге дейін) азайған. Аймақта қауіпсіздікті сақтау, елді мекендерді дамыту, азаматтардың құқығын қорғау, тұрғындарды жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/928165
Солтүстік-Оңтүстік дәлізін дамыту: Қазақстан мен Ресей жүк тасымалы үшін жаңа жолдар салуда 01.02.2025
Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстан мен Ресей үкімет басшыларының екіжақты кездесуінің қорытындысы бойынша көлік саласының қарқынды дамуы және транзиттік дәліздер мен инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды бастамалар туралы айтты. Кездесуде қаралған басты мәселенің бірі екі ел де белсенді дамып келе жатқан Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің жұмысы. Бұл бағыт Беларусь пен Ресейді Қазақстанмен байланыстырады, содан кейін Түрікменстан арқылы Оңтүстік Кавказға жол ашады. Сонымен қатар біздің еліміз Ақтау және Құрық порттарының мүмкіндіктерін кеңейте отырып, ресейлік экспорттаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауда. Ресейдің Махачқала портында да тереңдету жоспарлары талқыланды.Сондай-ақ министр Қытай, Ресей және Қазақстан арасындағы транзиттік ағындарды дамытудағы маңызды қадам болатын Қытаймен шекарадағы жаңа үшінші теміржол өткізу пункті жобасының перспективаларын атап өтті.«Өткізу бекеттері бойынша бірлескен жұмысты атап өтпеске болмайды. Біз биыл алты өткізу пунктінде жаңғыртуды бастаймыз. Бұл, әрине, олардың өткізу мүмкіндігін 2 есеге немесе одан да көпке арттырады. Біз Қазақстан Республикасының аумағында да, Ресей Федерациясының аумағында да бір мезгілде жаңғырту үшін жұмысты қатар жүргізуді талқыладық. Осы кезеңде бекеттер жабылмай, белгілі бір қалыпта жұмыс істей алатындай етіп жұмыс істеу тетігін әзірлеу талқыланды», — деп түйіндеді Марат Қарабаев. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/927848
Қарағандылықтарды камералық музыка кешіне шақырады 01.02.2025
Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры камералық музыка кешін дайындауда. Өнер сүйер қауым серенадаларды тамашалай алады. Бағдарламада ұлы композиторлар Вольфганг Амадей Моцарт, Эдвард Эльгар және Петр Чайковскийдің шығармалары орындалады.Концерт 14 ақпанда қызыл зал сахнасында өтеді. Басталуы 18:30.Дирижерлік пультте халықаралық конкурстардың лауреаты – Қарағандыға Ташкенттен келген дарынды жас музыкант Руслан Бекмаев болады."Моцарт серенадасы сіздерге үйлесімге қаныққан классикалық дыбыстың жеңілдігі мен қуанышын сыйлайды. Эльгардың лирикалық серенадасы сіздердің алдарыңызда нәзік меланхолия мен аристократиялық нәзіктік әлемін ашады. Ал кешті Чайковскийдің ұлы серенадасы аяқтайды, онда жарқын көңіл-күй мен жігерлендіретін қуат шынайы сиқырлы музыкалық желіге ұласады", – деп театрдың өкілдері музыкалық оқиғаны өткізіп алмауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/927381
Саранда әжелер мектебінде балаларды тәрбиелеуге және өмірлік даналыққа үйретеді 01.02.2025
Саран мектептерінде ерекше жоба – «Әжелер мектебі» іске қосылды. Аға буын өз білімі мен тәжірибесін балалармен бөліседі.«Әжелер мектебі» – Саран қаласының білім беру бөлімінің жобасы. Ол әрбір қалалық мектепте жұмыс істейді. Оқу орындарының әкiмшiлiгi мен қамқоршылық кеңесi он оқушының әжесін iрiктейдi. Оқу жылы барысында жобаға қатысушылар балалармен кездеседі және олармен шеберлік сыныптары, дөңгелек үстелдер, дәрістер және т. б. өткізеді.Әрбір отырыста нақты тақырып талқыланады.– Дәрістер немесе кездесу тақырыбы жобаға қатысушыға байланысты: біреулер балаларға өлеңдер жазуды үйретеді, біреулер өздерінің отбасылық және жеке тәжірибелерінен қызықты оқиғалар айтады, мысалы, мықты отбасын құру, мамандықты қалай таңдау, балаларды қалай тәрбиелеу туралы баяндап береді. Мысалы, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері балаларға киізден кәдесыйлар жасауды үйретті, – деп түсіндірді Саран әкімдігінің баспасөз хатшысы Думан Әлімжанов.Сондай-ақ, «Әжелер мектебі» жобасы бойынша интерактивті танымдық ойындар өткізіледі. Кездесулердің бірінде мектеп оқушыларының әжелері түрлі ұлттардың дәстүрлі киімдері туралы әңгімелеп, түрлі тілдерде әндер шырқады.Кездесулер Саран мектептерінде тұрақты түрде өткізіледі. Әжелердің оқушылармен талқылайтын іс-шаралар жоспары бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/927436
Бұқар жырау ауданының Доскей ауылында жаңа Мәдениет үйі ашылды 01.02.2025
Бұқар жырау ауданында дарынды әнші, композитор, халық ақыны Доскей Әлімбаевтың есімі берілген ауылда жаңа Мәдениет үйі ашылды. Биыл Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткерінің туғанына 175 жыл толады.Доскей ауылының тұрғындары Мәдениет үйін салуды көптен бері өтініп келеді. Жаңа ғимаратта 200 орындық көрермендер залы, үйірмелерге арналған бөлмелер бар. Мұнда тек балалар ғана емес, белсенді зейнеткерлер де өз өнерлерін ортаға салады. Домбыра, би және т. б. үйірмелері жұмыс істейтін болады. Мәдениет үйі «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша салынған.– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: "Мәдениет пен өнер – ел өміріндегі маңызды сала. Өнер – ұлттың жаны, ал мәдениет – оның рухани келбеті. Бұл екі құндылық – біздің өркениетіміздің негізі және ұлттық сананың көрінісі" деп атап өткен болатын. Шынында да, қазақ халқының бірегей рухы оның өнері мен мәдени мұрасынан көрінеді, – деді Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын.Аудан басшысы жаңа Мәдениет үйі үшін сегіз домбыра мен баян сатып алуға сертификаттар табыс етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/927526
Кәсіби бағдарлау балабақшадан басталады: Қарағанды облысында болашақ мамандықтардың негізі қалануда 01.02.2025
Қарағанды облысында кәсіптік бағдарлау ерте жастан басталуы тиіс деп есептейді. Дәл осы мектепке дейінгі жылдары болашақ мамандықтардың негізі қаланады және баланың белгілі бір бағыттарға қызығушылығы пайда болады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "балаларды ерте кәсіптік бағдарлау ерекше маңызға ие болып отыр. Өскелең ұрпақ болашақ мамандық таңдауға саналы түрде қарауы тиіс... " деп бірнеше рет атап өткен болатын.Біздің әрқайсымыз бала кезімізде дәрігер немесе мұғалім болуды армандаймыз, ал жас өткен сайын бағдарлар өзгерді. Балаға болашақ мамандығын анықтауға көмектесу үшін оған түрлі салаларда өзін мүмкіндігінше ерте сынап көруге мүмкіндік беру маңызды. Осындай тәсілді Шахтинск қаласындағы «Салтанат» балабақшасы қолданады, онда 2021 жылдан бастап «Ерекше ғылым» жобасы іске асырылуда.– Сабақтар ойын түрінде өтеді. Балаларға эксперимент арқылы және қолжетімді тілмен жаңбыр қайдан келетінін, температура не екенін, компастың қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді, – дейді «Салтанат» бөбекжай-бақшасының директоры Ирина Обердерфер. – Балалар химия, биология, физика, инженерлер мен зерттеушілер сияқты бағыттарда өздерін ғалым ретінде сынай алады, бұл болашақ мамандық таңдаудың алғашқы қадамы болуы мүмкін.2024 жылдан бастап бұл жоба Қарағанды облысының білім беруді дамыту жол картасының «Қызығушылық танытқандарға арналған ерекше ғылым» бағдарламасының бір бөлігі болды. Жобаға өңірдің 22 мектепке дейінгі ұйымы қосылды, ал «Салтанат» педагогтары шеберлік сабақтарын өткізіп, әріптестерін оқыта бастады.Бағдарламаның ерекшелігі – сабақтастық: мектептермен ынтымақтастық ғылымды тереңдетіп оқытуға біртіндеп көшуге ықпал етеді, ал Шахтинск технологиялық колледжімен өзара іс-қимыл болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі.Мектепке дейінгі балалар мен техникалық мамандарды даярлайтын оқу орны қалай байланысты? Колледж оқытушылары «ТехноМалыш: Болашақ инженерлерге арналған радиоконструкторлар» жобасын жүргізуде. Студенттермен бірге арнайы балалар радиоконструкторлары әзірленді.– Бұл жиынтықтар 5–6 жастағы балаларға электроника мен ойын түрінде бағдарламалау негіздерін меңгеруге көмектеседі. Балалар радиоқабылдағыштар сияқты қарапайым электронды құрылғыларды жинай алады және есейген сайын күрделі жобаларға, мысалы, шамдарға, сигнализацияға және ақылды үйдің макетіне көшеді, – деп түсіндірді «Электроника» құзыреттілік орталығының бас сарапшысы, колледждегі арнайы пәндер оқытушысы Михаил Правосудов.Бұдан басқа, колледж оқытушылары тәрбиешілерге арналған бояу кітапшасы мен әдістемелік ұсынымдар жасауды жоспарлап отыр.– Жобаның басты мақсаты – ерте жастан балалардың техникалық дағдыларын дамыту, техникалық ойлау қабілетін қалыптастыру және оларды заманауи технологиялармен таныстыру, – дейді колледж директорының орынбасары Валентина Тарасова. – Статистика бойынша, балалардың 26% техникалық ойлау қабілетіне ие. Болашақта мүмкіндігінше көп техникалық маман алу үшін бізге бұл қабілеттерді ерте кезеңде дамыту маңызды.Колледжде екі құзырет орталығы – «Электроника» және «Компьютерлік ойындарды 3D-модельдеу», сондай-ақ студенттік конструкторлық бюро жұмыс істейді. Мұнда 8–9 сынып оқушылары үшін білім беру ортасын құруды қоса алғанда, техникалық шығармашылық пен инновацияларды дамытуға бағытталған жобалар іске асырылуда.– Біз "Мектеп-колледж-ЖОО-жұмыс беруші" үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесін құрып жатырмыз, – дейді Валентина Тарасова. – Биыл қорытынды жасап, қорытындылау кезеңін жоспарлап отырмыз.Сондай-ақ колледжде жобалармен алмасу үшін веб-платформа және бағдарламалау, электроника және 3D-модельдеу бойынша интерактивті құралдар әзірленуде.Бұл бастамалардың барлығы ортақ мақсат – жоғары технологиялар мен инженерия саласында жұмыс істейтін болашақ мамандарды даярлау болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/927718