Enbekshi QazaQ

Бизнес

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ ТАЗАЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА 01.02.2025
Түркістан облысына қарасты елді мекендердің тазалығына жергілікті тұрғындар белсене атсалысуда.Жетісай ауданы, Жолдасбай Ералиев ауылдық округіне қарасты Үтіртөбе ауылында жыл бойы тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстарға ауыл азаматтары белсенді қатысуда. Үтіртөбе тұрғындары облыстық маңызы бар КХ-117 автожолының Үтіртөбе ауылынан өтетін бөлігін қоқыстан тазартып, электр бағаналары мен аялдамаларды ретке келтіріп, қоқыс жәшіктерін орнатып, спорт алаңшаларын абаттандырды.«Тазалықты өзіміздің ауладан, ауылдан бастайық» деген ауыл белсенділері халықты тазалық жұмыстарына бірігуге шақырып, өзге ауыл тұрғындарына тазалық эстафетасын жолдады.Үтіртөбеліктердің Түркістан облысының аудандарына жолдаған тазалық эстафетасын Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округінің тұрғындары қабылдап, тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстарға Жаңа ауыл елді мекенінің тұрғындары, шаруа қожалықтарының иелері, мектептер мен медицина қызметкерлері, кәсіпкерлері бірлесті.Қазыбек би ауылдық округі эстафетаны жалғастырды. Шараға ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері мен жергілікті кәсіпкерлер, тұрғындар қатысты. Олар республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар жолдар мен ішкі көшелерді, гүлзарлар мен халық көп шоғырланатын аймақтарды қоқыстан тазартты. Тазалық эстафетасы Мақталы ауылдық округіне жолданды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/924750
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЖЫЛЫНА 120 ТОННА БАЛЫҚ ӨСІРІЛУДЕ 01.02.2025
Түркістан облысында 2030 жылға дейін 10 жыл ішінде тауарлық балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға, жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі күні облыста тауарлы балық өсірумен айналысатын шаруашылықтардың саны 231-ге жетті. Түлкібас ауданында балық шаруашылығымен айналысуға кәсіпкерлердің қызығушылығы күн санап артып келеді. Биыл осы бағытта 10 кәсіпкер өз ісін бастауға бел буып отыр. Жалпы аудан аумағында 26 кәсіпкер балық шаруашылығымен айналысады.Аудан әкімі Асқар Естібаев сондай кәсіпкердің бірі, Машат ауылының тұрғыны Ермахан Дүйсенбековтың бастап жатқан ісімен танысты.1,8 гектар жерге жасанды көл қазып, дайындап қойған. Ол жерге биыл 30 мың дана сазан, дөнмаңдай және ақ амур балығының шабақтарын жіберуді жоспарлауда.Ал сол маңдағы «Жеті үй» шаруашылығы осыдан 5 жыл бұрын жасанды көлге 20 мың дана сазан, дөнмаңдай және ақ амур балығының шабақтарын жіберіп, қазіргі таңда жылына кемінде 5 тонна өнім алды. Және де кәсіпкер көл жанына Сақ моншасын соғып, дәмхана ісін жүргізіп, табысын арттыруда.Қос нысан иелерінің алдағы жоспарларымен танысқан Асқар Сұлтанұлы мемелекет тарапынан қолдаулар көрсетілетіндігін жеткізіп, жауапты бөлім басшысына алдағы күндері балық шаруашылығын ашуға ниетті және іске асырған азаматтармен білікті мамандарды қатыстыра отырып семинар ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыру керектігін айтты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/924754
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ 01.02.2025
Түркістан облысының жұмысшы тобының Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлеріне «Серпін – 2050 мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқуға түскен жастармен кездесу және ынтымақтастық қарым-қатынас орнату жұмыстары басталды.Түркістан облысынан құрылған арнайы жұмысшы топ мүшелері Өскемен қаласындағы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде болып, ғылыми зерттеу орталығы, үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы, жатақхана, IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі сияқты жоғарғы оқу орнының ірі құрылымдық бөлімшелерінің жұмысымен танысты. Бұл университетте 472 студент «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша оқып жатыр. Оның ішінде, Түркістан облысынан 201 студент білім алуда.Жұмыс сапары барысында Түркістан облысының делегациясы Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті студенттермен кездесіп, сұхбаттасты. Сонымен қатар білім ордасына экскурсия жасап, шеберхана және ғылыми орталықтарға барды. Қазақстан-неміс институтында болып, студенттер үйінде тұратын жастардың жағдайымен танысты.Одан бөлек, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің оқу базасымен танысып, студенттермен кездесті.Нәтижесінде, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті және Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнату жөнінде меморандум жасалды.Айта кетейік, жұмысшы топтың іссапары Семей қаласындағы А.Бөкейхан университеті және Павлодар облысындағы Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, С.Торайғыров университеті, Инновациялық Еуразиялық университетінде жалғасатын болады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/924757
Өңірлік кадр резервінің мүшесі облыстық цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды 01.02.2025
Өңірлік кадр резервінің мүшесі Маманов Бауыржан Сәкенұлы Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.Бауыржан Маманов 2012 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2018 жылы Еуразия гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.Еңбек жолын жеке секторда қаржыгер ретінде тәжірибе жинақтаудан бастаған.Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін 2014 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Экономика және қаржы департаментінде сарапшы лауазымынан бастағап, әрі қарай осы жүйеде бас сарапшы болып қызмет еткен.2018-2023 жылдары ҚР Дін істері және азаматтық қорғаныс министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінде және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қаржы және әкімшілік жұмыс департаментінде басқарма басшысы ретінде, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің экономика және қаржы департаментінің директоры лауазымында еңбек етті.Осыған дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қаржы және әкімшілік жұмыс департаменті директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/925086
Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесінің 2024 жылғы нәтижелері мен 2025 жылғы жоспары талқыланды 01.02.2025
2025 жылдың 23 қаңтарында Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының Алқа отырысы өтті. Онда 2024 жылға арналған жұмыс қорытындылары шығарылып, 2025 жылға арналған басымдықтар айқындалды. Шараға облыс әкімі орынбасары Алтынай Амренова, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері қатысты.Негізгі есеппен облыстық денсаулық сақтау басқармасы міндетін атқарушы Елена Иванова сөз сөйледі.«Аймақтың денсаулық сақтау жүйесін дамыту — біздің басты міндетіміз. Біз жаңа технологияларды енгізу мен инфрақұрылымды жақсартумен қатар, әрбір тұрғынға медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ұмтылудамыз», — деп атап өтті Елена Иванова.Артериялық гипертония мен онкологиялық аурулардан туындаған жоғары жалпы өлім-жітім мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.Күн тәртібі бойынша баяндамалар жасалды:Облыс әкімінің мүгедектер мәселелері жөніндегі кеңесшісі Владимир Шиманский, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға медициналық қызмет көрсетуді жақсарту мәселелерін көтерді.Ақмола облысы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Турмаганбет Талғат, 2024 жылғы қаржыландыру және сатып алу қорытындылары туралы есеп берді.Ақмола облысы медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің директоры Бибігүл Иманқұлова, денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы мемлекеттік бақылау қорытындылары туралы баяндады.Отырыста инфрақұрылымды дамыту мәселелері де талқыланды. 2024 жылы 28 алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектісі пайдалануға берілді, ал 2025 жылы тағы 10 объектінің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.Алқа отырысының қорытындысы бойынша қатысушылар денсаулық сақтау жүйесінің проблемалық мәселелерін талқылап, оларды шешу және аймақта медициналық қызметтердің сапасын жақсарту үшін нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/924891
Қарағанды туристік клубы белсенді туризмге тегін оқытуға шақырады 27.01.2025
Қарағанды облыстық туристік клубы белсенді туризмге үйрету және бірінші күрделілік санатындағы жаяу жүргіншілер сапарының жетекшілерін даярлау үшін топ жинауда.Оқытуды тәжірибелі нұсқаушылар жүргізеді. Сабақтар тегін. Таныстыру сабағы 28 қаңтар күні сағат 18:00-де өтеді.Сондай-ақ, туристік клуб спелеотуризмді оқыту тобына (саяхат және үңгірлерді зерттеу) қабылдау туралы хабарлайды. Оқыту тегін.Таныстыру сабағы 31 қаңтарда сағат 18:00 өтеді.Сұрақтармен WhatsApp: +7-705-587-24-34.Оқыту Қарағанды қаласы, Пассажирская көшесі, 12 үй, бірінші қабат (оңға) мекенжайы бойынша жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/924683
«Рекордтар каруселі»: Ақмола облысы елордаға сүт өнімдерін жеткізуді 50%-ға дейін арттыруды көздейді 25.01.2025
Ақмола облысы сүтті мал шаруашылығында инновацияларға басымдық беріп, алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу арқылы биік мақсаттарға қол жеткізуді жоспарлап отыр. Целиноград ауданының «Родина» агрофирмасында Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда теңдесі жоқ сауу цехының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғалий Бердалин және облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан қатысты.DeLaval швед бренді ұсынған роботтандырылған сауу каруселі жүйесі 5 сағат ішінде 2000 сиырды саууға қабілетті және бір уақытта 80 сиырды қабылдай алады. Бұл жүйені бір ауысымда бар болғаны 12 қызметкер басқарады, осылайша оператордың еңбегі барынша азаяды. Сондай ақ күн сайын әр қара мал отыз литрден астам сүт берсе, бүгінде бұл көрсеткіштің рекордын 86 литр сүт берген сиыр орнатты. Шаруашылықта жануарлардың жайлылығына ерекше көңіл бөлінген. Атап айтар болса, тұяқтар мен желіні өңделеді, арнайы датчиктер сиырлардың тамақтану рационын қадағалап, олардың денсаулығын бақылауға мүмкіндік береді.Айта кету керек, кешеннің іске қосылуы – Мемлекет басшысының өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін 70%-ға дейін арттыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асырудағы маңызды қадам.«Біздің алдымызда сүт өнімдерін елордаға жеткізуді 50%-ға дейін арттыру міндеті тұр. Бұл үшін өңірде жаңа өндірістер құрылып, қолданыстағылары кеңейтілуде. Инвестициялық жобаларды жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы тиімді қолдау құралына айналды», – деп атап өтті Мұрат Балпан.Аталған шаралар Ақмола облысына тауарлық сүт өндірісін 40 мың тоннаға немесе 1,5 есеге, 90 мың тоннадан 130 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бұл өсім өңірге елорда тұрғындарын 50%-ға сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге жол ашады.Өткен жылы өңірде жалпы саны 4,9 мың бас малға арналған бес ірі сүт-тауарлы ферма құрылды. Биыл өңірде тағы 1,2 мың басқа арналған 2 ферма іске қосу жоспарлануда. Бұл – Ақмола облысының тауарлы сүт өндірісін 1,5 есеге арттырып, астаналықтарды сапалы әрі экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған алғашқы қадамдар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/924590
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларының жобасы жан-жақты талқыланды 25.01.2025
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларының жаңа жобасын түсіндіру үшін кездесу өткізді.Онлайн кеңес 25 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айтуар Қошмамбетовпен бірлесіп «QazIndustry» ҚИЭО базасында ұйымдастырды.Іс-шараға 500-ге жуық бизнес пен қоғам өкілдері қатысты.Кездесу барысында кәсіпкерлерге жобаның негізгі аспектілері, оның ішінде отандық тауар өндіруші мәртебесін растау тетігі жан-жақты түсіндірілді.Құжат жобасы отандық бизнесті қолдау мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды қадамы болып табылатын қазақстандық тауар өндіруші мәртебесін растаудың нақты тәртібін айқындауға арналғанын еске саламыз.Министрлік егжей-тегжейлі талқылау және бизнес өкілдері мен басқа да мүдделі тұлғалармен әрі қарай жұмыс істеу үшін бірқатар қосымша кездесулер өткізілетінін хабарлайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/924589
Таллинде Қазақстан-Эстония Үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысы өтті 25.01.2025
2024 жылғы 24 қаңтарда Эстония астанасы Таллинде Қазақстан тарапынан Көлік министрі М.Қарабаевтың және Эстония тарапынан Сыртқы істер министрі М.Цахкнаның төрағалығымен Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Эстония Үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысы өтті.Іс-шараға Қазақстаннан мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен бизнестен 50-ге жуық делегат қатысты. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, сондай-ақ білім беру саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылады.Отырыс аясында Эстония инфрақұрылым министрі В. Светпен екіжақты кездесу өткізілді. Транзиттік мүмкіндіктерді кеңейтуге және Қазақстан мен Эстония арасындағы, оның ішінде, теңіз порттары арқылы логистикалық байланыстарды жақсартуға ерекше назар аударылды.Сондай-ақ, Көлік министрі бірқатар эстониялық Eesti Raudtee, Muuga Grain Terminal, Skinnest Groupp сияқты ірі компанияларының, сондай-ақ Sillamae және Таллин порттарының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулердің қорытындысы бойынша Эстондық бизнеспен дамудың перспективалық бағыттары айқындалды.Отырыс қорытындысы бойынша көлік-логистика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі нақты қадамдарды, сондай-ақ экономикадағы, цифрландырудағы, білім берудегі және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі уағдаластықтарды қамтитын Хаттамаға қол қойылды.Комиссияның келесі отырысын 2026 жылы Астана қаласында өткізу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/924576
Қанат Шарлапаев Қазақстанның регби федерациясының жаңа төрағасы болып сайланды 25.01.2025
2025 жылдың 25 қаңтарында «QAZAQSTAN RUGBY» заңды тұлғалар бірлестігінің кезектен тыс жалпы жиналысы барысында қазіргі Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Федерацияның жаңа президенті болып бірауыздан сайланды.Қанат Шарлапаевтың тағайындалуы Қазақстанда регбиді танымал ету, жастарды осы спорт түріне тарту және регби қауымдастығында еліміздің халықаралық мәртебесін нығайту үшін жаңа перспективалар ашады.Регбиді дамыту жоспарларыҚанат Шарлапаевтың жетекшілігімен Регби федерациясы келесі іс-шараларға назар аударуды көздеп отыр:• республика бойынша балалар мен жасөспірімдер секцияларының қолжетімділігін кеңейту;• әлемдік аренада айтарлықтай жетістіктерге жеткен әйелдер командаларына қолдау көрсету;• мамандандырылған инфрақұрылымды салу және жаңғырту;• әлеуметтік желілер, медиа жобалар және ауқымды спорттық іс-шаралар арқылы регбиді белсенді түрде насихаттау.Жастар арасындағы регбиді дамытуға, оларды спортқа тартуға ерекше көңіл бөлінетін болады.Қазақстандағы регбиҚазақстанда регби өз дамуын жалғастыруда, әсіресе әйелдер құрамасының жетістігі байқалады - ол әлемдік рейтингте 19-шы орында және беделді халықаралық турнирлерде бірнеше рет жеңіске жеткен. Бұл ретте ерлер құрамасы мен жастар құрамасы да халықаралық аренада атын шығаруда.Регби федерациясы жастарды қолдап, жаңа ұрпақты салауатты және белсенді өмір салтына тарту үшін жағдай жасай отырып, осы спорт түрін белсенді түрде дамытуды жоспарлап отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/924581
Классика мәңгі сақталады: Қарағандыдағы байқауда оныншы сынып оқушылары Шыңғыс Айтматовтың шығармаларынан үзінділер оқыды 25.01.2025
"Адамның бойындағы балалық ар-ұжданы - дәндегі бүршік сияқты: бүршіксіз астық өспейді. Әлемде бізді не күтіп тұрса да, адамдар туылып, өліп жатқанда шындық мәңгі сақталады... " – жазушы Шыңғыс Айтматовтың әйгілі «Ақ кеме» повестінен үзінді. Дәл осы шығармадан үзінді орындағаны үшін Қарағандының № 95 мектеп-гимназиясының оныншы сынып оқушысы Богдан Багиров ІІІ қалалық Айтматов оқулықтарында Гран-при алды.Богдан әдебиетті жақсы көреді және түрлі үйірмелерге белсенді қатысады. Ол театр студиясында шұғылданады және ондағы сабақтар зияткерлік жарыстарда жеңіске жетуге септігін тигізгенін айтады.– Бұл байқау маған көптеген жағымды эмоциялар сыйлады. Барлығы достық атмосферада, өте жоғары деңгейде өтті, – дейді жеңімпаз. – Басқа қатысушылардың оқыған үзінділері арқасында Айтматов шығармаларының мағынасын сезіне алдым.Айтматов оқулары әл-Фараби атындағы мектеп-гимназияда өтті. Байқауға Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығына деген сүйіспеншілік біріктірген қала мектептерінің 24 оныншы сынып оқушылары қатысты. Байқауға қатысушылар бірнеше критерийлер бойынша бағаланды: оқу шеберлігі, мәтін көңіл-күйін жеткізу, тәсілдің бірегейлігі және жалпы әсер. Сонымен қатар, барлық қатысушылар Айтматовтың шығармалары бойынша тестілеуден өтті. Жеңімпаз балл сомасы бойынша анықталды.Байқауға қатысу үшін Богдан Багиров өзінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ирина Назыровамен бірге «Ақ кеме» повестінен үзінді таңдаған.– Мен Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын ұнатамын, олар терең мағынаға ие, – дейді оқытушы. – Онда автор балалардың тағдырын іштей бастан өткергендей көрсетеді. Айтматов шығармаларының даналығы мен сұлулығы маңызды өмірлік құндылықтарға – мейірімділікке, махаббат пен өзара түсіністікке үйретеді.Қазылар алқасы Богданның сөзіндегі мәтінді түсіндірудің эмоционалдылығы мен тереңдігін бағалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/924333
Жұмысшы мамандықтары жылы: техникалық мамандарға арналған «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланды 25.01.2025
Үкіметте Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау шараларын қабылдануда.Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Отбасы Банкі «Наурыз жұмыскер» жаңа бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланып, жұмысшы мамандарды баспанамен қамту мәселесі шешілді.Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін қамтиды.Биыл «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтары өкілдеріне 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланып отыр.Өтінімдерді қабылдаудың басталуы 2025 жылдың 17 наурызына жоспарланған. «Наурыз жұмыскер» қазірдің өзінде белгілі «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының бір бөлігі болмақ.Бағдарлама талаптары бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) және қалған барлық санаттар үшін 9%-дық (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін) мөлшерлемемен несие беріледі. Бастапқы жарна – таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін 10%-дан, әрленбеген бастапқы тұрғын үйді және қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу үшін 20%-дан басталады. Несиенің ең жоғары сомасы облыстар үшін 30 млн теңге, Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн теңге.Сондай-ақ «Наурыз жұмыскер» бағдарламасымен қатар Отбасы банкі отандық кәсіпорындармен «корпоративтік» өнім шеңберінде жұмыс істейтін болады, бұл кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне несие беру үшін қаражат бөлуін білдіреді.«Президентіміз 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Кеншілер, металлургтер, тас қалаушылар, электриктер құюшылар ауыр жұмыстарды атқарады. Осы және басқа да көптеген мамандық иелері бізді негізгі қажеттілігімізді қамтамасыз етіп отыр. Мұндай мамандарға жасалған қамқорлық – бүкіл қоғамның игілігі үшін жасалған қамқорлықпен тең. Көпшілігі қиын жағдайда жұмыс істейді. Сондықтан олардың баспана мәселесін шешу – қиын еңбек жағдайларының орнын толтыруға септігін тигізеді», — деді «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923884
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІКТЕР ФОРЕЛЬ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ 25.01.2025
Төлеби ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бүгінгі таңда, аудан аумағында осы кәсіпті қолға алған кәсіпкерлер саны 16-ға жетті. Мәселен, былтыр 4 кәсіпкер өз қаржысымен балық шаруашылығын ашып, кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Солардың бірі – «Сарсенов Сакен» ЖШС. Киелітас ауылдық округінде 0,14 га жерде балық ұстауға арналған бассейн жасап, 1500 дана сазан, 500 дана ақ амур және 5000 дана дөңмаңдай балықтарын өсіруде. Кәсіпкер балық шаруашылығынан бөлек демалыс аймағының құрылысын аяқтап, пайдалануға ұсынды.Сонымен қатар жеке кәсіпкер Исмаил Абдуллаев иелігіндегі 0,20 га жерге арнайы тоған жасап, 4000 дана сазан және 6000 дана тұқы балығын өндіруде.Таулы аймақ кәсіпкерлері де балықтың суық суға төзімді форель түрін өсіруді қолға алды. Жеке кәсіпкерлер Жұмағали Қияқов, Олжас Сұлтанқұлов Қаратөбе ауылдық округіндегі жерлеріне 3000 дана және 10 мың дана форель балықтарын өсіріп жатыр.Қызыл балық тұқымдастарға жататын оның бәсі биік, нарықта сұраныс жоғары. Кәсіпкерлер форель шабағын алдырып, арнайы қоректендіреді. Шаруашылық басшылары форельмен алғаш рет айналысып отырса да, әзірге ұсақ шабақтарды өсіруде күрделі мәселе туындамағанын айтады.Одан бөлек, «Шымкентбалық» ЖШС Бірінші Мамыр ауылдық округінде орналасқан 2 га жерде жерде балық ұстауға арналған бассейн жасап, форель балықтарын өсіріп, жылына 300 тонна өнім алуды жоспарлап отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923888
ТҮРКІСТАН: ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 25.01.2025
24 қаңтарда Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Комиссия отырысына терроризмге қарсы облыстық комиссияның мүшелері мен құзырлы органдардың басшылары, тиісті департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етіп, жүргізіп отырды.Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, күн тәртібінде «Дене шынықтыру және спорт саласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасының орындалу барысы», «Террористік тұрғыдан осал объектілердің жай-күйі және кездесіп жатқан мәселелер, оны жоюға бағытталған ұсыныстар туралы», «Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұрғындардың иммунитетін қалыптастыру мақсатында ақпараттық-насихаттық жұмыстарына қатысты мәселелер және оларды шешу жолдары» жөнінде баяндамалар жасалып, мәселелер талқыланды. Сонымен бірге 2024 жылдың қорытындысымен ТҚК қызметі саласындағы орындаушылық тәртіп туралы мәселелер қаралып, баяндамалар мен сын-пікірлер тыңдалды. Сала басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берілді.Өңір басшысы Нұралхан Көшеров мәселенің маңыздылығына тоқталып, ұсыныстар мен пікірлер ескерілетінін жеткізді. Жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.Айта кетейік, бұған дейін биыл облыс әкімінің төрағалығымен Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының 3 отырысы және облыстық ТҚК аппараты жанындағы жұмыс тобының 22 мәжілісі өткізілген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/924032
ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ 25.01.2025
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында облыс аумағында тұрақты түрде тұрғындармен жеке қабылдау өткізіліп келеді. Кестеге сәйкес бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өзі жетекшілік ететін салалар бойынша азаматтарды жеке қабылдады.Қабылдауға Түркістан, Кентау қалаларының және Сауран, Бәйдібек, Келес аудандарының тұрғындары келді. Тұрғындардың басым бөлігі баспана мәселесін көтеріп, көмек беруін сұрады.— Тұрғын үй кезегі заңға сәйкес жүргізіледі. Бұл дегеніміз, ешкім өз кезегінен тыс пәтер алмайды, немесе біреудің орнына өтініш бере алмайды. Заң талаптарына сәйкес, әр азамат өз кезегін күтіп, әділ негізде пәтер алу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ мемлекет тарапынан мұқтаж отбасыларға тұрғын үй жалдау ақысының 50 пайызын өтеп беру үшін «Отбасы банкіне» өтінім жолдау мүмкіндігі де бар,– деді Зұлпыхар Жолдасов.Сонымен қатар азаматтар әлеуметтік көмек алу, несие жабу, ауыз су, кәріз жүйесіне қатысты мәселелерді ортаға салды.Зұлпыхар Сансызбайұлы көтерілген әрбір мәселе зерделеніп, заң аясында шешімін табатынын жеткізді. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді. Барлық өтініштер бақылауға алынды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/924293
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАҢА МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ 25.01.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласына кіреберісте салынып жатқан 5 мың орындық мешіттің құрылыс алаңында жауапты басшылармен кездесіп, нақты тапсырмалар жүктеді. Құрылысты ширатуды, жұмысшылар санын арттыруды тапсырды. Қауіпсіздік шараларын толық сақтауды ескертті. Мешіттің қасбеті салынып біткен. Мұнарасы қойылып, электр жарығымен және сумен жабдықтау, терезе орнату жұмыстары жалғасуда. Сонымен бірге ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан басында 30-дан астам адам, 9 техника жұмылдырылған. Шаһарда бой көтерген еңселі жаңа ғибрат орны әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізіліп жатыр. Жаңа жоба жан-жақты зерделенген. Құрылыс жұмыстары биыл толық аяқталуы тиіс. Құрылыс барысында әлем елдеріндегі озық тәжірибелер ескерілген. Мешіт іргесінің берік болуы үшін өзіндік технология әзірленген. Түркі әлемінің рухани темірқазығы, қасиетті Түркістан қаласында салынатын жаңа ғибрат орнында 5 мың жамағат бір мезгілде сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете алады. Мешіт құрылысы заман талабына сай озық үлгіде жүргізіліп жатыр. Шығыс үлгісіндегі Ислам орталығының жер аумағы – 7,7 га. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/924299
Meeting of the Deputy Akim of Akmola Region with representatives of the German Embassy and GIZ: focus on strengthening cooperation and development of the region 25.01.2025
A working meeting of the Deputy Akim of the region Yernar Zharkeshov with the Permanent Deputy Ambassador of the Federal Republic of Germany to Kazakhstan Ulrich Kinne and representatives of the German Society for International Cooperation (GIZ) was held in the Akimat of the Akmola region.The main topic of the meeting was the discussion of prospects and opportunities for further strengthening of cooperation between Kazakhstan and Germany. The parties discussed issues of trade, economic and investment cooperation, as well as mutual supplies of equipment and components. Particular attention was paid to educational programs: the development of professional education, training of personnel for key sectors of the regional economy and the exchange of advanced management practices.In his welcoming speech, Yernar Zharkeshov emphasized the achievements and main areas of development of the Akmola region, noting that the region is a promising partner for international projects in the field of sustainable development.Representatives of GIZ presented the Felicity 2 project aimed at reducing the gap between low-carbon infrastructure projects in cities and their financing. The pilot project is being implemented in the city of Kokshetau, in the Yubileiny microdistrict.As part of the project, activities are planned to interact with apartment owners. Together with IWO (Eastern European Housing Initiative) and Kazakhstani experts in the field of energy efficiency, solutions will be developed to improve the energy efficiency of apartment buildings.During the meeting, the parties expressed their readiness for further interaction and implementation of joint initiatives that will help ensure sustainable development of the region and strengthen international cooperation. The planned projects will create a basis for the introduction of modern technologies, increased energy efficiency and the training of highly qualified personnel who meet the requirements of the modern economy.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/924141
Ақмола облысының ардагерлері Жеңістің 80 жылдығына орай 5 миллион теңгеден алады 25.01.2025
Биыл Ақмола облысында Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге төленетін төлемдердің мөлшері артты. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден беріледі. Қазіргі таңда облыста 5 соғыс ардагері тұрады.Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға да төлемдер қарастырылған. Олар 30 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін төлем алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/924311
Хабарландыру 25.01.2025
Қазақстан Республикасы Көлік министірлігі 2025 жылғы 21 қаңтарда Республикалық маңызы бар автомобиль жолының ақылы негізде пайдалану туралы Тараз қаласын айналма жолы бойынша ашық нормативтік актілердің интернет-порталында орналасқаны туралы хабарлайды. Осы жобаны қоғамдық талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15407420 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/924421
Хабарландыру «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Қостанай-Денисовка» ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығының жобасы туралы 25.01.2025
Хабарландыру«Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Қостанай-Денисовка» ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығының жобасы туралыҚазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрінің «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Қостанай-Денисовка ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығының жобасы туралы бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.Осы жобаны қоғамдық талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15407394 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/924428