Enbekshi QazaQ

Бизнес

Мемлекеттік сараптама Алматыда емхана салу жобасын мақұлдады 25.01.2025
«Мемсараптама» РМК емхана құрылысына жобалық құжаттаманы қарау қорытындысы бойынша оң қорытынды берді.Алматы қаласы Наурызбай ауданының "Құрамыс" шағын ауданында күн сайын 500-ден астам адамды қабылдай алатын жаңа емхана ашылады.Емхананың 3 қабатты ғимаратының жалпы құрылыс алаңы 4126, 71м2 құрайды.Ғимарат бір-бірімен біріктірілген 5 блоктан (A, B, C, D, E) тұрады. Бірінші мен екінші блокта функционалдық диагностика кабинеттері, физиотерапиялық емдеу және профилактика бөлімшелері, жалпы практика, конференц зал қарастырылған. С, D блогында –стоматологиялық, хирургиялық, қабылдау бөлімі, сондай-ақ педиатрия әйелдер бөлімі. Е блогында – жаппай тексеруге арналған флюрографиялық кабинет, ересектер мен балалар бөлімшелері бар. Барлық блоктар инженерлік және техникалық үй-жайлармен, жуынатын бөлмелермен жабдықталған.Тапсырыс беруші «Алматы қаласының құрылыс басқармасы» КММ, бас жобалаушы – «ЖОБА» ЖШС болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/923286
Металл сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға салынған қолданыстағы тыйым 6 айға ұзартылды 25.01.2025
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасының аумағынан түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ пайдалануда болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемінің элементтерін және жылжымалы құрамды темір жол көлігімен әкетуге тыйым салуды енгізу туралы бұйрықтың жобасын жариялады.Бұл норма отандық металлургиялық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету және тиеу мақсатында қабылданды, өйткені ел ішінде қайталама металдарды барынша қайта өңдеу неғұрлым жоғары қосылған құны бар өнім өндірудің, сондай-ақ экологиялық тазалық пен ең аз энергия шығыны үшін стратегиялық маңызды бағыт болып табылады. Министрлік өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган ретінде соңғы бірнеше жыл ішінде ішкі және сыртқы нарықтарға бағдарлана отырып, болат өнеркәсібі өндірісін кеңейтуге бағытталған дәйекті жұмыстарды жүргізіп келеді. Бұл ұлттық өнеркәсіптік саясатты дамытудың негізгі элементі болып табылады.Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/923563
«Энергетикалық және коммуналдық саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында отандық тауарлар өндірушілерін қолдау 25.01.2025
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков энергетикалық және коммуналдық саласын жаңғырту тақырыбындағы брифингте сөз сөйледі.Ол ұлттық жоба аясында отандық тауарларды барынша пайдалану жоспарларына тоқталды. «Энергетикалық және коммуналдық саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында отандық тауарларды қолдануға және инвестициялар тартуға бағытталған. Бұл бәсекеге қабілеттілікті арттырып, отандық кәсіпорындардың өндіріс көлемін ұлгайтуға мүмкіндік береді», – деді Олжас Сапарбеков.Құжат шеңберінде жеткізушілер арасында отандық өндірілген өнімнің үлесін 2025 жылы шамамен 20% деңгейінде қамтамасыз ету, 2029 жылға дейін 60% шамасындағы шекке жету үшін міндеттер белгіленген.Көрсеткішке қол жеткізу мақстында, елде жаңа өндiрiс қуаттарын ашу мақсатында оффтейк келісім-шарттар жасау, жеткізушілер мен мердігерлер арасындағы өзара ашық әрекеттесу үшін электрондық сатып алу алаңын әзірлеу сияқты отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары әзiрлендi.Энергетика және коммуналдық салаларды жаңғырту шеңберінде қажетті өнім түрлерінің тізбесі әзірленді. Алдын ала мәліметтер бойынша, тізім сомасы шамамен 4 трлн теңге құрайтын 1 000-нан аса тармақтан тұрады. Бұл өнімдер желілерді, станцияларды, жылумен жабдықтауды, сумен жабдықтауды және кәрізді жаңғыртуда қажет.700-ден астам өнім түрін шығаратын 187 кәсіпорынның тізімі құрылды.«Отандық кәсіпорындардың темір-бетон бұйымдарына, полиэтилен құбырларына және трансформаторлардың, қазандықтардың, кабельдік бұйымдар мен ажыратқыштардың жекелеген түрлеріне сұранысты толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар», – атап өтті вице-министр.Вице-министр бүгінгі таңда Қазақстанда жалпы сұраныстың ішінде 330-дан астам өнім түрі бойынша өндірісті оқшаулау мүмкіндігі бар екенін айтты.Тауарлардың бұл түрлерін локализациялау үшін офтейк келісім-шарттар жасасу тетігі қарастырылады. Осылайша, табиғи монополия субъектілерінің тауарлардағы қажеттілігі техникалық оператор тарапынан сарапталатын болады. Сарапталған көлем «Казахинвест» және «Qazindustry» ұлттық институттарына ұсыналады. Бұл институттар өндірістің жаңа түрлерін жолға қоюға дайын инвесторларды немесе жұмыс істеп тұрған отандық өндірушілерді іріктеу бойынша жұмыс жүргізеді.Ұлттық жоба аясында отандық тауар өндірушілерді қолдау механизмдерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативті-құқықтық актілерінде бекітуді көздеп отырмыз. Фото Үкіметтің баспасөз қызметіненАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/924035
Ашықтық және сенімділік: Tañba-ның цифрлық таңбалауы Қазақстанның экспортына қалай көмектесуде 25.01.2025
Еске салайық, 2024 жылдың 1 қазанынан бастап Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор (Tañba) қазақстандық жеңіл өнеркәсіп тауарларын экспорттаушыларына арналған бақылау сәйкестендіру белгілерін (БСБ) алу қызметін ұсынып келеді. Жаңашылдық 120 қазақстандық экспорттаушыға Wildberries, Ozon және басқа да танымал маркетплейстерінде тоқыма өнімдерін сату үшін оны таңбалауға мүмкіндік берді. Бұрын қазақстандық экспорттаушыларында мұндай мүмкіндік болмаған және олардың тауарларын Ресей Федерациясының аумағындағы маркетплейстері арқылы сату қолжетімсіз болды.2023 жылдың 1 наурызынан бастап Ресейдегі маркетплейстерінде жеңіл өнеркәсіп тауарларын сату алдында оның әрбір таңбалау кодын тексеру міндетті болды. Таңбалау кодын тексермеу бұзушылық болып табылады және ондай жағдай маркетплейс те, таңбаланбаған жеңіл өнеркәсіп тауарларын сатушыларға айыппұл салуына әкеп соғады.Бүгінгі таңда тауар айналымына қатысушылар цифрлық таңбалау жүйесіне белсенді түрде қосылуда, бұл экспортқа, оның ішінде танымал маркетплейстерде тауарларды сатуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүгінгі таңда тапсырыс берілген БСБ-ның жалпы саны 196 мыңнан астам бірлікті құрады.«Тауарларды таңбалау халықаралық нарықтардағы қазақстандық тауарлардың позициясын нығайтуда маңызды рөл атқарады. Бұл нарықтағы ашықтық пен біздің өнімдерге деген сенімді арттырып қана қоймай, олардың халықаралық стандарттарға сай болуына көмектеседі. Бұл экспортты дамыту және Қазақстанның сенімді сауда серіктесі ретіндегі имиджін нығайту үшін маңызды қадам», - деді аяқ киім таңбалау жобасының жетекшісі Ерлан Қарабаев.Жеңіл өнеркәсіп тауарларына БСБ қолданумен қатар, экспорттаушы тауарды жөнелту құжаттарын ресейлік оператордың таңбалау жүйесі арқылы тауар қабылдушыға жіберуі керек, осылайша ол БСБ-ны алушы елде айналымға енгізеді.Өнімді таңбалау бірқатар елдердегі нарықтар мен маркетплейстерге шығудың міндетті талабы болып табылады. Бұл құрал қазақстандық экспорттаушыларға халықаралық нарыққа шығуды қамтамасыз етеді және тұтынушылардың брендке деген сенімін арттырады.Анықтама үшін: 2020 жылдан бастап «Қазақтелеком» Қазақстандағы тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор болып тағайындалды. Бүгінгі таңда үш өнім тобына міндетті таңбалау енгізілді: аяқ киім, темекі бұйымдары және дәрі-дәрмек. Ал келесі өнім топтары үшін таңбалау бойынша пилоттық жобалар іске қосылды: мотор майлары, сыра қайнату өнімдері, зергерлік бұйымдар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/924212
Еңбек ұжымдарымен кездесулер: Ермағанбет Бөлекпаев жаңа форматта диалог өткізді 25.01.2025
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуде. Басқосулар зауыттар мен кәсіпорындардың қызметкерлерін жұмыстан үзбеу үшін жұмыс орындарында өткізіледі.  Мұндай алғашқы кездесу Maker компаниясының машина жасау зауытында өтті, онда өңір басшысы негізгі басқармалар мен ведомстволардың басшыларымен бірге келді. – Біз сіздермен кез келген тақырыптағы мәселелерді талқылауға дайынбыз. Кәсіпорын қызметкерлері, әдетте, менің тұрақты кездесулеріме келе алмайды. Сондықтан мен әріптестеріммен осылай кездесу өткізу туралы шешім қабылдадым, – деді Ермағанбет Бөлекпаев еңбек ұжымына. – Президент биылғы жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Бұл қарапайым жұмыскерлердің, мамандардың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді: онсыз мықты өнеркәсіп пен тұрақты экономиканы елестету қиын. Біздің міндетіміз – лайықты еңбек жағдайларын, әлеуметтік қорғауды және әрбір қызметкердің кәсіби өсуі үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Ол өңірдегі еңбекке қабілетті халықтың жартысына жуығы жұмысшы мамандықтарымен айналысатынын атап өтті. Облыс әкімі колледждерді кластерлеу және бұл жұмысшы кадрларды даярлауға қалай әсер ететіні туралы да айтып берді. Әрбір салада тірек колледждері анықталған, бар-жоғы өңірде осындай 8 колледж бар. Олардың материалдық-техникалық базасын жақсартып, шеберханалар мен зертханалар үшін заманауи жабдықтар сатып алатын болады. Басқармалар мен департаменттердің басшылары өз бағыттары бойынша: кәсіптік және техникалық білім беруді трансформациялауға, жұмысшы кәсіптерін қолдау мен дамытуға, еңбек қауіпсіздігін жақсартуға және т. б. бағытталған шаралар туралы баяндады. Зауыт жұмысшыларына «Отбасы банкі» мен облыс әкімдігінің бірлескен жеңілдікті ипотекалық бағдарламасы таныстырылды. Қазір ол шахтерлар мен металлургтер үшін қол детімді. Оған машина жасаушыларды да қосылуға шақырды. «Отбасы банк» пен әкімдік кез келген ірі компаниялардың ұсыныстарын қарауға дайын. Жұмысшылар Үлкен Михайловканы дамыту мәселесіне қызығушылық танытты. Сондай-ақ, қаладағы кәріздің жағдайына да алаңдаулы. Облыс әкімі қазіргі міндет – қаланы орталықтандырылған сумен 100% қамтамасыз ету, содан кейін коллекторларды жөндеуді қолға алатынын атап өтті. Биыл жұмыстарды бастау жоспарланған. Кездесуде апатты деп танылғаннан кейін бұзылған 44 мектеп туралы сұрады. Олардың орнына жаңасы салынады. Қазір ЖСҚ жасалуда. Зауыт қызметкерлері осындай кездесу үшін алғыс айтып, өз жетістіктерімен бөлісті.  «Maker» ЖШС директоры Жәнібек Байғабеловтың айтуынша, кәсіпорын өндіріс көлемін арттырған, зауытта 822 адам еңбек етеді, жағдайлары жақсы, сондықтан қызметкерлер өз орындарын сақтап қалуға тырысады, кадрлар ағымы аз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/923643
ӨҢІРДЕГІ КАРТОП БАҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ 25.01.2025
Құрметті жерлестер, облыс әкімдігі, сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті және «Ұлытау» ӘКК жүргізген мониторинг, түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде халық көп тұтынатын көкөніс түрі – картоптың бағасы тұрақталып келеді.   Қазіргі таңда аталған көкөніс түрі Кеңгір елді-мекенінде орналасқан «Жанұя» гипермаркетінде 220, Жезқазған қаласындағы «Органик» БК 217, «Самаз» супермаркетінде 220 және Сәтбаев қаласындағы «Жанай» мен «Нұртай» супермаркеттерінде 218 теңгеден саудалануда.   Сонымен қатар, «Ұлытау» ӘКК Павлодар қаласының «Ақтоғай Агро» ЖШС келісім шарт негізінде 38 тонна картоп жеткізу қарастырылуда. Қазіргі таңда картоп жүк көліктеріне тиеліп, облыс орталығы Жезқазғанға тасымалданып жатыр. Қалаға жеткізілген картоп ірі сауда нүктелеріне 198 теңгеден өткізіліп, тұтынушыларға сауда сөрелерінде 218 теңгеден сатылымға түсетін болады.   Сондықтан, облыс тұрғындарына картоп бойынша уақытша туындаған қымбатшылыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Жергілікті билік тарапынан бағаны тұрақтандыру бағытында шаралар қолға алынып, бағаны негізсіз өсірмеуге қатысты түсіндірме іс-шаралары жүргіліп жатқандығын жеткіземіз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/923753
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА 2 ІРІ МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ 25.01.2025
Түркістан облысы, Отырар ауданында 2 мақта өңдеу зауытының капсуласы салынды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, бастамаға сәттілік тіледі. Инвесторлармен кездесіп, мақта-тоқыма кластерін дамыту жобасымен танысты. Аймақ басшысы инфрақұлыммен қамту жұмыстарына жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізіп, мәселелер туындаған жағдайды дер кезінде хабардар етуді ескертті. Отырар ауданында қолға алынған бұл жоба «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС бастамасымен және «Түркістан» ӘКК» АҚ бірлесе жүзеге асырылуда. Бірегей жоба заманауи су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, жоғары стандартты шикізат базасын қалыптастыруды, соңғы үлгідегі мақта өңдеу зауыттарын, тамшылатып суару таспаларын шығаратын өндіріс орнын және басқа да инфрақұрылымдық нысандарды қамтиды. Мұнда әкімшілік ғимараты, шаруашылық базасы, сорғы станциялары салынуда. Жалпы инвестициялық құны – 80 млрд тенге. Жоба арқылы қуаттылығы жылына 160 мың тонналық 4 заманауи мақта өңдеу зауытын іске қосу, 6 мың тонна мақта тұқымын шығаратын өндірістік желісін құру көзделген. Оның ішінде, биыл 2 зауыт іске қосылса, 2026 жылы тағы 2 зауытты іске қосу жоспарланып отыр. Жоба толық жүзеге асқанда, жақын маңайдағы аудан, қалалардың 1500-ге жуық тұрғыны жұмыспен қамтылады. Отырар ауданында өндірілген шикізат Түркістан қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында бой көтеріп жатқан жіп иіру, тоқыма, мата өңдеу, бояу және дайын өнім шығару фабрикаларына жеткізіледі. Су үнемдеу технологияларын қолданатын еліміздегі ірі масштабтағы алғашқы жоба өндірістік процесстің барлық кезеңдерін қамтиды. Үздік технологияларды қолдану есебінен су мөлшерін 3-4 есеге дейін үнемдеуге, жоғары өнімділік алуға мүмкіндік береді. Жобаның экономикалық тиімділігі орасан. Мақта-тоқыма кластерін дамытуға ықпал етіп қана қоймай, өңір бюджетіне кіріс әкеліп, салық түсімдерін арттырмақ. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923693
Жұмысшы мамандықтары жылы: техникалық мамандарға арналған «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланды 25.01.2025
Үкіметте Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау шараларын қабылдануда.  Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Отбасы Банкі «Наурыз жұмыскер»  жаңа бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланып, жұмысшы мамандарды баспанамен қамту мәселесі шешілді.  Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін қамтиды.  Биыл «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтары өкілдеріне 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланып отыр.  Өтінімдерді қабылдаудың басталуы 2025 жылдың 17 наурызына жоспарланған. «Наурыз жұмыскер» қазірдің өзінде белгілі «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының бір бөлігі болмақ. Бағдарлама талаптары бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) және қалған барлық санаттар үшін 9%-дық (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін) мөлшерлемемен несие беріледі. Бастапқы жарна – таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін 10%-дан, әрленбеген бастапқы тұрғын үйді және қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу үшін 20%-дан басталады. Несиенің ең жоғары сомасы облыстар үшін 30 млн теңге, Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн теңге. Сондай-ақ «Наурыз жұмыскер» бағдарламасымен қатар Отбасы банкі отандық кәсіпорындармен «корпоративтік» өнім шеңберінде жұмыс істейтін болады, бұл кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне несие беру үшін қаражат бөлуін білдіреді.  «Президентіміз 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады.  Кеншілер, металлургтер, тас қалаушылар, электриктер құюшылар ауыр жұмыстарды атқарады. Осы және басқа да көптеген мамандық иелері бізді негізгі қажеттілігімізді қамтамасыз етіп отыр. Мұндай мамандарға жасалған қамқорлық – бүкіл қоғамның игілігі үшін жасалған қамқорлықпен тең. Көпшілігі қиын жағдайда жұмыс істейді. Сондықтан олардың баспана мәселесін шешу – қиын еңбек жағдайларының орнын толтыруға септігін тигізеді», — деді «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/923547
Жер қатынастары саласында бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жасау өз тиімділігін көрсетуде 24.01.2025
Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаментімен 2024 жылғы қыркүйек пен қараша айларында Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 145-1-бабының 4-тармағына сәйкес, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның «JerInSpectr» платформасы арқылы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижесінде пайдаланылмай жатқан 582 мың 793 гектар ауылшаруашылық мақсатындағы алқаптар анықталып, 220 субъектіге бір жылдық мерзімде бұзушылықтарды жою туралы нұсқаулар жіберілген болатын.Бақылаудың бұл түрі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланбаудың немесе ұтымсыз пайдаланудың уақтылы жолын кесу және алдын алу, сондай-ақ бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оған әкімшілік жүктемені азайту мақсатында, Жерді қашықтан зондтау және ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру деректері негізінде жүргізіледі.Бүгінгі күнде 118 жер пайдаланушылар анықталған бұзушылықтар жою және тиісті құжаттарды реттеу арқылы 231 мың 838 гектар жерді пайдалануға кірісті.Ал нұсқаулардың белгіленген мерзімде орындалмауы Кәсіпкерлік кодексте айқындалған тәртіппен бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға негіз болады.Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/923011
Қарағандылық екі компания сапа саласындағы жетістіктері үшін ТМД сыйлығының бірінші кезеңінің финалистері атанды 24.01.2025
Қазақстанда өнім сапасы мен қызмет көрсету саласындағы жетістіктері үшін ТМД сыйлығын алуға арналған мерейтойлық, оныншы байқаудың бірінші кезеңінің финалистері анықталды. Олардың қатарында екі қарағандылық компания бар.Өңірлік кәсіпкерлер палатасынан хабарлағандай, байқаудың бірінші кезеңі сәтті өтті: «Бёмер Арматура» ЖШС – шарлы крандар шығаратын зауыт; Өнеркәсіптің мұнай-газ, тау-кен өндіру, металлургия және энергетика секторларында диагностикалаумен айналысатын «Дефектоскопия ҒТБ» ЖШС.ТМД сыйлығы – сапа саласындағы беделді наградалардың бірі. Конкурс екі жылда бір рет өткізіледі. Оның мақсаты – жоғары сапалы өнімдер мен қызметтердің экспортын ынталандыру, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұйымдарында инновациялық технологиялар мен тиімді менеджмент әдістерін енгізу.2025 жылы байқау ТМД Экономикалық кеңесінің қамқорлығымен өтеді.Байқаудың қазылар алқасы мемлекетаралық құрылымдардың, ұлттық тұтынушылар қоғамдарының, сауда-өнеркәсіп палаталарының және басқа да кәсіби қауымдастықтардың өкілдерінен тұрады.– «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы байқау хатшылығы қызметін атқара отырып, қазақстандық кәсіпорындарға ТМД деңгейінде өздерін танытуға көмектесіп, жан-жақты қолдау көрсетеді. Қарағанды облысының компанияларының ТМД сыйлығына қатысуы жергілікті бизнестің жоғары бәсекеге қабілеттілігін және оның жаңа көкжиекті бағындыруға дайын екенін көрсетеді, – деп атап өтті Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/922985
Қазақстанда жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдерді қалай алуға болады 24.01.2025
2024 жылы жұмысынан айрылуына байланысты 293 мыңнан астам адам МӘСҚ-нан төлем алды.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:- eGov.kz порталында авторизациялану;- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;- бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (бұдан әрі – МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/923078
Қарағандылық құтқарушылар мен еріктілер қар басқан жолдарда қалып қойған адамдарға көмектесті 24.01.2025
Соңғы үш күнде Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығы байқалуда. Қолайсыз жағдайлар құтқарушылардың 68 рет жолға шығуына себеп болды, құтқару жұмыстары барысында қар құрсауынан 23 көлік алып шығарылып, 75 адам қауіпсіз жерге көшірілді.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 18 жол учаскесін жабу туралы шешім қабылданды, оның ішінде 10 – республикалық және 8 – облыстық маңызы бар жолдар. Көлік кептелістері түзілген бекеттерде 1623 бірлік техника мен 3653 адам болды. Бұл ретте балаларға ерекше көңіл бөлінді: эвакуацияланған балалардың жалпы саны 91.Машиналар кептеліп қалған жерлерде уақытша бекеттер ұйымдастырылды. Операцияға ТЖ департаментінің, полицияның қызметкерлері, жергілікті билік өкілдері және еріктілерді қоса алғанда, 138 бірлік техника мен 279 адам тартылды.Жолдарда қиын жағдайға тап болғандарға қажетті жағдай жасалды: сегіз жылыту пунктінде 600-ден астам адам, оның ішінде 50 бала орналастырылды, ал жол бойындағы кемпингтерде 25 адам, оның ішінде үш бала жылы жерге көшірілді. Барлық адамдар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.Бұдан бөлек, республикалық Алматы – Екатеринбург автожолында тұрып қалған 10 жүк көлігінен 160 бас жылқы, 200 бас ұсақ мал және 206 бас ірі қара малды алып, Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылына орналастыру жұмыстары ұйымдастырылды.Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарын барынша ақпараттандырып, 20 SMS-хабарлама, соның ішінде 5 дауылды ескерту және 15 жолды жабу туралы хабарлама жолдады. Сондай-ақ, ескертулер радио арқылы таратылды, ал «Дәрмен» қосымшасында өзекті ақпарат пен ұсынымдары бар 24 хабарлама орналастырылды.Құтқару қызметтерінің, полицияның, еріктілер мен жергілікті биліктің ортақ күш-жігері мен жедел әрекеттері ауа райының ауыр салдарын болдырмауға көмектесті.Қарағанды облысы ТЖД ақпараты бойынша Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/923252
Жұмысшы мамандықтар жылы: Сарандағы өнеркәсіптің дамуы кадрларды даярлауға қалай әсер етеді 24.01.2025
Саран қаласы индустриалды аймақтың дамуына байланысты жаңа деңгейге көтерілді. Мұнда бұрын-соңды болмаған өндірістер пайда болды. Мысалы, жақын арада тоңазытқыштар шығарыла бастауы керек. Ыстық мырыштау зауытын ашу жоспарлануда. Тиісінше, кадрларға деген қажеттілік артты.Қандай мамандарды дайындау керек, білім беру мен бизнестің өзара іс – қимылын қалай нығайту керек-бұл мәселелер Саран қаласында өткен кездесуде талқыланды. Дөңгелек үстелді Саран техникалық колледжі ұйымдастырды. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өкілдері және ашылуға дайындалып жатқандар қатысты. Шақыруға Карьер орталығы, Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы да жауап берді.– Бірінші кезекте индустриялық аймақтың барлық артықшылықтарын жергілікті тұрғындар сезінгенін қалаймын. Осыған байланысты біз де бір орында тұрмаймыз. Біз сіздермен бірге дамығымыз келеді. Біз сізге бейімделеміз, сіздің қажеттіліктеріңізге жаңа мамандықтар ашамыз. Менің ойымша, жергілікті тұрғындар басымдыққа ие болуы керек: мектеп түлектері басқа қалаларға оқуға кетпеуі үшін, бірақ мұнда Саран қаласында мамандық алып, жұмысқа орналаса алады, – дейді Саран техникалық колледжінің директоры Алина Есімханова.Ол "Полимер өндірісі"құзыреттілік орталығын ашу жоспарлары туралы айтты. Бұл өзекті, өйткені қаладағы бірнеше кәсіпорын осы салада жұмыс істейді.Колледжде жаңа мамандықтар ашылады: "полимер өндірісі технологиясы", "Тоңазытқыш компрессорлық машиналар мен қондырғыларды монтаждау және пайдалану", "Құбыр өндірісі".Колледждің әлеуметтік серіктестерінде индустриалды аймақта жұмыс істейтін компаниялар бар. Ыстық мырыштау зауыты әлі ашылған жоқ, бірақ онымен ынтымақтастық басталды: Жол картасына қол қойылды. Дәнекерлеу специалистов мамандарын бірлесіп даярлау туралы уағдаластық бар.Қазір колледжде 395 студент оқиды. Дуальды оқытумен 41% қамтылды. Міндет-студенттер кәсіпорындарда нақты жағдайда практикалық дағдыларды игере алатындай етіп осы бағытта алға жылжу.Бірлескен жоба "Қазақстан халқына" қорымен де талқыланады. Колледжде "жерасты электр слесарі"мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған заманауи шеберхананы немесе зертхананы жабдықтағысы келеді.Qaztehna компаниясы колледжде атаулы кабинет ашады, үй-жайды өз қаражатына жөндейді.- Саран техникалық колледжі екеуміз кәсіпорын іске қосылғаннан бері жұмыс істеп келеміз. Жыл сайын студенттерді практикаға көбірек қабылдаймыз, дуальды оқытуға қатысамыз. Жалпы, қалыптасу кезеңінде кадрларды даярлауда қиындықтар туындады. Мысалы, мамандықтардың бірыңғай біліктілік анықтамалығы бар, тіпті біздің негізгі мамандықтарымыз да болған жоқ. Мен бұл бағытта көп жұмыс істеуге тура келді. Қазір бізде Қарағанды облысының төрт колледжімен стратегиялық серіктестік бар. Көлік-технологиялық колледжімен "автокөлік құралдарының суретшісі"мамандығын ашамыз. Биыл Қазақстанда бірінші болып Қарағанды индустриалды университетімен "автомобиль жасау" бакалавриатының білім беру бағдарламасы ашылды, - деді QazTehna корпоративтік университетінің басшысы Айдос Айтбаев.Кездесуде колледж мен кәсіпорындар арасындағы серіктестік туралы жаңа меморандумдарға қол қойылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/923265
Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында SOVA балалар сурет студиясының есептік көрмесі өтеді 24.01.2025
Бейнелеу өнері мұражайында SOVA сурет студиясының есептік көрмесінде 5–18 жас аралығындағы оқушылардың түрлі жанрдағы жұмыстарын қамтиды: кескіндеме, графика, композиция және сәндік-қолданбалы өнер.Студия мұндай көрмелерді жыл сайын ұйымдастырады. Өткен жылы экспозицияда 400-ден астам жұмыс ұсынылып, әрбір жас суретші қатысуын растайтын сертификат алды.Көрме Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында Бұқар жырау даңғылы, 76 мекенжайы бойынша өтеді.Ашылуы – 24 қаңтар, сағат 13:00.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/923304
Қарағандыда жеке секторды газдандыру жалғасуда: газға қосылу мүмкіндігін 7 мың үй алды 24.01.2025
Қарағандыда газдандырудың бірінші кезегінің үш іске қосу кешені бойынша жұмыстар аяқталды. Жаңа қаланың, Михайловка мен Ескі Михайловканың 7 мыңға жуық үйі табиғи газға қосылды. Қазірдің өзінде 3385 үй шаруашылығы көгілдір отынды пайдалануда, ал 4209 абонент үшін қосылуға өтінімдер мақұлданды.– Өткен жылы төртінші, бесінші және алтыншы іске қосу кешендерін салу және іске қосу жұмыстары басталды. Олар Кирзавод-1, 2, 3, 4, «Таугүл» және «Күнгей» шағын аудандарын, сондай-ақ Федоровка мен Үлкен Михайловканы қамтиды, – деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Қайрат Қамзин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында. – Таяуда жетінші іске қосу кешені үшін газ тарату желілерін төсеуді бастау және бірінші және, мүмкін, екінші іске қосу кешендері бойынша жұмыстардың екінші кезегін іске асыруды жоспарлап отырмыз. Жұмыс басталатын жаңа аумақтардың арасында – ТББ зауыты ауданы да бар.Алдағы жылдары Узенка, Фин кенті, Рудник-2, Пришахтинск, Ескі және Жаңа Тихоновка тұрғындарын газбен қамтамасыз ету жоспарланған.Бар-жоғы жобада газдандырудың төрт кезегі мен 16 іске қосу кешені қарастырылған. «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ өкілі Манас Баймамыров атап өткендей, жобаны іске асыру аяқталған соң барлық абоненттерге газ тарату желілері тартылады – бұл 28 мың жеке тұрғын үй.Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін газға қосылуға ақы төлеуге біржолғы көмек көрсетіледі, ол жабдықты орнату шығындарын жабады, бірақ 100 АЕК-тен (393 200 теңге) аспайды. Ол зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге, соғыс ардагерлеріне және басқа да санаттарға қолжетімді. 2024 жылы 159 отбасы көмек алды.Осы санаттарға жатпайтындарға, бірақ газбен жабдықтауға қосылуға жеткілікті қаражаты болмағандарға Тұрғын үй қорын жаңғырту орталығынан қаржылай көмек сұрауға болады.– Пайызсыз қарыз бес жылға беріледі. Несие сомасы 1 миллион 179 мың теңгеден аспайды. Ай сайын 10 мыңнан 17 мың теңгеге дейін төленеді, – деп түсіндірді Қарағанды облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталығының директоры Данияр Дүйсембаев. – Қазірдің өзінде 600-ден астам абонент осы бағдарлама арқылы өтті. Биыл тағы 350 жеке тұрғын үйді іске қосуды жоспарлап отырмыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/923368
Қарағандыда В. И. Ленин атындағы кинотеатр мемлекетке қайтарылды 24.01.2025
Қала тарихының ажырамас бөлігі болып табылатын Қарағанды қаласының В. И. Ленин атындағы кинотеатры мемлекет меншігіне қайтарылды.1960 жылы ашылған кинотеатр Қарағандыдағы алғашқы екі залды кең экранды кинотеатр болған. Бұл ғимарат қаланың мәдени өмірінің орталығына айналып, жоғары деңгейдегі премьераларды, фестивальдар мен кинофорумдарды көрді. Алайда 1998 жылы нысан тарихи-мәдени ескерткіштер тізімінен заңсыз шығарылып, кейіннен жекешелендірілген.Қазыбек би ауданының прокуратурасы жекешелендірудің заңсыздығын сотта дәлелдеу үшін ұзақ және күрделі жұмыс жүргізді. Сот бірнеше айға созылды. Бұзушылықтар туралы ұсынылған дәлелдердің арқасында сот кинотеатрды мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады.Бұл шара облыстың мәдени мұрасын сақтаудағы маңызды қадам болып табылады. В. И. Ленин атындағы кинотеатр қайтадан Қарағандының мәдени өмірінің орталығына және жаңа естеліктер туындайтын орынға айналады.Қарағанды облысының прокуратурасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/923466
Жастарға арналған спорттық-зияткерлік орталық Балқашта жұмыс істей бастады 24.01.2025
Балқаш жастары қазір кездесулер, келіссөздер, фитнес, би, үстел ойындарын ойнауға, бейне және аудио контент жазуға арналған орын бар: қалада Жаңа jas Space спорттық-зияткерлік орталығы ашылды.Бұл белсенді және креативті жастарға, сондай – ақ әлі еш жерде оқымайтын және жұмыс істемейтіндерге-NEET санатындағы өкілдерге арналған заманауи және функционалды кеңістік.Жастар мұнда жұмысқа орналасу, кәсіптік бағдар беру және кәсіпкерлік мәселелері бойынша кеңес ала алады.Jas Space "Сары Қазына" ЖШС және "Қоңырад" Мыс компаниясы "ЖШС құрған "Қоңырад"корпоративтік қорының демеушілік қаражаты есебінен ашылды. Орталық орналасқан бөлмеде қайта құру, әрлеу жұмыстары жүргізілді, қасбеті жөнделді, фитнес, үстел ойындары мен конференцияларға арналған залдар, сондай-ақ дыбыс және бейне жазу студиялары бар баспасөз орталығы жабдықталды және жабдықталды.Орталықта көркем гимнастика, 3D-модельдеу, Заманауи би, дойбы, тоғызқұмалақ үйірмелері ашылды.- Жастардың зияткерлік және спорттық дамуы үшін жағдай жасау әлеуметтік басымдық болып табылады. Орталық жастардың жеке дамуына, сондай-ақ патриотизмге тәрбиелеуге ықпал ететіні сөзсіз. Біздің қаламызда осындай әлеуметтік маңызы бар нысанның ашылуы бизнестің басқа өкілдері үшін де үлгі болуға тиіс, – деп атап өтті Балқаш әкімі Сапар Сатаев.Jas Space Жастар спорттық-зияткерлік орталығы С.Мұхамеджанов атындағы шағын ауданның № 20а үйінде орналасқан. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/923474
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ 23.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Осыған орай, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жұмысшы тобының отырысы өтті. Онда «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу бойынша іс-шара жоспары қаралып, толықтырулар еңгізу бойынша ұсыныстар тыңдалды.Облыс әкімінің орынбасары аудан, қала әкімдіктері мен салалық басқармаларға нақты жоспар жасап, жыл бойы жүйелі әрекет етуді тапсырды.– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмаларының орындалуы жіті бақылауда тұр. Мемлекеттік механизмдерді біртұтас іске қосу үшін бізге осындай бастамалар қажет. Мұны «бірреттік шара» деп қабылдауға болмайды. Есеп үшін өткізілетін шаралар қажет емес. Жұмысты аса жанашырлықпен, жауапкершілікпен қолға алыңыздар. Еңбек адамдары біздің өңірде жеткілікті. Мемлекеттік грант арқылы кәсіп ашқан, «Ауыл аманаты» бағдарламасының рахатын көріп жатқан азаматтар мен облыс экономикасын дамытуға үлес қосып келе жатқан шаруалар бар. Олардың еңбегі елене бермейді. Жұмысшылардың беделін арттыру, еңбегін насихаттауға баса мән беру керек. Жәй сөз емес, сілкініс қажет, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.Түркістан облысындағы 50 колледждің 30-ында кәсіптік мамандық иелері даярланады. Жұмысшы мамандықтары оқытылады. 40 мыңнан астам студент техникалық және кәсіптік білім алады. Өңір колледждеріне биылғы оқу жылында да 15 мыңнан астам грант бөлінеді.Жиында Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, Түркістан облысында «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай 6 бағыт бойынша 60 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Жоспарда әр басқармаға нақты міндеттер жүктелген. Атап айтқанда, кәсіби мерекелерді жоғары деңгейде атап өту, кәсіптік бағдар беру жұмысы мен экскурсиялар ұйымдастыру, жұмысшы мамандықтарының жас көшбасшыларының қатысуымен облыстық форумдар, шеберлік сайыстарын, кадрларды даярлау бойынша облыстық және республикалық деңгейде сессиялар өткізу, кадрларға қажеттіліктің өңірлік карталарын әзірлеу, жұмысшы адамның бейнесін танымал ету, үздік мамандар байқауларын өткізу жоспарлануда.«Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу бойынша атқарылып жатқан нақты жұмыстар облыс әкімінің тікелей қадағалауында болады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923679
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АРНАЙЫ ТЕХНИКА ШЫҒАРУ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ 23.01.2025
Түркістан облысында машина жасау өнеркәсібін дамыту қолға алынды. Отандық шағын габаритті арнайы техника мен коммуналдық қондырма жабдықтарын шығаратын өндіріс орны өңірдегі шағын өндірістік паркте орналасқан. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірдегі инвестициялық жобалар шоғырланған «SPK Turkistan» өндірістік паркін аралап көрді. Сауран ауданында орналасқан «BNK GROUP LTD» ЖШС кәсіпорнында болып, басшыларымен кездесті.Жұмыс жоспарына сәйкес, бұл зауытта жылына 1 мың арнайы техника шығару көзделген. Жоба биыл жүзеге асады деп жоспарланған. Айта кетейік, осы зауытта елімізде алғаш болып жаңбырлатып суару машиналары шығарыла бастады. Бүгінде Түркістанда жасалған өнімге сұраныс артқан. Кәсіпорын америкалық «Nelson Irrigation» компаниясымен бірлесіп, «BNK Irrigation» сауда белгісімен айналмалы және фронтальды жаңбырлатқыш машиналар өндірісін іске қосқан. Президент тапсырмасына сәйкес, бұл 2030 жылға дейін облыста 216,3 мың гектар жерге су үнемдеу технологиясын енгізуге мүмкіндік береді.Бұдан кейін облыс әкімі тоңазытқыш және мұздатқыш жабдықтарын өндіре­тін «Jasyl suyq Qazaqstan» кәсіпорны­ның өндіріс алаңына барды. Өнімдерін Орталық Азия елдеріне импорттап келе жатқан болгариялық «UBC Group» холдингі Түркістан облысында екі ірі өндіріс желісін ашу жөнінде шешім қабылдаған. Инвестор жобаның бірінші кезеңіне 5 млн еуро көлемінде қаржы құяды. «SPK Turkistan» аумағындағы өндіріс алаңында 350-ге жуық жұмыс орны ашылады. Ал «Тұран» арнайы эконо­микалық аймағында іске қосылатын екінші зауытқа 7,5 млрд теңге инвестиция салынады. Нәтижесінде айына 10 мыңға дейін тоңазытқыш жабдығын шығарып, мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.Сондай-ақ облыс басшысына көрме орталығының жобасы таныстырылды. Бұл жерде сауда, қызмет көрсету, компанияларды таныстыру, көрме ұйымдастыру және басқа да шаралар үшін пайдаланылатын арнайы ғимараттар салынады. Ол үшін барлық жағдай жасалады. Жоба еуропалық стандарттарға сай жүзеге асады.Өндірістік парктің құрылысы 100 гектар жерге салынады. Құрылыс екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Жалпы 151 ғимарат салу жоспарланған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы және жеке инвестор есебінен жүргізілуде. Құрылыс екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Индустриялық алаңның бірінші кезеңінде 30 гектар жер телімі бөлініп, тиісті инфрақұрылыммен және коммуникация желілерімен қамтамасыз етілді. Бүгінде парк аумағында 10 ғимараттың құрылысы аяқталды. Былтыр инвестиция көлемі 36,5 миллиард теңге болатын 8 өндіріс іске қосылып, 712 жаңа жұмыс орны ашылды. Маңызды жоба облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың жіті бақылауында болады.Өңір басшысы құрылыс барысын бақылап, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.Биылғы бірінші тоқсанда 16 ғимаратты іске қосу жоспарланып отыр. Бір ғимараттың ауданы 1584 шаршы метрді құрайды, қажеттілікке қарай ғимараттың ауданы үлкейтіледі. Екінші кезеңде 2025-2026 жылдары 70 га аумақта 112 ғимарат соғу жоспарланған. Мұнда да өндіріс орындары ашылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923640
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА "ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ" ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ 23.01.2025
Мемлекет басшысы бастамашылық еткен "жайлы мектеп" жобасын іске асыру аясында Түркістан облысында 29 білім беру мекемесі салынуда. Отырар ауданының Шәуілдер ауылдық округінде бірыңғай үлгідегі заманауи мектеп салынды.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Отырар ауданына жұмыс сапары барысында жаңа мектеп құрылысының барысын тексеріп, жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.- Әлеуметтік нысандардың құрылысы қатаң бақылауда. Ғимараттың, жабдықтың және жиһаздың сапасына байланысты кез-келген проблеманы болдырмау қажет. Білікті кадрлармен жасақтау мәселесі де назарда болуы тиіс, - деп атап өтті Нұралхан Оралбайұлы.600 орындық мектеп құрылысы "Samruk-Kazyna Construction"АҚ тапсырысы бойынша жүзеге асырылды. 3 гектар аумақта орналасқан білім беру мекемесі инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталды, қабылдау-тапсыру іс-шаралары жүргізілуде. Мектепте 115 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923663