Бизнес
Аршалы ауданының әкімі болып Достанбек Есжанов тағайындалды 09.12.2024
Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 9 желтоқсандағы өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Аршалы ауданының әкімі болып Достанбек Есжанов тағайындалды. Бұған дейін ол Біржан сал ауданының әкімі қызметін атқарған.Ауданның жаңа әкімін өңір басшысы Марат Ахметжанов таныстырып, оған Президенттің «Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» Жолдауының басымдықтарын ескере отырып, бірқатар міндеттер қойды.«Сіздің басты міндетіңіз – аудан тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, жылыту маусымының ақаусыз өтуін қамтамасыз ету, ауданның электрмен жабдықтау тапшылығын азайту мәселесін шешу үшін жоспарланған жобаларды іске асыру, елді мекендерді үздіксіз әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және жол желісін дамыту мәселелері бойынша жұмыстарды жандандыру», - деп атап өтті облыс әкімі. Сондай-ақ, аудан басшылығы жаңа инвестициялық жобаларды пысықтауы, инвесторларды тарту бойынша жұмысты ілгерілетуі, жұмыс істеп тұрған АӨК кәсіпорындарының жүктемесін арттыруы, Астана агломерациясын дамытудың Кешенді жоспарына енгізілген жобаларды тұрақты бақылауда ұстауы қажет.«Проблемалық мәселелерді шешу және жаңа жобаларды іске асыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Сондықтан сізге жедел шешім қабылдау ғана емес, ең бастысы, олардың барлығын тиімді іске асыру керек», - деді облыс әкімі.Кездесу соңында Марат Ахметжанов Достанбек Есжановқа аудан тұрғындарының игілі үшін жүктелген барлық міндеттерді іске асыруда табыс тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/898812
Старый Колутонда ауылында дәрігерлік амбулатория салынуда 09.12.2024
Старый Колутон ауылында заманауи дәрігерлік амбулатория салынуда, ол ауыл тұрғындары үшін денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды буын болады және 1 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді.«Ауылда дәрігерлік амбулатория салу жергілікті тұрғындар үшін маңызды оқиға болмақ. Бұл нысан тұрғындардың барлық санаттары: балалар, қарттар, отбасылар және еңбекке қабілетті тұрғындар үшін сапалы медициналық көмекке қол жетімділікті едәуір жақсартады. Тұрғындарға бұдан былай базалық медициналық көмек алу үшін шалғайдағы елді мекендерге немесе аудан орталығына баруға уақыт пен қаражат жұмсаудың қажеті жоқ», - деп атап өтті аудан әкімі Талғат Ерсейітов.Қазіргі уақытта учаскені геодезиялық бөлу және уақытша қоршау орнату, іргетасты жайластыру және жабын плиталарын монтаждау жұмыстары аяқталды. Дәрігерлік амбулатория құрылысын аяқтау және нысанды іске қосу 2025 жылға жоспарланып отыр.Сондай-ақ, елді мекенде көктемгі су тасқынынан кейін көлік инфрақұрылымы қалпына келтірілді. Старый Колутон ауылы арқылы Колутон ауылына апаратын жолға орташа жөндеу жүргізілді. Ұзындығы 3,9 км учаске толығымен қалпына келтірілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/898885
ТҮРКІСТАН: «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» АУМАҒЫН СУМЕН ҚАМТИТЫН СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 09.12.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су нысандарын реттеу, тиімді пайдалану тапсырмасын бергені белгілі. Сол тапсырмалар аясында Түркістан өңірінде қарқынды жұмыс жүріп жатыр.Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы су қоймасын қалпына келтіру бағытындағы құрылыс жұмыстарын бақылады. Бүгінде тоғанның жері тегістеліп, жан-жағын биіктету, бөгеу жұмыстары атқарылуда. Өңір басшысы жауапты басшыларға жұмысты жүйелі атқаруды тапсырды.Жаңа әуежайдан 20 шақырым қашықтықта орналасқан су қоймасының сыйымдылығы – 1,3 млн м³. Қайта реконструкциялау арқылы су сыйымдылығын ұлғайту көзделіп отыр.Ескі тоғанды реконструкциялау жұмыстарына «Тұран су» мекемесі тартылған. Су қоймасы толық қуаттылықта іске қосылған соң жиналған су 22 шақырым қашықтықтағы, яғни, жаңа әуежай жолының екі жағындағы ағаш көшеттерін вегетациялық кезеңде суғаруға толық мүмкіндік береді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/898522
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУДЕГІ» ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАДАҒАЛАДЫ 09.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 1200 гектар аумаққа егіліп жатқан сексеуіл отырғызу жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда, бұл алқап 400 мың түптен аса сексеуіл көшетімен толықтырылды. Одан бөлек 900 гектар аумақта күзгі тұқым себу жұмыстарына жер дайындалып, 6 000 келі сексеуіл тұқымы себілді. Мамандар сексеуіл алқабын ұлғайту туралы ұсыныстары мен пікірлерін айтты.Дархан Сатыбалды «Шағын өнеркәсіптік парк» маңындағы «Жасыл белдеуде» ағашты күтіп-баптау, толықтыру жұмыстарының барысын тексерді. Бүгінгі таңда әуежай бағытындағы жолдың бойына 250 мың түп ағаш көшеті қосымша толықтырылып, отырғызылды. Отырғызылған көшеттерді желден қорғау мақсатында 32 мың түптен аса қада орнатылып, сым тарту және байлау жұмыстары жүргізілуде. «Жасыл белдеу» аумағында ағаштарды толықтыру, тіректерді жөндеу және жабайы шөптерден тазарту жұмыстары атқарылуда.Өңір басшысы «Жасыл белдеуді» жайқалту, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын сапалы атқару жөнінде тапсырмалар берді. Сонымен бірге нақты өсетін ағаш түрлерін ғана егуді жүктеді. Бұл бағыттағы жұмыстар бақылауда болады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/898526
Шавкат Рахмонов: Қазақстанның мақтанышы 09.12.2024
UFC-де ирландиялық Иан Гарриді жеңген талантты спортшымыз Шавкат Рахмоновты керемет жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!Шавкат өзінің шеберлігі мен табандылығының арқасында 19-жеңіске қол жеткізіп, жаттықтырушылары мен жанкүйерлерінің сенімін тағы да ақтады. Бұл жетістік қазақстандық спортшылардың әлемдік деңгейде мойындалуға лайық екенін тағы бір рет дәлелдеп отыр.Алдағы уақытта спортшымызға зор денсаулық, жарқын жеңістер мен чемпиондық атақ тілеймін! Біз Сіздің жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/898436
Азаматтық авиацияның негізгі көрсеткіштері саладағы тұрақты өсу динамикасын көрсетеді 07.12.2024
Халықаралық азаматтық авиация күнінде дәстүр бойынша салаға қатысты жылдың қорытындысын ұсынамыз.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 12 қарашада Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде өткен ИКАО Кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитаномен кездесуін еліміздің азаматтық авиациясындағы тарихи оқиға деп атауға болады.Мемлекет басшысы ИКАО-мен 30 жыл бойы жемісті ынтымақтастықта Қазақстанның Ұйым стандарттарына сәйкестік деңгейі 82%-ға жеткенін, бұл жетекші еуропалық мемлекеттермен салыстыруға болатынын атап өтті.Сальваторе Шаккитано Қазақстанды азаматтық авиация және қауіпсіздік саласындағы тамаша жетістіктерімен құттықтап, 2025 жылы Астанаға келу жоспарын жариялады.Жалпы, 2024 жылдың 10 айында қазақстандық әуе компаниялары 12,3 млн адамды тасымалдады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен (11,1 млн адамға) 11%-ға артық. Әуе көлігімен тасымалданған жүк көлемі 22,4 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен (19 мың тонна) 18%-ға артық.Осы кезеңде ішкі әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 25,2 млн адамды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен (22 млн адам) 14%-ға артық, 141,7 мың тонна жүк өңделді, бұл да 2023 жылдың сәйкес кезеңімен алғанда (105,7 мың тонна) 34%-ға артық.Бүгінгі таңда ішкі әуе тасымалы аптасына 669 рейс жиілігімен 57 бағыт бойынша 6 әуе компаниясымен (Air Astana, FlyArystan, SCAT, Qazaq Air, Southern Sky, Жетісу) жүзеге асырылады (2023 ж.: 5 авиакомпания, 51 бағыт, аптасына 630 рейс).Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету және ішкі туризмді дамыту мақсатында 9 облыстағы 19 ішкі әуе бағытына 6,6 млрд теңге субсидиялануда.Халықаралық рейстер 31 елге (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Армения, Беларусь, Әзірбайжан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар, Иран, Оман, Египет, Кувейт, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Таиланд, Моңғолия, Камбоджа, Малайзия, Мальдив аралдары, Түркия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Чехия) аптасына 571 рейс жиілігімен 115 бағыт бойынша жүзеге асырылады (2023 ж.: 28 ел, 115 бағыт, аптасына 550 рейс).Әуе кемелері паркін кеңейту жұмыстары жалғасуда. 2024 жылдың басынан бері отандық әуекомпаниялардың әуе кемелері паркі 10 бірлікке толықты (Эйр Астана компаниялар тобы, А321 типті ұшақ).Жеке инвестициялар есебінен, бюджет қаражатын тартпай, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту шеңберінде Қызылорда және Алматы қалаларында жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталды, сонымен қатар Шымкентте де аяқталу сатысында.Атырауда Хиуаз Доспанова атындағы әуежайында жаңа аэровокзал кешенінің құрылысы да жеке инвестиция арқылы, бюджет қаражатын тартпай, 2025 жылдан басталатын болады. 2024 жылдың қыркүйегінде Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағын жөндеу мерзімінен бұрын аяқталды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы Павлодар және Балқаш әуежайларында жөндеу жұмыстары басталды.Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтық авиацияны дамытуға үлкен көңіл бөлді. Ең маңызды міндет – әуе хабтарын дамыту. Ішкі әуе бағыттарын дамыту басты назарда. Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жоғары сапалы жол инфрақұрылымы бар аэровокзал кешендері мен әуежайлар салынады. Шағын ұшақтар Индустрияны дамыту қоры есебінен сатып алынады.Еліміздің авиациялық билігінің авиациялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз етудегі күш-жігерінің нәтижесі деп Қазақстанның ең дамып келе жатқан туристік бағыттардың бестігіне енуін де атап өтуге болады. Британдық беделді Wanderlust туристік журналының мәліметі бойынша, Қазақстан әлемнің түкпір-түкпірінен туристер барғысы келетін елдердің бірі болып табылады.Бұл жетістіктер авиация саласының қызметін реттеу бойынша нәтижелі жұмыстың арқасында мүмкін болғанын атап өтейік. Жаңа нормативтік құқықтық актілерді құру және енгізу, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру қауіпсіздік деңгейін арттыруға ғана емес, сонымен қатар жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Бұл үдерісте әуе көлігінің қауіпсіздігін стандарттау мен жақсартуға бағытталған халықаралық және ұлттық бастамалар маңызды рөл атқарды.Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылы Еуропалық Комиссия, Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) сарапшыларының және Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің авиациялық билік органдарының техникалық сапарының қорытындылары және кездесу нәтижелері бойынша Еуропалық Комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитетінің шешімімен Қазақстан ұшу қауіпсіздігін күшейтілген бақылаудан шығарылды. Қазақстандық әуе компаниялары Еуропаға шектеусіз ұша алады.Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылы Еуропалық Комиссия, Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) сарапшыларының және Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің авиациялық билік органдарының техникалық сапарының қорытындылары және кездесу нәтижелері бойынша Еуропалық Комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитетінің шешімімен Қазақстан ұшу қауіпсіздігін күшейтілген бақылаудан шығарылды. Қазақстандық әуе компаниялары Еуропаға шектеусіз ұша алады. 2024 жылдың тамызында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасында тікелей әуе қатынасын ашу жұмысы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі АҚШ-тың FAA халықаралық авиациялық қауіпсіздікті бағалау (IASA) бағдарламасының алдын ала техникалық бағалауынан сәтті өтті. Қазақстан тарапынан FAA аудитін сәтті аяқтағаннан кейін және 2026 жылы алыс қашықтыққа ұшатын Boeing-787 Dreamliner ұшақтары келгеннен кейін Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстер ашу жоспарлануда.Қазақстанның азаматтық авиациясы үшін 2024 жыл ірі оқиғалармен, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысуымен жоғары деңгейдегі бірқатар іс-шаралармен есте қалды. Өңірлік ынтымақтастық пен жоғары сапалы халықаралық қатысуды нығайту бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде.Қазақстан ресми түрде Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) өкілдігін ашты. Шілде айында Қазақстан Республикасының ИКАО жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тілегенов Ұйымның Бас хатшысы Хуан Карлос Салазарға сенім грамотасын тапсырды, ол Қазақстанның дүние жүзінің барлық елдерімен және халықаралық ұйымдармен жақсы қарым-қатынаста болып, халықаралық аренадағы жетістіктері мен рөлін жоғары бағалап, бүгінгі биік деңгейдегі беделін атап өтті.Осы жылдың мамыр айында Астанада 65 ел мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін жинаған JARUS – авиациялық ұшқышсыз ұшақтар саласындағы әлемдегі ең ірі ойыншы – ұшқышсыз әуе кемелерінің жүйелері туралы ережелерді әзірлеу жөніндегі Біріккен авиациялық билік комитетінің пленарлық отырысы өтті.Маусым айында Астанада Орталық Азия елдері арасында алғаш рет Халықаралық әуе жүктері қауымдастығының (TIACA) қолдауымен жүк тасымалдау және логистика бойынша аймақтық форум ұйымдастырылды. Оған бүкіл жүк тасымалы тізбегіне қатысатын түрлі ұйымдардың өкілдері, әлемнің 30 елінен 300-ден астам делегат қатысты.Ағымдағы жылдың қараша айында Қазақстанда алғаш рет БҰҰ-ның азаматтық авиация саласындағы маңызды құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылатын Халықаралық азаматтық авиация ұйымы – ICAO апталығы ұйымдастырылды.Шара еліміздің және жалпы аймақтың авиация саласы үшін маңызды оқиға болды. Әлемдік саланың назары қақтығыс аймақтарынан жоғары немесе оған жақын ұшулар үшін тәуекелдерді бағалау процестері туралы хабардарлықты арттыру үшін және тұрақты авиациялық отынға (SAF) ерекше назар аудара отырып, төмен көміртекті әуежайларды дамытуға арналған «Жасыл әуежайлар» атты екі ірі аймақтық семинарға аударылды.Осы жылдың мамыр айында Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып ИКАО-мен келісімге қол қойды және экологиялық таза авиациялық отын (ACT-SAF) саласындағы бағдарламаға қосылды. Қазақстанда экологиялық таза авиациялық отын шығарылатын болады. Қазір Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп, экологиялық таза авиациялық отын шығару жобасы әзірленуде.ICAO апталығының маңызды оқиғасы – Орталық Азияда алғаш рет азаматтық авиацияның өңірлік ұйымы құрылды – Еуразиялық азаматтық авиация конференциясы (EACAC). Қараша айында Алматыда EACAC қатысушы елдердің бірінші отырысы болды. Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның, сондай-ақ Моңғолияның (бақылаушы мемлекет) авиациялық биліктері ЕACAC құру туралы декларацияға қол қойды.Отырыс қорытындысы бойынша EAСАС бас хатшысы болып Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, EAСАС президенті болып Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігі жанындағы Азаматтық авиация агенттігінің бас директоры Тахир Назаров тағайындалды.2024 жылы «Air Astana» Орталық Азиядағы ең үздік әуекомпания болып танылды, ол Best Overall Airline Award APEX 2025 марапатына ие болды.Қараша айында «Қазаэронавигация» РМК әлемдік авиациялық индустрияның басты оқиғасы болып табылатын Әуе қозғалысын басқару қауымдастығының (ATCA) конференциясының «Авиациялық қозғалысты басқару үшін Дэвид Дж. Херли мемориалдық сыйлығы» аталымы бойынша беделді сыйлығын алды.Жолаушылар ағыны жыл сайын тұрақты 20% өсуде. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің күш-жігері әлемдік саладағы беделді ұйымдардың қолдауына ие болып, Орталық Азия және ТМД-да авиация саласындағы реформаларды сәтті жүзеге асырудың үлгісі болып табылады.Қазақстанның авиациялық билік органдарының одан әрі жұмысы ұшу қауіпсіздігінің қол жеткізілген деңгейін арттыруға, маршруттар желісін дамытуға және әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/898340
ТҮРКІСТАН: ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАСТАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ 07.12.2024
Түркістанда облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жыл көшбасшылары» жобасы аясында облыстағы әр саланың кіл мықтылары анықталып, «Үздік жастар премиясы – 2024» байқауының марапаттау кеші өтті.Аталған байқау өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің саяси және қоғамдық өміріне белсене араласып, ерекше үлес қосқан жас азаматтарды, түрлі салада өзінің білімімен, талантымен, белсенділігімен топ жарған жастарды анықтау және марапаттау мақсатынды ұйымдастырылды.Іс-шараның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтау сөз сөйлеп, жастардың жетістіктері мен олардың қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғады. Сондай-ақ жастардың еңбекқорлығы мен ынтасын жоғары бағалап, әр салада үздік көрсеткіштерге қол жеткізген жастарға табыс тіледі.Сонымен, «Үздік Жастар ресурстық орталығы» КММ-і аталымы бойынша Кентау қаласы және Келес пен Сауран аудандық Жастар ресурстық орталығы марапатталды. Ал «Үздік жас мұғалім» номинациясын бәйдібектік Зәкерия Сержанұлы иеленді. «Денсаулық саласының үздік жасы» номинациясына келестік Дәулет Жолдасұлы, «Үздік жас полиция қызметкері» номинациясына кентаулық Есімхан Әдетханұлы, «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» номинациясына сарыағаштық Омархан Сүйінбекұлы лайық деп танылды. «Шексіз мүмкіндіктер иесі» аталымы ойынша саурандық Розахмет Набиханұлы топ жарды. «Үздік жас спортшы» аталымы бойынша төлебилік спортшы, Азияның бірнеше дүркін чемпионы, әлем чемпионы Төрехан Сабырханның бағы жанды.ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев та бірқатар үздіктерді марапаттап, жылы лебізін білдірді. «Үздік жас кәсіпкер» аталымы бойынша төлебилік Бәйдібек Нұрланұлына, «Үздік жас жұмысшы маман» атанған сарыағаштық Мирзабек Камаловқа, түлкібастық Бекасыл Серікұлына, «Үздік жас студент» аталымы бойынша түркістандық Аружан Шайырханқызы марапатталса, «Үздік оқушы» номинациясын сарыағаштық Жансерік Жақсыбайұлы иеменденді. Сол секілді «Үздік жомарт жүрек» номинациясы түркістандық Таңшолпан Бекбауыва, саурандық Элзод Мавленовқа бұйырды.Бұдан бөлек тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы да үздіктерді марапаттады. Атап айтсақ, «Үздік жас жазба ақын» номинациясы түркістандық Дәурен Тілеухан алса, «Үздік жас тілші» болып сарыағаштық Майра Жұмабекқызы танылды. «Жыл жаңалығы» номинациясы қазығұрттық Бексұлтан Оразханға бұйырды. Ал «Үздік жас волонтер» номинациясына лайық деп түркістандық Еркебұлан Мадиярұлы танылса, «Үздік жас блогер» аталымын түркістандық Азизхан Бауыржанұлы иеленді. Сондай-ақ «Үздік жас актер» аталымы бойынша арыстық Маңсар Орынхан, Нұрсұлтан Отар марапатталса, «Үздік жас әнші» сыйлығын түлкібастық Ақсұңқар Жүнісбаев иемденді. Жастар сыйлығына әр аталым бойынша қаржылай сыйлық тағайындалды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/898166
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОТАНШЫЛДЫҚҚА БАУЛУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ 07.12.2024
Түркістан облысында азаматтарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Түркістан қаласында орналасқан облыстық жинақтау пунктін аралап, жұмысымен танысты.Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары майор Қуаныш Кулумбаев жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу жұмысының тиімділігі және алдағы жоспарлары жөнінде баяндады. Ертай Кенжебекұлы әскери пункттегі жатын орындары мен тамақтану сапаларын бақылап, әскерге шақырылушылармен кездесті.– Туған жер мен отанды қорғау – әр жігіттің ең әуелгі азаматтық міндеті. Отаншылдық пен өжеттілікті серік етіп, әскери өмірмен және еліміздің 20 облысынан жиналған өздеріңіз секілді шақырылушылармен танысасыздар. Қызығушылық болса, әскери құрылымдарда жұмыс істеуге баспалдақ болады. Отан алдындағы борышты абыроймен атқарып, жақындарыңызбен қауышуға тілектеспіз, – деді облыс әкімінің орынбасары.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/898169
Ақмола облысында Прокуратура күні аталып өтті 07.12.2024
Көкшетауда Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының құрылған күніне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шараға прокуратура қызметкерлері мен ардагерлері, мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері қатысты.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. «Прокуратура органдары әрқашан құқықтық тәртіп жүйесінің маңызды буыны болып қала бермек. Қоғамымыздағы әділдік пен заңдылық сіздердің принципшілдіктеріңізге, жауапкершіліктеріңізге және кәсібиліктеріңізге байланысты. Осы айтулы күнмен құттықтай отырып, халық пен мемлекет үшін қызметте табыс тілеймін», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.Салтанатты шара барысында құқықтық жүйені дамытуға, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін прокуратураның үздік қызметкерлері марапатталды. Оларға «С.К.Нұрмағамбетовке 100 жыл» медалі, «Прокуратураның құрметті қызметкері» және «Прокуратура үздігі» төсбелгілері, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Құрмет грамотасы мен Ақмола облысы әкімінің алғыс хаттары табысталды.Мереке Ақмола облыстық филармониясы әртістерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/898284
Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында » Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды 07.12.2024
Көпшілік назарынаҚазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Кемелердің құрылысын, жаңғыртылуын және жабдықталуын ұйымдастыру» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз. Толығырақ: Бұйрық ашық нормативтік құқықтық актілердің «E-gov» интернет-порталында 2024 жылғы 6 желтоқсанда (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15332761 ) орналастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/898082
Мемлекеттік сатып алу бойынша электрондық депозитарийді пайдаланушылардың назарына! 07.12.2024
Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу порталының еpsd.kz порталымен интеграциясы іске асырылды. Енді сараптама ұйымдарының электрондық депозитарийдегі тәжірибесін растау автоматты режимде жүзеге асырылады.Мемлекеттік сатып алу порталында тәжірибені растауға өтінім беру үшін сараптамалық қорытындының нөмірі мен күнін енгізу жеткілікті.Сәтті тексеруден кейін ведомстводан тыс кешенді сараптаманың сараптамалық қорытынды файлы автоматты түрде жүктеледі.Файлды жүктеу қатесі болған жағдайда, мүмкін себептер:1-сараптамалық қорытындының нөмірі немесе күні дұрыс енгізілмеген;2-сараптама жүргізуге орындалған жұмыстар актісіне қол қойылмаған (қорытынды берген сараптама ұйымына хабарласыңыз);3-авторлық шартқа қол қойылмаған жағдайда, егер жоба құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінің критерийлеріне қатысты болса (сараптамаға тапсырыс берушіге хабарласыңыз).Өзге жағдайларда техникалық қолдау қызметіне📞 +7 (7172) 57-37-30 телефоны бойынша хабарласу ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/898207
Қазақстан мен Германия: өнеркәсіптік серіктестікті кеңейту 07.12.2024
2024 жылғы 5 желтоқсанда Берлин қ. (Германия) «Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды дамытудың ағымдағы қаржы құралдары» тақырыбында Берлин Еуразиялық клубының (БЭК) 42-ші отырысы өтті.БЕК отырысында Германияның Экономикалық істер және климатты қорғау федералды министрлігінің Сыртқы сауданы ынталандыру және қаржыландыру департаментінің басшысы Герлинд Хекманн атап өткендей, Германия үкіметі Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделі. Атап айтқанда, ол неміс бизнесін қолдау үшін енгізілген бірқатар жаңа құралдарды атап өтті, олар басқалармен қатар Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыруға көмектесуге арналған.2024 жылдың қыркүйегінде Германияның Экономикалық істер және климатты қорғау министрлігі ресурстарды өндіру және өңдеу жобаларын жүзеге асыруда неміс компанияларына қосымша қолдау көрсетуге арналған Неміс шикізат қорының іске қосылғаны туралы хабарлады.Негізгі баяндаманы жасаған Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан өнеркәсіптік әлеуетті ауқымды жаңғырту және соған сәйкес бизнесті ынталандыру бағдарламаларына шолу жасады.Подиумдік пікірталас қатысушылары екі елдің үкіметтері мен даму институттары жүзеге асырып жатқан нақты қолдау тетіктерін және оларды одан әрі жетілдіру перспективаларын талқылады.Жиынға саяси және іскер топтардың, іскерлік ассоциациялар мен қауымдастықтардың, сарапшылық қауымдастықтың 100-ге жуық өкілдері қатысты.Осындай шаралардың арқасында екі елдің іскерлік ынтымақтастығы жедел қарқынмен дамып келеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/898304
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ АШЫЛДЫ 06.12.2024
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен өңірлердің, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындардың өмір сапасын көтеру жұмыстары жалғасуда. Осы ретте Түркістан облысы, Сауран ауданы, Ораңғай ауылында № 41 өрт сөндіру депосы жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанатына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және басқа да құрметті қонақтар қатысты. Өңір басшысы көпшілікті құттықтады.– Түркістан облысының төтенше жағдайлар қызметкерлерінің материалдық-техникалық жарақтануы облыс әкімдігінің назарында тұр. Тұрақты қолдау көрсетілуде. Бұл өрт сөндіру бекетінің орны айрықша. Себебі, мұнда арнайы экономикалық аймақ құрылып, өндіріс орындары ашылады. Бүгін тапсырылған бекетке осы зауыттар мен кәсіпорындардың, жақын маңдағы елді мекендердің өрт қауіпсіздігін сақтау міндеті жүктеліп отыр. Бұл міндетті абыроймен атқаратындарыңызға сенімдіміз! – деді Дархан Сатыбалды.Жаңа өрт сөндіру депосы «Turan» арнайы экономикалық аймағында салынды, ол аталған аймақ пен жақын орналасқан елді мекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Жергілікті бюджет есебінен салынған бұл өрт сөндіру депосы төрт өрт сөндіру көлігімен қамтылған. Екі қабатты өрт сөндіру депосында өрт сөндірушілер үшін барлық жағдай жасалған. Оқу сыныбы, демалыс, жатын, ас бөлмесі, спорт және конференция залы, техникалық үй-жайлар, сондай-ақ жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыру үшін оқу-жаттығу мұнарасы қарастырылған.Жаңа өрт сөндіру депосында 50 өрт сөндіруші қызмет атқарады. Аталған өрт сөндіру бөлімі заманауи өрт сөндіру техникаларымен қамтамасыз етілген. Жаңа өрт сөндіру депосы өрт сөндірушілердің қызмет атқару және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Салтанатты шара жаңа депоның аумағына ағаш отырғызу рәсіміне ұласты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/897966
Нұра Қазақстандағы ең мейрімді тұрғындары бар кент деп танылды 06.12.2024
Қарағанды облысының Нұра кенті "Жыл еріктісі" халықаралық сыйлығында және "Игі істер марафоны" жобасында "ЕҢ МЕЙІРІМДІ АУЫЛ – 2024" номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Жеңімпаздар 60 түрлі санатта таңдалды, олардың бесеуі ерекше болды. Солардың бірі – "ЕҢ МЕЙІРІМДІ АУЫЛ – 2024".Астанада "Жыл еріктісі" сыйлығының лауреаттары марапатталды.– Мен, әрине, жеңеміз деп күткен жоқпын. Бұл жоғары деңгейдегі үлкен байқау. Қатысушылар өте лайықты адамдар болды. Мысалы, қан құюды қажет ететіндерге үнемі қан тапсыратын отбасы болды. Мен сол жанұяның отағасымен қол алысып, оның батыр екенін айттым. Ал ол маған: "Мұнда бір барлығымыз батырлармыз" деп жауап берді, – дейді Нұра жастар ресурстық орталығының директоры және NuraArnasy еріктілер тобының жетекшісі Талғат Шолтаев. Талғат Шолтаев осы күзде тұтқыр балшыққа батып бара жатқан жылқыны жалғыз өзі құтқарған кезде бүкіл Қазақстанға танымал болды. Бейне Қазнетте тез тарап кетті.– Мен бұл жылқыны қалай тарта алғанымды, күшім қайдан пайла болғанын білмеймін. Содан кейін төрт күн тұра алмадым: белім ауырды. Бірақ бізге сыйлық аоуға себеп болған тек жылқыны құтқарғаным емес. Біз үнемі волонтерлік қызметпен айналысамыз. Қарқаралыдағы су тасқыны, өрт кезінде өзіміз шығып, жеке көмек көрсете алмасақ та, біз әрқашан гуманитарлық көмек жинап, жөнелтетінбіз. Біз демеушілерді белсенді түрде тартамыз, қарттар үйіне көмектесеміз. Сондай-ақ біз жастарымызды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан да тартамыз, – дейді Талғат Шолтаев.Сондай-ақ, "Игі істер марафоны" жобасы аясында Шахтинск еріктілері "Инклюзия бағытындағы көшбасшы" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. – Біздің еріктілер бірлестігі Мейіржан Шаяхметовтың "Қамқор-2007" бірлестігімен бірлесе отырып, түрлі салаларда жұмыс істейді, бірақ ең көп көмек мүгедек балаларға беріледі. Біз олар үшін іс-шаралар өткіземіз, қаламыздың тұрғындары толтыратын "Мейрімділік себетінен" азық-түлік таратамыз, сапарлар ұйымдастырамыз. Мысалы, жазда ерекше қажеттіліктері бар балаларды Астанаға апардық, ал жақында олар үшін Қарағандыға сапар ұйымдастырдық. Балаларды киноға және балалар паркіне апардық, – деді Шахтинск жастар ресурстық орталығының жетекшісі Алексей Варзаев.Шахтинск еріктілері "Инклюзия бағытындағы көшбасшы" номинациясын ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жыл сайынғы "Таңшолпан" фестивалін ұйымдастырғаны үшін алды. Биыл оған Қарағанды облысынан 150-ден астам адам қатысты. Олар ән айтты, биледі, өлең оқыды және әртүрлі шығармашылық нөмірлерді ұсынды.Шахтинск тек балаларға ғана көмектеспейді. Олар сондай-ақ зооволонтерлік және экоактивизммен айналысады.Қарағанды облысы бойынша "Жыл еріктісі" сыйлығының номинацияларының жеңімпаздары атанғандар:- "Зообақылау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін" – Ольга Королева (Қарағанды);- "Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін" – Айша Әзімбай (Қарағанды);- "Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін" – Елена Варганова (Теміртау). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/897883
Қарағандыда мектеп жанында күн панельдері орнатылады 06.12.2024
Қарағандыда Нұркен Әбдіров атындағы мектептің жанындағы аумақты жарықтандыру үшін баламалы энергия көзі пайдаланылатын болады. Көше шамдарын зарядтау үшін күн панельдері орнатылады. Бұл оқушылардың NXplorers Жасыл ұрпақ бәйгесі республикалық экологиялық жобалар байқауына қатысуының нәтижесінде мүмкін болды.Финалдық жарыс Астанада өтті. 20 команданың ішінен жобаны іске асыруға миллион теңге көлемінде грант алған үздік бес команда таңдалды.Қарағандылықтардың командасы үшінші орынға ие болды. Оған Нұркен Әбдіров атындағы ЖББМ үш оныншы сынып оқушысы: Нұрислам Әбуталипов, Әлиасқар Жұмабеков, Еркебұлан Мылтықбай кірді. Жетекшіс і- география мұғалімі, STEM мектеп жобасының үйлестірушісі Меруерт Ибраева.– Мектебіміздің тарихы бай, желтоқсан айында 50 жылдығын атап өтуге дайындалып жатырмыз. Біз заманға сай қадам басуға тырысамыз. Бізде әлі STEM кабинеті жоқ, бірақ біз бағытты дамытудамыз. Экологиялық жобалардың республикалық конкурсына біздің оқушылар өткен жылы қатысты, бірақ жүлделі орын алған жоқ. Ал биыл олар грант жеңіп алды, – дейді Нұркен Әбдіров атындағы ЖББМ директоры Гүлшат Баграмова. – Электр энергиясын үнемдеу – өзекті. Жобаны іске асыруға алты ай уақыт беріледі. Менің ойымша, біз мұны ертерек, қыстың соңына дейін жасай аламыз.NХplorers бағдарламасы – бұл Қазақстанда STEAM білім беруді дамытудың тағы бір қадамы. Конкурсты ұйымдастырушылар: "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы және ҚР Білім министрлігі мен "Шелл Қазақстан" энергетикалық компаниясының қолдауымен Caravan of Knowledge корпоративтік қоры.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/897422
Республикалық инклюзивті спорт фестивалінде қарағандылықтар төрт медаль жеңіп алды 06.12.2024
Астанада Республикалық инклюзивті спорт фестивалі өтті. Қарағанды облысының оқушылары төрт түрлі медаль жеңіп алды.Фестивальге Қазақстанның 19 өңірінен 5–6 және 7–8 сыныптардың 200-ге жуық оқушысы қатысты. Жарыс бағдарламасы бочча, жеңіл атлетика және "көңілді старттан" тұрды. Қарағанды облысынан бес команда қатысты.– Мамыр айында іріктеу өтті, оның нәтижелері бойынша фестивальге қатысу үшін командалар құрылды. Олардың әрқайсысында үш адам бар: екі қарапайым мектеп оқушысы және ерекше қажеттіліктері бар бір бала. Қарағандылықтар бір-біріне белсенді қолдау көрсетіп, өздерін біртұтас команда ретінде көрсетті. Фестивальдің басты жолдауы – барлық балалар тең және бұл жарыс осының тамаша көрінісі. Бұл тәжірибе оқушыларға әркімнің құрмет пен қолдауға лайық екенін түсінуге көмектесті, – деп атап өтті "Сарыарқа дарыны" балаларға қосымша білім берудің өңірлік ғылыми-практикалық орталығы басшысының орынбасары Асхат Кәкетаев.Жеңімпаздар қатарында Саран қаласының командалары бар. Бочча жарысында 5–6 сыныптар арасында бірінші орынды № 13 жалпы білім беретін мектептің оқушылары иеленді. Жеңіл атлетикадан 7–8 сыныптар арасында № 7 мектеп-интернат оқушылары алтын медаль жеңіп алды.Қарағанды қаласының. Мұстафин атындағы Жалпы білім беретін мектептің командасы "Көңілді старттарда" (5–6-сыныптар) екінші орын алды. Ал Теміртаудан № 11 жалпы білім беретін мектептің командасы 7–8 сыныптар арасында осы санатта қола алды.Жеңімпаздар медальдармен, сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.Жарыстардан басқа қатысушылар үшін экскурсиялар ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/897423
Қарағандылық сурдотаэквондошылар халықаралық жарыстан күміс және төрт қола медаль жеңіп алды 06.12.2024
Қарағандылық сурдотаэквондошылар X Азия-Тынық мұхиты ойындарында сәтті өнер көрсетуде. Олардың қоржынында бес медаль бар – күміс және төрт қола.Халықаралық жарыстар Малайзия астанасы Куала-Лумпурда өтуде. Оларға 24 елден 1300-ге жуық есту қабілеті нашар спортшылар қатысады. Олар спорттың 10 түрінен жарысады. Қазақстан құрамасы жеңіл атлетика, таэквондо, дзюдо, еркін және грек-рим күресі, бадминтон, шахмат және үстел теннисінен жарыстарға қатысатын 80 сурдоспортшыдан тұрады.Ұлттық команда құрамына Қарағанды облысынан бес сурдотаэквондошы кірді. Олардың барлығы марапаттарға ие болды. Айжамал Әбдіқатова күміс алды, Аян Әбдіраш, Виктор Фрундин, Нұрдәулет Жақып және Аида Мұратова Азия-Тынық мұхиты ойындарының қола жүлдегерлері атанды.Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/897483
"ФотоФест": Қарағанды жастары шығармашылық байқауғақатысуға шақырады 06.12.2024
"Сарыжайлау" кинотеатры "ФотоФест" шығармашылық конкурсын өткізу туралы хабарлайды. Суретке түсіру дағдыларын меңгерген 14 жастан 35 жасқа дейінгі Қарағанды жастарын қатысуға шақырады.Байқаудың тақырыбы – "Сюжеттік фотосурет". Қатысушылар көзбенге түсетін ғана емес, сонымен қатар жарқын, түсінікті және терең сюжетке ие болатын фотографиялық жұмыс жасауы керек.Жұмыстарды тәуелсіз сарапшы-фотографтардан, өңірдің мәдениет және өнер қайраткерлерінен тұратын қазылар алқасы бағалайды. Бағалаудың маңызды өлшемшарттары: нақты идея мен тақырыптың болуы, сюжеттің айқындылығы, сондай-ақ фотосуреттің техникасы мен сапасы болады.Қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау өтеді: Гран-при, 1, 2 және 3-орын, сондай-ақ үш дипломантты таңдайды.Байқау 2024 жылдың 25 желтоқсанында өтеді. Электрондық форматтағы жұмыстар мен өтінімдер 22 желтоқсанға дейін электрондық поштаға қабылданады: saryjaylau_kino@mail.ru.Өтінім бермес бұрын конкурс туралы Ережемен танысу қажет.Анықтама телефондары: (8-7212) 42-51-13, 42-53-12, 41-41-22 (факс)."ФотоФест" шығармашылық байқауы Қарағандының 90 жылдығына арналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/897559
Қарағанды облысында катодты мыс өндіретін жаңа ірі зауыт ашылады 06.12.2024
Қарағанды облысында инвестициялардың өсуі байқалады. Жыл қорытындысы бойынша сома 1 трлн теңгеге жетеді деп күтілуде. Бес маңызды инвестициялық жоба іске асырылды және желтоқсан айының соңына дейін сонша жобаны іске қосу көзделіп отыр. Шет ауданында құны 112,5 млрд теңге болатын "Қызыл Арай Купер" ЖШС катодты мыс өндіру зәкірлі жоба болып табылады. Оның ашылуы 800-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашады.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының орынбасары Әлібек Молдакәрімов мәлімдеді.– 10 айдың қорытындысы бойынша облысқа негізгі капиталға 26,6% өсіммен 850 млрд теңге инвестиция тартылды. Негізгі үлес жеке инвестицияларға тиесілі. Оң динамика өнеркәсіпке салынған инвестициялар есебінен қамтамасыз етілді, – деп атап өтті спикер. – Металдарды терең өңдеу, жасыл энергетика, құрылыс индустриясы, машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру сияқты бағыттарды дамыту үшін инвесторларды тарту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Біздің тарапымыздан инвестициялық жобаларды қолдау бастапқы циклден бастап өндірісті толық іске қосуға дейінгі барлық деңгейлерде жүзеге асырылады. Соңғы үш жылда өңірге 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1 трлн теңге тартуды жоспарлап отырмыз.Оның айтуынша, биыл әлеуетті инвесторлармен 30-дан астам кездесу өткізілген.Қарағандыда су жылыту газ қазандықтарын шығаратын зауыт ашылды. Теміртауда полимерлі бекіткіштердің ампулалары шығарылатын болады. Saran индустриялық аймағында полиэтилен құбырларын өндіру іске қосылды. Нұра ауданында "Шахтерское" ЖШС тұқымдарды тазарту желісін енгізді.Әлібек Молдакәрімов облыстың өнеркәсіптік алаңдарын дамыту туралы айтып берді. "Сарыарқа" АЭА-да 20 резидентке қосымша биыл төрт жаңа қатысушы тіркелді. 14 жоба іске асыру сатысында. Биыл жарылғыш заттарды өндіру жобасын аяқтау жоспарлануда.Брифингте айтылғандай, Saran резиденттері 200 млрд теңге инвестиция салды, 4 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Жыл басынан бері осы алаңда 140 мың автомобиль шинасы, 1062 автобус, 118 мың бірлік тұрмыстық техника шығарылды. Жақын арада мырышталған металл бұйымдарын, болат түзу тігісті құбырларды өндіру бойынша жаңа жобаларды іске асыру жоспарлануда.Облыста шағын өнеркәсіптік аймақтар құрылуда. Брифингте облыс орталығындағы жаңа Қарағанды машина жасау зауытының алаңын жандандырудың мысалы келтірілген. Бұл аумақта сегіз кәсіпорын өз шеберханаларын орналастырды. Құрылыс материалдары, машина жасау және химиялық өнімдер шығарылады.Облыста 10 айда 11,3% өсіммен 3,2 трлн теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өңдеу секторында тұрақты даму байқалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/897624
"Шет-Энерго" тарату компаниясының мүлкі мемлекет меншігіне берілуі мүмкін 06.12.2024
"Шет-Энерго" ЖШС электр энергетикасын тарату компаниясына оның мүлкін мемлекет пайдасына алып қою үшін сотқа беріледі, деп хабарлады ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның отырысында, онда Президенттің "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын іске асыру мәселелері қаралды."Шет-Энерго" ЖШС Шет ауданының елді мекендерін электрмен қамтамасыз етеді. Ауыл тұрғындары электр қуатының негізсіз өшуіне жиі шағымданды. Мамандар қуаттың жетіспеушілігін, электр желілерінің жоғары тозуын, сапасыз жөндеу жұмыстарын, авариялық бригадалардың жетіспеушілігін атап өтті."Компания үнемі төтенше жағдайлардың орын алуына жол берді. Шет ауданы тұрғындарының өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеу үшін компанияның мүлкін мемлекет пайдасына реквизициялау мақсатында сотқа жүгіну туралы шешім қабылданды", – деп хабарлады Primeminister.kz сайты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/897765