Enbekshi QazaQ

Бизнес

Ақмола облысында 2025-2027 жылдарға арналған бюджет бекітілді 11.12.2024
Көкшетауда Ақмола облысының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті бекітілген облыстық мәслихат сессиясы өтті. Облыс әкімі Марат Ахметжанов өңірдің дамуына бағытталған бюджеттің негізгі басымдықтарын таныстырды.Бюджеттің шамамен 60%-ы әлеуметтік блокқа бағытталған. Қаражаттар медициналық-әлеуметтік мекемелерді ұстауға, жұмыссыздықты азайту шараларына және әлеуметтік төлемдерге жұмсалатын болады. Сонымен қатар, алғаш рет зейнеткерлер үшін санаторий-курорттық емделуге және Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте тегін жүруге қаражат бөлінді.Бюджет есебінен өңірде мектепке дейінгі, орта және кәсіби-техникалық білім беруді сапалы қамтамасыз етуге жағдай жасалуда. 2025 жылы білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарына қосымша акмолалық мектептердегі тамақтану сапасын жақсартуға да қаржы қарастырылған.Денсаулық сақтау ұйымдарын жөндеуге және материалдық-техникалық базаны жақсартуға шамамен 6 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап аса тапшы мамандықтар бойынша медициналық қызметкерлерге 8,5 млн теңге көлемінде көтерме төлемдер беріле бастайды.Агроөнеркәсіптік секторға ерекше назар аударылған. Тұқым шаруашылығы мен басым дақылдарды дамытуға субсидиялар ретінде 51,5 млрд теңге қарастырылған. Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жұмыстары жалғасуда. «Кең дала 2» бағдарламасы аясында егіс жұмыстарына дайындық үшін жеңілдетілген несиелерге өтінімдер қабылдануда.Тұрғын үй-коммуналдық және көлік инфрақұрылымын дамытуға 87 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйді сатып алу бағдарламасы жалғасады. 2024 жылы Көкшетауда тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы басталды. Облыс орталығында 11 локалды аймақтың тұрғын үйлерін кезең-кезеңімен жаңарту жоспарлануда.Облыс әкімі жоспарлаудың тиімділік принципін ұстану және ауылдарды тең жағдайлармен қамтамасыз ету қажеттігін ерекше атап өтті.«Жұмысты тиімді жоспарлауға көшу, бюджетті басқарудан нәтижені басқаруға өту керек. Бұл тек жөндеу жұмыстарына ғана емес, құрылысқа жоба-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге де қатысты», – деді Марат Ахметжанов.Сондай-ақ, әкім жобаларды жүзеге асыруда әкімдер мен басқарма басшылары тарапынан тиісті бақылаудың болмауына назар аударды. Облыс депутаттарына жүгінген Марат Ахметжанов жобаларды іске асыруды бақылауда белсенділік таныту қажеттігін атап өтті.Сонымен қатар, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жобаларды цифрландыру процесін бастау тапсырылды. Бұл жүйе деректерді басқарудағы маңызды құралға айналатын Ситуациялық орталықтың негізгі элементтерінің бірі болмақ.Қорытындылай келе, облыс әкімі жергілікті бюджеттің кірісін арттыру резервтерін пысықтау қажеттігін баса айтты.«Кәсіпкерлікке, әсіресе шағын және орта бизнеске жағдай жасаңыздар. Салық базасын ұлғайтыңыздар. Бұл түптеп келгенде өңірлерде экономиканы екі еселеуге алып келеді. Сонда өз бюджетіміздің есебінен қаржыландыру мүмкіндігі артады», – деп түйіндеді Марат Ахметжанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/900645
ХАБАРЛАНДЫРУ Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрық жобасының орналасқаны туралы хабарлайды. 11.12.2024
ХАБАРЛАНДЫРУҚазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрық жобасының орналасқаны туралы хабарлайды.Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15340770 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/900538
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ЖОЛДАРДЫ ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 10.12.2024
Түркістан облысы, Созақ ауданының орталығының ішкі жолдарын қардан тазарту және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыстар атқарылды. «Созақ сәулет» КММ тарапынан тазалау жұмыстары жалғасып, ішкі жолдарға инертті материалдар себілген.Тазалау жұмыстарына бірнеше техника тартылған. 6 тоннадан аса инертті материал себілді. Жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары да қардан тазартылып, тұрғындардың жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасалуда. Бұл бағыттағы жұмыстар әліде жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/899199
ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ «АЛТАЙ ЖҰЛДЫЗЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІНДЕ 4 АЛТЫН, 2 КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ 10.12.2024
Өскемен қаласында жүзуден «Алтай жұлдызы» республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Су айдынындағы бәсекеге елімізден 15 команда, 315 спортшы қатысып, өзара шеберліктерін байқады. Жарысқа қатысушылар ішінде 196 ұл, 119 қыз бағын сынады.Айтулы сайыста Түркістан облысының намысын қорғаған Дария Токтобаева нәтижелі өнер көрсетті. Оның еншісінде 4 алтын, 2 күміс медаль бар. Спортшы 100, 200, 400 метрге еркін жүзуде және 200 метрге шалқалай жүзуде чемпион болды. Сонымен бірге 200 метрге кешенді және брасс әдісімен жүзуде күміс жүлде еншіледі. Ол – облыстық су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/899203
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАЛУАНДАРЫ ҚОС ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ 10.12.2024
Астана қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында «Чемпиондар лигасы» республикалық турнирі өтті. Боз кілем төріндегі додада жауырыны қақпақтай апайтөс балуандар кіл мықтыны анықтады. Нәтижесінде Түркістан облысының үміттері 4 алтын, 4 күміс және 7 қола медальға қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді.Қоса кетейік, Астана қаласында 4-6 желтоқсан күндері қазақ күресінен жасөспірімдер арасында «Жас барыс» республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Бұл сында да жерлестеріміздің мерейі үстем болды. Жарыс қорытындысында 4 алтын, 3 қола медальді облыс қоржынына салып, командалық есепте жеңіс тұғырының бірінші сатысынан көрінді.Осылайша Айдос Сералиев шәкірттері қос турнирде өздерінің мықтылықтарын дәлелдеп, сенімді ақтады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/899206
ТҮРКІСТАН: «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» АУМАҒЫНАН 5 ОРМАНШЫЛАР ҮЙІ САЛЫНЫП ЖАТЫР 10.12.2024
Түркістан қаласының айналасынан құрылған «Жасыл белдеу» аумағынан бес орманшылар үйі салынуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін үш орманшылар үйі салынған болатын.Аталған орманшылар үйлерінің құрылысы биыл басталды. Қазіргі таңда баспаналардың қабырғасы көтеріліп, шатыры жабылған. Алдағы уақытта жұмысшылар есік терезесін салып, ішкі-әрлеу жұмыстарына кіріседі.Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәлімдеуінше, 5 үйдің құрылысы келесі жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/899208
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 29 БІЛІМ ҰЯСЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР 10.12.2024
Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 3 білім ұясының құрылысы толық аяқталып, жақын күндері пайдалануға беру жоспарланған. Өңірде дәл осындай 29 мектеп соғылуда. Онда 20 мыңнан астам оқушы білім алатын болады. Заманауи талаптарға сай жабдықталған білім ошақтары Президент бастамасымен салынып жатыр. Барлық жауапты басшылардың басын қосқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс барысын пысықтап, жұмысты ширатуды тапсырды.– Басты назар – сапада. Жұмысты жеделдетіп, дер кезінде тапсыру керек. Ашылуға дайын мектептердің инфрақұрылым желісіне қосылуын жіті қадағалаған жөн. Ерекше жобаның құрылысы қатаң бақылауда тұр, – деді облыс әкімі.Жиналыста ауыл мен қалада бірыңғай жобамен салынып жатқан білім ұяларының құрылыс барысы туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ұлттық жобаны іске асыру департаментінің Түркістан облысы бойынша өңірлік басшысы Сәкен Әшірбаев баяндады. Мәлімдеуінше, жыл соңына дейін кестеге сәйкес жоспарланған мектептер толық тапсырылады.Сондай-ақ мердігерлердің пікірі тыңдалып, тиісті тапсырмалар жүктелді. Жаңа мектептердің инфрақұрылымы бойынша әр мердігерден жеке-жеке есеп алынды. Қазіргі таңда өңірде ұлттық жоба бойынша салынған бір мектеп тапсырылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/899299
ТҮРКІСТАН: ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫ ҚАТТЫ ОТЫНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ 10.12.2024
Түркістан облысында 1640 гектарға орналасқан 3366 жылыжай бар. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жүргізілген талдаудың нәтижесінде, өңірде бүгінге дейін көмір тапшылығы анықталмады.Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың төрағалығымен өткен жиында жылыжайларды көмірмен қамтамасыз ету барысында туындауы мүмкін тәуекелдер сараланды.Жиында Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов жылыжай шаруашылықтарының жылыту шығындарын субсидиялау бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, жыл басынан бері 29,4 гектар — өндірістік, 863 гектар фермерлік жылыжайларға қолдау көрсетілген.Жиында «Hermes» ЖК басшысы Әлішер Насыров көмір тасымалы барысында теміржол тұйықтарына қатты отынның көрсетілген көлемі нақты жеткізілмеу деректері орын алатынын айтып өтті.Нұрбол Тұрашбеков өндіруші, тасымалдаушы және жеткізуші кәсіпкерлердің уәждерін тыңдап, нақты тапсырмалар берді.— Бізге жүктелген ортақ міндет — тұтынушыға тапсырыстың түгел және кешікпей жеткізілуін қамтамасыз ету. «Қазақстан темір жолы» АҚ өңірлік филиалдарына станциялардағы күзет қызметін күшейтуді ұсынамын. Қажеттілігіне қарай бейнебақылау камераларының санын арттырған жөн. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне өз құзіреті шегінде теміржол тұйықтарына жеткізілетін қатты отынның көлемі мен сатылуына кешенді бақылау жүргізу ұсынылады. Бақылау қорытындысымен заң аясында нақты шаралар қабылданатын болады, — деді облыс әкімінің орынбасары.Жиын соңында Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына, Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына өңірдегі қатты отын тасымалы бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, күнделікті мәлімет ұсыну жүктелді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/899883
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ДӘРІГЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ 10.12.2024
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің өкілдері және Тәжікстан Республикасының Денсаулық сақтау және әулеметтік қорғау министрлігінің делегациясы Түркістан облысына іссапармен келіп, Денсаулық сақтау басқармасының «№1 облыстық перинаталдық орталығы» мекемесінің жұмысымен танысты.Атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің Ана денсаулығы басқармасының басшысы Шакизат Халықова, Түркістан облысының №1 перинаталдық орталығының басшысы Салтанат Жабағиева және өзге де мамандар Тәжікстан мамандарымен бірлесе Облыстық перинаталдық орталықта тәжірибе алмасты.Түркістан облысының №1 перинаталдық орталығында 600-ден астам қызметкер жұмысын атқарады және қауіп-қатер тобындағы Түркістан облысының 8 ауданы үшін үшінші деңгейлік перинаталдық көмек көрсетеді. Орталықта соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтар мен заманауи емдеу технологиялары қолданылады.2023 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес медициналық генетикалық бөлімше «Ұрықты қорғау орталығы» болып қайта құрылды. 2024 жылғы 2 қыркүйектен бері «Бір күндік клиника» жобасы іске қосылып, өз жұмысын атқаруда. Түркістан облысы бойынша медициналық генетикалық қызмет көрсетіледі. Жобаның басты мақсаты – нақты генетикалық диагноз қою. Мұнда туа біткен кемістігі бар балаларды ерте анықтау және оның алдын алуды жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа жобалар жүзеге асырылды. Осы арқылы балалардың туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларының алдын алу, балалық шақтағы аурушаңдық пен мүгедектікті төмендету көзделген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/899896
ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЗЕРДЕЛЕНДІ 10.12.2024
Түркістан облысы әкімдігінде ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді зерделеу, талдау қорытындысы талқыланған мәжіліс өтті. Жиында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға жайылым жерді түгендеу, ветеринария, ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілдерді тарқату жөнінде нақты тапсырмалар берді.Мәжілісте Облыстық жер қатынастары, Ветеринария басқармасының, Жер ресурстары департаментінің, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы басшылығының есептері мен пікірлері тыңдалды. Кемшілікке жол берілген аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпе айтылып, жұмысты ширату жүктелді.Айта кетейік, облыс әкімінің тапсырмасымен жұмыс тобы құрылып, олар аудан, қалаларда ауыл шаруашылығы кешенін, жер, ветеринария, ауыл шаруашығы субсидиясы және шаруашылық жүргізуші азаматтардың салық төлеуге қатысты мәліметтерін 4 бағыт бойынша зерделеген болатын. Атап айтқанда, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Шардара, Келес аудандары мен Арыс қаласы бойынша зерделеу шаралары жүргізілді. Нәтижесінде салықтан жалтару, мал басын дұрыс көрсетпеу, жерді тиімді пайдаланбау деректері жиі тіркелген. Мал басы бойынша ресми статистика мен зерделеу барысында үлкен айырмашылықтар байқалған.Жиында жауапты басшыларға пайдаланылмай жатқан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза пайдаланып жатқан ауыл шаруашылығы бағытындағы жер алқаптарын қайтару бағытындағы жұмыстарды күшейту міндеттелді. Ауыл шаруашылығы дерекқор базасы мен ауылдық округі әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу туралы шаруашылық кітапшасын сәйкестендіру, аудан, қалалардағы ветеринария қызметкерлерінің біліктілігін артыру, жауапкершілігін күшейту, мал басын санауда кемшілікке жол бермеу жөнінде және өзге де тапсырмалар берілді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/899914
ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ БЕТБҰРЫС» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ ЖИЫН ӨТТІ 10.12.2024
Сайрамда «Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» тақырыбында «Әкелер мектебінің кеңесі» ұйымдастырылды. Аталған шара аудандық Ардагерлер кеңесінің жанындағы «Әкелер мектебінің» төрағасы Сейдуалы Темірбаевтың бастамасымен өтті.Тағылымды жиында мәні бөлек, мазмұны ерек мәселелер көтерілді. Ортаға орамды ойлар тасталды.Жиында аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымының мүшелері, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ілес Айтжан, Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Есалиев сөз сөйлеп, жас ұрпақты түзу жолдан тайдырмай тәрбиелеу барлық жиынға қатысушылардың парызы мен міндеті екенін жеткізді. Сонымен қатар өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі ата-аналар, ардагерлер, әкелер, әжелердің рөлдері туралы тілге тиек етіліп, нақты кеңестер берілді.Аталған іс-шараға Сайрам ауданының барлық білім беретін жалпы орта мектептерінің директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, бала тәрбиесіне жауапты педагогтар, ата-аналар комитетінің төрағалары және де Сайрам ауданының әкелер, әжелер ұйымдарының алқалары, зиялы қауым өкілдері қатысты.Алдағы уақытта ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде осындай кездесулер ұйымдастыру жоспарланып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/900112
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ 10.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет өңір тұрғындарын жеке қабылдады. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, жауапты сала басшылары және құзырлы органдармен бірге оңтайлы шешу жолдарын қарастырды.Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және білім салаларына қатысты мәселелерді ортаға салды. Аймақ басшысы көтерілген әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.– Облысты дамытуда жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлері маңызды. Көтеріліп жатқан мәселелер орынды. Кәсіп бастап, жаңа жұмыс орындарын құрамын деген азаматтарға әкімдік тарапынан заң шеңберінде қолдау көрсетіледі, – деді Дархан Сатыбалды.Созақ, Ордабасы, Қазығұрт, Сайрам, Шардара аудандарынан келген тұрғындар және Түркістан қаласының тұрғындары жылыжай салу үшін жер қарастыруға, кәсіпкерлерге арналған жеңілдетілген несие, балық шаруашылығымен айналысу үшін субсидия және қайтарымсыз грант алуға, жер телімінің мақсатын ауыстыруға ықпал етуді сұрады. Сонымен қатар жеке қабылдауда суармалы жер, ағын су, тұрғын үй алу және жұмысқа орналасу туралы мәселелер көтеріліп, фильм түсіру бойынша ұсыныстар айтылды.Дархан Сатыбалды жауапты тұлғаларға әрбір мәселені жіті зерделеп, заң аясында жұмыс жүргізуді тапсырды. Бірқатар мәселе сол мезетте шешімін тапты.Айта кетейік, облыс әкімі мен орынбасарлары белгіленген кестеге сәйкес облыс тұрғындарына жеке қабылдаулар өткізіп келеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/900121
Трансшекаралық хабтарды дамыту және жаңғырту 10.12.2024
Үкіметте бес ірі көлік-логистикалық хабты жаңғырту барысы талқыланды Үкімет отырысында көлік инфрақұрылымын жаңғырту, халықаралық дәліздерді дамыту және кедендік рәсімдерді оңайлату жөніндегі шаралар туралы көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров баяндады. Ол Каспий торабын дамыту аясында Ақтау және Құрық теңіз порттарын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын хабарлады. Ақтау портында контейнерлік хаб салу бойынша жобаны іске асыру басталды. Жұмыстың аяқталуы келесі жылдың соңына жоспарланған. Оны іске асыру порттың өткізу мүмкіндігін жылына 250 мың ЖФБ-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Құрық портына келетін болсақ, биыл қуаты жылына 1 млн тонна болатын жаңа астық терминалы іске қосылды. Қорғас торабы бойынша «SKYHANSA» ЖШС қазақстандық-германдық бірлескен кәсіпорны жүк-жолаушылар әуежайының жобасын іске асыру бойынша жұмыс бастады. «Қорғас» АЭА аумағында жүк терминалын, кедендік бақылау аймағын, жанармай қоймасын, әуе кемелеріне қызмет көрсетуге арналған авиациялық-техникалық орталықты және жүк әуекомпаниясын қамтитын авиация хабын құру жоспарлануда. Өткізу мүмкіндігін арттыру үшін Алтынкөл стансасын жаңғырту жоспарланған.Осындай жұмысты Қырғызстанмен шекарада орналасқан Индустриялық сауда-логистикалық кешенде де жүргізу көзделген. Ал «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы мен «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында өткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында «Подстепное – Федоровка» (144 км) автомобиль жолын жөндеу және «Дарбаз – Мақтаарал» (152 км) теміржол желісінің құрылысын жүргізу күтіліп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/899595
Қызылсуат ауылына кіреберіс жол жарықтандырылды 10.12.2024
8 желтоқсан күні Қызылсуат ауылына кіреберіс жолды жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Бюджеттің төртінші деңгейінің қаражаты есебінен ұзындығы 1,2 км кіреберіс жол бөлігінде шамдары бар 35 тірек орнатылды. Жоба құны 10 млн теңгені құрап, жұмыстарды «Метал энерджи» ЖШС мердігерлік ұйымы орындады.Жаңа жарықтандыру жүйесі түнгі уақытта көрінуді жақсартып, ауылдың жалпы келбетін айшықтайды. Сонымен қатар, ауылдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында 22 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланған, оның ішінде 3 камера кіреберіс жолда орнатылды.Бұған дейін Қызылсуат ауылдық округінде Шұбар, Аққайың және Қызылсуат ауылдарында жалпы ұзындығы 3,5 км жол учаскелеріне шамдары бар 99 тірек орнатылған болатын.Сонымен қатар, жақында округте ұялы байланыс операторының базалық станциясы орнатылып, іске қосылды. Бұл желінің сапасын жақсартуға және деректерді беру жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.Аталған жобалар қауіпсіздікті күшейтуге, жергілікті тұрғындар мен қонақтардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған. Іске асырылған бастамалар ауылдық округтің инфрақұрылымын жақсарта отырып, оның заманауи, қолайлы және тартымды өңірге айналуына ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/899367
«Болашақ фермасы»: Жалтыр ауылынан келген көпбалалы ана табысты бизнес-жобаны жүзеге асырды 10.12.2024
Астрахан ауданы Жалтыр ауылының тұрғыны Инга Дмитриева мемлекеттік қолдау мен жеке бастаманың өмірді қалай өзгерте алатындығының жарқын мысалы болды.Көп балалы ана грант алу құқығын пайдаланып, «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Ол кәсіпкерлік негіздерін игерді, бизнес-жоспар әзірледі және өзінің «Болашақ фермасы» жобасын қорғады. «Менің идеям заманауи технологияларды қолдана отырып, табиғи сүт өнімдерін өндіруге және жаңа және сапалы өнімдердің қол жетімділігін арттыруға бағытталған», - дейді Инга Дмитриева.Астрахан ауылының тұрғыны Серікбол Авдикерим де осы бағдарлама бойынша оқудан өтіп, өзінің бизнес-жобасын іске асыру үшін грант түрінде мемлекеттік қолдау алды. Оның жобасы ауылдағы фаст-фуд өндірісіне арналған. Ол қажетті жабдықты сатып алып, тауарды сатуға кірісті.Ауданда «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға барлығы 40 адам өтті, ағымдағы жылы бизнес-идеяларды іске асыруға 7 грант берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/899577
ТАҒАЙЫНДАУ 09.12.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды. Жасұлан Рүстемов 1986 жылы 19 тамызда туған. Д.А.Қонаев атындағы университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы және Қазақ технология және бизнес университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы «Фемида» заң колледжінде ақпараттық жүйелер оқытушысы болып бастаған. 2008-2013 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Ақпараттық-тұсаукесер орталығы» республикалық мекемесінде ақпараттандыру қызметінің техник-инженері және осы қызметтің бастығы болған. Әр жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінде бас сарапшы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысы болған. Облыс құрылған сәттен бастап, 2024 жылдың қазан айына дейін Ұлытау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып қызмет етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/899216
Сингапурдың аудит әдіснамасы мен озық тәжірибесін Орталық Азия елдерінің авиаторлары үйренуде 09.12.2024
Еуразиялық азаматтық авиация конференциясының озық тәжірибе орталығында (EACAC) Сингапурдың Азаматтық авиация басқармасының (CAAS) оқу бөлімшесі болып табылатын Сингапур Авиация академиясы (SAA) және Қазақстанның авиациялық әкімшілігімен бірлесіп, Астана қаласында алғашқы курсын өткізді.Аудит әдіснамасы мен озық тәжірибелер бойынша бұл бес күндік курс Қазақстанның авиациялық әкімшілігі және CAAS үшін бүкіл Орталық Азиядағы авиациялық аудит құзыреттерін нығайтудағы маңызды кезең болды. Оған Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан қатысушыларды қоса алғанда, қауіпсіздік пен тиімділіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін аудиттің негізгі әдістері мен әдістемелеріне назар аударған 30 өкіл қатысты. SAA-дан тәжірибелі нұсқаушы Конг Чонг Так жүргізген курс қатысушыларға ұйымдық процестерді бағалау және халықаралық авиация стандарттарына сәйкестікті сақтау бойынша практикалық дағдыларды берді.Қатысушылар сонымен қатар аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға және авиациялық аудит саласындағы құзыретті арттыруға ықпал еткен білім және тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.Бұл бастама өңірдегі авиация саласының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті білікті жұмыс күшін құру бойынша ауқымды күш-жігердің бір бөлігі болып табылады.Іс-шара барысында ҚАӘ бас директоры Каталин Раду аймақтық ынтымақтастық пен авиациялық индустриядағы әлеуетті арттыруғадеген көзқарасымен бөлісті:«Курс Орталық Азиядағы ынтымақтастықты нығайту және авиациялық аудиттің маңызды дағдыларын дамыту жолындағы алғашқы қадам болып табылады. Біліммен бөлісу аймақтағы қауіпсіздікпен тиімділік стандарттарын арттыру үшін өте маңызды және мен бұл бастаманы жүзеге асыруға өз үлесімді қосқанымды мақтан тұтамын. Орталық Азиядағы авиацияның болашағын нығайту үшін бірлесіп жұмыс істейтіндіктен, біздің аймақтық ынтымақтастыққа деген ұмтылысымыз арта береді».Нұсқаушы Конг Чонг Так былай деп қосты:"CAAS авиация мамандарының келесі буынын дамытуды қолдауға және Орталық Азия аймағында ұшу қауіпсіздігін қадағалау мүмкіндіктерін кеңейтуге өз үлесін қосуға тырысады. Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге және қатысушылармен өзара әрекеттесудің пайдасын көруге қуаныштымыз. Бұл курстың мақсаты қатысушыларға құнды ақпарат пен практикалық дағдыларды беру болды және олар өз елдерінде қауіпсіз және тиімді авиациялық қызметті қамтамасыз ете отырып, осы дағдыларды өз жұмыстарына тікелей қолдана алады деп үміттенемін". Осы пилоттық бағдарламаның жетістігі авиациялық қауіпсіздікті жақсартуға және бүкіл Орталық Азияда кеңірек ынтымақтастықты дамытуға бағытталған болашақ оқыту бастамалары үшін перспективті үлгі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/898944
ХАБАРЛАНДЫРУ Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында 09.12.2024
ХАБАРЛАНДЫРУҚазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің бұйрық жобасының орналасқаны туралы хабарлайды.Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15336879 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/899073
Жыл қорытындысы: 6 млн ішкі турист және 224 млрд теңге кіріс Қазақстандағы туризмді нығайтты 09.12.2024
Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын ұсынуды жалғастырады. 2024 жыл Қазақстан туризмі үшін айтулы жыл болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде туризм саласын жаңғыртуға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жаһандық экономикаға кірігуге бағытталған жүйелі шаралар кешені жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қолдаудың, инвестиция тарту мен халықаралық аренада ілгерілетудің арқасында еліміз экономикалық өсу мен мәдениетаралық өзара іс-қимылдың маңызды қозғаушы күшіне айналып отырған туризм саласындағы оң нәтижелер көрсетіп отыр.Еліміздің туризм саласы тұрақты түрде дамып келеді. 2024 жылдың 9 айында ішкі туристер саны 562 мыңға артып, 6 млн адамға жетті. Шетелден келетін туристер легі 11,5 млн адамды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге жуық көп. Оның ішінде шетелдік 969 мың турист орналастыру орындарына жайғасты. Бұл көрсеткіштер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі мен туристік бағыт ретінде Қазақстанға қызығушылықтың артып келе жатқанын айғақтайды.Саланың экономикалық көрсеткіштері де айтарлықтай өсім көрсетіп отыр. Орналастыру нысандарының жалпы кірісі 27%-ға өсіп, 224 млрд теңгені құрады. Орналастыру нысандарының саны 306 бірлікке өсіп, 4 315-ке жетті, ал олардың сыйымдылығы 18 мың төсек-орынға дейін артып, 226 мыңды құрады. Бұл Қазақстанның ішкі және халықаралық туристерді қабылдауға дайындығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.Туризмге салынған инвестиция көлемі қарқынды өсіп келеді. 2024 жылдың 10 айында олардың көлемі 33,6%-ға артып, 668,1 млрд теңгені құрады. Негізгі жобалар қатарында алдын ала құны 194 млрд теңгені құрайтын Астана туристік ауданы бар, ол 2 мыңға жуық жұмыс орнын ашып, толық іске қосылғанда жыл сайын 10 млрд теңге салық аударымдарын түсіреді. Жобаның аяқталуы 2026 жылға жоспарланған.Екінші жоба – Маңғыстау облысындағы Каспий Ривьерасы, онда ҚР Премьер-министрінің қатысуымен туризм бойынша халықаралық ауқымды форум өтті. Жоба жағажай демалыс орны, гольф қонақ үйі, виллалар кешені, аквапарк және ойын-сауық орталығы сияқты бірнеше бастама аясында «Жылы жағажай» аумағын кешенді игеруді қамтиды. Жобаның жалпы бағалау құны 137,4 млрд теңгені құрайды, ал жоспарланған іске асыру мерзімі – 2024–2026 жылдар. Елімізде туризм саласын мемлекеттік қолдау күшейтілді. Биыл мемлекеттік қолдауға мақұлданған өтінімдер көлемі 3 есеге артты. Тек 2024 жылдың өзінде 37 туристік нысан мен 6 туристер тасымалдайтын автобусқа 2,1 млрд теңге мақұлданды.Халықаралық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінеді. 2024 жылды Қытайдағы Қазақстандық туризм жылы деп жариялау Қазақстанды ілгерілету үшін маңызды қадам болды. Қытайдың ірі қалаларында 30-дан астам іс-шара өтті.18 қарашада Қазақстан «цифрлы» көшпенділерге арналған Neo Nomad Visa енгізді, бұл елімізді қашықтан жұмыс істейтін саяхатшылардың жаңа буыны үшін тартымды етеді. Прогресс халықаралық рейтингіде де көрініс тапты: Қазақстан 2019 жылғы 80-ші орыннан позициясын жақсартып, 119 елдің ішінде 52-ші орынға көтерілді.5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Астанада өтуі халықаралық аренада маңызды оқиғаға айналды. Ойындарға 89 елден 2 700 қатысушы жиналды. «Астана – Арена» және «Қазанат» ипподромы сияқты спорт нысандарын қайта жаңарту қаланың инфрақұрылымын жақсартты. Сондай-ақ Қазақстан ауылдық туризмді дамытқаны үшін марапаттарға ие болды: Саты ауылы Best Tourism Village Award жүлдесін алды, ал Катонқарағай ауданының жобасы ITB Berlin 2024 көрмесінде үшінші орын иеленді.2024 жылдың соңына дейін жалпы құны 120,4 млрд теңгені құрайтын 119 инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр, бұл 1 319 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Негізгі бастамалар қатарына Түркістандағы «Medina Palace» қонақ үйінің құрылысы мен жаңа қонақ үй нысандарын қосу арқылы «Ақсу – Жабағылы» шипажайын жаңғырту кіреді.Глэмпинг алаңдары мен қонақ үйлер құру арқылы 10 мың ауыл тұрғынын қосымша жұмыспен қамтамасыз ететін агротуризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Ұлттық парктер аумақтарындағы инфрақұрылымды дамытуға арналған қонақүйлерді жіктеу жүйесін жаңарту және жергілікті атқарушы органдар өкілеттіктерін кеңейту жоспарланып отыр.Аймақтардағы туризм: өсу, инвестиция және инфрақұрылымның дамуыАқмола облысыБиылғы 9 ай қорытындысы бойынша өңірге келген туристер легі 1 млн-нан астам туристке жетті, оның ішінде 404,7 мың адамға орналастыру орындары қызмет көрсетті. Бурабай курорттық аймағына 932 мың адам келді. Туризм саласынан бюджетке түсетін салықтық түсім мөлшері 3,1 млрд теңгені құрады, өсім 30%-ды құрады. Биылғы 10 ай қорытындысына сәйкес, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 23,1 млрд теңгені құрап отыр.Алматы облысы2024 жылдың 9 айында туристер саны 384,1 мың адамды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19%-ға көп (322,3 мың адам).Туристер арасында «Іле-Алатау», «Көлсай көлдері», «Шарын» өңірінің мемлекеттік ұлттық табиғи парктері пайдаланылады.Биылғы 10 ай қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 24,4 млрд теңгені құрады.Алматы облысы еліміздің туристік стратегиясындағы негізгі бағыттардың біріне айналған бірегей тау кластерін белсенді дамытып келеді. Туристік саланы дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған бекітілген тұжырымдамасы шеңберінде Түрген көркем шатқалынан Қаскелең шатқалына дейін тау шаңғысы базаларын құру мен жаңғыртуды қамтитын кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Аталған жоба таулы демалыс үшін заманауи және сұранысқа ие инфрақұрылымды қалыптастыруға, сондай-ақ Алматы өңірінің халықаралық деңгейдегі туризм орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтуға қабілетті жаңа тартымды орындар ашуға бағытталған.Алматы қаласы9 айдың қорытындысына сәйкес, 2024 жылы туристердің жалпы саны 14%-ға (2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда) өсіп, 1,7 млн адамға жетті. Шетелдік туристер саны 24%-ға өсіп, 507,5 мың адамға жетті. Ішкі туристер саны 1,2 млн адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға артық. Туристер легінің артуы негізгі капиталға инвестицияның ұлғаюымен қатар жүреді. 2024 жылдың 10 айында 29,3% өсіммен 86,6 млрд теңге инвестиция тартылды. Туризмнен түскен салық түсімдері 76,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге жоғары. Қаланың туризм саласында 83,1 мың адам жұмыспен қамтылған.2024 жылы Алматыда жеке қаражат есебінен 25 туристік нысан ашылды, атап айтқанда, 15 қонақ үй, 4 глэмпинг алаңы, 4 жатақхана және 2 қонақ үй. Сондай-ақ жеке инвестиция есебінен 2027 жылға дейін 339,5 млрд теңгеге қонақүй құрылысы бойынша 30 жобаны аяқтау және 125 млрд теңгеге 29 туристік нысан салу жоспарланып отыр.Батыс Қазақстан облысы2023 жылдың 9 айымен салыстырғанда елімізге келушілер санының 18%-ға артқаны байқалады. Туризм саласында 2024-2026 жылдарға жалпы құны 25 млрд теңгені құрайтын 14 жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 14,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47%-ға артық.Жетісу облысыЖалпы, өңірде туризм саласын дамыту 5 негізгі бағыт: Алакөл және Балқаш көлдері, «Алтын-Емел» және «Жоңғар-Алатау» ұлттық парктері, сондай-ақ Жоңғар Алатауы тау сілемі әлеуетіне негізделген.2024 жылғы 9 айда туристік нысандарға 253 мыңнан астам адам келген, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15%-ға артық. 10 айдағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі биыл 9,4 млрд теңгені құрады.Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмысы аяқталды, «Талдықорған – Үшарал» автомобиль жолдарының (313,5 шақырым) асфальтбетон жабыны қамтамасыз етілді, «Тальго» жүрдек пойызы іске қосылды.Қарағанды облысы2024 жылы 9 айдың қорытындысы бойынша туризм саласында көрсетілген қызмет көлемі – 7 млрд теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішімен салыстырғанда 75%. Салаға құйылған инвестиция 17,4 млрд теңгені құрады.Жыл басынан бері жалпы құны 4,1 млрд теңге болатын 7 инвестициялық жоба іске қосылып, 23 жұмыс орны ашылды.Сондай-ақ 2025–2027 жылдары туризм саласында ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарланған: Балқаштағы қалалық жағажай жағалауы аймағын абаттандыру және қаладағы әуежайды реконструкциялау жұмыстарын аяқтау.Қызылорда облысыБиыл өңір 9 айда 116,6 мың турист қабылдады. Биылғы 10 айдың қорытындысына сәйкес, туризм саласына құйылған инвестиция көлемі – 26,1 млрд теңге, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,5%-ға артық.Маңғыстау облысы 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы ресми деректер бойынша облысқа 367,4 мың турист келген, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 13%-ға артық. Өңірде көрсетілген туристік қызметтердің жалпы құны 15,2 млрд теңгеге жетіп, 34,7%-ға өсті. Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша туризм саласына құйылған инвестиция көлемі – 6,6 млрд теңге, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50%-ға артық.2024 жылы жалпы инвестиция көлемі 8,5 млрд теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылды, бұл 80 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. 2025–2027 жылдар аралығында жалпы құны 100 млрд теңге болатын 500-ге жуық жұмыс орнын құра отырып, 11 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жергілікті атқарушы органдар Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, Кендірлі туристік аймағын дамыту бойынша мастер-жоспар әзірленіп жатыр.Ұлытау облысы 2024 жылғы 9 айда орналастыру орындарында қызмет көрсетілген туристер саны 21,2 мыңнан астам адамды құрады, оның ішінде 732-ден астамы – шетелдік туристер. Орналастыру орындарында көрсетілген қызметтер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,5%-ға артып, 497,9 млн теңгеден асты.Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша туризм саласына тартылған инвестиция көлемі – 2 млрд теңге, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,6%-ға артық.Сонымен қатар 1 млрд теңге сомасына 3 қонақ үй кешені іске қосылды. 2025 жылы жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайтын екі қонақ үйді пайдалануға беру, тарихи орындар бойынша жеңіл инфрақұрылым мен далалық навигация орнату жоспарлануда. Сондай-ақ жеке инвестициялар есебінен 2025 жылы Тасбұлақ бқлағы аумағын абаттандыру және Сәтбаев қаласынан Жошы хан және Домбауыл кешеніне дейін құны 12,5 млрд теңгені құрайтын тас жолын салу жұмыстары да қарастырылған.Қазақстан мәдени бай мұраны, табиғи әртүрлілікті және заманауи инфрақұрылымдық шешімдерді үйлестіре отырып, саяхат үшін ең тартымды бағыттардың бірі ретінде өзінің имиджін қалыптастыруды жалғастырып келеді.#Инвестициялар #Инфрақұрылымдық даму #Туризм #ӨңірлерАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/898563
Kazakh Tourism сапа белгісі: Ақмола облысы туристік индустрия көшбасшыларының қатарында 09.12.2024
2024 жылы Kazakh Tourism кезекті рет туризм индустриясының жоғары стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін туристік сала өкілдеріне «сапа белгісін» табыс етті. Биылғы жылы Қазақстанның барлық аумағы бойынша 89 туристік бизнес өкілі, оның ішінде Ақмола облысынан 11 кәсіпорын беделді марапатқа ие болды.Сервис деңгейін бағалау нәтижелеріне сәйкес сапа белгісімен туристік объектілердің түрлі санаттары марапатталды. «Қонақ үйлер» санатында nice деңгейіндегі наградаға бес нысан ие болды, соның ішінде «Rixos Borovoe Hotel», «Wyndham Residences Aqkol», «Riverside Burabay Hotel», «Grand Hotel Burabay» және «Дом у озера» Бутик-қонақ үйі. Өз кезегінде «Оқ-Жетпес» емдеу-сауықтыру кешені және «Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені сияқты санаторийлік мекемелерге Very nice деңгейіндегі сапа белгісі берілді. «Демалыс үйлері» санатында «Lake View» нысаны Very nice деңгейіндегі марапатқа ие болды, ал «Кафе» санатында Nice деңгейіндегі сапа белгілері «Dostar Tau» және «Dostar TÖR» мекемелеріне берілді.Сапа белгісін алу-бұл қызмет көрсетудің жоғары деңгейін лайықты мойындау ғана емес, сонымен қатар өңірдің туристік инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосудың көрсеткіші. Бұл жетістік клиенттер тарапынан сенімді нығайтуға, сондай-ақ Ақмола облысында туризмнің беделін арттыруға ықпал етеді.Бұл марапат кәсіпорындардың сапалы қызмет көрсетуге деген ұмтылысын және қызметтерді жақсартуға үздіксіз ұмтылысын растайды. Сапа белгісін алған әрбір нысан туризмнің дамуына өз үлесін қосты және олардың жетістіктері бүкіл салаға шабыт береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/898593