Бизнес
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 11 СУ НЫСАНЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР 03.12.2024
Түркістан облысында 552 мың гектар суармалы жер бар. Бұл – республикалық көрсеткіштің төрттен бір бөлігі. Өңірде экономиканың негізгі саласының бірі – ауыл шаруашылығы. Сондықтан су нысандары инфрақұрылымын дамыту, жөндеу, тазалау аса өзекті. Аталған бағыттағы жұмыстар мен мәселелер облыс әкімдігінде өткен мәжілісте талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды су үнемдеу технологияларын енгізу, су нысандарын ретке келтіру маңызды екеніне тоқталып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.– Жылдан-жылға су тапшылығы мәселесі қиындауда. Сондықтан су үнемдеу технологияларын енгізу қарқынын түсірмеу керек. Облыстағы ағын су мәселесін шешетін, шаруалардың тірлішігіне тікелей әсер ететін жобаларды жедел жүзеге асырып, каналдарды жөндеу, тазалау маңызды. Кезек күттірмейтін нысандар бойынша жоба жасап, бюджетке ұсынып, жұмысты бастау қажет. Өңірдегі жеке меншіктегі су нысандарын да зерделеп, тиісті ұсыныс беріңіздер. Әр аудан, қала әкімі, жауапты басқарма басшысы тиісті жұмыс жүргізсін, – деді Дархан Сатыбалды.Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, биыл облыстық бюджеттен жалпы 9,4 млрд. теңге қаржы қаралып, 11 су нысанына күрделі жөндеу және 939 шақырымды құрайтын қашыртқыларға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 7,8 мың гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі және 19,1 мың гектар жердің мелиоративтік жағдайы жақсарады. «Түркістан магистралды каналын күрделі жөндеу», «Арыс магистралды каналын күрделі жөндеу», және «Қараспан магистралды каналын күрделі жөндеу» жобалары есебінен Түркістан өңіріне қосымша 233 млн. м3 ағын су жеткізу мүміндігі бар. «Түркістан магистралды каналын күрделі жөндеу» жобасының 2 кезеңінің құжаттамасы дайын. Жоба құны – 11,5 млрд. теңге. Жоба аясында 25 дана су өткізу құрылымдары автоматтандырылады. Сондай-ақ 24,9 шақырым каналды бетондау арқылы жылына 29 млн. м3 ағын суды үнемделмек.Бұдан бөлек, көктемгі су тасқынын алдын алу және шаруаларға ағын суды сапалы жеткізу мақсатында, «Тұран су» ШЖҚ МКК теңгеріміндегі арнайы техникалар есебінен аудан, қала аумағындағы жалпы ұзындығы 371,5 шақырым канал мен 136,7 шақырым қашыртқыға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілген.Облыста су үнемдеу технологиялары өндірісін дамыту мақсатында жергілікті 3 кәсіпорын іске қосылды. Жоба құны – 12,0 млрд. теңге. Кәсіпорындардың жылдық қуаттылығы – 73 мың гектар.Жиында Облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абай Тұрхановтың да есебі тыңдалды. Өңірде аталған басқарманың тапсырысымен жалпы құны 45,7 млрд. теңгені құрайтын 5 ірі су жобасы іске асырылуда. 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде, 1 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірлеу барысында. Оның ішінде «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы жүріп жатыр. «Кеңсай - Қосқорған - 2» су қоймасының да құрылысы да қолға алынған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/895084
Ақмола облысының фермерлері астықтан рекордтық өнім жинады – 6,6 млн тонна 03.12.2024
Биыл Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өңір әкімі Марат Ахметжанов хабарлады. Оның айтуынша, өткен агрокезеңде өңір айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп, елдің негізгі астық алқабы мәртебесін дәлелдеді.«Негізгі міндеттердің бірі – ауыл шаруашылығы саласын өңір экономикасының басты драйверіне айналдыру. Биыл ауыл шаруашылығы өнімінен 1 трлн теңгеден астам кіріс түседі. Өңір диқандары 6,6 млн тонна рекордтық астық жинады. Өнімділік – гектарынан 14 ц асты. Астықтың 60%-дан астамы тауарлық сапасы жоғары бидай», – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.@ortcom_kz #CCS Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895023
Ақмола облысы құс етінің өндірісі бойынша үздік орнын сақтап келеді 03.12.2024
Жалпы республикалық көлемдегі үлесі 30%, ал тауық жұмыртқасы бойынша – 16%. Биыл 5 сүт фермасы іске қосылады. Енді тауарлы сүт өндірісі жылына 30 мың тоннаға немесе 1,4 есе артады. Келесі жылы тағы екі ферма іске қосылады.«Биыл жемшөп дақылдары үшін егістік алқаптарын кеңейттік. Нәтижесінде малға жеткілікті жемшөп дайындалды. Өңдеу саласында да оң серпін байқалады. Осы бағытта өңірде 67 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 10 ай ішінде 208 млрд теңгеден астам сомаға азық-түлік өндіріп, өткен жылғы деңгейге қарағанда 5%-дан асып отыр. Бұл ретте өңделген сүт, ірімшік пен сүзбе, өсімдік майы мен ұн өндірісі айтарлықтай артты», - деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.@ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895028
Биыл Ақмола облысына 550 млрд теңгеден астам инвестиция салынады: қандай жобалар іске асырылады 03.12.2024
Өңір басшысы Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында атап өткендей, бүгінде 400 млрд теңгеден астам тартылды. Іске асырылған жобалардың ішінде АӨК саласындағы жобалар бар. Атап айтқанда, бұршақ және дәнді дақылдарды қайта өңдеу кешені. Құрама жем мен жарма өндіретін зауыттың құрылысы аяқталу сатысында, құс фабрикасын, диірмен комбинатын салу жоспарлануда. 2027 жылға дейін АӨК саласына 132 млрд теңгеден астам инвестиция тарту көзделген.«Сондай-ақ, шетелдік компаниямен астықты терең өңдеу бойынша ірі зауыт салу туралы келісімге қол қойдық. Құны 650 млн доллар болатын бұл жоба мың жұмыс орнын құрып қана қоймай, елдің экспорттық әлеуетін де арттырады», - деді Марат Ахметжанов.Сонымен қатар, күкірт қышқылы зауытының, кірпіш зауытының, сондай-ақ алюминий прокатын шығаратын зауыттың екінші желісін салу жоспарлануда. Жобалардың бірі - локомотивтер шығаратын зауыт, келешекте онда жылына 360 бірлік өнім дайындалмақ.Туризм саласында Бурабай және Ақкөл аудандарында екі көпфункционалды жоба жоспарланған.«Өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту үшін республикалық маңызы бар «Aqmola» индустриялық аймағы құрылды. Оның аумағында өз өндірістерін орналастыруға мүдделі инвесторлар пулы жасақталды. Мысалы, көлік-логистикалық орталық, ауыл шаруашылығы агрегаттарының отандық өндірісін құру. Сондай-ақ, елордада «Aqmola Invest» инвестициялар тарту орталығы ашылды. Бұл инвесторларды тартуға және сүйемелдеуге баса назар аударылатын елордадағы жалғыз өңірлік фронт-офис», - деп атап өтті Ақмола облысының әкімі. @ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895044
Көкшетауда ЖЭО салу бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде – Ақмола облысының әкімі 03.12.2024
Марат Ахметжановтың айтуынша, инженерлік-геологиялық іздестірулер мен уақытша құрылыстаға арналған алаң ұйымдастыру жұмыстары басталды.«Биыл Степногорск қаласында 8 км желі жөнделді, бұл желілердің тозуын 82% -дан 73%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Осы сияқты жұмыстар Атбасарда да жүргізілді. Жылу көздері мен желілері бойынша жоспарланған жұмыстар 100% орындалды», – деді Ақмола облысының әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Биыл сумен қамтамасыз етуге 34 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Егіндікөл ауданында Нұра топтық су құбырын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды, 70 шақырымға жуық желі салынды.«Көкшетау қаласының су тазарту құрылыстарын салу жобасы аяқталу сатысында тұр. Желтоқсан айында құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтаймыз, кейін персоналды оқытумен іске қосу-баптау жұмыстары жүргізіледі», - деді Марат Ахметжанов. @ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895059
Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар өткен жылмен салыстырғанда үш есе ұлғайтылды 03.12.2024
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, бүгінгі таңда 174 елді мекенде 65 шақырым су өткізу арнасы жасалып, 38 шақырым өзен арнасы тазартылды, су өткізу арнасының 34 шақырымы кеңейтіліп, тереңдетілді. 110 шақырым бөгет нығайтылып, 21 шақырым жаңа бөгет тұрғызылды, су өткізу құрылыстары жүргізіліп, су құбырлары тазартылды. 9 елді мекенде су деңгейін бақылау үшін қосымша гидробекеттер құрылды.«Атбасар қаласында қорғаныс үшін шлюздер орнатылып жатыр. Ол тасқын судың қауіпсіз ағып өтуін қамтамасыз етіп, шамамен 400 үйдің су басу қаупін азайтады. Жер снарядтарын сатып алып, Жабай өзенінің түбі тереңдетілді. Осындай жұмыстар облыс орталығындағы Қылшақты өзенінде де жүргізілді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Сонымен қатар, халықтың ұсынысын ескере отырып, Целиноград ауданының Талапкер және Қоянды ауылдарында еріген суды өткізуге арналған жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын айналма каналы салынып, 3 бөгет тұрғызылуда, Жабай, Шағалалы және Қалқұтан өзендерінің жағасы нығайтылып жатыр. @ortcom_kz #CCS Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895073
Биыл Ақмола облысында 530 мың шаршы метр пайдалануға берілді 03.12.2024
5 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. Соның ішінде бюджет есебінен 9 көппәтерлі тұрғын үй іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы 16 үй іске қосылады.Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары баспанамен дайын пәтерлерді сатып алу арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл механизм көпбалалы отбасылар, жетім балалар және басқа да азаматтар үшін тұрғын үй мәселесін жедел шешуге мүмкіндік береді.«Биыл 736 пәтер сатып алынды. Жылдың аяғына дейін тағы 104 пәтер сатып алынады. Жалпы, соңғы 5 жылда 2064 отбасы баспанамен қамтамасыз етілсе, биыл ол 2270 құрады», - деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.Сонымен қатар, биыл Көкшетау қаласында Тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы басталды. Жалпы, Көкшетау қаласында 11 аймақ анықталды. Ондағы ескі 150 үйді кезең-кезеңмен реновациялау басталды. @ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895083
Ақмола облысында ұлттық жобалар аясында әлеуметтік нысандар салынуда 03.12.2024
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 200 орындық 6 мектеп салынды. Целиноград ауданының Қоянды ауылында және Көкшетау қаласында 5 мың орындық үш мектептің құрылысы аяқталып қалды.«Жайлы мектептердің аумағы жағынан қарапайым мектептерге қарағанда артықшылығы бар. Биыл Қосшы қаласында 1200 орындық мектеп құрылысы аяқталды. Биыл облыс орталығында 446 орындық екі балабақша іске қосылды. Келесі жылы тағы үш балабақша пайдалануға беріледі», - деді өңір басшысы Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Сонымен қатар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша бастапқы медициналық-санитариялық көмек объектілері салынып жатыр. Осы объектілер 38 ауылдық елді мекенде тұратын 43 мың адамды қамтиды. @ortcom_kz #CCS Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895088
Ақмола облысының диқандары 6,6 млн тонна астық жинады 03.12.2024
Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласын өңір экономикасының басты драйверіне айналдыру – негізгі міндеттердің бірі. Осы ретте, биыл ауыл шаруашылығы өнімінен 1 трлн теңгеден астам кіріс түседі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есе артық. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ брифингінде хабарлады.Оның айтуынша, өңір диқандары 6,6 млн тонна рекордтық астық жинады. Бір гектардан түсетін өнім көлемі 14 центнерден асты. «Астықтың сапасы да барынша жоғары екенін атап өткім келеді. Астықтың 60%-дан астамы тауарлық сапасы жоғары бидай. Әрине, бұл ең бастысы дихандардың қажырлы еңбегі, мемлекеттік қолдау мен заманауи технологияларды тиімді әрі уақытылы қолданудың нәтижесі. Нәтижесінде, жоғары сапалы тұқымды себу мен минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемі екі есе артты. Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту да маңызды. Биыл 1 239 жаңа техника сатып алынды», – деді өңір басшысы. Президент жақында астананы азық-түлікпен қамтуда Ақмола облысының маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондықтан бұл жұмыстарды одан әрі нығайтып, өнім көлемін арттыру стратегиялық ұстаным болып табылады. Осы бағытта жақсы нәтижелер бар. Ақмола өңірі елорда тұрғындарының қажеттілігін, атап айтқанда, сүт өнімінің 50%-дан астамын, ет өнімінің 30%-н, жұмыртқаның 80%-н, картоптың 85%-н қамтып отыр. Яғни, астана тұрғындарына күн сайын 80 тонна ет өнімдері, 320 тонна сүт ассортименті, 700 мың жұмыртқа және 25 тонна ұн жеткізіледі. Астананы азық-түлікпен қамтуға зор үлес қосатын бірқатар кәсіпорын бар. Алдағы уақытта олардың саны арта түседі. Бұл ретте, Мемлекет басшысы «Родина» агрофирмасының тәжірибесін еліміздің басқа өңірлерінде тарату бойынша тапсырма берді. Бұл кәсіпорынның өндірістік көрсеткіштері де, әлеуметтік жауапкершілігі де жоғары. Сондай-ақ Целиноградта «Ен-Дала», Аршалыда «Темір Агро», Бұландыда құс фабрикасы, Ақкөлде «Еңбек» және басқалар да өз кәсіпорындарын кеңейтіп жатыр. Сол арқылы алдағы уақытта елорданы табиғи әрі таза азық-түлікпен қамту көрсеткіші арттырылады. «Мал шаруашылығы саласында құс етінің өндірісі бойынша үздік орнымызды сақтап келеміз. Жалпы республика көлеміндегі үлесіміз 30%, ал тауық жұмыртқасы бойынша – 16%. Биыл 5 сүт фермасын іске қосып жатырмыз. Енді тауарлы сүт өндірісі жылына 30 мың тоннаға немесе 1,4 есе артады. Келесі жылы тағы екі ферма іске қосылады. Биыл жемшөп дақылдары үшін егістік алқаптарын кеңейттік. Нәтижесінде малға жеткілікті жемшөп дайындалды. Өңдеу саласында да оң серпін байқалады. Осы бағытта өңірде 67 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 10 ай ішінде 208 млрд теңгеден астам сомаға азық-түлік өндіріп, өткен жылғы деңгейге қарағанда 5 %-дан асып отыр. Бұл ретте, өңделген сүт, ірімшік пен сүзбе, өсімдік майы мен ұн өндірісі айтарлықтай артты», – деді облыс әкімі. Мемлекет басшысы үш жыл ішінде өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізу бойынша міндет қойды. Ол үшін нақты шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, 2027 жылға дейін агроөнеркәсіп саласына 132 млрд теңгеден астам инвестиция тартып, 80 жобаны іске асыру жоспарда бар. Бұл өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етіп, олардың жүктемесі мен өндірістік қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Биыл 30 млрд теңгеден астам сомаға 27 жоба іске қосылмақ. Мемлекет тарапынан да көп қолдау көрсетілуде. Мысалы, фермерлер арасында көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына жеңіл кредит берудің «Кең Дала-2» бағдарламасы ерекше сұранысқа ие. Келесі егін егу науқанына толықтай дайындалу үшін жеңіл кредитке енді биылғы желтоқсан айынан бастап қол жеткізуге болады. Жақын күндері осы жұмыстарға арналған алғашқы 15 млрд теңгені шаруа қожалықтарына таратыла бастайды. Ал қаңтарда тағы қосымша қаражат қарастырылмақ. Бұл диқандарға жалақы төлеуді, сапалы тұқымды, минералды тыңайтқыштарды және басқа да қажетті тауарлар мен қызметтерді дер кезінде сатып алуға оң септігін тигізеді. Өңірде бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жалғасады. Индустриялық сектордың дамуы да қарқынды жүріп жатыр. Өнеркәсіп саласында өндіріс көлемі 1,6 трлн теңгені құрады. Мұның 77%-дан астамын өңдеу саласы құрап отыр. Облыс республика көлемінде теміржол подшипниктерінің 100%, мамандандырылған көліктің 81%, астық жинау комбайнның 67%, құрамында алтын бар руданың 59%, трактордың 39%, өңделмеген алтынның 30%, керамикалық кірпіштің 28% өндіреді. Өңір жартылай өңделген алтын өндірісі бойынша бірінші орында тұр. Жалпы, машина жасау, тамақ өндіру және электрмен жабдықтау салаларында өсу қарқыны қамтамасыз етілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895094
Көлік министрі «AMANAT» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауына қатысты 03.12.2024
Марат Қарабаев «Amanat» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауына қатысып, онлайн режимде Астана қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Жетісу өңірлері тұрғындарының өтініштері мен сұрақтарына жауап берді.Өңір тұрғындары тарапынан көлік инфрақұрылымын жақсарту, көшелерді асфальттау, республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу, Жетісу облысында темір жол өткелдерін ашу және Түркістан облысының көліктік бақылау инспекциясының жұмысына қатысты бірқатар мәселе көтерілді.Кездесу қорытындысы бойынша барлық өтініш білдірушілерге толық жауап пен түсініктеме берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/895029
"Таза Қазақстан": Қарағанды жастары экологиялық іс-шаралар өткізуді үйренді 03.12.2024
Қарағанды Жастар ресурстық орталығы жастар ұйымдарының, жоғары оқу орындары мен колледждердің еріктілері үшін "ЭкоЖастар: Болашақ біздің қолымызда" семинар-тренингін ұйымдастырды. Ол "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында өтті.Экологиялық іс-шараны басынан аяғына дейін қалай ұйымдастыруға болатыны жайлы қарағандылық экотренер, саяхатшы және салауатты және экологиялық өмір салты бойынша жаттықтырушы Дамир Кәрімов айтып берді.Ол негіздерден бастады. Экотренер түрлі ұйымдармен – БАҚ, әкімдік, экологиялық ҮЕҰ және т.б. өзара іс-қимыл туралы егжей-тегжейлі айтып берді. әртүрлі іс-шараларды: акцияларды, әлеуметтік конкурстарды, марафондарды, шеберлік сабақтарын, дәрістерді және т. б. экологиялық шараларды өткізу тәсілдері қарастырылды.– Жеке тәжірибеме сүйене отырып, мен бір маңызды мәселені көтердім – экологиялық іс-шаралардың экологиялық еме болуы. Оны бір рет қолданылатын ыдыс-аяқ, шарлар, баннерлер қолданылған кезде байқауға болады. Бұл іс-шараның зияны пайдасынан гөрі көбірек. Сонымен қатар тек ерекшеліктермен ғана емес, қателіктермен де бөлістім. Болашақта экологиялық іс-шараларды ұйымдастырушылар жағымсыз сәттерден аулақ болу үшін, – дейді Дамир Кәрімов.Сондай-ақ, семинарға қатысушылар жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға көмектесетін өзекті мәселелерді талқылады."Таза Қазақстан" бағдарламасы басталғаннан бері Қарағанды Жастар ресурстық орталығы 100-ден астам экологиялық іс-шара ұйымдастырды. 2024 жылдың маусым айынан бастап өңірде алты ауқымды акция, тренинг және т. б. өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/894963
Нұра ауданында "Осал топ" санатындағы 10 отбасы баспаналы болды 03.12.2024
Тұрғын үйге кезекте тұрған Нұра ауданының тұрғындарына жаңа пәтер кілті табысталды. Қоныс тойын 10 отбасы тойлайды.Пәтер ауданы 80–86 шаршы метрге дейін. Оларды халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері алды.Жаңа қоныстанушылар қатарында көпбалалы ана Меруерт Бейсембекова бар.– Біздің төрт баламыз бар. 2021 жылдан бері кезекте тұрдық. Әрине, біз тез баспана алатынымызға сенбедік. Пәтер кең, жарық. Ұлдар қазірдің өзінде өз бөлмелеріне жайғасып алды. Жақын арада пәтерге кіреміз деп ойлаймын, – дейді Меруерт.Жыл басынан бері Нұра ауданында барлығы 61 отбасы баспаналы болды. Жыл соңына дейін тағы 34 жаңа пәтердің кілтін тапсыру жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/894904
Шетелдік рұқсат бланкілерін берудің жаңа тетігі қалай жұмыс істейді 03.12.2024
Көлік министрлігі шетелдік рұқсат бланкілерін берудің жаңа, жетілдірілген тетігін әзірледі. Жаңа механизм адами факторды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды. Шетелдік рұқсат бланкі (ШРБ) — бұл тасымалдаушыларға жүкпен шетелге шығуға мүмкіндік беретін құжат. 1. ШРБ алуға өтінімді қараудың барлық процесі толығымен автоматтандырылды, ал қарау және беру мерзімі қысқартылды. Алдымен тасымалдаушы E-license платформасы арқылы ШРБ алуға сұранысты толтыруы кажет. Сұранысты қарау мерзімі 2 жұмыс күнінен 40 минутқа дейін, ал ШРБ беру 8 күннен 1 күнге дейін қысқартылды;2. Бұрын бланкілерді беру жүйесі тарихи ақпарат бойынша жұмыс істеген еді. Мәселен, тасымалдаушылардың өткен жылғы жұмысы немесе халықаралық тасымалдардағы тәжірибесіескерілді. Жаңа ережеге сәйкес тасымалдау тарихы мен өткен жылы көліктің қаншалықты белсенді пайдаланылғаны маңызды емес. Яғни, қалауы мен тиісті рұқсаты бар кез келген тасымалдаушы рұқсат бланкін ала алады. Бұл қазақстандық тасымалдаушылар арасында неғұрлым бәсекеге қабілетті орта құруға мүмкіндік береді.3.Енді тапшы бланкілерде компанияның атауы және автомобильдің мемлекеттік нөмірі көрсетіледі.4.Жаңа тетік шеңберінде автомобильдердің кіру және шығу фактілерін тіркеу «Бүркіт» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде ШРБ-ны көлеңкелі нарықта қайта сатудың алғышарттарын жоққа шығарады.5.Тасымалдаушының жеке кабинетіне хабарлама келген сәттен бастап 30 күн ішінде нақты бланк бойынша шетелге шығуға болады. Ескі механизм бойынша бұл көрсеткіш 100 күнге жеткен.6. Бұрын төлем екі жолмен жүзеге асырылған: екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе онлайн, міндетті мерзімі 5 жұмыс күніне дейін. Енді тек онлайн төлем қарастырылған, ол 40 минут ішінде орындалуы кажет. Төлем туралы ақпарат электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы алынады.7.Бүгінгі таңда Қазақстан 42 елмен шетелдік рұқсаттармен алмасуды жүзеге асырады. Биыл рекордтық алмасу жасалды — 364 705 ШРБ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/894922
Қарағанды облысының кәсіпкерлері Германияда бизнес-тағылымдамадан өте алады 03.12.2024
"Іскерлік байланыстар" бағдарламасы кәсіпкерлерге Германияда тегін оқуға және шетелдік серіктестер табуға мүмкіндік береді. Ол 2011 жылдан бастап жүзеге асырылуда. "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы 2025 жылға арналған өтінімдерді қабылдау басталғанын жариялады.Германияда бизнес-тағылымдамаға құжаттарды 2024 жылдың 17 желтоқсанына дейін тапсыруға болады, деп хабарлады Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы."Кандидаттар жұмыс тәжірибесі расталған және жылдық орташа табысы 10 мың айлық есептік көрсеткіштен басталатын шағын және орта бизнес басшылары болуға тиіс. Келіссөздер жүргізу және басқару шешімдерін қабылдау үшін өкілеттіктердің болуы да маңызды", - деп түсіндірді ӨКП.Тағылымдама қатысушыларға Германияның іскерлік ортасына енуге, бизнестің үздік тәжірибелерін үйренуге, озық зауыттарға баруға және неміс компанияларымен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бірінші кезең – Германияның бизнесті дамыту орталықтары негізінде бес апталық онлайн оқыту. Екіншісі – Германияда үш апта тағылымдамадан өтуді қарастырады.Келесі жылы төрт негізгі бағыт анықталды:- жасыл технологиялар және өнеркәсіп;- денсаулық сақтау:- ақылды ауыл шаруашылығы.- әйелдер кәсіпкерлігін қолдау.Биыл бағдарламаны Қарағанды облысының төрт кәсіпкері пайдаланды: "Инкар 1", “Сompass Solutions ltd", "АЗИЯ-СМ", Q-Inspection фирмаларының басшылары.Өтінімді ӨКП кеңсесінде мына мекенжай бойынша беруге болады: Қарағанды, Тәттімбет көшесі, 709, немесе электрондық пошта арқылы: karaganda@atameken.kz.Бағдарламаға қатысу туралы толық ақпаратты ӨКП-дан алуға болады.Байланыс: Шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің сарапшысы Аянна Нұруллаева, тел.: (8-7212) 50-64-18.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/894579
Дүкен сөрелерінде жергілікті өнімдер көп болуы тиіс – Ермағанбет Бөлекпаев 03.12.2024
Жергілікті өндірушілерді қолдау және халықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз ету – Қарағанды облысындағы басым міндеттердің бірі. Онлайн режимде өткен кеңесте облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев кейбір қазақстандық тауарлардың дүкен сөрелерінде жеткіліксіз болуына алаңдаушылық білдірді. Ол отандық өнімдерді тұтынушыларға қолжетімді әрі көрінетіндей етіп орналастыру қажеттігін атап өтті.Қарағанды облысында 150 өңдеуші кәсіпорын жұмыс істейді. Олар сүт, ет, астық және т. б. өңдеумен айналысады.– Өңір 100%-ға бес атау бойынша өз өндірісінің өнімдерімен қамтамасыз етілген: бірінші сұрыпты бидай ұны, макарон өнімдері, картоп, тауық жұмыртқасы, сиыр еті. Сондай-ақ, облыс 90,7%-ға 8 атау бойынша өз өндірісінің өнімімен қамтамасыз етілген. Бұл бірінші сұрыпты нан, құс еті, ашытылған сүт өнімдері, сүзбе, май, сәбіз, қырыққабат, пияз, – деді кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская.Супермаркеттердің сөресін талдау нәтижесі Қарағанды мен жақын маңдағы өңірлердің сөрелерінде жергілікті өндірушілердің нан-тоқаш және ет өнімдерінің 100%-ы ұсынылғанын көрсетті. Сондай-ақ, отандық тауарларды сату үшін әлеуметтік сөрелер құрылды, ал өнімдерде арнайы логотиптер бар.Бірақ сонымен бірге бірқатар проблемалар да бар. Олардың ішінде өндірісті жаңғыртудың жеткіліксіздігі, жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігі және логистика мен тасымалдау проблемалары бар.Жергілікті өндірушілердің маркетингтік мәселелеріне ерекше назар аудару керек – мысалы, шұжық сегментінде. Көптеген өндірушілер өз өнімдерін алға жылжытумен айналыспайды, бұл тұтынушылардың таңдауына әсер етеді, өйткені адамдар жиі жарнамаланатын нәрсені таңдауға бейім.– Қазақстандық өндірушілердің тауарлары неғұрлым қолжетімді және танымал болуы үшін логистика мен маркетингті жақсарту маңызды. Өндірісті субсидиялау және сату жағдайларын жақсарту қажет, бұл салауатты бәсекелестік құруға және тұтынушылар үшін тауарлардың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/894795
Бұқар Жырау ауданы Үміткер ауылында хоккей корты салынды 03.12.2024
Үміткер ауылында ауланы 20 да 40 метр жаңа хоккей корты салынды. Қазір мұз айдынына су құю ғана қалды.Алаңға арнайы жабын төселіп, хоккей қақпасы орнатылды.Көп ұзамай Үміткер ауылы жастары бос уақыттарын денсаулыққа пайдалы өткізе алады.Бұл жоба жергілікті билік пен ауыл тұрғындарының бірлескен жұмысы нәтижесінде жүзеге асты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/894860
Қарағанды хайуанаттар бағына Бразза маймылдары жеткізілді 03.12.2024
Қарағанды хайуанаттар бағы жаңа жануарлармен толықты – екі жаңа қоршауда енді бразза маймылдар тұрады. Бұл Хлебы қаласы (Чехия) зоологиялық саябағының сыйы. Сондай-ақ, Чехия хайуанаттар бағынан валлаби жұбы сатып алынды. Бұл кенгуру тұқымдастары, бірақ олардан сәл кішірек. Жануарлар табиғатта сирек кездесетін альбиностар.Бразза маймылдар біздің хайуанаттар бағына қазан айының соңында келді. Онда бір аталық және екі ұрғашы, сондай-ақ сәби маймыл бар. Осы тұқымдас маймылдар патриархат жүйесін ұстанады.– Қарағанды хайуанаттар бағында мұндай маймылдар ешқашан болған емес. Қазір олар арнайы дайындалған екі қоршауда тұрады. Түрлі сөрелер, баспалдақтар, әткеншектер бар. Біз оларға үй салдық, енді гамак жасағымыз келеді, – дейді хайуанаттар бағының директоры Гүлнар Адамбекова. – Бұл қорек талғамайтын маймылдар. Олар тұқымдар, жаңғақтар, маусымдық жемістер, банан, апельсин жейді. Оларға біздің хайуанаттар бағында өсірілген асқабақ пен цуккини ұнайды. Сондай-ақ қайнатылған ет пен балық береміз. Олар айран ішіп, сүзбе жегенді ұнатады.Бразза маймылдары 1876 жылы сипаттаған француз зерттеушісі Пьер Саворнян де Браззаның құрметіне аталған. Маймылдар басқа жануарлардың дыбыстарына еліктей алады. Ұрғашылары екі-үш жылда бір күшіктейді.Бразза маймылдары ойнақы және алаңсыз өмір сүреді, олардың осы мінезі зообаққа келушілерді қызықтырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/894587
Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында 03.12.2024
Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Порт құралдарын күзетуге бағалау жүргізу және порт құралдарын күзету жоспарын әзірлеу үшін уәкілетті ұйымды айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15319192 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/894747
Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында 03.12.2024
Көпшілік назарынаҚазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15321949Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/894748
Demo Day: ҚР ӨҚМ жетекшілік ететін салаларды цифрландыру жобаларының көрсетілімі 02.12.2024
2 желтоқсанда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Demo Day іс-шарасы өтті. Бұл іс-шара экономиканың түрлі салаларында цифрлық трансформацияны нығайту мен елдегі мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудағы маңызды қадам болды.Demo Day мақсаты – мемлекеттік қызметтерді жақсарту, процестерді оңтайландыру және олардың халық үшін тиімділігін арттыру мақсатында озық цифрлық жобаларды таныстыру және талқылау.Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова алғы сөз сөйлеп, Министрліктің цифрландыру және жасанды интеллект енгізу бойынша жобаларымен таныстырды. Вице-министр Ұлттық өнеркәсіптік ақпараттық жүйе (ҰМЖ), Министрліктің байланыс орталығының виртуалды көмекшісі, Мемлекеттік қызметшінің жұмыс орны, «Кәсіби стандарт» құжатын құру, Заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді салыстыру және Экспорттық бақылау сияқты жобаларды таныстырды.Сондай-ақ, Жәннат Дүбірова Геологиялық есептерді өңдеу және жасанды интеллект көмегімен геологиялық білім базасын құру, Жасанды интеллект көмегімен экспорттық бақылау процестерін жаңғырту, BIM қолданбасының пилоттық жобасы, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша бірыңғай платформа және т.б. жобалар бойынша жұмыс туралы айтты.Келесі кезекте ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының және оның құралдарының көрсетілімі өтті. Олардың ішінде қалпына келтіру дэшборды, бейнебақылау және жобаларды бақылаудың ұлттық платформасы бар.Одан кейін «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» ААЖ көрсетілімі өткізілді. Баяндамашылар жобаның әдістемелік және техникалық бөліктерімен таныстырды. МҚҚК жүйесі аумақтың дамуын есепке алу және бақылау құралы болып табылады. ААЖ арқылы қалалық ережелерге сәйкес APP шығаруға, техникалық шарттарды алуға, алдын ала жобаны келісуге және пайдалануға қабылдау актілерін жазуға болады. Бұл қалалық кадастрдың бірыңғай деректер базасын құруға мүмкіндік береді.Бұдан кейін Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай порталының көрсетілімі өтті. Оны жақсарту үшін функциялар кеңейтілді, мемлекеттік қызметтерге реинжиниринг жасалды, Техникалық шарттар қалыптастырылды, нормативтік құқықтық актілерге түзетулер, жүйеге өзгерістер енгізілді, деректерді көшіру және тестілеу жүргізілді.Сондай-ақ «Қаз Реестр» АЖ көрсетілімі өтті. Бұл үлестік қатысу туралы келісімдерді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті ұсынатын тұрғын үй құрылысына ортақ қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі. Жобаның мақсаты – жергілікті атқарушы органдардан рұқсат алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқарту, үлескерлердің қаражатын тарту үшін жергілікті атқарушы органдардан берілген барлық рұқсаттарды есепке алуды орталықтандыру, сондай-ақ бизнес-процестерді оңтайландыру.Нәтижесінде қатысушыларға сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, қатысушылар өздерін қызықтырған ақпаратты алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/894714