Бизнес
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫНА 130 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ 02.12.2024
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында Түркістан облысында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Көрсеткіш қандай? Нендей мәселелер бар? Бүгін Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы мәселе күн тәртібіне қойылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауыл шаруашылығы – өңірдің негізгі драйверінің бірі екеніне тоқталып, жауапты басшыларға, аудан, қала әкімдеріне жұмысты күшейтуді тапсырды.– Ауыл шаруашылығында өнім көлемін ұлғайту индикаторы толық орындалуы тиіс. Салаға инвестиция тарту, өсімдік, мал шаруашылығында өнімді молайту, техникалық паркті жаңарту бағытында да міндеттер жүктелген. Жыл сайын су тапшылығы сезіліп жатыр. Аудан, қалаларда су үнемдеу технологияларын енгізу қажет. Тапсырманы орындай алмаған сала басшыларына тиісті шара көріледі. Әрбір индикатордың артында елдің әлеуметтік жағдайы тұр. Сондықтан жұмысты күшейтіңіздер, – деген Дархан Сатыбалды көрсеткіші төмен аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпе айтты.Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың айтуынша, 10 айдың қорытындысымен ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемінің өсімі 105,8 пайызды құрап, 957,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.Аудан, қала әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес, өсімдік шаруашылығы бойынша дәнді дақылдар 1,3 есе (1061,1 мың тн.), картоп дақылы 115 пайызға (330,1 мың тн.), көкөніс 103 пайызға (1231 мың тн.), бақша 114 пайызға (1967 мың тн.), малазықтық дақылдар 111 пайызға (5,5 млн. тн.) артығымен жиналған. 11 ай және жыл қорытындысымын мәліметтерді толық статистикалық есепке енгізуді қамтамасыз ету қажет.Ауыл шаруашылығы техникалар паркін 6,5 пайызға жаңалау жоспарланған. Бүгінгі күнге, 1 655 дана техника сатып алынып, жаңалау үлесі 6,5 пайызды құрап, жылдық жоспар орындалған.Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына 130 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе (145,7 %), тамақ өндірісінің негізгі капиталына 22,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,9 есе (186,9 %) артқан.Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында, жыл басында 16 даму көрсеткіштері бекітіліп, ай сайын тұрақты рейтингтік бағалау жұмыстары жүргізілуде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/894241
Астанада Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі жетекшілерінің кеңесі өтті 02.12.2024
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бүгін Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі жетекшілерінің басын қосқан «Диалог және болашаққа арналған жоспарлар» тақырыбындағы кездесуінде сөз сөйледі. Кездесу барысында тау-кен өнеркәсібінің тұрақты дамуының негізгі мәселелері, халықаралық ынтымақтастық перспективалары және Қазақстанның тау-кен саласына шетелдік инвестицияларды тарту мүмкіндіктері талқыланды.АҚШ, ЕО, Ұлыбритания, Франция Төтенше және Өкілетті Елшілері, сондай-ақ Канада және Түркия дипломатиялық миссияларының жоғары лауазымды өкілдері және Қазақстан тау-кен палатасының 30-дан астам жетекші мүше-компаниялары іс-шараға қатысты.Министр соңғы 5 жылда еліміздің геологиялық ұмтылысы миллиард долларды құрайтынын атап өтті. Сондай-ақ, оның пікірінше, Министрлік бұл салаға 200 млн долларға жуық инвестиция салған және бұл көрсеткіш өсім көрсетіп келе жатқанын айтты.«Біз Орталық Азиядағы емес, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті ең тартымды тау-кен секторларының бірін құрайтын боламыз», – деп атап өтті Қанат Шарлапаев.Елге геологиялық барлаудың жаңа әлемдік көшбасшылары келеді, қызметтерде мультипликаторлық әсер байқалады деді өз алғы сөзінде Қазақстанның тау-кен палатасының президенті Руслан Баймишев. Геологиялық барлау жұмыстарының көлемін ұлғайту үшін жаңа отандық мамандандырылған кәсіпорындар құрылуда. Бұрғылау, геофизика және геохимия қызметтері нарығы жаңа құзіреттіліктермен толықтырылуда.Одан бөлек, «Тау-кен өнеркәсібінің даму перспективалары» тақырыбында ашық сессия өткізіліп, Палата мүшелерінің өзекті мәселелері мен ұсыныстары талқыланды.Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Алмас Кушумов кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, Министрліктің цифрландыру, заңнамаға өзгерістер енгізу және электронды аукциондарды өткізу бойынша жұмысына тоқталды. Сондай-ақ, ол Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын жүзеге асыру жоспарларымен бөлісті.Іс-шара инвесторлардың тәуекелдерін азайту, заманауи әлеуметтік-жауапты инвестордың объективті бет-бейнесі бойынша имидждік жұмыс жасау мақсатында проблемалар мен болашаққа арналған жоспарларды талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Палата сондай-ақ өнеркәсіптік саясаттағы бастамалар, Жер қойнауы туралы кодексті түзету бастамалары бойынша жұмыс істеуде Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/894240
ШУ ӨЗЕНІ СУЫН МОЛАЙТУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛЫП, МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР БЕЛГІЛЕНДІ 02.12.2024
Соңғы жылдары Шу өзені суының Созақ ауданы аумағына келіп жайылуы, «Тасөткел» су қоймасынан Шу өзенінің төменгі арнасына экологиялық су тастау жүйесінің бұзылуы аудан тұрғындарын алаңдатқан басты мәселеге айналды.Бұған дейін су үрдісінің кешігіп, аз мөлшерде келуі экологиялық жағдайға теріс әсер ететіні жөнінде тиісті орындарға бірнеше рет хат жолданып келді.Бүгін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі, Су шаруашылығы комитеті және «Шу-Талас» бассейндік инспекциясы аталған мәселені шешу жолдарын қарастыру үшін арнайы жиын өткізді.Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында өткен жиынға министр Нұржан Нұржігітов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев және аудан депутаттары мен ардагерлер, БАҚ өкілдері, сондай-ақ су шаруашылығы саласының мамандары қатысты.Алғашқы жиын Мойынқұм ауданындағы Гуляев шабындық алқабының маңында орналасқан «Радай» аумағында өтті. Мұнда Шу өзені арнасының ауданға келіп жайылуының экологиялық маңыздылығы талқыланып, аудан ардагерлері мен мамандар өз пікірлерін білдірді. «Фурманов» су торабынан Созақ ауданына арнайы қазылған 120 шақырымдық айналма каналының жай-күйі сөз болды. Жағдайын тексеру мақсатында жиын «Фурманов» су торабының басында жалғасты.Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 120 шақырымдық айналма канал бойымен жүріп, оның құрылымын қалпына келтіру үшін қажетті құжаттарды рәсімдеуді тапсырды. Нұрбол Тұрашбеков бұл мәселе облыс әкімінің жеке бақылауында екенін атап өтті. Сонымен қатар, жұмыстардың заң аясында ұйымдастырылып, мерзімінен кешікпей жүзеге асуын қадағалайтынын жеткізді.Шу өзенінен Созақ ауданына бағытталатын судың мөлшерін арттыру мәселесі де кеңінен талқыланды. Шу өзенінің суын аудан аумағына ақпан айының соңына дейін жеткізу келісілді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/893992
САРЫАҒАШТА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА 02.12.2024
Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылдық округі мен Атамекен елді мекенінің тұрғын үйлері көгілдір отынға қосылды. Аталған шараға аудан басшысы Арман Абдуллаев арнайы барып, аудан тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында ауыл тұрғындары аудан басшысына өз ризашылықтарын білдіріп, ақсақалдар баталарын берді.Бұл елді мекендегі тұрғын үйлерге газ құбыры мен орамішілік газ тарту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізіліп,«ҚазТрансГазАймақ» АҚ мекемесіне атқарушы техникалық құжаттары толық жинақталған. Бүгінде мердігер мекеме «Аша-А» ЖШС-і тарапынан 2 тұрғын үй көгілдір отынмен қамтылды. Алдағы уақытта, елді мекеннің қалған тұрғын үйлерін табиғи газға қосу жұмыстары жалғасатын болады.Айта кетсек, ауданға қарасты елді мекендерді ауыз сумен, табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Ауданға қарасты 63 елді мекеннің ішінде 49 елді мекен көгілдір отынмен қамтылған. Қазіргі таңда 4 елді мекенді: Жылға, Шеңгелді, 51 разъезд, Ердәуітті газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 5 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, республикалық бюджетке ұсынылып, тағы 5 елді мекенді табиғи газбен қамту мақсатында Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.Сондай-ақ биылғы жылы ауданға қарасты 4 елді мекен атап айтқанда: Шайхана, Дербісек, Береке, Құрамада ауыз су құбырларына құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Бүгінде Жылға,Жонарық, Құркелес елді мекендерінің ауыз су құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен қаржы қаралып, құрылысы 2024 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар облыстық және республикалық бюджеттерден 8 елді мекенге олар: Ж Достық е/м, Құркелес а/о Алғабас, Ақниет елді мекендері және Жібек жолы а/о Жібек жолы, Қарабау, Сарқырама, Зортөбе, Жаңақұрылысты таза ауыз сумен қамту жұмыстарына қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/893995
ТҮРКІСТАНДА «ARAL – 2024» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ I САММИТІ ӨТТІ 02.12.2024
Түркістанда «ARAL – 2024» жасылдар партияларының халықаралық І саммиті өтті. Самитке Қазақстан, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттеріндегі жасыл партиялардың жетекшілері мен табиғат жанашырлары жиналды. Олар апатқа ұшыраған Арал аумағын оңалту, трансшекаралық өзендердің су қорын тиімді пайдалану, су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану, климаттық өзгерістерге төтеп беру тақырыптарын талқылап, экологиялық мәселелерді бірлесе шешудің жолдарын саралады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Арал теңізін қорғау мақсатында қабылдаған шешімдері мен экологиялық мәдениетті қалыптыруда серпін беретін «Таза Қазақстан» бастамасының маңызын ерекше атап өтті.Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев су қауіпсіздігі Орталық Азиядағы ең өзекті мәселе екенін айтты. Сонымен қатар саммитте Қырғызстан Жасылдар партиясының төрағасы Еркін Бөлекбаев, Ресейдің экологиялық «Жасылдар» партиясының тең төрайымы Александра Кудзагова, Моңғолияның «Азаматтық ерік» Жасыл партиясы төрағасының орынбасары Тогоочийн Бат-Эрдэнэ, Өзбекстан экологиялық партиясының өкілі Комилжон Жураев тұшымды ой-тұжырымдарын жеткізді.Саммит барысында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Моңғолия жасыл партиялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, тараптар табиғатты қорғау шараларын өткізу, халық арасында экологиялық білім мен үгіт-насихатты бірлесіп кеңейту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы тәжірибе мен білім алмасу жөнінде келісімге келді. Сонымен бірге жасыл партиялардың жетекшілері айтулы саммитті тұрақты негізде өткізуге уағдаласты.Халықаралық саммиттің соңы «Байтақ» партиясының құрылғанына 2 жыл толуына орайластырылған салтанатты жиынға жалғасты. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, облыс басшысының жылы лебізін жеткізді. Сонымен қоса құндылығы жоғары халықаралық саммиттің іске асуына ұйытқы болған «Байтақ» жасылдар партиясына алғысын білдірді.– Түркістан облысында Президенттің тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы қарқынды іске асырылуда. Биылғы жылы облыс аумағында жалпы 1 миллион түп ағаш отырғызылды. Түркістан қаласының айналасынан жасыл белдеу құруға 30 мың гектар жер қаралып, қазіргі таңда аумаққа ағаштар отырғызылып жатыр. Осы жұмыстардың бәрі ауқымды. Біздің басты мақсатымыздың бірі – еліміздің, оның ішінде аймағымыздың экологиялық жағдайын жақсарту. Су ресурстарын тиімді пайдалануға, су тапшылығының алдын алу үшін үнемдеу технологияларын дамытуға күш салып жатырмыз. Бүгінгі халықаралық саммит Орта Азияның, Арал теңізінің ғана емес, Түркістан облысының экологиялық ахуалын жақсартуға оң әсер етеді деп сенеміз. Осы бағытта жұмыстарымызды бірлесіп атқаруға дайынбыз, – деген облыс әкімінің орынбасары шет елден келген қонақтарға тұтас Түркі жұртының құты, береке мен бірлігінің символы «Тайқазан» кәдесыйын табыс етті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/893997
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАСТАР АРАСЫНДА РОБОТОТЕХНИКАДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ 02.12.2024
Қазығұртта «Жастар лигасы-2024» атты робототехникадан облыстық турнир өтті. Сайысқа облысқа қарасты аудан, қалалардан келген 15 команда қатысты. Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаилов сайысты ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.– Робототехника – бұл болашаққа апарар маңызды бағыттардың бірі. Қазығұрт ауданы жас буынның технологиялық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Біз мектептерде осы салаға назар аударып, жастардың шығармашылығын дамытуға барлық жағдай жасаймыз, – деді.Турнир нәтижесі бойынша 1-орынды «Қазығұрт» командасы (Қазығұрт ауданы), 2-орынды «Болашақ»командасы (Қазығұрт ауданы), ал 3-орынды «Төлеби Дарын» командасы (Төлеби ауданы) иеленді.Айта кетейік, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен, Қазығұрт ауданы әкімдігінің қолдауымен өткен турнир мақсаты – жастардың ғылым мен техникаға қызығушылығын арттыру, білім сапасын жақсартуға үлес қосу, робот құрастыру, бағдарламалау және техникалық мәселелерді шешу дағдыларын дамыту, шығармашылық ойлауды қалыптастыру, өңірдегі инновациялық бастамаларды қолдау.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/894041
ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОЛИМПИАДАДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ 02.12.2024
Астанада ауыл мектептерінің оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша өткен республикалық олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Олимпиаданың соңғы кезеңіне облысымыздан 41 оқушы қатысып, оның ішінде 23 оқушы жеңімпаз атанды. Түркістан облысының қоржыныны 7 алтын, 4 күміс, 12 қола медальмен толықты. Бұл балалар – өңіріміздің ең шалғай аймақтарынан келген дарынды жастар. Жалпы есепте республикалық олимпиадада Түркістан облысының оқушыларына “Ең үздік олимпиадалық команда - 2024” атағы берілді.Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың тікелей тапсырмасымен ауыл мектептерінің талантты және білімге құштар оқушыларын анықтау мақсатында республикалық олимпиада екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Олимпиаданың бірінші облыстық кезеңіне 900-ге жуық оқушы қатысып, олардың 71-і олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алған. Оның ішінде 41 оқушы жаратылыстану-математикалық бағыт, 30 оқушы гуманитарлық бағыт бойынша республикалық кезеңге өтті. Бұл ауыл оқушыларының интеллектуалдық жарыстарға деген қызығушылығының артқанын, республикалық олимпиаданың мәртебесінің жоғары екенін көрсетеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/894045
ТҮРКІСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КОРЕЯНЫҢ БРЕНД КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ 02.12.2024
Түркістан облысының делегациясы Корея Республикасының Тэджон қаласына ресми сапармен барды. Сапар барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Woosong университетінің төрағасы Ким Джон Хёнмен кездесіп, SolBridge кампусын аралады.Делегация өкілдері Woosong және SolBridge университетеріне экскурсия жасап, сондай-ақ Тэджон қаласындағы жетекші инновациялық және жоғары технологиялық компаниялардың басшылығымен кездесті.Олардың қатарында электр көліктерін әзірлеу және өндірумен айналысатын «Korea Mobility», косметикалық өнімдер өндіретін «CELLHAPPYCO», жасанды интеллект негізіндегі деректерді талдау жүйесін шығаратын «Euclidsoft», білім беру және ғарыш дизайны жүйелерін шығаратын «Nuguna Co.,Ltd» және теміржол көлігі басқару жүйесімен айналысатын «InterCon Systems» сияқты компаниялар болды.Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров аймақтың инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, облыс экономикасын дамыту үшін шетелдік инвестицияларды тартудың маңыздылығын атап өтті. Компания өкілдерімен кездесулер барысында ол шетелдік инвесторлар ұсынатын барлық бастамалар мен жобаларды қолдауға дайын екенін білдіріп, бизнесмендер мен компания жетекшілерін Түркістан облысына өңірдің инвестициялық әлеуетін бағалауға және ықтимал серіктестік бағыттарын талқылауға шақырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/894050
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КОРЕЯ КОМПАНИЯЛАРЫМЕН КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ 02.12.2024
Түркістан облысының делегациясының Корея Республикасына ресми сапары аясында облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Корей теміржол корпорациясының (KORAIL) вице-президентімен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар көлік-коммуникация саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша ынтымақтастықтың келешегі мен мүмкіндіктерін талқылады. Негізгі мәселелердің бірі — Түркістан облысында теміржол және көлік саласы үшін кадрлар даярлауға бағытталған арнайы оқу орталығын ашу.Нұралхан Көшеров мұндай орталықты ашудың көлік инфрақұрылымы мен технологиялары саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар жоғары білікті кадрларды даярлау аймақтың көлік-логистикалық инфрақұрылымын тиімді дамытуға, Түркістан облысының басқа өңірлермен және шет елдермен байланысынты нығайту үшін маңызды екеніне тоқталды.«Korea Railroad Corporation» вице-президенті ынтымақтастыққа дайын екенін білдіріп, Түркістан облысында оқу және білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру үшін Қазақстанның «Қазақстан темір жолы» операторымен бірлескен жұмыстың мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі зерттеуді ұсынды. Ол Корей теміржол корпорациясының тәжірибесінің Қазақстанның теміржол және көлік саласын дамытуда құнды үлес қосуы мүмкін екендігін атап өтті.Бұл жоба Түркістан облысында көлік саласы үшін білікті кадрлар даярлауда маңызды қадам болмақ. Сонымен қатар екі ел арасындағы жоғары технологиялар мен инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық нығая түспек.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/894057
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТҮРКИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗУДЕ 02.12.2024
Түркістан өңіріне инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауымен, «Turkistan Invest» ЖШС ұйымдастыруымен Түркістан қаласы, Ордабасы және Сайрам аудандарынан бір топ кәсіпкерден құралған Түркістан облысының делегациясы Түркия мемлекетіне іссапармен барды.Іссапардың негізгі мақсаты – облысқа инвестиция тарту, екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу.Іссапар Ыстамбул қаласындағы кәсіпорындарды аралаудан басталды.Онда ғимараттар мен жолдарға арналған бояуларды өндіретін кәсіпорынмен жұмыс жүргізу мақсатында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы меморандумға қол қойды.Алғашқы күндері Түркия мемлекетіндегі Ыстамбул, Коджаели қаласының бизнес өкілдерімен арнайы кәсіпорындарда іскерлік кездесулер өтті.Делегация Коджаели қаласында ораласқан кондитер, желатин өнімдерін шығаратын кәсіпорнын және трансформатор құрылғыларын өндіретін фабрикалаларды аралап көрді. Аталған компаниялармен бірлесіп жұмыс істеу мақсатында Ордабасы ауданының әкімімен меморандумға қол қойылды.Мекеме басшылары алдағы уақытта Түркістан қаласына іссапармен келуге ниетті екенін айтты.Одан бөлек, «Түркі мемлекеттер Одағы» бас хатшысының орынбасары Мерей Мукажанның қабылдауында болды.Бүгінде әлемдік деңгейдегі өндіріс орындарын аралап, 2 үлкен тұрмыстық-санитарлық өнімдерді шығаратын зауытпен және кілем фабрикасымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар келесі жылдың наурыз айына Қазақ-Түрік инвестициялық бизнес форумын ұйымдастыру жоспары талқыланды.Делегация Гебзе қаласында жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаруда алдыңғы орындағы зауыттардың жұмысымен танысып, қоймаларында болды. Олардың қатарында жұмысын толық жасанды интеллект арқылы жүйелендірген зауыт жүйесін көрді. Түркияның ең көп қолданыстағы танымал платформасымен танысты.Кездесулердің нәтижесінде нақты келісімдерге қол жеткізілген жобалар келер жылдан бастап іске асырыла бастайды. Ал бұл сапар Түркістан мен Түркия арасындағы экономикалық байланысты жаңа деңгейге көтеріп, өңірдің дамуына серпін беретін бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруға негіз болмақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/894064
ҚР Көлік министрлігі: Қазақстан мен Қытай шетелдік рұқсат бланкілерін электронды форматта алмасуды бастады 02.12.2024
Қытай Халық Республикасымен шетелдік рұқсат бланкісін алмасу бұдан былай электронды форматта жүзеге асады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті хабарлады.Шетелдік рұқсат бланкісі (ШРБ) - тасымалдаушыларға жүкпен шетелге шығуға мүмкіндік беретін арнайы құжат.Биылғы жылдың 26 қарашасынан 27 қарашасына қараған түні сынақ режимінде алғашқы жүк көлік құралдары өткізілді. Сәтті тестілеуден кейін электронды жүйе ресми түрде енгізілді.Осы жылдың басынан бері Қытай тарапымен 190 000 бірлік көлемінде жүктерді тасымалдауға арналған рұқсат бланкілерімен алмасу жүргізілді. Бұл — рекордтық көрсеткіш. Екі елдің жауапты ведомстволары қосымша 40 мың бірлік көлеміндегі шетелдік рұқсат бланкілерін алмасу бойынша келіссөздер жүргізді. Оның 30 мыңы электронды форматтағы жаңа жүйені қолдану арқылы жүзеге асса, ал қалған қосымша 10 мың дана қағаз жүзінде болды. Шетелдік рұқсат бланкісін алмасу 29 қарашада жүзеге асты.Естеріңізге сала кетейік, соңғы екі жылда ҚХР-мен шетелдік рұқсат құжаттарымен алмасу 50 мыңнан 230 мыңға дейін өсті.Жалпы, қазақстандық тасымалдаушылардың халықаралық автотасымалдарға қатысу көрсеткіші 31% - дан (2021) 52% - ға (2023) дейін өсті. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің 42 елімен шетелдік рұқсат бланкілерін алмасуды жүзеге асырады. Биылғы көрсеткіш — 364 705 дана шетелдік рұқсат бланкісі. Бұл да рекордтық көрсеткіш.Электронды форматтағы бланкілерді енгізудің негізі Мемлекет басшысының 2023 жылғы мамыр айында Сиань қаласына жұмыс сапары аясында қол қойылған құжаттан бастау алады. Ал электронды форматқа көшудің нақты уақыты биылғы қыркүйекте орын алған Премьер-министрдің Шанхайға іс-сапары аясында қытайлық әріптесімен кездесу барысында бекітілді.Электронды бланкілерді енгізу жүк тасымалдау процесін барынша жеңілдетіп, адами фактор мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/893771
Қарағанды Назарбаев зияткерлік мектебі ашық есік күніне шақырады 02.12.2024
Ниет білдірушілер Қарағанды НЗМ сабақтарына қатысып, оқытушылармен сөйлесе алады. Ашық есік күніне алтыншы сынып оқушылары мен олардың ата-аналары шақырылады. Шара 7 желтоқсанда сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін Кеншілер даңғылы, 62 мекен-жайы бойынша өтеді.Қонақтар үшін экскурсия ұйымдастырылады. Олар химия-биологиялық бағыттағы білім алудың ерекшеліктері туралы айтып, барлық сұрақтарға жауап береді.Анықтама телефоны: (8-7212) 50-78-55.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/893761
Қанат Шарлапаев Қызылорда облысындағы өнеркәсіп кәсіпорындары мен құрылыс нысандарын аралады 30.11.2024
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өнеркәсіптік сегменттегі кәсіпорындар мен құрылыс нысандарын аралады.Қанат Шарлапаев «Өндіріс» ИА аумағындағы «Orda Glass LTD» ЖШС шыны зауытында болды. Зауыт 2022 жылдың қазан айында пайдалануға берілді. Кәсіпорын аумағы 50 га жерді алып жатыр. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 197,1 мың тонна табақ шыны шығарады. Іске қосылғаннан бері 28,7 млн м2 өндірілді.«Orda Glass LTD» Қазақстандағы жалғыз табақшыны өндірушісі екенін айта кету керек. Бұл өнім шыны массасын балқыту және илемдеу арқылы жасалған жалпақ шыны. Құрылыс, автомобиль, жиһаз және басқа салаларда кеңінен қолданылады.Келесі кезекте Министр «Өркен-Әлем» ЖШС-де болды. Кәсіпорын жеке броньды қорғаудың жаңа технологияларын әзірлеу, өндіру және енгізумен айналысады. Өндірістік қуаттылығы жылына 120 мың дана өнім құрайды.«Өркен-Әлем» қорғаныш және жарықшаққа қарсы көзілдіріктерді, противогаздарды, шлемдерді, бронды кеудеше, қорғаныс костюмдері, қалқандар, рюкзактар, гидрокостюмдар, экзоскелеттер, арнайы таяқшалар және т.б. шығарады. Бүгінгі таңда кәсіпорын өнімнің жаңа түрлерін – азаматтық противогаздар (противогаздар) және парашюттер шығаруды бастады.Бұдан кейін Қанат Шарлапаев 7 қабатты 84 пәтерлі алты тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. Жұмыстарды мердігерлер «Аман Құрылыс» ЖШС, «Орион ЛТД» ЖШС, «Риголит» ЖШС, «Простройсервис Е» ЖШС, «Абу-Сер» ЖШС жүргізуде. Барлығы 504 пәтердің тұсауы кесілмек, жобаның құны 9,9 млрд теңгені құрайды.Одан бөлек, Министр Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы «Руханият» орталығының құрылыс алаңында болды. Жұмысты мердігер «Аман-Құрылыс» ЖШС жүргізуде. Құрылыс аяқталуға жақын. Орталықта тарихи мұражай орналасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/893683
Жаңа үй – жаңа өмір: Қосшы қаласында 67 отбасы пәтер кілттерін алды 30.11.2024
Бүгін Қосшы қаласында 67 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Көптен күткен жайлы пәтерлерді қала әкімдігі әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін сатып алған.Салтанатты іс-шара барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қоныс иелеріне пәтер кілттерін табыстап, оларды маңызды оқиғамен құттықтады.«Бүгін жас, әрі гүлденіп келе жатқан Қосшы қаласында 67 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды. Өз баспанасына қол жеткізу – әрбір адам мен отбасы үшін үлкен мереке. Бұл қуаныш тек осы отбасылар үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін маңызды оқиға», – деп атап өтті облыс әкімі.Жаңа пәтер иелерінің арасында алты баланың анасы Жансұлу Әсет те бар.«Мемлекетімізге, еліміздің Президентіне шексіз алғысымызды білдіреміз. Әрбір жан өз армандаған пәтеріне қол жеткізсін деп тілеймін. Бүгін қоныс тойын тойлап жатқан барша жерлестерімді шын жүректен құттықтаймын», – деді ол қуанышын бөлісіп.Айта кетейік, жақында ғана облыс орталығында 48 отбасыға жаңа пәтер кілттері табысталған болатын.Жыл соңына дейін Қосшы қаласында 100-ден астам пәтер сатып алу жоспарланған. Бұл тұрғын үйлер көпбалалы отбасылардың, жетім балалардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың және басқа да мұқтаж азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталады.Сонымен қатар соңғы жылдары өңірде тұрғын үй құрылысына 200 млрд теңгеден астам инвестиция салынып, 2 млн шаршы метрге жуық баспана пайдалануға берілді. Нәтижесінде, шамамен 12 мың ақмолалық отбасының баспана мәселесі шешімін тапты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/893677
Қосшы қаласындағы «Сиреневый сад» тұрғын үй кешенінде үлестік құрылыс мәселесі шешілуде 30.11.2024
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласына жұмыс сапары барысында үлестік құрылыс нысандарының бірі саналатын «Сиреневый сад» тұрғын үй кешенінің құрылыс барысымен танысты.Бұған дейін облыс әкімдігі мен «Ғаламат» құрылыс компаниясының арасында ұзаққа созылған құрылыс нысандарын аяқтау бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалған болатын. Компанияның атқарушы директоры Алмас Ғалимарданов «Сиреневый сад» және «Diamond Park» кешендерінің құрылысын аяқтау жоспарын ұсынды.Қазіргі уақытта құрылыс алаңында тоғыз қабатты үйдің тірек құрылымдарын тұрғызу, сыртқы қабырғалар мен арақабырғаларды кірпішпен қалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар бес қабатты үйдің іргетасын дайындау, сынақтық қада қағу сияқты жұмыстар атқарылып жатыр. Құрылыс алаңында шамамен 80 жұмысшы мен 20-дан астам техника жұмылдырылған.Марат Ахметжанов құрылыс қарқынын жеделдету қажеттігін атап өтіп, инвесторларға туындаған мәселелерді шешуде жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ, қала басшылығы мен тиісті мемлекеттік органдарға күнделікті жұмыс барысы туралы есеп беруді тапсырды.«Ұзаққа созылған құрылыс нысандарын аяқтау – өңір үшін маңызды міндет. Азаматтарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етіп, үлестік құрылысқа деген сенімді қайта қалпына келтіруіміз қажет. Басқа проблемалық тұрғын үй кешендерінің мәселелері кезең-кезеңімен шешілетін болады», – деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/893678
Қосшы қаласында көпсалалы аурухананың құрылысы басталды 30.11.2024
Қосшы қаласында Астана мен жақын аудандардың тұрғындары үшін ірі медициналық нысан болып табылатын жаңа көпсалалы аурухананың құрылысы жүргізілуде. Жобаны «Viamedis» ЖШС жүзеге асыруда, ал мердігер ретінде «ӘлемЭнергоСервис» ЖШС қызмет атқаруда.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов көпфункционалды аймақтық аурухананың құрылыс барысымен танысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қосшы қаласының инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.Бүгінгі күні емхананың ғимаратын салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылысты аяқтау 2026 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған.Еске сала кетейік, биыл маусым айында Ақмола облысы әкімдігі мен «Viamedis» компаниясы арасында емханасы бар көпсалалы аурухананың құрылысы туралы меморандумға қол қойылды.Жобаның жалпы көлемі 28 миллиард теңгеден астам жеке инвестицияны құрайды, оның 14,4 миллиарды құрылыс жұмыстарына, ал 9 миллиарды заманауи медициналық жабдықпен қамтамасыз етуге жұмсалады.Аурухана 300 орынға арналған, оның ішінде ауысымына 1000 адам қабылдайтын емхана, сондай-ақ хирургия, травматология, кардиохирургия, нейрохирургия, онкология және химиотерапия бөлімшелері қарастырылған. Сонымен қатар медициналық орталықта операциялық және перзентхана бөлімдері, сондай-ақ позитронды-эмиссиялық томографы бар заманауи диагностикалық база жұмыс істейді.Жаңа медициналық орталық Қосшы қаласының, сондай-ақ Целиноград, Ерейментау, Аршалы, Астрахан, Егіндікөл, Шортанды және Қорғалжын аудандарының тұрғындары үшін денсаулық сақтау жүйесінің маңызды буынына айналады.Аурухана кешені емхана, стационар, әкімшілік корпус және басқа аймақтардан келген науқастарға арналған пансионатты қамтиды. Сонымен қатар медициналық қызметкерлерді тарту үшін Қосшы қаласында аурухана қызметкерлеріне арналған тұрғын үйлер салу жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/893679
Қанат Шарлапаев «Orda Glass LTD» кәсіпорнына барды 30.11.2024
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында «Өндіріс» ИА аумағындағы «Orda Glass LTD» ЖШС шыны зауытында болды.Кәсіпорынның бас директоры Хан Ли Джун мырзамен кездесу барысында Министр қазіргі таңда отандық өндірушілерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау шаралары туралы жеткізді.Зауыт 2022 жылдың қазан айында пайдалануға берілді. Кәсіпорын аумағы 50 га жерді алып жатыр. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 197,1 мың тонна табақша шыны шығарады. Іске қосылғаннан бері 28,7 млн м2 өндірілді.«Orda Glass LTD» Қазақстандағы жалғыз энергия үнемдейтін табақша шыны өндірушісі екенін айта кету керек. Бұл өнім шыны массасын балқыту және илемдеу арқылы жасалған жалпақ шыны. Құрылыс, автомобиль, жиһаз және басқа салаларда кеңінен қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/893672
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізді 30.11.2024
Бүгін, 30 қарашада ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жұмыс сапары аясында Қызылорда қаласына келді.Алдымен Қанат Шарлапаев «Достық үйі» ғимаратында халықпен кездесу өткізді.«Биыл өңірдегі өңдеу өнеркәсібі 23%-ға өсім көрсетті, салада 13 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Сонымен қатар, биылғы жылдың он айында 700 мыңға жуық ш. м. тұрғын үй пайдалануға берілді, сумен қамту және суды бұрудың 2 млрд теңгеге 5 жобасы, жылумен қамтудың 6 жобасына республикалық бюджеттен 6 млрд теңге қарастырылған. Біздер мұнымен тоқтап қалмай, әкімдікпен бірге облысты дамыту бойынша жұмысты жалғастыратын боламыз», – деді Министр.Жиын барысында азаматтар облыста 2 шағын индустриялық аймақтың құрылысы мен көлік өндірісіне қатысты мәселелерді қозғады. Сондай-ақ, кәріздік тазарту құрылыстарын орнату,халықтың осал санаттарын тұрғын үймен және өңір тұрғындарын ыстық сумен қамтамасыз етубойынша сұрақтар қойылды.Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі сұраққа Қанат Шарлапаев 2023-2024 жылда әлеуметтік осал топтарға арналған 4 мыңға жуық пәтер салынғанын айтып жауап беріп, Министрлік келесі жылда тағы қаражат көздерін іздейтін болатынын қосты.Одан бөлек, жаңа өндіріс орындарын іске қосу арқылы өндірісті дамыту тақырыбы қозғалды.Қатысушылар тарапынан бұрын айтылған сұрақтар бойынша ұсыныстар айтылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/893645
ТҮРКІСТАНДА «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ 29.11.2024
Түркістан облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің шыға бастағанына биыл 100 жыл толып отыр. Осыған орай облыс орталығындағы «Жібек жолы» саябағында «Оңтүстік Қазақстан» газетінің аллеясы ашылды. Оған өңірдің зиялы қауым өкілдері мен газет редакциясының ұжымы қатысып, 100 жылдық мерейтойға орай 100 түп көшет отырғызды.– Газет те адам сияқты. Алғашқы тәй-тәй басқан қадамына ел қуанады. Аяғына тік тұрған уақытта жан-жағына байыппен қарап, елдік мұрат жолында қызмет ете бастайды. Сол сияқты «Оңтүстік Қазақстан» газеті де қаншама жылдар бойы ауыр да қиын күндерді басынан өткерді. Газет шығаруға қаржы табылмай қалған кездердің өзінде оқырманынан ажыраған жоқ. Енді 100-ге келген шағында ұлттың рухани шежіресіне айналды десек артық айтқандығымыз емес. Бүгін «Оңтүстік Қазақстан» газеті аллеясның ашылғанына куә болып отырмыз. Бүгінгі егілген көшеттер жайқалып өсіп, елге сая болатын үлкен саябаққа айналсын деген тілектер айтылып жатыр. Жүзге келген абыз басылым үшін осыдан артық тілектің қажеті де жоқ, – дейді газеттің директор-бас редакторы Абай Балажан.Аллеяның ашылуына еліміздің әр түкпірінен келген облыстық газеттің редакторлары атсалысты. Атап айтсақ, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстық газеттердің редакторлары түркістандық әріптестерімен бірігіп көшет отырғызды.Айта кетейік, мазмұнды іс-шаралар легі ертең «Фараб» ғылыми әмбебап кітапханасында жалғасады. Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай салтанатты жиын өтеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/893537
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЕЛАРУСИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ЖҮРЕГІНДЕ АҚАУЫ БАР БАЛАЛАРҒА ОТА ЖАСАП ЖАТЫР 29.11.2024
Беларусиядан келген білікті дәрігерлер Түркістан облыстық балалар ауруханасы базасында жүрегінде ақауы бар балаларға күрделі оталар жасап жатыр.25 қараша күні басталған шетелдік мамандардың қатысуымен шеберлік сабағы 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Бүгінге дейін беларустық дәрігерлердің қатысуымен үш балаға тың әдіспен операция жасалды.Тәжірибе алмасу жұмыстары Беларусияның Минск қаласындағы Республикалық балалар хирургиясы ғылыми-практикалық орталығының дәрігерлері, соның ішінде Еуропалық кардиоторакалдық хиругтар қоғамының мүшесі Ю.В.Линник, дәрігер анестезиолог-реаниматологтар О.А.Кожемякинаның және А.А.Цильконың және облыстық балалар ауруханасының дәрігерлерімен бірігіп жүргізілуде.Күрделі оталардан бөлек облыстық балалар ауруханасының кардиохирургия бөлімшесінде білікті мамандар жүрегі ауыратын балаларға кеңес беріп, диагностикалық тексерулер жүргізді.Айта кетейік, шеберлік сабақтары «Жұлдызай және К» қоғамдық қорымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық шеңбері аясында жүзеге асуда. Мұндағы басты мақсат – өңірдің дәрігерлеріне инновациялық технологияларды игеруде шетелден келген білікті маман арқылы ғылыми-тәжірибелік көмек көрсету.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/893540