Бизнес
Қарағанды көктемгі тасқынға алдын ала дайындалып жатыр 28.11.2024
Жаз айларында Қарағандыда 17 км жаңбыр суы жүйесі тазартылды. Соңғы уақытта қоқыстан 30 км құтқарылды. Желтоқсан айының соңына дейін 529 метр жаңбыр суы коллекторлары орнату жоспарланып отыр. Қала әкімі Мейрам Кожухов көктемгі тасқынға дайындық туралы Instagram парақшасында жазды.«Шахтерлар даңғылының тағы бір проблемалық учаскесінде – № 36/2 үйдің маңындағы бақылау камерасынан – еріген судың бір бөлігін ағызып шығару үшін қосымша құбыр орнатудамыз. Қазіргі таңда еріген су осы бақылау камерасына 1200 мм диаметрі бар екі құбыр арқылы түсіп келсе, оны ағызатын бір ғана құбыр болды. Енді біз осы олқылықты түзетіп жатырмыз – камерадан құбыр жүргізіп, оны әрі қарай Сарыарқа көшесіндегі Жартас каналына қосамыз (канал жолдың астымен өтеді, құбырының диаметрі жеткілікті үлкен)», – деп жазды қала әкімі өзінің блогында.Сондай-ақ, ол Тәттімбет көшесінің арғы бетінде орналасқан далада су бұру арығын салу жұмыстары туралы айтып өтті. Көктемде сол жерден үлкен су ағысы келеді. Осының салдарынан жақын маңдағы ғимараттар су астында қалмауы үшін қалалық қызметтер арық қазып жатыр, ол арық «Тауңыл» ықшам ауданынан өтіп, Жартас каналына қосылады.Қаланың оңтүстік-шығысында Университет көшесінде 78/15, 78/11, 78/19 үйлерінің маңында 263 метр қосымша жаңбыр суы жүйесі салынып жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/892038
Отбасылық жанжалдан криминалға дейін: Қарағандыда қауіпсіздік шаралары күшейтілуде 28.11.2024
Қарағандыда екі жыл қатарынан облыс әкімдігінің қолдауымен полиция департаменті құрған отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығы жұмыс істеп келеді. Оның ерекшелігі – кешенді тәсіл: тұрмыста зардап шеккендерге олар бір жерден құқықтық, әлеуметтік және психологиялық көмек қызметтерін біріктірді. Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев бұл тәжірибені басқа қалаларда да қолдануды тапсырды.Облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшелері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске қатысты көзқарастарымен бөлісті.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік заңмен күшейтілген. Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайырбек Шәкенов отбасылық жанжалқойларды жиі әкімшілік қамауға алынатынын айтты.Ол күнделікті өмірдегі әрбір екінші зорлық-зомбылық мас күйінде жасалатынын атап өтті. Көбінесе ерлі-зайыптылардың екеуі де алкогольді асыра пайдаланады.– Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетіледі. Агрессорға қатысты әкімшілік немесе қылмыстық жаза қолданылады. Бірақ мінез-құлықты психологиялық тұрғыда түзету саласындағы мамандар да жанжалқойлармен жұмыс істеуі керек, өйткені жанжалдар мен зорлық-зомбылық солардан туындайды, – деп атап өтті Қайырбек Шәкенов.Мемлекеттік және уәкілетті органдар арасында уақтылы ақпарат алмасуға қатысты да проблема бар. Облыс әкімі бұл мәселені шешуді тапсырды.– Өткен жылы Отбасыларды қорғау және көмек көрсету жөніндегі бірыңғай орталық ашылды. Бұл оң нәтиже берді. Теміртауда, Балқашта және басқа да қалаларда осындай орталықтар құру қажет. Шығындар аз, ал пайдасы зор, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Сондай-ақ, комиссия отырысында ойын-сауық орындарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету талқыланды. Әдетте қылмыстық әрекеттер түнгі сағат 4–5-ке дейін жұмыс істейтін дәмханалар мен барларда жиі орын алады.Биыл полиция бөлімдеріне олардың аумағында түрлі құқық бұзушылықтар бойынша 2,5 мың хабарлама келіп түсті. Кейбіреулер бойынша қылмыстық істер қозғалды және әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданды. Тәртіп бұзу себептерінің бірі кәсіпкерлердің мекеме күзетшілерінің жұмысына немқұрайлы қарауында деп аталды. Мамандандырылған күзеті бар жерде қылмыстар аз болатыны атап өтілді. Бірақ ол жерлерде көбінесе жанжалдарды шешуде дағдылары мен тәжірибесі жоқ адамдар жұмыс істейді. Сонымен қатар, күзетшілердің өздері де даулы жағдайлар туындататыны айтылды. Жиналыста ойын-сауық мекемелерінің қауіпсіздік рейтингін ашық түрде жариялау ұсынылды.ІІМ ойын-сауық орындарының жұмысын түнгі сағат екіге дейін, ал олардағы алкогольдік ішімдіктерді сатуды сағат 23:00-ге дейін шектеу туралы заңнамаға түзетулер әзірледі. Бұл жоба Мәжіліс депутаттарының қарауында.ВАК отырысында талқыланған тағы бір мәселе – коммуналдық-тұрмыстық көмірді сатудағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл. Жағдай туралы Экономикалық тергеу департаментінің тергеушісі Қонысбек Ахметов баяндады.– Жергілікті атқарушы органдар мен ірі көмір операторларымен орнатылған өзара іс-қимылдың арқасында біз ағымдағы жылыту маусымына кіруді қиындықсыз және артық дүрбелеңсіз өткіздік. Біздің ұсыныстарымыз негізінде бірқатар практикалық шешімдер қабылданды, оның ішінде теміржол вагондарының өткізу қабілеті арттырылды, тупиктердің тәулік бойы жұмыс істеу тәртібі енгізілді, қосымша салмақ өлшеу пунктері ашылды. Қажетті іс-шаралардың жол картасы әзірленіп, бекітілді, тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, – деп атап өтті ол.Облыс әкімі алыпсатарлықты болдырмау үшін көмір бағасын қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар, отынның сапасын бақылауды талап етті, өйткені тұтынушылар сапасыз көмірден келетін жылу әлсіз деп шағымдануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/892043
Олжас Сапарбеков Жетісу өңірінің тұрғындарымен кездесу өткізді 28.11.2024
Бүгін, 28 қарашада ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Жетісу өңірінің тұрғындарымен кездесу өткізді.Алғы сөзінде вице-министр өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму саласын жетекшілік ететінін атап өтіп, сонымен қатар жетекшілік ететін салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, отандық тауар өндірушілерді қолдау және Отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімін құрылғаны туралы айтты.Кездесу Талдықорған қ. «Тіл сарайы» ғимаратында өтті. Қатысушылар отандық тауар өндірушілердің тендерлерге қатысуы, химия өнеркәсібін лицензиялау, энергия тарифтерін көтеру, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және т.б. қатысты сұрақтар қойды.Одан бөлек, «Шығыс қақпасы» АЭА мен «Қорғас» ШЫХО дамыту тақырыбы қозғалды.Олжас Сапарбеков қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, бизнес өкілдері айтқан мәселелер мен ұсыныстарды шешу үшін күш біріктіру ұсынды.Жұмыс сапары аясында вице-министр сондай-ақ кәсіпорындардың қызметімен танысу мақсатында «Қайнар АКБ» ЖШС және «ASMA INDUSTRIAL» ЖК кәсіпорындарында болды. Дмитрий Ерофеев автор фото. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/892591
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АӘК АЛУШЫЛАР САНЫ 2 ЕСЕ АЗАЙДЫ 28.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндады.– Республикадағы көпбалалы отбасылардың ауқымды бөлігі біздің облысымызға тиесілі. Еңбекке қабілетті жастардың үлесі мол. Сондықтан, біз жұмыс орындарын ашу мәселесін назарда ұстап отырмыз. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар, өндіріс орындарын ашу арқылы тұрғындар еңбекке тартылуда. Жүйелі атқарған жұмыстың арқасында соңғы екі жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын 2 есеге дейін, яғни, 92,4 мың адамға немесе 53%-ға төмендетуге қол жеткіздік. 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 198 мың адам болса, бүгінде 92,4 мың адамды құрап отыр. Жұмыс орындарын ашу – біздің негізгі бағытымыз, – деді Дархан Сатыбалды.Түркістан облысында биыл «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 118 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланып, қазіргі таңда 104 635 жұмыс орны құрылған.Жуырда Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич Түркістанға келіп, шетелге жұмыс күштерін дайындайтын арнайы орталықтың ашылуына қатысты. Бұл орталықта Ұлыбритания және Оңтүстік Кореяда жұмыс істегісі келетін азаматтарды оқытып, дайындайды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/892470
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛЕТІН ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕР САНЫ АРТТЫ 28.11.2024
Түркістан облысының туристік әлеуеті жыл сайын көтеріліп келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды айтты.Өңірде туризм саласының 3 негізгі бағыты айқындалған: тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмі. Жыл басынан бері облысқа 400 мыңнан астам турист келді. Табиғи аумақтарға келушілер саны 124 мың адам болса, шипажайға келушілер саны – 135 мың адам, қонақ үйге қонушылар саны – 210 мың адам. Сонымен қатар тарихи орындарға 810 мың адам саяхаттаған. Е-qonaq жүйесіндегі дерекке сәйкес биылғы 10 айда аймаққа 19 мың шетелдік турист келген.Туризм саласына жыл басынан бері 63 млрд.теңге инвестиция бағытталды. Туристерге қосымша өнімдер және жаңа туристік бағдарламаларды ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынды. Түркістан қаласында 2,5 гектар аумақта «Қолөнер қалашығы» және 99 гектар жерге атшабар салынуда.Жыл сайын елді мекендегі емдік-сауықтыру ұйымдарының саны өсуде. 2023-2025 жылдар аралығында жоба құны 7,5 млрд. теңгені құрайтын 6 емдік-сауықтыру ұйымының құрылысы жүргізілуде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/892483
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЗ СУ, ГАЗ, ЖОЛМЕН ҚАМТЫЛҒАН АУЫЛДАР САНЫ АРТТЫ 28.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.– Ауыл халқын қажетті инфрақұрылыммен қамту басты міндеттің бірі. Осы бағытта ауқымды жұмыс жүруде, – деді Дархан Сатыбалды.Облыста жалпы 2,1 млн тұрғын (2 млн. 97 мың адам) немесе халықтың 97,9%-ы ауыз сумен қамтылған (737 елді мекен). Биыл қосымша 30 елді мекен жаңадан ауыз су құбырына қосылып, 13 елді мекеннің тозған су жүйелері жаңартылады. Нәтижесінде халықты ауыз сумен қамту деңгейі 98,6%-ға жетеді. Екі жылда 187 мың тұрғын ( 91 елді мекен) табиғи газға қосылды. Нәтижесінде, газбен қамтылған халықтың жалпы саны 1 млн 820 мыңға немесе 84,9%-ға жетеді (557 елді мекен).Биыл 1161 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 560 шақырым пайдалануға беріліп, жолдардың нормативті үлесі 94%-ға жеткізіледі.Құрылғанына 90 жыл болған (1934 жылы) Кентаудағы жылу орталығы 85 пайызға тозған. Осыған орай, орталықты қайта жанғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 6 қазандыққа қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, бүгінгі таңда 4 қазандыққа қайта құру жұмыстары толық аяқталып, штаттық режимде жұмыс істеуде. 2 қазандықта қайта құру жұмыстарын аяқтауды жоспарлануда. Бұдан бөлек, 2 қазандық ағымдағы жөндеуден өтті. 6,6 шақырым магистралды жылу құбыры қайта жаңартылды. Қазіргі уақытта жылу желілеріндегі температура белгіленген нормативтен де жоғары берілуде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/892498
Астанада ХХ халықаралық «KAZTRAFFIC – 2024» көрмесі ашылды 28.11.2024
Бүгін Астанада «ҚазжолҒЗИ» АҚ-ның 65 жылдығына арналған ХХ халықаралық «KAZTRAFFIC-2024» көрмесі басталды. Іс-шараға әлемнің 20 мемлекетінен келген 110-нан астам жол саласы кәсіпорындарының өкілдері қатысып жатыр. Шара аясында заманауи жол-құрылыс техникасы мен жол құрылысына арналған жаңа материалдар ұсынылды.Шараны Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев ашты. Ол сөзінде жол саласында рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізу маңызды екенін атап өтті:«2024 жылы рекордтық 12 мың шақырым жол құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Қолға алынған жұмыстың 8 мың шақырымы республикалық жолдарға тиесілі болса, қалған 4 мың шақырымы жергілікті жолдарға тиесілі. Биыл халық игілігіне маңызды бірқатар инфрақұрылымдық жоба берілді. Олардың қатарына Шақпақ баба асуы арқылы өтетін алғашқы тоннель, Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір және Шамалған стансасындағы айналма жол жатады. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 2 мың шақырымға жуық «Қарағанды–Алматы», «Талдықорған–Өскемен», «Ақтөбе-Қандыағаш» және «Атырау–Астрахань» сияқты төрт ірі автожол жобасы аяқталуға жақын».Келесі жылдан бастап төрт жолақты «Қарағанды - Жезқазған» және «Сарыағаш қаласының айналма жолы» жобаларын бастау көзделген. Биыл «Қызылорда - Жезқазған», «Ақтөбе - Ұлғайсын» автожолын қайта жаңарту жұмыстары басталды. Айта кетейік, сөз етілген жобалардың барлығы 4 жолақты болмақ.2029 жылға дейін жалпы ұзындығы 4 мың шақырымнан асатын жаңа 12 автожол жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Бұл елдің транзиттік әлеуетін нығайтатыны сөзсіз.«KAZTRAFFIC-2024» көрмесі екі күнге созылады. Көрме аясында «Болашақ жолдар» Орталық Азия Халықаралық конференциясы жұмысын бастайды. Онда өңірдің жол инфрақұрылымын дамыту перспективалары талқыланбақ. Сондай-ақ аталған іс-шара шеңберінде жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру мақсатында озық технологияларды пайдалануға арналған «Инновациялардың қозғаушы күші: Заманауи жол инфрақұрылымындағы зияткерлік көлік жүйелерінің әлеуеті» тақырыбында PIARC халықаралық семинары өтеді.«KAZTRAFFIC-2024» көрмесі тәжірибе алмасумен қатар инновациялық шешімдерді көрсету үшін, сондай-ақ жол саласын одан әрі дамыту стратегияларын әзірлеу үшін маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/892226
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ 28.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті.– Түркістан облысы республикада мақта өсіретін жалғыз аймақ. Биыл 106 мың гектарға мақта егілді. Дегенмен, дәстүрлі әдісті қолданғандықтан оның өнімділігі де төмен болып отыр. Енді заманауи суды үнемдеу технологияларын қолдана отырып, мақтаның элиталық сорттарын өсіруді және шикізатты терең өңдеуді қамтитын мақта-тоқыма кластерін құру қолға алынды. Яғни, мақта өсіруден бастап жіп, мата және киім сияқты дайын тоқыма өнімдерін өндіруге дейін қамтылады. Түркістан қаласында мақтаны терең өңдейтін ірі зауыттың құрылысы басталды. Жоба құны - 147 млрд. теңге. Зауытта 4 000-нан астам жұмыс орны ашылады, – деді Дархан Сатыбалды.Жалпы өңірде мақта кластерінде 9 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Толық іске қосылғанда 40 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, 50 мың тоннаға жуық дайын өнім өндіріледі. Бюджетке миллиардтаған салық түседі. Мақта өнімділігі 3 есеге дейін артып, өнімділік көрсеткіші гектарына 70 центнерге жетеді деп межеленіп отыр. Аймақта мақта егуде су үнемдеу технологиялары қолданылуда.Мақталы аймақтарда егістікті әртараптандыру бағытында да жұмыс басталған. Аймақта жүгеріні терең өңдейтін «Крахмал-сірне» зауыты салынуда. Жоба құны – 36 млрд.теңге. Жоба толық іске қосылғанда жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеуге мүмкіндік береді. 550 жаңа жұмыс орны ашылып, жүгеріден 26 түрлі өнім шығарылады деп күтіліп отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/892045
ЕТ ЭКСПОРТЫНАН БІРІНШІ ОРЫНДА ТҰРҒАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН АУСТРАЛИЯЛЫҚ ТӘСІЛМЕН ДАМЫТПАҚ 28.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті.– Түркістан облысы ет экспорты бойынша елімізде көшбасшы саналады. Экспорттағы ірі қара мал етінің 80%-ы, яғни, 6,9 мың тоннасы, қой етінің 75%-ы өңірімізге тиесілі. 4,7 мың тонна қой еті экспортталды. Аустралия елінің тәжірибесін қолданып, ет кластерін дамытуды жоспарлап отырмыз. Заманауи мал биржасы, бордақылау кешені, ет өнімдерін терең және қайта өңдеу бағытында 5 жобаны іске асыру көзделуде. Бұл бағытта 55 млрд. теңге көлемінде инвестиция салынып, 600 жұмыс орны құрылды. 35 мың тонна өнім шығарылады, – деді Дархан Сатыбалды.Аймақта сүт өндірісін ұлғайту, өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын арттыру бойынша 2 ірі тауарлы сүт фермасы жобасы жүзеге асырылды (12,6 мың сүт ). Жобалардың құны – 7,8 млрд. теңге.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/892049
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 28.11.2024
Түркістан облысында құрылыс жұмыстарының көлемі биыл 343 млрд. теңгеге жетіп, өсім 131 пайызды құрады. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, аудан, қалаларда арендалық және ипотекалық баспаналар салынуда. Нәтижесінде кезекте тұрған 5 мыңнан аса отбасының баспана мәселесі шешілмек. Сонымен бірге әлеуметтік нысандар жұмысы қарқынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндады.– Облыста демографиялық өсім жоғары. Қосымша 35 мың оқушы орынға тапшылық бар. Аталған мәселені шешу мақсатында биыл 50 мектептің құрылысы жүргізілуде, – деді Дархан Сатыбалды.Мектептердің 29-ы «Жайлы мектеп» жобасы аясында соғылуда. Нәтижесінде мектептегі орын тапшылығы мен 4 апатты, 3 үш ауысымды мектептер мәселесі шешілмек. Биыл алғашқы рет көптен бері жөндеу көрмеген 300-ден астам мектептерге жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 193 мектеп ағымдағы жөндеуден өтсе, 107 мектептің жылыту жүйесі газға ауыстырылды. 16 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Бұл мақсатқа бюджетті үнемдей отырып, 12 млрд. теңгеден астам қаражатты бағытталған. 330 мектеп жоғары жылдамдықты «Starlink» спутниктік интернет технологиясымен қамтылды.Өңірімізде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 49 нысан соғылуда. Бұдан бөлек 4 ауруханаға күрделі жөндеуден өтуде. Сонымен бірге мәдениет, спорт және өзге де әлеуметтік нысандар салынуда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/892054
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІПТІК ПАРК» АУМАҒЫНДА 8 ЗАУЫТ ПЕН КӘСІПОРЫН АШЫЛДЫ 28.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістандағы көшпелі баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.Түркістан облысында алғаш рет «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы жүзеге асырылуда.– Әлемдегі экономикасы дамыған алпауыт мемлекеттердің тарихына қарасаңыз, өркениетке жету жолы өндірістен басталған. Егер біз де салаға серпін беретін заманауи кәсіпорындарды құра алсақ, экономикалық тәуелсіздікті де бекіте түсеміз. Ең бастысы сол зауыт пен фабрикада еңбек ететін елдің санасы өзгеріп, еңсесі тіктеліп, отандық тауар айналымының үлесі артады. Сондықтан біз облыста алғаш рет 100 гектар аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасын ашқанымызды ерекше атап өткім келеді. Жоба аясында 308 млрд. теңге инвестиция тартылып, 151 өндірістік ғимарат салынады. 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Бюджетке жылына 2 млрд. теңге салық түседі. Қазір 10 нысан салынып, 8 кәсіпорын ашылып, 712 жұмыс орны құрылып үлгерді, – деді Дархан Сатыбалды.Аталған аумақта жаңбырлатып суғару қондырғыларын шығаратын кәсіпорындар ашылды. Жиһаз, мұздатқыш және құрылыс заттарын шығаратын зауыттар қолданысқа берілді. Бұрын тек шетелден әкелінетін су үнемдеу технологиялары бүгінде Түркістанда шығарылуда. Өндірістік паркте ашылған компаниялардың су үнемдеу технологиялары еліміздің өзге өңірлеріне де сатылып жатыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/892036
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 10 АЙДА 888,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ 28.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістандағы көшпелі баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды атап өтті.Түркістан облысында Мемлекет басшысының инвестиция тарту бағытындағы тапсырмасына байланысты қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Облысқа жыл басынан 888,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,7%-ға артты. Ал жыл басынан бері тікелей шетелдік инвестиция көлемі 685 млн. АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар 1,5 есеге артығымен орындалды. Бұл туралы Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндады.– Облысқа инвестиция тарту және тәжірибе алмасу мақсатында Қытай, Ресей, Аустралия, Өзбекстан, Қатар және Оңтүстік Корея елдеріне түркістандық кәсіпкерлердің сапарын ұйымдастырып, алпауыт компаниялармен маңызды келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде шетел капиталының қатысуымен жалпы құны 910 млн. АҚШ долларын құрайтын 6 инвестициялық жоба басталды. Бұдан бөлек, қазан айында Түркістан қаласына 127 шетелдік компанияны шақырып, 301 млрд. теңге көлемінде 35 меморандумға қол қойылды, – деді Дархан Сатыбалды.Осы келісім арқылы дрон, бейнекамера, медициналық жиhаз, тұрмыстық техника өндіретін кәсіпорындарды ашу жұмыстары басталды. Аймақта «Өнеркәсіптік жылы-жай кешені», «Алюминий бұйымдарын шығаратын зауыт», «Өнеркәсіптік тоңазытқыштар шығаратын зауыт», «Каустикалық сода, пвх, кальций карбиді, әк цемент шығаратын зауыт» жобалары жүзеге асуда. Сонымен бірге фосфорит кендерін өңдеу және мұнай өңдеу зауыттары салынуда. Алдағы уақытта түркістандық зауыттар өз елімізді және экспортты түрлі өніммен қамтамасыз ететін болады. Одан бөлек, алдағы уақытта индустриалды аймақтарда тұрмыстық техника, өсімдік майы, газ қондырғылары, лифт құрастыру, әскери палатка, санфаянс, сэндвич панелі және сусындар өндіретін зауыттар ашылады.Облыста энертегика, агроөнеркәсіптік кешен, өндіріс және қайта өңдеу, туризм салаларында маңызды 145 инвестициялық жобалар пулы дайындалды. Аталған жобаларды жүзеге асыру арқылы 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, кірістер қосымша 100 млрд. теңгеге ұлғаяды. Бүгінгі күні, жалпы құны 86 млрд. теңге болатын 31 инвестцииялық жоба іске қосылып, 1300-ден астам жұмыс орны ашылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/892039
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ ГЕКТАРҒА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛІП, ОСЫ БАҒЫТТА 3 ӨНДІРІС ОРНЫ АШЫЛДЫ 28.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.– Біздің өңірдің басты ерекшілігі – халықтың 80 пайызы ауылдарда тұрады. Сондықтан да ауыл шаруашылығы – өңірдің маңызды саласы. Біз ауыл шаруашылығын әртараптандыру, су үнемдеу технологияларын енгізу, мал мен өсімдік өнімін терең өңдеу бағытында жұмыс жүргізудеміз. Өздеріңізге белгілі, елімізде жыл сайын ағын су тапшылығы байқалады. Түркістан облысына қажетті судың 70 пайызы көрші мемлекеттен келеді. Сондықтан ауыл шаруашылығында заманауи су үнемдеу технологиясын ендіріп, жаңа дақылдар мен сорттарды өсіруге басымдық береміз. Су үнемдеу технологиясын 216,3 мың гектарға енгізіп, суармалы жерлердің үлесін 40%-ға жеткізу жоспарымыз бар. Биылдың өзінде бұл технология жалпы 50 мың гектарға дейін жеткізілді. Су үнемдеу технологияларының қолжетімділігін арттыру бағыттында жалпы құны 11,7 млрд. теңгені құрайтын 3 өндіріс орындарын аштық, – деді Дархан Сатыбалды.Түркістан облысында ауыл шаруашылығында өнім көлемі 958 млрд. теңгені құрап, өсім 105,8 пайызға жетті. Ауыл шаруашылығы өнім көлемі бойынша облыс республикада жетекші орында тұр. Бұл бағытта нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында 2024-2027 жылдарға жалпы 507 млрд теңге болатын 105 жобаны іске асыру жоспарланған. Осы арқылы 8 мыңнан астам (8 346) жұмыс орны қалыптаспақ. Аймақта «BNK Group LTD» компаниясының құны 7 млрд. теңге құрайтын «Жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты, құны 4,1 млрд. теңге болатын «14 мың гектар тамшылатып суару өндірісі», «Тұран су» мемлекеттік кәсіпорнының құны 650 млн. теңгені құрайтын жылына 9 мың гектар тамшылатып суару жүйесін шығаратын өндірісі толығымен іске қосылған. Оған қоса шетелдік инвестордың құны 2 млрд. теңге болатын 40 мың гектарға тамшылатып суару өндірісі келесі жылы жүзеге асырылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/892040
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 4 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ 28.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістандағы көшпелі баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндады. Биылғы 10 айда Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң өсімге қол жеткізілді. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнім көлемі алдын ала есеп бойынша 4 трлн. теңгеден асты. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 110%-ды құрады (ҚР-105,3%).– Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты биылғы Жолдауында экономиканың құрылымын өзгертуге баса назар аударуды тапсырды. Инвестиция тарту жұмысын күшейту керектігін айтты. Түркістан өңірінде осы бағытта нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Нәтижесінде кіріс көздері ұлғайып, өндіріс орындары көбеюде, – деді Дархан Сатыбалды.Аймақта өнеркәсіп өнім көлемі 8,8%-ға артып, 960 млрд. теңгеден асты. Оның ішінде қайта өңдеуге барынша басымдық берілуде. Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде 463 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 113%-ға артты. Өсім негізінен тау-кен (105,2%), тамақ (103,5%), жеңіл өнеркәсіп (105,9%), машина жасау (106,7%) және жиһаз (1,6 есе) өндірістері есебінен орын алды.Өңірде өндірісті дамыту үшін энергетика тапшылығын шешу және индустриалды аймақтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында, Үкіметке электр энергия бағасын төмендету бойынша ұсыныс енгізіліп, қолдау тапқан. Сонымен бірге энергетика тапшылығын шешу мақсатында 1,9 трлн. теңгеге жалпы қуаты 2,7 ГВт болатын 7 ірі жоба жүзеге асырылады. Оның ішінде Сайрамда қуаты 1000 МВт болатын станцияның құрылысы басталып кеткен.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/892029
"Рухтастар" республикалық жастар сыйлығына өтініш қабылдау жүріп жатыр 28.11.2024
"Рухтастар" республикалық жастар сыйлығына өтініш 5 желтоқсанға дейін қабылданады. Жеңімпаздар алты номинация бойынша таңдалады. "Жастар Рухы" ЖҚ филиалдары мен бөлімшелерін марапаттау үшін тағы екі санат бөлінген."Рухтастар" – AMANAT партиясы жанындағы "Жастар Рухы" Жастар қанаты құрылтайшысы болып табылатын жыл сайынғы республикалық жастар сыйлығы. Оны алты санаттың бірінде алуға болады: - Еңбек адамы – "Ыстық қайрат". Бұл номинацияда өз қызметі саласында жоғары кәсібилігімен танылған кандидатқа артықшылық беріледі. Мұнда күрделі және өмірлік маңызды мамандықтар ең өзекті болып саналады: шахтер, металлург, инженер, слесарь және басқалар. Осы номинацияға үміткерлердің өз кәсібіне енгізген инновациялары құпталады.- Жыл еріктісі – "Жылы жүрек". Бұл номинацияда еріктілер мен қоғам қайраткерлері марапатталады. Өрттің, су тасқынының немесе жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысқан кандидаттар, жануарларға арналған баспана жасаушылар және қаңғыбас мысықтар мен иттерді құтқарушылар, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне көмектесетіндер қатысады. - Үздік жас ғалым – "Нұрлы ақыл". Бұл номинацияда ірі ғылыми журналдарда жарияланымдары бар жас ғалымдарға, республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға қатысушыларға артықшылық беріледі. Сондай-ақ өнертапқыштардан, ғылымды танымал етушілерден және зерттеушілерден өтінімдер қабылданады.- Жыл батыры – "Қайсар". Бұл номинация ерлік жасағаны, жанқиярлығы және төтенше жағдайларда көрсеткен батылдығы үшін беріледі. Мұнда әр түрлі құтқару және гуманитарлық операцияларға, апаттардың салдарын жоюға қатысушылар басымдыққа ие.- Жылдың әлеуметтік жобасы. Бұл номинацияға жеке де, команда да қатыса алады. Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды табысты іске асырған авторлар танылады. Экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жобалар да өзекті: Қалдықтарды кәдеге жарату, көгалдандыру, су айдындарын қорғау және биоәртүрлілікті сақтау.- Жыл белсендісі – "Белсенді рухтас". Бұл номинация ұйымның жұмысына белсенді қатысқан, жастар бастамаларын іске асырған және қолдаған, іс-шаралар ұйымдастырған және өз қатарына жаңа мүшелерді тартқан "Жастар Рухы" ЖҚ мүшелеріне беріледі. Екі бөлек номинация "Жастар Рухы"ЖҚ үздік бөлімшесі мен филиалын анықтау және марапаттау үшін бөлінген.18–35 жас аралығындағы барлық адамдар сыйлықақы алуға өтініш бере алады. Мұны ресми сайттағы google формасын толтыру арқылы жасауға болады https://jastarruhy.kz.Өтінімде конкурсант туралы ақпаратты көрсету, оның жарияланымдарына немесе ол туралы және оның БАҚ-тағы қызметі туралы жаңалықтарға сілтеме жасау қажет.Сондай-ақ, өтінімге презентация форматында портфолио тіркелуі керек. Онда үміткердің неге сыйлыққа лайық екендігі туралы егжей-тегжейлі дәлелдер болуы керек. Сондай-ақ, үміткер жұмыста немесе волонтерлік қызмет барысында көрсетілген фотосуреттерді қосу керек.Жеңімпаздарды марапаттау 2024 жылдың 20 желтоқсанында өтеді. Финалистер салтанатты рәсімге қатысуға жеке шақырылады. Әр номинацияның жеңімпаздары диплом, мүсін және ақшалай сыйлық алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/891671
Бұқар Жырау ауданындағы мектеп заманауи физика зертханасымен жабдықталды 28.11.2024
Бұқар жырау ауданындағы Ю. Гагарин атындағы мектептің оқушылары қазіргі заманғы стандарттар бойынша жабдықталған зертханада физикамен айналысады. Қажетті жабдықтар облыстық бюджет есебінен сатып алынды.Ю. Гагарин атындағы мектеп Ботақара ауылында орналасқан. Онда екі ауысымда 620 бала оқиды.Биыл мектептің физика кабинеті барлық датчиктер және өлшеу құралдарымен, зертханалық ыдыстармен және демонстрациялық құралдармен жабдықталды.Сондай-ақ, биыл мектептерді заманауи стандарттар бойынша жаңғырту бағдарламасы бойынша оқу орнында барлық парталар мен орындықтар толығымен жаңартылып, бастауыш сынып оқушыларына арналған жеке шкафтар сатып алынды.Оқу жылы басталмас бұрын мектепте күрделі жөндеу жүргізілді: қабырғалар мен барлық әжетхана бөлмелері жаңартылды, есіктер мен терезелер ауыстырылды.– Біз балаларымыздың заманнан қалмай, білім сапасы жағынан қала оқушыларынан кем түспеуін қалаймыз. Жөндеуге, жаңа жиһаз бен жабдыққа салынған инвестициялар оқу процесінің сапасын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз, – деп есептейді Ю. Гагарин атындағы ЖББМ директоры Сағыныш Төлеуханова.Өткен жылы мектепте заманауи STEM-зертхана пайда болып, биология кабинеті жабдықталды, енді онда барлық қажетті көрнекі құралдар мен демонстрациялық үлгілер бар.Өңір мектептерін заманауи жабдықтармен және жиһазбен қамтамасыз ету – жүйелі жұмыс. Қарағанды облысының білім басқармасының хабарлауынша, химия, биология, физика, робототехника және STEM-зертханаларды жабдықтауға арналған жиынтықтар жыл сайын сатып алынады.Фото Бұқар жырау ауданы әкімдігіненАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/891675
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды 28.11.2024
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндеттерін орындауға атақты боксшы, Олимпиада чемпионы және Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев кірісті. Оның кандидатурасын ҚР Туризм және спорт министрлігінде арнайы комиссия келіскеннен кейін тағайындау туралы өкімге аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қол қойды.Жаңа басшыны спорт қоғамдастығына облыс әкімінің орынбасары Ораз Тәуірбеков таныстырды.– Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және туризм және спорт министрлігінің келісімі бойынша Серік Жұманғалиұлы Сәпиев Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды. Оның практикалық дағдылары мен білімі оның жаңа лауазымдағы әлеуетін ашуға көмектеседі деп сенеміз, – деді Ораз Тәуірбеков.Облыс әкімінің орынбасары басқарманың бұрыңғы жетекшісі Темірхан Абылаевқа атқарған қызметі үшін алғысын білдірді.Серік Сәпиев оған сенім артқаны үшін алғысын білдіріп, облыста спортты дамыту үшін бар күш-жігерін салатынын айтты.– Мемлекет басшысы айтқандай, биліктің вертикалы құрылуы тиіс. Алда назар аударуды қажет ететін спорт түрлері ескерілетін жаңа заң қабылданады. Қарағанды спортының тарихы зор әрі даңқты. Жетекшілік позицияны қайтару керек. Менің өз жоспарларым, идеяларым бар. Туған жерімді спортқа бейім еткім келеді. Алдымен мен барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарды тыңдап, олармен кездесепекшімін, аймақтарды аралаймын. Сапарлар қорытындысы бойынша шешім қабылдаймыз, – деп сұхбатында Серік Сәпиев жоспарларымен бөлісті.Серік Сәпиев бірнеше біліктілік бойынша жоғары білімі бар: "дене шынықтыру педагогы", "құқықтану", "мемлекеттік және жергілікті басқару", "спорт менеджменті" мамандығы бойынша "Болашақ" халықаралық бағдарламасының стипендиаты.Еңбек жолын Қазақстан бокс федерациясында бастады: жаттықтырушы-оқытушы, кейін спорт директоры болды. "Astana Arlans" кәсіби спорт клубын басқарды. 2017 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. 2019 жылдың қаңтарында мемлекеттік қызметке ауысты – үш жылға жуық ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетін басқарды. Содан кейін ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарды. 2022 жылдың сәуірінен бастап осы тағайындауға дейін "MTEX management" ЖШС спортты дамыту жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеді, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/891046
Энергетика вице-министрі Қарағанды облысының тұрғындарымен кездеседі 28.11.2024
Қазақстанның энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов 29 қарашада сағат 10:30-да Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.Кездесу Қарағанды индустриалды Университетінде (Теміртау қ., Республика даңғылы, 30) өтеді.Қатысушылар Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жеке сұрақтарын қоя алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/891157
Енді қазақстандықтар көлік басқаруға арналған медициналық анықтаманы eGov.kz порталынан ала алады 28.11.2024
Пайдаланушылары көлік құралын басқара алатынын растайтын 073/у нысанындағы медициналық анықтаманы eGov.kz порталынан ала алады. Бұл барлық жүргізушілер үшін көлік жүргізуге қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын міндетті құжат.Бұрын азаматтар бұл анықтаманы төрт маманнан (терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларинголог) медициналық тексерістен өткеннен кейін қағаз түрінде алатын. Жаңа көрсетілетін қызметтің арқасында eGov.kz порталында медициналық анықтама алу процесі жеңілдеді. Енді пайдаланушылар медициналық тексерістен өткеннен кейін анықтаманы электрондық форматта алады, ал цифрлық құжат автоматты түрде бірыңғай деректер қорында сақталады.Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Денсаулық» - «Медициналық көмек» бөліміне өту;- «№ 073/е нысаны бойынша медициналық анықтама беру» қызметін таңдау;- қол жетімді қол қою әдістерінің бірімен өтінішке қол қою қажет.Көрсетілетін қызметті алу нәтижесінде мамандардың қорытындысы бар медициналық анықтама PDF форматында пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді болады. Анықтама оны алған сәттен бастап бір жыл бойы жарамды.«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/891278
Қарағанды облысында "Ауыл аманаты" жобасының тиімділігі талқыланды 28.11.2024
"Ауыл аманаты" жобасын іске асыруда ауыл әкімдерінің рөлі артуы тиіс. Бұдан басқа, ауыл кәсіпкерлері мен кооперативтері өндіретін өнімдерді өткізуді жолға қоюда көмек қажет.Бұл туралы Amanat партиясының Қарағанды облыстық филиалында өткен семинар-кеңесте айтылды. Оған облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Amanat партиясының хатшысы Елдар Жұмағазиев қатысты.– "Ауыл аманаты" жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған. Жоба іске асырыла бастағаннан бері облысымызда мал шаруашылығын және ауыл тұрғындарының бизнес-бастамасын қолдауға жалпы сомасы 3,8 млрд теңгеге 494 шағын несие берілді. Бұл 686 жұмыс орны мен 60-тан астам ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға мүмкіндік берді, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Биыл республикалық бюджеттен ауыл тұрғындарының бизнес бастамаларын одан әрі қолдауға қосымша қаражат түсті. 155 ауылдық округте скрининг жүргізіліп, әрқайсысы үшін бағыттар анықталды. Талдау негізінде зәкірлік кооперативтер құру жоспарлануда.Семинар-кеңесте проблемалар туралы да айтылды. Жұмысты тежеп отырған себептердің бірі – өнім сатудың жүйесі ақсап тұрғанымен байланысты. Ауыл шаруашылығы кооперативтері деңгейінде сүтті қайта өңдеуді ұйымдастыру ұсынылады. Елдар Жұмағазиев мобильді вагондар арқылы өнімді сатудың мысалын келтірді.– Мемлекет басшысы халықтың табысын арттыру бойынша нақты міндет қойды. Бұл ауыл және аудан әкімдері үшін негізгі индикатор, – деп атап өтті Amanat партиясының хатшысы. – Әлеует зор. Талдау көрсеткендей, қазір қаражаттың көп бөлігі мал сатып алуға жұмсалған. Келесі жылдан бастап қайта өңдеуге басымдық беріледі. Біз әрбір ауыл әкімінің тұрғындарға шыға алатын өз даму бағдарламасы болатын деңгейге шыққымыз келеді. Бұл салық салынатын базаны ұлғайту үшін ауыл экономикасын қай бағытта жүргізу керектігі туралы болжам болады.Тағы бір міндет – мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету, осылайша олар өз істерін ашып, тұрақты табысқа ие бола алады.Жоба қатысушылары өздерінің табысты тәжірибелерімен бөлісті. Мысалы, Абай ауданының тұрғыны Надежда Елікбаева 4 млн теңге несие алып, өзінің жылыжай шаруашылығын құрған. Биыл ол көкөністерден жақсы өнім алып, өнімді толығымен сатқан. Болашақта кәсіпкер көкөніс қоймасын салып, қайта өңдеумен айналысқысы келеді. Надежданың айтуынша, бір жыл мерзімге кредиттік демалыс ол үшін жақсы қолдау болды, бұл өндірістік қуатқа шығуға мүмкіндік берген.Үздік ауыл кәсіпкерлері сертификаттармен марапатталды.Ал көрмеде қазірдің өзінде шығарылып жатқан өнімдер ғана емес, қолда бар жобалар да көрсетілді. Мысалы, Шет ауданынан Нұртілек Бектұрсынов өзінің аяқ киім цехын ашқысы келеді. Мамандығы бойынша ол жұмыс тәжірибесі бар технолог. Өз ауылында Қызылқой аудан әкімінің грантына аяқ киім жөндеу шеберханасын жабдықтаған.Басқа да бизнес-идеялар бар. Ақтоғай ауданының мұғалімі Әлия Бегетаева Беғазы киелі жерінен алынған жергілікті шикізаттан мумия өндіру жобасын ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/891387