Enbekshi QazaQ

Бизнес

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ АРДАГЕРЛЕРДІҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ 26.11.2024
Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қазығұрт ауданындағы іссапарында Жаңабазар ауыл округіндегі «Ардагерлер үйіне» барды. Аудан ақсақалдарымен кездесіп, еркін пікір алмасты. Ұсыныстар айтылып, ел бірлігін сақтау, аумақты дамыту жөнінде сөз болды.Кездесу барысында «Ардагерлер үйінің» төрағасы Жорабек Сүйеубеков бұл ұйымның атқарып жатқан істері және алдағы жоспарымен таныстырса, ал қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері Бекет Тұрғараев та ел бірлігі туралы ойларын ортаға салып, алғысын білдірді.Облыс әкімінің орынбасары атқарылып жатқан істерге ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта ұрпақ тәрбиесінде мәдениет, спорт бағыттарына жастарды көбірек баулу керектігін айтты.Одан соң Ертай Кенжебекұлы Қызылқия ауыл округінің орталық футбол алаңында болып, спорттық нысанның құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Бұл алаң жеке кәсіпкер, меценат Жармахан Тұяқбаевқа сенімгерлік бағытта беріліп, кәсіпкер өз қаржысы есебінен біршама құрылысын жүргізген еді. Ендігі жерде кәсіпкердің бастамасымен облыстық спорт басқармасының балансына беру мәселесі көтеріліп, облыс әкімінің орынбасары осы бағытта жұмыс атқарылатынын атап өтті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/890764
ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВТЫҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ӘЛЕМ КУБОГЫ БАСТАЛДЫ 26.11.2024
Түркістанда қазақ күресінен ересектер арасында Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған Әлем кубогының ашылу салтанаты өтті. Турнирдің ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Мемлекет басшысы Жолдауда бұқаралық спортты дамыту мен халықтың денсаулығын жақсарту мәселесіне ерекше көңіл бөлгенін айтып, соңғы уақытта өңірімізде спорт саласы серпінді дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ спортшыларға сәттілік тіледі.– Түркі әлемінің рухани астанасы, қасиетті Түркістан төрінде қазақ даласының батыры, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы қазақ күресінен ересектер арасындағы Әлем кубогына қош келдіңіздер. Қазақ күресінің ұлттық спорт түрлерінің ішінде өзіндік орны ерекше. Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан аса мемлекетінде ұлттық күресімізден федерациялар құрылып, жұмыстар атқаруда. Өздеріңізге белгілі, қазақ күресінен Әлем, Азия, Африка және Еуропа чемпионаттары өткізіліп, дамудың жаңа деңгейіне көтерілді. Кейінгі он жыл көлемінде жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілетін «Тұран барысы», «Қазақстан барысы», «Еуразия барысы» және «Әлем Барысы» додалары да бүгінде көрермен көзайымына айналып отыр. Бұл іс-шаралардың барлығы бұқара халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, спорттық дәстүр мен әдет-ғұрыптарды сақтауға өзіндік зор үлесін қосуда, – деді Ертай Кенжебекұлы.«Olympik center» спорт кешенінде өткен дүбірлі күрес бәсекесіне 9 елдің, яғни Қазақстан, Грузия, Польша, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай, Әзербайжан және Моңғолияның 150-ге жуық спортшысы қатысып, өзара кіл мықтыны анықтауда.Қазақ даласының батыры, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған доданың бағдарламасына сәйкес, балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақ дәрежесінде белдеседі.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлық қарастырылған. Атап айтқанда, Әлем кубоггының жеңімпаздарына 500 мың теңгенің, сәйкесінше күміс және қола жүлдегерлеріне 300 және 200 мың теңгенің сертификаттары табысталады. Сонымен қатар жеңімпаздардың жаттықтырушыларына да ақшалай сыйлық бар.Айта кетейік, қазіргі таңда әлемнің 40-тан астам елінде қазақ күресінің федерациялары құрылған. Бүгінге дейін қазақ күресінен 10 Әлем чемпионаты, 12 Азия чемпионаты, 6 Әлем кубогы және 6 Еуропа чемпионаты өткізіліп, төл күресіміз дамудың жаңа деңгейіне көтерілді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/890768
ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫНА СӘЙКЕС ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ 26.11.2024
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында бірқатар ауқымды істер қолға алынған. Мәселен, жуырда ғана Келес ауданында 11 елді мекен сапалы интернет желісімен қамтылды."Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы аясында өткен жылы 10 елді мекенге, атап айтқанда Бесауыл, Бозсу, Ғ.Мұратбаев, Бозай, Байтерек, Бірінші мамыр, Береке, Жиделі, Ынтымақ және Жаңадәуір ауылдарына "Билайн" және "Кселл" байланыс операторларының базалық станциялары орнатылды. Биыл жалпы 16 елді мекенге атап айтқанда, Мақташы, Жаңа қоныс, Жетітөбе, Қаратал, Еңбек, Жаңатіршілік, 28 гвардия, Жиделі, Оңтүстік, Бәйтерек, Жетітөбе, Береке, Керегетас, Ақсу, Біртілек және Амангелді ауылдарына базалық станция орнату жоспарға енгізіліп, қазіргі уақытта 11 ауылда яғни, Керегетас, 28 гвардия, Ақсу, Біртілек, Жиделі, Оңтүстік, Бәйтерек, Жетітөбе, Береке, Қаратал, Амангелді елді мекендеріндегі базалық станция іске қосылды. Қалған 7 ауылдық елді мекеннің базалық станциясының құрылысы 2025 жылға өтпелі.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/890770
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖАҢА ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ 26.11.2024
Мемлекет басшысының бастамасымен жыл сайын кәсіпкерлерге жасалатын мемлекеттік қамқорлықтардың қатары артып, берілетін несиелердің суммасы да көбейіп отыр.Ауданға инвестиция тарту, жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы жүзеге асыру мақсатында бірқатар жобаларды жүзеге асыруды қолға алған Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов Қытай елінің Синьзян провинциясының «Цзинь Тайян Ко., ЛТД» компаниясының басшысы Луи Кесонганы қабылдап, жалпы құны 15 млн АҚШ доллары (7,5 млрд теңге) болатын инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша меморандумға қол қойды.Аталмыш жоба аясында шетелдік кәсіпкер аудан аумағында ауыл шаруашылығы саласына қажетті тамшылатып суғару әдісін жүзеге асыруға арналған құрал-жабдықтар мен пленкаларды шығаратын зауыт салатын болады.–Ағын суды үнемдеу мен өнім сапасын арттыруда аса тиімді тамшылатып суғару әдісін кеңінен жүзеге асыруға қажетті құрал-жабдықтардың ауданымызда шығарылуы шаруалар үшін де, аудан экономикасы үшін де пайдалы болмақ. Одан бөлек, көптеген жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады, бағасы да тиімді болады, – деген аудан басшысы зауыттың инфрақұрылымы мен қажет болған жағдайда ІІ деңгейлі банктер арқылы несие алу үшін де қолдау көрсететінін жеткізді.Айта кетейік, жыл басынан бері 31 млрд теңгеге жүзеге асырылған инвестициялық жобалардың 16 млрд теңгесі жеке кәсіпорындар есебінен. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 40 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/890773
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ 26.11.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен агроөнеркәсіп кешенінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланған мәжіліс өтті. Ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асып жатқан және алда қолға алынатын жобалар туралы мағлұмат беріліп, жауапты басшылардың есептері тыңдалды. Өңір басшысы аудан, қала әкімдері мен Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына, «Түркістан» ӘКК басшылығына тиісті тапсырмалар берді.– Бізге тың идеялар мен жаңа жобалар қажет. Барлық аудан, қала әкімі ауыл шаруашылығына инвестиция тартып, өнімді терең өңдеуге басымдық беруі тиіс. Су үнемдеу технологиясын енгізу, жаңа тәсілдерді қолдану, егістікті әртараптандыру маңызды. Нақты жоспар, жүйелі жұмыс қажет, – деді Дархан Сатыбалды.Мәжілісте Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов пен жауапты басшылардың баяндамалары тыңдалды. Агроөнеркәсіп кешенінің әр саласы бойынша тартылатын инвестиция бойынша мағлұмат берілді.2024 жылдың 10 айында агроөнеркәсіп кешенінің негізгі капиталына 130 млрд теңге тартылып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе артты. 2024-2030 жылдары аралығындағы өңірде ауыл шаруашылығына 556 млрд теңге инвестиция тартылып, 336 жоба жүзеге асады деп жоспарланған. Осы арқылы 12 мыңнан аса жұмыс орнын ашу көзделген. Ал биылғы 10 айда АӨК-те 30 жоба жүзеге асып, 237 жұмыс орны ашылды.Облыс әкімі жоспарлар қағаз жүзінде қалмай нақты іске асуы керектігін айтты. Аудан, қала әкімдеріне осы бағыттағы жұмысты күшейту жөнінде тапсырма берді. Жобалар әлі де жүйеленіп, тиісті жұмыстар атқарылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/890777
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 26.11.2024
Қазығұрт ауданында 2024 жылдың 10 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 96,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,2 пайызға артық орындалған. Оның ішінде, ауыл шаруашылығында - 58,4 млрд теңге, құрылыс саласында - 9,3 млрд теңге, өнеркәсіпте - 12,1 млрд теңге, сауда көлемі - 16,6 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, ауданға 2024 жылдың 10 айында 36,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл жайында Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.«Қазығұрт ауданында 2024-2030 жылдар аралығында инвестициялық құны 55,1 млрд теңге болатын 45 жоба іске асырылып, 1 364 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Сонымен қатар, өнеркәсіп саласында құны 30,8 млрд теңгеге 15 жоба іске асырылып, 390 адам жұмыспен қамтылмақ. Ал, ауыл шаруашылығы саласында құны 18,9 млрд теңге болатын 18 жобаны іске асыру көзделуде, нәтижесінде 784 адам жұмыспен қамтылмақ. Бүгінде аудандағы Тұрбат ауылында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің өнім көлемін арттыру үшін 60 гектар жер аумағына «Тұрбат» агроиндустриалды аймағын құру жоспарлануда. Аталған аймақта 3,8 млрд теңгеге жылыжайлар салынып, 416 адам жұмыспен қамтылмақ. Сонымен қатар, ауданда биыл мал шаруашылығында 35,6 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, егін шаруашылығында 22,8 млрд теңгенің өнімі өндірілген»,- деді аудан басшысы.Бұдан бөлек, ауданда 2025-2030 жылдары туризмді дамыту мақсатында жалпы құны 3,3 млрд теңге болатын 6 жобаны іске асыру жоспарлануда. Жобалар іске асқан жағдайда аудандағы туристік аймақтың әлеуеті артып, туристер саны екі есеге артпақ. Сонымен қатар, ауданда 2024-2030 жылдары тамақтану және сауда саласынды 2,1 млрд. теңгеге 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.Инфрақұрылыммен қамту бойынша аудандағы 61 елді мекенің 59-ы ауыз сумен қамтылып, қамту көрсеткіші - 96,7%-ға жеткен. Сондай-ақ, 61 елді мекеннің 60-ы орталықтандырылған электр жүйесімен қамтылып, көрсеткіш 98,4 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар, 61 елді мекеннің 49-ы орталықтандырылған табиғи газға қосылып, қамту көрсеткіші 80,3 пайыз көлемінде.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/890779
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 26.11.2024
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауында өңірлерде инвестицияны арттыру қажеттІгін тапсырған болатын. Осыған орай Түркістан облысында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, жыл басынан бері Сарыағаш ауданында 47,8 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, жоспар артығымен орындалған. Бұл жайында аудан әкімі Арман Абдуллаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.«2024 жылдың 10 айында өнеркәсіп саласында 23,6 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, жыл соңына дейін көрсеткішті 32,4 млрд теңге жеткізу жоспарланып отыр. Ал, өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 15,7 млрд теңгеге жетсе, жыл қорытындысымен 23,6 млрд теңгеге жеткіземіз деген жоспарымыз бар. Сондай-ақ, аудандағы ауылшаруашылық саласында 112,3 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, қалған 2 айда бұл саладағы өнім көлемін 137,5 млрд теңгеге жеткізу көзделген»- деді спикер.Өңірдегі инфрақұрылым саласында да бірқатар оң шешімдер қабылданып, ауқымды жұмыстар атқарылған. Мәселен, аудандағы 4 елді мекеннің ауыз су құбырларына құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілсе, жыл соңына дейін облыстық және республикалық бюджет тарапынан 11 елді мекенді аыз сумен қамту жұмыстары аяқталмақ. Ал, табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі таңда 4 елді мекенде құрылыс жұмыстары атқарылып жатса, облыстық және республикалық бюджет арқылы тағы 10 елді мекенді табиғи газ жүйесіне қосуға жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Инфрақұрылым саласының тағы бір маңызды тармағы - тұрғындарды сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету. Ауданда 2024 жылы жалпы ұзындығы 6,2 шақырымға 75 электр бағаналарын, 4 дана трансформатор орнату жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, 2024 жылы Тегісшіл, Ақжар, Жемісті және Қызылжар ауылдық округтерінің ішкі көшелеріне «Ауыл–Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көшелерге асфальт төселді. Аудандық бюджеттен 2024 жылы 32 көшеге орташа жөндеу жүргізілсе, 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары аяқталған.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/890781
ТҮРКІСТАНДА «AQ ALTYN» ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ 26.11.2024
Түркістан қаласында Орта Азиялық сүт конгресінің «Aq Altyn» ІІ халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады. Халықаралық конференцияға Үндістан, Қытай, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да мемлекеттерден қатысушылар келді.Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков конференцияның алғашқы пленарлық мәжілісіне қатысып, өңіріміздегі сүт өндірісінің көрсеткіштері мен мүмкіндіктері туралы баяндады.– Өздеріңізге белгілі, әлемде халық санының өсіміне байланысты, сапалы азық-түлік тауарларына деген сұраныс жылдан-жылға артуда. Ауыл шаруашылығында шикізат секторымен бірге қайта өңдеу саласын жан-жақты дамыту кезек күттірмейтін мәселеге айналды. Бүгінгі конференция сүт өндірісімен айналысатын кәсіпорындарды біріктіріп, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасауға жаңа бағыттар белгілеп беретініне сенемін, – деді облыс әкімінің орынбасары.Облыста өндірілетін жалпы өңірлік өнімнің 20 пайызы агроөнеркәсіптік кешеннің үлесінде. Жұмыс атқарып тұрған 80 мыңнан астам агроқұрылым бар, бұл республикалық көрсеткіштің 31 пайызы.Қазіргі таңда өңірдегі сүт өнімдерін шығаратын екі ірі фермада мал басы 400 бастан асады. Олар: «Бөрте Милка» және «Шаркул Фуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестері. Биыл тағы 2 инвестициялық жоба жүзеге асты. Жобалар түркиялық «Sezer», швециялық «De-Ieval» автоматты технологиялық қондырғыларымен жабдықталды. Бүгінгі таңда Дания, Венгрия мемлекеттерінен өнімділігі жоғары «гольштейн» тұқымды 605 бас аналық ірі қара мал алынды. Осы жобалар арқылы жылына қосымша 12,6 мың тонна сүт өндіріледі.Бұдан бөлек, 2025 – 2026 жылдары қосымша жалпы 2000 басқа арналған 3 тауарлы сүт фермасын іске қосу көзделген. Сондай-ақ 32 сүт фермасы мен 23 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі осы бағытта жемісті еңбек етіп келеді. Жылына облыста 410 мың тоннаға жуық сүт өндіріледі. Бұл республикалық көрсеткіштің 12 пайызы.Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсайтын өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау бағдарламасы іске қосылған. Облыста сүт өнімін қайта өңдеумен жалпы қуаттылығы 171 мың тоннаны құрайтын 25 шағын, орта және ірі кәсіпорындар жұмыс атқаруда.Екі күнге созылатын конференцияда әлемдік нарықтағы өзгерістер, сүт өндірісінің даму бағыты талқыланып, технология жаңалықтары таныстырылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/890782
Қарағандыда нейро-ортопедиялық ауытқуы бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылды 26.11.2024
Қарағандыда көпсалалы облыстық балалар ауруханасының базасында QH оңалту орталығы ашылды. Бұл нейро-ортопедиялық ақауы бар балалар көмек алатын аймақтағы алғашқы медициналық мекеме.Жыл сайын орталық 600-ге жуық бала қабылдай алады. Қалпына келтіру емін жас пациенттер МӘМС жүйесі есебінен тегін өтеді.Мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. Балалармен жұмыс істеу үшін көпсалалы команда құрылды, оның құрамына невропатологтар, реабилитологтар, логопедтер, дефектологтар, психологтар, ЕДШ нұсқаушылары және еңбек терапевттері кіреді. Олардың барлығы арнайы дайындықтан өткен. Әр балаға қалпына келтіруге және әлеуметтенуге мүмкіндігінше тиімді көмектесу үшін жеке бағдарлама құрылады.Айта кету керек, бір жылға жуық уақыт бойы облыстық ауруханада 3 айдан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ерте араласу орталығы жұмыс істейді. Жаңа орталықта кешенді оңалту мүмкіндігі шектеулі облыс тұрғындарына 3 жастан 18 жасқа дейін қолжетімді болады.– Ол үшін бізде барлық қажетті жабдықтар бар. Олардың ішінде баланың жасына және бойына байланысты әртүрлі вертикализаторлар бар. Барлық мамандар дайындалды. Олар біздің аурухана базасында оқыды, Астана, Қостанайға барды. Оңалту сапасы жоғары болуы үшін біз дәрігерлердің біліктілігін үнемі арттырып отырамыз, – дейді облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары Нина Деркач. Ерте араласу орталығында алғашқы жетістіктер бар. Мұны ерекше балалардың ата-аналары да растап отыр.– Біз мұнда қызым Альфия 7 айлық болғанда келдік. Ол басын ұстай алмады. Мұнда біз емдеу курсынан өттік. Ол аяқталғаннан кейін менің қызым басын нық ұстауды үйренді. Мұнда біз сапалы ем алдық, – деп бөлісті кішкентай науқастың анасы Динара Карина.Жаңа орталықтың ашылуына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Тәуірбеков қатысты. Ол медициналық мекеменің мамандары ерекше қажеттіліктері бар балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесетінін атап өтті.Орталық жергілікті атқарушы органдар, "Қазақстан халқына" қорының серіктестері және меценат-компаниялардың бірлескен күш-жігерінің арқасында ашылды. Жобаны іске асыруға қаржылық көмек көрсеткен Eurasian Resources Group (ERG), сондай-ақ "Қамқорлық қоры" ҚҚ мамандарды оқытуды және заманауи жабдықтармен жабдықтауды ұйымдастырды."Қазақстан халқына" ҚҚ қолдауымен қайырымдылық бағдарламалары аясында еліміздің барлық өңірлерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 25 оңалту орталығын ашу жоспарлануда. Олардың біріншісі Жезқазғанда жұмыс істейді, алдағы күндері Павлодар облысы мен Шымкентте осындай мекемелер ашу жоспарланған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890715
Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XX форумы: сауда-экономикалық әріптестіктің жаңа перспективалары 26.11.2024
Ресей Федерациясының Уфа қаласында «Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының әлеуетін іске асыру – жаңа сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XX форумы өтуде.Форумның басты назарында екі елдің өңірлері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетін іске асыру, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация және Ресей мен Қазақстанның одан әрі өзара тиімді ынтымақтастығы үшін мүмкіндіктері мәселелері тұр.Форум аясында «Қазақстан мен Ресейдің өнеркәсіптік кооперациясын дамытудың негізгі бағыттары» тақырыбында өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев сөз сөйледі. Өнеркәсіп саласындағы табысты кооперация және бірлескен 93 жобаны іске асыру атап өтілді. Сондай-ақ, Қазақстанда өнеркәсіптік жобаларды қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар белгіленді. Ресей мен Башқұртстанның Бизнес қауымдастығына өзара тиімді серіктестік пен өсу үшін жаңа мүмкіндіктер жасай отырып, әртүрлі салалардағы ынтымақтастық ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/890780
Қазақстанның ресурстық әлеуеті: 2024 жылы 22 кен орны тіркелген 26.11.2024
Бүгінгі таңда Қазақстанда сирек және сирек жер металдарының 100-ден астам кен орындары анықталды.Экономиканың жоғары технологиялық секторларынан сұраныстың артуы, сондай-ақ әлемдегі геосаяси жағдай аясында қазақстандық сирек металдар мен сирек жер металдары саласына қызығушылық айтарлықтай өсті.«minerals.gov.kz» Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы ҚР аумағын геологиялық-геофизикалық зерттеудің 56 180 электрондық есебін қамтиды, бұл мүдделі тұлғаға қажетті есептің жалпы бөлігімен физикалық түрде тегін және онлайн режимінде танысуға мүмкіндік береді. геологиялық қорларға бару.2024 жылға арналған геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша құрамында алтын, күміс, мыс, мырыш, темір рудалары, қорғасын, вольфрам, хром, молибден, марганец сияқты пайдалы қазбалар қоры мен ресурстары бар кен орындары мемлекеттік есепке алынды.Жыл басынан бері геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша есептерге мемлекеттік сараптама жүргізілуде. Алғаш рет қатты пайдалы қазбалардың 12 кен орны, көмірсутек шикізатының 4 кен орны тіркелді, сонымен қатар жер асты суларының 6 кен орны есепке алынды.Оның ішінде: Дүйсембай Орталық, Шығыс Тастау, Жағалау, Оңтүстік, Жеңішке, Байғора, Қостөбе, Қазан-Шұқыр, Оңтүстік Қарауыл-Төбе, Удар, Қызылтас-Күршім және Сарыбұлақ.Алғаш рет көмірсутек кен орындары мемлекеттік тіркеуге алынды: Қаратұрын Западный, Қошқар, Солтүстік Шыңжыр, Аққұловское Южное.Сондай-ақ Долинное, Жыланды, Бала-Үрпек, Дарбазин топтық су құбыры, Торғай, Палеозой және Королевское сияқты жер асты сулары кен орындары да бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/890681
Қарағанды облысының құрамасы конькимен жүгіру спортынан Қазақстан чемпионатында үшінші орын алды 26.11.2024
Астанада конькимен жүгіру спортынан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Қатысқан 17 команданың ішінен Қарағанды облысының құрамасы үшінші болды.Қарағанды қысқы спорт мектебінің тәрбиеленушілері үшін мұндай нәтиже – жетістік. Біздің конькимен жүгірушілерде жаттығуға ыңғайлы база жоқ. Дене шынықтыру және спорт басқармасы бұл мәселені шешуге тырысады.– Бірақ біздің жаттықтырушылар Нина Гернен мен Дмитрий Лазарев – өз ісінің нағыз кәсіпқойлары. Олардың тәрбиеленушілері қандай жағдай болмасын, осындай тамаша нәтижелер көрсетуде, – дейді қысқы спорт түрлері мектебінің басшысы Гүлнар Әліқұлова.Қарағандылықтар жалпы командалық есепте ғана емес, жеке есепте де медаль жеңіп алды. Александр Берг бірден үш қашықтықта Қазақстан чемпионы атанды, сондай-ақ тағы да күміс медаль жеңіп алды. Павел Манаков екінші орын алды. Ерасыл Бақтиярұлы қола жүлде иегері атанды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890405
Қарағандыда сурдотаэквондодан Ұлттық құрама Азия ойындарына дайындығын бастады 26.11.2024
Қарағандыда сурдотаэквондодан ұлттық құрама жаттығуда. Спортшылар 1–12 желтоқсан аралығында Малайзияда өтетін Азия ойындарына дайындалуда.Осы жылдың мамыр айында Қазақстан чемпионаты өтті. Оның нәтижелері бойынша ең мықты таэквондистер таңдалды. Қазір команданың Азия ойындарына дейінгі жиындарының соңғы кезеңі аяқталуда.– Бүгін соңғы жаттығу күні. Барлық спортшылар дайын, – дейді республикалық сурдотаэквондо федерациясының президенті және жаттықтырушы Руслан Ищанов. – 22 адамның ішінен бұл біріншілікке 12 спортшы барады. Себебі Азия ойындары ерлер үшін тек бес салмақ дәрежесін және әйелдер үшін де сонша ұсынады. Қарағанды облысынан Аян Әбдіраш, Виктор Фрундин, Нұрдәулет Жақып, Аида Мақатова және Айжамол Әбдікатова өнер көрсетеді. Біз медальдар ұтып аламыз, бұл сөзсіз. Біздің бәсекелестеріміз – Корея, Иран, Қытай, Филиппин елдерінің спортшылары. Бұл елдерде таэквондо өте дамыған.Ел намысын Сурдлимпиада мен әлем чемпионатының қола жүлдегері Виктор Фрундин қорғайды. Ол плюс 87 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.– Көптеген қарсыластар болады, бірақ мен үшін ең мықтысы – корейлер мен ирандықтар. Біздің команда жеңеді және біз көптеген медальдар аламыз деп үміттенемін, – дейді Виктор.Биыл ұлттық құраманың 16 спортшысы әлем чемпионатына қатысты. Сурдотаэквондистер екі алтын, төрт күміс және алты қола медаль жеңіп алды. Бұл Қазақстан үшін елеулі жетістік, деп есептейді Руслан Ищанов.2025 жылдың қараша айында Токиода Сурдлимпиада ойындары өтеді. Спортшылар Азия ойындарынан кейін бірден дайындала бастайды.Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890434
2029 жылға дейін жолаушылар вагондарының шамамен 1200 бірлігін сатып алу жоспарлануда 26.11.2024
ҚР көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында теміржол жылжымалы құрамын және вагондар паркін жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.Ол қазіргі уақытта локомотив паркінің жалпы саны шамамен 1,8 мың бірлікті құрайтынын хабарлады. Тозу деңгейі – 61%.«Жылжымалы құраммен қамтамасыз ету және парктің тозу деңгейін төмендету мақсатында биыл 185 локомотив сатып алынды. Келесі жылы 187 бірлік сатып алу жоспарланған, ал одан кейінгі үш жылда тағы 257 локомотив жеткізіледі деп күтілуде. Бұл локомотивтердің жетіспеушілігін толық жоюға ықпал етеді», — деді Марат Қарабаев.Көлік министрлігінің мәліметінше, жүк вагондарының жалпы паркі 139 мың вагонды құрайды.Нарықта 300-ден астам жеке операторлар жұмыс істейді. Оның ішінде «Қазақстан темір жолына» 38 мың вагон тиесілі, олар әлеуметтік маңызы бар тасымалдарға, яғни еліміздің энергетикалық секторына және халыққа жеткізілетін көмірді тасымалдауға жұмылдырылған. 2026 жылға дейін ұлттық оператор қосымша 3 мың ашық вагон сатып алуды жоспарлап отыр, оның 800 бірлігі биыл пайдалануға берілді.«Жолаушылар вагондары паркіне де ерекше назар аударылуда. Өткен жылы 118 жаңа вагон сатып алынса, биыл – 143 бірлік жеткізіледі. Келесі жылы 226 вагон сатып алу жоспарланған. Жалпы, 2029 жылға дейін 1 мың 200-ге жуық жолаушылар вагондары сатып алынады, нәтижесінде вагон паркі 3 мың бірліктен асып, оның тозу деңгейі 38%-ға дейін төмендейді. Осы міндеттерді орындау үшін отандық өндірушілердің вагондарын сатып алу мүмкіндігімен жалға беретін Біріккен лизингтік компания құру ұсынылады», — деп мәлімдеді Марат Қарабаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/890439
Қазақстан ТХКБ және «Солтүстік–Оңтүстік» транзиттік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін арттыруға ниетті 26.11.2024
ҚР көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында Қазақстанның көлік транзиттік дәліздерін дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.Ол қазіргі уақытта ТХКБ және «Солтүстік–Оңтүстік» транзиттік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін арттыру бойынша жұмыс белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті.«Әлемдегі дәстүрлі қалыптасқан логистикалық бағыттардың өзгеруіне байланысты Солтүстік–Оңтүстік дәлізінің маңызы күннен күнге артып келеді. Оның өткізу мүмкіндігі жылына 10 млн тонна. Нақты тасымалданған жүк көлемі биыл 1,8 млн тоннаны құрады. Дәліздің әлеуетін ескере отырып, оның өткізу мүмкіндігін 20 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», — деді Марат Қарабаев.Ол үшін, министр атап өткендей, ағымдағы жылдың шілде айында дәлізді Иран, Түрікменстан және Ресеймен синхронды дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Осы дәліз бойынша жүк ағынын тарту мақсатында Қазақстан транзиттік тасымалдарға 50% мөлшерінде арнайы тарифтік жеңілдіктер ұсынды. Одан басқа, Солтүстік–Оңтүстік дәлізінің шығыс бағытында Біріккен көлік-логистикалық компаниясының (БКЛК) үлгісі бойынша Біріңғай логистикалық оператор құру жұмыс жүргізіліп жатыр. қазіргі сәтте Қазақстан мен Ресей тарапы бірлескен кәсіпорын құру үшін дайындық жұмыстарын аяқтады. Түрікмен тарапынан осы жобаға қатысу мәселесі бойынша шешім күтілуде.Биылғы 10 айда ТХКБ дәлізі бойынша тасымалдау көлемі 68%-ға өсіп, 3,8 млн тоннаны құрағаны атап өтілді. https://t.me/KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/890468
Ғылым мен өндірістің интеграциясы: Теміртауда тау-кен металлургия өнеркәсібі бойынша хакатон өтуде 26.11.2024
Теміртаудағы Қарағанды индустриалды университетінің базасында “Ғылым мен өндіріс интегрциясы” атты тау-кен металлургия өнеркәсібі бойынша ғылыми-инновациялық хакатоны басталды. Ғалымдар, өнеркәсіп өкілдері және менеджерлер тек Qarmet зауыты үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл отандық өнеркәсіп үшін ғылыми-технологиялық шешімдерді іздеу және әзірлеу үшін жиналды.Бұл алтыншы хакатон. Осы жылдың басынан бастап ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ғалымдар мен өндірушілердің өзара іс-қимыл тәжірибесін дамыту бойынша жұмыс бастады. Өнеркәсіп өкілдері зерттеушілерге техникалық міндеттер қояды, ал олар өз кезегінде мемлекеттің қолдауымен оларды жүзеге асырудың шешімдерін іздейді.– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз ғылымның күш-жігерін ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттіліктеріне бағыттаймыз. Тау-кен металлургия саласынан басталды, өйткені бұл экономиканың негізі, – деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. – Біздің мақсатымыз – ғылыми ұжымдарды өнеркәсіптік кәсіпорындармен біріктіру және процестерді жақсартуға, тиімділікті арттыруға және өнімнің құнын қосуға көмектесетін инновациялық шешімдерді табу. Атап айтқанда, Qarmet металлургиялық комбинаты ескірген технологиялық проблемалар үшін шешімдер алады, ал ғалымдар – нақты тұжырымдалған ғылыми-техникалық міндеттерге қол жеткізеді.Сондай-ақ, ҚарИУ фойесінде өндірістік процестерге сәтті енгізілген ғылыми жобалардың көрмесі ұйымдастырылды.Хакатон алдында металлургия комбинаты өндірісінің техникалық сарапшылары мен Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ мен ҚарИУ жоғары оқу орындарының ғалымдарының кездесуі өтті. "Qarmet" АҚ Бас директоры Вадим Басиннің айтуынша, стандартты емес шешімдерді талап ететін бірқатар техникалық міндеттер қалыптасты. Мысалы, шахталарда метан концентрациясын төмендету үшін газды дренажды ұңғымаларды бұрғылаудың инновациялық технологияларын әзірлеу қажет.Қарағанды облысының әкімдігі ғылыми және өнеркәсіптік жобаларға қолдау көрсетуге дайын.– Теміртау – біздің өңір үшін басты қала. Облыс өндірісінің 30%-ы металлургия комбинаты және оның айналасындағы кәсіпорындар. Біз үшін Qarmet-тің дамуы өте маңызды, – деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев. – Келесі жылдан бастап облыста инновациялық кәсіпорындарды қоса алғанда, 11 ірі жобаны іске асыру басталады. Егер ғылым белсенді қатысатын болса, біз бұл бастамаларды қолдауға дайынбыз. Соның ішінде біз Qarmet комбинатымен байланысты жобалар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға дайынбыз.Министр Саясат Нұрбек Қазақстанда ғылымды дамыту жоспарларымен бөлісті. Алдағы жылдары елімізде 30-дан астам шетелдік жоғары оқу орындарының кампустары ашылады, оның ішінде Қарағанды облысында да. Инновациялық шешімдер мен технологияларды енгізу үшін орталыққа айналатын ғылымды қажет ететін аумақтарды құру жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890025
1 желтоқсаннан бастап аграршылардан арзандатылған дизель отынын алуға өтініш қабылдау басталады 26.11.2024
Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы 2025 жылға арналған арзандатылған дизель отынының көлемін қалыптастыруға өңір аграршыларынан өтінімдер қабылдау туралы жариялады. Мемлекеттік қолдау көктемгі дала науқаны мен егін жинауға арналған.Өтінімдер 2024 жылғы 1–30 желтоқсан аралығында порталда қабылданады gosagro.kz. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890027
Қарағанды облысында 161 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 26.11.2024
Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекетке қайтару жалғасуда. Осы жылға қойылған жоспар орындалды. Кейбір жағдайларда жер пайдаланушылар учаскелерді игеруге кірісті.ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында хабарланғандай жыл басынан бері өңірде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мемлекетке 161 064 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылды. ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті белгілеген жоспар 23,9%-ға асыра орындалды.Өңірдің жер ресурстарын басқару департаментінің қызметкерлері жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Ведомствоның мәліметінше, жер пайдаланушылар 11,5 мың га игеруге кірісті. Заңсыз берілген 4050 га жерді жалдау шарты жойылды, сот шешімі бойынша 12 мың га мәжбүрлеп тәркіленді. Соттарда тағы 6 335 га қатысты іс қаралуда."Бұдан басқа, 94,3 мың га өз еркімен, ал 46,7 мың га жалдау шартының мерзімінің аяқталуына байланысты қайтарылды", – делінген хабарламада.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890024
Испаниялық "Қағаз үй" сериялының режиссері Карлаг туралы фильм түсіреді 26.11.2024
Netflix-пен эксклюзивті келісімшарт бойынша Карлаг туралы "Бітімгершілік" /La Tregua атты қазақстандық-испандық фильмнің түсірілімі басталды. Картинаның бас режиссері – "Қағаз үй" сериялымен көрермендерге танымал Мигель Анхель Вивас.Фильмде адамдардың қиын тағдыры, өмір сүру үшін күнделікті күреске қарамастан, адамның қадір-қасиетін сақтау туралы айтылады.Жұлдызды режиссер актерлердің шеберлігіне ерекше назар аударады. Жаңа фильмдегі басты рөлдерді бұрын "Қағаз үй" телехикаясында Рио рөлін сомдаған Мигель Эрран және "Элита" драмасында Андер Муньосты бейнелеген Арон Пипер, сондай-ақ қазақстандық актерлер Дина Тасболатова, Алтынай Нөгербек, Сергей Уфимцев және Фараби Ақкөзов сомдайды.1930–1950 жылдардағы Карлаг атмосферасы костюмдермен, реквизиттермен және декорациялармен беріледі, оларды жасау үшін суретшілер мұрағаттар мен мұражайларда көп уақыт өткізген екен.Бастапқыда фильмді Қазақстанда түсіру жоспарланған болатын, бірақ кейін жоспарлар өзгерді. Испанияның Бильбао қаласының маңында түсірілім үшін миниатюралық Карлаг салынды.– Біз барлық жағдайды, қазақ даласын дәл жаңғырту мүмкін емес екенін түсінеміз, бірақ біз барынша тырыстық. Біздің команда көптеген құжаттарды зерттеді, Қоюшы-суретшілер тобы орасан зор жұмыс жасады. Қиын болды, бірақ біз Бильбаода Қазақстанның бір бөлігін қайта жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық, – дейді фильмді түсіруге жауапты Plano a Plano кинокомпаниясының директоры Цезарь Бенитес."Бітімгершілік" – қазақстандық актерлердің, продюсерлердің, үйлестірушілердің және басқа да мамандардың белсенді қатысуымен жүзеге асырылып отырған Netflix үшін алғашқы жоба.– Бұл жоба халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Біз оны жоғары стандарттар мен жаһандық әлеуетке баса назар аудара отырып, оны іске қосуға мұқият дайындадық. Қазіргі жағдайда, әлем сын – тегеуріндерге және ортақ тіл табуға тап болған кезде, мұндай жобалар өнердің біріктіруге қабілетті екенін көрсетеді, – деп атап өтті фильмнің бас продюсері Аманат Қонақбаев.Түсірілім екі жарым айға созылады. Авторлар дайын фильмді А санатындағы ең үлкен фестивальдарда көрсетеді деп көзделіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890028
Қарқаралыда туған өлке туралы әндер жинағы таныстырылды 26.11.2024
Қарқаралыда туған өлке туралы ноталар мен әндер жазылған кітаптың тұсаукесері өтті.Іс-шара үлкен концертпен атап өтілді, онда жинаққа енген композициялар орындалды.Кітапқа барлығы 61 ән кірді.Оларды Шолпан Жандарбекова атындағы Қарқаралы мәдени-демалыс орталығының қызметкерлері жинады.– Мұндай жинақты құру идеясы маған бірнеше жыл бұрын Людмила Мельникованың "Табигат Падишасы" әні пайда болған кезде келген болатын. Оның ноталары "Қарқаралы" газетінде жарияланды, ал әннің өзі Қарқаралының 180 жылдығына арналды. Жинақтың шығуына арналған концертте мен бұл әнді өзім орындадым, – деп еске алады Шолпан Жандарбекова атындағы мәдени-демалыс орталығының әдіскері Баян Ахметова. Идеяны бірден жүзеге асыруға мүмкіндік болмады. Сәйкес әндер аз болды және жинақта басып шығаруға болатын ноталар барлығына бірдей табылмады. Мәселені шешуге пікірлес әріптестер көмектесті.– Мен мәдени-демалыс орталығына жұмысқа келгенде әріптестеріме өз идеям туралы айттым. Олар мені қолдады, біз әлеуметтік желілерде Қарқаралы туралы ән іздейтініміз туралы хабарландыру жарияладық. Осылайша, бірте-бірте барлық қажетті материалдар жиналды, – деді Баян Ахметова.Жинаққа енгізілген әндерді YouTube платформасында тыңдауға болады – https://youtu.be/CFmtNSJEWJ0?si=vn--EDRqyh2NwY89. Жинақтың шығуына арналған концерттің толық жазбасы сол жерде жарияланды.Шығармаларды Сержан Мұсайын, Жақсыгелді Кемалов, Дәуренбек Аркенов, Нұрлытаң Саятқызы сынды әншілер, сондай-ақ "Салтанат" ансамблі мен "Қарқаралы әуендері" вокалдық тобы орындайды.Кейбір әндерді авторлардың өздері – Қанат Мерсалимов, Сәрсен Әбішев және Әлімжан Мәкенов орындады.Сахнада "Аңыз" хореографиялық ансамблі де өнер көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890074