Enbekshi QazaQ

Бизнес

Қарағандының Бейнелеу өнері музейінде суретші әрі педагог Бекен Мұқышевтің көрмесі ашылады 19.11.2024
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында 20 қараша күні сағат 16:00-де қарағандылық суретші және педагог Бекен Мұқышевтің жеке көрмесі ашылады. "Мәңгілік туралы ойлар" деп аталатын экспозицияда шебердің философиялық ізденістері мен шығармашылық көзқарасын бейнелейтін 70-тен астам кескіндеме және графикалық жұмыстар ұсынылады.Бекен Мұқышев 1978 жылы Алматыдағы Н. В. Гоголь атындағы өнер училищесін бітірген. Дария теміржол станциясында жалпы орта білім беретін мектепте мұғалім болып жұмыс істеді.Шығармашылық жол 1991 жылы Қарағанды кафелері мен мейрамханаларының интерьер дизайны жобаларынан басталды. Қалалық және облыстық көрмелерге қатысқан.2016 жылы суретші Қайрат Кэй-Кэйдің тәуелсіз MonARBAT өнер галереясымен ынтымақтастықта болды. Галереямен бірлесіп қала мен республиканың салтанатты және мерекелік іс-шараларына қатысты. Осы уақыт ішінде ол балалар мен ересектерге сурет салуды үйретті.Көрме 30 қарашаға дейін жалғасады.Мұражайдың мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 76.Анықтама телефоны (8-7212) 475-475.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/884983
Қарағанды облысында NEET-жастардың үлесі қалай төмендетілмек 19.11.2024
Қарағанды облысында жастар жұмыссыздығын төмендету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері жұмыспен 13 мыңнан астам жас қамтылды. NEET-жастарға ерекше назар аударады. Бұл санатқа әрқайсысына жеке көзқарас принципі бойынша көмект беріледі.Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев кеңес өткізіп, басқарма басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері нәтижелер туралы баяндады.– Облыста NEET-жастармен атаулы жұмыс жүргізу үшін "Мүмкіндіктер марафоны" жобасы жүзеге асырылуда. 10 айда 39 мыңға жуық адам қамтылды, 297 түрлі іс-шара өткізілді: бос орындар жәрмеңкелері, дөңгелек үстелдер, ашық есік күндері, жұмыс орындарына экскурсиялар және т. б., – деп хабарлады жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дүйсетаева.Жастар заңгерлер мен психологтардан тегін кеңес ала алады. Сондай-ақ білім алуда, жұмысқа орналасуда, өз ісін ашуда мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтылады. Мобильді топтар адамдар көп жиналатын жерлерге барады: базарларға, сауда-ойын-сауық орталықтарына, саябақтарға.Шығармашылық идеяларды іске асыруға және креативті индустрияны ілгерілетуге көмектесу үшін облыс орталығында жастар комунити-орталығы ашылды.Өңірлік жұмыспен қамту картасы өзінің тиімділігін көрсетеді, деп атап өтті кеңесте.Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының жетекшісі Әсем Жүніспекова "Жастар практикасы", "Бірінші жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары жастарды жұмысқа орналастыруға қалай көмектесетінін нақты мысалдармен айтып берді.Сонымен қатар, облыста "JUMYS TAP" жобасы іске асырылуда, ол бойынша қысқа мерзімді курстарда кез келген адам жаңа мамандықты тегін меңгере алады.Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту "Бастау Бизнес" жобасы бойынша жүргізіледі. Биыл әлеуметтік осал санаттағы 67 жас өз ісін ашуға грант алды.Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбековтың айтуынша, моноқалада NEET-жастар санын екі есеге азайтуға мүмкіндік туды.– Бұған аула аралау, деректер базасын өзектендіру мақсатында қоңырау шалу, іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, Әлеуметтік және ақпараттық қолдау, оқыту және бос уақытты тиімді өткізу іс-шараларын ұйымдастыру ықпал етті, – деп атап өтті ол.Ермағанбет Бөлекпаев NEET-жастарға атаулы қолдауды жалғастыру жөнінде тапсырма берді. Бұл ретте ғылымды тарту қажет деп санайды. Ғалымдардың зерттеулері ықтимал олқылықтарды және қандай бағыттарда қолдау қажет екенін көрсетеді.– Бұл мәселемен белсенді айналысамыз. Белгілі бір нәтижелер бар. Кідіруге болмайды! Жергілікті жерлерде әкімдердің белсенді жұмысы қажет – сіздер қолдамасаңыздар, алға жылжу болмайды, – деп атап өтті облыс әкімі. – Мұны көріп, көмек сұрауы үшін жастарға табысты мысалдар көрсету, көбірек түсіндіру қажет. Ресурстар бар, мүмкіндіктер бар, жұмыс істеу керек!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/885525
Қарағандылық колледж студенті Даниядағы EuroSkills байқауының әлемдік кезеңіне қатысады 19.11.2024
WorldSkills Kazakhstan – 2024 республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында Қарағанды облысының құрамасы сегіз медаль жеңіп алып, үшінші орынға ие болды. Команда қоржынында бір алтын, төрт күміс және үш қола бар. Сайысқа аймақтық кезеңдерден өткен 550-ден астам колледж студенттері қатысты. Олар 30 құзыреттілік бойынша жарысты, оның ішінде кондитерлік өнімдер, плиткалармен қаптау, кірпіш қалау, веб-дизайн және басқалар.Жұмысшы мамандықтарының студенттері арасындағы чемпионат Астанада өтті. Қарағанды облысының атынан 28 студент қатысты. Жоғары Теміртау политехникалық колледжінің үшінші курс студенті Евгений Евсеев аймақ құрамасы үшін "прототиптеу" құзыреттілігінде жалғыз алтын медальді жеңіп алды.– Байқауда біз дрондардың прототиптерін үш түрлі жолмен жасауымыз керек еді: 3D принтерде, ТПУ фрезерлік станокта және бұрғылау, жонғы, кескіштер сияқты қол құралдарының көмегімен. Бұл жағдайда прототипті құрастыру оңай болуы керек, ал бөлшектердің максималды қателігі 0,2 см-ден аспауы керек еді, – деді Евгений.Ол байқауға екі айдан астам уақыт дайындалды. Алда оны одан да мұқият дайындық күтіп тұр: 2025 жылы Евгений Даниядағы EuroSkills байқауының әлемдік кезеңіне қатысады.– Әрине, мен үшін жаңа әлеует ашылды. Мен өзімді көрсеттім, үлкен тәжірибе алдым, ең бастысы әлі алда. Әзірге жұмыс туралы нақты ұсыныстар жоқ, өйткені мен кеше ғана жеңдім. Жалпы, мен конструкторлық бюрода немесе өз мамандығым бойынша өндірісте жұмыс істегім келеді, – дейді студент.WorldSkills байқауы жыл сайын өтеді. Ол жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және оқытуда жоғары стандарттарды қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/885726
Қарағанды облысында шұғыл хабарландыру жүйесінің жұмысы тексеріледі 19.11.2024
Қарағанды облысында 21 қарашада сағат 11:00-де хабарландыру жүйелерін жоспарлы тексеру өтеді. "Қыс-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде бүкіл өңір бойынша сиреналар іске қосылатын болады."Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары, Төтенше жағдайлар департаменті аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында "Қыс-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу шеңберінде 2024 жылдың 21 қарашасында сағат 11:00-де "Баршаның назарына!" барлық қол жетімді дыбыстық электр сиреналары іске қосылады", – делінген хабарламада.Аймақтың ТЖД тыныштық сақтауды және дүрбелең мен қауесетке бой алдырмауды сұрайды.@112_krg Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/885724
Qarmet меткомбинатында күрделі жөндеуден кейін тағы бір конвертер іске қосылды 19.11.2024
Qarmet металлургиялық комбинатында жабдықтарды жаңғырту жалғасуда. Кәсіпорын тарихында алғаш рет бір жыл ішінде екі конвертер корпусы ауыстырылды, бұл өте қиын және уақытты қажет ететін міндет. Қазір үш қондырғы жұмыс істейді.Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады."Біз №1 конвертерді күрделі жөндеуді аяқтадық және оны сәтті іске қостық. Бұл жаңарту конвертер цехының, әсіресе балқыту учаскесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттырады. 11 ай бұрын біздің жұмысымызда бір ғана толық жұмыс істейтін №3 конвертер болған, ал қалған екеуінің әбден тозығы жеткен еді. Енді қазір үш конвертер жұмыс істеп тұр, олардың екеуі биыл жөнделді", – деп түсіндірді болат департаментінің директоры Андрей Берг.№1 конвертердің жаңа корпусының көлемі ұлғайып, балқыту салмағын арттыруға және техникалық-экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Сондай-ақ, конвертерде газ тазарту жүйесінің бөлігі болып табылатын жаңа кессон бар. Бұл экологиялық қауіпсіздікті жақсартуға және өндіріс тиімділігін арттыруға ықпал етеді.11 айда 3 млн тонна болат өндірілді, деп хабарлайды компания. Бұл 2023 жылдың қорытынды көрсеткішімен бірдей.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/885819
Өңірлік кадр резервінің мүшесі Ерейментау ауданы әкімдігіндегі лауазымға тағайындалды 19.11.2024
Өңірлік кадр резервінің мүшесі Еркенов Жанұзақ Талғатұлы Ақмола облысы Ерейментау ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.Жанұзақ Еркенов 1998 жылғы 28 сәуірде Ақмола облысы Ерейментау ауданында дүниеге келген.2019 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын жастар практикасынан бастап, Ақмола облысы Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде келісімшарт бойынша маман қызметін атқарды. 2020 – 2022 жж. аралығында осы бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет атқарған.Осыған дейін Ақмола облысы Ерейментау ауданының Мансап орталығының маманы болып істеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/885737
Макинск қаласының су құбыры желілерін қайта құру жобасының бірінші кезеңі аяқталды 19.11.2024
Бұланды ауданында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілетін су шаруашылығы инфрақұрылымын кешенді жаңғырту шеңберінде тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.«Ағымдағы жылдың маусым айында Макинск қаласында су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары басталған болатын. Бүгінгі таңда жұмыс қаланың 33 көшесінде аяқталды, ұзындығы 45,012 метр су құбырлары төселді, 524 құдық орнатылды. Келесі жылы қаланың екінші бөлігі темір жолдың арғы бетінде жұмыстар жалғасады. Жоба аяқталғаннан кейін Макинск қаласының тұрғындары таза ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі», - деп атап өтті Бұланды ауданының құрылыс бөлімі басшысының м.а. Гүлнар Жақыпова.«Жұмыс кезінде келтірілген қолайсыздықтарға қарамастан, біздің қоршауларымызға дейін су құбыры тартылғанына өте қуаныштымын. Бізде 4 кішкентай бала бар, біз суды құдықтардан, кейде бұлақтан алып келетінбіз. Бұл біз үшін өте қиын болатын. Мен мемлекетке көмек көрсеткені үшін, ел тұрғындарына қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс айтамын», - деп бөлісті Макинск қаласының тұрғыны Жазира Балтабаева.Сонымен қатар, ағымдағы жылы ауданда халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар Тастыөзек, Айнакөл, Қараөзек және Новодонецк сияқты 4 ауылда жүргізілді. 3 ауылда су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары келесі жылы аяқталады. Сондай-ақ, ауданның Шұбарағаш, Мат, Иванковка және Аққайн ауылдарында суды тазартуға арналған кешенді блок-модульдері орнатылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/885791
ТҮРКІСТАНДЫҚ ЕКІ СТУДЕНТ «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛТЫН ИЕЛЕНДІ 19.11.2024
Астана қаласында 11 және 18 қараша аралығында өткен «WorldSkills Kazakhstan – 2024» республикалық чемпионатының жеңімпаздары анықталды. Қатысушылар 29 құзыреттілік бойынша бақ сынасты. Республикалық сайыста Түркістан облысының колледж студенттері 2 алтын, 1 күміс, 4 қола және 11 ерекше медальонға ие болды. Ал республика бойынша жалпы командалық есеппен Түркістан облысы 6 орыннан көрінді.Нақтырақ айтқанда, «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің студенті Жанерке Сауран І орынды және «Сырлау және әрлеу жұмыстары» құзыреттілігі бойынша Кентау көпсалалы коледжінің студенті Жанар Серік І орынды жеңіп алды. Жүлделі ІІ орынды «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінің намысын қорғаған Нурдавлат Жалолов иеленді. «Бастауыш білім беру» құзыреттілігінен Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжінің студенті Айым Момбекова, «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттілігі бойынша Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінен Оразәлі Егізбай, «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің студенттері Айдын Ермахан мен Ернұр Дүйсенбек, «Плитка жапсырудан» Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледж студенті Мухаммадали Авазханов ІІІ орынды місе тұтты.Бұдан бөлек, Түркістан облысының намысын қорғап барған 11 студент арнайы медальондармен марапатталды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/885664
ТҮРКІСТАНДА «СПОРТ – БІЗДІҢ СЕРІГІМІЗ!» СПАРТАКИАДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ 19.11.2024
Түркістанда 17 қараша – Халықаралық студенттері күні қарсаңында колледж студенттері арасында өткен «Спорт – біздің серігіміз!» атты спартакиада өз мәресіне жетті. Жабылу салтанатында Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев сөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтады.«Бұл спартакиада – спортты насихаттаудың жарқын үлгісі. Қатысушылардың ынта-жігері, спортқа деген құштарлығы ерекше болды. Барша жеңімпазды құттықтаймын және жастарымызды алдағы уақытта да осындай белсенділік танытып, жоғары жетістіктерге жете беруге шақырамын» деді.Шара барысында қатысушылар спорттың төрт түрінен сынға түсіп, өз шеберліктерін көрсетті. Аталған спартакиада жастар арасында достықты, бірлікті нығайтып, салауатты өмір салтын дәріптеуде үлкен үлес қосты.Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, марапатталды. Атап айтқанда 1-орынды Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжі иеленді. Ал 2-орын Сайрам ауданының Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжіне, 3-орын – Ерқанат Тәңірбергенов атындағы Түркістан индустриалды-техникалық колледжіне бұйырды. Сонымен қатар, жекелей марапаттар табысталды. «Үздік ойыншы» номинациясымен Айдос Қалданбек, «Үздік шабуылшы» номинациясымен Өмірзақ Нұрсәт марапатталды.Айта кетейік, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырған іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жастардың денсаулығын нығайту, әртүрлі оқу орындарының студенттері арасында достық қарым-қатынасты арттыру, жастардың спортқа деген қызығушылығын оятып, олардың шеберлігін шыңдау.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/885666
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛДАРДЫ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 19.11.2024
Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков Сарыағаш, Келес аудандарына іс-сапармен барды. Алдымен Сарыағаш ауданына қарасты Тың елді мекенінде орнатылған «Билайн» ұялы байланыс операторының орнатқан базалық станциясының жұмысымен танысты. Бүгінде станциядағы интернет желісінің жылдамдығы 106 мбит/с құрайды. Сонымен қатар, аудандағы Сіргелі елді мекенінде «Кселл» ұялы байланыс операторының орнатқан базалық станциясымен танысты. Онда интернет желісінің жылдамдығы 30 мбит/с. Бұдан бөлек, Алғабас елді мекенінде орнатылған «Кселл», «Билайн» байланыс операторларының орнатқан базалық станцияларының жұмысы таныстырылды. Онда интернет желісінің жылдамдығы 100 мбит/с құрайды.Сонымен қатар, басқарма басшысы Келес ауданына қарасты Абай ауылында орнатылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бейнебақылау камераларын орнату барысымен танысты. Одан бөлек, аудандағы «Кселл» және «Билайн» ұялы байланыс операторларының тарапынан орнатылған базалық станцияларға барып, интернет желісінің жылдамдығының артқанына көз жеткізді. Айта кетейік, өңірдегі аудан-қалаларда жалпы бейнебақылау жүйесін арттыру жұмыстарын жүргізу негізінде биыл 200 дана бейнебақылау камерасын орнату жоспарлауда.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/885667
ТҮРКІСТАН: «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ 19.11.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша, өңірдегі ауылдардың экономикасын өркендетіп, тұрғындар үшiн қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытында «Үлгілі ауыл» байқауы қолға алынған болатын. Осы орайда, «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпазын анықтау мақсатында облыстық конкурстық комиссияның отырысы өтті.Салалық басқармалар басшылығы, облыстық мәслихат, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысқан жиында қорытынды жасалып, аталған байқаудың жеңімпаздары анықталды. Нақтырақ айтқанда, Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылы бас жүлдені жеңіп алды. Жүлделі І орын Шардара ауданы, Көксу ауылына бұйырса, ІІ орын Сарыағаш ауданы, Мәдениет ауылына, ІІІ орын Созақ ауданы, Жартытөбе ауылына бұйырды. Байқау ережесіне сәйкес, бас жүлде иегеріне, яғни Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ауылы үшін қажетті әлеуметтік нысан анықталып, 2025 жылға аталған нысанның құрылысы үшін облыстық бюджеттен тисті қаражатты бөлінеді деп жоспарланған.Естеріңізде болса, ережеге сәйкес байқау екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңі – сәуір мен тамыз аралығында аудан көлемінде ұйымдастырылса, ал екінші кезең – облыстық деңгейде қыркүйек пен қараша аралығында жалғасын тапты. Байқаудың аудандық кезеңіне 16 аудан, қаладан жалпы 75 ауыл қатысқан. Нәтижесінде, облыстық кезеңге 16 ауыл (әр аудан, қаладан – 1-ден) жолдама алып, бақ сынады.Айта кетейік, арнайы құрылған жұмысшы топ барлық ауданды аралап, жеңімпаз ауылды анықтады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/885671
Көкшетауда реновация бағдарламасы бойынша бірінші учаскедегі ескі тұрғын үйді бұзу аяқталды 19.11.2024
Көкшетау қаласында тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы аясында Уәлиханов – Гоголь, Саин-Быковский көшелерінің учаскесіндегі ескі 8 пәтерлі алты үйді бұзу сәтті аяқталды. Бұл кезең қалалық инфрақұрылымды жаңартудағы және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасаудағы маңызды қадам болды.Бұзылған үйлер техникалық жағынан қанағаттанарлықсыз жағдайда болды, бұл адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Оның орнына осы аумақта абаттандырылған аула аумақтарын, көгалдандыруды және сапалы инженерлік инфрақұрылымды қоса алғанда, өмір сүру жағдайлары жақсартылған заманауи тұрғын үй кешендері салынатын болады.Жаңғырту бағдарламасы тұрғын үй қорын жаңартып қана қоймай, азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бағдарламаны іске асыруды бастау үшін бұрынғы меншік иелерінен 6 үйде 48 пәтер сатып алынды. Тұрғындар ақша алды немесе жаңа үйдегі тиісті алаңдағы пәтерлерді алады.Жоба Ақмола облысының әкімінің тапсырмасы бойынша уәкілетті ұйым – «Kokshe» ӘКК» АҚ іске асырылуда. «KOKSHETAU ENGINEERING» ЖШС еншілес компаниясы жақын арада инвесторлар мен құрылысты ұйымдастыру арасында конкурс өткізетін болады.«Конкурстық рәсімдер шеңберінде таңдалған инвестор құрылысты қаржыландыруды өз мойнына алады және болашақта басқа да қайта құру жобалары үшін пайдаланылатын көші-қон қоры үшін 48 пәтерді қайтаруға міндеттенеді. Қалған пәтерлер жобаның өтелуін қамтамасыз ету үшін нарықта іске асырылатын болады. Нысандардың құрылысын аяқтау және пайдалануға беру 2025 жылдың қараша айына жоспарланған», - деп атап өтті «KOKSHE» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әли Әлиев.Жалпы, Көкшетау қаласы бойынша тозығы жеткен үйлер жинақы орналасқан 11 жергілікті аймақты жаңғырту жоспарланған. Барлығы 800-ге жуық патер бұзылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/885575
Ақмола студенттері ұлттық кәсіби шеберлік чемпионатында 7 жүлделі орын мен 11 кемелдік медальонына ие болды 18.11.2024
«WorldSkills Kazakhstan 2024» жұмысшы кәсіптерінің ІХ чемпионатында Ақмолалық команда 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медальдарын жеңіп алды.Үш конкурстық күн ішінде, 14-16 қараша аралығында «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығының аумағында еліміздің колледж студенттері мәлімделген құзыреттіліктерде өздерінің дағдылары мен машықтарын көрсетті. 32 студенттен құрылған ақмолалықтар командасы барлық ұсынылған 30 құзырет бойынша қатысты.Бүгін Астанада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» концерт залында Ұлттық жұмысшылар чемпионатының салтанатты жабылуы өтті.Республикалық чемпионаттың қорытындысы бойынша Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжінің екі өкілі Қожахмет Әділет пен Мацегора Сергей «Мобильді робототехника», сондай-ақ Степногорск қ. жоғары колледжінің Меруерт Хамзина «Визуалды мерчендайзинг және витринистика» құзыреттері бойынша чемпионаттың жеңімпаздары атанды.2 орын - Ильяс Гатин, «Мобильдік қосымшаларды әзірлеу» құзыреті Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжі;3 орын – Қабибола Еламан, «Өнеркәсіптік автоматика» құзыреті, Шағалалы а. жоғары агротехникалық колледжі;3 орын – Беленец Каролина, «Кондитерлік іс» құзыреті, Щучинск қ. жоғары техникалық колледжі;3 орын – Червоняк Нина, «кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзыреті, Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжі;3 орын - Абраев Артур және Дьяченко Олег, «Мехатроника» құзыреті, Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжі.Сонымен қатар, біздің қатысушылар 11 медальонмен марапатталды. Мұндай марапат өз құзыретінде халықаралық стандартқа қол жеткізген, бірақ жүлделі орынға дейін балдары сәл жетпеген мамандарға беріледі.Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы чемпионатқа 22 жасқа дейінгі 555 жас маман - WorldSkills өңірлік чемпионаттарының жеңімпаздары жиналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/885493
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС! 18.11.2024
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЙҚАУ!Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бизнес - идеяларды іске асыру үшін (акцизделетін өніммен байланысты қызметті қоспағанда) "Бір ауыл-Бір өнім" бағдарламасының финалистері және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін гранттарға конкурс жариялайды.Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді және Қағидаларға сәйкес конкурстық құжаттаманың толық пакетін тапсыруы қажет.Өтінімдер 2024 жылғы 18 қарашадан 2024 жылғы 22 қараша аралығында қабылданады.Өтінім беру орны: субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы"KEZEKTE.KZ".Электрондық пошта мекенжайы: upp_ulytau@mail.ruБайланыс телефоны: 8 778 108 38 78Өтінімді дайындау, құжаттарды жинау және тапсыру мәселелері бойынша тұрғылықты жері бойынша кәсіпкерлік бөлімдеріне және ӨКП "Атамекен" және Ұлытау облысының қалалар мен аудандардағы филиалдарында.Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматында сканерленген мынадай құжаттардың көшірмелерін тіркейді:1) өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;2) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландырудың бар екенін растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар-жоғы туралы банктік шоттан үзінді-көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалисі болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/885464
ТҮРКІСТАН: БАҒА САЯСАТЫН БҰЗҒАН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ 18.11.2024
Қазіргі нарықтық экономикада сатып алушылардың құқықтарын қорғау мен сауда орындарындағы ашықтық мәселесі аса маңызды. Сөреде тауар бағаларының көрсетілмеуі – бұл көптеген жағдайда жиі кездесетін жағдай. Мұндай жағдайдың пайда болуы құқықтық және экономикалық тұрғыдан бірқатар қиындықтар мен мәселелерді туындатуы мүмкін.ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 193-бабының 4-бөлігіне сәйкес Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2024 жылы дүкендерде сөресінде тауар бағасын көрсетпегені үшін 68 кәсіпкерлік субъектісіне 924 756 теңге айыппұл түрінде шара қолданылды.Сөреде тауарлардың бағалары көрсетілмеген жағдайда сауда орындарында баға көрсетудің міндеттілігі мен оның дұрыстығын қадағалау үшін бақылауды күшейту қажет. Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілікті арттыру керек. Сөреде тауарлардың бағалары көрсетілмеген кезде тұтынушылардың құқықтары бұзылады, нарықтағы ашықтық пен әділ бәсекелестік принциптері сақталмайды. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін, Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ҚР Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген жадынамаларды Түркістан облысында орналасқан сауда орындарына таратылып нақты талаптар қойылды. Тек осы жағдайда ғана тұтынушылардың құқықтары толық қорғалып, нарықтың тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік туады.Құқықтық тұрғыдан ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына сәйкес, және «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 9-бабы, 31-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сауда орындарында тауардың бағасы міндетті түрде көрсетілуі тиіс делінген. Бұл ереже тұтынушылардың өз құқықтарын толық түсінуі мен дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді. Бағалар көрсетілмеген жағдайда сатып алушыға тауардың құнын алдын ала білу мүмкіндігі берілмейді, бұл заңға қайшы келеді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында «Өнімдерді таңбалау және олардың бағаларын көрсету» туралы мемлекеттік стандарттар бар. Бұл стандарттар дүкендер мен сауда орындарының тауарлардың бағаларын нақты және анық көрсетуін талап етеді.Бағалары көрсетілмеген тауарлар супермаркеттер мен базарларда жиі кездеседі. Мұндай жағдайлардың орын алуына техникалық себептер, кейде дүкендер жүйесінің ақаулары немесе жаңа тауарлардың енгізілуі барысында бағалар уақытша көрсетілмей қалуы мүмкін. Бағаны алдын ала білмеу тұтынушыларға жоспарлау мен бюджеттеу қиындықтарын туғызады. Мысалы, баға соңғы сәтте белгілі болған жағдайда, сатып алушы өзінің шығыстарын қадағалай алмайды. Бағалары көрсетілмеген сауда орындары тұтынушылардың сенімін жоғалтуы мүмкін. Сатып алушы кез келген уақытта бағаны өзгертуі мүмкін екенін сезініп, өзіне қолайлы жағдай іздейді.Егерде өз құқығыңыздың бұзылғанын байқасаңыз, дүкен сөрелерінде тауар бағасы жазылмаған фактілерді анықтасаңыз немесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі байқалса, я болмаса сапасыз қызмет алсаңыз Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне сол кәсіпкерге қатысты арыз-шағым білдірсеңіз болады. Ол үшін «жедел желі» нөмірлеріне (+7771 322 8282, +7700 606 0071, +7775 224 5616, +7707 347 3876), сондай-ақ электронды және жазбаша өтініштерді департаменттің мекенжайына (Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтек ауданы, 32 көше, 16 ғимарат, А корпусы, 427 кабинет), «Е-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жіберуге болады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/885450
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЫҢНАН АСТАМ СӘБИ ШАЛА ТУҒАН 18.11.2024
№ 1 облыстық перинаталды орталығында «Шала туылған нәрестелер күніне» орай салтанатты жиын өтті. Іс-шараға осы мекемеде мерзіміне жетпей туылып, тәжірибелі дәрігерлер жүргізген сапалы емнің арқасында ата-анасының көз қуанышына айналған сәбилер қонаққа келді. Сәбилердің құрметіне ұйымдастырылған жиынға арнайы келген аналар сәби сүю бақытын сезіндірген дәрігерлерге ерекше алғысын жеткізді. Шара барысында бүлдіршіндерді орталықтың бейінді мамандары тексеруден өткізді.Жиында №1 облыстық перинаталды орталығының басшысы Салтанат Жабағиева құттықтау сөз алып, әрбір сәбидің өмірі мен денсауылығы өте маңызды екенін тілге тиек етті. Мерзімінен ерте туылған балалар ұзақ мерзімді ерекше күтімді қажет екеніне тоқталып, орталыққа келген әрбір ана мен туылған сәбиге сапалы медициналық көмек көрсету үшін соңғы үлгідегі заманауи құрылғыларды пайдалана отырып, емдеу шаралары сапалы жүргізілетінін айтып өтті. Аналарға ерте босанудың алдын алу туралы маңызды ақпарат берді.Айта кетейік, №1 облыстық перинаталды орталығында жыл басынан бері 5505 сәби дүниеге келген. Оның ішінде, мерзіміне жетпей дүние есігін ашқан 1153 нәресте бар. Перинаталды орталықта он ай ішінде 118 егіз және 4 үшем туылған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/885452
Қарағанды облысында елдің үздік құсбегілері анықталды 18.11.2024
Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінде жасөспірімдер мен жастар арасында аңшы құстармен аң аулау бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Ең мықты бүркітші атағы үшін еліміздің 11 облысынан, Астана мен Алматыдан 60 спортшы бақ сынасты.Жарысқа олар 40 бүркіт, 17 қаршыға және 9 сұңқар алып келді. Аңшылар құстарды қолына тарту, аң аулау және олжа іздеу кезінде оларды бағыттау қабілетімен жарысты.Қарағанды облысынан өнер көрсеткен Қазбек Жандаулет бүркітпен аң аулауда үшінші болды. Бірінші және екінші орындарды Жамбыл және Алматы облыстарының өкілдері иеленді.Бір бүркітшіге бірден белгілі бір санаттағы бірнеше түрлі құстармен өнер көрсетуге рұқсат етілді. Ақмола облысынан Дархан Кеңес бүркіт пен де сұңқармен де жарысқа қатысты.– Менің үлкен ағам алдымен дәстүрлі аң аулауды бастады. Мен де бірте-бірте қызығушылық танытып, онымен бірге жаттығуды бастадым. Бізде сұңқарлар да, бүркіттер де бар. Уақыт болса, әртүрлі құстармен жұмыс істеуді үйренуге болады, – дейді ол. Чемпионатта Дархан сұңқарымен екінші орын алды. Ол сондай-ақ бүркіттермен аң аулайтын финалистердің қатарына кірді, бірақ бұл санатта жүлделі орын алған жоқ.– Дәстүрлі аң аулауда көптеген факторлар рөл атқаруы мүмкін. Бұл ауа-райы, жер бедері, қысым, құстың көңіл-күйі. Барлығы әрқашан бүркіттің шеберлігі мен тәжірибесіне байланысты бола бермейді, дегенмен олар да шешуші рөл атқарады. Менде әлі көп тәжірибе жоқ: әдетте менің ағам жарысқа барады, Мен үйде құстарды бақылап отырамын. Бірақ өткен жылы Көкшетаудағы жарыстарда бүркітпен үшінші орынға ие болдым, – деді Дархан Кеңес.Сұңқар аулауда бірінші орында Алматы облысының өкілі, ал үшінші орында – елорда тұрғыны болды.Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының қатысушылары сұңқармен аң аулауда үздік атанды.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге 500, 300 және 200 мың теңгеге ақшалай сертификаттар табысталды.Фото Бұқар жырау ауданы әкімдігінен Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/885259
Өңірлік кадр резервінің мүшесі Целиноград ауданының әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды 18.11.2024
Өңірлік кадр резервінің мүшесі Даут Дәулет Оралұлы Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Дәулет Даут 1996 жылғы 11 қазанда Көкшетау қаласында туған. 2018 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша бітірді.Еңбек жолын 2019 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде сарапшы лауазымынан бастаған. 2021-2023 жж. аралығында министрліктің экономика салаларын дамыту департаменті салаларды институционалдық дамыту басқармасының бас сарапшысы лауазымында қызмет етті.2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті салаларды институционалдық дамыту басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/885458
АППАРАТ ЖИЫНЫ 18.11.2024
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтті. Өңір басшысы күн тәртібіндегі мәселелерге көшпес бұрын қаржы басқармасы мен қоғамдық даму басқармасының басшыларын таныстырды. Жиын барысында ішкі нарықтағы тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен сапасын жоғарылату шаралары және Ұлытау облысы елді мекендерінде байланыс сапасын жақсарту жайында қос сұрақ қаралды. Алғашқы мәселе бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысы Болат Байкин мәлімдеме жасады. Бұл ретте облыс әкімі жауапты орынбасарларына өңірдегі аттракциондар мен балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтар және жеделсатылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін өңірлік ахуалдық штаб отырысында қарастыруды тапсырды. Күн тәртібіндегі екінші сұрақ бойынша Ұлытау облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Ермек Жазылханұлы баяндама жасады. Өңір басшысы өз кезегінде Ұлытау ауданының әкіміне аймақтағы елдімекендердің байланыс сапасын жақсарту үшін мачта орнататын жерді рәсімдеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/885358
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ 2 МИЛЛИОННАН АСТАМ ТҰРҒЫН ТІРКЕЛГЕН 18.11.2024
Түркістан облысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тұрғындарды қамту шаралары тұрақты жүргізіліп келеді. Барлық медициналық мекемеге 2 миллионнан астам тұрғын тіркелген. Оның ішінде МӘМС жүйесінде сақтандырылмағандар саны 350 мың адамды құрап, өткен аймен салыстырғанда 23 пайызға азайып отыр. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде талқыланды. Өңір басшысы жауапты тұлғаларға арнайы түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және анықтау жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы жұмысты күшейтіңіздер. Әлі де немқұрайлы қарап отырғандар бар. Аудан, қала әкімдіктері жергілікті жауапты басқармамен бірлесіп, жеке кәсіпкерлерге, шаруа немесе фермерлік қожалықтарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырыңыздар. Субсидия алып, кәсібін жүргіземін деген әрбір адам төлеуі қажет. Сонымен бірге медициналық көмек сапасын да жақсарту керек. Жауапты мекеме басшылары өзара бірлесе жұмыс атқарулары тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.Жиын барысында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов баяндама жасап, облыс тұрғындарының сақтандыру санатына өтуі мен МӘМС аясында медициналық қызмет алудағы туындап жатқан өзекті мәселелерге тоқталды. Өңірде 27 мыңнан астам шаруа қожалықтары аталған МӘМС-ті төлемеген. Бұған дейінгі орын алған мәселелер «Е-Сақтандыру» жүйесі арқылы шешімін тауып отыр.Мобильді топтар соңғы 3 айда «Бір аптада – 3%, бір айда – 12%» ұранымен науқандық немесе тұрақты жұмысшыларды «көлеңкелі еңбек» нарығынан жарыққа шығаруға мұрындық болған. Жалпы тұрғындарды МӘМС-ке тарту жұмыстарын күшейту мақсатында өңірлік штаб отырыстары өтіп тұрады. Соның ішінде Д, Е категорияларындағы адам санын азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді.Айта кетейік, Мемлекеттік кірістер департаменті МӘМС жүйесі бойынша төлемдерді 2022-2023 жылдардан бері мүлдем төлем жасамаған 43 мыңнан аса адамға хабарлама жолданып, борышкерлердің есеп шоттары бұғатталған еді. Өткен айдың нәтижесімен 8 мыңнан астамы қарызын төлеген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/885289