Бизнес
«Астанаэнергосерсвис» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы жобасының ХАБАРЛАНДЫРУ 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Астанаэнергосервис» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.Аталған Қаулы жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.Толығырақ:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15496574Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/960769?lang=kk
Қарағанды облысында өңірдің жаңа логотипін әзірлеуге байқау жарияланды 15.04.2025
Қарағанды облысының әкімдігі шығармашыл және талантты тұрғындарды өңірдің рәміздерін құру бойынша байқауға қатысуға шақырады.20 жылдан астам уақыт бойы Суретшілер одағының мүшесі Төлеген Әбілқасовтың облыстың 70 жылдығын мерекелеуге әзірлеген эмблемасы (логотипі) пайдаланылды. Мұрағаттық мәліметтерге сәйкес, оның жобасы байқауда жеңіске жетті. 70 санын алып тастап, бұл логотип барлық жиналыстар мен салтанатты іс-шараларда пайдаланыла бастады. Енді оны жаңартатын уақыт келді.Жобаға қойылатын негізгі талаптар:- қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту қағидаттарын ескеру;- геральдикалық стандарттарға сәйкес келуі;- Қарағанды облысының ұлттық дәстүрлерін, тарихи, мәдени, табиғи және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін көрсету;- бұрын пайдаланылмаған бірегей жұмыс болуы;- айқын көрнекі құрамдас бөлігі (көлемді кескін, модель) болуы;- жазуда тек қазақ тілін пайдалану;- авторлық құқықтарды бұзбау және плагиатқа жол бермеу.- ұлттық-этнографиялық элементтерді (ою-өрнектерді) пайдалануға жол беріледі:- мемлекеттік ту мен елтаңба бейнелерін, сондай-ақ діни, рулық және асыл тұқымдық белгілерді пайдалануға тыйым салынады.Қатысуға тек Қазақстан азаматтары ғана жіберіледі. Ұжымдық жұмыстар болуы мүмкін. Жобаны бірнеше жеке тұлға жасаған жағдайда, олардың барлығы оның авторлары болып есептеледі.Өңірлік рәміздер жобасын әзірлеу қағидалары ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығымен бекітілген.Конкурсқа қатысуға өтінішті қағаз және электронды форматта қазақ және орыс тілдерінде Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасына мына мекен-жай бойынша тапсыру қажет: Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 13, № 408 кабинет. Электрондық көшірмелерді e.ospanova@karaganda-region.gov.kz, n.zhunisov@karaganda-region.gov.kz жіберу қажет.Өтінім үлгісін мына жерден жүктеуге болады.Тапсыру мерзімі – 2025 жылғы 12 маусымға дейін.Барлық жобалар мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия мүшелерімен талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қаралады. Содан кейін жұртшылықтың талқылауына ұсынылды. Ең көп дауыс жинаған жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы сараптамалық кеңестің қарауына жіберіледі. Оң қорытынды алған жағдайда эмблема облыстық мәслихаттың бекітуіне шығарылады.Анықтама үшін байланыс: (8-7212) 50-44-31, 8-700-589-89-28 (Ноян Жүнісов); (8-7212) 50-45-09, 8-775-655-36-09 (Эльвира Оспанова).Байқау өтеусіз негізде өткізіледі: жеңімпаз ақшалай сыйақы алмайды, бірақ оның жұмысы өңірдің танымалдығына үлес қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/954919
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚ ШАРУА ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУДЫҢ АРҚАСЫНДА 400 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛДЫ 12.04.2025
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «Весна» шаруа қожалығы гектарына 400 центнерден өнім алуда. Қазіргі таңда аудандағы рекордтық көрсеткіш осы. Ол мұндай жетістікке тамшылатып суғару технологиясы арқылы қол жеткізген. Бұл туралы қожалық басшысы Батыр Хайдаров аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен семинар-кеңесте мәлімдеді.«Весна» шаруа қожалығының тәжірибесін басқаларға үйрету мақсатында өткен семинар-кеңеске аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мамандары, ауылдық округ әкімдері мен орынбасарлары, ауылдық округ әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы бойынша мамандары және шаруа қожалықтары қатысты.Б.Хайдаров 6,6 гектар жерге қырыққабат дақылының бірнеше сортын еккен. Оның ішінде «Пекин» сорты ерте пісіп шыққан. Қазргі таңда 2 гектардан 85 тонна өнім алып, барлығын да Ресей Федерациясына экспорттаған. Тамшылатып суғару технологиясын пайдаланған қожалық басшысы үлкен пайдаға кенеліп отыр.«Тамшылатып суғару технологиясын ендіру үшін гектарына 1 млн. теңгеге жуық шығын жұмсадым. Соның арқасында еккен егінім бітік әрі өнімді болып, ерте пісіп жетілді. Қазір қырыққабаттың келісін 120 теңгеден теңгеден саудалап жатырмын», – деді Б.Хайдаров.Айта кетейік, биыл Мақтаарал ауданында 281 гектар жерге қырыққабат дақылы егілген. Қазіргі таңда ерте пісіп жетілетін дақылдан 260 тонна өнім жиналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/25848?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН МЕН ГЕРМАНИЯ АРАСЫНДАҒЫ АВТОКӨЛІКПЕН ТАСЫМАЛДАУ КӨЛЕМІ 18,5%-ҒА ӨСТІ 11.04.2025
Тараптар автокөлік тасымалы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, алдағы жылға рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын белгіледі.2017 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тасымал көлемі 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 37,8 мың тоннаға, яғни 166 мың тоннадан 204 мың тоннаға дейін артқан. Негізгі тасымалданатын жүктер - көліктер, механизмдер мен жабдықтар, өсімдік өнімдері, химиялық өндіріс өнімдері жатады. Тараптар 2018 жылы екі жақты тасымалдарға және транзиттік жүріп өтуге арналған алдын ала рұқсаттама құжаттармен алмасуды қазақстандықтар үшін 12 250 дана көлемінде, ал германиялықтарға 6 мың дана көлемінде белгілеу жөнінде келісті. Үшінші елдерден/елдерге рұқсаттама құжаттарын екі тарапқа 1000 дана көлемінде берілетін болып келісілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/26240?lang=kk
БЕЙЖІҢДЕ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН–ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ БЕЙЖІҢ 10.04.2025
Қазақстандық делегацияны ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов, Қытай тарапын ҚХР (ДРІМК) Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Нин Цзичжэ басқарды.Тараптар 2015 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен Қазақстандағы өндірістік қуаттылықтарды дамыту бағдарламасының (51 жоба) іске асырылу барысын талқылады. Тараптар Қытай Даму Банкінің, Жібек жолы Қоры өкілдерінің баяндамалары тыңдалды, индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық бағдарламасының әзірленуі барысын талқылады, сондай-ақ, экономиканың шикізаттық емес секторларындағы, цифрландыру, жасыл және басқа да жоғары технологиялар салаларындағы өзара іс-қимылдарды дамыту жайында пікір алмасты.«Біз қазіргі таңда Қытай мен Қазақстанның даму бағдарламаларын одан әрі сәйкестендіру мәселелерін зерттеп жатырмыз. Осы тұрғыдан алғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауы өте қызықты, оны біз мұқият зерделеп шықтық, ол цифрландыру, индустрияландыру, таза энергия көздерін дамыту және басқа да салалардағы екі ел арасындағы өзара іс-қимыл үшін елеулі мүмкіндіктер ашады», — деді Қытай даму банкінің жоспарлау департаменті директорының орынбасары Ху Дуншэн.«Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын қарастырып, біз сіздердің елдеріңіздің өнеркәсіптік инновацияларды, жасыл экономиканы және басқа да жетекші салаларды дамыту бойынша маңызды жоспарларыңызға назар аудардық. Біз адамзаттың индустриалды саладағы реформаларды талап ететін, жаңа кезеңге аяқ басқанымен келісеміз», - деді ҚХР (ДРІМК) Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Нин Цзичжэ индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Қытай бірлескен комиссиясының 14-ші отырысында.Нин Цзичжэ ДРІМК пікірінше, Қазақстандағы өткізіліп отырған реформаның ең негізгі ерекшеліктері ретінде, индустрияландыру мәселелерінің Интернетті, цифрландыруды, жасыл және «ақылды» технологияларды дамытумен тығыз байланысы екендігін атап өтті. «Қытай да Қазақстан тәрізді экономиканың осы салаларының дамуына басты назар аударады – бізде «Қытайда жасалынған -2025» және «Интернет+» бағдарламалары әзірленген. Қазіргі таңда қытайлық смартфондар әлемде жетекші позицияларға шыға бастады. Және біз, өзіміздің тәжірибемізбен бөлісуге, цифрландыруды және «ақылды» технологиялар саласындағы жобаларымызды Қазақстандағы өндірістік қуаттылықтарды дамыту бірлескен бағдарламасына дайынбыз», - деп атап өтті ол.Айта кететіні, ҚХР Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті – құзыретіне макроэкономикалық реттеу, орта жән ұзақ мерзімді даму стратегиясын анықтау, баға саясаты (оның ішінде, баға монополиялары келісімдері бойынша тексерулер), аймақтардың дамуына көмектесу, ҚХР экономикасының салалық құрылымын жақсарту, қытай инвесторларының негізгі шетелдік инвестициялық жобаларын және ҚХР маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға рұқсаттар бру, экономиканың тұрақты дамуы стратегиясын жүзеге асыру кіретін ҚХР Мемлекеттік кеңесі комитеті болып табылады.Индустрияландыру және инвестициялар саласындағы Қазақстан–Қытай ынтымақтастығы мәселесі шеңберінде, жалпы сомасы 26,2 миллиард доллардан астам 51 бірлескен ауқымды жобаларын жүзеге асыру қарастырылып отыр. Бұлар химия өнеркәсібі, тау-кен-металлургиясы секторындағы, машина құрастыру, инфрақұрылым, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, мұнай өңдеу, құрылыс материалдары өндірісі және ақпараттық технологиялар салаларындағы жобалар.Сонымен қатар, Бейжіңге екі күндік сапар аясында Арыстан Кенжетайұлының China Power International Holding, China Telecom, Shanghai Electric Corp., YTO Group, COSCO Shipping Lines, NFC, NORINCO International және т.б. сияқты ірі қытайлық инвестор компаниялардың басшыларымен В2В кездесулері жоспарланған.Ақпарат көзі: kazinformАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25833?lang=kk
2016 ЖЫЛЫ 80 МЫҢНАН АСТАМ ОТАНДЫҚ АВТОТАСЫМАЛДАУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАСЫМАЛ ЖАСАДЫ 10.04.2025
2016 жылы ҚР ИДМ Көлік комитеті 42 мемлекеттің уәкілетті органдарымен халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыруға 146 010 шетел рұқсат бланкілерімен айырбас жүргізілді, оның ішінде: 119 280 әмбебап бланкісі, 26 730 үшінші елге немесе елден тасымалдау бланкісі.Нәтижесінде, өткен жылы отандық тасымалдаушыларға 97 мыңнан аса шетел рұқсат бланкілері берілді. Оның 80 476 -ы пайдаланылған, бұл бұрын берілген рұқсаттардың 83% құрайды.Отандық тасымалдаушыларға шетілдік рұқсат бланкілерін беру бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылған және электрондық жүйені қолдану арқылы көрсетіледі (www.elicense.kz электронды үкімет порталында).Аталған жүйеде шетелдік рұқсат бланкілерін тарату тасымалдаушының жылжымалы құрамының саны, бұрын алынған бланкілердің кері қайтарылуы және аумақтық органдарда қалған бланкілер есепке алына отырып жүзеге асырылады.2017 жылғы 27 қаңтардағы жағдай бойынша Комитет 39 мемлекеттің уәкілетті органдарынан 102 095 рұқсат бланкілерін алды оның ішінде: 79 635 әмбебап бланкісі, 22 460 үшінші елге немесе елден тасымалдау бланкісі.Бүгінгі күні алынған шетел рұқсат бланкілері Комитеттің аумақтық көліктік бақылау инспекциялары арқылы таратылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13885?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ТҰК-ДАН ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ 10.04.2025
Қазақстан тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеу үшін ең алдымен, трансұлттық компанияларды тартуы қажет. Бұл туралы Президент Н.Назарбаевтың 2017 жылы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған.Мемлекет басшысы Қазақстанда өндірістер ашу жөніндегі Қытаймен бірлескен инвестициялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру керектігін атап өтті. Қазір 6 жоба жүзеге асырыла бастады, ал 2 жоба іске қосылды.-деді Президент. Соның бірі – гибридтік және толықтай электрлі JAC автомобильдерін ірі құрылғылардан құрастыратын зауыт.Н.Назарбаев қажетті инфрақұрылым қалыптастыру жайын ескеріп, экспортқа бағдарланған электромобиль өндірісін одан әрі дамыту мәселесін пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ, биылғы 1 қыркүйекке дейін Үкіметке әкімдермен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, Бірыңғай экспорт стратегиясын әзірлеуді жүктеді. Бұдан бөлек, Үкімет жанынан Экспорт саясаты жөніндегі кеңес құруды тапсырды. Оған бизнес қоғамдастығының өкілдері кіруге тиіс.Президент Үкімет алдында қазірдің өзінде 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту міндеті тұрғанын айтты. Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін бір ведомствоға шоғырландыру қажет. Экспорттаушыларға «бір терезе» қағидаты бойынша өңірлерде де қолдау көрсету керек - деді Мемлекет басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13876?lang=kk
ҚР ИДМ «ЖЕР ҚОЙНАУЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ» КОДЕКС ЖОБАСЫ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТКІЗДІ 10.04.2025
Қоғамдық маңызы бар мәселеге қатысты азаматтық қоғамның пікірін білу мақсатында Астанада алғаш рет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодекс жобасын талқылау жөніндегі қоғамдық тыңдау өтті.Аталмыш шараға ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетов, ҚР ИДМ Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Александр Андрющенко, сонымен қатар, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік салалардың, бизнес және жер қойнауын пайдаланушылардың өкілдері қатысты. Қоғамдық тыңдау барысында ҚР ИДМ Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Руслан Баймишев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасының қатты пайдалы қазбалар бөліміне қатысты негізгі ережелерін түсіндірді. ҚР ИДМ Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары Сәкен Шәкіров «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасының көмірсутекті шикізат бөліміне қатысты негізгі ережелер туралы айтып берді.Сонымен қатар, ҚР ИДМ Қоғамдық кеңесінің геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі комиссия төрағасы Төлеу Шеңгелбаев пен «OlympexAdvisers» ЖШС-нің басқарушы серіктесі, Кодекс жобасын әзірлеуге қатысушы Дияр Ергешев баяндама жасады.Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша, Қоғамдық кеңес комиссиясының хатшысы екі күннің ішінде баяндамалардың мазмұнына сәйкес Хаттама әзірлейтін болады. Онда Кодекс жобасы бойынша айтылған пікірлер мен ұсынымдар хатталады және ол Хаттама ҚР ИДМ-нің ресми сайты мен БАҚ-та жарияланатын болады. Кодекс жобасы бойынша қабылданған ұсынымдарды мемлекеттік органдар, ұйымдар, ҮЕҰ және тағы басқалар қарайтын болады. Айта кету керек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылдың 31 қаңтары күнгі «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа Кодекстің қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырған болатын.Жаңа Кодекс жобасы келесідей тұжырымдамалық өзгерістерді көздейді:– «Бірінші келдің – бірінші алдың» қағидаты бойынша лицензиялық тәртіп енгізу жолымен Австриялық моделге ұқсас жер қойнауын пайдалану құқығын жеңілдету;– Қорды бағалаудың халықаралық тәртібіне көшу;– геологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділік жасау мен оны сандық форматқа ауыстыру;– кең таралған пайдалы қазбалардың тізімін қайта қарау;– елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кеніштерді жабу кезінде кен орындарын жою жөніндегі ережені күшейту;– Жер қойнауын пайдалану мен басқа да күшіндегі келісім-шарттар үшін тұрақтылық кепілдіктері қарастырылған.«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодекс жобасының толық мәтіні ҚР ИДМ-нің www.mid.gov.kz. ресми интернет-ресурсында жарияланған. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Баспасөз қызметіБайланыс тел: 8/7172/ 754284, 754272, 754202www.mid.gov.kz, https://www.facebook.com/mid.gov,e-mail: 241704@bk.ru, https://www.instagram.com/mid.gov.kz/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13872?lang=kk
«ДАМУ» БПҰ МҮШЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ МЕН ЕЛ КОНСТИТУЦИЯСЫНА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ 10.04.2025
6 ақпанда «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» аумақтық филиалының «Даму» БПҰ жиналысы болып өтті. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы, «Даму» БПҰ төрағасы З.С.Сағыновтың төрағалығымен өткен іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева, сонымен қатар, шақырылған қонақтар – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері қатысты.Өз сөзінде З.Балиева Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы айтты. Сондай-ақ ол, аталмыш өзгертуге байланысты еліміздің әр азаматының талқылауға қатысуы маңызды екенін атап өтті. Зағипа Яхияқызы ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыруда Инвестициялар және даму министрлігінің рөлі маңызды екеніне айрықша тоқталып, Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруда еңбектің табысты болуын тіледі.Содай-ақ, жиналыс барысында БПҰ мүшесі, Транзит және көлік логистикасын дамыту департаментінің директоры Серік Бәшімов өз баяндамасында Қазақстан Республикасының территориясы бойынша транзиттік жүк тасымалдаудың қызметі туралы партияластарын хабардар етті. Ал, жастардың атынан сөз алған Стратегиялық жоспарлау департаментінің басқарма басшысы Данияр Қалимолдаев Мемлекет басшысының бағытын ұстанып, Жолдауды жүзеге асыруға бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.Аталмыш жиналысқа БПҰ-ның үш жүзден астам мүшесі қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13857?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫМЕН ЖҮРУІНЕ БОЛАТЫН АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ 10.04.2025
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бірыңғай көлік кеңістігін жүйелі әрі кезең-кезеңмен қалыптастыруға бағытталған Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асыру мақсатында Министрлік еліміздегі қолданыстағы автокөлік құралдарының рұқста берілетін салмақтық және габариттік параметрлерін Одақтың 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 «Көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің нормаларын үйлестіру бойынша шаралар қабылданды.Автомобиль жолдарының салмақ көтеру және өткізу қабілетін, сондай-ақ пайдаланымдағы автокөлік құралдарының конструктивтік параметрлерін ескере отырып, автокөліктің бір қатар санаттары үшін жол берілетін салмақтар арттырылған болатын.Нәтижесінде, үш білікті автокөлік құралдары үшін әр жетекші білік екі қатарлы доңғалақпен жабдықталып және әр білікке түсетін жүктеме 9,5 тоннадан аспаған жағдайда 26 тоннаға, салмағы 18 тоннадан аспайтын екі білікті тартқыш пен екі білікке түсетін жүктеме 19 тоннадан аспайтын жартылай тіркемеден тұратын ершікті автопоездар үшін 38 тоннаға дейін салмаққа рұқсат беріледі.Автокөлік құралдарының екі қатарлы қос білігі үшін әр жетекші білік екі қатарлы доңғалақпен жабдықталып және әр білікке түсетін жүктеме 9,5 тоннадан аспаған жағдайда 17 тоннаға, үштік және одан көп біліктер үшін 1,5 тоннаға ұлғайтылды.Сонымен бірге, Қазақстанның транзиттік потенциалын арттыру және отандық тасымалдаушылардың еуропалық және Орта азиялық автокөлік тасымалдар нарығында бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында автокөліктерге рұқсат берілетін габариттер қайта қарастырылды.Осылайша, жүк көтерімділігі төмен (40 тоннаға дейін) ершікті автопоездардың (құрамында тартқыш пен жартылай тіркеме) ұзындығы еуропалық нормаларға – 16,5 метрге келтірілді, бұл ретте осы нормалармен ҚХР қолданыстағы автокөліктердің параметрлерін сәйкестендірген болатын. Сол себепті, Жартылай тіркеменің тіркеу құрылғысы ілмегінің білігі мен аталған автопоездардың артқы жағы арасындағы рұқсат берілетін арақашықтық 12,0 метрден аспауы тиіс.Тіркемелі және жүк көтерімділігі жоғары ершікті автопоездар (барынша рұқсат етілген 40 тоннадан артық) үшін 20 метрге дейін рұқсат беріледі. Бұл ретте, ершікті автопоездардың жүк тиеу ұзындығы 16,4 метрден, ал тіркемелі автопоезы тартқышының артқы бөлігі мен тіркеменің алдыңғы бөлігі арасындағы қашықтық 0,6 метрден кем емес болған кезде – 17 метрден аспауы тиіс.Аталған жол берілетін салмақтық және габариттік параметрлердің өзгерістері Министрліктің 2016 жылғы 4 қарашадағы № 761 бұйрығымен енгізілді және 2017 жылдың 24 қаңтарынан бастап жүзеге асады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13850?lang=kk
ПАВЛОДАРДАҒЫ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖЕЛІСІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ 10.04.2025
Ағымдағы жылдың 12 ақпаны күні сағат 14:41-де Павлодар қаласындағы Ломов көшесі, 39-үйдің маңында коммуникациялық құдықтан судың ағып кетуінен төрт көп пәтерлі тұрғын үй (562 абонент Ломов көшесі бойынша 39,41,43 және Абай көшесінде 373) суық сусыз қалды. Осыған орай, суды тасып жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды.Сол күні сағат 16:50-де «Қостанай Су» МҚК күшімен (10 жұмыскер және 6 техника бірлігі) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары нормативтік мерзімде (2 сағат ішінде) аяқталып, сумен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді.Мұндай жағдайдың туындауына сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуы себеп болған. (республика бойынша сумен жабдықтау және су бұру желілерініңтозуы орташа 58,8% құрайды).Бұл ретте, желілердің тозуын төмендету үшін Үкімет «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламалары аясында желілерді реконструкциялау және жаңғырту үшін жоспарлы тәртіппен жыл сайын қаражат бөліп отырады.Анықтама:2017 жылы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 84 млрд.теңге бөлінген. Оның ішінде «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі»бағдарламасы арқылы - 36 млрд. теңге, «Нұрлы жол» несиелеу тетігі арқылы- 48 млрд. теңге.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13844?lang=kk
«ҚАЗГЕОЛОГИЯ» АҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БАӘ ЕЛШІСІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ 10.04.2025
Бүгін БАӘ елшілігінде «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Ғалым Нұржанов Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшісі Др. Мохаммад Ахмад Альджабермен кездесті. Кездесуге «Қазгеология» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары Елдар Тағаш та қатысты.Тараптар ынтымақтастықтың бірқатар перспективалы бағыттарын талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дәйекті дамуына сенім білдірді. Биыл қаңтардағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарының аясында «Қазгеология» АҚ басшылығының «Mubadala», «DUBAL», «Bin Hamoodah Group» компанияларының және т.б. әмірліктің жетекші компанияларының басшыларымен кездесулер өткізіліп, онда Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша ынтымақтастық жасау жөніндегі мәселелер талқыланған болатын.Елші Қазақстанда геологиялық барлау бойынша ынтымақтастық жасаудағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін «Қазгеология» АҚ әмірліктің компанияларымен ынтымақтастықта көмек көрсетуге және осы компаниялар өкілдерінің жобаларды толыққанды талқылау үшін Қазақстанға келуін ұйымдастыруға әзір екенін білдірді. Сондай-ақ екі ел үшін ортақ халықаралық мүдделер тоғысатын мәселелерді талқылап, оларды ұдайы үйлестірудің маңызы зор екенін жеткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13842?lang=kk
ҚР ИДМ БАСШЫСЫ Ж. ҚАСЫМБЕК: БИЫЛ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЕНГІЗУ ҮШІН 7-10 ПИЛОТТЫҚ КӘСІПОРЫН ІРІКТЕЛЕТІН БОЛАДЫ 10.04.2025
Индустрия 4.0 технологиясының Қазақстан үшін қосымша мүмкіндіктер әкелетінін көреміз. Осының арқасында шағын ішкі нарық, теңіз сауда жолдарының қашықтығынан шыға алмау, білікті жұмыс күшінің тапшылығы сияқты объективті факторлардың әсерін төмендете аламыз. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек министрліктің алқа мәжілісінде мәлімдеді.Индустрия 4.0 технологиясының элементтерін белсенді түрде енгізу мақсатында министрлік биылға және келесі жылға қадамды жоспар әзірледі. Министрдің айтуынша, Қазақстан жағдайында Индустрия 4.0 технологиясының мәні мен маңызын қалыптастыру мәселесі тұр. Бұл үшін биыл халықаралық тәжірибеге сәйкес ағымдағы жағдайға толыққанды сараптама жасалады және Индустрия 4.0. технологиясының элементтерін өнеркәсіпке енгізу дайындығы пысықталады. Бұл жұмыс жоғары білікті шетелдік серіктестермен бірлесе жасалатын болады.Министрлік алғашқыда шоғырландыруға болатын 3-4 өнеркәсіп секторын анықтауды жоспарлап отыр. Әр секторға ынталандыру жөніндегі нақты қолдау іс-шараларының жиынтығы және міндетті түрде әзірлеу керек стандарттар тізімі белгілмек.«Биыл сараптама қорытындысы бойынша демонстрациялық тиімділікке қол жеткізу мақсатында алдыңғы қатарлы сандық технологияны енгізу үшін 7-10 пилоттық кәсіпорын іріктелетін болады. Бір сөзбен айтқанда, аталмыш кәсіпорындар басқа кәсіпорындар үшін «моделді сандық фабрика» үлгісі рөлін атқарады. Пилоттық жобалар жөніндегі жұмыстар 2018 жылы да жалғасады»,-деп атап өтті министр Жеңіс Қасымбек.Сонымен қатар, сандық технологияны енгізу бойынша жүйеқұраушы кәсіпорындармен де жұмыс күшейтілмек. Бүгіннің өзінде бірқатар компаниялар жаңа сандық шешімдерді енгізуге қызығушылық танытып, іске кірісіп те кетті. Бұл жердегі босатылған жұмыс күші мен еңбек нарығындағы өзгерістерді болжау есебінен сандық технология негізінде модернизациялау жоспарын әзірлеу мен жүзеге асыруда министрлік негізгі міндетті атқарады.Барлық көрсетілген шаралар 2017 жылдың желтоқсанында қабылдануы жоспарланған 2025 жылға дейінгі базалық секторларды технологиялық модернизациялау жөніндегі Кешенді жоспарға бекітілетін болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13693?lang=kk
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВТОМОБИЛЬ ЖӘНЕ ТЕМІР ЖОЛДАРЫ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНДЕ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНАДЫ 10.04.2025
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында су тасқыны кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәулік бойғы диспетчерлік қызмет ұйымдастырылып, күн сайын жолдарда кезекшілік жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысы барысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты.Ж. Қасымбек бүгінгі таңда биылғы жылдың су тасқыны кезеңіне арналған Шаралар жоспары бекітіліп, Су тасқынына қарсы комиссиялардың жұмысы ұйымдастырылғанын баяндады.Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 1 284 автожол көпірі мен 14 686 су жүретін құбыр бар. Қазіргі кезде тәулік бойғы диспетчерлік қызмет ұйымдастырылып, автомобиль жолдарында күн сайын кезекшілік жүргізіледі, сонымен қатар 496 қауіпті учаске, 967 құбыр мен 157 көпір бақылауға алынған.Бекітілген жоспарға сәйкес су тасқыны кезеңінде жұмыстарды уақытылы ұйымдастыру үшін қазіргі кезде қажетті құрылыс материалдары мен конструкциялары әзірленген.Қазіргі кезде су жүргізу құбырын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде, бүгінде 4 257 құбыр немесе жоспардағыдан 39% ашылды.Пойыздардың үздіксіз әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету, жолдарды, жасанды құрылымдарды сеңдерді өткізуге уақытылы әзірлеу мақсатында 383 вагоннан тұратын судың бұзып кетуін бөгейтін 42 пойыз құралды. Бүгінде 110 вагон құрастырылған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ барлық филиалдарында, бірінші кезекте тым шалғайдағы учаскелерде отын және майлау материалдарының қажетті қоры бар.Көпірлердің астында мұздардың кептелісін жою үшін мұздарды уату бойынша бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу мен қар көшкіндерін құлату бойынша келісімдер жасалған.Қауіпті жерлердің тізімі жасалған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарының директорларының нақты әрекеттері айқындалған, аумақтық ұйымдармен бірлесіп су қоймаларына комиссия тексеру жүргізуде.Министр Азаматтық қорғаныс пен көлік, жол және көпірлердің республикалық қызметінің қолда бар күші мен қаражаты көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардың салдарын жоюға және республикалық маңызы бар теміржолдар мен автомобиль жолдарында қозғалысты қамтамасыз етуге жеткілікті екенін атап өтті.www.primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13664?lang=kk
Ж.ҚАСЫМБЕК ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ «КЭМОНТ» АҚ-НЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ 10.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында электр техникалық құрылғылар шығаратын кәсіпорын «КЭМОНТ» АҚ-ның жұмысымен танысты.Өндірістік цех жұмысшыларымен кездесуде кәсіпорынның Бас директоры Елена Беленцева министрге заманауи технологиялық жабдықтарды көрсетті. «КЭМОНТ» АҚ басшысының айтуынша, Eplan негізінде бағдарламалық шешімдері АЭС, ЖЭС, СЭС, ШС және басқа да энергетикалық нысандарды жобалау кезінде қолданылатын АЖЖ-ы (Автоматтандырылған жобалау жүйесі) енгізуді жүзеге асырды.Кәсіпорында 600-ден астам адам жұмыс істейді және орташа жалақы 214 мың теңгені құрайды. 2016 жылы бюджетке шамамен 450 млн. теңге пайда әкелді. Зауытта тау-кен-шахтасы жабдықтарын, электр энергиясымен қамтамасыз етуге және электрмен жабдықтауды іркілістерден қорғауға арналған микропроцессорлы басқарылатын жедел тоқ беретін шкафтар шығару жолға қойылған. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының отандық тауар өндірушілер тізіміне енгізілген. Өнімнің негізгі түрлеріне СТ КZ формасындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификаты берілген.Ақшаға шаққанда өндірілген өнім көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 2016 жылы екі есеге өсіп, 10 026 млн. теңгені құрады. Өткен жылы экспортқа шыққан өнім көлемі 241,1 млн. теңге болды (2015 жылы 33,35 млн. теңге).ҚР Инвестициялар және даму министрінің ШҚО тұрғындарымен кездесуі Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын түсіндіру жұмыстары аясында өтуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13661?lang=kk
ҚР ИДМ: «КӨКТЕМГІ ШЕКТЕУЛЕР КЕЗІНДЕ АУЫР САЛМАҚТЫ АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА БАҚЫЛАУ» 10.04.2025
2017 жылғы 1-наурыз бен 1-мамыр аралығында жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының қозғалуына біліктік жүктемелері бойынша уақытша шектеулер енгізіледі.Енгізілетін уақытша шектеулер кезеңінде автокөлік құралдарының дара, қосарланған және үштік біліктеріне түсетін жүктемелері «Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 162 бұйрығымен анықталған мәндерінен аспауы тиіс.Уақытша шектеулер IV жол-климаттық аймаққа (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) – тиісті жылдың 23 наурызынан 1 мамыр аралығында, V жол-климаттық аймаққа (Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аумағы), Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары) - тиісті жылдың 1 наурызынан 1 сәуір аралығында әрекет етеді.Шектеулер халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын, төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларын, зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді, азық-түліктерді тасымалдауды, жолаушылар мен багаж тасымалын, дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ, қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі қолданыстағы жамылғы бойынша жол-құрылыс жұмыстарына тартылған автокөлік құралдарына таратылмайды.Бұл ретте, бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлері сақтау міндетті болып табылады.Сондай-ақ, климаттық аймағына байланысты 2017 жылғы 1-маусымнан 1-қыркүйекке дейін ауа температурасының 25оС-ден жоғары болуы кезінде дара білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетін қосымша хабарлаймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13611?lang=kk
ҚР ИДМ ТРАНЗИТТІК АВТОТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ҮШІН «СӘТТІ САПАР» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ІСКЕ ҚОСТЫ 10.04.2025
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті «Сәтті сапар» ақпараттық жүйесін пилотты режимде енгізу жұмысын бастады.Жүйе елдің транзитті-көліктік әлеуетін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында енгізілуде. Жүйенің мақсаты бетпе-бет кездесулерді болдырмау, жүктерді жеткізу мерзімін қысқарту, транзиттік тасымалдаушылар үшін әкімшілік кедергілерді жою, тасымалдаушыларға ыңғайлы жағдай жасау және жол бойында тексерістерді жиілетпеу.Бүгінгі таңда жыл сайын Қазақстан Республикасы арқылы шамамен 80 мың транзиттік автокөліктік құралдары жүріп өтеді. Негізгі бағыттар: Қытай Халық Республикасы – Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттері, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Еуропа елдерінен келе жатқан транзитті жүктер.Қазақстан Республикасы арқылы транзиттік жүк тасымалдауды жоспарлап отырған тасымалдаушылар үшін жүйеге өз еркімен тіркелу ұсынылады.Жүйеде мына мәселелер қамтылған:1. Тасымалдаушы sattisapar.gov.kz веб-порталы арқылы Жүйеде өткізу бекеттерін, бағытын, рұқсаттама нөмірін және автокөліктік құрал туралы мәліметтерді көрсете отырып, жүріп өтетін жолын алдын-ала тіркейді.2. Жүйе деректерді тексереді, бірегей нөмір меншіктейді, электронды түрде мәліметтерді тіркейді. Тасымалдаушы оның деректері енгізілген құжатты басып шығара алады.Тасымалдаушыға көліктік бақылау органдарының қызметкеріне аталған құжатты көрсету жеткілікті және қажет болған жағдайда рұқсаттаманың транзиттік бланкін (халықаралық келісімдердің нормасына сәйкес) көрсетеді.3. Көліктік бақылау органдарының қызметкерлері жүйе арқылы құжатта көрсетілген деректерді тексереді. Тасымалдаушымен деректер жүйеге дұрыс енгізілген жағдайда автөкөлік тексеріссіз жүріп өтеді және жүріп өткені туралы электронды белгі қойылады.Бұл ретте тасымалдаушы көліктік бақылау өткізілген күні мен уақытын, және электронды белгіні қойған қызметкердің дерегін sattisapar.gov.kz веб-порталы арқылы көре алады.Қазір «Сәтті сапар» пилоттық режимде енгізілді және одан әрі экспортты-импортты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды тіркеу жоспарлануда.Алдағы уақытта тасымалдаушыларға аталған жүйеде ұялы телефон арқылы электронды түрде қажетті рұқсаттаманы рәсімдеу мүмкіндігі ұсынылатын болады.Басқада сұрақтар бойынша 8(7172)75-47-76 нөміріне хабарласуға болады. Ұсыныс болған жағдайда e.yanabaev@mid.gov.kz электрондық мекен-жайына жазуларыңызды сұраймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13563?lang=kk
ТЕМІРЖОЛ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРЫНА ЖОЛАУШЫЛАРДЫ, БАГАЖДЫ, ЖҮК-БАГАЖДЫ ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ 10.04.2025
2017 жылдың 17 наурызы күні Алматыдағы вагон жөндеу заутының ғимаратында ҚР ИДМ Көлік комиетінің төрағасы Ә.Асаубаев халыққа сапалы теміржол қызметін көрсету мәселелері бойынша көшпелі жиын өткізді. Жиынға әлеуметтік мағызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын отандық тасымалдаушы компания басшылары қатысты.Кеңес барысында мемлекеттік бюджеттен субсидияланатын теміржол көлігімен жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету бойынша Министрліктің алдында шарттық міндеттемелерді орындау мәселесі талқыланды.Министрлік алдында шарт бойынша 6 негізгі талапты және жолаушылар тасымалын дамыту мен сапасын жоғарылатуға бағытталған тасымалдаушының шарттық міндеттерінің 10 тармағын орындау қарастырылған.Қызмет көрсету сапасы мен вагон паркінің жағдайына жолаушылардың шағымдары қарастырылды. Атап айтқанда 43/44Қостанай – Алматы пойызына жасаған жолаушылардың шағымы қаралды.Кеңес барысында ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багаждарын тасымалдау Ережелерін бұзғандығы үшін шарттық міндеттерге сәйкес 11 млн. теңгеден астам соммада айыппұл салынатынын хабарлады. Өткізілген сараптама нәтижесінде шарттық міндеттерді орындамаған жағдайда тасымалдаушылар мемлекеттік бюджет кірісіне 30 млн. теңге көлеміндегі қаржыны қайтаруға міндетті.Бұл саладағы келеңсіздіктерді бұдан әрі болдырмау мақсатында Министрлік тасымалдаушылармен бірлесе отырып, сәуір айында әлеуметтік маңызы бар аралықтарға қатынайтын пойыздарға тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды.Сонымен қоса, кеңесте Астана қаласында «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі өтетін аралықта жолаушылар тасымалын толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі жоспарланған шаралар әзірленді.Бұл жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында қосымша 14 жаңа жолаушылар вагонын, соның ішінде, 3 қала маңындағы пойыздарды шығару жоспарлануда. Сонымен қоса, пойыздарға қосымша шамамен 150 бірлік тіркемелі вагонды тарту жоспарланған. Жалпы, теміржол көлігімен көрмеге 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейінгі аралықта шамамен 1,1 млн. жолаушы келеді, деп жоспарланған. Айта кетейік, жоспарланған шаралардың нәтижесі, соның ішінде вагондар паркін жаңарту мен тарту мәселелері маусым айындағы кезекті кеңесте қаралатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13542?lang=kk
«БЕКЖАНОВ ОҚУЛАРЫНДА» «ҚАЗГЕОЛОГИЯ» АҚ МАМАНДАРЫ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ САЛАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ 10.04.2025
Бүгін Алматыда «Қазгеология» АҚ қызметкерлері «Қазақстанның геологиялық барлау жұмыстарындағы инновациялар мен перспективалы технологиялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Ол «Бекжанов оқулары» деп аталып, қазіргі замандағы аса көрнекті геолог Ғинаят Рахметоллаұлы Бекжановты еске алуға арналған. Ол көзі тірі болса 7 наурызда 90 жасқа толар еді.Конференцияның жұмысына Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден және Канададан 200-ден астам адам қатысуда.Конференция Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің аясында өтуде. «Бекжанов оқуларының» ұйымдастырушылары – ҚР Минералдық ресурстар академиясы, «Қазгео» қазақ геологиялық қоғамы, сондай-ақ Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты.Конференцияның жұмысына «Қазгеология» АҚ-тың бас геологы Берікбол Хамзин қатысты. Ол «Геология саласындағы жобаны басқару», «Жария геологиялық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшу мәселелері» тақырыптарында оқулар шеңберінде өткізілген дөңгелек үстелдерге қатысты.«Қазгеология» АҚ-тың мамандары конференцияда геологиялық барлау жұмыстарындағы инновациялық технологияларға арналған баяндамалар жасап, оларды жұмыс процестерінде, атап айтқанда, геофизикалық зерттеулерде пайдалану туралы айтты.Мысалы, жалпы отырыста «Қазгеология» АҚ-тың геофизиктері Сергей Беляков пен Махамбет Пайдин баяндама жасады.Конференцияда барлығы 30-ға жуық ауызша және 30-дан астам стендтік баяндамалар жасалды. Олардың ішінде «Қазгеология» АҚ-тың Геология департаментінің директоры Павел Ниценконың баяндамасы бар. Баяндама Оңтүстік Балқаш өңірінде ГГК-200 өткізу үлгісінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде компьютерлік қолдау көрсетудің жұмыс тәжірибесіне арналған.«Бекжанов оқуларының» қатысушылары геология саласындағы инновациялық технологиялар мен тиімді әдістер туралы ақпарат алу әрі оларды талқылау бойынша осындай іс-шараларөткізудің маңызын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13537?lang=kk
ҚАЗАҚСТАНДА ОНДАҒАН ІРІ КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУЫ БОЛЖАНУДА 10.04.2025
Астанада МАЙНЕКС Орталық Азия 2017 тау-кен өнеркәсіп форумы өтуде. Шара аясында отандық және халықаралық сарапшылар Орталық Азия аймағының минералдық шикізат әлеуетін игеру мәселелері мен болашағын талқылауда.Форум аясында сөз сөйлеген ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы реформалаудың нәтижелері мен жетістіктеріне тоқталды. Оның айтуынша, «Тәжірибе режимінде Орталық Қазақстанда Степнагорск қаласы маңында 100 шақырымдық аумақ таңдалып алынды және бүгінде 22 жаңа келісім бекітілді. 2017 жылы ақпан айынан Арқалық-Шұбаркөл аумағын және Шығыс Қазақстан облысын барлауға өтініш қабылдана бастады. 2 айдың ішінде 17 типтік келісімшарт жасалды. Қазақстанның жер көлемі мен жер қойнауының ауқымды әлеуетін ескерсек, ондаған ірі кен орындарының ашылуы болжанып отыр. Оның ішінде бірегейлері болуы мүмкін».Қазақстанда қолға алынған реформалар аясында геологиялық барлау бағыты бойынша 11 жаңа технологияны трансферттеу жүзеге асуда.«Бұл технологиялар GIS геодеректер базасының, геохимиялық деректер базасының әзірлемелері, сондай-ақ, геологиялық бақылау мен бағалау жүйесі, деректерді өңдеу сценарийлері кезінде үш өлшемді модельдеу және магниттік интерпретация, геомагниттік деректер және бағытталған поляризациялау деректері, спутниктік деректерді спектрлі имидждік өңдеу әдістемесі, рудалылықтың тікелей белгілерін анықтау үшін технологиялық зертханалық талдау, VTEM, ZTEM, AMT+MT геофизикалық технологиялар. Аталмыш технологиялар 2,5 шақырымдағы және оданда ары тереңдңктегі темір рудасын зерттеуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Тимур Тоқтабаев.Сондай-ақ, форум аясында мемлекеттік органдардың өкілдерінің және жер қойнауын пайдаланушылардың, отандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі жобасының концептуалдық мәселелерін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13449?lang=kk