Бизнес
Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Бұланды ауданында болды 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Үкімет басшысының тапсырмасымен Бұланды ауданындағы ахуалмен танысты.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов және Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камаловпен бірге Макинск қаласындағы су тасқыны қаупі бар барлық аумақтар араланып, жағдай жіті тексерілді.Бүгінде ауданда су тасқынының салдарын жою бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Макинск қаласында қалпына келтіру іс-шаралары белсенді түрде атқарылуда. Облыстық жедел тасқынға қарсы штабтың шешімімен су еркін өтуі және тұрғын үйлерді су басудан сақтау мақсатында облыстық маңыздағы автожолдың белгілі бір бөлігі бұзылып, суға жол ашылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында су деңгейі бір метрге төмендеді.Қазіргі таңда Макинск қаласының 12 учаскесінде жұмыс жүріп жатыр. Құтқару шараларына Көкшетау, Қарағанды, Астана және Атбасар қалаларынан келген ТЖ бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар мен М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттары жұмылдырылған. Барлығы 319 адам, 86 техника, 30 мотопомпа, 5 ПНС және 2 жүзу құралы тартылған.Сапар қорытындысы бойынша су тасқынының салдарын жою жұмыстарын жедел жүргізу, аулалар мен жеке тұрғын үйлерден суды толық сорғызып, бағыттау, су деңгейі түскеннен кейін бүлінген жол учаскелерін қалпына келтіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.Аталған мәселе Үкіметтің жіті бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/970448?lang=kk
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ТАНЫСТЫ 15.04.2025
Түркістан қаласында премьер-министр облыс орталығындағы құрылыс барысын қадағалады. Үкімет басшысы жаңа халықаралық әуежай құрылысының басталуымен танысты. Нысан облыс орталығынан 16 шақырым жерде орналасқан және 2020 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілетін болады. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайды деп жоспарлануда.Одан әрі Асқар Мамин облыс орталығының құрылыс барысын тексеріп, салынып жатқан әкімшілік, әлеуметтік, мәдени-тарихи нысандарды аралап көрді. Үкімет басшысы облыс әкімдігі ғимараттарының құрылыс нысандарын, медиа-орталықты, конгресс-холлды, "Нұр-сұлтан" алаңын, Халыққа қызмет көрсету орталығын аралады. Әлеуметтік маңызы бар нысандар арасында Асқар Мамин спорттық және музыкалық мектептер, туристік бағыттағы колледж, стадион, оқушылар сарайы мен спорт сарайлары құрылысының барысын қарап шықты. Сонымен қатар, ол салынып жатқан қазақ драма театры, Неке сарайы, сондай-ақ аттракциондары бар саябақ, музыкалық субұрқақ және амфитеатр ғимараттарын аралап көрді.ҚР премьер-Министрі қаланың тарихи-мәдени орталығында, Х. А. Яссауи мұражайын, "Ұлы Дала Елі" орталығын, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананы, Шығыс моншасын, Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің Ұлттық орталығының ғимараттарын қайта жаңарту, Визит-орталық, Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді. Одан соң премьер-министр жаңа саябақтың және қалалық Арбаттың құрылыс алаңдарына барды.Шымкентте Асқар Мамин қалалық кәріздік-тазарту құрылыстарының аумағында болып, сарқынды суларды тазарту жүйесі мен электр энергиясын өндіруге арналған тұнбаны өңдеу кешенінің (биогаз қондырғысы) жұмысын қарап шықты. Жұмыс сапарын аяқтай келе премьер-министр "Shymkent Bus" бірінші автобус паркіне барды, онда тұрақты қалалық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және жергілікті қоғамдық көліктің жылжымалы құрамын жаңарту туралы баяндалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/20414?lang=kk
АРЫС ҚАЛАСЫНДА 1172 ҮЙДЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 15.04.2025
Қаланы қалпына келтіруге тартылған құрылысшылар саны 6159 адамнан асты. Қаланың 17 секторында 250 бірлік арнайы техниканы тарту арқылы, 197 құрылыс компаниясы жұмыс істейді.Сондай-ақ, 65 әлеуметтік нысан қалпына келтірілуде, онда 1746 құрылысшы жұмыс істейді. Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев бастаған ИИДМ мамандары Арыс қаласындағы үйлердің мониторингін және құрылыстың барысын бақылауды күн сайын жүргізеді. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/20037?lang=kk
ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР АРЫС ҚАЛАСЫНДА 2179 ҮЙДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ 15.04.2025
Тұрғын үйді қалпына келтіруге 7596 жұмысшы (бір күн бұрын – 7380 күн) тартылды. Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласындағы барлық тұрғын үй қорының 85%-ы әскери полигондағы жарылыстан зардап шеккен болатын. Бүгінгі таңда мамандар 183 үйді қайта тұрғызып жатыр.Тағы 1950 жұмысшы 66 әлеуметтік нысандарда жұмыс істейді. 4 нысан (1 – білім беру, 2 – денсаулық сақтау, 1 – спорт) толық қалпына келтіруді талап етеді.Министрлік тарапынан бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев құрылыс жұмыстарының барысына күнделікті бақылау жасап, мониторинг жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/19933?lang=kk
ҚР ИИДМ БИЛЕТТЕРДІ ҚАЙТА САТҚАНЫ ҮШІН ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ЕНГІЗУДІ ҰСЫНАДЫ 15.04.2025
Қазіргі уақытта, билеттерді заңсыз қайта сату "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 449-бабындағы «қоғамдық орындарда ұстау» бойынша ғана әкімшілік жауапкершілікті көздейді. Басқа жауапкершілік әзірше жоқ. ҚР ИИДМ тұрақты негізде қазақстандық тасымалдаушыларға жолаушылар вагондары паркін жаңарту үшін жағдай жасауда. Бұдан басқа, тасымалдаушылар жыл сайын жазғы кезеңде негізгі бағыттар бойынша қосымша поездар санын қосады. Сонымен қатар, жолаушылар ағымының ұлғаюына байланысты негізгі бағыттар бойынша билеттердің жасанды тапшылығы байқалады, бұл ретте оларды сату бойынша заңсыз делдалдар жандана түседі.Билеттердің заңсыз сатылуына тосқауыл қою үшін осы жылдың наурыз айында ҚР ИИДМ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі және "ҚТЖ" ҰК" АҚ арасында теміржол тасымалдауы саласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлық мәселелерін болдырмау көзделген жол картасына қол қойылды.Осы құжатқа сәйкес, "ҚТЖ "ҰК" АҚ билеттерді сату және жолаушыларды поезға отырғызу кезінде заңсыз іс-қимылдар жасауды бақылау және шектеу әдістерін қарастыра отырып, билет сататын "Mobius" жүйесін жетілдіру қажет деп тапты. Алайда, билеттерді заңсыз сату фактілері жалғасуда.Сонымен, 28 шілде күні ҚР ИИДМ Көлік комитеті қоғамдық ұйымдармен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп өткізген рейдтер кезінде, Шымкент, Алматы, Нұр-сұлтан, Атырау және Тараз қалаларының вокзалдарында билеттерді жоғары бағамен ұсынатын, сондай-ақ билетсіз қажетті пойызға отырғызуға уәде берген "делдалдардың" болған фактілері анықталды. Алты адам ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы "қоғамдық орындарда ұстау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Анықталған фактілер бойынша, министрлік "ҚТЖ" ҰК "АҚ" Жолаушылар тасымалы" АҚ мен Магистральдық желі дирекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты шаралар қабылдау қажеттігін, сондай-ақ билеттерді заңсыз сатуға қатысқан жеке билет кассаларымен шартты бұзу қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/19892?lang=kk
Қосшылықтар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты 15.04.2025
Қосшы қаласында, «Лесная поляна» тұрғын үй массивінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыстық сенбілік өтті. Акция барысында Қосшы қаласы аумағын қоқыстан тазарту, көгалдандыру және қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстарын жүргізді.Іс-шара «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде ұйымдастырылып, қала тұрғындарын экологиялық тазалыққа баулу бағытында жүргізілді. Тазалық шарасына 250-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында қалалық мәслихат депутаттары, «Аманат» партиясының өкілдері, волонтерлер, белсенді жастар және азаматтық қоғам мүшелері болды.Қосшы қаласында тазалық ацкиялары үнемі өткізіліп келеді. Соның ішінде «таза бейсенбі» және сенбіліктер, сондай-ақ Сарқырама өзені маңын тазарту, тарихи-мәдени нысандарды қалпына келтіру және балалар алаңдарын абаттандыру жұмыстары атқарылып келеді.«Бүгін «Лесная поляна» шағын ауданында өткен #ТазаҚазақстан экологиялық бейсенбілігі өте сәтті өтті. Қала тұрғындарының белсенді қатысуымен ауламызды тазалап, табиғатымызға деген қамқорлығымызды көрсеттік. Мұндай іс-шаралар қаламызға жаңа тыныс береді», – деді қалалық мәслихат депутаты Сәбит Дүкенбаев.Ал қалалық мәслихат депутаты Динара Райханова табиғатты таза ұстаудың маңыздылығына тоқталып, Қосшы қаласының тазалығын ұстауға барлық тұрғынын атсалысуға шақырды.«Өкінішке орай, қоқыс тастау мен табиғатты ластау әлі де кездесетін жағдайлар. Бірақ егер біз бірлесе күш жұмсасақ, Қосшы қаласын таза әрі әдемі қалаға айналдыра аламыз. Таза қала – бұл жақсы өмір сүру ортасы. Сондықтан, мұндай сенбіліктер тек бір күндік шара емес, тұрақты түрде өткізіліп отыруы керек» – деді ол.«Таза Қазақстан» акциясы аясында қосшылықтар ауызбіршілктерін көрсете білді. Олар көпшілкке ас дайындап, түрлі көңіл күй көтеретін шаралар да ұйымдастырды. Қосшы қаласының мәслихат депутаты И.С. Осипова және экологиялық белсенді Шасалим Шагалимовтың бастамасымен мектептер арасында ПЭТ бөтелкелерін жинау бойынша жарыс өтті. Нәтижесінде, 746 кг пластик жиналып, жеңімпаз мектептер ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бұл үрдіс қала тазалығына арналған шараларға қатысушылар қатарын көбейтуге ынталандырмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/968279?lang=kk
Қостанай өңіріне жұмыс сапары аясында көлік министрі Марат Қарабаев облыс тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады 15.04.2025
Тұрғындармен талқыланған басты тақырыптың бірі Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы өтіп, Астананы Транскаспий халықаралық көлік бағытымен байланыстыратын автожол құрылысы болды.Сондай-ақ министр Арқалық әуежайын қалпына келтіру жоспарланып отырғанын айтып жеткізді. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары аяқталып қалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/968159?lang=kk
ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Ордабасы ауданы тұрғындарымен кездесуі 2025 жылғы 04 сәуірде сағат 10.00-де аудандық мәдениет үйінде (Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені Қажымұқан көшесі №219), жеке қабылдауы сағат 11.00-де аудан әкімі аппаратының ғимаратында (Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені, Т.Рыскулов көшесі №14) өтетінін хабарлаймыз.Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 5-92-22, 5-98-90, 5-98-80 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2025 жылғы 02 сәуірге дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/962148?lang=kk
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесті 15.04.2025
Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Талғат Ластаев өңір тұрғындарымен кездесу өткізді.Тұрғындармен кездесуде көлік вице-министрі азаматтардың автомобиль жолдарын салу, теміржол тасымалы, азаматтық авиация және көлік инфрақұрылымының басқа да бағыттары бойынша сұрақтарына жауап берді.Халықпен кездесу барысында Талғат Ластаев жол инфрақұрылымын дамыту аясында 2025 жылы Ұлытау облысында бірқатар ірі жобалар жоспарланып отырғанын атап өтті. Атап айтқанда, «Қызылорда – Жезқазған» автожолының 208 шақырымдық учаскесін қайта жаңарту жұмыстары. Оның ішінде жолды III техникалық санаттан II техникалық санатқа көшіру жұмыстары басталады. Бұл жол жүру уақытын 4 сағаттан 2 сағатқа дейін қысқартады.Сонымен қатар, «Қарағанды-Жезқазған» автожолын қайта жаңарту жұмыстары басталып, «Жезқазған-Петропавл» жолын орташа жөндеу жұмыстары жалғасады. 2025 жылдың соңына дейін Ұлытау облысындағы жергілікті жолдарда 3 бірлік автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату жоспарлануда.Сондай-ақ, қолданыстағы терминал ғимаратын қайта жаңарту және сағатына 300 адамды қабылдайтын жаңа терминал салу жобасы әзірленуде және Жезқазған, Жаңаарқа, Қаражал, Қызылжар станцияларының теміржол вокзалдарын жөндеу жоспарлануда.Бұл бастамалардың барлығы өңірдің көліктік-логистикалық жағдайын жақсартуға және көлік инфрақұрылымының сапасын арттыруға бағытталған.Кездесу барысында жергілікті тұрғындар «Жезқазған-Ақтау», «Жезқазған-Алматы» әуе рейстерінің ашылуы, «Жезқазған-Астана» әуе рейстері санын ұлғайту, «Жезқазған-Астана» вагондарын жаңарту, «Жезқазған-Алматы» жолаушылар поездының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізу мәселелерін көтерді. Сондай-ақ Сәтбаев қаласының айналма жолын салу, Шұбаркөл кенті арқылы өтетін «Ұлытау-Астана» автомобиль жолын салу, Ұлытау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметіне және жүк автомобильдеріне арналған автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату және Жезқазған қаласында сауда-логистикалық хаб құру бойынша мәселелерді көтерді.Барлық өтініш білдірушілерге толық жауаптар, түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/965835?lang=kk
Көлік вице-министрі Ұлытау облысындағы бірқатар көлік инфрақұрылымы нысанына барды 15.04.2025
Әуежай инспекциясы барысында ұйым басшылығы вице-министр Талғат Ластаевқа Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде әуежайды жаңғырту және дамыту іс-шараларының іске асырылуы туралы баяндады.Әуе айлағын пайдаланушы «Жезқазған-эйр» авиакомпаниясы» акционерлік қоғамы. 1973 жылы салынған әуежай 2005-2009 жылдары жөндеуден өткен. Бүгінгі таңда кәсіпорынның алдында өткізу қабілетін арттыру және әуежай инфрақұрылымын жаңғырту сынды жаңа стратегиялық міндеттер тұр.Жоба аясында жолаушылар терминалын қайта жаңарту жоспарлануда, бұл оның өткізу қабілетін сағатына 120-дан 250 жолаушыға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ұшу-қону жолағының (2600 × 45 м) әуеайлақ жабындарын, перронды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау биылғы жылдың қазан айына жоспарланған.2024 жылдың қорытындысы бойынша әуежай 118 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетті. Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларына 16 тұрақты рейс орындалады. Мемлекет тарапынан субсиядияланатын Жезқазған – Қарағанды және Жезқазған – Шымкент бағыттары бойынша қатынайтын құны 10 мың және 18 мың теңгені құрайтын әуе билеттері қарастырылған.Ел тұрғындарының шағымдары мен ұсыныстарын ескере отырып, Жезқазған – Қарағанды бағыты бойынша қатынайтын әуе кемесі АН-24-тен Bombardier Q-400-ге ауыстырылды. Бүгінгі күні субсидияланатын рейстерді «Qazaq Air» әуекомпаниясы орындайды.Вице-министр инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру әуежайдың пайдалану мүмкіндіктерін жақсартады, ұшу географиясын кеңейтеді, ұшу қауіпсіздігі деңгейін және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырады деп атап өтті. Осыған байланысты ол жұмысты жеделдетуді тапсырды.Сондай-ақ, вице-министр Жезқазған қаласының теміржол вокзалының жұмысымен танысты.1941 жылы салынған Жезқазған теміржол вокзалының ауданы 524 шаршы метрді құрайды және тәулігіне 1800 жолаушыға қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта Ұлытау облысының аумағында Астана, Алматы, Павлодар, Қызылорда және Қарағандымен көлік қатынасын қамтамасыз ететін 7 жұп жолаушылар пойызы жүреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/965816?lang=kk
Евней Бөкетовтың 100 жылдығына орай Ғылыми кеңестің салтанатты отырысы өтті 15.04.2025
ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» ШЖҚ РҚМ филиалы Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтында Ғылыми кеңестің салтанатты отырысы өтті. Іс-шара химия-металлургия мектебінің негізін қалаушының, көрнекті ғалым-химик және металлург, талантты жазушы, аудармашы және әдебиеттанушы Евней Бөкетов туғанына 100 жыл толуына арналған. Оның өмірі мен қызметі ғылым мен әдебиет синтезінің жарқын мысалы болды, ол қиындықтарға толы, сонымен бірге жетістіктерге толы болды.Ғалым-химиктің маңызды әзірлемелерінің бірі марганец және темір кендерін кешенді пайдалану тәсілдерін зерттеу, сондай-ақ Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі үшін жаңа серпін берген мыс электролитінен мышьяк алу болды. Оның элементар фосфорды бөлу әдісі Бөкетов-Баешев әдісі ретінде белгілі болды және өндіріс процестерін едәуір жеңілдетті.Салтанатты Ғылыми кеңестің отырысына Евней Бөкетовтың шәкірттері, туыстары мен әріптестері қатысты. Бұл оқиға оның ғылымға қосқан үлесі туралы жылы сөздер мен естеліктер алаңына айналды.Оқушылар мен әріптестер Евней Арстанұлы идеялары оларды өз зерттеулеріне қалай шабыттандырғаны туралы естеліктерімен бөлісті. «Ол ғылым әлеміндегі нағыз шамшырақ болды», – атап өтті Кеңес мүшелері. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/963626?lang=kk
Көлік министрі Марат Қарабаев «Çalık Holding» түрік компаниясының басқарма Төрағасы Ахмет Чалықпен кездесті 15.04.2025
Тараптар Қазақстанның көлік - логистика саласындағы инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.Түрік тарапы Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) инфрақұрылымын дамыту мақсатында бірқатар жобаны іске асыруға қызығушылық танытты.Көлік ведомствосының басшысы Марат Қарабаев инвесторлар үшін барлық қажет жағдай жасалатынын атап өтті.Екіжақты кездесу соңында түрік тарапы «Çalık Holding» экономиканың түрлі салаларындағы жобаларды белсенді түрде іске асырып жатқанын, сондай-ақ ТХКБ әлеуетін арттыру аясында көлік саласындағы жобаларды неғұрлым өзекті деп санайтынын атап өтті.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі дамытуға ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/963461?lang=kk
ТҮРКІСТАНДА «АЛҚОҢЫР» АНСАМБЛІНІҢ АЛҒАШҚЫ КОНЦЕРТІ ӨТТІ 15.04.2025
✔️Түркістан қаласында «Конгресс холл» кешенінде «Alqonyr» фольклорлық ансамблінің Ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз сазы» атты алғашқы концерті өтті. Концертте ұлттық музыкамыздың жауһары саналатын шығармалар, халық әндері орындалды.✔️Ансамбльге «Құрмет» орденінің иегері, Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Еркін Нұрымбетов дирижерлік етті. Сонымен қатар Қырғызстанның «Акак» комузшылар ансамблінің солисі Курманбек Жалил уулы ансамбльмен бірге өнер көрсетті.✔️Бұл кеште кешеннің «Jana lep» шығармашылық ұжымы мен «Samgau» би ансамбліде өнер көрсетіп, жеке ән орындауда Айдос Иманжаппаров, Мейірімхан Назархан, Асыл Жомарт пен Жанәділ Ақерке елдің зор ықыласына бөленді. Кештің көркемдік жетекшісі Мерей Маханов болса, музыкалық жетекші Венера Жұбайқызы. Ал топ меңгерушісі Кенжебек Пірмахан.✔️Айта кетейік, «Alqonyr» фольклорлық ансамблі 2023 жылдың күзінде құрылды. Ансамбль құрамында саз сырнайшы, төрт домбырашы, прима қобызшы, қыл қобызшы, екі баяншы мен дауылпазшы бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/962157?lang=kk
ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕГІ НАУРЫЗ-ДУМАН «ӘН МЕН ӘНШІ» КОНЦЕРТІНЕ ҰЛАСТЫ 15.04.2025
✔️Наурыз мейрамына орай Түркістан төрінде «Ән мен әнші» концерті өтті. Киелі шаһардың ерекше мәртебе алу құрметіне арналған мерекелік думанды Түркістан қаласы әкімдігі ұйымдастырды. Күндіз Наурыз мерекесіне арналған ауқымды іс-шараны тамашалаған түркістандықтар мен қонақтар кешке мағыналы концертте бас қосты.✔️Бұл кеште қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары Роза Рымбаева мен Мақпал Жүнісова бастаған әншілер өнер көрсетті. Есті әндер жүректерді жылулық пен әсерлі әуенге толтырып, әдемі көңіл-күй сыйлады.✔️Концертте шырқалған әндер мен ерекше атмосфера көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Керуен сарай» кешеніне келген адам қарасы көп болды. Қала тұрғындары мен қонақтары керемет бағдарлама мен эмоцияға толы сәттерге риза болып тарқасты.✔️Айта кетейік, Түркістандағы Наурыз тойы тойы бүгін «Конгресс холл» кешенінде республикалық ақындар айтысымен жалғасады. Сондай-ақ Түркістан музыкалық драма театры бүгін және ертең «Вальс королі» қойылымын көрермен назарына ұсынады. Аудан, қалаларда мерекелік іс-шаралар жалғасады.Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/962156?lang=kk
ОТЫРАР АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеровтің Отырар ауданының тұрғындарымен кездесуі 2025 жылғы 04 сәуірде сағат 15.00-де аудандық мәдениет сарайында (Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы №52), жеке қабылдауы сағат 16.00-де аудандық «Отырар аудандық археологиялық қорық-музейі" ғимаратында (Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы №1) өтетінін хабарлаймыз!Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 5-92-22, 5-98-90, 5-98-80 байланыс телефондар және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2025 жылғы 02 сәуірге дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/962149?lang=kk
ТҮРКІСТАНҒА «ЖІБЕК ЖОЛЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПОЙЫЗ БАҒЫТЫМЕН 300 ТУРИСТ КЕЛДІ 15.04.2025
✔️Наурыз мейрамына «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен Түркістанға 300-ден аса турист келді. Саяхатшылар Түркістан қаласының көрікті орындарын аралап, Наурыз мейрамын тамашалауды жоспарлап отыр.✔️Олар Түркістанның тарихымен, мәдениетімен танысады. Арыстанбаб кесенесі, Отырар қалашығын аралап, Қожа Ясауи кесенесіне зиярат етеді. Сондай-ақ қаланың жаңа сәулет нысандарын, атап айтсақ, «Жастар» саябағын «Керуен сарай» кешенін аралайды.✔️Айта кетейік, өткен жылы «Жібек жолы» туристік пойызы өз жұмысын бастаған болатын. Бірнеше күнге созылатын саяхатта туристер Алматыдан бастап, Түркістан, Ташкент, Самарқанд және Шымкент қалаларын аралап, туристік орындарымен танысады.✔️Түркістанда туристік маусым 19 наурызда ресми түрде ашылды. 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында E-qonaq бойынша қалаға келген шетелдік туристер саны 1310 адамды құрады. «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы берген мәлімет бойынша қаңтар-ақпан айында 47 мыңнан астам келушi тіркелген. 2024 жылы Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы атанды. Бұл мәртебе өңірдің туристік ағынының артуына ықпал етті. Өткен жылдың наурыз айында қалаға келушілердiң саны 79,8 мың адамды құраған. Түркістан қаласының ерекше мәртебеге ие болуына байланысты бұл көрсеткіштердің тағы да арта түсері анық.✔️Өңірде 235 орналастыру орны және 75 санаториялық-курорттық ұйым жұмыс істейді. 2024 жылдың қорытындысымен өңірдегі табиғи аумақтарға 128,6 мың адам, тарихи орындарға 880,1 мың адам саяхаттаған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/962146?lang=kk
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІНДЕ 150 ШАБАНДОЗ ҚАТЫСҚАН КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ 15.04.2025
✔️Сарыағаш ауданына қарасты Қызылжар атшабарында ұлттық спортты ұлықтау мақсатында 2001 жылғы ауыл жастарының демеушілігімен ат спортының жаппай көкпар түрінен жастар арасында ұлттық ойын болып өтті. Көкпарға 150-ге жуық шабандоз қатысып,шеберліктерін көрсетті.✔️Ұлттық ойынды ұйымдастырудағы басты мақсат – бағзы заманнан бері бабамыздан баламызға мирас болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарымызды жастар арасында кеңінен насихаттау, салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын дәріптеу, туған елге, жерге, өз Отанына деген жастардың сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/962145?lang=kk
ТҮРКІСТАНДА ҚМДБ-НЫҢ ИСЛАМ ИНСТИТУТЫ АШЫЛАДЫ 15.04.2025
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілдерімен кездесті. Басқосуда руханият саласындағы мәселелер қозғалды. Сонымен қатар шаһарда ҚМДБ имамдарының білімін жетілдіретін Ислам институтын ашу, институттың жұмысын жүйелендіру бойынша Жол картасын әзірлеу, штаттық құрылымын жасақтау және бекіту, облыс көлеміндегі мешіт қызметкерлерінің біліктілігіне мониторинг жүргізу, қажеттілігіне қарай біліктілігін арттыру курстарын оқыту жолдары сараланды. Облыс әкімінің орынбасары аталған орталықты ғылыми-зерттеу институты ретінде тіркеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.– Қазіргі таңда дін саласындағы қызметкерлердің білімі мен біліктілігін көтерудің маңызы артқан. Сондықтан біліктілікті арттыру курстарына республикаға танымал, дін, тарих, мәдениет, философия және тағы басқа ғылымдар бойынша сарапшылар мен спикерлерді жұмылдыруды қолға алсаңыздар. Алдағы уақытта Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу бағытында халықаралық деңгейде конференциялар өткізіледі, солардың қорытындыларын да жұмыста кеңінен пайдалануды қарастыруды ұсынамын. Түркістанда мықты теологтар мен профессорлардан дәріс алу арқылы дін қызметкерлерінің білімі жетіле түсіп, елге сапалы қызмет етудің деңгейі артады деп ойлаймын, – деді Ертай Кенжебекұлы.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов өз сөзінде Түркістанның Қазақстанның рухани орталығы ретінде ерекше орны бар екенін атап өтіп, жақында ашылатын институт өңірдегі имамдардың білімін шыңдауға серпін беретін орталыққа айналатынына сенім білдірді.Аталған институт биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл орталықта Қожа Ахмет Ясауи еңбектері мен ғибратты хикметтеріне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласының дін саласында қызмет атқарып жүрген имамдарының білімін жетілдіру көзделіп отыр. Сонымен бірге тарихты, классикалық еңбектерді оқытып, діни мәселелерді түсіндіру қабілетін арттыру жоспарланған. Мұнда дін ғұламалары мен теологтар дәріс береді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/962144?lang=kk
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесуі 2025 жылғы 3 сәуірде сағат 15.00-де аудандық мәдениет үйінде (Т.Рысқұлов ауылы, С.Ахметов көшесі №205), жеке қабылдауы сағат 16.00-де Түлкібас ауданы әкімі аппаратының ғимаратында (Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201), өтетінін хабарлаймыз.Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 5-92-22, 5-98-90, 5-98-80 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2025 жылғы 1 сәуірге дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/962137?lang=kk
САЙРАМ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесуі 2025 жылдың 3 сәуірінде сағат 10.00-де К.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде (Ақсукент ауылы, Абылайхан көшесі, №71), жеке қабылдауы сағат 11.00-де Аудан әкімі аппаратының ғимаратында (Ақсукент ауылы, Жібек жолы көшесі, №95) өтетінін хабарлаймыз.Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 5-92-22, 5-98-90, 5-98-80 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2025 жылғы 1 сәуірге дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/962136?lang=kk