Enbekshi QazaQ

Бизнес

Ақмола облысында мүгедектік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшілер институты белсенді дамып келеді 16.11.2024
Ақмола облысында мүгедектік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшілер институты белсенді дамуда. Бұл маңызды қадам өңірде инклюзивті бастамалардың одан әрі дамуына негіз болды, сондай-ақ тең мүмкіндіктер мен қоғамға интеграциялануды қамтамасыз етті. Облыста мүгедектігі бар 29 мыңнан астам адам тұрады. Бүгінде олар үшін өмірдің барлық салаларына толық қатысуға жағдай жасалуда.«Бүгінгі таңда біздің облыс – елдегі ауылдық округтерде кеңесшілері бар жалғыз өңір. Біз мүгедек жандардың өмірін жақсартуға бағытталған бағдарламаларды іске асырумен айналысамыз және халық пен мемлекет арасындағы «көпір» боламыз. Ай сайын «Ашық есік күндері» өткізіліп, онда мүгедектікті белгілеу, мемлекеттік қолдау, еңбек заңнамасы және басқа да мәселелер бойынша кеңестер беріледі. Жұмыс нәтижесінде өтініштер саны азайды», - деп атап өтті Ақмола облысының әкімінің мүгедектік мәселелері бойынша кеңесші Василий Шиманский.Штаттан тыс кеңесшілер сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыруға өз үлестерін қосуда. Мысалы, 2-топ мүгедегі Иса Қалиев Біржан сал ауданындағы Андықожа батыр ауылының негізгі жалпы білім беретін мектебіне математика пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасса, 3-топ мүгедегі Үміт Махамбетова Көкшетау қаласындағы «Аяла» арнайы балабақшасына диеталық тағам бойынша медбике болып жұмысқа тұрды.Айта кету керек, 2024 жылдың 10 айында 487 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 379 адам тұрақты жұмыспен, 108 адам уақытша жұмыспен қамтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/883312
КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА! Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді2024 жылғы 15 қараша күні ҚР Көлік министрі Қарабаев Марат Кәрімжанұлы Алматы қаласының тұрғындарымен кездеседі. Күн тәртібіне сәйкес ҚР Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер қаралады.Кездесу сағат 11:30-да Алматы қаласы, Шевченко к-сі, 97 мекен-жайы бойынша орналасқан «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті» ғимаратында өтеді.Өңір тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кездесуге шақырамыз.Толық ақпарат үшін телефон: +7 707 808 60 70, Дәулет СәмбетбаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/883319
ОБЛЫСЫМЫЗҒА КАНАДА УНИВЕРСИТЕТІНЕН ДЕЛЕГАЦИЯ КЕЛДІ 16.11.2024
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Канада мемлекеті жоғары оқу орнының өкілдерімен кездесті. Делегация сапарының мақсаты - өңірімізде халықаралық деңгейдегі «Техникалық университет» ашу ісін жүзеге асыру. Жиынға «Ұлытау техникалық университеті» жобасының жетекшісі Мақсұтбек Айтмағанбет, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев және «The Ulytau Educational Foundation» қоғамдық қорының өкілдері қатысты. Өңір басшысы өз кезегінде білім ордасы жобасын жүзеге асыру – Ұлытау облысы экономикасын әртараптандыруға жол ашатынын, кадр мәселесін жетілдіруде оң ықпалын тигізетінін жеткізді. «Жаңа университет тау-кен-металлургия, IT, инженерлік технологиялар, экология және т. б. салаларға халықаралық диплом және екі дипломдық бағдарламамен кадр даярлауды жүзеге асырады деп жоспарлануда», - деді Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков. Техникалық университет жобасы - Канаданың маңдайалды білім ордаларымен тәжірибе алмасып қана қоймай, оқу бағдарламалары аясында студенттердің «Қазақмыс» корпорациясынан өндірістік тәжірибе алу мүмкіндігін береді. Бұл ретте үш жақты ынтымақтастық орнайды. Жиын барысында болашақтағы ынтымақтастықтың түрлі нұсқасы, сонымен қатар жылдам нәтижеге бағыттайтын шешімдер талқыланды. Айта кетейік, қазіргі уақытта Ұлытау облысы әкімдігі тарапынан Жезқазған қаласында Техникалық университет салу үшін жалпы ауданы 20 га құрайтын жер телімі бөлінді және шекарасы белгіленіп, мүлікке кадастрлық төлқұжат алынды. Жалпы құрылыстың өзі 2026 жылы басталады деп күтілуде. Ал нақты қолдануға берілер уақыты жоспар бойынша 2028 жыл.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/883063
Мемлекеттік корпорация цифрлық трансформация жолында 16.11.2024
2024 жылдың 9 айының нәтижесі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 11 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. ХҚКО өз-өзіне қызмет көрсету бөлімінде 5 миллионнан астам қызмет алынған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетілімділігі мен сапасын арттыру стратегиясы аясында Мемлекеттік корпорация цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізу арқылы құжаттарды алу және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл процесін жеңілдетуде.Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруға және жақсартуға арналған цифрлық жобалар кешенін жүзеге асыруда. Мемлекеттік корпорацияның маңызды жобаларының біріне өткен жылы жүзеге асырылған құжаттандыру терминалы кіреді. Оның көмегімен Қазақстан тұрғындары төлқұжат пен жеке куәлікті алуға өтінішті 5 минут ішінде бере алады. Жыл басынан бері аталған қызмет түрін 50000 астам азамат қолданып үлгерген: Астана – 37585, Алматы – 12476, Көкшетау – 540.Одан бөлек Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті қашықтан алуға мүмкіндік беретін «ХҚКО» мобильді қосымшасын белсенді дамытуда. Бүгінгі таңда 79 түрлі қызмет қолжетімді, оның көмегімен 132 890 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 400 181 рет ХҚКО операторлары бейнеқоңырау арқылы қоңырау шалған.«Цифрландыру мемлекеттік қызметтің халыққа тез әрі қолжетімді болуына көмектеседі. Бүгінгі таңда көптеген процедуралар, соның ішінде төлқұжатқа өтініш беру бірнеше минутты алады. Біз қызметтерімізді одан әрі жаңартып, азаматтардың үмітін ақтайтын IT шешімдерді енгізуді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.Айта кетейік, Мемлекеттік корпорацияның негізгі цифрлық шешімдерінің қатарына кіреді:- Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры (БМЖМК). Енді жер актісі мен техпаспорт бірыңғай кадастрлық паспортқа біріктіріліп, құжаттарды қарау уақыты бір жылдан 30 күнге дейін қысқартылды. Сондай-ақ, құжаттарды өңдеу кезеңдеріне онлайн-мониторинг жүргізу мүмкіндігі енгізілді;- Азаматтардың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі үшін электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетке жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, өзгерту және тоқтату туралы хабарламаларды жіберуге арналған сервис әзірленді. Жыл басынан бері 5,7 миллионнан астам хабарлама жіберілді.- Цифрландыру аясында Мемлекеттік корпорация әлеуметтік қорғау және еңбек саласындағы қызметтерді автоматтандыру бойынша жобаларды іске қосты;- тағы да өзге де шешімдер.Айта кетейік, Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген уақытта және кез келген жерде қажетті қызметтерді ала алатындай цифрлық жобаларды дамыту – Мемлекеттік корпорацияның жоспарында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/883078
Атыраулық кәсіпорынға қауіпсіздік сертификатын алуға жұмсалған шығындарының жартысы өтелді 16.11.2024
Өндірістік алаңдардағы функционалды қауіпсіздік басымдыққа ие талапқа айналып келеді. Әсіресе, бұл машина жасау және мұнай-газ секторына қатысты. Мұндай қажеттілік ақаулар, істен шығулар және басқа да жағымсыз жағдайлар туындаған жағдайда барлық жүйелердің, процестердің және құрылғылардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет.Қазақстанда қысым түрлендіргіштерін алғаш шығара бастаған Атырау қаласындағы KMG Automation компаниясы өткен жылы SIL2 деңгейіндегі функционалды қауіпсіздік бойынша халықаралық сертификат алды. Сертификат құны шамамен 3,5 млн теңгені құрады. Осы қауіпсіздік деңгейіне сәйкестігін растау қызметі құнының жартысын QazIndustry өтеп берді.«Біз үшін қауіпсіздік өте маңызды. SIL2 халықаралық сертификатына ие болу қызметкерлер мен қоршаған ортаға келетін қауіптерді азайтуға мүмкіндік береді. «Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы арқылы осы бағыттағы шығындардың 50 пайызын өтеуге мүмкіндік берілетіні бізді қуантады. Бұл – өндірістік процестерді жақсартуға және қауіпсіздік деңгейін арттыруға ұмтылатын компанияларды мемлекет тарапынан қолдаудың тамаша үлгісі», – деп бөлісті сертификаттау және метрология инженері Бақытқыз Тілесова.SIL санатындағы қауіпсіздік сертификаты жүйенің немесе жабдықтың істен шығуы экологияға зиян тигізетін, адамдардың өміріне қауіп төндіретін және айтарлықтай залал келтіретін жағдайлардағы өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін міндетті болып табылады. Қауіпсіздіктің төрт деңгейі бар: SIL1, SIL2, SIL3, SIL4, мұнда SIL1 – ең төменгі деңгей, ал SIL4 – ең жоғары деңгей.SIL2 белгілі бір жабдық үлгісіне беріледі. SIL2 сертификаты бар жабдықты пайдалану апаттық жағдайдың пайда болу қаупін азайтады және объектінің өрт қауіпсіздігін кемінде 100 есеге арттырады.KMG Automation 2015 жылы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Schneider Electric компаниясының бірлескен жобасы ретінде Invensys өндірістік бренді негізінде құрылды және отандық мұнай-газ сегментінде жергілікті құрамды дамыту мақсатында жұмыс істейді. KMGA мұнай-газ секторы үшін технологиялық процестерді автоматтандыру және цифрландыру жобаларын әзірлейді.2018 жылдың желтоқсанында кәсіпорын Foxboro америкалық зауытының технологиясы бойынша қысым түрлендіргіштерін өндіру цехын іске қосты. Бұл - еліміздегі мұндай датчиктерді өндіретін алғашқы алаң. Олар әртүрлі өндірістік және климаттық жағдайларда қысым, деңгей және шығын көрсеткіштерін өлшеуге мүмкіндік береді. KMGA пайдаланатын технология әлемге танымал Schneider Electric компаниясына тиесілі және Қазақстандағы жинау желісі – Schneider Electric-тің әлемдегі төртінші бірлескен өндірісі болып табылады.Қазақстандық түрлендіргіштер толығымен аттестатталған және отандық өлшеу құралдарының бекітілген түрлерінің тізіліміне енгізілген.«Алты жыл ішінде біз төрт мыңнан астам түрлендіргіш өндіріп, іске қостық, олардың сапасына қатысты ешқандай шағым түскен жоқ. 2023 жылы SIL2 деңгейіндегі функционалды қауіпсіздік бойынша халықаралық сертификат алдық. Бұл тек тәуекелдерді азайтып қана қоймай, компанияның тапсырыс берушілер алдындағы беделін нығайтуға мүмкіндік береді», - деп қорытындылады кәсіпорында.Өнімдер мен сапа менеджменті жүйесінің белгілі бір талаптарға сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығындарды өтеу түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық ақпаратты https://qazindustry.gov.kz/ru/business_support сілтемесі арқылы танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/883047
Есіл ауданында жол салынады: жобаларды «Мемсараптама» РМК мақұлдады 16.11.2024
ЕК-15/2, ЕК-16 және ЕК-23 жаңа көшелерінің құрылысын Хан Шатыр СОО маңындағы Анет баба, Қ.Мұхамедханов және Төле би көшелерінің қиылысы ауданында іске асыру жоспарлануда.Бүгінгі таңда жоба 3 кезекке бөлінген.I кезек:- ЕК-13 көш., Е305 көшесінен ЕК-12 көш. дейін;- ЕК-15/1 көш., ЕК-32 көшесінен Қ. Мұхамедханов көш. дейін;- ЕК-16/1 көш., ЕК-23 көшесінен ЕК-27 көш. дейін;- Е-23 көш., Е306 көшесінен «Хан-Шатыр» СОО дейін;- ЕК-20 көш., ЕК-15/1 көшесінен Е306 көш. дейін;- ЕК-27 көш., ЕК-16/1 көшесінен ЕК-15/1 көш. дейін;- №1 РПК-2Т және №2 РПК-2т қондырғысы бар 20 кВ алаңнан тыс электрмен жабдықтау.II кезек:- ЕК-15/2 көш., ЕК-32 көшесінен Қ. Мұхамедханов көш. дейін;- ЕК-16 көш., ЕК-32 көшесінен Қ. Мұхамедханов көш. дейін;- ЕК-23 көш.ЕК305 көшесінен Е306 көш. дейін.III кезек:- ЕК-12 көш., Қ. Мұхамедханов көшесінен «Хан-Шатыр» СОО дейін ;- ЕК-16/1 көш., ЕК-13 көшесінен ЕК-23 көш. дейін;- ЕК-23 көш., Е32 көшесінен Е305 көш. дейін.«Мемсараптама» РМК II кезектегі жұмыс жобасын қарады.Сараптама нәтижелері бойынша жалпы ұзындығы 2,5 км екі және төрт жолақты қозғалыстың II кезекті жолдарын салу жобасына оң қорытынды берілді.Тапсырыс беруші «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ, бас жобалаушы – «АРРУАЛ» ЖШС.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/882989
Киберқауіпсіздік басты орында: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мен TSARKA арасында меморандумға қол қойылды 16.11.2024
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы киберқауіпсіздік саласындағы жетекші компания - TSARKA-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын жариялады. Бұл келісім ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және Мемлекеттік корпорацияның ақпаратын қорғауға бағытталған.Әріптестік аясында TSARKA ақпараттық жүйелердегі осалдықтарды анықтау және жою мақсатында Tumar.One платформасынан зерттеу және тестілеу жүргізу үшін баг-хантерлерді белсенді түрде тартады.Баг-баунти платформасы – тәуелсіз киберқауіпсіздік зерттеушілері бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу және анықталған осалдықтар туралы хабарлау мүмкіндігіне ие болатын инновациялық модель.«Меморандумға қол қою – екі ұйымның киберқауіпсіздіктің жоғары стандарттарын ұстанатынын, мемлекеттік сонымен қатар жеке құрылымдар арасындағы серіктестіктің маңыздылығын растайды. Бұл қадам қауіпсіздікті үздіксіз бақылауды қамтамасыз етіп, мемлекеттік басқару жүйесіне азаматтардың сенімін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті TSARKA Group президенті Олжас Сәтиев.«Цифрлық дәуірде деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің қызметіміздегі негізгі аспектілерінің бірі. Серіктестер бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеп, осал тұстардың анықталғаны туралы хабарлап отырады. Біз өз тарапымыздан бұзушылықтар, рұқсатсыз қолжетімділік және басқа да қауіптерді болдырмау үшін кешенді шаралар қабылдаймыз. Бұл Мемлекеттік корпорацияның деректерді қорғауды күшейтіп, олардың құпиялылығына кепілдік беруіне мүмкіндік береді», – деп қосты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжегалиев.«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мен TSARKA арасындағы ынтымақтастық барлық азаматтар мен ұйымдар үшін қауіпсіз цифрлық ортаны құрудағы маңызды қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/882948
Кітапханада Үндістан мәдениет күндері өтеді 16.11.2024
Абай атындағы балалар кітапханасы 18–22 қараша аралығында Үндістан мәдениетімен танысқысы келетіндер үшін арнайы шара ұйымдастырмақшы. Әлемдік дәстүрді тануға бағытталған жаңа бағдарлама аясында бірқатар кездесулер өткізу жоспарланған. Кіру тегін.«Қазір әлем мәдениетін тану маңызды. Бұл адамның дүниетанымын көзқарасын қалыптастырады. Біздің «Мәдениеттер тоғысы» жобамыз Италия, Жапония және Қытай дәстүрімен таныстырды. Алдымен қарағандылықтарға Үндістан атмосферасына еніп, танысу мүмкіндігін ұсынамыз», – дейді кітапхана өкілдері.Бағдарлама:* 18 қараша сағат 12:00-де – Үндістан мәдениет күндерінің ашылуы; Үнді ұлттық әні мен биі, танымдық викторина өтеді;* 19 қараша сағат 14:00-де – "Йога әлемі" йогадан шеберлік шыңдауға болады;* 20 қараша сағат 15:00-де – "Мехенди өнері" Хна көркем кескіндеме шеберлік сыныбы;* 21 қараша сағат 15:00-де – "Үнді тағамдары" аспаздық сабағы;* 22 қараша сағат 10:30-да – «Золотая антилопа» мультфильміннің көрсетілімі (Үнді ертегілері негізінде).Апта бойы кітапханада кітап көрмесі мен Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі ұсынған сурет көрмесі өтеді. Кітапхананың мекенжайы: Бухар-жырау даңғылы, 30Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/882861
Бурабай ауданында жылумен жабдықтау бойынша алты жоба іске асырылуда 16.11.2024
2024 жылы Бурабай ауданында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жалғасуда. Щучинск қаласында және Бурабай, Зеленый Бор, Оқжетпес кенттерінде жылумен жабдықтау бойынша 6 жоба іске асырылды.Жаңа блоктық-модульдік қазандық осы жылдың көктемінде Оқжетпес ауылында пайдалануға берілді. Қазандықтың белгіленген қуаты сағатына 12,0 Гкал 442 абонентті жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Бурабай және Зеленый бор кенттерінің қазандықтарында қазандықтардың конвективтік бөліктеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді, қосалқы тартқыш, сорғы жабдықтары мен электр бөлігіне престеу және жөндеу жүргізілді.Щучинск қаласының бес жылумен жабдықтау объектілерінде құбыр жүйелеріне жөндеу және тазалау жүргізілді, қазандық агрегаттарына гидравликалық сынақтар жүргізілді. 6 қазандық заманауи қазандықтарға ауыстырылды.Ремзавод және гоный аудан орталықтарының шағын аудандарын жылумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында екі сорғы станциясы салынды.Щучинск қаласында жылу магистралін салу бойынша үш жоба іске асырылды, соның арқасында ағымдағы жылы 20 жылдан астам уақыт бойы үй пештерімен жылытылған 18 көппәтерлі тұрғын үй орталық жылытуға сәтті қосылды.«Барлық коммуналдық қызметтердің жұмысы тұрақты бақылауда, халықтың өмірін жақсартуға бағытталған ауданның барлық объектілерін кезең - кезеңімен жаңғырту жүргізілуде», - деді Бурабай ауданының әкімі Арай Садыков.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/882808
«PolyTech Astana» зауытында экскурсия өтті 16.11.2024
Бүгін, 13-ші қарашада Астана қ. «PolyTech Astana» ЖШС зауытына экскурсия ұйымдастырды. Бұл полиэтилен (ПЭ), поливинилхлорид (ПВХ) және ПВХ-O құбырларын өндіретін жетекші қазақстандық кәсіпорын.Бұл шараға бизнес өкілдері, салалық мамандар, журналистер және заманауи өндірістік технологияларына қызығушылық танытатын қонақтар қатысты.Қатысушыларға зауыттың 5000 м2 аумағында орналасқан инновациялық өндірістік процестерімен танысуға мүмкіндік берілді. Экскурсия барысында шикізатты бастапқы өңдеуден бастап, дайын өнімді қаптауға дейінгі барлық негізгі өндіріс кезеңдері көрсетілді. Қонақтарға кабельдік желілерге, сумен жабдықтауға, су бұруға, газбен жабдықтауға және кәріз жүйелеріне арналған жоғары сапалы құбырларды шығаратын, еуропалық озық технологиялар бойынша жұмыс істейтін сегіз заманауи өндірістік желі таныстырылды.ТОО «PolyTech Astana» өкілдері зауыттың 1,67 м3 су және 5 МВт электр энергиясымен жабдықтау қуатына ие екенін айтып, осының арқасында компанияның өндіріс көлемін тиімді орындап, Қазақстан мен халықаралық нарықтың жоғары талаптарына жауап бере алатынын жеткізді. Қонақтар зауыттың мүмкіндіктерін жоғары бағалап, аймақтың инфрақұрылымдық қажеттіліктерін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті.Экскурсия сұрақ-жауап сессиясымен аяқталып, қонақтар өндіріс процестері, инновациялар және компанияның даму жоспарлары туралы сұрақтар қоя алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/882764
ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІПТІК АЙМАҚТАРДЫ САЛУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ 16.11.2024
Сауран ауданында шағын кәсіпорындар саны артып келеді. Ол үшін жергілікті әкімдік тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп жатыр. Өнеркәсіптік аймақтарды салу және дамыту бағытында басымдық берілуде. Ауданда 2024-2026 жылдар аралығында өндірістік аймақтар құрылмақ. Нақтырақ айтқанда, І кезеңде Шаға, Қарашық, Иассы, Шорнақ және Үшқайық ауыл округтерінен, ІІ кезеңде 2026 жылдан бастап қалған 7 ауыл округінде өндірістік алаңдар салу жұмыстары қолға алынды.Қазіргі уақытта Шаға ауылдық округінде орналасқан «Өндірістік парк» жобасының құрылысы қарқынды жүргізілуде. 30 гектар жерге 29 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінде парк аумағында 10 браунфилдтің құрылысы аяқталды. Индустриалды аймақ құру үшін қосымша 70 гектар жер бөлініп, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар, Қарашық ауылынан шағын өндірістік алаңын құру үшін 10 гектар жер бөлініп, 21 кәсіпкермен меморандум түзілді. Атап айтқанда, жиһаз жасайтын 9 цех, құрылысқа қажетті материалдар өндіретін 10 цех, 1 тігін цехы және 1 қолөнер бұйымдарын өндіретін цех ашылмақ. Қазіргі уақытта кәсіпкерлер цех құрылыстарын бастап кетті. Өндіріс алаңына қажетті электр желісі тартылып, жолға тас төсеу жұмыстары жүргізілді.Еңбекші Дихан ауылынан «Иассы» өндірістік алаңына 9 гектар жер учаскесі бөлініп, 18 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бүгінгі таңда 9 кәсіпкермен меморандум түзіліп, 2 кәсіпкер құрылыс жұмыстарын бастады. Мұнда жиһаз жасайтын, құрылысқа және тамақ өнімдеріне қажетті материалдар өндіретін цехтар ашылады.Одан бөлек, Шорнақ ауылынан 8 гектар жерге өндірістік алаң құрылып, 1 гектар аумаққа жиһаз жасау цехының құрылысы басталды. Бұл аймақта 10 браунфилд салынады. Жобаны жүзеге асыру 2024-2030 жылдар аралығына жоспарланған.Аудандағы Теке ауылынан «Үшқайық» өндірістік алаңы жобасының құрылысын жүргізуге 18 гектар жер бөлінді. Мұнда 2025-2030 жылдар аралығында 37 жобаны іске асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда өндіріс алаңында құрылысқа қажетті материалдар өндіретін, сүт өңдейтін және тігін цехтарын салу үшін меморандум түзілді. Өндірістік алаңына басқа да жобаларды орналастыру үшін инвесторлармен келіссөздер жүргізу жұмыстары жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/882735
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАНТ ДИАБЕТІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТЕДІ 16.11.2024
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының Эндокринологиялық орталығы 14 қараша күні ашық есік күнін өткізеді. Шараға келген барлық азаматтар қандағы қант деңгейін анықтай отырып, арнайы маманнан кеңес ала алады. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы бойынша штаттан тыс бас эндокринолог Ғалия Батырханова мәлімдеді.– 14 қараша Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні. Қант диабеті - бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда елімізде қант диабетіне шалдыққан 500 мыңға жуық азамат тіркелген. Жыл сайын 30 мың адам қант диабетіне шалдығады. Қант диабетін ерте анықтау - оның асқынуларының алдын алуға мүмкіндік береді,-деді спикер.Сонымен қатар баспасөз мәслихатында балалар дәрігері-эндокринолог Арай Жайлаубаева облыстағы қант диабетіне қарсы күрес жұмыстарының барысы туралы баяндады.– Қазіргі таңда облыс бойынша ресми статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 37 мың адам осы ауру бойынша тіркелген. Сырқаттың алдын алу мақсатында өңірдегі барша эндокринолог-дәрігерлерге қант диабетін емдеу бойынша қолданысқа енгізіліп жатқан жаңа тәсілдерді, жаңа дәрі-дәрмектерді түсіндіру мақсатында тұрақты түрде конференциялар өткізіп келеміз,-деді спикер.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/882737
САУРАН АУДАНЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 42 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 16.11.2024
Сауран ауданында 2024 жылдың 9 айында 42,2 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, 21 жоба іске қосылған. Оның 12-і өңдеу өнеркәсібі бағытында болса, 9 жоба әлеуметтік салаға бағытталған. Бұл жайында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.«Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан көлемінде 2030 жылға дейін жалпы құны 209,3 млрд. теңгені құрайтын 254 инвестициялық жобаны іске асырып, 4 162 жаңа жұмыс орнын құру көзделуде. Ауыл шаруашылық саласына инвестициялық құны 116,1 млрд теңге құрайтын 68 ірі жобаны іске асыру жоспарланған. Ал, өнеркәсіп саласында 53,1 млрд теңгені құрайтын, 85 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Сонымен қатар, 2024 жылдың 9 айында ауданның жалпы өңірлік өнімі 78,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 100,6%-ға артқан. Өңірлік өнімнің 75%-ы - ауыл шаруашылығы, 11,6%-ы - өнеркәсіп, 10,3%-ы - құрылыс және 3,1%-ы сауда саласының үлесінде» – деді аудан басшысы.Сондай-ақ, Мақсат Асылбекұлы аудан көлемінде өндірістік алаңдар құрылатынын жеткізді. 2024-2026 жылдары ауданға қарасты Шаға, Қарашық, Иассы, Шорнақ және Үшқайық ауыл округтерінен, ал 2026 жылдан бастап қалған 7 ауылдық округте өндірістік алаңдар құрылмақ. Олардың қатарында 13 жиһаз жасау цехы, 19 құрылысқа қажетті материалдар өндіретін цех, 2 тамақ өнімдеріне қажетті материалдар, 1 қолөнер бұйымдарын өндіретін және 1 тігін цехы бар.Сонымен қатар, ауданда азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 3 қабатты 24 пәтерлі жалпы саны 16 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Жыл соңына дейін 48 пәтерлі 2 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Коммуналдық сала бойынша, жыл басынан бері ауданда 10 елді мекенге табиғи газ тартылып, газбен қамту үлесі 43,3%-ды құраған. Биыл Оранғай, Қарашық, Жүйнек ауылдық округтеріне магистральды газ құбырын салуға республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 31 ішкі көшеге, яғни 39,4 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар аяқталғанда елді мекен жолдарының жақсы және қанағатты жағдайы70%-ға жетпек.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/882739
Халықпен кездесу және азаматтарды жеке қабылдау: Көлік министрі Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті 16.11.2024
Бүгін ҚР Көлік министрі Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады. Жиын барысында Марат Қарабаев өткен жылы халықпен кездесуде көтерілген мәселелердің орындалу барысы туралы ақпарат бөлісті.Мәселен, «Түркістан-Сарыағаш» бағытындағы теміржол қатынасы қалпына келтірілді. Жалпы ұзындығы 64 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар «Шәуілдір-Түркістан» тас жолын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда, оның 32 шақырымында жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ, Түркістан (30 шақырым) және Сарыағаш (160 шақырым) қалаларының айналма жолдарын салуға тиісті ведомство тарапынан қаражат қарастырылған. Жұмыс 2025 жылы басталады. Қаражат бөлінді, конкурстық рәсімдер жүргізілуде.Сондай-ақ, министрдің ұсынысына сәйкес Түркістан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Осылайша, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақы 15 пайызға өсті. Қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту жұмыстары жалғасуда.Бүгінгі кездесу барысында өңір тұрғындары Астана және Алматы қалаларына әуе рейстерінің санын ұлғайту, сондай-ақ «Түркістан-Қарағанды» бағыты бойынша әуе рейстерін ашуды, «Түркістан-Самарқанд» халықаралық әуе рейсін қалпына келтіру және «Түркістан-Шымкент» теміржол қатынасын Ленгір станциясына дейін ұзарту мәселесін көтерді. Министрлік бұл ұсыныстарды құзырлы мемлекеттік органдармен және әуе компанияларымен бірлесіп жедел қарастырып, қажетті жұмыстар жүргізеді.Марат Қарабаев облыс халқымен кездесуден кейін өңір азаматтарын жеке қабылдады. Сұрақтар ұзындығы 55 шақырым болатын «Түркістан-Ащысай» тас жолын жөндеу және Ханқорған ауылдық округіндегі жергілікті маңызы бар жолды жөндеуге қатысты болды. Барлық өтініштер бақылауға алынып, министрліктің жауапты қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/882727
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ ТАНЫМАЛ АҚЫНДЫ ҚАБЫЛДАДЫ 16.11.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақытжан Алдиярды қабылдады. Кездесу барысында руханият, әдебиет, Түркістанның дамуы жөнінде пікірлер мен ұсыныстар айтылды.– Түркістан – Түркі әлемінің мәдени және рухани орталығы. Өңірді дамытуда шығармашылық өкілдерінің де қосар үлесі мол. Руханият саласына қолдау көрсетіледі. Әдеби байқаулар өткізу де маңызды. Түркістан туралы ел жүрегінде қалатын әндер, өлеңдер, шығармалар жазылуы тиіс, – деген Дархан Сатыбалды ақынды 50 жылдық меретойымен құттықтап, арнайы құрмет көрсетті.Бақытжан Алдияр Түркістандағы оң өзгерістерге жоғары бағасын беріп, құрмет көрсеткен өңір басшысына алғысын білдірді. Оңтүстік өңірінде қаламы қарымды, шығармалары жалынды қаламгерлер шоғыры бар екеніне тоқталып, «ақын-жазушылардың кітаптарын шығару бағытындағы жұмыстар жалғасса», деген пікірін айтты.Ақын, ҚР жазушылар одағының Түркістан облысындағы уәкілі Айдар Сейдәзім талантты жастарды қолдау, әдебиет саласын дамыту жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Облыс әкімдігінің қолдауымен 3 қаламгердің кітабы жарық көргенін атап өтті. Ал мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев мәдениет және руханият бағытында атқарылатын жұмыстар мен бастамалар туралы баяндады. Жаңа жобалар қолға алынатынын жеткізді.Айта кетейік, 14 қарашада Түркістандағы «Фараб» кітапханасында Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Бақытжан Алдиярдың 50 жылдық мерейтойына арналған «Аналардың анасы» атты шығармашылық кеш өтеді. Әдеби кешке ҚР Жазушылар Одағының өкілдері, танымал ақындар мен жазушылар қатысады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/882609
Қарағандылықтар онлайн бос орындар жәрмеңкесінде жұмыс таба алады 16.11.2024
Жұмыс іздеп жүрген Қарағанды тұрғындары онлайн-жәрмеңкеде қолайлы бос орынды таңдай алады. Жәрмеңке 15 қарашада tanda.enbek.kz порталда өтеді.Сайтта 230-дан астам бос жұмыс орны бар. Жұмыс берушілер арасында "Қарағанды Су" ЖШС, Қарағанды облысы бойынша "Алматы қаласының Көлік холдингі", "Атлант-2000" тәрізді компаниялар бар. Қоғамдық тамақтану, құрылыс, ТКШ, білім беру, Көлік және логистика, сауда салаларында да жұмыс ұсынылады.Өтініш берушілер түйіндемені толтырып, жұмыс берушімен тікелей үйден байланысқа шыға алады. Онлайн чат арқылы жұмыс берушіге нақты уақыт режимінде сұрақтар қоюға болады. Сұхбатқа шақыру алу немесе бейне сұхбат алу мүмкіндігі де бар.Жәрмеңкені өткізу уақыты: 11:00-ден 17: 00-ге дейін. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/882452
КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА! Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді2024 жылғы 14 қараша күні ҚР Көлік министрі Қарабаев Марат Кәрімжанұлы Жамбыл облысының тұрғындарымен кездеседі.Күн тәртібіне сәйкес ҚР Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер қаралады.Кездесу сағат 09:30-де Тараз қаласы, Төле би көшесі, 23/Б мекенжайы бойынша орналасқан «Достық үйінде» өтеді.Өңір тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кездесуге шақырамыз.Толық ақпарат үшін телефон: +7 707 808 60 70, Дәулет СәмбетбаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/882556
Алпысбай Қайыржанов Степногорск қаласының әкімі лауазымынан босатылды 16.11.2024
Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 13 қарашадағы өкімімен Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржанов өз өтініші негізінде атқарып отырған қызметінен босатылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/882453
Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды 16.11.2024
Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 13 қарашадағы өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, сондай-ақ мәслихат депутаттарының мақұлдауымен Степногорск қаласының әкімі болып Гайдар Қасенов тағайындалды.Степногорск қаласының жаңа әкімін облыс әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов қала активіне таныстырды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары бұрынғы әкім Алпысбай Қайыржановқа алғысын білдіріп, жаңа әкімге сәттілік тіледі.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Гайдар Қасеновке қаланы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша бірқатар міндеттер жүктелді.«Бүгінгі күні жылыту маусымында қала әкімі үшін ең басты міндет – халықты және әлеуметтік нысандарды жылумен үздіксіз және тұрақты қамтамасыз ету. Сондай-ақ, сумен жабдықтау нысандарының жұмысын аяқтау және оларды уақытында іске қосу ерекше бақылауда болуы қажет», - деп атап өтті Е.Рамазанов.Сонымен қатар, Степногорск қаласының әкімдігіне инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікті дамыту және тұрғын үй құрылысы бойынша нақты жұмыстар жүргізу тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/882473
Қазақстан авиация саласындағы беделді сыйлықтың иегері атанды 16.11.2024
5-7 қараша күндері Вашингтон қаласында (АҚШ) әлемдік авиация саласындағы негізгі оқиға болып табылатын жыл сайынғы Air Traffic Control Association (ATCA) 2024 конференциясы өтті. Іс-шара шеңберінде авиациялық саладағы үздік жетістіктерді дәстүрлі түрде атап өтетін беделді ATCA марапаттар бағдарламасы қарастырылды.ATCA марапаттар бағдарламасы үш санатты қамтиды: әуе қозғалысына қызмет көрсету, индустрия және шағын бизнес, сондай-ақ әскери еңбек жетістіктері. Ұйымдастырушылар бар-жоғы 10 номинация ұсынды. «The David J. Hurley Memorial Award for Aviation Traffic Management» солардың бірі болып табылады. Ол әлемдегі әуе қозғалысына қызмет көрсету саласындағы үздік жетістіктерді атап көрсетеді. Жоғарыда аталған санатқа қатысу үшін 40-тан астам елден өтінім келіп түскен.Жыл сайынғы ATCA конференциясының қорытындысы бойынша «The David J. Hurley Memorial Award for Aviation Traffic Management» номинациясында «Қазаэронавигация» РМК жеңімпаз болып танылды. Бұл ретте, 2023 жылы аталған санатта АҚШ Федералдық азаматтық авиация басқармасының (FAA) өкілдері үздік атанған болатын.«Қазаэронавигация» РМК мамандары «Ақтөбе аудандық диспетчерлік орталығының жауапкершілік аймағында әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жақсарту үшін динамикалық секторға бөлуді зерттеу және әзірлеу» тақырыбындағы жобаны ұсынып, ол үздік деп танылды. Ғылыми жұмыстың авторлары «Қазаэронавигация» РМК әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі департаменттің әуе кеңістігін ұйымдастыру бөлімінің жетекші мамандары Нұрсұлтан Томпиев, Әсет Ахметбаев және Мәди Асылханов болып табылады.Динамикалық секторға бөлу әуе кеңістігін оңтайландыруға, авиадиспетчерлерге түсетін жүктемені азайтуға және ұшу ақпараты ауданының әуе кеңістігінде өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Жобада Вороной диаграммасының әдісін пайдалана отырып, Ақтөбе ұшу ақпараты ауданының әуе кеңістігін уақытша бөлудің ғылыми тәсілі қолданылды. Аталған жоба табысты iске асырылған жағдайда, алдағы уақытта Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiндегi басқа да жауапкершiлiк аймақтарында динамикалық секторға бөлуді енгiзу кезiнде осы әдiснаманы қолдану мүмкiндiгі туындайды.«Қазаэронавигация» РМК мамандары Қазақстанда алғашқы болып беделді халықаралық ATCA сыйлығын алып отыр. Бұл еліміздің авиация саласын дамытудағы және оның халықаралық аренадағы позициясын нығайтудағы тағы бір маңызды қадам болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/882464