Enbekshi QazaQ

Экономика

Өңірдің экологиялық дамуы: табиғатты сақтау және тұрақты болашақ үшін заманауи шешімдер 13.10.2025
Қостанай облысындағы экология стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде айқындалған.Қалалардың дамуы мен тұрмыстық қалдықтардың көлемінің артуы қоршаған ортаға ұқыпты қарауды талап етеді. Осыған байланысты коммуналдық қалдықтарды басқару саласына бөлек жинау, сұрыптау, кәдеге жарату және қайта өңдеу үдерістері енгізілуде.Мәселен, қалдықтарды бөлек жинау (пластик, әйнек, қағаз, ірі көлемді қалдықтар, сынап құрамдас қалдықтар, электрондық және электрлік жабдық қалдықтары) 61 елді мекенде жүзеге асырылып, 2100-ден астам арнайы контейнерлер орнатылды.Қалдықтарды сұрыптау жұмыстары 29 елді мекенде жүргізілуде. Сұрыптау қолмен және 7 қоқыс сұрыптау желісі арқылы іске асырылады.Облыста 14 жекеменшік компания қайталама шикізатты қайта өңдеп, 17 түрлі дайын өнім шығарады. Атап айтқанда: геотор, геотекстиль, геокомпозит, геоқаңқа, полиэтиленнен жасалған газ және су құбырлары, кабельге арналған құбыр, полимер-құмнан жасалған тас төсеніш, кәріз құдығына арналған қақпақтар, резеңке үгінді, жұмыртқа салатын қорап, шлакоблок, пиролиз отыны, ПВХ панельдер, инертті материал, пластик жәшіктер, пластиктен жасалған бензобактар.Бұрынғы жылдарда қалдықтарды қайта өңдеу көлемі аз болғанымен, бүгінде айтарлықтай ілгерілеу байқалады: қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 2017 жылы 1,8%-дан 2024 жылы 21,1%-ға дейін өсті. Осылайша көрсеткіш шамамен 12 есе артты, бұл өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болып табылады.Сонымен қатар, коммуналдық қалдықтарды басқару саласын дамыту мақсатында жекеменшік кәсіпорындар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жеңілдетілген несиелері есебінен 2024–2025 жылдары жалпы құны 0,5 млрд теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асырды. Биылғы жылдың соңына дейін жалпы сомасы 0,8 млрд теңгеге тең 2 жоба аяқталады. Ал 2026 жылы құны 6,9 млрд теңгені құрайтын жоба іске асырылмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1070672?lang=kk
Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының он бірінші отырысының коммюникесі 13.10.2025
Ашғабад, 2025 жылғы 15-17 қыркүйек – Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының он бірінші отырысы өтті (ЖДЖТ).Отырысқа Әзербайжан Республикасының (жетекшісі – Самир Шарифов), Иран Ислам Республикасының (жетекшісі – Казем Гариб Абади), Қазақстан Республикасының (жетекшісі – Зульфия Аманжолова), Ресей Федерациясының (жетекшісі – Николай Удовиченко) және Түрікменстанның (жетекшісі – Мырат Атаджанов) делегациялары қатысты. Отырысқа Түрікменстан делегациясының басшысы М.Атаджанов төрағалық етті.Тараптар Каспий теңізінде бастапқы тік сызықтарды белгілеу әдістемесін талқылауды жалғастырды. Отырыс аясында тараптар Каспий теңізіндегі ынтымақтастыққа шолу жасап, бесжақты өзара іс-қимыл мәселелері мен іс-шараларды әртүрлі деңгейде дайындауды қарастырды.Делегациялар Түрікменстанға кездесуді ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін ризашылықтарын білдірді.ЖДЖТ келесі отырысы Әзербайжанда дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімде өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1070690?lang=kk
Қазақстан СІМ-де ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссарымен кездесу өтті 13.10.2025
Астана, 2025 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне қатысу үшін Қазақстанға сапармен келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Кристоф Камппен кездесу өткізді.Кездесу барысында көптілді білім беруді дамыту, аз ұлттардың елдің әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысуын кеңейту, сондай-ақ оларды мемлекеттік басқару процестеріне тарту мәселелері талқыланды.А.Исетов ЕҚЫҰ өкілдерін халықтың, оның ішінде аз ұлттардың әл-ауқатын жақсарту бағытында елде жүргізіліп жатқан саяси реформалар, экономикалық және әлеуметтік қайта құрулар туралы хабардар етті.Өз кезегінде К.Камп Қазақстанның этносаралық келісімді нығайтудағы және аз ұлттардың тілдік және мәдени құқықтарын қолдау жөніндегі бірегей тәжірибесін ерекше атап өтті. Ол осы саладағы мемлекеттік саясаттың жемісті нәтижелерін жоғары бағалап, сондай-ақ кейінгі реформалар шеңберінде ынтымақтастық пен бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруді нығайтуға үміт білдірді.ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары сонымен қатар диалог, консультациялар және практикалық ұсынымдар негізінде этносаралық шиеленісті төмендету және қақтығыстардың алдын алу мәселесіндегі өз көзқарастары және басымдықтарымен бөлісті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар адам құқықтарын қорғау, аз ұлттарды қолдау және этносаралық келісімді нығайту саласындағы белсенді өзара іс-қимылға дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1070825?lang=kk
Қазақстан Елшісі Халықаралық жаңартылатын энергия көздері агенттігінің Бас директорына сенім грамоталарын табыстады 13.10.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 17 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек Халықаралық жаңартылатын энергия көздері агенттігінің (IRENA) Бас директоры Франческо Ла Камераға сенім грамоталарын тапсырды.Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, оның ішінде климаттың өзгеруімен бірлескен күресті және жаңартылатын энергетиканы адамзаттың орнықты болашағының аса маңызды факторы ретінде дамыту мәселелерін талқылады.Қазақ дипломаты IRENA жаңартылатын энергия көздерін ілгерілетуде мемлекеттерді біріктіретін беделді халықаралық алаң ретіндегі маңызды рөлін атап өтіп, Қазақстанның Агенттік жұмысына белсенді қатысуға, сондай-ақ екіжақты және көпжақты әріптестік байланыстарды нығайтуға дайындығын растады.Өз кезегінде Ф. Ла Камера ү.ж. 2–4 қазанда Астанада өтетін «KazEnergy Week – 2025» халықаралық форумының жұмысына қатысатынын растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара мүдделі екендіктерін білдірді.IRENA 2009 ж. 26 қаңтарда Бонн қаласында құрылған. Құрылтайшылар конференциясы барысында Агенттік Жарғысына әлемнің 75 мемлекетінің ресми өкілдері қол қойды. Бүгінде IRENA құрамына 169 мемлекет пен Еуропалық одақ мүше .Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1070121?lang=kk
Алматы–Қонаев трассасындағы полигон өрті: ауа сапасы бақылауда 13.10.2025
Алматы–Қонаев автожолының 35-шақырымындағы тұрмыстық қалдықтар полигонында шыққан өртке байланысты жақын маңдағы елді мекендерде ауа сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілді.15–16 қыркүйек күндері 288 сынама алынып, олардың бір бөлігінде шекті мәннен асып кеткен көрсеткіштер анықталды. Осыған орай тұрғындарға, әсіресе балалар мен қарттарға және тыныс алу жолдарының созылмалы ауруы бар адамдарға алдын алу шараларын сақтау жөнінде нұсқаулық берілді.17 қыркүйекте сол нүктелерде жүргізілген қайта тексерулер нормаларға сай нәтижелер көрсетті. Қазіргі таңда ауа сапасы желдің бағытына байланысты тұрақты түрде қадағалануда.Маңыздысы, 15–17 қыркүйек аралығында улану жағдайлары тіркелмеген және медициналық мекемелерге шағымданғандар болмаған. Зардап шеккендер жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1069907?lang=kk
Қазақстан СІМ-де фармацевтика саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру қарастырылды 13.10.2025
Астана, 2025 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов қытайлық «Cheng Tian Run Kang Medical Limited» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Шу-хэмен кездесу өткізді.Инвестор Қазақстанда техникалық қарасораны өсіру және қайта өңдеу жобасын іске асыруға ниет білдірді. Өсімдік құрамындағы тетрагидроканнабинолдың рұқсат етілген мөлшері (0,3%-дан аспайды) халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және оның психоактивті қасиеттерін жоққа шығарады. Алынатын шикізат медициналық препараттар, биологиялық белсенді қоспалар және тоқыма өнеркәсібі өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын болады. Бұдан бөлек, инвестор ет өңдеу саласындағы жобаны жүзеге асыруға да қызығушылық танытты.Ғ.Оспанқұлов фармацевтика және ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу саласындағы жобаларды дамыту Қазақстан инвестициялық саясатының басымдықтарына сәйкес келетінін атап өтті. Ол мемлекет қажетті қолдау көрсетіп, тиісті ведомстволармен үйлестіруді қоса алғанда, толық сүйемелдеу шараларын қамтамасыз етуге дайын екенін ерекше айтты.Өз кезегінде Ли Шу-хэ Қазақстан ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу саласында жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайға ие екенін атап өтті. Ол компанияның Қазақстанды Орталық Азиядағы стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа мүдделі екенін жеткізді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жобаның параметрлерін талқылауды жалғастыруға және Қазақстан аумағында практикалық іске асыру мүмкіндіктерін қарастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1069988?lang=kk
Астанада қазақ-белорус саяси консультациялары өтті 17.09.2025
Астана, 2025 жылғы 16 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Беларусь Сыртқы істер министрінің орынбасары Павел Утюпиннің төрағалығымен екіжақты саяси консультациялар өтті.Консультациялар барысында тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы қазақ-белорус ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, өңірлік интеграциялық бірлестіктер мен басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде одан әрі өзара іс-қимыл бойынша пікір алмасты, сондай-ақ алдағы екіжақты іс-шаралар кестесі бойынша «сағаттарды теңестірді».Кездесу қорытындысы бойынша қазақ-белорус көпжақты ынтымақтастығының барлық спектрі бойынша екіжақты серіктестікті одан әрі нығайту үшін сыртқы саяси ведомстволар арасындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1069131?lang=kk
Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды 16.09.2025
Алматы облысында жастарға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінімдер қабылдау басталды. Биыл бұл бастама аясында 10 жас 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай қолдауға ие болады.​Жастардың тың идеялары мен креативті бастамаларын жүзеге асыруға жол ашатын мүмкіндік - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылы жариялаған бастамасы аясында қолға алынған. Грант еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тағайындалып, жыл сайын дарынды да белсенді жастарға жаңа серпін беруді көздейді.​«Гранттың мақсаты – өңіріміздегі шығармашыл әрі белсенді жастарды қолдау, олардың ел дамуына қосатын үлесін арттыру. Бұл – бір реттік қолдау емес, жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруға бағытталған жүйелі қадам», — деді Алматы облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мади Ахметов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.​Алматы облысында аталмыш грантқа үміткер болуға ниетті 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтар өз жобаларын ұсына алады. Қатысушының өңір тұрғыны болуы – басты талаптардың бірі.​Жоба бес бағытты қамтиды. Ғылым саласында – зерттеулер мен тың идеяларға негізделген ғылыми жобалар қолдау табады. Мәдениет бағыты бойынша ұлттық мұраны дәріптеуге бағытталған бастамаларға басымдық берілмек. Сонымен қатар ақпараттық технологиялар саласында жаңашыл IT шешімдер мен стартаптар, бизнес бағыты бойынша кәсіпкерлік идеялар, ал медиа саласында жастарға арналған пайдалы әрі мазмұнды контент жобалары қарастырылады.​Конкурс екі кезеңнен тұрады. Алдымен, қатысушылардың құжаттары қабылданып, талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Одан кейін, жобалар арнайы конкурстық комиссияның қарауына ұсынылып, жеңімпаздар іріктеледі.​Бұл грант жастардың өз әлеуетін жүзеге асыруына тың серпін. Гранттың мәні тек қаржылай қолдауда емес. Бұл – жастарға сенім білдірудің, оларды ел дамуына қатыстырудың нақты жолы. Мемлекеттің болашағы – жаңа буынның белсенділігі мен жаңашылдығына тікелей байланысты, – деді спикер.​Өтінімдер 17 қыркүйектен басталып, 2025 жылдың 10 қазанына дейін қабылданады. Құжаттар almobl.t.urpaktary@gmail.com электронды поштасына немесе аудандық және қалалық Жастар ресурстық орталықтары арқылы тапсырылады. Қосымша ақпаратты +7 (707) 950-35-13 нөмірі арқылы білуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1068897?lang=kk
Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда 16.09.2025
Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Әсіресе атап өтерлігі – жақын маңдағы елді мекендер мен тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласының ТЖД-нің шамамен 150 қызметкері және 70-тен астам техникасы, сондай-ақ Ұзынағаш ауылындағы 28237 әскери бөлімі, «Қазселденқорғау» мекемесі, Алматы қаласы ТЖМ Құтқару қызметі, полиция департаменті мен жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылған.Қосымша күш ретінде ТЖМ тарапынан өртке қарсы сорғы станциялары, апаттық-құтқару көліктері, бульдозерлер, тралдар және басқа да арнайы техникалар жіберілуде.Өрт ошағының бір бөлігі тереңде орналасқан: жану тек беткі қабатта ғана емес, қалдықтардың ішінде, шамамен 10 метрге дейінгі тереңдікте жүріп жатыр, сондықтан түтіндеп жану әлі де сақталуда. Полигонның ішіндегі жоғары температура ұзақ уақыт бықсып жануға себеп болып отыр. Қалдықтардың ұзақ ыдырауы барысында бөлінетін метан да үздіксіз ішкі жануды күшейтеді.Сонымен қатар, полигон беті тұрақсыз болғандықтан, опырылу қаупі бар, осыған байланысты ауыр техниканың қозғалу мүмкіндігі шектеулі.Жағдай Алматы облысының әкімдігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында. Жақын маңға өрттің тарау қаупі жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1068854?lang=kk
Алматы облысында егін жинау науқаны аяқталуға жақындады 16.09.2025
Алматы облысында егін жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыс әкімдігінің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін 103 мың гектардан астам дәнді дақыл орылып, бұл жалпы алқаптың 65 пайызын құрайды. Қамбаға 191,7 мың тоннадан астам астық түсті.Негізгі үлесті бидай мен арпа алады. Атап айтқанда, 34,5 мың гектар алқаптан 55 мың тонна бидай жиналды. Орташа өнімділік гектарына 16 центнерді құрады. Ал арпа 62,5 мың гектардан бастырылып, 107,8 мың тонна өнім алынды. Орташа түсім гектарына 17,2 центнер болды.Сонымен қатар жүгері жинау жалғасуда. Қазіргі таңда 3 мың гектар (6 пайыз) алқаптан 22 мың тоннадан астам өнім алынды. Бұл дақылдың орташа өнімділігі гектарына 74 центнерден асты.Картоп пен көкөніс те мол өнім беруде. Бүгінге дейін 116,6 мың тонна картоп, сондай-ақ 347,1 мың тонна көкөніс пен бақша дақылдары жиналды. Орташа өнімділік тиісінше гектарына 204 және 263 центнерді құрады.Ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, ауа райының құбылмалығына қарамастан, науқан жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Мәселен, Балқаш ауданында мал азығын дайындау жұмыстары жүйелі жолға қойылған. «Өтес-Ақдала» шаруашылығында 400 гектардан астам жоңышқа алқабы бар. Екінші орым толық аяқталды, алдағы уақытта үшінші орымға кірісу көзделуде.Шаруашылық жетекшісі Марат Дүйсенов өз ісіне жауапкершілікпен қарайды. Ол қажет болған жағдайда өзі трактор немесе комбайн тізгіндейді. Заманауи техника – неміс комбайны, престеу жабдықтары және тракторлар уақытылы жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр. Бұдан бөлек, шаруашылықта 386 гектарға күріш егілген. Биылғы ыстық жаз егіннің өсуіне қолайлы болды.Мамандардың айтуынша, алдағы апталарда облыстағы барлық егіс алқаптары толық жиналып, жұмыстар толық аяқталатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1068831?lang=kk
Астанада қазақ-эстон ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктері талқыланды 16.09.2025
Астана, 2025 жылғы 15 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Эстония Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Мартин Рогермен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылады.А.Исетов Эстония Қазақстан үшін Балтық теңізі өңіріндегі маңызды әрі сенімді серіктес екенін атап өтті. Мемлекеттер арасында қалыптасқан дәстүрлі достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға мүдделігін растады.Дипломаттар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жаңа іс-қимылдарды қарастырды. Бұл тұрғыда 2025 жылы қаңтарда Таллиннде өткен Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-эстон үкіметаралық комиссиясы 7-ші отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.Сонымен қатар көлік және логистика саласындағы өзара ықпалдастыққа ерекше назар аударылды. Орталық Азия мен Еуропаны жалғайтын сауда жолдарын дамыту мәселелері талқыланды.Кездесу соңында тараптар биік және жоғары деңгейдегі өзара іс-сапарларды ұйымдастыру мәселелерін қамтитын іс-шаралар күнтізбесін қарастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1068721?lang=kk
Алматы облысының Жалағаш ауылында жаңа Мәдениет үйі ашылды 15.09.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Кеген ауданына барып, Жалағаш ауылында жаңа Мәдениет үйінің ашылу салтанатына қатысты.Салтанатты шарада аймақ басшысы жаңа нысанның ауыл тұрғындарының рухани және мәдени өміріндегі маңызын атап өтті:«Жаңа Мәдениет үйі – өнер мен руханияттың ордасы, жастардың дарынын ашып, шығармашылыққа шабыт беретін мекен болады деп сенеміз. Бүгінде облыста 294 мәдени нысан жұмыс істейді. Биыл олардың 24-інде құрылыс, күрделі және ағымдағы жөндеу, сондай-ақ жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде 9 ғимарат салынды, 5 мәдениет үйіне күрделі жөндеу жасалды, 6 нысан жөнделіп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар 4 кітапхана жаңғыртылды», – деді Марат Сұлтанғазиев.Жаңа Мәдениет үйі ауылдағы ескі ғимараттың орнына тұрғызылды. Бұрынғы нысан 1959 жылы пайдалануға берілген болатын, онда небәрі 4 қызметкер еңбек етті. Қазіргі заманауи талаптарға сай салынған жаңа ғимарат бірқатар мәселені шешті. Енді Мәдениет үйінде 250 адамға дейін шара өткізуге мүмкіндік бар. Мұнда 8 қызметкер жұмыс істейді, оның төртеуі – мәдениет саласының мамандары. Сондай-ақ үйірмелер саны 10-ға дейін артты, бұл ауыл жастарының өнер мен шығармашылықпен айналысуына кең мүмкіндік береді.«Жаңа Мәдениет үйі ауыл тұрғындарының рухани сұранысын қанағаттандырып, жастарды мәдениетке тартып, ауыл өмірін жаңғыртуға жол ашады. Қымбатты жерлестер, бұл жаңа мәдени орталық ауылымызға жаңа серпін мен мүмкіндік береді. Мәдениет – мемлекеттің басты құндылықтарының бірі. Өнер мен мәдениетке арнал­ған осы орталық ауылымыздың дамуына зор үлес қосып, сіздерге қуаныш пен рухани азық сыйласын. Қасиетті шаңырағымыз құтты болсын!» – деді облыс әкімі.Салтанат соңында аймақ басшысы Мәдениет үйінің кілтін табыстады. Жалағаш ауылының құрметті ақсақалы Нұраш Бейсенбайұлы да сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын тарихи оқиғамен құттықтап, аудан және ауыл әкімдеріне алғысын білдірді:«Бүгінгі қуаныш құтты болсын! Шаңырағы биік, босағасы берік, есігі ашық болсын. Ауылымыз бірлікте болсын. Халқы өскен ел бір-бірін батыр дейді. Біз де елімізді басқарған азаматтарымызды қолдауымыз керек. Осы ауылдан Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Димаш Құдайберген сынды алыптар шықсын», – деді ол.Жалағаш ауылындағы Мәдениет үйінің ашылуы – өңірдің мәдени инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жұмыстардың бір бөлігі. Биыл Алматы облысында ауыл тұрғындарының шығармашылық әлеуетін арттыруға арналған бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1068178?lang=kk
Кездесу 15.09.2025
Қостанай облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Ж.Сүйіндіков пен Рудный қаласы әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Т.С. Сақтағановтың қатысуымен Қашар кентіне шығу барысында қоғам  белсенділері, сарапшылар қоғамдастығымен кездесу өтті.Қашар кентінің өзекті мәселелерді халықтың сұраныстарына проактивті түрде ден қою және қоғам талап ететін нәтижелерді айқындау үшін жария талқылаулар өтті.Тұрғындар Ашық және Халық үніне құлақ асатың мемлекет қағидаттары, «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы, әдеп стандарттары және сыбайлас жемқорлық нормалары, кері байланыс арналары жұмысы туралы хабардар болды.Кездесуге қатысушылар бір қатар мәселерді көтерді.Соның ішінде: аумақтарды абаттандыру, әлеуметтік төлемдерді тағайындау, педагогикалық, медициналық кадрлардың жетіспеушілігі, инфрақұрылымды дамыту бюджетін өсіру, қанғыбас иттер мәселесі, мамандар үшін тұрғын үй, еңбек ақының ең төменгі көрсеткіші,  Рудный қаласында Қашар кенті тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасы.Қашар кентінің әкімі М.Қ. Раймбековаға аппарат жұмысын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1068013?lang=kk
Alatau City-де K Park мәдени-іскерлік орталығының іргетасы қаланды 15.09.2025
Жаңа Alatau City қаласында K Park мәдени-іскерлік орталығының алғашқы іргетасы қаланды. Жоба Қазақстандағы корейлердің қоныстанғанына 90 жыл толуына орай қолға алынып, достық пен алғыс, мәдени ынтымақтастықтың символына айналмақ.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бұл оқиғаның маңыздылығын атап өтті:«Бүгін біз архитектура мен табиғатты, естелік пен құрметті тоғыстыратын кеңістіктің негізін қаладық. Бұл орталық жаңа мегаполистің дамуының бір бөлігі болып, жайлы қала ортасы мен ашықтықты үйлестірмек. K Park тұрғындар мен қонақтар үшін тартымды орынға айналып, қоғамдағы үйлесім мен өзара құрметті нығайтады», — деді ол.K Park жеке инвестиция есебінен Golden District аймағында бой көтереді. 10 гектар аумақты қамтитын кешенде демалыс аймақтары, этномәдени кеңістіктер, кітапхана, мұражай, балалар алаңдары, жазғы кинотеатр, қысқы мұз айдыны және спорттық жолдар қарастырылған. Негізгі нысан – Монумент алғыс, ол қазақ халқының тарихи кезеңдерде қоныс аударушыларға көрсеткен қолдауының белгісіне айналмақ.Сонымен қатар, тарихи реконструкция аймағында дәстүрлі корей үйі – ханок қайта тұрғызылып, «Коре сарам» интерактивті алаңы арқылы қонақтар корей қауымының тарихы мен мәдениетімен таныса алады.Мамандардың болжамынша, парк жылына 3,5 миллионға дейін келушіні қабылдай алады. Инфрақұрылымында автотұрақ, фудкорттар, электромобильдерге арналған қуаттау бекеттері мен намаз оқитын орындар қарастырылады. Ал архитектуралық шешімдердің дәстүрге сай болуын Оңтүстік Кореядан келген зерттеу тобы қадағалайды.Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов та жобаның мәнін ерекше атап өтті:«Бүгін біз адамдардың, мәдениеттердің және ұрпақтардың бірлігін бейнелейтін іргетас қаладық. Бұл парк тарихи тамыр мен өзара құрметтің маңызын еске салып тұрады», — деді ол.K Park-тың ашылуы 2027 жылдың күзіне жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1067811?lang=kk
Кеген орман шаруашылығының жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді 15.09.2025
Алматы облысында Кеген орман шаруашылығының жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, сала қызметкерлері мен аудан тұрғындарын маңызды оқиғамен құттықтады.Өңір басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экология саласында қойған міндеттері орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды көздейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл – елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі бағыттардың бірі.«Бүгінгі шара – тек ғимараттың ашылуы ғана емес, қоршаған ортаны қорғау жолындағы нақты қадам. Бұл еліміздің орман шаруашылығын жаңа деңгейге шығарады. Кеген орман шаруашылығының тарихы бай. 1946 жылдан бері ұжым ормандарды қорғау, сақтау және көбейту ісінде аянбай еңбек етіп келеді. Жаңа әкімшілік ғимарат – мемлекеттің қолдауының айқын мысалы. Заманауи ғимарат мамандарға кәсіби міндеттерін жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, бұл табиғатты қорғау саласындағы жаңа бастамаларға жол ашады», – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.Кеген орман шаруашылығы 1946 жылы құрылған. Бүгінде оның қызметкерлері ормандарды қорғау, қалпына келтіру және көбейту жұмыстарымен айналысады. Ұжымда 109 адам еңбек етеді. Жаңа екі қабатты ғимараттың аумағы – 440,1 шаршы метр, жобаның құны – 414,4 млн теңге.Орман шаруашылығы қызметкерлері атынан алғысын Қарқара орманшылығының орманшысы Ренат Алпысбаев білдірді. Ол орманшылар жасыл желектердің көлемін арттыруға бар күш-жігерін жұмсайтынын атап өтті.Сала ардагері Кенжебек Досайбеков те әріптестерін құттықтап:«Бүгін ескі ғимараттың орнында сәулеті жарасқан еңселі ғимарат бой көтерді. Осы шаңырақта көптеген ізгі бастамалар туындайтынына, орман өсіру мен орман қорғау саласында жаңа идеялар жүзеге асатынына сенімдімін. Еңбектеріңіз жемісті болып, жаңа ғимараттарыңыз құтты болсын», – деді.Облыстық басқарманың мәліметінше, бүгінде өңірде орман шаруашылықтарының қарамағында шамамен 89 мың гектар жер бар, оның 27 мың гектарын орман алқабы құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1067791?lang=kk
«Sergek» зияткерлік жүйесі өңірде іске қосылды 15.09.2025
Облыста қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды «Sergek» зияткерлік жүйесін енгізу жобасы басталды.Бүгінгі таңда жүйе толықтай іске қосылған: барлық камералар тәулік бойы жұмыс істейді, бұл өңір аумағындағы жағдайды үнемі бақылауға мүмкіндік береді.Жоба аясында:• 325 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылды,• автомобиль жолдарын, аула аумақтарын және қоғамдық кеңістіктерді қамтитын 9 000-нан астам бейнебақылау камерасы орнатылды,• бұрын бейнебақылау болмаған 32 шалғай елді мекенге жүйе енгізілді.Жүйені енгізуден күтілетін нәтижелер:🔹 қоғамдық орындардағы қылмыс деңгейін 40%-ға дейін төмендету,🔹 жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітім санын 50%-дан астам қысқарту.«Sergek» — заманауи бейнебақылау технологияларын және жасанды интеллектіні біріктіретін жүйе. Ол нақты уақыт режимінде жағдайды бақылауға және кез келген оқиғаға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, бұл өңірдегі қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1067656?lang=kk
«Ақ бидай – 2025» ауыл спорты ойындары салтанатты түрде ашылды 15.09.2025
Алматы облысында ауыл спортының ең ірі додаларының бірі – «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды.Салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар, бапкерлер және спорт сүйер қауым жиналды. Биылғы ойындар он күнге созылып, ауылдық жерлерден шыққан дарынды спортшыларға өз мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Ақ бидай» турнирінің басты мақсаты – ауыл жастары арасынан үздіктерді іріктеп, олардың кәсіби спортқа жол табуына ықпал ету. Жарыс бағдарламасына 20 спорт түрі енгізілген.Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым да қатысушыларға сәттілік тілеп, ауыл спортының ел болашағы үшін маңызын атап өтті.«Баршаңызды республикалық VIII «Ақ бидай – 2025» ауыл спорт ойындарының ашылуымен құттықтаймын! «Ақ бидай» – ауыл спортының дамуына серпін беретін, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жол ашатын ерекше мүмкіндік. Биылғы жарысқа еліміздің барлық өңірінен 18 жастан асқан үш мыңға жуық ауыл спортшысы қатысып отыр. Бұл дода тек спорттық шеберлікті шыңдап қана қоймай, ынтымақ пен достықты нығайтуға қызмет етеді», – деді ол.Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамытуға қатысты тапсырмаларын атап өтіп, Алматы облысында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Өңірде 25 мыңнан астам спортшы 67 спорт түрімен айналысады. Тек биылдың өзінде жергілікті спортшылар халықаралық және республикалық жарыстарда 1336 медаль жеңіп алған.Айта кетейік, «Ақ бидай – 2025» ойындары өңірлер арасындағы спорттық ынтымақтастықты нығайтып, ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етпек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1067387?lang=kk
Қостанай облысының туристік инфрақұрылымы қалай дамып келеді 13.09.2025
Бүгінгі таңда туризм саласы – сауда, қоғамдық тамақтандыру мен қонақ үй қызметін көрсету сияқты экономикаға қатысты өзге де салалардың дамуына тікелей ықпал ететін, болашағы зор қызмет түрлерінің бірі болып отыр.Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 2,0 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 33,2%-ға артқан.Өңірге келген қазақстандық азаматтардың саны – 121,9 мың адамды, шетелдік туристердің саны – 6,0 мың адамды құрады. Нөмірлік қор 6331 төсек-орыннан тұрады.Жалпы облыс аумағында 2 шипажай, 1 оңалту орталығы, 94 қонақ үй, 2 мотель, 4 хостел, 14 демалыс базасы жұмыс істейді.Туристердің ерекше қызығушылығын тудыратын негізгі нысандар – «Сосновый бор» шипажайы, Наурызым қорығы және «Термопарк» кешені. Бұл нысандар қажетті инфрақұрылыммен қамтылған және көлік қатынасы да қолжетімді.Туризмді дамытудың маңызды буыны – санаторий-курорттық демалыс. Бүгінде облыста 2 шипажай мен 14 демалыс базасы қызмет көрсетуде.Емдеу-сауықтыру бағытындағы негізгі нысандар Алтынсарин ауданының курорттық аймағында орналасқан. Олардың қатарында «Сосновый бор» шипажайы, «Жайляу» сауықтыру-ойын-сауық кешені, «Мюнхен», «Бордағы ауыл» демалыс базалары бар.Аймақта сауықтыру туризмін дамытуға қолайлы әрі қызықты өзге де орындар бар екендігін атап өту қажет.Солардың бірі – Мендыкарин ауданындағы Қарабаев атындағы оңалту орталығы. Ол күрделі жөндеуден кейін өз қызметін қайта жалғастырды.Аймақта туризмнің әлі де аса кең танымал болмауына қарамастан, бұл сала біртіндеп дамып келеді: жаңа әуе рейстері ашылуда, инвестициялық жобалар іске асырылуда, экскурсиялар ұйымдастырылуда.Қазіргі уақытта облыста туризм саласында бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Соның ішіндегі ең ауқымдысы – Амангелді ауданында көпфункционалды туристік кешеннің құрылысы. Оның аумағында Үндістандағы Тәж-Махалдың, Мексикадағы Чичен-Ица ғимаратының, Эйфель мұнарасының көшірмелері тұрғызылған.Сонымен қатар, бұл жерде әлемде теңдесі жоқ 200 белгілі қазақстандық тұлғаның есімі жазылған Ұлттық жады қабырғасы орнатылған.Туристердің ыңғайы үшін аумақта қонақ үй, мейрамхана, жазғы амфитеатр, спорт және балалар алаңдары салынған. Жобаның жалпы құны – 3,5 млрд теңге, құрылысты ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған.Аталған туристік нысан алдағы уақытта Торғай өңірінің басты туристік орталығына айналып, тек хабқа ғана емес, жақын аймақтардағы өзге де тарихи-мәдени және табиғи орындарға туристерді тартуға мүмкіндік береді.Аудан аумағында ғылыми қауымдастық пен туристердің зор қызығушылығын тудырып отырған бірегей ескерткіштер – Торғай геоглифтері орналасқан («Торғай свастикасы» Амангелді ауылынан 22 км, «Үштоғай шаршысы» 125 км қашықтықта).Сондай-ақ аудан кіреберісінде орналасқан «жүретін» Құмкешу бархандары да қонақтар үшін ерекше қызық.Күнделікті күйбеңнен алшақтап, тынығу үшін Денисов ауданында «Шаңырақ» демалыс базасының құрылысы жүріп жатыр. База Тобыл өзенінің бойында, Жоғарғы Тобыл су қоймасының аумағында орналасқан. Жобаның бірінші кезеңі аяқталып, екі жайлы жағажай, катамаран жалдау бекеті бар пирс, көлеңкелі және балалар алаңдары, «Балықшы ауылы» тұрғын кешенінде жыл бойы тұруға арналған 6 жайлы үй және 8 гриль-аймақ салынды.Облыс аумағында жыл бойғы «Баден Баден» атты жаңа термалды кешеннің құрылысы да жоспарланған. Жобаға франшиза сатып алынып, жер телімі бөлінген, болжамды құны – 3,5 млрд теңге. Жоспар бойынша ол 2028 жылға дейін іске асырылмақ.Сонымен қатар, Тобыл қаласында халықаралық «Courtyard by Marriott Kostanay» қонақ үй кешенінің құрылысы қолға алынуда. Жобаның құны – 9,8 млрд теңге, кешен 9 қабаттан, 141 нөмірден тұрады.Қостанай қаласында халықаралық «Holiday Inn» қонақ үй кешенінің құрылысы да жоспарланған. Жобаның құны – 9,0 млрд теңге, 100 нөмірден тұрады.Қостанай әуежайы аумағында бұрынғы жатақхана ғимараты қайта жөнделіп, қонақ үйге айналдырылуда, жоба құны – 600 млн теңге.2024 жылы Алтынсарин ауданында «MUNCHEN» демалыс базасының құрылысы жүзеге асырылып, оған 700 млн теңге жұмсалды.Ағымдағы жылы Арқалық қаласында бұрынғы автовокзал ғимараты қайта жөнделіп, қонақ үй кешеніне айналды. Жоба құны – 200 млн теңге.Жыл соңына дейін Алтынсарин ауданында «Green House» демалыс аймағының құрылысы аяқталады деп күтілуде, құны – 150 млн теңге.Сонымен бірге, Қостанай қаласында туристердің бос уақытын қызықты өткізу үшін «Осминог» аквапаркін қайта құру жобасы басталды. Жобаның құны – 11,2 млрд теңге, сыйымдылығы – 1200 адам. Жоспар бойынша жоба 2026 жылы аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1067260?lang=kk
Қазақстан мен Мажарстан түркі әлеміндегі жоғары білімнің, ғылымның және инновацияның даму перспективаларын талқылады 12.09.2025
Астана, 2025 жылғы 11 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Мажарстан Премьер-министрі Кеңсесінің Мемлекеттік хатшысының орынбасары – Премьер-министрінің Саяси директоры кеңсесінің басшысы Мартон Угрошдимен келіссөздер өткізді.Кездесу барысында сұхбаттастар Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) аясындағы мәдени-гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады. Жоғары білім, ғылым, жасанды интеллект және инновациялар саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларына ерекше назар аударылды.Ә.Бақаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына жасаған Жолдауын негізге алып, ҚР Үкіметі ел экономикасына ЖИ енгізуге үлкен көңіл бөлетінін және жоғарыда аталған бағыттар бойынша ынтымақтастыққа ашық екенін айтты.М.Угрошди ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің университеттері арасындағы ынтымақтастықтың зор әлеуетіне назар аударып, осы мәселелерде Ұйым Хатшылығының маңызды үйлестіруші рөлін атап өтті.Экономикалық ынтымақтастық аясында тараптар Түркі инвестициялық қорын одан әрі дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, осы бағыттағы ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1066726?lang=kk
Қазақстан мен Финляндия екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады 12.09.2025
Астана, 2025 жылғы 11 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Финляндия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Янне Хейсканенмен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.А.Исетов қазақ тарапының саяси диалогты одан әрі ілгерілетуге және экономикалық байланыстарды нығайтуға, соның ішінде Қазақстандағы инновациялық жобаларға фин компанияларының цифрлық технологиялар мен жасанды сананы пайдалана отырып қатысуына мүдделі екенін атап өтті.Сұхбаттастар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ БҰҰ мен ЕҚЫҰ аясындағы алдағы іс-шаралар бойынша да пікір алмасты.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Финляндия арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға дайындықтарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1066693?lang=kk