Enbekshi QazaQ

Экономика

Қалдықтардан – ресурсқа: қалдықтарды қайта өңдеудің жаңа жобалары 05.04.2025
Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) – бүгінгі күннің өзекті экологиялық мәселелерінің бірі. Жыл сайын қоқыс көлемі ұлғайып, оны тиімді сұрыптау мен қайта өңдеу жүйесі болмаса, қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіреді. Алматы облысында бұл мәселенің шешімі табылды: алдағы жылдары өңірде жеке инвестициялар есебінен қалдықтарды қайта өңдейтін жаңа кәсіпорындар ашылады.Өңірде жалпы төрт ауқымды жоба іске асырылады. Олар полигондарға түсетін қалдықтар көлемін азайтып қана қоймай, экономикалық тиімділік әкеліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тіпті электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.Экология үшін заманауи технологиялар“Kaz Waste Conversion” ЖШС Айтей ауылындағы полигон аумағында заманауи кешен салуды жоспарлап отыр. Бұл нысан жылына 450 мың тонна қалдықты сұрыптауға қауқарлы, бұл полигондарға кететін қоқыс көлемін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.✔ Жоба құны: 8,87 млрд теңге✔ Қаржыландыру көздері: 1,77 млрд теңге – жеке қаражат, 7,1 млрд теңге – қарыз қаражаты✔ Күйі: Жоба Өнеркәсіпті дамыту қорының қарауында Алатау қаласында “ADC Taza Al’em” ЖШС түрік “INEVA” компаниясымен бірлесіп қоқыс өңдейтін зауыт пен техноэкопарк салуды көздеп отыр. Бұл кәсіпорын қалдықтарды өңдеп, олардан электр энергиясын өндіреді.✔ Өндіріс қуаты: жылына 350 мың тонна✔ Энергия генерациясы: 16 мВт/сағат✔ Жоба құны: 32 млрд теңге (8,25 млрд – жеке қаражат, 24,35 млрд – қарыз)✔ Жұмыс орындары: 70✔ Іске асыру мерзімі: 2025-2026 жылдар “Food Waste” ЖШС жобасы жылына 36,5 мың тонна азық-түлік қалдықтарын органикалық тыңайтқыштар мен ұн өндіруге бағытталған. Бұл тек полигондарға түсетін жүктемені азайтып қана қоймай, фермерлерге сапалы табиғи өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.✔ Өнім көлемі: 2,3 мың тонна ұн, 14,6 мың тонна органикалық тыңайтқыш✔ Жоба құны: 1,78 млрд теңге✔ Жұмыс орындары: 116✔ Іске асыру мерзімі: 2025-2026 жылдар4. Қытай инвестициясы және қалдықтарды қайта өңдеуЕңбекшіқазақ ауданының Балтабай ауылында Гуандун Сучунь қытайлық компаниясы жылына 400 мың тонна қоқыс өңдейтін зауыт салуды жоспарлауда. Қазіргі таңда жер телімін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.✔ Жоба құны: 3 млрд теңге✔ Іске асыру мерзімі: 2025-2026 жылдар Бұл жобалар қалдықтардың қайта өңделуін арттырып, қоршаған ортаның ластануын азайтады және жаңа жұмыс орындарын ашады.Заманауи технологиялар қалдықтарды ресурсқа айналдыруға мүмкіндік береді: электр энергиясы, тыңайтқыштар, жаңа өндірістерге арналған шикізат. Осындай бастамаларды жүзеге асыру Алматы облысын экологияға жауапкершілікпен қарайтын және тұрақты дамуға ұмтылатын өңір ретінде көрсетеді.Болашақ – таза қалалар мен табиғатты аялауға мүмкіндік беретін технологияларда!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/968157?lang=kk
ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысын және «Орталық Азия – Ресей» форматындағы VIII сыртқы істер министрлері кездесуін ақпараттық сүйемелдеу үшін журналистерді аккредиттеу туралы 05.04.2025
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! 2025 жылғы 11 сәуірде Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы және «Орталық Азия – Ресей» форматындағы VIII сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді.ТМД СІМК барысында Достастық аясындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған мәселелердің кең ауқымы талқыланады. Саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзара іс-қимылдың өзге де салаларында күш-жігерді үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылады.«Орталық Азия – Ресей» форматындағы сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуі аясында сауда-экономикалық және инвестициялық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы өңір елдерінің өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланады.2025 жылғы 11 сәуірде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз орталығы Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 506/99 мекенжайы бойынша орналасқан «Rixos Almaty» қонақ үйінде жұмыс істейді.Аккредиттеуден өту үшін тіркелу формасын 2025 жылғы 7 сәуір күні сағат 12:00-ге дейін толтырып, mfakzaccreditation@gmail.com электрондық поштасына жолдау қажет.Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ҚР СІМ Баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз:- Ерлан Өтегенов, ұялы тел.: +7 (777) 0418865.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/967782?lang=kk
«Eco Park Alatau» тұрғын үй кешені аумағында көшпелі кеңес 05.04.2025
Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев «Eco Park Alatau» тұрғын үй кешені аумағында көшпелі кеңес өткізіп, құрылыс компаниясы және жергілікті атқарушы органдармен үлескерлер мәселесін шешу жолдарын талқылады.Жоспарланған төрт тұрғын үйдің екеуі әлі аяқталмаған. Құрылыс салушы мен үлескерлер арасында тек ниет хаттамаларына қол қойылғаны анықталды, бұл қосымша заңдық қиындықтар туғызады.Әсет Масабаев құрылыс жұмыстары заң аясында аяқталуы тиіс екенін атап өтті. Құрылыс компаниясы тұрғын үйлердің құрылысын аяқтап, оларды пайдалануға беру міндетін өз мойнына алды. Әкімдік өз тарапынан инженерлік инфрақұрылым бойынша қажетті қолдау көрсетеді, алайда құрылысты аяқтау құрылыс компаниясының жауапкершілігінде қалады.2023 жылдың желтоқсанында бекітілген Жанатұрмыс ауылының Бас жоспарына сәйкес, кешен аумағы көпқабатты тұрғын үйлер, таунхаустар және мектеп салуға арналған.Жұмыс кездесуі барысында Әсет Масабаев құрылыс жұмыстарын орындау бойынша жол картасын әзірлеп, бекітуді, сондай-ақ олардың іске асырылу кестесін айқындауды тапсырды.Үлескерлермен ашық диалог орнатып, бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әр апта сайын жиын өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл кездесулерде жол картасының орындалу барысы мен жобаны іске асыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/967598?lang=kk
Қостанайлық жас спортшылар әлемдік тұғырдан көрінді 05.04.2025
2025 жылдың 1 сәуірі күні облыс әкімі Калгари (Канада) қаласында өткен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері Полина Омельчук, Анастасия Галечинамен кездесті. Кездесуге Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы да қатысты.Бұдан бөлек Анастасия Галечина Калгаридағы чемпионатта 2000 метрлік эстафетадан қола жүлдені иеленсе, Полина Омельчук 2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада қола медаль алды. Осы жылы қысқы спорт түрлерінен облысымызда ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтар көп. Оның қатарына Қытайда өткен IX қысқы Азия ойындарында шорт-тректен жүлдегер Глеб Ивченко мен шаңғы жарысынан қола жүлдеге ие болған Наиль Башмаков, Владислав Ковалевты айта кету керек.Әкім спортшыларымыздың жаттықтырушылары Анатолий Галечин, Илья Коробейников, Николай Федоренкоға алғысын білдіре отырып, жас шорт-трекшілердің нәтижелерімен мақтанатынын айтты. «Соңғы жылдары жерлестеріміз жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүргендігі қуантады. Алда Миланда қысқы Олимпиада өтеді. Әрдайым лицензия мен жүлделерге таласуға мүмкіндігі бар спортшыларымызды қолдаймыз»,-деді әкім өз сөзінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/967458?lang=kk
Қазақстан СІМ жанындағы диалог алаңында гендерлік теңдік және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес мәселелері талқыланды 05.04.2025
Астана, 2025 жылғы 28 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надірқұлованың төрағалығымен «Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органының отырысы өтті. Отырыста күн тәртібіндегі екі негізгі мәселе – гендерлік теңдік пен ерлер мен әйелдер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, сондай-ақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес талқыланды.Іс-шараға Парламент Мәжілісі депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың (Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының), мүдделі мемлекеттік органдардың (Мәдениет және ақпарат министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және т.б.), әйелдердің құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰ ДБ) мен БҰҰ-Әйелдер секілді халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысты.Отырыс Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Лира Раисованың баяндамасымен ашылды. Ол Қазақстанның әділеттілік пен инклюзивтілік қағидаттарына берік ұстанымын және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық бастамаларды белсенді түрде ілгерілетіп отырғанын атап өтті. Халықаралық серіктестер Қазақстанның «Теңдік ұрпағы» форумының Іс-қимыл коалицияларын жүзеге асыруға және «Пекин+30» процесіне қосқан жаһандық үлесін жоғары бағалайтыны айтылды.Қатысушылар Қазақстанда әйелдердің мүддесі үшін ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілгені туралы хабардар етілді. 2024 жылғы 16 маусымда «Әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша» ҚР Заңы күшіне енгені аталып өтті. Осы заңның арқасында Қазақстан ТМД-да әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы озық шараларды енгізген алғашқы ел болды.Күн тәртібіндегі бірінші мәселені талқылау барысында Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік сала, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Саят Кенебаев әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша негізгі шараларды таныстырды. Оның ішінде мемлекеттік қатысы бар компаниялардың басқару органдарында әйелдердің үлесін кезең-кезеңімен 30%-ға дейін арттыру көзделген. Басқарушылық деңгейде әйелдердің өкілдігін арттыруға бағытталған нысаналы көрсеткіштер айқындалды – бұл тек атқарушы лауазымдарда ғана емес, сондай-ақ компаниялардың директорлар кеңесінде де жүзеге аспақ. 2024 жылдың соңында шағын және орта бизнес субъектілеріндегі әйелдердің үлесі 48,1%-ды құрағаны айтылды, бұл олардың ел экономикасына қосып отырған үлесінің артып келе жатқанын көрсетеді.Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілі Ажар Сүлейменова Омбудсмен кеңсесі дайындаған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы баяндама туралы хабарлады. Ол шалғай өңірлерде дағдарыс орталықтарының жеткіліксіз қамтылу мәселесіне назар аударды. Сондай-ақ қолайсыз отбасыларды жедел анықтау және оларға мақсатты көмек көрсету үшін ведомствоаралық үйлестіруді күшейту ұсынылды. Бұдан бөлек құқық бұзушылармен жұмыс істеудің маңыздылығы аталып өтіп, агрессорларға арналған түзету бағдарламаларын кеңейту және жалғастыру қажеттігі айтылды.Отырыста Ішкі істер министрлігінің өкілі Әсемгүл Алибаева жаңа заңнамалық шараларды іске асыруына жан-жақты тоқталды. 2024 жылғы сәуірде қабылданған заңның тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тетіктерін едәуір күшейткені айтылды. Қылмыстық кодекске қайта енгізілген өзгерістердің ішінде көмекке мұқтаж немесе материалдық тұрғыдан тәуелді адамдарға қатысты жасалған ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру үшін жауапкершілік қарастырылған баптар бар – олар көбінесе тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларында қолданылады. ІІМ мәліметінше, Президенттің тапсырмасы бойынша әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы полиция бөлімшелерінің жұмысы қайта жанданды. Сонымен қатар жыныстық қылмыстарды тергеу үшін әйел-тергеушілер институты енгізілуде.Отырыс барысында Мемлекет басшысының Қылмыстық кодекске адаммен некеге тұру мақсатында ұрлауға («қыз алып қашу») байланысты жеке бап енгізу туралы бастамасы ерекше қызығушылық тудырды. Осы ұсыныс Бас прокуратураның қолдауына ие болды және қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірге тиісті түзетулер әзірленіп жатыр.Жалпы, отырыс ашық және конструктивті түрде өтті. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері пікір алмасып, бар мәселелерді айқындап, оларды жүйелі деңгейде шешу бойынша нақты ұсыныстар ұсынды.«Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органы 2013 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен құрылған. Бұл алаң үкімет пен азаматтық сектор арасындағы диалогты дамытуға арналған тиімді құрал ретінде өз жұмысын атқаруда. Мұнда адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдерінің (БҰҰ ДБ, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы, ЕҚЫҰ және т.б.) байқаушылар ретінде қатысуымен талқыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/967420?lang=kk
Қостанай облысында әкімдік отырысы өтті: инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды 05.04.2025
Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтіп, онда екі басым бағыт – сумен жабдықтау және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды.Сумен жабдықтау: 100% қамтуға бағытОблыс әкімі халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болып қала беретінін атап өтті. Соңғы бес жылда энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына 90,2 млрд теңге бөлінсе, оның ішінде тек 2024 жылы – 20,7 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде ауыл халқының таза ауызсуға қолжетімділік деңгейі 91,3%-ға жетті.Биыл сумен жабдықтауға 22,6 млрд теңге қарастырылып, 65 жоба жүзеге асырылады. Бұл қосымша 24,7 мың адамды таза ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Барлық жобаларды іске асыру кезінде үйлерді су жүйесіне қосу басты талап болып отыр. Әкімнің тапсырмасы бойынша, бұл – міндетті шарт. Соңғы екі жылда 55 мың үй су жүйесіне қосылып, 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін облыста 259,4 мың үй орталықтандырылған су жүйесіне қосылады.Сонымен қатар, өңір басшысы жергілікті мердігерлік ұйымдарды жұмыспен қамту қажеттігін айтты. Олардың үлесі 2023 жылғы 26%-дан 2025 жылы 60%-ға дейін артады. Бұл жаңа жұмыс орындарын құрып, жергілікті бизнестің дамуына ықпал етеді.Көлік инфрақұрылымы: оңтүстік аудандар мен халықаралық маршруттарға басымдық беріледі2024 жылы жол саласының бюджеті 106,0 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 42%-ға артты. Өңірде 1 580 шақырым жол мен 103 елді мекендегі 382 көше жөнделеді.Оңтүстік аудандарға ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Торғай – Ырғыз автожолының жөндеу жұмыстары басталады. Бұл батыс аймақтар мен елдің орталығын оңтүстік арқылы тікелей байланыстырады. Бұл жоба Арқалық қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендердің дамуына серпін береді.Тағы бір маңызды жоба – Арқалық әуежайын қайта жаңғырту. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Қостанай мен Астанаға тұрақты рейстер ашу жоспарланып отыр, бұл өңірдің көлік қолжетімділігін айтарлықтай жақсартады.2025 жылы Жезқазған – Петропавл автожолының Арқалықтан Ұлытау облысының шекарасына дейінгі 87 шақырымдық бөлігі жөндеуден өтеді. Бұл солтүстік пен оңтүстікті байланыстыратын жолды 400 шақырымға қысқартып, көлік ағынын тәулігіне 10-нан 2 500 автомобильге дейін арттыруға мүмкіндік береді.Оңтүстік аудандардың транзиттік маңызының артуына байланысты облыс әкімі жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын – қонақүйлер, санитарлық тораптар, дәмханалар мен сауда орындарын халықаралық стандарттарға сай салуды тапсырды.Өңір – транзиттік ағындардың орталығындаҚұмар Ақсақаловтың айтуынша, кешенді көзқарас пен Үкімет деңгейіндегі қолдаудың арқасында Қостанай облысы алдағы жылдары еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыратын негізгі транзиттік хабқа айналып, Қазақстан, Орталық Азия елдері және Ресей Федерациясы арасындағы жаңа бағыттарды қалыптастырады.Әкімдік отырысының қорытындылары инфрақұрылымды жүйелі дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және өңірдің тұрақты экономикалық өсіміне жағдай жасауға бағытталғанын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/967192?lang=kk
Қостанай облысы Қазақстанның «Кондитерлік астанасын» құру жолында 05.04.2025
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Кондитерлік астана» жаңа кешені алаңындағы дайындық жұмыстарымен танысты. Жоба облыстағы ең ірі азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорны – «Баян Сұлу» АҚ базасында іске асырылуда.«Баян Сұлу» АҚ ұзақ жылдар бойы Қазақстандағы ірі кондитерлік өнімдер өндірушілерінің бірі ретінде танылып келеді. Кәсіпорын 300-ден астам өнім түрін шығарып, 1700-ден аса адамды жұмыспен қамтып отыр. Компанияның өнімі ішкі нарықпен қатар, ТМД және Еуропа елдеріне табысты экспортталуда.«Кондитерлік астана» жаңа жобасы өңірдің азық-түлік өнеркәсібіндегі позициясын нығайтуға және жергілікті шикізатты қайта өңдеу көлемін айтарлықтай арттыруға бағытталған. Жобаға салынған инвестиция сомасы 14 миллиард теңгеден асады. Кешен жылына 16,6 мың тонна жоғары сапалы кондитерлік өнім шығаруға мүмкіндік береді. Жобаның жүзеге асуы өңірде қосымша 260 жаңа жұмыс орнын құрып, халықтың жұмыспен қамтылуына оң ықпал етеді.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов атап өткендей, «Кондитерлік астана» жобасының жүзеге асуы Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру тапсырмасын орындау жолындағы маңызды қадам болып табылады. Біз жергілікті шикізаттың әлеуетін барынша пайдалануға және тұрғындарды жаңа жұмыс орындарымен қамтуға ұмтыламыз. Бұл қадам өңір экономикасын нығайтып қана қоймай, жергілікті өнімді терең өңдеуді қамтамасыз етеді».Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары аяқталды – құрылыс алаңында 3,1 гектар жер учаскесінде орналасқан бұрынғы нан зауытының ауданы 7,6 мың шаршы метр ескі ғимараттары бұзылды. 2025 жылдың екінші тоқсанында негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті.Жобаны қаржыландыруға «Тобыл» ӘКК АҚ белсенді қолдау көрсетуде, корпорация «Баян Сұлу» АҚ акцияларын сатып алуға 5 миллиард теңге бөлді. Сондай-ақ Қазақстанның Даму банкі жоғары технологиялық жабдықтарды сатып алуға 6 миллиард теңге көлемінде несие берді. Жабдықтардың жеткізушілері анықталды, бұл өндірістің уақытылы іске қосылуын қамтамасыз етеді.«Кондитерлік астана» кешенінің іске асырылуы импортқа тәуелділікті төмендетуге, облыстың экспорттық әлеуетін кеңейтуге және қосымша құны жоғары өнім шығаруды айтарлықтай арттыруға ықпал етеді. Жаңа жоба Қостанай облысының экономикасын нығайтып, өңір тұрғындарын тұрақты әрі жоғары жалақысы бар жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/966593?lang=kk
Қазақстан мен ЕО стратегиялық серіктестікті нығайтуда 05.04.2025
Астана, 2025 жылғы 31 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу елімізге жұмыс сапарымен келген Еуропалық одақтың Орталық Азия жөніндегі Арнайы өкілі Эдуардс Стипрайсты қабылдады.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру, экономикалық байланыстарды нығайту, инвестициялық өзара іс-қимыл және өңірлік қауіпсіздік тақырыбын қоса алғанда, екіжақты және өңірлік ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.Тараптар Орталық Азияға арналған ЕО стратегиясы аясында диалогты жалғастырудың және орнықты даму, цифрландыру мен климаттық күн тәртібі саласындағы бірлескен бастамаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Жасыл трансформация және өңірдің Еуропалық одақпен көлік-логистикалық байланыстылығы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға бағытталған жобаларды іске асырудың маңыздылығы баса айтылды.Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Еуроодақпен серіктестікті тереңдетуге бейілділігін растай отырып, осы аптада Самарқандта өтетін «Орталық Азия - Еуропалық одақ» саммитінің маңыздылығына назар аударды.Өз кезегінде Э.Стипрайс Қазақстан мен ЕО арасындағы өзара іс-қимылдың қарқынды дамуын жоғары бағалап, өңіраралық ынтымақтастықты дамытуда және маңызды инфрақұрылымдық әрі экономикалық жобаларды іске асыруда еліміздің жетекші рөлін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселелер бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты.Еуропалық одақ – Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктесі. 2024 жылы ҚР мен ЕО арасындағы тауар айналымы 49,7 млрд АҚШ долларын құрады (+16,9%), оның ішінде Қазақстанның ЕО-ға экспорты – 38,6 млрд доллар, импорты – 11,1 млрд доллар. 2005 жылдан 2024 жылғы 9 айға дейінгі кезеңде ЕО елдерінен Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 200,7 млрд долларды құрады, бұл Қазақстанға құйылған барлық тікелей шетелдік инвестициялардың (419,5 млрд доллар) 47,8%-ын құрайды. 2024 жылдың 9 айында ЕО-дан Қазақстанға тікелей инвестициялар көлемі 6,4 млрд доллар немесе жалпы көлемнің 50,4%-ын құрады. Қазақстанда еуропалық капиталдың қатысуымен 3 мыңнан астам компания жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/966538?lang=kk
Алматы облысында «Qonaev media» өңірлік телеарнасы ашылады 05.04.2025
Бұл туралы баспасөз мәслихатында жаңа телеарнаның басшылары мәлімдеді.Алматы облысымен қатар, республика көлемінде тікелей хабар тарататын арнаға танымал тележүргізушілер жетекшілік етпек. Жаңа арнаның басшысы – Қымбат Хангельдина, ал бас продюсер қызметін Қымбат Досжан атқарады.Жаңалықтарға негізделген телерадио кешені қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 12 сағат хабар таратады.– Мамыр айында кезең-кезеңімен іске қосыла бастаймыз. Жалпы штат саны – 80 адам. Негізгі құрам анықталғанымен, әлі де телеарнаның «ыстығына күйіп, суығына тоңуға» дайын әріптестерді іріктеп, жұмысқа қабылдаймыз. Қазіргі таңда жұмыс жоспары әзірлену үстінде, – деді «Qonaev Media» телерадиокомпаниясы» ЖШС директоры Қымбат Хангельдина.Алматы облыстық телеарнасы болғандықтан, қаржыландыру облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Алайда, арна көрерменнің көңілінен шығып, өз аудиториясын қалыптастыра алса, іскерлік жобалар да қолға алынып, өзін-өзі қаржыландыратын медиаға айналдыру көзделген.Телеарна жаңалықтармен шектелмей, түрлі бағыттағы бағдарламаларды да эфирге шығарады.– Ақпараттық хабарлар күнделікті үш мезгіл эфирден беріледі. Апта сайын ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар да жарық көреді. Өңірдің әлеуеті зор. Сондықтан мәдениет, спорт, туризм бағыттарын қамтитын циклдік жобалар әзірленеді, – деді «Qonaev Media» арнасының бас продюсері Қымбат Досжан.Жаңа арна іске қосылғанымен, телеарна қызметкерлері үшін қолайлы кеңсе мәселесі өзекті болып тұр. Қазіргі таңда «Qonaev Media» телеарнасының уақытша ғимараты Алматы қаласында орналасқан. Ал облыс орталығы – Қонаев қаласында арнайы медиаорталық ашылған кезде, арна толықтай өңірдің бас шаһарына көшеді.Айта кетейік, болашақта арна жанынан жергілікті радио құрылып, әуе толқынында хабар тарату жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/966391?lang=kk
Жас дарын – 140 балл! 05.04.2025
Білім – кез келген мемлекеттің өркендеуінің негізгі іргетасы. Бүгінгі жастардың ғылым мен білімге деген құштарлығы – елдің ертеңін жарқын ететін басты күш. Осындай алғыр да еңбекқор жастардың бірі – Еңбекшіқазақ ауданындағы Толқын орта мектебінің оқушысы Санжар Қуандық. Ол Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) наурыз айындағы сынағында ең жоғары 140 балл жинап, өзінің білім деңгейін дәлелдеді.Санжардың бұл жетістігі туған мектебінің ғана емес, бүкіл облыстың мақтанышына айналды. Осы орайда, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев дарынды оқушымен арнайы кездесіп, оны құттықтады. Кездесу барысында өңір басшысы білім саласындағы жаңа бастамаларға тоқталып, мектептерді жаңғырту, оқушыларға заманауи білім беру мен қауіпсіздік мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.– Бұл жетістік – сенің табандылығыңның, ата-анаң мен ұстаздарыңның қолдауының нәтижесі. Бүгінде елімізде жастарға сапалы білім алуға барлық мүмкіндік жасалып жатыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып, одан әрі биіктерді бағындыруға тілектеспін, – деді облыс әкімі.Санжар өз кезегінде болашақ жоспары туралы ой бөлісіп, ұстаздық жолды таңдауды мақсат еткенін жеткізді. Ол алған білімін келешек ұрпақпен бөлісуді ең үлкен миссиясы санайды.Кездесу соңында өңір басшысы жас түлекке 500 мың теңгенің сертификатын табыстап, анасы мен ұстаздарына Алғыс хат ұсынды. Мұндай қолдау – білімді жастарды ынталандырудың және олардың еңбегін бағалаудың жарқын үлгісі.Санжар Қуандықтың жетістігі – білімге ұмтылған әрбір жасқа шабыт сыйлайды. Осындай талапты, алғыр жастар көбейген сайын, еліміздің де болашағы жарқын болары сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/966324?lang=kk
Қазақстан мен Словенияның СІМ басшылары екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің болашағын талқылады 05.04.2025
Астана, 2025 жылғы 31 наурыз – Словения Президенті Наташа Пирц-Мусардың Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Словения Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы және еуропалық істер министрі Таня Файонмен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстан мен Словения арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері мен келешегін талқыланды. Сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және екі елдің іскерлік орталары үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылды.Министрлер Словения президентінің сапары аясында өтетін бизнес-форумның байланыстарды кеңейтуде маңызды қадам болатынына сенім білдірді. Осы тұста көлік және логистика, фармацевтика, жасыл энергетика, су ресурстары мен телекоммуникация салалары басым бағыттар ретінде аталып өтті.«Астана Орталық Еуропа мен Еуропалық одақтағы маңызды серіктес ретінде Люблянамен байланысты жоғары бағалайды. Көптеген мәселелер бойынша ортақ мүдделеріміз бар, атап айтқанда транзит-көліктік әлеуетімізді өзара тиімді пайдалана аламыз», – деп атап өтті М.Нұртілеу.Сыртқы саяси ведомстволар басшылары сондай-ақ көпжақты форматтағы конструктивті өзара іс-қимылды атап өтіп, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағат теңестірді». Бұл бағытта Астана мен Люблянаның БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы бойынша ұстанымдарының жақындығы айтылды.М.Нұртілеу Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталық құруда, сондай-ақ Қазақстан азаматтары үшін Еуропалық одақтың визалық режимін жеңілдету бойынша келіссөздерді бастауға Еурокомиссияның мандатын алуда білдірген қолдауы үшін словен тарапына алғыс білдірді.Өз кезегінде Т.Файон Словенияның Қазақстанмен өзара қызығушылық тудыратын барлық салаларда көпқырлы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ниетін растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөніндегі күш-жігер туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/966146?lang=kk
Қостанай облысының индустриалды аймағы: экономиканың локомотиві және инвестиция магниті 05.04.2025
«Қазақстанға жаһандық, әсіресе өңірлік нарықта табысты бәсекеге қабілетті, қуатты әрі технологиялық тұрғыдан прогрессивті өнеркәсіп қажет» Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,Қазақстан Республикасының Президенті  Мемлекет басшысының өңір экономикасына инвестициялар тарту жұмысын тиімді жүргізу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.  Қостанайда 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан индустриялық аймақ өңір дамуының негізгі драйверіне айналды. Бұл учаске барлық қажетті дайын инфрақұрылыммен, соның ішінде магистральдық газ құбыры, су құбыры, кәріз, байланыс және электр жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген.Қазіргі уақытта Қостанай қаласының Индустриялық аймағында жалпы құны 97,4 млрд теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылды, 1 000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласында жүзеге асырылуда. Жалпы сомасы 348,5 млрд теңге сомасына 3,9 мың жұмыс орнын ашуды көздейтін тағы 9 жоба әртүрлі іске асыру кезеңдерінде тұр.  Сонымен қатар, Индустриялық аймақ аумағында жаңа ірі жобаларды іске қосу және жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, 2024 жылы металлургия өндірісі саласында «KamLitKZ» ЖШС шойын құю зауыты іске қосылды. Кәсіпорын сұр шойыннан цилиндр блоктары мен бастиектерін құюға бағытталған. Өндіріс барлық заманауи талаптарға сәйкес келеді, жоғары деңгейде автоматтандырылған және энергия тиімділігі жоғары.Жобаның құны – 78,2 млрд теңге, жылдық өндірістік қуаты – 45 мың тонна құйма, 500 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұдан бөлек, «KamLitKZ» ЖШС металлургия кластерін дамыту аясында биыл тағы 2 жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Олар – жетекші көпірлердің басты берілістерін өндіру және жүк көліктеріне арналған жетекші көпір балкасын тереңдетілген локализациямен шығару. Жобалардың өндірістік қуаты – жылына 74 мың редуктор және 90 мың көпір балкасы, жалпы инвестиция көлемі – 160,5 млрд теңге, 650 жұмыс орны құрылады. Бұдан басқа, 2024 жылы машина жасау саласында «Беларус» тракторларының кабиналарын («МТЗ Қазақстан» ЖШС) және көлік құралдарының кузовтарын (жедел жәрдем, автозактар, жедел әрекет ету қызметтеріне арналған көліктер – «TEHNOPARK KZ» ЖШС) өндіру басталды. Жыл қорытындысы бойынша 250 кабина және 600 бірлік кузов шығарылды. Сондай-ақ өткен жылдан бастап теміржол жылжымалы құрамына арналған серіппелердің сериялық өндірісі жолға қойылды. Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде өндіріс көлемін ұлғайтумен қатар, жаңа тауар ассортименті пайда болуына байланысты өндірілетін өнімнің номенклатурасы кеңейіп келеді. Жергілікті билік коммуникацияларды қосу тұрғысынан әрбір инвесторға жеке тәсіл қолданады. Осылайша, 2023 жылы Индустриялық аймақ аумағында автомобиль жасау секторындағы негізгі жобалардың бірі – толық циклді KIA автокөлік зауытының құрылысы басталды. Бұл жоба өңірдің экономикалық дамуына оң әсер етіп, экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 90 млрд теңге, жылдық өндірістік қуаты – 70 мың автокөлік, 1 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауытты іске қосу 2025 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған. Дүниежүзілік ірі концерн – KIA Corporation компаниясының келуімен Қазақстандағы машина жасау саласындағы кадрларды даярлау жүйесінде түбегейлі өзгеріс күтілуде. Бұл елімізде жаңа буын инженерлерін даярлауға мүмкіндік береді. Баршаға мәлім, адами капитал – бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырудағы басты факторлардың бірі. Осылайша, өңірде Индустриялық аймақтардың болуы инвесторларға қолайлы жағдайлар ұсынып, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, көлікке қолжетімділік және басқа да артықшылықтар береді. Ал бұл өз кезегінде өңірді нақты сектордың негізгі салаларына инвестиция тарту үшін тартымды етеді. Нәтижесінде, бюджетке түсетін түсімдер, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және экономиканың тұрақты өсімі қамтамасыз етіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/966122?lang=kk
Алматы облысында газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр? 05.04.2025
Облыстық газдандыру схемасына сәйкес облыста газды қажет ететін 284 елді мекен бар. Қазіргі уақытта оның 157-сі (55,3%) газдандырылып, 1,2 млн адам (77%) газға қол жеткізді. Облысқа табиғи газ келетін ірі магистральдық газ құбырлары: Алматы-Талдықорған, Алматы-Байсерке-Талғар, 2 желілі Алматы-Байсерке-Талғар, Байсерке-Қапшағай, Ташкент-Бішкек-Алматы, Бұхара газ құбыры, Қазақстан-Қытай және «Шелек-Кеген-Нарынкол» газ құбырлары салынып жатыр. 2023 жылы «Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбыры салынды (АБТ газ құбырының учаскесін жою жұмыстары 2025 жылға жоспарланды). Алдағы уақытта газ құбырын «Интергаз Орталық Азия» АҚ-на беру жоспарланып отыр. 2024 жылы 17 елді мекенде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.Олар: Жамбыл ауданында – Бірлік, Ақтерек, Ақсеңгір, Көкдала, Жайсан, Б. Қыдырбекұлы, Беріктас, Дегерес, Қазыбек бек; Алатау қаласында – Жаңаарна ықшамауданы, Еңбек ықшамауданы, Талғар ауданында – Арқабай, Көктал, Қайнар, Төңкеріс; Ұйғыр ауданында – Бахар, Шарын. Осылайша, облыстың 40 мыңнан астам тұрғынының тұрмыс жағдайы жақсарды.Сондай-ақ, 18 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы шықты. Олар: Балқаш ауданында – Береке, Еңбекшіқазақ ауданында – Талдыбұлақ, Сатай, Қаракемер, Нұрлы, Масақ, Достық, Лавар, Қорам, Қаратұрық, Дихан, Қаражота, Шелек-Кеген-Нарынкөл, Қарасай ауданында – Қарасай, Талғар ауданында – Дәулет ауылы. Қонаев қаласы бойынша – МКД, КПР, №19, №20, «Арна», «Спутник», «Рауан» ықшам аудандары. Бұл тағы да 100 мыңнан астам тұрғынды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2025 жылы 12 елді мекенді газбен қамту жүйесін жүргізуге бюджеттен 3,75 млрд теңге бөлінді. Олар: Балқаш ауданында – Бақанас, Ақжар, Бояулы, Миялы жаңа ықшамауданы; Жамбыл ауданында – Таңбалытас, Шилібастау, Арқарлы; Талғар ауданында – Еламан, Кіші Байсерке, Дәулет; Ұйғыр ауданында – Тасқарасу; Қарасай ауданында – Сауыншы (РБ – 250 млн теңге, МБ – 3,5 млрд теңге).Сонымен қатар, 29 жобаны дамытуға облыстық бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінді. Оның 673,8 млн теңгесі Қонаев қаласын кешенді дамыту жоспарына сәйкес 8 шараны жүзеге асыруға жұмсалады. Балқаш ауданында – Бура, Үшжарма, Ақкөл; Еңбекшіқазақ ауданында – Ақши, Қайрат, Балтабай, Бөлек, Аймен, Алға, Қойшыбек, Базаркелді, Космос, Қызылшарық; Талғар ауданында – Өзтерім, Нұра, Туғанбай; Іле ауданында – Құйған; Ұйғыр ауданында – Кіші Дихан, Үлкен Дихан, Қолжат, Кетпен; КПР – «Конаев 2» АГТС, «Жаңа Іле» АГТС, аталған автоматты газ тарату стансаларынан газ құбырларын жүргізу. Қонаев қаласындағы газ магистральдарын кеңейту жұмыстары.Бұл ретте 2025 жылдың соңына дейін облысты газдандыру пайызын 59,8%-ға дейін ұлғайтып, 170 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қалған 114 елді мекен «Алматы облысының 2030 жылға дейінгі өңірлік газдандыру схемасына» сәйкес толық қаржыландырылған соң уақытылы газдандырылады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/965632?lang=kk
Алматы облысында көктемгі әскерге шақыру науқаны жүзеге асуда 05.04.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 ақпандағы №782 Жарлығына және облыс әкімдігінің 18 ақпандағы №47 қаулысына сәйкес, елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны жүзеге асуда.Биыл көктемгі әскерге шақыру аясында Алматы облысынан 1 746 жас сарбаз Қарулы күштер, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімдеріне аттанбақ. Қазіргі таңда олардың 192-сі ҰҚК Шекара қызметіне жөнелтілді.Алматы облысының әкімі Қонаев қаласындағы облыстық жинақтау пунктіне барып, көктемгі әскерге шақыру науқанының ұйымдастырылу барысымен танысты. Өңір басшысына облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, полковник Нұрбол Жұмашхан мен оның орынбасары Дулат Акишев шақыру жұмыстарының негізгі кезеңдері мен атқарылған шаралар жөнінде баяндама жасады.Сондай-ақ облыс әкімі «Мобилизациялық дайындықты, азаматтық және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі» КММ-не барып, мекеме директоры Айдын Бекбосыновтың есебін тыңдады. Одан бөлек, ТОО «Гранит» компаниясының өкілдері өз өндірістері мен әскери мақсаттағы өнімдері туралы таныстырылым жасады.Жауынгерлік қабілет – басты назарда. Өңір басшысы көктемгі шақыру науқанының маңыздылығын атап өтіп, барлық жауапты құрылымдардың үйлесімді әрі ашық жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.“Әскерге шақыру – тек формальды рәсім емес, бұл – еліміздің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне тікелей әсер ететін маңызды мемлекеттік процесс. Сондықтан барлық шаралардың заң аясында, әділ және ашық өтуі маңызды. Жас сарбаздар үшін барынша жайлы жағдай жасалып, медициналық тексеру мен дайындық жоғары деңгейде жүргізілуі тиіс”, – деді облыс әкімі.Айта кетейік, көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында болашақ сарбаздар медициналық тексеруден өтіп, әскери бөлімдерге жіберілмес бұрын тиісті дайындық шараларынан өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/965559?lang=kk
Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 29,6 мың ағаш отырғызылды 05.04.2025
Өңір экологиялық бастаманы белсенді қолдады: 2025 жылдың басынан бері жүздеген су айдыны, саябақ пен аулалар тазартылды. Сенбілікке ондаған мың тұрғын мен мыңдаған кәсіпорын өкілдері қатысты. Нәтижесінде 1,9 мың тонна қоқыс жиналып, 29,6 мың ағаш отырғызылды, сондай-ақ 13 келі түрлі ағаш тұқымы себілді.“Алматы облысы – Қазақстанның ең көркем өңірлерінің бірі. Оның тазалығы мен сұлулығын сақтау – әрқайсымыздың борышымыз. Қаншама адамның бұл іске бей-жай қарамай, өз үлесін қосқаны қуантады”, – деді акцияға қатысушылардың бірі.2025 жылдың басынан бері 1 952 көпқабатты тұрғын үй ауласы, 55 саябақ пен сквер, 254 тарихи-мәдени ескерткіш және 462 әлеуметтік нысан тазартылды. Сонымен қатар 241 өзен, көл және су қоймасының жағалауы ретке келтіріліп, жұмыстарға 956 техника тартылды.Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өңірде арнайы медиа-жоспар бекітілді. Соның аясында 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 7 998-ден астам материал жарияланған.«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өңірде жалғасуда. Ұйымдастырушылар тұрғындарды тек сенбіліктерге қатысып қана қоймай, күнделікті өмірде де қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/965343?lang=kk
Еңбекшіқазақ ауданының түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады 05.04.2025
[20:07, 27.03.2025] Жанна: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Толқын орта мектебі” коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің 2024-2025 оқу жылының түлегі Қуандық Санжар Ғалымжанұлы “Наурыз” ҰБТ-да ең жоғары 140/140 балл жинап, үздік нәтижеге қол жеткізді.«Бұл – үлкен еңбектің, талмай ізденістің және сапалы білімнің жемісі. Санжардың жетістігі ұстаздары мен ата-анасының қолдауының, жүйелі дайындықтың айқын көрінісі. Осы орайда, білімге деген ұмтылысы мен табандылығы үшін Қуандық Санжар Ғалымжанұлын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы оқуында да сәттілік серік болып, болашақта ел дамуына өз үлесін қосатынына сеніміміз мол.“Толқын орта мектебінің” ұжымы мен түлектің ата-аналары да бұл жетістікке ерекше қуанып, шәкірттерінің биік белесте…[20:20, 27.03.2025] Жанна: Еңбекшіқазақ ауданының түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинадыАлматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Толқын орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024-2025 оқу жылының түлегі Қуандық Санжар Ғалымжанұлы “Наурыз” ҰБТ-да ең жоғары 140 балл жинап, үздік нәтиже көрсетті.«Бұл – үлкен еңбектің, талмай ізденістің және сапалы білімнің жемісі. Санжардың жетістігі – ұстаздары мен ата-анасының қолдауының, жүйелі дайындықтың айқын көрінісі. Осы орайда, білімге деген ұмтылысы мен табандылығы үшін Қуандық Санжар Ғалымжанұлын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы оқуында да сәттілік серік болып, болашақта ел дамуына өз үлесін қосатынына сеніміміз мол», – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.“Толқын орта мектебінің” ұжымы мен түлектің ата-аналары да бұл жетістікке ерекше қуанып, шәкірттерінің биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.Айта кетейік, биылғы “Наурыз” ҰБТ-сы жоғары бәсекелестік жағдайында өтіп, талапкерлерге білімдерін дәлелдеуге мүмкіндік берді. Қуандық Санжар Ғалымжанұлының жетістігі – жастарға үлгі боларлық жарқын нәтиже.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/964289?lang=kk
IQanat: Қостанайда ауыл оқушыларына арналған олимпиаданың облыстық кезеңі өтті 05.04.2025
Қостанайда өткен IQanat республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне өңірдің түкпір-түкпірінен 400-ден астам 8-сынып оқушысы қатысты. Бұл тур қорытындысы бойынша еліміздің ең үздік 1000 оқушысы финалға жолдама алады.Олимпиаданың басты ерекшелігі – әлеуметтік бағыты. Қатысушылардың 70%-ы – әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардан шыққан балалар. Финалға өткендер үшін екі мүмкіндік қарастырылған: бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-интернатына тегін қабылданады, ал қалғандары үш жылдық қолдау бағдарламасымен қамтылады. Бұл бағдарлама ЕНТ, халықаралық емтихандарға дайындықты, ағылшын, ІТ, soft skills және кәсіпкерлік дағдыларын қамтиды.– IQanat бағдарламаларына қатысқан балалардың 90%-ға жуығы Қазақстан мен шетелдің үздік университеттеріне грант арқылы оқуға түседі. Қазіргі таңда түлектеріміз 15 елде білім алуда, – дейді IQanat білім беру қорының өңірлік үйлестірушісі Гүлнара Берсагурова.Олимпиада логикалық, сыни және кеңістіктік ойлау, математикалық сауаттылық пен ағылшын тілін тексеруді қамтыды. Сонымен қатар, оқушылар 6 пәннің бірін таңдап, тереңдетілген тест тапсырды: математика, физика, химия, биология, Қазақстан тарихы немесе география.Биылғы жаңа жоба – peer-to-peer форматы. Онда 10-11 сыныптағы айқанаттық оқушылар кіші сыныптарға пәндік тьютор болып, қолдау көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/964205?lang=kk
Мәскеудегі халықаралық турнирде қостанайлық боксшы қыздар үш жүлдеге ие болды 05.04.2025
Қостанайлық спортшы қыздар Мәскеуде өткен Софья Очигаваның жүлдесіне арналған VII халықаралық бокс турнирінде үздік нәтиже көрсетті. Турнирге 13 жастан 40 жасқа дейінгі 300-ден астам спортшы қатысты.54 келі салмақ дәрежесінде Рамина Маханова чемпион атанды. Оны жарысқа Руслан мен Темірлан Чемурзиевтер дайындады.Қола жүлдені жеңіп алғандар:• Анэля Наурузбаева (46 кг, жаттықтырушысы – Нұрхан Жолғасбеков);• Мәдина Нұрманова (66 кг, жаттықтырушысы – Темірлан Чемурзиев).Барлық спортшы қыздар Қостанай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/964200?lang=kk
Қостанай облысында санитарлық авиация заманауи тікұшақпен толықты 05.04.2025
Система экстренной медицинской помощи Костанайской области расширяет свои возможности. Теперь в распоряжении санитарной авиации региона – современный вертолет Eurocopter H-145 D-3 Airbus helicopter. Благодаря этому жители отдаленных районов смогут оперативно получать необходимую медицинскую помощь, а пациенты в тяжелом состоянии – быстрее транспортироваться в лечебные учреждения областного центра.Кроме нового вертолета, санитарная авиация продолжает использовать самолет АН-2 и два автомобиля для наземной транспортировки пациентов.Отделение санитарной авиации работает на базе областной станции скорой помощи. Дежурство осуществляется ежедневно – в составе бригады врач и фельдшер. В случае необходимости привлекаются узкопрофильные специалисты, включая детских врачей.В 2024 году санитарная авиация уже выполнила 74 вылета и 353 выезда наземным транспортом. С начала 2025 года бригады совершили 92 выезда и 8 вылетов.Обновление парка санитарной авиации – это значимый шаг для улучшения медицинской инфраструктуры региона и повышения доступности экстренной помощи для всех жителей области.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/964196?lang=kk
Армения СІМ басшысы Астанаға алғашқы ресми сапарымен келді 05.04.2025
Астана, 2025 жылғы 27 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға алғашқы ресми сапарымен келген Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен кездесті.Тараптар қазақ-армян қатынастарының кең ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың басым бағыттары, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесі қарастырылды.Достық пен өзара тиімді ынтымақтастық негізінде екіжақты серіктестікті тереңдетуге өзара міндеттеме білдірілді. Тараптардың ниеттерін іс жүзінде растау ретінде Арменияның Қарағанды мен Ақтөбедегі құрметті консулдарының кеңселерін ашу болды.ҚР Сыртқы істер министрі мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында өткен жылы қазақ-армян қатынастары сапалы жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. 2024 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян қабылдаған Бірлескен мәлімдеме екі елдің одан әрі жақындасуына деген өзара ұмтылысты көрсетті.Осыған байланысты сыртқы саяси ведомстволардың басшылары биік деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын егжей-тегжейлі қарастырды.«Армения – Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы сенімді саяси және сауда-экономикалық серіктесі және қазақ-армян байланыстары еш қиындықсыз, сындарлы көзқараспен дамуда және бір-бірінің мүдделерін ескеруге дайын. Мен екі халықтың игілігі үшін барлық уағдаластықтарды іске асыру мақсатында ең тығыз өзара іс-қимылға дайын екенімді білдіремін», – деді М.Нұртілеу.Сауда-экономикалық саладағы кооперацияны одан әрі кеңейтуге ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жетекші үйлестіруші рөлі назарға алынып, оның кезекті отырысын жуырда өткізу ұсынылды.Екі елдің бизнес-топтарының іскерлік байланыстарды дамытуға қатысуының маңыздылығы аталып өтті. Бүгінгі таңда Арменияда қазақстандық капиталдың қатысуымен 100-ден астам кәсіпорын, ал Қазақстанда 430-дан астам армян компаниясы тіркелген.Армения СІМ басшысы А.Мирзоян «өткен жыл біздің мемлекеттер арасындағы екіжақты қатынастар тарихындағы маңызды кезең болды» деп мәлімдеді. Ол биік және жоғары деңгейдегі сапарларға, сондай-ақ көптеген бірлескен іс-шараларға толы болғанын атап өтті, бұл әртүрлі салалардағы өзара іс-қимылға қажетті серпін берді. «Мемлекеттеріміз егемендік пен тәуелсіздікті нығайтуға, сондай-ақ транзиттік әлеуетті арттыруға және ұлттық экономикаларды жаңғыртуға ұмтылуда біртұтас. Мұның бәрі серіктестік қарым-қатынасты кеңейту үшін берік негіз жасайды. Ереван мен Астана халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша жиі сәйкес немесе ұқсас ұстанымдарға ие», – деп толықтырды А.Мирзоян.Тараптар инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға жәрдемдесуге уағдаласты. Армян экономикасына қазақстандық капитал салымдарының жалпы көлемі 56 млн АҚШ долларынан асады.Цифрлық саладағы өзара іс-қимылды кеңейтудің перспективалық мүмкіндіктері аталып өтті. Астана халықаралық қаржы орталығының алаңында оны ұлғайту үшін резервтер бар. Орталықта Армениядан цифрлық технологиялар, қаржылық қызметтер және сақтандыру саласында жұмыс істейтін 10 компания тіркелген.Министрлер ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы жаңа мүмкіндіктерді анықтау үшін ортақ күш салуға келісті.Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың мазмұнды күн тәртібі аталып өтті. Мемлекет басшыларының қатысуымен өткен жылы Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері өтті. Ағымдағы жылы Қазақстанның Армениядағы мәдениет күндері мәдени алмасудың оң тәжірибесін жалғастырады.Жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық практикалық мазмұнмен толықтырылады. Бұл үшін Қазақстан мен Арменияның жоғары оқу орындары арасында қол қойылған өзара іс-қимыл жөніндегі 13 келісімдер мен меморандумдар негіз болады.Кездесу барысында министрлер сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағат теңестірді», көпжақты және интеграциялық құрылымдар шеңберінде одан әрі тығыз байланыстарға, екі мемлекеттің халықаралық бастамаларын ілгерілету кезінде өзара қолдау көрсетуге бейілділігін растады.Ресми сапар барысында Армения Республикасының Сыртқы істер министрі А.Мирзоян Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың қабылдауында да болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/963898?lang=kk