Enbekshi QazaQ

Экономика

ITMLab әлеуметтік жобасының финалы Астанада өтті 21.02.2025
Астанада ITMLab әлеуметтік жобасының соңғы кезеңі өтті, онда қатысушылар сарапшылар мен әлеуетті инвесторларға мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін өз әзірлемелерін ұсынды. Бұл техникалық оңалту құралдарының прототиптері, сонымен қатар қол жетімді және инклюзивті ортаны құруға бағытталған әртүрлі технологиялар.Бұдан бұрын хабарланғандай, ITMlab жобасы аясында Астана және Алматы қалаларында хакатондар өткізілді, оның барысында мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша ең қызықты және өзекті стартап-жобалар іріктелді. Финалдық таныстырылым барысында 18 команда өз жобаларын ұсынды, олардың идеялары бір ай ішінде кәсіби оқытушылардың жетекшілігімен пысықталды. Презентациялар аяқталғаннан кейін қазылар алқасы прототиптерді жүзеге асыруға арналған гранттар алған 6 команданы таңдады.Соңғы кезеңде сарапшылар мен әлеуетті инвесторларға дайын әзірлемелер ұсынылды. Әрбір жоба терең зерттеулер барысында анықталған нақты қажеттіліктер мен жағдайларға негізделген. Бұл шешімдер технологияның қолжетімділігін арттыруға, коммуникацияларды жақсартуға және инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған.Shaka – көру қабілеті бұзылған адамдардың күнделікті өмірде бағыт-бағдар алуына көмектесетін вибромоторлар мен сенсорлары бар қолғап.Fenix Recovery – арнайы орталықтарда да, үй жағдайында да қолдануға болатын экзоскелет пен ықшамды локомоторлы тренажер.Bulan – мүгедектігі бар адамдардың арбасына арналған оңтайландырылған электронды құрылғы.РиМы – Брайль қарпіне бейімделген электронды дисплей.«Жан» ҚБ – ақ таяқтарға арналған тозуға төзімді ұштықтарды өндіру.Procrastinators – ымдау тілін мәтінге және керісінше нақты уақыт режимінде аударатын қосымша. «Бұл жобалар бірнеше ай бойы дайындалып, тиянақты және қажырлы еңбекті көп қажет ететін процестерден өтті. Бұл әлемді өзгерту өз қолымызда тұрғандығының дәлелі. ITMLab жобасы біздің елдегі инклюзивтілікті ілгерілетуге көмектеседі деп сенеміз. ITMLab жобасы одан әрі дамиды, ол біздің елімізде инклюзияны ілгерілету бойынша осындай жаңа бастамаларға есік ашады деп үміттенемін», – деп атап өтті «IteachMe» ҚҚ директоры Захира Бегалиева.Осы ITMLab жобасын іске асыру қол жетімді инклюзивті ортаны дамытуға, сондай-ақ инновациялық шешімдер үшін жағдай жасауға елеулі үлес қосқан бас серіктес – «Шеврон» компаниясының қолдауының арқасында мүмкін болды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сараптамалық қолдау мен консультацияларды қамтамасыз ете отырып, жобаға жәрдемдесті, бұл идеяны табысты іске асыру үшін маңызды негіз болды.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова алғы сөзінде мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру үшін әлеуметтік жобаның маңыздылығын атап өтті.«ITMLab жобасының соңғы кезеңі шеңберінде оңалтудың техникалық құралдарын әзірлеуге цифрлық технологияларды қосу бөлігінде бастамалар ұсынылды. Бүгін біз жастардың осындай дамыту үдерістеріне қалай қатысатынына куә болып отырмыз. Бұл мүгедектігі бар адамдарға көмекке келетін, олардың өмір сүру сапасын жақсартатын инновациялар», – деді ЕХӘҚМ басшысы.Іс-шара қорытындысы бойынша мүдделі инвесторлар мен бизнес өкілдері ең перспективалы командаларға ынтымақтастық, тәлімгерлік және кәсіби білім алмасуды ұсынды. Бұл формат қатысушыларға өз идеяларын ұсынып қана қоймай, оларды одан әрі дамыту үшін құнды ұсыныстар мен қолдау алуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/941652
Алматы облысы Қытаймен ынтымақтастықты нығайтуда 21.02.2025
Алматы облысында өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь арасында кездесу өтті.Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және туристік салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.Алматы облысы мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстар қарқынды дамуда. Қытайлық инвестициялар өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда маңызды рөл атқарады. ҚХР-мен келесі жобалар сәтті жүзеге асырылды: • ТОО «КИК Жібек Жолы» – тамшылатып суару технологияларын енгізу (7,5 млрд теңге, 450 жұмыс орны). • ТОО «КИК Жібек Жолы» – құрғақ сүт өндіру зауытының құрылысы (7,5 млрд теңге, 27 жұмыс орны). • ТОО «КИК Жібек Жолы» – құрама жем өндірісі зауыты (7,5 млрд теңге, 60 жұмыс орны).Болашақ жобалар қатарында: • CITIC CONSTRUCTION CO., LTD – 26 мың га суару жүйелерін салу және жаңғырту (234 млрд теңге). • SHANGHAI STRATCH BIOTECHNOLOGY Co., Ltd және EURASIAN CONTINENTAL BRIDGE Co., Ltd – фруктоза, мальтоза және лактоза өндіретін зауыт құрылысы (206,5 млрд теңге, 2 000 жұмыс орны). • Fufeng Group – астықты терең өңдеу зауытының құрылысы (1 000 жұмыс орны). Қытайлық инвесторлар өңірдегі ірі өнеркәсіптік жобаларға белсенді түрде қатысуда: • ТОО «Жетісу Вольфрам» – вольфрамды өңдеу зауыты (135 млрд теңге, 350 жұмыс орны). • ТОО «Kelun Kazpharm» – фармацевтикалық фабрика құрылысы (7,5 млрд теңге, 450 жұмыс орны). • ТОО «Qazmetproduct» – болат сым өндірісі (359 млн теңге, 60 жұмыс орны). Алдағы уақытта іске асырылатын өнеркәсіптік жобалар: • BAOXIN (Жамбыл ауданы) – металлургиялық өнімдер өндірісі (106 млрд теңге, 500 жұмыс орны). • TBEA – трансформатор зауытының құрылысы (50 млрд теңге, 500 жұмыс орны). • ТОО «Baulong quice» – арнайы техника құрастыру (52 млрд теңге, 1 366 жұмыс орны).Қытай Алматы облысының негізгі туристік серіктестерінің бірі болып табылады. 2024 жылы өңірге 11 700-ден астам қытайлық турист келді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 43%-ға артық. Кездесуде бірлескен туристік маршруттар құру, инфрақұрылымды дамыту және қытайлық инвесторларды қонақүй бизнесіне тарту мәселелері талқыланды. Келіссөздер барысында Қытайдың Алматы облысы инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысуы басты тақырыптардың бірі болды. Ұсынылған жобалар қатарында: • Алатау және Қонаев қалаларында инженерлік желілердің құрылысы және жаңғырту (162 млрд теңге). • Облыста 6 электр қосалқы станциясын салу (36 млрд теңге). Мәдени байланыстарды нығайту аясында Қазақстанның Халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы Бейжіңде атап өтілетіні жарияланды. Бұл шара екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге бағытталған.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты әріптестікті дамытуды жалғастыруға ниетті екендерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/941289
Қазақстандықтарға 60 млрд теңгеден астам сомада мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төленді 21.02.2025
Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 53,2 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 7,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 541,7 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 193,3 мың адамды құрады.Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Мәселен, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 86,1 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал 61,3 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 6,5% - ға өсті. ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-дан төленетін төлемдердің мөлшері де 6,5% - ға артты.Мәселен, осы жылы жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін – 101 702 теңгені, 2-топ үшін – 81 362 теңгені, 3-топ үшін – 55 474 теңгені құрайды.1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 71 245 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 72 214 теңгені құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/940973
2025 жылғы 1 ақпанда 169 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді 21.02.2025
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 31,9 мың отбасындағы 169,1 мың адамға 2,3 млрд теңге сомасына атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. 2025 жылы осы мақсатқа бюджеттен 132,9 млрд теңге қарастырылды.Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.АӘК мыналарды көздейді:- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2025 жылғы 1 ақпанда АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 52 мың балаға 305,1 млн теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы кедейлік шегі өңірлік медиандық табыстың 35% деңгейінде, бірақ өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінен 70% - дан төмен емес деңгейде айқындалған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/939965
Алматы облысының әкімдігі өңірлік нышан жобасын әзірлеу бойынша байқау жариялайды 21.02.2025
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығымен бекітілген Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларына сәйкес, Алматы облысының өңірлік нышанын әзірлеу үшін өтініштер 3 ай мерзімде (2025 жылғы 17 ақпан - 2025 жылғы 17 мамыр аралығында) қабылданады: Өңірлік нышан жобасына қойылатын талаптар: Жобаны әзірлеу:- қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту,- геральдикалық белгілерді сақтау,- өңірдің ұлттық дәстүрлерін, тарихи, мәдени, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алу қағидаларына негізделеді.Жобаны әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мен Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесін, сондай-ақ дiни, рулық және тайпалық белгiлердiң бейнесін пайдалануға тыйым салынады.Жобаны әзірлеу кезінде мыналар ескерілерді:- жоба бұрын пайдаланылмаған және өзінің ерекшелігімен жергілікті жердің болашақ даму бағытын құруды айқындайтын жаңа жұмыс болып табылады;- жобаның визуалды құрамдас бөлігі, үш өлшемді кескіні және (немесе) моделі анық бедері бар;- жобада ресми атаулар, жазулар және басқа да мәтіндер қазақ тілінде жазылады;- жобаны әзірлеу кезінде авторлық құқықты және (немесе) сабақтас құқықты бұзуға, плагиатқа жол берілмейді.Жобаның авторы Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылады.Жобаны жасауға бірнеше жеке тұлға қатысқан, жағдайда олардың барлығы оның авторлары (бірлескен авторлары) болып саналады.Жобаны әзірлеу кезінде ұлттық этнографиялық элементтерді (ою-өрнектерді) пайдалануға рұқсат етіледі.Конкурсқа қатысуға өтінім қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және жобаның сипаттамасын қамтиды.Конкурсқа қатысуға өтінімдерді облыстық ішкі саясат басқармасына (электронды көшірмесі zhumash.ibrayva.64@mail. daurenbaevmarat78@gmail.com почталарына) қағаз және электронды тасымалдағышта 2025 жылғы 17 мамырдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс!.Сұрақтар туындаған жағдайда 87773717606 (Ибраева Жұмаш Шыныбековна), 87776883792 (Дауренбаев Марат Өмірбекұлы) номеріне хабарласуға болады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/940045
Қазақстан мен Мажарстан: стратегиялық серіктестіктің жаңа көкжиектері 21.02.2025
Астана, 2025 жылғы 17 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен келіссөздер өткізді.Мажар министрінің осы сапары – оның Қазақстанға жетінші ресми сапары, бұл екі ел арасындағы берік әрі ұзақ мерзімді қарым-қатынастардың айқын көрінісі. Осыдан он жыл бұрын П.Сийярто алғаш рет Астанаға сапар жасап, бұл оқиға қазақ-мажар байланыстарын нығайтудағы маңызды меже болды.Тараптар ортақ тарихи тамырлар мен дәстүрлі достыққа негізделген стратегиялық серіктестікті тереңдетуге бейілділігін қуаттап, екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, саяси, экономикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың басым бағыттары қаралды.Сыртқы істер министрлері 2024 жылғы қарашадағы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Будапештке сапары және 2023 жылғы қарашадағы Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанның Астанаға сапары қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.Келіссөздер барысында сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге ерекше назар аударылды. Өткен жылы тауар айналымның көлемі 4,4%-ға өсіп, 200 млн АҚШ долларына жуықтады. Тараптар сауда айналымын 1 млрд долларға дейін ұлғайту бойынша мемлекет басшылары қойған мақсатқа жету үшін қосымша шаралар қабылдауға уағдаласты.Қазақстан экономикасына құйылған мажарлық тікелей инвестициялар көлемі 370 млн доллардан асты. Қазіргі уақытта жалпы құны 700 млн доллар болатын 16 бірлескен жоба іске асырылуда, оның ішінде энергетика және өнеркәсіп секторларында маңызды жобалар бар.Мәселен, мажар «MOL» мұнай-газ компаниясы Батыс Қазақстандағы ірі газ-конденсат кен орны – «Рожковское» кенішін игеруге 200 млн доллар инвестиция салды. «Globalia» компаниясы Қазақстанның бірнеше өңірінде күн электр станцияларын салып жатыр, ал «UBM» холдингі биыл 62 млн долларлық үш құрама жем зауытының құрылысын бастайды.Сұхбат шеңберінде экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған маңызды бастамалар да қарастырылды. Атап айтқанда, Қазақстанда мажар банктердің филиалдарын ашу, Будапештте мультимодальды жүк терминалын салу, Қазақстан мұнайының Мажарстанға жеткізілімін арттыру, сондай-ақ уран мен стратегиялық маңызы бар минералдарды экспорттау мәселелері талқыланды. Осы бағыттағы маңызды қадам – бірлескен Инвестициялық қорды жақын арада құру болмақ.«Мажарстан – біз үшін бауырлас мемлекет, біз онымен стратегиялық серіктестікке ерекше мән береміз. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты нақты әрі тиімді нәтижелермен байытуға ұмтыламыз», – деді Қазақстан СІМ басшысы.Өз кезегінде, мажар министрі Будапешттің Астанамен саяси ғана емес, экономикалық, инвестициялық және мәдени салаларда да екіжақты қатынастарды тереңдетуге ниетті екенін растады. «Біз Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге дайынбыз және бұл екі елге де үлкен пайда әкелетініне сенімдіміз», – деп П.Сийярто атап өтті.Сұхбаттастар сондай-ақ ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударды. Мажарстан жыл сайын қазақстандық студенттерге 250 білім грантын ұсынады (қазіргі таңда мажар университеттерінде 1000-ға жуық қазақстандық студент білім алуда).Сонымен қатар 2025 жылғы мамыр айынан бастап Шымкент пен Будапешт арасында тікелей әуе рейсі ашылады. Бұл бауырлас халықтар арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтып, түрлі салалардағы ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер туғызады.Келіссөздер аясында тараптар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Еуропа мен Таяу Шығыстағы қақтығыстар жөнінде пікір алмасты. Қазақстан мен Мажарстан сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қарсыласушы тараптар арасында бейбіт әрі сындарлы диалогтың орнатылуына үміт білдірді.М.Нұртілеу Қазақстанның БҰҰ Жарғысының қағидаттарына, сондай-ақ еліміздің тек қана бейбіт жолмен шешуге бағытталған теңгерімді және прагматикалық сыртқы саясатқа берік екенін растады.Министрлер сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да көпжақты ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.Мажарстанның Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) жұмысына белсенді қатысуын ерекше атап өткен тараптар Будапештте өтетін алдағы бейресми ТМҰ саммитінің ортақ түркі мұрасымен байланысқан елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болатынын жеткізді.Келіссөздер қорытындысы бойынша дипломатиялық академиялар арасындағы әріптестік және мажар тілін оқыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.Қазақстанда 30-ға жуық мажар компания және 40 бірлескен кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. 2005 жылдан бастап Мажарстаннан Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялар көлемі 370 млн доллардан асты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/939880
Тағайындау 21.02.2025
Алматы облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушысы бұйрығымен Аманжол Истолеуович Ибрагимов 2025 жылғы  17 ақпаннан бастап Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.Аманжол Истолеуович 1968 жылы туылған, білімі жоғары, 1995 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «шығыстану» мамандығы бойынша, 2004 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.Еңбек жолын 1995 жылы  Алматы теміржолының жетекші маманы қызметінен бастаған.Әр жылдары «Қазақ темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының халықаралық басқармасында, Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданы өкілдігінің басшысы (ҚХР), “ҚТЖ” ҰК-ның халықаралық басқармасының бөлім басшысы, ҚХР және Оңтүстік-Шығыс Азия (Пекин) өкілдігінің басшысы, “ҚТЖ” ҰК” Президент кеңесшісі,  «ҚТЖ Экспресс” АҚ-ның Президент кеңесшісі, «Казпочта» АҚ-ның филиал директоры, «КТЖ Экспрес» АҚ-ның контейнер тасымалдау департаментінің директоры, «Eurasia Supply Chain Aktau/Almaty» ЖШС бас директорының орынбасары лауазымдарын атқарған. 18 жылдай  “ҚТЖ” ҰК” АҚ-ның ҚХР-ғы Өкілдік жұмыстарын басқарған.2024 жылғы қазан айынан қазіргі уақытқа дейін «TezJet Cargo» ЖШС-ның бас директоры лауазымында қызмет атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/939273
Қазақстан мен Германия: ынтымақтастық перспективалары бойынша мазмұнды диалог 21.02.2025
Мюнхен, 2024 жылғы 16 ақпан – Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Бундестаг депутаты Робин Вагенермен (Одақ 90/Жасылдар партиясы), Германия Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азиямен қоғамдық ынтымақтастық жөніндегі үйлестірушісі, Бундестаг делегациясының ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы жетекшісі және Бундестаг депутаты Нилс Шмидпен, Германия Социал-демократиялық партиясы фракциясының сыртқы саясат жөніндегі өкілімен кездесулері өтті.Келіссөздер барысында тараптар саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын, сондай-ақ 2024 жылғы қыркүйекте Астанада өткен «Орталық Азия + Германия» екінші саммитінің қорытындыларын талқылады.Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық туралы Бірлескен декларацияның қабылдануының маңыздылығы жоғары бағаланды. Аталған құжат елдеріміз арасындағы кең ауқымды серіктестіктің алдағы қадамдарын айқындады. Сонымен қатар екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі алаңдарының – Үкіметаралық жұмыс тобының, Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің және Берлин Еуразиялық клубы қызметінің нәтижелері қарастырылды.Тараптар стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту бойынша келесі қадамдарды, сондай-ақ екіжақты және көпжақты форматтағы алдағы іс-шараларды талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/939093
2025 жылы қазақстандықтарға бала тууына және бала күтіміне байланысты 80 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы төленді 21.02.2025
Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 80,1 млрд теңгеге 170,8 мың адам қамтылды.Бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылдың қаңтар айында республикалық бюджеттен барлығы 6 млрд теңге сомаға 33,7 мың адам алды. Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмаған жағдайда туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар, егер олар басқа ата-ананың отбасында екені ескерілмесе, өгей балалары бар адамдардың (отбасылардың) бала күтіміне байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар. Есепті кезеңде 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақыны 3,6 млрд теңге сомасына 123 мың адам алды.Бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) байланысты белгіленеді. 2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелген.Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:- бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 149 416 теңге;- төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 247 716 теңге.Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:- бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;- екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;- үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;- төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.Бұдан басқа жұмыс істейтін азаматтарға жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілгенге дейінгі соңғы 12 ай ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріске және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.Аталған біржолғы төлемді жыл басынан бері жалпы сомасы 33,3 млрд теңгеге 23,6 мың адам алды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 714 618 теңгені құрады.Сондай-ақ МӘСҚ-дан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға баланың туған күнінен бастап тағайындалады. Төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40%-н құрайды. Екі және одан да көп бала туған жағдайда төлем әр балаға жеке тағайындалады.2025 жылы бұл төлем 24,2 мың адамға тағайындалды, ай сайынғы төлемнің орташа мөлшері 93 740 теңгені құрады. Төлем 37,2 млрд теңге сомасында берілді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға артық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/939080
2025 жылдың басынан бері көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар 49 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды 21.02.2025
2025 жылғы қаңтар айында көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен 846 мың отбасы жалпы сомасы 49,5 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 604,7 мың отбасыға 43 млрд теңге мөлшерінде; наградталған анаға берілетін жәрдемақы 241,8 мың адамға 6,5 млрд теңге мөлшерінде төленді.Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге мөлшерінде төленді.Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:«Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;«Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқанын атап өтеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/939152
Қазақстан СІМ-де Франциямен көші-қон саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары белгіленді 21.02.2025
Астана, 2025 жылғы 10 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Франция Ішкі істер министрінің Арнайы өкілі Патрик Стефанинимен кездесу өткізді.Тараптар консулдық-құқықтық және көші-қон салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың мәселелерін талқылады.Ә.Бақаев Қазақстан мен Франция арасындағы серіктестіктің стратегиялық сипатын атап өтіп, француз тарапының көші-қон үрдісін басқару саласындағы күш-жігерін бағалады.Франция ІІМ өкілі заңды көші-қон саласындағы ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде жас ғалымдар, мамандар мен студенттерді қолдау шараларын ұсынды. Тараптар осы саладағы өзара іс-қимылдың перспективті бағыттарын белгіледі.Ерекше назар Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету мәселелеріне бөлінді. Қазақ тарапы іскерлік, білім беру және мәдени байланыстарды дамытуға жағдай жасайтын Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздерді бастауға Францияның қолдауына ризашылығын білдірді.Ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында қазақ тарапы инвестиция, инновация, мәдениет, спорт, ғылым және білім салаларындағы жаңа мүмкіндіктерді ашатын екі мемлекет арасындағы қызметтік сапарларды жеңілдетуге ұсынды.Кездесудің нәтижесі бойынша сұхбаттастар стратегиялық серіктестікті дамытуға және азаматтардың жұмылғыштығы үшін қолайлы жағдайлар жасауға, білім беру бағдарламаларын асыруға және көші-қон саласындағы ынтымақтастықты кеңейту саласындағы бірлескен жұмыстарды атқаруға дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/938974
Нұрғиса Тілендиев – қазақ музыкасының символдық тұлғасы, оның шығармашылығы ұлттық мәдениеттің айғағы 20.02.2025
Композитор, дирижер, «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаушы ретінде ол қазақ даласының терең жанын музыка арқылы жеткізді.Қонаев қаласында ұлы маэстроның 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Кешке көрнекті мәдениет қайраткерлері, оның мұрасын құрметтейтіндер және қазақ халқының дәстүрі мен бірегейлігін бейнелейтін өнерге жақын жандар жиналды.Мәдениет үйі лық толды: адамдар бірнеше ұрпақтың жадында қалған таныс әуендерді қайта тыңдау үшін келді. Композитордың Мемориалдық музейінен алынған көрме құнды экспонаттарды ұсынды: қолжазбалар, жеке заттар, фотоматериалдар және залды қазақ тарихының рухымен толтырған аңызға айналған домбыра.– Мұндай ұлы тұлғаларды ұлықтау – біздің парызымыз, себебі мәдениетімізді қолдап, келер ұрпаққа жеткізсек қана ол мәңгі жасайды, – деп атап өтті Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев. Жыл бойы өңірде Тілендиевтің мерейтойына арналған іс-шаралар өтеді: ескерткіштер орнату, мемориалдық орындарды қалпына келтіру, оның есімін қоғамдық маңызы бар нысандарға беру жоспарлануда.Концерттік бағдарламада әрбір қазақстандыққа таныс шығармалар орындалды. «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі көркем қойылымдарын ұсынса, «Үшқоңыр» ансамблі дала рухы мен халық философиясына толы күйлерді орындады.Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау жолдап, композитордың қазақ аспаптық музыкасын дамытудағы рөлінің маңыздылығын атап өтті.– Оның шығармашылығы ұлттық музыканы жаңа деңгейге көтеріп, қазақ күйінің қайталанбас үнін әлемге танытты. Оның туындылары – біздің мәдени мұрамыздың ажырамас бөлігі, – деді Отарбаев. – ЮНЕСКО-ның 2025 жылды Нұрғиса Тілендиев жылы деп жариялауы оның дүниежүзілік маңызын айғақтайды.Мерекелік бағдарламада Майра́мбек Беспаев, Тамара Асар, Айгүл Қосанова, Мадина Сәдуақасова, Мирас пен Құралай, Гүлнұр Оразымбетова сынды танымал орындаушылар өнер көрсетті. Олар композитордың дарыны мен мұрасына деген құрмет пен сүйіспеншілікке толы әндерді орындады.Актерлер Ерлан Біләл, Еділ Рамазан және Ақбота Рахат Тілендиевтің өмірі мен тағдырына арналған өлеңдерді оқыды. Ол жастайынан ерлік көрсетіп, майданға аттанды, кейін бар ғұмырын қазақ музыкасын дамытуға арнады.Кештің ерекше қонағы – композитордың қызы Динара (Дінзухра) Нұрғисақызы Тілендиева болды. Қазақстандық дирижер, 2011 жылғы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ол 2009 жылдан бері Н.Тілендиев атындағы Мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері қызметін атқарып келеді. Оның шараға қатысуы дәстүр сабақтастығы мен ұлы композитордың музыкалық мұрасын сақтаудың маңыздылығын айқындай түсті.Оның музыкасы – заманның айнасы, халықтың дәстүрі мен құндылықтарын жеткізетін тірі тарих. «Аққу» күйі, «Құстар әні» әні, «Махамбет» оркестрлік поэмасы әлі күнге өзекті болып, концерт залдарында орындалып, жас музыканттарға шабыт беруде.Мерейтойлық кеш Нұрғиса Тілендиев мұрасының маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды. Оның шығармалары ұрпақтарды біріктіріп, дала рухын, еркіндік пен туған жердің шексіз махаббатын жеткізуді жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/941821
РУДНЫЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ: ӨНЕРКӘСІП, ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ӘЛЕУМЕТТІК САЛА 20.02.2025
Рудный қаласында Қостанай облысының әкімі Кумар Аксакаловтың төрағалығымен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңес өтті. Кеңеске мемлекеттік органдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, бизнес, білім беру мекемелері мен коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысты.Кеңес барысында қаланың негізгі даму бағыттары, соның ішінде өнеркәсіп секторын жаңғырту, ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, тұрғын үй құрылысы, қаланы абаттандыру, сауда инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ медициналық және білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту мәселелері қаралды.«Рудный – бұл тек қуатты өнеркәсіптік орталық қана емес, сонымен қатар тұрғындарға жайлы әрі ыңғайлы болуы тиіс қала. Өндіріс, инфрақұрылым, білім беру, денсаулық сақтау және спортқа салынған инвестициялар – тұрақты дамудың кепілі. Барлық негізгі жобалар менің жеке бақылауымда», – деді Кумар Аксакалов.ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУРудный облыстың стратегиялық индустриялық орталығы болып қала береді, және оның дамуы қазіргі заманғы технологияларды енгізу мен жаңа өндірістерді ашусыз мүмкін емес.Ірі инвестициялық жобалардың бірі – ыстық брикеттелген темір (ГБЖ) өндіріс зауытының құрылысы. Жобаның құны 920 миллиард теңгені құрайды, жоспарланған қуаттылығы – жылына 4 миллион тонна. MIDREX технологиясын енгізу көмірқышқыл газының шығарындыларын 40%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Жоба аясында 1000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылады, ал жыл сайынғы салық түсімдері 32 миллиард теңгені құрайды. Зауыт іске қосылғаннан кейін өңірдегі шикізатты қайта өңдеу көлемі 2,2 есе артады.2025 жылы сұйытылған табиғи газ (СПГ) өндіріс зауытының құрылысы басталады. Бұл жоба кәсіпорындар мен көлікті экологиялық және қолжетімді отынмен қамтамасыз етеді. Жобаның құны – 14 миллиард теңге, жоспарланған қуаттылығы – жылына 50 мың тонна газ. 60 жаңа жұмыс орны құрылады.Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде жаңа білім беру бағдарламалары енгізілуде. Бұл болашақта кәсіпорындарды білікті мамандармен қамтамасыз етеді.КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ2025 жылы Қостанай – Рудный автожолын қайта жаңарту жобасы басталады. Жөндеу жұмыстарының ұзындығы 31 шақырымды құрайды, жобаны іске асыруға 6,6 миллиард теңге бөлінді. 25 шақырым жол бөлігіне жарықтандыру орнатылып, жылдамдықты бақылау камералары орнатылады.Қаланың көлік желісін жаңғырту аясында жалпы ұзындығы 28 шақырымды құрайтын 47 көшені жөндеу жоспарланған, оның ішінде Горняков көшесін қайта жаңарту жұмыстары аяқталады.Қоғамдық көлік паркін жаңарту жалғасуда. 2025 жылы 37 жаңа автобус сатып алынады, бұл қалалық автопарктің 50%-ын жаңартуға және маршруттар арасындағы интервалды қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл мақсатқа 860 миллион теңге бөлінді.ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ, АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ САУДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ2024 жылы Рудныйда 45 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5%-ға көп. Соңғы екі жылда тұрғын үй кезегі 9,3%-ға қысқарды.Жаңа тұрғын үйлердің салынуымен қатар, ескі ғимараттарды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 21 мың шаршы метр болатын 9 көпқабатты үй қалпына келтірілді, 16 мың шаршы метрді құрайтын 4 жаңа үй салынды. Қазіргі уақытта 7 үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде (4-уі Рудныйда, 3-уі Қашар кентінде), сондай-ақ тағы 10 жаңа үйдің құрылысы жоспарланған.2025 жылы 9 көпқабатты үйдің қасбеттері мен шатырларын жөндеуге 700 миллион теңге бөлінді.Сондай-ақ, ескі үйлердегі лифт жабдықтарын жаңарту жалғасуда. Соңғы екі жылда 17 жаңа лифт орнатылды, ал 2025 жылы тағы 15 лифт ауыстырылады, бұл мақсатқа 262 миллион теңге қарастырылған.Қаланың абаттандыру бағдарламасы аясында аулалар көгалдандырылып, орындықтар мен жарықтандыру жүйелері орнатылады, балалар және спорт алаңдары салынады.Қалада ірі сауда-ойын-сауық орталығының (СОО) болмауына байланысты, облыс әкімі Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенкоға бұл мәселені зерттеуді, ықтимал құрылыс орындарын анықтауды және жобаны жүзеге асыру үшін инвесторларды тарту жөнінде жұмыс жүргізуді тапсырды.БІЛІМ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ СПОРТ2025 жылы 900 және 1200 орындық екі жаңа мектептің құрылысы аяқталады. Сондай-ақ, балалардың шығармашылық және зияткерлік дамуына арналған Оқушылар сарайын салу жобасы қарастырылуда.Рудный индустриалды институты университет мәртебесін алып, студенттер саны 6%-ға артты. Университет базасында оқу зертханалары мен Жастар ресурстық орталығын орналастыру үшін аяқталмаған ғимаратты қалпына келтіру мүмкіндігі қарастырылуда.Денсаулық сақтау саласында жеке инвестициялар есебінен жаңа емхана салынып жатыр. Ол күніне 250 адамға дейін медициналық қызмет көрсетеді.Қалада екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр, сондай-ақ қалалық стадионның жобасы әзірленуде.Кәсіби спортты дамыту жалғасуда: «Горняк» хоккей клубы мен «Аят» футзал клубы ұлттық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, олардың тәрбиеленушілері Қазақстан құрамасына шақырылуда.ЭНЕРГЕТИКАӨңірде үш жел электр станциясы, бір күн электр станциясы және бір газ-поршенді станциядан тұратын бес жаңа электр станциясының құрылысы жүргізілуде. Рудныйда қуаты 1 ГВт болатын ең ірі жел электр станциясының құрылысы басталады. 165 жел генераторы орнатылады, ал инвестициялар көлемі 580 миллиард теңгені құрайды. Жоба облыстағы электр энергиясын өндіру көлемін 10 есеге арттыруға мүмкіндік береді.ҚОРЫТЫНДЫРудный қаласын кешенді дамыту халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға және жаңа бизнес пен жастар үшін мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Барлық жобалар облыс әкімінің жеке бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/941319
Алматы ЮНЕСКО-ның алғашқы Жаһандық жастар форумының алаңына айналды 19.02.2025
Алматы, 2025 жылғы 19 ақпан – Алматыда ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтарының алғашқы Жаһандық жастар форумы ашылды. Шараға әлемнің шамамен 60 елінен 150-ден астам қатысушы жиналды.Форумды ЮНЕСКО және ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Дүниежүзілік федерациясы (WFUCA) Қазақстандық ЮНЕСКО клубтарының ұлттық федерациясы, Қазақстан мен Францияның ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялары, ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, сондай-ақ Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.Екі күн бойы ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының делегаттары, сондай-ақ мемлекеттік, академиялық және іскерлік орта өкілдері, оның ішінде ЮНЕСКО сарапшылары маңызды мәселелерді талқылайды. Олардың қатарында әлеуетті нығайту, жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жасанды интеллектті пайдалану этикасы, цифрлық технологияларды қолдану, орнықты туризм, климаттың өзгеруі, инклюзия және көркемдік білім беру мәселелері бар.Форум аясында Қазақстанға бірқатар мәртебелі қонақ келеді. Олардың ішінде ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі Хуэли Аббин, жасанды интеллект саласындағы жетекші ғалым, доктор Уэйн Холмс, ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Дүниежүзілік федерациясы Атқарушы кеңесінің мүшелері және басқа да тұлғалар бар.Форумның басты қорытындысы «ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтарының 2025-2030 жылдарға арналған жастар жол картасы++-: орнықты болашақты бірге құрамыз» атты құжаттың қабылдануы болмақ. Бұл құжат 94 елде жұмыс істейтін 5000-нан астам ұйымды қамтитын қозғалыстың стратегиялық даму бағыттарын айқындайды, жастардың мүмкіндіктерін кеңейтеді және ЮНЕСКО клубтарының көшбасшыларының жаһандық желісін нығайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/941325
Алматы облысында су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді 18.02.2025
Алматы облысында су тасқыны жағдайына байланысты күнделікті мониторинг жүргізілуде. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жаңадан әзірленген "Tasqyn" ақпараттық жүйесі енгізіліп, мамандар арнайы оқытылуда. Бұл жүйені Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әзірлеген.Облыста су деңгейін бақылау үшін 42 гидропост орнатылды, оның ішінде 27-сі "Қазгидрометке", ал 15-і "Қазселденқорғау" мекемесіне тиесілі. Бақылау нәтижесінде өзен арналарының су өткізу қабілеті тұрақты екені анықталды. Аймақтағы "Қапшағай", "Күрті", "Бартоғай" және "Бестөбе" су қоймаларында су толтыру штаттық режимде жүргізілуде. Бүгінде су толтыру деңгейі 31%-дан 92%-ға дейінгі көрсеткіштерді құрайды: Бестөбе – 30,5% Күрті – 53,9% Бартоғай – 78,3% Қапшағай – 92,6% Қалған су қоймалары транзиттік режимде жұмыс істеп, тұрақты мониторинг жүргізілуде. Облыстың 4 ауданында су тасқыны қаупі жоғары деп танылған 13 учаске анықталды. Бұл аймақтарда 11 мыңнан астам тұрғын үй және 34 мыңнан астам адам тұрады.Су тасқыны қаупін азайту үшін келесі жұмыстар атқарылды: 63,6 км арық пен 30 км канал тазартылды. 78 су өткізу құбыры (автомобиль және теміржол астындағы) қалпына келтірілді. Елді мекендерден қар шығару үшін 6 арнайы орын белгіленді, мердігерлік ұйымдармен келісім жасалды. 17 мың м³ қар шығарылды. Төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары аудандар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Су тасқынына қарсы іс-шаралар үшін облыста 1136 маман және 347 арнайы техника дайындалды. Оның ішінде: 155 бірлік – трактор, бульдозер, экскаватор 108 бірлік – кран, тиегіш, самосвал 65 бірлік – эвакуациялық техника 19 бірлік – жоғары өтімді техника (трекол, УАЗ, т.б.) 130 мотопомпа, 36 жүзу құралы 8,2 мың тонна инертті материал, 81,5 мың қап 76 тонна жанар-жағармай (48 тн бензин, 28 тн дизель отыны) Барлық техниканың дайындығы тексерілді.Сонымен қатар, Алматы қаласы мен Алматы облысының шекаралас аудандарындағы өзендердің деңгейі ерекше бақылауға алынды. Облыстың төтенше жағдайлар қызметтері барлық аудандар мен қалалар әкімдіктерімен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Су тасқыны қаупі бар учаскелерде алдын алу шаралары күшейтіліп, бақылау жұмыстары жүргізілуде.Қазіргі таңда өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты және қатаң бақылауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/940365
Қытайдың «East Hope Group» компаниясы Қазақстанда металлургия саласындағы ең ірі жобаларының бірін іске қоспақ 18.02.2025
Астана, 2025 жылғы 18 ақпан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанда түсті металдарды өндіру және терең өңдеу саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің вице-министрі Олжас Сапарбеков және «East Hope Group» компаниясының бас директоры Чанцзюнь Мэн қатысты.Жоба екі өңірде жаңа өндірістік қуаттарды құруды қарастырады, бұл металлургия саласында озық технологияларды енгізуге және дайын өнімді халықаралық нарықтарға, соның ішінде Еуропалық одақ, Орталық Азия және Қытайға экспорттауды кеңейтуге мүмкіндік береді. Жоба аясында электр қуаттары станцияларының құрылысы көзделуде.«Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастар стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейінде тұр. Бұл көбінесе Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы тығыз және сенімді қатынастардың арқасында мүмкін болды. Аталған жобаны іске асыру озық технологияларды енгізіп қана қоймай, мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашып, жергілікті жеткізу тізбегін дамытуға ықпал етіп, қазақстандық өнімдердің халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады», – деп атап өтті Ә.Қуантыров.Сонымен қатар тараптар инвестициялар келісімнің егжей-тегжейлі пысықталуына келісім берді, ол ынтымақтастықтың нақты шарттарын, мемлекеттік қолдау шараларын және тараптардың міндеттемелерін қамтитын болады.Өз кезегінде О.Сапарбеков жобаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдіріп, оның Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті. «Ірі өндірістік қуаттарды құру Қазақстанның өңірдегі металлургия орталығы ретіндегі позициясын нығайтып қана қоймай, жаңа инвестициялар тарту мен технологиялық алмасудың қозғаушы күшіне айналады», – деді ол.Қол қою нәтижелері бойынша Чанцзюнь Мэн «East Hope Group» компаниясы Қазақстанды өңірдегі маңызды стратегиялық серіктес ретінде қарайтынын атап өтті: «Біз Қазақстанның экономикалық әлеуетін және инвестициялық климатын жоғары бағалаймыз. Бұл жоба біздің компания үшін ғана емес, елдің өнеркәсіптік дамуына да маңызды қадам болады. Біз бірлескен күш-жігерімізбен оны ең жоғары деңгейде жүзеге асыратынымызға сенімдіміз».Тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген сенім білдіріп, жобаны практикалық іске асыруға дайындық бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.East Hope Group (EHG) компаниясы – әлемдік жетекші түсті металдар, жартылай өткізгіш технологиялар және өнеркәсіптік инновациялар саласындағы өндіруші. Компания төмен көміртекті өнеркәсіптік кешендерді дамыту мен халықаралық жобаларды іске асыруға белсенді түрде инвестиция салуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/940892
Дипломатиялық корпусқа визалардың жаңа санаттары таныстырылды 18.02.2025
Астана, 2025 жылғы 18 ақпан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі елімізде аккредиттелген дипломатиялық корпус, шет елдердегі ҚР мекемелері (бейнеконференц байланыс арқылы), сондай-ақ БАҚ өкілдері үшін Neo Nomad Visa, Digital Nomad Visa, B9 сияқты визалардың жаңа санаттарының артықшылықтары туралы брифинг ұйымдастырды.Брифингке ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Мирас Закиев қатысты.Брифингтегі алғысөзінде Р.Василенко Neo Nomad Visa, Digital Nomad Visa және B9 сияқты визалардың жаңа санаттарын енгізу Қазақстанда тұрып, жұмыс істегісі келетін шетелдік азаматтар үшін мүмкіндіктерді едәуір кеңейтетінін атап өтті.«Еліміз 80-нен астам мемлекеттің азаматтары үшін визасыз кіруді, 109 ел үшін жеңілдетілген электрондық визаны ұсына отырып, халықаралық кәсіпқойларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасауда. Әуе қатынасын кеңейте отырып, Қазақстан 30-дан аса елге аптасына 700-ден астам халықаралық рейсті орындайды. Сондай-ақ мемлекет «ақылды» қалаларды іске қосып, жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, цифрлық инфрақұрылымды белсенді дамытуда», – деп атап өтті қазақстандық дипломат.Сонымен қатар Р.Василенко икемді визалық саясатты қолдану Қазақстанға ғана емес, оның серіктестеріне де қашықтан жұмыс істейтін кәсіпқойлардың салықтары мен ақша аударымдары, сондай-ақ елімізде жұмыс барысында жинаған дағдылар мен бірегей тәжірибе түрінде пайдалы екенін жеткізді.Е.Еркінбаев өз сөзінде визаларды енгізудің уақыттылығы мен өзектілігіне назар аударып, «Қазақстан халықаралық қонақтар үшін ашық және қолжетімді бағыт ретінде өз рөлін нығайтуды жалғастыруда. Бұл ашықтыққа деген ұмтылыс туризм өсуінің негізгі факторына айналды. 2024 жылы Қазақстанға 15,3 млн адам келді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 66%-ға артық көрсеткіш», – деп атап өтті.Neo Nomad Visa, Digital Nomad Visa және B9 сияқты визалардың жаңа санаттарын енгізу цифрлық көшпенділер мен білікті мамандар үшін тартымды бағыт ретінде мемлекеттің рөлін нығайтуға бағытталған, осылайша Қазақстанның жаһандық экономикаға интеграциялануына, туристік саланы дамытуға және білім мен мәдениетпен алмасу үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді.Neo Nomad Visa (B12-1) цифрлық көшпенділерге, қашықтан жұмыс істейтін және еңбек қызметін саяхатпен біріктіретін шетелдік азаматтарға арналған. Визаның бұл түрін енгізу Қазақстанның туристік бағыт ретінде танылуын және қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Digital Nomad Visa (B9-1) кез келген елден келген «цифрлық көшпенділерге», атап айтқанда мамандарға (фрилансерлерге, өзін-өзі жұмыспен қамтыған кәсіпкерлерге, стартаптардың негізін қалаушыларға) Қазақстанда ұзақ уақыт болуға бірегей мүмкіндік береді.Residence Visa (B9) елге медицина, ғылым, инновация, білім беру және шығармашылық индустрия сияқты салаларда арнайы дағдыларға ие шетелдік мамандарды тарту үшін арнайы әзірленген, бұл виза шетелдік азаматтарға елде 90 күнге дейін болуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/940897
Костанай облысы – машина жасау орталығы: Қазақстандағы алғашқы автокомпоненттер шығаратын зауыт салынуда 18.02.2025
Костанай облысы Мемлекет басшысының стратегиялық тапсырмасын жүзеге асырып, үш негізгі экономикалық бағыт бойынша дамып келеді: машина жасау, қара металлургия және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу. Өңірдің басым бағыттарының бірі – автомобиль жасау мен автокомпоненттер өндірісін қамтитын машина жасау саласын дамыту.Машина жасау: өндірісті кеңейтуБүгінде Қостанай облысында төрт ірі машина жасау кәсіпорны жұмыс істейді, олар жеңіл, жүк және ауыл шаруашылығы техникасын шығарады. Айта кету керек, төртінші зауыт 2024 жылдың күзіне қарай іске қосылды. Өңірдің өнеркәсіптік дамуы аясында 2025 жылдың соңына дейін тағы екі жаңа зауыт ашу жоспарланған:● KIA автомобиль зауыты – жылына 70 000 автокөлік өндіру қуатымен, 1 500 жаңа жұмыс орнын ашады;● Жүк көліктеріне арналған басты беріліс қораптары зауыты – 550 жаңа жұмыс орнын құрады.Қосымша, 2026 жылдың басында автокомпоненттер шығаратын тағы бір зауыттың ашылуы күтілуде. Бұл кәсіпорын өңірдің автокөлік өндірісі кешеніндегі жетінші зауыт болмақ және қазақстандық автомобиль зауыттарын қажетті бөлшектермен қамтамасыз етеді.Автокомпоненттер зауыты: өндірісті жергіліктендіруАвтокомпоненттерді жергіліктендіру орталығын салу – импортқа тәуелділікті азайтуға және өңірдің машина жасау кластерін нығайтуға бағытталған. Жоба жүзеге асқаннан кейін қазақстандық автомобиль зауыттарына отандық компоненттерді жеткізу қамтамасыз етіледі.Жобаның негізгі көрсеткіштері:● Инвестиция көлемі – 17,8 млрд теңге;● Жаңа жұмыс орындары – 800;● Өндірістік қуаты – жылына 60 000 компонент;● Өндірістік аумақ – шамамен 30 000 м².Қандай бөлшектер өндіріледі?Жаңа кәсіпорында бұған дейін шетелден әкелінген мынадай компоненттер шығарылатын болады:● Орындықтар;● Глушительдер;● Бамперлер, айналар, пластиктен жасалған кузов элементтері;● Электр сымдары;● Интерьер және экстерьер бөлшектері;● Автокөлік бояулары мен герметиктері.Жұмыс орындары және кадрлық әлеуетБүгінгі таңда өңірдің машина жасау саласында 5 053 адам жұмыс істейді, ал жаңа зауыттардың іске қосылуымен бұл көрсеткіш 7 500-ден асады. Автомобиль жасау, металлургия және автоматтандыру салаларында мамандарды белсенді түрде даярлау жүріп жатыр, бұл кәсіпорындарды білікті кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Автокомпоненттер зауытының іске қосылуы Қазақстанда автомобиль өндірісінің толық циклын құру жолындағы маңызды қадам болмақ.«Бұл жоба қазақстандық автозауыттарды отандық компоненттермен қамтамасыз ететін елдегі алғашқы толыққанды машина жасау кластерінің негізін қалады», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/939984
Алматы облысында жүгерінің рекордтық 270 мың тоннасы жиналды 15.02.2025
2024 жылы Алматы облысының диқандары 49,1 мың гектар жерге жүгері егіп, толық өнім жинады. Орташа өнімділік гектарынан 55 центнерді құрап, жалпы 270,7 мың тонна өнім алынды. Бұл – өңірдің соңғы жылдардағы ең жақсы көрсеткіштерінің бірі.Жиналған өнімнің негізгі бөлігі (175 мың тонна) мал азығына бағытталды, тағы 94 мың тонна өңдеуге жіберілді, ал 1,3 мың тоннасы келесі жылғы егу жұмыстарына қалдырылды. Негізгі өңдеушілер «Жаркент крахмал-патока зауыты» (78 мың тонна), «АзияАгроФуд» (60 мың тонна) және «Көк Теңіз» (14 мың тонна). Жүгерінің орташа сатып алу бағасы тоннасына 55-60 мың теңге болса, құс фабрикалары оны килограмына 74 теңгеден сатып алды.Ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында өңірде жүгері өңдеу субсидияланады. 2024 жылы бұл мақсатқа 1,5 млрд теңге бөлініп, фермерлерге өңдеуге тапсырылған әр тонна үшін 18 мың теңгеден өтемақы берілді. Облыста 102,6 мың тонна астық сақтай алатын үш лицензияланған қойма жұмыс істейді.«Алматы облысында жүгері өндірісінің тұрақты өсуі – дұрыс жүргізілген аграрлық саясаттың, фермерлерді қолдаудың және заманауи технологияларды енгізудің нәтижесі. Өңір елдегі басты астық өндірушілердің бірі болып қала береді. Ал келесі жылы біз егістік алқаптарын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті облыс әкімдігі.2025 жылы жүгері егістік алқаптары 52,6 мың гектарға дейін ұлғайтылады, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,5 мың гектарға артық. Бұл өңірдің елдегі астық нарығындағы орнын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/938789
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 346 млрд теңгеге зейнетақы төленді 15.02.2025
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 346 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 111,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 234,2 млрд теңге қарастырылды.2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 445 мың адам.2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 248 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 789 теңге, базалық зейнетақы – 47 459 теңге.Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды.Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 90 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 110% белгіленеді.Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/937770