Enbekshi QazaQ

Экономика

2025 жылы Қазақстандағы зейнетақы және жәрдемақы мөлшері 07.01.2025
2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрін ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5 %-ға, ынтымақты зейнетақыны – 8,5 %-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып арттыру көзделген.Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 %-на дейін, ең жоғары – 120 %-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылады, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.Мысалы, 2019 жылы зейнеткерлікке шыққан 69 жастағы зейнеткердің 2024 жылы бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшері 156 856 теңгені құрады, оның ішінде базалық зейнетақы төлемі – 45 578 теңге, ынтымақты зейнетақы – 111 278 теңге. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап өсімді ескере отырып, осы зейнеткер үшін зейнетақының жалпы сомасы 171 588 теңгеге дейін ұлғаяды, оның ішінде базалық зейнетақы – 50 851 теңгені, ынтымақты зейнетақы – 120 737 теңгені құрайды. Аталған сомаларға БЖЗҚ-дағы төлемдер кірмейтінін атап өту маңызды.2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың ұлғаюының бірнеше үлгісі:- 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 140 296 теңгеден 149 416 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда берілетін жәрдемақы – 232 596 теңгеден 247 716 теңгеге дейін ұлғаятын болады;- мөлшері балалар санына байланысты берілетін көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 59 183 теңгеден 63 030 теңгеге дейін, 10 баласы бар отбасылар үшін – 147 680 теңгеден 157 280 теңгеге дейін ұлғаяды;- I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 95 496 теңгеден 101 702 теңгеге дейін, II топ – 76 397 теңгеден 81 362 теңгеге дейін, III топ – 52 089 теңгеден 55 474 теңгеге дейін ұлғайтылады.Сондай-ақ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер 6,5 %-ға артады. Аталған төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.Төлемдердің мөлшері жеке санаттарға және келесілерге байланысты болады: соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты алмастыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/911461
С. Жақыпова 2024 жылды қорытындылап, қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады 07.01.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ведмствоның 2024 жылғы жұмысын қорытындылады және ел халқына денсаулық, амандық пен бақыт тілей отырып, қазақстандықтарды келе жатқан 2025 жылмен құттықтады.«Құрметті қазақстандықтар! Өткен 2024 жыл Мемлекет басшысы қойған тапсырмалар мен әлеуметтік қолдауды күшейтуге, қазақстандықтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған міндеттерді іске асыруда біздің Министрлік үшін өте жауапты жыл болды.Жыл басынан бері республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қолдау мақсатында зейнетақы мен жәрдемақылар алатын 4,5 млн адамға төлеу үшін 5,3 трлн теңге бағытталды.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері 65%-ға дейін, ал ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105%-ға дейін арттырылды.Қазақстанның қазіргі жас буын азаматтарын болашақта зейнетақының тиісті деңгеймен қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын кезең-кезеңімен енгізу басталды, аталған төлем қазірдің өзінде 4,3 млн астам жұмыскердің пайдасына аударылды.Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының кешенін іске асыру жұмыссыздық деңгейін 4,6%-ға дейін төмендетуге ықпал етті. Жыл басынан бері 936,7 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, оқыту және кәсіптік бағдар беру түрінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларымен 324,8 мыңнан астам қазақстандық қамтылды.Жұмыспен қамту саласын тиімді дамыту үшін жаңа цифрлық шешімдер енгізілді. Атап айтқанда, «Mansap Compasy» платформасы мектеп түлектеріне кәсіп таңдауға және өзінің болашақ мансабының перспективасын бағалауға мүмкіндік береді. Электрондық еңбек биржасындағы жаңа функционалдың көмегімен студенттер өндірістік тәжірибеден өтетін орынды таба алады. Ал Жобалардың инновациялық навигаторы 755 инвестициялық жобаға мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді, оның шеңберінде 150 мың жұмыс орнын құру жоспарланған.Ұзақ уақыт бойы еңбек жағдайлары зиянды жұмыста істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша арнаулы әлеуметтік төлем енгізіліп, қазіргі уақытта 13,4 мыңға жуық адамға тағайындалды.Платформалық жұмыспен қамту саласында жұмыс істейтін адамдар үшін әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ететін заңнамаға түзетулер қабылданды.Сондай-ақ, биыл халықаралық тәжірибе мен Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын ескере отырып, ең төмен жалақыны айқындау әдістемесі әзірленіп, бекітілді. ЕТЖ мөлшері медиандық жалақы мен еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін пайдалана отырып айқындалатын болады. Бұл тәсіл жұмыскерлердің кірістері мен өндірілетін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көлемі арасында нақты байланыс орнатуға мүмкіндік береді.Осы жылдың тағы бір маңызды оқиғасы еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан Министрліктің қарамағына беру болды. Аумақтық бөлімшелері бар Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті құрылды, еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылаудың тікелей және тәуелсіз жүйесі жасалды.Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету үшін кәсіпорындарда кәсіптік тәуекелдерді бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді. Нақты уақыт режимінде еңбек жағдайларын бақылау үшін Кәсіпорындардың цифрлық картасы іске қосылды.Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзуына жол бермеу мақсатында Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы енгізілді, оның шеңберінде 93 мыңнан астам кәсіпорынға мониторинг жүргізіледі.Осы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша республика кәсіпорындарындағы өндірістік жарақаттану деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 %-ға төмендеді.Биыл Қазақстан БҰҰ-ға республикамыз ратификациялаған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция ережелерінің орындалуы туралы алғашқы баяндаманы сәтті ұсынды.Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауды күшейту шеңберінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі өзгеруде және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жұмысы цифрландырылуда. Төрт өңірде балаларға қымбат, инновациялық техникалық оңалту құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылды. Мүгедектігі бар адамдар үшін 22 мыңнан астам нысан бейімделген.2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы әзірленіп, қабылданды. Оның басты жаңалығы мүгедектіктің медициналық-әлеуметтік модельден әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшу бойынша жағдай жасау болып табылады.Осы жылы еліміздің барлық өңірінде жаңа тұрғылықты жерінде қоныс аударушылар мен қандастарды бейімдеу және интеграциялау жөніндегі қызметтер ауқымы ұлғайтылды. Аталған қызметтермен 12,1 мың адам қамтылған.Қоныс аударушылардың 5 жылға дейінгі мерзімге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін алу құқығын, сондай-ақ материалдық көмекті есепке алу үшін шоттардан ақша өндіріп алуға тыйым салуды көздейтін заңнамаға түзетулер қабылданды.Қазақстандық жұмыскерлердің білімін трансферттеу және біліктілігін арттыру мақсатында шетелдік мамандар үшін талап етілетін кәсіптердің тізбесі кеңейтілді. Қазақстандық жұмыскерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыру қағидалары және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптар бекітілді.Шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтарын қорғау үшін Қатар мемлекетімен екіжақты келісімге қол қойылды.Азаматтарымыздың өмірін жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар жасалды және ол жұмыстарды одан әрі жандандырамыз.Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді келе жатқан 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймын!Жаңа жыл – әрқайсымыз үшін ерекше мереке. Жаңа жыл өмірімізге жақсы өзгерістер әкеледі деп сенеміз, еліміздің сенімді дамуына үміт артамыз.Осы жылы Отанымыздың игілігі үшін жауапкершілікпен еңбек еткен азаматтарға зор алғыс айтқым келеді. Жаңа 2025 жылы халықтың өмір сүру сапасының артуын, отбасы мен рухани құндылықтардың нығаюын шын жүректен тілеймін! Келе жатқан жыл біздің еліміз үшін жақсылық пен жасампаздыққа толы жыл болсын.Барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, әр отбасыға құт-береке, бақыт пен шаттық, қуаныш пен өзара түсіністік тілеймін!», – делінген Светлана Жақыпованың үндеуінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/912178
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті 07.01.2025
Жалпы алғанда, 2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған республикалық бюджет шығыстары 6 трлн 108 млрд-тан астам теңгені құрады, бұл 2024 жылғы шығыстардан 14 %-ға немесе 748,7 млрд теңгеге артық.Көзделген шығыстардың 97,9 %-ы немесе 5 трлн 982 млрд теңгесі азаматтарға әлеуметтік төлемдерге бағытталатын болады. Оның ішінде 4 трлн 262 млрд теңге зейнетақымен қамсыздандыруға қарастырылған, бұл шамамен 2,5 млн зейнеткерді қамтуға мүмкіндік береді (саны 77,8 мыңға өскен), 1 трлн 720 млрд теңге – барлық жәрдемақыларды төлеуге, бұл шамамен 2,3 млн адамды қамтуға мүмкіндік береді.Қалған қаражат халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруға, мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуге, азаматтық қызметшілердің еңбекақысын арттыруға және т. б. бағытталатын болады.Бұрын хабарланғандай, қазіргі кезде республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі төленеді. 2024 жылы жәрдемақылар мен зейнетақыларды төлеуге 4,5 млн адамға, оның ішінде 2,4 млн зейнеткер мен 2,1 млн мемлекеттік жәрдемақы алушыға 5 трлн 261 млрд теңге жұмсалды.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қабылдаған әлеуметтік төлемдер бойынша барлық міндеттемелер уақтылы және толық көлемде орындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/912910
2025 жылы азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20% - ға өседі 07.01.2025
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20% - ға кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылады.Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді.Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есе ұлғаяды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/913437
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау басталды 07.01.2025
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – АӘҚ) лицензиялау енгізілді. Бұл оларды көрсету сапасын жақсартуға жағдай жасайды және осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға оң ықпал етеді.Лицензиялауды енгізу арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту кезеңдерінің бірі болып табылады және ол: көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға; көрсетілетін қызметті алушылардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға кепілдік беруге; АӘҚ ұсынатын ұйымдар үшін бірыңғай стандарттарды белгілеуге бағытталған.Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық меншік нысанындағы ұйымдар лицензияланады.Лицензия алудың негізгі шарттары: санитарлық нормалар мен Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келетін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге жарамды ғимараттың болуы; қажетті материалдық-техникалық базаның және қызметкерлер құрамының болуы; халықтың жүріп туруы шектеулі топтары үшін ғимараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету және басқалар.2024 жылдың қазан айынан бастап ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері лицензия алды талдау жүргізді, жергілікті атқарушы органдармен және ҮЕҰ-мен бірлесіп, АӘҚ көрсететін барлық ұйымдарды лицензиялауға дайындау мәселелері пысықталды.Лицензия алуға өтінім Әлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz) арқылы беріледі.Лицензиялау көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, мүгедектігі бар адамдарды және көрсетілетін қызметті алушылардың өзге де санаттарын әлеуметтік оңалтудың тиімділігін көтеру үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға оң ықпал етедіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/913617
Запуск новых водопроводов в сельских населённых пунктах области 07.01.2025
Сегодня аким Костанайской области Кумар Аксакалов принял участие в торжественном запуске водопроводов в нескольких сельских населённых пунктах. Это важный шаг в рамках выполнения поручения Президента Республики Казахстан по обеспечению 100% сельского населения качественной питьевой водой к 2025 году.В 2024 году на реализацию 77 проектов водоснабжения в области было выделено 20,2 млрд тенге. Благодаря этому качественной водой обеспечено 50 сёл, включая 15 сёл с централизованным водоснабжением и 41 село через блок-модули и пункты раздачи привозной воды.В Костанайском районе в этом году завершено строительство водопроводов в пяти населённых пунктах:Александровка,Московское,Садовое,Енбек,Талапкер.Нәтижесінде 4,5 мыңнан астам тұрғын алғаш рет орталықтандырылған су жүйесіне қосылды.Бүгін сондай-ақ келесі елді мекендерде су құбырлары іске қосылды:Қарабалық ауданының Боскөл ауылында,Қамысты ауданының Адаевка және Бестөбе ауылдарында.Аталған жобалардың жалпы тиімділігі — 3 мыңнан астам тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.Құмар Ақсақалов бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті. Келесі жылы Қостанай ауданындағы Октябрьское және Константиновка ауылдары орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылады. Сондай-ақ Нечаевка мен Рыспай ауылдарында су құбырларының құрылысы аяқталып, Лиманное ауылында жаңа су жүйесінің құрылысы басталады.«Жаңа су құбырларының іске қосылуы — бұл тұрғындар үшін маңызды оқиға. Әр үйде су болуы — жайлы әрі лайықты өмір сүрудің кепілі. Біз ауылдық аумақтардың дамуына ықпал ететін жағдайлар жасаудамыз, сондықтан адамдар өздерінің туған ауылдарында қалып, өмір сүруге ұмтылатын болады», — деп атап өтті өңір басшысы.Іс-шараның соңында Құмар Ергібайұлы тұрғындарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, баршаға зор денсаулық, бейбіт өмір және амандық тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/911713
Тағайындау 07.01.2025
Алматы облысы әкімінің өкімімен Қожабеков Димаш Абдуарсұлы 2024 жылғы 26 желтоқсанынан бастап Алматы облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы басшысының міндеттерін атқаруға 3 ай мерзімге тағайындалды. Димаш Абдуарсұлы 1986 жылы Алматы қаласы, Түрксіб ауданында дүниеге келген, білімі жоғары, 2009 жылы Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «электроэнергетика» мамандығы, 2012 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «құқықтану және экономика негіздері» мамандығы, 2015 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «заңтану» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жастар ісі жөніндегі комитет төрайымының орынбасары болып бастаған.Әр жылдары «Казэлектромонтаж» АҚ инженер-сметчигі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтының веб-дизайнері, Алматы қаласы әкімі аппаратының заңгері, «Алматы қаласы Шаруашылық басқармасы» ЖШС-нің заң қызметі бөлімінің бастығы, Алматы қаласының ҚР Президенті іс басқармасы әкімшілік ғимараттар дирекциясының бөлім бастығы, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының №5 Перзентхана бас дәрігердің әкімшілік-шаруашылық бөлім бойынша орынбасары, персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Азаматтық қоғам істері комитеті басқармасының басшысы, Қостанай облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, Алматы облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/911541
Алматы облысында жерді тиімсіз пайдаланумен күрес 07.01.2025
Алматы облысында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Алматы облысында 2024 жылы жалпы алаңы 422,0 мың гектарды құрайтын 1462 ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жер учаскелері анықталды.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің тапсырмасы бойынша 2024 жылдың соңына дейін жалпы алаңы 70 мың гектар пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған болатын.Осы мақсатта, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жоспар 128,0 пайызға орындалды. Оның ішінде 74,8 мың гектар жерді меншік иелері өз еркімен бергені олардың заң талаптарын сақтауға жауапкершілігінің артқанын көрсетеді. 14,9 мың гектар жер сот арқылы тәркіленді. Сарапшылар атап өткендей, бұл Алматы облысының жер ресурстарын басқару басқармасымен бірлескен жұмыстың нәтижесі. Алматы облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Аманжол Әбдірахманов бұл жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. «Әрбір сотық жерді тиімді пайдалану – облыстың, жалпы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне қосқан үлесі. Әр гектар қоғамымызға пайдасын тигізу үшін пайдаланылмай жатқан учаскелерді қайтару жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырамыз», - деп атап өтті Әбдірахманов. Қол жеткен нәтижелерге қарамастан, алда әлі де жұмыс көп. Облыс басшылығы қараусыз қалған жерлерді анықтау, заң бұзушылықтардың алдын алу және жердің экологиялық жағдайын жақсарту шараларын күшейтуді жоспарлап отыр.Облыстық басқарма өкілдерінің айтуынша, жерді тиімді пайдалану тек мемлекеттік органдар мен жер иелерінің тығыз байланыста қызмет атқарса ғана мүмкін болады. Сондықтан облыста заңнаманы жетілдіру және жаңа бастамаларды енгізу жұмыстары жалғасады. Еске салайық, ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тарту, табиғи ресурстарды қорғау және еліміздің экономикалық дамуына үлес қосу басты міндет болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/913170
Рудный қаласында кезекте тұрғандар жаңа пәтерлердің кілтін алды 29.12.2024
Бүгін, 26 желтоқсанда, Рудный қаласында Сеченов көшесі, 1 мекенжайындағы көппәтерлі тұрғын үйдің жаңа қоныстанушыларына кілттер табыстау салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Рудный қаласының әкімі, «Қазақстандық Тұрғын үй Компаниясы» АҚ басқарма төрағасы, «Рудныйсоколовстрой» АҚ бас директоры, БАҚ өкілдері, тұрғындар мен қонақтар қатысты.Жаңа пәтердің көптен күткен кілттерін кезекте тұрған отбасы алды. Олардың қатарында көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар, толық емес отбасылар және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар. Барлығы «Отбасы банк» АҚ жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын пайдаланып, сатып алу-сату шарттарын рәсімдеді.Жаңа тұрғын үйді «Рудныйсоколовстрой» АҚ салды. Үйдің жалпы ауданы – 3456,14 шаршы метр, барлығы 45 пәтер бар. Олардың ішінде бір, екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлер ұсынылған.Өз сөзінде Құмар Ақсақалов азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету өңірдің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті:“Біз мүмкіндігінше көп отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуы үшін бар күшімізді саламыз. Бүгін кезекте тұрғандар тек өз баспаналарына ғана емес, болашаққа деген сенімдеріне де ие болды. Бұл жұмыс келесі жылы да жалғасын табады.”Салтанатты рәсім пәтер кілттерін табыстаумен және жаңа қоныстанушыларды құттықтаумен аяқталды. Бүгінгі күн олар үшін өмірдің жаңа парағын ашқан айтулы күн болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/910079
Қостанай облысында жаңа аудан әкімдері тағайындалды 28.12.2024
Қостанай облысы әкімінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы өкімімен және Сарыкөл ауданы мәслихатының келісімімен Сарыкөл ауданының әкімі болып Марат Лесбекұлы Шымырбеков тағайындалды.Марат Лесбекұлы 1973 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында туған. Шымкент университетін «Химия және биология» мамандығы бойынша және Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұған дейін Златоуст ауылдық округінің әкімі және Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.Қостанай облысы әкімінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы өкімімен және Қостанай ауданы мәслихатының келісімімен Қостанай ауданының әкімі болып Олжас Жомартұлы Нұрғалиев тағайындалды.Олжас Жомартұлы 1986 жылы Қостанай облысы Қостанай ауданында туған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, Заманауи гуманитарлық академияны және М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие. Бұған дейін Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарған.Қостанай облысы әкімінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы өкімімен және Жангелдин ауданы мәслихатының келісімімен Жангелдин ауданының әкімі болып Дінмұхамбет Серікұлы Бидашев тағайындалды.Дінмұхамбет Серікұлы 1981 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданында туған. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұған дейін Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.Барлық тағайындалған әкімдер мемлекеттік басқару саласында үлкен тәжірибеге және тиімді басшылық жасауға қажетті практикалық білімдерге ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/909507
Алматы облысында отбасын қолдау орталығы көбеюде 24.12.2024
Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында кезекті отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады.Дәл осындай орталықтар 2023, жылы, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, 2024 жылы Іле ауданы мен Қонаев қаласында, сонымен қатар Жамбыл және Райымбек аудандарында ашылуда.Мемлекет басшысы: “Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысының тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару және алдын алу шараларын кешенді түрде жүргізу қажет.Бұл мәселе әділетті мемлекет құру үшін өте маңызды. Көптеген әлеуметтік кеселдің түп тамыры, соның ішінде қылмыс көбіне тұрмысы нашар отбасылардан бастау алады. Мұндай отбасылардағы зорлық-зомбылықтар балалардың сана-сезіміне және психикасына кері әсерін тигізеді” деген болатын.Президенттің тапсырмасына сәйкес, “Отбасын қолдау орталықтары” өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларға кешенді қызмет көрсетіп келеді.Халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша, орталық мамандары “Участок” жедел алдын алу шараларындағы анықталған, тұрмысы төмен, әр-түрлі қиыншылықтары бар отбасыларға заң аясында толыққанды қызмет көрсетуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/908574
С. Жақыпова азаматтарды қабылдады 24.12.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізіп, еліміздің әр өңірінен келген 3 адамның мәселелерін қарады.Қабылдауға келген азаматтар министрге бизнесті дамыту үшін гранттар алу, жұмысқа орналасу, мүгедектігі бар азаматтарға арналған техникалық құралдар мен оңалту қызметтерінің тізімін кеңейту мәселелері жөнінде сұрақтарын қойды.Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/908491
Әкімдік отырысы: эпидемиологиялық жағдай, цифрландыру және үздік қызметкерлерді марапаттау 24.12.2024
Бүгін Қостанай облысы әкімдігінің кезекті отырысында аймақтың дамуына елеулі үлес қосқан энергетика саласының қызметкерлері марапатталды. Мемлекет басшысы атынан марапаттарды облыс әкімі Кумар Ақсақалов табыстады. Марапатталғандар:•«Құрмет» ордені:•Хохлачев Валерий Константинович — «Заречная» 220 кВ электр қосалқы станциясының басшысы, «Межрегионэнерготранзит» ЖШС.•«Еңбек Даңқы» ІІІ дәрежелі ордені:•Романюк Игорь Петрович — инженер-энергетик, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ.•Сұлтанбек Бауыржан Хамитбекұлы — Арқалық жылу энергетикалық компаниясының цех басшысы.•«Ерен еңбегі үшін» медалі:•Раисов Нұрлан Құрманғалиевич — Арқалық жылу энергетикалық компаниясының электр-газ дәнекерлеушісі. «Сіздің еңбегіңіз — энергетика саласы мен өңір тұрақтылығының іргетасы. Сіздерге мықты денсаулық, кәсіби жетістіктер мен амандық тілеймін,» — деп атап өтті Кумар Ақсақалов. Ауылдық жерлерді цифрландыру Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі — облыстың цифрлық инфрақұрылымын дамыту. Аймақ басшысы Кумар Ақсақалов сапалы интернетке қолжетімділік қамтамасыз ету қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті жоюға бағытталған стратегиялық міндет екенін айтты. Негізгі жетістіктер мен жоспарлар:•2024 жылы 15 ауылдық елді мекенде антенналар құрылысы аяқталды.•2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 29 ауыл интернетке қосылады, бұл 15 мың адамды қамтиды.•2025 жылы 52 ауылда антенна құрылғылары салынатын болады, мұнда 5 мың адам тұрады. Цифрлық инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығы:•Мектеп оқушылары мен студенттер онлайн білім алуға қол жеткізеді.•Ауыл тұрғындары телемедицина қызметін пайдалана алады.•Шаруалар өз шаруашылықтарын автоматтандырып, өнімділікті арттырады.•Мемлекеттік қызметтер мен қаржылық сервистерге қолжетімділік жеңілдейді. «Біздің мақсатымыз — өңірдің барлық ауылдарын сапалы интернетпен қамту. Бұл тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және экономиканы дамытуға ықпал етеді,» — деп атап өтті облыс әкімі. Эпидемиологиялық жағдай: аурулардың алдын алу Отырыста эпидемиологиялық жағдайға талдау жасалды. Қазіргі уақытта облыста дифтерия, күйдіргі, қызылша, қызамық сияқты аурулар тіркелмеген. Қызылша бойынша жағдай тұрақтандырылды. Алайда көкжөтел, вирустық гепатит және ЖРВИ ауруларының өсуі байқалуда, әсіресе екпе алмаған азаматтар арасында. Осыған байланысты келесі міндеттер қойылды:•Тұмау мен адам папилломавирусына қарсы екпе салуды күшейту.•Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру. Бруцеллезбен күрес:Аурудың негізгі көзі — жұқтырған ауылшаруашылық жануарлары. Осыған орай тапсырмалар берілді:•Елді мекендер аумағында санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу.•Фермалар мен жеке аула шаруашылықтарын дезинфекциялауды күшейту. Ауыз судың сапасы Ауыз судың сапасын бақылауға ерекше көңіл бөлінуде. Өткен жылмен салыстырғанда жақсару байқалады:•Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер 0,4%-ға төмендеді.•Ұңғымалар мен құдықтардан алынған судағы сәйкессіздіктер 2,6%-ға азайды. Отырыстың қорытындысы:Облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Белсенді алдын алу шаралары мен заманауи технологияларды енгізу арқылы аймақ дамуын жалғастыруда. Қостанай облысы әкімдігі тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту, сапалы интернетке және денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділікті арттыру жұмыстарын жалғастыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/908361
2024 жылдың басынан бері 18 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды 24.12.2024
2024 жылы 18 035 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 146 мың этникалық қазақ оралды.Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,4% – Қытайдан, 38,9% – Өзбекстаннан, 6% – Моңғолиядан, 5,8% – Түрікменстаннан, 2,7% – Ресейден және 1,3% басқа елдерден.Осы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,4%-ды және зейнеткерлер 9,5%-ды құрайды.Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,5%-ы жоғары білімді, 25%-ы орта кәсіби білімді, 54,7%-ы жалпы орта білімді, және 2,8%-ының білімі жоқ.Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 3 033 адамды құрайды. Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 961 қандас қоныс аударды.Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.Жыл басынан бері 2 624 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 794 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.Сонымен қатар, ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтар мен қандастарды еңбек күші тапшы өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,28 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді. Осы жылғы 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 2 449 адам сертификат алды.Естеріңізге сала кетейік, өткен жылда пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске асырылды. Пилоттық жоба шеңберінде елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады. Бүгінгі таңда этникалық қазақтардан жаңа форматта 22 666 өтініш қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/908018
Жастардың назарында: Алматы облысында даму мүмкіндіктері 24.12.2024
Тәуелсіздік күніне орай Алматы облысының Райымбек ауданында маңызды оқиға орын алды – жаңа жастар орталығының салтанатты ашылуы. Бұл облыста биыл ашылған төртінші орталық болып табылады және ол жастарға арналған кешенді қолдау бағдарламасын жүзеге асыруда маңызды қадам болып табылады.Жастар орталығы жастарға кең ауқымды қызметтерді ұсынады, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша консультациялар, психологиялық және құқықтық көмек, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету, сондай-ақ NEET категориясына (жұмыс істемейтін, оқымайтын және біліктілігін арттырмайтын жастар) ерекше назар аударылып, қаржылық сауаттылықты арттыру курстары ұсынылады. Бұл шара жастарға қазіргі экономика жағдайында дұрыс бағдар табуға және өзін-өзі дамытуға қажетті мүмкіндіктерді анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, орталықта білім беру курстары, шеберлік сыныптары және жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған мәдени шаралар өтеді.Алматы облысында бұрын ашылған Конаев қаласы мен екі аудандағы жастар орталықтары өз тиімділігін көрсетті. Өткен жылы бұл орталықтар 1000-нан астам іс-шара ұйымдастырып, оның ішінде дәрістер, экологиялық акциялар, спорттық турнирлер және мәдени кештер өткізілді. Осы іс-шараларға 40 мыңнан астам адам қатысып, жастардың осындай бастамаларға жоғары қызығушылық танытқанын көрсетеді.Жастар орталықтарының NEET санатындағы жастармен жұмыс нәтижесіне ерекше назар аударуға болады. 2024 жылы мұндай жастар саны 19 779 адамға азайып, 45 994-тен 26 215-ке дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш жастар орталықтарының тек пайдалы ақпарат пен ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етіп қана қоймай, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуде де үлкен рөл атқаратынын дәлелдейді.Алматы облысының жастар саясаты басқармасының басшысы Мади Ахметовтің айтуынша, жастардың өзін-өзі дамыту үшін жаңа алаңдарды құру жұмыстары келесі жылы да жалғасын табады. Алдағы уақытта жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың карьералық бағдарларын анықтау және әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсету үшін жағдайлар одан әрі жақсартылатын болады.Сонымен қатар, 2024 жылғы 13 желтоқсанда «Заңғар-2024» жастар сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты шарасы өтті. Алматы облысының жастар саясаты басқармасы мен Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған бұл сыйлық жастар арасындағы ең үздік жетістіктерді мойындап, түрлі саладағы табысты жас мамандарды марапаттады. Биылғы жылы премия 10 номинация бойынша табысталды: «Үздік жас мемлекеттік қызметші», «Үздік жас дәрігер», «Үздік жас ұстаз», «Үздік жас кәсіпкер» және басқа да санаттар. Сонымен қатар, биылғы жылы жеңімпаздарға берілетін ақшалай сыйақы көлемі 300 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін ұлғайды.Бұл салтанатты марапаттау рәсімі өңірдегі жастардың қоғамдағы рөлі мен жастарды қолдаудың маңыздылығын тағы да айқындады. Мұндай бастамалар жастардың кәсіби өсуі мен дамуына, сондай-ақ олардың шығармашылық әлеуетін ашуға серпін береді.«Заңғар» сыйлығының қорытындысы Алматы облысындағы жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын және олардың болашақта даму мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған жобалардың тиімділігін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/907237
Қазақстан мен ЕО ынтымақтастықтың жоғары қарқынын атап өтіп, оны 2025 жылы қарқынды дамытуды жоспарлап отыр 24.12.2024
Астана, 2024 жылғы 23 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алешка Симкичпен кездесті.Әңгімелесу барысында , Тараптар жоғары деңгейдегі көптеген және тұрақты байланыстарды құптай отырып, өткен жылы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары серпінін, сондай-ақ тауар айналымы мен инвестициялық белсенділіктің айтарлықтай өскенін атап өтті. Әңгімелесушілер сондай-ақ Қазақстан-Еуропа ынтымақтастығының негізгі мәселелері бойынша жазбаларды салыстырып, келесі жылға арналған іс-шаралар күнтізбесін талқылады.Министрдің орынбасары Қазақстан мен Еуропалық әріптестік арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді одан әрі толық және тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. ЕО. және оған мүше мемлекеттер, сондай-ақ «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» форматындағы өзара іс-қимылды дамыту.Әңгімелесушілер көлік-логистика, маңызды шикізат, климат және жасыл энергетика сияқты перспективалық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге назар аударды. Атап айтқанда, тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытудағы, соның ішінде Орта дәлізді үйлестіру платформасының іске қосылуын құптады. Олар «2025-2026 жылдарға арналған шикізат саласындағы стратегиялық әріптестіктің жол картасына» қол қою ниетін жоғары бағалады.Василенко сондай-ақ Астана мен Брюссель арасындағы визалық режимді жеңілдету туралы келісім бойынша келіссөздерді ертерек бастаудың өзара маңыздылығын атап өтті. Бұл тұрғыда ол іскерлік байланыстар мен адамдар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған Қазақстан мен ЕО арасындағы Көлденең авиация туралы келісімнің маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысында тараптар оңды бағалады. екіжақты ынтымақтастықтың серпінін талқылады және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды арттыруға келісті.Еуропалық Одақ Қазақстанның негізгі сауда-инвестициялық әріптесі болып табылады.Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында сауда айналымы 41,2 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23%-ға өсті (Қазақстаннан экспорт – 32,6 млрд доллар, Қазақстанға импорт – 8,6 млрд доллар). 2023 жылы тауар айналымы 3,5%-ға өсіп, 41,4 млрд АҚШ долларын құрады.2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына еуропалық инвестицияның көлемі 180 млрд долларды құрады.Еуропалық капиталдың қатысуымен 3000-нан астам компания жұмыс істейді. елде. Қазақстан. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/907826
Қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде шамамен 633,4 млрд теңге төленді. 24.12.2024
Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 560 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 73,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 539,5 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 188,3 мың адамды құрайды.Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Мәселен, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 101,1 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал шамамен 67,2 мың отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 7%-ға өсті. ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-дан төленетін төлемдердің мөлшері де 7%-ға артты.Осылайша жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін – 95 496 теңгені, 2-топ үшін – 76 397 теңгені, 3-топ үшін 52 089 теңгені құрайды.2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 59 826 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 64 619 теңгені құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/907205
Италия Елшісіне Қазақстандағы сәтті миссиясы үшін алғыс айтылды 24.12.2024
Астана, 2024 жылғы 21 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы аяқталған Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Марко Альбертиді қабылдады.Келіссөздер барысында министрдің орынбасары итальяндық елшіге Қазақстан-Италия стратегиялық әріптестігін нығайтуға жұмсаған күш-жігері үшін шынайы ризашылығын білдіріп, Елшінің Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға биылғы қаңтардағы ресми сапарын ұйымдастыруға және сауда-экономикалық қарым-қатынастарды жандандыруға қосқан елеулі үлесін атап өтті (тауар айналымы 2021 жылдан бастап 10 млрд АҚШ долларынан 17 млрд АҚШ долларына дейін өсті).Елшінің Италия Үкіметі мүшелерінің Қазақстанға сапарларының жүзеге асырылуы, Алматыда Италия мәдениет орталығының ашылуы, жоғары білім саласындағы белсенді диалогтың арттырылуы, Италия мен Қазақстан арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы сияқты және басқа да бірқатар маңызды бағыттардағы жемісті қызметтері де аталып өтті.М. Альберти қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі ҚР Президентінің алғысымен және «Барыс» төсбелгісімен марапатталды.Өз кезегінде итальяндық елші қазақ тарапына тұрақты қолдауы мен жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, Қазақстан-Италия стратегиялық әріптестігі одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.Кездесу соңында Р. Василенко сұхбаттасушысына алдағы қызметінде табыс пен жаңа биіктерге жетуін тіледі.Италия Қазақстанның ірі сауда әріптестерінің бірі болып табылады (2023 жылғы сыртқы сауда айналымындағы үлесі – 14,4%).2024 жылғы қаңтар-қазан айларында екіжақты тауар айналымы 17,4 млрд АҚШ долларына жетті (экспорт – 16,4 млрд., импорт – 1 млрд.).2005 жылдан бері Италиядан Қазақстанға 7,6 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция құйылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/907076
Сенаторлар комитеттің көшпелі отырысы барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мәселесін зерделеді 24.12.2024
Бүгін Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті Алматы облысында көшпелі отырыс өткізді. Онда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу тақырыбы – күн тәртібіндегі басты мәселе болды. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында өткен шараға комитет депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен мемлекеттік органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, сондай-ақ қайта өңдеу кәсіпорындары мен агроөнеркәсіп кешендерінің басшылары қатысты.Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруды талқылау – отырыстың басты мақсаты болды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу деңгейін арттыру және Қазақстан Президенті қойған міндеттерді орындау, атап айтқанда, қайта өңделген өнімдер үлесін үш жыл ішінде 70%-ға қол жеткізу мәселелері басты назарға алынды.«Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу – бұл еліміздің экономикасын нығайтуға, импортқа тәуелді болуды азайтуға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін стратегиялық маңызды бағыт. Агроөнеркәсіп кешеніндегі айналым қаржысының жетіспеуі, шикізат сапасының төмендігі және өнім өндіру үдерісін автоматтандырудың жеткіліксіздігі сияқты проблемаларды шешу үшін қаржылай қолдау мен технологиялық инновация үйлесім тапқан кешенді шаралар қажет», - деп атап өтті комитет төрағасы Әли Бектаев.Отырыс барысында қайта өңдеу кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер арасындағы ынтымақтастықты жақсарту, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту, шикізат сапасын жақсарту және өнімділікті арттыру үшін ірі агроөнеркәсіп холдингтерін құру туралы ұсыныстар қаралды. Сондай-ақ агросекторда шағын және орта бизнеске жеңілдікті кредиттеу жүйесін әзірлеу мәселесі талқыланды.Отырыс қорытындысы бойынша ұсынымдар топтамасы әзірленді. Ол ұсыныстар одан әрі қарау және іске асыру мақсатында Үкіметке жіберілетін болды. Кездесуге қатысушылар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелерінің шешімі мемлекеттік органдар, бизнес және ауыл шаруашылығы өндірушілері арасындағы кешенді тәсілді және өзара тығыз іс-қимылды талап ететінін атап өтті.(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/906786
Алматы облысы: Энергетика саласындағы маңызды қадамдар 24.12.2024
Алматы облысында Энергетиктер күніне арналған салтанатты шара өтті. Бұл күн өңірдің энергетикалық жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін мамандар үшін маңызды оқиға.«Құрметті энергетика саласының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің еңбегіңіз тек миллиондаған адамның тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, еліміздің экономикасының тұрақты дамуына да бағытталған», — деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Еліміздің дамуы энергетика саласының тұрақтылығына тікелей байланысты. Қазақстанда энергияны тұтыну қарқыны жылдан жылға артып келеді. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі», – деп, өздеріңіз еңбек ететін жүйенің маңыздылығын атап өтті.Ағымдағы жылы ел аумағында атом электр станциясын салу туралы республикалық референдум өткізіліп, облыс тұрғындары жоғары белсенділік танытты (Сайлаушылардың 68,5%-і қатысып, 72,5%-і оң шешімге дауыс берді). Жоба іске асқан жағдайда облыстың, жалпы еліміздің энергия тапшылығын жоюға септігін тигізетін болады. Қазіргі уақытта Алматы облысы 600 МВт электр энергиясын тұтынады, ал өзіндік өндірісі 300 МВт құрайды. Өңірдің дамуы мен жаңа инвестициялық жобаларды ескерсек, электр энергиясына деген қажеттілік 2050 жылға қарай 3000 МВт-қа жетеді.Атом электр станциясын салу экологияға да оң әсер етеді, өйткені АЭС-тен шығатын ластаушы заттар күн электр станциясына қарағанда аз. Облыста 2024 жылы энергетика саласында бірқатар жұмыстар атқарылды.Қонаев қаласы өсіп, дамып келе жатқандықтан, 5 жаңа қосалқы станцияның құрылысы басталатын болады. Бұл нысандар облыс орталығының электрмен жабдықтау қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, бизнестің, тұрғын үй құрылысының және өнеркәсіптің дамуына да мүмкіндік береді.Алматы агломерациясы аумағында 7 жаңа қосалқы станцияның құрылысы қарқынды жүруде. Бұл станциялар халық тығыз орналасқан аудандардағы энергиямен қамтамасыз етуді тұрақтандырады. Сонымен қатар, индустриялық аймақтарды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде, мұнда тағы 3 қосалқы станция салынуда. Бұл нысандар жаңа кәсіпорындарды тарту арқылы жұмыс орындарын ашуға және өңірдің экономикалық белсенділігін арттыруға ықпал етеді.Облыс аумағында жалпы қуаттылығы 325 МВт құрайтын 22 жаңартылатын энергия көзі жұмыс істейді, бұл - Республика бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі.2024 жылы облыс әкімдігіне 20-ға жуық инвестордан қуаттылығы 1380 МВт асатын жаңа күн және жел электростанцияларын салу бойынша ұсыныс түсті. Инвесторлармен бірлескен жұмыстың нәтижесінде қуаттылығы 120 МВт болатын 2 күн электростанциясының құрылысы бойынша аукцион өткізіліп, жеңімпаздар анықталды. Одан бөлек, қытайлық инвесторлармен шалғай жатқан Кеген ауданында жалпы қуаттылығы 500 МВт-қа жуық 1 гидроэлектростанция және 2 күн электростанциясының құрылысы бойынша келіссөздер жүргізілуде. Аталған жұмыстар іске асырылған жағдайда облыс энергетикалық балансын 90%-і жаңартылатын энергия көздері құрайтын болады.Алматы облысындағы энергетика саласы белсенді түрде дамып келеді, ал жаңа жобалардың табысты іске асуы өңірдің болашағына тікелей әсер етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/906948