Enbekshi QazaQ

Экономика

Ирактағы жағдай БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде талқыланды 14.04.2025
2018 жылғы 20 ақпанда ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді бастаған Қазақстан делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ирактағы жағдайға арналған отырысына қатысты. Аталған іс-шарада БҰҰ Бас хатшысының Ирактағы Арнайы өкілі Ян Кубиш осы елдің халқы «ИШИМ/ДАИШ» лаңкестік ұйымын жеңгеннен кейінгі Ирактағы жағдай бойынша баяндама жасады.Өз сөзінде М.Тілеуберді Ирак қауіпсіздік күштері мен халықаралық коалицияның «ИШИМ/ДАИШ» лаңкестік ұйымымен күрестегі еңбегін атап өтті. Сондай-ақ БҰҰ-ның Иракқа көмек көрсету жөніндегі миссиясы және Арнайы өкіл Ян Кубиш бастаған Ирактың аумағындағы БҰҰ-ның басқа мамандандырылған мекемелерінің қызметіне оң баға берді. Қазақстанның делегациясы түрлі саяси партиялар мен қозғалыстар арасында дінаралық және ұлтаралық келісімге қол жеткізудегі БҰҰ-ның Иракқа көмек көрсету жөніндегі миссиясы жұмысының маңыздылығын атап өтті.Ирактың БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Мухаммед Аль Улум АҚШ бастаған халықаралық коалицияға, Ресейге және басқа мемлекеттерге «ИШИМ/ДАИШ» лаңкестік ұйымына қарсы тиімді күрес үшін алғыс білдірді. Ирак өкілі Қауіпсіздік Кеңес мүшелеріне Ирак Үкіметі әзірлеп жатқан 2018 - 2022 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары туралы мәлімдеді. Сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңес мүшелеріне ағымдағы жылы 12-14 ақпанда Кувейтте өткен Халықаралық донорлар конференциясының нәтижесінде олардың Иракты қалпына келтіруге 30 млрд. АҚШ доллар бөлуге дайын екендігін хабарлады. Сонымен қатар, Ирак өкілі 2018 жылғы қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде Қазақстанға халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге еліміздің қосқан маңызды үлесі үшін алғыс білдірді.Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Ирак билігін инклюзивтілік принципін ұстануға және жаңа бейбіт Ирак құруда ұлттық және діни азшылықтардың мүдделерін ескеруге шақырды. Кеңес елдегі түрлі шағын тайпалар мен басқа да қарулы топтарға қолжетімді қарудың барлық арсеналын Ирак Премьер-Министрінің басшылығындағы арнайы комитеттің бақылауына беру маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27748?lang=kk
Астанада Қазақстан мен Қатар арасындағы СІМ-аралық консультациялардың бірінші раунды өтті 14.04.2025
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрілігі мен Қатар Мемлекетінің Сыртқы істер министрлігі арасында саяси консультациялардың бірінші раунды барысында екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Қазақстан делегациясына сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов басшылық етті, Қатар делегациясына ‑ Қатар Мемлекеті Сыртқы істер министрлігінің бас хатшысы Ахмад бен Хасан әл-Хамади.Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты дамыту және кеңейту, қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешу мен ұстанымдарын үйлестіруде халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңбрінде өзара әрекеттесу, сондай-ақ сыртқы саяси бастатмаларын өзара қолдау мүмкіндіктері жолдарын айқындады. Осы тұрғыда Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігін назарға ала отырып, БҰҰ шеңберінде екі елдің бірлескен іс-қимылының маңыздылығы айрықша атап өтілді.Қазақстан экономикасына инвестицицялар тарту мақсатында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың және Жоғары деңгейдегі бірлескен комиссия қызметін жандандыру арқылы сауда-экономикалық және инвестициялық бағыттардағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы аталып өтті.Тараптар екіжақты байланыстарды одан әрі кеңейтумен қатар, мәдениет, білім және ғылым салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27738?lang=kk
Қазақстан және Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестіктің практикалық кезеңі басталды 14.04.2025
Брюссель, 2018 жылғы 26 ақпан. – Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді (КӘЫК) іске асыру үшін Қазақстан «жол картасын» әзірлеуді ұсынады.2015 жылы қол қойылған Келісімді бүгінгі таңда Еуропалық Одаққа мүше көпшілік мемлекетратификациялады, сондай-ақ Еуропалық Парламент те мақұлдады. КӘЫК жаңа буындағы құжат болып табылады, ол ынтымақтастықтың 29 бағытын қамтиды. Әріптестіктің жаңа құрылымдары - «сауда конфигурациясындағы» ынтымақтастық комитеті, кеден мәселелерімен айналысатын кіші комитет, энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттың өзгеруі жөніндегі кіші комитет құрылды.«КӘЫК әлеуетін толық ашу Қазақстанның мүдделеріне сәйкес келеді, өйткені бұл құжат Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жан-жақты жаңғырту стратегиясын тиімді іске асыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті министр.Еуропалық Комиссияның және Еуропалық сыртқы әрекеттер қызметінің жоғары лауазымды өкілдері қатарынан жасақталған делегацияға қазіргі уақытта Еуропалық Одақ Кеңесінде төрағалық етіп жатқан Болгария Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Екатерина Захариева басшылық етті. Кездесу барысында делегациялар 2 ақпанда 25 жылдығы аталып өтілген Қазақстан мен ЕО арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың барлық мәселелерін қарастырды.Еуропалық Одақ елге тартылған тікелей инвестициялардың және Қазақстандық сыртқы сауданың жартысына жуығын құрайтын Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады. 2017 жылы Қазақстан мен ЕО арасындағы тауар айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 25 пайызға артып, шамамен 30 млрд. АҚШ долларын құрады.Қазақстан тарапы атап өткендей, жаңа келісімді жүйелі түрде іске асыру, біріншіден, жоғары технологиялық өнімдерді сату арқылы айтарлықтай экономикалық өсу үшін жаңа мүмкіндіктер жасау мен жұмыс орындарын құруға, сауда айналымының көлемін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.«Өз кезегінде, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту азаматтардың еркін қозғалысын қамтамасыз етумен тығыз байланысты.ҚР-ЕО Ынтымақтастық Кеңесі КӘЫК-ке сәйкес құрылған ең жоғары үйлестіруші орган болып табылады. Кеңес жылына бір рет Қазақстанның Сыртқы істер министрлері мен ЕО-ға төрағалық етуші мемлекет деңгейінде кездеседі. Ол Келісімнің тұрақты түрде орындалуын, сондай-ақ, екіжақты немесе халықаралық мәселелерді қарастырады.Сол күні «Euractiv» еуропалық медиа-агенттігі Брюссельде «Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастарды дамыту перспективалары» тақырыбында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың, ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Питер Бурианның, Еуропалық Парламенттің мүшелері, Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметінің басшылары, еуропалық сарапшылар қауымдастығы және баспасөз өкілдерінің қатысуымен форум ұйымдастырды. Талқылауға қатысқандар ынтымақтастықтың барлық салаларында Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейін және оны әрі қарай кеңейтудің маңызды перспективаларының бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, форумда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде 2018 жылдың қаңтарында өткен Қазақстан төрағалығының нәтижелеріне жоғары баға берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27736?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы Брюссельде екіжақты кездесулер өткізді 14.04.2025
Брюссель, 2018 жылғы 26 ақпан - Брюссельде «Қазақстан-ЕО» Ынтымақтастық кеңесінің отырысы аясында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Федерика Могеринимен әңгімелесу барысында тараптар қазіргі халықаралық және өңірлік мәселелер, Ауғанстандағы жағдай және Орталық Азия мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық бойынша пікір алмасты.Еуропалық Комиссияның халықаралық ынтымақтастық және даму жөніндегі комиссары Невен Мимицамен кездесуі Орталық Азиядағы ЕО-ныңстратегиясын жаңарту үдерісін талқылауға арналды. Қ.Әбдірахманов Қазақстанның біздің өңіріміздің барлық елдерінің мүдделерін ескере отырып, оның ең жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін жаңа құжат әзірлеуге белсенді түрде қатысуға дайын екендігін атап өтті. Тараптардың Ауғанстанға, оның ішінде білім беру саласына көмек көрсетудегі ынтымақтастығына ерекше көңіл бөлінді.Министрдің Еуропалық Парламенттің Орталық Азия бойынша делегациясының Ивета Григуле бастаған топ мүшелерімен сұхбаты мағыналы болды.Сыртқы саясат ведомствосы басшысы Бельгия Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы және еуропалық істер министрі Дидье Рейндерспен кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың келешегін, Қазақстанға Бельгиядан инвестициялар мен технологияларды тарту мәселесін талқылады. Бельгияны БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2019-2020 жылдарға кандидат ретінде ұсынуына байланысты, Қ.Әбдірахманов Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі және Президент Н.Назарбаевтың бітімгерлік бастамалары жөніндегі іс-қимылдары туралы баяндады.Сондай-ақ, Қ.Әбдірахманов Брюссельде Мальтаның сыртқы істер министрі Кармело Абеламен және Ирландияның сыртқы істер министрі Саймон Ковенимен кездесті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27735?lang=kk
Сирия бойынша Астана процесі кепілгер елдерінің министрлік кездесуі туралы 12.04.2025
Сирия бойынша Астана процесінің кепілгер елдерінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Иран Ислам Республикасының, Ресей Федерациясының және Түркия Республикасының сыртқы істер министрлері 2018 жылғы 16 наурызда Қазақстанның елордасында кездеспек.Келіссөздер барысында қатысушылар Сириядағы ахуалды реттеу бойынша ынтымақтастықтың алғашқы жылы ішінде қол жеткізілген нәтижелерді талдауға, сондай-ақ одан әрі бірлескен іс-қимылдарды белгілеуге ниетті.Кездесу қарсаңында, яғни ү.ж. 15 наурызда, аға лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ Бірлескен жұмыс тобы мен Тұтқындарды босату, қаза тапқандардың денелерін табыстау және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобының кездесулерін өткізу жоспарлануда.Астанадағы министрлік кездесу байқаушыларсыз және сириялық тарапсыз өткізілуі жоспарланып отыр. Ресей сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, кездесуге БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистура шақырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27429?lang=kk
Қазақстан делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде: Осы күзде Астанада «Ауғанстан әйелдері үшін мүмкіндіктерді кеңейту» атты халықаралық конференция өтеді 12.04.2025
Нью-Йорк, 2018 жыл 8 наурыз. Ауғанстан бойынша арнайы өкіл, Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші Станислав Василенко бастаған Қазақстан делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстан мәселелері туралы отырысына қатысты.Іс-шара барысында Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Ауғанстандағы жағдайға берген бағаны қамтыған және осы елге көмек бойынша БҰҰ өкілдігінің мандатын тағы бір жылға ұзартқан 2405 қарарын қабылдады. Бұл іс-шара БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларының ережелерін іске асыру қажеттілігіне байланысты, елдегі саяси оқиғаларды талқылау үшін тоқсан сайын өткізіледі. Бұл кездесуде бейбіт жолмен реттеу үдерісіне әйелдердің қатысу маңыздылығы басты назарда болды.Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері 2018 жылдың қаңтар айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің Қазақстан төрағалығымен Ауғанстанға жасаған сапарын жоғары бағалады. Бұл сапар елдегі жағдайды тереңірек түсінуге мүмкіндік берген. Сонымен қатар, ү.ж 19 қаңтарда БҰҰ ҚК-дегі Қазақстанның жетекшілігімен ұйымдастырылған «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділік үлгісі ретінде Ауғанстан мен Орталық Азияда өңірлік серіктестікті құру» деп аталатын Ауғанстан жөніндегі пікірталастардың маңыздылығы мен тиімділігі аталып өтті.С. Василенко өз сөзінде Ауғанстан тап болған саяси және экономикалық проблемалар, сондай-ақ қауіпсіздікке төнген қауіп-қатер өңірдегі елдердің, халықаралық қауымдастықтың және Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты көмегін талап етеді деп мәлімдеді. Елдегі қақтығыстарды шешудің барлық кезеңдерінде әйелдер жастармен бірге маңызды рөл ойнайтыны айтылды.Осыған қатысты, 2018 жылы күзде Астанада «Ауғанстан әйелдері үшін мүмкіндіктерді кеңейту» атты халықаралық конференциясын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «Біздің еліміз Еуропалық одақ пен өзге әріптестердің ортақ қаржыландыруымен ауған азаматтарына білім беру бағдарламасын жалғастыру бастамасын көтерді. Жалпы құны 50 миллион доллар болатын білім беру бағдарламасының аясында 2010-2021 жылдары аралығында Қазақстан Жоғарғы оқу орындарында Ауғанстанның мыңға жуық азаматтары білім алатын болады», - деді С. Василенко.Қазіргі уақытта Еуропалық одақ БҰҰ «UN Women» ұйымымен бірлесе жүзеге асыратын, елімізде ауған қыздарын оқытуға бағытталған ортақ жобаның алғашқы кезеңін қаржыландыруға кірісті.С.Василенко БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстанға жасаған сапары барысында ауған үкіметі мен елдегі қоғамдық-саяси топтардың, соның ішінде бірінші ханым Рула Гани бастаған әйелдер ұйымдарының негізгі өкілдерімен кездесулер өткенін атап өтті.Қазақстан делегациясы жанжалдардан шығудың үш бірлікті стратегиясының маңыздылығына баса назар аударды. Ол, ең алдымен, қауіпсіздік пен даму мәселелерінің өзара байланысын қамтиды. Онда елдегі тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу үшін тұрақты даму бағдарламаларын қоса іске асыру қажет. Екіншіден, трансшекаралық проблемалар мен қауіп-қатерлерді еңсеру үшін өңірдегі елдердің тығыз ынтымақтастығын қажет ететін өңірлік көзқарас, өйткені қазіргі уақытта әртүрлі қауіп-қатерлер мен проблемаларды бір мемлекеттің шегінде ғана шешуге болмайды. Үшіншіден, «Бірлескен БҰҰ» қағидаты, оның мәні БҰҰ жұмысының үйлестігі мен тиімділігін орталықта және аймақтарда арттыру болып табылады.Жанжалдарды реттеуде әйелдер рөлінің маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан өкілі өз сөзін қазақтың мынадай мақалымен аяқтады: «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербейді».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27399?lang=kk
Қазақстан сыртқы істер министрі мен Еуропалық Одақ Өкілдігінің басшысы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады 12.04.2025
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанадағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің басшысы, Елші Траян Христеаны Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастарды 2018 жылғы 26 ақпанда Брюссельде өткен Қазақстан - Еуропалық Одақ Ынтымақтастық кеңесінің 16-шы отырысында қол жеткізілген уағдаластықтар тұрғысында одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Тараптар 2015 жылғы 21 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді (КӘЫК) іске асыру үшін бірлескен қадамдарды көрсететін жол картасын әзірлеу жұмыстарын бастау қажеттігі туралы келісті. (Қазіргі кезде КӘЫК-ті ЕО-ға мүше барлық 28 мемлекет ратификациялауға дейін уақытша қолдану режимінде қолданып келеді: бұл ретте, ЕО-ға мүше 23 мемлекет және Еуропалық Парламент оны бекітті).Сонымен қатар, Қ.Әбдірахманов және Т.Христеа Еуразия құрлығындағы өзара байланыс және көліктік-логистикалық қатынастардың перспективалық бағыттарын, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы оң үрдістерін қарастырды. Еуропалық Одақ Өкілдігінің Басшысы әзірленіп жатқан Еуропа мен Азия арасындағы өзара байланыс жөніндегі Еуропалық Одақтың стратегиясын осы жылдың қазан айында өтетін «Азия-Еуропа» Форумы Саммитіне (АСЕМ) дейін бекіту күтіліп отырғанын айтып өтті. Сонымен қатар, өңір елдері, оның ішінде Қазақстан белсенді қатысып отырған Орталық Азия бойынша ЕО-ның жаңа Стратегиясын әзірлеу процесі жалғасуда. ЕО-ның жаңа стратегиясы 2019 жылдың екінші жартысында қабылданады деп болжануда.Ауғанстандағы тұрақты дамуға жәрдемдесу мәселелерінде ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. ЕО Елшісінің айтуынша, қазақстандық тараптың тиісті бастамасына жауап ретінде Еуропалық Комиссия 2010 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан Қазақстанның Ауғанстан үшін білім беру бағдарламасын дамыту шеңберінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында ауған әйелдерін оқыту жобасын қаржыландырудың бірінші кезеңін дайындауға кірісті.Кездесу барысында еуропалық дипломат қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы құқық үстемдігі мен заңнаманы жетілдіруге бағытталған Қазақстанның институционалды реформаларын іске асыру барысы туралы хабардар болды.Қ. Әбдірахманов экономикалық даму үшін жаңа ынталандыру шараларын, орта тапты нығайту және елдің адами әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасымен егжей-тегжейлі таныстырды.Осы орайда, тараптар аталған бастамаларды іске асыруда Қазақстан мен Еуропалық Одақтың өзара ықпалдасу жолдарын талқылай отырып, осылар ҚР мен ЕО ынтымақтастығының негізгі бағыттарына, оған мүше мемлекеттердің және қаржы институттарының, атап айтқанда Еуропалық қайта құру және даму банкінің негізгі бағыттарына толық сәйкес келетіндігіне назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27273?lang=kk
Қ. Әбдірахманов Астана процесінің кепіл мемлекеттер министерлерінің отырысын ашты 12.04.2025
Астана қаласы, 2018 жылғы 16 наурыз – Астанада Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу қатысуларымен Сирия бойынша Астана процесінің кепіл мемлекеттерінің министрлік отырысы өтті.Отырысты ашу барысында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанада 2017 жылғы қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен басталған Сириядағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздер процесі бейбіт өмірді қалпына келтіру үшін зор мүмкіндіктер ашып, зорлық-зомбылық деңгейін және қарулы қақтығыстар ауқымын едәуір қысқартуға мүмкіндік бергенін атап өтті.«Қиындықтарға қарамастан, Астана процесі жанжалдың барлық тараптарына өз пікірлерін білдіруге, ең бастысы, нақты қадамдар туралы келісуге мүмкіндік беретін тұғырнама ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Белгіленген төрт деэскалация аймағы мен атысты тоқтату режимін бақылау механизмі нәтижесінде елдегі зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге және Сирияның азаматтық тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге мүмкіндік туды», - деді Қ.Әбдірахманов.Қазақстандық дипломаттың айтуынша, Астана процесінің шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтар қағаз түрінде қалмауы керек және барлық мүдделі тараптарды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2401 қарарын және мәнсіз қантөгіске жол бермеу үшін атысты тоқтату режимін сақтауға шақырды. Өкінішке орай, мұндай жағдай Шығыс Гутада орын алды. «Тараптар арасында тікелей және инклюзивті диалог арқылы ғана Сириядағы дағдарыстың түпкілікті шешілуіне қол жеткізуге болады», - деді министр.Пленарлық отырыста сөз сөйлеген Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бір жыл бұрын Ресей, Иран және Түркия құрған Астана форматының өзектілігі дәлелденгендігін мәлімдеді. «Астана процесінің басталуымен Астана халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелердің бірі – Сириядағы жағдайды реттеу туралы шешімдер қабылданатын маңызды тұғырнамаға айналды. Баспасөзде Қазақстан астанасының атауы аталған жағдайда, миллиондаған сириялықтар Астанаға үміт артады», - деді Сергей Лавров.Кездесу барысында Иран, Ресей және Түркия сыртқы саяси ведомство басшылары Астана процесі басталған сәттен бері қол жеткізілген нәтижелер туралы пікір алмасты және Сириядағы жағдайды реттеу бойынша алдағы қадамдарды белгіледі. Кездесу қорытындысы бойынша министрлер бірлескен мәлімдеме қабылдады. Жуырда Астанада келіссөздердің сегізінші кезеңінің қорытындысы бойынша бекітілген тұтқындалғандармен және қаза тапқандардың мәйіттерімен алмасу, хабарсыз кеткендерді ісдестіру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.Отырыс аясында Қ.Әбдірахманов Иран және Түркия Сыртқы істер министрлерімен екіжақты кездесулер өткізді, олардың барысында қазақ-иран және қазақ-түрік қатынастарының өзекті мәселелері талқыланды.Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран, Ресей және Түркия сыртқы саяси ведомстволарының басшыларын қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27264?lang=kk
Қазақстан Ташкентте Ауғанстан жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты 12.04.2025
Ташкент, 2018 жыл 27 наурыз. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша халықаралық күш-жігерді қолдайды және мүдделі тараптарды бейбіт келіссөздерді тез арада бастауға шақырады. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Өзбекстан Үкіметінің бастамасымен ұйымдастырылған Ташкенттегі «Бейбітшілік үдерісі, қауіпсіздік және өңірлік ынтымақтастық саласындағы ынтымақтастық» атты жоғары деңгейдегі конференция барысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.Конференцияны Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Ауғанстан Президенті Мохаммад Ашраф Гани ашты.Конференцияның басты мақсаты Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеудің негізгі қағидаттарын үйлестіру, Ауғанстан үкіметі мен қарулы оппозиция арасындағы келіссөздерді бастау тетігін әзірлеу, сондай-ақ осы үдерісті қолдау үшін әлемдік қоғамдастықтың бірлескен әрекеттерін үйлестіру болды.Қазақстан Сыртқы саясат ведомствосының басшысы бейбітшіліктің, қауіпсіздіктің, ынтымақтастықтың және дамудың өңірлік аймағының үлгісін Орталық Азияда қалыптастыру, соның ішінде Ауғанстанға экономикалық және әлеуметтік дамуда көпжақты көмек көрсету, бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген қауіпке қарсы тұру, сондай-ақ оның әлеуетін нығайту Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысы басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.Тұрақты дамудың осы және басқа мақсаттарына қол жеткізу үшін халықаралық қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапқан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамалары бағытталған.19 қаңтарда қазақстандық делегация БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділігінің үлгісі ретінде Ауғанстанда және Орталық Азияда өңірлік әріптестікті құру» тақырыбында министрлік пікірталастарын өткізді, оның қорытындылары бойынша біздің өңірімізде БҰҰ құрылымдары, агенттіктері қызметінің және бағдарламаларының тиімділігін арттыруға және үйлестіруге бағытталған Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының бәтуаластық мәлімдемесі қабылданды», – деп қосты министр.Ташкент конференциясының қатысушылары алдында сөйлеген сөзінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде осы кездесуді шақырудағы бастамасы үшін шын жүректен алғысын білдірді.«Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандырудың негізі елдегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді, білім беру деңгейін және басқа да адами стандарттарды жақсартуға бағытталған реформалар болуы тиіс деп санаймыз», - деді министр.Қазақстанның Еуропалық Одақ пен басқа да серіктестерінің бірлесіп қаржыландыру көмегімен Ауғанстан азаматтарына білім беру бағдарламасын жалғастыру туралы бастамасын ұсынғаны белгілі. 2010 жылдан бастап Қазақстан өзінің оқу орындарында жалпы құны шамамен 50 миллион долларды құрайтын ауған азаматтарына білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Осы бағдарламаның аясында 2010 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезең аралығында 1000-ға жуық ауған азаматтары Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында алуда.«2018 жылдың күзінде Астанада Қазақстан «Ауғанстандағы әйелдердің мүмкіндіктерін арттыру» туралы халықаралық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр («EmpoweringWomeninAfghanistan»). Оның басты мақсаттарының бірі – Ауғанстанның бейбіт дамуындағы әйелдердің рөлі мен үлесін, ауған әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси салаларында олардың мемлекеттік және жеке секторларға қатысуын арттыру арқылы кеңейту мәселелерін талқылау, сондай-ақ осы елдегі әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған нақты ұсыныстарды әзірлеу», - деді Қ.Әдірахманов.Қазақстан Ауғанстанға жыл сайын мыңдаған тонна гуманитарлық жүк, оның ішінде азық-түлік, жанар-жағармай материалдары және әртүрлі жабдықтар жеткізе отырып, екі жақты келісімдер мен көпжақты нысандағы келісімдердің аясында Ауғанстанға техникалық және гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыратыны ерекше аталып өтті.Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ұжымдық көмек көрсетудің жаңа мүмкіндіктері Қазақстан Президентінің төрағалық етуімен 15 наурызда Астанада өткен Орталық Азия мемлекет басшыларының жұмыс бабындағы (консультациялық) кездесуінің сәтті нәтижелеріне жол береді.Өзбекстанның астанасында өткен конференцияға Ресей, Қытай, АҚШ, Үндістан, Иран, Пәкістан, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Қатар, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Жапония, БҰҰ, Еуропалық Одақ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, НАТО және басқа елдердің сыртқы істер министрлері мен жоғары өкілдері қатысты.Конференцияның қорытындысы бойынша Ташкент декларациясы қабылданды, онда Ауғанстандағы жағдайды саяси тұрғыдан реттеудің одан арғы қадамдары көрсетіліп, саяси реттеу үдерісіндегі ауған тарапының негізгі және үйлестіруші рөлі бекітілді.Халықаралық конференцияның аясында К.Әбдірахманов АҚШ пен Иран делегацияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Томас Шэннонмен кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту жолдары талқыланды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың қаңтар айында АҚШ-қа жасаған ресми сапарының барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тараптар Ауғанстанды тұрақтандыру және экономикалық тұрғыдан қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерді қолдауға дайын екендіктерін растады. Американдық тарап Қазақстанның Ауғанстанның бейбіт дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар тараптар Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы аймақтық ынтымақтастықты нығайту жөнінде пікір алмасты.Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчимен кездесу барысында Қазақстан-Иран ынтымақтастығының өзекті мәселелері, оның ішінде сауда, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастығы талқыланды. Кездесудің басты тақырыбы халықаралық және өңірлік ұйымдардың, соның ішінде АӨСШК, ШЫҰ, сондай-ақ, Сириядағы қақтығысты реттеу жөніндегі Астаналық үдерістің аясында өзара әрекеттесу болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27198?lang=kk
Қазақстан үшін Малайзиямен қарым-қатынастарды жан-жақты серіктестік деңгейінде дамытуға маңызды болып табылады 12.04.2025
КУАЛА–ЛУМПУР, 2018 жылғы 5 сәуір – 5 ақпанда Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттердің Ассоциациясы елдеріне жұмыс сапары шеңберінде Малайзияға сапармен келді.А. Камалдинов елдің Сыртқы істер министрі Анифа Аманмен кездесу өткізіп, екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен болашағын талқылады. Қазақстандық дипломат Астана үшін Куала-Лумпурмен қарым-қатынастарды екі ел басшылары жариялаған жан-жақты серіктестік деңгейінде дамытуға маңызды болып табылатынын атап өтті.Малайзия сыртқы саяси ведомствовсының басшысы екіжақты қарым-қатынастарды жоғары бағалап, оны тұрақты саяси серіктестік, өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық бейнелейтінін атап өтті.Сұхбаттастар қарым-қатынастардың қарышты дамуына қанағаттандыруын білдіріп, экономикалық кооперацияның пәрменді тетіктері – Біріккен сауда-экономикалық комитеті мен Қазақстандық-малайзиялық іскерлік кеңесі жұмысының жандануын, сондай-ақ өзара сауда айналымы мен инвестициялардың өсу серпінін атап өтті. Сонымен қатар, тараптар 2018 жылдың 4 шілдесінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығының тұсаукесері барысында өткізуге жоспарланған 14-ші Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы өзара әрекеттестікке одан әрі жаңа түрткі беруі тиіс екенін білдірді.А. Аман үкімет басшысы Наджиб Тун Разак ДИЭФ-тің патроны болып табылатына және Форумның мәжілістеріне дәстүрлі түрде қатысатынын хабарлады. Ислам әлеміндегі аталған маңызды шараға малайзиялық тарапының ерекше көңіл бөледі және Н. Разактың «Исламдық Давосқа» қатысу шеңберінде Астанаға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.Сонымен қатар, дипломаттар әлемдік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, аймақтық ұйымдар, оның ішінде Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы шеңберіндегі серіктестіктің келешегі туралы пікір алмасты.Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы (ДИЭФ) 2006 жылы Малайзия үкіметі бастамасымен құрылған. Форум мұсылман елдерінің негізгі жыл сайынғы экономикалық саммиті болып табылады.2018 жылғы 13 наурызда өткен ДИЭФ Қоры Хатшылығы Төрағасының Қазақстанға сапары барысында 14-ші Дүниежүзілік ислам экономикалық форумын Астанада өткізу туралы келісімге қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27049?lang=kk
Астана Индонезиямен жан-жақты және өзара тиімді ынтымақтастықтың дамуына зор мән береді 12.04.2025
ЖАКАРТА, 2018 жылғы 5 сәуір – 5-6 сәуір аралығында Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің Ассоциациясы елдеріне жұмыс сапары шеңберінде Индонезияға сапармен келді.Сапар барысында А. Камалдинов Индонезияның Сыртқы істер министрі Ретно Марсудимен кездесіп, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымдары аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамуына қанағаттанғандық білдірді. Бұған Индонезияның Вице-президенті Юсуф Калланың 2017 жылғы 8-12 қыркүйекте Астанада өткен ИЫҰ бірінші Ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысуы, сондай-ақ Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы наурызда Жакартаға жасаған сапары дәлел болып табылады.Қазақстандық дипломат Астана Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Қазақстанның негізгі әріптестерінің бірі болып табылатын Индонезиямен жан-жақты және өзара тиімді ынтымақтастықтың дамуына зор мән беретінін атап өтті.А. Камалдинов Қазақстан тарапы биыл қазан айында Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI Съезіне дүниежүзіндегі ең көп мұсылман халқы бар мемлекет Индонезияның қатысуы мәселесіне ерекше назар аударатынын атап өтті.Индонезия сыртқы саяси ведомствосының басшысы Индонезия Президентін Съезге қатысуға шақырғаны үшін алғысын білдіріп, өз кезегінде Қазақстанды Индонезияның 2019-2020 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдауды сұрады.Сұхбат соңында А. Камалдинов Р. Марсудиге мазмұнды, әрі сенімді келіссөздер үшін алғыс білдіріп, екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үміт білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27005?lang=kk
Жаңартылған «Дипломатия жаршысы» журналы жарыққа шықты 12.04.2025
АСТАНА, 2018 жыл 11 сәуір – Сыртқы істер министрлігі «Дипломатия жаршысы» ведомстволық журналдың басылымын қайта шығарыла бастады.2018 жылдың басында жариялынымның жаңа нысаны мен тұжырымдамасы бекітілді.Журналда, ең алдымен, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін маңызды халықаралық оқиғалар мен іс-шаралардың талдамасына ерекше назар аударылады.«1996 жылы негізі қаланған журнал Қазақстанның сыртқы саясаты мәселелері бойынша өзекті және құзыретті публицистиканы беруге негізделген өзінің негізгі мақсатына адал болып қала береді. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басылымы Астананың ресми пікірі бар публицистиканы ғана емес, сонымен бірге біздің еліміздің де, сондай-ақ шет елдердің де саясаткерлерінің, дипломаттарының және сарапшыларының мақалаларын қамтитын болады. Біз журнал Қазақстандағы сыртқы саяси ой-пікірді дамытуға арналған маңызды алаңға айналады деп үміттенеміз», – деп атап өтті Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов өзінің кіріспе мақаласында.2018 жылдың №1 шығарылымында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары мен Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қаңтардағы төрағалығының қорытындыларына ерекше назар аударылды. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастар, еліміздің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық етуі, қарусыздандыру мәселелері, Сирия жөніндегі Астана процесінің сегіз кезеңінің қорытындысы тақырыбына арналған.Сонымен қатар, бірқатар авторлардың мақалалары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, цифрлық дипломатияның келешегі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты мен Қазақстан дипломаттары қауымдастығының қызметіне қатысты. «Тарих беттерінен» бөлімінде мемлекет қайраткері, дипломат Нәзір Төреқұловқа арналған материал жарық көрді.«Дипломатия жаршысы» қазақ, орыс тілдерінде және ағылшын тілінде («The Diplomatic Herald of Kazakhstan» ) шығарылады.Журналдың электронды нұсқасы http://mfa.gov.kz/kz/content-view/diplomatia-zarsysy-no1-2018 сайтында қол жетімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/26979?lang=kk
ЭЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың Қазақстан үшін басым бағыттары Душанбе шаһарында жарияланды 12.04.2025
ДУШАНБЕ, 2018 жылғы 17 сәуір – Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Душанбе қаласында өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 23-ші отырысына қатысты.Экономикалық ынтымақтастық ұйымында төраға мәртебесін Пәкістаннан өз қолына алған Тәжікстанның басқаруымен өткен министрлік жиынға қатысушыларының назарына ЭЫҰ Бас хатшысының есептік баяндамалары мен «ЭЫҰ-2025-тің даму перспективалары» атты құжаттың жүзеге асырылуы үдірісі жайында ақпарат ұсынылды. Делегациялар басшылары Ұйымның және оның жанындағы мамандырылған агенттіктер мен өңірлік деңгейдегі институттардың ішкі құрылымы және жарналар жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше көңіл аударды. Бұдан бүрын Ұйымның Бас хатшысы орынбасарының қызметін атқарған Иранның өкілі Хади Солейманпур СІМК шешімімен ЭЫҰ-ның жаңа Бас хатшысы лауазымына тағайындалды.Ұйымға мүше мемлекеттердің алдында ЭЫҰ шеңберінде көлік, өңірлік көлемдегі сауда және инвестициялар салаларының Қазақстан үшін қаншама өзекті екенін атап өткен және қатысушалырды «Астана» Халықаралық қаржы орталығының әлеуетін кеңінен пайдалануға шақырған Қазақстан делегациясының басшысы сонымен қатар ЭЫҰ-ның тиімділігін арттыру мәселесі Ұйымды алдымен реформалауды қажет ететінін анық айтты.Кездесудің қорытындылары бойынша Душанбе Коммюникесі қабылданды.СІМК жиынының шеңберінде Түрікменстанның Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен және Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Зарифпен кездескен А.Камалдинов олармен Бесінші Каспий Саммитіне дайындық барысы жайында пікір алысты. Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сирожиддин Асловпен екіжақты кездесуі барысында қазақстандық дипломат Тәжікстанды 2018-2020 жылдарға АӨСШК төрағасы лауазымына ие болуымен құттықтады.Қазақстан 1992 жылдан бері ЭЫҰ-ның мүшесі болып табылады. Бүгінгі күні Ұйым құрамына Қазақстанмен бірге Әзербайжан, Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/26614?lang=kk
Қ.Әбдірахманов Түркия Президентімен Қазақстан мен Түркияның жоғары деңгейлі кездесуіне дайындығын талқылады 12.04.2025
АНКАРА, 2018 жылғы 20 сәуір - Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов сапары барысында Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоганның қабылдауында болды.Қазақстан СІМ басшысы түрік елінің басшысына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемдемесі мен ізгі тілектерін жеткізді. Қайрат Әбдірахманов атап өткендей, Қазақстанда қазақ-түрік стратегиялық ынтымақтастығын нығайтудағы Р. Эрдоғанның рөлін ерекше көреді. Бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Түркия көшбасшылары ислам әлемінде келісу үдерістерін жандандыру туралы мәлімдеме жасады. Қ. Әбдірахманов 2017 жылдың қыркүйегінде Астанада Түркияның төрағалығының аясында ИЫҰ-ның Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті өткенін еске салды.Р. Эрдоган Анкарада қос ел көшбасшыларының төрағалығымен жоспарланған Жоғарғы деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысы екі мемлекет арасындағы әмбебап ынтымақтастыққа үлкен серпін беретініне сенім білдірді. Қазақстан Түркияның Орталық Азиядағы ең ірі сауда әріптесі болып табылады, сондықтан Р. Эрдоған екі жақты тауар айналымын 10 млрд долларға дейін ұлғайту туралы жаңа мақсат қоюды ұсынды.Р. Эрдоган Қазақстан Президентінің қолдауымен өтудегі Сирия жөніндегі Астаналық үдерістің маңызын атап өтті. Түркия Президентінің пікірінше, бұл Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттырды. Р. Эрдоғанның айтуынша, кепілдік беруші елдер Сириядағы жағдайды тұрақтандыруға тырысады. Бұл туралы Түркия, Ресей және Иран лидерлері 4 сәуірде Анкарада өткен кездесудің барысында келісті. Түркия Президенті, сондай-ақ Қазақстанның рохинджа еліне гуманитарлық көмек көрсетуде қосқан үлесі үшін Президент Н. Назарбаевқа өз алғысын білдірді.Сонымен қатар, Анкарада Қ. Әбдірахманов Түркия Парламентінің Төрағасы Исмаил Кахраманмен кездесу өткізді. Оның барысында парламентаралық байланыстар мен екі елдің халықаралық парламенттік ұйымдарда өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланды.Қазақстан СІМ басшысы ірі түрік компанияларының өкілдерімен және Қазақстанның Түркиядағы құрметті консулдарымен дөңгелек үстел өткізді. Министр Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында және «Бес әлеуметтік бастама» үндеуінде бекіткен бастамалары туралы айтты. Қ. Әбдірахмановтың айтуынша, Қазақстан Үкіметі заңнаманың тұрақтылығын бекіту, шетел инвесторларының қауіпсіздігін күшейту және елде бизнесті жүргізу шарттарын жақсарту бағытында жұмыс атқаруда. Министр ЕАЭО қызмет етуіне, «Бір белдеу және Бір жол» бастамасын іске асыруға, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығын, «Жасыл» технологиялар мен инвестицияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталықты және IT-стартаптар халықаралық паркін іске қосуға байланысты мүмкіндіктерге назар аударуға шақырды.Қазіргі уақытта Түркияның іскерлік топтары Қазақстанның экономикасына 2 млрд. доллардан аса қаражатты инвестициялады, ал Түркиядағы қазақстандық инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 1 млрд. долларды құрайды. Қазақстанның құрметті консулдықтары Түркияның Адана, Бурса, Невшехир, Мерсин провинциялары мен Алания қаласында қызмет жасайды.Сонымен қатар, Қазақстан СІМ басшысы сапар барысында алдыңғы қатарлы саяси орталықтардың басшыларымен және түрік бұқаралық ақпарат құралдарының шолушыларымен кездесіп, Орталық Азия мен Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайлар туралы пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/26603?lang=kk
Қазақстан Бейжіңде өткен ШЫҰ СІМК кездесуіне қатысты 12.04.2025
БЕЙЖІҢ, 2018 жылғы 24 сәуір – Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары үстіміздегі жылы маусымда Циндао қаласында өтетін ұйымның алдағы саммитінің күн тәртібін мақұлдады.Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан сыртқы істер министрлері Бейжіңдегі отырыстың барысында ШЫҰ-ның саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы одан арғы жұмысының міндеттерін талқылады, сондай-ақ Циндао декларациясының жобасын және ұйымның ағымдағы жұмыстарына қатысты басқа да шешімдерді қарастырды. Халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша байыпты пікір алмасылды. 2017 жылы маусымда Астана қаласында өткен ШЫҰ-ның Саммиті барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асыру барысы қарастырылды.Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшы Қайрат Әбдірахманов өз сөзінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің көліктік бағдарларының жан-жаққа тармақталған жүйесін ескере отырып, автокөлік және темір жолдарын дамыту мәселесінің өзектілігін де атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстанның ШЫҰ-ның Іскерлік кеңесі мен ШЫҰ-ның Банкаралық бірлестігінің министрлік мәжілістері мен жұмыс топтарының тетіктері қамтылған неғұрлым ауқымды ынтымақтастыққа жан-жақты қосылуын қолдайтынын атап, сауда-экономикалық салада қабылданған құжаттарды түгендеуді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етуді ұсынды.Отырыс қарсаңында делегация басшылары Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Ол қытай тарапы ШЫҰ-ның дамуына жәрдем етуді елдің сыртқы саяси басымдықтарының бірі ретінде қарастырады және ұйымға басқа мүше мемлекеттермен бірлесе саяси салада өзара қолдау көрсетуге, өңірде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы аясында ынтымақтастықты нығайтуға, гуманитарлық алмасуларды кеңейтуге және т.б дайын екенін білдірді.Жалпы, сыртқы саясат ведомстволарының басшылары ШЫҰ «шанхай рухына», яғни өзара сенімділікке, өзара тиімділікке, теңдікке, өзара консультацияларға, мәдениеттің алуан түрлілігін құрметтеуге және бірлесіп даму ұмтылысына сүйене отырып, өзін беделді халықаралық ұйымның жаңа түрі және халықаралық қатынастар жүйесінің маңызды қатысушы ретінде бекіткенін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/26588?lang=kk
Қазақстан мен Польша сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға, азаматтар арасындағы байланыстарды кеңейтуге ниетті 12.04.2025
АЛМАТЫ, 2018 жыл 27 сәуір – Қазақстан мен Польша өзара тиімді сауда-экономикалық, мәдени-ағартушылық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және екі елдің азаматтары арасындағы байланыстарды кеңейтуге ниетті. Бұл туралы 2018 жылы 27 сәуірде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Польша мемлекеттілігінің қалпына келуінің 100 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Алматыға келген Польша Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Анджей Папежамен кездесуінде талқылады.Кездесу барысында тараптар екіжақты байланыстардың кең ауқымды мәселелерін талқылады және екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне ризашылығын білдірді. Қазақ-поляк қарым-қатынастарын дамытуға қуатты серпінді жоғары деңгейдегі тұрақты сапарлар бергені атап өтілді. Сондықтан, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы қыркүйекте Польшаға жасаған мемлекеттік сапары, сондай-ақ Польша Президенті Анджей Дуданың 2016 жылы тамыз айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары ынтымақтастықты нығайту үшін берік негіз қалай отырып, қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға елеулі серпін берді.Қазақстан тарапы Президентінің төрағалығымен 2018 жылы 18 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде өткен «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенімділік шаралары» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі пікірталасқа Польша Президентінің қатысуына ерекше ризашылығын білдірді. Биылғы мамыр айында осы маңызды органда төрағалық ететін Польшаға сәттілік тілеп, Р.Василенко өз әріптесіне алдағы төрағалық аясындағы маңызды іс-шараларға қазақстандық тарапының қатысуын Қазақстан қамтамасыз етуге дайын екендігін айтты.Сонымен қатар, кездесу барысында бүгінгі күнге әртүрлі деңгейлерде тұрақты байланыстар орнатылғанын атап өтілді. Атап айтқанда, Польшаның Премьер-Министрі Матеуш Маровецкийдің Астанаға осы жылы жасайтын сапары және оның Бүкіләлемдік тау конгресіне қатысуы атап өтілді. Сондай-ақ, тараптар 2018 жылғы 20 маусымда Астанада өтетін экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Польша үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысын талқылады. Алдағы кездесу барысында жаңартылатын энергия көздері, ғылым мен техника, аграрлық сектор және туризмді дамыту салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады деп күтілуде.Жалпы алғанда, Қазақстан мен Польша арасындағы дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 100-ден астам поляк компаниялары жұмыс істейді, олардың ең ірісі POLPHARMA, оның басшысы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі болып табылады, сондай-ақ еліміздің экономикасына белсенді инвестиция салатын SELENA компаниясы. Қазақстан мен Польша арасындағы тауар айналымы 2017 жылы 900 миллион доллардан асып, 2016 жылға қарағанда 19 пайызға артты.Келіссөздердегі маңызды мәселе екі мемлекеттің азаматтары үшін визалық режимді жеңілдетуді талқылау болды. Р.Василенко поляк тарапына Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім аясында көзделген Қазақстанның азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздерді алға жылжытуға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.Тараптар, сондай-ақ Қазақстан мен Польша арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқылады. Бүгінгі таңда Польшада 800-ге жуық қазақстандық студенттер білім алатыны белгілі. Сыртқы істер ведомстволарының өкілдері биылғы жылы екі ел арасында тарихи және мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған бірқатар мәдени іс-шараларды өткізуді талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/26556?lang=kk
Астана экономикалық форумы 2018 жылғы 17–19 мамырда өтеді 12.04.2025
2018 жылғы 17 – 19 мамырда он бірінші Астана экономикалық форумы өтеді. Қазақстан Республикасының астанасы бүкіл адамзатқа өзекті жаһандық сын-тегеуріндерге байланысты мәселелерді талқылау үшін жетекші әлемдік көшбасшыларды, халықаралық сарапшыларды, саясаткерлерді, экономистерді, ғалымдарды, әлемге атақты мәдениет қайраткерлерін күтеді.Астанада өткен «Болашақ энергиясы» Экспо-2017 дүниежүзілік көрмесінің табысты өткізілуінің аясында Қазақстан инновациялық дамудың серпінділігі, батыл институционалдық реформалар мен көлемді халықаралық бірлесу арқылы әлемнің озық дамыған экономикаларының отыздығына ену мақсатында елдің ауқымды Үшінші жаңғыруын жариялады.10 жыл бойы Еуразияның негізгі экономикалық конгресі болып саналатын Астана экономикалық форумы Қазақстанның жаңа міндеттеріне, әлемдегі өзгерістерге де сай болуы тиіс. 2018 жылы АЭФ негізінде Global Challenges Summit іске қосылады. Бұл — Астана экономикалық форумын дамытудың жаңа кезеңі және Қазақстан мен Астанаға адамзат пен әлемді дамытудың жолдары, мақсаттары мен тәсілдері туралы жаһандық пікір алмасудың қозғалтқышы болу мүмкіндігі.ХХІ ғасырдың басындағы технологиялық революцияның жаңа бұрын-соңды болмаған орамы әрбір ел, әр бизнес және ғаламшардың әрбір адамы үшін айтарлықтай маңызды, әлемді өзгертетін ондаған мегатрендтер құрды. Экономикалық өсім және ресурстық тұрақтылық, цифрландыру және кенттену, ұзақ өмір сүру және қаржылық революция, жаһандық қауіпсіздік және мәдени ілгерілеу — осы жалпы әлемдік үрдістер Global Challenges Summit 2018 бағдарламасының негізін құрайды.Global Challenges Summit 2018-ге 450 астам спикер қатысады. Олардың жартысы — әлемнің 24 астам елінен келетін халықаралық қонақтар. Бүгінгі таңда қатысатынын растаған халықаралық қонақтар арасында: Францияның экс-президенті Франсуа Олланд; физик, ішектер теориясының тең авторы және ғылым таратушы Митио Каку; Goldman Sachs бұрынғы төрағасы және БРИКС қысқарту авторы Джим О'Нил; Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша бас экономисті Ганс Тиммер; саясаттанушы және қалалар дамуының визионері Параг Ханна; Грузияның вице-премьері, сыртқы істер министрі Михеил Джанелидзе; Эстонияның бұрынғы Президенті Тоомас Ильвес; БҰҰ сегізінші Бас хатшысы және Халықаралық олимпиада комитетінің этика жөніндегі комиссиясының төрағасы Пан Ги Мун; кинорежиссер, «Алтын арыстан» Венеция кинофестивалінің бас жүлдесінің лауреаты Кшиштоф Занусси және т.б.Қазақстанның жылдам өзгермелі жаһандық әлемдегі өзгерістерге бейімделу стратегиялары және Орталық Азия өңірін дамытудағы елдің рөлін Астана экономикалық форумында Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің бірінші басшылары, мемлекеттік компаниялардың және даму институттарының басшылары ұсынады.Жаңартылған Астана экономикалық форумы Еxpo конгресс-орталығында және Hilton Astana-да өтеді.Қатысушылар форумға конгрестің forum-astana.org сайтында тіркеле алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/26459?lang=kk
Қ. Әбдірахманов ИЫҰ министрлерінің кеңесінде сөз сөйледі 12.04.2025
ДАККА, 2018 жылғы 5 мамыр – Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бастаған Қазақстан делегациясы Бангладештегі Дакка қаласында өтіп жатқан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесі 45-ші сессиясының жұмысына қатысуда.ИЫҰ СІМ Кеңесінің қазіргі сессиясының тақырыбы «Тұрақты бейбітшілік, ниеттестілік және даму үшін ислам құндылықтарын насихаттау» деп белгіленді. Іс-шараның күн тәртібі дәстүрлі түрде қауіпсіздік және оның одан әрі даму келешегі тұрғысынан ислам әлемі үшін өзекті болып табылатын мәселелердің кең ауқымын қамтиды.Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – Бангладеш және Мьянма шекара маңы аймағынан рохинджа халқының жаппай көшу нәтижесінде туындаған ауқымды гуманитарлық дағдарыс. Қ. Әбдірахманов өз сөзінде Қазақстан рохинджа халқын қорғаудағы ұжымдық ерік-жігер мен жауапкершілікті толық ұстанатынын атап өтті. Ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстан Үкіметі Бангладештегі Рохинджа босқындарына 500 мың доллар көлеміндегі гуманитарлық көмек көрсетіп, олар орналасқан жерлеріне жеткізілді.Сессияның басты тақырыбына тоқталсақ, Министр мұсылман елдерінің арасындағы қатынастарда шыдамдылықты нығайтудың және мемлекетаралық диалогқа дайындықты қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан 2016 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Реджеп Тайип Эрдоган ұсынған ислам татуластығы бастамасына басты назар аударады. Қарардың тиісті тұжырымдамалары СІМ Кеңесінің қарауына ұсынылды және кездесудің екінші күнінде қабылданады деп күтіледі.Баяндамада БҰҰ қамқорлығындағы Женева келіссөздерін толықтай қолдайтын және төрт деэскалация аумағында зорлықтың айтарлықтай төмендеуі, атыстың тоқтатуы, бейбіт өмірге оралу бойынша практикалық нәтижегі қол жеткізген жалғыз алаң ретінде өзін көрсеткен Сирия бойынша Астаналық процессіне ерекше көңіл бөлінді.«Қазақстанның ислам әлемінің гүлденген болашағына деген сенімі өткен жылдың қыркүйегінде Астанада ИЫҰ-ның ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін өткізу туралы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ұсынысының пайдасына түскен басты дәлел болды. ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылығына осы тарихи кездесуге қатысқаны үшін шын жүректен алғысымды білдіремін », - деп атап өтті Қ.Әбдірахманов.Қазақстандық министр Астанадағы Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша исламдық ұйым хатшылығының жұмысы іске қосылғаны туралы хабарлады.Бұған осы ұйымның он мүше мемлекеті ратификациялаған АҚИҰ Жарғысының 2018 жылдың ақпан айында толық заңды күшіне енуі ықпал етті. Бұдан басқа, Қазақстан «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен АҚИҰ арасындағы АҚИҰ штаб-пәтері туралы» келісімді ратификациялады.Сонымен қатар, жаңа ұйымның жұмысы сапалы азық-түлік тапшылығы мәселесін шешу үшін мүше-мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін талап етеді. Бұған Ислам инфрақұрылымдық интеграциясы бойынша қазақстандық бастамасының тиімді іске асыруы ықпал ету керек. Оның негізгі мақсаты Ислам даму банкінің Орталық Азия, Африка, сондай-ақ Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бойынша арнайы үш даму бағдарламасын байланыстыра отырып, ИЫҰ кеңістігінде әрекет ететін көліктік-логистикалық жүйелерді барынша біріктіру болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасы мен ҚХР-дың «Белбеу мен жол» жобасының іске асыруы жаңа серпін табады.Дакка қаласында өтіп жатқан ИЫҰ СІМКеңесі екінші күнінде Декларация және Ұйымның күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша шешімдер топтамасы, сондай-ақ кадрлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданады деп күтілуде.2011 жылға дейін «Ислам Конференциясы Ұйымы» деп атанған Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) 1969 жылы құрылды. Өзінің қазіргі атауын 2011 жылдың 28-30 маусымында Астанада өткен ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясының шешіміне сәйкес алды. Қазақстан 1995 жылы Ұйымның толыққанды мүшесі болды. Қазіргі уақытта 56 мемлекет ИЫҰ-ға мүше болып табылады, ал 5 ел және 5 халықаралық ұйым байқаушы мәртебесіне иеленген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/26455?lang=kk
Қазақстандық дипломат ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды 12.04.2025
ДАККА, 2018 жылғы 5 мамыр – Дакка қаласында (Бангладеш) өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 45-ші сессиясында қазақстандық дипломат Асқар Мусинов ИЫҰ Бас хатшысының ғылым және технологиялар жөніндегі орынбасары болып сайланды.А.Мусинов кадрлық дипломат болып табылады, бұрын Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды, Қазақстанның Мысырдағы, Сауд Арабиясындағы, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісі, Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы және министрдің орынбасары болды. Қазіргі уақытта Қазақстан Үкіметінің жолдамасымен ИЫҰ Бас хатшылығында бейбітшілік және қақтығыстарды реттеу жөніндегі бөлім басшысының қызметін атқарады.«Бұл тағайындау Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мұсылман әлеміндегі беделінің, ислам әлемін дамыту бойынша белсенді қызметінің арқасында мүмкін болды. Қазақстандық өкілдің сайлануы 2017 жылдың қыркүйегінде Астана қаласында өткен ИЫҰ ғылым мен технологиялар жөніндегі бірінші саммитінің нәтижелерін іске асыру аясында өте маңызды болып табылады», - деді Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.Сайлаудағы жеңіс Қазақстан өкілі ИЫҰ-да осындай жоғары лауазымға бұрын соңды тағайындалмағанымен де ерекше болып отыр. А. Мусиновтың сайлаудағы қарсыласы бангладештік дипломат Камрул Ахсан болды. Қазақстан өкіліне ИЫҰ Азиялық топтың 18 мүшесінің 12-сі дауыс берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/26451?lang=kk
ИЫҰ СІМ Кеңесі Қазақстан Президентінің бастамаларын қолдады 12.04.2025
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Сыртқы істер министрлері Кеңесінің Даккадағы (Бангладеш) 45-ші отырысының қорытындылары бойынша Декларация мен бірқатар резолюциялар қабылданды.«Құрылғанынан бері 40-тан астам жыл өткен соң ИЫҰ мұсылман әлемінің жан-жақты көпжақты құрылымы ретінде xалықаралық деңгейде өз абыройын нығайтуды жалғастыруда және Ұйым кеңістігінде xалықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен пайда болатын қауіп-қатерге қарсы тұру жөніндегі стратегиялық диалог бойынша әріптеске айналды», - деп белгіленген қорытынды декларацияда.ИЫҰ СІМ Кеңесі «Тұрақты әлем, ауызбіршілік пен дамуға қол жеткізу үшін исламдық құндылықтарды ілгерілету» ұранымен өтті.Қорытынды декларация мұсылман әлемінің өзекті мәселелерінің кең тізімін қамтыды.Декларация мүше-мемлекеттерді өткен жылы Астанада ұйымдастырылған ИЫҰ-ның Ғылым мен теxнологиялар бойынша тұңғыш саммитінің қорытындыларын белсенді түрде жүзеге асыруға шақырады. Бөлек резолюцияда ғылым, теxнологиялар мен инновацияларды ілгерілету бағытындағы басымдықтар мен ұсынылатын іс-шараларды қамтитын Саммит кезінде қабылданған «2026 күн тәртібінің» рөлі көрсетілген. «ИЫҰ-ға мүше мемлекеттерде ғылым мен теxнологияларды дамыту үшін стимул болатын» «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңызы мойындалған.Ауыл шаруашылығы, сауда, туризм мен көлік бойынша СІМ Кеңесі резолюциясында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі исламдық ұйымның (АҚИҰ) Хатшылығын қысқа мерзімде іске қосуы үшін Қазақстан Үкіметіне алғыс айтылған. АҚИҰ 5-жылдық іс-шаралар жоспарын уақытылы және тиімді жүзеге асыру үшін лайықты шаралар қабылдайтын болады. Қазақстан ұсынған «Исламдық инфрақұрылымдық интеграция бастамасы» үшін іс-жүзінде жүзеге асыру мен ресурстарды мобилизациялау жөніндегі жан-жақты стратегиялық бағдарламаны («Жол картасын») жасауға қолдау білдірілген.СІМ Кеңесі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «ғаламдық дағдарысқа қарсы шешімдерді іздеуге қатысатын елдер санын кеңейту арқылы xалықаралық экономикалық саясатты айқындаудағы ең салмақты күш ретінде жаңа G-Global коммуникациялық платформасын құру» жөніндегі бастамасын қошеметтеді. Резолюция «басқа мекемелермен үйлестіре отырып, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы мен Ислам Даму Банкінің Бас xатшылықтарының G-Global платформасына қатысу мәселесін қарастыруға шақырады».Бөлек құжатта Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Реджеп Тайип Эрдоғанның исламдық татуласу туралы бірлескен декаларациясына қолдаушылық танытылған. «СІМ Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерiнiң съезіне ИЫҰ-ның қолдауын растайды және 2018 жылғы 10-11 қазанда Астанада «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем үшін» ұрынымен өтетін VI Съезіне ИЫҰ-ға мүше мемлекеттері мен халықаралық қоғамдастықтың діни көшбасшыларын белсенді қатысуға шақырады», - тақырыптық қарарда айтылған.Сириядағы жағдай бойынша қарарда ИЫҰ «саяси келіссөздер үшін тыныштықты қамтамасыз ету мақсатында атысты тоқтату режимін нығайту, деэскалация аймақтарын құру және Астана процесі арқылы сенімді нығайту шараларын қабылдау ісіндегі Түркия, Ресей және Иранның күш-жігері мен ынтымақтастығын» құптады.Қару-жарақты өңірлік бақылау және қарусыздану жөніндегі қарар «ИЫҰ-ға мүше мемлекеттерінен ғана тұратын бірінші аймақ болған» Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ туралы келісімнің 2009 жылы 21 наурызда күшіне енуін қолдады. Құжат қауіпсіздік кепілдіктері мен аймақтарға қатысушы мемлекеттердің тиісті артықшылық мәртебесін қоса алғанда ядролық қарудан азат аймақтардың халықаралық-құқықтық мәртебесі туралы мәселені одан әрі пысықтау жөніндегі Қазақстанның бастамасын қолдайды. 2014 жылғы 6 мамырда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бес мүшесі қол қойған Келеңсіз қауіпсіздік кепілдіктері туралы келісімге Хаттама өте жуық арада күшіне енеді деген сенім білдірілді.Қазақстанның бастамасы бойынша бұрынғы Семей ядролық полигонына, Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне және Арал теңізінің аймағын қалпына келтіруге арналған қарар қабылданды.ИЫҰ ядролық қаруды толық жою туралы бөлек қарарда «Ядролық қаруға тыйым салу туралы конвенция қабылдау жолындағы маңызды қадам ретінде болашақта ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға бірдей декларациясын қабылдау туралы Қазақстан Республикасының бастамасын қолдайды».ИЫҰ СІМ Кеңесі жұмысына Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бастаған Қазақстанның делегациясы қатысты. Даккадағы сессия барысында белгілі Қазақстан дипломатты Асқар Мусинов ИЫҰ Бас хатшысының Ғылым және технологиялар бойынша орынбасары лауазымына сайланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/26445?lang=kk