Enbekshi QazaQ

Экономика

Әлеуметтік инспекторлар 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау мақсатында 2,6 мыңнан астам тексеру жүргізді. 01.02.2025
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның барлық өңірлерінде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары 2 695 тексеру жүргізді, оның 741-і профилактикалық бақылау шеңберінде, 751-і жоспардан тыс, 1 203-і прокуратураның талабы бойынша.Тексеру қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1087 ұйғарым берілді, сондай-ақ жалпы сомасы 230,3 млн теңгеден астам айыппұл түрінде 973 әкімшілік жаза қолданылды.Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 178, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 112, мемлекеттік мекемелер – 117, балабақшалар – 470, мектептер – 805, колледждер, лицейлер – 145, ауруханалар, емханалар – 89, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 101, оңалту орталықтары – 11, дүкендер – 22, сауда үйлері – 39, ДК – 50, мәдениет үйі – 12, мұрағаттар, мұражайлар – 13, банктер – 12, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер – 33, нотариустар – 4, санаторийлер – 8, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері – 9, полиция пункттері – 8, стомалогия – 4, автобус паркі, авто/теміржол вокзалдары, әуежайлар – 9, кітапхана – 4, БЖСМ, спорт мектептері – 16 және басқалар қамтылды.Мәселен, Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестігінің өтініші негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің болмауы фактісі бойынша мейрамханаға жоспардан тыс тексеру жүргізді.Тексеру қорытындысы бойынша субъект айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.Бұл ретте қазақстандықтар мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеудегі оң өзгерістерді байқауда.«Қаламызда мүгедектігі бар азаматтар үшін қызметтерге қол жетімділік бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақсы. Мысалы, Атырау қаласындағы Халық банкінің филиалында тактильді көрсеткіштер, мнемосұлбалар қойылып, кіреберіс есіктер кеңейтіліп, кедергілер алынып тасталған. Сонымен қатар, ғимаратқа еш кедергісіз кіріп, қызмет алуға болады, себебі мұнда өте ыңғайлы пандус орнатылған», – деп атап өтті екінші топ мүгедектігі бар Атырау қаласының тұрғыны Кенжебай Мұратов.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеде ҚР Әлеуметтік кодексі күшіне енген кезден бастап, елімізде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының институты енгізілді. Олардың құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/925399
Қазақстан Сыртқы істер министрі Өзбекстан Елшісін қабылдады 01.02.2025
Астана, 2025 жылғы 27 қаңтар – Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Өзбекстанның Қазақстандағы Елшісі Бахтиёр Ибрагимовты қабылдады.Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық, су-энергетика және транзит-көліктік салаларындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.Өткен жылдың сәуір айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Хиваға жұмыс сапары және тамыз айында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Астанаға жасаған мемлекеттік сапары нәтижелерінде жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды.М.Нұртілеу Өзбекстанмен достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге Қазақстанның мүдделілігін атап өтті.Бұл тұрғыда екі мемлекет басшыларының алдағы жылдары тауар айналымын 10 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту жөніндегі мақсатына қол жеткізу үшін сауда, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш салаларындағы кооперациялық байланыстарды тереңдету үшін жаңа өсу жолдарын іздеудің маңыздылығы аталып өтті.Өз кезегінде Өзбекстан Елшісі Ташкенттің Қазақстанмен одақтастық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға деген берік ұстанымы туралы хабарлады.Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Көпжақты құрылымдар аясында өзара қолдау көрсетуді және Орталық Азия өңірінің тұрақты дамуына жәрдемдесуді жалғастыруға дайындық білдірілді.Алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесі қарастырылды.Сұхбат соңында Б.Ибрагимов кездесу үшін алғысын білдіріп, өзбек-қазақ ынтымақтастығын жан-жақты тереңдету үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынына сендірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/925536
Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейі 4,5%-ға төмендеді. 01.02.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің мәліметі бойынша 2024 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан 1408 жұмыскер зардап шегіп, оның 202-і қаза болған. Бұл ретте 2024 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2023 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға төмендеді.2024 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану коэффициенті (1000 жұмыскерге шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілігі) 0,20 құрады.Республиканың өнідірістік аймақтарында жарақат алудың ең жоғары деңгейі сақталуда. Мәселен, Қарағанды облысында – 159 адам, ШҚО-да – 124 адам, Павлодар облысында – 112 адам, Абай облысында – 101 адам, Қостанай облысында – 91 адам, зардап шеккен. Сондай-ақ, Алматы қаласында 116 адам зардап шекті.Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптерінде – 18,3% және құрылыс саласында – 10,1%.Жазатайым оқиғалардың орын алуының негізгі себептері: өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (35,5%); жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы (31%); жол қозғалысы ережелерін бұзу (8,2%); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу (7,6%).Қауіпсіз еңбек жағдайын жасау мен өндірістік жарақаттануды азайту ҚР Үкіметі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.Соңғы бес жылдың ішінде мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғау саласы бойынша қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде өндірістік жарақаттану деңгейі 6,3%-ға төмендеді.Профилактика мен бұзушылықты алдын алу мақсатында еліміздің 3262 кәсіпорны қауіпсіздік пен еңбекті қорғау стандарттарын енгізді.2019 жылдан бастап Министрлік тарапынан «Нөлдік жарақат - Vision Zero» тұжырымдамасын жетілдіру бойынша белсенді жұмыс атқарылуда. Оған бүгінде 605 кәсіпорын қосылды.Құрылыс объектілерінде бас мердігердің объектідегі еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша барлық қосалқы мердігерлерге жауапкершілігі мен бақылауын көздейтін бақылаудың тік моделін енгізу бойынша жұмыс жалғасуда. Бұл бақылау моделін республиканың 318 кәсіпорны енгізді.Бұдан басқа, жұмыс берушілерге еңбекті қорғау талаптарының сақталуын өзін-өзі тексеруден өтуге мүмкіндік беретін «Онлайн еңбек консультанты» электрондық сервисі іске қосылды. Сервис іске қосылған сәттен бастап оны 42 985 жұмыс беруші пайдаланды.Қазақстан Республикасының 2024-2030 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы іске асырылуда, ол 4 негізгі бағытты көздейді. Бұл тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғаудың ұлттық жүйесін жаңғырту, жұмыс орындарында тәуекелді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыру, кәсіби құзыреттіліктер мен ғылыми әлеуетті дамыту, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыру. Тұжырымдаманы іске асыру өндірістік жарақаттану мен кәсіптік сырқаттанушылық деңгейін төмендетуге ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/924686
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданына жұмыс сапарымен барды 01.02.2025
Сапар барысында облыс әкімі аудандағы бірнеше елді мекенді аралап, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.Тұздыбастау ауылына ат басын тіреген өңір басшысы 1500 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын көріп, білім беру нысанының жағдайына ерекше көңіл бөлді. Әкім мектеп оқушылары үшін барынша қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті.Сонымен қатар, Марат Сұлтанғазиев Бесағаш ауылына барып, сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын бақылап шықты. Ол бұл нысанның стратегиялық маңыздылығын баса айтып, құрылыс сапасын қатаң қадағалап, жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.Жұмыс сапарының қорытындысында облыс әкімі Талғар ауданындағы әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша нақты шараларды қолға алуды міндеттеді. Сондай-ақ, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстардың үздіксіз жалғасатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/925280
Даурен Оразбеков Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы міндетін атқарушы болып тағайындалды 01.02.2025
ҚР ТЖМ бұйрығымен Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы міндетін атқарушы болып подполковник Даурен Оразбеков тағайындалды. Бұйрық 2025 жылғы 25 қаңтарда қол қойылды.Даурен Оразбеков 1981 жылы 15 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылында дүниеге келген. «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.Ол өз мансабын 2008 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесіне тыңдаушы болып қабылданғаннан кейін ішкі істер органдарында бастады. Әр жылдары жол-патрульдік полициясында жауапты қызметтерді атқарып, өз ісінің кәсіби маманы ретінде танылды.2019-2024 жылдары Даурен Оразбеков полиция және ҚР ТЖМ бөлімшелерінде, соның ішінде ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы бастығының орынбасары ретінде бірнеше негізгі лауазымдарды атқарған.2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы бастығының міндетін атқарушы болды, ал 2025 жылғы 25 қаңтардан бастап Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы міндетін атқарушы болып тағайындалды.ҚР ТЖМ Даурен Оразбековтың жоғары кәсібилігін және көпжылдық тәжірибесін атап өтіп, оның департамент жұмысын ұйымдастыруда, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және төтенше жағдайлардың алдын алуда тиімді шешімдер қабылдайтынына сенім білдіреді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/924755
2024 жылы 293 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды 25.01.2025
2024 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 293,6 мың адамды құрады, бұл ретте өткен жылы 258,6 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 88,3 млрд теңге болды.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:- eGov.kz порталында авторизациялану;- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;- бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (бұдан әрі – МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/922872
2024 жылы қазақстандықтарға бюджеттен 3,7 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді 25.01.2025
2024 жылы республикалық бюджеттен 3 трлн 752,1 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның 1 трлн 182,3 млрд теңгесі базалық зейнетақы төлеуге, 2 трлн 569,8 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақы төлеуге жұмсалды.2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 451 мың адам.2024 жылғы желтоқсанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 356 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 88 819 теңге, базалық зейнетақы – 42 537 теңге.Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды.Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 90 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 110% белгіленеді.Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/920523
2024 жылы қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде 693 млрд-тан астам теңге төленді 25.01.2025
2024 жылы мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 613,1 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 80,3 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 552,3 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 193,9 мың адамды құрады.Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. 2024 жылы 102,3 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал шамамен 67,9 мың отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 6,5 %-ға өсті. ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-дан төленетін төлемдердің мөлшері де 6,5 %-ға артты.Осылайша жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін – 101 702 теңгені, 2-топ үшін – 81 362 теңгені, 3-топ үшін 55 474 теңгені құрайды.2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 60 407 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 64 772 теңгені құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/921390
С. Жақыпова азаматтарды қабылдады 25.01.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізіп, еліміздің әр өңірінен келген 3 адамның мәселелерін қарады.Министрге мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру және олардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері жөнінде сұрақтарын жеткізді.Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/921820
2024 жылы қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 895 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді 25.01.2025
2024 жылы мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалпы сомасы 895,3 млрд теңгені құрайтын төлемдермен 648,8 мың адам қамтылды.Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2024 жылы республикалық бюджеттен барлығы 64 млрд теңге сомаға 378,1 мың адам алды. Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмаған жағдайда туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар, егер олар басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалары бар адамдардың (отбасылардың) бала күтіміне байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар. Есепті кезеңде 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақыны 41,6 млрд теңге сомасына 126,3 мың адам алды.Бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) байланысты белгіленеді. 2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелген.Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:- бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге;- төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге.Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:- бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;- екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;- үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;- төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.Бұдан басқа жұмыс істейтін азаматтарға жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады.Төлем мөлшері жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілгенге дейінгі соңғы 12 ай ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріске және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.Аталған біржолғы төлемді 2024 жылы жалпы сомасы 385,6 млрд теңгеге 245,7 мың адам алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 11% - ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 621 299 теңгені құрады.Сондай-ақ МӘСҚ-дан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға баланың туған күнінен бастап тағайындалады. Төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40%-н құрайды. Екі және одан да көп бала туған жағдайда төлем әр балаға жеке тағайындалады.2024 жылы бұл төлем 276,8 мың адамға тағайындалды, ай сайынғы төлемнің орташа мөлшері 86 758 теңгені құрады. 404,1 млрд теңге сомасына төлем берілді, бұл 2023 жылы төленген сомадан 1,4 есе көп.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/922009
2024 жылы көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар 546 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды 25.01.2025
2024 жылы көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 818,1 мың отбасы жалпы сомасы 546,3 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 579,5 мың отбасыға 474,1 млрд теңге мөлшерінде; наградталған анаға берілетін жәрдемақы 238,5 мың адамға 72,1 млрд теңге мөлшерінде төленді.Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге мөлшерінде төленді.Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:«Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;«Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқанын атап өтеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/922014
С. Жақыпова Өзбекстан Президенті жанындағы Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігінің директоры М. Оллоеровпен кездесті 25.01.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Өзбекстан президентінің кеңесшісі – Президент жанындағы Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігінің директоры Мансұрбек Оллоеровпен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар әлеуметтік саладағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.Кездесудің басында Светлана Жақыпова Мансұрбек Оллоеровқа осындай жүздесу үшін алғыс білдіре отырып, Министрлік жүзеге асырып жатқан негізгі шаралармен таныстырды.Атап айтқанда ЕХӘҚМ басшысы 2023 жылы қабылданған азаматтардың туғаннан бастап қартайғанға дейінгі базалық әлеуметтік құқықтарын бекітетін Әлеуметтік кодекс туралы хабардар етті. Оның басты жаңашылдықтарының бірі – Отбасының цифрлық картасын енгізу. Ол азаматтарды мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы хабардар ететін, сондай-ақ мемлекеттік органдарға өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын тиімді жоспарлау үшін деректерді талдауға мүмкіндік беретін интеграцияланған платформаны ұсынады.«Отбасының цифрлық картасы қазақстандық отбасыларды қолдауға және олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Ол сондай-ақ мемлекеттік органдарға әлеуметтік дамудың болжамдары мен бағдарламаларын әзірлеуге көмектеседі, бұл әлеуметтік саясаттың міндеттері мен бағыттарын жоспарлауды жақсартуға ықпал етеді», – деп атап өтті Светлана Жақыпова.Сонымен қатар министр 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы туралы айтты, оның шеңберінде мүгедектіктің медициналық-әлеуметтік моделінен әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшу көзделуде. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялаудың жаңа тәсілдері ұсынылды. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялауды енгізуге және әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын арттыруға ерекше назар аударылды.Өз кезегінде Мансұрбек Оллоеров Қазақстанның әлеуметтік саладағы жұмысын жоғары бағалап, енгізілген жобалардың табысты болғанын атап өтті. Ол осы бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға қызығушылық білдіріп, бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ, ол қазақстандық делегацияны ынтымақтастықты нығайту жөніндегі алдағы қадамдарды талқылау үшін Өзбекстанға шақырды.Кездесу соңында ЕХӘҚМ басшысы аталған бастамаларды қолдап, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы екіжақты байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Светлана Жақыпова Қазақстан өз тәжірибесімен бөлісуге және барлық қызығушылық тудырған жобалар бойынша жемісті ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/922735
By Victory Day, WWII veterans are planned to be paid 5 million tenge each 25.01.2025
As part of the celebration of the 80th anniversary of the Victory in the Great Patriotic War, it is planned to pay WWII veterans a one-time financial assistance in the amount of 5 million tenge.As of January 20 of this year, 120 veterans of the Great Patriotic War (hereinafter referred to as WWII) live in Kazakhstan, as well as 42,545 citizens who contributed to the victory in WWII. Among them: residents of besieged Leningrad - 67 people; former underage prisoners of concentration camps - 139 people; spouses of a deceased person with a disability due to injury, concussion, mutilation or illness received during the Great Patriotic War - 743 people; widows of soldiers who died (deceased, missing) in the Great Patriotic War - 2 people; Home front workers - 41,594 people.Caring for veterans and home front workers, improving their quality of life - are one of the main priorities of the state social policy. Social protection measures for the elderly are implemented both at the central and local levels.Firstly, the size of pensions and other social benefits increases annually. 19 categories of citizens (war participants, home front workers, rehabilitated citizens, etc.) are paid a special state benefit, regardless of other social benefits.As of January 1, 2025, the total amount of monthly social benefits received, taking into account pensions for WWII participants amounted to 262,334 tenge and for persons with disabilities due to injury, concussion, mutilation or illness received during the Great Patriotic War - 279,330 tenge.Secondly, additional measures of social support are provided to veterans. All of them have the rights and guarantees that apply to military personnel. They enjoy tax benefits, they receive qualified medical care in specialized hospitals in the cities of Astana and Almaty, and are provided with spa treatment.Thirdly, annual payments of one-time financial assistance have become traditional.This year, according to information from local executive bodies of regions, the capital and cities of national significance, in honor of the celebration of the 80th anniversary of Victory Day, 120 WWII veterans will be provided with one-time financial assistance in the amount of 5 million tenge.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/923751
2024 жылы ардагерлерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 16 млрд-тан астам теңге төленді 25.01.2025
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 85 203 ардагер тұрады, оның ішінде Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) 120 ардагері, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 983 ардагер, 26 506 басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, 41 594 ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккері бар. 2024 жылы ардагерлердің аталған санаттарына 16,7 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған.Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санаттарына, өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан, мынадай мөлшерде төленеді:ҰОС ардагерлері – 16 АЕК (2025 жылы – 62 912 теңге);жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, олардың ішінде:- ҰОС кезеңінде жарақат алуы, контузия алуы, мертігуі немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар – 7,55 АЕК (2025 жылы – 27 875 теңге);- жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар – 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оның ішінде:- Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар – 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);- Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер – 4,8 АЕК (2025 жылы – 18 874 теңге);ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері – 2,13 АЕК (2025 жылы – 8 376 теңге).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/923763
О. Анафин табысы аз қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы хабарлады 25.01.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин Үкіметте өткен баспасөз конференциясында табысы аз қазақстандықтарға көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты. Мұндай санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметтерді өтеуге тұрғын үй және әлеуметтік көмек пен отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығаруға бағытталған атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерді төлеуге, тұрғын үйді күтіп ұстауға арналған шығыстары жергілікті өкілді органдар белгілеген осы мақсаттарға арналған шығыстардың рұқсат етілген шекті үлесінен асатын азаматтарға көрсетіледі. Шекті рұқсат етілген үлестің мөлшері 10%-дан аспайды.Көмектің бұл түрі тек бір тұрғын үйі болған жағдайда жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан ұсынылады.Тұрғын үй көмегін көрсетуге өтінішті электрондық үкімет порталы (egov.kz) немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруге болады.«2024 жылы жергілікті атқарушы органдар жалпы сомасы 592 млн теңгеге 17,5 мың отбасына немесе 41,2 мың адамға тұрғын үй көмегін көрсетті. Осы жылы жергілікті бюджеттерден тұрғын үй көмегін төлеу үшін 41,9 мың алушыға 1,5 млрд теңге қарастырылған», – деді Олжас Анафин.Қосымша коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және жергілікті бюджеттерден қатты отын сатып алуға азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы және ай сайын әлеуметтік төлемдер ұсынылады. Алушылар санаттарының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін және оған жүгіну мерзімдерін жергілікті атқарушы органдар белгілейді және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі. «Бұл төлемдер барлық өңірлерде қарастырылмаған және ол жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне байланысты болады. 2024 жылы бұл мақсаттарға 181,2 мың алушы үшін 5,3 млрд теңге бағытталды. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 2025 жылы азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек төлеуге 193,7 мың алушы үшін 2,6 млрд теңге қарастырылған. Белгіленген критерийлерге сәйкес азамат бір мезгілде тұрғын үй көмегі мен әлеуметтік төлем ала алатынын атап өту маңызды», – деді Олжас Анафин.Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен (өңірлік медиандық кірістің 35%-ы, бірақ өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан кем емес) табысы аз отбасылар үшін атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) көрсетіледі.«Тарифтер көтерілген кезде бағаның өсуі ең төменгі күнкөріс деңгейінің азық-түлік емес бөлігіне (55% азық-түлік, 45% азық-түлік емес бөлігі) әсер етеді. Осылайша, коммуналдық қызметтер құнының өсуі күнкөріс деңгейінің жоғарылауына және сәйкесінше АӘК мөлшеріне әсер ететін кедейлік шегінің өзгеруіне әкеледі.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл өзгерістерге дайын. Табысы кедейлік шегінен төмен барлық қазақстандықтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін болады. 2024 жылы АӘК төлеуге 78,1 мың отбасының 413,7 мың мүшесі үшін 39,5 млрд теңге жұмсалса, биыл бұл мақсаттарға 1 млн адамға 132,9 млрд теңге қарастырылған», – деп атап өтті Олжас Анафин.Бұрын хабарланғандай, АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлемдер түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын өмірлік қиын жағдайдан шығару.АӘК мыналарды көздейді:- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;- бір жастан бастап алты жастағы балалары бар табысы аз отбасылардың әр баласына 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру;- жұмысқа орналасу, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және т. б. арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті Мансап орталығына, тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне немесе электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/923943
Алтынсарин ауданындағы үлкен өзгерістер: жаңа жобалар ауыл тұрғындарының өмірін қалай өзгертуде 25.01.2025
2025 жылғы 24 қаңтарда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Алтынсарин ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапардың мақсаты – ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін жобалардың жүзеге асырылуын бағалау. Сапар барысында әкім бірқатар нысандармен танысты: салынып жатқан сүт-тауар фермасы, жаңа Мәдениет үйі және жаңа тұрғын үйлер. Бұл жобалар Мемлекет басшысының тапсырмаларын тікелей орындауға бағытталған және өңір тұрғындары үшін үлкен пайда әкелуде. Басбек ауылындағы ферма: азық-түлік қауіпсіздігіне сенімді қадам Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Басбек ауылында 660 бас ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасының құрылысы басталды. Жобаның құны – 3,5 млрд теңге, оның 500 млн теңгесі кәсіпорынның өз қаражаты, ал 3 млрд теңге мемлекеттік қолдау шаралары аясында 2,5% мөлшерлемемен несие ретінде бөлінді. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов бұл жобаның агроөнеркәсіп кешенінде өңделген өнімнің үлесін 2026 жылға қарай 70%-ға дейін арттыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бағытталғанын атап өтті. Ферма жылына 4,5 мың тонна сүт өндіруге мүмкіндік береді. «Бұл жоба азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, импортқа тәуелділікті төмендетуге және ауыл шаруашылығы экономикасын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Біз Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты өсуі мен ауылдық жерлердегі өмір сапасын жақсартуға бағытталған стратегиясын іске асырып жатырмыз», – деді өңір басшысы. Айта кету керек, бұл облыстағы Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталған жалғыз жоба емес.Қостанай облысында жоғары сапалы сүт өндірісі үшін Федоров, Қарабалық, Мендіқара және Алтынсарин аудандарында тағы 6 заманауи өнеркәсіптік сүт-тауар фермаларының құрылысы жүргізілуде.Аталған фермалардың іске қосылуы сүт өндірісін 43 мың тоннаға арттырады, ал облыстағы сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 80%-дан 95%-ға дейін өседі. Ферма директоры Талғат Тапаев та жобаның аудан үшін маңыздылығын атап өтті:   «Тек өсімдік шаруашылығына басымдық беру – бұл тәуекелдерге және әлеуетті банкротқа әкелетін жол. Нарықтық ауытқулар мен климаттық өзгерістер мұндай шаруашылықты тұрақсыз етеді. Диверсификация – бұл жай ғана таңдау емес, бұл өмір сүру мен өсудің қажеттілігі. Сүт шаруашылығын дамыту – өз шаруашылығыңызды нығайту, бір бағытқа тәуелділікті азайту және ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етудің нақты жолы.Мұны түсініп, әрине, мемлекеттік қолдаудың арқасында 600 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысын қолға алдық. Ол жылына 4,5 мың тонна сүт өндіреді және 30-дан астам жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтамасыз етеді. Өзгеруге дайын болмағандар артта қалады. Біздің мысалымыз өзгерістердің мүмкін екенін және олардың тек шаруашылық үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін табыс әкелетінін көрсетеді. Біздің міндетіміз – жобаны уақытында аяқтап, ферманы толық қуатында іске қосу», – деді ол. Осындай жобаларды жүзеге асыру өңірдің экономикалық дамуына ғана емес, әлеуметтік инфрақұрылымның жақсаруына да ықпал етіп, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға жағдай жасайды.   Мәдениет үйі: шығармашылық пен бірліктің орталығы Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың жұмыс сапарының келесі нысаны – Большая Чураковка ауылында жаңа Мәдениет үйінің салтанатты ашылуы болды. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған бұл жоба ауыл тұрғындары үшін маңызды оқиғаға айналды. Нысанның құрылысына 404 миллион теңге бөлінді.Мәдениет үйі күн сайын 100 адамға дейін қабылдай алады, бұл шығармашылық дамуға, бос уақытты тиімді өткізуге және дәстүрлерді сақтауға мүмкіндік береді. Салтанатты ашылу рәсімінде Құмар Ақсақалов осындай жобалардың маңыздылығын атап өтті: «Жаңа Мәдениет үйі – бұл жай ғана ғимарат емес. Бұл – өмірдің, шығармашылық пен шабыттың орталығы. Біз ауылдық жерлердегі мәдени инфрақұрылымды жақсартып, тұрғындарға өздерін дамытуға және дәстүрлерін сақтауға жағдай жасап жатырмыз. Өйткені, мәдениеттің дамуы экономиканың дамуымен тығыз байланысты. Мәдени және интеллектуалдық тұрғыдан дамыған адам – бұл елдің экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күші». Мәслихат депутаты Ботакөз Бидаулетова да бұл нысанның ауданның мәдени өмірінде алар орны ерекше екенін атап өтті: «Бүгінгі оқиға – Мемлекет басшысының мәдениетті дамыту жөніндегі тапсырмаларының жергілікті жерлерде қалай жүзеге асырылып жатқандығының көрнекі мысалы. Мәдениет үйі ауыл тұрғындарын біріктіріп, барлық буын өкілдері үшін шығармашылық пен шабыт орталығына айналады». Сонымен қатар, ауыл тұрғыны, жастар өкілі Талғат Қапиятов өз әсерімен бөлісті: «Мәдениет үйінің ашылуы – жастар үшін өте маңызды оқиға. Мұнда шығармашылықпен айналысуға, спортпен шұғылдануға және қарым-қатынас жасауға барлық жағдай жасалған. Бізде хореография, күрес үйірмелеріне қатысу, үстел теннисі ойнау, тіпті тренажер залында жаттығу мүмкіндігі бар. Бұл жер бізді біріктіріп, даму үшін жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Біз осындай сыйлық үшін ризашылығымызды білдіреміз және Мәдениет үйі әрбір тұрғын үшін шабыт пен белсенділік орталығына айналатынына сенімдіміз». Большая Чураковка ауылындағы Мәдениет үйінің ашылуы – бұл ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қосылған үлес. Нысан тұрғындардың күнделікті өмірінің маңызды бөлігіне айналып, дәстүрлерді сақтауға, шығармашылық әлеуетті ашуға және ауыл қоғамының бірлігін нығайтуға мүмкіндік жасайды. Өткен жылы Қостанай облысында мәдениет саласын қаржыландыру 24,3%-ға артып, 16,9 млрд теңгені құрады. Мәдениет нысандарының инфрақұрылымын жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде, бұл жаңа Мәдениет үйінің құрылысы сияқты жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Осындай ауқымды жобалар мемлекеттік қолдаудың ауылдық аймақтарды дамытуға бағытталған нақты қадам екенін көрсетеді. Бұл жай ғана сөз емес, өмір сүру, жұмыс істеу және шығармашылықпен айналысу үшін қолайлы жағдай жасау жолындағы шынайы әрекеттер.   Көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үйлер: Убаған ауылындағы жаңа үйлер Облыс әкімінің жұмыс сапарының соңғы нысаны Алтынсарин ауданының Убаған ауылы болды. Мұнда сегіз жаңа екі пәтерлі үйдің кілттері салтанатты түрде табысталды. Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатқан қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылды. Құрылысқа жалпы 298,2 миллион теңге жұмсалды. Әр пәтердің орташа ауданы – 85 шаршы метр. Үйлер таза әрлеумен салынған, барлық қажетті коммуникациялармен қамтамасыз етілген және толықтай қоныстануға дайын. Жаңа үйлердің иелері қатарында көпбалалы отбасылар, жетім балалар және әлеуметтік осал топтардың өкілдері бар. Салтанатты рәсімде Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов атап өтті: «Біз жыл сайын тұрғын үй құрылысын арттырып келеміз. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 500 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріліп, 5 мыңнан астам отбасы пәтермен қамтамасыз етілді. Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жалдамалы тұрғын үй сатып алуға қаражат бөлінді. Өңірде 18 миллиард теңгеден астам сомаға 940 пәтер сатып алынды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,7 есе көп. Биыл кезекте тұрған азаматтарға 1000 пәтер сатып алу жоспарланып отыр». Әкімнің айтуынша, азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету – ел басшылығы тапсырмаларын жүзеге асырудың маңызды бағыттарының бірі. Жаңа үйлер – бұл жай ғана баспана емес, ертеңгі күнге деген сенімділік пен өмір сапасының жақсаруының символы. Біз тұрғын үй мәселелерін шешу жолындағы жұмысты жалғастырамыз, әр отбасының жайлы үйге қол жеткізіп, тұрақты болашақ құруы үшін жағдай жасаймыз. Жаңа үйдің кілттерін алған көпбалалы ана Гүлшат Сүйесенова өз қуанышымен бөлісті: «Бұл біздің отбасымыз үшін үлкен бақыт. Енді бізде өзіміздің жайлы үйіміз бар, мұнда балаларымыз жақсы жағдайда өсіп-өнеді. Көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетіп жатқан мемлекетке және ел басшылығына алғысымыз шексіз. Бұл – біздің өміріміздің жаңа кезеңі, біз бұл сәтті әрдайым есте сақтаймыз». Сегіз үйдің құрылысы – бұл тек бастама ғана. Биылғы жылы аудан билігі тағы 7 екі пәтерлі үй салуды жоспарлап отыр, бұл одан да көп отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жобалар – ауылдық аймақтарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның табысты орындалып жатқанының айқын мысалы. Әр жаңа үй – ауыл тұрғындарының тұрақтылығы мен болашаққа деген сенімінің кепілі. Сапардың қорытындысы Әкімнің жұмыс сапары мемлекеттік қолдаудың ауыл тұрғындарының өмірін қалай өзгертетінін көрсетті. Бұл жобалар жайлы өмір сүруге, экономиканы нығайтуға және ауыл жастарының дамуына жағдай жасауға бағытталған. Осындай бастамалардың арқасында ауылдар – өмір сүргің, жұмыс істегің және болашағыңды құрғың келетін мекенге айналуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/924480
Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды 25.01.2025
Алматы облысы әкімінің өкімімен Айдын Әуесбайұлы Әуесбай 2025 жылғы 23 қаңтарынан бастап Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Айдын Әуесбайұлы 1981 жылы туылған, білімі жоғары, 2005 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Құрылысты механикаландыру және автоматтандыру» мамандығы бойынша, 2012 жылы Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2024 жылы Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы Алматы облысы Жамбыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары Алматы облысы Жамбыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы, бөлім бастығы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш селолық округ әкімінің орынбасары, Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округінің әкімі, Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары, Алматы облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі, Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, «ӘӘК Қонаев» АҚ тау-кен металлургия және өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялық жобалар департаментінің директоры лауазымдарында қызмет атқарған. 2023 жылғы 23 желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін  Алматы облысы Іле ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/923447
Қазақстан СІМ басшысы Жапония Елшісімен кездесті 25.01.2025
Астана, 2025 жылғы 24 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жаңадан тағайындалған Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Ясумаса Ииджиманы қабылдады.Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын жан-жақты талқылап, 2025 жылға жоспарланған биік және жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мен іс-шаралардың кестесіне ерекше назар аударды.Екіжақты сауда айналымының және жапондық тікелей инвестициялардың елеулі көлемін ескере отырып,сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің маңыздылығы ерекше назарға алынды.Қазақстан мен Жапония арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық және жекеменшік секторларындағы бірлескен комиссиясының өзара тиімді серіктестігін ілгерілетуге бағытталған үлесі аталып өтті.Өз кезегінде Я.Ииджима екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін белсенді өзара ықпалдастыққа дайындығын білдірді.ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшысы М.Нұртілеу Жапонияның Елшісіне оның Қазақстандағы қызметіне сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/924116
Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы Біріккен Ұлттар Ұйымының жоғары бағасын алды 25.01.2025
Женева, 2025 жылғы 23 қаңтар - БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Әмбебап кезеңдік шолу Жұмыс тобының 48-сессиясы барысында Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы міндеттемелері мен алдыңғы шолу бойынша ұсынымдардың орындалуы туралы төртінші ұлттық баяндамасы қаралды.Жоғары деңгейдегі Қазақстан делегациясының құрамына адам құқықтары саласындағы міндеттемелердің орындалуына мемлекеттік саясат пен мониторингті тікелей жүргізетін еліміздің тоғыз мемлекеттік органының өкілдері мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары кірді.Шолуға 100-ден астам мемлекеттің делегациялары қатысып, елімізбен ашық және сындарлы диалог құруға жоғары қызығушылық танытты. Іс-шара интерактивті талқылау форматында өтті, оның барысында БҰҰ-ға мүше мемлекеттер еліміздің құқық қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша өз сұрақтарын, пікірлері мен ұсынымдарын берді.ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев бастаған қазақстандық делегация БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы ауқымды реформаларына, азаптаулар мен қатыгездікті жою, бейбіт жиналыстар мен қауымдастықтар еркіндігі, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін қамтамасыз ету және журналистердің құқықтарын кеңейту, адам саудасына қарсы іс-қимыл және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін қазақстандық заңнаманың негізгі новеллаларына назар аудара отырып, кең ауқымды ақпарат ұсынды. ҚР делегациясының мүшелері БҰҰ-ға мүше елдердің сұрақтарына толық жауаптар бере отырып, адам құқықтары мәселелері бойынша диалогты нығайтуға және тәжірибе алмасуға ықпал етті.ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко өз сөзінде еліміздің БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасымен, Адам құқықтары жөніндегі кеңестің Арнайы рәсімдерімен және БҰҰ шарттық органдарымен ынтымақтастық бойынша тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген адам құқықтары бойынша Арнайы баяндамашылармен өзара іс-қимыл қағидалары және жеке шағымдар бойынша шарттық органдардың хабарламаларын қарау бойынша ведомствоаралық тетігі туралы, сондай-ақ БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасымен техникалық ынтымақтастық туралы хабарлады. Құқық қорғау сарапшыларының пікірінше, БҰҰ-ның құқық қорғау тетіктерімен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі Қазақстанның адам құқықтары мен демократиялық процестерді қорғаудың ұлттық жүйесін нығайтудағы басымдықтарын көрсетеді.Үкіметтің азаматтық қоғаммен диалогын нығайту туралы сұрақтарға жауап ретінде Р.Василенко ҚР СІМ алаңында тұрақты өтетін «Адами өлшем бойынша диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органының рөлін атап өтті. Ол осы алаңның сындарлы сипатына тоқталып, бұл жұмыстың көрнекі нәтижесі адам құқықтары мен заң үстемдігі бойынша үш жоспарды қабылдау, сондай-ақ елдің саяси және әлеуметтік өмірінің кең ауқымды мәселелері бойынша құқықтық актілерге бастамашылық жасау болғанын айтты.Қазақстандық делегациямен диалог барысында БҰҰ-ға мүше мемлекеттер өршіл реформаларды жүзеге асыру бойынша қабылданып жатқан шараларға, сондай-ақ Қазақстанда адамның іргелі құқықтары мен бостандықтарын нығайту жөніндегі нақты қадамдардың қабылдануына қолдау білдірді. Атап айтқанда, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Ұлттық алдын алу тетігінің мандатын күшейту, халықты, әсіресе неғұрлым осал топтарды әлеуметтік қорғау саласында қабылданған заңдар халықаралық қоғамдастықтың жоғары бағасына ие болды.Сонымен қатар, мемлекеттер өлім жазасының күшін жоюды, 2023 жылғы 8 желтоқсанда қабылданған Адам құқықтары мен заң үстемдігі жөніндегі іс-қимыл жоспарын, сондай-ақ Қазақстанның 2022-2024 жылдардағы мүшелігі шеңберінде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жұмысына қосқан үлесін ерекше атап өтті.Әмбебап кезеңдік шолу БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің бірегей тетігі бола отырып, Ұйымға мүше барлық мемлекеттерге адам құқықтары саласындағы жағдайға тұрақты сараптамалық бағалаудан өтуге мүмкіндік береді.Жұмыс тобының БҰҰ-ға мүше елдердің ұсынымдарын қамтитын Қазақстан бойынша баяндамасы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 2025 жылғы маусымдағы 59-шы сессиясында бекітілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/924252
Қазақстан Сыртқы істер министрі Кипр Елшісін қабылдады 25.01.2025
Астана, 2025 жылғы 24 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанда дипломатиялық қызметінің басталуына орай Кипр Республикасының Елшісі Петрос Накузисті қабылдады.Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-кипр ынтымақтастығының ағымдағы аспектілерін, оның ішінде екі елдің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының арасында бұдан бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруын талқылады.Астана мен Никосияда екі елдің елшіліктері ашылуының маңыздылығы аталып өтті. Бұл қадам қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деген жалпы пікір білдірілді.Кездесу соңында Министр М.Нұртілеу Кипр Елшісіне Қазақстандағы қызметінде табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/924378