Түркияда Қазақстан салған мектептің салтанатты ашылуы
14.05.2026 17:02:51 202
2026 жылғы 14 мамырда Астана қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияда Қазақстанның демеуімен салған Қожа Ахмет Яссауи атындағы мектепті салтанатты түрде ашты. Жаңа білім ордасы Қазақстан Президентінің тапсырмасына сай 2023 жылғы ақпанда Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Нұрдағы кентінде бой көтерген.
Жобаны «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның қаржылай қолдауымен «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі жүзеге асырды.
Бұл жоба Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырлас байланыстардың тағы бір жарқын дәлелі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1220209?lang=kk
