Enbekshi QazaQ

Мәдениет

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті 05.04.2025
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.Облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Марат Құрманбаев терроризмге қарсы орталық пен облыстық комиссияның хаттамалық шешімдерінің, ақпараттық қажеттілік тізбесінің орындалуы туралы баяндады. Облыстық дін істері басқармасының басшысы Дінмұхамед Ермеков тәуекел топтармен жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижелеріне тоқталды. Этносаралық қарым-қатынастар мен этностар арасындағы қақтығыстардың алдын алуда атқарылған жұмыстарды облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов айтты.Жиында облыс әкімі көтерілген мәселелерге қатысты жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді. Облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы терроризмге қарсы орталық пен облыстық комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуын қатаң бақылауға алып, шараларды толық әрі сапалы жүзеге асыруы тиіс. Профилактикалық шаралардың сапасын арттыруда Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері, жауапты мемлекеттік органдар әдістемелік көмек көрсетуі керек. Облыстық дін істері басқармасына тәуекел топтармен жүргізілетін профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру үшін ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын жетілдіру жүктелді.Аймақ басшысы этносаралық қарым-қатынас ерекше бақылауды қажет ететін маңызды мәселе екенін атап өтті. Өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобының көмегімен этнос өкілдері көп шоғырланған жерлердегі профилактикалық және мәдени-көпшілік іс-шараларға оларды кеңінен тарту, этносаралық достық пен татулықты насихаттау әрдайым назарда болуы керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/965497?lang=kk
Жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде 05.04.2025
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен республикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде жаңа энергетикалық қуат көздерін ұлғайту, батыс өңірінің желілерін бірыңғай энергетикалық жүйеге қосу, оңтүстік өңір желілерінің қуатын күшейту, энергия үнемдеу және тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы салынуда. Бүгінде инвестор «Акса Энерджи» түрік компаниясы жылу орталығының құрылысына 137 млрд. теңгеден астам инвестиция құйып, жұмыстың 70 пайызы аяқталды.Жаңа станция облыстың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етіп, өндірілген электр энергиясының бір бөлігін өзге өңірлерге сатуға мүмкіндік береді. Биыл 4 тоқсанда аймақ үшін ерекше маңызы бар нысан ел игілігіне пайдалануға беріледі. Жаңа орталыққа бюджет есебінен 15 млрд. теңгеге газ құбыры тартылды.Президент тапсырмасына сәйкес, оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау үшін Катар еліне іссапар кезінде қуаттылығы 1100 МВт, құны 800 млрд теңге болатын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Жаңа бу-газ қондырғылары Сырдария ауданының аумағынан берілген 280 гектар жерге салынады. Аталған мегажобаны 2028 жылы толығымен іске қосу жоспарланған.Қазіргі таңда техника-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Жоба аясында «Қызылорда-Жезқазған» және «Қызылорда-Шымкент» 500 киловольттық жоғары қуатты электр желісі тартылады. Аймақта 10 мыңнан аса шақырым электр желісі мен 2 000 аса қосалқы станция бар.Олардың тозу деңгейі 62% құрайды. Энергия үнемдеудің жаңа технологияларын қолданып, тозған желілерді азайту үшін өткен жылы 741 шақырым электр желісі мен 127 қосалқы станция жаңғыртылды. Биыл 15 млрд. теңгеге 3 ірі қосалқы станция, 314 шақырым әуе желісі және 127 қосалқы станцияны қайта жаңғыру қолға алынбақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/965493?lang=kk
Ұлыстың Ұлы күніне арналған концерт Эстонияда жалғасты 05.04.2025
Сыр елі өнерпаздарының Наурыз мерекесінің тарихи-мәдени маңызын түсіндіру, тәжірибе алмасу мақсатындағы өнер сапары жалғасуда. Халқымыздың ұлттық мұрасын әлем жұртшылығына таныстыратын «NAURYZ – CELEBRATION OF SPRING» концерті бұл жолы Эстонияның Таллин қаласында өтті. Қазақтың дәстүрлі музыкасы мен өнерін ұлықтаған Қызылорда облыстық филармониясының өнерпаздары қазақтың ән-жырын әуелетіп, көрермен ықыласына бөленді.Концерттің ашылуында сөз алған Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшісі Алтай Күлгінов өнер ұжымына қолдау көрсеткен аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевқа алғысын айтты.Шараны 30 мемлекеттің елшілері мен дипломаттары, жергілікті қазақтар мен таллиндіктер барлығы 200-ден астам көрермен тамашалады. Келуші қонақтарға қазақтың түрлі ұлттық тағамдары ұсынылып, наурыз дәмі үлестірілді.Эстон фольклоры қазақ ауыз әдебиеті секілді ұрпақ бойына сан ғасырлық тағылым сіңіретін мұраға бай, яғни біздің халықтың мәдениетімен мазмұндас келеді. Терең тәрбие мен сыйластыққа шақырады. Сол себепті жиналған қауым өнер сапарымен келген шығармашылық ұжымды зор қошеметпен қолдады. Мерекелік концерт «Жарапазан» жырымен басталып, қазақ дәстүрімен шашу шашылды. «Тойбастар» шырқалып, Наурыз-думанға қатысқан қала тұрғындары мен қонақтары, диаспора мүшелері мен шетелдік студенттер қазақ музыкасы және дәстүрлері жайлы мол мағлұмат алды.Ұлттық музыканың ұлы жауһарларын төрткүл дүниеге танытып жүрген «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің (Жетекшісі – Нұрғиса Нұрбай), Сыр мәдениетінің майталмандары Руслан Ахметов, Шолпан Бимбетова, Самал Байсейтова, Ақмарал Ноғайбаева, Марат Сүгірбай, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Бағдәулет Қарғабаев, Сымбат Тасбергенова, Мағжан Аманжолов, Ақылбек Табынбаев, Тоқтар Ағыраев, Ақнұр Аманбаева, Сәбит Ділдабаев, Алмас Әлжанов, Заманбек Нысанбаев, Арман Төлештің өнерін таллиндік талғампаз көрермен жоғары бағалады.Концертке келушілерге ұлттық нақышта жасалған сый-сияпаттар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/965492?lang=kk
Коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды басқару мәселесі талқыланды 05.04.2025
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды басқару мәселелері талқыланды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.Өңірде коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды басқару бағытында жұмыс жасайтын 24 кәсіпкерлік субъектісі бар. Өткен жылы жиналған 303 мың тонна коммуналдық қалдықтың 91 мың тоннасы, 135 мың тонна өнеркәсіптік қалдықтың 107 мың тоннасы өңделді. Мемлекет басшысының ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар салу тапсырмасына сәйкес «Жасыл Даму» акционерлік қоғамымен бірлескен жұмыстар атқарылуда. Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару саласында 42 млрд. 504 млн. теңгеге 9 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.Облыс орталығында 41 млрд. 200 млн. теңгеге 3 жоба қолға алынып, инженерлік инфрақұрылым желілері жеткізілген. Оңтүстік Корея технологиясы бойынша құны 9 млрд. 535 млн. теңге болатын қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату зауытының құрылысы басталды. Онда жылына 300 мың тонна қалдықты сұрыптау, қалдықты өртеу арқылы электр энергиясын өндіру көзделуде.Мамыр айында шыны ыдыстар өндіру жобасын бастау жоспарланған. Жылына 220 млн. дана бөтелке шығаратын зауытқа шикізат ретінде республика аумағынан жинақталатын шыны қалдықтары қолданылмақ. Одан бөлек, қала аумағындағы тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және өңдеу жобасының құжаттары әзірленуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/963770?lang=kk
Финляндияда Сыр өнерпаздарының «Nauryz – celebration of spring» мерекелік концерті өтті 05.04.2025
Наурыз айының 24-27-сі аралығында Наурыз мерекесінің тарихи және мәдени маңызын түсіндіру, әлем жұртшылығына таныстыру мақсатында Еуропаның Финляндия, Эстония және Испания мемлекеттерінде Қызылорда облысының өнер күндері өтуде. Өнер сапарын аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың қолдауымен, Қазақстанның Финляндиядағы, Эстониядағы және Испаниядағы елшіліктері ұйымдастырды. Бұған дейін аталған елдерден инвестиция тарту мақсатында кәсіпкерлер арасында кездесулер өткен болатын. Арадағы экономикалық байланыстарды осы мәдени іс-шара бекіте түсті.Қызылорда облысының Еуропа мемлекеттеріндегі өнер күндерінің алғашқы концерті «NAURYZ – CELEBRATION OF SPRING» атауымен Финляндияның Хельсинки қаласында өтті. Іс-шараны Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдраимов ашып, сахна төрінен осы мерекелік кешке қолдау білдірген Нұрлыбек Машбекұлына арнайы алғысын жеткізді. Концертті Еуропаның 10 мемлекетіндегі елшілер, дипломаттар, Финляндияда тұратын қазақ диаспорасы, білім алушы студенттер мен фин халқы, барлығы 500-ге жуық көрермен тамашалады. Қазақтың дәстүрлі музыкасы мен ұлттық өнерін ұлықтаған Қызылорда облыстық филармониясы дәстүрлі ән-жырды әуелетті. Финляндия халқы ғасырдан ғасырға жеткен эпостық жырларын, сәулет және бейнелеу өнері туындыларын мәдени мұра ретінде құрмет тұтады. Күн мен түннің теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік қайта түлейтін Табиғат мерекесіндегі концертінің шымылдығы «Жарапазан» жырымен түрілді. Еуропалық көрерменге қазақтың дәстүрімен шашу шашылып, «Тойбастар» шырқалды. Наурыз-думанға қатысқан қала тұрғындары мен қонақтары, диаспора мүшелері, қазақстандық және шетелдік студенттер ұлттық музыкамен және дәстүрлермен тереңірек танысуға мүмкіндік алды.Ұлттық музыканың ұлы жауһарларын төрткүл дүниеге танытып жүрген «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі (жетекшісі – Нұрғиса Нұрбай), Сыр елінің өнер майталмандары Руслан Ахметов, Шолпан Бимбетова, Самал Байсейтова, Ақмарал Ноғайбаева, Марат Сүгірбай, айтыскер-ақын Мұхтар Ниязов, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Бағдәулет Қарғабаев, Сымбат Тасбергенова, Мағжан Аманжолов, Ақылбек Табынбаев, Тоқтар Ағыраев, Ақнұр Аманбаева, Сәбит Ділдабаев, Алмас Әлжанов, Заманбек Нысанбаев, Арман Төлеш қатысып, өнер көрсетті. Гастрольдік сапар аясында көрерменге концерттік бағдарламалармен қатар, қазақтың ұлттық тағамдары мен ұлттық нақышта жасалған сый-сияпаты ұсынылды. Жұртшылық таным мен тағылымға бай кеш сыйлағаны үшін сырбойылық өнерпаздарға алғыс білдірді. Кейінгі жылдары Қызылорда облысының өнер күндері Астана мен Алматыда зор табыспен өтті. Сондай-ақ, Сыр өңірінің шығармашылық ұжымдары Еуропа елдеріне гастрольдік сапармен бірнеше рет барды. Осы жолғы сапардың тағы бір мақсаты - шет елдердегі шығармашылық ұжымдармен тәжірибе алмасу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/963763?lang=kk
Ботаникалық саябаққа тал егілді 29.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында Ботаникалық саябаққа тал егілді. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, департамент, басқарма басшылары және Қорқыт Ата атындағы университет ұжымы қатысты. Осы күндері өңірдің барлық елді мекенінде санитарлық тазарту, абаттандыру жұмыстары қарқын алған.Биыл тазалық жұмыстарына 63 мыңнан астам еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері атсалысуда. Елді мекендердегі скверлер мен парктер, тарихи- мәдени ескерткіштер, әлеуметтік нысандар, өнеркәсіп және бизнес нысандары, су объектілері, көшелердің бойы тазартылып, 2 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Оған 600-ден астам техника жұмылдырылды. "Наурызнама" онкүндігінің 19 наурызға белгіленген Жаңару күнінде «Жасыл желек» ағаш отырғызу, көркейту, көгалдандыру акциясы ұйымдастырылды. Облыс аумағына 5920 түп тал отырғызылды. 23 наурыз-Тазару күні қала, кент және ауылдық округтерде көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық шаралары ұйымдастырылып, 7000-ға жуық көшет егілді. Тазалық шараларына 20 мыңнан астам адам қатысты.Биыл өңірдің климатына сәйкес келетін, жерсінетін 23 530 түп қарағаш, терек және Сыр талының көшеті отырғызылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962439?lang=kk
Жалағашта да дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды 29.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жалағаш ауданынына жұмыс сапары барысында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысты. Рәсімде Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары болды.Аймақ басшысы жалағаштықтарды Ұлыстың ұлы күнімен және жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге, құрылыс, спорт салаларындағы жаңалықтарға тоқталды.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақсартамыз» деген болатын. Тұрғындар спортты өмір салтына айналдыру үшін осындай кешендер қолжетімді болуы керек. Ал спорт адамның денсаулығын, күш-жігерін шыңдайды. Өткен жылы қазан айында Қызылорда қаласында «Үстел теннисі» орталығы пайдалануға берілгені белгілі. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11 мың орындық Орталық стадион алдағы мамыр айында ел игілігіне табысталмақ. Жақын күндері көпбейінді «Қызылорда Арена», дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталады. Жыл басынан бері Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал, Дүр Оңғар, Сырдария ауданының Бесарық ауылдарында жаңа кешендер іске қосылған еді. Наурыз мерекесі қарсаңында дәл осындай спорт кешені күні кеше Қармақшы ауданының Ақай ауылында және Шиелі ауданының Жақаев ауылында ашылды. Бүгін Ұлыстың ұлы күнінде Жалағаш ауданындағы жаңа спорт кешенін ел игілігіне табыстаудамыз.Баршаңызды жаңа нысанның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Осы жерде шыныққан жеткіншектер болашақта дүбірлі додаларда еліміздің, аймағымыздың намысын қорғап, көк байрағымызды биікте желбіретсін! Ұлыс оң, ақ мол болсын!», – Нұрлыбек Машбекұлы.Рәсімде Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен ғимаратты салған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов жиылған халықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962438?lang=kk
Жалағашта «Нұр себеле, Әз Наурыз!» мерекелік іс-шарасы өтті 29.03.2025
Жалағаш ауданында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Ұлыстың ұлы күніне арналған «Нұр себеле, Әз Наурыз!» атты мерекелік шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты. Мереке қонақ күткен ауылдың қарбалас сәтін, үлкен-кіші бас қосқан жиынның, өнерпаз қыз-жігіттердің көш-керуенін бейнелеген театрландырылған қойылыммен басталды. –Ақ қар кетті, қыс өтіп,Шырайлы шуақ жаз жетіп,Шаруаның бұл кенелген,Күн мейрамы ежелден,Құтты болсын, Наурыз!Көтер туын Наурыздың,Желбіресін көгімде,Береке мен бақ қонсын,Жалағаштай еліме!– деп ауылдың үлкені берген батаға жұртшылық түгелдей әумин десті. Аймақ басшысы жалағаштықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, биылғы жылдың ерекшеліктеріне, атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті. Хәкім Абайдың 180, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанының 100, Ұлы Жеңістің 80, Байқоңыр ғарыш айлағының 70, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы сияқты маңызды мерейтойларды тағылымы ел жадында жатталатындай етіп өткізу өте маңызды екенін айтты.«Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды.Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс екенін атап өтті. Бұл – біз үшін зор мәртебе, Президентіміздің Сыр өңіріндегі атқарылып жатқан жұмыстарға берген оң бағасы. Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – жыл басы Наурыз мейрамымен шын жүректен тағы да құттықтаймын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!» – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Мерекеде Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962437?lang=kk
Сырдариялықтар «Армысың, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шарада бас қосты 29.03.2025
Сырдария ауданында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.«Өздеріңізге белгілі, өткен жылы Үкімет басшысы Олжас Абайұлы Бектенов облысқа жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылындағы «Ауыл аманаты» жобасының нәтижелеріне, аймақ дамуына оң бағасын берді. Бұл – бәрімізге ортақ жетістік.Өңіріміздегі ауылдарды дамыту бағытындағы жұмыстардың озық тәжірибесін кеңінен тарату мақсатында Нағи Ілиясов ауылында республикалық семинар-кеңес өтті. Семинарға Ауыл шаруашылығы министрі, еліміздің барлық өңірінен облыс әкімдерінің орынбасарлары, ірі шаруашылық құрылымдарының басшылары қатысты. Кеңесте аграрлық саладағы мәселелер талқыланып, өңір жетістіктері өзге аймақтарға үлгі етілді.Негізінен аудан халқы 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Тереңөзек кенті, Шаған, Қоғалыкөл, Аманкелді ауылдарында 14,5 шақырым ауыз су құбыры қайта жаңғыртудан өтті. Мұнан бөлек, тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында да біршама жұмыс атқарылды. Сәкен Сейфуллин және Асқар Тоқмағанбетов ауылдары газдандырылып, аудан халқын табиғи газбен қамту деңгейі 45 пайызға жетті. Әрине, бұл – өткен жылы атқарылған және биылға жоспарланған жұмыстардың бір бөлігі ғана.Осы жылы да өздеріңіздің қолдауларыңызбен аудан халқының игілігіне бағытталған бастамалар іске асады. Бастысы – елдің тыныштығы мен береке-бірлігі. Істеріңіз жемісті, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! Әр шаңыраққа бақ-береке, шаттық, қуаныш орнасын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!», – деді Н.Нәлібаев.Мерекелік шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев құттықтау лебізін жеткізді.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сырдария ауданының құрметті азаматы Жеңіс Ысқақова, «Қазақстан дауысы» мегажобасының жеңімпазы Құралай Мейрамбек ән шырқады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962433?lang=kk
Сыр елінде «Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем!» атты мәдени-көпшілік шара өтті 29.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорда қаласында Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем!» атты мәдени-көпшілік шара өтті.Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары және қала тұрғындары қатысты.Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қызылорда қаласы Наурыз нақыштарымен безендіріліп, көктемнің барлық бояуымен ерекше түрленді. Мереке өтетін орынға киіз үйлер тігіліп, берекелі дастархан жайылды. Халықтың көтеріңкі көңіл-күйі, ағайынның бір-біріне айтқан ақ тілегі, шашуын шашқан ақ жаулықты аналар, ақ батасын жаудырған ақсақалдар мереке ажарын аша түсті. Аймақ басшысы жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, Сыр өңірінің даму жолындағы жаңашылдықтар мен алдағы жоспарларға тоқталды.«Баршаңызды береке мен бірліктің бастауы болған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күні Сырдан Сарыарқаға дейінгі, Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-байтақ даламыз ақ тілектермен көмкеріліп, ақ дастархан жайылып, үлкендеріміз жас ұрпаққа ақ батасын береді. Жақсылықтың, оң өзгерістердің, игі істердің, жаңару мен жаңғырудың символына айналған Әз Наурызымыз байтақ елімізге, туған жеріміз Сыр өңіріне ырыс-несібе, берекесімен келгей!Наурыз мейрамы Сыр жеріне толайым жаңалықтарымен жетті!Биыл – еліміз, өңіріміз үшін мерейтойлар жылы! Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды.Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты.Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен жаңа бастамаларды қолға алдық, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімізде айтарлықтай өсім қалыптасты. Өткен жылы облысымыздың бюджетін 750 млрд теңгеден асырдық. Жергілікті кәсіпкерлер, меценаттар да туған жерді түлетуге, көркейтуге үлес қосып келеді.Ұлыстың ұлы күнінде тілеген игі тілектеріңіз қабыл болсын, істеріңіз жемісті, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!», – деді Н.Нәлібаев.Наурыз мерекесіне орай тігілген киіз үйлер алдында көрмелер мен салт-дәстүр қойылымдары қойылды. Қызылорда қаласының Қазақ АКСР-ның астанасы болғанына 100 жыл толуына арналған «Жауһар жәдігер» атты облыстық қолөнер шеберлерінің көрме-байқауы да келушілерге ұсынылды.Аймақ басшысы Айбарша, Айбике, Айбибі есімді үшемнің тұсауын кесіп, бүлдіршіндердің жаңа өмірге тәй-тәй басқан қадамына ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар «Түйе палуан» сайысы және ұлттық спорттың басқа да түрлерінен жарыстар болды.Мерекелік басқосу отандық эстрада жұлдыздарының және жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962432?lang=kk
Ұлыстың Ұлы күні Қызылордада 135 отбасы баспаналы болды 29.03.2025
Ұлыстың Ұлы күнінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорда қаласы Титов мөлтек ауданындағы 135 пəтерлік тұрғын үйдің кілтін табыстау рәсімі өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары арнайы қатысты.Аймақ басшысы тұрғындарды Наурыз мерекесімен және қоныс тоймен құттықтады.«Баршаңызды береке мен бірліктің бастауы болған Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жақсылықтың, оң өзгерістердің, игі істердің, жаңару мен жаңғырудың символына айналған Әз Наурызымыз байтақ елімізге, туған жеріміз Сыр өңіріне ырыс-несібе, берекесімен келгей!Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты.Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс екенін атап өтті.Бұл – біз үшін зор мәртебе, Президентіміздің Сыр өңіріндегі атқарылып жатқан жұмыстарға берген оң бағасы.Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірінде сәулеті мен сәні келіскен жаңа ғимараттар бой көтеріп, ел игілігіне табысталуда. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көрсеткіші бойынша өткен жылы республикада үздіктер қатарынан көріндік.Алдағы уақытта да бекем бірлігіміз бен тату тірлігіміздің арқасында елдің игілігі мен балаларымыздың болашағы үшін жасалатын ауқымды жобалар жалғасын табады. Жеріміздің тынысы кең, еліміздің мерейі үстем, халқымыздың келешегі кемел болсын деп тілейміз! Ұлыс оң, ақ мол болсын! », – деді Н.Нәлібаев.Рәсімде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан тұрғындар, пәтер иелеріне қуаныш сыйлаған мердігер мекеменің қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов құттықтауын жеткізіп, мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досмамбетов бата берді.Айта кетейік, өткен жылы мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатқа 2,5 мыңнан астам пәтер берілді. Осылайша тұрғын үй құрылысының көлемі 126 пайызға өсті.Биыл халықты баспанамен қамту үшін 292 пәтер сатып алуға қаражат бөлінді. Қосымша 3300-ден астам пәтер сатып алуға өтінім жолданды.Амал күні Жаппасбай батыр көшесіндегі 60 пәтерлік тұрғын үйдің кілті иелеріне табысталды. Бүгін баспанасы апатты деп танылған 135 отбасы жаңа пәтерге ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962421?lang=kk
Қармақшы ауданында тағы бір дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды 29.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қармақшы ауданына жұмыс сапары барысында Ақай ауылындағы дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің ашылуына қатысты. Салтанатты шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жұртшылықты мерекемен құттықтап, мұндай кешендердің көбейгені халықты спортпен шұғылдануға ынталандыратынын атап өтті.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақсартамыз», – деген болатын. Тұрғындар спортты күнделікті өмір салтына айналдыру үшін осындай кешендердің саны артып келеді. Өткен жылы қазан айында Қызылорда қаласында "Үстел теннисі" орталығы пайдалануға берілді. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11 мың орындық Орталық стадион мамыр айында ел игілігіне табысталады. Жақын күндері көпбейінді «Қызылорда Арена», дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталады. Жыл басынан бері Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал, Дүр Оңғар елді мекендерінде, Сырдария ауданының Бесарық ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды. Дәл осындай спорт кешені күні кеше Шиелі ауданының Жақаев ауылында пайдалануға берілсе, ертең Жалағаш ауданында іске қосылады. Бүгін Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Ақай ауылындағы жаңа спорт кешенін табыстауға жиналдық. Халқымызда «Дені саудың – жаны сау» деген жақсы сөз бар.Ауыл жастарының спортпен шұғылданып, байрақты бәсекелерде, дүбірлі додаларда еліміздің, аймағымыздың атын асқақтатуына тілектеспіз. Жаңа спорт ғимараты құтты болсын! Баршаңызды жыл басы - Наурыз мейрамымен шын жүректен тағы да құттықтаймын!», -деді Нұрлыбек Машбекұлы.Рәсімде Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен ғимаратты салып, ел игілігіне табыстаған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов құттықтау сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962418?lang=kk
Қазалы ауданындағы Ақтан батыр ауылы газға қосылды 29.03.2025
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қазалы ауданының Ақтан батыр ауылын табиғи газға қосу рәсімі өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.Облыс әкімі тұрғындарды Наурыз мейрамымен, көптен күткен қуаныш – ауылға "көгілдір отын" келуімен құттықтады.«Ұлыстың Ұлы күні Сыр жеріне толайым жаңалықтарымен жетті! Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс екенін атап өтті. Бұл – біз үшін зор мәртебе, Президентіміздің Сыр өңіріндегі атқарылып жатқан жұмыстарға берген оң бағасы. Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен қолға алынған, іске асқан байыпты бастамаларымыз бен жасампаз жобаларымыздың игілігін халық көруде.Өткен жылы облыс бюджеті 750 млрд теңгеден асып, екі жарым жыл бұрынғы көрсеткіштің өсімін 206 пайызға жеткіздік.Президентіміздің қолдауымен бүгінде Қызылорда қаласы ыстық сумен қамтамасыз етілуде. Алдағы жылу беру маусымында көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су толық қосылады.Газдандыру жобаларына 30 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды, 330 шақырым газ желілері салынды. Халықты газбен жабдықтау көрсеткіші 78 пайызға өссе, жыл соңына дейін 82 пайызға жеткіземіз.Ал, бүгін өздеріңізбен бірге Ақтан батыр ауылын табиғи газға қосамыз. Елдің дамуы ауылдан, ауылдың гүлденуінен басталады.Ауылдарыңызға келген "көгілдір отын" халықтың тұрмыс сапасын арттырып, ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң ықпалын тигізеді деп сенеміз. Бүгінгі мереке барша отбасына бақыт пен шаттық әкелсін!», - деді Н.Нәлібаев.Салтанатты шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан алдыңғы буын ағалар мен бірқатар азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев құттықтауын жеткізді. Биыл облыс аумағындағы барлық елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында 11 млрд теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда. Өткен жылы аймағымыздың жол құрылысын дамытуға 44 млрд 703 млн теңге бөлініп, 300 шақырымнан астам жол жөндеуден өтті. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайызға жетті. Биыл 329 шақырым жол жөнделіп, жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 95 пайызға жетеді. Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Облыс аумағындағы 216 шақырымның 151 шақырымы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Қосымша 30 шақырымына екі қабатты асфальт жабындысы төселді. Жоба биыл толық аяқталады.Көлік-логистика саласында да жетістіктер көп. Мемлекет басшысының қолдауымен "Қорқыт Ата әуежайының" жаңа терминалы ашылды. Жобаны іске асыруға Президентіміздің тікелей тапсырмасына сәйкес "Болат Өтемұратов қоры" 16 млрд 600 млн теңге инвестиция салды. Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4 млрд 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. «Қазақстан Темір Жолы» компаниясы және жергілікті кәсіпкерлер демеушілігімен теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті. Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі автовокзал пайдалануға берілді. Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен аймақ қарқынды құрылыс алаңына айналды. Облыста 126 млрд. 809 млн теңгеге 180 жобаның құрылысы жүрудеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962413?lang=kk
Креативті индустрияны дамыту мәселесі талқыланды 29.03.2025
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде креативті индустрияны дамыту, мәдениет саласын цифрландыру мәселелері қаралды. Үкімет отырысынан кейін өткен мәжілісте аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы, аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларына креативті индустрия субъектілерінің қатысуымен өткізілетін ірі шаралар, жаңа жобалар бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. «Креативті индустрия субъектілеріне талдау жүргізіп, олардың санын арттыру, аудандардағы «Руханият орталықтарында» креативті хаб бұрыштарының жұмысын күшейту керек. Мемлекеттік архивтер мен мемлекеттік мекемелердің «Е-Архив» ақпараттық жүйесіндегі жұмысына ай сайын мониторинг жүргізіңіздер. Мекемелерге электрондық құжаттарды реттеп, архивке тапсыруға дайындау үшін әдістемелік, практикалық көмек көрсетіп, оқыту семинарларын өткізіңіздер», – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ облыс әкімі жиында әскер қатарының толығуы еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығының кепілі екенін атап өтіп, әскерге шақырылушылардың шақыру пункттеріне уақытылы және толық келуін қамтамасыз етуді тапсырды. «Жоспардың орындалуы қатаң бақыланып, әскерге барудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіру, заңға сәйкес тиісті шара қабылдау керек»,-деді Нұрлыбек Нәлібаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/960826?lang=kk
«Қазақстан-Қытай» ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысы аясында Қазақстанның Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Қытай Халық банкінің, Қытай Эксимбанкінің және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді 18.03.2025
Қытайдың Халық Банкі Төрағасының орынбасары Лу Лэй мырзамен кездесу барысында халықаралық қаржы нарықтарындағы ағымдағы ахуал, екіжақты қаржылық ынтымақтастықты дамыту туралы пікір алмасты және Қытай нарығында панда-бондтарды шығару бойынша өзара іс-қимыл туралы уағдаласты.Қытай Эксимбанкінің вице-президенті Ван Кан мырзамен Қазақстандағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен іске асыруды, оның ішінде Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін № 4 сорғы-сүзгі станциясымен су құбырын, Алматы қаласындағы метроның жаңа желілерін салуды, сондай-ақ өткізу пункттерінің кедендік инфрақұрылымын жаңғыртуды талқылады.Бұдан басқа, экономикалық ынтымақтастықты дамыту, Әріптестік туралы негіздемелік келісімге қол қою және бюджеттік қолдау бойынша жаңа бағдарламаны дайындау мәселелері АИИББас инвестициялық директоры Константин Лимитовскиймен кездесуде қаралды.Кездесулер қорытындысы бойынша Тараптар бірлескен жобаларды іске асыруға, әріптестікті одан әрі дамытуға және өзара тиімді мақсаттарға қол жеткізуге сенім білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/959674
Су тасқынының алдын алу мәселелері талқыланды 16.03.2025
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті.Қазіргі таңда Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 500 текше метр су жіберілсе, оның 200 текше метрі Көксарай су реттегішіне алынуда. Облыс аумағына секундына 378 текше метр су келіп түсуде. Ықтимал су тасқынының алдын алудың кешенді шаралары үйлестіріліп, «2024-2025 жылдардағы қысқы-көктемгі кезеңде Сырдария өзеніндегі үлкен көлемдегі суды қауіпсіз өткізу» жоспары бекітілді.Өзен суы магистральді каналдар мен көлдер жүйесіне жіберу арқылы реттелуде. Су басу қаупі бар аймақтарға арнайы техника, күш-құралдары бар жауапты мекемелер бекітілген. Тасқынға қарсы қажетті материалдық-техникалық қор да, халықты көшіру пункттері де дайын. Жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар мен су шаруашылығы мамандары тәулік бойы кезекшілікте.Облыс бюджетінен 139 млн. теңге бөлініп, «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамымен жасалған келісім-шартқа сәйкес 2 тікұшақ дайындыққа келтірілді. Мұз жарумен айналысатын арнайы мамандандырылған мекемемен келісім-шарт жасалған. Өткен жылы 3 нысандағы қорғаныс бөгеттеріне облыстық бюджеттен 130 млн. 500 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыс жүргізілді. Бұдан бөлек, бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен 20 нысан жөндеуден өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/956190
Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді 08.03.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызды инфрақұрылым салу жөніндегі жобаларды іске асыруда.Қызылорда облысының Арал ауданында сумен жабдықтау жүйесін салуға және жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 4,2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.3 мыңнан астам халқы бар Тоқабай және Абай ауылдарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Арал–Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылатын Арал–Тоқабай–Абай магистралі тармағының құрылысы жүргізілуде. Жобаның іске асырылуы 2021 жылы басталған. Оны аяқтау үшін қосымша 3,7 млрд теңге қажет. Қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Нысанды 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.Шамамен 400 тұрғыны бар Ақбасты ауылында Арал–Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылатын Қосман–Ақбасты магистралі тармағының құрылысы аяқталуға жақын. Жобаның құны – шамамен 2,4 млрд теңге, оның 1,8 млрд теңгесі игерілген. Қалған 524 млн теңгесі Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді. Нысанды биыл іске қосу жоспарлануда.Осы жобаларды іске асыру сапалы суға тікелей қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын едәуір жақсартуға жағдай туғызады.Сумен жабдықтау жүйесін салу және жаңғырту Үкімет жұмысының маңызды басым міндеттерінің бірі болып саналатынын атап өту қажет. Іс-шаралар Мемлекет басшысының қалалар мен ауылдарды ауыз сумен 100% қамту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/952082
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2024 жылғы есептерін интернет-порталда орналастыру туралы хабарлама 04.03.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі есептерді – азаматтық бюджетті, мемлекеттік тапсырмалар туралы есепті, 2024 жылғы жағдай бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы жылдық есепті әзірледі, есептер Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 124-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес әзірленді. Қоғамдық талқылау мақсатында есептер "Ашық бюджеттер" және ЕПИРГО интернет-порталдарында орналастырылған:- Азаматтық бюджет – https://budget.egov.kz/material/material?id=3738214&govAgencyId=898790- Мемлекеттік тапсырмалар туралы есеп – https://budget.egov.kz/material/material?id=3730152&govAgencyId=898790https://budget.egov.kz/material/material?id=3730152&govAgencyId=898790- 2024 жылғы жағдай бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы жылдық есеп - https://budget.egov.kz/material/material?id=3722223&govAgencyId=898790Бұдан басқа, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мониторинг нәтижелері туралы ай сайынғы есеп жарияланды - https://budget.egov.kz/material/material?id=3595947&govAgencyId=898790Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/949662
Атырауда ғылымды дамытуға бағытталған көшпелі отырыс өтіп жатыр 04.03.2025
Бүгін ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Президиумының «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» атты кезекті көшпелі отырысы өтті. Оған облыс әкімі Серік Шәпкенов, академияның басқарма президенті Ақылбек Күрішбаев, академиктер және мұнай-химия саласының өкілдері қатысты. Жиында Атырау облысында ғылымды дамытудың жаңа бағыттары талқыланды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Жиында Серік Шәпкенов университеттерден, зерттеу ұйымдарынан, индустриядан және аймақтық даму институттарынан ғалымдарды тарту арқылы ғылыми ұсыныстар әзірлейтін, басталған жобаларға сараптама жүргізетін, қаржыландыру бойынша ұсыныстар әзірлейтін ғылыми-техникалық кеңестің маңызына тоқталды.- Кеңес Ұлттық ғылым академиясымен тікелей байланыста белсенді және жүйелі түрде жұмыс жасайтын болады.Біз үшін ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы қолданбалы шешімдер, экологиялық зерттеулер мен жүйелі экологиялық мониторинг, соның ішінде жасанды интеллектті қолдана отырып, суды тиімді пайдалану және өндірістік су қалдықтарын терең тазарту мен регенерациялау, өндірістік полимерлер негізінде жаңа материалдар мен композиттер, пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу мен регенерациялау әдістері, мұнаймен ластанған топырақтарды жол құрылысына және құрылыс материалдарына пайдалану сияқты зерттеулердің маңызы өте зор. Бұлар академия әзірлейтін негізгі мемлекеттік ғылыми бағыттарда көтеріліп, қолдау табуы тиіс,-деді С.Шәпкенов.Бұл ретте аймақ басшысы өңірлік ғылыми қорды нәтижелі пайдаланып, өндіріске қажетті, сұранысқа ие мамандарды дайындап, олардың жобасына жан-жақты қолдау көрсетуге басымдық беруді атап өтті.ҚР Ұлттық ғылым академиясының басқарма президенті Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, Атырау облысының экономикасы ғылыми зерттеулердің түрлі бағыттары бойынша қолайлы.- Жергілікті бюджеттерде өңірлік ғылымды қаржыландырудың бюджеттік бағдарламалары жоқ. Жалпы, жергілікті бюджеттен ғылымға бөлінетін қаражат көлемі, мемлекет бойынша оның дамуына жұмсалатын жалпы шығыстардың 1% - нан да аспайды. Атырау облысы — еліміздің табиғи ресурстары және экономикалық әлеуеті ең маңызды өңірлерінің бірі. Осы тұрғыда Атырау облысы басқа өңірлерге үлгі бола алады. Бұл ретте Ұлттық ғылым академиясы қажетті көмек көрсетуге дайын. Ең алдымен, Өңірлік кеңес Ұлттық академиямен тығыз байланыс орнатуы қажет және бұл сіздерге кеңес қызметінің барлық мәселесі бойынша Академиядан толыққанды әдістемелік және практикалық көмек алуға мүмкіндік береді. Ұлттық ғылым академиясы әзірлеген ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындаудың жаңа жүйесіне сәйкес агроөнеркәсіптік кешен, мұнай және тау-кен металлургия өнеркәсібі, тұщы суға қол жеткізуді қамтамасыз ету, өмір сүру сапасын арттыру және адами капиталды дамыту салаларындағы зерттеулер стратегиялық басымдықтарға жатқызылғанын және олар бірінші кезекте қаржыландырылатынын айту керек,-деді А.Күрішбаев.Қатысушылар өңірлік ғылымның дамуының өзекті мәселелері, оның өңір мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы сөз етті. Көшпелі отырыс аясында ғылыми-инновациялық көрме ұйымдастырылды.Академия Президиуымының көшпелі отырыс жұмысы нәтижесінде республикада алғаш рет Атырау облысы әкімдігі жанынан ғылымды қолдау Қорын құру туралы шешім қабылданды.Шара өңірлік ғылымның басым міндеттерін айқындауға арналған форсайт-сессиямен жалғасады. «Ғылым-бизнес» питч-сессиясы форматында коммерцияландыруға дайын перспективалы ғылыми жобалар ұсынылады. Қатысушылар ғылыми қауымдастық пен бизнес арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/949546
Астанада Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті 04.03.2025
Ұлы ақын-ағартушы, композитор, философ Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Астана Опера» театрында «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты концерт өтті.Бұл кеште композитор Еркеғали Рахмадиевтің Абай Құнанбаев өлеңдеріне жазылған романс топтамасы алғаш рет орындалды. Атап айтсақ, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жаздыгүн шілде болғанда», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да…», «Қажымас дос халықта жоқ», «Сіз – қырғауыл жез қанат», «Қара қатын», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа…» өлеңдері бар.Сонымен қатар, бағдарламада «Мен сәлем жазамын», «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл», «Кейде есер көңіл құрғырың», «Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол» атты төрт романс, Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсынан ариялар, сондай-ақ Сыдық Мұхамеджанов, Мансұр Сағатов және Евгений Брусиловскийдің ақын сөзіне жазған әндері орындалды.Айта кетейік, «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» концерті театрда Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралардың бастауы болды. Күзде ақынның сөзіне ән жазған басқа да композиторлардың шығармалары шырқалатын концерт өтеді.Еске сала кетейік, «Астана Опера» репертуарында Абайдың өмірі мен шығармашылығын бейнелейтін туындылар бар. Мәселен, 2015 жылы театрдың Үлкен залында Мұхтар Әуезовтің либреттосына негізделген Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсының премьерасы өтті. Осы қойылым үшін театр 2018 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/948966