Enbekshi QazaQ

Мәдениет

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында альт музыкасына арналған концерт өтті 09.02.2025
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дәстүрлі альт музыкасына арналған концерт өтті.Іс-шара Қазақстанның танымал альтисті, профессор, «Құрмет» орденінің кавалері, Қазақстан альт мектебінің негізін қалаушы Яков Фудиманды (1934–2007) еске алуға арналды.Кешке Я. Фудиманның шәкірттері, музыканттар және альт музыкасын сүйіп тыңдаушылар жиналды. Яков Фудиман музыка саласында мол мұра қалдырған тұлға. Сондай-ақ, ол 150-ден астам студент тәрбиелеген үлкен мектеп қалыптастырды. Олардың қатарында мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық байқаулардың лауреаттары, жетекші педагогтар мен артистер бар.Яков Фудиманды еске алу кеші – концерт қана емес, маэстроның Қазақстандағы альт өнерін дамытуға қосқан зор үлесін айшықтаған ерекше мәдени іс-шара болды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/930412
Өңірлерде қазақ киносының күндері басталды 09.02.2025
Қазақстанның өңірлерінде қазақ киносының күндері басталды.Аталған іс-шара аясында көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген фильмдермен таныса алады.Кино көрсетілімдері Қарағанды қаласынан басталды. Алдағы уақытта басқа да қалалар мен ауылдық елді мекендерді қамтиды.Бастаманың мақсаты – қазақстандық кинематографты насихаттау және кең аудиторияға отандық режиссерлердің туындыларын тамашалау мүмкіндігін ұсыну. Әсіресе, ауыл тұрғындарының қатысуына ерекше назар аударылды. Осылайша, оларға қазіргі қазақ киносының үздік шығармаларын көруге мүмкіндік берілді.Бағдарламада еліміздің мәдени ерекшеліктері мен өзекті мәселелерін арқау еткен әртүрлі жанрдағы фильмдер ұсынылады. Олардың қатарында «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Дос-Мұқасан», «Операция Набат», «Время патриотов» және басқа да картиналар бар.Әр фильмнің өзіндік терең мағынасы бар және түрлі жастағы көрермендерге арналған. Сондай-ақ, кішкентай көрермендер үшін «Тайқазан» анимациялық фильмі көрсетіледі.Айта кетейік, биыл оннан астам жаңа отандық фильмнің шығуы жоспарланған. Бұл сөзсіз, қазақстандық кино өнерінің жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалық.Толық ақпаратпен Кино орталығының ресми сайтынан танысуға болады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/929620
Жалағаш ауданында «Руханият орталығы» ашылды 09.02.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жалағаш ауданында «Руханият орталығы» ашылды. Мерекелік іс-шараға облыстағы құқық қорғау органдарының басшылары, өнер және қоғам қайраткерлері және аудан тұрғындары қатысты.Рәсім үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязовтың арнауымен ашылды. Аймақ басшысы жұртшылықты жаңа нысанның қолданысқа берілуімен құттықтады.«Бүгін елі ырысты, жері күрішті, берекесі тасып, бірлігі асқан Жалағаш ауданындағы бірқатар нысанды ел игілігіне табыстауға жиналдық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, руханиятымызға баса мән беруіміз қажет» деген болатын.Өткен жыл өңірімізде «Руханият жылы» деп айшықталып, мәдени-көпшілік шаралармен бірге ауқымды жобаларды жүзеге асырдық. Сыр өңіріндегі «Руханият жылы» жемісті болды. «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», көпфункционалды 1000 орындық «Өнер орталығы» салынып, симфония оркестрі, инклюзивті театр, жастар театры, заманауи би, хор ұжымдары жасақталды. Сыр мәдениетінің негізгі бренді – жыраулық дәстүр өкілдерінің «Жыраулар үйі» ашылды. «Самұрық қазына траст» қорымен бірге «Үстел теннисі» орталығы, «ҚазМұнайГаз» компаниясының демеушілігімен «Оқушылар сарайы» салынып, ел игілігіне берілді. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, ірі құрылыс нысандары іске қосылады.«Руханият орталықтары» көз ілеспес өзгерістерге толы жаңа заман шақыртуларына жауап беретін бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруда рухани-мәдени шаңырақ болады деп есептейміз. Баршаңызды жаңа нысанның ашылуымен тағы да құттықтаймын! «Руханият орталығы – бірліктің ордасы» еліміздің рухани қазынасын толықтырып, жұртшылыққа қуаныш сыйласын. Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, Тәуелсіз еліміздің абыройы әрқашан асқақ болғай!» – деді аймақ басшысы.Жиында Жалағаш ауданының Құрметті азаматы Өмірбек Шәменов сөз сөйлеп, жиылған жұртшылықты құттықтады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев батасын берді. Ауданның өркендеуіне үлес қосқан ардагерлер мен мердігер мекеме қызметкерлері марапатталды.Айта кетейік, былтырдан бері барлық 7 ауданда құны 11 млрд. 500 млн. теңгені құрайтын, ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар «Руханият орталықтары» салынып, пайдалануға берілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/929357
Облыс әкімі құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге тұрғындарды қабылдады 09.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жалағаш ауданына жұмыс сапары кезінде жұртшылықпен кездесіп, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдады.Оқушылар үйі мен өнер мектебі ғимаратында өткен жеке қабылдауға 65 азамат келді. Олар газ, көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, спортпен шұғылданатын ойын алаңдарын салу, емхананың кәріз жүйесін жаңарту, жұмысқа орналасу, кәсібін кеңейту, тағы басқа мәселелерді көтерді.Аймақ басшысы мәселелерді сала мамандары мұқият зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді және жауапты басқарма басшыларына нақты тапсырма берді. Көтерілген мәселелердің әрқайсысы жіті зерделеніп, жан-жақты талданады. Содан кейін заң аясында шешім қабылданбақ.Жеке қабылдауға келген кент тұрғыны Қаракеткен ауылы және Далдабай елді мекеніне табиғи газ жүргізу жайын қозғады. Облыс әкімі қазіргі таңда аталған елді мекендерді газдандырудың жоба-сметалық құжаттары жасалып, мердігер және техникалық қадағалаушы мекемелер анықталғанын жеткізді.«Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2023 жылы несие алып, жылыжай ашқан кент тұрғыны кәсібін кеңейтуге көмек сұрады. Оған бағдарлама аясында жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктері жайында түсіндірілді.Тұрғындар құқық қорғау органдары басшыларының қабылдауына негізінен өздерін толғандырған мәселелердің заңдық тұрғыда қалай шешілетінін білуге келеді. Бүгінгі кездесуде олар барлық сауалдарына толыққанды жауап пен маман кеңесін алды.Дәстүрге айналған мұндай қабылдаулар алдағы уақытта өңірдің басқа да аудандарында ұйымдастырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/929358
«Қаракеткен» ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді 09.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жалағаш ауданының«Қаракеткен» ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен салынған дәрігерлік амбулатория ашылды. Рәсімге облыстағы құқық қорғау органдарының басшылары, медицина саласының ардагерлері, қоғам қайраткерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жиналған қауымды құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы, құрылыс денсаулық сақтау салаларындағы жаңашылдықтарға тоқталды.«Мемлекет басшысының төрағалығыменөткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндадым. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы облыста атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Алдымызда әлі жүзеге асыратын жобаларымыз көп. Осы бағытта жұмысымызды жалғастыратын боламыз.Аймақтың денсаулық сақтау саласының бюджеті 129 млрд. 448 млн. теңгеге жетті. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында барлық ауданда 28 медициналық нысан салынды. Жалағаш ауданының Есет батыр, Мырзабай ахун ауылдарындағы екі дәрігерлік амбулатория 2023 жылы ашылып, қазір ел игілігіне қызмет етуде.Бүгін ел игілігіне табысталатын жаңа ғимаратта бастапқы медициналық көмек көрсету сапасын жақсарта түсуге жол ашылсын! Дәрігерлеріміз елге адал қызмет етіп, халық алғысына бөлене берсін! Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз баянды болғай!» – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Жиында медицина саласының ардагері,Қызылорда облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Тұрғанбай Маханов батасын берді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында қажырлы еңбек еткен ардагерлер мен аурухананы салған құрылысшыларға марапаттар тапсырылды.Айта кетейік, өткен жылы Қызылордада жаңа «Қан орталығы» ашылып, бүгінде ел игілігіне қызмет етуде. Жаңақорған ауданы «Төменарық» ауылында, Арал ауданы «Сексеуіл» кентінде ауылдық ауруханалар қолданысқа берілді. Ана мен бала өмірін қорғау мақсатында көпбейінді облыстық аурухана базасында жаңа МРТ аппараты іске қосылып, 70 орындық перинаталдық бөлім ашылды.Облыс орталығында емханасы мен онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүруде. Бұдан бөлек, ұлттық жоба аясында 4 көпбейінді аудандық орталық аурухана жанынан қосымша құрылыс салынады.Өткен жылы 8 медициналық нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл 6 нысанның жылу жүйесі газға ауыстырылады. Медициналық құрал-жабдықтармен қамтылудеңгейі 87,1 пайызға жетті. Соңғы 2 жылда облыстың барлық елді мекеніндегі денсаулық сақтау мекемелеріне 245 жаңа санитарлық автокөлік табысталса, оның 11-і Жалағаш ауданына берілді. Осылайша, ауылдарды санитарлық автокөлікпен қамту мәселесі толық шешілді.Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоры өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға 4 млрд. теңгеден астам қаржы бағыттады. Бұл қаржыға Арал, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында «Қамқорлық» оңалту орталықтары ашылды. Скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешен алынып, ауыл тұрғындарын тексеруден өткізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/929356
«Игі істі бөліс» республикалық флешмобы басталды 09.02.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрілігі Ұлттық волонтерлер фронт-офисімен бірлесіп, «Игі істі бөліс» республикалық флешмобы басталғанын хабарлайды.Бастама мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсету арқылы қайырымдылық пен волонтерлік қызметті дамытуды көздейді.Флешмоб азаматтар арасында мейірімділік, өзара көмек және әлеуметтік жауапкершілік идеяларын насихаттауға бағытталған.Қатысу үшін игі іс жасау сәтін фото немесе видеоға түсіріп, #ИгіІстіБөліс және #ПоделисьДобром хэштегтерімен әлеуметтік желілерде бөлісу жеткілікті.Флешмоб шарттары туралы толық ақпаратпен Qazvolunteer.kz сайтынан танысуға болады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/928526
Алматыда «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» Азаматтық қоғам форумы өтіп жатыр 09.02.2025
Алматыда 5-ші «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» Азаматтық қоғам форумы өтіп жатыр. Үш күндік іс-шара цифрлық трансформация, климаттың өзгеруі, жастар белсенділігі, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне бағытталған. Форумға Орталық Азия елдерінің азаматтық қоғам институттары мен үкіметтері өкілдері, халықаралық ұйымдар өкілдері қатарынан 150-ден астам адам қатысуда. Форумның ашылуына ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова қатысты. Ол қатысушыларды елдің дамуындағы азаматтық қоғамның рөлі және мемлекеттің үкіметтік емес секторды қолдау бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы хабардар етті. Алдағы екі күн ішінде іс-шара аясында топтық пікірталастар мен арнайы семинарлар өтеді. Қатысушылар осы талқылаулар арқылы өзара идея алмасып, аймақтың маңызды мәселелерін шешуге белсенді түрде атсалысу мүмкіндігіне ие болады.   ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/926241
Ана мен бала орталығындағы жаңашылдықтарды көрді 09.02.2025
Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов облыстық перинаталдық орталыққа барып, ана мен бала күтiмiндегі, медициналық қызмет көрсетудегі жетістіктерді, жаңадан алынған аппараттарды көрді.Орталықтың бас дәрігерi Олег Ким жұмыс тиімділігін арттыру бағытындағы бастамаларды атап өтті.Айта кету керек, өткен жылы орталықтың материалдық- техникалық базасын нығайтуда 283 млн.теңгеге 1 УДЗ аппараты, 2 өкпені жасанды желдету, 1 анестезиялық-тыныс алу аппараты, 3 операциялық шам, медициналық техникалар және "Voluson E10" эксперт класты медициналық- ультрадыбыстық зерттеу аппараты алынған. Сондай-ақ, мекемеге 49,0 млн.теңгенің 2 санитарлық автокөлігі берілді.Тағы бiр айта кетерлiгi, облыс әкімдігінің қолдауымен өткен жылы облыстық перинаталдық орталық мамандары Мәскеу және Стамбул қалаларында тағылымдамадан өтті.«Неонатальды хирургия» және «Госпитальды фармация» бөлімдері ашылып, «Бір күндік клиника» пилоттық жобасы іске қосылды.Орталықтағы жаңашылдықтармен танысқан Данияр Еренғалиұлы ана мен бала денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстарға сәттiлiк тiледi. Жаңадан іске қосылған аппараттар мен қолға алынған бастамалар пациенттердің медициналық қызметке қолжетімділігін айтарлықтай жақсартатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/925208
2025 жылы қазақстандық кинотеатрлар экранында 10 жаңа жоба көрсетіледі 09.02.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен биыл 10 жаңа кино жоба көрерменге жол тартады.Бұл фильмдердің ерекше сюжеті, қызықты оқиғалары көрермен көңілінен шығады деген сенім мол.Көптен күткен жобалардың бірі – «Капитан Байтасов» фильмі. Оны режиссер Дәурен Қамшыбаев түсірген. Фильмнің сценарийін жазуға кейіпкердің ұлы Арманжан Әбдібеков белсенді қатысты. Бұл туынды ұлттық кинематография тарихына ерекше үлес қосып, ерліктің, батырлықтың символы ретінде халық жадында мәңгі сақталатын қаһарманның бейнесін дәріптейді.Сонымен қатар, көрерменге биыл басқа да қызықты жобалар ұсынылады. Олардың қатарында лудомания мәселесін қозғайтын «Игроманка» драмасы, футбол тақырыбындағы спорттық драма «90+1», «Осенний бриз», «Фейковый арман», «Qaitadan», «Тезек», «Қара қыз», «Алтын адам», «Ароматное сердце» және «Абель» фильмдері бар.2025 жылы ұсынылатын жаңа фильмдерде жас ұрпақтың тәрбиесіне оң ықпал ететін, көрерменге ой салатын құнды идеялар көрініс табады.Сондай-ақ наурыз айының басында кино жобаларға арналған байқау жарияланады. Жаңа фильмдер үшін басымдық берілетін тақырыптар – отанға деген сүйіспеншілік, экология және еңбекқорлық.Басым тақырыптардың толық тізімі Кино орталығының ресми сайтында жартяланған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/924830
Облыстық балабақшалар арасында «Таза Қазақстан — жасыл балабақшадан» атты семинар өтті 01.02.2025
Жиынға мектепке дейінгі алты ұйымның тәрбиеленушілері мен педагогтері қатысып, экологияға қатысты түрлі жобасын таныстырды.Семинар мақсаты — қоршаған ортадағы экологиялық мәселелерді анықтау және оны шешу жолдары, сондай-ақ балақайлардың өлкетануға қызығушылығын арттыру.Кездесу барысында тәрбиешілер мен бүлдіршіндер «Кішкентай эколог», «Жасыл экономика біртұтас тәрбие», «Полиэтилен пакетінің зияны» тақырыбындағы жобаларын таныстырды. Сонымен қатар «Экоәлем» шеберлік сағаты өтіп, «Егер сіз табиғатты қорғау министрі болсаңыз?» атты диалогтік алаң ұйымдастырылды.- «Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны аялауға бағытталған маңызды әрі жан-жақты қолдау тапқан бастама. Бүгінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балаларға экологиялық тәлім беру — тәрбие үрдісіндегі әлеуметтік маңызы зор құнды бағыт. Балаға табиғатты мектепке дейінгі шақта тереңірек таныстырудың ерекше маңызы бар. Себебі адамның денсаулығы, ақыл-ойы мен санасы, еңбек пен сыртқы ортаға деген көзқарасы жеті жасқа дейін қаланады. Сондықтан осындай іс-шаралардың жиі өтуі өте пайдалы. Бұндай іс-шаралар өткен жылдан бері жалғасын табуда. Былтыр осы бағытта мектепке дейінгі ұйымдара 27 облыстық, 208 қала және аудан көлемінде жиын өтті, - деді облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов.Исатай ауданы Аққыстау ауылы «Нұршуақ» балабақшасының педагог-тәрбиешісі Перизат Қалыбекқызы бүлдіршіндерге қоқысты дұрыс сұрыптауды үйретіп жүр.— Балаларға қоқыс жәшіктеріне пластикті, шыны бөтелкені, политилен пакет пен тамақ қалдықтарын бөліп тастауды ойын арқылы үйретемін. Олар әріп танымағандықтан әдісті суреті бар карталар арқылы жасаймын. Қазір ата-аналардан балақайлардың үйге барғанда қоқысты сұрыптап тастайтынын және оны өздеріне үйрететінін жиі естимін, - дейді тәлімгер.Айта кетейік, бұл семинар облыстық білім беру басқармасының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтті. Өңірде мектепке дейінгі 337 ұйымда 35 мыңнан аса бүлдіршін тәрбиеленуде. Олардың ішінде 151 мемлекеттік, 86 жекеменшік және 100 орталық бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/928663
Астанада Мырзатай Жолдасбековтің «Күндерімнің куәсі» атты кітабының тұсаукесері өтті 01.02.2025
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Мырзатай Жолдасбековтің «Күндерімнің куәсі» атты кітабының тұсаукесері өтті.Алты томдық кітапта мемлекет қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтің 1993-2018 жылдар аралығын қамтитын күнделік жазбалары жинақталған.Бұл жазбаларда халықаралық қатынастың қалыптасып, дамуы, ел мүддесіне қатысты тарихи шешімдердің қабылдануы, автордың қазақтың тарихын, мәдениеті мен өнерін, әдебиетін, салт-дәстүрін, ғылымы мен білімін дамытуға қосқан үлесі, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, ішкі, сыртқы саяси ахуалы, ұлтаралық қатынас мәселелері, сондай-ақ адамгершілік пен ұлттық тәрбие туралы ойлары да қамтылған.Кітап таныстырылымы барысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.«Алты томдық жинағыңыз – тәуелсіз еліміздің тарихын тануға, ұлттық құндылықтарымызды бағалауға және рухани әлемімізді кеңейтуге қосылған сүбелі үлес. Өткен дәуірдің маңызды оқиғалары, халқымыздың басынан өткен тағдырлы кезеңдері шынайы баяндалған туындының өскелең ұрпаққа берер тағылымы зор болары анық. Бұл еңбек – тек сіздің ғұмыр жолыңыздың айнасы ғана емес, бүкіл қазақ елінің тарихы мен рухани мұрасын байытатын құнды дүние. Сондықтан жаңа кітаптарыңыз болашақ ұрпаққа бағдар болатын, елдік пен ерліктің мәнін ұқтыратын маңызды шығармалардың бірі боларына сенімдімін», – делінген құттықтау хатында.Іс-шараға белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, ақын-жазушылар, БАҚ өкілдері, журналистер, оқырмандар қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/929100
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды 01.02.2025
2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын көтерген болатын. Осы бастаманың аясында 2025 жылы 18 жасқа толмаған қазақстандық балаларға 129,38 доллары көлемінде қаражат аударылды.Өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету – мемлекеттік саясаттағы басымдыққа ие бағыттардың бірі. Қазір еліміздегі отбасылар баланың дүниеге келген сәтінен бастап оның ер жеткеніне дейін мемлекеттің қолдауына сенімді бола алады. Айталық, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы жас азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ білім алуына жан-жақты жағдай жасап, табысты болуларына бағытталған. 2024 жылдан бастап жылма-жыл қазақстандық балаларға 18 жасқа толғанға дейін инвестициялық табысты қоса алғанда, Ұлттық қордан қаражат аударылып келеді.«Біз азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартып, балаларымызға кемел келешекті құрудың негізін қалап жатырмыз»,- Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті.«Ұлттық қор – балаларға» жобасының басты миссиясы – келер ұрпаққа арналған жинақтарды қалыптастыру арқылы қаржы ресурстарын үнемдеу жолымен әр балаға ұлттық байлықтан тиесілі үлесті беруді көздейді.2024 жылы аталған бағдарламаға 6 919 131 адам қатысып (2006-2023 ж.ж. туған балаларды қоса алғанда), олардың әрбірінің шотына 100,52 доллар жіберілді. Аударылған ақшаның жалпы сомасы – 695,5 млн доллар. Тұтастай алғанда, осы бағдарламамен қамтылғандардың жалпы санынан 304 815 адам 2024 жылы 18 жасқа толып, оларға жалпы сомасы 30,6 млн доллар аударылды.2025 жылы әр балаға жаплы 129,38 доллар аударылды.Бағдарламаға екі жылдан бері қатысып келе жатқан балалардың (инвестициялық кірісті қоса алғанда) жинақтарының жалпы сомасы 232,94 долларға ұлғайды.«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша аударымдар туралы ақпарат eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында 2025 ж. 1 ақпанда көрсетіледі.Төлем тетігі барынша қарапайым. Баланың бағдарламаға қатысуы мен есептелген ақша туралы ақпаратты баланың ЖСН енгізе отырып, арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан көруге болады. Онда бағдарламаның шарттарымен танысып, нұсқаулықтар, сол секілді өзекті сұрақтардың жауаптарын ала аласыз. Бұдан бөлек балаға арналған аударымдар туралы деректерді eGov.kz порталындағы жеке кабинетке кіріп, сондай-ақ Kaspi.kz, Halyk қосымшалары арқылы да көруге болады.Мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі – білім мен баспана алуға баршаға тең мүмкіндік беру. Осы тұрғыдан алғанда, «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы жас қазақстандықтар үшін айтарлықтай қолдауға айналды.Жинақталған соманы кез келген жас азамат 18 жасқа толғанда пайдалана алады. Жинақтар БЖЗҚ-дағы шоттарға аударылады және жобаның ресонденттері уәкілетті операторлардың (Отбасы банкі және Халық банкі) қосымшасы арқылы өтініш бере отырып, тиісті соманы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім алуға жұмсай алады.2025 жылдың 1 қаңтарында бұл мақсатқа 66 571 өтінім беріліп, оның ішінде жалпы сомасы 5 316,7 мың долларға 53 001 өтінім орындалды. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға 34 388 өтінім берілді, оның ішінде 29 542-сі орындалып, 2 964 мың доллары төленді. Білім беру бойынша 32 183 өтінім жолданып, оның ішінде 23 459 өтінім қанағаттандырылып, 2 352,7 мың доллар төленді.Биыл бағдарламаға 6 921 035 бала қатысып жатыр (2007 жылдан 2024 жылға дейін туған балалар). Олардың ішінде 324 430 азамат 2025 жылы 18 жасқа толады.Ұлттық қордың қаражатын жас отандастарымызды қолдау мақсатында пайдалану – еліміздің орнықты дамуына бағытталған стратегиялық шешім. Аталған бастама өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсер етіп, кейінгі ұрпаққа болашаққа зор сеніммен қарауға мүмкіндік береді.ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/928270
Астанада Оңайгүл Тұржанның «Ағаштар үнсіз өседі» атты жаңа жыр жинағының тұсаукесері өтті 01.02.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, филология ғылымдарының кандидаты Оңайгүл Тұржанның «Ағаштар үнсіз өседі» атты кітабының тұсаукесері өтті.Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара ақынның 70 жылдық мерейтойына орайластырылды.Жиынға белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен оқырмандар қатысты.Іс-шарада Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.«Өлеңсүйер қауым өзіңізді талғамы биік, тілі шұрайлы, ойы құнарлы, басқаға ұқсамайтын өзіндік көркем әлемі бар ақын ретінде жақсы біледі. Ғылым жолындағы баға жетпес еңбегіңіз, шәкірт тәрбиелеудегі ізденімпаздығыңыз әрдайым жоғары бағаланады. Танымы терең ғылыми еңбектеріңіз бен ақындық шеберлігіңіз арқылы ұлттық руханиятымызды байытып, өскелең ұрпаққа өшпес мұра қалдырып келесіз. Жан толғанысыңыздан жарық көріп, бүгін тұсауы кесілгелі тұрған «Ағаштар үнсіз өседі» атты жаңа еңбегіңіз де ойлы оқырманның жүрегіне жол табатынына сенімдімін», – делінген құттықтау хатта.Жаңа өлеңдер жинағы екі бөлімнен тұрады. Оған ақынның кейінгі жылдары жазылған шығармалары енген. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/928024
«Ашық НҚА» порталында НҚА жобасын орналастыру туралы хабарлау 01.02.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі бұйрығының жобасына (бұдан әрі – Жоба) қоғамдық талқылауды бастау туралы хабарлайды.Жоба 2025 жылғы «30» қаңтарда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15418720 орналастырылды.Сізден жобаны талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/928054
«Игі іспен бөліс» республикалық флешмобы басталды 01.02.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрілігі Ұлттық волонтерлердің фронт-офисімен бірлесе отырып «Игі іспен бөліс» республикалық флешмобы басталғанын хабарлайды.Бастама әлеуметтік желілерде мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсету арқылы қайырымдылық және волонтерлік мәдениетті дамытуды көздейді.Флешмоб азаматтар арасында мейірімділік, өзара көмек және әлеуметтік жауапкершілік идеяларын ілгерілетуге бағытталған.Қатысушылар #ИгіІспенБөліс #ПоделисьДобром хэштегтерін қолдана отырып, әлеуметтік желілерде фотосуреттерін немесе видеоларын бөлісуі қажет.Флешмоб шарттары жайлы толық ақпаратпен Qazvolunteer.kz сайтынан танысуға болады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/928100
Қазақстанның жетекші музейлеріне ұлттық мәртебе берілді: Президент Жарлыққа қол қойды 01.02.2025
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына «Ұлттық» мәртебе беру туралы» Жарлыққа қол қойды.Бұл шешім елдің мәдениет саласы үшін маңызды оқиға болып, өнер, ғылым және музей ісі өкілдерінің кең қолдауына ие болды.Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің директоры Гүлайым Жұмабекова музейге «Ұлттық» мәртебе берілуінің оның 90 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуін ерекше атап өтіп, Мемлекет басшысына алғыс білдірді:«Өнерді қадірлейтін барша жанның, бейнелеу өнері мен музей ісінің дамуына үлес қосқан мәдениет қайраткерлерінің атынан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа осы тарихи шешімі үшін шынайы алғыс білдіреміз».Орталық мемлекеттік музей директорының міндетін атқарушы Ғалия Теміртон жаңа мәртебенің музейдің тарихи-мәдени мұраны сақтау мен дәріптеудегі ұзақ жылғы еңбегінің лайықты бағалануы екенін атап өтті.Мемлекет басшысының Жарлығын ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жәкен Таймағамбетов те қуанышпен қабылдап, музей қызметкерлерін құттықтады:«Орталық мемлекеттік музей өзінің жоғары кәсібилігімен бұрыннан-ақ «Ұлттық» деп аталуға лайық еді. Осы маңызды оқиғамен барлық қызметкерлерді құттықтаймын және музей ісі мен ғылыми қызметте жаңа жетістіктер тілеймін!»Этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты Тәттігүл Қартаева елдің жетекші музейлеріне ұлттық мәртебе берілуінің маңыздылығын ерекше атап өтті:«Бұл музейлер – жай ғана артефактілер жинақталған орын емес, Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен мәдени мұрасының байлығын дәлелдейтін негізгі орталықтар. Оларға ұлттық мәртебе беру – музей ісінің дамуы жолындағы маңызды қадам. Біз археология, этнология, антропология, музей ісін бірге дамытып келеміз. Осы мәртебе біздің ғылыми зерттеулеріміз бен практикалық жұмысымыздың музейлер қызметінде көрініс тапқанын көрсетеді. Бұл мекемелер – нағыз ғылыми орталықтар», – деп түйіндеді ол. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/928138
Алматыда «Birlik» ансамблінің гала-концерті өтті 01.02.2025
Бүгін, 30 қаңтар күні, Almaty Theatre сахнасында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Birlik» ансамблінің концерті өтті.Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған гала-концерт Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу аясындағы 2025 жылдың басты оқиғаларының бірі болды.Концерттік бағдарламада Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Татарстанның танымал хореографтарының қойылымдары ұсынылды.Концертті Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, сондай-ақ мәдениет, өнер және қоғам қайраткерлері тамашалады.Іс-шараға Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры, П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Достлуқ» ұйғыр халық аспаптар ансамблі, «Рухсара» би ұжымы, «Нава» ансамблі және «Бахар» кавказ би ансамблі қатысты.Белгілі өнер шеберлері мен жас орындаушылар жаппай және жеке хореографиялық композициялар, аспаптық және вокалдық нөмірлерді орындады. Олардың қатарында «Күй шашу» биі, халық әндерінен попурри, ұйғыр, корей, татар билері және басқа да қойылымдар болды.Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан шығармашылық ұжымға ықылас гүлі тарту етілді.Айта кетейік, «Birlik» ансамблі 2024 жылдың 1 наурызында құрылды. Бұл – Қазақстан мен ТМД-дағы алғашқы көпұлтты ән мен би ансамблі. Ұжымның бірегей репертуары қазақ халқының тарихымен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуымен тығыз байланысты 130 этностың музыкалық мұрасы мен өнерін қамтиды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/928208
«Ашық НҚА» порталында НҚА жобасын орналастыру туралы хабарлау 01.02.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 258-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасын қоғамдық талқылауды бастау туралы хабарлайды.Аталған бұйрық жобасы мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15418226Сізден жобаны талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/927599
«Ашық НҚА» порталында НҚА жобасын орналастыру туралы хабарлау 01.02.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ақпарат иеленушілердің отырыстарына қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 605-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрық жобасын қоғамдық талқылауды бастау туралы хабарлайды.Аталған бұйрық жобасы мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15418256.Сізден жобаны талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/927606
Қазақ ұлттық өнер университетіне ресми түрде Күләш Байсейітованың есімі берілді 01.02.2025
Қазақ ұлттық өнер университетіне ресми түрде аңызға айналған опера әншісі Күләш Байсейітованың есімі берілді.Еске сала кетейік, оқу орнын қайта атау туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап, бұл туралы өткен жылы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде жариялаған болатын.Мемлекеттік қайта тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін, оқу орнына «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» атауы ресми түрде берілді.Бұл маңызды оқиға Күләш Байсейітованың ұлттық мәдениет пен қазақ өнеріне қосқан зор үлесін айшықтап, оның мол мұрасын жас ұрпаққа дәріптеудің айқын көрінісі болды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/927852