Enbekshi QazaQ

Мәдениет

Инклюзивтік кино: Астанада режиссер Әзиз Зайыровты еске алу кеші өтті 04.03.2025
Астана қаласындағы OzgeEpic креативті хабында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен белгілі отандық режиссер, «Шексіз мүмкіндіктер» трилогиясы авторларының бірі әрі продюсері Әзиз Заировты еске алу кеші өтті.Аталған трилогияға «Болу ма, жоқ па?», «Қыз бен теңіз» және «Анашым, мен тірімін!» атты әлеуметтік драмалары енген.Әзиз Зайровты еске алуға режиссердің достары мен жақындары, оның шығармашылымен таныс барша қауым, сондай-ақ танымал трилогияның түсірілім тобы келді.Әзиз Заиров 2014 жылы «Шексіз мүмкіндіктер» жобасы бойынша жұмысты Мұхамет Мамырбековпен бірге «Болу ма, жоқ па?» фильмінен бастаған. 2019 жылы трилогияның екінші бөлімі – «Қыз бен теңіз» көрерменге жол тартты. Ал соңғы бөлімі «Анашым, мен тірімін!» фильмі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсіріліп, 2024 жылы жарық көрді. Сол жылы Әзиз Заиров өмірден өтті.Оның фильмдерінде басты рөлдерді мүгедектігі бар адамдар сомдады. Әзиз Заировтың өзі де арбаға таңылған. Ол қоғамда инклюзивтілікті дамытуды мақсат етті. «Шексіз мүмкіндіктер» трилогиясы көптеген халықаралық марапаттарға ие болды.Сондай-ақ режиссерді еске алу аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Болу ма, жоқ па?» фильмінің арнайы көрсетілімі өтті.Әзиз Заиров Евразия Шығармашылық Гильдиясының «Eurasian Creative Guild» мүшесі, «Асау-Ат» Қоғамдық қорының тең құрылтайшысы, белсенді волонтер, онкологиялық науқас балалар мен ересектерге қолдау көрсететін «Амила» қорының қамқоршылар кеңесінің мүшесі және «Азияның шығармашылық богемасы» қауымдастығының резиденті болған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/948953
«GULDER» ансамблінің 55 жылдық мерейтойына арналған гала-концерті өтті 04.03.2025
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «GULDER» ансамблінің 55 жылдық мерейтойына арналған гала-концерті өтті.Концерт бағдарламасында арнайы әзірленген эксклюзивті аспаптық-хореографиялық қойылымдар мен жаңа хореографиялық композицияның тұсаукесері, авторлық әндер, танымал әртістермен ұтымды коллаборация және классикалық өнердің жаңа интерпретациясы ұсынылды. Сондай-ақ, аңызға айналған әртістер мен жас таланттар бір сахнада өнер көрсетті.Іс-шарада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.«Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде өнер ұжымы қазақ мәдениетінің жарық жұлдызына айналып, ұлттық өнерді әлемге танытуда маңызды рөл атқарды. Сіздер халықтық би өнерінің ең үздік дәстүрлерін сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келесіздер. Қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде ансамбль Қазақстан эстрадасының дамуына зор үлес қосты. Бүгінгі таңда «Гүлдер» ансамблі тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де кеңінен танылып, өзінің ерекше орындаушылық шеберлігімен мойындалуда. Сіздердің сахнадағы әрбір өнер көрсету ерекшеліктеріңіз көрермендерге эстетикалық ләззат сыйлап, қазақ мәдениетінің бай мұрасын көрсетіп, оның маңыздылығын айқындайды», - делінген құттықтау хатта.Іс-шараға Қазақстанның халық әртісі, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Елшібаева, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Әлібек Әлмадиев, Әділхан Макин, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Мәди Рымбаев, Қуандық Шалқарұлы, Меруерт Бахыт, «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «Astana musical» мемлекеттік театры, «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі, «Самға» тобы және «Gulder» ансамблі қатысты.Белгілі қазақстандық әншілер Жанар Дұғалова, ARO және танымал қазақстандық қобызшы Олжас Құрманбек мерейтойлық концертте көрермендер үшін арнайы өнер көрсетіп, кешіміздің көркін қыздырды.Ансамбльдің бас балетмейстері - Анвара Садықова, көркемдік жетекшісі – Абзал Өсімбаев.Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан шығармашылық ұжымға ықылас гүлі тарту етілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/948929
Атырауда Алғыс айту күні аталып өтті 04.03.2025
Алғыс айту күнінде Достық үйі ғимаратының қабырғасына ҚХА-ның 30 жылдығына арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты ескерткіш тақта орнатылды,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Салтанатты шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов, этномәдени бірлестік өкілдері мен тұрғындар қатысты.Елімізде 30 жыл бұрын 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Осы жылдар ішінде ҚХА елдегі ұлтаралық келісімді сақтауда маңызды рөл атқарып, қоғам мен мемлекет арасында диалог алаңының бірегей үлгісіне айналды.Кейін Алғыс айту күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орайластырылған шара өтті. Жиында Серік Шәпкенов облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының көрмесін аралап, кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.- Ассамблеяның белсенді қызметі арқылы еліміздегі барлық этностың тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін үйлесімді дамытуға, сондай-ақ қазақ тілінің этносаралық қатынас тілі ретіндегі мәртебесін көтеруге жол ашылды. Сіздер еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және жалпыұлттық бірлікті нығайту үшін аянбай еңбек етесіздер деп сенемін. Жетістіктеріңіз көп болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!-делінген Құттықтау хатта.Салтанатты шара Достық үйі этномәдени бірлестіктерінің және жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.Атырау облысында 18 этномәдени бірлестік бар. Өңірде Ассамблеяның – Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Этномәдени бірлестіктер, Журналистер клубы, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігі, Этномедиация, Ақпараттық түсіндірме тобы, «Жомарт жан» орталығы, Ғылыми-сараптамалық топ сынды құрылымдары бар.Былтыр Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспары аясында облыста 700-ден астам іс-шара өтіп, 23 мыңнан астам адам қамтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/948917
Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл: мерекелік іс-шаралардың басталуы 04.03.2025
Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ашылуы және «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» республикалық форумы өтті.Салтанатты іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, этномәдени бірлестіктер мен Ассамблея ардагерлері, белгілі қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысты.Форум аясында еліміздің барлық Достық үйлерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтауы оқылды. Алғыс айту күніне орай «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» ескерткіш тақтасының ашылуы өтті.Форум барысында спикерлер ҚХА-ның құрылуы және оны құру идеясы туралы айта келе, Ассамблеяның 30 жылдағындағы маңызды жетістіктерге, Қазақстандағы бірлік пен келісімді қолдаудағы тарихи рөліне тоқталды. Сондай-ақ Алғыс айту күнінің маңызы мен мазмұны талқыланды.Салтанатты іс-шара соңында ҚХА-ның жыл сайынғы «Қайырымдылық керуені» акциясының басталуы жарияланды. Ассамблея ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табыс етілді, сондай-ақ, «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.Еліміздің барлық өңірінде күні бойы ҚХА 30 жылдығына және Алғыс айту күніне арналған челлендждер, фестиваль-көрмелер, концерттер және басқа да іс-шаралар өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/948893
Бейжің қаласында кездесулер ұйымдастырылды 04.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары Бейжің қаласында жалғасты.Облыс әкімі мен жауапты сала басшылары, Сыр елінің кәсіпкерлері қытайлық «Geo-Jade Petroleum Corporation», «KALE Group», «East Hope Group» компанияларының басшыларымен кездесіп, мұнай-газ, тау-кен металлургия салаларына инвестиция тарту және «Шалқия» жобасы бойынша келіссөздер жүргізді.«Біз Қытайдың озық технологияларын облыс өнеркәсібіне енгізу мақсатында арнайы іссапармен келдік.Қызылорда облысында минералды шикізат ресурстарының, атап айтқанда мұнай, газ, полиметалл мен уранның мол қоры бар. Ерекше назар аударатын жобалардың бірі — «Шалқия Цинк LTD» акционерлік қоғамының полиметалл кен орындарын игеру. Сіздердің компанияларыңыздың заманауи технологиясы мен тәжірибесін пайдаланып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз», – деді Н. Нәлібаев.Аймақ басшысы бастаған облыс делегациясының жұмыс сапарын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/948833
«Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» ескерткіш тақтасы ашылды 04.03.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Алғыс айту күнінде Қызылордадағы "Достық үйінде" «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» ескерткіш тақтасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Республика бойынша біріңғай үлгіде жасалған ескерткіш, барлық өңірлерде бір мезетте ашылды.Рәсімге облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.Ескерткіш тақта - Қазақстан халқының ынтымаққа негізделген өмір салтын насихаттау, қоғамдағы бейбітшілікті бекітудегі тарихи маңызға ие белгі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/948865
Алматыда Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 165 жыл толуына орай мәдени іс-шара өтті 04.03.2025
ҚР мемлекеттік орталық музейінде халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 165 жыл толуына орай «Ер туралы жыр» атты мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа ақынның шығармашылығын насихаттап, ұлттық құндылықтарды ұлықтау.Нұрпейіс Байғанин – ақын, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол 15-16 жасында «бала жыршы» атанып, айтысқа түсіп, батырлық жырларын жатқа айтатын болған. Ақынның «Қарасай – Қази», «Нарқыз», «Ақкенже» секілді белгілі дастандары бар.«Ер туралы жыр», «Жиырма бес» секілді поэмалары жауынгерлерге жігер беріп, Жеңіс күнін жақындатты.Іс-шара барысында көрерменнің назарына музей қорында сақталған Нұрпейіс Байғаниннің фотоқұжаттары ұсынылды.Сонымен қатар, кездесуде ақынның шөбересі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері сөз сөйледі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/948712
Астанада «Академиялық мәтін жазу шеберханасы» кітабының тұсаукесері өтті 04.03.2025
Астанада өткен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VIII құрылтайында «Академиялық мәтін жазу шеберханасы» кітабы таныстырылды.Кітапта мәтін жазудың негізгі ұстанымдары топтастырылып, тақырыпты түсіну, ойталқы жасау және әдебиет таңдау талаптарынан бастап, академиялық стильге тән сөз саптауға дейінгі тақырыптар қамтылған. Бұл кітап оқырманның академиялық жазу машығын дамытуға арналған.Айта кету керек, жарыққа шыққан еңбек алдағы уақытта ЖОО-лар мен ғылыми-зерттеуорталықтары кітапханаларының қорын толықтырады. Академиялық мәтін жазуға қызығатын көпшілік кітаптың электрондық нұсқасын ҚҚДИ-дің ресми сайтынан (kipd.kz) оқи алады.Кітапты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты әзірледі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/948741
Облыс әкімі Шэньси провинциясының губернаторымен кездесті 04.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары кезінде Шэньси провинциясының басшысы Чжао Ганмен кездесті.Басқосуға жауапты сала басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері қатысып, онда екі елдің ынтымақтастығы, сауда-экономикалық серіктестікті дамыту, инвестиция тарту мәселелері сөз болды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қытайдың озық технологияларын өндіріске тарту тапсырмасы бойынша арнайы делегация жасақтап, іссапармен келдік.Шэньсиде Қазақстанның Бас консулдығының жұмыс жасауы бұл провинцияның біз үшін маңызды екенін білдіреді. Бүгінде Қазақстан – Қытайдың Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Өзара тауар айналымы мен инвестициялар жыл сайын өсіп келеді.Қызылорда облысы Қытай инвесторларымен бірлесіп жұмыс істеуден мол тәжірибе жинақтаған өңір екенін атап өткім келеді.Мұнай-газ – өнеркәсіптің маңызды салаларының бірі және облыс экономикасының негізі. Аталған саланың үлесі өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің 48,7% - дан астамын құрайды және 10 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтиды.Мұндағы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, баламалы энергия көздері, құрылыс индустриясы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау салаларындағы озық технологиялар біз үшін аса құнды. Барлық саладағы жетістіктерді, тәжірибені игеруге қызығушылық танытып, арнайы келдік.Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, қытайлық компанияларды Қазақстанға инвестиция салуға шақырамын. Біздің тараптан барлық қажетті жағдай жасалады. Инженерлік инфрақұрылым жеткізіп береміз, жеңілдіктер бар, өндірілген өнімді өткізуге атсалысамыз», – деді Н.Нәлібаев.Өз кезегінде Чжао Ган мырза екі ел арасындағы байланысты нығайтып, инвестициялық жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.Қытай – Қызылорда облысының ең ірі сауда серіктесі және өңірдің сыртқы сауда көлемінің шамамен 60%-ын құрайды, одан соң Ресей – 23,3% және Еуропа елдері – 8%. Қытайға негізінен мұнай өнімдері, майлы дақылдардың тұқымы, балық өнімдері және өңделмеген алюминий экспортталады. Импорттың негізгі позициялары – машиналар, жабдықтар, полимерлер және құрылыс материалдары.Аймақ басшысы бастаған облыс делегациясының жұмыс сапарын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған. Келіссөздер басқа қалаларда да жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/947421
Облыс әкімі Нинься-Хуэй провинциясының губернаторымен кездесті 04.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары жалғасуда. Аймақ басшысы Нинься-Хуэй провинциясының губернаторымен кездесті. Басқосуға жауапты сала басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері қатысып, онда екі елдің ынтымақтастығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, баламалы энергия көздері, құрылыс индустриясы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау мәселелері талқыланды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қытайдың озық технологияларын отандық өндіріске тарту тапсырмасы бойынша арнайы делегация іссапармен келдік. Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстар Ұлы Жібек жолы арқылы ғасырлар бойы дамып, бізді Батыс пен Шығысты жақындастыруға негіз болған тығыз сауда-экономикалық қатынастар біріктірді. Бүгінде «Бір белдеу – бір жол» бастамасы осы бағытты жандандырып қана қоймай, оның әлемдік аренадағы рөлін күшейтті. Сауда керуендері әлі де жаңа Жібек жолы – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі арқылы өтіп, Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерін байланыстырады.Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, баламалы энергия көздері, құрылыс индустриясы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау салаларындағы озық технологияларды, тәжірибені игеруге қызығушылық танытып, өзімізбен бірге облыстың инвестициялық әлеуеті туралы және 60 инвестициялық жобаның тизерін әкелдік. Біздің тараптан барлық жағдай жасалады. Инженерлік инфрақұрылым жеткізіп береміз, жеңілдіктер ұсынылады, өндірілген өнімді өткізуге атсалысамыз»,– деді аймақ басшысы.Облыста 15 мұнай өндіруші компания жұмыс істейді, оның 8-і –қытайлық кәсіпорын. Қытайлық инвесторлардың қатысуымен пайдалануға берілген және тұрақты жұмыс істейтін ірі индустриялық жобалар іске асырылуда.2018 жылдың желтоқсанында «Чайна Гежуба» компаниясымен бірлесіп, жалпы құны 137,8 млн. АҚШ доллары, қуаттылығы жылына 1 млн. тонна цемент өндіретін зауыт іске қосылды. 2022 жылдың қазан айында «Чайна Гласс» компаниясының қатысуымен құны 90,4 млн. АҚШ. доллары, қуаттылығы жылына 197 мың тонна табақша шыны өндіретін Қазақстандағы алғашқы шыны зауыты ашылды. Зауыт іске қосылғалы бері 31,4 млн. шаршы метрден астам, 76,7 млн. АҚШ. долларының өнімін өндірді. Оның 30%-ы ішкі нарыққа өткізіледі, ал 70%-ы Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Грузияға экспортталады.Бүгінде шыны кластерін құруға және түрлі шыны бұйымдарын өндіруге бағытталған жаңа ілеспе жобалар шеңберінде белсенді жұмыс жүргізілуде. Былтыр маусым айында жылына 5 млн. шаршы метр энергия үнемдейтін әйнек шығаратын жаңа желі іске қосылды. Одан бөлек, айна, шыңдалған шыны, автомобиль әйнегі мен шыны бөтелке өндірісі бойынша жобалар бар.Сондай-ақ, қуаттылығы 141 МВт-тық 4 күн және 1 жел электр станциясының құрылысы жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/947441
Қытайлық компаниялармен екіжақты келісімге қол қойылды 04.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында елшілікте бірнеше маңызды келісімге қол қойылды. «Саутс-Ойл» ЖШС мен Қытайдың «Carrie Technology Holding Limited» компаниясы арасында мұнай саласындағы ынтымақтастық, «Абзал және К» ТС мен «Hubei Yongxiang Food Processing Machine» компаниясы арасында күріш өндірісі саласындағы келісім және «Алтын орда» ЖШС мен «Jiangsu Hanpu Mechanical Technology» компаниясы арасында тұз өндіру саласындағы әріптестік орнатылды.Аймақ басшысы облыс әкімдігі тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін айтып, Қытай компанияларын бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.«Қызылорда облысында минералды шикізат ресурстарының, атап айтқанда мұнай, газ, полиметалл және уран қоры мол. Тау-кен металлургия саласындағы ерекше назар аударатын жобалардың бірі «Шалқия Цинк LTD» акционерлік қоғамының полиметалл кен орындарын игеру бойынша арнайы ұсынысымыз бар. Бүгінгі кездесуге компания директоры Асқар Тлеулин мырза да арнайы қатысуда. «Шалқия Цинк» жобасы бойынша жылына 4 миллион тонна кен өңдеу жоспарланған.Қазіргі уақытта жерасты жұмыстары басталды. Жобаға 309 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Өндіріс осы жылдың II тоқсанында, ал байыту фабрикасы 2026 жылы іске қосылады. Оған дейін «Шалқия» кені еліміздегі басқа байыту фабрикаларында өңделетін болады.Қазір кәсіпорында 500-ден астам адам жұмыс істейді, ал фабриканы іске қосқаннан кейін 1500-ге артады. Бұл өз кезегінде аймақтың еңбек нарығына оң әсер етеді.Сіздерді бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз. Облыс әкімдігі тиісті жер телімін беруге, инженерлік-инфрақұрылым жеткізуге, өндірілген өнімді сату үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», – деді Н.Нәлібаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/947720
Таза Қазақстан: Атырау облысына экологиялық сананы қалыптастырудың маңызы 04.03.2025
28 ақпанда қала мектептерінде облыстағы оқушыларға арналған ашық сабақ өткізілді, онда өскелең ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастырудың маңызы талқыланды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы ашылды. Бұл шараның мақсаты – әрбір қазақстандықтың экологиялық мәдениетті қалыптастыруға атсалысуын қамтамасыз ету.Бағдарламаға Абай орталығының оқушылары да белсене қатысуда. Дәстүрлі түрде өтетін «Таза жағалау» шарасы аясында сәуір айының соңында көгалдандыру жұмыстары басталмақ.- Біздің орталықтың №3 бірлестігінде сәуір-мамыр айларында өсімдіктердің көшеттерін отырғызу қолға алынады. Биылғы оқу жылында жоспарланған көгалдандыру жұмыстарының алғашқы кезеңі 2024 жылғы сәуірде «Табиғат – балалар көзімен» атты сурет көрмесімен басталды. Онда оқушылардың экология тақырыбына арналған шығармашылықтары ұсынылған. Туындыларда табиғат пен экологияның маңыздылығын айқындайтын бейнелер көрсетілген,- деді Абай атындағы Атырау қаласының оқушылар орталығы директорының орынбасары Самал Мұратқалиева.Екінші кезеңде шәкірттерге «Таза Қазақстан» бағдарламасы туралы ақпарат беріліп, көгалдандыру жұмыстары жалғасты. Білім алушылар біржылдық және көпжылдық сәндік аула гүлдерінің, көкөніс дақылдарының тұқымдарын отырғызды. Олар барқытгүл, циния, баялды, тәтті бұрыш, қызанақ және арша, бозарша сияқты өсімдіктердің көшеттерін екті.- Бұл шараға қаңтар айынан бастап қатысып келемін. Сабақта тұқымдарды, түрлі жемістерді егеміз. Топырақ салып, егінімізді егіп, үстіне су шашамыз. Осылайша, табиғатты аялауға аздаған болса да үлесімізді қосамыз,-деді оқушы Амина Абат.Шара соңында шәкірттер «Табиғат және біз» тақырыбында табиғат қорғауға арналған жыр жолдары мен әндерді орындап, акцияны қорытындылады.«Таза Қазақстан» бағдарламасы еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту және жас ұрпақтың экологиялық білімін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Педагогтардың сөзінше, орталық оқушыларының бұл шараға белсене қатысуы еліміздің болашағына деген жауапкершілік пен қамқорлықтың белгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/948419
Астанада Қазақстанның Мемлекеттік елтаңба авторымен кездесу өтті 04.03.2025
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Алғыс айту күніне орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, сәулетші, профессор Жандарбек Мәлібековпен кездесу өтті.Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» ұйымдастырды.Алқалы жиынға мемлекеттік орган өкілдері, ғылыми қауымдастық мүшелері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.Кездесу барысында Жандарбек Мәлібекұлының шығармашылық жолы, оның мемлекеттік рәміздерді әзірлеудегі идеялық ұстанымдары сөз болды.Қатысушылар өз сөздерінде мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы маңызын атап өтті.Сонымен қатар, кездесуде «Жандарбек Мәлібекұлы және Елтаңба» деректі фильмі көрсетілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/948267
Аймақ басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады 04.03.2025
Облыс әкімі Серік Шәпкенов тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Аймақ басшысы азаматтардың көтерген мәселесін сала мамандарымен бірге қарап, қажетті кеңес берді.Облыс әкімінің жеке қабылдауына келген тұрғындардың арасында Өркен ықшамауданының тұрғындары Тілекқабыл Губашев, Рузия Күзембаева бар. Олар өздері тұрып жатқан елді мекенге балабақша салуды, балалар ойын алаңын жөндеп беруді сұрады.- Өркен ықшамауданын дамытуға үлесімізді қосып, балаларымызға барлық жағдай жасау үшін ауыл белсендісі ретінде жүрген жайымыз бар. Бұрын Өркенде карьерлерді көму мәселесі актуалды болса, қазір ол да шешімін тапты. Енді бізді алаңдатып отырған мәселе - балабақшаның жоқтығы. Қазір оларды жеке не жақын маңдағы балабақшаға тасымалдап апарып жүрміз. Ол ата-анаға қиындық келтіріп отыр. Бұдан бөлек, балалар ойын алаңының да күйі кеткен, жаңартуды қажет етеді. Осы мәселелерді шешіп беруіңізді сұраймын,-деді Т. Губашев.Серік Шәпкенов Өркен ықшамауданында 280 орындық балабақша салу үшін жоба жасалатынын айтты. Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовқа Өркенге барып, ойын алаңдарының жағдайымен танысуды тапсырды.- 2018 жылдан бері Өркенде көптеген оң өзгеріс болды, инфрақұрылым кезең-кезеңімен шешіліп келеді. 280 орындық балабақша салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасау үшін наурызда өтетін мәслихат отырысының күн тәртібіне енгізіп, қаржы сұралады. Бала үйіне жақын жерге қатынау қажет, сол үшін барлық жұмысты жасаймыз. Бұдан бөлек, жауапты басшылар сіздің елді мекендегі ойын алаңдарының жағдайымен танысып, тиісті шешім қабылдайды. Қажет болса жөндеп береміз, бірақ күтіп ұстау тұрғындардың мойнында,-деді С.Шәпкенов.Сондай-ақ кездесуде білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, инфрақұрылым, әлеуметтік көмек көрсету сынды мәселелер қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/947746
Астанада «Дода» өнер сайысы аясында танымал композиторлардың әндері шырқалды 04.03.2025
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында «Дода» өнер сайысы өтті.Байқауға «Қазақконцерт» ұйымының әртістері, «Бірлік» және «Шалқыма» би ансамбльдері, Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның шығармашылық ұжымы, «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі және «Қорқыт» этно-ансамблі қатысты.Сахнада күмбірлеген күйлер шертіліп, халық әндері шырқалды. Асқан шеберлікпен орындалған хореографиялық нөмірлер кеш көркін аша түсті.Көптеген кәсіби музыкант пен орындаушылардың репертуарынан орын алған белгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу», қазақ халқының табиғатқа деген терең сүйіспеншілігін, әсемдігін жырға қосқан Манарбек Ержановтың «Сайра бұлбұл» шығармалары орындалды.Көрерменге қазақ халқының еңбексүйгіштігі, адалдығы мен табандылығы суреттелетін «Еңбек туралы» жыр-термесі ерекше әсер қалдырды. Аталмыш терме биылғы «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында өтетін концерттің репертуарына енді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/947785
Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды 04.03.2025
ҚР Ұлттық музейінде «Ер есімі – ел есінде» және «Жеңіс - ұрпаққа аманат» жалпыреспубликалық акциялары аясында «Батырлар – ұрпақ аманаты» атты көрменің ашылуы өтті.Көрме Кеңес Одағы Батырларының мерейтойына арналады. Атап айтсақ, биыл Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл, Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығы, Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толады.Іс-шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Жамбыл тарихи-өлкетану музейі, Әлия Молдағұлова мемориалдық музейі және Мәлік Ғабдуллин музейі қорларынан алынған заттар қойылған.Экспозицияда Кеңес Одағы Батырларының наградалары, хаттары мен жеке заттары бар. М.Ғабдуллиннің «Алтын жұлдыз» медалі, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының А. Молдағұловаға берген грамотасы, Б. Момышұлының әскери стратегиялық картасы және басқа да бірегей заттар қойылған.Сонымен қатар, көрмеге Астана қаласы «Атамның Аманаты» қоғамдық бірлестігінің материалдары қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/947939
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттеріне мәскеулік мамандар шеберлік сынып өткізуде 04.03.2025
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының шығармашылық мектебі өтіп жатыр.Мәскеуден келген қонақтар студенттер мен оқытушыларға, сондай-ақ өнер әлеміне қызығушылық танытатындар үшін де шеберлік сыныптары мен ашық іс-шаралар өткізіп, дәрістер оқыды. Делегация құрамында музыка ғылымы мен орындаушылық өнердің жетекші шеберлері де бар.Дәрістер «Музыкатану және композиция», «Арт-менеджмент», «Арнайы фортепиано», «Вокалдық өнер» және «Дирижерлеу» секілді білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған.Шығармашылық мектеп 28 ақпанға дейін жалғасады. Іс-шара Еркеғали Рахмадиев атындағы үлкен залда консерваторияның аралас студенттік хорының қатысуымен өтетін концертпен қорытындыланады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/947448
Аида Балаева жас ақын-жазушыларға Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты табыстады 04.03.2025
Бүгін, 25 ақпан күні ҚР Ұлттық музейінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен 2024 жылғы жастарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.Жиында Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушуылар одағының стратегиялық әріптестігі аясында «Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасымен жарық көрген 20 жас қаламгердің кітаптарының тұсаукесері өтті.Іс-шараға зиялы қауым өкілдері және министрлік жанынан құрылған «Алқа» жастар әдеби клубының мүшелері қатысты.«Жас қазақстандық жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік әдеби сыйлық 2023 жылы Президент Жарлығымен тағайындалып, отандық әдебиет әлеміндегі маңызды оқиғалардың біріне айналды. Бұл – Мемлекет басшысының мәдениет саласын жүйелі түрде жаңғыртуға бағытталған бастамаларының бірі. Бұл сыйлықтың басты мақсаты – шығармашыл жастарды қолдау, жаңа туындылардың жарық көруіне жол ашу. Мемлекет басшысының мәдениет пен өнерді дамытуға ерекше мән беруі – оның ұстанып отырған реформалары мен бастамаларының заңды жалғасы. Өйткені мәдениетті, әдебиетті дамыту – жас ұрпақтың жан-жақты дамуының негізгі тетіктерінің бірі. Ал рухани тұрғыдан кемелденген, білімді, еңбексүйгіш әрі патриот азаматтардан құралған қоғамда Заң мен Тәртіп үстемдік құрады, адамдар өз әрекеттері үшін жауапкершілік алады, дәстүрге құрметпен қарап, ұлттың негізгі құндылықтарын ардақтайды», – деді Аида Балаева.Министр халқымыздың негізгі құндылықтарын насихаттау – әдебиет қайраткерлеріне жүктелер ауыр әрі мәртебелі міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ, ақын-жазушылар қоғамның моральдық бағыт-бағдарын айқындайтын рухани көшбасшылар екеніне тоқталды.«Сіздер өз замандарыңыздың бейнесін жаңаша жазып, жаңа көзқарас қалыптастыруға тиіссіздер. Ұлы қаламгерлердің жолын жалғастырып қана қоймай, әдебиетті жаңа белеске көтеру – сіздердің қолдарыңызда. 20 ғасырдағы әдебиет адамның жан әлемін тереңнен суреттесе, 21 ғасырдың қаламгерлері жаңа технологиялар дәуіріндегі адам тағдыры, жаһандану мен ұлттық болмыс, жеке тұлғаның күресі секілді тақырыптарға қалам тербеуі керек», – деді Аида Балаева.Басқосуда бүгінгі әдеби тенденциялар мен өзекті мәселелер талқыланып, түрлі ұсыныс-пікірлер көтерілді.Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлығы «Проза» номинациясы бойынша «2026» шығармасы үшін Есбол Социалханға, «Поэзия» номинациясы бойынша «Боз ұшқат» өлеңдер жинағы үшін Жәнібек Бақытұлы Әлимановқа, «Драматургия» номинациясы бойынша «Апатай» драмалық туындысы үшін Әлишер Жеңісұлы Айтуарға, «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Рокет Ера» повесі үшін Әсет Жүкенұлы Сыздықовқа берілді.Әдеби сыйлыққа 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларымен қатысты.Айта кетсек, жас қаламгерлер шығармашылығын қолдау үнемі назарда. Өткен жылы Президенттің Ұлттық құрылтайдағы тапсырмасына сәйкес, 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып бекітілді. Соған орай «Ұлттық кітап» байқауы жарияланды.Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Жазушылар одағымен «Стратегиялық әріптeстік» орнату бойынша 3 жаңа жоба жүзге асырған болатын.Атап айтқанда, жас қаламгерлер «Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы негізінде еліміздің әр қиырын аралап, жаңа шығармалар жазды. Жоба нәтижесінде жыл соңына дейін қазақ әдебиетіне 20 жаңа туынды қосылып, әр жас қаламгерге 4 млн теңге көлемінде қаламақы тағайындалды.Бұдан бөлек, 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтары жылы». Осы орайда, еңбек мамандықтарының маңызын ашу мақсаттында «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауы өткізіледі.Сонымен қатар, «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы жалғасын тауып келеді. Былтыр Ұлттық сыйлыққа 7 номинация бойынша бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған 176 туындының құжаты қабылданды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/945273
Cырдария ауданында «Руханият орталығы» ашылды 04.03.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Сырдария ауданында «Руханият орталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мерекелік іс-шараға құқық қорғау органдарының басшылары, өнер және қоғам қайраткерлері, аудан тұрғындары қатысты.Рәсім Сыр елінің тарихи тұлғаларына арналған сахналық қойылымнан бастау алды.Аймақ басшысы жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, мәдениет саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, руханиятымызға баса мән беруіміз қажет»,– деген болатын.Былтыр өңірімізде жарияланған «Руханият жылында» мәдени-көпшілік шараларға ғана емес, ауқымды жобаларға да жете мән бердік. «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», 1000 орындық «Өнер орталығы» іске қосылып, жаңадан симфония оркестрі, инклюзивті театр, жастар театры, заманауи би, хор ұжымдары жасақталды. Сыр мәдениетінің негізгі бренді – жыраулық дәстүр өкілдерінің «Жыраулар үйі» ашылды. «Самұрық қазына» қорымен бірге «Үстел теннисі» орталығын, «ҚазМұнайГаз» компаниясының демеушілігімен заманауи үлгідегі «Оқушылар сарайын» қолданысқа бердік. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табады.Бүгін өздеріңізбен бірге Сырдария ауданындағы «Руханият орталығын» ел игілігіне табыстауға жиналдық. Енді ақ жаулықты аналарымыз, ардақты ардагерлеріміз бен жігерлі жастарымыз бір жерде бас қосып, ұрпақтар сабақтастығын жалғайды.Барша жерлестерді жаңа нысанның ашылуымен тағы да құттықтаймын! «Руханият орталығы – бірліктің ордасында» ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, рухани қазынамыз толыға түссін. Тәуелсіз еліміздің абыройы әрқашан асқақ болғай! Ел іргесі бекем, қуаныштарыңыз құтты болсын!» – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Жиында облыстық қоғамдық кеңес төрағасы,Сырдария ауданының Құрметті азаматы Әріп Хожбанов сөз сөйлеп, жиылған жұртшылықты құттықтады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Хұсейін Әмір-Темір батасын берді. Ауданның өркендеуіне үлес қосқан ардагерлер мен құрылысты салған мердігер мекеме қызметкерлері төсбелгімен және Алғыс хатпен марапатталды.Айта кетейік, биыл – Қызылорда тарихындағы маңызды жыл. Осыдан бір ғасыр бұрын мемлекет астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім шығып, Кеңестердің Бүкілқазақстандық бесінші съезінде «Киргиз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы» атауы «Қазақ автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы» деп өзгертілген. Ұлтымыздың тарихи «Қазақ» атауы қайтарылып, республика астанасы Ақмешіт қаласын Қызылорда деп атау туралы қаулы қабылданған. Еліміздің алғашқы Үкімет басшылығы, басқару институттары осы жерде қалыптасып, нығайды. Алғашқы өнер, білім мекемелері ашылып, әсем ғимараттар бой көтерді.Биыл ұлт театрының іргетасы қаланған Қызылордадағы Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының құрылғанына 70 жыл толады.Өткен жылы мәдениет саласының қызметкерлеріне жаңадан салынған тұрғын үйден алғаш рет 40 пәтер табысталды. Мәдениет, өнер және әдебиет өкілдеріне 2023 жылдан бері «Тұран» сыйлығын табыстау дәстүрге айналды. Сыр еліндегі «Руханият жылы» қорытындыланар тұста жерлесіміз Мейірбек Сұлтанхан «Алтын домбыра» иегері атанды. Жерлесіміз, жас талант Бексұлтан Орынбасаров та айтыстағы аға буын ізін жалғап, жыл басталысымен «Күміс домбыра» иеленіп, Сыр руханиятының қуанышын еселей түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/944313
Аймақ басшысы корей компаниясының директорымен кездесті 04.03.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «With you E&C Kyzylorda» корей компаниясының директоры Хванг Сонсингпен кездесті. Басқосуда тұрмыстық қатты қалдықты қайта өңдеуге бағытталған бірлескен жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Аймақ басшысы аталған жоба өңірдің экологиялық мәселелерін шешудегі маңызды қадам екенін атап өтті.«Қазақстан мен Корея – жылдар бойы ашық және сенімді қарым-қатынас орнатқан стратегиялық серіктестер. Компанияларымыз адал еңбегімен аймақтың мәдени-рухани, аграрлық және әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосуда.Өздеріңізге белгілі, 2024 жылы 12 маусымда Астана қаласында өткен «Қазақстан-Корея» бизнес форумы аясында «Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықты кәдеге жарататын, сұрыптайтын және қайта өңдейтін зауыт салу» жобасын іске асыру жөніндегі меморандумға қол қойылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ірі қалаларда тұрмыстық қатты қалдықты қайта өңдейтін зауыттар салу тапсырмасына сәйкес, облыс аумағында алдағы екі жылда құны 81 млн. АҚШ доллар болатын 9 жобаны жүзеге асыру көзделген. Аталған жобалар іске қосылғанда өңірдің барлық ауданы мен Қызылорда қаласы өңдеу зауыттарымен толық қамтылады.Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – Қызылорда облысында тұрмыстық қатты қалдықты қайта өңдеуге бағытталған бірлескен жобаны жүзеге асыруды пысықтау. Әкімдік қолданыстағы заңнама аясында жобаны жан-жақты қолдады. Қызылорда қаласы маңынан 4 гектар жер учаскесі табысталды», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Айта кетейік, 2023 жылы Қазақстандағы Корея Республикасы Бас Консулдығының ресми шақыртуымен аймақ басшысы бастаған делегация Корея Республикасында болып, екіжақты кездесулер мен іс-шаралар ұйымдастырылды. Сеул Ұлттық ғылыми-техникалық университеті президентімен кездесудің нәтижесінде білім және ғылым саласында тиімді байланыстар орнатылды. 2023 жылы қараша айында Қорқыт ата университетінде «Жасанды интеллект мектебі» ашылды. Онда жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және информатика салаларының жоғары білімді кадрлары даярланады.Аймақта тұрмыстық қатты қалдықты өңдеп, жинап, сұрыптайтын 15 компания жұмыс істеуде. Өткен жылы жиналған 303 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтың 91,2 мың тоннасы, яғни 30,1 пайызы өңделді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/944342