Enbekshi QazaQ

Мәдениет

Сыр елінде «Адал еңбек – ел ырысы» атты республикалық ақындар айтысы басталды 21.02.2025
Сыр елінде Қызылорда және Алматы облысы ақындарының «Адал еңбек – ел ырысы» атты республикалық командалық айтысы басталды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ақындар, зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты.Жыр додасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Аманжол Әлтай жүргізді. Командалық айтыста елімізге белгілі 20 ақын сөз сайыстырады.Ашылу рәсімінде аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы қатысушыларға сәттілік тіледі.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы, оның болмысы. Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, руханиятымызға баса мән бергеніміз жөн», – деген болатын. Өнер мен мәдениетке, оның өкілдеріне қандай қолдау, қошемет жасасақ та жарасады.Осы ретте аймақтағы мәдениет және өнер, әдебиет өкілдеріне «Тұран», журналист-қаламгерлерге «Жебе» арнайы сыйлығын табыстадық. Өткен жылы салынған көпқабатты жаңа тұрғын үйден мәдениет, өнер өкілдеріне алғаш рет 40 қызметтік пәтер берілді.Сыр бойындағы айтыс өнерінің ізбасарларының да жеңісті, жемісті сәттері көп болды. Үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, жерлесіміз Мұхтар Ниязовтың ізін жалғаған талантты ақын Мейірбек Сұлтанхан кезекті «Алтын домбыраны» жұртшылыққа тарту етті. Бұл өткен жылдың айтулы мәдени жаңалығына, Сыр руханиятының қуанышына айналды. Жаңа жыл басталысымен жерлесіміз, жас талант Бексұлтан Орынбасаров «Күміс домбыра» иеленді. Бүгінгі сөз додасына келген жүйріктерге ел рухын асқақтатудағы елеулі еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Халықты сөз құдыретімен демеп, ізгілікке үндеген өнердегі шын жүйріктердің келесі кезеңге өтіп, ақтық сынға жолдама алып, жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспін! «Өнер алды – қызыл тіл» дегендей, сөз сыйлаған тыңдарманға келелі ой айтып, тағылымды сайыс жасаңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!» – деді аймақ басшысы.Аламан айтысқа ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының басқарма төрағасы, қазылар алқасының төрағасы Жүрсін Ерман, дәстүрлі әнші, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова, ақын, Қазақстанның Құрметті журналисі Серік Құсанбаев, ақын, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры, Мәдениет саласының үздігі Мырзабек Құдайберлі, күйші, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, Мәдениет қайраткері Мұрат Әбуғазы, жыршы, термеші, ұстаз, Мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков қазылық етеді.Айта кетейік, былтыр аймақта «Руханият жылы» жарияланып, атаулы жылда игілікті істер мен жаңа жобалар жүзеге асты. «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы» және «Өнер орталығы» пайдалануға беріліп, жаңадан симфония оркестрі, заманауи би, хор ұжымдары жасақталды. Сыр мәдениетінің негізгі бренді – жыраулық дәстүр өкілдерінің «Жыраулар үйі» ашылды. Барлық ауданда ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар, ардагерлер мен аналар үйі бар «Руханият орталықтары» салынып, іске қосылуда. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимараты мамыр айында пайдалануға беріледі. Облыстың мәдениет мекемелерінің 25 қызметкері Италия, Белорусь елдерінде біліктілік арттырды. Астана, Алматы қалаларында Қызылорда облысының Өнер күндері жоғары деңгейде өтті. Бұл үрдіс биыл республикамыздың өзге өңірлерінде жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/940026
Жаңақорған ауданында «Руханият орталығы» ашылды 21.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жаңақорған ауданында «Руханият орталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтті.Мерекелік іс-шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев қатысты.Аймақ басшысы жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, өңірдің мәдениет саласында атқарылған жұмыстарға, игі бастамаларға тоқталды.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, руханиятымызға баса мән беруіміз қажет» - деген болатын. Былтыр өңірімізде «Руханият жылы» жарияланып, атаулы жыл аясында мәдени-көпшілік шаралармен бірге ауқымды жобаларды да жүзеге асырдық. «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», 1000 орындық «Өнер» орталығы пайдалануға беріліп, жаңадан симфония оркестрі, инклюзивті театр, жастар театры, заманауи би, хор ұжымдары жасақталды. Сыр мәдениетінің негізгі бренді – жыраулық дәстүр өкілдерінің «Жыраулар үйі» ашылды. «Самұрық қазына траст» қорымен бірге "Үстел теннисі орталығын", «ҚазМұнайГаз» компаниясының демеушілігімен заманауи үлгідегі "Оқушылар сарайын" ел игілігіне табыстадық. Бүгінде облыстық тарихи-өлкетану музейі, «Шығармашылық академиясы», "Орталық стадион" салынуда. Жаңа нысандар биыл мамыр айында іске қосылады."Руханият орталығы – бірліктің ордасы» рухани қазынамызды толықтыратын, жұртшылыққа қуаныш сыйлайтын орынға айналсын. Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, Тәуелсіз еліміздің абыройы асқақ болғай! Ел іргесі бекем, қуаныш құтты болсын!»,- деді Н.Нәлібаев.Жиында Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, «Айғақ» телерадиокомпаниясының бас директоры, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстанның Құрметті журналисі Дулатбек Әбіш жиналған қауымды құттықтады. Қоғам қайраткері, Нәжмадин Мұсабаев ақ батасын беріп, ауданның өркендеуіне үлес қосқан ардагерлер мен мердігер мекеме қызметкерлері марапатталды.Айта кетейік, биыл - Қызылорда тарихындағы маңызды жыл. Осыдан бір ғасыр бұрын мемлекет астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім шығып, Кеңестердің Бүкілқазақстандық бесінші съезінде «Киргиз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы» атауы «Қазақ автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы» деп өзгертілген. Ұлтымыздың тарихи «Қазақ» атауы қайтарылып, республика астанасы Ақмешіт қаласын Қызылорда деп атау туралы қаулы қабылданған. Еліміздің алғашқы Үкімет басшылығы, басқару институттары осы жерде қалыптасып, нығайды. Алғашқы өнер, білім мекемелері ашылып, әсем ғимараттар бой көтерді.Биыл ұлт театрының іргетасы қаланған Қызылордадағы Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының құрылғанына 70 жыл толады. Кәсіби өнер ұжымы осы жылдары300-ден астам қойылымды сахналаған. Республикалық, халықаралық фестивальдерге қатысып, жүлделі орындар иеленген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/940030
Аймақ басшысы Жаңақорғандағы жаңа нысандарға барды 21.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулатбек Әбіш Жаңақорған ауданындағы "Оқушылар үйі" және "Өнер мектебінің", "Саяжай" мөлтек ауданындағы «Жайлы мектептің» жұмыс барысымен танысты. Жаңа ғимаратта оқушыларға арналған өнер студиясы, тігін шеберханасы, музыка, хореография және ритмика, акробатика залдары орналасқан. Мұнда өскелең ұрпақ шығармашылығын, денсаулығын шыңдайды және қолөнермен айналыса алады.Үш қабатты "Жайлы мектепте" білім алушыларға қолайлы жағдай жасалған. Кең әрі жарық сыныптар, жоғары сапалы оқу құралдарымен, ақпараттық технологиялармен жабдықталған кабинеттер бар. Кітапхана, зертханалар және шығармашылық үйірмелерге арналған бөлмелер де қарастырылған. Ғимараттың әр қабатындағы инженерлік, жылу, жарық, су және желдету жүйелері заманауи талапқа сай орнатылған. Спорт залы мен демалыс орындары дене шынықтырумен айналысуға, түрлі спорттық жарыстар өткізуге лайықталған.Жыл ішінде Шиелі ауданында да 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» жұмысын бастайды. Облыс орталығындағы «Шығармашылық академиясы», музыкалық колледждің жаңа ғимараты мамыр айында, дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернатының құрылысы наурыз айында аяқталмақ. Биыл «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен Арал ауданының «Жалаңаш» ауылынан 150 орындық мектеп салынады. Былтыр 3 млрд 100 млн теңгеге 8 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Мемлекет басшысының 1 300 мектепті жаңғырту тапсырмасына сәйкес алдағы 3 жыл ішінде облыстағы 51 мектеп, оның 9-ы биыл күрделі жөндеуден өтеді.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/940034
ҮЕҰ-ға арналған гранттар беру байқауы басталды 21.02.2025
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Бірыңғай грант операторы 2025 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға грант беру байқауын жариялады.Байқаудың мақсаты – азаматтық бастамаларды қолдау және азаматтық қоғам институттарын әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуге тарту.Байқау аясында ҮЕҰ бірнеше басым бағыттар бойынша жобаларды ұсына алады:- Инклюзивті қоғамды дамыту;- Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту;- Азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру жөніндегі шаралар мен іс-шараларды ұйымдастыру;- Төтенше жағдайлардағы және ТЖ салдарын жоюдағы волонтерлікті дамыту;- «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық волонтерлікті дамыту;- Медицина саласындағы волонтерлікті дамыту;- Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту;- Әлеуметтік волонтерлікті дамыту;- Зооволонтерлікті дамыту.Толық ақпарат пен құжаттаманы cisc.kz сайтынан қарауға болады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/940321
Атырау облысы әкімдігі мен «КаР-Тел» ЖШС-гі аймақта байланыс пен интернетті дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды. 21.02.2025
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов «КаР-Тел» компаниясының атқарушы директоры Евгений Настрадинді қабылдады, - деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.Қос тарап бірлесе атқарылатын жұмыстың жәй-жапсарын талқылап, аймақтың телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамытудың негізгі бағыттары туралы ақылдасты.“КаР-Тел” ЖШС-гінің атқарушы директоры Евгений Настрадин компанияның жасаған жұмыстары мен алдағы жоспарын айтты.Былтыр компания 306 базалық бекет тұрғызып, модернизациядан өткізген, 15 дабылсыз аумақта байланыс реттелген. 2025-2026 жылдары қосарлы қызмет атқаратын тіректер орнатылып, “ақтаңдақтарды” жоюға күш салынады. Дәлірек айтқанда, 90 аумақта байланыс реттеледі. Бұдан бөлек, “КаР-Тел” компаниясы өңір тұрғандарының жоғары жылдамдықтағы интернетке үздіксіз қосылуын қамтамасыз ете отырып, үй интернеті желісін белсенді дамытуға ниетті.Аймақ басшысы ғаламтордың өмірдің ажырамас бөлшегіне айналғанын, ал оған қолжетімділік өлкенің дамуында маңызды роль ойнайтынын айтты. Облыс әкімі байланыс сапасын арттырып, қамту аумағын кеңейтуге бағытталған жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.Кездесу соңында Атырау облысы әкімдігі мен «КаР-Тел» ЖШС-гі арасында аймақта байланыс пен интернетті дамыту жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бұл құжат тараптардың өңірдегі, әсіресе ауыл-аймақтағы байланысты жандандырып, интернетті қолжетімді ету мақсатындағы телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытудағы келісімін бекітеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/939073
Облыс әкімі «Еділ мен Жайық» мюзиклінің премьерасын тамашалады 21.02.2025
Атырау Жастар театрында әйгілі композитор Илья Жақановтың өмірі мен шығармашылығына негізделген «Еділ мен Жайық» мюзиклінің премьерасы өтті, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. ⁃Біз бүгін қазақ мәдениеті мен руханияты үшін ерекше жайтқа куә болып отырмыз. Жоғары деңгейде өткен мюзиклдан алған әсерім ерекше. Өйткені сахнада Илья ағамызды сомдап жатса, қасымда кейіпкердің өзі отырды. Ілия Жақанов – қазақ музыка өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, еліміздің мақтанышы. Оның өмірін жолын бір сахнада екі сағаттық қойылымда тамашаладық. Жолында кездескен қиындықтар мен аяқтан шалуды да көрсетті. Сол жолда таланты мен қызметін ұлтына арнады. Бұл сахналық туынды Қазақстанның түкпір-түкірінде сахналанса, Атырау өңірі үшін үлкен мақтаныш болар еді. Мюзикл көрерменнің жүрегіне жол тауып, қазақ мәдениетінің баға жетпес жауһарына айналады деп сенемін, - деді облыс әкімі Серік Шәпкенов. Мюзиклда И.Жақановтың соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген балалық шағынан бастап бозбалалық дәурен, жігіттік кезеңдері және қайраткерлік шағындағы өмір иірімдері, елі мен жеріне деген азаматтық ұстанымдары, жан сарайынан ән болып өрілген адами сезімдері көркемдік тұрғыда көрініс тапты. Бала Ильяның бойына мейірім сыйлаған Жақан әке мен Балкен ана, өнерге іңкәр жігітке бата берген Ахмет Жұбанов, өнер жолында рухтас жандарға айналған Жұбан мен Шәмші бейнелері, елдікті ту еткен Махамбет батыр елесі — бәрі өмірі әнге айналған тұлғаның жан-сарайын айшықтайды. Қойылымда Жастар театрымен бірге «Sarmad» этно-фольклорлық және «Gazhap band» вокалдық-аспаптық ансамбльдері, Д. Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы, Атырау музыкалық колледжінің студенттері өнер көрсетті. Айта кетейік, қойылымның авторы Мәдина Омарова, ал қоюшы режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Асхат Маемиров.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/939079
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов “QazaqGaz” ҰҚ” АҚ-ның басқарма төрағасы Санджар Жаркешовпен Қашағандағы газ өңдеу зауытының жобасын жүзеге асыру жәйін талқылады. 21.02.2025
Өткен демалыста аймақ басшысы Серік Шәпкенов “QazaqGaz” ҰҚ” АҚ-ның басқарма төрағасы Санджар Жаркешовпен жүздесіп, Қашағандағы газ өңдеу зауыты жобасын жүзеге асыруға қатысты мәселелерді талқылады.Кездесуде бас мердігерлер “KCG” ЖШС-гі, “Іntegra” ЖШС-гінен өкілдер де болып, құрылыстың қазіргі жағдайы, сондай-ақ жобаны іске асырудағы өзекті мәселердің шешімі турасында баяндады.Құрылыстағы жалпы прогрестің бүгінгі көрсеткіші — 42%. Соңғы мәліметтерге сай, құрал-жабдықтың 90%-ы жеткізілген, монтаж қарқынды жүріп жатыр. Құрылысқа 900-ден аса маман, 75 техника жұмылдырылған. Биылғы мамырдан бастап персонал санын 2000-ға жеткізу жоспарланған.“Нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Көктем келе ірі технологиялық жабдықтарды орнатуды бастаймыз. Үкімет бекіткен кесте бойынша зауыт 2026 жылдың аяғында пайдалануға берілуі тиіс”,- деді Санджар Жаркешов.Облыс әкімі Серік Шәпкенов жобаны уақытында аяқтаудың маңызына тоқталып, мердігерлердің жұмысын қадағалау, кадрмен қамту, экологиялық қауіпсіздік сынды негізгі мәселелерге баса назар аударды. Аймақ басшысы жиын барысында жобаны іске асырушылардың жұмысын үйлестірудегі ашықтық пен жұмыстык мерзімге сай жүруін міндеттеді. Зауытты уақытында іске қосуға қажетті ресурсты жұмылдырып, тиімді әріптестік орнату керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/939563
Алматыда Сауық Жақанованың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптың тұсаукесері өтті 21.02.2025
ҚР Ұлттық кітапханасында «Сахара сандуғашы» кітабының таныстырылымы өтті.Басылым қазақ радиосының белгілі дикторы, Қазақстан мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлға Сауық Жақанованың 80 жылдық мерейтойына орай жарық көрді.Сауық Жақанова өзінің көп жылдық ел мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, радио және телевизия қызметкерлері, журналистер, Сауық Жақанованың туыстары мен жақындары қатысты.Жиында Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.«Сіздің еліміз үшін сіңірген еңбегіңіз қазақ халқының тарихында алтын әріптермен жазылды. Радио, білім саласына қосқан үлесіңіз орасан зор. Қазақ радиосының сандуғашы атанып, жарты ғасырға жуық эфирде үздіксіз қызмет етіп, тыңдармандардың жүрегіне жол таптыңыз.Дикторлық шеберлігіңіз, эфирдегі ерекше үніңізбен қатар, өнгелі өмір жолыңыз ұрпаққа үлгі. Жұртшылық Сізді өз ісінің майталманы ғана емес, көптеген шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз ретінде де ерекше құрмет тұтады», – делінген хатта.«Сахара сандуғашы» кітабында Сауық Жақанованың өмір жолы, радио мен теледивизиядағы шығармашылығы, сондай-ақ оқытушылық қызметі туралы баяндалады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/939507
«Астана Балет» сахнасында «Есімдер» жобасының концерті аншлагпен өтті 21.02.2025
«Астана Балет» театры өткен демалыс күндері классикалық музыка сүйер қауымға «Есімдер» бірегей жобасы аясында ұмытылмас симфониялық және аспаптық өнер кешін сыйлады.«Есімдер» жобасының мақсаты – дүниежүзінде еліміздің музыка мәдениетінің символына айналған Қазақстанның танымал солисттері мен көрнекті музыканттарын бір сахнаға жинау.«Есімдер» жобасы аясында тек елде ғана емес, шетелдерде де жетістікке жеткен отандық классикалық музыканың көрнекті өкілдері Әмір Тебенихин, Жәния Әубәкірова және Марат Бисенғалиев өнер көрсетті.Концерт ұйымдастырушылары репертуарды мұқият таңдаған. Музыкалық кештің бірінші бөлімінде театр оркестрінің орындауында Франц Шуберттің әйгілі «№ 8 симфониясы» («Аяқталмаған») орындалды.Концерт барысында «Астана Балет» театрының сахнасында симфониялық оркестрмен бірге бүгінгі музыканың жарқын өкілдері, танымал халықаралық байқаулардың лауреаттары – скрипкашы Қаламқас Жұмабаева, виолончелші Ермек Құрманаев, сондай-ақ пианист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмір Тебенихин өнер көрсетті. Олар 1803 жылы Людвиг ван Бетховен жазған әйгілі «Үштік концертін» шебер орындады.Музыка тарихына «Үштік концерт» солистер мен оркестрге арналған ең керемет шығармалардың бірі ретінде танылған. Оның күрделілігі мен әсемдігі орындаушылар арасында ерекше құрметке лайық, ал драмалық дамуы мен шеберлігі осы күнге дейін тыңдармандарды баурап алады.«Есімдер» жобасы әлі де жалғасын табады. Көрермен қауым танымал музыканттар мен әртістердің өнерін тамашалай алады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/939921
Астанада «Дода» атты бірегей шығармашылық жоба өтеді 21.02.2025
27 ақпанда Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында «Дода» атты бірегей жоба ұйымдастырылады.Іс-шарада тартысқа толы шығармашылық сайыс пен тамаша шоу-бағдарлама ұсынылады. Сахнада шебер күйшілер, ансамбльдер мен солистер халық музыкасының үздік туындылары мен хореографиялық қойылымдарын орындайды.Кеш ерекше форматта өтеді. Өнерпаздар ұлттық мәдениетке терең бойлап, қазақ өнерінің қыр-сырын ашып көрсетеді. Қатысушыларға қызықты сұрақтар қойылады.Өнер сайысында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы мен Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның белгілі әртістері өнер көрсетеді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/939946
Қалибек Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының жас әртістері көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді 21.02.2025
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының жас әртістері қойған «Кешкі 7» спектакль-концерті көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді.«Qalleki» театр зертханасы ұсынған бұл жоба классикалық қойылымдардан ерекшеленеді. Спектакльдің премьерасы 2023 жылдың сәуірінде өтті. Қойылым бірден көрермен көңілінен шықты.Жас режиссер Бәзіл Сұлтанғазының қойылымы актерлердің өмірі мен олардың күнделікке жазған жазбаларынан алынған махаббат хикаяларына негізделген. Спектакльді қоюшы-суретші Шынар Елембаева, хормейстер Ержан Сансызбаев пен Сұлтан Тұрсынбеков сахналаған.Актерлердің айтуынша, спектакль идеясы грим бөлмесінде әңгіме барысында пайда болған. Олар сол жерде бір-бірімен махаббат хикаяларын бөліскен. Осылайша, музыкалық туынды жасап, көпшілікке ұсынуға бел буған.«Кешкі 7-де» актерлер басынан өткен жағдайларын бөлісіп қана қоймай, сахнада авторлық өлеңдер мен әндерді орындайды.Спектакль Көкшетау, Қарағанды және Павлодар көрермендеріне ұсынылды. Әртістердің шынайылығы мен олардың сахнадағы еркіндігі көрерменнің жоғары бағасына ие болды. Қойылымды 4 мыңнан астам адам тамашалаған. Шығармашылық ұжым Қазақстанның барлық қалалары бойынша гастрольдік тур ұйымдастыруды жоспарлап отыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/939421
Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама: құқық қолдану тәжірибесінің мәселелері 21.02.2025
Алматыда «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңға арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил, мемлекеттік органдардың, Кәсіпкерлер палатасының, бизнес-қауымдастықтың өкілдері және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.Дөңгелек үстелге қатысушылар 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның негізгі тармақтарын талқылады. Д. Кеңбеил заңның тиімді тұстары мен оның алғашқы нәтижелеріне тоқталды. Осылайша, енді сатып алулардың жеңімпаздары 10 жұмыс күні ішінде анықталады, ал рейтингтік-баллдық жүйе бойынша конкурстар небәрі 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Бұл ретте жергілікті жеткізушілер үшін шартты жеңілдіктер 1-ден 2%-ға дейін ұлғайтылды.Вице-министрдің айтуынша, қазірдің өзінде әлеуметтік маңызы бар нысандар бойынша келісім-шарттар жасалып, жеңімпаздардың басым бөлігі болып жергілікті компаниялар анықталған. Ағымдағы жылдың бір жарым айында жалпы құны 1,3 триллион теңгеден асатын 330 мың келісімшарт жасалса, өткен жылы осы кезеңде 339 миллиард теңгеге келісімшарт жасалған.Қатысушылар жаңа Заңның бизнес-климатқа оң ықпалын, сатып алынатын тауарлардың сапасын арттырып, отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталғанын атап өтті.Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил : «Біздің министрлік мемлекеттік сатып алудың барынша ашық жүйесін құруға ұмтыла отырып, бизнес пен мемлекеттік органдардың ұсыныстарына әрқашан ашық», - деп атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/938776
Қор нарығының қатысушыларымен кездесу өткізілді 21.02.2025
2025 жылдың 14 ақпаны KASE конференциясы аясында «Tabadul Digital Hubs-ке қосылу» капитал нарықтарының инфрақұрылымын дамыту бойынша негізгі аспектілер талқыланды.Іс-шара аясында Қаржы вице-министрі Кенбеил Д.М. екінші деңгейдегі банктердің, қаржы ұйымдарының және нарықтың басқа қатысушыларының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ағымдағы жылға арналған негізгі қарыз алу жоспары мен бағыттары ұсынылды. Кездесу қатысушылары Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарының тартымдылығын арттыру бойынша ұсыныстар беріп, инвесторлардың шешім қабылдауына әсер ететін факторларды талқылады.Конференция мемлекет пен қаржы нарығына қатысушылар арасындағы диалог үшін маңызды платформаға айналып, капитал нарығы инфрақұрылымын дамытудың негізгі басымдықтарын анықтады.Конференция барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ұлттық капитал нарығын дамытудағы рөліне ерекше назар аударылды. Осы бағыттағы елеулі үлесі үшін Қаржы министрі М.Такиев және министрлік командасы «Мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырудағы 20 жылдық табысты серіктестік» дипломымен марапатталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/938809
«Ашық НҚА» порталында НҚА жобасын орналастыру туралы хабарлау 20.02.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасын қоғамдық талқылауды бастау туралы хабарлайды.Аталған бұйрық жобасы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15444654 сілтемесі бойынша қол жетімді.Сізден жобаны талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/938083
«Алтын Адам» анимациялық фильмі көрерменге жол тартады 20.02.2025
Биыл Қазақстан кинотеатрларында экшн және фэнтези жанрындағы «Алтын Адам» толықметражды анимациялық фильмі көрерменге ұсынылады.Мультфильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен әзірленген.«Алтын Адам» – өмір отын іздеп, Хан тәңірі шыңына шыққан сақ жауынгерінің оқиғасын баяндайды. Ол сол сапарда сенімді дос табады, қауіпті қарсыластармен шайқасады. Сан түрлі сынақтан өтіп, ол нағыз жауынгерге атанып, туған жерін зұлымдықтан қорғайды.Фильмнің режиссерлері – Тұрдыбек Майдан («Мұзбалақ» жобасының авторы) және Тілек Төлеуғазы.«Алтын Адам» жобасының басты мақсаты – адамның тек сырты ғана емес, ішкі жан дүниесі де «алтын» бола алатынын көрсету. Фильмге Есік қорғанынан табылған Алтын адам археологиялық мұрасы арқау болған. Жоба 2D форматында жасалды. Бұл әдіс ежелгі дәуірді қаз-қалпында бейнелеуге, сол кезеңнің қабырға суреттері мен сәулет өнерін көрсетуге мүмкіндік берді.«Алтын Адам» – бұл тек ерлік пен батырдық туралы хикая ғана емес, жас көрерменге терең философиялық ой салатын туынды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/938303
Қасым-Жомарт Тоқаев Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты 20.02.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.Мемлекет басшысына жаңғырту жұмыстарынан кейін бас ғимараттың көлемі 10 мың шаршы метрге ұлғайып, 38 мың шаршы метрге жуықтағаны жөнінде баяндалды.Соның нәтижесінде жаңа арнаулы аудиториялар ашуға мүмкіндік туды. Ауқымды іс-шаралар өткізетін 1100 орындық үлкен концерт залы пайдалануға беріледі.Бұдан бөлек, оқу корпусында академиялық музыкаға арналған камералық зал, дайындық студиялары, студенттер мен өзге де суретшілердің туындылары қойылатын көрме галереялары бар.АқордаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/938378
Республикалық командалық айтыста Қызылорда облысының командасы жеңімпаз атанды 19.02.2025
Қызылордадағы "Өнер орталығында" облыс әкімінің қолдауымен өткен «Адал еңбек – ел ырысы» атты Қызылорда және Алматы облысы ақындарының республикалық командалық айтысы қорытындыланды.«Жұмысшы мамандықтар жылына» орай еңбек құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған өнер додасында айтыскерлер түре, сүре, қайым және қыз бен жігіт айтысы бойынша, жыр, терме, дәстүрлі ән және күй жанрларында сынға түсті.Түре айтыста алматылық Жәмәли Айбын мен қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан сөз бәсекесін қыздырды.Дәстүрлі ән жанрында Бейсенбек Төлеубай мен Ұлжан Ағлақова әуелете ән шырқаса, термешілер Ербақ Құрметжанұлы мен Күнсұлу Түрікпен текті өнердің төресін танытты.Қайым айтыста Мұхтар Ниязов қарсыласқа қиын ұйқас ұсынып, сөзден тосылмаған қос жүйрік елдің шынайы ықыласына бөленді.Аламан айтыс шамамен 6 сағатқа созылды. Қызылорда облысының командасы жеңімпаз атанып, республикалық командалық айтыстың ақтық кезеңіне жолдама алды.Сыр еліндегі өнер бәйгесінің көрігін қыздырған екі команданың мүшелеріне де қаржылай сыйлық табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/940036
Аймақ басшысы Шығармашылық- инновациялық орталықтың құрылысымен танысты 19.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы Шығармашылық-инновациялық орталықтың құрылысымен танысты. Орталықты «Bi Global» серіктестігі салуда. Жалпы ауданы 3820,43 шаршы метрлік ғимараттың бас жобалаушысы «TEHNIKALIQ BAQILAU» , техникалық қадағалаушысы «Алатау Сапа Құрылыс» серіктестіктері.Орталықта балаларға спорттық сауықтыру, көркем - эстетикалық, ғылыми-техникалық, тарихи-өлкетану бағыттарында қызмет көрсетіледі. Бұдан бөлек, волейбол, баскетбол, футбол, воркаут алаңдары, соңғы үлгідегі бассейн қарастырылған. Сондай-ақ, мұнда оқушылардың білімін жетілдіріп, ғылыми жұмыстармен айналысуына мүмкіндік болады. Қаланың көлік қозғалысы қарқынды көшелерінің біріндегі құрылыс алаңында сәулетті ғимарат бой көтеретін күн жақын. Орталықты межелі мерзімде табыстау үшін жұмыс жүргізілуде.Айта кетейік, өңірде құрылыс жұмыстары республикалық орта көрсеткіштен 41 пайызға жоғары. Аймақта жаңа әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Өткен жылы 69 жаңа ғимарат салынды, оның 25-і білім, 16-сы денсаулық сақтау, 11-і мәдениет, 17-сі спорт саласына тиесілі.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 21 мектеп салу жоспарланған. Бүгінде 5 білім ордасы пайдалануға берілді, 5 мектеп жаңа оқу жылына дейін табысталады. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 28 нысан салынды.Облыстың барлық ауылындағы денсаулық сақтау мекемелеріне 245 жаңа санитарлық көлік алынып, жедел жәрдем мәселесі толық шешілді. Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоры өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға 4,8 млрд. теңге қаржы бөлді. Арал, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында «Қамқорлық» оңалту орталықтары ашылды.Мұнан бөлек, 1 млрд. 100 млн. теңгеге скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешендер алынып, бүгінде ауыл тұрғындарына үздіксіз медициналық қызмет көрсетуде. Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 50 млрд. теңгеге жуық қаржыға облыс орталығы мен аудандарда жаңа ғимараттар, парктер, ойын алаңдары салынып, мемлекет теңгеріміне өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/940041
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды 19.02.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовпен кездесті. Басқосуда аймақта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды.Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған бұл жоба білім беру инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.Балалардың қауіпсіз және жайлы ортада білім алуына мүмкіндік береді, сондай-ақ оқу процесін цифрлық құралдармен, қазіргі заманғы білім беру технологияларымен қамтамасыз етеді. Өңірде ұлттық жоба аясында 6900 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізіліп, 2700 орындық 5 мектеп пайдалануға берілді.Айта кетейік, өткен жылы аймақта 6 мектеп, ал 5 білім ордасына қосымша ғимарат салынып, Арал ауданы Тоқабай ауылындағы, Шиелі кентіндегі және осы ауданның Жансейіт ауылындағы апатты мектептердің мәселесі шешілді. Тағы 8 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.«ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында «Оқушылар сарайы», Жаңақорған ауданында «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» ел игілігіне табысталды. Жыл ішінде Шиелі ауданында да «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» жұмысын бастайды. Облыс орталығындағы «Шығармашылық академиясы», музыкалық колледждің жаңа ғимараты, дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты алдағы уақытта іске қосылады.Биыл «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен Арал ауданының «Жалаңаш» ауылынан 150 орындық мектеп салынады. Мемлекет басшысының 1 300 мектепті жаңғырту тапсырмасына сәйкес алдағы 3 жыл ішінде облыстағы 51 мектеп, оның 9-ы биыл күрделі жөндеуден өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/940044
Заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді 15.02.2025
Бүгін Шиелі ауданының Досбол датқа ауылдық округінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен салынған заманауи үлгідегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанаты өтті.Жаңа нысанның ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева және «Саутс Ойл» ЖШС вице-президенті Серік Мырзабеков қатысты.Облыс әкімінің орынбасары Сыр спортындағы толағай жетістіктерді атап өтіп, қолға алынған жоспарлардың орындалу барысына тоқталды.–Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында «Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы ерекше», – деген болатын. Осы орайда, аймақ басшысының қолдауымен облысымызда заманауи үлгідегі спорт кешендерінің іргетасы қаланып, спортсүйер қауымның игілігіне табысталуда. Жақында ғана аймақ басшысының қатысуымен Қармақшы ауданына қарасты ІІІ Интернационал және Дүр Оңғар ауылдық округінде спорт кешендері ашылып, пайдалануға берілді. Бүгін «Қазақстан халқына» қоры арқылы тағы бір кешен өңірдегі спорттық инфрақұрылымның қатарына қосылды. Бұл ғимаратта жас өрендеріміз спортпен шұғылданып, еліміздің, аймағымыздың атын асқақтатар чемпион болып қалыптасады деп сенемін. Осы орайда, аймақ басшысының және облыс халқының атынан «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына зор алғыс білдіреміз! – деді Шахмардан Асқарұлы.«Қазақстан халқына» қоры жалпы құны 4,8 млрд теңге болатын көптеген жобаларды жүзеге асыруда.Сондай-ақ, ашылу салтанатында қордың басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева мен «Саутс Ойл» ЖШС вице-президенті Серік Мырзабеков атқарылған жұмыстарға тоқталып, тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.Айта кетейік, өткен жылы өңір халқының спорттық инфрақұрылыммен қамтылу көрсеткіші 46,2%-ға жетті, 2023 жылы 9 спорт кешені пайдалануға берілсе, 2024 жылға өтпелі 6 нысан толық аяқталып, іске қосылуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/937288