Enbekshi QazaQ

Мәдениет

Атырау облысы Татарстанмен әріптестікті нығайтуда 24.02.2025
Облыс әкімі Серік Шәпкенов бастаған атыраулық делегация Татарстан Республикасы Раисының шақыруымен Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Мұндағы негізгі мақсат — Ресей мен Қазақстан арасындағы байланысты нығайтып, аймақаралық әріптестікті кеңейту.Делегация құрамында мемлекеттік органдар, мәслихат және бизнес өкілдері болды.Сапар мұнай-химия кәсіпорындарын аралаудан бастау алып, қазақстандық меймандарға өндірістегі, шикізат өңдеудегі озат технологиялар көрсетілді.Ұйымдастырушылар Инвестициялық даму агенттігінде стратегиялық, энергетикалық және өнеркәсіптік бағыттағы ынтымақтастықтың инвестициялық мүмкіндіктері мен перспективасына баса назар аудара отырып, аймақтың экономикалық және өнеркәсіптік әлеуеті жайында жан-жақты баян етті.Бұдан бөлек, сауда-өнеркәсіптік палатасында бизнес-форум ұйымдастырылып, Атырау облысымен серіктестіктің болашағы, оның экономикалық әлеуеті мен инвестициялық басымдықтары талқыланды. Бұл тиімді әріптестікті дамытуға ықпал ететін тың идеялардың пайда болуына мүмкіндік туғызды.«Біздің тарихымыз аймақтағы қоғамдық келісім мен экономикалық дамуда айтарлықтай үлесі бар бауырлас татар халқымен тығыз байланысты.Қазақстан мен Татарстан – ортақ мәдени дәстүрлер біріктіретін рухани туыстас республикалар, бұл біздің берік әріптестігіміздің, бекем байланысымыздың негізі болмақ.Біз Татарстанның мұнай саласындағы, мұнай-химия секторындағы жетістіктерін мақтанышпен атай келе, оны тәжірибе алмасудың, өзара дамудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады деп сенеміз”, - деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов.Форум аясында «Атырау» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ мен Татарстан Республикасының Өнеркәсіптік кластерімен арада ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа «Атырау» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ басқарма төрағасы Данияр Таханов пен Татарстан Республикасының Өнеркәсіптік кластерінің басқарма төрағасы Сергей Майоров қол қойды.Делегация білім, бизнес-инкубаторлар мен инновациялық жобаларды біріктіретін көп функциялы экожүйе — Башир Рамеев атындағы ИТ-паркте де болды. 2022 жылы пайдалануға беріліп, ІТ мамандары мен кәсіпкерлердің негізгі алаңына айналған паркте заманауи коворкингтер, мәжіліс залдары, дата-орталық, киберспорт аренасы, дронпарк бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/943155
Облыс әкімі Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарын аралады 24.02.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарын аралап, ондағы жұмыс барысын тексерді.Алдымен «Қызылорда Арена» көпфункционалды кешенін салу белгіленген жерге барып, дайындық жұмыстарын көрді.Төрт қабатты ғимарат Бейбарыс сұлтан көшесіне орналасады деп жоспарлануда. Спорт нысанында әмбебап және шағын спорт залдары, бассейн, тренажер, сондай-ақ төрешілер, жаттықтырушыларға арналған киім ауыстыратын, тағы басқа қосалқы бөлмелер, душ, конференц-зал болады. Еркін және классикалық күрес, бокс, теннис, таэквандо, самбо мен дзю-доға арналған залдар қарастырылған."Қызылорда-Арена" оқу-жаттығуға, жарыстар өткізуге мамандандырылған кешен болады деп күтілуде.Аймақ басшысы құрылыс барысында сапаға баса мән беруді, бекітілген мерзімде бастап, уақытылы аяқтауды тапсырды.Одан кейін Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылын қайта жаңғырту барысын көріп шықты.Өткен жылдан бері осы даңғылдың Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі Сырдария өзенінің қорғаныш бөгеті нығайтылып, 6,7 шақырымы қайта жаңғыртылуда.Мердігер «УАД» ЖШС бұған дейін 1,2 шақырым кеңейтілетін аумаққа жол салып, асфальт төседі. Сырдария өзенінің жиегіндегі қорғаныс бөгеті тазаланып, 2,6 шақырымға жуық дамба нығайтылды, 1,4 шақырым тіреу қабырға, 820 метр жиек тұрғызылды.Даңғылдың жалғасы ретінде Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейінгі қорғаныс бөгетін нығайту мен 2,9 шақырым автомобиль жолын салу жоспарланған.Облыс әкімі жолды сапалы салып, уақытылы аяқтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/966697?lang=kk
Облыстық мәслихаттың ХХ сессиясы өтті 24.02.2025
Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың XХ сессиясы өтіп, күн тәртібінде 6 мәселе қаралды.Облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге тоқталып, биылғы облыстық бюджетті алғашқы нақтылауға ұсыныс енгізді.«28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президентімізге Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндадым. Мемлекет басшысы атқарылған істерге оң бағасын беріп, жұмысты күшейтуді тапсырды. Былтыр өздеріңізбен бірлескен жұмыстардың нәтижесінде аймағымызда экономикалық өсім қамтамасыз етілді.Осы жылды да оң нәтижелермен бастадық. Қаңтар айындағы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсім бар. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,1 пайызға, құрылыс жұмыстары 67,2 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер 18,9 пайызға, тартылған инвестициялар 9,8 пайызға, жалпы сауда 2,3 пайызға, байланыс қызметі 0,2 пайызға артты.Өздеріңізге белгілі, мұнай өндіру көлемі жыл сайын азаюда. Биылғы қаңтар айында 262,6 мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,1 пайызға төмендеді.Мұнай-газ саласындағы осы тенденцияны ескере келе, біз өңдеу өнеркәсібі мен аграрлық саланы жан-жақты дамытуға басымдық бердік. Экономиканы әртараптандыруда өткен жылы өңірімізде құны 37 млрд. теңге болатын 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Биылға 288 млрд. 600 млн. теңгенің 33 жаңа жобасы межеленген, мыңға жуық жұмыс орны құрылады. Жақсы жағдайдағы жолдың үлесі 2024 жылы 92 пайызға жетті. Биыл 329 шақырым жол жөнделіп, көрсеткішті 95 пайыздан асырамыз. Халықтың 98,6 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылса, биыл бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткіземіз. Газбен қамту көрсеткіші қазір 78 пайыз, жыл аяғына дейін 82 пайыз болмақ.2024 жылдың 9 желтоқсанында өздеріңізбен бірге 2025 жылға арналған облыстық бюджетті бекіттік. Бүгін алғашқы нақтылауға ұсынылуда.2024 жылдың қорытындысымен қалыптасқан бос қалдықтар, облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен оңтайландырылған қаражат жобаларды қаржыландыруға қайта бағытталуда. Ұсынылған жобалардың барлығы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге негізделген. Қолдауларыңызды сұраймыз», – деді Н.Нәлібаев.Айта кету керек, соңғы жылдары облыс орталығын дамытуда, оның ішінде тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыруда көркейту-көгалдандыру, абаттандыру, мәдени орталықтар мен демалыс объектілерін салу қарқынды жүргізілуде. Бүгінде қаланың, аудандардың архитектуралық-сәулеттік келбетін көркейтіп, тұрғындар мен қонақтар демалып, серуендеуге қолайлы жағдай жасау, туристік әлеуетін көтеру үшін саябақтар қайта жаңғыртылады деп жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/942828
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы тағайындалды 24.02.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай мәжіліс өтті. Жиында Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған Сыздықова Гүлмира Жамбылқызы таныстырылды. Осыған дейін департамент басшысы қызметін атқарып келген Жаңабергенова Динара Олжабайқызы ротация тәртібімен Батыс Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметіне ауысты.Облыс әкімі Гүлмира Сыздықованың жаңа қызметіне сәттілік тілеп, бірқатар міндет жүктеді.«Жаңа басшыға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруды, жұқпалы аурулардың эпидахуалын тұрақты ұстауды, талаптардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Сонымен қатар, топтық уланудың алдын алу үшін өнімдер қауіпсіздігі мен ауыз су сапасын, білім беру, тәрбиелеу орындарындағы, әсіресе мектеп асханаларындағы гигиеналық, санитариялық талаптардың сақталуын бақылауды жүктеймін», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.Сыздықова Гүлмира Жамбылқызы 1969 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда медициналық училищесінде«Емдеу ісі», Қарағанды мемлекеттік медицина институтында «Медико- профилактикалық іс», «Тұран» университетінде «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.Еңбек жолын 1987 жылы Қызылорда теміржол санитариялық-эпидемиологиялық станциясының маманы ретінде бастаған. 1995-1998 жылдары Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер, 1999-2023 жылдары Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында түрлі лауазымды қызметтер атқарған. 2023 жылдан осы күнге дейін Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қызметінде болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/942830
Жалағаш ауданында 111 отбасы баспаналы болды 24.02.2025
Жалағаш ауданында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін сатып алынған 111 пәтерлік 56 тұрғын үйдің кілтін иелеріне табыстау рәсімі өтті. Оған жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жаңа пәтер иелерін қоныстоймен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы, құрылыс, инфрақұрылым салаларындағы жетістіктерге тоқталды.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты екенін атап өтті.Жерлестеріміздің ауызбіршілігі, ынтымақ-бірлігінің арқасында өңіріміз өркендеу жолына түсті.Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен аймағымыз қарқынды құрылыс алаңына айналды.Облыс бойынша 187 нысанның құрылысы салынуда. Бұл – өңірде қолға алынған жұмыстарымыздың бір бөлігі ғана. Алдағы уақытта елдің игілігі мен балаларымыздың болашағы жолындағы жобалар жалғасын табады.Жалағаш ауданында да ауқымды істер атқарылуда. Соңғы 3 жылда Жалағаш ауданына 50 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды.Бүгін міне, 111 пәтерлік 56 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, жаңа қонысты иелеріне салтанатты түрде табыстаудамыз.Елдік мүддеге қызмет етіп, жаңа баспаналарды уақытылы әрі сапалы аяқтаған құрылыс мекемелеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Қоныстой құтты болсын!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.Іс-шарада ел бірлігін бекемдеуге үлес қосқан аға буын ардагерлер мен жаңа тұрғын үйлерді сапалы етіп салған құрылысшылар марапатталды. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев қоныстой иелерін құттықтап, батасын берді.Айта кетейік, өткен жылдың басында аудан бюджеті 10 млрд. 200 млн. теңгеге бекітіліп, жыл көлемінде 12 млрд. 200 млн. теңгеге ұлғайды. Аудан халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылған. "Ақсу", Мөрәлі Шәменов елді мекендері газға қосылып, тұрғындар игілігін көруде.Ауданда 5 жоба жүзеге асырылып, 19,3 шақырымнан астам көше, жол тораптары жөндеуден өтті. Соңғы 3 жылда 5 елді мекеннің 66,3 шақырым электр желілері жаңартылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/942832
Аймақ басшысы Сырдария ауданындағы паллиативті медициналық көмек көрсету және оңалту бөлімшелерінің жұмысымен танысты 24.02.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданына жұмыс сапары кезінде паллиативті медициналық көмек көрсету және оңалту бөлімшелерінің жұмысымен танысты.Аталған бөлімше ғимараты өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген. «Пульс» ЖШС күрделі жөндеу жүргізіп, материалдық базасы жетілдірілді, заманауи үлгідегі технологиялармен қамтылды. Арнайы медициналық құрал-жабдықтар алынып, білікті мамандар тартылды.Мұнда ауыр хәлдегі және ұзақ уақыт бойы оңалтуды қажет ететін науқастарға тәулік бойы ем-шара жүргізіледі. Ол үшін барлық мүмкіндік қарастырылған, науқастар мезгілімен ем қабылдап, дәрігер бақылауында болады.Қос бөлімшеде 5 дәрігер, 50-ге жуық орта және кіші буын қызметкер еңбек етеді. Сонымен қатар, логопед, психолог, массажист, емдік-дене шынықтыру мамандары жұмыс жасайды.Айта кету керек, жаңа ғимараттың бір бөлігінде облыстық жедел жәрдем станциясына қарайтын аудандық бөлімше орналасқан.Аймақ басшысы күрделі жөндеуден өткен медициналық нысан ел игілігіне ұзақ жылдар бойы қызмет ететініне сенім білдіріп, бөлімше жұмысына сәттілік тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/942835
Креативті индустрияны мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды 24.02.2025
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов креаторлармен кездесу өткізді. Кездесуге продюсерлер, музыканттар мен дизайнерлер, суретшілер, аниматорлар, үстел ойындарын әзірлеушілер, авторлық құқық саласындағы сарапшылар және т.б. қатысты.Тараптар креативті индустрияны дамытуға бағытталған өзекті мемлекеттік бастамаларды талқылады. Атап айтсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған креативті индустрияны дамыту туралы заң мен экономикалық салаға мемлекеттік қолдау көрсету және ынталандыру қағидалары айқындалған бұйрық жобасын сөз етті.Аталмыш шаралар шығармашылық секторды коммерцияландыру және халықаралық нарықта қазақстандық креативті өнімдер мен қызметтерді ілгерілету үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.Сонымен қатар биыл Үкімет таланттарды іздеу және қолдау, инфрақұрылымды дамыту, өнімдерді экспорттау мен коммерцияландыруға жәрдемдесуді көздейтін арнайы қор құратын болады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/942081
Euronews: Қазақ ұлттық хореография академиясы – әлем назарында 24.02.2025
Қазақ ұлттық хореография академиясы өзінің халықаралық беделін нығайтуда. Euronews ірі еуропалық жаңалықтар телеарнасы әлемнің 160 еліне таралатын Modern Nomads бағдарламасы аясында Қазақстанның балет мектебі туралы арнайы репортаж ұсынды.Modern Nomads – Euronews телеарнасындағы бағдарламалардың жаңа редакциялық сериясы. Бағдарламада репортер қазіргі заман мен дәстүрді үйлестіре отырып, халықаралық көзқараспен Қазақстанның түрлі мәдениет ошақтарына саяхат жасайды.Бағдарлама көрерменді ұлттық өнермен, сәнмен, сәулетпен, дизайнмен және елдің мәдени дамуының өзге салаларымен таныстырады.«Қазақ балетінің жас жұлдыздары Астана сахнасын бағындыруда» атты шығарылымда Euronews телеарнасы классикалық өнерді ұлттық дәстүрлермен үйлестіретін талантты жас әртістерге тоқталды. Қазақстан жаһандық балет орталықтарының біріне айналып келеді. Бұл ретте Қазақ ұлттық хореография академиясы жаңа таланттарды тәрбиелеу мен дамытуда шешуші рөл атқарады.Жаңа толқынның жарқын өкілдерінің бірі – Торғын Лебен. Ол жақында беделді еуропалық Budapest Ballet Grand Prix-2025 балет байқауында 1-орынға ие болды. Оның орындауы ұлттық өнерді жаңа деңгейге көтеріп, өз еңбегімен жастарды шабыттандырып келеді.Modern Nomads бағдарламасындағы қазақстандық балет мектебі туралы репортаж әртістерді жоғары деңгейде даярлап жатқанын көрсетіп, олардың халықаралық аренада танылуына ықпал етеді. Енді қазақстандық балетті, атап айтқанда, Қазақ ұлттық хореография академиясын шет мемлекеттер де жақсы танып-білетін болады.Бұл Қазақстанның хореографиялық білім беру жүйесінің жоғары деңгейде дамып жатқанын және әлемдік аренаға лайық әртістер даярлайтын мемлекет ретіндегі беделін нығайтады. Академия Қытай, Ресей, Италия, Франция және өзге де әлемдік хореография мекемелерімен ынтымақтастық орнатқан. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/942562
Алматыда «Қазақстанның кітап графикасындағы ұлттық эпос» атты көрме ашылды 24.02.2025
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің 90 жылдығына орай, «Қазақстанның кітап графикасындағы ұлттық эпос» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.Бұл маңызды мәдени іс-шара көрерменді көрнекті суретшілердің графикалық туындылары арқылы қазақ эпосы әлеміне терең бойлауға шақырады.Көрме Қазақстанның ұлттық әдеби және көркемсурет мұрасының маңызын көрсетуге, суретшілердің жаңа буынын тәрбиелеуге және көпшілікті қазақ халқының мәдени құндылықтарымен таныстыруға бағытталған.Көрмеде 90-ға жуық графикалық жұмыс пен ұлттық эпостың қазыналарын сақтайтын сирек басылымдар ұсынылды. Келушілер классикалық офорттан бастап, түпнұсқа графикаға дейінгі түрлі көркемдік техникамен жасалған батырлардың, арулар мен даналардың және мифологиялық кейіпкерлердің бейнелерін тамашалады. Әр шығарма ұлттық аңыздардағы ерекше оқиғалар мен ондағы кейіпкерлердің образын ашып, суретшілерді әдеби туындыны терең түсінуге шабыттандырады.Көрмедегі ерекше жұмыстардың қатарында «Қобыланды батыр»,«Қазақ халқының эпостық жырларына иллюстрациялар», «Алпамыс батыр», «Бозжігіт», «Айман-Шолпан» және т.б. жырларға арналған графикалық парақтар мен иллюстрациялар бар. Олар жұмыстарында кейіпкерлердің эмоциясын әсерлі жеткізіп, шығармаларға мерекелік көңіл-күймен қатар ұстамдылық пен мағыналылық мазмұн берген.Жоғарыда аталған және өзге де көптеген графикалық туындылар ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақ халқының мәдени коды мен рухани құндылықтары сақталған эпостарға жаңа көзқараспен қарауға ықпал етеді.«Қазақстанның кітап графикасындағы ұлттық эпос» көрмесі келушілерге қазақстандық суретшілердің шеберлігін көрсетіп қана қоймай, ұлттық аңыздардағы ғашықтық, даналық, батырлық ұштасқан бай мәдени мұраны тамашалауға мүмкіндік береді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/942773
Астанада студенттік волонтерлікті дамыту мәселесі талқыланды 24.02.2025
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Тұран-Астана» университеті «Студенттердің волонтерлік қызметке қосатын үлесі, саладағы сын-тегеуріндер мен келешегі» атты республикалық дөңгелек үстел ұйымдастырды.Аталған іс-шараның мақсаты – студент жастар арасында волонтерлік мәдениетті нығайту.Кездесуде волонтерлікті студенттік өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру, жастар арасында сұранысқа ие жобалар мен оларды дамыту тәсілдері, волонтерліктің кәсіби дағдыларды қалыптастыруға ықпалы секілді мәселелер көтерді.Студенттер білім беру платформаларын құрып, тәжірибелі волонтерлермен тұрақты кездесулер ұйымдастыруды және волонтерлікті насихаттау үшін әлеуметтік желілер мен цифрлық құралдарды белсенді пайдалануды ұсынды.Дөңгелек үстел волонтерлікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жаңа бастамаларды іске асыруға мүдделі студент жастарға арналған диалог алаңына айналды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/942815
Сыр өңіріндегі қалалар ауыз сумен 100 пайыз қамтылған 21.02.2025
Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен қалалар мен ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі талқыланған кеңес өтті. Басқосуда Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Сыр өңіріндегі қалалар түгелдей 100 пайыз ауыз сумен қамтылғанын, ал облыстың ауыз сумен қамту көрсеткіші 98,6 пайызға жеткенін айтты.Кеңеске облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.Облыс аумағында 4 қала және 223 ауылдық елді мекен бар. Өткен жылы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған 27 елді мекеннің екеуіне су тұщытқыш қондырғы орнатылды. Екі ауылдан елді мекен статусы алынып, оңтайландырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қалған 23 елді мекенге жыл соңына дейін сапалы ауыз су жеткізу үшін арнайы Жол картасы әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілуде.Биыл «Ерімбетжаға», «Тастүбек», Шәкен, «Шилі», «Сарбұлақ», «Шитүбек» елді мекендеріне таза ауыз су қосу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Мердігер мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстары басталуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/937282
Облыс аумағындағы су шаруашылығының жағдайы тұрақты бақылауда 21.02.2025
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен республикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде су тасқынының алдын алу шаралары талқыланды.Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысып, аймақтағы су шаруашылығының жағдайын, су тасқынының алдын алу жұмыстары туралы баяндады.«Қазіргі таңда Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 650 текше метр су жіберілсе, оның 150 текше метрін Көксарай су реттегіші алады. Облыс аумағына секундына 469 текше метр су келіп түсуде (12.02.2024 жылы секундына 242 текше метр).«2024-2025 жылдардағы қысқы-көктемгі кезеңде Сырдария өзенінен үлкен көлемдегі суды қауіпсіз өткізу жоспары» бекітілді. Су деңгейін төмендету үшін магистральды каналдар мен көлдердің су алу кестесі әзірленді. Мұздан тазарған соң секундына 1 000 текше метрге дейін су қабылдауға болады.Су басу қаупі бар 29 аймаққа арнайы техника, күш-құралдары жеткілікті 135 жауапты мекеме бекітілді. Оларда 410 арнайы техника және 1 234 адам күші бар. Су тасқынына қарсы қолданылатын 129,7 тонна жанармай, 95 110 дана қап және басқа да материалдар қоры толық жасақталған. 61 эвакуациялық жинақтау және 71 қабылдау пункті бар. Облыс аумағындағы су шаруашылығының жағдайы тұрақты бақылауда, қауіп жоқ», – деді Н. Нәлібаев.Айта кету керек, тиісті сала мамандары («Қазгидромет» және «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалдары) Сырдария өзені арнасындағы 10 бекет мен 4 тораптағы су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізеді. Жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы мамандары тәулік бойы кезекшілікте.Арнайы мамандандырылған мекемемен мұз жару бойынша да келісім-шарт жасалды.Өткен жылы 3 нысандағы қорғаныс бөгеттерін жөндеу-қалпына келтіруге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді, бюджеттен тыс көздер есебінен 20 нысанда да осындай жұмыстар атқарылды.Облыс аумағында 37 гидротехникалық құрылыс бар, коммуналдық меншіктегі 3 су қоймасына тексеру жүргізіліп, қауіпсіздік декларациясы рәсімделді. Биылғы күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қарастырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/938078
2025 жылғы 10-19 ақпан аралығында Атырау облысының қалалық, аудандық аумақтық және бірмандаттық аумақтық округтік сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту семинарлары өткізілді. 21.02.2025
2025 жылғы 30 наурызға бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша  мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау тағайындалуына байланысты Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалымен бірлесіп 2025 жылғы 10-19 ақпан аралығында «Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша  мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинарларын ұйымдастырды. Оқыту семинарларымен 8 қалалық, аудандық аумақтық сайлау комиссияларының 56 мүшесі және 87 бірмандаттық аумақтық округтік сайлау комиссияларының 435 мүшесі қамтылды.Оқыту семинарларында дәріс жүргізген облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптарын беріп, өз тәжірибелерімен алмасты.Алдағы наурыз айында осы тақырыпта облыс бойынша 276 учаскелік сайлау комиссияларының 1085 мүшелері үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/941519
«Ерлік пен еңбек дастаны» байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр 21.02.2025
Қазақстанда дарынды авторларды қолдауға және қоғамдағы еңбек мамандықтарының маңызын көрсетуге арналған «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауына өтінімдерді қабылдау жалғасуда.Байқау ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жарияланды.Байқаудың негізгі мақсаты – қарапайым еңбек адамдарының өз ісіне деген адалдығы мен сүйіспеншілігін, әр мамандықтың ерекшелігін насихаттайтын туындылардың жазылуына ықпал ету арқылы еңбек адамдарын насихаттау.Байқауға қатысатын туындыларда еңбек адамдарының ішкі жан дүниесі, басынан кешкендері, армандары мен күнделікті кездесетін қиындықтары қамтылуға тиіс. Сол арқылы қаламгерлерге халықтың ыстық ықыласына бөленген, жас ұрпаққа үлгі-өнеге болатын бірегей образдар жасауға мүмкіндік беру.Байқауға бұрын соңды еш жерде жарияланбаған кез келген жанрдағы жаңа шығармалар қабылданады. Конкурстың жеңімпазын қаламгерлер мен қоғам қайраткерлерінен тұратын комиссия анықтайды.Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың тамызына дейін жалғасады.Байқауға ұсынылатын шығармалар келесі мекенжай бойынша қабылданады: ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76. Электронды пошта: erlikpenenbekdastany@gmail.comТолығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7727-397-61-97, +7727-397-61-15. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/941619
Алматыда ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтарының алғашқы жаһандық жастар форумы өтуде 21.02.2025
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстанның Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтары Федерациясы бойынша төрағалығы шеңберінде Алматыда ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтарының бірінші Жаһандық жастар форумы (GYF) өтіп жатыр.Алаңға әлемнің түкпір-түкпірінен 150 қатысушы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ғылым, бизнес өкілдері мен жастар көшбасшылары және ЮНЕСКО-ның жетекші сарапшылары жиналды.Жобаның негізгі мақсаты – «2025-2030 жылдарға арналған ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтары жастарының жол картасы: тұрақты болашақты бірге құру» құжатын әзірлеу және бекіту. Аталмыш құжат алдағы жылдарға тұрақты даму мақсаттарын іске асыру арқылы жастардың мүмкіндіктерін арттыруға ықпал етеді.Форум шеңберінде әлеуетті нығайту, жастардың мүмкіндіктерін арттыру, жасанды интеллектті пайдалану этикасы, цифрлық технологияларды пайдалану, туризм, климаттың өзгеруі, инклюзия және көркем өнер бойынша білім беру сияқты маңызды мәселелер қаралатын болады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/941692
Жетісу облысында тұңғыш «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі ашылды 21.02.2025
Шығармашыл жастардың шабытын шыңдау, жастарды ақындық өнерге баулу мақсатында Жетісу облысында еліміздегі тұңғыш «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі құрылды.Мектептің басты ерекшелігі – аудан, ауылдағы жас талаптарды танымал қаламгерлер өздері іздеп барып, оқытады.Әдебиет мектебіне шығармашылыққа қызығушылығы бар 6-10 сынып аралығындағы оқушылары қатыса алады. Үш айға созылатын оқу бағдарламасын 200 бала оқып бітіреді деп жоспарланған.Сабақ соңында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар ақтық сынға арналған шығармашылық байқауға жолдама алады. Байқау қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Мемлекет басшысы бекіткен «Ұлттық кітап күні» мерекесі қарсаңында өтеді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/941729
Қызылорда облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылуда 21.02.2025
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысымен танысты.Оның аясында Сыр өңірінде 6 900 орындық 10 мектептің құрылысы басталып, бүгінде 5-уі оқушылар мен ұстаздардың игілігіне табысталды. Биыл тағы 5 «Жайлы мектептің» құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі.«Жайлы мектептерде» бастауыш және жоғары сыныптар бөлек блоктарда оқиды. Мобильді трансформер парталармен, әмбебап акт залымен, қауіпсіздік жүйесі, оқу-зертханалық құрылғылар және жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз етілген.Айта кетейік, өткен жылы аймақта 6 мектеп, 5 мектепке қосымша ғимарат пайдалануға берілді. Осылайша Арал ауданы Тоқабай ауылындағы №248, Шиелі кентіндегі №252 және Жансейіт ауылындағы №133 апатты мектептердің мәселесі шешілді.«ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі 350 орындық «Оқушылар сарайы», Жаңақорған ауданында 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» табысталды. Жыл ішінде Шиелі ауданында да 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» жұмысын бастайды.Облыс орталығындағы «Шығармашылық академиясы», музыкалық колледждің жаңа ғимараты мамыр айында, дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернатының құрылысы наурыз айында аяқталмақ. Биыл «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен Арал ауданының «Жалаңаш» ауылынан 150 орындық мектеп салынады. Былтыр 3 млрд 100 млн теңгеге 8 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Мемлекет басшысының 1 300 мектепті жаңғырту тапсырмасына сәйкес алдағы 3 жыл ішінде облыстағы 51 мектеп, оның 9-ы биыл күрделі жөндеуден өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/940014
Сыр елінде жаңа стадион ашылады 21.02.2025
Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа стадионның құрылыс алаңына барды. Өңір халқының сұранысына сай салынып жатқан жаңа стадион бокс, күрес, ауыр атлетика, футболшылардың жаттығу залдарымен, йога, гимнастика-акробатика, сауықтыру-денешынықтыру залдарымен қамтылатын болады. Стадионның тағы бір ерекшелігі – УЕФА классификациясы бойынша ІІІ санатты. 11 мың орынға арналған, халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.Бүгінде шығыс және батыс трибуналарының металл конструкцияларын монтаждау 100% аяқталып, қабырғалар мен ішкі бөлімдері, сыртқы витраждары қалануда. Сыртқы инженерлік желілер жеткізілген. Жылу, су құбырлары, электр, желдеткіштің ішкі желілері орнатылуда. Наурыз айында ғимараттың сыртқы қабырғалары, ішкі инженерлік желілері аяқталып, футбол алаңын монтаждау және абаттандыру жұмыстары басталады. Нысан мамыр айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өткен жылы қазан айында Қызылорда қаласында «Үстел теннисі орталығы» іске қосылғанын, жақын күндері көпбейінді «Қызылорда Арена» және дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталатынын айтты.Мұнан бөлек, Қармақшы ауданына қарасты ІІІ Интернационал, Жаңажол, Ақай, Арал ауданының Жақсықылыш, Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылдарында, Жалағаш кентінде жаңа спорт кешендерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 6, облыстық бюджет есебінен 2, «Қазақстан халқына» қоры арқылы 2 спорт нысаны салынуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/940020
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары жаңа автовокзалға барды 21.02.2025
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярды аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жаңа автовокзалдың жұмысымен таныстырды.Өткен жылы Қызылорда қаласының сол жағалауынан заманауи үлгідегі 200 орындық автовокзал пайдалануға берілген еді.Жаңа ғимарат жолаушыларға қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалған.Бүгінде автовокзалда облыс аудандарына, басқа өңірлерге қатынайтын маршруттарға, сондай-ақ, транзиттік бағыттағы автобустарға қызмет көрсетіледі. Жолаушылар автовокзалдан 38 маршрут бойынша сапарға шыға алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/940021
Қызылорда облысында құрылыс қарқыны жоғары 21.02.2025
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қала аумағында бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірде соңғы 3 жылда құрылыс жұмыстарының көлемі артқанын атап өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өсім 153,8%. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі артып, рекордтық деңгейге, 866,8 мың шаршы метрге жетті. 2022-2023 жылдары 4000-ға жуық пәтер пайдалануға берілсе, былтыр 2500-ден астам баспана кілті табысталды.Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтарға тұрғын үй сатып алуда облыс 1948 пәтер көрсеткішімен республикада 2-ші орынға шықты.Айта кетейік, өңірде құрылыс жұмыстары республикалық орта көрсеткіштен 41 пайызға жоғары. Аймақта жаңа әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Өткен жылы 69 жаңа ғимарат салынды, оның 25-і білім, 16-сы денсаулық сақтау, 11-і мәдениет, 17-сі спорт саласына тиесілі.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 21 мектеп салу жоспарланған. Бүгінде 5 білім ордасы пайдалануға берілді, 5 мектеп жаңа оқу жылына дейін табысталады. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 28 нысан салынды.Облыстың барлық ауылындағы денсаулық сақтау мекемелеріне 245 жаңа санитарлық көлік алынып, жедел жәрдем мәселесі толық шешілді. Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоры өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға 4,8 млрд. теңге қаржы бөлді. Оның арқасыда Арал, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында «Қамқорлық» оңалту орталықтары ашылды.Мұнан бөлек, 1 млрд. 100 млн. теңгеге скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешендер алынып, бүгінде ауыл тұрғындарына үздіксіз медициналық қызмет көрсетуде. Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 50 млрд. теңгеге жуық қаржыға облыс орталығы мен аудандарда жаңа ғимараттар, парктер, ойын алаңдары салынып, мемлекет теңгеріміне өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/940022