Enbekshi QazaQ

Мәдениет

Атырауда өтіп жатқан «Zhaiyk brаnd fest» көрмесіне 250-ге жуық қолөнершінің бұйымы қойылды 22.11.2024
Аймақта алғаш рет ұйымдастырылған көрмеге өңір басшысы Серік Шәпкенов қатысып, шеберлермен тілдесті. Атырау тұрғындарына ағаштан, табиғи былғарыдан, киізден жасалған бұйымдар, тігін және тоқыма өнімдері, түрлі пішіндегі мүсіндер ұсынылды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Шарада сөз алған облыс әкімі Серік Шәпкенов ұлттық өнерді дамытуға әрқашан қолдау көрсететінін айтып, дәстүрлі түрде өткізуді тапсырды.- Атадан қалған қолөнерді сақтау - басты мақсат. Заман ағымына қарай түрлі техникалар мен материалдар шығарылса да, дәстүрлі өнерді жалғастырып, көз майын тауысар еңбектен қол үзбей келе жатқан шеберлерге алғыс білдіремін. «Әке көрген оқ жонар» демекші, көненің көзін келешек ұрпаққа насихаттап жүрген сіздердің еңбегіңіз ерлікпен пара-пар. Әр қолөнершінің саусағынан туған дүние «қазақ» деген аты мәшһүр халық екенімізді танытып, ұлттық рухты оятады. Осы құндылығымыз жоғалмаса деймін. Мұндай фестивальдің аясын кеңітіп, жыл сайын ұйымдастыруды, әр сала бойынша шеберлік сабағын өткізуді тапсырамын,-деді С.Шәпкенов.«Zhaiyk brаnd fest» қолөнерді дамыту, өңірдің туристік әлеуетін арттырып, халықты жұмыспен қамту мақсатында ұйымдастырылды. Әбілхайыр хан даңғылындағы Көрме залында өтіп жатқан шара 23 қарашаға дейінсозылып, бұйымдар ертеңнен бастап сатылымға шығарылады.Жиын соңында шеберлер келесі бағыттар бойынша марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды:- Ағаштан жасалған бұйымдар;- Табиғи былғарыдан жасалған бұйымдар;- Ұлттық тоқу өнімдері;- Ұлттық киізден жасалған бұйымдар;- Тігін өнімдері;- Ұлттық тоқыма және кесте өнері;- Мүсін бұйымдары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/888314
Интеграцияға жаңа қадам: банк кепілдіктерін өзара растау 22.11.2024
ҚР Парламент Мәжілісі «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банктік кепілдіктерді өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын мақұлдады.Бұл келісім Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру үшін әзірленді.Осы арқылы ұйымға мүше бір елдің мемлекеттік сатып алуларына қатысу үшін басқа мүше мемлекеттің резидент банктері берген банк кепілдіктері өзара расталатын болады.Сонымен қатар құжатта мемлекеттік сатып алуға тиісті кепілдіктерді беруге құқылы банктерге қойылатын талаптар, сондай-ақ мұндай қаржы институттарының тізімін қалыптастыру мен банк кепілдіктерінің тізілімін жүргізу тәсілдері белгіленген.Құжатты ратификациялау одақтағы бір елдің әлеуетті өнім берушілеріне басқа елде өткізілетін мемлекеттік сатыпалымына еркін қатысуды қамтамасыз етіп, сондай-ақ ұзақмерзімдік және тұрақты негізде мемлекеттік сатып алу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/887124
Мәжіліс ЕҚДБ келісіміне түзетулерді мақұлдады (Сахара, Ирак) 22.11.2024
ҚР Парламент Мәжілісі «Еуропалық қайта құру және даму банкін құру туралы келісімнің 1-бабына Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдері мен Иракқа банктің операцияларын географиялық қамтуды шектеулі және біртіндеп кеңейтуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түзетулерді ратификациялау туралы» Заң жобасын мақұлдады.Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ, Банк) – өтпелі экономикасы бар елдерді қолдау мен дамытуға бағытталған халықаралық қаржы ұйымы.Банк Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдері мен Ирак мемлекетіне операцияларды кеңейту бойынша ұсынысты жеткізді.ЕҚДБ қызметінің кеңеюі (жаңа елдерге) банктің қазіргі операцияларның қарқынын төмендетпейді, сондай-ақ оның міндеттемелері мен тұрақтылығына әсері жоқ.Африка мен Жерорта теңізі қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі, сол секілді ЕҚДБ-ның осы елдермен тығыз экономикалық байланыстары бар екенін ескерсек, банктің бұл бастамасы экономикалық тұрғыдан негізделген және оның стратегиялық мақсаттарына сәйкес келіп отыр.Аталған түзетулер Басқарушылар кеңесімен 2023 жылы мақұлданған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/887713
Мәжіліс ЕҚДБ келісіміне түзетулерді (шектеулерді жою) мақұлдады 22.11.2024
ҚР Парламент Мәжілісі «Қарапайым операцияларға жарғылық капиталды шектеуді жою мақсатында Еуропалық қайта құру және даму банкін құру туралы келісімнің 12-бабының 1-тармағына түзетулерді ратификациялау туралы» Заң жобасын мақұлдады.Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ, Банк) – экономикасы өтпелі елдерге қолдау көрсету мен дамытуды көздейтін халықаралық қаржы ұйымы.ЕҚДБ жедел шешімдер қабылдау мен өзінің кредиттік қызметін жоспарлау үшін Басқарушылар кеңесінен Директорлар кеңесінің деңгейіне капиталдың жеткіліктігі жөніндегі нормативтердің тиісті деңгейін белгілеу бойынша өкілеттіктерді беруге бастама көтерді.Бұл өзгеріс банк капиталын пайдаланудың тиімділігі мен икемділігін арттырады.Аталған түзетулер 2023 жылы Басқарушылар кеңесімен мақұлданған болатын. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/887757
Сенат өңірлерді біркелкі дамыту үшін бюджет шығыстарын ұлғайтуды ұсынды 22.11.2024
ҚР Парламент Сенатында Қаржы министрі Мәди Такиев «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстырды. Оны талқылау барысында өңірлердегі инфрақұрылымды дамытуға қатысты түзетулер енгізілді. Сенаторлар ұсынған түзетулерге байланысты аталған реформаны Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылданды.Құжат еліміздің 2029 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленді. 2025 жылы түсімдер биылғы жоспармен салыстырғанда 1,2 трлн теңгеге ұлғайып, 21,7 трлн теңгеге артады. 2027 жылға қарай тапшылық ІЖ-ге шаққанда 1,9% дейін төмендейді.2025 жылға арналған түсімдер мен тапшылықты ескере отырып, бюджет шығыстары былтырғы кезеңмен салыстырғанда 1,7 трлн теңгеге ұлғайып, 25,8 трлн теңге көлемінде болады деп жоспарланып отыр.«Заң жобасын талқылау кезінде Парламент Сенатында бірқатар түзету енгізілді. Таза ауыз сумен қамтамасыз етуге, газбен жабдықтау, жылу мен электр энергетикасы, көлік инфрақұрылымы, ИКИ жүйесі мен өңірлерді дамытуға, сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруға қосымша шығыстар қарастырылған. Бюджет әлеуметтік бағдарланған күйінде қалып отыр. Әлеуметтік салаға 2025 жылы биылғы кезеңге қарағанда 871 млрд теңге өсіммен 9,8 трлн теңге бөлу жоспарланған. 2025 жылы шығыстардың жалпы көлеміндегі үлесі 38% мөлшерінде болады», деді Мәди Төкешұлы.Мәселен, әлеуметтік төлемдерді индекстеу мен төлем алушылар контингентін ұлғайтуды ескере отырып, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмек көрсетуге 6 трлн теңге сомасында ақша бөлу көзделіп отыр.2025 жылы білім беру бағытына 1 трлн теңгеден аса сома жұмсалмақ.2025-2027 жылдары денсаулық сақтау саласына арналған шығындар 7,6 трлн теңгеге артып, оның ішінде 2025 жылы – 2,5 трлн теңге, 2024 жылғы өсімге қарағанда 188 млрд теңгеге ұлғаяды. Тұтастай алғанда, ТМККК шығыстарының көлемі 2025 жылы 1,6 трлн теңге сомасында жоспарлануда. МӘМС-ке 675 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде мемлекет жарналарын төлеуге 668 млрд теңге.2025 жылы туризм мен спортты дамытуға республикалық бюджеттен 141 млрд теңге, ал мәдениет пен ақпарат саласына 165 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылмақ.Келесі жылы өңірлерді қолдауға республикалық бюджет есебінен 7,5 трлн теңге бөлінеді.Сонымен қатар 2025 жылы көлік саласын дамытуға 568 млрд теңге аудару көзделіп отыр.Су ресурстарын тиімді басқару бойынша 2024 жылмен салыстырғанда 53 млрд теңгеге немесе 61% өсіммен 139 млрд теңге бөлінетін болады.2025 жылы күштік құрылымдардың шығыстары 2,7 трлн теңге болады. Осы арқылы еліміздің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті қорғау және ішкі тұрақтылықты қолдау жөніндегі іс-шараларға толық көлемде қажетті сома қарастырылады.«Сенатта көптеген негізгі бағыт бойынша қосымша қаражатты бөлуді қарастыратын түзетулер кешені қабылданды. Ақшаның үлкен көлемі әлеуметтік салаға, өңірлерді біркелкі дамытуға және бизнесті ілгерілетуге арналған. Айталық, келесі жылы экономиканың нақты секторын қолдауға 2,1 трлн теңге бөлінеді. Оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға айрықша ден қойылып отыр. Бұл бағытқа 2025 жылы биылғы кезеңмен салыстырғанда 30% өсіммен 635 млрд теңге қарастырылған. Әлеуметтік салаға арналған ақша сомасы шығыстардың басым бөлігін құрайтынын атап өткім келеді. Денсаулық сақтау, білім беру ісі және азаматтарды қолдауға қосымша қаражат бөлінді», - деп түйіндеді М.Такиев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/887948
Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім қалыптасты 22.11.2024
Сыр өңірінде экономикалық дамудың макрокөрсеткіштері бойынша оң динамика қалыптасты. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінің Қызылордада өткен көшпелі брифингінде хабарлады.Аймақ басшысы атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта қолға алынатын жобалар туралы баяндады.«Бүгінгі күні Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында облысымыздың бюджеті 744 млрд теңгеден асты. Осыдан екі жыл бұрын 364 млрд теңге болатын. Өсім 204,4 пайызды құрады. Бюджетіміздің 55,4 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған. Облыстың даму бюджеті соңғы 2 жылда 3,6 есе артты.Осы жылдың 10 айының қорытындысымен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім қалыптасты. Өңірлер арасында көшбасшылар қатарынан көріндік. Атап айтсақ, өнеркәсіп өндірісі-0,8, өңдеу өнеркәсібі-22,8, ауыл шаруашылығы-3, құрылыс жұмыстарының көлемі-50, тұрғын үй-7,4, көлік-3,5, сауда-6,5 пайызға өсті. Биылға жоспарланған 517 млрд. 500 млн. теңге инвестицияның 478 млрд. 300 млн.теңгесін 10 айда тарттық. Оның 74 пайызы – жеке инвестициялар», – деді облыс әкімі.Соңғы 2 жылда құны 19 млрд. 600 млн. теңге болатын 22 инвестициялық жоба іске қосылды. Биыл өңдеу өнеркәсібінде 10 млрд. 700 млн.теңгенің 13 жобасы жоспарланған. Бүгінде 9 жоба қолданысқа берілді.Арал шөгінді бассейнінің «Шығыс» және «Батыс» учаскелеріндегі геологиялық зерделеу жұмыстары осы жылдың соңында аяқталады. Биыл Сырдария бассейінін зерттеу жұмыстары басталуда.Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының бастамасымен «Торғай Палеозой» кен орнында тереңдігі 5 мың 500 метр ұңғыманы бұрғылау басталып, қазір шамамен 3 мың 820 метрге жетті.«Саутс Ойл» компаниясы «Құмкөл» кен орнындағы қиын өндірілетін тақтатас мұнайын дәстүрлі емес тәсілмен өндіру үшін жобалауды бастап, келер жылы іске кірісуді жоспарлауда.Өңдеу өнеркәсібін дамыту арқылы өңір экономикасын әртараптандыру жұмыстары қолға алынған. Осылайша мұнай қорының сарқылуы салдарынан соңғы 10 жыл бойы төмендеу тенденциясын көрсетіп келген өнеркәсіп өндірісі кейінгі жылдары қыркүйек айынан бастап оң динамикаға шықты.Облыс әкімі шыны зауытының жұмысына тоқталды.«2022 жылы іске қосылған шыны зауыты тұрақты өнім шығарып, оның 70%-ын ішкі нарыққа, 30%-ын Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузияға және Ресейге экспорттауда. Зауыт іске қосылғаннан бері 37 млрд. 100 млн. теңгенің 28 млн. 700 мың шаршы метр шынысын өндірді. Қазіргі таңда мұнда 400-ге жуық адам еңбек етеді. Биыл шыны зауыты жанынан шетелдік инвестордың 15 млн. АҚШ доллар қаржысына жылына 5 млн. шаршы метр энергия үнемдейтін шыны өндіру жобасы іске қосылды. «Өндіріс» индустриялық аймағында шыны зауытының айналасынан ілеспе кәсіпорындар құру қолға алынды. Атап айтқанда, «Айна Гласс» серіктестігінің құны 1 млрд. 500 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 720 мың шаршы метр айна өндіру жобасының құрылысы басталды. Сонымен қатар, «Horn glass» неміс технологиясымен жылына 220 млн. бөтелке өндіру, жылдық қуаттылығы 22 мың 600 шаршы метр шыңдалған шыны (стеклопакет) өндірісін кеңейту жобаларына тиісті жер телімі бөлініп, жобалау жұмыстары басталды, – деді Н.Нәлібаев.Металлургия саласында «Шалқия» қорғасын-мырыш және «Баласауысқандық» ванадий кеніштерін игеру жалғасуда. 2030 жылға қарай еліміз өзінің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ағымдағы 4,5%-дан 15%-ға дейін арттыруды жоспарлаған. Облыс аумағында 89 мегаваттық 9 күн-электр станциясы жұмыс істейді. Оның үшеуі – шетелдік инвесторлар қатысуымен салынған ірі станция.Биыл барлық қаржы көздерінен 63 млрд. 523 млн теңгеге жеке кәсіпкерліктің 3 мың 761 жобасы қаржыландырылды. Нәтижесінде кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/886711
Сыр өңіріне 1.4 трлн теңге инвестиция тартылды 22.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі – отандық және шетелдік инвестицияларды тарту. Биыл жоспарланған 517,5 млрд теңге меженің 478,3 млрд теңгесіне 10 айда қол жеткізілді. Соңғы үш жылда 30,3 млрд.теңгенің 35 инвестициялық жобасы іске қосылды.«Атап өту қажет, өңірге бекітілген индикатор соңғы екі жыл қатарынан артығымен орындалуда. 2022 жылы 373,5 млрд. теңге индикатор белгіленген еді, атқарылған жұмыстар нәтижесінде жоспар 10,6%-ға артығымен орындалып, 413,3 млрд.теңге болды. Ал, өткен жылы 424,2 млрд.теңге индикатор бекітіліп, жоспар 21%-ға артығымен орындалды, яғни 513,7 млрд.теңге инвестиция тартылды», - деді Н.Нәлібаев.Қызылорда көрсеткіштің өсу қарқыны, жоспарлы көрсеткіштің орындалуы бойынша өңірлер арасында І орынға шықты. Өнеркәсіп саласының дамуына серпін берген шыны зауыты арқылы өндіріске 42 млрд. теңге инвестиция тартылды. Қажетті шикізаттар шетелден, әсіресе Ресейден, Өзбекстаннан тасымалдануда. Зауыт іске қосылғаннан бері 37,1 млрд. теңгенің 28,7 млн. шаршы метр шынысын өндірді. Өнімнің 70%-ы ішкі нарыққа, 30%-ы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузияға және Ресейге экспортқа жіберіледі. Қазіргі таңда зауытта 400-ге жуық адам жұмыс жасауда.Инвестиция тарту, өндірістік кооперацияны дамыту, жаңа жобаларды іске асыру үшін шетелдік компания басшылары, дипломатия өкілдері облысқа жұмыс сапарымен келіп, кездесулер ұйымдастыруда. Аймақта инвесторларға қолайлы климат қалыптасты деп айтуға толық негіз бар.Сыр өңірінде жүзеге асырылған ірі инвестициялық жобалар қатарында «Болат Өтемұратов қорының» демеушілігімен салынған «Қорқыт ата әуежайының» жаңа терминалы бар. «Акса Энерджи» түрік компаниясының инвестициясына қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүруде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/886720
Қызылорда облысының әкімі: Күріш экспортында өсім бар 22.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Нұрлыбек Нәлібаев хабарлады.Сыр өңірінде егін шаруашылығын дамытуда және әртараптандыруда кешенді іс-шаралар қолға алынған. Кейінгі 3 жылда аграрлық саланы қолдауға мемлекет тарапынан 43 млрд. теңге бөлінді. Соңғы 2 жылда 20 млрд. 300 млн теңгеден астам инвестиция тартылды.Мемлекеттік қолдаудың арқасында машина-трактор паркі жаңартылуда. Үш жыл ішінде 20,9 млрд. теңгеге 680 техника алынды. Осы жылы 8 млрд. 800 млн. теңгеге 250 ауыл шаруашылығы техникасы әкелініп, машина-трактор паркі 5 пайызға жаңаланды.Биыл 6,8 млрд. теңгенің 11 инвестициялық жобасы жоспарланып, құны 6 млрд. 400 млн. теңгені құрайтын 9 жоба іске асты. Қалған 2 жоба жыл соңына дейін қолданысқа беріледі. Бұл ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемінің жыл өткен сайын артуына оң ықпал етті, биыл осы көрсеткіш 229 млрд. теңгеге жетеді.Сыр диқандары биыл 189 мың 400 гектар жерге егін екті. Негізгі дақыл күріш 85 мың 600 гектарға себіліп, әр гектардан 58 центнерден өнім алынды, жарты миллион тоннаға жуық күріш жиналды (496,4 мың. тонна).Статистикалық деректерге қарағанда, 2024 жылдың 1 қыркүйегіне облыстан 28,7 млн. доллардың 52,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталған, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 142,9 пайызға артық. Өнімдер әлемнің 17 мемлекетіне жіберілген. Былтырғымен салыстырғанда күріш экспорты 166,9 пайызға артты.Экспортталған өнімнің 92,1 пайызы, яғни 48 725,7 тоннасы – күріш. Сыр маржаны Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Тәжікстан, Украина, Моңғолия, Өзбекстан және Иракқа жөнелтілді.Еске салсақ, соңғы жылдары Сыр диқандары 55 мың гектар күріш егістігін лазермен тегістеді. Нәтижесінде суды үнемдеп, өнімділікті 30 пайызға арттырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/887094
Қызылордада инвестор қаржысына жаңа жылу-электр орталығы салынуда 22.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.Мемлекет басшысының еліміздегі жылу-электр орталықтарының жұмысын жандандыру тапсырмасына сәйкес Сыр елінде ірі жоба жүзеге асуда. Қызылорда қаласында 215 млрд.теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүруде.«Президентіміздің тікелей қолдауымен бүгінде инвестор – «Акса Энерджи» түрік компаниясы жылу орталығының құрылысына 127 млрд.теңге инвестиция салды. Орталық келер жылдың қыркүйек айында ел игілігіне табысталады. Құрылыс барысы Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тікелей бақылауында. Жаңа жылу-электр станциясы – тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына бой көтерген ең ауқымды, теңдессіз жоба», - деді аймақ басшысы.Жаңа нысан пайдалануға берілгеннен кейін 773 қызметкер озық технологиялармен жабдықталған заманауи ғимаратта жұмыс істейтін болады.Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында 11 млрд. теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/887101
Сыр өңірінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде 22.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев хабарлады.«Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауының арқасында осы жылдың 9 айында құрылыс жұмыстары көлемінің көрсеткіші 173 млрд. 830 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 143,6 пайызға өсім қалыптасты Жалпы, соңғы 2 жылда Қызылорда облысында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде», деді – аймақ басшысы.«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында қаржыландырудың барлық көзінен 864 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39,1 млрд теңге қаралып, жыл қорытындысымен 2,5 мыңнан аса пәтер пайдалануға беріледі.Ұлттық жоба аясында 1 мың 154 пәтерлік 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Әлеуметтік жағынан осал топтар үшін 1 мың 819 пәтер, апатты үйлер орнына 135 пәтер сатып алу жоспарланған. Бүгінде аталған топтарға 780 пәтер сатып алынды. Соңғы екі жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді.Тұрғын үй құрылысының көлемі 126 пайызға өсті, 2022 жылы 683 мың шаршы метрден 2023 жылы 741 мың шаршы метрге жетсе, жыл соңына дейін 864 мың шаршы метрге ұлғайту жоспарланған.Құрылыс саласында биыл 189 жобаны жүзеге асыруға 134,8 млрд. тг. бөлінді. Оның ішінде, 36 білім беру, 22 денсаулық сақтау, 13 мәдениет, 14 спорт, 1 қоғамдық тәртіп, 1 жұмылдыру дайындығы, 3 мемлекеттік орган ғимараты, 1 154 пәтерлік 21 тұрғын үй құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту бойынша 85 жоба бар.Жыл басынан бері Қызылорда қаласында «Өнер орталығы», «Қан орталығы», «Үстел теннисі орталығы», «Оқушылар сарайы» және сол жағалаудағы 900 орындық «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді. Жаңа стадион, «Инновациялық- шығармашылық орталық», музыкалық колледж ғимараты құрылысы басталды. Барлық ауданда музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдарды біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият орталықтары», 9 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, Жаңақорған ауданының Төменарық ауылында, Арал ауданының Сексеуіл кентінде аурухана, Жаңақорған кентінде «Оқушылар үйі» және 3 жайлы мектеп пайдалануға беріледі.Сонымен қатар, биыл демеушілер есебінен 17 нысанның жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/887106
Қызылордада «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы халықаралық талаптарға сай 22.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.Терминалға «Болат Өтемұратов қоры» әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде 16 млрд 600 млн теңге инвестиция салды. Әуежайдың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына, автожол салуға, аумағын абаттандыруға, жарықтандыруға жергілікті бюджеттен 4 млрд. 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Халықаралық талаптарға сай келетін жаңа нысанда ішкі және халықаралық рейстерге, транзиттік жолаушыларға арналған, CIP залдары, жүкті автоматты түрде беру жүйесі, «Duty Free» аймағы, сауда нүктелері, медпункт, кафе, ғибадат ету, жүк сақтау, ана мен бала бөлмелері бар. Екі қабатты ғимаратта сағатына 250 жолаушыға 10 төлқұжат бақылау кабинасы арқылы қызмет көрсетіледі.Айта кетейік, «Қорқыт Ата әуежайы» соңғы 9 айда жолаушылар мен жүк тасымалында жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Қаңтар-қыркүйек айларында әуежайда 264 506 жолаушыға қызмет көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға артқан. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында рейстер саны 1420-ға жеткен. Бұл «Қорқыт Ата әуежайы» көрсеткіштерінің тұрақты өсімін және әуе тасымалының жоғары белсенділігін растайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/887113
Қызылорда облысында алғашқы «Жайлы мектеп» ашылды 22.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты.«Өткен жылдан бері облыста 1 мың 720 орындық 6 мектеп,1 мың 850 орындық 4 мектепте қосымша ғимарат салынып, ел игілігіне табысталды. 2024 жылы жаңадан 3 мектеп, 5 мектепке қосымша құрылыс салынып, пайдалануға берілді.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің алғашқылардың бірі болып 900 оқушыға арналған білім ордасы облыс орталығындағы жаңа шағын ауданнан ашылды» - деді Н.Нәлібаев.Айта кетейік, Қызылорда қаласындағы сол жағалауда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен бой көтерген 21 мектептің алғашқысы шәкірттерді қабылдады. Қазіргі таңда 6000 орындық 9 мектептің құрылысы қарқынды жүруде. «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы құны 8 млрд. 400 млн. теңге болатын дарынды балаларға арналған 400 орындық физика-математика мектеп-интернаты салынуда. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен инновациялық шығармашылық орталығының құрылысы жүргізілуде.Мұнан бөлек, биыл «Қазгермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында 2,5 млрд. теңгеге заманауи үлгідегі 350 орындық «Оқушылар сарайы» пайдалануға берілді. «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен 4,8 млрд. теңгеге музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынуда. Нысан 2025 жылы аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/887129
«Ұлы Жібек Жолымен – 2024» XII халықаралық кітап және полиграфия көрмесі ашылды 22.11.2024
Алматыда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясы ұйымдастырған «Ұлы Жібек Жолымен – 2024» XII халықаралық кітап және полиграфия көрмесі басталды.Іс-шараға Қазақстан, Германия, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Иран елдерінен баспагерлер, полиграфиялық компаниялар мен кітапханалар, сондай-ақ жазушылар қатысуда.Көрменің мақсаты – заманауи кітаптарды кеңінен тарату, отандық кітап ісін нығайту, баспагерлер мен полиграфистер арасында тәжірибе алмасу және ұлттық кітап нарығында отандық өндірушілерді қолдау.Сонымен қатар, көрме көптеген елдердің баспагерлік, полиграфиялық және кітап сатушы компаниялар арасында мәдени және іскерлік байланыстарды ұлғайтуды, елдер мен серіктес компаниялар арасындағы байланыстарды әрі қарай дамытуды, полиграфия, кітап сату және кітап өндірісіне ең соңғы технологиялар енгізуді көздейді.Көрме аясында «Атамұра», «Алматыкітап», «Мектеп», «Arman-PV», «Дарын», «Адал Кітап», «Smart University» секілді Қазақстанның жетекші баспаларының жаңадан шыққан кітаптарының тұсаукесерлері өтті. Оның ішінде Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Маралтай Райымбекұлының «Балбалтас» өлеңдер жинағы да бар.Халықаралық көрме 22 қарашаға дейін жалғасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/887042
Канн жұлдызы Алматыда: «Алтын пальма бұтағының» иегері Нури Бильге Джейлан «Еуразия» кинофестивалінің Халықаралық байқауы қазылар алқасына төрағалық етеді 22.11.2024
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің басты қонағы Нури Бильге Джейлан болады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз конференциясында хабарланды. Түркияның атақты режиссері Джейлан Канн кинофестивалінде бірнеше рет жоғары марапаттарға ие болған. Оның «Қысқы ұйқы» атты фильмі 2014 жылы фестивальдің ең жоғары жүлдесі – «Алтын пальма бұтағы» жүлдесін жеңіп алды. Бұдан бөлек, оның «Бірде Анатолияда» фильмдері қазылар алқасының бас жүлдесін иеленсе, 2008 жылы «Үш маймыл» туындысы үшін «Үздік режиссер» атағын алды. «Нури Бильге Джейлан – әлемдік кинематографияның мойындалған шебері, Түркияның беделді режиссерлерінің бірі. Оның туындылары әлемнің ең ірі кинофестивальдерін бағындырды. 2024 жылы Джейлан «Еуразия» кинофестивалінің халықаралық байқауының қазылар алқасына төрағалық етеді», – деп атап өтті Диана Әшімова.Сонымен қатар, Нури Бильге Джейланның шығармалары басқа да беделді кинофестивальдерде жоғары бағаланды. Оның 2000 жылы түсірілген «Мамыр бұлттары» фильмі Еуропалық кино академияның ФИПРЕССИ сыйлығына ие болды. Джейланның жалпы саны 97 халықаралық марапаты бар. Нури Бильге Джейлан 1959 жылы 26 қаңтарда Ыстамбұлда дүниеге келген. Оны көбінесе терең мазмұнды, поэтикалық әрі интеллектуалдық туындылармен байланыстырады. Режиссер өзінің ерекше стилімен танымал. Оның фильмдерінде көркемдік эстетика мен философиялық толғаныстар үйлесім тапқан. Шығармалардың басым бөлігі уақыт, жалғыздық, естелік пен адам табиғаты туралы сыр шертеді.«Еуразия» кинофестивалінің халықаралық байқауының қазылар алқасының төрағасы ретінде Нури Бильге Джейлан Шығыс пен Батыс мәдениетін тоғыстырып, кинематографияға өз көзқарасын ұсынады. Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Eurasian Resources Group (ERG), Astana Motors демеушілік етті.Бас серіктес: Bazis-A халықаралық құрылыс компаниясы.Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/887061
Ұлттық академиялық кітапханада Әкім Таразидің академиялық залы ашылды 22.11.2024
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі жазушы, драматург, сценарист Әкім Таразидің академиялық залының ашылу салтанаты өтті.Іс-шара барысында жазушының XIII томдық шығармалар жинағының таныстырылымы өтті.Шығармалар жинағына жазушының романдары, аудармалары, драматургиясы, тарихи зерттеулері сияқты шығармалары топтастырылған.Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушылар, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ, Әкім Таразидің жары Роза Мұқанова қатысты.Кітапхананың төртінші қабатында орналасқан жайлы, заманауи Әкім Тарази залы алдағы уақытта ғалымдарға, доктаранттарға, қаламгердің шығармашылығын насихаттап, зерттеп жүрген оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетедi.Залға жазушының жеке қоры, фотосуреттері, кітаптары мен коллекциялары қойылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/886993
Алматыда «Граждане крыши» фильмінің алдың ала көрсетілімі өтті 22.11.2024
21 қарашада «Граждане крыши» фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетіле бастайды. Туындыны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірген. Фильм қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі.«Граждане крыши» – Гүлшат Смағұлованың режиссерлік дебюті. 15 жылдан астам продюсерлік тәжірибесі бар автор бұл фильмде ерекше достық оқиғасын баяндайды.Туындының бас кейіпкерлері – қиын тағдырды бастан өткерген Дамир мен аутизм диагнозы бар жасөспірім Костя. Бұл – қоғамға бейімделу, инклюзия, мейірімділік пен түсіністіктің құндылығы туралы әсерлі хикая.Сценарий авторы – Жанна Тимофеева (дебют), ал қоюшы-суретші – Елена Айтова (дебют). Қоюшы оператор – Александр Плотников. Фильм түсірілімі 2024 жылдың көктемінде Алматы мен Алматы облысының Талғар ауданында өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/886753
Жеке тұлғаларды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырудан босату жөнінде 22.11.2024
Бүгінде үш кезең шеңберінде Жалпыға бірдей декларациялау жүйесімен 4 млн астам адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор басшылары, бизнес өкілдері мен олардың жұбайлары қамтылды, бұл шамамен 4,8 млн адам.Халықтың ыңғайлығы үшін салық төлеушінің кабинеті арқылы декларацияларды тапсыру бойынша электронды сервистер жолға қойылды. Айталық, (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкіметтің» веб-порталы (egov.kz), e-Salyq Azamat (салық әмияны), eGov mobile, Halyk, "Банк Центр кредит" және Kaspi"мобильді қосымшалары бүгінде көпшілікке қолжетімді.Азаматтардың қалған санаттары бойынша декларацияларды ұсыну бойынша міндеттемелер 2025 жылы жалғасады. Атап айтқанда, 4 кезеңде зейнеткерлер, үй шаруасындағы азаматшалар, студенттер және т.б. қамтылуға тиіс. Бұл шамамен – 8 млн адам.Мемлекет басшысының Жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарау туралы тапсырмасын іске асыру үшін елімізден тыс активтері бар адамдарды қоспағанда, азаматтардың осы санатын активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды ұсынудан босату ұсынылып отыр.Бұған мемлекеттік органдардың деректер базасын цифрландыру, қолма-қол ақшасыз төлемдердің жоғары үлесі (86%), автоматтандырылған салықтық бақылау, халықаралық келісімдер шеңберінде қаржылық шоттар бойынша деректер алмасу, сондай-ақ цифрлы қызметтердің кең қолжетімділігі ықпал етіп отыр.Қаржы министрлігі шетелде активтері бар тұлғаларға, сайлауға түсуге құқығы бар азаматтарға, мемлекеттік лауазымға орналасуға және оларға теңестірілген кандидаттар үшін, сондай-ақ банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болғысы келетіндер үшін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 СЕН) ұсыну жөніндегі міндетті сақтауды ұсынып отыр.Сондай-ақ азаматтарға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны өз еркімен ұсыну құқығы берілетінін айта кетейік.Бұл ретте мемлекеттік қызметшілерге, квазимемлекеттік және жеке компаниялардың басшыларына, құрылтайшыларға (оның ішінде 25% астам және одан да көп акция иеленушілерге), олардың жұбайларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде активтері бар және (немесе) дербес салық салынатын табыс алған адамдарға кірістері мен мүлкі туралы жыл сайынғы декларацияны (270.00 СЕН) тапсыру жөніндегі міндет сақталатынын айта кету керек.Қосымша құны 20 000 АЕК (74 млн теңге) асатын ірі сатыпалым жасаған тұлғалар үшін осындай міндетті белгілеу ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/886419
Өңделген өнім үлесін арттыру өте маңызды 20.11.2024
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында берген тапсырмаларын орындау, ішкі нарықтағы тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру мәселелері қаралды. Жиынға жауапты министрліктер қатысып, өңір әкімдіктері онлайн байланыс арқылы қосылды.Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен арнайы мәжілісте талқыланған мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.«Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында алдағы 3 жылдың ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға дейін арттыру міндетін қойды. Өңіріміздегі тауарлы сүт фермаларын, құс етін, жұмыртқа өндіретін фабрикаларды, мал бордақылау алаңдарын көбейтіп, агроөнеркәсіп кешенін индустрияландыруды белсенді түрде жалғастыруымыз қажет.Елімізді Еуразияның негізгі көлік-логистикалық орталығы ретінде құру – Мемлекет басшысының негізгі басты ұстанымы. Облысымыздың бұл салада әлеуеті зор. Біздің өңіріміз арқылы халықаралық көлік және теміржол дәліздері «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Транскаспий бағыттары» өтеді. Ауыл шаруашылығы, сауда-логистикалық әлеуетімізді барынша пайдалануымыз қажет. Одан бөлек, бақша, көкөніс өнімдерін де экспорттауға зор мүмкіндік бар. Логистика мен сақтау қоймалары жүйесін жетілдіріп, экспортталатын өнім түрлерін кеңейту керек», – деді Н.НәлібаевАйта кетейік, биыл 496 мың 400 тонна күріш жиналып, орта өнім гектарына 58 центнерден келді. Алдағы жылдың егісіне қажетті 21 мың 500 тонна тұқым құйылды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы 4 400 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Су шығынын азайту үшін диқандар кейінгі жылдары күріш егістігінің 55 мың гектарын лазермен тегістеді. Нәтижесінде суды үнемдеп, өнімділікті 30 пайызға арттырды.Биыл 8 млрд. 800 млн. теңгеге 250 ауыл шаруашылығы техникасы алынып, машина-трактор паркі 5 пайызға жаңаланды. Күзгі егін жинау науқанына 4 440 техника қатысып, жұмыс мерзімінде аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/885991
Атырауда БАҚ өкілдері үшін «Мұнай-газ, экологиялық бағыттардағы салалық журналистиканың ерекшеліктері» атты семинар өтеді 19.11.2024
2024 жылдың 28 қарашасында Атырауда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Мұнай-газ, экологиялық бағыттардағы салалық журналистиканың ерекшеліктері» атты семинар өтеді.Семинар өңірдің өзекті мәселелерін (мұнай-газ секторы, қоршаған ортаны қорғау, инфрақұрылым және т.б.) жариялау кезінде журналистердің біліктілігін жақсартуға, БАҚ пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы коммуникацияларды жетілдіруге бағытталған.БАҚ өкілдері мұнай-газ саласының негіздері және қалыптасу тарихы, энергостатистикамен жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысады, мұнай-газ өнеркәсібіндегі оқиғаларды талдау дағдыларын меңгереді.Сонымен қатар, Министрлік өкілдері журналистерге «Масс-медиа туралы» заңның негізгі ережелерін түсіндіретін болады.Оқыту іс-шарасы келесі мекен-жай бойынша өтеді: Атырау қаласы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Студенттік даңғылы, 1, 2-ші қабат, Ғылыми кеңес залы.БАҚ өкілдерін келесі сілтеме бойынша тіркеліп, іс-шараға қатысуға шақырамыз: https://forms.gle/hnjJWhNrtCV7iz1r5Басқа аймақтарда жұмыс істейтін және курсқа қатысу мүмкіндігі жоқ баспасөз қызметтерінің өкілдері үшін ZOOM платформасында онлайн трансляция қолжетімді болады: https://us06web.zoom.us/j/87167441158?pwd=UvvsA5nPL5n16qdRjVftDldMyMZ5sK.1 (конференция идентификаторы: 871 6744 1158, кіру коды: 8050).Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 740186 нөміріне хабарласуға болады.Семинар бағдарламасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885904
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды 19.11.2024
2024 жылдың 19 қарашасында Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы базасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастамасымен Абай атындағы ғылыми-мәдени орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Орталықтың ашылуына орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты табысталды.Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар мен журналистер қатысты.Абай атындағы ғылыми-әдістемелік орталықты ашудың мақсаты – Абай университеті, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі, «Абайтану академиясы» ғылыми-зерттеу институты арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, музеймен шетелдердегі Абай орталықтары арасындағы байланысты нығайту, Абай мұрасын жастар арасында насихаттаудың инновациялық формаларын айқындау. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885986