Enbekshi QazaQ

Мәдениет

Алматыда өтетін XVII «Еуразия» халықаралық кинофестиваліне 15-тен астам ел қатысады 19.11.2024
2024 жылғы 24-30 қараша аралығында Алматы қаласында XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі өтеді. Биылғы фестивальге 15-тен астам ел қатысады.Кинофестивальді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы ұйымдастыруда.Биылғы конкурс бағдарламасында үш құрлықтан келген 12 фильм көрсетіледі. Қатысушылары саналуан, ауқымы кең фестивальде ұсынылған фильмдер түрлі мәдениеттер мен көзқарастардың бай палитрасын көрсетеді. Конкурс Бангладеш пен Оңтүстік Кореядан бастап, Австрия мен Катарға дейінгі елдердің туындыларын қамтиды. Еуропа, Азия және Таяу Шығыстан келген шығармашылық топтар әмбебап тақырыптар мен жергілікті контекстті біріктіретін жұмыстарды ұсынбақ.2024 жылы «Еуразия» тек фильмдер фестивалі ғана емес, кино әлеміне саяхат болмақ. Іс-шара көрермендер мен қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлап, жаңа мүмкіндіктер ашады.Фестиваль демеушілері: Bazis-A халықаралық құрылыс компаниясы, KAZ Minerals тау-кен компаниясы, Sarens Kazakhstan, Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі және Astana Motors.Кинофестивальдің толық бағдарламасымен сілтеме арқылы таныса аласыз. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885656
Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІІІ сессиясы өтті 19.11.2024
Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІІІ сессиясы өтті,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Аймақ басшысы жиында өңірлік Ассамблея жұмысының маңызына тоқталып, этносаралық тұрақтылықты сақтауда бірлескен жұмыстар жалғаса беретінін айтты.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазіргі күрделі кезеңде елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау – ең басты міндет екенін баса айтты. Бұл айналамыздағы геосаяси ахуал күрделеніп тұрған қазіргідей сын сағатта аса маңызды. Елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау – бізге жүктелген ең басты міндет. Бұл тұрғыда баршаңыз татулық жолын жалғауға лайықты үлес қосады деген сенімдемін. Тәуелсіздік пен отаншылдық бірлік пен ынтымақтың негізін қаласа, әділдік пен жауапкершілік заң мен тәртіпті қамтиды. Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік - жасампаздық пен жаңашылдықтың кілті. Еліміздің жаңа буыны арасында осы құндылықтарды насихаттау ХХІ ғасырдың жаһандық қауіп-қатерлерін еңсеруге сенімді негіз болады,-деді С.Шәпкенов.Сессия отырысында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету, тұрақтылықты сақтау, этносаралық келісімді нығайту туралы бірқатар мәселе талқыланды.Сессия қорытындысында ҚР-ның ел бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Кеңес ҚосыбаевҚазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталды. Ал аналар кенесінің мүшесі Сара Ізмұханбетоваға ел бірлігін, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан лайықты үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Құрмет грамотасы» табыс етілді.Оған қоса, өңірлік Ассамблея өкілдеріне Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты мен Құттықтау хаты берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/885559
Аймақ басшысы құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын көрді 18.11.2024
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарын аралап, алдымен кварталаралық жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын көрді.Аталған жоба бойынша 2,97 шақырым желі жаңғыртылуда. Бас мердігер «Механизатор-К», қосалқы мердігер «Асанас-Дар», жобалаушы КБ «МұнайГаз Инжиниринг», техникалық қадағалаушы «Актаустройэксперт серіктестіктері жұмыс атқаруда.Айта кетейік, «Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігін жылумен жабдықтау. Аяқталмаған құрылыс» жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазандықтың жұмысына биыл облыстық бюджеттен 300 млн.теңге қаржы қаралып, №2 қазандықтың оттығы, отын сақтау резурвуары, суды химиялық тазалау және автоматтандыру жүйесі жаңғыртылды. Қазір қазандықтар толығымен іске қосылған.Әрі қарай аймақ басшысы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 300 орындық жатаханасы бар, 400 орындық физика-математика мектеп-интернатының құрылыс алаңына барды. Нысанда бас мердігер «Промстройсервис», техникалық қадағалаушы «Стройэксперт» серіктестіктері жұмыс жүргізуде.Аймақ басшысы сол жағалаудағы жеті қабатты 6 тұрғын үйдің құрылысын, бас мердігерлер «Аман құрылыс», «Орион ЛТД», «Риголит», «Промстройсервис», «Е Абу-Сер», авторлық қадағалаушы «Қазақ Жоба Құрылыс» серіктестіктері атқарған жұмыстарды да көрді.Мемлекеттік қолдаудың арқасында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында қаржыландырудың барлық көзінен 864 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39,1 млрд теңге қаралып, жыл қорытындысымен 2,5 мыңнан аса пәтер пайдалануға беріледі.Ұлттық жоба аясында 1154 пәтерлік 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Әлеуметтік жағынан осал топтар үшін 1 819 пәтер, апатты үйлер орнына 135 пәтер сатып алу жоспарланған. Бүгінде аталған топтарға 780 пәтер сатып алынды. Соңғы екі жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді.Тұрғын үй құрылысының көлемі 126 пайызға өсті, 2022 жылы 683 мың шаршы метрден 2023 жылы 741 мың шаршы метрге жетсе, жыл соңына дейін 864 мың шаршы метрге ұлғайту жоспарланған.Облыс әкімі жұмысқа қойылатын басты талап сапа мен мерзім екенін айтты.–Жаңа, жаңғыртылған нысандардың барлығына қойылатын басты талап – сапа. Нысандар қолданысқа берілгеннен кейін халыққа кедергісіз, ұзақ жылдар бойы қызмет көрсетуі тиіс. Сосын құрылысты аяқтау мерзімін қадағалаңыздар. Қолға алынған жұмыстың нәтижесін жұртшылық көруі уақытында керек. Жауапты сала басшылары жөндеу жұмыстарын үнемі тексеріп, кемшілікке жол бермеуі тиіс, – деді аймақ басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/885386
Астанада кемсітушілікке қарсы заңнама мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті 18.11.2024
Астанада кемсітушілікке қарсы заңнама мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының үстіміздегі жылғы қорытынды отырысы өтті.Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және құқық қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты.Күн тәртібінің негізгі тақырыбы жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылау. Атап айтқанда, жұмыс тобы мүшелерінің адам құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстанның құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі қорытынды ұсыныстары талқыланды.Отырыста мемлекеттік органдар, сарапшылар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Қатысушылар Қазақстанда кемсітушілікке қарсы нормаларды қолданудың тұжырымдамалық тәсілдерін, халықаралық тәжірибесін және практикалық аспектілерін егжей-тегжейлі талқылады.Жиналыс қорытындысымен жұмыс тобы ҚР Үкіметіне кемсітушіліктің терминдері мен түрлерін нақты айқындауды енгізіп, шағымдарды беру және қарау тетіктерін жасап, сондай-ақ ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттармен үйлестіруді қамтамасыз ететін кемсітушілікке қарсы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстарды жолдауға келісті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885484
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева азаматтарды жеке қабылдады 18.11.2024
Белгіленген тәртіпте мәдениет пен өнерге, кино мен креативті индустрияларға қатысты мәселелер қаралды.Министр келіп түскен өтініштерге нақты әрі егжей-тегжейлі жауап берді.Қосымша уақытты қажет ететін мәселелерді назарға алатынын айтты.Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.Министрдің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы алдын ала жазылу арқылы тұрақты түрде өткізіледі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885476
Мәдениет және ақпарат министрлігі масс-медиа туралы заңнама ережелерін түсіндіру бойынша оқыту семинарларын бастады 18.11.2024
Бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған алғашқы оқыту семинары өтті. Бұл шара мемлекеттік органдар өкілдеріне арналған оқыту бағдарламасы аясындағы іс-шаралар сериясының бастамасы болды.Іс-шараның басты мақсаты – заңнама нормаларын қолданудың бірыңғай тәсілін қалыптастыру және қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.Семинар барысында Министрлік қызметкерлері масс-медиа туралы заңнаманың негізгі ережелеріне жан-жақты талдау жасап, егжей-тегжейлі түсініктемелер берді. Бұл қатысушыларға қолданыстағы түсініспеушіліктерді жоюға және кәсіби қызметте заңды нақты әрі дұрыс пайдалануға мүмкіндік берді.Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрлігі 2024 жылғы 22 қарашада сағат 15:00-де «БАҚ және журналистердің құқықтары мен міндеттері» тақырыбы бойынша оқыту семинарын өткізуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты, масс-медиа өкілдерін семинарға қатысуға шақырамыз (тиісті zoom-сілтеме алу үшін келесі байланыстар бойынша хабарласу қажет: 8 (7172) 741268, 8 (7172) 741265).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885477
Алматыда Франкфурт кітап жәрмеңкесінің семинары басталды 18.11.2024
Орталық Азияда алғаш рет «Алматыдағы Франкфурт кітап жәрмеңкесі: баспа ісіндегі заманауи үрдістер және авторлық құқық менеджменті» атты семинар өтіп жатыр. Іс-шара халықаралық баспа нарығында маңызға ие.Семинар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Франкфурт кітап жәрмеңкесінің, Қазақстан Баспагерлер, полиграфистер және кітаптаратушылар Ассоциациясының, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және «Nomad Culture Foundation» қорының қолдауымен ұйымдастырылды.Іс-шара қазақстандық баспагерлерге саладағы заманауи технологияларды меңгеруге, халықаралық байланыстарды нығайтуға және әлемдік сарапшылармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.Бағдарлама аясында авторлық құқықтар мен лицензияларды сатып алу және сату бойынша халықаралық тәжірибе, сондай-ақ Frankfurt Connect және Frankfurt Rights платформаларының жұмысын талқылау сияқты өзекті мәселелер қарастырылуда. Бұл платформалар іскерлік қарым-қатынас пен кітап құқықтарын басқаруға арналған.Іс-шараның негізгі спикерлері – Никол Уитт, Герман Экель, Беттина Бак және Владка Купска. Арнайы қонақ ретінде Франкфурт кітап жәрмеңкесінің президенті Юрген Боос қатысты.Семинарға 20 қазақстандық баспа мен полиграфия саласының 40-тан астам мамандары мен оқытушылары қатысып жатыр.Іс-шара 19 қарашаға дейін жалғасады және «Баспа қызметінде жасанды интеллектті қолдану: халықаралық тәжірибе» тақырыбын қамтиды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885396
ТҮРКСОЙ-дың 41-отырысы: Ақтау қаласы «Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы» болып жарияланды 18.11.2024
Ашхабадта Түркі мәдениеті және өнерін дамыту халықаралық ұйымы – ТҮРКСОЙ-дың 41-отырысы өтті.Іс-шараға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркияның мәдениет саласының өкілдері, халықаралық ұйымдардың басшылары және басқа да құрметті қонақтар қатысты.Кездесу барысында түркі мәдениетін дамыту және түркі мемлекеттері арасындағы бауырластық қатынастарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар түркітілдес халықтардың мәдени мұрасын сақтау және насихаттау бойынша бірлескен күш-жігерді жандандыру туралы шешімдер қабылдады.2025 жылы Ақтаудың Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануына арналған іс-шаралардың жоспарлары, түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын насихаттау және тұрақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесі мүше мемлекеттерден түскен барлық ұсыныстар мен ұсынымдарды қарастырып, 2025 жылға арналған ТҮРКСОЙ қызметінің бағдарламасын бекітті. Қабылданған шешімдер Түркі әлемі халықтарының ортақ тарихын тереңірек түсінуге, сондай-ақ мәдени және мемлекетаралық байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі ТҮРКСОЙ министрлерінің 42-отырысын үйлестіруші болып тағайындалды. Келесі отырыс Қазақстанда өтеді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885209
Бибігүл Төлегенова 95 жасын «Астана Опера» сахнасында атап өтті 18.11.2024
«Астана Опера» театры сахнасында атақты өнер қайраткерлері бас қосып, аңызға айналған әнші Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтады.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған концертке Шахимардан Әбілов, Айгүл Үлкенбаева, Альфия Каримова, сонымен қатар Зарина Алтынбаева, Толқын Забирова, Самал Бәйсейітова, Айзада Омарова және Нұрғалым Аманбай сынды көптеген танымал әртістер қатысты.Кеш Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсынан «Тойбастар» жарқын көрінісімен басталды. Б.Төлегенова байқауының лауреаттары Расул Жармағамбетов пен Татьяна Вицинская, «Астана Опера» хоры, оркестрі мен балет труппасы дирижер, «Құрмет» орденінің кавалері Руслан Баймурзиннің жетекшілігімен бүкіл концертке мерекелік шырай қосты.Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаевтың мәнерлеп оқуындағы Фариза Оңғарсынованың «Бибігүл – ән» өлеңі кештің көркіне айналды. Мерейтой иесінің шәкірті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забированың орындауындағы Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әйгілі әні барша халықтың сүйіспеншілігі ретінде қабылданды. Бұл ән Б.Төлегенова шығармашылығында әлдеқашан бейресми символға айналған еді.«Ата толғауы» қазақ биін орындаған «Астана Балет» труппасы ерекше сый-сияпат жасады. Көрермендер «Forte Trio» аспаптық ансамблінің орындауындағы қазақ әндерінен попурриді де ықыласпен қабылдады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/884878
Республикалық әншілер байқауы: Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің студенті Бас жүлдені иеленді 17.11.2024
Алматы қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ж.Елебеков атындағы дәстүрлі ән орындаушылардың ІІ республикалық байқауы өтті.Байқау колледж тарапынан әншінің 120 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.Бас жүлдені Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенті Асқат Ермұратұлы иеленді.Іс-шара барысында Ж.Елебековтың репертуарындағы барлық әндер шырқалды.Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 35 қатысушының 15-і екінші кезеңге өтті. Байқау нәтижесінде олар Дипломант атағын, Көрермендер көзайымы жүлдесін және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарды иеленді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/884537
Астанада Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне арналған халықаралық фестиваль өтті 16.11.2024
Астанада Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне арналған «Менің Қазақстаным» халықаралық фестивалі өтті. Іс-шара мақсаты – ұлы композитордың шығармашылығын насихаттау.Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы ұйымдастырған фестиваль еліміздің мәдени өміріндегі маңызды оқиғаларының бірі болды.Фестиваль сахнасында Өзбекстан, Украина және Қазақстан театрларының әртістері, сондай-ақ Әзербайжан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртістері өнер көрсетті.Бағдарламада Шәмші Қалдаяқовтың қазақ музыка мәдениетінің символына айналған шығармалары орындалды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/884531
Қарағандыда этносаралық қатынастар мәселелері бойынша оқыту семинары өтті 16.11.2024
Бүгін Қарағанды қаласының Достық үйінде этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне арналған оқыту семинары өтті.Семинарда этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары, міндеттері мен негізгі бағыттары талқыланып, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмдері түсіндірілді.Спикерлер этносаралық интеграция мен келісімді қамтамасыз етудің негізгі құралы ретінде этносаралық коммуникацияларды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, этностарды біріктіру және ұлт бірлігін қалыптастыру үшін, әсіресе жастар арасында патриотизм мен жалпыазаматтық құндылықтарды тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.Этносаралық инциденттердің уақытылы алдын алу және этномедиацияны дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Спикер тұрақтылықтың негізгі факторы этникалық тегіне қарамастан, азаматтардың құқықтарының теңдігін сақтау, қандай да бір кемсітушілік пен ксенофобияға жол бермеу болып табылатынына баса назар аударды.Сонымен қатар, этносаралық негіздегі кез келген инциденттердің алдын алу бойынша мемлекеттік және құқық қорғау құрылымдарының тиімді жұмысы үшін этносаралық саладағы өзара іс-қимыл алгоритмдерін қатаң сақтау қажеттігі айтылды.Семинар этносаралық саладағы диалог пен тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңға айналды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/884087
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай 30-дан астам концерт пен шеберлік сабақтары өтеді 16.11.2024
Биыл еліміздің музыка өнері үшін маңызды оқиға – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдық мерейтойы өтеді. Консерватория мерейтойын көптеген өнер майталмандары атап өтті. Олардың қатарында скрипкашы Марат Бисенғалиев, баяншы Yves Moulin, опера әншісі Талғат Мұсабаевтар үлкен концерттер қойып, болашақ жұлдыздарға шеберлік сабақтарын жүргізді.Сексен жылда консерватория Қазақстанды әлемге танытқан музыканттардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарған ордаға айналды. Қара шаңырақ түлектерінің арасында Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев, Юрий Клушкин, Алан Бөрібаев, Байғали Серкебаев, Медет Шотабаев сияқты Қазақстанның халық әртістері, Еңбек сіңірген қайраткерлері мен дарынды музыканттар бар.Консерватория 25 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өтетін мерейтойлық марафонға барша көрерменін шақырады. Күн сайын қазақстандық музыканың бай тарихы, заманауи жетістіктері көрсетіледі. Бағдарламада халықаралық конференция, көрмелер және басқа да көптеген іс-шаралар жоспарланған.Қазақстанның жетекші музыканттары тәжірибесін бөлісу үшін шеберлік сабақтары мен кездесулер өткізеді. Олардың қатарында Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсаходжаева, Ресей скрипкашысы Назар Кожухарь, қазақтың дарынды дирижерлары Алан Бөрібаев пен Абзал Мухитдинов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Измайлов және т.б. бар.Мерейтойлық марафон 3 желтоқсан күні Республика сарайында өтетін гала-концертпен қорытындыланады. Қазақстанның ең беделді сахнасында консерваторияның шығармашылық ұжымдары – оркестрлер, ансамбльдер, хор және солистер, сондай-ақ қонақ ретінде шақыртылған әртістер жиналады. Бұл кеш ұрпақтар арасындағы байланысты, музыкалық дәстүрлердің байлығы мен қазақстандық өнердің заманауи үлгісін көрсететін мерейтойдың қорытындысы болмақ.Мерейтойлық марафон бағдарламасын консерватория сайтынан көре аласыз. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/883947
Таразда архив ісі және құжаттама бойынша өңірлік семинар өтті 16.11.2024
Таразда «Архив ісі және құжаттама саласындағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру» тақырыбында өңірлік семинар өтті.Өңірлердегі архив мамандарының біліктілігін арттыру және архив саласындағы өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасу мақсатында өткен екі күндік іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.Семинарға Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының жергілікті атқарушы органдарының, мемлекеттік архивтерінің басшылары мен мамандары, сондай-ақ ведомстволық архив мекемелерінің қызметкерлері қатысты.Жиын барысында ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басқарма басшылары архив саласындағы нормативтік-құқықтық актілер туралы баяндады.Семинарда архив ісін басқару, құжаттарды сақтау және цифрландыру, істер номенклатурасын қалыптастыру талаптары талқыланып, Жамбыл облысы мемлекеттік архивінде өзара тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.Семинар аясында архив құжаттары негізінде дайындалған көрме таныстырылды. Көрмеге облыстың әлеуметтік, экономикалық және мәдени тұрғыдан дамуына еңбегі сіңген азаматтардың архив қорындағы жеке тектік құжат көшірмелері мен жергілікті басылымдардың фототілшілерінің 50-ге жуық фотосуреті қойылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/883969
Есептілік және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасы департаментінің құрылғанына 20 жыл толды 16.11.2024
Есептілік және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасы департаменті ҚР Қаржы министрлігінің жанынан 2004 жылы еліміздің алғашқы Бюджет кодексінің ережелерін іске асыру шеңберінде құрылған еді. Департаменттің негізгі міндетіне Қазақстанда мемлекеттік қаржы статистикасын дамыту мен есеп беру кіреді. 20 жыл ішінде департамент республика мен шетелде мемлекеттік қаржы есептілігі мен статистикасы мәселелері бойынша функционалды міндеттерін едәуір кеңейтуге мүмкіндік алды.Қазір еліміздің 3 Бюджет кодексінің жобасы бойынша дайындық жұмыстары қолға алынды. Соған сәйкес:шоғырландырылған бюджеттің және бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы туралы есептілік;республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамын кеңейту;азаматтық бюджет пен халық қатысатын бюджетті үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде) әзірлеу мен ашық түрде орналастыру;мемлекеттік қаржы статистикасы мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен және рейтингтік агенттіктермен өзара тиімді ынтымақтастық орнату;«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржы статистикасы» (2023), «Халықаралық бюджет ашықтығы индексінің көрсеткіштерін орындау» (2023), «Қазақстан Республикасының 1991-2023 жылдардағы мемлекеттік бюджет статистикасы» (2024) статистикалық жинақтарын шығару жолымен мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ашық түрде орналастыра отырып, бюджеттің ашықтығы мен халықтың бюджет сауаттылығын арттыру бастамасын іске асыру;«Үкімет резерві» мен «Үкіметтің жылдық есебі» функционалын автоматтандыру және т.б. басқа жұмыстар жүргізіліп келеді.Осы орайда Департамент ұжымын мерейтоймен құттықтай келе Ұлттық валюта күнімен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/883677
Мәдениет және ақпарат министрлігі театрларды реконструкциялау және сақтау бойынша жұмысты жалғастыруда: тарихи ғимараттарды күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары басталды 16.11.2024
Мәдениет және ақпарат министрлігі тарихи театрларды қалпына келтіру және жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастыруда. Соның ішінде Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры да бар. Театр ғимараты салынғаннан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Инженерлік желілері мен материалдық-техникалық базасы тозғандықтан өрт қаупі жоғары. Ғимарат реконструкциясы театрдың тарихи келбетін сақтай отырып жүргізіледі. Өйткені ғимарат жергілікті маңызы бар мәдени ескерткіш мәртебесіне ие.Сонымен қатар, демеушілер қаражатымен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратында ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде жеті бөлме, оның ішінде оркестр мен хор залдары, музей, грим бөлмелері, қабылдау залы және т.б. жаңартылды.Наталия Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында да көп өзгеріс болады. Ғимараттың күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.Республикалық академиялық неміс драма театры да назардан тыс қалмайды. Бұрынғы кинотеатр ғимаратында орналасқан театрды жөндеу және газдандыру мәселесі Ұлттық экономика министрлігінің қарауында тұр.Министрлік сонымен қатар 2025 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ғимаратына сараптама жүргізуді жоспарлап отыр. Сараптама барысында оның күрделі жөндеу жұмыстары бойынша алдағы жұмыс көлемі анықталады.Айта кету керек, 2020 жылы еліміздің мәдени мұрасын қолдаудағы маңызды қадам –Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталуы. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/883622
ҚР Ұлттық музейінің жәдігерлері Google Arts & Culture виртуалды көрмесінде ұсынылды 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі «Жібек жолының ортақ мұрасы» виртуалды көрмесінде өз коллекциясынан 10 экспонат ұсынды. Жобаны ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі жүзеге асырды.Виртуалды көрме Google Arts & Culture платформасында жарияланған және оны мына сілтеме арқылы тамашалауға болады https://artsandculture.google.com/pocketgallery/nAWxtrFiZ4dQ1Q.Google Arts & Culture – бұл әлемдегі серіктес мәдени ұйымдардың өнер туындылары мен мәдени артефактілерінің жоғары сападағы суреттері мен бейнелері бар Google басқаратын онлайн платформа.Қазіргі уақытта сервис ұжымы кемінде 80 елдегі 2 мыңнан астам мәдени мекемелермен ынтымақтастық орнатқан. Қолданушылар платформадан өнер туындыларының көшірмелерін, сәулет ескерткіштері мен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандары туралы мәліметтерді таба алады. Сондай-ақ, сайтта бүкіл әлемдегі мәдени мекемелердің мұрағаттарын көруге мүмкіндік беретін цифрлық көрмелер бар.«Жібек жолының ортақ мұрасы» виртуалды көрмесі Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркменстанның ұлттық музейлерінен Жібек жолының мәдени мұрасын сипаттайтын 60 көрнекті музей жәдігерінен тұрады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/883594
Семейде Төлеужар Ибрагимовтың 85 жылдығына арналған республикалық конференция өтті 16.11.2024
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында абайтанушы Төлеужар Ибрагимовтың 85 жылдығына арналған «Семей руханияты және Төлеужар Ибрагимов» тақырыбында республикалық конференция ұйымдастырылды.Іс-шара барысында Төлеужар Ибрагимовтың шығармашылық мұрасын зерттеу, насихаттау және Абай облысының әдебиет пен мәдениетінің рухани құндылықтарын ұлықтау мәселелері талқыланды. Конференция аясында «Оймен оңаша» әдеби-музыкалық еске алу кеші, «Абай деп соққан жүрегі» жылжымалы көрмесі ұйымдастырылып, Төлеужар Ибрагимовтың абайтану саласындағы рөлі туралы зерттеулері таныстырылды.Конференцияға филология ғылымдарының докторы Қанипаш Мәдібаева, Мәдениет саласының үздігі, абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызы және басқа да сарапшылар қатысты.Сондай-ақ, Абай атындағы театр актерлері мен «Дариға-ай» жастар труппасы «Оймен оңаша» атты композициялық көрініс және «Жас Абай» спектаклінен үзінді қойды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/883602
Астанада Герольд Бельгердің екі томдық жинағының тұсаукесері өтті 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті аудармашысы, жазушы және публицист Герольд Бельгердің 90 жылдығына орай екі томдық «Таңдамалылар» кітабының тұсаукесері өтті.Оған мәдениет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар мен аудармашылар, сондай-ақ Ресей дипломатиялық корпусының өкілдері қатысты.Іс-шарада ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али министр Аида Балаеваның құттықтау хатын оқып берді.Министр құттықтауында Герольд Бельгердің қазақ әдебиеті мен мәдениетін дәріптеудегі адал қызметі мен көптілді мұрасы келешек ұрпақ үшін маңызды құндылық екені айтылған.«Бұл жинақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі үйлестіретін «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көріп, еліміздің кітапханаларына таратылады. Бұдан бөлек биыл бірегей тұлғаға арналған жүзден астам рухани іс-шара еліміздің түкпір-түкпірінде кеңінен аталып өтуде. Жылдың кейінгі ширегінің өзінде Герольд Бельгердің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында 32 іс-шара жоспарланып, қалыңорман оқырмандарға ұсынылуда. Министрлік тарапынан жазушының шығармашылығы мен өмір жолын насихаттау жұмыстары да қарқынды жүргізілуде», – делінген құттықтау хатта.Жазушының қызы Ирина Ковалева-Бельгер тұсаукесерге онлайн қатысып, мерейтойға орай өткізіліп жатқан шаралар туралы ойымен бөлісті.«Қазақстанның әр өңірінде Герольд Бельгердің 90 жылдық мерейтойы аясында көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Сондай маңызды шараның бірі – екі томдық жинақтың жарық көруі. Бірінші томда ең үздік әңгімелері мен шығармалары жинақталған. Екінші том өміріндегі аса қымбат жандарға, бірге өмір сүрген, өзі талантын жоғары бағалаған адамдарға арналған. Оның шығармашылығы мен өміріне қызығушылық танытып, насихаттап жатқандарыңыз үшін шексіз алғыс білдіреміз», – деді И. Ковалева-Бельгер.Герольд Бельгердің жаңа екі томдық «Таңдамалылар» жинағына 140-тан аса шығармалары мен аудармалары еніп, әрқайсысы 3000 данамен жарыққа шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/883612
ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Азия даму банкінің өкілдерімен кездесті 16.11.2024
ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Азия даму банкінің (АДБ) атқарушы директоры Жюстин Диокно-Сикат ханыммен кездесіп, екіжақты әріптестікті дамытудың жолдарын талқылады.Аталған кездесуде тараптар АДБ қызметінің перспективалары мен халықаралық қаржы институтының Қазақстандағы 2023-2027 жылдарға арналған елдік әріптестік стратегиясы аясындағы ынтымақтастықты нығайтудың басымдықтары талқыланды.Д. Диокно-Сикат банктің еліміздегі экономикалық реформаларды қолдауға дайын екенін, сондай-ақ консультативтік көмек көрсету мен Қазақстанда қолға алынған басымдыққа ие жобаларды одан әрі қаржыландыруға әзір екендерін айтты.Өз кезегінде Дәурен Маратұлы АДБ Қазақстан Республикасы үшін маңызды және стратегиялық серіктес болып саналатынын, сондай-ақ 2024 жылдың 7-8 қараша күндері Астанада өткен Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 23-ші министрлік конференциясын бірлесіп ұйымдастырғаны үшін ризашылығын жеткізді. Бұл ретте АДБ-ның осы бағдарламасы 20 жылдан астам уақыт бойы халықаралық қаржы ұйымдарымен серіктестікте өткізіліп келетінін айта кетейік.Сонымен қатар кездесуге АДБ Қазақстандағы өкілдігінің директоры Утсава Кумар және аға экономист Генадий Рау қатысқанын атап өткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/883513