Мәдениет
«Бауырына салу» фильмі тағы бір халықаралық марапатқа ие болды 22.11.2024
«Бауырына салу» фильмінің операторы Жанарбек Елеубек Asia World Film Festival (AWFF) фестивалінде «Үздік операторлық жұмыс» жүлдесін еншіледі.Асхат Кучинчирековтің «Бауырына салу» фильмі Қазақстан атынан ресми түрде «Шетел тіліндегі ең үздік фильм» номинациясында 2025 жылғы «Оскар» сыйлығына ұсынылды.Фильм ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.Айта кетейік, «Бауырына салу» фильмінің премьерасы өткен жылы Сан-Себастьян кинофестивалінде өтті. Онда фильм сыншылар мен көрермендер тарапынан жоғары бағаланды. Фильм қазақ дәстүрі бойынша әжесінің тәрбиесінде болған баланың тарихын баяндайды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888988
Ауыл шаруашылығы саласының ардагерлеріне құрмет көрсетті 22.11.2024
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Құрманбек Бәкірұлын және Ауыл шаруашылығы саласының үздігі Керімхан Егізбаевты мерейтойымен құттықтады.«Бүгін ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі, жетекші селекционер, Шиелі ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Құрманбек Бәкірұлының 80 жас, сала үздігі, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Керімхан Егізбайұлының 75 жас мерейтойына арналған жиында бас қостық. Құрманбек Бәкірұлы мен Керімхан Егізбайұлы – ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан өз ісінің білікті мамандары.Жуырда Астана қаласында өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында Президентіміз: «Қазір жаһандық азық-түлік нарығында бәсеке күшейіп келеді. Оған төтеп беру үшін ғылымды дамытуға баса мән беру керек. Соның ішінде тұқым шаруашылығын жандандыру – стратегиялық міндеттің бірі» деген болатын. Бұл ретте, өңірдегі тұқым шаруашылығын дамытуға зор үлес қосқан Құрманбек Бәкірұлы мен Керімхан Егізбайұлының еңбегін ерекше атап өтуіміз қажет»,– деді аймақ басшысы.Құрманбек Бәкірұлы 1944 жылы Шиелi ауданының Бала би ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында білім алып, 1967 жылдан бері Ыбырай Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында еңбек етуде. Ғалым Қазақстанда бірінші болып күріш мутагенезімен айналысты. Осы әдіспен күріштің 130 түрін шығарды. Ақ күріштің бірнеше сортының, оның ішінде «Маржан» және ерте пісетін «Ару» сортының негізгі авторы атанды. 160-тан астам ғылыми еңбек жазды.Қазіргі таңда Ресейдің ядролық зерттеулер институтымен бірлесіп күріштің тұзға, қуаңшылыққа төзімді формаларын алу бойынша жұмыс жасауда. Ол 1997 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік ғылыми стипендиясын иеленді.Керімхан Егізбайұлы 1949 жылы Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін, еңбек жолын 1977 жылы туған жерінде бастаған. 1994 жылдан бері «Агротехнология» ғылыми-өндірістік шаруашылығын құрып, ғылым мен өндірісті ұштастырып еңбек етіп келеді. Күріштің «Авангард» сортын, «Венгрия» жүгерісін, Польшадан шыққан гибридтерді, өзбектің ақ жүгерісін, жоңышқаның жетісулық жергілікті сорттарын аудандастырып, егу тәсілін меңгерді. Мұны дүние жүзінде бірінші болып ғылыми зерттеп, дәлелдеп, өндіріске енгізді. Қазіргі таңда бұл әдісті әлемдегі күріш егетін елдің барлығы пайдаланады.Мал шаруашылығында америкалық «Санта-Гертруда» асылтұқымды ірі қараны алғаш рет облысқа жерсіндіріп, оның басын 400-ге жеткізді. Күріштің «Айкерім» жаңа сортының авторы, күздік бидай, арпаның жаңа сорттарының қосымша авторы атанды.Актив отырысында Құрманбек Бәкірұлына және Керімхан Егізбайұлына Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды. Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Абзал Ералиев ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғалиолла Мейірман мерейтой иелерін құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/888608
«Бізге дәрігер керек» фильмі – XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің шымылдығын ашады 22.11.2024
2024 жылдың 24-30 қарашасы аралығында Алматы мәдениет пен кино өнерінің орталығына айналады. Жылдың ең маңызды мәдени шараларының бірі – XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өз шымылдығы қазақстандық «Бізге дәрігер керек» фильмінің көрсетілімімен ашылады.Бұл отбасыға арналған туынды адамгершілік, кәсіби шеберлік және өмірде орын алатын күтпеген оқиғалар жайлы сыр шертеді. Ол көрермендерді терең сезім, әсерлі әзіл және өмірлік философияға толы ерекше әлемге жетелейді. Картина сюжеті Алматыдағы ауруханалардың бірінде өрбиді. Онда білікті дәрігер Николай Анатольевич Грачевтің 70 жылдық мерейтойы тойланбақ. Туған күн салтанатты түрде басталғанымен, оқиға күтпеген арнаға түсіп, адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынастарды ашады.Көрермендер үшін «Бізге дәрігер керек» фильмі тек оқиға желісін ғана емес, сонымен қатар дәрігерлердің адал еңбегін, өмірлік құндылықтар мен үмітке толы терең эмоцияларды жеткізеді. Аталмыш фильм «Еуразия» кинофестивалінің айрықша туындысы болмақ.«Бұл музыкалық комедия бродвейлік стильдегі мюзикл жанрында түсірілген. Біз тек ән айтумен шектелмейміз. Әрбір ән сюжеттің өрбуіне үлес қосады. Осындай фильмді Қазақстанда бұрын-соңды көрген емеспін», – дейді фильм режиссері Равиль Трумов.Бұл туынды қазақстандық кино шеберлерінің нәтижелі жұмысының жемісі. Фильмнің сценариін Асқар Бисембин, Сәкен Токтағұлов, Мейірман Әбдіраимов және Равиль Трумов жазған. Композитор Алексей Маклайдың музыкасы оқиғалардың шынайылығын әсерлі етіп, әркімнің сезімін тербетеді. Қоюшы операторлар Евгений Махметов пен Қазбек Әміржановтың шеберлігі әр көріністі көркемдей түсті.Көрермендер фильмдегі кейіпкерлердің жан дүниесімен актерлердің шынайы ойыны арқылы танысады. Әсіресе, Серік Шәріп пен Қарақат Башанова өз рөлдерін шеберлікпен сомдап, фильмге ерекше жылулық сыйлады. Актерлік ансамбль қазақстандық кинематографтың жоғары деңгейін кезекті рет дәлелдейді.Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.Бас демеуші: Bazis-A халықаралық құрылыс компаниясы.Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888864
Астанада азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс бойынша семинар өтті 22.11.2024
Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін «Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл тетіктері» тақырыбында семинар өтті.Қатысушылар азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс пен конструктивті диалогтың маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру тетіктері, қоғамдық кеңестер мен қоғамдық бақылау жұмыстарын, ҮЕҰ-мен өзара байланыс, ҮЕҰ дерекқорын енгізу секілді өзекті мәселелерді талқылады.Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға талқыланған мәселелерді шешу бойынша ұсынымдар беріліп, одан әрі жұмыс үшін кеңестер берілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888912
«Есік» музей-қорығында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті 22.11.2024
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Еуразия далалық өркениеті: тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу, сақтау және пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбында «V Есік оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.Іс-шара қазақ археологиясы мектебінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның ежелгі және ортағасыр тарихын зерттеуші, көрнекті археолог-ғалым Кемел Ақышевтың туғанына 100 толуына орай ұйымдастырылды.Конференцияда Қазақстанның археологиялық ескерткіштері: тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану жолдары, далалық ізденістер нәтижелері бойынша тарихи-мәдени мұра нысандарын зерттеу және қорғаудың әдістемелері, пәнаралық зерттеулер мен музей ісінің мәселелері талқыланды.Конференция аясында К.Ақышевқа арналған мемориалды зал мен көрме ашылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888751
Астанада «Мың бала» жобасының жеңімпаздары марапатталды 22.11.2024
Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.«Мың бала» жобасы мектеп жасына дейінгі балаларды, мектеп оқушылары мен түрлі этнос жастарын мемлекеттік тілді үйренуге тарту, сондай-ақ оларды шығармашылық арқылы қазақ халқының ұлттық және рухани құндылықтарына баулуға, қазақстандық бірегейлікті насихаттауға және халық бірлігін нығайтуға бағытталған.Іс-шара аясында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының 2015-2024 жылдардағы жеңімпаздары өнер көрсетті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888769
Астанада волонтерлік және әлеуметтік жобаларды этикалық тұрғыда жариялау бойынша семинар өтті 22.11.2024
Астанада 21 қараша күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ ұйымдастырған семинар өтті.Семинардың негізгі бағыты – әлеуметтік тақырыптарды ұсынудың этикасы мен заманауи тәсілдеріне баса назар аударып, БАҚ өкілдерінің кәсібилігін арттыру.Волонтерлік бастамаларды жариялаудың жаңа әдістерін зерттеу және «сезімтал ақпаратпен» («sensitive information») жұмыс барысында этикалық нормаларды сақтау мәселелері талқыланды.Іс-шараға тек БАҚ өкілдері ғана емес, сонымен қатар медиа-волонтерлер де қатысты. Бұл диалогты одан әрі жандандырып, мазмұнды етті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888607
Астанада «Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық конференция өтті 22.11.2024
Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Іс-шара «Архив-2025» жобасы аясында шетелдердегі Қазақстанға қатысты құжаттарды анықтау, көшіру, цифрлау және жариялау бағытында жасалған жұмыстарды талқылауға арналды.Конференция шеңберінде Қазақстан тарихына қатысты бірегей құжаттардың көрмесі ұйымдастырылды. Экспозицияда Ресей, Германия, Моңғолия, Беларусь, Армения, Түркия сияқты мемлекеттердің архивтерінен әкелінген құжаттар қойылды.Іс-шара аясында «Материалы и документы Российского государственного военно-исторического архива по истории Казахстана XIX века» атты құжаттар жинағының тұсаукесері өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888655
«Қыс-2024» республикалық штабтық оқу-жаттығуы басталды 22.11.2024
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Қыс-2024» республикалық штабтық оқу-жаттығуы өтті.Жаттығудың республикалық штабы Көкшетау қаласында орналасқан.Оқу-жаттығу осы жылдың 21-22 қарашасы аралығында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезеңде төтенше жағдайларды жоюға дайындығын, қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының төтенше жағдайға ден қою әзірлігін тексеру мақсатында өткізіледі.Командалық-штабтық жаттығулар, авариялық құтқару қызметтерінің және азаматтық қорғау құрылымдарының практикалық іс-қимылдары пысықталады. Саптық қарауға азаматтық қорғау, авариялық-құтқару құтқару қызметтерінен 49 техника, 119 қызметкер қатысады. Оқу-жаттығу барысында электр сиреналары іске қосылып, құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/887734
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтің Сырдария ауданының тұрғындарымен кездесуі 22.11.2024
22 қараша күні аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданына қарасты А.Тоқмағанбетов, С.Сейфуллин ауылының тұрғындарымен кездеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/887739
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтің Жалағаш ауданының тұрғындарымен кездесуі 22.11.2024
22 қараша күні аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Жалағаш ауданына қарасты Ақсу, М.Шәменов ауылының тұрғындарымен кездеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/887766
Раманхан Төрегелдиев ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды 22.11.2024
Раманхан Төрегелдиев 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының дүниеге келген. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетін және Қаржы академиясын бітірген.Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 14 жылдан асады. Ол мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мансабын 2009 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасының сарапшысы лауазымынан бастады.2017-2020 жылдар аралығында Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде басқарма басшысы болып жұмыс істеді, сондай-ақ Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.2020 жылдан 2023 жылға дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болды.2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі апелляция департаментінің директоры қызметін атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/888540
Атырауда Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай поэзия кеші өтті 22.11.2024
М.Өтемісов атындағы академиялық қазақ драма театрында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов пен ұрпақтары қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Шара шымылдығы «Фариза -рух жанартауы» атты театрландырылған музыкалық-поэтикалық-мультимедиалық қойылыммен түрілді. Кейін аймақ басшысы Серік Шәпкенов құттықтау сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.- Фариза Оңғарсынова - ұлт мәдениетін дамытуға зор үлес қосқан қарымды қаламгер. Ол төл әдебиетімізге жаңа леп әкеліп, қайталанбас қолтаңбасын қалдырды. Халқының ыстық ықыласына бөленіп, поэзия падишасы атанды. Қайсарлық пен қайраткерліктің символына айналған сыршыл ақын ер мінезімен, ершіл жырларымен дараланды. Теңдессіз туындылары арқылы адам бойындағы асыл қасиеттерді дәріптеді. Теңдессіз туындылары арқылы адам бойындағы асыл қасиеттерді дәріптеді. Қазақ аруының биік болмысын, қоғамдағы рөлін шеберлікпен суреттей білді. Фариза Оңғарсынованың шоқтығы биік шығармалары мен өнегелі өмірі әлі талай ұрпаққа тағылым берері анық. Оның есімін ел жадында сақтау - бәріміздің ортақ міндетіміз. Сөз зергерінің соңынан қалған мол мұрасы алдағы уақытта да терең зерделеніп, кеңінен насихатталады деп сенемін,-делінген құттықтау хатта.Сондай-ақ салтанатты жиынға ҚР Жазушылар Одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, көрнекті әдебиеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сауытбек Әбдірахманұлы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева, ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Светқали Нұржан, белгілі Мемлекет және қоғам қайраткері Ирак Елекеев, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықова, қазақтың белгілі ақындары Оңайгүл Тұржан, Жанат Әскербекқызы, Танагөз Ильясова, Маржан Ершу қатысты.Кеште поэзия падишасының сөзіне жазылған әндер айтылып, театр фойесіне Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналған тақырыптық баннер, Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының және облыстық тарихи-өлкетану музейінің тақырыптық көрмесі қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/888484
Алматыда Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесі ашылды 22.11.2024
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде қоғам қайраткері, Қазақстан Өнер академиясының және «MONDIAL ART ACADEMIA» Дүниежүзілік өнер академиясының академигі, Қазақстанның көрнекті суретшісі Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.Көрме автордың 50-ге жуық цифрлық кескіндеме және графикадағы шығармаларынан тұрады. Ұсынылған ерекше туындылардың бірі – цифрлық кескіндеме. Бұл суретшінің өнерге заманауи технологияларды енгізуге деген ұмтылысын білдіреді және Қазақстанның жас суретшілеріне маңызды бағдар болары анық. Экспозиция көрермендерді шығармашылықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуға шабыттандырып, XXI ғасыр өнерінде цифрлық технологиялардың бірегейлігін айқындауға және әрбір адамға шебердің туындыларынан «Уақыт резонансын» табуға мүмкіндік беруді көздейді.Көрме 2024 жылдың 4 желтоқсанына дейін жалғасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/887231
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі umarovnews.kz интернет-басылымының журналисіне құқықтарын қорғауда қолдау көрсетуге дайын 22.11.2024
Орал қаласында сот отырысы кезінде адам өлтіру ісі бойынша айыпталушының әкесі сот залында umarovnews.kz интернет-басылымының журналисі Талғат Омаровқа қол жұмсаған. Болған оқиғаға байланысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Талғат Омаровтың құқықтарын қорғауда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдейді. Бұл көмек адвокат ұсынуды және қажетті құқықтық қолдау көрсетуді де қамтиды. Сондай-ақ, Министрлік заңды журналистік қызметке кедергі келтірудің қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.Бұл жағдай журналистің заңды кәсіби қызметін шектеу және қоғам мүддесі үшін жұмыс істейтін журналистердің құқықтарын өрескел бұзу саналады. Сот процестеріне қатысушылардың барлығы заң талаптарын сақтап, журналистердің құқықтарын құрметтеуі тиіс. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/887232
Ақын Әбубәкір Смайыловтың өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті 22.11.2024
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын Әбубәкір Смайыловтың «Құс жолында біреу жүр жоқ қараған» атты кітабының тұсаукесері өтті.Жинаққа ақынның кейінгі жылдары жазған азаматтық поэзиясы мен лирикалық өлеңдері енген.Кітаптағы туындылар өткен ғасырдың аяғы мен жаңа ғасырдың басындағы қоғамның тыныс-тіршілігін суреттейді.Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар мен оқырмандар қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/887635
«Еуразия» кинофестивалінде «Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы көрсетіледі 22.11.2024
24-30 қарашасы аралығында Алматы XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің орталығына айналады. Биылғы фестиваль қазақстандық киноның айтулы мерейтойларымен ерекшеленеді. Қазақ киносының жарық жұлдызы Шәкен Аймановтың 110 жылдық мерейтойы, сондай-ақ «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының 90 жылдығы және киностудияға Айманов есімінің берілгеніне 40 жыл толды.«Бұл жыл біз үшін ерекше маңызға ие. «Еуразия» кинофестивалі ұзақ үзілістен кейін қайта жанданып, жаңа белеске қадам басып отыр. Сонымен қатар, біз биыл Шәкен Аймановтың мәдени мұрасын дәріптеп, қазақ киносының байлығын әлемге танытуды көздейміз. Оның фильмдері көптеген буындарға шабыт берді. «Қазақфильм» киностудиясының қайта жаңғыруы да осыны айқындай түседі», – деді Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы президентінің міндетін атқарушы, фестиваль директоры Айдар Омаров.Фестивальдің ең басты шаралараның бірі – Шәкен Аймановтың 1964 жылы түсірілген «Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы көрсетіледі. Бұл туынды ұлттық мәдениетке деген құрметтің ерекше белгісі ретінде ұсынылады. Фестивальдің бағдарламалық директоры Диана Әшімова картинаның реставрацияланған нұсқасын көрермен назарына ұсыну арқылы қазақ кинематографиясының байлығын жаңа сапада көрсетуді мақсат еткенін жеткізді.Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Айта кетейік, іс-шараның басты серіктесі Bazis-A халықаралық құрылыс компаниясы. Сондай-ақ, KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Eurasian Resources Group (ERG), Sarens Kazakhstan, Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі және Astana Motors демеушілік етті.Фестиваль бағдарламсында халықаралық байқау, Орталық Азия мен түркі әлемі елдерінің фильмдер байқауы өтеді. Сонымен қатар іскерлік алаңдардың жұмысы да қыза түспек.«Фестиваль тек байқаулық көрсетілімдермен шектелмейді. Байқаудан тыс бағдарламалар, шеберлік сабақтары, премьералар және киноиндустрия мамандары үшін ерекше тәжірибе мен білім алмасу мүмкіндігін беретін іскерлік алаңдар ұйымдастырылады. Барлық іс-шаралар Алматының заманауи кинотеатрларының бірі – Kinopark 11 IMAX Esentai-де өтеді, ал іскерлік кездесулер Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өткізіледі», – деп атап өтті кинофестивальдің іскерлік алаңының жетекшісі Кәрім Қадырбаев.Фестивальдің негізгі мақсаты – мәдени байланысты дамыту, қазақ киносының жаңа есімдерін ашу және ұлттық мұраны дәріптеу болып табылады. Бұл орайда ақпараттық серіктестер өз үлесін қосуда Олардың қатарында «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/887742
Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті 22.11.2024
Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті. Жиынға өңірдегі өндірістік, көлік-логистикалық, мұнай-газ компанияларының 100 қызметкері, бизнесмендер, ұлттық компаниялар мен кәсіподақтар өкілдері қатысты. Кездесу жастарды қолдауға және олардың кәсіби дамуына қолдау көрсетуге, сондай-ақ жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған. Айта кетейік, Мемлекет басшысы бұл міндеттерді өз Жолдауында сөз етіп, алдағы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.Слет аясында өндіріс саласында табысқа жеткен жандармен және компания басшыларымен мотивациялық кездесу өтті. Сонымен коучпен қатар қатысушыларға арналған стратегиялық сессия ұйымдастырылды.Жастар өз ісінің мамандарымен байланыс орнатуға, өзекті тақырыптарды талқылауға және бастамаларын іске асыру үшін қажетті ақпарат алуға мүмкіндік алды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/887872
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы шетелдік сарапшылардан тұрады 22.11.2024
«Еуразия» кинофестивалі кезекті рет өзінің Орталық Азиядағы ең ауқымды және беделді мәдени іс-шара екенін дәлелдеп отыр. Биыл қазылар алқасының 70%-ын Түркия, Қытай, Франция, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Швеция, Марокко сияқты елдерден келген шетелдік сарапшылар толықтырды. Бұл фестивальдің халықаралық деңгейде мойындалғанын және оған деген қызығушылықты айқындайды.Мәдени шара 24-30 қараша аралығында Алматыда өтеді. Кино әлемінің үздік мамандары – режиссерлер, актерлер, сценаристер мен көрермендер бір алаңда тоғысады. Олар өзара пікір алмасып, заманауи киноның дамуындағы жаңа әдістерді талқылап, өз тәжірибесімен бөлісе алады.Фестивальдің негізгі байқаулары да ерекше назарда. Халықаралық байқауға әлем кинематографиясының аңызы, Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағы» иегері Нури Бильге Джейлан төрағалық етелі. Қазылар алқасының құрамына сондай-ақ Рано Шодиева, Нада Ажари Гиллон, қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов және қырғыз режиссері Артықпай Сүйіндіков бар. Ал Орталық Азия және түркі әлемі елдері байқауында бақ сынасатын туындылардың ең үздігін басқа топ анықтайды. Қазылар алқасының төрағасы Ли Баохуа. Оның шығармашылығы негізінен мәдени мұра тақырыбына арналған және киносүйер қауымның көңілінен шығады. Қытайлық режиссермен бірге фильмдерді марокколық Абделила Эль Джаухари, ресейлік Алексей Тельнов және қазақстандық продюсер Жанна Қуанышева бағалайды. Фестивальге сондай-ақ Азия елдерінің кинематографиясына ерекше көзқарас ұсынатын NETPAC қазылар алқасы қатысады. Олардың қатарында Нина Кочеляева, Гүлбара Толомушова және Андре Рафаэль Иванов бар. Кинофестивальдің жүлде қоры да көңіл қуантарлық. Ол 20 миллион теңгеден асады. Байқаудың бас жүлдесін жеңген фильм 4 миллион теңгені қанжығасына байлайды. Бұл отандық және шетелдік кинематографистерді шабыттандыратыны сөзсіз.Фестиваль аясындағы көрсетілімдер 25-30 қараша аралығында Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында өтеді. Ең бастысы мәдени шараның кең аудиторияға қолжетімді болуы үшін барлық көрсетілімдер тегін болмақ.Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Eurasian Resources Group (ERG), Astana Motors демеушілік етті.Бас демеуші: Bazis-A халықаралық құрылыс компаниясы.Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/887908
Атырауда «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды 22.11.2024
Салтанат сарайы ғимаратының тұрағында облыстағы төтенше жағдайда шұғыл әрекет ету мекемелерінің қысқа дайындығы тексерілді,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Дәстүрлі жиынға облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, авариялық құтқару мекемелеріне жеке-жеке барып, құрал-саймандармен, арнайы техникалармен танысты.Күрделі метрологиялық жағдай туралы Атырау қаласы мен барлық ауданда сағат 11:00-де сирена ойнап, төтенше жағдайлар департаментінде оқу-жаттығудың жедел штабы құрылды. Қазір «Дабыл-1001», «Қарғын-2002», «Үзіліс-3003» сигналы бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда.Оқу-жаттығудың практикалық бөлімі 22 қарашада «Атырау облысы Су Арнасы» КМК аумағында және республикалық маңызы бар «Атырау-Орал» тас жолы бойында өтеді.Жалпы оқу-жаттығуға барлығы 252 жеке құрам және 131 бірлік техника қатысып жатыр. Облыста қысқы мезгілге 281 техника мен 14 968 тонна инертті материал дайын.Екі күндік оқу-жаттығуға қатысушылар тіршілікті қамтамасыз ету нысандарында қысқы мезгілде төтенше жағдайды жою үшін арнайы-тактикалық жаттығулар өткізіледі. Жедел-құтқару қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру, тез әрекет ету жұмыстары пысықталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/887825