Мәдениет
Атырау облысында бір жылда спорттық секциямен қамтылған бала саны 75,7%-ға артты 03.12.2024
Аймақта балаларды спортқа баулу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Өңірде 17 спорттық секциямен 22 мыңнан астам бала шұғылданады, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 75,7%-ға өсті. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлім етті.- Дені сау ұрпақ қалыптастыру және балалардың спортта айтарлықтай жетістікке жетуіне жағдай жасау үшін спорттық нысандардың санын арттырып жатырмыз. Жыл басынан бері аймақта 5 спорттық нысан ашылды. Қазіргі уақытта 14 нысанның құрылысы жүруде. Өңірде спортпен шұғылданатын бала саны 20 358-ге жеткен. Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын сақтануға тырыс жүргендері қуантады, -деді Серік Шәпкенов.Сонымен қатар Серік Шәпкенов 2025 жылы саланы цифрландыру жұмысы басталатыны туралы айтты. Бұл бөлінген қаражаттың жұмсалуын қадағалауға, кәсіби спортшылар мен спорт саласы қызметкерлерінің деректерін жинауға, спортшыларды іріктеу процесінде ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы жұмыстан бөлек келер жылы 12 мың адамға арналған стадионның және ұлттық спорт кешенінің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Жалпы аталған жобалар спорт саласының дамуына серпін беріп, өңірдегі жас спортшылардың кәсіби шыңдалуына жағдай жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895347
Атырау облысында ауыз сумен қамту және су бұру жүйесін жақсарту бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр 03.12.2024
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мақсатында іске асып жатқан жобалар туралы аймақ басшысы Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде айтты.Жалпы өңір халқының 99,8%-ы таза ауыз сумен қамтылған. Биыл Қызылқоға ауданының Қоңыраулы, Аққора ауылы мен Махамбет ауданының Бала Ораз елді мекеніне 18,9 шақырым су құбыры жүргізілді. Сонымен қатар Махамбет ауданына қарасты Атамбаев, Көздіқара, Есмахан елді мекендеріне жалпы ұзындығы 61,7 км болатын су құбырын тарту жұмыстары аяқталып келеді. Қос жобаның нәтижесінде 600 адам таза ауыз сумен қамтылады. Сондай-ақ Махамбет, Исатай, Құрманғазы ауданында 16 су тазарту станциясы жаңғыртылып жатыр.- Тасқынның салдарына қарамастан халықты сапалы ауыз сумен қамту бағытында жұмыстар жүйелі жүруде. Мәселен, қалада тәулігіне 50 мың текше метр су тазалайтын №5 сүзгі станциясын жаңғырту жұмысын жыл соңына дейін аяқтап, іске қосамыз. Сондай-ақ келер жылы тәулігіне 60 мың текше метр су тазалайтын №6 сүзгі станциясының құрылысы басталады. Биыл қала аумағында 60 шақырым су желісінің жаңғырту жұмысын бастадық. Оның 30 шақырым су құбыры темірден пластикке ауыстырылды. Қалған 30 шақырымдағы жұмысты келер жылы аяқтаймыз. Бұған қоса қаладағы 1950 жылдан бері жөндеу көрмеген, ұзындығы 40 км болатын кәріз желісін жаңартып жатырмыз. Бүгінде бұл жұмыстың 17 шақырымында жұмыс аяқталды , - деді С.Шәпкенов.Сондай-ақ Атырауда 1945 жылдан бері жөнделмеген кәріз сорғы станцияларын жаңғырту,күрделі жөндеу жұмысын басталған. 9 кәріз сорғы станциясы жаңғыртылуда. Жыл соңына дейін бесеуіндегі жұмыс аяқталады. Оған қоса 36 станцияны реконструкциялау үшін жобалық сметалық құжат дайындалып жатыр. Ал Құлсары қаласында 14 кәріз сорғы станциясы күрделі жөндеуден өтті. Исатай ауданы Аққыстау ауылында кәріздік тазарту ғимаратының құрылысы жүрде.– Атырау халқын алаңдатқан басты мәселенің бірі – ықшам аудандардағы кәріз жүйесі. Жауын-шашын кезінде тұрғындардан түсетін шағым көбейеді. Жердің тұздылығы тағы бар. Мәселені шешіп, Атырау қаласындағы бірнеше ықшам ауданды орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу үшін бүгінде 22 учаскеге жүргізілетін кәріз желісінің жобалық сметалық құжаты жасақталды. 2026 жылдан бастап жүргізілген кәріз желісі қаланың оң жағалауындағы кәріздік-тазарту ғимаратына қосылатын болады. Жалпы бұл жұмыс 5 жылды алатындықтан, кезең-кезеңімен істеледі, - деді өңір басшысы Серік Шәпкенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895352
Атырау облысында инвестициялық жоба аясында 742 шақырым электр желісі жөнделді 03.12.2024
Өңір басшысы Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингінде Атырау облысын электр желісімен жабдықтау мәселесіне тоқталды.Аймақ басшысының айтуынша, жыл басынан бері ЭЧ-4 мекемесіне қарасты 160,9 шақырым электр желісі ауыстырылып, нәтижесінде 54 000 адам тұрақты электр энергиясымен қамтылды. «Атырау Жарық» АҚ инвестициялық жобасы аясында 742 шақырым желі жөнделді. Сондай-ақ қалада ықшам аудандардағы жарықтың жиі сөну мәселесі жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен шешілуде.- Жиі көтерілетін өзекті мәселенің бірі «Нұрсая» ықшам ауданындағы электр желісі мен қуатына байланысты. Оған осыдан 16 жыл бұрын жүргізілген электр желісінің жағдайы себеп. Қазір ескі желі заманауи кабельдерге ауыстырылды. Осы жұмыстың арқасында аталған ықшам ауданға қатысты тұрғындардан жарықтың өшуі туралы түсетін шағым саны соңғы 3 айда 4 есеге дейін азайған,-деп атап өтті С.Шәпкенов.Жалпы ұзындығы 32 шақырым болатын жерасты кабелін ауыстыру жоспарланып отыр. Қазір 20 шақырым жерасты кабелі жаңасына ауыстырылған.Жоба аясында жыл соңына дейін «Жұлдыз», «Жұлдыз-3», «Водников» ықшам ауданы және Берқайыр Аманшин, Бақтыкерей Құлманов көшесі мен Қаныш Сәтпаев даңғылындағы электр желісі ауыстырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895364
Биыл экологиялық талаптарды бұзған мекемелерге барлығы 32 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды 03.12.2024
Биыл облыстық экология департаменті өңірдегі экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау үшін 27 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 149 әкімшілік іс қозғады. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов баспасөз брифингінде мәлім етті. - Ереже бұзған сегіз мекемеге сот шешімімен 12 млрд 193 млн теңге айыппұл салынды. Ал 129 әкімшілік іс бойынша 19 млрд 419 млн теңге көлемінде айыппұл салу туралы қаулы шығарылды.Атмосфералық ауаға тарайтын газдардың, басқа да зиянды заттардың мөлшерін азайту мақсатында биыл 419,5 га орман алқабына 965,7 мың көшет отырғызылды. Сондай-ақ қала мен елді мекендер ішіндегі 52,3 га жерге 78,9 мың тал егілді. Сонымен қатар аймақта ауаға шығарылатын эмиссия көлемі де азайып келеді,-деді С.Шәпкенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895376
В Атырауской области для обслуживания дамб и каналов создано предприятие «Табиғат» 03.12.2024
Предприятие «Табиғат» занимается обслуживанием дамб, возведенных в области, а также каналов и других гидрологических объектов. Об этом рассказал аким Атырауской области Серик Шапкенов на пресс-конференции в Службе центральных коммуникаций при Президенте РК.– До весны мы проверим качество этих дамб и при необходимости дополнительно укрепим их. В целях предупреждения паводков в Жылыойском районе проводится ряд работ. В частности, дноуглубительные работы будут проведены на 95 километрах канала Курсай и реки Жем. На сегодня расчищено и углублено 43 километра. Эта работа будет продолжена, – сказал глава региона Серик Шапкенов.В Жылыойском районе будут построены дамбы для защиты города Кульсары, сел Шокпартогай, Тургызба и Аккиизтогай. Планируется очистить канал Куржем протяженностью 6,6 км, Камысколь и другие озера. Кроме того, будут реконструированы водопропускные сооружения в каналах.В своем выступлении глава региона Серик Шапкенов отметил, что с нового года возобновит свою работу областной оперативный штаб по организации противопаводковых мероприятий.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895382
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақының жеңімпаздары анықталды 03.12.2024
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау бойынша жыл сайынғы байқау аяқталды. Қоғам қайраткерлері мен сарапшылардан құрылған конкурстық комиссия 135 ұйымның өтінімін қарады.Нәтижесінде 15 номинация бойынша 66 үкіметтік емес ұйым сыйлықақы иегері атанды.Лауреаттардың жұмысы жоғары әлеуметтік маңыздылығын көрсетеді. Сыйлықақы жеңімпаздары 5 мыңнан астам арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіп, 8 мыңнан астам адамға оңалту жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарынан 60-тан астам адам жұмысқа орналастырылды.Айта кетейік, кейінгі сегіз жыл ішінде бұл беделді марапат 486 үкіметтік емес ұйымға табысталған.Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы жеңімпаздарының тізімі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/894999
Атырауда «Мұнай-газ, экологиялық бағыттардағы салалық журналистиканың ерекшеліктері» атты республикалық семинар өтті 03.12.2024
Атырау қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Атырау облысының әкімдігімен және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетімен бірлесіп ұйымдастырған «Мұнай-газ, экологиялық бағыттардағы салалық журналистиканың ерекшеліктері» тақырыбында республикалық семинар өтті.Семинар өңірдің өзекті мәселелерін (мұнай-газ секторы, қоршаған ортаны қорғау, инфрақұрылым және т.б.) жариялау кезінде журналистердің біліктілігін жақсартуға, БАҚ пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы коммуникацияларды жетілдіруге бағытталған.БАҚ өкілдері мұнай-газ саласының негіздері және қалыптасу тарихы, энергостатистикамен жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысып, мұнай-газ өнеркәсібіндегі оқиғаларды талдау дағдыларын меңгерді.Іс-шараның ашылуында Министрліктің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов сөз сөйледі.Қайнар Ахетов журналистерді аккредиттеудің жаңа қағидалары, БАҚ-тың жазбаша сұрауларына жауап беру мерзімдері, гранттық қаржыландыру бойынша «Масс-медиа туралы» заңның негізгі ережелерін түсіндірді.Семинар Салалық журналистиканы дамытудың 2024 жылға арналған жол картасы аясында өткізілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/894801
Президент Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ музыкалық мектеп-интернатты 60 жылдық мерейтойымен құттықтады 02.12.2024
Биыл Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ музыкалық мектеп-интернатының ашылғанына 60 жыл толды. Мерейтойға орай ерекше концерт ұйымдастырылды.Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.«Халқымыздың біртуар перзенті Ахмет Жұбановтың бастамасымен ашылған білім ордасы бүгінде дарынды балаларды тәрбиелеудің өзіндік дәстүрін қалыптастырған іргелі оқу орнына айналды. Сіздерге қазақтың музыка өнерін дамыту жолындағы еселі еңбектеріңіз үшін зор ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта да дарынды әрі саналы ұрпақ өсіріп, ел игілігіне аянбай қызмет ете бересіздер деп сенемін», – делінген Мемлекет басшысының хатында.Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев түрлі байқауларда топ жарып, халқымыздың мерейін асырған мектеп шәкірттерін бүкіл еліміз мақтан тұтатынын атап өтті.Мерейтойға орай мектептің бірқатар ұстаздарына мемлекеттік марапаттар табысталды.Мектеп-интернаттан 60 жыл ішінде мыңға жуық музыкант түлеп ұшқан.Оқу орнында білім алған 800-ден астам өнерпаз халықаралық және республикалық конкурстар мен фестивальдердің лауреаты атанған. Қазіргі таңда мектепте 500-ге жуық дарынды бала білім алуда.Оқу орны «Теория және композиция», «Скрипка және альт», «Виолончель және контрабас», «Арнайы фортепиано», «Үрмелі және ұрмалы аспаптар», «Халық аспаптары», «Міндетті фортепиано», «Хор дирижерлығы» және «Концертмейстерлік шеберлік» секілді 10 бағыт бойынша кәсіби музыканттарды дайындайды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/894722
Жаңа заңнаманы іске асыру мәселелері қаралды 02.12.2024
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңнаманы іске асыруға қатысты арнайы жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына, аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.«Парламент Мәжілісінің депутаттарына «сақалды» құрылыстар бойынша мердігерлердің жауапкершілігін арттыру жөнінде айтқан ұсыныстарымыз жаңа заңда қолдау тапты.Атап айтқанда, шарттық міндеттемелерді кешіктіргені және орындамағаны үшін сот шешімі шықса, сол мердігерлер 2025 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайды. Сонымен қатар, алдағы жылдан бастап бюджет қаржысы есебінен салынатын құрылыстарға барынша жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыруымыз керек. Бұл ретте, құрылысқа қосалқы мердігер тартуға тыйым саламын. Сондай-ақ, сапаға баса назар аудару керегін тағы да ескертемін.Мемлекеттік сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа, мүдделер қақтығысына жол бермеу бағытындағы шараларды күшейтіңіздер. Әсіресе, бір көзден сатып алуға тұрақты мониторинг жүргізіңіздер. Конкурстарды ұйымдастыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және болдырмау үшін профилактикалық шаралар қабылдаңыздар», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/894643
Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес құрылыс нысандары тексерілді 02.12.2024
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасымен облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, облыс әкімі аппаратының басшысы Әділхан Мұхамедияров және жауапты сала басшылары Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы құрылыс нысандарына барды.Алдымен Шиелі ауданы "Алмалы" ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның және Шиелі кентіндегі "Руханият орталығының" құрылыс алаңдарындағы жұмыстармен танысты.«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы маусым айында басталған. Жақын арада ел игілігіне табысталады деп күтілуде. Сонымен қатар, аудан орталығының «Ақ орда» мөлтек ауданындағы ипотекалық тұрғын үйлердің құрылыс барысы да тексерілді. Бұл жердегі 122 пәтерлік тұрғын үйлер әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін сатып алынған.Әрі қарай облыстық мәслихат төрағасы бастаған жұмысшы топ Жаңақорған ауданындағы "Оқушылар үйі" мен "Өнер мектебінің" құрылыс жұмыстарын көрді. Мұнда жер жұмыстары, іргетас қалау, монолитті колонна, ригель құю, кірпіш қалау, екі қабаттың да ішкі қабырғасын сылау, әрлеу, терезелерін орналастыру 100 пайыз аяқталған. Ендігі кезекте сырты қапталып, абаттандырылуда. Жаңақорған кентіндегі "Руханият орталығы" мен "Бесарық" ауылындағы №54 мектеп жанындағы 375 орындық қосымша оқу ғимаратының құрылыс алаңдарында да қызу жұмыс атқарылуда. Бастауыш сыныптарға арналған қосымша оқу ғимараты сәуір айында салына бастаған болатын, жыл соңына дейін қолданысқа берілмек.Келесі бағыт -"Төменарық" ауылындағы дәрігерлік амбулаториясымен қоса, 15 төсек-орынға арналған ауылдық аурухана. Құрылысы облыстық бюджет есебінен қолға алынған медициналық мекеме де осы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.Биылғы «Руханият жылында» Қызылорда облысының өнер және мәдениет саласында жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарланғаны белгілі. Барлық ауданда 11 млрд. 500 млн. теңгеге тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалары бар «Руханият орталықтары» салынуда. Орталықтар жыл соңында іске қосылады. Қазір ішкі және сыртқы сылақ, әрлеу жұмыстары, шатырын жабу қолға алынған.Айта кету керек, облыс әкімі құрылыстың сапасына баса мән беріп, жұмысты уақытылы аяқтауды үнемі тапсырып келеді. Сондай-ақ, егер кемшілік орын алса, мердігер мекемелер есебінен қалпына келтірілетінін ескертті.Жұмыс сапары барысында санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалмады.Еске салайық, бүгінде өңірдің барлық елді мекенінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. "Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасын өткізудің облыстық іс-шаралар жоспары бекітілген. Оған сәйкес «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» тақырыптарында апталық шаралар ұйымдастырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/894656
Аида Балаева «Айбоз» Ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады 02.12.2024
Алматыда «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған байқау биыл үшінші рет өткізілді.Лауреаттарды құттықтаған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлестері үшін жазушыларға ризашылығын білдірді.– «Айбоз» әдеби сыйлығы – сөз өнерінің майталмандарын дәріптейтін, олардың шығармашылығын елге танытатын ерекше сыйлық, – деді министр.Сондай-ақ, ол мемлекет тарапынан руханият саласына ерекше мән беріліп, ұдайы қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.– Жыл сайын Жазушылар одағы Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп алматылық 400 қаламгерге, Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп астаналық 80 қаламгерге қала әкімдерінің гранттары табысталуда. Министрлік кітап саласында да жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Мәселен, биыл қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді сатып алу бағдарламасына бойынша 52 авторға қаламақы төленді. Жаңа кітаптар алдағы жылы көпшілік оқырманға жол тартады. Ал қайта басып шығару бағдарламасы бойынша 2023 жыл 134 кітап жарық көрсе, биыл жыл соңына дейін 189 жаңа кітап ел кітапханаларына таратылмақ, – деді Аида Балаева.Биыл министрлік Қазақстан Жазушылар одағымен «Стратегиялық әріптeстік» орнату бойынша үш жаңа жобаны жүзге асырды:Жас қаламгерлер «Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы негізінде еліміздің өңірлеріне барып, жаңа шығармалар жазды. Жыл соңына дейін қазақ әдебиетіне жиырма жаңа туынды қосылып, әр жас қаламгер 4 млн теңге көлемінде қаламақы алады;Жас қаламгерлерге арналған «Жазушылардың шеберлік мектебі» ұйымдастырылып, отандық және шетелдік беделді қаламгерлердің дәрістері мен шеберлік сыныптары өтті;«ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» жобасы ұйымдастырылды.2024 жылы Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Герольд Бельгер секілді бірқатар қаламгерлердің мерейтойлық даталары кең көлемде атап өтілді.Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда жаңа мереке – 23 сәуір Ұлттық кітап күні белгіленді. Осыған орай министрлік «Ұлттық кітап» байқауын жариялады.Министр әдебиет саласын қолдауға арналған бірқатар маңызды бастамаларға назар аударды. «Айбоз» сыйлығынан бөлек, жас қаламгерлерге арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық, Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайтуға арналған әдебиет саласындағы сыйлық, «Дарын» секілді бірқатар сылықтар мен байқаулар ұйымдастырылып келеді.Биыл Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанынан жас жазушыларға арналған «Алқа» әдеби клубы құрылды. Жас жазушылар Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығы және Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған әдеби тур өткізді.– Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағаны белгілі. Осы орайда, дарынды авторларға қолдау көрсетіп, қоғамдағы еңбек мамандықтарының маңызын ашу мақсаттында жас қаламгерлерге арналған «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауы жарияланғанын да айта кеткім келеді. Мұның бәрі ұлт әдебиетін, қаламгерлер қауымын қолдауға бағытталған кешенді жұмыстардың айқын көрінісі деп білеміз, – деп түйіндеді Аида Балаева.2024 жылы «Айбоз» сыйлығына 7 номинация бойынша 176 шығарма авторлары өтінім берді: «Үздік проза» – 57, «Үздік поэзия» – 37, «Үздік драматургия» – 16, «Үздік әдеби сын» – 13, «Үздік әдеби аударма» – 14, «Үздік балалар әдебиеті» – 31 және «Үздік комикс» – 8 өтінім.Жасырын дауыс беру нәтижесі бойынша, тәуелсіз қазылар алқасының шешімімен «Махамбеттің өлім жазасы» романының авторы Бекет Қарашин «Үздік проза» номинациясының жеңімпазы атанды, «Үздік поэзия» номинациясында – «Айкөркем» балладасының авторы Маралтай Райымбекұлы жеңімпаз болды. «Үздік драматургия» номинациясында ең көп дауыс Думан Рамазанның «Әзірет Сұлтан» пьесасына берілді. «Үздік әдеби аударма» номинациясы бойынша Рауза Мұсабаева «Таң жұлдызы» жұмысымен жеңімпаз атанды. «Үздік балалар әдебиеті» номинациясында Төкен Әлжантегінің «Қызықтың бәрі ауылда» шығармасы үздік деп танылды. Ал «Үздік әдеби сын» номинациясында Жүсіпбек Қорғасбектің «Сайтанның ойыны» еңбегі марапатқа ие болды. «Үздік комикс» авторы болып Жақсылық Сабитов «Жошы хан» жұмысымен танылды.Ұлттық әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры 35 миллион теңгені құрады.«Айбоз» – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі құрған ұлттық әдеби сыйлық, ол отандық жазушыларды қолдау және ынталандыру мақсатында беріледі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/894536
Қазақстандық өнерпаз Мәскеуде өткен Халықаралық байқауда бірінші орынды иеленді 02.12.2024
Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Вокалдық өнер» кафедрасының 4-курс студенті Нұрсұлтан Әнуарбек Мәскеуде өткен XXVIII Халықаралық «Романсиада-2024» орыс романсы байқауында бірінші орынды иеленді.«Романсиада» – Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігінің қолдауымен өткізілетін маңызды байқау.Биыл бұл байқау 28-рет өтіп, ТМД елдері мен Еуропада аймақтық кезеңдері ұйымдастырылды.Осы кезеңдердің жеңімпаздары Мәскеуде өтетін финалға жолдама алды.Қазақстанда бұл байқау «Қазақ романсиадасы» атауымен Түркістан қаласында өтеді. Онда да Нұрсұлтан Әнуарбек жеңіске жеткен болатын.Нұрсұлтан Әнуарбек Италияда өткен «Caruso - De Curtis» халықаралық байқауында бірінші орын, сондай-ақ «Қазақ романсиадасы» байқауында Гран-при иегері. Басқа да көптеген беделді байқаулардың лауреаты.Сонымен қатар, ол бірнеше республикалық байқаулардың жүлдегері. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/894597
Астанада «Серіктестік, диалог және сенім: берік азаматтық қоғам кепілі» атты дөңгелек үстел өтті 02.12.2024
Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Серіктестік, диалог және сенім: берік азаматтық қоғам кепілі» атты дөңгелек үстел өтті.Іс-шара «Адал азамат – белсенді қоғам» азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметін ұйымдастыру» стратегиялық әріптестік аясында ұйымдастырылды.Қатысушылар түрлі әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруда мемлекеттік және азаматтық қоғам институттары арасындағы тиімді серіктестік, диалог пен сенім арқылы азаматтық қоғамды қалыптастыру мен дамытудың негізгі аспектілеріді талқылады.Дөңгелек үстелге орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, еліміздің барлыө өңірлерінен ҮЕҰ басшылары қатысты.Айта кетейік, бүгінде азаматтық сектор қызметінде қарқын алды. Мысалы, ҮЕҰ саны 2008 жылдан бастап 2,5 есе өсті. Республика бойынша 22 мыңнан астам ҮЕҰ тіркелген. Соның ішінде 17 мың ҮЕҰ белсенді жұмыс істейді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/894243
Алматы облысында Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтті 02.12.2024
Алматы облысында Өтеген Батыр ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай жасөспірімдер арасында джиу-джитсудан «Sagadat Batyr» халықаралық ашық турнирі өтті.4 жастан 13 жасқа дейінгі Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 400-ден астам спортшы қатысты. Жас спортшылардың жекпе-жегін Халық қаһарманы, генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев, Олимпиада чемпионы Василий Жиров және Сағадат Нұрмағамбетовтің қызы Айсұлу Нұрмағамбетова сияқты құрметті қонақтар тамашалады.Турнирдің басты мақсаты – қаһарман батырларымыздың ерлігін ұлықтау, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/894238
ҚР МАМ ЮНЕСКО қорғауындағы Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын қорғау бойынша кешенді шаралар әзірледі 01.12.2024
Сенбі, 30 қараша күні Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен ЮНЕСКО қорғауындағы Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын қорғау бойынша кешенді шараларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті.Кешенді шаралар Қазақстанның мәдени мұрасын қорғау және сақтау бағытындағы орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ЮНЕСКО және ИСЕСКО (Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы) істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясы мүшелерінің, сондай-ақ тарихшы ғалымдардың, археологтардың, этнографтардың және қоғамдық ұйым өкілдерінің күш-жігерін үйлестіруге бағытталған.Бұл стратегиялық бастама Қазақстанның ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енгізілген және енгізілуі мүмкін маңызды тарихи және сәулет ескерткіштерін сақтау мен материалдық емес мәдени мұра элементтерін қорғауға арналған. Оларға дәстүрлер, салт-жоралар, тіл, музыка, қолөнер және басқа да құндылықтар жатады.Министр Аида Балаева отырыс барысында әлемдік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі Конвенцияның ережелерін орындау үшін барлық мүдделі тараптардың жүйелі және үйлесімді жұмыс істеу қажеттігіне ерекше тоқталды.Жұмыс тобының отырысында Қазақстанның мәдени мұрасын қорғау және насихаттау бойынша үш кіші жұмыс тобының жоспарлары таныстырылды:Материалдық емес мәдени мұра бойынша кіші жұмыс тобының басты міндеті – музейлер, қорықтар, кітапханалар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ жоғары оқу орындарына пәнаралық білім беру бағдарламаларын енгізу. Бұл Қазақстанда дәстүрлі қолөнер, нумизматика, бонистика, ұлттық ойындар, сәндік-қолданбалы бұйымдарды қалпына келтіру бойынша дипломды мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, мектептегі «Дене шынықтыру» пәніне қазақтың дәстүрлі ойындарын енгізу мәселесі қарастырылуда.Кіші топтың жоспарында материалдық емес мәдени мұраны инвентаризациялау, қазақтың киіз үйін, кілем тоқу технологиясын құжаттандыру бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бар.ЮНЕСКО қорғауындағы нысандар бойынша кіші жұмыс тобы әлемдік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі Конвенция шеңберінде Қазақстандағы ЮНЕСКО қорғауындағы нысандармен жұмыс істейді. Басты міндеттері – басқару, қауіпсіздік және инфрақұрылым мәселелерін шешу.Сонымен қатар, сарапшылар «Ұлы Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі», «Ұлы Жібек жолы: Каспий-Еділ дәлізі» сияқты трансұлттық сериялық номинациялар бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл бағытта Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының жергілікті атқарушы органдарымен бірлескен жұмыс атқарылуда.Құжаттық мұра бойынша кіші жұмыс тобы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы аясында Қазақстанның құжаттық мұрасын сақтау және ілгерілету бағытында жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Абайдың «Қара сөздері» мен Машһүр Жүсіп Көпейұлының қолжазбаларын ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енгізуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.2003 жылы бұл тізімге Қожа Ахмет Ясауидің қолжазбалары, 2005 жылы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құжаттары енгізілген. Сонымен қатар, Қазақстанның жазбаша мұрасының мемлекеттік тізілімін жасау мәселесі қарастырылуда.Үш жұмыс кіші тобы ұсынған жоспарлар Қазақстанның мәдени мұрасын қорғау және дамыту бойынша шараларды қамтиды. Бұл жоспарларды Мәдениет және ақпарат министрлігі жүзеге асырады. Аталған шаралар Қазақстанның мәдени мұрасын қорғау және дамыту ісін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/893758
Қазақстанның мәдени мұрасын қорғау және насихаттау бойынша басым бағыттар айқындалды 01.12.2024
Қазақстан – тарихы мен мәдениеті бай мемлекет. Сондықтан, мәдени мұраны қорғау – басты міндеттердің бірі.ЮНЕСКО конвенцияларына қатысу арқылы еліміз өз мәдени нысандарын ЮНЕСКО тізімдеріне енгізіп, әлемдік қауымдастыққа танытуда. Дегенмен, бұл жетістік тек мақтаныш емес, сондай-ақ осы мұраларды қорғау мен сақтау бойынша нақты міндеттемелерді орындауды талап етеді.Осы мақсатта 2024 жылғы тамыз айында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен жұмыс тобы құрылды. Бұл топтың міндеті – орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының мүшелерінің, ғалымдардың, археологтардың, этнографтардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің күш-жігерін үйлестіру.Бұл стратегиялық бастама әлемдік мұра тізіміне енген маңызды тарихи және сәулет ескерткіштерін сақтауға ғана емес, сондай-ақ дәстүрлер, салт-жоралар, тіл, музыка, қолөнер сияқты материалдық емес мәдени мұра элементтерін және құжаттық мұраларды қорғауға бағытталған. Бұл элементтер мәдени даралықты қалыптастыруда, ұлттық бірегейлікті нығайтуда және құндылықтарды болашақ ұрпаққа жеткізуде маңызды рөл атқарады.Аида Балаева барлық мүдделі құрылымдардың жүйелі әрі үйлесімді жұмыс істеуі қажеттігін ерекше атап өтті. Министр қойылған міндеттерді орындау және конвенцияның талаптарын тиімді жүзеге асыру үшін күш-жігерді біріктірудің маңыздылығына назар аударды.Бүгінге дейін жұмыс тобының екі отырысы өтті. Онда қатысушылар мәдени мұраны қорғау және сақтау бойынша негізгі бағыттарды анықтады.2024 жылғы 30 қарашада Алматы қаласында өткен отырыста үш кіші топтың жұмыс жоспарлары таныстырылды. Әр топ мәдени мұраны қорғау және насихаттау саласындағы нақты аспектілерге бағытталған.Ұсынылған жұмыс жоспарлары арасында материалдық және материалдық емес мәдени мұраны қорғау және насихаттау, ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы аясында құжаттық мұраны сақтау секілді негізгі бағыттар айқындалды.Бұл жоспарларда мамандардың біліктілігін арттыру бойынша шаралар қамтылған. Оның ішінде материалдық емес мәдени мұраны анықтау және дамыту әдістерін оқытуға арналған оқу модульдерін әзірлеу мен іске асыру қарастырылған. Министр оқу мазмұнының пайдалы әрі тәжірибеге бағытталған болуы тиіс екенін атап өтті.Сондай-ақ жұмыс тобы материалдық және материалдық емес мұра нысандарын түгендеу, қолда бар деректерді цифрландыру, мәдени мұраны халықаралық және жергілікті деңгейде насихаттау стратегиясын әзірлеу, сондай-ақ жаңа нысандар мен элементтерді ЮНЕСКО тізіміне енгізу қажеттігін айтты.ЮНЕСКО қорғауындағы нысандарды тиімді басқару және қорғау әдістерін әзірлеуге айрықша мән берілді. Жергілікті билік органдары мен қоғамдық ұйымдарды мәдени мұраны қорғау және насихаттау іс-шараларына белсенді тарту, сондай-ақ халықтың мәдени мұраның маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру үшін тұрақты іс-шаралар мен ақпараттық науқандар ұйымдастыру жоспарланған.Жалпы, жұмыс топтарының жетекшілері ұсынған жоспарлар материалдық, материалдық емес және құжаттық мұраны сақтап, насихаттауға бағытталған ауқымды шараларды қамтиды. Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл бастамаларды қолға алатын болады. Аталған шаралар Қазақстанның мәдени мұрасын қорғау мен дамыту ісін жаңа деңгейге көтеруі тиіс. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/893753
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды 01.12.2024
Бүгін Алматыда өткізілген XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аяқталды. Орталық Азияның басты кинооқиғасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген киношерлер мен киносүйер қауымды біріктірді. Бір апта бойы көрермендер 30-дан астам фильмді тамашалады. Оның 22-сі байқау бағдарламасына қатысты. Фестиваль алаңы мәдени пен шығармашылықтың қазанына айналып үлгерді. Фестивальдің қатысушылары мен қонақтарына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау сөзі жеткізілді. Оның құттықтауын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли оқыды.XVII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЕУРАЗИЯ» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:NETPAC әділ қазыларының жүлдесі «Белгісіз елге» фильмі, режиссері Махди Флейфель;Халықаралық байқау қазылар алқасының төрағасы Нури Бильге Джейланға «Әлемдік кинематографияға қосқан ерекше үлесі үшін» сыйлығы берілді;Белгілі қазақстандық актер Досхан Жолжақсынов «Қазақстан кинематографиясына қосқан ерекше үлесі үшін» марапатталды.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ:Ең үздік әйел рөлін сомдағаны үшін жүлде – Флорентина Хольциенгер, «Ай» (Moon), Австрия; Ең үздік ер рөлін сомдағаны үшін жүлде – Артур Пачесный, «Жоқтың қасы» (Next to Nothing), Польша; Қазылар алқасының арнайы жүлдесі – «Нирвана» (Nirvana) фильмі, режиссері Асиф Ислам, Бангладеш; Ең үздік режиссерлік жұмыс үшін жүлде – Джун Мин О, «Жыл маусымдары үйі» (House of the Seasons), Оңтүстік Корея; Үздік фильм үшін гран-при – «Жоқтың қасы» (Next to Nothing), Польша, режиссері Гжегож Дебовски.ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӘНЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЕЛДЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ:Ең үздік әйел рөлін сомдағаны үшін жүлде – Эльза Каримова, «Ғашықтар тауы» (The Lovers’ Mountain), Татарстан; Ең үздік ер рөлін сомдағаны үшін жүлде – Абылай Марат, «Шекарадағы мәміле» (Deal at the Border), Қырғызстан; Қазылар алқасының арнайы жүлдесі – «Хемме өлетін күндердің бірінде» (One of the Days When Hemme Dies) фильмі, Түркия; Ең үздік режиссерлік жұмыс үшін жүлде – Аруан Анартай, «Жоқтау» (Joqtau), Қазақстан; Үздік фильм үшін гран-при – «Ақ тырналар билейтін жерде» (Where the White Cranes Dance), Саха Республикасы (Ресей).Фестивальдің жабылу салтанатында KhazaR этно-фьюжн тобы, Aljazz эстрадалық-симфониялық оркестрі және VIVAT шоу-балеті өнер көрсетіп, кино апталығын шымылдығын жапты.Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», QazaqGazetteri, EgemenQazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/893743
Алматыда Қазақстандағы ЮНЕСКО мәдени мұраларын қорғау бойынша перспективалық жоспарлар талқыланды 30.11.2024
Абай атындағы ҚазҰПУ-да ЮНЕСКО қорғауындағы Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын қорғау жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті.Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті.Отырысқа облыс әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшелері, сондай-ақ ғалымдар, археологтар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.Қатысушылар материалдық емес мәдени және дүниежүзілік мұраны қорғау шараларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» халықаралық бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.Аида Балаева ЮНЕСКО Конвенцияларымен бекітілген міндеттемелерді орындаудың маңыздылығын атап өтті. Министр барлық деңгейлерде үйлесімді жұмыс қажеттігін және материалдық емес мәдени мұраны анықтау мен дамыту дағдылары бойынша кадрларды даярлау үшін білікті сарапшыларды тартудың маңыздылығын айтты.«Ең алдымен, мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмысты күшейтуіміз қажет. Оқыту мазмұнды және пайдалы болуы тиіс. Жедел түрде оқу модульдерін дайындап, өңірлік және орталық деңгейде курстар өткізуге кірісуіміз керек», – деді министр.Қазақстанның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеті төрағасының орынбасары Рүстем Мұзафаров, Қазақстанның Дүниежүзілік мұрасы жөніндегі комитеттің төрағасы Гүлмира Мұхтарова және ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы бойынша Ұлттық комитетінің төрағасы Ғазиза Нұрғалиева қатысушыларға өз жұмыс жоспарларын ұсынды.Жоспар аясында жергілікті атқарушы органдардың мамандары мен этномәдени бірлестік өкілдерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ материалдық емес мәдени мұраны зерттеу және насихаттау қарастырылған.Қатысушылар пікір алмасып, алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындады.Жиын соңында ұсынылған шараларды енгізу, барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін үйлестіру және Қазақстанның мәдени мұрасын қорғау бойынша іс-шаралар кешенін тиімді жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар әзірлеу мәселелері талқыланды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/893662
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды 29.11.2024
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалған Шәріпбеков Бекболат Жүнісәліұлын таныстырды.Бекболат Жүнісәліұлы 1973 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын «Агроөнеркәсіп салаларын басқару және оның экономикасы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорған ауданындағы «Келінтөбе» күріш совхозында бастаған. 1998-1999 жылдары «Құмиян» кәсіпорны «Ақниет» бөлімшесінің есепшісі болған. 1999-2010 жылдары «Келінтөбе» ауылдық округі әкімі аппаратында, Жаңақорған ауданы және Түркістан қаласы бойынша салық комитеттерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2010-2018 жылдары Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы мен тексеру комиссиясының бөлім басшысы-мемлекеттік аудиторы, 2018-2020 жылдары Қызылорда қаласы «Қарауылтөбе» ауылдық округінің әкімі болып еңбек еткен. 2020-2022 жылдары Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы, 2022-2024 жылдары Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары болып нәтижелі қызмет көрсетті. 2024 жылдың маусым айынан осы кезге дейін Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.Аймақ басшысы жаңадан тағайындалған департамент басшысына тілектестік білдірді.«Бекболат Жүнісәліұлы аймақтың әлеуметтік-саяси ахуалымен етене таныс, мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өтіп, мол тәжірибе жинаған әлеуеті жоғары кадр. Жаңа қызметте облыс бойынша зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруды, мүгедектерді әлеуметтік қорғауды, медициналық-әлеуметтік сараптаманы, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуді, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын болады.Бекболат Жүнісәліұлы алған білімі мен жинаған мол тәжірибесін күрделі де жауапты саланың дамуына жұмсайды деп сенеміз», – деді Н.Нәлібаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/892628
Астанада этножурналистика мен шетелдегі қазақ тілді БАҚ-тарды қолдау жайы талқыланды 29.11.2024
Астанада этножурналистика мен қазақ тілді БАҚ-ты шетелде мемлекеттік қолдау тақырыбына арналған «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды.Тақырыпты талқылауға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, этникалық БАҚ және «Отандастар қоры» КЕАҚ өкілдері қатысты.Спикерлер этножурналистиканың азаматтық құндылықтарды қалыптастырудың, жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етудің және қазақстандық қоғамда этностық топтарды шоғырландырудың маңызды құралы ретіндегі шешуші рөлін атап өтті.Пікірталас барысында қатысушылар БАҚ арқылы этносаясатты ілгерілетудің, шетелде қазақ тілді медианы қолдаудың, этносаралық келісім мен бірлікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады.Этносаралық тұрақтылық үшін тәуекелдерді анықтауға және алдын алуға, әлеуметтік желілерде «араздық тілінің» таралуына қарсы тұруға және этникалық, тілдік белгілері бойынша кемсітушіліктің кез келген түріне жол бермеуге ерекше назар аударылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/892671