Enbekshi QazaQ

Мәдениет

ҚР Ұлттық музейінде «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды 05.12.2024
ҚР Ұлттық музейінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің 85 жылдығы аясында облыстық музей қорында сақталған құнды жәдігерлерден «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды.Көрмеге ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген Қорқыт мұрасы, ХІХ-ХХ ғасырларда Сыр бойы қазақтары пайдаланған құнды этнографиялық бұйымдар қойылды.Келушілер Сыр бойындағы ежелгі өркениет іздерінмен, Тәуелсіздік жылдарында Шірік Рабат, Сығанақ, Түгіскен, Жетіасар, Жанкент, Қышқала, Асанас қалашықтарына жүргізілген кешенді археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесімен таныса алды.Сондай-ақ, белгілі тұлғалардың домбыралар коллекциясы, С. Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы қорындаға қылқалам шеберлерінің картиналары көпшілік назарына ұсынылды.Іс-шараға ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ақын-жазушылар, шығармашылық және зиялы қауым өкілдері қатысты.Көрме 2024 жылдың 19 желтоқсанына дейін жалғасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/897294
Астанада БҰҰ Еріктілер бағдарламасының өкілдерімен Халықаралық еріктілер жылына дайындық жайы талқыланды 05.12.2024
Астанада БҰҰ Еріктілер бағдарламасының Штаб-пәтері өкілдерімен Халықаралық еріктілер жылына дайындық мәселелеріне арналған кездесу өтті.Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова және БҰҰ Еріктілер бағдарламасының Халықаралық хатшылығының басшысы Сандра Ингрид Кох қатысты.Кездесуде Халықаралық хатшылық пен Қазақстанның Ұлттық ұйымдастыру комитетінің алдына қойылған мақсаттар мен міндеттер талқыланды. Сондай-ақ, волонтерліктің жаһандық тұрақты даму мақсаттарына қосқан үлесін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуға бағытталған ұсыныстар қаралды.Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды Орнықты даму мақсаттарына еріктілерді жұмылдырудың Халықаралық жылы деп жариялады.Қазақстан мемлекет пен еріктілер қауымдастығы арасындағы табысты институционалдық әріптестіктің үлгісін көрсетіп келеді. Бүгінгі таңда елде 740-тан астам волонтерлік ұйым және мыңнан астам бастамашыл топ белсенді жұмыс істейді. Жалпы белсенді волонтерлер саны 240 мыңнан асады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/897310
Алматыда «Тұрақты даму үшін деректер журналистикасы: Орталық Азиядағы мақсаттар, сын-тегеуріндер және адам құқықтары» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді 05.12.2024
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі үстіміздегі жылдың 10 желтоқсанында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен, Орталық Азия журналистік зерттеулер қауымдастығымен, Narxoz университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебімен бірлесіп «Тұрақты даму үшін деректер журналистикасы: Орталық Азиядағы мақсаттар, сын-тегеуріндер және адам құқықтары» ғылыми-практикалық конференциясын өткізу жоспарланып отырғанын хабарлайды (бағдарлама қоса беріледі).Іс-шара бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық қорғау мен бостандықтарды нығайту үшін үлкен деректер мен жасанды интеллектті пайдалану мәселелерін, сондай-ақ деректер журналистикасын оқыту тәсілдерін талқылауға арналған.Конференцияға медиа және журналистика саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар мен ұйымдардың өкілдері қатысады: ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілдігі (Австрия); Worlds of Journalism Study (Германия); Журналистика саласындағы білім беру жөніндегі дүниежүзілік кеңес, Academy France Médias Monde (Франция және Германия, Франция, Швециядан келген зерттеу ұйымдары мен университеттері, АҚШ, Нидерланды, Словакия, Орталық Азия университеттерінің журналистика және медиа факультеттерінің өкілдері.Оқыту іс-шарасы келесі мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қаласы, Байзақов к-сі, 303, UN Plaza Almaty, Конференц залы.БАҚ өкілдерін келесі сілтеме бойынша тіркеліп, іс-шараға қатысуға шақырамыз: https://forms.gle/YPFsydfdx7Jux7359Басқа аймақтарда жұмыс істейтін және курсқа қатысу мүмкіндігі жоқ БАҚ өкілдері үшін ZOOM платформасында онлайн трансляция қолжетімді болады: https://us06web.zoom.us/j/87237537076?pwd=91CZKKOcDhmmGdn59t9zUY7mmSqaZ3.1 (конференция идентификаторы: 872 3753 7076, кіру коды: 976374)Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 740186 нөміріне хабарласуға болады.Конференция бағдарламасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/897206
«Беташар» Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енді 05.12.2024
Парагвай астанасы Асунсьон қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 19-шы сессиясында қазақтың ежелден келе жатқан «Беташар» салты Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді.Аталған сессия барысында Комитет 58 елден ұсынылған 58 номинацияның 45-ін қарастырып, соның ішінде 43-ші реттік нөмірмен «Беташар» рәсімі ЮНЕСКО-ның репрезентативтік тізіміне енді.Бүгінде ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне 13 элемент кірді, оның 5-еуі қазақтың ұлттық мәдени мұрасына қатысты. Тізімнің қатарында «Қазақтың дәстүрлі домбырада күй ойнауы» (2014), «Қазақ күресі» (2016), «Асық ату ұлттық ойыны» (2017), «Қазақ жылқы баптайтындарың көктемгі мерекелік салт-дәстүрлері» (2018), қазақтың ұлттық биі «Ортеке» (2022) бар.«Киіз үй тұрғызу» (2014), «Айтыс өнері» (2015), «Наурыз» және «Қатырма» (2016), «Қорқыт ата мұрасы» (2018), «Тоғызқұмалақ» (2020) және «Құсбегілік» (2021), «Қожанасырдың әзіл әңгімелері» (2022) секілді ұлттық 8 элемент түркілерге ортақ мәдени мұра ретінде енгізілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/896903
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафоны» жобасының жеңімпаздары марапатталды 05.12.2024
Бүгін Астанада Халықаралық волонтерлер күні аясында «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының және «Игі істер марафоны» жобасының жеңімпаздары марапатталды.«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы негізінде арнайы комиссия 15 бағыт бойынша 118 үміткердің өтінімін қарады. Қорытындысы бойынша 47 үміткер жеңімпаз деп танылды.Халықаралық волонтерлер күнін мерекелеу аясында Қазақстан халқы арасында волонтерлік және қайырымдылық мәдениетін дамытуға бағытталған «Игі істер марафоны» жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.Айта кетейік, «Игі істер марафоны» жобасы 2024 жылғы 9 шілде мен 1 желтоқсан аралығында ұйымдастырылды. Марафон аясында 7 мыңнан астам игі іс жасалды, ал оның қатысушыларының саны 50 мың адамға жуықтады.Іріктеу нәтижесінде 20 үміткер жеңімпаз атанды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/896998
Павлодар облысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың аймақ тұрғындарымен кездесуі өтеді 05.12.2024
2024 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Кочетов Евгений Дмитриевич Павлодар облысына жұмыс сапарымен барады. Сапар аясында облыс тұрғындарымен кездесу және азаматтарды жеке қабылдау жоспарланған.Азаматтарды жеке қабылдау Павлодар қаласында (2024 жылдың 9 желтоқсанында сағат 14:30, М. Жүсіп көшесі, 35/1, («Достық үйі») өтеді.Жеке қабылдауға жазылу үшін өтінімдерді қабылдау сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін 8 (7172) 74-05-08, 8 (771) 592-81-14 нөмірлері бойынша жүзеге асырылады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/896869
Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасына елді мекен тұрғындары ерекше белсенділік танытуда 05.12.2024
Бүгін Арал ауданында жалпыұлттық экологиялық бағдарлама аясында «Ардағым ардагерім» акциясы өтуде. Жастар ресурстық орталығының мүшелері еңбек ардагерлері мен қарттарға қолдау көрсетіп, олардың үй ауласын тазалаумен айналысуда. Жастар аумақты қоқыстан, құрғақ бұтақтардан, түскен жапырақтардан тазартып, ретке келтіруде. Сонымен қатар, олар ауладағы ағаштарды әктеп, қоршауларды бояп жатыр.Мұндай акциялар өскелең ұрпақты тәрбиелеуде өте маңызды, - дейді аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Берік Сұлтаниязов. - Аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, оларға көмек көрсету-біздің халқымыздың қанында әрқашан болған. Ақсақалдар алғысын білдіріп, батасын берді. Сонымен қатар, бұл экологиялық тәрбие, тазалыққа деген сүйіспеншілікті ояту, қоршаған ортаға қамқорлық жасау.Осы күні Арал ауданының барлық мектептерінде «Табиғатты аялайық!» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Аудандық білім бөлімінің баспасөз хатшысы Шыңғыс Нұрбайдың айтуынша, оқушыларға табиғатты қорғау туралы ақпарат беріліп, планетамыздың экологиясын жақсарту үшін қандай қадамдар жасау қажеттігі түсіндірілді. Бұл суды және электр қуатын үнемдеу, қоқысты сұрыптау, табиғатта демалғаннан кейін қоқысты жинау және басқа да көптеген шаралар.Ауданда «Таза өлке-таза аудан» акциясы да өтті. Ауыл тұрғындарына туған өлкесінде тазалықты сақтау бойынша буклеттер мен брошюралар таратылды.Қазалы ауданының тұрғындары да «Таза Қазақстан» жобасын ілгерілетуге өз үлестерін қосуда. Бүгін мұнда «Табиғатты аялайық!» тақырыбында мектепішілік сынып сағаттары өтті.Сонымен қатар, «Таза қала өзіңнен басталады» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.– Тазалықты сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Менің ойымша, тазалық – тек тазалауда емес, оны ластамауда. Семинарда біз барлық жерлестерімізді, туған өлкеміздің тазалығын және сұлулығын сақтауға шақырамыз, – деді Әйтеке би кентінің әкімі Алиби Абиев.Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 678 137 облыс тұрғыны қатысты. 25 074 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаңдар мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 4596 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, 322 су айдындары, 47 451 аулалар мен көшелер тазартылды.548 арнайы техника қолданылып, 176 814 ағаш көшеттері отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/896797
Ұлттық музей базасында итальяндық сарапшылардың қатысуымен Реставрация орталығы құрылады 04.12.2024
Бүгін, 4 желтоқсанда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Италия делегациясымен кездесу өткізді. Делегация құрамында Италия Мәдениет министрлігінің Орталық реставрация институтының директоры Олива Луиджи, Қазақстан Республикасындағы Италия елшісі Альберти Марко және Италияның мәдени-ағартушылық мекемелерінің өкілдері болды.Кездесуде тараптар мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Атап айтқанда, ҚР Ұлттық музейі базасында Реставрация орталығын құру жайы айтылды. Министр бұл орталықтың реставрациялық қызметтің дамуы мен ұлттық мұраны сақтауға ықпал ететін ынтымақтастықтың негізгі бағыты болатынын атап өтті.Аида Балаева осы саладағы тәжірибе алмасудың маңызына тоқталып, Италияның тәжірибесі музей ісін, әсіресе реставрация бағытын дамытуға елеулі үлес қосатынын айтты.«Бүгінгі таңда Қазақстан мен Италия арасындағы қарым-қатынас жаңа жоғары деңгейге көтерілді. Бірлесіп атқарылған жұмыстар үшін алғыс білдіремін. Бұл екі ел арасындағы берік байланысты көрсетеді. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – ҚР Ұлттық музейінің базасында Реставрация орталығын құру. Бұл осы саланың дамуына жасалған маңызды қадам деп білеміз. Еліміздің бай тарихи-мәдени мұрасын болашақ ұрпақ үшін сақтау – біздің борышымыз. Реставрация біз үшін барлық бағытта маңызды. Қазақстанда Реставрация орталығының табысты жұмыс істеуі үшін тиісті нормативтік-құқықтық база жасау қажет. Ұлттық музей практикалық дағдылардың орталығына айналуы тиіс. Музейде қалпына келтіруді қажет ететін қызықты артефактілер мен экспонаттар бар. Біз бұл іспен кәсіби мамандар айналысуын және өз тәжірибелерін шәкірттерге жеткізгенін қалаймыз. Сіздердің ұсыныстарыңыз Қазақстандағы музей ісінің дамуына үлкен әсер етеді. Осы бағытта Қазақстанға шын ниетпен көмектесуге деген қызығушылықтарыңыз бен ұмтылыстарыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл жоба біздің ортақ тарихымыздың келесі беті болатынына сенемін», – деді Аида Балаева.Кездесу барысында теориялық және практикалық дайындықты қамтитын бағдарламалар әзірлеу мүмкіндігі де қарастырылды. Қазақстандық реставраторларды итальян орталықтарында оқытуға баса назар аударылды. Бұл тәжірибе алмасу мен тағылымдамаларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.Луиджи Олива Италияның реставрация саласындағы жетістіктерін таныстырып, қазақстандық мамандарды даярлау ісінде ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.«Біз түрлі бағыттарды дамытып, Қазақстанмен тығыз ынтымақтасқымыз келеді. Италиядағы Орталық реставрация институты 80 жылдан бері жұмыс істеп келеді және көптеген бағытты қамтиды. Қазақстанда толық жабдықталған реставрация орталығын құру қажет. Біздің институт үш негізгі бағытқа баса назар аударады: мәдени мұраны сақтау, ғылыми зерттеулер жүргізу және мамандарды оқыту. Біз Ұлттық музейді және ондағы зертханаларды аралап көрдік. Консервация және қалпына келтіру қызметімен, шеберханалармен және музей экспозициясымен таныстық. Сіздерде жұмыс үшін кең ғимараттардың болуы – үлкен артықшылық. Біз бұл саланы дамытуға, курстар мен тәжірибелер ұйымдастыруға, сондай-ақ жаңа технологиялар мен әдістерді енгізуге әрдайым көмектесуге дайынбыз», – деді ол.Тараптар мәдени мұраны сақтау мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндігін талқылап, орталық үшін нормативтік база құру және реставраторларды оқытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын дайындау бойынша бірлескен жұмыс туралы уағдаласты.Аида Балаева мен Луиджи Олива бірлескен ынтымақтастық ұзақ мерзімді нәтижелер беріп, Қазақстан мен Италия арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға маңызды үлес қосатынына сенім білдірді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/896019
Ислам ынтымақтастығы ұйымының жастары Әзербайжандағы жылды қорытындылады 04.12.2024
Әзербайжанда «Шуша – Ислам ынтымақтастығы ұйымының жастар астанасы 2024» бағдарламасының жабылу салтанаты өтіп жатыр. Іс-шараға ИЫҰ-ға мүше елдерден 300-ге жуық делегат, оның ішінде креативті жастар, ғалымдар мен Қазақстанның жастар ұйымдарының өкілдері қатысуда.Кездесудің мақсаты – ислам әлемі жастарының дипломатиялық дағдылары мен ынтымақтастығын дамытуға ықпал ету.Бағдарламада іскерлік және шығармашылық алаңдар: SINA – жас ғалымдар форумы, жастар фестивалі, шығармашылық шеберхана, классикалық музыка бағытындағы жас орындаушыларының фестиваль-байқауы, шығармашылық марафон, ойын технологиялары бойынша G-Hub саммиті.Басты отырыста қатысушылар 2024 жылғы ынтымақтастықты қорытындылады. Сондай-ақ Әзербайжан эстафетаны Мароккоға тапсырды. 2025 жылы ИЫҰ-ның жастар астанасы осы елде болады.Айта кетейік, ИЫҰ елдері арасында қарар мен ұйым жастарын дамытуға бағытталған бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/896344
Қазақстан мен Польша арасындағы мәдени ынтымақтастық мәселелері талқыланды 04.12.2024
Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде Қазақстандағы Польша Елшілігінің өкілімен мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында кездесу өткізілді.Кездесуге ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова мен Польша мемлекетінің Уақытша сенімді өкілі Михал Лабенда қатысты.Кездесу барысында екі елдің мәдениет саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.Айзада Құрманова өз сөзінде Қазақстан мен Польша мемлекеттері арасында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша қажетті шаралардың іске асырылып жатқананын атап өтті.Сонымен қатар, вице-министр тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау, кинематография, бейнелеу, эстрадалық, музыкалық және театр өнері мен мәдени қызметтің басқа да салалары бойынша бірлесіп өткізілген іс-шаралар туралы айтты.Өз кезегінде Михал Лабенда 2027 жылы пианиношылардың Фредерик Шопен атындағы халықаралық байқауына 100 жыл толатынын атап өтті. Осы орайда конкурс қорытындысы бойынша Қазақстанда гала-концерт өткізу ұсынылды.Сонымен қатар, екі елдің Мәдениет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде мәдениет бағыты бойынша бірқатар іс-шаралар іске асыру жоспарланды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/896367
Астанада Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына арналған халықаралық форум өтті 04.12.2024
Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкалық драма театрында аса көрнекті жазушы, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына арналған «Кемел тұлға келбеті» атты халықаралық форум өтті.Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.ҚР МАМ қолдауымен ұйымдастырылған форум қатысушыларына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.«Әбіш Кекілбаевтың өнегелі өмірі тек жазушылықпен шектелмейді. Ол – мемлекетшіл қайраткер, ел болашағына адал қызмет еткен саясаткер, парасаттылық пен жауапкершіліктің символы. Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушылардың қатарында тұрып, ол өз бойындағы асқақ рух пен терең білімді ел игілігі үшін сарп етті. Әбіш Кекілбаев бізге болмысы биік тұлғаның қандай болуы керектігін көрсетті. Оның қалдырған өнегесі – мәңгілік. Ендігі міндет – осы мұраны сақтап, дамыту, Әбіш әлемін жаңа заманмен үйлестіру», – делінген құттықтау хатта.Халықаралық форум аясында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Әбіш Кекілбаев әлемі» атты фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жазушының қолжазбалары, публицистикалық мақалалары, кітаптарынан 150-ге жуық еңбек, шығармашылық жолын бейнелейтін 20-дан астам фотосурет қойылды.Іс-шара барысында қаламгердің «Дәурен кешкен» кітабының және түрік тіліне аударылған «KUY» кітабының таныстырылымы өтті.Форум соңында Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық театры Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» әңгімесінің желісімен қойылған спектакльді тамашалады.Айта кетсек, биыл еліміздің әр түкпірінде заңғар жазушының мерейтойына арналған кешенді іс-шаралар өткізіліп жатыр.Кейінгі төрт айдың өзінде әдеби кештер, кеңейтілген кітап көрмесі, әдеби сағаттар, т.б. сияқты 40-тан астам іс-шара өткізілген.Айталық, 27 қыркүйекте Маңғыстау облысында өткен Халықаралық «Әбіш оқулары» конференциясы, «III Халықаралық Әбіш Әлемі театр фестивалі» өтті. Театр фестиваліне отандық 5 театр мен шетелдік 5 театр ұжымы қатысып, Әбіш Кекілбаев шығармаларының сахналық нұсқасын қала тұрғындарына ұсынды.Сондай-ақ, 6 желтоқсанда «Qazaqstan» телеарнасында Әбіш Кекілбаевтың өміріне арналған «Дәуір даналары» бағдарламасы, «Abai TV» «Жәдігер» бағдарламасы эфирге шығады.8 желтоқсанда «Хабар» телеарнасында «Әбіш Кекілбаевтың замана лебі» атты деректі фильм көрсетіледі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/896386
Сыр өңірінің делегациясы Флоренция қаласындағы тері өңдейтін өнеркәсіп қауымдастығының жұмысымен танысты 04.12.2024
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев бастаған Сыр өңірі делегациясының Италиядағы жұмыс сапары жалғасуда.Бүгін делегация Флоренция қаласындағы тері өңдейтін өнеркәсіп қауымдастығының жұмысымен танысты. Санта-Кроче-суль-Арно ауданындағы зауыттар негізінен аяқ киім тігуге арналған былғары өңдеумен, киім, жиһаз және басқа да өндіріспен айналысады. Өз өнімдерін әлемнің 122-ден астам еліне экспорттайды.Ауданда тері өндірісінің шамамен 35%-ы және аяқ киім өндірісінің 98%-ы шоғырланған. Былғары өндірісі тізбегінде 600-ге жуық кәсіпорын бар, оларда 8000-нан астам адам жұмыс істейді.Облыс әкімі «Aldo Gliozzi» қауымдастығының басшысы Эцио Кастелланимен мал терісін экспорттау және аймақта былғары өңдеу өндірісін дамыту бағытында келіссөздер жүргізді.«Бірінші кезекте Қызылорда облысы мен Италия арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатындағы бүгінгі кездесуге қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін.Қызылорда облысы экономикасының ауқымды бөлігін тау-кен саласы құрайды. Негізінен мұнай өндіріледі, сонымен бірге, агроиндустриалды аймақ. Өңірде атқарылған жұмыстар нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінің өсімі бойынша республикада бірінші орындамыз.Елімізде және өңірімізде мал басы жыл сайын артып келеді. Кейінгі жылдары біздің облыстың өзінде екі миллионнан астам мал тіркелген. Осы ретте тері және жүн өңдейтін кәсіпорындарды дамыту керек. Жалпы алғанда, аймақ нарығын қамтуға және алыс-жақын шетелдерге экспорттауға мүмкіндік бар.Қызылорда облысының инвестициялық әлеуетін ескеріп, тері, жүн өңдеу саласында бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз.Серіктес қажет болған жағдайда, өз салаларында жетістікке жеткен кәсіпкерлер сіздермен келіссөздер жүргізуге, тәжірибе алмасуға арнайы іссапармен келді», – деді Н. Нәлібаев.Өңірде негізінен ет бағытындағы, ірі қылшықты жүнді және қаракөл қой тұқымдары аудандастырылған. Жобаларды іске асыруға шикізат қоры жеткілікті. Облыс бойынша өткен жылы 848,6 тонна жүн және 215,1 мың дана тері өндірілген.Жаңа жобаларды орналастыру үшін дайын инфрақұрылымы мен 300 гектардан астам жер учаскеcі бар 6 индустриялық аймақ жұмыс жасайды.Өз кезегінде Эцио Кастеллани екіжақты әріптестікке қолдау білдіріп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға мүмкіндік қарастырылатынын айтты.Аймақ басшысы әрбір инвесторға қолданыстағы заңнама аясында жер телімі берілетінін, Қазақстандағы түрлі даму институттарынан қаржылай көмек алу үшін құжаттар сүйемелденетінін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/895860
Алматыда «Оқуға құштар ұлттың қайта жаңғыруы» атты VI халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті 03.12.2024
Алматыда «Оқуға құштар ұлттың қайта жаңғыруы» тақырыбында VI халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдауымен, ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы ТҮРІКСОЙ Жазушылар одағы және М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бірлесіп ұйымдастырды.Конференция мақсаты – әлемдік мәдениеттердің диалогы мен жақындасуы арқылы ұлттық әдебиеттің даму факторын зерттеу, бұл процестің ХХІ ғасырдағы оқырманның жандануына әсерін және әлемде осы процесті бөгейтін факторларға қарсы тұру.Конференцияға оқырманның азайып кетуіне алаңдайтын отандық және шетел жазушылары мен ғалымдары қатысты.Басты назарда ХХ ғасырда әлеуметтік субъектіге айналған «ұлы оқырман» құбылысы болды. Секцияларда қатысушылар Олжас Сүлейменовтің мұрасы, тарихи әдебиеттің ұлттық сана-сезімге әсері және XXI ғасырдағы кітап мәдениетін жаңғырту мәселелерін қозғады.Іс-шара әлемдік әдеби дәстүрді дамытып, халықты кітап оқуға қайта баулу үшін мәдениеттерді жақындастыру және ғылыми диалог орнатудың маңызын айшықтады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/895572
«Бұл – еліміздің рухани өміріндегі мерейлі белес»: Президент Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады 03.12.2024
Еліміздегі музыка саласының мамандарын даярлайтын білім ордасы өз мерейтойын атап өтуде.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымына құттықтау хат жолдады. Хатты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді.«Бұл – еліміздің рухани өміріндегі мерейлі белес. Іргелі білім ордасы осы кезеңде төл мәдениетіміздің алтын діңгегіне айналды. Ұлттық музыкамыздың бірегей дәстүрі бар ұстаханасы ретінде танылды. Қазақтың ән-күй өнерін жаңа деңгейге көтеріп, оның ғылыми негізін қалыптастырды. Консерватория – дарынды жастарға классикалық музыканың қыр-сырын үйретіп, кәсіби музыканттар даярлайтын алғашқы жоғары оқу орны. Өркениетіміздің өрісін кеңейтіп, оны жер жүзіне танытқан көптеген майталман мамандарымыз осы қара шаңырақтан қанат қақты. Аға буын салған сара жолды кейінгі ұрпақ лайықты жалғастырып келеді. Олар еліміздің шығармашылық ұйымдарында табысты еңбек етіп жүр. Осы орайда, ұлттық өнерімізді жан-жақты дәріптеп, руханиятымызды дамытуға зор үлес қосқаны үшін консерватория ұжымына шынайы ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға шығармашылық шабыт тілеймін! Жұмыстарыңыз жемісті болсын!» – делінген Президенттің хатында.23 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған мерейтойлық марафон аясында концерттер, шеберлік сабақтар, шығармашылық кездесулер, халықаралық конференция, көрмелер және басқа да іс-шаралар өтті.Салтанатты іс-шараға еліміздің мәдени қазынасына өлшеусіз үлес қосқан өнер майталмандары қатысты. Олардың қатарында Әлібек Дінішев, Жәмиля Баспақова, Роза Рымбаева, Үмітжан Жұмақова, Марьям Қожамқұлова, Алмас Алматов, Серік Еркімбеков, Карима Сахарбаева, Дүйсен Қасейінов, Алтынбек Қоразбаев және басқа да өнер қайраткерлері бар. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/895560
«Қазақконцерт» солисті Италияда өткен халықаралық байқауда бірінші орын иеленді 03.12.2024
«Қазақконцерт» солисті Айгерім Алтынбек Италияда өткен опера әншілері арасындағы халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды.Композитор Джакомо Пуччинидің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға әлемнің әр түкпірінен, соның ішінде Қазақстан, Жапония, Қытай, Корея, Ресей және Ираннан 70 өнерпаз қатысты.Марапаттау рәсімі Аркоредегі беделді Борромео вилласында өтті.Айгерім финалистер арасында үздік деп танылып, Аркоре муниципалитетінің стипендиясын, сондай-ақ 2025 жылы Италияда өтетін ауқымды концертке қатысу құқығын жеңіп алды.Айта кету керек, Айгерім Алтынбек Модена қаласында өткен Николай Гяуров атындағы опера әншілерінің халықаралық байқауында да үшінші орынды иеленді. Отандасымыз әйгілі итальян опера әншісі Мирелла Френидің арнайы сыйлығына ие болып, Болгарияның Варна қаласындағы театрда «Сестра Анджелика» операсындағы рөлді орындау құқығына ие болды.Осылайша, өнер иесі әлемдік сахналардағы жетістіктерімен тыңдарманын қуантып жүр.Айгерім Алтынбек Қазақ ұлттық өнер университетін «Вокалдық өнер» мамандығы бойынша, доцент Татьяна Николаевна Руднева сыныбында тәмамдаған. Опера әншісі бірнеше рет халықаралық (Италия, Финляндия, Литва, Ресей, Германия және т.б.) және республикалық байқаулардың лауреаты атанған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/895556
Атырау облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1,7 трлн теңгені құрады 03.12.2024
Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлім етті. Өңір басшысының айтуынша, Атырау облысы республика бойынша инвестиция тартудан көш бастап тұр.- Тұтастай алғанда, елімізге тартылған инвестицияның 13%-ы Атырау облысына тиесілі. Ал биыл 6 айда шетелдік тікелей инвестиция 1,1 млрд АҚШ долларын құрады. Баршыңызға белгілі Теңіз кен орнында «Келешек кеңею» жобасы аяқталуда. Осы жоба аясында өңірге биыл 840 млрд. теңге инвестиция құйылды. Дегенмен, аймақта өзге салаларды дамытуға бағытталған инвестиция көлемі жыл сайын артып келеді,- деді С.Шәпкенов.Жыл басынан бері Атырауда жалпы құны 46,1 миллиардтан асатын 8 инвестициялық жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 24,2 млрд теңге болатын 9 инвестициялық жоба жұмысын басталады деп күтіліп отыр.Сондай-ақ Мемлекет басшысы еліміздің батысындағы мұнай-газ-химия өнеркәсібі кластерін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жылына 1,25 млн. тонна полиэтилен өндіретін «Силлено» зауыты мен жылына 1 млрд. текше метр газ өндіретін Ескенедегі зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Алдағы жылдары бутадиен, синтетикалық каучук шығаратын «Бутадиен» зауытының және газ бөлу кешенінің құрылысы басталады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895324
«Бизнестің жол картасы – 2025»: Атырау облысында 1000-ға жуық кәсіпкердің жобасы қолдау тапты 03.12.2024
«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 41,6 млрд. теңге құрайтын 1000-ға жуық шағын және орта бизнес субъекті қолдау тапты. Оның ішінде несие сомасы 31,4 млрд. теңге құрайтын 634 кәсіпкердің пайыздық мөлшерлемесі субсидияланып, 318 кәсіпкердің жобасы 10,2 млрд. теңгеге кепілдендірілді. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингінде мәлім етті.Бұдан бөлек, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» ұлттық жобасы аймақтағы шағын және орта бизнес иелерінің тың идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Биыл оған облыстық бюджеттен 761 миллион теңге бөлініп, 83 жоба іске асып жатыр.- Жобалар ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға, тұрғындардың табысын арттыруға және өңір экономикасын нығайтуға айтарлықтай үлес қосуда. Жобалардың 50-і мал шаруашылығын дамытуға, 30-ы шағын және орта бизнесті қолдауға және үшеуі егін шаруашылығын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар биыл жүзеге асырылған 3 ірі инвестициялық жобаның нәтижесінде жаңадан 90 жұмыс орны құрылды,-деді С.Шәпкенов.Келер жылы жалпы құны 26,2 миллиард теңгені құрайтын 4 жаңа инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның аясында тағы да 187 жұмыс орны құрылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895327
Биыл Атырау облысында 22 мыңғы жуық тұрақты жұмыс орны ашылды 03.12.2024
Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте мәлім етті.Өңірде 49 мыңнан аса азамат жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. 31 374 жұмыс орны ашылды. Оның 22 мыңға жуығы– тұрақты. 1637 азамат «Бастау-бизнес» жобасы аясында оқытылып, 822 отбасы әлеуметтік көмек алды. 291 облыс тұрғынына жалпы сомасы 428,1 млн. теңге қайтарымсыз грант берілді.- Бұл шаралар өңірдегі жұмыссыздық деңгейін азайтуға және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға септігін тигізді. Биыл 18 713 азамат «Болашақ» кеңею жобасынан босатылады деп болжанған еді. 1 қарашадағы жағдай бойынша 11 155 адам жұмысынан босатылды, оның 4104-і (37%) – Атырау облысының тұрғыны. Жобаның аяқталуына байланысты жұмыстан босатылған атыраулықтардың 90%-ы әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды,-деді С.Шәпкенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895332
«Жайлы мектеп»: Атырау облысында 7 мектептің құрылысы жүріп жатыр 03.12.2024
Оның алтауы келер жылы, үшеуі 2026 жылға қарай пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлім етті.Биыл өңірде 1200 және 300 орындық екі жайлы мектеп ашылды. Жыл аяғына дейін Водников ауылындағы 1200 орындық тағы бір жайлы мектеп пайдалануға беріледі. Қазір облыста 20 мектеп пен 6 балабақша салынып жатыр.- Атырауда үш ауысымды және апаттық мектептер мәселесі өзекті. Оны шешу жоспарына сәйкес, өңірде биыл 4200 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді. Алдағы екі жылда 27 мектептің құрылысын аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде өңіріміздегі 9 үш ауысымдық 4 апатты мектептің мәселесі түбегейлі шешіледі.-деді С.Шәпкенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895341
Атырауда дәрігерлерді қолдауға арналған кешенді іс- шаралардың нәтижесінде 140 маман жұмыс істеуде 03.12.2024
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингінде облысқа білікті мамандарды шақыру мақсатында бірқатар ынталандыру шарасы жүзеге асып жатқанын атап өтті. Бір реттік үстемақы беру арқылы өңірдегі мемлекеттік медициналық ұйымдарғаа 140 дәрігер тартылды.- Осы жылы өзге өңірден келген және оқуын жаңа аяқтаған жас мамандарға бір реттік берілетін көмектің көлемін шамамен 2 есеге арттырдық. Ауылдық жерге барып жұмыс істеуге келіскен ақхалаттыларға 10 млн, аудан орталығында қызмет етемін дегендерге 8,5 млн теңге төледік. Ал облыс орталығында еңбек етемін дәрігерге 5 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Медицина қызметкерлеріне арналған бірегей тұрғын үй бағдарламасы аясында 42 дәрігер баспаналы болды. Бұл бағдарлама ипотеканы алғашқы жарна салмай-ақ, жылдық мөлшерлемесі 5%-бен, 25 жылға дейін рәсімдеуге мүмкіндік берді.Қосымша 105 қызметтік пәтер сатып алынды. Халықтың денсаулығын жақсартып, сапалы медициналық қызмет көрсету бағытында қолға алынған жұмыстар жалғасады,-деп атап өтті С.Шәпкенов.Биыл денсаулық сақтау саласын дамытуға жергілікті бюджеттен 5,1 миллиард теңге бөлінді. Медициналық ұйымдарға 45 жаңа санитарлық көлік сатып алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895344