Enbekshi QazaQ

Мәдениет

Қазақконцерт әртістері Чехияда өнер көрсетті 16.11.2024
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Чехияның ең беделді сахналарының бірі – «Рудольфинум» концерт залында өнер көрсетті. Әлемнің белді сахналарының бірінде қазақстандық және әлемдік классикалық музыканың жауһарлары орындалды.Концерт халықаралық аренада еліміздің мәдени имиджін нығайту және Қазақстан мен Чехия арасындағы дипломатиялық байланыстарды дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Рухани кеш – екі ел арасындағы мәдениетаралық ынтымақтастыққа деген ұмтылыстың айқын көрінісі.Еліміздің жетекші музыкалық ұжымдарының бірегейі – Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің құрамы асқан виртуоз шеберлер мен камералық музыкалаудың үздік әлемдік дәстүрлерін дамытып жүрген кәсіби музыканттардан құралған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/876363
Сырдария ауданы, Бесарық ауылының тұрғындары да акцияға қарқынды үлес қосуда 16.11.2024
Бесарық ауылында «Таза Қазақстан» акциясына ауыл тұрғындары мен ауылдағы шаруашылық құрылымдары белсене атсалысуда. Ауыл инвесторы «Абай-Дәулет» ЖШС-і ауылды аббатандыру шараларына белсене қатысуда.Меценат «Абай-Дәулет» ЖШС басшысы Мұрат Сәрсенбаевтың демеушілігімен ауылды қарқынды абаттандыру жұмыстары жүргізілді, – дейді ауылдық Қоғамдық кеңес төрағасы А.Ақжігітов.– Біздің Бесарық қазір бау-бақша іспетті, айналасы жасыл желекке оранған, гүлдері мен жас ағаштары жайқалып тұр. Серіктестік ауыл тұрғындарына жайлы демалыс орнын жасау мақсатында орталық алаң мен көшелерді абаттандырды. Бірқатар маңызды әлеуметтік нысандар қайта жаңғыртылды, жаңа өндіріс орындары ашылды. Осының барлығы ауыл тұрғындарының көңіл-күйіне, әлеуметтік жағдайының жақсаруына оң әсер етуде.Экологиялық акция басталғалы Сырдария ауданында ауқымды жұмыстар атқарылды. Каналдар мен су қоймалары, қарт ауыл тұрғындарының аулалары, көптеген әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындардың аумақтары қоқыстан тазартылды. Мыңдаған ағаштар отырғызылды. Біздің еріктілеріміз де туған жердің тазалығы үшін өзгелерге үлгі боларлық.Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 548 299-дан астам облыс тұрғыны қатысты. 21360 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаң мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 1130 өндірістік және кәсіпкерлік нысан,294 су айдындары, 47451 аулалар мен көшелер тазартылды.548 арнайы техника қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/861563
Қазақстанда кемсітушілікке қарсы заңнаманы әзірлеу талқыланды 16.11.2024
Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың төрағалығымен кемсітушілікке қарсы заңнама мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және құқық қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты.Күн тәртібінің негізгі тақырыбы нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенцияны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау шеңберінде кемсітушілікке қарсы заңнамаларды әзірлеу мәселелері бойынша тұжырымдамалық тәсілдерді талқылау болды.Жұмыс тобының мүшелері биылғы қорытынды отырысқа одан әрі ұсынымдар беру үшін мемлекеттік органдардың ұстанымдарын білдірді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/876067
«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңдағы отандық бизнесті қолдау жолдары 16.11.2024
ҚР Қаржы министрлігі «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңның ерекшеліктерін түсіндіруге байланысты жұмысты Қарағанды қаласында жалғастырды. Кездесуге қатысқан өңірдің бизнес қауымдастық өкілдері, мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ ШОБ пен «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалының өкілдері сатып алу процесін жеңілдету арқылы отандық тауар өндірушілерді қолдау тетіктері туралы тың мәліметпен танысты.Аталған заң 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. «Сондықтан да бұл өзгеріске дайын болу үшін оның ерекшеліктерін қазірден бастап білу маңызды», деді ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев пен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.«Тұтастай алғанда, заң сатып рәсімдерін жеңілдетіп, мемлекет есебінен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуге және бәсекелестікті дамытуға бағытталған. Мысалы, Заңның бірінші бөлімі сатып алу процедураларын жеңілдетуге және оларды қысқартуға бағытталған. Осылайша, сатып алуды жедел жүргізу, тапсырыс берушілерге үлкен өкілеттіктер беру, сондай-ақ сатып алу рәсімдерінің ұзаққа созылуының алдын алу мақсатында шағымдарды енді сатып алуды ұйымдастырушының өзі тікелей қарайтын болады. Сатып алу қорытындыларына шағымдану веб-портал арқылы және конкурстық комиссиямен айқындалған жеңімпаздың сатып алулар бойынша ғана жүзеге асырылады», деді Мәди Төкешұлы.Өнім беруші туралы ақпарат мемлекеттік органдардың жүйелерінің ақпараттарын кеңінен пайдалану арқылы қалыптастырылатын болады.Тиісті реформадағы тағы бір жаңашылдық бәсекелестікті дамытуға арналған. Мәселен, мемлекеттік сатып алудың бірыңғай операторы – «Электрондық қаржы орталығы» АҚ базасында Бірыңғай сатып алу платформасы заңнамалық түрде енгізілді. Бұл арқылы мемлекеттік әрі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуларының электронды қызметтерін пайдаланудың бірыңғай нүктесі жолға қойылады. Сонымен қатар тендерлерді өткізу мерзімі 2 айдан 10 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу нәтижелеріне шағымдану тәртібі қайта қаралып, жеңілдетілді.«Мемлекет басшысының құрылыс нарығын монополиядан арылту жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша жаңа заңды іске асыру аясында экономика салаларындағы монополияны төмендету жөніндегі шаралар көрініс тапты. Атап айтқанда, шартты жеңілдіктерді есептеу кезінде аумақтық белгі (1 пайыздан 2 пайызға дейін көтерілді) мен теріс мәндер (0.1 пайыздан 0.2пайызға дейін көтерілді) түріндегі баға критерийлерін қолдану жалғасын тапты. Аталған шаралар мемлекеттік сатып алу көлемін біркелкі және әділ бөлуге және жекелеген ірі компаниялардың монополиясын болдырмауға септігін тигізеді», деді Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл.Бұдан бөлек отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Қаржы министрлігі тек шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген тізбесін бекітті.Бұл ретте «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң мемлекет есебінен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, әлеуетті өнім берушілердің жауапкершілігін күшейтуге және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуге жол ашатынын айта кетейік. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/875914
«Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» халықаралық фотокөрмесі ашылды 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» халықаралық фотокөрмесі ашылды. Іс-шара Қазақстан, Қытай және Ресей арасындағы мәдени, стратегиялық, серіктестік қарым-қатынастар мен ынтымақтастық байланыстарды нығайтуға бағытталған.Фотокөрмеге үш ел табиғатының сұлулығы мен мәдени мұрасын, сондай-ақ, ұлттық құндылықтары мен даму жетістіктерін көрсететін 600 фотосурет ұсынылды.Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, Қытайдың ғылыми-танымдық фильмдер мен телебағдарламалар қауымдастығы, жетекші басылымдарының бірі «Фото және видеотүсірілім» журналы, Ресейдің кәсіби фотографтар лигасы және «Фотографтар мен цифрлық фотосуретшілер одағы» ҚБ ұйымдастырды.Фотокөрме 2024 жылдың 17 қарашасына дейін жалғасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/875998
Қызылордада ІХ республикалық әкелер форумы өтті 16.11.2024
Қызылордада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Тәрбие тал бесіктен» атты ІХ Республикалық әкелер форумы өтті. Оған республикалық Әкелер одағының өңірлік басшылары, зиялы қауым өкілдері, отбасы саясаты саласындағы сарапшылар, халықаралық ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың, ҮЕҰ өкілдері – жалпы 200-ге жуық адам қатысты. Кездесу тақырыбы Мемлекет басшысының өз Жолдауында берген бағдарына сүйене отырып айқындалды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында «Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ісіне мемлекетпен қатар ата-аналарда жауапты» дегені белгілі. Отбасы – өскелең ұрпақ құндылықтарының қалыптасуының негізгі көзі. Бұл базалық әлеуметтік институт, оның жұмыс істеуі мемлекеттің әл-ауқаты мен тұрақтылығына тікелей әсер етеді», – деді ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Біржан Әлімжанов.Форумның мақсаты – әкелер мен отбасы институтын дамыту, балаларды тәрбиелеудегі әкелер рөлінің маңызын анықтау, сондай-ақ тәрбие беруде тәжірибе алмасу.Форумда «Ер адамның бейнесін қалыптастырудағы әкенің рөлі: жауапкершілік, батылдық, құрмет», «Отбасы және қауіпсіздік», «Саналы түрде ата-ана болу», «Ерлер үшін спорт пен денсаулықтың маңызы» атты тақырыптар аясында бірқатар талқылаулар өткізілді.Сондай-ақ, форумның әр қатысушысы отандық баспагер, Forbes Kazakhstan журналының қазақ тіліндегі бас редакторы Бақытжан Бұқарбайдың «Заманмен санасқан 30 әкенің хикаясы» атты кітабын сыйлық ретінде алды. Кітапта бала тәрбиесі туралы бүгінгі әкелердің әңгімелері мен ойлары жинақталған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/876029
Астанада Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті 16.11.2024
Бүгін Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.Қоғамдық кеңес отырысында 2030 жылға дейінгі отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру, халық арасында медиа сауаттылық жүйесін дамыту, БАҚ үшін гранттар жүйесін енгізу және газеттерді субсидиялау мәселелері талқыланды.Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері отбасы құндылықтарын ілгерілетуге қатысты мемлекеттік бағдарламаларды сапалы іске асыру, халықтың және БАҚ саласы мамандарының медиа сауаттылығын арттыру, бұқаралық ақпарат құралдарында отандық контенттерді кеңінен жүргізу бағытында ұсыныстар енгізді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/876046
Алматыда Гаухар Бисенғалиеваның жеке көрмесі ашылды 16.11.2024
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде метамодернист суретші Гаухар Бисенғалиеваның «Ұлы Дала мұрасы» атты жеке көрмесі ашылды.Көрмеде суретшінің киіз бен табиғи материалдардан жасалған бірегей жұмыстары, әжесінен мұра болып қалған жүнмен жұмыс істеуге арналған құралдары, сондай-ақ дәстүрлі қолөнермен айналысқан қазақ шеберлерінің мұрағат фотосуреттері ұсынылған.Суретшінің шығармашылығында ата-бабалардың салт-дәстүрімен байланысын тереңдете түсетін мәдени мұра мен рухани күштің символы – ұлттық қазақ кілемі басты орын алады. Гаухар Бисенғалиева киіз өнеріндегі жаңашылдығымен танылып, осы көне материалды Ұлы даланың мол мұрасын көрсету үшін пайдаланады. Оның кенептеріндегі дерексіз мотивтер тәңіршілдік идеяларын және ата-бабалардың дүниетанымын бейнелейтін мәңгілік аспан ұғымына сілтеме жасайды.Экспозиция 2024 жылдың 24 қарашасына дейін жалғасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/875962
Қаржы Министрлігі тау-кен металлургия саласына салық салу қалай өзгеретінін айтты 16.11.2024
ҚР Қаржы министрлігі Қазақстанның өңірлеріндегі ірі бизнеспен, ШОБ және жергілікті билік өкілдерімен бірқатар кездесулерді жалғастыруда. Бүгін Қарағандыда еліміздің тау-кен металлургия саласына салық салу мәселелеріне арналған кездесу өтті.Қарағанды облысы көмірдің, темір-марганец және полиметалл кендерінің және басқа да пайдалы қазбалардың едәуір қоры шоғырланған Қазақстанның минералдық-шикізат өңірі болып табылады.Өңірде 604 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс істейді, оның ішінде Қазақмыс және Qarmet. Тау-кен өндіру және өңдеу салаларына 113 мың адам немесе облыстың жұмыспен қамтылған халқының 20% - дан астамы жұмылдырылды. Ағымдағы жылдың 10 айында өңір кәсіпорындарынан түсетін салық түсімдері 507 млрд теңгеден асты.Қаржы министрі Мәди Тақиев пен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев үш өңірдің (Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстары) кәсіпкерлеріне жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру есебінен бизнеске қолдау көрсетуге бағытталғанын хабарлады.Атап айтқанда, жаңа Салық кодексі маңызды фискалдық кірісі жоқ төлемдерді алып тастауды ұсынады."Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке бизнес жүргізу үшін жағдайды жақсарту бойынша жұмыс істеуді тапсырды. Жаңа Салық кодексі бірыңғай жер салығын (ЕҚБ) жеке табыс салығына ауыстыруды ұсынады. 3 төлемді біріктіру ұсынылады: су ресурстарын пайдалану үшін, орманды пайдалану үшін және жануарлар әлемін пайдалану үшін. Жалпы, төлем ставкаларының саны 77-ге қысқарады. Алымдардың 6 түрін қысқарту ұсынылады. Олар бойынша ставкалардың 34 түрі алынып тасталады. Сондай - ақ мемлекеттік баждардың 5 түрі алынып тасталады, олар бойынша мөлшерлемелер 51-ге қысқартылады", - деді ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев.Салық төлеушілердің барлық санаттары үшін, субъективтілік мөлшеріне қарамастан, инвестициялар үшін "әмбебап" ынталандырулар берілетін болады.Ғимараттарды, құрылыстарды, машиналарды, жабдықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу/салу шығындарын оның функционалдық мақсатына байланыстырмай біржолғы 100% шегеру түрінде инвестициялық салық преференциялары ұсынылады. Сонымен қатар, жеке өндіріс өнімдерін өндіру және сату үшін табыс салығының төмендетілген ставкасы ұсынылады.ҚР ҰЭМ салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағнаев жаңа Салық кодексінің жобасы таусылып жатқан кен орындарында өндірісті сақтап қалуға мүмкіндік беретін шараларды көздейтінін айтты. "Техногендік минералды түзілімдердің құрамынан пайдалы қазбаларды өндіру үшін ХДПИ төмендетілген мөлшерлемелерін белгілеу ұсынылады. Біз бұл шаралар қаржы көрсеткіштерін жақсарту және өндіру көлемін ұлғайту есебінен бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз етеді деп күтеміз", - деп атап өтті ҚР ҰЭМ салық және кеден саясаты департаментінің директоры.Кездесуге қатысушылар ашық диалог пен ынтымақтастық тау-кен металлургия саласының одан әрі тұрақты өсуін, бюджетке тұрақты түсімдерді және жалпы ел экономикасын нығайтуды қамтамасыз ететін тиімді шешімдерді табуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.Бизнес өкілдерімен кездесуден кейін Қаржы министрі еліміздің ең ірі болат және тау-кен компаниясы Qarmet цехтарына барды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/875835
Алматыда Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығы аталып өтті 16.11.2024
Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармония сахнасында халық ақыны, әнші-композитор, «Алатаудың бұлбұлы» Жетісу ән мектебінің көрнекті өкілі Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына орай Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің концерті өтті.Концерттік бағдарламада Кенен Әзірбаевтың «Қордай», «Анама», «Бозторғай» әндері, сондай-ақ, ақынның оркестрге өңделген және Н.Тілендиев пен Қазақстан композиторларының шығармалары орындалды. Іс-шарада Қазақстанның халық әртісі, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаев қазақ дүлділінің өнегелі өмірі мен шығармашалығы жайында сөз сөйледі.Сонымен қатар, Қазақстанның Халық әртісі Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жанпейісов, Мәдениет саласының үздігі Шолпан Даржанова, Бейбіт Мұсаев және филармония солистері өнер көрсетті.Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жалғасбек Бегендіков дирижерлік етті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева.Концертке Кенен Әзірбаев мұрасын халық арасында насихаттап жүрген Төрткен Кененқызы бастаған ұрпақтары қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/875668
ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев: ЕҚДБ Қазақстан үшін негізгі реформаларды іске асырып, орнықты дамуды қолдауда сенімді әріптес саналады және болып қала береді 16.11.2024
Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен өткізілген Шетелдік инвесторлар кеңесіне қатысу үшін Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассо арнайы келді.Осы сапардың барысында елордада ЕҚДБ-ның жаңа кеңсесі ашылып, оған ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев қатысты.Қаржы министрі жаңа кеңсенің ашылуымен құттықтап, оның қызметіне үлкен табыс тіледі.«Бұл кеңсе жаңа перспективалы жобалардың, маңызды бастамалардың және бірлескен жетістіктердің орталығы болсын», деді Мәди Төкешұлы.Сондай-ақ аталған кеңсенің ашылуы аясында «Көкшетау қаласында 630 орынға шақталған көпбейінді облыстық аурухананы салу мен пайдалану» жобасына байланысты (МЖС шартына) тікелей келісімге және Павлодар қаласының трамвай паркін жаңғырту туралы кредиттік келісімге қол қойылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/875292
Солтүстік-Қазақстан облысы – Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы өндірісі құрылымындағы жетекші салалардың бірі 16.11.2024
2024 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша өңірде 45 мыңнан астам бизнес субъектісі тіркелген.Мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері бойынша жоспар ағымдағы жылдың 9 айында 88,8%-ға орындалды.Әсет Тұрысов өз сөзінде Министрлік қызметінің негізгі бағыттарын, сонымен қатар өткен жылғы және ағымдағы жылдың 9 айының жұмыс нәтижелерінің қорытындысын атап өтті.Басты назарда халықты және бизнесті қолдау бойынша мемлекет қабылдаған шаралар болды. «СӘАЖ», «e-Salyq Azamat» және «e-Salyq Business» цифрландыру жобасы қысқаша таныстырылды.Өз сөзінің қорытындысы бойынша вице-министр QR-кодты қолдануға, ақпараттық жүйелердің жұмысқа қабілеттілігіне және жалпыға бірдей декларациялауға байланысты халықтың өзекті сұрақтарына жауап бердіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/875204
БҰҰ өкілдерімен кездесуде жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселесі талқыланды 16.11.2024
Мәдениет және ақпарат министрлігінде БҰҰ-ның Орталық Азия, Ауғанстан, Иран және Пәкістандағы есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Аймақтық өкілдігінің директорымен кездесу өтті. Тараптар жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау саласындағы ынтымақтастықты талқылады.Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов аталған бағыттар күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі екенін атап өтті. Ол Қазақстанда ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес табысты жұмыс істеп жатқанын, 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы іске асырылып жатқанын айтты. Сондай-ақ кешенді ведомствоаралық жұмыс та жасалып жатыр.«ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің қолдауымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес, сонымен қатар заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарлар әзірленді.Жалпы, біздің барлық жұмысымыздың негізінде «жастар үшін» емес, «жастармен бірге» жұмыс істеу принципі жатыр. Демек жастардың өзі жұмыстану қажет бағытты және оны шешуді талап ететін проблемалық мәселелерді айқындайды», – деп атап өтті Евгений Кочетов.Өз кезегінде БҰҰ өңірлік өкілдігінің директоры Оливер Штолпе жастармен жұмыс істеуге бағытталған курстарды таныстырды. Олардың бірі – спорт арқылы жастарға пайдалы физикалық және психологиялық дағдыларды игеруге көмектесетін оқу орындарына арналған «Өмірге аралас» бағдарламасы. Сондай-ақ Оливер Штолпе кеңейтілген брифинг өткізуді ұсынды, онда сарапшылар басқарманың бастамалары мен нәтижелеріне толығырақ тоқталады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/875146
Әлемге әйгілі скрипкашы Марат Бисенғалиев «Астана Операда» концерт берді 16.11.2024
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Астана Операда» әлемге әйгілі скрипкашы әрі дирижер, Қазақстанның ізгі ниет елшісі Марат Бисенғалиевтің бірегей «Симфониялық концерті» өтті.Концерттік бағдарламада «Дала», «Air», «Би», «Абай», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Қарлығаш», «Дударай» секілді танымал композициялар қамтылды. Сондай-ақ, іс-шараға Арухат Мусаипов, мультиаспапшылар Серік Нұрмолдаев, Анар Қасымова, Абзал Арықбаев пен Асқар Солтанғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов және жас вокалист Анна Юденич қатысты.Концерттің ерекшелігі оның айрықша акустикалық шешімінде болды. Марат Бисенғалиев авторлық жұмысы ретінде квадродыбыстау әсерін паш етті. Бұл – оркестр мен хордың жекелеген топтарының сахнада ғана емес, залдың арнайы акустикалық аймақтарында орналасуы. Ол голографиялық дыбыс жасап, эмоциялық тұрғыда тыңдармандарға ерекше әсер етті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/875049
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты иегерінің жобасы ел емханаларында пайдаланылмақ 16.11.2024
2023 жылы алматылық Нұрлан Бейімбет «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жеңіп алды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ол пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға және денсаулық сақтаудағы шығындарды азайтуға бағытталған өзінің IT жобасын жүзеге асыра алды.Бұл – созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, қант диабеті сияқты диагноздары бар диспансерлік есептегі науқастарға арналған qMed платформасы. Олар күніне екі рет сауалнамадан өтеді, нәтижесіне сай бағдарлама олардың денсаулық жағдайын анықтайды. Егер қалыпты жағдайдан сәл өзгеріс болса, науқас онлайн тағайындамалар алады. Егер қауіп-қатер жоғары болса, бұл туралы учаскелік дәрігерге хабарланады.Бұл алгоритм Денсаулық сақтау министрлігінің тұжырымдамасы шеңберінде әзірленді. Жоба Алматыдағы екі медициналық мекемеде сәтті жүзеге асырылды. Жақында оны Астана емханаларының бірінде де қолдады. Платформаны барлығы 1000-нан астам науқас пайдаланады.Нұрлан Бейімбет пайдаланушылардың географиясы мен платформаның функциясын кеңейтуді жоспарлайды. Тар ауқымды дәрігерлердің, психологтың, әлеуметтік қызметкердің, сондай-ақ салауатты тамақтану мектебінің қызметтері қолжетімді болады.Естеріңізге сала кетейік, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын 2021 жылдан бастап, Мемлекет басшысының бастамасы бойынша дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/875063
Серік Шәпкенов Махамбеттегі әлеуметтік нысандарды аралады 16.11.2024
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Махамбет ауданына жұмыс сапары аясында салынып жатқан нысандармен танысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Алдымен Талдыкөл ауылының кіре беріс жолымен танысты. Жолдың жалпы ұзындығы - 6,2 шақырым. Былтыр тамызда кірме жолды қайта жаңғырту жұмыстары басталғанмен, негізгі бөлігінің тығыздығы нормаға сай келмейді. Жобаға түзету жұмыстары жүріп жатыр.Бұдан кейін осы ауылдағы Жайық өзенінің жағасын бекіту жұмыстарын қарады. Талдыкөл ауылының судан қорғану бөгеті 3 км құрайды. Келер жылы тасқынның алдын алу үшін 2,1 км жерін қайта жөндеуді және 500 метр жерге уақытша қапшық салуды қажет етеді. Аталған жұмысқа жобалық сметалық құжаттама жасақталды. Серік Шәпкенов жауапты мамандарға Жайық суы деңгейінен көтерілмей тұрып жұмыстарды жеделдетуді міндеттеді.Сонымен қатар Махамбет ауылдық округінде салынып жатқан 60 пәтерлік үйдің құрылысымен танысты. Қазір жұмыстар аяқталып келеді, инженерлік инфрақұрылым жүргізіліп, аулалар абаттандырылуда. Аймақ басшысы жауапты басшыларға жыл соңына дейін барлық жұмысты аяқтауды жүктеді.Кейін Ж.Қартқожақов көшесінде орналасқан полиция ғимаратына барды. Өткен ғасырда салынған екі қабатты ғимарат 20 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен. Жаңа ғимарат салуды қажет етеді.Биыл мамырда Жалғансай ауылындағы су тазарту қондырғысын қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Қазір ғимарат толық жөнделді. Тазалау жабдықтары мен сорғыларды бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп, 1-көтергіш сорғы орнатылды. Сондай-ақ, 200 текше метрлік 3 су резервуары тазаланып, толықтай гидрооқшаулағыш жасалынды. 2-көтергіш сорғы ғимаратының іші жөнделіп, су сору станциялары қойылды. Жоспар бойынша қарашада пайдалануға беріледі. Нысанды аралаған Серік Шәпкенов аудан халқына берілетін таза ауыз суды үздіксіз жіберіп, ғимаратты күтіп-ұстау қажеттігін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/874577
Үйлестіру кеңесінің отырысында мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды 16.11.2024
Астанада Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Оған ҚР Мәжіліс депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.Күн тәртібінде Астана және Алматы қалаларында азаматтық бастамаларды қолдау мәселелері қаралды. Үкіметтік емес ұйымдар басшыларының балама баяндамалары алғаш рет тыңдалды. Бұл ашықтық пен өзара іс-қимыл тиімділігін арттырудағы маңызды қадам болды.Астана қаласының әкімдігі Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылған жобалармен танысу мақсатында баспасөз турын ұйымдастыруды ұсынды. Кеңес мүшелері Алматы қаласы әкімдігінің Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы оң тәжірибесін атап өтіп, осы тәжірибені елдің басқа өңірлерінде енгізуді ұсынды.Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыруды қоғамдық бақылау, сондай-ақ оларды халықтың қажеттіліктеріне бағыттау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірленді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/874612
Қонаев қаласында этносаралық қатынастар мәселелері бойынша ҚХА Журналистер клубының отырысы өтті 16.11.2024
Қонаев қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті. Жиында этносаралық қатынастардың негізгі мәселелері және олардың дамуындағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі талқыланды.Іс-шараға Ұлытау, Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының мемлекеттік органдар өкілдері, сарапшылар мен Журналистер клубының мүшелері қатысты.Спикерлер елдегі этносаралық қатынастарды үйлесімді дамыту мен ел бірлігін нығайтуда, мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде насихаттауда, азаматтардың арандатушылық пен деструктивті ақпаратқа иммунитет қалыптастыруда, әлеуметтік желілердегі этносаралық тақырыпта, әсіресе «араздық тілінің» алдын алу үшін БАҚ-тың рөлі маңызды екенін атап өтті.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ҚХА хатшылығымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлік бағытындағы жұмысқа ҮЕҰ мен БАҚ-ты тарта отырып, танымдық, мәдени және өзге де шаралар кешенін іске асырып келеді.Бұл тұрғыда ҚХА мен этномәдени бірлестіктердің мүшелерін, ҮЕҰ мен БАҚ-ты да әдістемелік қолдау маңызды.Отырыс соңында қатысушылар пікір алмасып, өзекті мәселелерді ортаға салды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/872456
Мемлекеттік би ансамблі көрерменге жаңа концерттік бағдарлама ұсынды 16.11.2024
Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің «Күн дидарлы — Қазақстан» атты концерті өтті. Концерттік бағдарламада репертуарға жаңадан енген қазақтың ұлттық және әлем халықтарының билері сахналанды.Ансамбль көрермен назарына «Моңғол биі», орыс биі «Вензеля», өзбек биі «Хорезм термәләрі», «Көңілді серуен», «Жастық жалын», тәжік биі «Идона», ұйғыр биі «Долан», корей биі «Кальчум», татар биі «Женихи», қытай биі «Liming», сондай-ақ «Жарық», «Ел салтанаты», «Қыз қуу» сияқты ерекше би қойылымдарын ұсынды.Сонымен қатар, концертте халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Біржан Айтахмет, Асылхан Шалқаров, Айгерім Елемесова және Мәдениет саласының үздігі Рахат Сәрсенов өнер көрсетті.Бүгінгі таңда «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі – ұлттық хореография мәдениетінің бай мұрасын және әлемдік хореографияның алуан түрлілігін толық насихаттай алатын жалғыз кәсіби би ұжымы.Айта кетейік, келер жылы «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің құрылғанына 70 жыл толады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/872568
Үйлестіру кеңесінің отырысында жастар саясатының өзекті мәселелері талқыланды 16.11.2024
Астанада Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің өкілдері, сарапшылар және ЖРО басшылары жастарды қолдауға бағытталған өзекті мәселелер мен бастамаларды талқылады. Атап айтқанда, жастардың даму индексі, NEET санатындағы жастармен жұмыс және тағы басқа мәселелер қарастырылды.Кездесу барысында ЖРО-ның тиімділігі туралы да сөз етілді. Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар мен оқыту курстары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеуде. Биыл буллингтің алдын алу және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты материалдар жариялау жоспарланған.Еске сала кетейік, Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі мемлекеттік жастар саясаты жүйесіндегі жұмыс сапасын және тиімділігін арттыру мақсатында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының жанынан құрылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/872574