Мәдениет
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды 24.11.2024
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдық мерейтойына арналған марафон салтанатты түрде бастау алды.Мерекенің алғашқы іс-шарасы Үрмелі музыка кеші болды.Бұл музыкалық кеште студенттік ұжымдар өнер көрсетіп, классикалық музыкадан бастап қазіргі заманға дейінгі әсем әуендермен көрермен ықыласына бөленді.Сахнада үрмелі аспаптарда орындалатын түрлі әуендер ұсынылды. Оның ішінде кернейшілер ансамблі, флейташылар, кларнетшілер, үрмелі квинтет және үрмелі оркестр бар. Әрбір нөмірдің шабыт пен шеберлікке толы өз оқиғасы болды.Бұл кеш үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының ұзақ жылғы еңбегі мен тарихына жасалған құрмет іспеттес. Кафедра мұрасы өнерге адал қызмет етуге баулыған түрлі буын музыканттарымен өлшенеді. Кештің арнайы қонағы Күләш Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалқаман Дүйсенбаев жетекшілік ететін ағаш үрмелі аспаптар квинтеті болды.Қалқаман Дүйсенбаев та консерваторияны мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.Мерейтойлық марафон 23 қарашадан 3 желтоқсанға дейін жалғасады және Республика сарайының сахнасында өтетін салтанатты гала-концертпен аяқталады. Көрермен осы күндері танымал ұжымдар мен белгілі солистердің, сондай-ақ консерваторияның дарынды түлектерінің өнерін тамашалай алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889152
Қызылорда облысында газ желісіне қосылған ауылдар саны артты 23.11.2024
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Сырдария ауданының А.Тоқмағанбетов, С.Сейфуллин ауылдарын газ желісіне қосу рәсімі өтті.Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады.«Сырдария ауданының ынтымағы мен бірлігі жарасқан Сәкен Сейфуллин, Асқар Тоқмағанбетов атындағы ауылдары «көгілдір отынға» қосылуда.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде жетілдіру. Ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамытуымыз керек» деп атап өтті.Бүгінде өңір тұрғындарын газбен қамту көрсеткіші 75 пайыз, биыл 30 млрд. теңгеден астам қаржыға 306 шақырым газ желілері тартылуда. Осы жобалардың арқасында аймақ халқының 78 пайызы «көгілдір отынмен» қамтылады. Келесі жылы 10-нан астам елді мекенді газдандыру жоспарланған. Осындай игілікті істер ауыл тіршілігінің тамырына қан жүгіртіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға жол ашады.Өткен жылы Сырдария ауданының бюджеті 12 млрд. теңге болса, қазіргі таңда 16 млрд. 108 млн. теңгеге жетті, 33 пайызға өсім бар. Бұл қаржы аудан халқының өзекті мәселелерін шешуге бағытталуда.Бүгін ауыл халқы от жағып, күл шығару бейнетінен арылып, шынайы қуанышқа бөленуде. «Көгілдір отыннан» тараған жылу барлық үйді бақыт пен шаттыққа кенелтсін!», – деді Н.Нәлібаев.Іс-шараларда ел ағалары Сұлтанбек Тәуіпбаев пен Әбдіғаппар Әмірғалиев құттықтау лебіздерін жеткізіп, батасын берді. Ауылдың өсіп-өркендеуі жолында қажырлы қызмет еткен сала мамандары мен ардагерлерге облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.Газ қосу рәсімінен кейін аймақ басшысы екі ауылдың тұрғындармен кездесіп, атқарылған жұмыстар, алдағы бағыт-бағдар туралы айтты. Әсіресе, қолға алынған инфрақұрылымдық жобаларға, әр саладағы жаңашылдықтарға тоқталды, кездесуге келушілердің ой-пікірлерін тыңдады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/889146
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды 23.11.2024
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен "Қызылорда Саз М" ЖШС заманауи кірпіш зауытының іргетасына капсула салу рәсімі өтті.Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен жобаға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, зауытқа Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағынан 7 гектар жер телімі берілді. Құны 2,3 млрд теңге болатын зауытта жылына 90 млн дана кірпіш шығарылады деген жоспар бар. Іргетасы желтоқсан айында құйылып бітеді. Құрылыс алаңында 20 жұмысшы, 11 техника жұмыс жасауда. Зауытқа қажетті қондырғылар желтоқсан айында жеткізіліп, алдағы жылдың ақпан айында монтаждалады. Бұл зауыттың басқалардан ерекшелігі - өндіріс толығымен автоматтандырылған.Айта кетейік, құрылыс саласында биыл 189 жобаны жүзеге асыруға 134,8 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде, 36 білім беру, 22 денсаулық сақтау, 13 мәдениет, 14 спорт, 1 қоғамдық тәртіп,1 жұмылдыру дайындығы, 3 мемлекеттік орган ғимараты, 1 154 пәтерлік 21 тұрғын үй құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту бойынша 85 жоба бар. Жыл басынан бері Қызылорда қаласында «Өнер орталығы», «Қан орталығы», «Үстел теннисі орталығы», «Оқушылар сарайы» және сол жағалаудағы 900 орындық «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді. Жаңа стадион, «Инновациялық- шығармашылық орталық», музыкалық колледж ғимараты құрылысы басталды. Барлық ауданда музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдарды біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият орталықтары», 9 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, Жаңақорған ауданының Төменарық ауылында, Арал ауданының Сексеуіл кентінде аурухана, Жаңақорған кентінде «Оқушылар үйі» және 3 жайлы мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, биыл демеушілер есебінен 17 нысанның жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/889148
Оқушыларды ыстық тамақпен қамту мәселесі қаралды 23.11.2024
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "Әлеуметтік әмиян" жобасын іске асыру, мектепке дейінгі ұйымдардағы дербестендірілген ваучерлік қаржыландыру, дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау, медициналық көмектегі төлемнің бірыңғай жүйесі, бюджетті жоспарлау мен қаржыландырудың кешенді автоматтандырылған жүйесіне қатысты мәселелер қаралды. Жиынға жауапты министрліктер қатысып, өңір әкімдіктері онлайн байланыс арқылы қосылды.Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен арнайы жиында талқыланған мәселелер бойынша тапсырмалар берілді.«Мемлекет басшысы бастауыш сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасы балаларына мемлекет есебінен тегін ыстық тамақ беруді, мектеп асханаларындағы тамақ сапасын қадағалауды міндеттеді. Осы ретте санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қатаң бақылау, оқушыларды сапасы күмәнді, арзан азық-түлікпен тамақтандырмау, тағамдардың бала ағзасын барлық қажетті дәруменмен қамтамасыз етуін назарда ұстау керек. Бұл өскелең ұрпақтың денсаулығына тікелей әсер ететіні айтпаса да түсінікті. Сондықтан мектепте берілетін ыстық тамақтың сапасын тұрақты бақылауды тапсырамын.«Әлеуметтік әмиян» жобасы бойынша тиісті шараларды қабылдап, мектептердің қосылуын қамтамасыз етіңіздер. Ата-аналар мен кәсіпкерлер арасында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізіңіздер.Меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымдарда әлеуметтік- медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландырылатын дәрілік заттар таңбалануы тиіс. Дәрілік заттардың дұрыс және уақытылы таңбалануын қадағалаңыздар. Емдеу ұйымдарында дәрі-дәрмекке берілетін сұранысты уақытылы қаржыландырыңыздар», - деді Н.Нәлібаев.Айта кетейік, өңірде "Әлеуметтік әмиян" жобасын енгізуге арналған арнайы жол картасы бекітілді. Биыл облыстағы оқушы мен қызметкер саны 700-ден асатын және аудан, қала орталықтарында орналасқан 87 мектепке аппараттық- бағдарламалық кешен орнатуға 119,2 млн. теңге бөлініп, «Транстелеком» мекемесі жүзеге асыруда. Облыстың 298 мектебінде балаларға ыстық тамақ ұйымдастырылған. Тегін тамақпен қамтылған бала саны - 89 572, ол жалпы бала санының 52,2 пайызын құрайды.Бастауыш сыныптар 100 пайыз қамтылған.Тегін дәрі-дәрмекті босатуда мемлекеттік және жеке емханалар таңбалау штрих-код сканері, деректерді жинақтау терминалы және планшет құралдарымен қамтылған. Қазіргі таңда, 27 медициналық ұйымда «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында жалпы саны 25 530 рецепт жазылып босатылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/889149
Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті 23.11.2024
22 және 23 қараша күндері Алматы қаласында белгілі вокалды-аспаптық «Яшлык» ансамблінің 50 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтті.Концерт ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.«Яшлык» ансамблі 1974 жылы құрылған. Ұлттық музыканы халық аспаптарымен үйлестіріп, жаңа өңдеумен ұсына білген топ бірнеше мәрте халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанды.Іс-шараға «Дос-Мұқасан» ансамблі, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Дильназ Ахмадиева мен Әлішер Кәрімов, әнші және композитор Парвиз Назаров, сондай-ақ «Яшлык» ансамблінің қазіргі құрамы мен қазақстандық және ұйғыр эстрадасының жұлдыздары қатысты.Концертте ансамбльдің 70–80 жылдардағы хиттері мен танымал әндердің заманауи өңделген нұсқалары орындалды.Өнер ұжымына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ықылас гүлі табыс етілді.ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Яшлык» ансамблінің ұжымын мерейтойымен құттықтап, ансамбльдің Қазақстанның музыка мәдениетіндегі орны ерекше екенін айтты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889151
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті 23.11.2024
Алматы қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында волонтерлік ұйымдарының слеті ұйымдастырылды.Слеттің ашылуына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, сондай-ақ Ресей Федерациясы Президентінің шет елдермен өңіраралық және мәдени байланыстар жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Антон Рыбаков, екі елдің волонтерлік қозғалыс өкілдері қатысты.Аида Балаева жиналғандарды алдағы Халықаралық волонтер күнімен құттықтап, мемлекет пен волонтерлік қауымдастық арасындағы серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлер қызметіне үлкен көңіл бөлуде. Мемлекет басшысы, әсіресе, саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударып отыр. Бүгін біз Қазақстан мен Ресейдегі волонтерлер қозғалысы қуатты күшке, мейірімді азаматтардың жұдырықтай жұмылуының жарқын үлгісіне, халықтар арасындағы байланыстарды нығайтатын, маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал ететін қозғалысқа айналды деп сеніммен айта аламыз», – деді министр.Сондай-ақ, Аида Балаева Мемлекет басшысының бастамасымен 2020 жылдың Қазақстанда Волонтерлер жылы деп жарияланғанын, бұл волонтерлер қозғалысына қуатты серпін бергенін айтып, Қазақстандағы волонтерлікті мемлекеттік қолдау шараларына тоқталды.Мемлекеттік органдар жыл сайын волонтерлер қауымдастығымен бірлесіп 50-ден астам жобаны жүзеге асырып, бастамаларды іске асыру үшін 240 шағын грант береді.Бүгінде елімізде 240 мыңнан астам белсенді волонтер бар, 740-тан астам волонтерлік ұйымдар мен мыңнан астам бастамашыл топ жемісті жұмыс істеп келеді.Сөз соңында министр 2025 жылы табиғатты қорғауға бағытталған іс-шараларды өзекті ету мақсатында бірлескен экологиялық акциялар, көрмелер, семинарлар мен конференциялар өткізуді ұсынды.Волонтерлер слетінде сөз сөйлеген Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің шет елдермен өңіраралық және мәдени байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Антон Рыбаков Қазақстанға іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.«Бірлескен жобаларды сапалық тұрғыда жаңа деңгейге көтерудегі негізгі бастамашылардың бірі – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл біз үшін өте маңызды. Қазақстан волонтерлермен жұмыс істеуде үлкен тәжірибеге ие. Біз бұл бағытты толық қолдаймыз және бүгінгі кездесудің маңыздылығы келесі жылы, біз жоспарлағандай, Ресей мен Қазақстан волонтерлерінің «Тату көршілік» атты толыққанды форумы өтетінінде деп білеміз. Бұл біздің елдеріміз арасындағы бірлескен жобалар портфелін байыта түседі деп сенемін. Волонтерлік идеяны насихаттау және волонтерлік қозғалысқа көбірек адам тарту қоғамды біріктіруге, дәстүрлі моральдық және рухани құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді», – деді ол.Слет аясында волонтерлер үшін танымдық дәрістер, семинар-тренингтер ұйымдастырылды.Сондай-ақ ресейлік қонақтарға Алматы қаласындағы комьюнити орталықтарының жұмысы таныстырылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889136
«Кавказ тұтқыны» және «Иван Васильевич кәсібін өзгертеді» атты культтық фильмдерге жазылған музыканың авторы Александр Зацепин Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады 23.11.2024
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 80 жылдық мерейтойын атап өтуде, осыған орай Александр Зацепин — танымал композиторлардың бірі де бірегейі, «Кавказ тұтқыны», «Бриллиантовая рука», «12 стульев», «Иван Васильевич кәсібін өзгертеді» фильмдері музыкасының авторы — жылы құттықтауын жолдап, шығармашылығының қалыптасуына туған оқу орнының қосқан үлесін атап өтті.«Мен 50-ші жылдары оқуға түстім. Евгений Григорьевич Брусиловскийден дәріс алдым. Профессура өте жақсы әрі қызықты болды. Мұнда көптеген адамдармен таныстым, композиторлар Рахмадиев, Мендығалиев, Мухамеджановтармен достық қарым-қатынаста болдым. Мен тек музыкалық мектепті аяқтап, басқаша білім алған жоқпын, ал осы консерватория маған көптеген нәрселерді үйретті. Рахмет! Оны өмір бойы есімде сақтаймын», — деді Александр Сергеевич.Композитордың үлкен өнерге деген жолы Алматы қаласынан басталды. Мұнда ол композиция мен пианино бойынша білім алды, «Қазақфильм» киностудиясында алғашқы қадамдарын жасап, алғашқы жетістігі болып саналатын «Біздің қымбатты дәрігер» (1958) фильмінің музыкасын жазған.80 жылдың ішінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы көптеген танымал музыканттарды тәрбиелеп шығарды. Есімі танымал түлектерінің қатарында Бибігүл Төлегенова, Әлибек Дінишев, Алан Бөрібаев, Абзал Мұхитдинов, Нұржамал Үсенбаева, Медет Шотабаев және басқа да көптеген музыканттар, соның ішінде Александр Зацепиннің өзі бар.Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай 30-дан астам іс-шарадан тұратын ауқымды марафон ұйымдастырылды. 3 желтоқсан күні Республика Сарайында гала-концерт өтеді, ал салтанатты тойлау 20 желтоқсанда Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында гранд-финалмен аяқталады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889098
Алматыда креативті индустрия өкілдерімен кездесу өтті 22.11.2024
Алматыда Almaty creative орталығында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың креаторлармен кездесуі өтті. Оған режиссерлер мен продюсерлер, суретшілер қатысты.Кездесуде креативті индустрия саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Оның ішінде заңнамалық бастамалар, инфрақұрылымды дамыту, қазақстандық креативті өнімдер импорты сөз етілді.«Шығармашылық мамандарды қолдау – болашаққа жасалған инвестиция. Креативті индустрия бірегей өнім жасап, мәдени әлеуетті нығайта отырып, жаңа экономиканы қалыптастырады», – деді Almaty creative директорының міндетін уақытша атқарушы Бақыт Елубаева.Сондай-ақ кездесу аясында креаторларға креативті индустрияларды дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет грамотасы» табысталды.«Креативті экономика саласындағы зерттеулер Қазақстандағы осы секторды дамыту үшін өте маңызды. 7 жылдан астам уақыт бойы әріптестеріммен бірге сапалы қолданбалы зерттеулер жасауға тырысып келеміз. Бұл грамота біздің жұмысымыздың министрлік тарапынан бағаланғанын растайды және бұл мен үшін өте маңызды», – деді Нархоз Университетінің креативті экономика жобаларының жетекшісі Дана Шаяхмет.Айта кетейік, бүгінде Алматы Қазақстандағы креативті индустриялардың орталығы. Мұнда елдегі креативті индустрия субъектілерінің үштен бірі тіркелген. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889054
Қасым-Жомарт Тоқаев ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады 22.11.2024
Мемлекет басшысы Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты, қазақ руханиятының аса көрнекті өкілі, белгілі ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған кешке барды.Концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен ақынның «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Аяулым», «Домбыра туралы баллада», «Өкінбе сен», «Өмір-өзен», «Сағындым сағым жылдар», «Дос керек», «Сарыарқа» және тағы басқа өлеңдеріне жазылған, халық сүйіспеншілігіне бөленген әндер орындалды. АқордаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889057
«Астана Опера» театрында «Толық адам. Ой толғау. Хакім Абай» монооперасның премьерасы өтті 22.11.2024
«Астана Опера» театрында ұлы ақын, ағартушы, композитор, философ, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Толық адам. Ой толғау. Хакім Абай» монооперасның премьерасы өтті.Шығарманың авторы және орындаушысы – Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шахимардан Әбілов дарынды пианист, халықаралық байқаулардың лауреаты Әлияр Өтетілеумен бірге өнер көрсетті.Жиналған қауым Абайдың «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң» және басқа да танымал әндерін тыңдай алды. Ал, «Астана Опера» хор студиясының жас әртістері Шахимардан Әбіловпен бірге «Желсіз түнде жарық ай» және «Айттым сәлем Қаламқас» әндерін орындады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889061
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог 22.11.2024
Мемлекеттік сатып алу – жаңашылдықтарды, озық технологиялар мен отандық өндірісті ілгерілетуге ықпал ететін тиімді тетік. Осыған орай ҚР Қаржы министрлігі өңірлерде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдағы негізгі өзгерістерді түсіндіруге арналған бизнес өкілдерімен, мемлекеттік сектормен және азаматтық қоғаммен өкілдерімен кездесулер өткізуді жалғастырып келеді.Бұл жолы кезекті кездесу Өскеменде өткізіліп, Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейл мен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов мемлекеттік сатып алу арқылы отандық тауар өндірушілерді қолдау түрлері туралы айтып берді. Іс-шараға Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының бизнес қауымдастығы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, бюджеттік ұйымдардың, ШОБ пен «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалының өкілдері қатысты.Дәурен Маратұлы айтқандай, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында отандық бизнестің сапалы дамуын ынталандырып, қолдауды тапсырған болатын. Осы тұрғыдан алғанда «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң аталған міндетті орындаудағы маңызды құрал болып саналады.«Мемлекеттік сатып алудың ашық және жақсы ұйымдастырылған жүйесі процестің барлық мүдделі тарабына, оның ішінде мемлекеттік секторға, бизнес пен азаматтарға тиімді. Өйткені бұл бәсекелестіктің артуына және көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың сапасын жақсартуда септігі зор. Мысалы, сатып алуға қатысушылардың біліктілігін арттыру үшін тиісті беделі бар өндірушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру ұсынылады. Өндіруші туралы ақпарат түрлі дерекқорларды пайдалана отырып қалыптастырылады. Бұл қызмет көрсетушілерді автоматты түрде таңдауға көшуге мүмкіндік береді», деді Қаржы вице-министрі.Бұдан басқа отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Қаржы министрлігі тек шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген тізбесін бекітті.Заңның бірнеше бөлімі сатып алу процедурасын жеңілдетуге бағытталған, бұл оларды қысқа мерзімде өткізуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек тапсырыс берушілердің жоғары талаптарды белгілеу фактілерін болдырмау мақсатында қолданыстағы камералды бақылауды сақтау жоспарланған. Бұл ретте уәкілетті орган тарапынан сатып алу қорытындыларының күшін жою құқығы алынып тасталғанын айта кетейік. Мұндай кездесулер министрліктің іскер ортамен өзара іс-қимылды нығайту мен барлық мүдделі тарап үшін қолжетімді ақпаратты қамтамасыз ету жөніндегі стратегиясының маңызды бөлігі болып саналады. Ведомство Қазақстан экономикасын дамыта отырып, мемлекеттік сатып алу жүйесінің тиімділігін арттыру мен өзекті мәселелерді бірлесіп шешу үшін кәсіпкерлермен, ірі бизнес өкілдерімен және қоғамдық бірлестіктермен жүйелі диалог орнатуды жалғастырып келеді.Іс-шарадан кейін Д.Кеңбейл екі кәсіпорынға аялдады: Өскемен өнеркәсіп арматура зауыты мен «Рауан» тігін компаниясы.Өскемен өнеркәсіп арматура зауыты (ӨӨАЗ) – мұнай және газ құбырлары, химия және металлургия кәсіпорындары, энергетика кешені және ТКШ кәсіпорындарына, сондай-ақ мұнай саласына арналған жабдықтар мен құбыр арматурасын өндірумен айналысады. Зауыттың жобалық қуаты жылына 1834 тонна дайын өнім шығаруға қауқарлы. Кәсіпорын Қазақстанның көмірсутегі секторының ірі компанияларын: «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қазгермұнай» БК ЖШС «Ембімұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.» ЗТ АҚ, «МұнайТас Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ және басқалар ұйымдарды жабдықтармен қамтамасыз етіп келеді. «Рауан» ӨКК» ЖШС – арнайы киім тігетін кәсіпорын, сондай-ақ Қазақстандағы ерекше балаларға арналған киім шығаратын жалғыз өндіруші болып саналады. Мұнда церебралды сал ауруы бар балаларға белсенді өмір салтын жүргізуге көмектесетін бейімделу заттары жасалып, тігіледі. Өнімді жасау кезінде қолданылатын барлық зат ыңғайлы және ерекше балалардың қажеттіліктерін ескереді. Өскемен титан-магний комбинаты «Рауан» ӨКК арнайы киімдерін көтерме бағамен алатын тапсырыс берушілерінің бірі. Қазақстандағы тағы бір ірі кәсіпорны үшін мұнда арнайы киім топтамасы жасалып дайындалған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/888766
Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары бойынша семинар өтті 22.11.2024
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлытау облысының әкімдігімен бірлесіп, этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының өзекті міндеттері мен алгоритмдерін түсіндіруге арналған онлайн-семинар өткізді.Семинар аясында этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі бағыттары мен мәселелері қаралды. Этностардың қоғамдық келісімі мен интеграциясын нығайту үшін этносаралық коммуникацияларды дамыту, жастар арасында патриотизм мен жалпыазаматтық құндылықтарды қалыптастыру, этносаралық инциденттердің уақтылы алдын алу және этномедиация институтын дамыту жайы талқыланды.Қатысушылар профилактикалық жұмысты күшейту және мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары мен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара байланысты нығайту бойынша практикалық ұсыныстармен алмасты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888923
«Бауырына салу» фильмі тағы бір халықаралық марапатқа ие болды 22.11.2024
«Бауырына салу» фильмінің операторы Жанарбек Елеубек Asia World Film Festival (AWFF) фестивалінде «Үздік операторлық жұмыс» жүлдесін еншіледі.Асхат Кучинчирековтің «Бауырына салу» фильмі Қазақстан атынан ресми түрде «Шетел тіліндегі ең үздік фильм» номинациясында 2025 жылғы «Оскар» сыйлығына ұсынылды.Фильм ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.Айта кетейік, «Бауырына салу» фильмінің премьерасы өткен жылы Сан-Себастьян кинофестивалінде өтті. Онда фильм сыншылар мен көрермендер тарапынан жоғары бағаланды. Фильм қазақ дәстүрі бойынша әжесінің тәрбиесінде болған баланың тарихын баяндайды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888988
Ауыл шаруашылығы саласының ардагерлеріне құрмет көрсетті 22.11.2024
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Құрманбек Бәкірұлын және Ауыл шаруашылығы саласының үздігі Керімхан Егізбаевты мерейтойымен құттықтады.«Бүгін ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі, жетекші селекционер, Шиелі ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Құрманбек Бәкірұлының 80 жас, сала үздігі, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Керімхан Егізбайұлының 75 жас мерейтойына арналған жиында бас қостық. Құрманбек Бәкірұлы мен Керімхан Егізбайұлы – ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан өз ісінің білікті мамандары.Жуырда Астана қаласында өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында Президентіміз: «Қазір жаһандық азық-түлік нарығында бәсеке күшейіп келеді. Оған төтеп беру үшін ғылымды дамытуға баса мән беру керек. Соның ішінде тұқым шаруашылығын жандандыру – стратегиялық міндеттің бірі» деген болатын. Бұл ретте, өңірдегі тұқым шаруашылығын дамытуға зор үлес қосқан Құрманбек Бәкірұлы мен Керімхан Егізбайұлының еңбегін ерекше атап өтуіміз қажет»,– деді аймақ басшысы.Құрманбек Бәкірұлы 1944 жылы Шиелi ауданының Бала би ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында білім алып, 1967 жылдан бері Ыбырай Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында еңбек етуде. Ғалым Қазақстанда бірінші болып күріш мутагенезімен айналысты. Осы әдіспен күріштің 130 түрін шығарды. Ақ күріштің бірнеше сортының, оның ішінде «Маржан» және ерте пісетін «Ару» сортының негізгі авторы атанды. 160-тан астам ғылыми еңбек жазды.Қазіргі таңда Ресейдің ядролық зерттеулер институтымен бірлесіп күріштің тұзға, қуаңшылыққа төзімді формаларын алу бойынша жұмыс жасауда. Ол 1997 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік ғылыми стипендиясын иеленді.Керімхан Егізбайұлы 1949 жылы Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін, еңбек жолын 1977 жылы туған жерінде бастаған. 1994 жылдан бері «Агротехнология» ғылыми-өндірістік шаруашылығын құрып, ғылым мен өндірісті ұштастырып еңбек етіп келеді. Күріштің «Авангард» сортын, «Венгрия» жүгерісін, Польшадан шыққан гибридтерді, өзбектің ақ жүгерісін, жоңышқаның жетісулық жергілікті сорттарын аудандастырып, егу тәсілін меңгерді. Мұны дүние жүзінде бірінші болып ғылыми зерттеп, дәлелдеп, өндіріске енгізді. Қазіргі таңда бұл әдісті әлемдегі күріш егетін елдің барлығы пайдаланады.Мал шаруашылығында америкалық «Санта-Гертруда» асылтұқымды ірі қараны алғаш рет облысқа жерсіндіріп, оның басын 400-ге жеткізді. Күріштің «Айкерім» жаңа сортының авторы, күздік бидай, арпаның жаңа сорттарының қосымша авторы атанды.Актив отырысында Құрманбек Бәкірұлына және Керімхан Егізбайұлына Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды. Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Абзал Ералиев ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғалиолла Мейірман мерейтой иелерін құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/888608
«Бізге дәрігер керек» фильмі – XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің шымылдығын ашады 22.11.2024
2024 жылдың 24-30 қарашасы аралығында Алматы мәдениет пен кино өнерінің орталығына айналады. Жылдың ең маңызды мәдени шараларының бірі – XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өз шымылдығы қазақстандық «Бізге дәрігер керек» фильмінің көрсетілімімен ашылады.Бұл отбасыға арналған туынды адамгершілік, кәсіби шеберлік және өмірде орын алатын күтпеген оқиғалар жайлы сыр шертеді. Ол көрермендерді терең сезім, әсерлі әзіл және өмірлік философияға толы ерекше әлемге жетелейді. Картина сюжеті Алматыдағы ауруханалардың бірінде өрбиді. Онда білікті дәрігер Николай Анатольевич Грачевтің 70 жылдық мерейтойы тойланбақ. Туған күн салтанатты түрде басталғанымен, оқиға күтпеген арнаға түсіп, адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынастарды ашады.Көрермендер үшін «Бізге дәрігер керек» фильмі тек оқиға желісін ғана емес, сонымен қатар дәрігерлердің адал еңбегін, өмірлік құндылықтар мен үмітке толы терең эмоцияларды жеткізеді. Аталмыш фильм «Еуразия» кинофестивалінің айрықша туындысы болмақ.«Бұл музыкалық комедия бродвейлік стильдегі мюзикл жанрында түсірілген. Біз тек ән айтумен шектелмейміз. Әрбір ән сюжеттің өрбуіне үлес қосады. Осындай фильмді Қазақстанда бұрын-соңды көрген емеспін», – дейді фильм режиссері Равиль Трумов.Бұл туынды қазақстандық кино шеберлерінің нәтижелі жұмысының жемісі. Фильмнің сценариін Асқар Бисембин, Сәкен Токтағұлов, Мейірман Әбдіраимов және Равиль Трумов жазған. Композитор Алексей Маклайдың музыкасы оқиғалардың шынайылығын әсерлі етіп, әркімнің сезімін тербетеді. Қоюшы операторлар Евгений Махметов пен Қазбек Әміржановтың шеберлігі әр көріністі көркемдей түсті.Көрермендер фильмдегі кейіпкерлердің жан дүниесімен актерлердің шынайы ойыны арқылы танысады. Әсіресе, Серік Шәріп пен Қарақат Башанова өз рөлдерін шеберлікпен сомдап, фильмге ерекше жылулық сыйлады. Актерлік ансамбль қазақстандық кинематографтың жоғары деңгейін кезекті рет дәлелдейді.Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.Бас демеуші: Bazis-A халықаралық құрылыс компаниясы.Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888864
Астанада азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс бойынша семинар өтті 22.11.2024
Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін «Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл тетіктері» тақырыбында семинар өтті.Қатысушылар азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс пен конструктивті диалогтың маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру тетіктері, қоғамдық кеңестер мен қоғамдық бақылау жұмыстарын, ҮЕҰ-мен өзара байланыс, ҮЕҰ дерекқорын енгізу секілді өзекті мәселелерді талқылады.Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға талқыланған мәселелерді шешу бойынша ұсынымдар беріліп, одан әрі жұмыс үшін кеңестер берілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888912
«Есік» музей-қорығында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті 22.11.2024
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Еуразия далалық өркениеті: тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу, сақтау және пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбында «V Есік оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.Іс-шара қазақ археологиясы мектебінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның ежелгі және ортағасыр тарихын зерттеуші, көрнекті археолог-ғалым Кемел Ақышевтың туғанына 100 толуына орай ұйымдастырылды.Конференцияда Қазақстанның археологиялық ескерткіштері: тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану жолдары, далалық ізденістер нәтижелері бойынша тарихи-мәдени мұра нысандарын зерттеу және қорғаудың әдістемелері, пәнаралық зерттеулер мен музей ісінің мәселелері талқыланды.Конференция аясында К.Ақышевқа арналған мемориалды зал мен көрме ашылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888751
Астанада «Мың бала» жобасының жеңімпаздары марапатталды 22.11.2024
Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.«Мың бала» жобасы мектеп жасына дейінгі балаларды, мектеп оқушылары мен түрлі этнос жастарын мемлекеттік тілді үйренуге тарту, сондай-ақ оларды шығармашылық арқылы қазақ халқының ұлттық және рухани құндылықтарына баулуға, қазақстандық бірегейлікті насихаттауға және халық бірлігін нығайтуға бағытталған.Іс-шара аясында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының 2015-2024 жылдардағы жеңімпаздары өнер көрсетті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888769
Астанада волонтерлік және әлеуметтік жобаларды этикалық тұрғыда жариялау бойынша семинар өтті 22.11.2024
Астанада 21 қараша күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ ұйымдастырған семинар өтті.Семинардың негізгі бағыты – әлеуметтік тақырыптарды ұсынудың этикасы мен заманауи тәсілдеріне баса назар аударып, БАҚ өкілдерінің кәсібилігін арттыру.Волонтерлік бастамаларды жариялаудың жаңа әдістерін зерттеу және «сезімтал ақпаратпен» («sensitive information») жұмыс барысында этикалық нормаларды сақтау мәселелері талқыланды.Іс-шараға тек БАҚ өкілдері ғана емес, сонымен қатар медиа-волонтерлер де қатысты. Бұл диалогты одан әрі жандандырып, мазмұнды етті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888607
Астанада «Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық конференция өтті 22.11.2024
Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Іс-шара «Архив-2025» жобасы аясында шетелдердегі Қазақстанға қатысты құжаттарды анықтау, көшіру, цифрлау және жариялау бағытында жасалған жұмыстарды талқылауға арналды.Конференция шеңберінде Қазақстан тарихына қатысты бірегей құжаттардың көрмесі ұйымдастырылды. Экспозицияда Ресей, Германия, Моңғолия, Беларусь, Армения, Түркия сияқты мемлекеттердің архивтерінен әкелінген құжаттар қойылды.Іс-шара аясында «Материалы и документы Российского государственного военно-исторического архива по истории Казахстана XIX века» атты құжаттар жинағының тұсаукесері өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888655