Enbekshi QazaQ

Мәдениет

Уфада өткен форумда Қазақстан мен Ресейдің жас кәсіпкерлері бизнес-идеяларды талқылады 27.11.2024
Башқұртстан астанасы Уфа қаласында «Ресей мен Қазақстандағы жастар кәсіпкерлігі: тәжірибе алмасу және әріптестік келешегі» атты жас лидерлер форумы өтті. Бұл кездесу Ресей мен Қазақстан арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың ХХ форумы аясында ұйымдастырылды. Форумға 300-ден астам адам қатысты.Іс-шара мақсаты – екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, жас кәсіпкерлер қауымдастығын құру және жаңа іскерлік мәдениетті қалыптастыру.Екі елдің жас кәсіпкерлері бірлескен жобаларды, ғылыми-білім беру бағдарламаларын талқылап, табысты әдістер мен кейстерді бөлісті. Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау шараларын талқылауға ерекше назар аударды.Сондай-ақ форум аясында студенттік стартаптарды талдау және дәстүрлер негізінде заманауи бизнес тұжырымдамаларын қарастыруға арналған жеке сессиялар өтті.Форумның соңы стратегиялық сессиямен қорытындыланды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/891078
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 619 бұйрығы 27.11.2024
Құрметті салық төлеушілер! ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 619 бұйрықпен ТІЖ ресімдеу және ЭШФ үзіндісі Қағидаларында мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды: - тауар кодтарын ерікті қолдану (GTIN немесе басқалары); - 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап сұйытылған мұнай газын өткізу кезінде ТІЖ-ді міндетті ресімдеу; - 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО шеңберінде тауарларды әкелу/әкету кезінде килограммен «Нетто салмағы» міндетті түрде толтыру (көрсетілген мерзімге дейін ерікті түрде); ТІЖ бланкісін оңтайландыру: К, К1,К2, К3, К4 кіші бөлімдерінен тұратын К бөлімі жаңа бөлімге ауыстырылды (29 бағанға қысқартылды). Сондай-ақ, өзге де нақтылаулар мен редакциялық түзетулер енгізілді. ЭШФ АЖ веб-порталында ТІЖ бланкісін өзгерту 2024 жылдың желтоқсан айына жоспарлануда. Осыған байланысты ЭШФ АЖ сынақ серверінде https://test3.esf.kgd.gov.kz:8443 өзгертілген функционалмен танысуды және қажет болған жағдайда осы өзгерістерді өз есеп жүйелерінде ескеруге мүмкіндік бар. Әзірлеуші жинағы (SDK ТІЖ бланкі бойынша жаңартулармен) МКК сайтында жүктеп алуға болады https://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-elektronnye-scheta-faktury-1. Пайдаланушы нұсқаулығымен https://kgd.gov.kz/ru/content/rukovodstvo-polzovatelya-1 сілтеме бойынша танысуға болады. ТІЖ бланкілеріндегі өзгерістер бойынша сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштаға хабарласуыңызды сұраймыз немесе +7 (7172) 72-51-61 телефон нөмірі бойынша.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/852688
«Жыл волонтері – 2024» халықаралық сыйлығының жеңімпаздары анықталды 26.11.2024
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының биылғы жеңімпаздарын анықтау бойынша конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті.Комиссия 15 бағыт бойынша 118 үміткердің өтінімін қарады. Қорытындысы бойынша 47 үміткер жеңімпаз деп танылды.Марапаттау рәсімі 5 желтоқсанда – Халықаралық волонтерлер күнін мерекелеу аясында Астана қаласында өтеді.2024 жылғы «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы лауреаттарының тізімі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/890710
Үйірмелер мен спорттық секцияларды қаржыландыру мәселесі қаралды 26.11.2024
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді, спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру, атаулы әлеуметтік көмек мәселесіне қатысты арнайы жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына, аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.«Балалардың шығармашылық үйірмелерге,спорттық секцияларға нақты қатысуын ата-аналар растаған ақпаратты негізге алып, тиісті шара қабылдаңыздар. Барлық кәсіпкерлер Face ID мобильді қосымшасымен қамтамасыз етілсін. Атаулы көмек алушылар қатарында шынайы табысын жасырып, жалған ақпарат ұсынғандар түрлі әрекетке баруда. Бұл көмек тек шын мұқтаж отбасыларға ғана берілуі қажет. Осыған орай, жыл соңына дейін белгіленген жоспарды орындауды, негізсіз көмек алғандардың қаржысын мемлекетке қайтаруды тапсырамын», – деді Н.Нәлібаев.Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде 2021 жылдан бері балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді, спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру бағдарламасы қолға алынды. Биыл шығармашылық тапсырыс аясында қаралған қаржыдан 600,0 млн.теңге бюджетке кері қайтарылды.Жалпы облыс бойынша 40 мәдениет үйі мен клубты, 15 мектеп, 1 университет корпусын кәсіпкерлер үйірме жұмысын жүргізу үшін жалға алған.Алдағы уақытта арнайы комиссия құрылып, қаладағы, аудандардағы барлық үйірмелердің жұмысы толық тексеріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/890451
Жұмыс бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуі тиіс 26.11.2024
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтағы «Руханият орталықтары» мен физика-математика мектеп-интернаты құрылыстарына қатысты арнайы жиын өткізіп, жауапты сала басшылары мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.Қазір барлық ауданда облыстық бюджет есебінен «Руханият орталықтары», Қызылорда қаласында «Білімді қолдау қоры» есебінен дарынды балаларға арналған 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп-интернат құрылысы жүргізілуде.Облыс әкімі аталған нысандардағы жұмыс бекітілген жобаға сәйкес жүргізілуі керек екенін атап өтіп, сапаға баса мән беруді тапсырды.«Өздеріңізге белгілі, «Руханият орталықтарына» кітапхана, музей, архив, неке қию залы, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі орналасады. Ғимараттардың ішкі әрлеуі, қабырға және еден кафельдері, сыртқы абаттандыруы, асфальт және брусчаткасы сапалы әрі көрнекі болуы қажет.Өткен аптада мектеп-интернат құрылысымен таныстым. Бұдан бұрын нысанды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырғанмын. Тиісті қаржы уақытылы әрі кедергісіз бөлінгенімен, құрылыс баяу жүруде. Құрал-жабдықтар, ғимаратқа қойылатын жиһаздар, жалпы айтқанда барлығы сапалы болуы керек.Тиісті басқарма басшылары, қала және аудан әкімдіктері, құрылыстың мерзімінде аяқталуын әрі сапалы салынуын қатаң бақылауға алыңыздар»,– деді Нұрлыбек Нәлібаев.Аймақ басшысы барлық құрылыс алаңдарындағы жұмыс барысын бірінші басшылар үнемі бақылауда ұстауы керек екенін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/890558
Шекарасыз кино: бірінші байқау күніндегі фильмдер құпиялары 26.11.2024
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің байқау бағдарламаларына енген фильмдерге арналған баспасөз-конференциясы өтті.Бірінші күні көрермендер төрт фильмді тамашалай алады: «Махаббат туралы фильмдер түсіру керек» (Ресей, Үндістан, 2022), «Нирвана» (Бангладеш, 2022), «Ақ тырналар билейтін жерде» (Саха Республикасы, Ресей) және «Мелоди» (Тәжікстан, Иран).Кино авторларымен өткен кездесу барысында режиссерлер мен продюсерлер өз фильмдерін қалай түсірілгені жайлы айтып, жоба құпияларымен бөлісті.«Нирвана» фильмінің режиссеры Асиф Ислам картинаның Бангладеште түсіріліп, жұмыстың екі жылға созылғанын айтты. Мұнда диалогтар жоқ. Бұл фильмнің басты идеясы.«Бангладеш – халқы тығыз орналасқан мемлекет. Айналаның барлығы шу, дыбыс арқылы өте көп ақпарат беріледі. Кейіпкерлердің ішкі сезіміне назар аудару үшін барлық диалогтарды алып тастадық. Ренессанс кезеңінің суретшілері фильмге шабыт берді. Біз туындыда тұрақты кадрларға басымдылық беріп, оның терең әсер қалдыратын сурет сияқты болуын қаладық», – дейді Асиф Ислам.«Ақ тырналар билейтін жерде» фильмінің продюсері Валерия Моторуева, бұл фильмнің Саха Республикасында көрсетілімнен түскен пайда бойынша үшінші орынға шыққанын атап өтті. Ол Ресей аумағындағы арнайы көрсетілімдер мен басқа кинофестивалдерде ғана көрермен назарына ұсынылған.«Фильмнің фестивалдық тарихы жалғасуда, келесі жылы да байқауларға қатысамыз. Якут киносының сиқыры шынайылықта жасырылған. Мамандар шағын бюджетпен жұмыс істейді. Сондықтан режиссер бүгін фильм түсіріп, ертең көлік жүргізушісі, ал арғы күні монтажбен айналыса береді. Барлығы бір-біріне қол ұшын созғандықтан киноға жан бітеді», – дейді продюсер.Сонымен қатар, ол композитор Моисей Кобяковтың жұмысы туралы да айтты: «Бұл керемет дүние. Фильмге арналған саундтрек ұзақ жазылды. Соңғы элементтер компьютерлік графика аяқталған соң енгізілді. Оның музыкасы фильмдегі шиеленісті керемет көрнекілікпен толықтырады».«Мелоди» фильмінің режиссеры Бехруз Себт Расул жиналғандрмен өз туындысының тарихы және құпиясымен бөлісті.«Фильм Иран мен Тәжікстанда түсірілді. Құстардың дауысын қолдану арқылы ән жазғысы қыздың оқиғасы баяндалатын поэтикалық шығарма. Картина Тәжікстаннан «Оскар» сыйлығына шетелдік тілдегі үздік фильм ретінде ұсынылды», – деп толықтырды Бехруз Себт Расул.Байқаудың бірінші күні алдағы көрсетілімдерден жоғары сападағы және терең мағыналы туындылардың күтілетінін көрсетті. Фильмдер киноның мәдени шекараларды жойып, көрерменмен тілсіз сөйлесуге болатынын дәлелдеді.Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/890552
Қазақстанда әйелдерге арналған өзін-өзі қорғау тренингтері басталды 26.11.2024
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында Қазақстанда әйелдерге арналған өзін-өзі қорғау тренингтері басталды. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының қолдауымен ұйымдастырды.Алғашқы тренинг Қызылорда қаласында өтті. Оған 50 әйел қатысты. Сарапшылар «Empowerment through Self-Defense» халықаралық әдістемесі бойынша жұмыс істейді. Оқыту интерактивті форматта өтеді. Тренинг барысында қатысушылар өзін-өзі қорғау тактикасын меңгеріп, зорлық-зомбылық психологиясын түсінуді, қауіпті белгілерді анықтауды үйренеді.Дәл осындай өзін-өзі қорғау тренингтерін Астана, Шымкент, Түркістан және Қосшы қалаларында да өткізу жоспарланған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/890570
Таза Қазақстан: жастар арасында пікірсайыс турнирі өтті 26.11.2024
Атырау облысында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан – таза аймақ» атты пікірсайысы турнирге студенттер мен жұмысшы жастардан құралған 12 команда қатысты.Турнир жастардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру, туған өлке табиғатын аялау, экологиялық мәдениетті дәріптеу мақсатында өтті.Атырау қаласы жастар ресурстық орталығының маманы Нұрмұхан Тілеген жастар арасында ұйымдастырылатын экологиялық шаралар жалғасын табатынын айтты.- «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы шаралар облыста ауқымды түрде өтіп жатыр. Бүгінгі турнир соның көрінісі. Қатысушылар өлкенің өзекті мәселесін қозғап, ортақ шешімін ұсынуда. Сондай-ақ тың ақпараттармен бөлісіп, мәселеге қатысты пікірін ашық түрде білдіруде. Экологиялық қозғалысты дамытуға бағытталған іс-шара легі мұнымен тоқтамайды,-деді Н.Тілеген.Пікірcайысқа қатысушы Шұғыла Болғанбайдың пікірінше, турнир интеллектуалдық біліктілікті шыңдап қана қоймай, жаңашыл идеялар арқылы ел дамуына үлес қоспақ.- Дебатқа аймақтың ахуалына бей-жай қарамайтын жастар жиналды деп білемін, себебі мұнда өзекті экологиялық мәселелер көтерілуде. Әр адам өлкені аялауды өзінен, күнделікті әдетінен бастаған дұрыс. Сонда ғана оның бойындағы жауапкершілігі артып, экологиялық мәдениеті жоғары болады деп сенемін, - деді Ш.Болғанбай.Турнирдің жалпы жүлде қоры - 150 000 теңге. Үздік спикерлерге қаржылай сыйлық беріліп, алғыс хатпен марапатталды.Бүгінге дейін «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық акцияларға 60 мыңнан астам адам қатысып, 1477 техника жұмылдырылып, полигондарға 1726 тоннадан астам қоқыс шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/890329
Астанада «Mümkındıkter alañy» жастар форумы өтті 26.11.2024
Тәуелсіздік жылдары жетістікке жеткен жастарды насихаттау мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Fenomen jas» жобасы аясында Астанада «Mümkındıkter alañy» атты форум өтті.Жобаның мақсаты – қоғамның дамуына үлес қосып жүрген талантты адамдарды ынталандыру және насихаттау, жастарға үлгі боларлық рөлдік модель қалыптастыру, қазақстандық жастарды мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыруға тарту.Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ өкілдері және белсенді жастар қатысты.Форум барысында «Fenomen jas» жобасының қатысушылары тәжірибелерін және жетістікке жету құпияларын бөлісті.Сондай-ақ, «Uly dala saryny» сыйлығының қорытындысы шығарылып, үздік жастар мен жастар ұйымдарын марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздарға ақшалай сыйақылар табысталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/890358
Ақмола облысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың аймақ тұрғындарымен кездесуі өтеді 25.11.2024
2024 жылдың 28-29 қарашасында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Кочетов Евгений Дмитриевич Ақмола облысына жұмыс сапарымен барады. Сапар аясында облыс тұрғындарымен кездесу және азаматтарды жеке қабылдау жоспарланған.Азаматтарды жеке қабылдау Ақмол ауылында (2024 жылдың 28 қарашасында сағат 10:00, Наурыз көшесі, 34 (аудан әкімдігінің ғимараты) және Щучинск қаласында (2024 жылдың 29 қарашасында сағат 10:00, Абылай хан көшесі, 32) өтеді.Жеке қабылдауға жазылу үшін өтінімдерді қабылдау сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін 8 (7172) 74-05-08, 8 (771) 592-81-14 нөмірлері бойынша жүзеге асырылады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889990
Қазақстан мен Эксимбанк экономикалық ынтымақтастықты нығайту мен бірлескен бұйрықтарды іске асыруды талқылады 25.11.2024
Бүгін Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Қытай Эксимбанктің вице-президенті Ян Дуннин бастаған делегациямен кездесу өткізді.Кездесуде Қазақстандағы экономикалық ахуалдың өзекті мәселелері, қаржы нарығын дамыту, ішкі және сыртқы нарықтарда қарыз алу перспективалары, сондай-ақ екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Ян Дуннин Қазақстанның аймақтағы стратегиялық серіктес ретінде маңыздылығын атап өтіп, Банктің экономика мен инфрақұрылымдағы негізгі бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.Дәурен Кеңбеил Қытаймен қаржылық байланыстарды одан әрі ңығайту маңыздылығын, Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына ықпал етеін өзара тиімді жобаларды іске асыруға Қытайдың Эксимбанкінің үлесін оң атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар әріптестікті одан әрі кеңейту әлеуетін атап өтіп, өзара инвестициялық ынтымақтастықтын дамытуын қолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/889962
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» өткізілді 25.11.2024
Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебіне» республиканың барлық өңірлерінен жастар көшбасшыларын жиналды.Қатысушылар жасанды интеллект және оны өмірде қолдану, мәдени кодты қалыптастыру, вербалды емес тұлғааралық қарым-қатынас өнері және басқа да трендтегі тақырыптарды талқылады.Сондай-ақ, мектеп шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың қатысушылармен кездесуі өтті. Онда ҚХА жастары жұмысының одан әрі бағыттары, алдағы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өткізілетін іс-шаралар айтылды.Креативті бастамаларды дамыту және өңірлерден жастарды барынша тарту, жұмысшы жастармен өзара іс-қимыл жасау, студенттік ассамблеяларды дамыту жобалары талқыланды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889910
Қазақстанда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды 25.11.2024
Қазақстанда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды. Науқан жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді. Осылайша, Қазақстан жаһандық деңгейде де, ұлттық деңгейде де қандай болмасын зорлық-зомбылықты жоюға әрекет жасады. Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.Бүгін акция аясында Астанада елордалық жоғары оқу орындары арасында чемпионат өтті. Іс-шараның ережелері бойынша командалар гендерлік зорлық-зомбылық тақырыбындағы кейстерді шешуде креативті тәсілді ұсынуы тиіс.Сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі зорлық-зомбылық түрлерін анықтау, оның салдары мен алдын алу жолдары туралы белсенді ақпараттық науқанды бастады. Акция аясында әйелдер үшін өзін-өзі қорғау бойынша тренингтер ұйымдастырылды, сондай-ақ конференциялар, дөңгелек үстелдер, зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында арт-перфоманс және басқа да іс-шаралар жоспарланған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889938
Нури Бильге Джейлан: «Фестиваль фильмдері сіздерді киноның жаңа әлеміне жетелейді» 25.11.2024
Бүгін Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің Халықаралық байқауының қазылар алқасымен баспасөз конференциясы өтті. Кездесу барысында спикерлер фестивальдің маңыздылығы, байқауға қатысатын картиналардан не күтетінін және заманауи кинематографтың рөлі туралы ойларымен бөлісті.Қазылар алқасының төрағасы, әйгілі режиссер Нури Бильге Джейлан қазіргі кинематография жаңа көзқарасты қажет ететінін атап өтті.«Дәстүрлі кинематографтың барлық тақырыптары біртектес. Әр адамның өміріндегі терең мәнді ашып, нәзік сезімдерге жету үшін жаңа тәсілді қолдану қажет. Фестивальде көрсетілетін фильмдер сіздерді киноның мүлде басқа әлеміне жетелейді», – деді халықаралық конкурс төрағасы.Бұл сөздер халықаралық байқаудың маңызын толық жеткізеді. Биылғы бағдарламаға 13 фильм енген, олардың тақырыбы әлеуметтік драмалардан бастап философиялық ой-толғауларға дейінгі кең ауқымды қамтиды.Қазылар алқасының мүшесі, актриса Рано Шодиева фестивальдің терең әрі әдемі фильмдерден ләззат алуға мүмкіндік беретін ерекше атмосферасын атап өтті.«Жақсы, таза, жаңа және әдемі киноға терең бойлағымыз келеді. Бізде осындай мүмкіндік бар – ол үшін бір апта берілді. Ең үздік фильмді таңдаймыз», – деді ол.Халықаралық байқауда ұсынылған фильмдер терең мазмұн мен мәдени әртүрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы, «Белгісіз елге» фильмі палестиналық босқындар туралы баяндаса, «Нирвана» фильмі жарыққа ұмтылған үш жасырын жанның тарихын суреттейді.Режиссер Артықпай Сүйіндіков батыл тәжірибелер мен терең тақырыптарға назар аудару қажеттілігін айтты.«Мен «Еуразия» фестивалі қазақстандық көрермендер мен болашақ режиссерлерге пайдасын тигізгенін қалаймын. Фестиваль кинематографиялық тілді іздеуге, терең тақырыптарды зерттеуге және адамның ішкі әлемін ашуға басымдық берсе екен. Біз әдеттегі кинотеатрда көрсете бермейтін туындылар осында ұсынылуы керек», - дейді қырғызстандық режиссер.Қазылар алқасының мүшесі, кинотанушы Нада Ажари Гиллон осындай шаралардың халықаралық мәдени алмасу үшін маңыздылығын атап өтті:«Фестиваль адамдар мен киногерлер үшін маңызды. Кинофестиваль – басқа мәдениетпен, елмен және адамдармен танысудың тамаша тәсілі. Олар туралы көбірек білуге мүмкіндік береді».Баспасөз конференциясы негізгі сайыстың бастауы ғана емес, сонымен қатар көрермендер үшін шабыттандыратын сәт болды. Бұл фестиваль арқылы олар заманауи кинематографтың сиқырын аша алады.Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889846
Киноның биік шыңы: Ли Баохуа «Еуразия» фильмдерінен не күтеді? 25.11.2024
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің Орталық Азия мен түркі әлемі елдері байқауының қазылар алқасымен баспасөз мәслихаты өтті. Шараға әлемдік киноиндустрия өкілдері қатысты. Олар фестиваль бағдарламасының бірегейлігі мен алдағы жұмыстар туралы пікірлерімен бөлісті.Орталық Азия мен түркі әлемі елдері байқауының қазылар алқасының төрағасы Ли Баохуа байқау фильмдерінен не күтетінін айтты.«Кеше кинофестивальдің ашылу салтанатында байқауға қатысатын фильмдердің үзінділері көрсетілді. Менің ойымша, олардың барлығы жоғары бағаға лайық. Шынымен ұнады. Алдағы күндері, қазылар алқасы төрағасы ретінде, әріптестеріммен бірге барлық фильмдерді қарап, шынайы баға береміз», – деді Ли Баохуа.Ресейлік режиссер Алексей Тельнов та қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, ұсынылған туындылар қызықты болатынына үміт білдірді. «Фестивальдің ашылуы тамаша өтті, бәрі керемет ұйымдастырылған. Ұсынылған фильмдер бізді таңғалдырады деп үміттенеміз», – деді ол.Марокколық режиссер Абделила Эль Джаухари фестивальдің маңыздылығын ерекше атап өтті: «Қазақстанға келу менің арманым еді. Бұған дейін Қазақстан туралы тек бірнеше фильм арқылы ғана білетінмін. Бүгін мен осындамын, әріптестеріммен бірге Қазақстан мен Орталық Азия фильмдері туралы көбірек білуге тырысамын».Танымал қазақстандық актриса Жанна Қуанышева «Еуразия» фестивалі жаңа есімдерді ашуға әрдайым үлес қосатынына сенімді. «Біз өз фильмдерімізді бүкіл әлемге көрсетуіміз керек. Сондай-ақ әлемдік кино жаңалықтарын да білу маңызды. Сондықтан «Еуразия» – керемет шара», – деді актриса.Фестиваль 30 қарашаға дейін жалғасады. Көрермендер Орталық Азия мен түркі әлемі мәдениетінің тынысын сезініп, ерекше оқиғалармен танысу мүмкіндігіне ие болады.Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889858
Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері халықаралық байқауда жеңіске жетті 25.11.2024
Венгрияның Будапешт қаласында екінші халықаралық Budapest ballet Grand Prix байқауы өтті, байқауда Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері жеңіс тұғырынан көрінді.Budapest Ballet Grand Prix-ке әлемнің 31 елінен жас биші қатысты. Бұл байқау қатысушыларға әлемдік сахнада өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік берді. Конкурста Торғын Лебен бірінші орынға, Дарья Митрофанова екінші орынға ие болды, ал Әдемі Жанабіл байқаудың дипломанты атанды.Байқау барысында қатысушылар «Пахита», «Талисман», «Ұйқыдағы ару», «Корсар», «Дон Кихот» классикалық балеттерінен жарқын вариациялар көрсетті.Бағдарлама кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің басшысы, Академия педагогы Светлана Кокшинованың басшылығымен дайындалды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889870
Батыс Қазақстан облысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың аймақ тұрғындарымен кездесуі өтеді 25.11.2024
2024 жылғы 29 қараша сағат 10.30-да Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы «Атамекен өнер ордасы» ғимаратында (5-ші шағын аудан, 12/2) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі А. Құрманованың халықпен кездесуі, оның шеңберінде азаматтарды жеке қабылдауы өтеді.Кездесу барысында азаматтық қоғам саласын, ақпарат, жастар, мәдениет және отбасы саясатын, конфессияаралық және этносаралық қатынастарды дамыту талқыланады.Қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 8 (707) 709-00-61 немесе 8 (771) 127-85-66 телефондар бойынша жүзеге асырылады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889890
Қаржы саласындағы ашық деректерге қажеттілік туралы сауалнама 25.11.2024
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2024 жылдың 18-29 қараша аралығында қаржы саласындағы ашық деректерге қажеттілік туралы сауалнама өткізіп жатыр. Осыған орай іс-шараға белсенді қатысуларыңызды сұраймыз!Сауалнаманың сілтемесі:https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=5896Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/889535
Жол құрылысы аймақ басшысының тікелей бақылауында 24.11.2024
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы жол жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Алдымен Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілхайыр хан көшесіне дейінгі Сырдария өзенінің қорғаныш бөгетін нығайту, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесін реконструкциялау жұмыстарын көрді.Жобаның мердігері – «УАД», техникалық қадағалаушысы – «ЗКА Проект», авторлық қадағалаушысы – «КБ МұнайГаз Инжиниринг» серіктестіктері. Төрт жолақты жолдың ұзындығы – 6,71 шақырым, ені – 14 метр.Облыс әкімі басты талап жолдың сапалы салынуы, құрылыстың уақытылы аяқталуы екенін айтты. Жауапты сала басшылары жөндеу жұмыстарын үнемі тексеріп, кемшілікке жол бермеуі керек.Айта кетейік, биыл Қызылорда облысында республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 44 млрд. 703 млн теңгеге 300 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өтті. Облыс орталығының негізгі көшелері - әуежайдан Бейбарыс сұлтан көшесіне дейінгі аралық, қалаға Шиеліден кіреберіс жол, Яссауи, Жаппасбай батыр магистральді көшелері, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы төрт жолақты болып кеңейтілді.Қызылорда қаласында 4 млрд. 700 млн. теңгеге Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін теміржол асты автожолы, Арал, Жаңақорған аудандарында теміржол үстінен аспалы көпір құрылыстары жүруде.Сонымен қатар жылдар бойы күн тәртібінен түспеген «Қызылорда-Жезқазған» автожолы Президенттің тікелей тапсырмасымен қайта жаңғыртылуда. Жоба құны – 108 млрд. 500 млн теңге. Қызылорда облысының аумағына тиесілі 216 шақырым жолдың 140 шақырымы аяқталды. Қалған бөлігі 2026 жылы ел игілігіне беріледі.Мұнан бөлек, көпшілікті толғандырған «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Қызылорда қаласынан Ақтөбеге дейінгі аумағын төрт жолақтыға айналдыру мәселесі де Мемлекет басшысының тапсырмасымен шешімін табуда. Халықаралық дәліздің осы аумағын 1-санатқа ауыстыру бойынша «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы жоба-сметалық құжаттама әзірлеуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/889165
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еуразия» кинофестивалі үздік жобаларға жол ашады деп сенемін 24.11.2024
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жолдады.Мемлекет басшысының құттықтауын ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді.«Бұл – төл мәдениетімізді күллі әлемге танытатын бірегей жоба. Биылғы байқау қазақ киносының корифейі Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл және «Қазақфильм» киностудиясының құрылғанына 90 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символдық мәні зор. Кино өнері жұртшылықты жасампаздық пен жаңашылдыққа шақырады, жалпы адамзатқа ортақ құндылықтарды дәріптеп, ұлт сапасын жақсартуға ықпал етеді. Сондай-ақ түрлі халықтың мәдени байланысын нығайтады», – делінген құттықтау хатта.Мемлекет басшысы елімізде ұлттық кинематографияны қолдауға баса мән беріліп отырғанын да атап өтті.«Осы саланы дамыту үшін Қазақстанда ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Мамандарымыз мазмұнды әрі мағыналы картиналар түсіріп, аға буынның сара жолын лайықты жалғастырып келеді. Фильмдеріміз беделді байқауларда жүлде алып жүр. «Еуразия» халықаралық кинофестивалі шын жүйріктерді анықтап, ең үздік жобаларға жол ашады деп сенемін. Көрерменге ой салып, рухани азық болатын туындыларыңыз көп болсын!» – деді Президент.Өз кезегінде Аида Балаева «Еуразия» кинофестивалінің Қазақстан мен бүкіл Орталық Азияның мәдени брендіне айналған бірегей форум екенін атап өтіп, отандық кино саласын жүйелі түрде дамыту, заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасатынын айтты.Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі 24-30 қараша аралығында өтеді. Фестивальге 15-тен астам ел қатысып жатыр.Ауқымды шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы ұйымдастырған.Айта кетейік, биыл конкурс бағдарламасында үш құрлықтан келген 12 фильм ұсынылады.Конкурс Бангладеш пен Оңтүстік Кореядан бастап, Австрия мен Катарға дейінгі елдердің туындыларын қамтиды. Еуропа, Азия және Таяу Шығыстан келген шығармашылық топтар әмбебап тақырыптар мен жергілікті контекстті біріктіретін жұмыстарды ұсынбақ. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889161