Enbekshi QazaQ

Мәдениет

Қызылордада инвестор қаржысына жаңа жылу-электр орталығы салынуда 22.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.Мемлекет басшысының еліміздегі жылу-электр орталықтарының жұмысын жандандыру тапсырмасына сәйкес Сыр елінде ірі жоба жүзеге асуда. Қызылорда қаласында 215 млрд.теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүруде.«Президентіміздің тікелей қолдауымен бүгінде инвестор – «Акса Энерджи» түрік компаниясы жылу орталығының құрылысына 127 млрд.теңге инвестиция салды. Орталық келер жылдың қыркүйек айында ел игілігіне табысталады. Құрылыс барысы Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тікелей бақылауында. Жаңа жылу-электр станциясы – тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына бой көтерген ең ауқымды, теңдессіз жоба», - деді аймақ басшысы.Жаңа нысан пайдалануға берілгеннен кейін 773 қызметкер озық технологиялармен жабдықталған заманауи ғимаратта жұмыс істейтін болады.Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында 11 млрд. теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/887101
Сыр өңірінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде 22.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев хабарлады.«Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауының арқасында осы жылдың 9 айында құрылыс жұмыстары көлемінің көрсеткіші 173 млрд. 830 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 143,6 пайызға өсім қалыптасты Жалпы, соңғы 2 жылда Қызылорда облысында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде», деді – аймақ басшысы.«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында қаржыландырудың барлық көзінен 864 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39,1 млрд теңге қаралып, жыл қорытындысымен 2,5 мыңнан аса пәтер пайдалануға беріледі.Ұлттық жоба аясында 1 мың 154 пәтерлік 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Әлеуметтік жағынан осал топтар үшін 1 мың 819 пәтер, апатты үйлер орнына 135 пәтер сатып алу жоспарланған. Бүгінде аталған топтарға 780 пәтер сатып алынды. Соңғы екі жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді.Тұрғын үй құрылысының көлемі 126 пайызға өсті, 2022 жылы 683 мың шаршы метрден 2023 жылы 741 мың шаршы метрге жетсе, жыл соңына дейін 864 мың шаршы метрге ұлғайту жоспарланған.Құрылыс саласында биыл 189 жобаны жүзеге асыруға 134,8 млрд. тг. бөлінді. Оның ішінде, 36 білім беру, 22 денсаулық сақтау, 13 мәдениет, 14 спорт, 1 қоғамдық тәртіп, 1 жұмылдыру дайындығы, 3 мемлекеттік орган ғимараты, 1 154 пәтерлік 21 тұрғын үй құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту бойынша 85 жоба бар.Жыл басынан бері Қызылорда қаласында «Өнер орталығы», «Қан орталығы», «Үстел теннисі орталығы», «Оқушылар сарайы» және сол жағалаудағы 900 орындық «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді. Жаңа стадион, «Инновациялық- шығармашылық орталық», музыкалық колледж ғимараты құрылысы басталды. Барлық ауданда музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдарды біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият орталықтары», 9 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, Жаңақорған ауданының Төменарық ауылында, Арал ауданының Сексеуіл кентінде аурухана, Жаңақорған кентінде «Оқушылар үйі» және 3 жайлы мектеп пайдалануға беріледі.Сонымен қатар, биыл демеушілер есебінен 17 нысанның жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/887106
Қызылордада «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы халықаралық талаптарға сай 22.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.Терминалға «Болат Өтемұратов қоры» әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде 16 млрд 600 млн теңге инвестиция салды. Әуежайдың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына, автожол салуға, аумағын абаттандыруға, жарықтандыруға жергілікті бюджеттен 4 млрд. 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Халықаралық талаптарға сай келетін жаңа нысанда ішкі және халықаралық рейстерге, транзиттік жолаушыларға арналған, CIP залдары, жүкті автоматты түрде беру жүйесі, «Duty Free» аймағы, сауда нүктелері, медпункт, кафе, ғибадат ету, жүк сақтау, ана мен бала бөлмелері бар. Екі қабатты ғимаратта сағатына 250 жолаушыға 10 төлқұжат бақылау кабинасы арқылы қызмет көрсетіледі.Айта кетейік, «Қорқыт Ата әуежайы» соңғы 9 айда жолаушылар мен жүк тасымалында жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Қаңтар-қыркүйек айларында әуежайда 264 506 жолаушыға қызмет көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға артқан. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында рейстер саны 1420-ға жеткен. Бұл «Қорқыт Ата әуежайы» көрсеткіштерінің тұрақты өсімін және әуе тасымалының жоғары белсенділігін растайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/887113
Қызылорда облысында алғашқы «Жайлы мектеп» ашылды 22.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты.«Өткен жылдан бері облыста 1 мың 720 орындық 6 мектеп,1 мың 850 орындық 4 мектепте қосымша ғимарат салынып, ел игілігіне табысталды. 2024 жылы жаңадан 3 мектеп, 5 мектепке қосымша құрылыс салынып, пайдалануға берілді.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің алғашқылардың бірі болып 900 оқушыға арналған білім ордасы облыс орталығындағы жаңа шағын ауданнан ашылды» - деді Н.Нәлібаев.Айта кетейік, Қызылорда қаласындағы сол жағалауда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен бой көтерген 21 мектептің алғашқысы шәкірттерді қабылдады. Қазіргі таңда 6000 орындық 9 мектептің құрылысы қарқынды жүруде. «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы құны 8 млрд. 400 млн. теңге болатын дарынды балаларға арналған 400 орындық физика-математика мектеп-интернаты салынуда. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен инновациялық шығармашылық орталығының құрылысы жүргізілуде.Мұнан бөлек, биыл «Қазгермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында 2,5 млрд. теңгеге заманауи үлгідегі 350 орындық «Оқушылар сарайы» пайдалануға берілді. «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен 4,8 млрд. теңгеге музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынуда. Нысан 2025 жылы аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/887129
«Ұлы Жібек Жолымен – 2024» XII халықаралық кітап және полиграфия көрмесі ашылды 22.11.2024
Алматыда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясы ұйымдастырған «Ұлы Жібек Жолымен – 2024» XII халықаралық кітап және полиграфия көрмесі басталды.Іс-шараға Қазақстан, Германия, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Иран елдерінен баспагерлер, полиграфиялық компаниялар мен кітапханалар, сондай-ақ жазушылар қатысуда.Көрменің мақсаты – заманауи кітаптарды кеңінен тарату, отандық кітап ісін нығайту, баспагерлер мен полиграфистер арасында тәжірибе алмасу және ұлттық кітап нарығында отандық өндірушілерді қолдау.Сонымен қатар, көрме көптеген елдердің баспагерлік, полиграфиялық және кітап сатушы компаниялар арасында мәдени және іскерлік байланыстарды ұлғайтуды, елдер мен серіктес компаниялар арасындағы байланыстарды әрі қарай дамытуды, полиграфия, кітап сату және кітап өндірісіне ең соңғы технологиялар енгізуді көздейді.Көрме аясында «Атамұра», «Алматыкітап», «Мектеп», «Arman-PV», «Дарын», «Адал Кітап», «Smart University» секілді Қазақстанның жетекші баспаларының жаңадан шыққан кітаптарының тұсаукесерлері өтті. Оның ішінде Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Маралтай Райымбекұлының «Балбалтас» өлеңдер жинағы да бар.Халықаралық көрме 22 қарашаға дейін жалғасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/887042
Канн жұлдызы Алматыда: «Алтын пальма бұтағының» иегері Нури Бильге Джейлан «Еуразия» кинофестивалінің Халықаралық байқауы қазылар алқасына төрағалық етеді 22.11.2024
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің басты қонағы Нури Бильге Джейлан болады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз конференциясында хабарланды. Түркияның атақты режиссері Джейлан Канн кинофестивалінде бірнеше рет жоғары марапаттарға ие болған. Оның «Қысқы ұйқы» атты фильмі 2014 жылы фестивальдің ең жоғары жүлдесі – «Алтын пальма бұтағы» жүлдесін жеңіп алды. Бұдан бөлек, оның «Бірде Анатолияда» фильмдері қазылар алқасының бас жүлдесін иеленсе, 2008 жылы «Үш маймыл» туындысы үшін «Үздік режиссер» атағын алды. «Нури Бильге Джейлан – әлемдік кинематографияның мойындалған шебері, Түркияның беделді режиссерлерінің бірі. Оның туындылары әлемнің ең ірі кинофестивальдерін бағындырды. 2024 жылы Джейлан «Еуразия» кинофестивалінің халықаралық байқауының қазылар алқасына төрағалық етеді», – деп атап өтті Диана Әшімова.Сонымен қатар, Нури Бильге Джейланның шығармалары басқа да беделді кинофестивальдерде жоғары бағаланды. Оның 2000 жылы түсірілген «Мамыр бұлттары» фильмі Еуропалық кино академияның ФИПРЕССИ сыйлығына ие болды. Джейланның жалпы саны 97 халықаралық марапаты бар. Нури Бильге Джейлан 1959 жылы 26 қаңтарда Ыстамбұлда дүниеге келген. Оны көбінесе терең мазмұнды, поэтикалық әрі интеллектуалдық туындылармен байланыстырады. Режиссер өзінің ерекше стилімен танымал. Оның фильмдерінде көркемдік эстетика мен философиялық толғаныстар үйлесім тапқан. Шығармалардың басым бөлігі уақыт, жалғыздық, естелік пен адам табиғаты туралы сыр шертеді.«Еуразия» кинофестивалінің халықаралық байқауының қазылар алқасының төрағасы ретінде Нури Бильге Джейлан Шығыс пен Батыс мәдениетін тоғыстырып, кинематографияға өз көзқарасын ұсынады. Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Eurasian Resources Group (ERG), Astana Motors демеушілік етті.Бас серіктес: Bazis-A халықаралық құрылыс компаниясы.Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/887061
Ұлттық академиялық кітапханада Әкім Таразидің академиялық залы ашылды 22.11.2024
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі жазушы, драматург, сценарист Әкім Таразидің академиялық залының ашылу салтанаты өтті.Іс-шара барысында жазушының XIII томдық шығармалар жинағының таныстырылымы өтті.Шығармалар жинағына жазушының романдары, аудармалары, драматургиясы, тарихи зерттеулері сияқты шығармалары топтастырылған.Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушылар, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ, Әкім Таразидің жары Роза Мұқанова қатысты.Кітапхананың төртінші қабатында орналасқан жайлы, заманауи Әкім Тарази залы алдағы уақытта ғалымдарға, доктаранттарға, қаламгердің шығармашылығын насихаттап, зерттеп жүрген оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетедi.Залға жазушының жеке қоры, фотосуреттері, кітаптары мен коллекциялары қойылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/886993
Алматыда «Граждане крыши» фильмінің алдың ала көрсетілімі өтті 22.11.2024
21 қарашада «Граждане крыши» фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетіле бастайды. Туындыны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірген. Фильм қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі.«Граждане крыши» – Гүлшат Смағұлованың режиссерлік дебюті. 15 жылдан астам продюсерлік тәжірибесі бар автор бұл фильмде ерекше достық оқиғасын баяндайды.Туындының бас кейіпкерлері – қиын тағдырды бастан өткерген Дамир мен аутизм диагнозы бар жасөспірім Костя. Бұл – қоғамға бейімделу, инклюзия, мейірімділік пен түсіністіктің құндылығы туралы әсерлі хикая.Сценарий авторы – Жанна Тимофеева (дебют), ал қоюшы-суретші – Елена Айтова (дебют). Қоюшы оператор – Александр Плотников. Фильм түсірілімі 2024 жылдың көктемінде Алматы мен Алматы облысының Талғар ауданында өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/886753
Жеке тұлғаларды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырудан босату жөнінде 22.11.2024
Бүгінде үш кезең шеңберінде Жалпыға бірдей декларациялау жүйесімен 4 млн астам адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор басшылары, бизнес өкілдері мен олардың жұбайлары қамтылды, бұл шамамен 4,8 млн адам.Халықтың ыңғайлығы үшін салық төлеушінің кабинеті арқылы декларацияларды тапсыру бойынша электронды сервистер жолға қойылды. Айталық, (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкіметтің» веб-порталы (egov.kz), e-Salyq Azamat (салық әмияны), eGov mobile, Halyk, "Банк Центр кредит" және Kaspi"мобильді қосымшалары бүгінде көпшілікке қолжетімді.Азаматтардың қалған санаттары бойынша декларацияларды ұсыну бойынша міндеттемелер 2025 жылы жалғасады. Атап айтқанда, 4 кезеңде зейнеткерлер, үй шаруасындағы азаматшалар, студенттер және т.б. қамтылуға тиіс. Бұл шамамен – 8 млн адам.Мемлекет басшысының Жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарау туралы тапсырмасын іске асыру үшін елімізден тыс активтері бар адамдарды қоспағанда, азаматтардың осы санатын активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды ұсынудан босату ұсынылып отыр.Бұған мемлекеттік органдардың деректер базасын цифрландыру, қолма-қол ақшасыз төлемдердің жоғары үлесі (86%), автоматтандырылған салықтық бақылау, халықаралық келісімдер шеңберінде қаржылық шоттар бойынша деректер алмасу, сондай-ақ цифрлы қызметтердің кең қолжетімділігі ықпал етіп отыр.Қаржы министрлігі шетелде активтері бар тұлғаларға, сайлауға түсуге құқығы бар азаматтарға, мемлекеттік лауазымға орналасуға және оларға теңестірілген кандидаттар үшін, сондай-ақ банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болғысы келетіндер үшін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 СЕН) ұсыну жөніндегі міндетті сақтауды ұсынып отыр.Сондай-ақ азаматтарға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны өз еркімен ұсыну құқығы берілетінін айта кетейік.Бұл ретте мемлекеттік қызметшілерге, квазимемлекеттік және жеке компаниялардың басшыларына, құрылтайшыларға (оның ішінде 25% астам және одан да көп акция иеленушілерге), олардың жұбайларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде активтері бар және (немесе) дербес салық салынатын табыс алған адамдарға кірістері мен мүлкі туралы жыл сайынғы декларацияны (270.00 СЕН) тапсыру жөніндегі міндет сақталатынын айта кету керек.Қосымша құны 20 000 АЕК (74 млн теңге) асатын ірі сатыпалым жасаған тұлғалар үшін осындай міндетті белгілеу ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/886419
Өңделген өнім үлесін арттыру өте маңызды 20.11.2024
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында берген тапсырмаларын орындау, ішкі нарықтағы тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру мәселелері қаралды. Жиынға жауапты министрліктер қатысып, өңір әкімдіктері онлайн байланыс арқылы қосылды.Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен арнайы мәжілісте талқыланған мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.«Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында алдағы 3 жылдың ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға дейін арттыру міндетін қойды. Өңіріміздегі тауарлы сүт фермаларын, құс етін, жұмыртқа өндіретін фабрикаларды, мал бордақылау алаңдарын көбейтіп, агроөнеркәсіп кешенін индустрияландыруды белсенді түрде жалғастыруымыз қажет.Елімізді Еуразияның негізгі көлік-логистикалық орталығы ретінде құру – Мемлекет басшысының негізгі басты ұстанымы. Облысымыздың бұл салада әлеуеті зор. Біздің өңіріміз арқылы халықаралық көлік және теміржол дәліздері «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Транскаспий бағыттары» өтеді. Ауыл шаруашылығы, сауда-логистикалық әлеуетімізді барынша пайдалануымыз қажет. Одан бөлек, бақша, көкөніс өнімдерін де экспорттауға зор мүмкіндік бар. Логистика мен сақтау қоймалары жүйесін жетілдіріп, экспортталатын өнім түрлерін кеңейту керек», – деді Н.НәлібаевАйта кетейік, биыл 496 мың 400 тонна күріш жиналып, орта өнім гектарына 58 центнерден келді. Алдағы жылдың егісіне қажетті 21 мың 500 тонна тұқым құйылды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы 4 400 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Су шығынын азайту үшін диқандар кейінгі жылдары күріш егістігінің 55 мың гектарын лазермен тегістеді. Нәтижесінде суды үнемдеп, өнімділікті 30 пайызға арттырды.Биыл 8 млрд. 800 млн. теңгеге 250 ауыл шаруашылығы техникасы алынып, машина-трактор паркі 5 пайызға жаңаланды. Күзгі егін жинау науқанына 4 440 техника қатысып, жұмыс мерзімінде аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/885991
Атырауда БАҚ өкілдері үшін «Мұнай-газ, экологиялық бағыттардағы салалық журналистиканың ерекшеліктері» атты семинар өтеді 19.11.2024
2024 жылдың 28 қарашасында Атырауда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Мұнай-газ, экологиялық бағыттардағы салалық журналистиканың ерекшеліктері» атты семинар өтеді.Семинар өңірдің өзекті мәселелерін (мұнай-газ секторы, қоршаған ортаны қорғау, инфрақұрылым және т.б.) жариялау кезінде журналистердің біліктілігін жақсартуға, БАҚ пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы коммуникацияларды жетілдіруге бағытталған.БАҚ өкілдері мұнай-газ саласының негіздері және қалыптасу тарихы, энергостатистикамен жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысады, мұнай-газ өнеркәсібіндегі оқиғаларды талдау дағдыларын меңгереді.Сонымен қатар, Министрлік өкілдері журналистерге «Масс-медиа туралы» заңның негізгі ережелерін түсіндіретін болады.Оқыту іс-шарасы келесі мекен-жай бойынша өтеді: Атырау қаласы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Студенттік даңғылы, 1, 2-ші қабат, Ғылыми кеңес залы.БАҚ өкілдерін келесі сілтеме бойынша тіркеліп, іс-шараға қатысуға шақырамыз: https://forms.gle/hnjJWhNrtCV7iz1r5Басқа аймақтарда жұмыс істейтін және курсқа қатысу мүмкіндігі жоқ баспасөз қызметтерінің өкілдері үшін ZOOM платформасында онлайн трансляция қолжетімді болады: https://us06web.zoom.us/j/87167441158?pwd=UvvsA5nPL5n16qdRjVftDldMyMZ5sK.1 (конференция идентификаторы: 871 6744 1158, кіру коды: 8050).Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 740186 нөміріне хабарласуға болады.Семинар бағдарламасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885904
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды 19.11.2024
2024 жылдың 19 қарашасында Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы базасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастамасымен Абай атындағы ғылыми-мәдени орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Орталықтың ашылуына орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты табысталды.Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар мен журналистер қатысты.Абай атындағы ғылыми-әдістемелік орталықты ашудың мақсаты – Абай университеті, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі, «Абайтану академиясы» ғылыми-зерттеу институты арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, музеймен шетелдердегі Абай орталықтары арасындағы байланысты нығайту, Абай мұрасын жастар арасында насихаттаудың инновациялық формаларын айқындау. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885986
Алматыда өтетін XVII «Еуразия» халықаралық кинофестиваліне 15-тен астам ел қатысады 19.11.2024
2024 жылғы 24-30 қараша аралығында Алматы қаласында XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі өтеді. Биылғы фестивальге 15-тен астам ел қатысады.Кинофестивальді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы ұйымдастыруда.Биылғы конкурс бағдарламасында үш құрлықтан келген 12 фильм көрсетіледі. Қатысушылары саналуан, ауқымы кең фестивальде ұсынылған фильмдер түрлі мәдениеттер мен көзқарастардың бай палитрасын көрсетеді. Конкурс Бангладеш пен Оңтүстік Кореядан бастап, Австрия мен Катарға дейінгі елдердің туындыларын қамтиды. Еуропа, Азия және Таяу Шығыстан келген шығармашылық топтар әмбебап тақырыптар мен жергілікті контекстті біріктіретін жұмыстарды ұсынбақ.2024 жылы «Еуразия» тек фильмдер фестивалі ғана емес, кино әлеміне саяхат болмақ. Іс-шара көрермендер мен қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлап, жаңа мүмкіндіктер ашады.Фестиваль демеушілері: Bazis-A халықаралық құрылыс компаниясы, KAZ Minerals тау-кен компаниясы, Sarens Kazakhstan, Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі және Astana Motors.Кинофестивальдің толық бағдарламасымен сілтеме арқылы таныса аласыз. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885656
Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІІІ сессиясы өтті 19.11.2024
Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІІІ сессиясы өтті,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Аймақ басшысы жиында өңірлік Ассамблея жұмысының маңызына тоқталып, этносаралық тұрақтылықты сақтауда бірлескен жұмыстар жалғаса беретінін айтты.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазіргі күрделі кезеңде елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау – ең басты міндет екенін баса айтты. Бұл айналамыздағы геосаяси ахуал күрделеніп тұрған қазіргідей сын сағатта аса маңызды. Елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау – бізге жүктелген ең басты міндет. Бұл тұрғыда баршаңыз татулық жолын жалғауға лайықты үлес қосады деген сенімдемін. Тәуелсіздік пен отаншылдық бірлік пен ынтымақтың негізін қаласа, әділдік пен жауапкершілік заң мен тәртіпті қамтиды. Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік - жасампаздық пен жаңашылдықтың кілті. Еліміздің жаңа буыны арасында осы құндылықтарды насихаттау ХХІ ғасырдың жаһандық қауіп-қатерлерін еңсеруге сенімді негіз болады,-деді С.Шәпкенов.Сессия отырысында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету, тұрақтылықты сақтау, этносаралық келісімді нығайту туралы бірқатар мәселе талқыланды.Сессия қорытындысында ҚР-ның ел бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Кеңес ҚосыбаевҚазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталды. Ал аналар кенесінің мүшесі Сара Ізмұханбетоваға ел бірлігін, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан лайықты үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Құрмет грамотасы» табыс етілді.Оған қоса, өңірлік Ассамблея өкілдеріне Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты мен Құттықтау хаты берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/885559
Аймақ басшысы құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын көрді 18.11.2024
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарын аралап, алдымен кварталаралық жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын көрді.Аталған жоба бойынша 2,97 шақырым желі жаңғыртылуда. Бас мердігер «Механизатор-К», қосалқы мердігер «Асанас-Дар», жобалаушы КБ «МұнайГаз Инжиниринг», техникалық қадағалаушы «Актаустройэксперт серіктестіктері жұмыс атқаруда.Айта кетейік, «Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігін жылумен жабдықтау. Аяқталмаған құрылыс» жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазандықтың жұмысына биыл облыстық бюджеттен 300 млн.теңге қаржы қаралып, №2 қазандықтың оттығы, отын сақтау резурвуары, суды химиялық тазалау және автоматтандыру жүйесі жаңғыртылды. Қазір қазандықтар толығымен іске қосылған.Әрі қарай аймақ басшысы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 300 орындық жатаханасы бар, 400 орындық физика-математика мектеп-интернатының құрылыс алаңына барды. Нысанда бас мердігер «Промстройсервис», техникалық қадағалаушы «Стройэксперт» серіктестіктері жұмыс жүргізуде.Аймақ басшысы сол жағалаудағы жеті қабатты 6 тұрғын үйдің құрылысын, бас мердігерлер «Аман құрылыс», «Орион ЛТД», «Риголит», «Промстройсервис», «Е Абу-Сер», авторлық қадағалаушы «Қазақ Жоба Құрылыс» серіктестіктері атқарған жұмыстарды да көрді.Мемлекеттік қолдаудың арқасында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында қаржыландырудың барлық көзінен 864 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39,1 млрд теңге қаралып, жыл қорытындысымен 2,5 мыңнан аса пәтер пайдалануға беріледі.Ұлттық жоба аясында 1154 пәтерлік 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Әлеуметтік жағынан осал топтар үшін 1 819 пәтер, апатты үйлер орнына 135 пәтер сатып алу жоспарланған. Бүгінде аталған топтарға 780 пәтер сатып алынды. Соңғы екі жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді.Тұрғын үй құрылысының көлемі 126 пайызға өсті, 2022 жылы 683 мың шаршы метрден 2023 жылы 741 мың шаршы метрге жетсе, жыл соңына дейін 864 мың шаршы метрге ұлғайту жоспарланған.Облыс әкімі жұмысқа қойылатын басты талап сапа мен мерзім екенін айтты.–Жаңа, жаңғыртылған нысандардың барлығына қойылатын басты талап – сапа. Нысандар қолданысқа берілгеннен кейін халыққа кедергісіз, ұзақ жылдар бойы қызмет көрсетуі тиіс. Сосын құрылысты аяқтау мерзімін қадағалаңыздар. Қолға алынған жұмыстың нәтижесін жұртшылық көруі уақытында керек. Жауапты сала басшылары жөндеу жұмыстарын үнемі тексеріп, кемшілікке жол бермеуі тиіс, – деді аймақ басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/885386
Астанада кемсітушілікке қарсы заңнама мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті 18.11.2024
Астанада кемсітушілікке қарсы заңнама мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының үстіміздегі жылғы қорытынды отырысы өтті.Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және құқық қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты.Күн тәртібінің негізгі тақырыбы жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылау. Атап айтқанда, жұмыс тобы мүшелерінің адам құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстанның құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі қорытынды ұсыныстары талқыланды.Отырыста мемлекеттік органдар, сарапшылар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Қатысушылар Қазақстанда кемсітушілікке қарсы нормаларды қолданудың тұжырымдамалық тәсілдерін, халықаралық тәжірибесін және практикалық аспектілерін егжей-тегжейлі талқылады.Жиналыс қорытындысымен жұмыс тобы ҚР Үкіметіне кемсітушіліктің терминдері мен түрлерін нақты айқындауды енгізіп, шағымдарды беру және қарау тетіктерін жасап, сондай-ақ ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттармен үйлестіруді қамтамасыз ететін кемсітушілікке қарсы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстарды жолдауға келісті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885484
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева азаматтарды жеке қабылдады 18.11.2024
Белгіленген тәртіпте мәдениет пен өнерге, кино мен креативті индустрияларға қатысты мәселелер қаралды.Министр келіп түскен өтініштерге нақты әрі егжей-тегжейлі жауап берді.Қосымша уақытты қажет ететін мәселелерді назарға алатынын айтты.Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.Министрдің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы алдын ала жазылу арқылы тұрақты түрде өткізіледі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885476
Мәдениет және ақпарат министрлігі масс-медиа туралы заңнама ережелерін түсіндіру бойынша оқыту семинарларын бастады 18.11.2024
Бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған алғашқы оқыту семинары өтті. Бұл шара мемлекеттік органдар өкілдеріне арналған оқыту бағдарламасы аясындағы іс-шаралар сериясының бастамасы болды.Іс-шараның басты мақсаты – заңнама нормаларын қолданудың бірыңғай тәсілін қалыптастыру және қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.Семинар барысында Министрлік қызметкерлері масс-медиа туралы заңнаманың негізгі ережелеріне жан-жақты талдау жасап, егжей-тегжейлі түсініктемелер берді. Бұл қатысушыларға қолданыстағы түсініспеушіліктерді жоюға және кәсіби қызметте заңды нақты әрі дұрыс пайдалануға мүмкіндік берді.Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрлігі 2024 жылғы 22 қарашада сағат 15:00-де «БАҚ және журналистердің құқықтары мен міндеттері» тақырыбы бойынша оқыту семинарын өткізуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты, масс-медиа өкілдерін семинарға қатысуға шақырамыз (тиісті zoom-сілтеме алу үшін келесі байланыстар бойынша хабарласу қажет: 8 (7172) 741268, 8 (7172) 741265).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885477
Алматыда Франкфурт кітап жәрмеңкесінің семинары басталды 18.11.2024
Орталық Азияда алғаш рет «Алматыдағы Франкфурт кітап жәрмеңкесі: баспа ісіндегі заманауи үрдістер және авторлық құқық менеджменті» атты семинар өтіп жатыр. Іс-шара халықаралық баспа нарығында маңызға ие.Семинар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Франкфурт кітап жәрмеңкесінің, Қазақстан Баспагерлер, полиграфистер және кітаптаратушылар Ассоциациясының, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және «Nomad Culture Foundation» қорының қолдауымен ұйымдастырылды.Іс-шара қазақстандық баспагерлерге саладағы заманауи технологияларды меңгеруге, халықаралық байланыстарды нығайтуға және әлемдік сарапшылармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.Бағдарлама аясында авторлық құқықтар мен лицензияларды сатып алу және сату бойынша халықаралық тәжірибе, сондай-ақ Frankfurt Connect және Frankfurt Rights платформаларының жұмысын талқылау сияқты өзекті мәселелер қарастырылуда. Бұл платформалар іскерлік қарым-қатынас пен кітап құқықтарын басқаруға арналған.Іс-шараның негізгі спикерлері – Никол Уитт, Герман Экель, Беттина Бак және Владка Купска. Арнайы қонақ ретінде Франкфурт кітап жәрмеңкесінің президенті Юрген Боос қатысты.Семинарға 20 қазақстандық баспа мен полиграфия саласының 40-тан астам мамандары мен оқытушылары қатысып жатыр.Іс-шара 19 қарашаға дейін жалғасады және «Баспа қызметінде жасанды интеллектті қолдану: халықаралық тәжірибе» тақырыбын қамтиды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885396
ТҮРКСОЙ-дың 41-отырысы: Ақтау қаласы «Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы» болып жарияланды 18.11.2024
Ашхабадта Түркі мәдениеті және өнерін дамыту халықаралық ұйымы – ТҮРКСОЙ-дың 41-отырысы өтті.Іс-шараға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркияның мәдениет саласының өкілдері, халықаралық ұйымдардың басшылары және басқа да құрметті қонақтар қатысты.Кездесу барысында түркі мәдениетін дамыту және түркі мемлекеттері арасындағы бауырластық қатынастарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар түркітілдес халықтардың мәдени мұрасын сақтау және насихаттау бойынша бірлескен күш-жігерді жандандыру туралы шешімдер қабылдады.2025 жылы Ақтаудың Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануына арналған іс-шаралардың жоспарлары, түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын насихаттау және тұрақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесі мүше мемлекеттерден түскен барлық ұсыныстар мен ұсынымдарды қарастырып, 2025 жылға арналған ТҮРКСОЙ қызметінің бағдарламасын бекітті. Қабылданған шешімдер Түркі әлемі халықтарының ортақ тарихын тереңірек түсінуге, сондай-ақ мәдени және мемлекетаралық байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі ТҮРКСОЙ министрлерінің 42-отырысын үйлестіруші болып тағайындалды. Келесі отырыс Қазақстанда өтеді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885209