Enbekshi QazaQ

Технология

Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ 04.01.2025
Алматы еліміздің жетекші туристік орталығының бірі ретінде позициясын нығайтып келеді. 2024 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша қалада 366 орналастыру орны жұмыс істеп, нөмірлік қоры 11,4 мың болды. Біржолғы қабылдау сыйымдылығы 22,3 мың орыннан асты, ал көрсетілген қызмет көлемі 27,6%-ға өсіп, 70,2 миллиард теңгеге жетті. Сонымен қатар, қонақ үйлер қызметінен түскен салық түсімі 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында екі есе өсіп, 9,8 миллиард теңгеге жетті.Биыл жеке инвестициялардың арқасында Алматыда 35 жаңа орналастыру орны ашылды, оның ішінде 20 қонақ үй, 4 глэмпинг, 8 хостел және 3 шағын қонақ үй бар. Жалпы 836 нөмір пайдалануға берілді.Сонымен қатар, қалада глэмпингтер мен хостелдер сияқты жаңа орналастыру форматтары пайда болды. Жаңа шешімдердің қатарында капсулалық қонақ үйлер бар, олар шағын әрі заманауи тұру жағдайын ұсынады. Сонымен бірге туристердің әртүрлі қажеттілігін ескеретін әртүрлі орналастыру форматтары да енгізілуде.Қазіргі уақытта қонақ үйлерді салу бойынша 30 жаңа жоба бақылауда. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 336,3 миллиард теңге. Бұл жобалар аясында 4 415 нөмір салу жоспарланған:1 125 нөмірі бар 7 нысан құрылыс сатысында (68,3 млрд теңге);3 290 нөмірі бар 23 нысан жобалау сатысында (268 млрд теңге).Инвесторлар қонақ үй салуға қызығушылық танытып, тұрғын үй емес, қонақ үй инфрақұрылымын дамытуға екпін беріп отыр. Бұл Алматының туристік әлеуетінің артуымен және қала қонақтарын жайлы орналастыру үшін нөмірлік қорды көбейту қажеттілігімен байланысты.Барлық жобаны жүзеге асыру 2027 жылға жоспарланған. Бұл қаладағы нөмірлік қорды едәуір ұлғайтуға, туристік қызмет көрсету сапасы мен жайлылығын жақсартуға мүмкіндік береді. Инфрақұрылымның дамуының арқасында Алматы туристерді одан әрі тартып, халықаралық қонақжайлылық орталығы ретіндегі позициясын нығайта береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/911631
Аяз Ата рөліндегі жас альпинистердің Алматыдағы кішкентай пациенттер үшін ерекше құттықтауы 04.01.2025
Алматыда жаңа жылдық күндер, әсіресе 2-ші балалар клиникалық ауруханасының кішкентай пациенттері үшін ғажайыптарға толы. Қалыптасқан дәстүр бойынша "Киров" әскери-патриоттық клубының Аяз ата-альпинистері балаларды өздерінің шығармашылық тәсілдерімен таң қалдырады. Клуб тәрбиеленушілері шатырдан тікелей палаталардың терезелеріне түсіп, балаларға күткен мерекені сыйлады.Балаларды осындай ерекше тәсілмен құттықтау идеясы 2017 жылы басталды, содан бері іс-шара жыл сайын алғашқы әскери дайындық оқытушы Бақытжан Перимбетовтың басшылығымен және Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қолдауымен өткізіледі. Бұл жолы қысқы сиқыршы ересек емес болып шықты-Аяз Ата рөлін 110-шы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Пархат Зиинкал орындады. Ол бірінші рет емес, қаншама рет өзінің взводымен бірге 4000 метрге дейінгі шыңдарды бағындырған. .Аяз Атаның терезе арқылы пайда болуы балалар мен ересектердің көңілінен шықты. Әскери-патриоттық клубтың балалары сыйлықтарды қуана табыс етті, ал балалар өз кезегінде оларды өлеңдерімен және әндерімен қуантты.Айта кету керек, "Киров" клубы 8 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істейді және оның тәрбиеленушілері қала тұрғындарын Жаңа жылмен құттықтау үшін көпқабатты үйлердің төбесінен түсіп, мегаполис тұрғындарын бірнеше рет қуантты.Жас альпинистер қуанышты тек сөзбен ғана емес, сонымен қатар ерекше әрекеттермен де беруге болатындығын дәлелдеді. Олардың бастамасының арқасында ауруханада жаңа жылды қарсы алуға мәжбүр болған балалар жаңа жылдық сиқырды сезінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/912692
Домбыраның үні мен Жаңа жыл рухы: «Ұлытау» тобы Алматыда конуерт өткізді 04.01.2025
Жаңа жыл қарсаңында әйгілі «Ұлытау» этно-рок тобы Астана алаңында өнер көрсетіп, Алматының мыңдаған тұрғындары мен қонақтарын қуантты. Олардың домбырадағы виртуоздық ойыны рок дыбысымен үйлесіп, көрермендерге әсерлі кеш сыйлады. Мерекелік шара «Алатау» дәстүрлі өнер театры әртістерінің дәстүрлі және заманауи бағыттағы әндерімен басталып, көрермендерге ұлттық мәдениеттің байлығын пан етті. Сахнада танымал музыкалық топтар мен солистер де өнер көрсетті. Көрермендерді жарқын би нөмірлері, заманауи хиттер мен әртістердің шын жүректен құттықтаулары қуантты. Алаңдағы жарқыраған шырша, гирляндалармен өрілген ағаштар және түрлі фотоаймақтар нағыз ертегідегідей Жаңа жылдық көңіл-күй тудырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/912693
Fire show, иллюзионистер, жонглерлер, эквилибристтер мен сайқымазақтар алматылықтарға жаңа жылдық керемет қойылым сыйлады 04.01.2025
Алматыда мыңдаған қала тұрғыны мен қонақтары үшін ауқымды мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр. Астана алаңы мен Абай атындағы алаңда, Арбатта және Тұңғыш Президент саябағында виртуоз жонглерлер, эквилибрист шеберлері, иллюзионистер, көңілді клоундар, сондай-ақ Аяз ата мен Ақшақар өнер көрсетті. Олар көрермендерге нағыз жаңа жылдық атмосфера сыйлады. Алматы циркінің өнерпаздары көрермендерді fire show-мен таң қалдырды: артистер лапылдап жанған құралдармен жонглерлік етіп, түрлі трюктер көрсету арқылы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Эквилибрист болса биіктігі алты метрге дейінгі құрылымды орната отырып, бас айналатын биіктікте аса күрделі трюктерді орындап, көрермендерді таң қалдырды. Азия және Қазақстан Республикасының чемпионы, армрестлингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тимур Спатаевтың өнері де әсерлі болды. Оның ауыр заттармен жонглерлік етуі, қолмен шегелер қағуы және жылытқышты шар сияқты үрлеуі сынды алып-күш иесінің шоуы кештің ең жарқын сәттерінің біріне айналды. Мерекелік бағдарламада үйретілген иттердің өнері, сайқымазақтардың қатысуымен қойылған ойын-сауық нөмірлері, иллюзионистердің сиқырлы көріністері мен интерактивті байқаулар болды. Аяз Ата мен Ақшақар барлық қатысушыға мерекелік көңіл-күй сыйлап, би ұйымдастырып, ойындар өткізіп, Алматы халқын келе жатқан 2025 жылмен құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/912695
Жаңа 2025 жыл: Алматы – мыңдаған шам қаласы 03.01.2025
Белгілі фотограф Дмитрий Доценко әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жылдық Алматының керемет және әсем суреттерімен бөлісті. Оның объективіне түрлі-түсті Арбат, Панфилов көшесі, Абай, Астана және Республика алаңдары, сондай-ақ жарқыраған Тұңғыш Президент саябағының көріністері түскен.Жаңа жыл қарсаңында Алматы ерекше безендірілді. Әуежайдан бастап орталық алаңдарға дейін қала толығымен мерекелік кейіпке енді. Қалада 300-ге жуық жарқыраған құрылым орнатылды, олардың арасында ертегі кейіпкерлері мен мерекелік әшекейлер бейнеленген. Сонымен қатар, былтыр жөндеуден өткен 120 шағын сәулет нысандары қайта пайдаланылды. Магистраль бойындағы ағаштар жарықдиодты шамдар мен гирляндалармен безендірілген. Жалпы, қала бойынша 1500 жарық элементі орнатылды, оның ішінде 350-і – қалпына келтірілген өткен жылғы кронштейн.Айта кету керек, Абай алаңында биіктігі 25 метр болатын мегаполистің басты жаңа жылдық шыршасы орнатылды. Биылғы жылы шырша алғаш рет қаңқалы емес, табиғи діңді классикалық стильде жасалды. Оны безендіру үшін алты шақырым гирлянда, түрлі-түсті шарлар және шырша ойыншықтары қолданылды.Сонымен қатар, Абай алаңында 5 қаңтарға дейін жұмыс істейтін жаңа жылдық жәрмеңке ұйымдастырылды. Мұнда кәдесыйлар, қолөнершілердің бұйымдары және мерекелік әшекейлерді табуға болады.Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыда эстрада жұлдыздарының қатысуымен 3 ауқымды концерт өтеді: Абай алаңында сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін Бүркіт, Ақбота-Нұр, Ғазизхан Шекербек, Диана Исмаил, Кенжебек Жанәбілов және басқа да артистердің қатысуымен концерт өтеді.Сондай-ақ, «Нұрлы Тау» бизнес орталығының алдында сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін жастар концерті ұйымдастырылады. Онда DJ Slim, Altair&ABBi, 2RAR, Dakelot және «Аll Давай» бойз-бендінің солисті әрі продюсері Шоқан Маратұлы өнер көрсетеді.Астана алаңында жаңа жылдық концерт сағат 21:00-де басталып, 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасады. Сағат түнгі 00:00-де мерекелік отшашу ұйымдастырылады.Жаңа 2025 жылды тойлау құрметіне ҚБТУ ғимаратының алдында Ерсейіт Әлиев, Елбол Қуанбек, Ұлжан Ағлақова, Chingiz Typhoon, Makvin, Орынхан, 6ellucci, Мархаба Сәби, Moldanazar және RaiM өнер көрсетеді.https://www.instagram.com/p/DEPNU7gofog/?igsh=MTM4bzlqcG85eDR3Yw== Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/912694
Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағында орналасқан, республикалық меншікке берілген қауіпті қалдықтарды (химиялық қалдықтарды, материалдарды, реагенттерді, шикізатты) сату жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру 29.12.2024
1. Конкурсты ұйымдастырушының атауы және конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау орнының мекенжайы:Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 373 бұйрығымен бекітілген Иесіз қалдықтарды басқару қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 9, 11, 12, 14-16 тармақтарына сәйкес Маңғыстау облысы Ақтау қаласы бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағында орналасқан республикалық меншікке берілген қауіпті қалдықтарды (химиялық қалдықтар, материалдар, реагенттер, шикізат) сату жөніндегі конкурс (бұдан әрі – конкурс) жарияланады.Конкурсқа қатысуға өтінімдер Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 407 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.2. Конкурсты өткізу уақыты мен орны:Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 612 кабинет (конференц-зал), 2024 жылғы 30 желтоқсанда сағат 15.00-де өтеді.3. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы және аяқталуы:Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы: хабарландыру жарияланған күннен бастап. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы: 2024 жылғы 27 желтоқсанда сағат 15.00-де.4. Конкурстың негізгі шарттары:Қауіпті қалдықтар Қағидаларда белгіленген шарттар мен тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалған бағалау құнынан төмен емес баға бойынша сатылады.5. Конкурсқа шығарылатын қалдықтар объектісінің орналасқан жері және қысқаша сипаттамасы:Лот 1 – «Димер-а-метилстирол». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 38-бөлім. Саны: 7,7 тонна. Бағалау құны: 79 171 теңге.Лот 2 – «Пирокатехин күлгін». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 өнеркәсіп аймағы, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 1-бөлім. Саны: 0,000187 тонна. Бағалау құны: 2 теңге.Лот 3 – «Терфенилдер». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 38-бөлім. Саны: 2,113 тонна. Бағалау құны: 82 276 теңге.Лот 4 – «Полипропилен». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 24-бөлім. Саны: 0,9 тонна. Бағалау құны: 50 теңге.Лот 5 – «Техникалық силикагель». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 1-бөлім. Саны: 0,016 тонна. Бағалау құны: 1 теңге.Лот 6 – «Ф-Калий хлориді». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 1-бөлім. Саны: 0,002 тонна. Бағалау құны: 1 теңге.Лот 7 – «Хром оксиді». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 1-бөлім. Саны: 0,000677 тонна. Бағалау құны: 1 теңге.Лот 8 – «Пиридиний сульфаты». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 1-бөлім. Саны: 0,09 тонна. Бағалау құны: 13 теңге.Лот 9 – «Құрамында фторы бар мамандандырылған өнеркәсіптік ерітінді (фтор кремний қышқылының ерітіндісі)». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 3-бөлім. Саны: 0,016 тонна. Бағалау құны: 6 теңге.Лот 10 – «Этазол (2-пара-аинобензолсульфамид) 5-этил 1,2,3,тиадозол». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 1 бөлім. Саны: 0,014 тонна. Бағалау құны: 1 462 теңге.Лот 11 – «N,N ДИФЕНИЛГУАНИДИН (сим-дифенилгуанидин)». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 1-бөлім. Саны: 0,004 тонна. Бағалау құны: 3 теңге.Лот 12 – «3-пиколин (бета-пиколин, таза 3-метилпридин)». Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағы, № 5 Өнеркәсіптік аймақ, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС аумағында, 1009 ғимарат, 3-бөлім. Саны: 9 л / 0,008 тонна. Бағалау құны: 43 теңге.6. Ақы төлеу үшін деректемелерді көрсете отырып, қауіпті қалдықтар объектісінің бағалау құнының бір пайызын құрайтын конкурсқа қатысу құқығы үшін жарнаның мөлшері:Лот 1 – 791,71 теңге;Лот 2 – 0,02 теңге;Лот 3 – 822,76 теңге;Лот 4 – 0,5 теңге;Лот 5 – 0,01 теңге;Лот 6 – 0,01 теңге;Лот 7 – 0,01 теңге;Лот 8 – 0,13 теңге;Лот 9 – 0,06 теңге;Лот 10 – 14,62 теңге;Лот 11 – 0,03 теңге;Лот 12 – 0,43 теңге.Конкурсқа қатысу құқығы үшін жарнаны төлеуге арналған деректемелер:«Жасыл даму» акционерлік қоғамыБСН 040340008429БСК HSBKKZKXЖСК KZ046017111000000107 «Қазақстан Халық Банкі» АҚҚҚС бойынша куәлік: 18.04.2013 ж. 62001 сериясы, № 0028813, Кбе 167. Құжаттар топтамасын алу үшін электрондық сілтеме:https://cloud.mail.ru/public/wHWn/GCKVHLL8cБайланыс тұлғасы: Сарсенова Анар Ермековна, тел.: 7 707 520 90 78, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 407 кабинет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/905090
ҚР ЭТРМ өкілдері Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің алдын ала бағалау сапары аясында «Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіру: ластануды басқару және биоәртүрлілікті сақтау әлеуетін арттыру» («Blueing the Caspian Sea») жобасын дайындау бойынша отырысқа қатысты 29.12.2024
4-6 желтоқсан аралығында Астана қаласында Дүниежүзілік банктің алдын ала бағалау сапары аясында Жаһандық экологиялық қордың гранттық қаражаты есебінен қаржыландырылатын «Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіру: ластануды басқару және биоәртүрлілікті сақтау әлеуетін арттыру» («Blueing the Caspian Sea») жобасын дайындау бойынша кездесулер өтті.Аталған жобаны Каспий маңындағы үш елде (Әзербайжан, Қазақстан, Түрікменстан) жалпы бюджеті 12 млн АҚШ долларына жүзеге асыру жоспарланып отыр және үш негізгі компонентті қамтиды: Каспий теңізін ластанудан қорғау; биоәртүрлілікті сақтау; жағалау аймақтарын тұрақты басқару.Орын алған келіссөздерге Қазақстан, Әзербайжан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің, Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияның (Тегеран конвенциясы) Уақытша хатшылығының – ЮНЕП-тің, БҰҰ Жобаларды басқару басқармасының (UNOPS) өкілдері және Қазақстандағы БҰҰ ДБ Тұрақты өкілдігі тарапынан сарапшы қатысты. Қазақстан тарапынан кездесуге Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің, «Қазгидромет» РМК және Халықаралық су ресурстарын бағалау орталығының өкілдері қатысты.Кездесу барысында қатысушылар жобаны іске асыру шеңберіндегі басым бағыттарды, өңірлік интеграция шараларын, ластануды басқару мен биоәртүрлілікті сақтауға арналған ұлттық іс-шараларды, сондай-ақ жобаны жүзеге асырудың ұлттық және өңірлік тетіктерін талқылады.Қазақстан тарапы Каспий теңізіндегі экологиялық және гидрологиялық мониторинг жүйелерін жетілдірудің, Каспий маңы елдері арасындағы ғылыми-зерттеу қызметін дамытудың, сондай-ақ Каспий итбалығы популяциясын сақтау бойынша бірлескен жұмыстар жүргізудің маңыздылығын атап өтті.Сонымен қатар, Каспий және Арал теңіздеріндегі аквакультураға арналған семинар өтті. Семинар барысында аквакультураның тұрақты дамуы, аквакультурадағы өндірістік-тұрмыстық тізбек мәселелері талқыланды. Қазақстан, Әзербайжан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері «Аквакультураның жағдайы мен сын-тегеуріндері» тақырыбында презентациялар ұсынды. Қатысушылар Каспий теңізі мен Арал теңізі бассейндері елдерінде аквакультураны зерттеуге арналған жол картасын әзірлеу бойынша топтық жұмыс жүргізді.Іс-шара қорытындысы бойынша әрбір елмен жобаның компоненттерін нақтылау үшін 2025 жылдың қаңтарында онлайн кездесулер өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.Қорытындылай келе, қатысушылар Каспий теңізі аймағындағы жобаның сәтті жүзеге асатынына сенім білдіріп, Қазақстан тарапына қонақжайлылығы үшін алғыс айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/898742
Экология саласындағы жыл көрсеткіші 29.12.2024
Бақылау-инспекциялық қызметМемлекеттік экологиялық инспекция 1001 тексеру жүргізді. 2620 құқықбұзушылық анықталды, 1664 ұйғарым берілді, 2201 айыппұл салынды, олардың жалпы сомасы 82,8 млрд теңгені құрайды.Мемлекеттік қызметтер көрсету2024 жылы экологиялық реттеу аясында 13 148 мемлекеттік қызмет көрсетілді.Өтініштерді қарау кезінде ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуге, қоршаған ортаға шығарындыларды азайтуға, сондай-ақ кез келген шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде экологиялық қауіпсіздікке ерекше назар аударылады.Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жоюАғымдағы жылы ғарыштық мониторинг деректері бойынша 4887 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды, олардың 4310-ы немесе 91%-ы жойылды.Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуын болдырмау шараларын қабылдамағаны үшін жергілікті атқарушы органдардың 164 лауазымды тұлғасы 9,3 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Шығарындыларды автоматтандырылған мониторинг жүйесін (ШАМЖ) енгізу2024 жылдың соңына дейін шығарындыларды автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнатуға міндетті 91 кәсіпорын анықталды. Бүгінгі таңда 69 кәсіпорын ШАМЖ орнатты.ШАМЖ-ды уақытылы орнатпағаны үшін инспекторлық тексерулер аясында 26 кәсіпорын 15,5 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ құқықбұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/909953
Жыл көрсеткіші. Климат 29.12.2024
21 – 2024 жылы Әзірбайжанның Баку қаласында өткен БҰҰ-ның СОР29 Глобалды Климаттық Саммиті аясында Қазақстан Республикасының ұлттық павильоны алаңында 21 құжатқа қол қойылды.24 – 128 ұсынылған стартап жобасының ішінен 24-і 2024 жылы GCIP халықаралық бағдарламасы аясында табысты акселерациядан өтті.2 – Қазақстандық «Ozen-M» стартапы 2024 жылы ЮНИДО-ның Глобалды іс-шарасы – Cleantech Days аясында 22 халықаралық команда арасында 2-орын алды.33 – Әзірбайжанның Баку қаласында өткен БҰҰ-ның СОР29 Глобалды Климаттық Саммиті аясында Қазақстан Республикасының ұлттық павильоны алаңында 33 тақырыптық сайд-ивент өткізілді.4 – 2024 жылы ең үздік қолжетімді әдістер бойынша 4 анықтамалық әзірлендіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/909967
Жыл көрсеткіші: Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі 29.12.2024
Президенттің 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасы аясында ағымдағы жылдың басынан 264,9 миллион көшет отырғызылды. Оңтүстік өңірлердегі отырғызу жұмыстары жалғасуда.2024 жылғы 1 шілдеден бастап орман өртін сөндіру станциялары мен десантты-өрт сөндіруші қызметкерлеріне (өрт сөндіру көліктерінің жүргізушілері, өрт сөндірушілер, трактористер) қызметтік лауазымдық жалақысының 100%-ы көлемінде жалақысы арттырылды (3,3 мың адам).Ағымдағы жылы елдің орман шаруашылығы тарихында алғаш рет 1384 дана өртке қарсы техника мен 921 дана тіркеме және жабдық алу үшін 52,0 миллиард теңге бөлінді, соның ішінде лизинг арқылы 40,0 миллиард теңге қарастырылған.2024 жылы Қазақстан Республикасының ормандарында 294 орман өрті тіркелді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда үш есе аз, сол кезде өрт оқиғаларының саны 810-ға жеткен болатын. Өртпен қамтылған аумақ та үш есе азайды. Ертіс өңірінде таспа ормандарындағы бір өрттің орташа аумағы 0,2 гектардан аз болды.2024 жылдың маусымында Прага мен Берлин хайуанаттар бағынан Қазақстанның Қостанай облысындағы Алтын-Дала резерватына 7 Прежевальский жылқысы алғаш рет жеткізілді.2024 жылдың 21 қыркүйегінде Нидерланд хайуанаттар бағынан «Іле-Балқаш» резерватына 2 дана жолбарыс сәтті жеткізілді.Бүгінде дүниежүзілік киік популяциясының шамамен 99%-ы Қазақстан Республикасында шоғырланған. Бұрын киіктер саны бірқатар дағдарысқа ұшыраған болатын, 2003 жылы олардың саны тек 21 мыңды құраған. Мемлекет қабылдаған және қоғамдық және халықаралық ұйымдардың қолдауымен іске асырылған қорғау шараларының арқасында тек қана олардың жойылып кетуін болдырмай, сонымен қатар олардың санының айтарлықтай өсуіне қол жеткізілді. 2024 жылы көктемгі әуе санақ нәтижелері бойынша, олардың саны ұрықтан бұрын 2 833 600 жеткен (1 620 000 – Орал популяциясы, 1 150 000 – Бетпақдала популяциясы және 63 600 – Үстірт популяциясы). Бұл нәтижелер киікттің жағдайының ХТҚО (Халықаралық табиғатты қорғау одағы) Қызыл тізімінде «қатер төнген» статусынан «құқұметті» деген дәрежеге көтерілуіне мүмкіндік берді. Бұл көрсеткіш киік популяциясын қалпына келтіруге бағытталған көпжылдық жұмыстардың нәтижесі болып табылады және қабылданған шаралардың тиімді жұмыс істеп жатқанын көрсетеді.Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінен бастап «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құландарын «Іле-Балқаш» және «Алтын дала» резерваттарына қайта енгізу бағдарламасы басталды.Бағдарлама аясында 67 құлан ауланды. Олардың 43-і Іле-Балқаш резерватына көшіру үшін жіберілді, бұл аймақта жыныс ағзаларын көбейту үшін жасалған қадам болды. Ал 24 құлан Алтын дала резерватына жеткізілді. Бұл оқиға тарихи маңызға ие, өйткені алғаш рет құландар ұзақ қашықтыққа, толық логистикалық дайындық пен жануарлардың тасымалдануы кезінде қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы тасымалданды.Бүгінгі күні барлық құландар сәтті түрде резерваттарға жеткізіліп, уақытша қамау үшін вольерге шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/909993
Жыл көрсеткіші: Жасыл даму 29.12.2024
51,9 млрд теңге – «Жасыл даму» АҚ 2024 жылы республикалық бюджетке төлеген салықтар мен дивидендтердің жалпы сомасы (оның ішінде КТС – 32,3 млрд теңге, дивидендтер – 19,6 млрд теңге).183,4 млрд теңге – басым жобаларды іске асыру үшін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы. Қаражаттар келесі бағыттарға бөлінді:66,4 млрд теңге – қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салуға;50 млрд теңге – ТЖМ мен ІІМ негізгі құралдарын жаңартуға;35 млрд теңге – жергілікті атқарушы органдар мен Орман шаруашылығы комитетіне арналған өрт сөндіру техникасын сатып алуға;17 млрд теңге – автомобиль жолдарын басқару жөніндегі Ұлттық операторға арналған техниканы сатып алуға;15 млрд теңге – Қазақстанның аудан орталықтарының автобус паркін жаңартуға.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/909998
Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесі 29.12.2024
Ағымдағы жылғы 25 желтоқсанда Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың төрағалығымен Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес өтті.Кеңес отырысына Үкіметтік емес ұйым мүшелері, Министрліктің өкілдері, сонымен қатар Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы министрліктің есебі ұсынылды.Вице-министр Ж. Әлиев 2024 жылы қоршаған орта сапасын жақсарту, қалдықтарды басқару және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бойынша министрліктің атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.Вице-министр Н. Шәрбиев биоәртүрлілікті қалпына келтіру және қоршаған ортаны қорғау бойынша кешенді жұмыс жалғасып жатқандығы атап өтті. Бұл бағытта нәтижеге қол жеткізу үшін министрлік барлық қажетті шараларды, соның ішінде заманауи технологияларды қолдануды жалғастыруда.Вице-министр Н. Құрмалаев министрліктің цифрландыру саласындағы негізгі жобаларына қысқаша тоқталды.Қорытындылай келе, Министр әрбір кеңестің мүшелеріне қатысқаны үшін шынайы ризашылығын білдірді және алдағы уақытқа жоспарланған бірқатар міндеттерді белгіледі.Қоғамдық ұйымдар, өз кезегінде, Министрге тиімді ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, үкіметтік емес ұйымдармен конструктивті диалогқа ашықтығы мен дайын екендігін ерекше атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/910191
Шымкентте мырыш оксидін өндіретін зауыттың екінші кезеңі ашылды 29.12.2024
Шымкентте «Standard Steel KZ» ЖШС-нің түсті металл концентратын шығаратын қорғасын өндірісінің қалдықтарын өңдейтін зауытының екінші кезеңі іске қосылды. Ашылу салтанатына ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.«Осындай жобаларды іске асыру экологиялық қауіпсіздік қана емес, сонымен қатар ресурстардың жаңа көзін құру, табиғатты сақтау және салауатты болашақты қамтамасыз ету мүмкіндігі.Бизнес-қоғамдастықты ондаған жылдар бойы жинақталған өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша инновациялық технологияларды енгізе отырып, компанияның осындай бастамасына қолдауға лайықты. Бұл қадам - үлкен істің бастамасы деп білемін.Жалпы кәсіпорынның қызметі өңірдің ғана емес, бүкіл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді» - деп Е.Нысанбаев атап өтті.Шымкент қаласының басшысы өз сөзінде өндірісті іске қосу қала экономикасының дамуына ықпал етіп қана қоймай, өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметінің экологиялық зардаптарын азайтатынын атап өтті.«Елімізде өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді, кәсіпорындар саны жыл сайын артып отыр. Мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаудың нәтижесінде жұмыс орындары ашылып, азаматтардың әл-ауқаты жақсаруда», - деді Ғ.Сыздықбеков.Жалпы құны 13 миллиард теңгеден асатын инвестициялық жоба 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Бірінші кезең жүзеге асырылғаннан бүгінгі күнге дейін зауыт жылына 4600 тоннадан астам мыс-күміс концентратын өндірді. Қондырғының іске қосылуы кәсіпорынға өндіріс көлемін ұлғайтуға және қосымша жыл сайын 20 мың тоннадан астам мырыш оксидін шығаруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/910211
«ЕвроКристалл» ЖШС-не бару 29.12.2024
Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев «ЕвроКристалл» ЖШС-де болды.«ЕвроКристалл» ЖШС бұл тамақ өнеркәсібі мен фармацевтика өндірістеріне арналған 150 мл-ден 2 литрге дейін түссіз және кез келген түсті гаммаға дейінгі әртүрлі нысандағы шыны ыдыстарды, соның ішінде тағамдық сұйықтықтарға арналған шыны бөтелкелерді және көкөністерді сақтауға арналған шыны банкаларды шығаратын заманауи зауыт.Зауытта Германия, Ресей және ҚХР жетекші әлемдік өндірушілерінің заманауи автоматтандырылған жабдықтары орнатылған. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 100 миллион шартты бөтелке, банка шығаруға мүмкіндік береді.«ЕвроКристалл» зауытының өндірілетін шынының химиялық және физикалық қасиеттерін қолдауға арналған жеке зертханасы, сондай-ақ дайын өнімді автоматты инспекциялау және лазерлік сканерлеудің Қазақстан үшін бірегей жабдығы бар, бұл шығарылатын шыны ыдыстың жоғары сапасын сақтауға мүмкіндік береді. Жабдықтың техникалық деңгейі және өндірісті ұйымдастыру ISO-9000 сапа жүйесінің және ISO-14000 экологиялық қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келеді.Зауытта 450 қызметкер жұмыс атқарады, өндірістік желілер тәулік бойы жұмыс істейді.«Экоқолдау» бағдарламасы аясында 2024 жылы «ЕвроКристалл"» ЖШС 85 тонна шыны қалдықтарын өңдеу үшін 455 мың теңгеден астам қаражат төленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/910276
«High Industrial Lubricants & Liquids (HILL) Corporation» ЖШС бару 29.12.2024
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Шымкент қаласына сапары барысында Қазақстан Республикасында жағармай материалдарының жетекші өндірушісі болып табылатын HILL Corporation кәсіпорнына барды.Кәсіпорынның негізгі қызметі-пайдаланылған майларды өңдеу, майлау материалдарын өндіру.2018 жылы пайдаланылған майларды қайта өңдеу және пластикалық майлау өндірісі бойынша кешен салынды.Компания ресурстарды үнемдеу саласында инновациялық ғылыми әзірлемелер мен технологияларды енгізуге тұрақты ұмтылуда. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті, еңбекті қорғауды және қоршаған ортаны басқару жүйесі ISO 14001 және OHSAS 18001 халықаралық стандарттарына, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың талаптарына толық сәйкес келеді.Аталмыш стандартты ұстану дегеніміз компания қызметкерлер мен қоршаған ортаға қауіпсіз жағдай жасай отырып, экологиялық жауапкершілік пен еңбек қауіпсіздігіне жоғары талаптарды ұстанады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/910283
«Эко Шина» ЖШС 29.12.2024
Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев «Эко Шина» ЖШСна барды.Кәсіпорын тозған шиналар мен құрамында резеңке бар қалдықтарды кәдеге жарату/қайта өңдеу бойынша Қазақстан Республикасындағы ең ірі компания болып табылады. Қалдықтармен жұмыс істей отырып, кәсіпорын өңірдің экологиялық қауіпсіздігі мәселесін шешеді, істен шыққан автомобиль шиналарының жиналуын жояды, халық тұтынатын тауарлар өндірісінде қайталама шикізатты пайдалану есебінен ресурс үнемдеу бағытын дамытады.Өз шикізатын пайдалана отырып, «Эко Шина» ЖШС еден резеңке жабындарын өндірумен айналысады. Резеңкеүгінділеріне негізделген жабын бұл заманауи құрылыста өз орнын мықтап алған және ашық және жабық спорт және аула ойын алаңдары үшін ең қолайлы заманауи ыңғайлы жабын.Қызметтің негізгі бағыты металл емес қалдықтарды қайта өңдеу, резеңке-техникалық бұйымдарды өндіру, тозған автомобиль шиналарын жинау және қайта өңдеу және РТБ (резеңке-техникалық бұйымдар) өндіру болып табылады.Мамандандырылған жабдықтар сатып алынып, резеңке үгінділер өндірісі, содан кейін регенерат (қалпына келтірілген резеңке қоспасы) өндірісі жолға қойылды, одан кәсіпорын ҚТЖ (Қазақстан Темір Жолы) үшін темір жол резеңке төсемдерін, сондай-ақ басқа да РТБ (техпластиналар, шлангтар, шнурлар және т.б.) шығара бастады.Компанияның жұмыс істеп тұрған өнімділігі жылына 6 мың тонна, жобалық қуаты жылына 10 мың тоннаға дейін (тозған шиналарды қайта өңдеу) тауарлық өнім өндірумен резеңке-техникалық бұйымдарды қайта өңдеу бойынша жұмыс істеп тұрған зауытты жаңғырту жоспарлануда, оның ішінде үгінділер – жылына 6 мың тонна, мазут-жылына 2 мың тонна, техникалық көміртек – жылына 3 мың тонна, жылына 38 млн.дана сақина – жылына 530 тонна.Қаржыландырудың жеңілдетілген тетігі шеңберінде кәдеге жарату қаражаты есебінен алғашқылардың бірі болып «Экошина» ЖШС 500 млн.теңгеге жуық сомаға қаржыландырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/910444
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласын сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 29.12.2024
Жылумен және электрмен жабдықтау саласындағы жетістіктер. Қала тұрғындарын үздіксіз жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытында 2024 жылы ауқымды жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, 20 км жылу желісі, сондай-ақ, 220 км-ден астам электрмен жабдықтау желілері жаңғыртылды. Бұл шаралар энергияның үздіксіз берілуін қамтамасыз етіп, техникалық ақаулардың алдын алуға мүмкіндік берді.Жаңғырту жұмыстары тек желілермен шектелмей, қазандықтарды да қамтыды. 2024 жылы 85 қазандық қайта жаңартылып, олардың өнімділігі арттырылды. Бұл жылыту маусымының тұрақты өтуіне және тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға оң әсер етті.2025 жылы бұл салада жоспарланған жұмыстар одан да кең көлемде жүзеге асырылмақ. Қалада 40 км жылу желісін және 240 км электр желісін жаңғырту жоспарланған. Сонымен қатар, 21 қазандық қайта жаңартылып, олардың заманауи талаптарға сәйкестігі қамтамасыз етіледі. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі нәтижелерінің бірі – желілердің тозуын төмендету. 2024-2025 жылдары орындалған іс-шаралар нәтижесінде жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 3,8%-ға азайып, 54,1%-ды құрайтын болады. Электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 2025 жылдың соңына қарай 1,7%-ға төмендеп, 63,3%-ды құрайды.Су жүйесін жаңғырту және дамыту – қаланың маңызды басымдықтарының бірі. 2024 жылы Алматыда 220 км жаңа су құбыры желісі салынды. Бұл қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін жақсартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 30 км қолданыстағы желілер жаңғыртылып, олардың тиімділігі мен ұзақ мерзімділігі артты.2025 жылы жоспарланған жұмыстар көлемі одан да ауқымды. Қаланы дамыту жоспары аясында 347 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу және жаңғырту көзделіп отыр. Бұл шаралар қаланың барлық аудандарын сумен қамтамасыз етуді жақсартып, инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.Алматы қаласының инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған. Сумен жабдықтау, жылу және электрмен қамтамасыз ету желілерінің жаңғыртылуы қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Жоспарланған іс-шаралар қала инфрақұрылымының ұзақ мерзімді сенімділігін қамтамасыз етіп, Алматыны тұрақты даму жолына бағыттайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/909338
Алматыда құрылыс нысандарын бақылау күшейтіледі - сарапшының пікірі 29.12.2024
Алматыда құрылыс нысандарын инспекциялаудың жаңа тәртібін қабылдау туралы өз пікірімен құрылыс, жер қатынастары, урбанистика, энергетика және сумен жабдықтау жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Гүлмира Байғабулова бөлісті.«Мен үшінші жыл бойы құрылыс процесін бақылауды қайтару қажеттілігі туралы айтып отырмын, менің ойымша, құрылыс-монтаж жұмыстарын инспекциялау ережелері толыққанды мемлекеттік бақылау алғашқы қадам болып табылады. Бұл құжаттар біздің қауіпсіздігімізге тікелей байланысты. Инспекциялаудың нақты ережелері тұрғындарды сапасыз жүргізілген жұмыстардан, ал адал құрылыс салушыларды негізсіз талаптардан қорғауға тиіс», - деп есептейді сарапшы.Естеріңізге сала кетейік, Алматы мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясында құрылыс-монтаж жұмыстарының тірек және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуға және реконструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігін инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне бару тәртібі бекітілді.Қазіргі уақытта құқықтық акт Әділет департаментінде тіркелуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/909487
Мәжіліс Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң қабылдады 28.12.2024
ҚР Парламенті Мәжілісі пленарлық отырыста екінші оқылымда «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасын қабылдады.Заңды әзірлеуге Түркістан қаласын Түркі мемлекеттері ұйымының түркі әлемінің рухани астанасы ретінде тануы, сондай-ақ қаланың тарихи келбеті мен тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау қажеттілігі негіз болды.Заң жобасының негізгі новеллалары Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру, ұлттық қолөнер шеберлері үшін бюджеттен шығындардың бір бөлігін өтеу және Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы құрылысты шектеу болып табылады.Түркістан қаласының мәслихаты қала құрылысы регламентін, қаланың дизайн-кодын, сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын, Түркістан аумағында рәміздерді пайдалану тәртібін және т. б. бекітетін болады.Қала әкімдігіне 3 бағыт бойынша 27 құзырет берілетін болады. Біріншісі қаланың мәдени игілігі мен рухани дамуын сақтау мәселелерін реттеуге, тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.Екіншісі-кесененің айналасындағы құрылыс стандарттарын және қала аумағында бірыңғай құрылыс стилін қолдану.Үшінші бағыт туристік қызметке жәрдемдесу мәселелерін реттеуге және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, туристік жағынан тартымды орындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін көлік және инженерлік инфрақұрылымды бейімдеуге бағытталған.Бұдан басқа, ілеспе заң жобасы әзірленді. Оның шеңберінде Жер кодексіне, «ҚР-дағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы», «ҚР-дағы туристік қызмет туралы» Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/909088
Алматыда жаңа Құрылыс ережелері, Қала құрылысы регламенті және Құрылыс объектілерін тексеру тәртібі бекітілді 27.12.2024
Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясында қаланың құрылыс саласын реттеуге бағытталған маңызды құжаттар — Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды. Бұл шаралар қауіпсіз, тұрақты және қолайлы қалалық орта құруға, нүктелік құрылысқа тосқауыл қоюға және құрылыс сапасын бақылауға бағытталған.Құрылыс ережелері жаңа нысандарды жобалаумен салу, сондай-ақ бар нысандарды қайта жаңғырту үшін нақты параметрлерді белгілейді. Абай даңғылы мен әл-Фараби даңғылы арасындағы құрылыс үшін биіктік шектеулері енгізілді: барлық типтегі ғимараттардың биіктігі 9 қабаттан және 35 метрден аспауы тиіс. Бірегей нысандар үшін бұл ереже қолданылмайды. Құрылыс барысында тарихи архитектуралық мұраны сақтау және таулы аймақтарда экологиялық талаптарды сақтау ерекше назарға алынған.Қала құрылысы регламенті Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарымен жүзеге асыруға негіз болмақ. Құжатта аумақты зоналау, инфрақұрылым объектілерін орналастыруға қойылатын талаптар және қалалық орта тұрақтылығының параметрлері қарастырылған. Регламент экологиялық жағдайды жақсартуға және қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, сондай-ақ инвесторлар үшін процедураларды жеңілдетуге бағытталған. Әкімшілік тосқауылдарды және тәуекелдерді азайту Алматыны бизнес үшін тартымды етіп, құрылыс саласының дамуын ынталандырады. Жаңа нормалардың енгізілуі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және қала құрылысы процестерінің ашықтығын арттыруға көмектеседі.Сессия барысында депутаттар сондай-ақ Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылыс жайлардың тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуға және реконструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігін инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне бару тәртібін бекітті, оған сәйкес рұқсат беру құжаттамасынсыз, бекітілген жобалау-сметалық құжаттамадан ауытқусыз құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу фактілері инспекциялауды жүргізу үшін негіз бола алады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарламалар. Осылайша, тәртіп оның бастапқы кезеңінде заңсыз құрылыстың жолын кесуге мүмкіндік береді. Бұл ретте объектіде тиісті түрде хабарланған мүдделі тұлғаның болмауы жоспардан тыс тексеру жүргізу нормаларынан айырмашылығы инспекциялау жүргізуге кедергі болып табылмайды. Сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулер жүргізуді жалғастырады. Алайда, келесі кезеңде инспекциялау шеңберінде бұзушылықтар анықталған кезде жаңашылдық аудан әкімдігінің хаты негізінде шаралар қабылдау үшін жедел тексеру жүргізуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, мәслихат Алматыдағы кондоминиумдарды басқару және жалпы мүлікті күтіп ұстау үшін 2025 жылға арналған 1 м² үшін 40 теңге мөлшерінде ең төменгі шығын мөлшерін бекітті. 2010 жылы белгіленген бұрынғы тариф 1 м² үшін 25 теңге болды. Алайда соңғы 14 жылда құрылыс материалдары бағасының өсуі, жұмысшылардың жалақысының артуы және тұрғын үй қызметтерінің сапасына қойылатын талаптардың жақсаруы сияқты экономикалық жағдайлар ескерілді. Жаңа минималды тарифті есептеу үшін бекітілген әдістеме қолданылды, ол инфляцияны ескере отырып, жыл сайын түзетуді қарастырады. Депутаттар жаңартылған минималды тариф тұрғын үй объектілерін тиісті күтіп ұстауды қамтамасыз етуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және мегаполис тұрғындары үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.Сондай-ақ, Алматыда тұрғындарға қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда, бұл стационарлық және амбулаторлық жағдайларда жүзеге асырылуда. Алайда, республикалық бюджеттен алты түрдегі онкологиялық және орфандық ауруларды емдеуге қаржыландыру механизмі жоқ, науқастар санының өсуі және жаңа аурулардың пайда болуы қосымша дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету қажеттілігін туындатты. Бұл, бұрын науқастар өз қаражатына сатып алуға мәжбүр болған 5 түрдегі препараттарға қатысты. Осыған орай, сессия барысында депутаттар мәслихат шешіміне өзгерістер енгізіп, Алматыда тіркелген белгілі бір азаматтық топтардың тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу көлемін кеңейтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/909509