Enbekshi QazaQ

Технология

Алматылықтар V жазғы спартакиадада бірінші болды 12.04.2025
Спартакиаданың бағдарламасына спорттың 40 түрі бойынша жарыстар енді. Атап айтқанда, үстел теннисі, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер күресі, муайтай, киокушинкай-кан каратэ, садақ ату, семсерлесу, регби, спорттық гимнастика, гандбол, спорттық құзға өрмелеу, самбо, бадминтон, бокс, желкен спорты, каратэ-до, ат спорты, баскетбол, көркем гимнастика, батуттық гимнастика, стенд ату, жеңіл атлетика, су добы, жүзу, байдарка есу және т.б. каноэ, дзюдо, президенттік көпсайыс, оқпен ату, волейбол, велосипед спорты, триатлон, таэквондо, жағажай волейболы, шөптегі хоккей, академиялық есу, ауыр атлетика, теннис.Жарысқа еліміздің 17 облысы мен қалаларынан 7 мыңнан астам спортшы қатысты.Бұл жарыстар төрт жылда бір рет өтеді. Жалпы командалық есепте Алматы қаласының командасы 1 орынды, екінші орынды - Шымкент қаласы, үшінші орынды - Алматы облысы иеленді.Алматы қаласының спортшылары спорттың көптеген түрлерінде сәтті өнер көрсетті. Біздің мегаполисіміз еліміздің ең спорттық қаласы мәртебесін иеленетінін тағы бір рет дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/25644?lang=kk
Асан Дарбаев ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды 11.04.2025
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асан Көбентайұлы Дарбаев ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.1984 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Warwick университетін (Ұлыбритания) бітірген.2005 жылдан 2006 жылға дейін Қаржы министрлігі құрылымында жетекші маман болып жұмыс істеді.2006–2009 жылдары — монополияға қарсы құрылымдардағы аумақтық бөлімшелерде бас маман.2009-2010 жылдары  — «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ және «KAZENERGY мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақ қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінде менеджер.2013–2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті директорының орынбасарынан басқарма басшысына дейінгі лауазымды қызмет атқарды.2015–2019 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/973138?lang=kk
Қазақстанда МЖӘ жобалары бойынша екі кезеңдік конкурстар өткізіле бастайды 11.04.2025
Ағымдағы жылдың 15 наурызында Мемлекет басшысы бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері жөніндегі Заңға қол қойды, оның аясында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы заңнамаға да түзетулер енгізілді. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Аслан Калигазин заңнамаға түзетулер енгізілгеннен кейін МЖӘ жобаларын іске асыру рәсімі қалай жүргізілетіні жайлы сөз қозғады.Спикердің айтуынша, екі сатылы және бір сатылы конкурстарды қолдану тәсілдерін өзгерту маңызды түзету болмақ. Республикалық деңгейдегі МЖӘ-нің кейбір жобаларын қоспағанда, осы уақытқа дейін Қазақстанда екі кезеңдік конкурстар іс жүзінде өткізілмеген. «Бұл ретте, халықаралық қаржы ұйымдары, керісінше, екі кезеңді іріктеу қажеттілігін көрсетеді. Іріктеудің бұл түрі конкурстың бірінші және екінші кезеңдерінде ең жақсы техникалық-технологиялық және қаржылық шешімдерді таңдау арқылы жеке серіктесті анықтаудың ең жақсы тәжірибесі болып саналады. Осылайша, бұл түзетулер шеңберінде МЖӘ нысанын жобалау мен салуды қамтитын барлық МЖӘ жобаларын екі кезеңдік рәсімдерге ауыстыру көзделеді», – деді Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының басшысы.Бұдан бөлек, түзетулерде меншікті капитал жобасына инвестициялау жөніндегі әлеуетті жеке серіктестер үшін талаптарды 20%-дан 10%-ға дейін төмендету көзделген. Спикердің айтуынша, бұл түзету конкурстарға қатысуға кедергілерді азайтады, өз қаражатының үлкен көлемін бөле алмайтын, алайда жоспарланған МЖӘ жобаларын іске асыру үшін құзыреті мен мүмкіндіктері бар компаниялар үшін нарыққа кіруді жеңілдетеді. Сондай-ақ, әлеуетті жекеше әріптес конкурстық рәсімдер сатысында біліктілік іріктеуден өту үшін осы қаражатты өз шоттарында «қатыру» қажеттілігі алынып тасталды. Яғни, бұл қаражатты растау МЖӘ шартын жасасқаннан кейін ғана қажет.«Жобаларды әзірлеу сапасын арттыру үшін МЖӘ саласында консультациялық және сараптамалық қызметтер көрсететін ұйымдарды аккредиттеу енгізіледі. Рәсімнің бағалау сипатын қоспағанда, аккредиттеуді Ұлттық экономика министрлігі өзі бекітетін талаптарға сәйкес жүзеге асырады. Жобаларды жоспарлау мерзімдерін және мемлекеттік бюджеттің рәсімдерді оңтайландыру және үлгілік құжаттаманы қолдану есебінен оларды әзірлеу мен сараптауға арналған шығындарын қысқартуға мүмкіндік беретін «Бағдарламалық МЖӘ» тетігін енгізу жөніндегі түзетулерге жеке тоқталғым келеді. Мәселен, салалық орталық мемлекеттік органдар МЖӘ бағдарламалық жасақтамасының көмегімен МЖӘ жобаларының базалық параметрлерін анықтай алады. Сондай-ақ олар жеке әріптесті айқындау және МЖӘ шартын жасасу қағидаларын, салалық ерекшеліктерді ескере отырып, МЖӘ-нің тираждалатын жобалары бойынша конкурс өткізу үшін дайын үлгілік құжаттар топтамасын өз бетінше бекіте алады», – деді Аслан Калигазин.      Мұндай салалық ережелер мен үлгілік құжаттар мектептер, жатақханалар мен емханаларды салу және пайдалану бойынша тираждалатын жобаларды іске асыру үшін бекітілген. Қазіргі уақытта білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, спорт және экология салаларында ұқсас құжаттар әзірлеу және келісу сатысында тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/973000?lang=kk
Қазақстан өңірлерінде МЖӘ жобаларын іске асыру рейтингін енгізу жоспарда бар 11.04.2025
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Аслан Калигазин іске асырылған МЖӘ жобалары туралы айтты. Мәселен, 3,4 трлн теңге сомасына 1200-ден астам шартқа қол қойылды.Спикердің айтуынша, ең көп келісімшарт білім беру, денсаулық сақтау, энергетика және ТКШ саласында жасалған. Аталмыш салалар шамамен 90%-ды құрайды. Бұл ретте құндық мәнде жобалардың шамамен 33%-ы көлік және инфрақұрылым саласына тиесілі, өйткені мұнда автожолдар, әуежайлар сияқты капиталды көп қажет ететін жобалар бар. «Былтырғы МЖӘ жобаларының статистикасы бойынша 54 шарт жасалды. Жартысынан көбі –Атырау, Түркістан облыстарындағы мектеп асханаларын жаңғырту жобалары. Олардың ішіндегі ең ірілері – Алматы облысының Қонаев қаласында кәріз тазарту құрылыстарын салу және пайдалану, жол және қоғамдық қауіпсіздік жүйесін енгізу және пайдалану жөніндегі екі жобасы, сондай-ақ Атырау қаласында 4 мың орындық екі мектепті салу және пайдалану жөніндегі екі жобасы. Басқа жобалардың қатарында абаттандыру, студенттік жатақханалар салу және спорт кешендерін, спорт клубтарын, БЖСМ ұйымдастыру және пайдалану бойынша спорт саласындағы 7 МЖӘ жобасы бар», - деді Аслан Калигазин.Қаржыландырудың ауқымын және тиімді басқару қажеттілігін ескере отырып, өңірлік деңгейдегі қызметті мониторингтеу және бағалау мәселелеріне ерекше назар аударылады. Сондықтан, спикер атап өткендей, өңірлер үшін МЖӘ жобаларын іске асыру рейтингі енгізілуде. Мұндай жаңашылдық бюджеттен тыс қаржыландыру көздері мен тұтыну ақысы есебінен өтелетін жобалардың үлесін арттыру, әкімдіктердің мониторинг жүргізу процесін жолға қою мақсатында енгізіледі. Қазір рейтингті есептеу әдістемесі әзірленіп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/972993?lang=kk
МЖӘ жобалары арасында халықаралық іріктеу жүргізілуде 11.04.2025
Былтыр Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында халықаралық қаржы институттарының қатысуымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын неғұрлым сапалы дайындауға назар аудару қажеттігін атап өтті. Осы тапсырманы орындау мақсатында қазір халықаралық қаржы институттарымен жобалар пулын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Аслан Калигазин ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.Оның хабарлауынша, жобалар жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша іріктеледі. Бұдан әрі олар халықаралық қаржы институттарымен келісіледі және Қазақстан Үкіметі бекітетін тиісті тізбеге енгізіледі. Бұл жобаларды әзірлеуді мүдделі мемлекеттік органдар мен МЖӘ орталығының қатысуымен халықаралық қаржы институттары іріктеп алған халықаралық консультанттар жүргізеді. Орталық басшысы тізімге енгізілген Қарағандыдағы университеттік аурухананың жобасын мысалға келтірді. Азия даму банкінің (АДБ) консультанттары конкурстық құжаттама әзірлеп, жеке әріптесті іріктеу бойынша халықаралық конкурс жариялады. Сондай-ақ қазір АДБ консультанттары Алматы қаласында студенттік жатақхананы салу және пайдалану жобасы бойынша құжаттама әзірлеуде. «Жалпы, тәжірибе көрсеткендей, халықаралық инвесторлар МЖӘ жобаларының осындай пулының болуын мемлекеттің инвестициялық саясатының ашықтығы мен дәйектілігі ретінде бағалайды, бұл оның инвестициялық тартымдылығын арттырады. Мұндай бірлескен жұмыс әлемдік озық тәжірибелерді қолдану есебінен аталған жобалардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деді Аслан Калигазин. Ол процестің барлық қатысушысының кәсіби құзыреттерін дамыту мәселесіне де тоқталды. 2015 жылдан бастап МЖӘ дамыту орталығының базасында мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық мамандарын оқыту жүргізіліп жатыр. Соңғы үш жылда 800-ге жуық қатысушыны қамтитын 60-қа жуық семинар мен вебинар ұйымдастырылды. Ақтөбе, Алматы, Қонаев, Қостанай, Қарағанды және Түркістан қалаларында көшпелі семинарлар өтті. Сондай-ақ МЖӘ дамыту орталығы халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Мәселен, ЕҚДБ, АДБ және IFC қолдауымен мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың 67 қызметкері үшін МЖӘ саласындағы мамандарды сертификаттаудың халықаралық бағдарламасы бойынша оқыту жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/972987?lang=kk
Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасы таныстырылды 11.04.2025
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттарға Салық кодексінің жобасын және оған ілеспе салық салу мәселелері жөніндегі заңнамалық түзетулерді таныстырды. Құжатта салық құрылымын жаңарту, салық жүктемесін қайта бөлу және жеңілдіктерді беруге бақылауды күшейту ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/972512?lang=kk
Үкіметте кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті 11.04.2025
Үкімет аппаратында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.Отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері қатысты. Олар қазіргі реттеу ортасының жай-күйі мен бизнес саласындағы негізгі мәселелерді талқылады.Кездесу барысында бірқатар маңызды бағыттар бойынша реттеушілік әсерге жүргізілген талдаудың нәтижелері қаралды. Негізгі мәселелердің бірі жеңіл өнеркәсіп тауарларының таңбалануын және қадағалануын енгізу, сондай-ақ жоғары вольтты жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілеу болды. Зияткерлік меншік құқықтарының объектілерін пайдалануды бақылау, сондай-ақ жоғары вольтты жабдықтың белгіленген стандарттарға сәйкестігін міндетті түрде растау мәселелері талқыланды.Талқылаудың маңызды бөлігі кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс тобының ұсынымдары болды.Мемлекеттік реттеуші органдар мен комиссия мүшелері ұсынған тұжырымдар негізінде реттеушілік әсерге жүргізілген талдаудың нәтижелері қаралып, мақұлданды.Серік Жұманғарин бизнес-қауымдастықтың хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік реттеуші органдарға енгізіліп жатқан реттеу құралдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.Бұдан бөлек, отырыста бизнестің өзекті мәселелерін шешу үшін Ұлттық экономика вице-министрі төрағалық ететін әрі «Атамекен» ҰКП тең төрағалығымен жұмыс тобын құру ұсынылды. Бұл жұмыс тобы екі аптада бір рет тұрақты түрде бас қосып, әр сала бойынша кәсіпкерлер тап болатын мәселелерге назар аударатын болады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/972289?lang=kk
Бір тараптан, Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер арасындағы және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің баспасөз релизі 10.04.2025
2018 жылғы 17 мамырда Астана қаласында Астана экономикалық форумы алаңында бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ол екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы қуатты драйверге айналуы тиіс.  Қазақстан Республикасының атынан Келісімге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин қол қойды.Келісімді бекіту туралы келіссөздер екі жыл бойы жүргізілді.Келісім ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Қытайдың арасындағы өзара сауданы жақсарту шарттарын құруға бағытталған, алайда ол бажды алып тастауды немесе бейтарифтік бөгеттерді автоматты түрде төмендетуді қарастырмайды.Бұл шарт ішкі нарықты қорғау шаралары, саудадағы техникалық бөгеттер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, кедендік ынтымақтастық, зияткерлік меншік, бәсекелестік, мемлекеттік сатып алулар саласындағы ынтымақтастық, салалық ынтымақтастық, электрондық сауда тәрізді көптеген саудалық реттеу мен ынтымақтастық саласын қамтиды.Келісімге сәйкес тараптар ДСҰ деңгейінде өзара тауар саудасындағы сауда режимін сақтау кепілдігі мен құқықтарын бекітті.Сондай-ақ, Келісім арқылы ашықтық тетігі көзделген, ол құқықтық реттеу жүйесінің айқындығын, жалпы қолданыстағы шаралар және әкімшілік актілерді қабылдау үдерістерін, мемлекеттік органдардың қызмет үдерістерін және т.б. қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл ашықтық тетігі тараптардың субсидиялар мен сауда шаралары туралы хабарландыруларды, сауда саласындағы ішкі реттеу туралы ақпараттарды алмасуына мүмкіндік береді.  Электрондық сауда саласындағы қол жеткізілген уағдаластықтардың да маңызы зор болып табылады. Келісім тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін және олардың жеке мәліметтерін  қорғау деңгейін арттырады және инновация саласындағы қағазсыз сауданы дамытудың негізін қамтамасыз етеді.Тұтас алғанда, Келісім ҚХР-мен анағұрлым тығыз сауда-экономикалық әріптестікке қарай ілгерілемелі қозғалыстың негізі болуы тиіс. Келісім ақпарат алмасуды дамытудың, бөгеттерді анықтау мен Қытаймен өзара сауданы ілгерілетудің құралына айналуы тиіс, сондай-ақ қосымша ықтимал ынтымақтастық саласын іздестіруге ықпал ететін болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/17371?lang=kk
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы тау бөктеріндегі селден қорғау іс-шараларының барысымен танысты 10.04.2025
Қала әкімі тау өзендері мен көлдердегі жағдайларға ерекше назар аударды. Сондай-ақ, Ақсай және Аюсай шатқалдарында селден қорғау бөгеттерінің құрылыс жоспарымен және қолданыстағы бөгеттерді жөндеу жобаларымен танысты.Мегаполис басшысы Б.Сағынтаев Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин, Алматы қалалық ТЖД бастығы С.Әубәкіров және «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары М.Қасеновпен бірге мұздақ көлдерді аралап шықты. Жұмыс сапары кезінде селден қорғау шаралары мен мұздақ көлдерді босату бойынша бірқатар жұмыстар тексерілді.Алматы қалалық ТЖД мамандары Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы мен Ақсай өзендері бассейндеріндегі сел қаупінің автоматтандырылған мониторингтік бағдарламасының жүзеге асырылуы жайында баяндап берді. Биыл сел ошақтарын, өзен арналары мен мореналық көлдерді, бөгеттер мен су қоймаларын бағдарламалық жүйемен қамтамасыз ететін 10 станса бой көтереді. Келесі жылы 21 станса салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/17331?lang=kk
Түркістан қаласында Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін төмендету және өтемдік тарифтерін енгізу мәселесі бойынша брифинг өткізілді 10.04.2025
2018 жылғы 26 желтоқсанда Түркістан қаласындағы өңірлік Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін төмендету және өтемдік тарифтерін енгізу бойынша брифинг өткізілді.ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент (бұдан әрі - Департамент) басшысы Е. Ыбырайханов Мемлекет басшысының 2018 жылғы 7 қарашада Қауіпсіздік кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін ведомствоның жүргізген жұмыстары туралы жиналғандарға егжей-тегжейлі баяндады.Департамент Шымкент, Кентау, Түркістан қалаларындағы, сондай-ақ Сайрам, Сарыағаш және Мақтарал аудандарындағы коммуналдық қызмет саласы мәселелері бойынша азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдау жұмысына мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, табиғи монополия субъектілері, қоғамдық бірлестіктер қатысты. Қоғамдық қабылдауға барлығы 771 адам қатысты.Департамент тұтынушылардан келіп түскен шағымдарға орай, 5 ТМС қызметіне қатысты (ГКП «Жылу» МКК, «Түркістан Су» МКК, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Кентау-Сервис» МКК және «Ащысай су» МКК), жоспардан тыс тексеру жүргізді.«Тексерулердің қортындысы бойынша 4 ТМС-ке қатысты әкімшілік 6 493, 5 мың теңге сомасындағы айыппұл салу арқылы әкімшілік іс қозғалды», - деді Е.Ыбырайханов.Сөзінің соңында ведомство басшысы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, ақырғы тұтынушы үшін тарифтер көрсетілетін қызмет түріне қарай, 3%-тен 15,31%-ке төмендейтінін жеткізді.Қызметтер бойынша ақпарат:1. Электрмен жабдықтауЭлектроэнергиясы саласы бойынша 4 ТМС, оның ішінде базалық субъекті «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарифтері төмендетілді.                                                       ҚҚС-пен теңге№ТМС атауы ТопҚолданыстағы тарифТөмендетілген тариф%1«Онтүстік Жарық Транзит» ЖШСЭлект.энергиясын тасымалдау7,386,6410,022«Энергопоток»ЖШСОрташа тариф 21,0719,646,8Тұрғындар 15,7214,656,8Заңды тұлғалар 27,1725,326,8тұтынылған электр энергиясы үшін қарызгерлерді қайта қосу163097840,02. Газбен жабдықтауГазбен жабдықтау саласы бойынша 3 ТМС, оның ішінде Шымкент қаласы бойынша базалық субъекті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на тарифтері төмендетілді.тенге/ с НДС№ТМС атауыТопҚолданыстағы тарифТөмендетілген тариф%1«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚТауарлық газды тасымалдау 9027,27881,312,7тұрғындар үшін 34475,232474,285,8Халыққа арналған ЖЭК 34475,228269,6917,99Заңды тұлғалар 35788,4935788,490Бюджеттік ұйымдар 36103,9736103,9703. Жылумен жабдықтауЖылумен жабдықтау саласында 5 ТМС, оның ішінде базалық субъекті «Жылу» МКК тарифтері төмендетілді.ҚҚС-пен теңге№ТМС атауы ТопҚолданыстағы тарифТөмендетілген тариф%1«Жылу»МККЖеке тұлғалар үшін ТПЕ5192,084397,33-15,31Жеке тұлғалар үшін ТПЕ-сіз 6558,435554,52-15,31Бюджеттік ұйымдар үшін ТПЕ 10348,448764,39-15,31 Бюджеттік ұйымдар үшін ТПЕ-сіз 17740,1915024,67-15,31Өзге тұтынушылар үшін ТПЕ-мен 5353,264533,83-15,31Өзге тұтынушылар үшін ТПЕ-сіз 11619,549840,89-15,314. Сумен жабдықтау және су тарту.Сумен жабдықтау және су тарту саласында 39 ТМС, оның ішінде базалық субъекті «Түркістан су» МКК тарифтері төмендетілді.ҚҚС-пен теңге№ТМС атауы ТопҚолданыстағы тарифЖоспарланған тариф төмендеуі%1«Түркістан су» МКК сумен жабдықтауТұрғындар62,6958,356,93Бюджет 171,73152,5611,16басқалары191,56178,646,75ГКП «Түркістан су» су тартутұрғындар62,3957,757,45Бюджет 130,61120,847,49басқалары135,99121,4910,665. Енгізілген өтемдік тарифтер2017 жылға арналған тарифтік сметаларды орындау нәтижесі бойынша Департамент 3 ТМС-да уақытша өтемдік тариф енгізілдіҚҚС-пен теңге№ТМС атауыРеттелетін қызметтердің түрлеріҚҚҚС-ты қоспағанда қолданыстағы тарифтер(бағасы)Тарифті төмендету болжамы, деңгей %% төмендеу1«Кентау Сервис»МККОрташа безбенделген тариф6105,994433,51-27,39жеке тұлға орташа3759,132862,32-23,861 және 2 топқа кірмейтін тұтынушылар үшін 7115,445166,45-27,392«Мақтаарал»ШШҚҚСумен жабдықтауорташа83,27 82,620,78Кәріздік жүйе қызметі орташа213,4210,521,353«Ел ынтымағы» ЖШСТұрғындар35,2130,2414,12Заңды тұлғалар74,9964,414,13 Қортынды     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/17325?lang=kk
ҚР Ұлттық экономика министрі «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің жанындағы Стратегия комитетінің төрағасы болып сайланды 10.04.2025
«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің жанындағы Стратегия комитеті мемлекеттік стратегиялық тапсырмаларды жоспарлау және іске қосу мәселелерін қарау үшін құрылған.Стратегия комитетінің негізгі міндеті маңызды стратегиялық тапсырмаларды жіктеуді мынадай жолмен қамтамасыз ету болып табылады:Қордың директорлар кеңесінде Қордың даму стратегиясын 10 жылдық кезеңге алдын ала мақұлдау және Қордың даму жоспарын 5 жылдық кезеңге одан әрі қарау үшін;Қордың директорлар кеңесінде Қордың Даму стратегиясы мен Даму жоспарын іске асыруды мониторингілеу және бақылау мақсатында Даму стратегиясының, Қордың даму жоспарының іске асырылу барысы туралы есептерді қарау,Қордың ұлттық компаниялардың даму стратегиясының ұлттық стратегиялар, міндеттер және мемлекеттік бағдарламалардың декомпозициялық стратегиялық көрсеткіштерімен сәйкестігі туралы ақпаратын қарау.Комитет Қордың директорлар кеңесінің тұрақты әрекет ететін консультативтік-кеңестік органы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/17131?lang=kk
Алматыда Универсиада -2017 салтанатты түрде ашылды 10.04.2025
– Бұл стадионда жер шарындағы жетекші жоғары оқу орындарының жүздеген өкілдері жиналып отыр. Сіздердің араларыңызда болашақ олимпиадашылар мен әлемдік сайыстардың жеңімпаздары бар. Сондай-ақ, өзінің мансабын келешекте экономикамен, саясатпен, бизнеспен байланыстыратындар да жоқ емес, – деді Қазақстан Президенті.Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап еліміздің ұстанымы бірлік пен ынтымақтастық орнату, қауіпсіз болашаққа ұмтылыс болғанын атап өтті.– Спорт, ғылым және мәдениет арқылы біз барлық құрлыққа тыныштық пен толерантты дамудың қазақстандық формуласын жеткізгіміз келеді. Сол үшін ұйымдастыру жұмыстары күн сайын қарқын алып, осы Мұз сарайы мен бұл ойындардың басқа да нысандары зор ықыласпен салынды, – деді Мемлекет басшысы.Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Универсиада қаланың спорт инфрақұрылымын дамытудың өзіндік локомотивіне айналғанын атап өтті.– Алматы қазірдің өзінде даусыз рекордтар көрсетіп отыр. Қысқы Универсиадалар тарихында алғаш рет мұнда Атлеттер қалашығы салынды. Бұл жобаға жұмсалған инвестиция қазақстандықтардың игілігіне қызмет ететін болады. Ареналар көпшілікті бұқаралық спортқа тартатын орталыққа айналады. Атлеттер қалашығы 1700-ден астам отбасыға арналған қолжетімді әлеуметтік тұрғын үйі бар жаңа шағын ауданды құрайды. Универсиада әлемнің 80 мемлекетінде 43 телеарна арқылы көрсетіледі. Оның аудиториясы бір миллиардтан астам адамды қамтиды. Универсиаданың қанатын кеңге жайғанын, өзінің басталуының тарихи сәтіне дайын екенін көріп отырмыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Универсиада өтіп жатқан орынның бірегейлігіне назар аударды.– Алматы – 1000 жылдық тарихы бар қала, Қазақстанның жаңа дәуірі бастау алған алтын бесік. Бұл – қарқынды дамып келе жатқан, заманауи қала, іскерлік орталығы және ел экономикасының қозғаушы күші. Жастар қаласы. Студенттер қаласы. Қазақстанның жоғары оқу орындарының үштен бірі осында орналасқан, оларда 137 мың студент білім алуда. Аты аңызға айналған және бәріміз жақсы көретін «Медеу» мұз айдыны бұрынғы даңқын қайта жаңғыртып, қайтадан ауқымды жарыстардың атмосферасын сезіндіретін болады. Іле Алатауы бөктерінде «Шымбұлақ» алмастай жарқырап тұрады. Универсиада саламатты өмір салтының рәмізіне айналады. Оның нәтижесін ұлтымыздың денсаулығын нығайту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалармен салыстыруға болады, – деді Қазақстан Президенті.Нұрсұлтан Назарбаев жарысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін осы жаһандық мерекені әзірлеуге атсалысқандардың бәріне, соның ішінде үш мың волонтерге, Халықаралық студенттік спорт федерациясына және оның президенті О.Матыцинге алғыс білдірді.akorda.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/16869?lang=kk
Пәтер кезегінде тұрғандар Атлеттер ауылынан кілттерді алды 10.04.2025
Пәтер алу кезегінде тұрған 2 мыңнан астам алматылық отбасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған болашағы зор жаңа ықшам аудан тұрғындарына айналды, олардың арасында 1 және 2 топ мүгедектері, жетімдер, ата – ана қарауынсыз қалған балалар, соғыс және еңбек ардагерлері, көп балалы және толық емес отбасылар, дәрігерлер, мұғалімдер, және басқалары бар. Сатып алынатын арендалық пәтердің бір шаршы метрінің құны 1036 дан 1126 теңгені құрайды, жалға беру мерзімі 20 жыл.«Өткен жылы әлеуметтік жағынан аз қорғалған 3 мыңнан астам отбасы жаңа пәтер алды. 2017 жылы 3200 – ден астам алматылық жаңа қонысқа ие болады, солардың 1700 – ден астамы бүгін пәтер кілттерін алды. Бүкіл дүниежүзілік Универсиада чемпиондарына есік ашқан жерге жаңа қоныстанушылар келді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Универсиада мұрасы» аясында 140 мыңнан астам оргтехника, атлеттер ауылындағы арнайы қондырғылар 500 әлеуметтік мекемелерге таратылды. 700 мыңнан астам арнайы спорттық және кәсіби қондырғылар қаланың спорт мектептері мен әлеуметтік нысандарына берілді», - деді Б.Байбек.Атлеттер ауылының аумағы 23 гектардан астам, мұнда 14 үй салынған. Видео бақылау, өрт қауіпсіздігі қарастырылған. Бұл кешенде ХҚКО, емхана, супермаркет, банк, пошта бөлімшелері мен полицияның тірек пункті жумыс істейді. Құрылыс кезінде тек отандық материалдар пайдаланылды.Атап өтерлік жайт, соңғы 8 жыл ішінде Алатау ауданын дамытуға жергілікті бюджеттен 300 млрд. теңге бөлінді, толық инфрақұрылым, әкімшілік орталық пайда болды. Бала бақшалар, емханалар салынды. «Алатау» дәстүрлі өнер театры, дәстүрлі музыканың мультимедиалық орталығы, «Алматы арена» мұз сарайы, қолөнершілер орталығы ашылып, тұрғындардың мәдени және рухани танымы артты. Жаңадан қосылған Наурызбай ауданында 1200 орынды мектеп, күніне 500 және 200 адам қатынайтын емхана құрылыстары аяқталып қалды, 32 көшенің жол жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/16598?lang=kk
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі коммуналдық қызмет тарифін төмендету мәселесі жөнінде кезекті кеңес өткізді 10.04.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері басшыларымен кезекті кеңес өткізілді.Бұл кеңес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ағымдағы жылғы 13 қарашадағы Үкімет отырысында берген Ұлттық экономика министрлігінің Энергетика, Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар министрліктерімен, облыс, Астана, Алматы мен Шымкент қалалары әкімдіктерімен су-, газбен жабдықтау, су бұру, телефон байланысы, интернет және ПИК қызметінің тарифін төмендету бойынша бірлескен жұмыс жүргізуі жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде өткізілді.Вице-министр Комитет пен оның аумақтық бөлімше басшыларының табиғи монополия субъектілерінің тариф төмендету бойынша қабылдаған және жүргізіп жатқан шаралары туралы есебін тыңдады.       Жалпы елімізде 74 Қоғамдық қабылдау өткізіліп, оған 2 334 адам қатысқан .Комитеттің аумақтық бөлімшелері табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің заңнаманы сақтауын анықтау бойынша 48 жоспардан тыс тексеру өткізуге бастамашы болды.Комитет пен оның аумақтық бөлімшелері жоспардан тыс тексерулердің нәтижесі бойынша тиісті ден қою шараларын қабылдайтын болады.Вице-министр Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің коммуналдық қызметтің тарифін төмендету жөніндегі тапсырмасын орындаудың маңыздылығын атап өтіп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/16584?lang=kk
VIII Азаматтық форум алаңында тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру, мемлекеттік функцияларды бәсекелі ортаға беру мәселесі жөніндегі міндеттер талқыланды 10.04.2025
2018 жылғы 28 қарашада Астана қаласында ҚР Ұлттық экономика министрлігі VIII Азаматтық форум шеңберінде үкіметтік емес сала өкілдерімен салалық кездесу өткізді.Министрлік тарапынан  Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Асан Дарбаев,  Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыпов, Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті директорының орынбасары  Асқарбек Ертаев сөз сөйледі.Кездесуге «Ардагерлер ұйымы» РҚҰ, «Тұтынушылар құқықтарын қорғау Ассоциациясы», «Қазақстанның Азаматтық альянсы» т.б. қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.Әңгімелесу барысында Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Асан Дарбаев мемлекеттік саланың азаматтық институттармен ашық және тиімді диалогының маңыздылығын атап өтті.МЕҰ өкілдері мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын жақсарту мен кеңейту, үкіметтік емес саланы дамыту, сондай-ақ өзара ынтымақтастық мүмкін болатын салалар туралы өз ұсыныстарын  жеткізді.«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы қолдағы бар заңнамадағы құқықтық нормалар тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуы тиіс. Бұл жерде біз қоғамдық бірлестіктердің әлеуетін барынша іске қосу үшін айтарлықтай күш саламыз» - Дарбаев атап өтті.Дарбаевтың айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдарды институционалдық күшейту, ҮЕҰ-лардың тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігінің сараптамасын жасау жақын болашақтағы жұмыстың басты бағытына айналады.Министрлік өкілдері мемлекеттік органдардың үкіметтік емес сектормен тұтынушылардың құқықтарын қорғау қауымдастығын құру шеңберіндегі табысты ынтымақтастығына сенім білдірді. Ол тұтынушылардың құқығының сақталуын мониторингілеу (бақылау), олардың құқықтарын сотқа дейінгі және сот тәртібінде тікелей қорғауға қатысу, тұтынушылық нарықтағы түрлі сараланым мен жосықсыз мінез-құлық тәжірибесінің барлық түріне қатысты жүргізілген тәуелсіз сараптамалар мен бағалаулардың нәтижелерін жариялау, азаматтардың құқықтық сана-сезімін өсіруге ықпал ететін болады.Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыпов мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесіндегі жүргізілген реформалардың негізгі аспектілері туралы баяндады.«Біздің тарапымыздан жүргізілген жұмыс тұтастай алғанда, бақылау-қадағалау қызметінің жағдайын талдаудан басталды. Бұл талдаудың нәтижелері біздің тарапымыздан жүйелі негізде жүргізілген реформалардың арқасында бүгінде құқықтық статистика деректері бойынша тексерістердің жалпы саны 2010 жылдан бері кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 4 есе қысқартылды», - деді Жақыпов.Бүгінде бизнес жүктемелерінің едәуірі тексеріс жүргізу мерзімі болып отыр. Себебі бүгінде тексеруші тексеру жүргізу кезінде кәсіпкердің қасында көп уақыт өткізеді. Сондықтан заң арқылы айрықша тәртіп бойынша тексеріс жүргізу мерзімі 30-дан 15 жұмыс күніне, ал жоспардан тыс тексеріс 30-дан 10 жұмыс күніне қысқартылды.Спикердің пікірінше, енгізілген профилактикалық бақылау институты бизнес субъектілерімен өзара әріптестік қатынас құруғаа мүмкіндік береді және мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың қалыптасқан жүйесі кезіндегі тексерушілердің болмысы мен мінез-құлқын түбегейлі өзгертеді.Кездесуге қатысушылар мемлекеттік орган қабылдаған шаралар кәсіпкерлердің табиғи монополия мен квазимемлекеттік сала субъектілерінің өзара әрекеттестігі кезіндегі құқығы мен мүдделерін қорғауды, сондай-ақ бизнестің кәсіпкерлік қызметті реттеу мен олардың мүддесін қорғауға қатысуын қамтамасыз етеді.Мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелі ортаға және өзін өзі реттейтін ұйымдарға беру жөніндегі жүйелі жұмыстар туралы Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры Асқарбек Ертаев баяндады.«2000-2016 жылдар аралығында бәсекелі ортаға мемлекеттік органдардың 28 функциясы берілді. Мәселен, ветеринарлық емдеу-профилактикалық қызмет, тұқымдық мал шаруашылығы мәртебесін беру, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын өндіруге квота бөлу, тауарлар мен қызметтерді сертификаттау, техникалық тексеруді ұйымдастыру, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын тағайындау мен республикалық «Қазақстанның үздік тауары» конкурстық көрмесін және басқаларды өткізу».Мемлекеттік функцияларды бәсекелі ортаға беру жұмыстарының тиімділігін артыру үшін тиісті заң  жобасы әзірленді.«Заң жобасын құру кезінде біздің тарапымыздан ЭЫДҰ елдерінің үздік тәжірибесі зерттелді. Мәселен, АҚШ-та Федералдық билік органдарының функцияларын инвентарлау туралы заң әрекет етеді. Ол атқарушы биліктің федералдық органдарына жыл сайын табиғаты жағынан бірмағыналы мемлекеттік болып табылмайтын және жеке компаниялар арқылы іске берілетін функцияларды белгілейді»,-деді Ертаев.Ертаевтың айтуы бойынша, аталған заң жобасы мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелі ортаға жүйелі түрде беру, азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейту, оның ішінде өзін өзі реттеуді дамыту арқылы; азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ билік пен бизнестің ынтымақтастығын қоғам алдындағы міндеттемелерін сапалы орындауға жауапкершілік алуға дайын болуы секілді жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ҮЕҰ-мен барынша тығыз ынтымақтастық орнату, сондай-ақ өзара әрекеттестіктің жаңа тетіктерінің пайда болуының қажеттігін атап көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/16436?lang=kk
Алматыда 43,2 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді 10.04.2025
Қазіргі кезде қала жолдарындағы ақауларды анықтаумен және оларды жөндеу жұмыстарымен 20 бригадалары бар төрт мердігерлік ұйым айналысуда.Алматы қаласының Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлағандай, қалада ұзындығы 31,27 км болатын 12 магистральді және аудандық маңызы бар 23 көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ұзындығы 30,75 км болатын 19 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланды.Жақын күндері Байтұрсынов көшесі, Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейінгі жол күрделі жөндеуден өтеді. Күрделі жөндеуден өзге бұл учаскеге «Алматы қаласының тұрақты көлігі» бағдарламасы бойынша қаланың велосипед және жүргінші жолы инфрақұрылымын жоспарлау негізінде велосипед жолдарының қондырғылары орнатылады.Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы елді мекеніне дейін ұзындығы 2,08 болатын аумақ күрделі жөндеуден өтуде. Жобада көлік қозғалысы бөлігін 4 жолаққа дейін кеңейту, «Қарғалы» өзенінің бойындағы көпірді қайта жасау, ұзындығы 2 км болатын веложол мен ұзындығы 4 км болатын тротуарлар салу қарастырылған.Атап өтерлік жайт, биылғы жылы жалпы құны 574 млн. теңге болатын 14,7 км арық желісін салу, 57 көшеде 42,2 км арық желісін қайта жасау жоспарланған. Сонымен қатар, аудандық әкімдіктерден ұзындығы 500 км болатын 488 көшеге жаңа арық желілер мен жаңбыр канализацияларын салу үшін ЖСҚ жасау жөнінде өтініштер түскен.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15976?lang=kk
Алматыда 472 жаңа аула алаңдары салынады 10.04.2025
Құрылыс барысында сертификатталған және қауіпсіз кіші архитектурлалық формалар іске асады. Анығын айтқанда, асфальтты, резинкалы, брусты төсеніштер, бордюрлер қайта жөнделіп, орындықтар қойылады, таза ауада балалардың спорпен айналысуына барлық жағдайлар жасалады.«Түрксіб ауданында жыл аяғына дейін 80 жаңа аула алаңдары салынады. Бұл жөндеу емес, жаңадан салу деген сөз. Кіші архитектуралық формалалар – алтыбақандар, турниктер, орындықтар, урналар болады, баллар және спорт алаңдары ашылады. Бұлардан өзге, аулаларға жарық көздері орнатылып, асфальт төселеді», - деді Түрксіб ауданының әкімі Владимир Устюгов.Осыған ұқсас жұмыстар басқа аудандарда да атқарылады. Мысалы, Алатау ауданында 15 аула, Алмалы ауданында – 80, Әуезов ауданында- 50, Бостандық ауданында – 60, Жетісу ауданында – 50, Медеу ауданында – 120, Наурызбай ауданында 17 аула жасалады.Атап өтерлік жайт, 2016 жылы қалада 290 аула көріктендірілген болатын. Осы жұмыс аясында балалар алаңдары үшін жаңа қоныдырғылар, урналар, орындықтар алынып, аула іштерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген еді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15921?lang=kk
Қазақ күресі бойынша өткен «Алматы Барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды 10.04.2025
Чемпионның алтын белбеуі мен көлік кілтін Наурызбай ауданының палуаны Руслан Әбдіразақов жеңіп алды. Екінші орынды Бостандық ауданының өкілі Дәурен Нуралинов иеленді. Екі спортшы да Астанада шілде айында өтетін «Қазақстан барысы - 2017» республикалық турнирінде Алматы қаласының атынан бәсекеге түсетін болады. 2016 жылы «Алматы барысының» жеңімпазы атанған Наурызбай ауданының спортшысы Виктор Демьяненко үшінші орынға көтерілді.Атап өтерлік жайт, Алматыда ұлттық спорт түрлерінен, соның ішінде көкпардан, аударыспақ пен теңге ілуден, асық және жамбы атудан, қазақ күресінен жарыстар жиі өтіп келеді. Мысалы, мамырда орталық ипподромда Қазақстанның әр аймағынан спортшылар қатысқан «Ұлы дала ойындары» республикалыцқ фестивалі өтті. Соңғы екі жыл ішінде «Алатау» дәстүрлі өнер театры, дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығы және қолөнершілердің жаңа орталығы ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15911?lang=kk
Алматыда 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылды 10.04.2025
Алматы әкімі монументтің Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапрысмасымен ашылып отырғанынын айтты. 1918-1933 жылдар аралығында Қазақстанда түрлі деректер бойынша үш миллионнан астам адам опат болған, ал 1931-1933 жылдары 1 млн. 700 мың адам қырылып кеткен. 1937-1938 жылдары 100 мыңнан астам қазақстандық репрессияға ұшыраған.«Бүгін Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішті Алматыда да ашқалы отырмыз. Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес өткен жылы біз осы ескерткішті жасауға байқау жариялаған едік. Оған жалпы саны 21 жоба түсіп, көпшіліктің, арнайы мамандардың талқылауына ұсынылды. Астанадағы мемлекеттік комиссияның ұйғарымымен жобалардың ішінен баласын кеудесіне қысқан Ана бейнесі жеңімпаз деп танылды. Ана – барша тіршіліктің қайнар көзі, ұлттың ұйтқысы, келешектің кепілі. Ана қасіреті – ел қасіреті. Аштықтан бұратылған болашағын – өз сәбиін құшақтаған Ананың қайғылы халі сол кезеңде өмір мен өлімнің арасындағы қазақ халқының басынан кешкен талайлы тағдырын шынайы бейнелейтіндей. Ашылғалы отырған ескерткіш өскелең ұрпақтың жазықсыз шейіт болған ата-бабалар мен аналардың рухына бас иіп, Тәуелсіздіктің тәттілігін, азаттық пен бейбіт өмірдің баға жетпес байлық екенін ұғына білетін киелі орын болсын деп тілейміз! Бұл ескерткіштің мәні – өткендер рухына тағзым, ал болашақ үшін - тағылым», - деді Б.Байбек.1931-1933 жылдардағы аштық құрбандарының ескерткіші «Қарағайлы» саябағындағы Қабанбай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысына орналасқан. Қола мен граниттен жасалған, биіктігі 3 метр бұл ескерткішті сәулетшілер Қанат Бегулиев, Айдос Бүркітбаев және Дулат Үсенбаевтар жасады.«Аштықтан бұратылған сәбиіне қорған бола алмаған Ана жүрегі қан жылайды. Баланың көзі жұмулы, анасын құшақтауға тіпті әлі де жоқ. Ана табанының астында бос төңкерілген қазан жатыр», - деп түсіндірді скульптура авторлары.Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы Жарлығы бойынша 31 мамыр репрессия құрбандарын Еске алу күні болып жарияланды. Астанада «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі мен «АЛЖИР» мұражай кешені, ашылған, ал Алматы облысында ашаршылық құрбандары мен репрессияға ұшырағандарға монумент қойылған, еліміздің барлық өңірлерінде мұражайлар, ескерткіштер,мемориалды кешендер бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15908?lang=kk
Комитет қолданыстағы тарифтерді төмендету бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр 10.04.2025
2018 жылғы 12 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшелерінде Қоғамдық қабылдаулар жұмыс істей бастады.Қоғамдық қабылдаулар«Нұр Отан» партиясының филиалдарымен, «Атамекен» ҰКП-мен, ҮЕҰ-мен, табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерімен бірлесіп өткізіледі және облыс орталықтарында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылықты коммуналдық қызметтер тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар ету мақсатында ұйымдастырылды.Олардың нәтижелері бойынша тұтынушылардың келіп түскен шағымдардың негізінде бүгінгі күні Комитеттің аумақтық бөлімшелері табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықсубъектілерінің қызметіне заңнаманы сақтау мәніне 6 жоспардан тыс тексеруге, оның ішінде:жылумен жабдықтау - 3 жоспардан тыс тексеруге (Астана қаласы, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша);сумен жабдықтау және су бұру-1 жоспардан тыс тексеруге (Ақтөбе облысы бойынша);электр энергиясын беру және электрмен жабдықтау-1 жоспардан тыс тексеруге (Ақтөбе облысы бойынша);газбен жабдықтау және табиғи газды тасымалдау-1 жоспардан тыс тексеруге (Батыс Қазақстан облысы бойынша) бастамашылық етті.Осылайша, жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша Комитет және оның аумақтық бөлімшелері ден қоюдыңтиісті шараларын қабылдайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/15598?lang=kk