Enbekshi QazaQ

Қуқық

ДСҰ Бас директорының орынбасары Алан Вулф Халықаралық бизнес университетінде (UIB) дәріс оқыды 10.04.2025
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) Бас директорының орынбасары Алан Вулф ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Алматы қаласына келу барысында Халықаралық бизнес университетінде (UIB) дәріс оқыды. Лекцияның негізгі тақырыбы ДСҰ-ның қарқынды дамып келе жатқан заманауи әлемде  алатын рөлі туралы болды. ДСҰ  бүгінгі таңда өзекті болып табылатын, сауданы шектейтін протекционистік шаралардың өсуі,  қаржы дағдарысы,  электронды сауда, қоршаған ортаны қорғау сияқты  мәселелерді талқылайтын маңызды алаңы болып табылады. ДСҰ-на мүше-елдер, қазіргі заманғы шындықтар  Ұйымнан иілімді де заманауи шешімдер  қабылдауды талап ететінін, түсінуде.  Осыған байланысты ДСҰ мүше-едердің көпшілігі жоғарыда аталған мәселелерге қатысты  институциональдық өзгерістерге, саяси еркіндіктерін білдіруде.Өз сөзінде Алан Вулф Қазақстанның ДСҰ жұмысына белсене  қатысып отырғанын ерекше атап өтті. Еліміздің ДСҰ-ның жас мүшесі болып табылатынына қарамастан,  Қазақстан ДСҰ жұмысына, атап айтқанда  техникалық ынтымақтастықты ұйымдастыру жұмысына  қомақты үлес қосуда.Биыл Қазақстан  ДСҰ-ның қызметтерді саудалау  ережелерін әрі қарай реформалау жөніндегі келіссөздер тобына жетекшілік жасауда. Қызметтер нарығының сауданың өсуі үшін әлеуеті орасан зор,  тиісініше  осы салада сауданы ырықтандыру ДСҰ-ға мүше барлық елдің  экономикалық өсуіне  серпін бере алады.Бас директордың орынбасары, ДСҰ атынан Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропа елдеріне арналған ДСҰ-ның Аймақтық сауда саясатын жүзеге асырудағы жемісті серіктестігі үшін, UIB-ге алғысын білдірді. Аймақтық курстарға 70-тен астам мемлекеттік қызметші қатысты және осы саладағы білімін арттырды. Қорытындылай келе, ол  ДСҰ-ның 12-ші Министрлер Конференциясын өткізуші ел  ретінде сайлануына байланысты халықаралық сауда жүйесінде Қазақстанның ерекше  рөл атқаратынын атап өтті.  Министрлер конференциясы маңызды шешімдер қабылдайтын,  әлемнің барлық елдерінің  сауда саясатына әсер ететін  ДСҰ-ның жоғары басшы органы болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/10911?lang=kk
ҚР ИДМ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ШЕКТІ ТАРИФТЕР ДЕҢГЕЙІН БЕКІТТІ 10.04.2025
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ өтінімін қарау қорытындысы бойынша 2017 жылдың 1 қарашасынан бастап күшіне енетін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде реттелетін қызмет көрсетулер туралы 2017-2021 жылдарға арналған тарифтердің шекті деңгейлерін бекітті.Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша реттелетін қызмет көрсетулер тарифтерінің көтерілуі келесіні құрады: кәсіпорынның өтімге шыққан 145,7% и 131,8%-нан ішкі әуе желілері (тұрақты) үшін – 36,7%, ішкі әуе желілері (тұрақты емес) үшін – 21,9%.  «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ның авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тарифтері 2010 жылдан бері қайта қаралмаған.Заманауи тексеру құралдарымен қайта жарақтандыру инвестициялық бағдарламасын іске асыру, қызметкерлер санының көбеюі және орташа жалақының индексациялануы, сонымен қатар өндірістік шығындардың көбеюі (шикізат, материалдар, отын, электрэнергиясы) тарифтердің өзгеруіне себеп болып отыр.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетімен бірігіп бекітілген «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ инвестициялық бағдарламасында екі проекциялық рентген телевизиялық құрылғысы, жарылғыш және есірткі заттардың портативті және үстел үсті талдауышы, химиялық, жауынгерлік уландырғыш заттардың және уытты өнеркәсіптік заттардың портативті (қол) талдауышы, стационарлық арқалық металл детектор, қол металл детекторы, автоқорғауыштар және жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобиль сатып алуды қарастырады.Аталған шаралар маңызды мекемелерді, халық көп шоғырланатын нысандарды қорғауды күшейту қажеттілігі бойынша Елбасының тапсырмасына және ICAO стандарттарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді.Рейс құнының құрылымында авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығындары шамамен 0,1-0,3% құрайды.Бекітілген тарифтер авиабилет құнына айтарлықтай әсер етпейді.Утвержденные тарифы окажут незначительное влияние на стоимость авиабилетов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10882?lang=kk
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ТАЛДАУҒА ҮЙРЕТТІ 10.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрлігіндегі жалпы құқықтық окыту бойынша «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері» тақырыбында семинар өтті.Лекция барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің критерилері мен әдістері және талдау анықтамаларын жасау, оған қоса анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар талқыланды. Сонымен қатар, талдау жүргізу көрсеткіштерінің критерилері (бақылау-қадағалау функцияларының, қаржы қорының айналымының болуы, мемлекеттік қызмет көрсету, персоналды басқару) түсіндірілді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді сапалы орындау әдістеріне баса назар аударылды.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10880?lang=kk
23 маусым. Алматы әкімдігі мен Алматы қалалық соты өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды 10.04.2025
Бүгін Алматы әкімдігі мен Алматы қалалық соты дау - жанжал мен шиеленісті сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттарын енгізу және дамыту туралы меморандумды бекітті.Меморандумға Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай өз қолдарын қойды.Шара барысында Алматы әкімі ынтымақтастық жөніндегі меморандумның басты мақсаты қоғамдық өзара келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету екенін атап өтті.«Дауды соттан тыс реттеудің бір әдісі - медиация. Бұл тәсіл бізге ежелден таныс, өйткені сонау тарихи кезеңдерде өзара дау-жанжал мен шиеленісті билер мен ақсақалдар ақылдасып, шешіп отырған. Біздің азаматтарымыз арадағы шиеленісті ушықтырып, сотқа нмесе әкімдікке жүгінеді. Сондықтан, Мемлекет басшысы айтып өткендей, мемлекеттің үш тұғыры бар. Олар- билік, бизнес және азаматтық қоғам. Міне, бұлар өзара түсіністікпен жұмыс істеулері тиіс, сонда нәтиже де жоғары болады», - деді Б.Байбек.Жасалған келісім нгезінде қалалық әкімдік пен қалалық сот тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жандандырып, Алматының аудандық әкімдіктерінде медиация кабинеттерін ашатын болады. Бұл жұмысты одан әрі дамыту үшін үкіметтік емес сектор мен азаматтық қоғамдастық өкілдері кеңінен тартылады.Анықтама:Медиация – дау-жанажал мен кикілжің орын алған жағдайда екі жаққа да пайдалы шешім шығару. Егер елдің әлеуметтік- саяси құрылымы медиацияға негізделсе, онда азаматтық институттар жақсы дамыған деген пікір ежелден қалыптасқан. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10814?lang=kk
18 маусым. Алматыда блиц- шахматтан ҚР-ның Тұңғыш Президенті атындағы Евразия Кубогі басталды 10.04.2025
Бүгін Алматыда блиц- шахматтан ҚР-ның Тұңғыш Президенті атындағы Евразия кубогі үшін әлемнің 30 елінің үздік 100 гроссмейстер лері өзара сайысқа түседі. Сонымен, мегаполиске Германия, Болгария, Украина мен Франция, Индия, Люксембург, Испания және басқа да елдердің өкілдері келді.Алқалы жарыстың ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, ФИДЕ-нің Халықаралық шахмат федерациясының президенті Кирсан Илюмжинов, шахмат шылар мен қоғам өкілдері болды.Өзінің сөзінде Б.Байбек тұлға ретінде қалыптасуда шахматтың ролі зор екендігін айтты.«Шахмат – адамның мүмкіндіктерін ашатын маңызды ойын. Шахматпен айналысатын бала оқуда үздік, еңбекқор, жігерлі, ойлы, болашағы зор. Шын мәнісінде, шахмат тақтасы - көптеген мәселелерді ойланып шешудің таптырмас жолы. Шахматтан әлем чемпионының бірі формасы жағынан шахмат – ойын, мазмұны жағынан-өнер, күрделілігі жағынан –ғылым деген еді. Мен осынау қағиданы толық қолдаймын», - деді әкім.Халықаралық гроссмейстер Анатолий Карпов Алматыда, жалпы қазақ жерінде шахматтың кең қанат жайғандығын айтты.«Қазақстан Президентінің Кубогі үшін танымал шахматшылардың Алматыға келуінің өзі үлкен оқиға. Алматының шахматтық дәстүрі өте жоғары. Біз мұнда шахматты барлық бағыттар бойынша дамытудамыз, осы жақында білім орталығын аштық. Алматы расында да спорт орталығы, әлемге танымал «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» курортының өздері неге тұрады!. Алматыға келіп, жаңа рекордтарға жетіңіздер», - деді А.Карпов.Жарыс The Ritz-Carlton отелінде, маусымның 18—19 күндері өтеді. Қазақстанға Қытайдан әйелдер арасындағы әлем чемпионы Хоу Ифань алғаш рет келді. Алматыға Европа чемпионы Ян Непомнящий, блицтан үш дүркін әлем чемпионы Александр Грищук, әлем Кубогінің иегері Петр Свидлер, әлем чемпионы Пономарев Руслан (Украина), Касымджанов Рустам (Өзбекстан), Ван Хао (Қытай), Ле Куанг Льем ( Вьетнам), Борис Гельфанд (Израиль), Шахрияр Мамедьяров (Әзербайжан) ат басын тіреді.Жарысқа Австралия, Армения, Қазақстаннан құралған халықаралық арбиторлар бригадасы — Ашот Вардапетян, Флюра Хасанова, Джими Кенмур төрелік жасайды. Кубокты ұйымдастырушылар — Қазақстанның шахмат федерациясы мен академик Шахмардан Есеновтың ғылым мен білім қоры.Шахмат бәсекесіне ардагерлермен бірге еліміз бен Азия чемпиондары болып үлгерген Әсел Серікбай, Назерке Нұрғали, Әсел Лесбекова, Казбек Нөгербек, Рамазан Жалмаханов сынды жас шахматшылар да қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10804?lang=kk
17 маусым. «Кәмелеттік аттестатты Алматы мектептерінің 6810 түлегі алды 10.04.2025
Алматыда жыл сайынғы дәстүрлі «Жас түлек» фестивалі өтті.Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Алтын белгі мен» 254 түлекті марапаттады. Биыл орта білім жөніндегі кәмелеттік атестатты Алматы мектептерінің 6810 түлегі алды.Мегаполис басшысы жиналғандарды оқу жылының аяқталуымен және ҰБТ қорытындыларымен құттықтады. Алматы жалпы білім беруде бесінші рет қатарынан Қазақстандағы ең үздік қала атанды. ҰБТ бойынша қалада орташа балл 96,2, болса, республикада 81,2 балл деңгейінде.«Биыл «Алтын белгі» алуға үміткер 297 алмат ылық түлектің 254 -і немесе 85,5% өздерінің жоғары білімдерін дәлелдеді. Оның үстіне, біздің 6 түлегіміз ең жоғары 125 балла жинап, рекорд жасады. Жалпы, республика бойынша 19 түлек осындай жоғары баллға қол жеткізді, олардың үштен бірі- алматылық оқушылар. ҰБТ қорытындысы бойынша біздің оқушыларымыз бесінші жыл қатарынан республикада бірінші орында келеді. Төккен тердің өтеуі деген, міне, осы!», - деді Б.БайбекБиыл қала әкімінің сыйлығын 10 мектептің педагогикалық ұжымдары алады. Өткен жылы 1,5 мың жас мұғалім мен 500 үздік педагог марапатқа ие болған еді.Естеріңізге сала кетейік, «Алтын белгі» Алматыда 86%-ға дәлелденді, республикада - 51,6%. Әрбір екінші алматылық түлек 100 балл, әрбір оныншы 124 балл, ал 6 түлек абсолютті нәтиже – 125 балл жинады. 125 балл жинағандар - Маткалиева Динара Маратқызы -№ 12 арнайы гимназия, Мейрханова Аружан Ерланқызы, Оспанова Рамзия Рамазанқызы - №159 гимназия, Мазамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы - №169 мектеп- лицей, Мұхамедқали Еркежан Дүйсенқызы - № 175 «Жаңа Ғасыр» гимназиясы, Түгелбай Фариза Абайқызы - № 178 лицей.«Жас түлек» фестивалі қазақстандық өнер жұлдыздарының концертіне ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10790?lang=kk
ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ СТИВЕН ХОКИНГПЕН КЕЗДЕСТІ 10.04.2025
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және Қазақстандағы British Council ұйымдастырған Ұлттық инновациялар байқауы жүлдегері Исаак Мустопуло атақты физик Стивен Хокингпен кездесті.Балалардың церебралды сал ауруына шалдыққан 15 жастағы Исаак Мустопуло 2015 жылғы «ТДҰА» АҚ мен British Council ұйымдастырған Ұлттық инновациялар байқауының арнайы жүлдесімен марапатталған.Байқаудың мақсаты – халықтың инновациялық белсенділігін арттырып, инновациялық қызметті кеңінен насихаттау.Исаак атақты британиялық физик Стивен Хокингпен 2017 жылдың 4 қазанында Ұлыбританияға оқу-танысу сапары барысында кездесті.Бұл кездесуді «Эйр Астана» компаниясының атқарушы директоры Питер Фостер British Council-мен бірлесіп ұйымдастырды.«Стивен Хокингтің ғылыми ізденістері, ғылымға қосқан үлесі мені әрдайым жігерлендіреді. Адам баласы физикалық жағдайына қарамастан үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынын Стивен Хокинг үлгі етіп көрсетті. Осылайша, мен «Үйлесім теориясы» бойынша көп еңбектендім. Инновация байқауы туралы естігенде, бұл мен үшін өз еңбегімді, қабілетімді көпке көрсететін, мүмкіндігім шектеулі болса да, оның арманыма жетуіме еш тұсау бола алмайтынын дәлелдегім келді», - дейді Исаак Мустопуло.Исаак Ұлыбританияға сапары барысында Стивен Хокингпен кездесуден бөлек Лондондағы атақты Ғылым музейімен, Кембридж университеті және British Council бас кеңсесімен танысты.Жас ғалымның байқауға ұсынған бейнеролигі «Үйлесім теориясы» деп аталады. Бұл бейнероликте Исаак ғарыш аппаратына арналған электр энергиясын өндіру барысы туралы баяндаған, сондай-ақ, Стивен Хокингпен кездесуді армандайтынын айтқан.Жас данышпан байқаудан кейін де ізденісін арттырып, астрофизика және астрономияны зерттей бастады. OYLA атты ғылыми журналымен бірлесіп жұмыс істей бастады. Сондай-ақ, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы өткізген «Астрофизика мен астрономияның бүгінгі мәселелері» атты конференцияға қатысты.2015 жылы «ТДҰА» АҚ мен British Council «Ньютон – Әл-Фараби» және «Эксон Мобил Казахстан» серіктес бағдарламасының қолдауымен оқушылар арасында ең үздік инновациялық жоба байқауын ұйымдастырған еді. Бұл шара ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «ТДҰА» АҚ бастамасымен өткен Ұлттық инновациялар байқауының жалғасы болатын.Естеріңізге сала кетейік, биылғы Ұлттық инновациялар байқауына өтінімдерді қабылдау мерзімін 2017 жылдың 15 қазанына дейін созды.Өтініміңізді «ТДҰА» АҚ ресми сайтындағы http://natd.gov.kz Байқау бөліміне қалдыра аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10784?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН МЕН ГРУЗИЯ АРАСЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ 39,1%-ҒА АРТТЫ 10.04.2025
Қазақстандық тарапты ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, грузиялық тарапты Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі Георгий Гахария басқарды. Тараптар Үкіметаралық комиссия екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайтын және шешетін алаң болғанын атап өтті. Қол жеткізілген келісімдер үкіметаралық құжаттар мен бірлескен іс-шараларда айқын көрініс тауып отыр.Үкіметаралық кеңес отырысында сауда, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, ақпараттық технология мен инновация, ғылым, туризм, денсаулық сақтау, электронды өнеркәсіп және тағы басқа да салалар бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Тараптар 2017 жылы өзара сауда өсімінде оң динамика байқалғанын атап өтті. 2017 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грузия арасындағы сыртқы сауда айналым 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,1%-ға артып, 32,4 млн. АҚШ долларынқұрады.Анықтама:2017 жылдың 7 айында сауда айналым 39,1%-ға өсіп, 32,4 млн. АҚШ долларын құрады.Экспорт – 19,3 млн. долл., өсім 90 % (10,6 млн.долл.).Импорт – 13,1 млн. долл., 1,5%-ға төмен (13,3 млн.долл.).2017 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстанда грузиндіктердің қатысуымен 221 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген. Олардың 114-і жұмыс істейді.2005 жыл мен 2017 жылдың 1 қыркүйегі аралығында Грузиядан Қазақстанға келген тікелей инвестиция ағыны 39 млн. АҚШ долларын құрады, ал, кері инвестиция 344,4 млн. АҚШ долларын құрады.Тараптар екіжақтың қазіргі сауда-экономикалық ынтымақтастығын қосымша жандандыруға мүмкіндіктер барын атап өтті.Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек өзара экспортты ілгерілетуге және экспорттық-импорттық тізілімді кеңейтуге күш салу керектігін айтты. Мысалы, Қазақстанда тәуелсіздік жылдары жаңа өндірістер пайда болды, жұмыс істеп тұрған зауыттар жаңғыртылды. Бізде халықаралық сапа стандартына сай келетін жаңа өнімдер шығарылып,  алыс және жақын шет елдерге сәтті экспортталуда.Қазақстандық тарап электровоздарды, автобустарды және басқа да коммуналдық техникаларды, сонымен қатар, өңделген агроөнеркәсіп кешен өнімдерін, металлургиялық өнеркәсіп пен құрылыс материалдарын және басқа да өнімдерді жеткізу ісін ұйымдастыруға мүдделі.Бұдан бөлек, екі елдің іскерлік ортасының тікелей байланысын қалыптастыру, Грузиядан  «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өкілдігін ашу, «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының бағдарламасы бойынша ұзақмерзімді саудалық қаржыландыруды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Екіжақты ынтымақтастықтың тағы бір маңызды саласы транзиттік-көлік әлеуетін күшейту мәселесі.Жалпы, экспорттық-импорттық бағытта жүк ағыны көлемінің өсімі байқалып отыр. Осыған орай, транзиттік тасымал көлемін арттыру шаралары қолданылуда.Халықаралық Транскаспийлік көлік бағыты (ХTКБ) аясында 2016-2017 жылдары «Номад Экспресс» пилоттық контейнерлік пойыздарды және Қытай-Қазақстан-Әзірбайжан-Грузия-Түркия (Ляньюньган (ҚХР)-Достық-Ақтау-Баку порты (Алят) (Әзірбайжан)-Батуми/Поти (Грузия)-Ыстамбұл (Туркия) ХTКБ бойынша түрлі жүктерді тұрақты жіберу контейнерлік қызметі жолға қойылды.Контейнерлермен жүк тасымалдау үшін шығындар мен шарттарды оңтайландыруда, сондай-ақ, Шығыс Еуропа, Балтық жағалауы мен Украина елдерінен ХTКБ бағыттарында көлік қызметтерінің тартымдылығы мен клиентке бағдарлануын арттыру үшін айтарлықтай жұмыстар атқарылды.Тараптар келесі Үкіметаралық отырысты 2018 жылы Астана қаласында өткізуге уағдаласты.Үкіметаралық отырыстың қорытынды хаттамасына Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Георгий Гахария қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/27158?lang=kk
КӨЛІК КОМИТЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 10.04.2025
«Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы аясында  ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаевтың төрағалығымен бейнеконференц байланыс режимінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері жөнінде селекторлық кеңес өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің мобильді тобы мен көліктік бақылаудың аумақтық орган өкілдері қатысты. Кеңесте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департамент басшысы Тілеген Қаскин, Астана қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығының төрағасы  Төлеген Байғулов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы департаментінің аға офицері Абзал Божбанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет жүргізіп жатқан саясат туралы ақпараттандырды.         ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы көліктік бақылау органдарындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесудің және жоюдың маңыздылығын атап өтіп, аумақтық органдарға қоғамдық бақылау механизмін қолдану арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.      Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10775?lang=kk
Алматыда азаматтық қоғам институттарын дамыту бойынша Жол картасы қабылданды 10.04.2025
Бүгінгі күні Алматыда 4 мыңдай ҮЕҰ бар немесе олар барлық қазақстандық қоғамдық ұйымдардың 20%-дан астамын құрайды. Аталған құжатты қабылдау азаматтық қоғам, дін салалары мен жастар арасында үздік практиктерді, мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың формаларын мен механизмдерін прайдалана отырып, ынтымақтастық мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді.Жиын барысында Бауыржан Байбек Алматы әкімдігінің қаланың қоғамдық ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту жөнінде нақтылы ұсынысы бар екенін және оны әлеуметтік бастамаларды қолдау арқылы орындауға болатындығын атап өтті. Ол мұның диалог мәдениеті мен жауапкершілікті арттырудағы маңызы шарт екенін айтты.«Ашықтық, есептік және азаматтық қоғамды барынша кеңінен тарту - біздің жұмысымыздың басты қағидалары. Қазіргі кезде барлық әлеуметтік маңызы бар жобалар мен шешімдер қаланың Қоғамдық кеңесінен сараптамасынан өтуде. Мегаполисті дамытудың «Алматы-2020» стратегиялық бағдарламасы алғаш рет қала тұрғындары арасында кеңінен қоғамдық талқылаудан өткен соң ғана қабылданды», -деді мегаполис әкімі.Өз кезегінде Дархан Қалетаев Жол картасында бірқатар біріккен шаралар өткізу қарастырылғанын айтты. Мәселен, Алматыда Азаматтық орталықты ашу, ҮЕҰ өкілдерін үйрету үшін семинарлар өткізу және қала университеттерінің «U38» Альянсымен ынтымақтастық орнықтыру жоспарланған.Дін саласында қала имамдарының кәсіби біліктілігін артыру үшін курстар, республикалық семинарлар мен тренингтер өткізу, ақпараттық-түсіндіру материалдарын жасау жоспарланған. Жастар саясатын жүзеге асыру аясында ТМД мемлекеттері қатысушылары жастарының Форумын және еріктілердің республикалық слетін ұйымдастыру белгіленген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10736?lang=kk
«КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ – ОТАНДЫҚ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ НАРЫҚТАҒЫ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУДА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ 10.04.2025
ҚР ИДМ Көлік комитеті 2017 жылғы 11 қазаннан 31 желтоқсанға дейін «Көліктік бақылау – отандық тасымалдаушылар мүддесін қорғауда» атты жыл сайынғы акцияның басталғанын жариялайды.Аталған акцияның негізгі мақсаты - шетел автокөлік құралдарының үкіметаралық келісім мен ҚР көлік заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.Жыл сайын, шет мемлекеттерінің құзырлы органдарының жолаушылар мен жүктердi халықаралық автомобильмен тасымалдау туралы үкіметаралық келісімдер шеңберінде халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыруға тепе-теңдік негізде рұқсат қағаздарының алмасуы жүреді.Рұқсат қағаздары шетелдік тасымалдаушыларға Халықаралық келісімдерге сәйкес беріледі. Әр мемлекет серіктес мемлекетке өз территориясында жүк тасымалдауға белгіленген мөлшерде квота береді. Осыған орай, жүк тасымалдайтын компаниялардың квотасы болмаса немесе бітіп қалған жағдайда, шет мемлекеттің территориясында жүк тасымалдай алмайды.Аталған шаралар отандық тасымалдаушыларды қолдауға бағытталған. Бекітілген үлестер көлемінен тыс жүк тасымалдаумен айналысатын шетелдік компаниялар отандық тасымалдаушылар тапсырыстарын ала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10732?lang=kk
Алматы қаласы Наурызбай ауданының жаңа әкімі тағайындалды 10.04.2025
Соңғы бір жарым жылда Санжар Тоғай Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Әр жылдары Астана қаласының, Алматы және Павлодар облыстарының әділет органдарында, Парламент Мәжілісінің және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігің аппараттарында қызмет атқарды.Наурызбай ауданы жаңа әкімінің алдына бірқатар міндеттер қойылды, соның ішінде кәсіпкерліктің, мәдениет пен спорттың жаңа нысандарын, тұрғын үйлер, медицина және басқа да оқу орындарын салу қажет. Сумен қамтамасыз ету жүйесі құрылысын одан әрі жалғастыру, Абай даңғылын үңгілеу жобасын уақтылы және сапалы жүзеге асыру тапсырылды. Бизнестің Жол картасы-2020 жобасы аясында кәсіпкерлікті қолдау ісін барынша күшейткен жөн.Соңғы үш жылда Наурызбай ауданында бюджетке құйылатын салық түсімі 11 есе артты, жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындар саны 6 есе өсті, негізгі капитал инвестициясы 4 есе ұлғайды.Өткен жылы ауданның жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы ашылды, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бірнеше мектеп пен емхана салынды. Қазіргі кезде 1200 орынды тағы бір мектептің, 320 орынды бала бақшаның, медициналық жедел жәрдем станциясы мен өрт сөндіру депосының құрылысы жүруде.Қарғалы өзенінің жағалауында аудан тұрғындары үшін жаңа демалыс орны пайда болды. Төрт саябақ пен скверлер ашылды, 43 аула жөнделіп, абаттандырылды, ауданның 190 км жолына асфальт төселді.Осының барлығы ауданның инвестициялық тартымдылығын арттырды, қызмет көрсету сапасы қала стандартына теңелді, ауданның 160 мыңнан астам тұрғыны жақсы әлеуметтік жағдайды сезінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10717?lang=kk
Алматыда Балаларды қорғау күні қалай аталып өтеді 10.04.2025
Мерекелік шеру сағат 10.00-де Жібек жолы мен Абылайхан көшелерінің қилысында басталады, мұнда ерте келгенедердің барлығы балалардың шығармашылық ұжымдарының өнерін тамашалайды. Бұдан кейін шеру жаяу жүргіншілердің қайта жаңарған Панфилов көшесімен жүріп өтіп, Астана алаңында ерекше флэшмобпен аяқталады.Қала тұрғындары мен қонақтары алдында отандық эстрада жұлдыздары, соның ішінде Сәкен Майғазиев, Серік Ибрагимов, Нұрболат Абдуллин, Серікбол Сайлаубек, Бейбіт Кушкалиев, МузАрт Life, мектептің «SMart» балалар хоры және көптеген басқалар өнер көрсетеді. Ең кішкентай қоанқтар үшін түрлі интерактивті ойындар мен конкурстар ұйымдастырылады.«Ерекше динамикалық аранжировка мен хореография, костюмді театрландырылған қойылымдар мен шоу бағдарлама меркелік көңіл күйді көтереді, қала тұрғындары мен қонақтары мегаполистің оркестрлік бірлестігін көретін болады», - деп атап өтті Алматы қаласының Білім басқармасы.Балалардың мерекелік шараларын өткізуге қатысты 31 мамыр мен 1 маусымда таңғы сағат 8.00-ден сағат 13.00-ге дейін мына көшелердің бірқатар учаскелері уақытша жабылатын болады:- Панфилов көшесі (Гоголь, Әйтеке би, Қазыбек би көшелерінің қиылыстары);- Төле би көшесі (Панфилов пен Абылай хан көшелерінің арасы);Бұлардан өзге, 1 маусымда сағат 11.00-де С.Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында «Әдебиет пен театр клубының» мүшелері өлең оқиды, балалар мен үлкендердің шахмат турнирі өтеді, ересектер үшін «Флешдэнс» би балы, қышпен жұмыс істеушілер үшін «Жас қышшы» шеберлік сыныбы, ғылыми эксперимент әуесқойлары үшін квестер, «крио-шоу» ұйымдасттырылады.2 маусымда «Шымбұлақ» ТШК-да Family day болады. Сағат 11.00-ден 12.30-ға дейін тау шаңғысы курортындағы батуттар, скалодром, квадрацикл мен понимен сырғанау, арқан паркі, теннис тегін болады. Кішкентай келушілер түрлі ойындарға, сурет салу мен түрлі заттар жасау бойынша шеберлік сыныптарына және «KidsLab» балалар клубының конкурсына қатысып, үйдегідей аквагрим, мехенди сынды түрі тәттілерді жасап-үйренеді, оларды тегін жейді және басқа да қызықтарды тамашалайды. Бұл күні барлық ата-аналар фитнес түрлерімен, йогамен, бимен, шеберлік сыныптарымен айналысып, Hand-Made жәрмеңкесіне қатысып, танымал диджей мен лайв-бэнді көре алады. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін арнайы тәттілер, сыйлықтар мен балмұздақтар дайындалады.2 маусымда сағат 11.00 ден 23.00-ге дейін ҚБТУ-дан төмен (Абылай хан – Қазыбек би – Панфилов – Әйтеке көшелерінің маңы) «Тәтті Алматы» тағаим жасаудың отбасылық фестивалі өтеді, мұнда мегаполистің танымал мейрамханалары алматылықтар мен қала қонақтарына тәтті тағамдар ұсынады. Биылғы маусымда фестиваль «Visit Almaty» жарнама компаниясының «Өз қалаңды жақсы біл!» бастамасы аясында өтеді. Жазғы фестивалға 30-дан астам тамынал қалалық гастрономиялық жобалар қатысады, күні бойы паркте балалар мен үлкендер үшін түрі қойылымдар көрсетіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10711?lang=kk
Алматының адамдар тығыз орналасқан аудандарын жүрдек автобус дәлізі қамтитын болады 10.04.2025
Тимирязев көшесін аралаған Бауыржан Байбек Манас көшесінің бұрышындағы май құю бекеті алдындағы көлік қозғалысының сызбасын жаяу жүргіншілерге басымдық беріп қайта қарауды, тротуарды қауіпсіз аймақпен қоса аббаттандыруды ұсынды. Жақын арада «Атакенттің» кіре беріс аркаларының алаңдарын жасылдандыру жұмыстары басталады. Мегаполис басшысы мердігерлердің назарын Жандосов пен Розыбакиев көшлерінің бойындағы сапасын салынған тротуарларға аударды, дәл сол күні олқылықты жоюды тапсырды.Көлік реформасы аясында BRT желілерін қайта жасау жұмыстары Мұстафин, Рысқұлбеков, Сүлейменов көшелерінде жүруде. Жандосов және Тимирязев көшелерінің бойында BRT желілерінің қозғалыс бөлігін кеңейту үшін тротуарлар мен веложолдар салу, сонымен қатар инженерлік жүйелерді қайта орналастыру жұмыстары атқарылуда. Мегаполис басшысы көшелерді реконструкциялаудың кешенді жүргізілуі, заңсыз құрылыстардың, қоршаулардың алынуы, нысандардың сыртқы келбетінің бірыңғай архитектуралық стильде болуы, асфальтты алаңдардың азайып, жасылдандырудың артуы тиіс екенін атап өтті.Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Хосчанов BRT дәлізінің адамдар тығыз орналасқан аудандарды қамтитынын, оларға қызмет көрсету үшін қоғамдық көлікке басымдық беру қажеттігін айтты. Жоспарланған 9 шақырымның ұзындығы 2,7 км болатын жерінің қайта жасалуы арқасында қоғамдық көліктегі жолаушылар легі 20%-ға артып, жолға кететін уақыт 30%-ға қысқарған.«Қазіргі кезде кіші айналма жолдың өткізу қабілетін арттыру үшін жолайрықтар салынуда, көпір нысандары артуда, трамвай жолдары алынып, қозғалыс аумағы кеңеюде. Қаланың барлық аудандарында 157 көше жөнделуде. Яғни біз BRT дәлізінен кететін автомобильдер үшін де жағдай жасаудамыз», - деді Т.Хосчанов.Бірініші фаза бағытының ұзындығы 8,7 шақырым, ол Мұстафин – Сүлейменов – Жандосов – Тимирязев көшелерін Желтоқсан көшесіне дейін қамтиды.Қазіргі кезде жалпы ұзындығы 13,2 км болатын бағыттың екінші фазасының құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар жасалуда, ол Желтоқсан – Төле би – ВОАД – Құлжа трактін қамтиды. BRT желілері үшін 18 метрлі автобустар жүргізу жоспарланған.Кейін BRT желілеріне қызмет көрсету үшін жүйе интеграциясына қатысты сыйымдылығы үлкен автобустар жүргізу жоспарлануда, бұрылыстарда жолаушылар көлігіне басымдық беріледі.Еске салсақі, Алматыда биылғы жазда 150-ден астам көше жөнделеді, 30 км тротуарлар жасалады, 600 аула көріктендіріледі. Барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделеді, жаңа фонтандар салынады. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге мегаполистің бірқатар негізгі даңғылдары түгелдей жаңарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10660?lang=kk
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау аясында семинар-кеңес өткізді 10.04.2025
Ағымдағы жылғы 6 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларын сақтауға қатысты Статистика комитеті аумақтық департаменттерінің қызметкерлері мен әдеп жөніндегі уәкілдердің қатысуымен семинар-кеңес өткізді.Кездесу бейнеконференцбайланыс режимінде өтіп, оның барысында Статистика комитеті аумақтық департаменттерінің әдеп жөніндегі уәкілдері сұрақтарды қойып және оларға жауап ала алды.Сонымен қатар, семинар-кеңесте Ұлттық экономика министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Оразғулов Ақылбек Сарбайұлы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет саласындағы Бақылау департаменті директорының орынбасары Наурызбек Мадина Дулатқызы қатысты.Ағымдағы жылғы 8 айдың ішінде Статистика комитеті аумақтық департаменттерінің әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің талдауына сәйкес мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі салаларындағы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша 106 мемлекеттік қызметкерлерге және азаматтарға консультациялар берілді, ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша 110 іс-шаралар өткізілді.Бұдан басқа, Статистика комитетінің деректері бойынша әдеп жөніндегі уәкілдері 2346 мемлекеттік қызметшін анонимді сауалнамамен қамтап, нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілердің тұтастай алғанда ұжымдағы моральды-психологиялық жағдайға қанағаттанатыны анықталған.Семинар-кеңес қорытындысы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қалпына келтіру мен ақпараттық-түсіндіру сипаттағы іс-шараларды өткізуге бағытталған шараларды қабылдау бойынша ұсынымдарды берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/10600?lang=kk
Алматы ипподромы мен «Сайран» автовокзалы тарихи-мәдени мұралардың алдын-ала жасалған тізіміне енгізілді 10.04.2025
Қазақстан Республикасының «Тарихи- мәдени мұралар обьектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы негізінде объектіге тарихи және мәдени ескерткіш мәртебесін беру үшін ол алдын- ала жасалған есеп тізіміне енгізіледі.Обьектінің мәртебесі туралы нақтылы шешім қабылданғанға дейін осы Заңға сәйкес ол тарихи-мәдени мұралар ескерткіштерімен бірдей қорғалады.Заңға сәйкес оны пайдаланушы ескерткішті қорғауы тиіс. Яғни, ғимараттың сыртын,ішін қайта жасауға, конструкцияларын алу, қосалқы құрылыс салуға, мақсатты пайдаланылуын және айналасын өзгертуге тыйым салынады. Ғимараттың ішін жөндеу немесе қайта жасау үшін өкілетті органның келісімі қажет.Еске салсақ, бұрын Алматы әкімі Бауыржан Байбек заңнамаға сәйкес «Сайран» автовокзалын жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізу туралы мәселені қарауды тапсырған болатын. Кейін меншік иесі аймақты дамытудың алдын-ала жасалған концепциясын ұсынды. Автовокзалдың көлік логистикасын толық қайта жасау және оның айналасын фонтандармен, кафелермен, жасыл желектермен және балалар алңдарымен қоса толық абаттандыру жоспарланған.Бұлардан өзге, Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы бойынша ҚІЫО «Атакент» АҚ арасындағы 23 гектар жерді уақытша жалға беру жөніндегі келісім күшін жойды. Кейін «Атакенттің» басқарушы компаниясы жеке меншіктегі 8 гектар жерді де тегін қайтару жөнінде міндеттеме алған еді. Көрме кешенінің басшылығы «Қала жаяу жүргінші үшін» концепциясына сай оның айналасын абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10594?lang=kk
2018 жылғы тамызда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 29 146 теңгені құрады 10.04.2025
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 7,5%, 2017 жылғы желтоқсанмен – 13,8%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,1%, жемістер мен көкөністерді – 14,4%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 13,9%, нан және жарма өнімдерін – 6,7%, қант, шай және дәмдеуіштерді 1,9%-ды құрады.теңге Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда0-13 жастағы балалар14-17 жастағы жасөспірімдер18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халықЗейнет-керлер мен қарт адамдаржас жігіттерқыздарерлерәйелдерЕң төмен күнкөріс деңгейінің шамасы29 14626 37636 15227 70134 09727 04826 858 Азық-түлік тауарлары16 03014 50719 88315 23518 75314 87714 772 Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер13 11611 86916 26912 46615 34412 17112 086Әдіснамалық түсініктемелерЕң төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/10591?lang=kk
Авторлық құқықтарды тіркеу жөніндегі қызмет автоматтырылды 10.04.2025
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңында енгізілген өзгерістерге сәйкес, ҚР Әділет министрлігінің авторлық құқықпен қорғалатын туындыға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қызметін көрсету жөнінде өкілеттігі алып тасталды. Бұл қызмет автоматтандырылды. «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімінде мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу» болып өзгерген және «ҰЗМИ» РМК ақылы негізде көрсетіледі.Барлық қызықтырған сұрақтар бойынша көрсетілетін қызметті алушылар мына телефондарға хабарласа алады: call-center 8(7172) 62-15-15, 8(7172) 62-15-16. 8 (7172)62-15-08.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/10582?lang=kk
Архимед Мұхамбетов: Арқалықтың өнеркәсібіне «екінші дем» беру қажет 10.04.2025
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы жиын өткізді.Индустриялық-аграрлық бағыт - Арқалық қаласы экономикасының басты көрсеткіші. Өнеркәсіп орындары қала өндірісі үлесінің 50%-дан астамын құрайды. Өткен 8 айда қала 5 млрд 726 млн теңгенің өнімін шығарды. «Қаланың экономикасына 1 млрд 469 млн теңге инвестиция салынды.Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,5 есеге артық. Былтыр инвесторлар өндіріс орындарына 999 млн теңге қаржы құйды. Мемлекеттік бюджет кірістері 101%-ға орындалды. Қызметкерлердің орташа жалақысы 5%-ға көбейді», - деді Елдар Күзембаев өз баяндамасында. Биыл тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру аясында қала бюджетінен 45 миллион теңгеден астам сомаға атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегі төленді. Жыл басынан бері тұрғын үй құрылысының 1 мың 724 шаршы метрі пайдалануға берілді. Жұмыспен қамту бойынша әлеуметтік қорғау шараларымен 1 мыңнан астам адам қамтылды. Ресми тiркелген жұмыссыздықтың деңгейі 1,8%-ға жетіп отыр. 2018-2022 жылдарға арналған қоныстандыру Картасына сәйкес, оңтүстік өңірлерден Арқалық қаласына тұрақты тұру үшін 12 отбасы көшіп келді. Барлық отбасы мүшелері жұмысқа орналастырылды. Көшіп келуге, тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтері үшін шығындарын өтеуге 5 млн теңге субсидия бөлінді. Өткен жылдармен салыстырғанда Арқалық қаласының ауыл шаруашылығы саласында айтарлықтай өсім байқалады.Қыркүйек айына дейінгі мәлімет бойынша Арқалықтың ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі - 4 млрд 971 млн теңге. Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласының индустриялық-аграрлық бағытына жақсы бағасын берді. Дегенмен, өңір басшысы жекелей көрсеткіштер бойынша басшылардың жұмысын сынға алды. «Мен бүгін қаладағы ет комбинатының жұмысын көрдім. Енді Арқалыққа осындай тағы да 3-4 әлеуетті өндіріс орнын салу қажет. Сондықтан шағын және орта бизнесті дамыту маңызды. Тағы бір мәселе, санаулы жылдан соң қала құраушы өндіріс орны ТБРУ-дың жұмысы тоқтайды, ал ғимараты бос қалмас үшін облыстағы қарқыны нашар зауыттарды Арқалыққа көшіру керек. Бір сөзбен айтқанда, өнеркәсіп орнына «екінші дем» беру қажет. Сондықтан тынымсыз еңбек етіңіздер. Қажет болса, инвесторларды тартамыз. Мекеме басшылары, xалықпен етене байланыса жұмыс істесін. Біздегі басшылар жұмысқа отырысымен, шіреніп, xалыққа қарамай кетеді.Өздеріңізді көрсетіп абырой жинағанша, жұмыстың нәтижесімен мақтаныңыздар! Бұл медицина саласына да қатысты. Өңірде 37 дәрігер жетіспейді. Мұны бас дәрігер шеше алмаса, жұмысынан босатамыз»,-деді Архимед Мұхамбетов жиын барысында. Облыс әкімі жұмыс сапары барысында Аманкелді, Жанкелдин, Науырзым аудандарының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен танысады. Жиында сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев оңтүстік аудандардағы шағын және орта бизнестің дамуы туралы баяндама жасады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/10549?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРІ 10.04.2025
Токио қаласында «Қазақстанның өңірлері: Жапондық Инвестициялар үшін жаңа белестер» Қазақстан-Жапон бизнес-форумы өтті. Форум ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі мен Жапониядағы ҚР Елшілігінің ұйымдастыруымен өтуде. ҚР Инвестициялар және даму Вице-министрі Ерлан Хаиров бастаған қазақстандық делегация құрамына ҚР үкіметінің, инвестициялар және даму министрлігінің, облыстық әкімдіктер өкілдері, сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлер кірді.Форум қатысушылары Қазақстан-Жапон іскерлік қатынастары саласындағы жетістіктердің нақты мысалдарын, қазақстандық өңірлердің инвестициялық мүмкіндіктерін, Қазақстанның инвестициялық саясатының мәселелерін және Жапониямен экономикалық қатынастардың даму перспективаларын талқылады.ҚР Инвестициялар және даму Вице-министрі Е.Хаиров өз сөзінде Жапония Шығыс Азияда Қазақстанның басты стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылатындығын атап өтті. Елдеріміздің арасындағы қатынастар стратегиялық, достық және сенімге негізделген.«Бізде Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссия және Іскерлік кеңес жұмыс атқарады. 2015 жылдан бастап Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім әрекет етеді. Одан басқа, жапондық азаматтар үшін Қазақстанда визасыз режим енгізілді. Қазақстан мен Токио, Осака қалаларының арасында тікелей әуе қатынасын ашу бойынша нормативтік-құқықтық база құрылды. Осы шаралардың барлығы іскерлік байланыстардың артып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және әлеуметтік байланыстарының дамуына ықпал етуге мүмкіндік береді. Жапония Қазақстанның ірі инвесторларының бірі. Соңғы 10 жылда Жапониядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың түсімі 5,5 млрд.АҚШ долларын құрады», - деп мәлімдеді Е. Хаиров.Оның айтуынша, соңғы 10 жылда инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі жұмыстың арқасында, Қазақстанға тікелей шетел инвестицияларының түсімі 250 млрд. АҚШ долларынан асты.Сонымен бірге, вице-министр биыл Қазақстан Республикасына инвестицияларды тартумен айналысатын Kazakh Invest ұлттық компаниясының құрылғандығын атап өтті. Аталмыш компания «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық жобалардың ойлап табылғаннан бастап жүзеге асырылғанға дейін  оларға ілесу бойынша қызметтердің толық спектрін қамтамасыз етіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтарының жұмысын бірыңғай үйлестіру орталығы ретінде әрекет ететін болады. «Жапония технология жағынан неғұрлым дамыған ұлт болып табылатыны сөзсіз. Біздің еліміз Жапон компанияларымен ынтымақтастықты нығайтып, жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуға жоғары қызығушылық танытады. Бүгінгі бизнес-форум тікелей инвестицияларды Қазақстан өңірлеріне тартуына жаңа серпін береді деген сенімдеміз», - дейді «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жандос Нұрланов.Форум жұмысына Жапонияның саяси және қоғамдық қайраткерлері, дипломаттары, сарапшылары, Marubeni Corp, METI, NEC, JOGMEC, Tokyo Rope, NYK Group, JETRO және т.б. сияқты 150 астам ірі жапондық компаниялардың басшылары қатысты. Форумға қатысқан жапондық компаниялар автомобиль жасау, авиация, космонавтика, электроника, химия өнеркәсібі, қаржы, жылжымайтын мүлік, экспедициялау және жүк тасымалдаулары, тағам өнеркәсібі, денсаулық сақтау және т.б. салаларды қамтиды.Одан басқа, Форум барысында қазақстандық тараптың өкілдері көпқабаттық көлік тұрақтары құрылысымен айналысатын NH Parking компаниясы, SMBC ірі банкі, Sojitz, Panasonic, Fujifilm сауда корпорациялары сияқты компаниялармен және ұйымдармен, сондай-ақ бірқатар басқа бизнес құрылымдардың өкілдерімен бірқатар В2В кездесулерін өткізуде.Қазақстандық делегациясы сапарының бағдарламасында сондай-ақ Haneda Pipe Works Co. болат құбырларын өндіру зауытына, «Mitsubishi Materials» корпорациясына, NEC әлемдегі ірі телекоммуникациялық корпорациясына және Sumitomo, Itochu, Mitsui сияқты белгілі компанияларға бару жоспарланған.Сондай-ақ, сапар барысында тау-металлургиялық кешенді дамыту саласында елдердің ынтымақтастығына ерекше назар аударылды. Осы тақырыпқа JOGMEC мұнай, газ және металдар бойынша жапондық ұлттық корпорациясында жеке шағын форум және семинар өткізу жоспарланған.Форумның қорытындылары бойынша облыстық әкімдіктердің Tokio Rope компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандум және екі елдің ынтымақтастығы жөніндегі басқа да бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.Анықтама үшін:2005 жылдан бастап 2016 жылдың 1 жартыжылдығына дейінгі кезең ішінде Жапониядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 5,1 млрд. АҚШ долларын құрады. 2016 жылдың 1 қазанына жағдай бойынша Қазақстанда жапондық қатысумен 53 өкілдік әрекет етеді. 2015 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1,4 мрд. АҚШ долларын құрады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10479?lang=kk