Enbekshi QazaQ

Қуқық

ҚР ИДМ: «КӨКТЕМГІ ШЕКТЕУЛЕР КЕЗІНДЕ АУЫР САЛМАҚТЫ АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА БАҚЫЛАУ» 10.04.2025
2017 жылғы 1-наурыз бен 1-мамыр аралығында жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының қозғалуына біліктік жүктемелері бойынша уақытша шектеулер енгізіледі.Енгізілетін уақытша шектеулер кезеңінде автокөлік құралдарының дара, қосарланған және үштік біліктеріне түсетін жүктемелері «Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 162 бұйрығымен анықталған мәндерінен аспауы тиіс.Уақытша шектеулер IV жол-климаттық аймаққа (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) – тиісті жылдың 23 наурызынан 1 мамыр аралығында, V жол-климаттық аймаққа (Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аумағы), Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары) - тиісті жылдың 1 наурызынан 1 сәуір аралығында әрекет етеді.Шектеулер халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын, төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларын, зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді, азық-түліктерді тасымалдауды, жолаушылар мен багаж тасымалын, дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ, қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі қолданыстағы жамылғы бойынша жол-құрылыс жұмыстарына тартылған автокөлік құралдарына таратылмайды.Бұл ретте, бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлері сақтау міндетті болып табылады.Сондай-ақ, климаттық аймағына байланысты 2017 жылғы 1-маусымнан 1-қыркүйекке дейін ауа температурасының 25оС-ден жоғары болуы кезінде дара білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетін қосымша хабарлаймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13611?lang=kk
ҚР ИДМ ТРАНЗИТТІК АВТОТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ҮШІН «СӘТТІ САПАР» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ІСКЕ ҚОСТЫ 10.04.2025
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті «Сәтті сапар» ақпараттық жүйесін пилотты режимде енгізу жұмысын бастады.Жүйе елдің транзитті-көліктік әлеуетін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында енгізілуде. Жүйенің мақсаты бетпе-бет кездесулерді болдырмау, жүктерді жеткізу мерзімін қысқарту, транзиттік тасымалдаушылар үшін әкімшілік кедергілерді жою, тасымалдаушыларға ыңғайлы жағдай жасау және жол бойында тексерістерді жиілетпеу.Бүгінгі таңда жыл сайын Қазақстан Республикасы арқылы шамамен 80 мың транзиттік автокөліктік құралдары жүріп өтеді. Негізгі бағыттар: Қытай Халық Республикасы – Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттері, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Еуропа елдерінен келе жатқан транзитті жүктер.Қазақстан Республикасы арқылы транзиттік жүк тасымалдауды жоспарлап отырған тасымалдаушылар үшін жүйеге өз еркімен тіркелу ұсынылады.Жүйеде мына мәселелер қамтылған:1. Тасымалдаушы sattisapar.gov.kz веб-порталы арқылы Жүйеде өткізу бекеттерін, бағытын, рұқсаттама нөмірін және автокөліктік құрал туралы мәліметтерді көрсете отырып, жүріп өтетін жолын алдын-ала тіркейді.2. Жүйе деректерді тексереді, бірегей нөмір меншіктейді, электронды түрде мәліметтерді тіркейді. Тасымалдаушы оның деректері енгізілген құжатты басып шығара алады.Тасымалдаушыға көліктік бақылау органдарының қызметкеріне аталған құжатты көрсету жеткілікті және қажет болған жағдайда рұқсаттаманың транзиттік бланкін (халықаралық келісімдердің нормасына сәйкес) көрсетеді.3. Көліктік бақылау органдарының қызметкерлері жүйе арқылы құжатта көрсетілген деректерді тексереді. Тасымалдаушымен деректер жүйеге дұрыс енгізілген жағдайда автөкөлік тексеріссіз жүріп өтеді және жүріп өткені туралы электронды белгі қойылады.Бұл ретте тасымалдаушы көліктік бақылау өткізілген күні мен уақытын, және электронды белгіні қойған қызметкердің дерегін sattisapar.gov.kz веб-порталы арқылы көре алады.Қазір «Сәтті сапар» пилоттық режимде енгізілді және одан әрі экспортты-импортты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды тіркеу жоспарлануда.Алдағы уақытта тасымалдаушыларға аталған жүйеде ұялы телефон арқылы электронды түрде қажетті рұқсаттаманы рәсімдеу мүмкіндігі ұсынылатын болады.Басқада сұрақтар бойынша 8(7172)75-47-76 нөміріне хабарласуға болады. Ұсыныс болған жағдайда e.yanabaev@mid.gov.kz электрондық мекен-жайына жазуларыңызды сұраймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13563?lang=kk
Өнеркәсіптік өндірістің индексі 104,8% құрады 10.04.2025
2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды. Тамақ өнімдері, темекі бұйымдары, мұнай өңдеу өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі өсті. Сонымен бірге, негізгі фармацевтикалық өнімдерінің өндірісі төмендеді.Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды.Өнеркәсіптік өндіріс индекстеріөткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен2018 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жекелеген өнім түрлерінің өндірісі Өндірілгені2017 жылғы қаңтар-қыркүйекке пайызбенмұнай, газ конденсатын қосқанда, млн.тонна67,3    105,3мыс кендері, млн.тонна76,4    104,6ұн, млн.тонна3,0    110,0бензин, млн.тонна2,8    121,8газойльдер (дизельдік отын), млн.тонна3,5    104,6портландцемент, млн. тонна8,0    107,3жазық илек, млн. тонна2,2    104,2тазартылған мыс, млн. тонна0,3    102,7электр энергиясы, млрд.кВт.сағ.79,1    105,4 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/13559?lang=kk
ТЕМІРЖОЛ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРЫНА ЖОЛАУШЫЛАРДЫ, БАГАЖДЫ, ЖҮК-БАГАЖДЫ ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ 10.04.2025
2017 жылдың 17 наурызы күні Алматыдағы вагон жөндеу заутының ғимаратында ҚР ИДМ Көлік комиетінің төрағасы Ә.Асаубаев халыққа сапалы теміржол қызметін көрсету мәселелері бойынша көшпелі жиын өткізді. Жиынға әлеуметтік мағызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын отандық тасымалдаушы компания басшылары қатысты.Кеңес барысында мемлекеттік бюджеттен субсидияланатын теміржол көлігімен жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету бойынша Министрліктің алдында шарттық міндеттемелерді орындау мәселесі талқыланды.Министрлік алдында шарт бойынша 6 негізгі талапты және жолаушылар тасымалын дамыту мен сапасын жоғарылатуға бағытталған тасымалдаушының шарттық міндеттерінің 10 тармағын орындау қарастырылған.Қызмет көрсету сапасы мен вагон паркінің жағдайына жолаушылардың шағымдары қарастырылды. Атап айтқанда 43/44Қостанай – Алматы пойызына жасаған жолаушылардың шағымы қаралды.Кеңес барысында ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багаждарын тасымалдау Ережелерін бұзғандығы үшін шарттық міндеттерге сәйкес 11 млн. теңгеден астам соммада айыппұл салынатынын хабарлады. Өткізілген сараптама нәтижесінде шарттық міндеттерді орындамаған жағдайда тасымалдаушылар мемлекеттік бюджет кірісіне 30 млн. теңге көлеміндегі қаржыны қайтаруға міндетті.Бұл саладағы келеңсіздіктерді бұдан әрі болдырмау мақсатында Министрлік тасымалдаушылармен бірлесе отырып, сәуір айында әлеуметтік маңызы бар аралықтарға қатынайтын пойыздарға тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды.Сонымен қоса, кеңесте Астана қаласында «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі өтетін аралықта жолаушылар тасымалын толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі жоспарланған шаралар әзірленді.Бұл жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында қосымша 14 жаңа жолаушылар вагонын, соның ішінде, 3 қала маңындағы пойыздарды шығару жоспарлануда. Сонымен қоса, пойыздарға қосымша шамамен 150 бірлік тіркемелі вагонды тарту жоспарланған. Жалпы, теміржол көлігімен көрмеге 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейінгі аралықта шамамен 1,1 млн. жолаушы келеді, деп жоспарланған. Айта кетейік, жоспарланған шаралардың нәтижесі, соның ішінде вагондар паркін жаңарту мен тарту мәселелері маусым айындағы кезекті кеңесте қаралатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13542?lang=kk
«БЕКЖАНОВ ОҚУЛАРЫНДА» «ҚАЗГЕОЛОГИЯ» АҚ МАМАНДАРЫ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ САЛАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ 10.04.2025
Бүгін Алматыда «Қазгеология» АҚ қызметкерлері «Қазақстанның геологиялық барлау жұмыстарындағы инновациялар мен перспективалы технологиялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.  Ол «Бекжанов оқулары» деп аталып, қазіргі замандағы аса көрнекті геолог Ғинаят Рахметоллаұлы Бекжановты еске алуға арналған. Ол көзі тірі болса 7 наурызда 90 жасқа толар еді.Конференцияның жұмысына  Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден және   Канададан 200-ден астам адам қатысуда.Конференция Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің аясында өтуде. «Бекжанов оқуларының» ұйымдастырушылары – ҚР Минералдық ресурстар академиясы, «Қазгео» қазақ геологиялық қоғамы, сондай-ақ Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты.Конференцияның жұмысына  «Қазгеология» АҚ-тың бас геологы Берікбол Хамзин қатысты. Ол «Геология саласындағы жобаны басқару», «Жария геологиялық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшу мәселелері» тақырыптарында оқулар шеңберінде өткізілген дөңгелек үстелдерге қатысты.«Қазгеология» АҚ-тың мамандары конференцияда геологиялық барлау жұмыстарындағы инновациялық технологияларға арналған баяндамалар жасап, оларды жұмыс процестерінде, атап айтқанда, геофизикалық зерттеулерде пайдалану туралы айтты.Мысалы, жалпы отырыста «Қазгеология» АҚ-тың геофизиктері Сергей Беляков пен Махамбет Пайдин баяндама жасады.Конференцияда барлығы 30-ға жуық ауызша және 30-дан астам стендтік баяндамалар жасалды. Олардың ішінде «Қазгеология» АҚ-тың Геология департаментінің директоры Павел Ниценконың баяндамасы бар. Баяндама Оңтүстік Балқаш өңірінде ГГК-200 өткізу үлгісінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде компьютерлік қолдау көрсетудің жұмыс тәжірибесіне арналған.«Бекжанов оқуларының» қатысушылары геология саласындағы инновациялық технологиялар мен тиімді әдістер туралы ақпарат алу әрі оларды талқылау бойынша осындай іс-шараларөткізудің маңызын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13537?lang=kk
Тамара Дүйсенова Батыс Қазақстан облысы басшылығы мен активіне әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі жаңашылдықтар туралы айтып берді 10.04.2025
Бүгін, Орал қаласына жұмыс сапары барысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақыларды өсіру және атаулы әлеуметтік көмек (әрі қарай – АӘК) көрсетудің жаңа тәсілін енгізу мәселелері жөнінде семинар-кеңес өткізді.       Шараға қалалар мен аудандардың әкімдері, мемлекеттік органдардың, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтарының, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, тағы да басқа тараптар қатысты.       ҚР ЕХӘҚМ басшысы, өз сөзінің басында, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде сұранысқа ие кәсіптерге және кәсіпкерлік негіздеріне жаппай оқыту және дағдыларды үйрету, несиелендіру арқылы жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасау, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мен еңбекке жұмылдыруды қолдау арқылы еңбек нарығын дамыту көзделетін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын (әрі қарай – бағдарлама) жүзеге асыру қолға алынғанын еске салды.         «Бағдарламаның алғашқы бағыты аясында 2,5 жыл оқу мерзімімен колледждер ауқымында тегін кәсіби-техникалық білім беру ұйымдастырылып, бұл жерде бәрінен бұрын, мектепті аяқтаған соң оқу орнына түспеген жастар назарға алынады. Биыл техникалық және кәсіби оқуға 21 мыңнан астам жас қазақстандық ілігеді. Мемлекет, оқуға кететін шығындарды толық жауып, шәкіртақы төлейтін болады. Жол мен тұру қаражаты да өтеліп, техникалық және кәсіби білім беру нысандарында оқитындарға бір реттік ыстық тамақ беріледі», - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.       Сонымен қатар, колледждер, «Атамекен» ҰКП оқу орталықтары және кәсіпорындардың оқу орталықтары аясында кәсіби оқытуға арналған қысқа мерзімді курстар өткізілмек (1-ден 6 айға дейін).       Алыс ауылдық жерлерде тұратын азаматтарға сабақтардың қолжетімді болуы үшін, мобильді оқу орталықтары ұйымдастырылмақ: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында арнайы дәрісханалары бар жылжымалы кешендер түрінде; шалғай ауылдық жерлердегі аз сыйымдылықтағы мектептер ауқымында; жұмыс берушілер мүмкіндігін пайдаланған сипатта.       Тамара Дүйсенова, Бағдарлама қатысушыларына несие, қалалық жерлерде «Даму» қоры арқылы, ауылда және шағын қалаларды Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры мен Аграрлық несие корпорациясы арқылы берілетінін хабарлады. Несие сомасы 8 мың айлық есептік көрсеткішке дейін өскен (18 млн теңгеге дейін) және мерзімі 5 жылға дейін (мал маруашылығы мен ауылшаруашылық кооперативтеріне – 7 жылға дейін). Жылдық мөлшерлемесі – 6% шамасында. Осымен бірге, несие беру кезінде Аграрлық несиелік корпорациясы арқылы несиелерді кепілдендіру тетігі енгізілген: бастауыш кәсіпкерлерге 85% және кәсібі қызмет етіп тұрған бизнес иелеріне 50% маңайында.       Бағдарламаның үшінші бағытында жекелеген азаматтар санатын жұмысқа орналастыруда нақты қолдауды күшейту, еңбек ресурстарын жұмылдыруды көтеру және еңбек нарығының инфрақұрылымын дамыту мақсат тұтылуда.           «Біз, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық жұмыстар тәрізді жастар мен әйелдер және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында сұранысқа ие құралдарды қолдануды жалғастыратын боламыз. Еңбек ресурстарын жұмылдыруды арттыру мақсатында, ҚР Үкіметі анықтаған өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын азаматтарды мемлекеттік қолдау межеленуде. Анығырақ тоқталсақ, оларға, жол мен жүк тасу шығындарын өтеуге арналған және бастапқы бейімдеу қаражаты беріледі. Биыл 2,7 мың азаматтың қоныс аударуына субсидия төлеу жоспарлануда», - деп ақпараттандырды министр.        Осы жылы бағдарламаны жүзеге асыруға арналған бюджет қаржысы 85,3 млрд теңгені құраса, оның ішінде 3,6 млрд теңге Батыс Қазақстан облысына бөлінген. Өңірде бағдарламаны жүзеге асыру аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 3,8 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.       «Жоғарыда айтып өткенімдей, жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді. Біздің министрлік, ресми статистика мағлұматтарын арқау ете отырып, ауылдық елдімекендер бойынша осы санатқа жататын адамдар тізімін жасақтады. Сәйкес тізімді барлық өңірге жібердік. Ауылдық елдімекендер әкімдері қысқа уақыт аралығында олардың мәртебесін анықтау жөнінде жұмыс жүргізуі, яғни аталған адамдардың жұмыссыздар немесе өнімсіз жұмыспен қамтылғандар екенін бағамдауы керек. Әр азаматтың мәртебесін анықтау арқылы, жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтығандарды белсенді жұмыспен қамту шараларына тартып, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына мемлекет жарна аударатын адамдар санын нақты анықтай аламыз», - деп нығарлады Тамара Дүйсенова.        Министр, бұдан тыс, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақылардың көтерілуі жайлы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.        «Ынтымақты зейнетақы жыл басынан 9%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 11%-ға артатын болады. Базалық зейнетақы жыл басынан 7%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 13%-ға артады. Нәтижесінде 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшерінің 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға дейін жоғарылауы қамтамасыз етіледі. Бұл өсім барлық зейнеткерлерді немесе 2 миллионнан астам адамды қамтиды. Бұл санаттағы 85 мыңнан астам адамның Батыс Қазақстан облысында тұратынын айта кеткен абзал», - деді Тамара Дүйсенова.        Анығырақ тоқталсақ, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 40 950 теңгені құрайтынын ескерсек, 2017 жылдың 1 шілдесінен 45 711 теңгеге дейін көтеріледі. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 60 167 теңгеден (2017 жылдың 1 қаңтарындағы) 2017 жылдың 1 шілдесінен 66 676 теңгеге дейін жоғарылайды.          Бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 2017 жылдың 1 қаңтарынан 7%-ға артқан болса, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап тағы 20%-ға ұлғаяды. Нәтижесінде, 2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы өсім 27%-ды құрайды.Егер 2016 жылы бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы бірінші, екінші, үшінші балаға 66 621 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 71 270 теңгені, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 86 222 теңгені құрайтын болады. Бала туғанға байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақы төртінші және одан кейінгі балаларға ағымдағы жылы 111 035 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап оның мөлшері 118 783 теңгеге дейін жоғарылады, ал 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 142 947 теңгеге тең болады.        ҚР ЕХӘҚМ басшысы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмектің қалай тағайындалатынын да айтып өтуді ұмытпады.        «Келесі жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі  АӘК) көрсетудің жаңа тәртібі енгізіліп, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-нан төмен (қазір  40%) отбасылардың әрбір мүшесіне, еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу шартымен берілетін болады. АӘК қолданыстағы үш әлеуметтік төлемнің орнына тағайындалады: көпбалалы отбасыларға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ); 18 жасқа дейінгі балалар арналған мемлекеттік жәрдемақы; табысы аз үй шаруашылықтарына тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек», - деді министр.       Жаңа форматтағы АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмек болып екі түрге бөлінеді.      Шартсыз ақшалай көмек отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ (мысалы, мүгедектер отбасы немесе егде жастағы зейнеткерлер), немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына объективті себептер бойынша қатыса алмайтын отбасы құрамында еңбек етуге қабілетті мүшелері бар отбасыларға (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғыз басты ана) тағайындалады. Осындай отбасылар үшін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу міндетті болып табылмайды.      Шартты ақшалай көмек отбасы құрамында кем дегенде бір еңбек етуге қабілетті адам бар отбасыларға, әлеуметтік келісімшарт жасау және еңбек етуге қабілетті отбасының барлық мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу шартымен тағайындалатын болады.      Әлеуметтік келісімшартқа отырған азаматтарға шартты қаржылай көмек көрсетуді қарастыратын «Өрлеу» пилоттық жобасы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа әдістерін сынап көру мақсатында 2014 жылы Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында іске қосылды. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап, ұқсас өңірлік пилоттық жобалар, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша 38 аудан мен қалада жүргізіле бастады. Осы орайда, 2015 жылы, «Өрлеу» жобасына 20,2 мың адам қатысты.       2016 жылы «Өрлеу» жобасына 38,8 мың адам қатысты. Жобаның іске асуы қатысушылардың жан басына шаққандағы табысының 2 есе артуына ықпал етті; еңбекке қабілетті қатысушыларының жалпы санынан 90,5 %-ы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды; пилоттық аймақтарда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 24,7 %-ға төмендеді.      Жобаны әрі қарай жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2017 жылға жалпы сомасы 7,1 млрд. теңге қарастырылған. Осы жылы «Өрлеу» пилоттық жобасына еліміздің барлық аудандары мен қалаларынан табысы аз 150 мың азаматты қамту жоспарлануда.      Бүгін министр Орал қаласының халыққа қызмет көрсету және жұмыспен қамту орталықтарына барады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/13536?lang=kk
ҚАЗАҚСТАНДА ОНДАҒАН ІРІ КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУЫ БОЛЖАНУДА 10.04.2025
Астанада МАЙНЕКС Орталық Азия 2017 тау-кен өнеркәсіп форумы өтуде. Шара аясында отандық және халықаралық сарапшылар Орталық Азия аймағының минералдық шикізат әлеуетін игеру мәселелері мен болашағын талқылауда.Форум аясында сөз сөйлеген ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы реформалаудың нәтижелері мен  жетістіктеріне тоқталды. Оның айтуынша, «Тәжірибе режимінде Орталық Қазақстанда Степнагорск қаласы маңында 100 шақырымдық аумақ таңдалып алынды және бүгінде 22 жаңа келісім бекітілді. 2017 жылы ақпан айынан Арқалық-Шұбаркөл аумағын және Шығыс Қазақстан облысын барлауға өтініш қабылдана бастады. 2 айдың ішінде 17 типтік келісімшарт жасалды. Қазақстанның жер көлемі мен жер қойнауының ауқымды әлеуетін ескерсек, ондаған ірі кен орындарының ашылуы болжанып отыр. Оның ішінде бірегейлері болуы мүмкін».Қазақстанда қолға алынған реформалар аясында геологиялық барлау бағыты бойынша 11 жаңа технологияны трансферттеу жүзеге асуда.«Бұл технологиялар GIS геодеректер базасының, геохимиялық деректер базасының әзірлемелері, сондай-ақ, геологиялық бақылау мен бағалау жүйесі, деректерді өңдеу сценарийлері кезінде үш өлшемді модельдеу және магниттік интерпретация, геомагниттік деректер және бағытталған поляризациялау деректері, спутниктік деректерді спектрлі имидждік өңдеу әдістемесі, рудалылықтың тікелей белгілерін анықтау үшін технологиялық зертханалық талдау, VTEM, ZTEM, AMT+MT геофизикалық технологиялар. Аталмыш технологиялар 2,5 шақырымдағы және оданда ары тереңдңктегі темір рудасын зерттеуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Тимур Тоқтабаев.Сондай-ақ, форум аясында мемлекеттік органдардың өкілдерінің және жер қойнауын пайдаланушылардың, отандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі жобасының концептуалдық мәселелерін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13449?lang=kk
Тамара Дүйсенова Маңғыстау облысы басшылығы мен активіне әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі жаңашылдықтар туралы айтып берді 10.04.2025
Бүгін, Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақыларды өсіру және атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілін енгізу мәселелері жөнінде семинар-кеңес өткізді.       Шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, қалалар мен аудандар және ауылдық округтер әкімдері, «Нұр Отан» партиясы мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар өкілдері, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтары басшылары, тағы да басқа тараптар қатысты.       ҚР ЕХӘҚМ басшысы, өз сөзінің басында, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде сұранысқа ие кәсіптерге және кәсіпкерлік негіздеріне жаппай оқыту және дағдыларды үйрету, несиелендіру арқылы жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасау, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мен еңбекке жұмылдыруды қолдау арқылы еңбек нарығын дамыту көзделетін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын (әрі қарай – бағдарлама) жүзеге асыру қолға алынғанын еске салды.        Бағдарламаның алғашқы бағыты аясында 2,5 жыл оқу мерзімімен колледждер ауқымында тегін кәсіби-техникалық білім беру ұйымдастырылып, бұл жерде бәрінен бұрын, мектепті аяқтаған соң оқу орнына түспеген жастар назарға алынбақ. Биыл техникалық және кәсіби оқуға 21 мыңнан астам жас қазақстандық ілігеді деп күтілуде.               «Мемлекет, оқуға кететін шығындарды толық жауып, шәкіртақы төлейтін болады. Жол мен тұру қаражаты да өтеліп, техникалық және кәсіби білім беру нысандарында оқитындарға бір реттік ыстық ас беріледі», - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.       Сонымен қатар, колледждер, «Атамекен» ҰКП оқу орталықтары және кәсіпорындардың оқу орталықтары аясында кәсіби оқытуға арналған қысқа мерзімді курстар өткізілмек (1-ден 6 айға дейін).       Алыс ауылдық жерлерде тұратын азаматтарға сабақтардың қолжетімді болуы үшін, мобильді оқу орталықтары ұйымдастырылмақ: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында арнайы дәрісханалары бар жылжымалы кешендер түрінде; шалғай ауылдық жерлердегі аз сыйымдылықтағы мектептер ауқымында; жұмыс берушілер мүмкіндігін пайдалана отырып.       «Назар аударарлық жайт, егер бұрын тек жұмыс берушілердің өтінімдері арқылы оқытып келсек, енді тәжірибесі мол өз ісінің шеберлерін оқу үдерісіне тарта отырып, сұранысқа ие кәсіптерге оқытатын боламыз. Үлес салмағы келесідей түзіледі: оқу уақытының 30%-ы теория, 70% - тәжірибелік сабақтар», - деді ҚР ЕХӘҚМ басшысы.        Тамара Дүйсенова, Бағдарлама қатысушыларына несие, қалалық жерлерде «Даму» қоры арқылы, ауылда және шағын қалаларды Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры мен Аграрлық несие корпорациясы арқылы берілетінін хабарлады. Несие сомасы 8 мың айлық есептік көрсеткішке дейін өскен (18 млн теңгеге дейін) және мерзімі 5 жылға дейін (мал маруашылығы мен ауылшаруашылық кооперативтеріне – 7 жылға дейін). Жылдық мөлшерлемесі – 6% шамасында. Осымен бірге, несие беру кезінде Аграрлық несиелік корпорациясы арқылы несиелерді кепілдендіру тетігі енгізілген: бастауыш кәсіпкерлерге 85% және кәсібі қызмет етіп тұрған бизнес иелеріне 50% маңайында.       Бағдарламаның үшінші бағытында жекелеген азаматтар санатын жұмысқа орналастыруда нақты қолдауды күшейту, еңбек ресурстарын жұмылдыруды көтеру және еңбек нарығының инфрақұрылымын дамыту мақсат тұтылуда.           «Біз, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық жұмыстар тәрізді жастар мен әйелдер және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында сұранысқа ие құралдарды қолдануды жалғастыратын боламыз. Еңбек ресурстарын жұмылдыруды арттыру мақсатында, ҚР Үкіметі анықтаған өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын азаматтарды мемлекеттік қолдау межеленуде. Анығырақ тоқталсақ, оларға, жол мен жүк тасу шығындарын өтеуге арналған және бастапқы бейімдеу қаражаты беріледі. Биыл 2,7 мың азаматтың қоныс аударуына субсидия төлеу жоспарлануда», - деп ақпараттандырды министр.        Осы жылы бағдарламаны жүзеге асыруға арналған бюджет қаржысы 85,3 млрд теңгені құраса, оның ішінде 2,2 млрд теңге Маңғыстау облысына бөлінген. Өңірде бағдарламаны жүзеге асыру аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 5,6 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.       «Жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді. Біздің министрлік, ресми статистика мағлұматтарын арқау ете отырып, ауылдық елдімекендер бойынша осы санатқа жататын адамдар тізімін жасақтады. Сәйкес тізімді барлық өңірге жібердік. Ауылдық елдімекендер әкімдері қысқа уақыт аралығында олардың мәртебесін анықтау жөнінде жұмыс жүргізуі, яғни аталған адамдардың жұмыссыздар немесе өнімсіз жұмыспен қамтылғандар екенін бағамдауы керек. Әр азаматтың мәртебесін анықтау арқылы, жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтығандарды белсенді жұмыспен қамту шараларына тартып, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына мемлекет жарна аударатын адамдар санын нақты анықтай аламыз», - деп нығарлады Тамара Дүйсенова.        Министр, бұдан тыс, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақылардың көтерілуі жайлы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.       Оның сөзіне қарағанда, ынтымақты зейнетақы жыл басынан 9%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 11%-ға артатын болады. Базалық зейнетақы жыл басынан 7%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 13%-ға артады. Нәтижесінде 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшерінің 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға дейін жоғарылауы қамтамасыз етіледі.       «Бұл өсім барлық зейнеткерлерді немесе 2 миллионнан астам адамды қамтиды. Бұл санаттағы 45 мың адамның Маңғыстау облысында тұратынын айта кеткен абзал. Анығырақ тоқталсақ, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 40 950 теңгені құрайтынын ескерсек, 2017 жылдың 1 шілдесінен 45 711 теңгеге дейін көтеріледі. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 60 167 теңгеден (2017 жылдың 1 қаңтарындағы) 2017 жылдың 1 шілдесінен 66 676 теңгеге дейін жоғарылайды», - деді Тамара Дүйсенова.        Бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 2017 жылдың 1 қаңтарынан 7%-ға артқан болса, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап тағы 20%-ға ұлғаймақ. Нәтижесінде, 2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы өсім 27%-ды құрамақ.         «Егер 2016 жылы бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы бірінші, екінші, үшінші балаға 66 621 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 71 270 теңгені, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 86 222 теңгені құрайтын болады. Бала туғанға байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақы төртінші және одан кейінгі балаларға ағымдағы жылы 111 035 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап оның мөлшері 118 783 теңгеге дейін жоғарылады, ал 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 142 947 теңгеге тең болады», - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.        ҚР ЕХӘҚМ басшысы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмектің қалай тағайындалатынын да айтып өтуді ұмытпады.        «Келесі жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек (әрі қарай ­ - АӘК) көрсетудің жаңа тәртібі енгізіліп, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-нан төмен (қазір  40%) отбасылардың әрбір мүшесіне, еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу шартымен берілетін болады. АӘК қолданыстағы үш әлеуметтік төлемнің орнына тағайындалады: көпбалалы отбасыларға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ); 18 жасқа дейінгі балалар арналған мемлекеттік жәрдемақы; табысы аз үй шаруашылықтарына тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек», - деді министр.       Жаңа форматтағы АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмек болып екі түрге бөлінеді.      Шартсыз ақшалай көмек отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ (мысалы, мүгедектер отбасы немесе егде жастағы зейнеткерлер), немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына объективті себептер бойынша қатыса алмайтын отбасы құрамында еңбек етуге қабілетті мүшелері бар отбасыларға (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғыз басты ана) тағайындалады. Осындай отбасылар үшін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу міндетті болып табылмайды.      Шартты ақшалай көмек отбасы құрамында кем дегенде бір еңбек етуге қабілетті адам бар отбасыларға, әлеуметтік келісімшарт жасау және еңбек етуге қабілетті отбасының барлық мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу шартымен тағайындалатын болады.      Әлеуметтік келісімшартқа отырған азаматтарға шартты қаржылай көмек көрсетуді қарастыратын «Өрлеу» пилоттық жобасы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа әдістерін сынап көру мақсатында 2014 жылы Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында іске қосылды. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап, ұқсас өңірлік пилоттық жобалар, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша 38 аудан мен қалада жүргізіле бастады. Осы орайда, 2015 жылы, «Өрлеу» жобасына 20,2 мың адам қатысты.       2016 жылы «Өрлеу» жобасына 38,8 мың адам қатысты. Жобаның іске асуы қатысушылардың жан басына шаққандағы табысының 2 есе артуына ықпал етті; еңбекке қабілетті қатысушыларының жалпы санынан 90,5 %-ы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды; пилоттық аймақтарда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 24,7 %-ға төмендеді.      Жобаны әрі қарай жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2017 жылға жалпы сомасы 7,1 млрд. теңге қарастырылған. Осы жылы «Өрлеу» пилоттық жобасына еліміздің барлық аудандары мен қалаларынан табысы аз 150 мың азаматты қамту жоспарлануда.       Бүгін, министр, «е-Халық» ақпараттық жүйесі мен «Жаңа серпін» өңірлік жұмыспен қамту бағдарламасын таныстыру жоспарланған Ақтау қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысына назар аударып, қалалық жұмыспен қамту орталығында болмақ.       Сонымен қатар, Тамара Дүйсенова, Маңғыстау облысы Мұнай ауданындағы жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтарында болып, «Е-халық» ақпараттық жүйесін енгізуге дайындық шаралары бойынша Басқұдық ауылы әкімінің қызметімен таныспақ.       Жұмыс сапарының қорытындысында, ҚР ЕХӘҚМ басшысы, еңбек ресурстарын жұмылдыруды арттыру мен еңбек күші тапшы аймақтарға азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуына арналған «Өркен» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру аясында тұрғызылып жатқан 500 орындық жатақхана құрылысының мән-жайына қанығады.       Еске сала кетсек, «Ауылдық округ әкімінің автоматтандырылған жұмыс орны» (әрі қарай – «АРМ АСО») бағдарламасы қанатқақты тәртіпте 2015 жылдың мамыр айында Ақмола облысында іске қосылды. Аталған ақпараттық жүйе ауылдық округ деңгейінде жұмыссыз, өзін жұмыспен қамтыған, аз қамтылған жандар және жалдамалы жұмыскерлер есебін жүйелендіруге; еңбек ресурстарының қорын шоғырландыруға; халықтың нысаналы топтары бойынша жұмыспен қамтудың нақты шараларын айқындауға; ішкі еңбек көшін анықтауға; өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтар қатарын реттеуге; әр отбасындағы жеке қосалқы шаруашылықтар жайлы деректерді дұрыстауға мүмкіндік бермек. «АРМ АСО» жобасы 2016 жылдың қазан айынан Ақтөбе облысында жүзеге аса бастады.       Бүгінгі таңда, «АРМ АСО» жобасы, Ақмола облысындағы Аршалы ауданының 13 ауылдық округінде (25 мың 382 адам қамтылған) және Қорғалжын ауданының 8 ауылдық округінде (7 мың 585 адам қамтылған) қолданысқа енгізілген. Ақтөбе облысында, тиісті бағдарлама, 12 ауданда кәдеге жарауда (150 ауылдық округте 402 мың 139 адам қамтылған).         Табысты сынақ кезеңдерінен соң, «АРМ АСО» жобасы аясында ауылдық округтерден тыс, қалаларды да қамтуға жол ашатын неғұрлым ауқымды «е-Халық» ақпараттық жүйесі жасалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/13444?lang=kk
Т. Дүйсенова: Атырау облысының 54 мыңнан астам тұрғынының зейнетақысы көтеріледі 10.04.2025
Бұл туралы бүгін, Атырау облысы әкімдігінде өткен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақыларды өсіру және атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілін енгізу мәселелері жөнінде семинар-кеңесте, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.Шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, қалалар мен аудандар және ауылдық округтер әкімдері, «Нұр Отан» партиясы мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар өкілдері, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтары басшылары, тағы да басқа тараптар қатысты.Кеңесте сөз алған министр, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақылардың өсуі жайлы егжей-тегжейлі айтып берді.  «Ынтымақты зейнетақы жыл басынан 9%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 11%-ға артатын болады. Базалық зейнетақы жыл басынан 7%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 13%-ға артады. Нәтижесінде 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшерінің 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға дейін жоғарылауы қамтамасыз етіледі. Бұл өсім барлық зейнеткерлерді немесе 2 миллионнан астам адамды қамтиды. Бұл санаттағы 54 мың адамның Атырау облысында тұратынын айта кеткен абзал», - деді Тамара Дүйсенова.Анығырақ тоқталсақ, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 40 950 теңгені құрайтынын ескерсек, 2017 жылдың 1 шілдесінен 45 711 теңгеге дейін көтеріледі. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 60 167 теңгеден (2017 жылдың 1 қаңтарындағы) 2017 жылдың 1 шілдесінен 66 676 теңгеге дейін жоғарылайды.  Бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 2017 жылдың 1 қаңтарынан 7%-ға артқан болса, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап тағы 20%-ға ұлғаяды. Нәтижесінде, 2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы өсім 27%-ды құрайды.Егер 2016 жылы бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы бірінші, екінші, үшінші балаға 66 621 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 71 270 теңгені, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 86 222 теңгені құрайтын болады. Бала туғанға байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақы төртінші және одан кейінгі балаларға ағымдағы жылы 111 035 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап оның мөлшері 118 783 теңгеге дейін жоғарылады, ал 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 142 947 теңгеге тең болады.Еске сала кетсек, 2017 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, Атырау облысындағы зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 58 898 теңгені құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/13439?lang=kk
ҚР Үкіметі әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заң жобасын мақұлдады 10.04.2025
 Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы мақұлданды.Аталған заң жобасында:- 2017 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақылардың мөлшерін 2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттыру;- 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшерін 20%-ға өсіру;- жұмыс берушінің 5% міндетті зейнетақы жарна төлеуін енгізу қарастырылған мерзімді 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыру көзделген.Ынтымақты зейнетақы жыл басынан 9%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 11%-ға артатын болады. Базалық зейнетақы жыл басынан 7%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 13%-ға артады. Нәтижесінде 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшерінің 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға дейін жоғарылауы қамтамасыз етіледі. Бұл өсім барлық зейнеткерлерді немесе 2 миллионнан астам адамды қамтиды.Анығырақ тоқталсақ, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 40 950 теңгені құрайтынын ескерсек, 2017 жылдың 1 шілдесінен 45 711 теңгеге дейін көтеріледі. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 60 167 теңгеден (2017 жылдың 1 қаңтарындағы) 2017 жылдың 1 шілдесінен 66 676 теңгеге дейін жоғарылайды.Бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 2017 жылдың 1 қаңтарынан 7%-ға артқан болса, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап тағы 20%-ға ұлғаяды. Нәтижесінде, 2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы өсім 27%-ды құрайды.Егер 2016 жылы бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы бірінші, екінші, үшінші балаға 66 621 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 71 270 теңгені, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 86 222 теңгені құрайтын болады. Бала туғанға байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақы төртінші және одан кейінгі балаларға ағымдағы жылы 111 035 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап оның мөлшері 118 783 теңгеге дейін жоғарылады, ал 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 142 947 теңгеге тең болады.Заң жобасында 8 заңға түзету енгізу көзделген. Құжатты қабылдаған жағдайда құқықтық және әлеуметтік-экономикалық теріс салдарларға әкеп соқтырмайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/13434?lang=kk
2017 жылдың ақпан айында шетелдік азаматтарға Қазақстанда жұмыс істеу үшін 2 мыңнан астам рұқсат берілді 10.04.2025
2017 жылдың ақпан айында, жергілікті атқарушы органдар тарапы, 476 жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тарту мақсатында 2063 рұқсат беріп, олар 436,9 млн теңге көлемінде салық төлемін жасады. Рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет, тікелей жергілікті атқарушы органдармен қоса, «электрондық үкімет» порталының «бірыңғай терезе» әдісі арқылы да жүзеге асырылады.Еске сала кетсек, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартудың жаңа жеңілдетілген тәртібінің енгізілуіне байланысты жұмыс рұқсаттарын беру мерзімі қысқартылды және жұмыс берушілерге қатысты әкімшілік талаптар алынып тасталды.Бұл ерекше шарттардың орнына жұмыс беруші жергілікті бюджетке төлейтін жаңа салық алымы енгізілді. Алым мөлшерлемесі шетелдік жұмыс күшінің санаты мен саласына қарай 137 АЕК-ден 250 АЕК-ге дейінгі шамада белгіленеді, бұл  290 мың мен 530 мың теңге аралығы.Аталған ретте жұмыс берушілерге қойылатын кадрларға жергілікті қамтылым жөніндегі шарттарды сақтау талаптары өзгермейді, яғни басшылар мен олардың орынбасарлары бойынша кемінде – 70%, мамандар мен білікті жұмысшылар бойынша кемінде – 90%.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/13433?lang=kk
Тамара Дүйсенова Ақтөбедегі әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысты 10.04.2025
Бүгін Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Тамара Дүйсенова, өңір тұрғындарына мемлекеттік және әлеуметтік қызметтер көрсетумен айналысатын ұйымдарда болды.ҚР ЕХӘҚМ басшысы бірінші кезекте Ақтөбе қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, Қурайлы ауылдық округі әкімдігіндегі «Ауылдық округ әкімінің автоматтандырылған жұмыс орны» жобасын (әрі қарай – АРМ АСО) жүзеге асыру жайына қанықты.Тамара Дүйсенова, сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылған психоневрологиялық сырқаттарға шалдыққан мүгедек балаларға қызмет көрсететін әлеуметтік орталыққа және әйелдер мен балаларға көмекке арналған дағдарыстық орталыққа барды.  Сонымен қатар, министр, бүгін дуальдық және жұмыскерлерді қысқа мерзімді кәсіби оқыту жүргізілетін Ақтөбе политехникалық колледжі жұмысымен танысып, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болады деп күтілуде.Еске сала кетсек, «АРМ АСО» жобасы пилоттық тұрғыда 2015 жылдың мамыр айында Ақмола облысында іске қосылса, Ақтөбе облысында 2016 жылдың қазан айында жұмыс істей бастады. Мұндағы негізгі мақсат – ауылдық жерлерде тұратын жұмыссыз, аз қамтылған жандарды, жалдамалы жұмыскерлерді есепке алу. Жобаның арқасында әр нысаналы топ бойынша нақты жұмыспен қамту әрекеттерін қолға алу мүмкін болмақ. «АРМ АСО» жобасын қанатқақты түрде сынап көру нәтижесінде, республиканың барлық өңірінде қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/13430?lang=kk
2016 жылы Қостанай облысының 23 мыңнан астам тұрғыны халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды 10.04.2025
2016 жылы Қостанай облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (19,4 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (3,7 мың адам) қатарындағы 23,1мың адам қамтылды.Оның ішінде:- мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларға 2 мың 909 адам жұмысқа орналасты;- әлеуметтік жұмыс орындарына 1 мың 571 адам;- жастар тәжірибесіне 692 адам;- қоғамдық жұмыстарға - 3 мың 999 адам ;- кәсіптік оқытуға 676 адам жіберілсе, оның ішінде 150 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды;- 12 мың 472 адам мемлекеттік қолдау шараларын қолданусыз жұмысқа орналасты;- өздігімен 188 адам жұмысқа орналасты.Бұдан басқа, 577 адам жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін шағын несие алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/13425?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыруға арналған жұмыс тобы құрылады 10.04.2025
ҚР ЕХӘҚМ ведомствоның Қоғамдық кеңесін қалыптастыруға арналған жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша байқау өткізілетінін хабарлайды.Аталған жұмыс тобына Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтары мүше бола алады. Одан басқа, үміткер, сотталмаған; сот заңда белгіленген тәртіпте сыбайлас жемқорлық қылмыс пен (немесе) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған; психикалық ауруға,  маскүнемдікке, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмаған болуы тиіс.Коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары жазбаша түрде үміткердің ТАӘ көрсете отырып, өмірбаянымен бірге, оның жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын кұжаттармен қоса беріледі. Ұсыныстарын жіберген коммерциялық емес ұйымдар мен әр азамат бір үміткерден артық ұсына алмайды.Құжаттар мына мекен-жай бойынша 2017 жылдың 7 наурызына дейін қабылданады: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 830-кабинет және электрондық пошта арқылы: a.kaiyrbekkyzy@enbek.gov.kz.Еске сала кетсек, қоғамдық мәні бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның ой-пікірін білдіруі, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруі, мемлекеттік органдар басшыларының жария сөз сөйлеуін қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылдың қарашасында ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданған.Жұмыс тобы қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/13363?lang=kk
Алматыда «Нұр Отан» партиясының мультимедиялық мұражайы ашылды 10.04.2025
Мұражайдан «Нұр Отан» партиясының құрылуы мен қалыптасу тарихын, партияның маңызды құжаттарын, сонымен қатар партия Төрағасына тиесілі профессор мантиясын, кітаптарды, партия билеттерін және басқа да заттарды көруге болады.Мұнда келушілер жобадағы партия тарихының, заманауи дизайн мен жаңа технологиялардың өзара үйлесім тапқан ерекше концепциясын бағалай алады. Интерактивті панелдер (multi-touch-screen) дәстүрлі мұражай сөрелерін алмастырған. LED-экраннан 10 гигабайтты ақпаратты цифрлы экспозиция түрінде көруге болады.Мұражайды ашудағы басты мақсат-тарихи әрі мәдени, қоғамдық-саяси ақпаратты жинақталған тарихи құжаттар негізінде зерттеу және насихаттау.«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен біз Тәуелсіздікті, еліміздің әлеуметтік- экономикалық даму жетістіктерін, Қазақстанның халыаралық аренадағы беделін байланыстырамыз. Біз дамыған мемлекеттер қатарына енуге ұмтылудамыз, Мемлекет басшысы жүргізіп отырған жаңару мен реформалар бәсекеге қабілетті елдер қатарына енудің басты шарты. Біз партия көшбасшысы Н. Назарбаевқа тірек болуға және Қазақстанның игілі жолында бірге жұмыс істеуге тиіспіз!», - деп үн тастады жаңа партия мүшелеріне Алматы әкімі Бауыржан Байбек, ол сонымен қатар Алматы қаласының тәуелсіздік жылдары қолжеткен жетістіктерінің бәрі Мемлекет басшысының есімімен тікелей байланысты екенін қадап тұрып айтты.Салтанатты шара барысында партия билеттерін «Тамаша» театрының көркемдік жетекшісі Асылбек Боранбай, радиожүргізуші Диана Снегина, №140 мектеп–гимназияның педагогы, жыл мұғалімі Гүлбану Әбжанова, репродуктивті медицина Институты бас дәрігерінің орынбасары Лазат Айтқожина, «ABM GROUP» ЖШС басқармасының төрағасы Азамат Молдақасымов, GoSport негізін қалаушы, «Khan Consulting» ЖШС-тің бас директоры Әнуар Манабаев және «Традиции народа Семиречья» қоғамдық бірлестігінің президенті Семен Шихотов алды.Бүгінгі күні жалпы республика бойынша 1 миллиондай партия мүшелері бар. Тек Алматы қалалық филиалының өзінде ғана 90 мың адамды біріктіріп отырған 750 бастауыш партия ұйымдары ойдағыдай жұмыс істеуде. Партияның қалалық филиалы заңдылықты жетілдіру туралы 30 ұсыныс енгізген болатын, оның жартысынан астамы Парламен Мәжілісінде мақұлданды. Партия филиалында күн сайын он мыңдай өтінімдер қаралып, жүйелі шешімдер қабылдануда. 10 ай ішінде мемлекеттік органдарға 100-ден астам ұсыныс жіберілген, олардың 80%-ы қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13207?lang=kk
Алматы әкімі қалалықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады 10.04.2025
«Барлық кезеңдерде, әсіресе қиын сәттерде әр халықтың тығырықтан алып шығатын әрі түрлі ұлтты ұлы мақсат жолына біріктіретін, тарихи кедергілерді жоя білетін көшбасшысы болғаны ақиқат. Біздің еліміздің осындай кемеңгер жалпыұлттық Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасы заманауи қазақстандық мемлекеттің іргетасын қалады және нығайтты, дағдарыс жылдары елді түрлі сынақтан алып шықты, нарықтық экономиканы, демократиялық институттарды құрды. Елімізде тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтасыз етті», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.Алматы әкімі Мемлекет басшысының аса зор халықаралық беделі арқасында ең маңызды мәселе, бүгінгі және болашақ ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік шекараның бекітілгенін қадап тұрып айтты.«Жастар – Қазақстанның болашағы, олар біздің Тәуелсіздігімізді сақтауы және одан әрі дамытулары тиіс. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған бәсекеге қабілеттілік, ашықтық, празматизм, білім культі біздің басты қағидаларымыз болсын», - деді мегаполис әкімі.Өзінің құттықтау сөзінде Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының тұрақты қолдауы арқасында Алматының дамып, ірі жетістіктер биігінен көрінуін ерекше атап өтті. Қаланың басты көшелерінің біріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті есімінің берілуі қалалықтардың Елбасыға деген құрметін, алғысы мен ізгі ниеттерін білдіреді.Бүгін «Халық Арена» сахнасында шығармашыл ұжымдар өнер көрсетті, отандқө эстрада жұлдыздары Камшат Жолдыбаева, Ерке Есмахан, Айдана Меденова, Нұржана Керменбаев, Әли Оқапов, «Alau», «Aumi», «Assyl» және басқалары патриоттық әндерді орындады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13188?lang=kk
Алматыда Астана күні қарсаңында «Астана – Ардағым» сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді 10.04.2025
«Астана – Ардағым» мерекелік сыйлығымен Алматы қаласында тұрған әрі туылған және Астананың қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан, Президенттің астананы көшіру туралы шешіміне барынша қолдау көрсеткен қайраткерлер марапатталады.Алматы қаласының Мәдениет басқармасы хабарлағандай, «Астана – Ардағым» сыйлығы 20 категория бойынша беріледі, олар - білім мен ғылым, сәулет пен құрылыс, денсаулық сақтау, спорт, өнер, кинематография, журналистика және әдебиет салалары.«Бүгінгі күні Алматы қаржы және экономикалық магнит ретінде еліміздің саяси орталығы – Астананы үйлесімді толықтыруда. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, күшті саяси орталық пен либералды қаланың келісімі мемлекеттің тұрақты дамуына ықпал етеді», - деп атап өтілді Алматы әкімдігінде, сонымен қатар Мемлекет басшысының «Астананың тағдыры – екі ғасырды артқа тастаған барша қазақстандықтардың тағдыры. Бұл заманауи мемлекетке айналған, жаһандық қоғамдастық таныған және құрметтеген, Ұлы жолдан өткен тәуелсіз Қазақстанның тағдыры» деген сөздері еске түсірілді.Номинанттарды іріктеу конкурстық комиссияның http://astana.ardaq.kz сайтында ашық дауыс берулері арқылы 9 желтоқсанда Астана уақытымен 00:00 сағатта аяқталады.Еске салсақ, келер жыл Қазақстан астанасы үшін мерейлі жыл. Алматыда Астананың 20 жылдығын мерекелеуге арналған бірқатар ауқымды мәдени шаралар-концерттер, фестивальдер, көрмелер өткізу жоспарланған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13157?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа Көші-қон саясаты тұжырымдамасы жобасын дайындады 10.04.2025
Бұл туралы, бүгін, 2016 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2017 жылғы жоспарларға арналған ҚР ЕХӘҚМ алқасының кеңейтілген отырысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігі, Премьер-министр кеңсесі, орталық мемлекеттік органдар өкілдері, Парламент депутаттары және облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.Министр, жыл басынан бері, Қазақстанда шетелдіктерді жұмысқа тартудың жаңа әдісі жұмыс істеп тұрғанына назар аударды. Ендігі уақытта, әр шақырылған маман үшін, жұмыс беруші мөлшері салалар мен жұмысшының біліктілік деңгейіне қарай есептелетін салық төлейтін болады. Бүгінде, шетелдік білікті кадрлар, Қазақстанда өздігімен келе алады және оларға экономиканың басым бағыттарында сұранысқа ие кәсіптер тізіміндегі мамандықтар бойынша жұмысқа орналасуға жол ашық. «Жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілер тарапы, шетелдік мамандарға рұқсат берумен қатар, оларға жұмыс орнын ұсынуда және еңбекақысын тағайындау кезінде заңның бұлжытылмай сақталуын қамтамасыз етуі міндетті.Бізге, бәрінен бұрын білікті кадрлар тартуға бейімделген, салмақты көші-қон саясаты қажет. Қазіргі уақытта, көші-қон үдерістерімен байланысты қауіп-қатерлер кезінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді; азаматтар мен мигранттарды ел аумағында оңтайлы орналастыруды; экономиканың қажетті жұмыс күшіне сұранысын қамтамасыз етуді қарастыратын Көші-қон саясаты тұжырымдамасы жобасын дайындадық», - деп қосты ҚР ЕХӘҚМ басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12811?lang=kk
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНА АСЫЛ ТАСТАРДЫ ӘКЕЛУ ЖӘНЕ ӘКЕТУДІҢ ЖАҢА ТӘРТІПТЕРІН ТҮСІНДІРДІ 10.04.2025
2017 жылдың 26 мамырында VIII халықаралық тау-кен металлургиялық конгрессі және «AstanaMining&Metallurgy» – АММ-2017 көрмесі аясында Қазақстан Республикасында зергерлік саланы дамыту жөнінде ұсыныстар жасау мәселесі талқыланды.Талқылаудың негізгі тақырыбы: Қазақстанда зергерлік бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.Отырысқа республиканың мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ «Тау-Кен Алтын» ЖШС, «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «ҰлтСжС» АҚ сынама палатасының, Мемлекетаралық және ұлттық стандарттау орталығының, «Қазақстанның зергерлер лигасы» ЗТБ және ЖК, «Қазақювелир» АҚ басшылары және зергерлік саланың басқа да өкілдері қатысты.«Асыл тастарды, бағалы металдардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды әкелу және әкетудің ерекшеліктері» тақырыбына шолу ретінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Шынар Қазыбаева баяндама жасады.Баяндамада 2016 жылдан бастап енгізілген асыл тастар және зергерлік бұйымдар туралы заңнаманың 5 тармақ бөлігіндегі және жоспарланатын өзгерістердің негізгі жаңа тәртіптер айтылды. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау жаңа форматта қолданылатын болады. Осылайша, бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру аясында тексеруден ескерту сипаты бар бақылау формасына көшіру жоспарланып отыр»,-деп хабарлады ТРМК төрағасының орынбасары.Сонымен бірге, ЕАЭО кірмейтін елдерден зергерлік бұйымдарды біздің елге әкелу және өзге елдерге әкету туралы біздің отандық өндірушілерді толғандыратын мәселелер мен мемлекеттік қолдау кезінде зергерлік саланы дамыту бойынша ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Ссөз соңында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Шынар Қазыбаева еліміздегі зергерлік саланың табысты дамуына, отандық өндірістің алға басуы мен әлемдік нарыққа шығуына, ал өндірушілерге шығармашылықтың жемісі – теңдессіз бұйымдар шығаруларына тілектестігін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12810?lang=kk
VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ ЖӘНЕ "ASTANAMINING&METALLURGY" AMM-2017 КӨРМЕСІ ӨТТІ 10.04.2025
АстанадаVIII Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі және "Astana Mining & Metallurgy" AMM-2017 көрмесі өтті. Биыл Конгреске Австралиядан, Австриядан, Бразилиядан, Ұлыбританиядан, Германиядан, Қазақстаннан, Канададан, Польшадан, Ресейден, АҚШ-тан, Украинадан, Франциядан, Чилиден, Чехиядан, Швейцариядан келген 750-ден аса делегат келді. Австрияның, Германияның, Қытайдың, Қазақстанның, Польшаның, Норвегияың, Ресейдің, Турцияның және Жапонның 44 компаниясы көрмеде өз экспозицияларын ұсынды.AMM-2017-нің басты тақырыбы  - Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауы болды. VIII Халықаралық тау-кен металлургия Конгресінің пленарлық отырысында Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары А.Ұ. Мамин сөз сөйледі. Ол тау-кен металлургия кешені қалыпты экономикалық өсім үшін стратегиялық маңызы зор екендігін айтты. Сонымен қатар, Асқар Ұзақпайұлы кешеннің жағымды болжамын атап өтті. Айталық, 2017 жылдың 4 ай нәтижесі бойынша өнеркәсіптік өндірістің көлемі 107,1% құрады, соның ішінде тау-кен өндіру саласында – 107,8%, өңдеуші өнеркәсібінде – 106,8%. Өнеркәсіптік өндірістің жалпы құрылымында тау-кен металлургия кешені 18% құрайды.Сонымен Асқар Ұзақпайұлы Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысу деңгейін арттыруға ұмтылу мәселесін көтерді;- 2018 жылы Астана қаласында өтетін 25-ші Дүниежүзілік Тау-кен Конгресіне белсенді дайындық жұмыстары, онда тек ТКМК ғана емес, сондай-ақ, аралас салаларын жаңғырту үшін жаңа технологияларды тартуғажәне индустрия 4.0-ге ерекше назар аударылатынын атап өтті.Клайд Расселл –Thomson Reuters Asia агенттігінің Колумнисті пленарлық отырыстың модераторы болды.Сонымен қатар, Игорь Финогенов- «Полиметалл УК» АҚ президенті, Никола Попович- «Kazzinc Holdings» ЖШСДиректорлар кеңесінің төрағасы, Парамжит Калон- «АрселорМиттал Теміртау» Бас директоры,Әбдумәлік Мирахмедов- «ATK Holdings» Бас директоры сөйлеуші спикерлер болды.Инвестициялар және даму министрлігі мен Мәскеу Болат және құйма институының (МИСиС) арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылуы және «Парк инновационных технологий» автономды кластерлік фонды мен «Майкроман Центральная Азия», Metalysis Limited ЖШС арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы Конгресстің маңызды іс-шарасы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12794?lang=kk