Қуқық
Ж.ҚАСЫМБЕК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТКІЗДІ 10.04.2025
Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек министрліктің басшылық құрамының қатысуымен ведомства жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысын күшейту бойынша мәжіліс өткізді.Ол ҚР ИДМ комитет төрағаларына ведомствалық ұйымдардың қызметіне, оның ішінде қаржылық қызметіне қатысты бақылауды қатаңдатуды тапсырды.Оған қоса, министрлік жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет кеңесінің ведомствалық ұйымдардың қызметкерлері арасындағы жемқорлықтың алдын-алу бойынша іс-шаралар кешенін дайындауға қатысты жұмысын жандандыру туралы тапсырма берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12788?lang=kk
ОСЫ АПТАДА АСТАНАДАН БІРНЕШЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ 10.04.2025
Бүгін «LOT Polish Airlines» әуе компаниясы Варшавадан Астанаға әуе қатынасын ашады. Рейс 2017 жылы 30 мамырдан аптасына 4 рет сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері Боинг 737 үлгісіндегі әуе кемесімен орындалады. Польшаның «LOT» әуе компаниясы EXPO-2017 халықаралық көрмесі кезінде Астанаға аптасына 7 рейс орындауға рұқсат алды.Сондай-ақ, «SCAT» әуе компаниясы 31 мамырдан Астана мен Ереван арасында тікелей әуе байланысын ашады. Рейс аптасына 2 рет сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Қазіргі уақытта тұрақты әуе байланысын «SCAT» әуе компаниясы біржақты тәртіпте Ақтау - Ереван бағыты бойынша аптасына 3 рет жүзеге асыруда. «Эйр Астана» әуе компаниясы 1 маусымнан бастап Астанадан Киевке ұшатын рейсті қалпына келтіреді. Рейстер аптасына 5 рет дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндері қатынайды. Тасымалдаушы ретінде Қазақстан тарапынан «Эйр Астана» және «СКАТ» әуе компаниялары, ал Украина жағынан «МАУ» әуе компаниясы белгіленді. Тұрақты ұшуларды орындау үшін рұқсат етілген пункттер:-қазақстандық тасымалдаушы үшін - Киев, Львов, Одесса, Симферополь, Донецк, Харьков.-украиндық тасымалдаушы үшін - Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Павлодар, Ақтау.Қазіргі уақытта тікелей рейстер мына бағыттар бойынша орындалуда:- Киев – Астана аптасына 7 рейсов (МАУ);- Киев – Алматы аптасына 7 рейс (МАУ);- Алматы – Киев аптасына 7 рейс (Эйр Астана). Аталған рейстер ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мен шетел мемлекеттері авиациялық билігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12765?lang=kk
2016 жылы «Өрлеу» жобасы аясында 38 мыңнан астам қазақстандық әлеуметтік көмек алды 10.04.2025
Бұл туралы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі атаулы әлеуметтік көмек көрсетудегі жаңа әдістерге арналған бүгінгі брифинг барысында, ЕХӘҚМ вице-министрі Светлана Жақыпова хабарлады.Ол бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заңына Мемлекет басшысы 2015 жылғы 29 қазанда қол қойғанын еске салды.Аталған Заңның аясында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде жұмыспен қамту шараларына белсенді қатысу талабымен, әрбір мүшесіне санағанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50 пайыздан төмен отбасыға, атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АӘК) көрсетудің жаңа тәртібін енгізу қарастырылған. Олар қазіргі іс жүзіндегі қағидалардың орнына ұсынылмақ:- көпбалалы отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы (әрі қарай - АМЖ);- аз қамтылған отбасыларға арналған 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысы;- аз қамтылған үй шаруашылығына берілетін атаулы әлеуметтік көмек.АӘК жаңа үлгіде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.Шартсыз ақшалай көмек, құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға (мәселен қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасыға әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі. Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара жауапкершілікті мойындарына алады: әлеуметтік қызметтер жұмыспен қамту шараларын қарастырып, жәрдемақы төлесе, отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына жауапкершілікпен қатысады.Тұлғаларға тек ақшалай көмек ұсынылмайды, оған жұмысқа орналасуға көмек беріледі, қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін арттыру үшін әртүрлі курстарға жіберіледі. Осылайша, отбасының кедейлік жағдайынан шығу мүмкіндігі ынталандырылады.Сонымен бірге, вице-министр, 2014 жылдан бастап әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа әдістері Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында сынақтан өтіп, әлеуметтік келісімшартқа отырған азаматтарға шартты қаржылай көмек көрсетуді қарастыратын «Өрлеу» пилоттық жобасы енгізілгенін мәлімдеді. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен пилоттық жоба қосымша 38 аудан мен қалада жүргізіле бастады. 2015 жылы «Өрлеу» жобасына 20,2 мың адам қатысты.«2016 жылы «Өрлеу» жобасына 38,8 мың адам қатысты. Жобаны жүзеге асырудың арқасында оған қатысушылардың жан басына шаққандағы кірісі 2 еседен астамға өсіп, еңбекке жарамды тұрғындардың 90,5%-ы жұмыспен қамту шараларына тартылды. Сонымен қатар, пилоттық аймақтардағы атаулы әлеуметтік көмекті алушылар қатары 24,7%-ға қысқарды», - деп тарқатты Светлана Жақыпова.Жобаны әрі қарай, яғни 2017 жылы жүзеге асыру мақсатында, республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге қарастырылған. Биыл «Өрлеу» пилоттық жобасына елдің барлық ауданы мен қаласынан 150 мыңға жуық аз қамтылған азаматты тарту жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12748?lang=kk
2017 жылы 21 мыңнан астам жұмыссыз және өзін жұмыспен қамтыған жас қазақстандық жұмысшы кәсіптерге тегін оқи алады 10.04.2025
Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы туралы және жаңа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жайлы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.Біржан Нұрымбетов, сөз басында, жаңа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында (әрі қарай – бағдарлама) келесі мәселелерге көңіл бөлінгенін жеткізді: сұранысқа ие кәсіптер мен кәсіпкерлік қағидаттарына жаппай оқыту мен дағдыларды үйрету, жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасау, жұмысқа орналасуға әрекеттесу мен еңбекке жұмылуды қолдау арқылы еңбек нарығын дамыту.«Бағдарламаның бірінші бағыты аясында, 2,5 жылға дейінгі оқу мерзімімен колледждер ауқымында тегін кәсіби-техникалық білім алу ұйымдастырылып, мұнда бәрінен бұрын, мектепті аяқтағаннан кейін оқу орындарына түспеген жастарға назар аударылады. Биыл техникалық және кәсіби оқытуда 21 мыңнан астам жас қазақстандықты қамту жоспарланып отыр. Осымен бірге, колледждер, «Атамекен» ҰКП оқу орталықтары және кәсіпорындардың оқу орталықтары шеңберінде кәсіби оқытуға арналған қысқамерзімді курстар өткізілетін болады (1-6 ай аралығы). Бұл оқу түрінде 26 мың адамды қамту көзделуде», - деп мәлімдеді вице-министр.Бағдарламаның екінші бағытында, ауылмен қатар, қалаларда да жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру мен дамытуға жағдай жасалады.«Өтеу мерзімі 7 жыл несиенің жылдық мөлшерлемесі 6% деңгейде сақтала отырып, 18 миллион теңге мөлшерінде ұсынылады. Несиенің қолжетімділігін кеңейтуге арналған келесі бір тың шара, несиені кепілдендіру тетігі енгізіледі: бизнесін енді бастағандарға 85%-ға дейін және жұмысы жүріп тұрған кәсіпкерлерге 50%-ға дейін. Ауыл мен шағын қалалалардағы несиелеу, шағын қаржы ұйымдарын қосқанда, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жүргізіледі. Қалаларда шағын несиелеу, ауылдық жерлерге арналған шарттардағыдай, екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы ұйымдары арқылы жүзеге асатын болады. Үстіміздегі жылы 10 мыңнан астам адамға шағын несие беру жоспарлануда», - деп байыптады Біржан Нұрымбетов.Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, арнайы тренерлер мен табысты да тәжірибелі кәсіпкерлерді тартқан райда, Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы «Бастау-бизнес» жобасы арқылы қолға алынады. Ағымдағы жылы оқу сабақтарына 15 мың адам ілікпек.Үшінші бағытта азаматтардың жекелеген санаттарының жұмысқа орналасуында атаулы көмекті күшейту, еңбек ресурстарын жұмылдыруды күшейту және еңбек нарығы инфрақұрылымын дамыту қарастырылған.Анығырақ тоқталсақ, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстар сынды құралдар жастар мен әйелдердің, мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында сұранысқа ие. Биыл әлеуметтік жұмыс орындарына 11,3 мың адамды орналастыру межеленсе, жастар тәжірибесінде 12,7 мың адам қамтылмақ.Еңбек ресурстарының жұмылуын арттыруда, ҚР Үкіметі анықтаған өңірлерге ерікті түрде қоныс аударған тұлғаларға мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған. Жыл сайын, өңірлер мен жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына сұранысын ескерген райда, ішкі көші-қон квотасы белгіленеді. Аталған көшті ынталандыру тетігі ретінде, бастапқы бейімделу және жол мен жүк тасу шығынын өтеу құралдарынан тұратын, қазіргі таңдағы әлеуметтік пакетті қолдану жалғасын табатын болады. Осы жылы 2,7 мың азаматтың қоныс аударуына субсидия төлеу мақсат етілген.Тағы бір маңызды мәселе, enbek.kz порталында Еңбек нарығының біртұтас ақпарат базасы (электрондық еңбек биржасы) жасалып, онда ғаламтор кеңістігіндегі бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер жайлы барлық деректі біріктіру күтілуде.2017 жылы бағдарламаны жүзеге асыруға 85 млрд теңге қарастырылғанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12718?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН АРАСЫНДА АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІМЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ КӨЛЕМІ АРТТЫ 10.04.2025
Бішкек қаласында 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы Келісім аясында Автомобиль тасымалдары көлігі жөнінде Қазақстан-Қырғыз аралас комиссиясының кезекті отырысы өтті.Отырыс барысында Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы жүк тасымалдарының көлемі туралы ақпаратпен алмасты және халықаралық автомобиль тасымалдарының динамикалық дамуын атап өтті.2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдары көлемі 66%-ға артты және 1 307,5 мың тоннаны құрады. Автомобиль көлігімен тасымалданатын негізгі жүктер құрылыс тауарлары, өсімдіктен шығатын азық-түлік, дайын тамақ өнімдері және т.б.Келіссөздер барысында 500 үшінші елдерге/елдерден және 30 тұрақсыз жолаушылар тасымалдарына рұқсат бланкілері көлемінде 2017 және 2018 жылға квота белгіленді.Отырыс қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12712?lang=kk
Астана процесі аясындағы Сирия жөнінде жоғары деңгейдегі кезекті кездесу туралы 10.04.2025
Ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режиміне кепілгер елдердің өзара келісуімен, Астана процесі аясындағы Сирия жөнінде жоғары деңгейдегі жетінші халықаралық кездесу 2017 жылы 30-31 қазанда өтеді.Келіссөздер барысында тұтқындарды, қамауда отырғандарды босату, қаза тапқандардың денелерін беру және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобының ережесін бекіту жоспарлануда. Сондай-ақ, тараптар халықаралық терроризммен күрес мәселелерін қарастыруға және Сирияда гуманитарлық минадан тазарту жұмыстарын жүргізу туралы бірлескен мәлімдемені қабылдауға ниетті. Өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелердің талқылануы ықтимал.Астанада қыркүйекте өткен келіссөздердің алтыншы раунды тараптардың Сирияда деэскалация аймақтарын құру туралы меморандум ережелерін іске асыру және Астана процесі аясында осыған дейін қабылданған басқа да шешімдердің орындалуы бойынша жұмысты жалғастыру ниеті расталған бірлескен мәлімдемені қабылдаумен аяқталғанды. Сирияда құрылған деэскалация аймақтары аталған қақтығыстың көлемін едәуір төмендетіп Сириядағы гуманитарлық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/12699?lang=kk
«Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті» 10.04.2025
Ағымдағы жылғы 27 тамызда ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.Отырыста мынадай заң жобалары қарастырылды:1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын (баяндамашы–Мәдениет және спорт министрлігінің Вице-министрі Кожағапанов Е.Т.);2. «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» Заң жобасының және оған ілеспе заң жобасының тұжырымдамаларын (баяндамашы–Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Сүлейменов Ж.Қ.) қарастыру көзделген. ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі pressgov@mail.ruТел: 74-06-01, 74-06-02Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/12675?lang=kk
Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған қазақстандықтарға 2016 жылы республикалық бюджеттен 21,7 млрд. теңгеден астам қаржы төленді 10.04.2025
Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған азаматтарға берілетін жәрдемақыға 2016 жылы республикалық бюджеттен 21,7 млрд. теңгеден астам бөлінді.2016 жылы жәрдемақының орташа мөлшері 24 002 теңгені құрады. Мұндай жәрдемақы 73,4 мың адамға төленді. 2017 жылы мүгедек балалар тәрбиелеп отырған азаматтарға берілетін жәрдемақыға республикалық бюджетте 24,9 млрд. теңге қарастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12590?lang=kk
Тамара Дүйсенова «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады 10.04.2025
Бүгін «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова әлеуметтік-еңбек және денсаулық сақтау мәселелері бойынша ел азаматтарын қабылдады. Министрге барлығы 19 адам, олардың ішінде Астана қалаcы, Ақмола Павлодар, Қарағанды облыстары. сонымен қатар, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының тұрғындары Тамара Дүйсеновамен бейнеконференция байланысы арқылы өз сұрақтарын қойды. Олардың басым көпшілігі зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыру, емдеу барысында көмек көрсету, жұмыспен мәселелеріне қатысты болды. «Бүгінгі кездесуде көптеген азаматтар зейнетақы мен жәрдемақылардың көлемін арттыру мәселелері бойынша сауалдар қойды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы төлемдерінің көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға, сондай-ақ, бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 1 шілдеден 20%-ға арттырылады. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен қосымша 81,6 млрд. теңге бөлінеді. Аталған мәселелер бойынша қазақстандықтар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларында толық мағлұмат ала алады.Сонымен бірге, азаматтар менен Нәтижелі жұмыспен қамту мен бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы туралы сұрады. Мен оларға бағдарлама бойынша несие алу жолдары, азаматтарды жұмыспен қамту барысында қандай тетіктер қолданылатыны жайында мәлімет бердім»,- деп хабарлады Тамара Дүйсенова азаматтарды қабылдау аяқталған соң.Министр барлық өтінімдерді қарастырып, әрқайсысына толыққанды жауап берді. Шешімі белгілі бір уақытты талап ететін мәселелерді Тамара Дүйсенова өз бақылауына алып, ҚР ДСӘДМ комитеттері, құрылымдық бөлімшелері мен аймақтық департаменттерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12589?lang=kk
2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде 5673 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды 10.04.2025
2016 жылы «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытының аясында 5673 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды.Аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 40 мың 927 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде 22 мың 213-і – бағдарламаға қатысушылар. «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы бірінші бағытының аясында Қазақстанда тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, абаттандыру, инженерлік-көлік инфрақұрылымы салаларына жататын нысандар салынып, жөндеуден өткізілді.Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12526?lang=kk
«ОҢТҮСТІК» АЭА СЯНЬЯНДІК «СИНЬСИН» ТОҚЫМА ӨНЕРКӘСІП ПАРКІНЕН ӨЗ ӨКІЛДІГІН АШАДЫ 10.04.2025
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы ҚХР-на жасаған ресми сапары аясынада ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында келіссөздер жүргізіліп, Сяньяндік «Синьсин» тоқыма өнеркәсіп паркінен өз өкілдігін ашу туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстандық делегацияның құрамы атынан «Оңтүстік» АЭА БК» АҚ басқармасының төрағасы - Дилдабаев М., «Оңтүстік» АЭА БК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары - А. Турсынгалиев, «Шымкент» ӘКК ҰК» АҚ басқарма төрағасы А. Алдажаров ҚХР-на ресми іс-сапарымен барып қайтқан болатын. Осылайша, таяу уақытта ҚХР-дағы «Оңтүстік» АЭА өкілдігі өндірістік қабаттың жаңа мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ жалпы елдер арасындағы инвестициялық ахуалды жақсартуға және маңызды инвесторларды тартуға бағытталған инвестициялық, инновациялық өндірістерді іске қосу жұмыстарын бастайды. Бірлескен қызметке алғашқы қадам болып жобалық іске асыру құны 100 млн. АҚШ доллары болатын "Сяньяндік тоқыма корпорациясы" АҚБ жіп иіретін фабрикасын салу болатынын айта кеткен абзал. ҚХР аумағындағы 11 000 астам адам жұмыс істейтін "Синьсин" ("Xinxing") - Сяньяндік тоқыма өнеркәсіптік паркі ҚХР-дағы ең ірі өнеркәсіптік аймақтардың бірі болып табылады. Жер аумағы бойынша 10 000 га құрайды. Тоқыма өнеркәсібі саласындағы жобаларды жүзеге асырып сондай-ақ өндірістік парк ретінде басқа да салаларда өз қызметін жүргізеді. Өндірістік аймақта өнім мүмкіндіктерін іске асыратын «Zara», «Pierre Cardin», «Massimo Dutti», «Hugo Boss», «Pull&Bear» сияқты ірі брэнтік корпорациялар жұмыс істейді. Сондай-ақ, парк резиденттердің бірі дүниежүзілік автопром паркінің көшбасшысы «KIA Motors Corporation» компаниясы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12506?lang=kk
БҮГІН «WIZZAIR» ВЕНГЕРЛІК ЛОУКОСТЕР АСТАНА МЕН БУДАПЕШТ АРАСЫНА ҚАТЫНАЙТЫН ЖАҢА ӘУЕ БАЙЛАНЫСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ 10.04.2025
Бүгін «WizzAir» венгерлік лоукостер Астана мен Будапешт арасына қатынайтын жаңа әуе байланысын іске қосты. AIRBUS әуе компаниясының А320 әуе кемесі аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі күні әуе рейсін орындайды. Алғашқы рейспен Венгер Республикасының ұлттық экономика министрі Михай Варга бастаған делегация ұшып келеді.Мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында ашылып отырған жаңа бағыт айтулы оқиға болып отыр. Бұл Қазақстан мен Венгрия арасындағы дипломатиялық және бизнес қарым-қатынасты, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін болады.Өткен жылдың 24 қарашасындағы авиациялық биліктің келіссөздерінің қорытындысында Астана – Будапешт бағыты бойынша екі ел үшін аптасына 7 рейс жасау құқығы берілген болатын.«WizzAir» әуе компаниясының ақпараты бойынша, Астанадан Будапештке дейінгі ең төменгі билет құны тек бір жаққа тіркеу қызметі мен жүкті қосқанда 49-дан 130 еуроға дейінгі соманы құрайды. Бұдан бөлек, лоукостермен әуе тасымалы ережесі бойынша басқа да қызметтер үшін қосымша ақы төлеу қарастырылған (тіркеу, жүк, тамақтану, орынды тегін таңдау және т.б.).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12492?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ЭЫДҰ ИНВЕСТИЦИЯ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНЕ МҮШЕ БОЛДЫ 10.04.2025
В рамках X Астанинского экономического форума презентован второй обзор инвестиционной политики Казахстана, направленный на качественное улучшение бизнес среды в стране.В ходе сессии, посвященной вопросам улучшения инвестпривлекательности страны, также стало известно о присоединении Казахстана к Декларации ОЭСР о международных инвестициях и многонациональных предприятиях. Таким образом, наша страна стала 48-м по счету государством, объявившем о стремлении создать наиболее прозрачную и комфортную среду для иностранных инвесторов.В своем приветственном слове Вице-министр по инвестициям и развитию РК Е.Хаиров отметил большой вклад команды экспертов ОЭСР в подготовке второго обзора, а также поблагодарил за их кропотливую работу и активную поддержку Казахстана. «Конкуренция за инвестиции будет всегда, и наша задача всегда быть первыми в этой борьбе. Поэтому мы высоко ценим данные рекомендации и их качественное внедрение очень важно в процесе укрепления экономики Казахстана. Хотел бы выразить искреннюю благодарность Секретариату и партнерам ОЭСР, за ваш вклад в улучшение инвестиционного климата Казахстана, за полезные рекомендации и плодотворный труд», - подчеркнул Ерлан Хаиров.За последние 5 лет Казахстаном совместно с экспертами ОЭСР проделана большая работа по улучшению инвестклимата в стране. Устранены административные барьеры, внедрены новые стимулы для инвесторов. Расширен список стран, граждане которых пребывают в Казахстан в безвизовом режиме. С 1 января т.г. их количество составляет 56 стран. Также были усовершенствованы условия привлечения иностранной рабочей силы, при Верховном суде создана Специализированная судебная коллегия по инвестиционным спорам.Создан Национальный контактный центр по ответственному ведению бизнеса, посредством которого обеспечена обратная связь между гражданским обществом и инвесторами.В соответствии с рекомендациями ОЭСР совместно с Всемирным Банком разработана Национальная стратегия по привлечению инвестиций, где прописаны четкие механизмы привлечения инвестиций, совершенствования инвестклимата в соответствии с новым пакетом рекомендаций ОЭСР. «Работа по улучшению инвестиционого климата не остановится на достигнутом, мы будем вкладывать все усилия для соответствия инвестиционного климата Казахстана передовым стандартам стран членов ОЭСР», - заверил вице-министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12418?lang=kk
ҚР ИДМ МЕН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ИНВЕСТОРМЕН ХИМИЯЛЫҚ КЕШЕНГЕ ЖОЛ САЛУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ 10.04.2025
Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев және «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС бас директоры Дмитрий Валышев өзара түсіністік және серіктестік жөніндегі Меморандумға қол қойды.Меморандум бойынша Жамбыл облысында алғаш рет мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында өнеркәсіп нысандарына автомобиль және темір жол құрылысын жүргізу жүзеге асатын болады.Жамбыл облысының Жаңатас қаласында минералды тыңайтқыш өнідірісі мен жаңа технологияны пайдаланып фосфат өңдейтін химиялық кешен құрылысы жүріп жатыр. Дайын өнімді шығару 2019 жылдың соңына жоспарланған. Дайын өнімді сатуды қамтамыз ету мақсатында «ЕвроХим-Қаратау» компаниясы ҚР ИДМ-нің қолдауымен және Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп, МЖС жағдайында екі жобаны жүзеге асыра бастайды.Бұл ұзақтығы 4,8 шақырым болатын «Жаңатас-Шымкент» айналма автомобиль жолы учаскесі мен қашықтығы 25 шақырым болатын Жамбыл облысы аумағындағы Жаңатас – Түркістан желісіндегі темір жол учаскесінің құрылысы.Автомобиль жолының құрылысы биыл басталады. Темір жолдың құрылысын дайын өнім шыға бастаған уақытта, яғни, 2019 жылы аяқтау жоспарлануда.ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жобалардың жүзеге асуына, соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жан-жақты қолдау көрсететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12413?lang=kk
ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК ФИНЛЯНДИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСІН ҚАБЫЛДАДЫ 10.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Финляндияның Сыртқы сауда министрі Кай Мюккяненмен кездесті.Кездесу барысында көлік саласы бойынша Финляндия мен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері және екі елдің инвестициялық ынтымақтастығының перспективалары талқыланды.Экспорттық-импорттық және транзиттік жүк тасымалы өсім динамикасының алға басып келе жатқаны айтылды.2016 жылы Финляндиядан Қытайға 7 контейнерлік пойыз (560 ЖФЭ) жөнелтілсе, 2017 жылдың 5 айында 8 контейнерлік пойыз жеткізілген(640 ЖФЭ).Финляндияның жүк жөнелтушілері мен экспедиторлары ҚХР мен Қазақстанға өз өнімдерін жіберуге, сонымен қатар, ҚХР – Финляндия – ҚХР, Гамбург – Қостанай, Паняряй – Қостанай бағыттары арқылы ҚХР-нан Финляндияға тасымал жасауға мүдделі.Жеңіс Қасымбек Қазақстанда шетелдік компаниялар үшін жасалған инвестициялық мүмкіндіктерді айтып, Финляндияның бизнес өкілдерін МЖС және инфрақұрылымдық жобаларды жекшелендіру бойынша ынтымақтастыққа шақырды.Министр Қазақстан мен Финляндия арасындағы тікелей әуе рейс бизнес-қоғамдастық арасындағы байланысты жандандыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан мен Финляндияның бекітілген тасымалдаушылары үшін елдер арасында ұшуды орындауларына еш кедергі болмайтынын еске салды.«Сіздің Қазақстанға жасаған сапарыңыздың аясында екі ел арасында алғаш тікелей әуе қатынасының ашылуы тарихи оқиға»,-деді Ж.Қасымбек.Бұдан бөлек, Қазақстанның авиация билігі «Finair» әуе компаниясына ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде Хелсинкіден Астанаға жиілігі аптасына 7 рет қатынау құқығын берді.Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек қазіргі уақытта «қапталдас келісім» элементтерімен қоса «Әуе қатынасы туралы» үкіметаралық жаңа келісім жобасы мемлекетішілік ресімдеуден өтіп жатқанын хабарлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12335?lang=kk
Қостанай облысының әкімі Денис Тенның отбасына көңіл айтты 10.04.2025
Орны толмас қайғыға тап болдық –біртуар адам, жас дарынды спортшы, еліміздің мақтанышы, Сіздердің ұлыңыз – Денисжан түршігерлік оқиғаның салдарынан өмірден озды.Орны толмайтын қазаға орай, Сіздерге және Сіздердің туған-туысқандарыңызға қайғы-қасіретке ортастығымды білдіріп, көңіл айтамын.Жақынымыздан айырылу барлығымызға да ауыр тиеді, әйтсе де ұлдың қазасы – ата-анасы үшін ештеңемен салыстыруға келмес қасірет. Ол Сіздер үшін өмірдің басты мәні, үміт, сүйеніштеріңіз болды. Сіздер оған бар сүйіспеншілік, жігерлеріңіз бен армандарыңызды арнадыңыздар.Денис әрдайым жастық, мақсаткерлік, жеңіске жігерленген ерік, Отанға шын берілгендік пен отансүйгіштік бейнесі болып қалады.Оның халықаралық спорт аренасындағы жетістіктері Қазақстанның даңқын биіктетіп, жүздеген балалар мен қыздар үшін үлгіге айналды.Денистің аты жүрегімізде мәңгіге сақталып, өз нұрымен жылытып, қайғы-қасіреттің қиын сәттерінде бізге жұбаныш болады. Қостанай облысының әкіміА. МұхамбетовАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/12297?lang=kk
«ҚИДИ» АҚ САРАПШЫЛАРЫ «ИННОПРОМ-2017» КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ 10.04.2025
Ресейдің Екатеринбург қаласында 10-13 шілде аралығында өткен ірі халықаралық өнеркәсіптік көрмелердің бірі «Иннопром-2017» көрмесі өз жұмысын аяқтады. Биыл көрмеде «ҚИДИ» АҚ индустриалды саясат Орталық директорының өкілі Салтанат Жұмабекова мен Орталықтың бас сарапшысы Алмат Расиль «Қазақстан индустрия даму институты» акционерлік қоғамының өкілі ретінде қатысты. ЕЭҚ өндірістік ынтымақтастығының тиімді шарттары бойынша дөңгелек үстел жұмысы барысында ЦИП АҚ «ҚИДИ» директоры Салтанат Жумабекова «ЕЭҚ-нда өндірістік ынтымақтастық: болашағы мен мүмкіндіктері (кооперация, әлеуеті, ынталандыру механизмдері, пайда)» тақырыбында баяндама жасады.Ол өз баяндамасында ЕЭҚ мәселелері мен болашақ даму аспектілерін атап өтті, ал бұл экономика дамуының, өндірістік кешендерінің тең еместігі, ЕЭҚ мүше - елдердің өндірістік құрылымдарының әртүрлілігі, сонымен қатар, Еуразия даму банкінің рөлі туралы территориялық кластерлердің даму маңыздылығы және шекаралық ынтымақтастық пен«Индустрия 4.0» элементтерін енгізу туралы айтты.Баяндамашының айтуынша, логистика өндірістік ынтымақастықты дамытудың маңызды элементі болып табылады. Ал, кластерлік саясат ЕЭҚ интеграциялық үдерістерінің драйвері бола алады. - Егер бұрын интеграциялық бірлестіктерді құрудағы мақсат тек тауар айналымын ұлғайтуды ғана көздеген болса, қазіргі уақытта интеграция арқылы толыққанды өндірістік-сауда кешендерін құруға талпыныс жасайды. Осы кешендер қосымша құн тізбектер жүйесі арқылы ғана жүзеге асырылады,- деп атап өтті орталық директоры.Сонымен қатар, ол өз баяндамасында кооперацияны дамыту элементтерінің бірі шекаралық ынтымақтастықты дамыту екендігін атап өтті. Қолайлы георграфиялық орналасуы және жолға салынған көлік жолдары есебінен шекаралас аймақтар жеткізілім мүмкіндіктерін қарастыру тұрғысынан және бірлескен кооперциялық жобаларды жолға қою орынды болып табылады. Осы кооперациялар аясында бизнес дамуының аймақаралық сәйкестігін пайдалана отыра, дамуда кластерлік тәсілдердің тізілуі мүмкін. Мысалы, Қазақстан мен РФ шекаралас аудандарын қарастырсақ, барлығы 12 экспорттық әлеуеттің жоғары шоғырлануы байқалады, ол ресейге шығарылатын экспорттың тек жартысын құрайды. Екі жақтағы шаруашылық субьектілерінің өзара қарым-қатынасының, олардың арасындағы кеден кедергілерін алып тастауды қамтамасыз ететін жаңа шарттары аталған аудандарға жеткізілімді ұлғайтуға және кооперациялық өзара қатынасты дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді. Даму мен Индустрии 4.0 имплементциясына қатысты тұжырымдама Қазақстанда да, ЕЭҚ да экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің маңызды міндеттері болып табылады. 4.0 концепциясын жүзеге асырудың негізі ұлттық шаралары мен механизмдері болады. Сондықтан, С.Жұмабекова Қазақстанның қазіргі жағдайы туралы баяндап берді. Сонымен, оның берген ақпараты бойынша, Қазақстан Индустрия 4.0 элементтерін енгізу және дамыту бойынша іс-шаралар қабылданды: нормативті –құқықтық база әзірленуде, төртінші өндірістік революция элементтері енген 2025 жылға дейін базалық өндіріс салаларын қайта техникалық қаруландыру бойынша шаралар кешенінбекіту жоспарланған. Қазақстанның өндіріс секторларының қайта өңдеу кәсіпорындарында сандық технологияны енгізуді ынталандыру шаралары мен нақты бағыттарын анықтау жоспарланған және осыған орай ЕЭҚ аясында синергетикалық эффектіге максималды қол жеткізу және өндірісті сандық технология көшіру бойынша тығыз ынтымақсатыстықта жұмыс жасау қажеттілігін атап өтті.Жалпы, қазақстандық скипердің пікірше, ЕЭҚ аясында өзара тиімді ынтымақтастық тәжірибесін ұлғайту, өңірлік және әлемдік нарықта тауар, қызмет көрсету, технологияны экспорттауға қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге көмектеседі.Үш күндік жұмыс іссапары барысында «ҚИДИ» АҚ сарапшылары бірқатар дөңгелек үстел жұмысына қатысты, онда өндірістік саясаттың құралы ретінде арнайы инвестициялық жобалардың қажеттілігі, индустрияны автоматттандыру мәселелері, өндірісті роботтандыру, сонымен қатар энергия құралдарын импорт алмастыру бойынша ынтымақастық жобалары, жаңартылған энергия көздері және т.б. мәселелер қарастырылды. 20 мемлекеттен келген 600-ден астам өндіріс компаниялары өз өнімдерін көрмеге ұсынды. Көрмені өткізудің сегізінші жылы әлемдік технологиялық көшбасшы ретінде серіктес мемлекет Жапония болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11862?lang=kk
БИЫЛ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАТЫН 60 МЫҢ ЖЕР УЧАСКЕСІН ИНЖЕНЕРЛІК-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖЕЛІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОСПАРЛАНУДА 10.04.2025
Мемлекеттік бағдарламаның «Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды қолдау» деп аталатын екінші бағытын жүзеге асыру аясында биыл тұрғын үй салатын 60 мың жер учаскесін инженерлік-коммуникациялық желімен қамтамасыз ету жоспарлануда.«Тиісті желілер тартылған ең көп жер учаскелерін беруді Маңғыстау (15759 учаске) және Ақтөбе (11732 учаске) облыстарының әкімдіктері жоспарлап отыр. Жарты жылдың қорытындысы бойынша 23,5 мың учаске инженерлік желімен қамтамасыз етілді. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған учаскелерді желілермен қамтамасыз етуге көзделген қаражаттың сомасы 45,5 млрд. теңгені құрайды»,-деп атап өтті министр.Осы бағыттың аясында биыл 4 облыс орталығында бірыңғай сәулеттік стильде жеке тұрғын үй құрылысының пилоттық жобасын іске асыру басталды. Алаңы 136,9 мың шаршы метр 1193 үй салу жоспарланған.Ақтөбе облысында – 423 үй (2017 жылы - 194, 2018 жылы - 229); Қостанай облысында - 270 үй (2017 жылы - 100, 2018 жылы - 170); Солтүстік Қазақстан облысында - 200 үй (2017 жылы - 72, 2018 жылы – 128); Жамбыл облысында – 300 үй (2018 жылы іске қосылады).Министрлік осындай тұрғын үйлерді салу үшін 6 үлгілік жоба әзірлеп, оны қолдану үшін өңірлерге ұсынды.Фото мұрағаттан алынды Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11807?lang=kk
Алматының Қалақұрылысы кеңесінде бірқатар жобалар бекітілді 10.04.2025
Алатау ауданындағы Рысқұлов даңғылының солтүстігіне, Б.Момышұлы көшесінің шығысына қарай салынатын 13 жеті қабатты үйдің жобасы бекітілді, мұнда аула кеңістігінде көлік тұрағы, коммерциялық бөлмелер, мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі болады. Су қорғау аймағы балалар және ойын алаңдары ретінде пайдаланылады. Құрылысты жүргізуші бала бақша мен мектеп салынатын жер учаскесін коммуналды меншікке өткізеді.Бостандық ауданындағы Сәтпаев көшесінің бойындағы бір қабатты өндірістік нысанды екі қабатты ғимарат етіп қайта жасау, оны халыққа қызмет көрсететін ғимаратқа айландыру жобасы да бекітілді. Оның 1-ші қабатына шоурум, тамақтану аймағы, қызмет көрсету бөлмелері бар автосалон, техникалық қызмет көрсету станциясы, шиномонтаж, көлік жуу, техникалық бөлмелер орналасады. 2-ші қабатында сауда алаңдары, кафетерий, әкімшілік бөлмелер болады. Абаттандырылатын аймаққа газондар,тротуарлар жасалып, ағаш пен бұтаұқтар отрығызылады, жарық көздері орнатылады.Айта кетерлігі, жобаларды бекіту барысында энерготиімділікке, сыртқы әрлеу жұмыстарына сапалы материалдарды пайдалануға, фасадттарды түнгі жарықтандыруға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы болуына, алаңды жасылдандыруға, көлік легінің жүктемесіне, аулаларды абаттандыруға және басқаларына айрықша назар аударылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/11725?lang=kk
ТДҰА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ІСКЕ ҚОСАДЫ 10.04.2025
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылатын «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ («ТДҰА» АҚ) ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірігіп инновациялық жобаларды гранттық қаржыландырудың жаңа бағдарламасын іске асыруға кіріседі. Бұл жайында «ТДҰА» АҚ-ның басқарма бастығы Марат Омаров ОКҚ-нің баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Инновациялық гранттарға өтінім 2017 жылдың 2 тамызынан 2 қазанына дейін қағаз түрінде қабылданады, сондай-ақ «ҰТДА» АҚ-ның www.natd.gov.kz. ресми сайтында да беруге болады.«Біз бизнес үдерістердің реинжинирингісін өткіздік және гранттар беру шарттарын жетілдірдік. Егер бұрын көбінесе бизнеске арналған және соңғы өнім шығарылымын ұйғармайтын 9 түрлі грант түрлері көзделген болса, қазір олар қаржыландыру шектерін арттырумен 3 түрге топтастырылды» - деп «ТДҰА» АҚ-ның басшысы Марат Омаров ескертіп өтті.Қолданыстағы кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған грант берудің жаңа ережелері бойынша грант сомасы лицензиялық шарт бойынша дәлелді шығындардың 70%-ына дейінгі және (немесе) жабдық сатып алу бойынша дәлелді шығындардың 50%-ына дейінгі, ақшалай түрде 400 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.Грант кәсіпорынның технологиялық деңгейін алдыңғы қатарлы/заманауи отандық және шетел технологияларын трансферттеу арқылы арттыруға бағытталған.Салаларды технологиялық дамытуға арналған инновациялық гранттың және (немесе) жабдық сатып алу бойынша дәлелді шығындардың 50%-ына дейінгі және технологиялық құзыреттерді арттырудың дәлелді шығындарының 85%-ына дейінгі, ақшалай түрде 500 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.Грант негізінен қолданыстағы салаларды алдыңғы қатарлы шетел технологияларын, тәжірибелерін, білімдерін және дағдыларын трансферлеу арқылы дамытуға бағытталған.Технологияларды коммерцияландыруға бағытталған гранттың мөлшері жаряланған дәлелді шығындардың 50%-ына дейінгі, ақшалай түрде 200 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.Грант меншікті өндірістегі ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жетілдіруге бағытталған.Грант қайтарымсыз негізде беріледі. 2011 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде жалпы сомасы 12,2 млрд. теңге болатын 328 шарт, соның ішінде 2016 жылы жалпы сомасы 1,9 млрд. теңге болатын 66 шарт жасалды.Жалпы алғанда, гранттық қаржыландыру бағдарламасын іске асыру оң әлеуметтік-экономикалық серпінді көрсететінін айта кеткен жөн. Сонда, 2014 жылдан бастап 2017 жылдың 1-ші жартысына дейін, грант алушылардың ақпараттарына сәйкес, инновациялық гранттарды іске асыру нәтижесінде 2 773 жұмыс орындары құрылды, 7,6 млрд. теңгеден артық салық қаражаттары төленді, жалпы сомасы 131,4 млрд.теңге өнім шығарылды.Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік (ТДҰА) инновациялық даму процестерін үлестірумен қамтамасыз етуде жәрдемдесу үшін және мемлекеттік қолдау көрсету шараларын ұсыну үшін құрылған.ТДҰА «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіреді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11698?lang=kk