Қуқық
Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарға шолу 21.02.2025
10.02.ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ2024 жылдың қазанынан осы жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 млрд текше метр су жіберілді. Орталық Азия елдерімен қол жеткізген келісімдерінің нәтижесінде 2025 жылғы наурыз айының соңына дейін Солтүстік Аралға жіберілген судың жалпы көлемі 1,6 млрд текше метрге жетеді.14.02.АСТАНА Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында 2024 жылы еліміздің 6 өңірінде топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 8 жоба аяқталды. Бұл 208 мың тұрғыны бар 49 елді мекенді сумен қамту сапасын жақсартты.13.02.ФРАНЦИЯ Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросында (BRGM) тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында жерасты сулары туралы ақпаратқа, сондай-ақ су ресурстарын басқарудың жаңа тәсілдеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін BDLISA дерекқорын зерттеуге баса назар аударылады.11.02.АСТАНА2024 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ішкі аудит департаменті 18 кәсіпорында тексеріс жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша 30-дан астам жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, бірнеше лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.11.02.АСТАНА«ЭКСПО» халықаралық көрме орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі өтті. Фестиваль аясында болашақ талапкерлер су саласындағы жұмысшы мамандықтар және өздері қызығушылық танытқан оқу орындары туралы толық ақпарат алды. Сондай-ақ шеберлік сыныптары, панельдік пікірталастар және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі.13.02.АСТАНА Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі аясында студенттер және мектеп оқушыларымен кездесті. Вице-министр Арал теңізі мен Балқаш көліне су жіберу, халықаралық келісімдер және су саласы мамандықтарының мәртебесін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.12.02.ШҚОШығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті.Бүгінгі таңда каналдардың бас құрылыстарын жабылып, электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексерістен өтті. Су тасқынына қарсы іс-шараларға арналған инертті материалдар қоры дайындалды.13.02.АҚМОЛА ОБЛЫСЫ Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы инертті материалдар дайындау, бөгеттердің жоталарын және гидротехникалық құрылыстардың аумақтарын қардан тазарту, сондай-ақ жабдықтар мен арнайы техниканы дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр.14.02.ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ«Қазсушар» мекемесінің «Қ.Сәтпаев атындағы канал» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексерді, сорғы станциялары мен бөгеттерге кірме жолдарды қардан тазарту жұмысын жүргізіп жатыр. Филиалға тиесілі су қоймалары тасқын суын қабылдауға дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/939027
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 40 ОТБАСЫНА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТІ ТАПСЫРЫЛДЫ 21.02.2025
✔️Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында тиісті жұмыстар жалғасып жатыр. Осы ретте Қазығұрт ауылында 2 қабатты, 8 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды. Бүгін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ауданға іссапарында тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасына жаңа пәтер кілттерін тапсырды.✔️– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тұрғындарды баспанамен қамту бойынша жүйелі жұмыс атқаруды тапсырды. Өңірімізде жыл сайын құрылыс қарқыны артып, көпқабатты үйлер салынуда. Бүгін қазығұрттық тұрғындар да қуанышқа кенеліп отыр. Баршаңызды баспаналарыңызбен құттықтаймын! – деді Нұралхан Көшеров.🔁Қуанышқа кенелген тұрғындар ел азаматтарына алғыстарын білдірді.✔️Бұл үйлердің құрылысы былтыр наурыз айында басталып, жыл соңында аяқталған. Құрылысты «Урба Стандарт» ЖШС атқарды. 1 тұрғын үйде 8 пәтерден бар. Оның ішінде1 бөлмелі 2 пәтер (36,4 м²), 2 бөлмелі 4 пәтер (59,4 және 52,2 м²) және 3 бөлмелі 2 пәтерден (74,8 м²) бар.✔️Айта кетейік, Түркістан облысы құрылғалы, яғни 2018-2024 жылдар аралығында 14 мыңнан аса отбасы тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде, коммуналдық тұрғын үймен 7 567 отбасы, ал «7-20-25» және «Отбасы банк» бағдарламалары арқылы 6 594 отбасы ипотекалық тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Осы жерде динамикаға қарайтын болсақ, жылына шамамен коммуналдық тұрғын үй қорынан және түрлі ипотекалық бағдарламалар арқылы 2 200-ге жуық пәтер табысталуда. Өткен жылдың өзінде ел 1174 коммуналдық үймен және 977 тұрғын ипотекалық үймен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/939022
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ 21.02.2025
✔️Қазығұрт ауданында ауыл шаруашылығы саласына бет бұрған кәсіпкерлер саны артып келеді. Оның ішінде жылыжай шаруашылығының әлеуеті жоғары. Осы орайда, облыс әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданына арнайы іссапармен барып, Тұрбат ауылында орналасқан «Сайдусман ата» шаруа қожалығында болды.✔️Аталған жылыжайда жылына 600 тонна көкөніс өндіріліп, 5 млн дана көшет жерсіндіріледі. Оның ішінде 360 тонна қызанақ, 240 тонна қияр ішкі нарықта сатылымға шығарылады. Жылыжай аумағы 4 гектарды құрайды. 1 гектар жерге көшет өндіріліп, қалған 3 гектары көкөніс өсіруге бағытталған. Мұнда 32 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.📌Аралау барысында облыс әкімі жылыжай кешенінің жұмысын пысықтап, жауаптыларға агроөнеркәсіп бағытындағы жұмыстарды ширатуды жүктеді. Ауыл шаруашылығы саласының үздіксіз дамуына «Ауыл аманаты» жобасы таптырмас мүмкіндік екенін айтып, өңірде егістікті әртараптандыру мақсатында жаңа технологияларды енгізу, жылыжай қуаттылығын арттыру бойынша мамандарға тапсырмалар берді.✔️Одан соң, аймақ басшысы Тұрбат агросекторындағы «Пасека бал» шаруа қожалығында болды. Кәсіпкерлермен кездесіп, омарта өнеркәсібін дамыту бағытында пікір алмасты. Кәсіпорынның ішкі жұмыстарымен танысты.✔️Кәсіпорында 5 мың омарта ұясы бар. Мұнда жылына 150 тонна бал өндіріліп, ішкі нарықтан бастап, көршілес мемлекет Өзбекстан мен Ресейге экспортталады. Жалпы аумағы 18 гектарды құрайтын өндіріс орнында 20 қызметкер тұрақты жұмыс істейді. Омартада бал өндірумен қатар жылыжай шаруашылығы қарқынды дамыған. Мұнда көкөніс және роза гүлі өсіріледі.✔️Аралаудың соңғы нүктесі Жаңабазар ауылдық орталық емханасында жалғасып, облыс әкімі мекеменің қайта жөндеу жұмыстарымен танысты. Ғимарат құрылысына жауапты мамандарға басты назар сапада болу керектігін ескертті.✔️Көпфункционалды аурухана 2,2 гектар жер аумағында орналасқан. Мұнда жалпы саны 10 мың адамға медициналық қызмет түрлері көрсетіледі. Орталыққа 2024 жылы күрделі жөндеу жұмыстары басталып, қажетті медициналық құралдармен қамтылды. Сондай-ақ өртке қарсы дабыл тетігі, бейнебақылау жүйелері орнатылып, асфальттау, көгалдандыру жұмыстары атқарылды. Сонымен бірге ішкі электр, су, кәріз, желдету және жылыту жүйелері, ішкі және сыртқы есіктері толық жаңартылған.✔️Бүгінде «Ordamed», «Казмедиал» компанияларымен жасалған келісімшарт негізінде цифрлы рентгендік диагностикалық аппарат, гинекологиялық кресло, электрокардиограф, стоматологиялық қондырғы, коагулометр және басқа да қажетті құралдар мен жаңа 4-санатты жедел жәрдем көлігімен жабдықталған. Мекеме табиғи газ жүйесіне қосылған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/939024
ҚАРАТАУДА 14 ОРЫНҒА ИРРИГАЦИЯЛЫҚ АРЫҚ САЛЫНАДЫ 21.02.2025
Ағымдағы жылы Қаратау ауданының су басу қаупі анықталған елді мекендерінде тұрғындардың өтінішіне сәйкес, ирригациялық арықтар салу жұмыстары бастау алады.Бұл жоба, әсіресе, жаңбырлы кезеңдерде су басу мәселесін шешуге, инфрақұрылымның жұмысын жақсартуға, сондай-ақ аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.Арықтарды салу жұмыстардың негізгі мақсаты - жергілікті тұрғындар мен қала инфрақұрылымын су тасқынынан қорғау. Жобаның аясында ирригациялық арықтар әр түрлі ұзындықта салынатын болады. Мәселен, «Сайрам» тұрғын алабының Иіржар көшесі бойынша 260 метр арық құрылысымен қамтылады.Ал, «Мәртөбе» тұрғын алабындағы Жібек жолы көшесіне (авто жуу бекеті тұсы), «Мирас» шағынауданында Өркениет және Ажарлы көшелеріне 370 метрге арық салу жоспарланып отыр.Сонымен қатар, «Сайрам» тұрғын алабының Тағылым көшесі (бұрынғы Абай көшесі) мен Өрікзар көшелерінде 700 метрге жуық арық салынуы көзделіп отыр. Мұнымен қоса, «Сайрам» тұрғын алабындағы №139 мектепке баратын негізгі көше де осы жоспарға кіріп, 200 метрге ирригациялық арық салу қолға алынады.Тұрғын алаптағы атауы жоқ көшелерде 1700 метрге арықтың құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Сареми көшесінің 500 метрі де осы ауқымды жобаның бір бөлігіне айналады.Ал, «Шапағат» шағынауданындағы Шапағат көшесі бойында 50 метрлік арық салу қарастырылған. «Қайтпас» шағынауданының Академиктер қалашығының 100 метрі мен «Нұрсәт» шағынауданындағы №135 А, Б, В үйлерінің жанына 350 метр арық салынуы жоспарлануда.«Нұрсәт» шағынауданындағы Балалар ауруханасының көшесі мен «Таскен» тұрғын алабындағы Бақдәулет көшесіне 400 метр арық салу жұмыстары да бар. Ал, Таскен т.а. Байкент көшесі 100 метр ұзындыққа дейін арықталады.Сондай-ақ, «Қайтпас» шағынауданындағы Қаһарман көшесіне құдықша орнату үшін 20 метр құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.Бұл ауқымды жоба Қаратау ауданында су тасқынының алдын алу бойынша маңызды шара болып табылады. Ирригациялық арықтар салу тұрғындардың күнделікті өміріне қолайлы жағдайлар жасай отырып, экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге үлкен үлес қосады.Жоба аяқталғаннан кейін су басу қаупі төмендеп, аудан тұрғындары үшін қауіпсіз және ыңғайлы өмір сүру ортасы қалыптасады.Сондай-ақ, бұл жұмыстар ауданның инфрақұрылымын жақсарту және аумақты дамыту бағытында атқарылып жатқан маңызды қадамдардың бірі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/939023
17-23 ақпан аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі 21.02.2025
19-23 ақпан – үстел теннисінен Азия кубогіСары құрлық додасына 4 спортшымыз қатысады.Өтетін орны: Шэньчжэнь қ., Қытай. 17-28 ақпан – әйелдер арасындағы шахматтан Гранд-при жарысы (3 кезең)Халықаралық турнирде ел намысын Бибісара Асаубаева қорғайды.Өтетін орны: Монако княздігі. 19-23 ақпан – мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатыЖарыста 4 отандасымыз бақ сынайды.Өтетін орны: Сеул қ., Оңтүстік Корея. 20-24 ақпан – жеңіл атлетикадан BakuInternational indoor Meeting devoted to Honorarycoach A. Antipov турниріБакудегі бәсекеде 5 спортшымыз жарыс жолына шығады.Өтетін орны: Баку қ., Әзірбайжан. 20 ақпан – 01 наурыз – семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатыБұл сында ел намысын 24 спортшы қорғайды.Өтетін орны: Әл-Кувейт, Кувейт. 20-23 ақпан – ересектер арасында «Құсбегілік»ұлттық спортынан XVIII ҚР чемпионатыЖарысқа барлық облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 70-тен аса спортшы қатысады.Өтетін орны: Петропавл қ. 20-25 ақпан – пара дзюдодан Германия ашық чемпионатыБұл жарыста отандық 10 пара спортшы сынға түседі. Өтетін орны: Гейдельберг қ., Германия. 21-22 ақпан – ашық суда жүзуден Әлем кубогі(1-тур)Кубок жарысында 4 отандасымыз жүлдеге таласады.Өтетін орны: Хургада қ., Мысыр. 21-27 ақпан – Пара велотректен Азия чемпионатыАзия біріншілігіне Қазақстаннан 5 паравелошабандоз қатысады.Өтетін орны: Нилай қ., Малайзия.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/939017
Нысана көздеу: Қазақстан құрамасы Азия Кубогында 14 медальмен көш бастап тұр 21.02.2025
Таиланд астанасы Бангкокта нысана көздеуден Азия Кубогы жалғасып жатыр. Бір аптадағы жарыстан кейін Қазақстан құрамасы 5 алтын, 6 күміс, 3 қола медальмен 1-орынға шықты.Назарларыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз:Алтын:Қазақстан ерлер құрамасы (Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский, Никита Шахторин) 10 метрден пневматикалық винтовка;Қазақстан құрамасы (Константин Малиновский, Елизавета Безрукова) 10 м, пневматикалық винтовка;Олег Носков (жасөспірімдер арасында) 10 метрден пневматикалық винтовка;Кирилл Цуканов (жасөспірімдер арасында) 10 м, тапанша;Қазақстан ерлер құрамасы (Рамазан Ынтықбай, Кирилл Цуканов, Кирилл Федькин) 10 м, тапанша;Күміс:Ислам Сәтпаев, 10 м, пневматикалық винтовка;Валерий Рахымжан 10 м, тапанша;Қазақстан әйелдер құрамасы (Валерия Попелова, Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова)Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (Малика Сейіл, Кирилл Федькин) 10 м, тапанша;Қазақстан әйелдер құрамасы (жасөспірімдер) Малика Сейіл, Сәуле Әлімбек, Кристина Устинова - 10 м, тапанша;Қазақстан ерлер құрамасы (жасөспірімдер) Ринат Казаченко, Олег Носков, Дмитрий Ким, 10 м, тапанша;Қола:Александра Ле, 10 м, пневматикалық винтовка;Қазақстан жасөспірімдер командасы (Олег Носков, Анастасия Григорьева) 10 м, пневматикалық винтовка;Кирилл Федькин (жасөспірімдер арасында) 10 м, тапанша;Айта кетейік, биыл құрлықтағы 23 мемлекеттен 320-ға жуық спортшы бәсекеге жиналды. Азия Кубогы 22 ақпанда аяқталады. 2-орында 3 алтын медалі бар Сингапур келе жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/939018
«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінің қорытындылары 21.02.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/938997
Үздік қызметі үшін сарбаз демалыс алды 21.02.2025
Жаяу әскер жауынгерлік машинасының жүргізуші-механигі қатардағы жауынгер Шахман Мұратов Қарағанды гарнизонының 31775 әскери бөлімінде қызмет атқарады. Аталған бөлімге жуырда Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов барған болатын.Сарбаздармен әңгіме кезінде қорғаныс ведомствосының басшысы Шахман Мұратовтың жалпы әскери жарғылар мен қызметтік міндеттерді мінсіз білетініне назар аударды. Оның нақты жауаптарын, жинақы саптық болмысы мен командирдің оң пікірін ескере отырып, Қорғаныс министрі жігітті 10 күндік демалыспен ынталандыруға шешім қабылдады.Бұл сарбазға да, оның отбасына да нағыз тосын сый болды. Қолына гүл ұстаған жауынгер анасы және туыстарымен қауышқанда бәрі қатты таң қалды.Шахман – Бақытбек пен Роза Мұратовтың жеті баласының тұңғышы, ал отбасындағы ең кенжесі – бір жарым жаста. – Ұлымыздың әскерге барам деген шешіміне түсіністікпен қарадық. Ер адам өз бетінше маңызды шешімдер қабылдай білуі керек, – деді сарбаздың анасы.Сарбаздың әжесі Дайла Маубаева немересінің ер жеткеніне сүйініп, демалысқа келгеніне өте қатты қуанды. Сарбаздың әкесі іссапарда екен, алайда ол да ұлымен бейнебайланыс арқылы сөйлесіп, қорғаныс ведомствосының басшылығына ризашылығын білдірді.Мерзімді қызмет аяқталғаннан кейін Шахман Мұратов Қорғаныс министрлігінің "Срочники 2.0" бағдарламасы бойынша оқуға түсуді жоспарлап отыр. Мұндай мүмкіндік мерзімді әскери қызметтен кейін беріледі. Сол сияқты жауынгерлік дайындықтың үздіктері ҰБТ-ны тапсырусыз тегін жоғары оқу орнына түсу құқығын пайдалана алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/939007
ЖОСПАР 2025: ШЫМКЕНТТЕ 22 ТҰРҒЫН ҮЙ МОДЕРНИЗАЦИЯДАН ӨТЕДІ 21.02.2025
Биыл «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында қала аумағындағы 22 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда: Әл-Фараби ауданы бойынша 15, Тұран ауданы бойынша - 6, Еңбекші ауданында - 1 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізіледі.Айта кетейік, былтыр қаладағы 15 көпқабатты тұрғын үй ағымдағы және күрделі жөндеуден өткен болатын. Модернизация бойынша күрделі жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған өтінішіне сәйкес қайтарымды қаржы негізінде атқарылуда.Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-іне өтінім бере алады. Мекен жайы: Республика даңғылы №12 «А» 3-қабат. “Тұрғын Үй Шымкент” ЖШС-іШымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/938993
ЖОСПАР 2025: ӘЛ ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ КӨШЕЛЕР ТОЛЫҚ АСФАЛЬТТЕЛЕДІ 21.02.2025
Ауданда ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше, даңғылдар мен өткелдер бар. 365 көше - асфальт, 25 көше -тас жол. Жергілікті тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруда биыл 25 көшеге асфальт салынатын болады.Қала тұрғындарының өтінішін қанағаттандыру үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде 344 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларындағы асфальт жолдары ретке келтіріледі.Қазіргі таңда аудан аумағындағы 390 көшенің 314-і жарықтандырылған. Биыл 76 көшеге жарықшам бағаналары орнатылып, жыл қортындысымен жарықтандыру көрсеткіші 100%-ды құрайды.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/938994
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ШЫМКЕНТКЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ 21.02.2025
Қаламызға жасаған жұмыс сапары аясында ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр негізгі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалармен танысты. Сапардың мақсаты – қалалық ортаны жақсартуға, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған бастамаларды бағалау.Нысандардың бірі 2024 жылы қайта жаңартылған Шымкент теміржол вокзалы болды. Оның ауданы екі есеге ұлғайып, өткізу қабілеті тәулігіне 6000 жолаушыға дейін өсті. Жобаға инвестиция 1,1 млрд теңгені құрады.Сонымен қатар Премьер-министрдің бірінші орынбасары 500 балаға арналған №2 Оқушылар сарайының қызметімен танысты. Мұнда оқушылар ғылым, өнер және спортпен шұғылдануға жағдай жасалған. Жалпы құны 254 млн теңге болатын жобаны іске асыру қаланың білім беру инфрақұрылымын жетілдірудің жарқын үлгісі болды.Сондай-ақ делегация сенімгерлік басқаруға берілген және 250 мың адамды электр қуатымен қамтамасыз ететін «Бозарық» қосалқы стансасының жұмысымен танысты.Әрі қарай Роман Скляр «Alsera KZ» жылыжай кешенінің құрылыс барысымен танысты. Ірі инвестициялық жоба аймақты жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз етуге және 5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға бағытталған. Инвестициялардың жалпы көлемі $650 млн, ал жоспарланған өндірістік қуаты жылына 155 мың тонна өнімді құрайды.Абаттандыру мәселесі, атап айтқанда, «Шымсити» саябағының құрылысы және 2 мың орындық «Tulip Hall» конгресс-холлының ашылуы мәселелері қаралды.Сонымен қатар Роман Скляр халықаралық деңгейдегі логистикалық орталық – «НМИ‑Юг» ЖШС көкөніс қоймасының жұмысымен танысты. Нысан әуежай мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолы жанында орналасқан. Жүктерді жедел өңдеуге арналған Cross Docking жүйесі бар орталық ауыл шаруашылығы ішкі және сыртқы нарыққа жеткізуді едәуір жеделдетуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар өңірді қосымша 100 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырған, инвестиция көлемі 27 млрд теңгені құрайтын «Кока‑Cola Алматы Боттлерс» БК ЖШС зауыты да қаралды.Жұмыс сапарының тағы бір пункті - Шымкент әуежайының жаңа терминалы. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдың желтоқсанында ашылды. а/к жобасын іске асыруға SCAT 24 миллиард теңге инвестициялады.2024 жылы Шымкент қаласының жалпы өңірлік өнімі 12%-ға, құрылыс көлемі 27%-ға, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 42%-ға артты. Тартылған инвестиция көлемі 9%-ға ұлғайып, 78,2 млрд теңгені құрайтын ірі 12 жоба іске асырылды, 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар қаланың индустриалды аймақтарында жалпы құны 225 млрд теңгені құрайтын 293 жоба іске асырылды. Бұл қолайлы инвестициялық ахуалды құру және қайта өңдеу өнеркәсібінде ауқымды жобаларды жүзеге асыру арқасында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.Премьер‑министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр аталған жобаларды іске асыру қарқынын жоғары бағалап, олардың Шымкент пен жалпы өңірдің әлеуметтік‑экономикалық дамуы үшін маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай бастамалар қалалық ортаны жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстан экономикасын нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/938996
Қопа ауылында жаңа спорт кешені ашылды 21.02.2025
Қопа ауылында жұрт асыға күткен жаңа ангар типті спорт кешені есігін айқара ашты.Кешеннің салтанатты ашылуына арналған шара ауыл ақсақалының батасымен басталды. Ақжаулықты аналар дәстүрге сай шашу шашып, қонақтарға бауырсақ таратты. Тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Ауыл жастары енді спорттың түр-түрімен айналысып, бос уақыттарын тиімді өткізе алады.Жаңа кешеннің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов жиналған жұртшылықты құттықтады.«Аудан спортының болашағы – бүгінгі жастарымыздың қолында. Біз Қопа ауылынан болашақ чемпиондар шығып, ауданымыздың ғана емес, тұтас еліміздің намысын халықаралық додаларда қорғайтынына кәміл сенеміз.Бүгінгі қуанышты күнде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге сәттілік тілеймін», – деді аудан басшысы.Жаңа спорт кешені заманауи талаптарға сай салынып, толық жабдықталған. Мұнда баскетбол, волейбол, күрес, шағын футбол алаңдары мен жаттығу залдары қарастырылған. Сондай-ақ, кешен аумағында футбол алаңы мен воркаут аймағы орнатылып, барлық спорттық құрал-жабдықтар жаңартылыпты.Спортшылар волейбол, футбол және күрес алаңдарында алғашқы жаттығуларын бастап кеткен.Спорт кешенінің ашылу рәсіміне ауыл тұрғындары, аудан әкімі және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Шыңғыс Шоқпытов қатысып, өзінің құттықтау тілегін жеткізді.Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың мамыр айында басталып, желтоқсанда толық аяқталды. Жобаның жалпы құны - 452,8 миллион теңге. Тапсырыс беруші – аудандық құрылыс бөлімі, бас мердігер – «АймарСтройСервис» ЖШС, ал техникалық қадағалаушы – «Гранд Тауэр Сервис» ЖШС.Ауыл ақсақалдары мен тұрғындар да өз кезегінде алғыстарын білдірді. Ауыл ақсақалы Жолдас Нұрымқанов мен Бәдегүл Бұзаубаева ел игілігі үшін жасалып жатқан игі істерге ризашылықтарын айтып, ақ баталарын берді. Сондай-ақ, спорт кешенінің жаттықтырушысы Ұлықбек Қалиолла жаңа нысан жасөспірімдер мен спортсүйер қауым үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/938995
Азиада-2025: Қай жеңіс ерекше? 21.02.2025
⛸️🥇Шорт-тректен Олимпиада бағдарламасына кіретін 5 000 метр қашықтықта ерлер құрамасы тарихи алтын медальді жеңіп алды. Жалпы қысқы Азиадаға барған 137 спортшымыздың арасынан тек Денис Никиша ғана әлем чемпионатының күміс жүлдесін еншілеген.✅🥉Қытай спортшыларының құрамы:🥇🥇2 дүркін Олимпиада чемпионы және 8 дүркін әлем чемпионы Шаонг Лю🥇Пхёнчхан Олимпиадасының чемпионы және 9 дүркін әлем чемпионы Лим Хё Джун🥇Пхёнчхан Олимпиадасының чемпионы және 3 дүркін әлем чемпионы Шандор Шаолинь Лю🥈Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сунь Лун✅4️⃣Оңтүстік Кореядағы танымал қарсыластар:🥈Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Пак Чан Хёк🥇Әлем чемпионы Пак Чи Вон⛷️🥇Фристайл-акробатикадан синхронды секіру сайысынар Роман Иванов пен Шерзод Хаширбаевтың тарихи алтын медалі.✅Жарыс жолында Бейжің Олимпиадасының чемпионы, 2 дүркін әлем чемпионы Ци Гуанпудан озды.⛸️🥈Шорт-тректен 3 000 метр қашықтықтағы әйелдер сайысының күміс жүлдесі.Жарыс жолында басты фаворит Оңтүстік Кореяны жүлдесіз қалдырды.✅4️⃣Оңтүстік Кореяның құрамы:🥇🥇2 дүркін Олимпиада чемпионы және 10 дүркін әлем чемпионы Сим Сок Хи🥇🥇2 дүркін әлем чемпионы Но До Хи🥇Әлем чемпионы Ким Гон Хи🥈Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ли Со Ён⛸️🥈Шорт-тректен 2 000 метр қашықтықтағы аралас командалық сайыста жерлестеріміздің күміс жүлдесі.Жарыс барысында кіл мықтылардан жасақталған Қытайды жүлдесіз қалдырды.4️⃣Финалдағы Қытай спортшыларының құрамы:🥇🥇2 дүркін Олимпиада чемпионы және 8 дүркін әлем чемпионы Шаонг Лю🥇Бейжің Олимпиадасының чемпионы және 10 дүркін әлем чемпионы Фань Кэсинь🥇Пхёнчхан Олимпиадасының чемпионы және 9 дүркін әлем чемпионы Лим Хё Джун⛸️🥈Конькимен жүгіруден 100 метр қашықтықта Евгений Кошкин әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ким Джун Хоны (Оңтүстік Корея) артқа қалдырып, осы қашықтықта бірінші мәрте жүлде алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938989
Азиада-2025: Қай сайыс түрлерінде алғаш рет жүлде бұйырды? 21.02.2025
Қытай елінде фристайл-акробатикадан рекордтық 11 жүлде салынып, бірнеше жаңа дисциплиналар қосылған еді.🆕⛷️🥇Фристайл-акробатикадан синхронды секіру бәсекесінен Роман Иванов пен Шерзод Хаширбаев дәл осы сайыстан тұңғыш рет жүлде алды.🆕⛷️🥈Фристайл-акробатикадан аралас командалық сайыста 15 жастағы Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев, Аяна Жолдас күміс медальді еншіледі.🆕⛷️🥉Фристайл-акробатикадан синхронды секіру бәсекесінен Ардана Маханова мен Аяна Жолдас қола жүлдегер атанды.🆕⛸️🥈Шорт-тректен 2 000 метр қашықтықтағы аралас командалық сайыста Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Мерсаид Жақсыбаев, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Ажғалиева, Ольга Тихонова бірінші мәрте жүлдегерлер қатарына кірді.🆕⛸️🥈Конькимен жүгіруден 100 метр қашықтықта Евгений Кошкин мәреге екінші болып жетті.🆕⛸️🥉Конькимен жүгіруден командалық спринт бәсекесінде Надежда Морозова, Кристина Силаева, Дарья Важенина үздік үштікке кірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938990
ШҚО әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаменті жағдайды бақылауда ұстап отыр 21.02.2025
Шығыс Қазақстан облысында «112» пультіне 9 ауданнан 50-ге жуық қоңырау түскен.Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.Қар көшкіні, сел жүруі тіркелген жоқ. Жер сілкінісі туралы ақпарат облыс тұрғындарының назарына жеткізілді.Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, тұрғындар арасында дүрбелең, толқу жоқ.Жер сілкінісі туралы ақпарат ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің барлық әлеуметтік парақшаларында: Telegram, Instagram, Facebook желілерінде, сондай-ақ ШҚО ТЖД сайтында және БАҚ-та дер кезінде жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/938980
ШҚО-да былтыр ауызсумен қамту бойынша 12 жоба жүзеге аcты 21.02.2025
Мемлекет басшысының халықты 100% таза ауыз сумен қамту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында 2024 жылы ШҚО-да жалпы құны шамамен 60 миллиард теңге болатын 30 жоба бойынша жұмыс жүргізіліп, оның 12-сі аяқталды.Оның ішінде Риддер қаласындағы Бутаково ауылы, Алтай ауданындағы Путинцево мен Малеевск ауылдары, Глубокое ауданының Малоубинка ауылы, Күршім ауданының Барақ Батыр ауылы, Шемонаиха ауданының Убинка ауылында сумен жабдықтау нысаны салынды, Өскеменде Халықтар достығы, Рабочая көшелерінде, Глубокое ауданының Степное ауылында, Самар ауданының Самар ауылында 2 сумен жабдықтау нысаны жаңартылды, Риддердегі Ботаника-3 тұрғын ауданында, Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында су бұру объектілері салынды.Сонымен қатар Риддер қаласы мен Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында 2 су бұру нысаны салынды.Нәтижесінде, қосымша үш жарым мыңға жуық адам таза ауыз суға қол жеткізді.– Жыл қорытындысы бойынша 213,8 км су құбыры желісі мен 14,5 км су бұру желісі салынып, қайта жаңартылды. Бұл су құбыры желілерінің тозуын 49,1%-ке, ал су бұру желілерінің тозуын 69,7%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Облыс тұрғындарының сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі 99,4% құрады», – деп мәлімдеді ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов.Оның айтуынша, биыл жалпы құны 65,2 млрд теңгені құрайтын 29 жоба жүзеге асырылуда. Оның 28-і бойынша мердігер ұйымдар анықталды, ал Серебрянск қаласындағы су жабдықтау жүйесін жаңғырту жобасы бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.Мемлекет басшысының халықты сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын толық орындау үшін 4060 адамды қамтитын 8 жобаға қосымша қаржыландыру қажет. Оның жалпы сомасы – 9,99 млрд теңге.Бұл жобалар 4 жаңа су құбыры құрылысы (Шемонаиха ауданының Большая Речка және Березовка ауылдары, Ұлан ауданының Отрадное ауылы мен Асубұлақ кенті) – 2613 адамды қамтиды. 3 қайта жаңарту жобасы (Катонқарағай, Үлкен Нарын және Бозанбай ауылдары) 999 адамды қамтиды. 1 қайта жаңарту жобасы (Өскемен қаласы) 448 адамды қамтиды.Жобаларды толық қаржыландыру Мемлекет басшысының барлық тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар облыс басшылығы 531,6 км су құбыры желісін қайта жаңартуды жоспарлап отыр. Бұл желілердің тозуын 1,8%-ке төмендетіп, 47,3%-ке дейін жеткізуге көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/938981
Қазақстан СІМ-де Франциямен көші-қон саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары белгіленді 21.02.2025
Астана, 2025 жылғы 10 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Франция Ішкі істер министрінің Арнайы өкілі Патрик Стефанинимен кездесу өткізді.Тараптар консулдық-құқықтық және көші-қон салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың мәселелерін талқылады.Ә.Бақаев Қазақстан мен Франция арасындағы серіктестіктің стратегиялық сипатын атап өтіп, француз тарапының көші-қон үрдісін басқару саласындағы күш-жігерін бағалады.Франция ІІМ өкілі заңды көші-қон саласындағы ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде жас ғалымдар, мамандар мен студенттерді қолдау шараларын ұсынды. Тараптар осы саладағы өзара іс-қимылдың перспективті бағыттарын белгіледі.Ерекше назар Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету мәселелеріне бөлінді. Қазақ тарапы іскерлік, білім беру және мәдени байланыстарды дамытуға жағдай жасайтын Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздерді бастауға Францияның қолдауына ризашылығын білдірді.Ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында қазақ тарапы инвестиция, инновация, мәдениет, спорт, ғылым және білім салаларындағы жаңа мүмкіндіктерді ашатын екі мемлекет арасындағы қызметтік сапарларды жеңілдетуге ұсынды.Кездесудің нәтижесі бойынша сұхбаттастар стратегиялық серіктестікті дамытуға және азаматтардың жұмылғыштығы үшін қолайлы жағдайлар жасауға, білім беру бағдарламаларын асыруға және көші-қон саласындағы ынтымақтастықты кеңейту саласындағы бірлескен жұмыстарды атқаруға дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/938974
Астанада кальян ұсынған бірнеше мекеме жауапқа тартылды 21.02.2025
Астана түнгі аралау барысында кальян барына ауқымды рейд жүргізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Түнгі аралау барысында 12 жеке тұлғаға және 3 ойын-сауық иесіне 700 мың теңгеден аса көлемде айыппұл салынды.Байқоңыр ауданында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 441-бабына сәйкес қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянды тұтыну фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша рейдтік шаралар жалғасуда.Жыл басынан бері Байқоңыр ауданында қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянды тұтыну бойынша барлығы 49 факті анықталған. Кальян шегетіндерге ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша айыппұл салынды.Мұндай рейдтер қаланың барлық ауданында елорда тұрғындары мен қонақтары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тұрақты түрде өткізіліп тұрады.Айта кетейік, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы 2013 жылдың 14 наурызында күшіне енген болатын. Заң бұзғандарға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап бұзғаны үшін – 20 АЕК. Ал мекеме иелеріне 20-дан 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/938954
Астанада алдағы оқу жылында қанша мектеп салынады 21.02.2025
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қалада салынатын мектептер туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Біздің басым міндеттеріміздің бірі – әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту. Олар – оқу орындарының, медициналық мекемелердің, балабақшалардың, студенттерге арналған жатақханалардың, Оқушылар сарайларының, қоғамдық кеңістіктердің (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар), аулалардың және т.б. құрылысы.Мәселен, мектеп туралы айтар болсақ, 2024 жылы білім ошағын 12,5 мыңнан астам оқушы тәмамдады. Ал сол уақытта бірінші сыныпқа 28,5 мыңнан астам бала барды. Бірінші сынып оқушыларының саны түлектер санынан 2 еседен асып түседі. Тиісінше қалада жыл сайын мектептер салу қажет.Қаланы аралау барысында М.Төлебаев пен Бурабай, Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен І.Жансүгіров көшелерінің қиылыстарында, сол сияқты Егемен Қазақстан, Иманов көшелерінде орналасқан бірқатар мектептің құрылыс барысымен таныстым.Өздеріңіз білетіндей, осы оқу жылының басынан бері 24 оқу орнын салып, қолданысқа бердік. Бұл – елорда үшін рекорд. Аталған мектептер екі ауысымда 66 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік берді. 24 оқу орнының – 16-сы жайлы мектеп. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа форматта 24 мектеп салынады. Бұл жайлы мектептер екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.Жаңа оқу жылында тағы 15 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Оқу орындарының құрылысына да жеке қаражат тартамыз.Сондай-ақ, жыл сайын педагог мамандығына гранттар бөле отырып, кадрлар даярлаумен айналысамыз. Қазіргі уақытта қала әкімдігінің гранты бойынша ЖОО-да 2 мың 200-ге жуық адам білім алып жүр», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/938976
ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Дания Еспаева «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінің жұмысымен танысты 21.02.2025
Жастар үшін ұсынылған сұранысқа ие мамандықтардың көрмесін аралады. Дания Еспаева бұл шараның кәсіби мамандар даярлауда аса маңыздылығын, мемлекет тарапынан техникалық және кәсіптік білімді қолдау бойынша жасалып жатқан жұмыстарды атап өтті. Айта кету керек, төрт күнде бұл ауқымды іс-шараны 40 000-ға жуық адам тамашалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/938953