Enbekshi QazaQ

Қуқық

Қазақстан мен АҚШ энергетикалық әріптестікті нығайтуда: CERAWeek 2025 кездесуінің қорытындылары 18.05.2025
Хьюстон, 2025 жылғы 12 наурыз - Халықаралық CERAWeek 2025 энергетикалық конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АҚШ Энергетика министрі Крис Райтпен кездесті.Кездесудің негізгі тақырыптары мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру, екі ел арасындағы Стратегиялық энергетикалық диалогты (СЭД) дамыту, энергия ресурстарын жеткізуді әртараптандыру және «жасыл» энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері болды.Министрлер Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ жобаларының іске асырылу барысын жан-жақты талқылады. Қазақстандық тарап бұл жобаларға америкалық инвестициялар мен технологияларды тартудың маңыздылығын атап өтті.СЭД аясында тараптар парниктік газдар шығарындыларын азайту, жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту, бейбіт атом энергетикасы саласындағы өзара іс-қимыл және стратегиялық маңызы бар материалдарды өндіру сияқты бағыттар бойынша ынтымақтастық перспективаларын қарастырды. Қазақстан шағын модульдік реакторларды (SMR) әзірлеу және пайдалану бойынша АҚШ тәжірибесін зерттеуге қызығушылық білдірді.Кездесуде Қазақстан мұнайын тасымалдау маршруттарын әртараптандыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Министр Сәтқалиев Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің маңыздылығын атап өтіп, оның дамуына АҚШ-тың қолдау көрсететініне сенім білдірді.Тараптар, сондай-ақ, санкциялық шектеулердің қазақстандық мұнайды әлемдік нарыққа тұрақты жеткізуге әсер ету мәселелерін талқылады.«Қазақстан мен АҚШ энергетика саласында стратегиялық серіктестер болып табылады. Біз өзара ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз және оны одан әрі кеңейту үшін, әсіресе “жасыл” энергетика және жаңа технологиялар саласында, зор әлеует көріп отырмыз. Ортақ күш-жігеріміз жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тұрақты дамуға елеулі үлес қосады деп сенемін», – деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/955639
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ ҚАТАРЫНДАҒЫ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРЫЛУШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ 18.05.2025
2025 жылғы 3 наурыз - 5 сәуір аралығында мерзімді әскери қызметке көктемгі шақырылым аясында ҚР МКҚ өкілдері барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда үміткерлерді таңдау және зерделеу жүргізеді. Үміткерлерге келесі талаптар қойылады: жасы 18-27 арасында, бойы 180 см-ден төмен емес, орта мектеп, колледж немесе университет бітірген, денсаулығы жақсы. Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разряды бар шақырылушыларға басымдық беріледі.ҚР МКҚ қатарына өткен шақырылушылар мерзімді қызметін Астана және Алматы қалаларындағы 0112 және 0111 әскери бөлімдерінде атқарады.ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарында мерзімді қызмет сарбаздары Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қорғау, рәсімдік және протоколдық іс-шараларға қатысу, ҚР Мемлекеттік Туы мен ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы эталондарын күзету секілді айрықша міндеттерді атқарады.ҚР МКҚ әскери бөлімдерінде мерзімді қызмет атқару барысында жас сарбаздар тәжірибелі нұсқаушылық құрамның жетекшілігімен әскери іске үйренеді, жауынгерлік және арнайы даярлық сабақтарында әскери мамандықтарды меңгереді. ҚР МКҚ мерзімді қызмет сарбаздарының әрі қарай кадрлық тұрғыдан өсуге мүмкіндігі бар. Мерзімді қызмет аяқталған соң олар өз қалауы бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыра алады, одан әрі арнаулы мемлекеттік органның қызметкері және офицері болып, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді атқара алады.ҚР МКҚ мерзімді қызмет сарбаздары үшін Қазақстан Республикасында мерзімді әскери қызмет атқарған азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша белгіленген барлық жеңілдіктер қолданылады.Барлық қосымша сұрақтар бойынша +7 776 800 27 28 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/955403
Қарағанды облысының өзендерінде су тасқынының алдын алу үшін мұз бұрғылау жұмыстары жүргізілуде 18.05.2025
Қарағанды облысында су тасқынының алдын алу шаралары жалғасуда. Нұра өзенінде Бұқар жырау ауданының Ғ. Мұстафин атындағы кентінде мұз бұрғылана бастады. Бұл шара мұз кептелісі болмауы үшін қажет. Мұз бұрғылау мұз жүру кезінде өзендердің толып кетпеуіне мүмкіндік береді.Ғарыш мониторингінің мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда облыс аумағының 75% қар басқан.Өңірдің ірі су қоймаларынан – Самарқанд, Ынтымақ және Шерубай-Нұрадан секундына 10-нан 15 текше метрге дейінгі көлемде төгінділер жүргізілуде. Бұл өзен арналарын жуу және тасқын суларды қабылдау үшін бос сыйымдылық дайындауға қажет.Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/955930
Құрметті Алматы облысының тұрғындары! 18.05.2025
🗳 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.Әрбір азамат өз пікірін білдіріп, дауыс беруге қатыса алады.📌 Өзіңізді сайлаушылар тізімінен алдын ала тексеріңіз:🌐 Сайт арқылы:1️⃣ Сілтеме арқылы өтіңіз: https://sailau.almobl.kz2️⃣ ЖСН енгізіңіз3️⃣ «Тексеру» батырмасын басыңыз4️⃣ Өз сайлау учаскеңіз туралы ақпаратпен танысыңыз🤖 Telegram-бот арқылы:1️⃣ Сілтеме арқылы өтіңіз: https://t.me/sailau_almobl_bot2️⃣ «Бастау» батырмасын басыңыз3️⃣ ЖСН енгізіңіз4️⃣ Сайлаушылар тізімінде бар-жоғын және сайлау учаскеңізді біліңіз📞 Call-орталық арқылы:109 нөміріне қоңырау шалыңызҚоңырау шалу тегін. Мамандар сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді.✅ Тексеру бар болғаны бірнеше минутты алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1165714?lang=kk
Қазақстан ТЖМ әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшілері сұранысқа ие жұмысшы кәсіптерін игереді 18.05.2025
2025 жылды жұмысшы кәсіптер жылы деп жариялаған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру шеңберінде Төтенше жағдайлар министрлігі әскери қызметшілерді қажетті мамандықтарға оқытуды жалғастыруда. Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі, Ж. Жабаев атындағы кәсіптік колледжі және Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты арасында жасалған меморандум негізінде мерзімді әскери қызметшілер, аспазшы, автомеханик, слесарь, шаштараз, газ дәнекерлеуші, электрик сияқты мамандықтар бойынша оқудан өтеді. Мерзімді қызмет аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер біліктілік туралы куәлік алады, бұл оларға мансаптарын сенімді құруға және қазіргі еңбек нарығының талаптарына бейімделуге мүмкіндік береді. «Біз жастарды әскери қызметке дайындап қана қоймаймыз, сондай-ақ оларға болашақ үшін берік негіз болатын білім мен дағдыларды үйретеміз. Бұл олардың армиядан кейінгі кәсіби қалыптасуы мен табысты өміріне қосылатын маңызды үлес», — деп төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов атап өтті. Қазақстан ТЖМ бастамасы жастарды қолдауға және жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға, олардың одан әрі кәсіби өсуі мен өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/956550
Қарулы күштердің 7000-нан астам әскери қызметшісі су тасқынына қарсы тұруға сақадай сай 18.05.2025
Қорғаныс министрлігі бірінші нұсқаумен су тасқынына қарсы күреске ұдайы дайын тұрған 7 мың әскери қызметші мен 500 бірлік техника бөлуге әзір.Қажет болған жағдайда әскери-көліктік авиацияның тікұшақтары мен ұшақтары, барлау жүргізуге арналған ҰҰА, ойлы-қырлы жерлермен жүретін техника, понтондық көпірлер, жүзетін транспортерлер және дезинфекция жүргізуге арналған арнайы техника жұмылдырылатын болады.Өткен жылғы тәжірибені ескерсек, қорғаныс ведомствосы Төтенше жағдайлар министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен және басқа да қызметтермен алдын ала өзара іс-қимыл жасап, ақпарат алмасуды ұйымдастырды.Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарындағы аумақтық қорғаныс бригадаларының жеке құрамы су тасқынының алдын алу іс-шараларына жұмылдырылды.Солтүстік Қазақстан облысында 99275 әскери бөлімінің жауынгерлері Подгара және Тепличный елді мекендеріндегі көктемгі су тасқыны қаупін азайту мақсатында бөгеттерді күшейтуге атсалысуда. 14 наурыздан бастап олар 1500 қап құм дайындады.– Біздің барлық жұмысымыз атқарушы органдармен және жергілікті қызметтермен келісіледі. Ауылдар мен инфрақұрылым нысандарын қорғау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Біз су тасқынына тосқауыл қою үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді 99275 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Қуанышбай Әбдіқайымов.Ал, Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауылындағы үйлерді су басу қаупіне байланысты 99250 әскери бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. Дерқұл өзенінің жағасында жауынгерлер 300 қап құм дайындап, төседі.Ақтөбе қаласындағы алдын алу шараларына Әуе қорғанысы күштері әскери институтының 140 курсанты мен 30238 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі 400 сарбазы қосылды. Олар қардың тез еруі және жауын-шашын кезінде ағыстың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін су арналары мен арықтарды тазартумен айналысуда. Қар тазалау жұмыстарына арнайы техника жұмылдырылған.Қостанай облысы әкімдігінің сұрауы бойынша 99260 әскери бөлімінің әскери қызметшілері су басу қаупі бар деген Арқалық қаласына жіберілді.Қорғаныс ведомствосы жеке құрам мен техниканы қауіпті аймақтарға жіберу және ол жерге орналастыру алгоритмдерін нақтылап қойды. Жағдай ушыққан жағдайда өзен жағалауларын нығайту үшін қосымша 1000 жауынгер, 130 бірлік техника және су тасқынына қарсы габиондар бөлінетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/957599
Шаңырақ күні Ақтөбе периниталдық орталығында жаңа туған нәрестелерге бесіктер таратылды 18.05.2025
Шаңырақ күні жалпыұлттық Наурызнаманың онкүндігі аясында атап өтілді. Мереке отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттауға бағытталды. Бұл күні облыстық перинаталдық орталықта «Бесік тарту» атты ерекше іс-шара өтті, онда он жаңа туған нәрестелерге ұлттық өрнектермен бедерленген бесіктер тарту етілді. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев мереке қарсаңында нәрестелі болған аналарды құттықтап, жылы лебізін білдірді. «Бүгін біз жылулыққа, қамқорлыққа және ежелгі дәстүрлерімізге құрметпен қарайтын ерекше күнді атап өтудеміз. «Бесік тарту» акциясы арқылы сәбиге қамқорлық жасап, оның денсаулығы мен әл-ауқатына ерекше маңыз беретін ұлттық құндылықтардың бірін жандандырдық десек артық етпес.Мемлекет басшысы өз сөзінде дәстүрлерімізді сақтау мен дамытудың, отбасылық құндылықтарды нығайтудың және ана мен баланы қолдаудың маңыздылығын үнемі алға тартады. Соның негізінде өмірде өз жолын енді ғана бастаған – жаңа туған нәрестелер мен олардың аналары басты назарда. Бесік - бұл жай ғана құрал емес, әр үйдегі, әр отбасындағы бейбітшілік, жайлылық пен амандықтың символы іспеттес. Балаларыңыз сау, бақытты және сүйіспеншілікке бөленіп өссін. Үйлеріңізден сәбидің күлкісі кетпесін, ал дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін», - деді Ерлан Сұлтангереев.Облыс бойынша Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Саида Сәдуақасова мен айтыскер ақын Жұлдыз Қожабекова да аналарға деген өз ізгі тілектерін жеткізді. Олар «Бесікке салу» дәстүрінің жай ғана салт емес, баланың денсаулығы мен ананың жан тыныштығына деген қамқорлықтың көрінісі екенін тілге тиек етті. Айта кету керек, облыста наурыздың 15-нен 16-сына қараған түні он бес бала дүниеге келді. Сәбилер мен аналардың денсаулығы қалыпты. Бақытты аналардың арасында 28 жастағы Айсара Қарамырза бар. Ол 16 наурызда таңғы сағат бесте үшінші сәбиін дүниеге әкелді.«Менің ұлым мен қызым бар, ал бүгін тағы бір батырдың анасы атандым. Екі үлкенім де бесікте өсті, өз басым оны дұрыс деп есептеймін. Бесікте жату сәби үшін өте ыңғайлы және жылы. Мұндай құнды сыйлық үшін алғысым шексіз», - деп қуанышымен бөлісті ол. Жас ана Інжу Жолдыбайқызы тұңғыш қызы Сафураны дүниеге әкелді. «Дәрігерлер мен акушерлерге рахмет, бәрі ойдағыдай өтті. Менің бірінші нәрестемнің дүниеге келуіне орай осындай сыйлық алу өте тамаша. Бұл қамқорлық пен қолдаудың көрінісі, мен бұл әдемі дәстүрдің біздің отбасымызда жалғасатынына қуаныштымын», - деді Інжу.Құттықтаулардан бөлек, жас аналарға денсаулық пен тәрбие тұрғысынан ежелгі дәстүрлердің пайдасы туралы кеңірек айтылды. Ұйымдастырушылар «Бесік тарту» халықтың бірлігін, жылуы мен қамқорлығын насихаттайтын игі дәстүрге айналатынына сенім білдірді. Шаңырақ күні мерекесі отбасы құндылықтарын, ата-баба мұрасын құрметтеуді және дәстүрлерге ұқыпты қараудың маңыздылығын тағы бір еске салды. Өйткені, берік шаңырақ - болашақ ұрпақ үшін мықты іргетас.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/957733
Қазақстан мен Ресей су тасқынына дайындық аясында трансшекаралық өзендер бойынша күн сайын ақпарат алмасады 18.05.2025
Су тасқынына дайындық аясында Қазақстан мен Ресей екі ел арасындағы барлық трансшекаралық өзендер бойынша күнделікті ақпарат алмаса бастады. Деректермен алмасу су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін жалғасады.Жыл басынан бері су тасқыны кезеңіндегі өзара іс-қимыл жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен жұмыс тобының екі отырысы өтті. Кездесуде тараптар су қоймаларының белгіленген және жоспарланған жұмыс режимдері туралы дерек алмасты, сондай-ақ су қоймаларына су ағыны және трансшекаралық өзендердегі күтілетін су деңгейі бойынша болжамдармен бөлісті.«Қазіргі уақытта Қазақстанның өзендері мен су қоймаларындағы су деңгейіне тұрақты бақылау жүргізілуде, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Су қоймаларында тасқын суды қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін бос сыйымдылықтар қамтамасыз етіледі. Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтетін Ертіс пен Жайықты қоса алғанда 240 шақырым өзен арнасы тазартылды», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/959147
Қазақстан мен Қытай бірлесіп қандай көлік саласындағы жобаларды қолға алды – салалық ведомствоның мәліметі 18.05.2025
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Бейжіңде өтетін Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 12-отырысы қарсаңында 16-17 наурыз күндері Көлік министрі Марат Қарабаев Қытайдың жетекші компанияларымен бірқатар келіссөз жүргізді.1.Авиация саласындағы ынтымақтастық мәселелері, атап айтсақ, «CAMC Engineering» компаниясының президенті Ли Хайсинмен Қытайдан Орталық Азия мен Еуропа елдеріне жүк транзитін қамтамасыз ететін әуехаб құру мәселесі талқыланды. Тараптар бұл бастаманы ведомствоаралық деңгейде одан әрі пысықтауға келісті.2.Тачэн округі партия комитетінің хатшысы Чжи Сяньвэймен кездесуде шекара инфрақұрылымын тексеріп, оның өткізу әлеуетін арттыруға бағытталған бірлескен қадамдар жасауға келісті. Сондай-ақ, Қытай тарапы аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.3.«Chinacai Finance Investment Co., Ltd.» компаниясының басқарушы серіктесі Линь Цзяньцзюньмен бірге құны 1 миллиард АҚШ долларын құрайтын инвестиция тарту арқылы технологиялық және логистикалық парк салу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, тараптар Бақты шекара бекетінде заманауи уақытша сақтау қоймасын ашуға ортақ қызығушылық танытты.4.Қазақстанда арнайы техника өндірісін жергілікті деңгейде дамыту мәселесі бойынша XCMG компаниясының вице-президенті Лю Цзяньсэнмен келіссөз жүргізілді. Тараптар еліміздегі жол-құрылыс техникасына деген сұраныстың артуына байланысты бірлескен өндіріс құру мәселесін қарастырып, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті.5.China Henan Airlines компаниясының бас директорының орынбасары Цяо Чангенмен Түркістан қаласының әуежайын дамыту жобасын бірге іске асыру жайы талқыланды. Жобаға Түркістан облысы әкімдігі де қатысады.6.China Silk Road Fund қорының бас директоры Цай Сюэсюньмен өткен кездесуде Қазақстанның көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасына шетелдік инвестиция тарту мәселесі талқыланды. Инвесторлардың қызығушылығы автожолдарды қайта жаңарту, теміржол желілерін кеңейту, порт инфрақұрылымын дамыту және басқа да стратегиялық жобаларға бағытталмақ. Қаржы институты өңірлік және халықаралық сауданы ілгерілетуге арналған жобаларға қаржы құюға дайын екенін білдірді.7.«SP Qingdao Port Group» директорлар кеңесінің мүшесі Чжан Баохуамен өткен кездесуде Қазақстандық порттарды одан әрі дамыту мәселесі талқыланды. Тараптар порттардың инфрақұрылымын жаңғырту, өткізу қабілетін арттыру және көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жайын сөз етті. Сондай-ақ, порттарды дамытуға заманауи технологияларды енгізу және логистикалық процестерді тиімді ұйымдастыру арқылы олардың жұмысын жақсарту мәселелерін қарады.8.China Communications Construction Company төрағасы Ван Тунчжоумен келіссөздер барысында Қазақстанда теміржолдар салу және порт инфрақұрылымын дамыту мәселелері қарастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/959796
ШЫМКЕНТТЕ ӨТІП ЖАТҚАН "ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ" АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ 18.05.2025
Биыл Ұлы жеңіске - 80 жыл. Осыған орай Шымкентте өтіп жатқан "Ерлікке тағзым" акциясы аясында бірқатар тазалық іс-шаралары қолға алынды. Онда соғысқа қатысқан жауынгерлерге арнап орнатылған ескерткіштер жаны тазаланды.Солардың бірі қаланың Тәуке хан даңғылы мен Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысында орналасқан қазақтың батыр перзенті Бауыржан Момышұлының ескерткішінің маңайы тазартылып, ескерткіш жуылды.Оған шымкенттік белсенді жастар мен тазалыққа жауапты жұмысшылар қатысты.Бауыржан Момышұлы - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/980499?lang=kk
ТАЗА ҚАЛА - ЖАЙЛЫ ӨМІР: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ 18.05.2025
2025 жылғы 23 сәуірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласы Қаратау ауданының «Нұрсәт» шағынауданында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.Аталған іс-шараға аудан әкімдігі мен коммуналдық мекемелердің қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындардан құралған 150-ге жуық адам қатысты. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына 4 арнайы техника тартылды.Акция барысында 5 ауланың шөбі орылып, 14 текше метрге жуық тұрмыстық қалдық пен күл-қоқыс арнайы полигонға шығарылды.«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға, санитарлық жағдайды жақсартуға және қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.Қаратау ауданы әкімдігі алдағы уақытта да осындай экологиялық іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып, тұрғындарды белсенді қатысуға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/982083?lang=kk
ШЫМКЕНТТІ БІРГЕ ТАЗАРТАЙЫҚ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ 18.05.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжат еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту, экологиялық білім мен мәдениетті дамыту сияқты маңызды бағыттарды қамтиды.Шымкент қаласындағы 150 мектепте «Табиғатты аялайық» атты экологиялық сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, тазалық сақтау мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат алды. Экологияға қатысты білімдерін шығармашылық жобалар арқылы көрсетті. «ЖАС ЭКОЛОГТАР» тобы мүшелері өз ойларын суреттер, акциялар, экослеттер арқылы бейнелеп, табиғатты қорғауға қатысты белсенді ұстанымдарын танытты.«Табиғатты аялайық» атты жоба – экологиялық мәдениетті дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл бастама арқылы жас буын табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиеленіп, жасыл болашақтың кепілі бола алатынын көрсетті,-дейді мамандар.Айта кетейік, «Табиғатты аялайық» жобасы Шымкент қаласындағы барлық орта білім беру ұйымдарында тұрақты түрде өткізілуде. Экологиялық тәрбие беру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/983145?lang=kk
“КІТАП ОҚЫМАЙ ӨМІРДІ БІЛУ МҮМКІН ЕМЕС” 18.05.2025
Стористі емес, кітапты ашОсыдан он шақты күн бұрын Лаура Тастанбек әріптесімнің кішкентай оқушы қызын кітап оқуға үйреткенін көріп, балалық шағым есіме түсті. Менің анам мен апам(нағашы әжем бізбен тұратын) да кітапты дауыстап оқығанымды қалайтын. «Біз де тыңдаймыз, сенің де есіңде қалады», дейтін. Рас. Күрделілеу сөйлемдерді қайта оқимын, мамам мен апам жарыса түсіндіреді. Апам ғой, өміріндегі ұқсас сәттер есіне түсіп кетсе, «өз кітабын» ақтаратын... Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айшасын» осылай бір жылап, бір күліп отырып, бірнеше рет бірге оқығанбыз. Бұрыңғы жылдардың қиямет кезеңдеріндегі оқиғаларды еріксіз еске түсіретін «Құпия қойма» кітабын да талай қайталап оқыдық. Кітаптың қызығына батқанымызда апам жарықтықтың иіріп отырған ұршығы жайында қалатын. Ашаршылық жылдары, одан кейінгі қуғын-сүргін азабын ағасымен бірге тартқан кезін айтып беруші еді...Сіз жылайсыз, енді оқымаймын дейм. Оқи бер, енді жыламаймын деп қояды. Мені кітап оқысын дегені екен ғой...Ал, Шара Жиенқұлованың «Өнерім-өмірім» кітабы мамама қатты ұнайтын. Алғаш рет биші қыздың өмірі туралы повестің үзінділерін Жұлдыз журналынан оқыған екен. Кейіннен кітап болып шыққанда кітапханадан жаздырып алып бірге оқыдық(Сол 7 сыныпта биші болғым келіп, Мәдениет үйіндегі би үйірмесіне жазылғам. Бірақ екі ай ғана бардым). Кейіннен «Биші Шара» туралы фильмді көргенде, ол эпизодтарды мен бұрын көріп қойғандай мәз болып отырғаным есімде.Кітап оқу, оқыған шығарманы талдау - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Манат Әлиева апайымыздың сүйікті ісі еді. Раушан коммунист пен Шұғаның белгісін класста дауыстап кезекпен оқытатын. Сол әдіс дұрыс негізі! Алғашқыда тыңдағысы келмей, сөйлеп отыратын ұлдардың өзі бір кезде ұйып тыңдап, қоңырауға да шықпаушы еді.Бір кітап талай естелікті еске түсірді... Мектептерде кітап оқу, талдау немесе оқырмандар клубын жандандыру керек. Қаладағы кітапханаларда ондай клубтар бар. Жастар барады, 2-3 рет мен де бардым кездесуге. Бірақ сол әдемі сабақты мектепте қажеттілікке айналдырса деген ойым бар. Балалар бірге оқитын кітабын өздері таңдасын. Бастаса, жүйеленетіні анық. Бұған бірінші кезекте мұғалімі құмбыл болса, ұл-қыздар қызыға түсер еді. Ең маңыздысы, әрине, кітап оқу отбасында қалыптасса құба-құп. Бір емес бірнеше сағатын ұялы телефонға ысырап ететіндер сол уақыттың 40-60 минутын кітап оқуға қиса ұтылмас еді. Болмайтынды айтып...дерсіз. Дей беріңіз. Қараңызшы, мысалы, Исландия елінде әр 10-шы адам өмірінде бір кітап жазып шығарады екен (соңғы кезде кітап жазатындар бізде де көбейген). Ал халқының шамамен 93%-ы жылына кемінде бір кітап оқиды екен.Үндістандықтар жылына орта есеппен 16 кітап оқиды, бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Қытайда тұрғындар аптасына орта есеппен 8 сағат кітап оқиды екен. Күніне 1-1 жарым сағат деген сөз. Біздің де оқуға мүмкіндігіміз бар!Ұлттық кітап күні деп сәуірдің әдемі күнін белгіледік. Қалған күндері кітапты елемеуге болады деген сөз емес. Керісінше, жыл бойы өзіңізге дос болар кітапты оқып, қарап, осы күні есеп беретін күн сияқты. Әрі, бұл тек оқырмандарға емес, жазатын жандарға да шабыт сыйлайтын күн. Кешегі күні орталық қалаларда кітап көрме-жәрмеікелері ұйымдастырылды. Соны жылына бір рет емес, тоқсан сайын өткізсе де болады. Әлеуметтік желіге суретін салып, есеп беру үшін ғана емес. Оқырман ағылып келіп, жазушысын, ақынын, баспагерін іздейтіндей қылып. Кітап оқу марафондары да қызып жатса...Мемлекет елдегі кітапхана қорын толтыру үшін соңғы 10 жылда 10 миллионға жуық шығарманы басып, таратты. Енді сол шығармаларды оқып. оқуға баулу керек. Үйде, мектепте, барлық ортада.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/983150?lang=kk
ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ - ВОЛОДАРСКИЙ КӨШЕЛЕРІНІҢ ҚИЫЛЫСЫ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА АШЫЛДЫ 18.05.2025
Қонаев даңғылы - Володарский көшелерінің қиылысы көлік қозғалысы үшін ашылды.Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары аясында Володарский көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысында автомобиль жолы өткелінің құрылысы жүргізілуде. Осыған байланысты Володарский және Рашидов көшелері көлік қозғалысы үшін ашық екенін хабарлаймыз.2025 жылғы 2 мамырдан бастап жолдың ашылуына байланысты №6, №27, №57, №60, №84, №147 бағыттарындағы қоғамдық көлік маршруттары бұрынғы бағытымен қайта жүре бастайды.Уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/988646?lang=kk
ШЫМКЕНТ-ТАШКЕНТ БАҒЫТЫНДАҒЫ ВЕЛОМАРАФОНЫ БАСТАЛДЫ 18.05.2025
Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында Шымкент-Ташкент веломарафонның ашылу салтанаты өтті. Жыл сайын көктемде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан велошеруге биыл еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген 100-ге жуық спортшы қатысты. Бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шараның ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек пен ҚР велоспорт федерациясының президенті Райымбек Баталов сөз сөйлеп, веломарафонға қатысушыларға сәттілік тіледі. — Мемлекет басшысы елімізде бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударып отыр. Бұл үрдіс Шымкент қаласында да жалғасын тауып келеді. Бүгінде қала тұрғындарының бұқаралық спорт және дене шынықтырумен айналысуына қолайлы жағдай жасалып, қажетті инфрақұрылым желісі дамып келеді, — деген Сәрсен Абайұлы веломарафонға қатысушыларға ақ жол тіледі. Айта кетейік, Шымкент пен Ташкент қалаларының арақашықтығы 125 шақырымды құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/988801?lang=kk
№1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН 18.05.2025
Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, аурухананың А, Б және С корпустары мен жылу қазандығы, сондай-ақ, зертханасы күрделі жөндеуден өтуде.Бүгінде жөндеу жұмыстары тек Б корпусында жалғасып жатыр. Аурухананың басқа бөліктерінде жұмыс аяқталып, олар пайдалануға берілген.Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған.«Шымкент келбеті»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/988874?lang=kk
Ұлы Жеңіске 80 жыл: бала жүректен туған бейнелер 18.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының қабырғасында ерекше мазмұндағы іс-шара өтті.6-13 жас аралығындағы қызметкерлердің балалары арасында "Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды" атты сурет байқауы ұйымдастырылды.Байқаудың басты мақсаты — бала қиялы мен сезімі арқылы тарихқа тағзым етіп, жеңістің қадір-қасиетін ұғындыру, ұлт рухын дәріптеу. Әр сурет — соғыстың зардабын жүрекпен сезініп, бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге деген шынайы алғыс пен құрметтің көрінісі.Барлығы 28 бала қатысқан бұл байқауда жас суретшілер өздерінің әсерлі туындылары арқылы көрермен көңілінен шықты.Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар төмендегідей анықталды:І орын — Құлымбетова ДанельІІ орын — Таткенова Таифа және Амангелді АлауІІІ орын — Жақсылықова Алина, Тлектес Темірлан АйдосұлыЖүлдегерлер академия бастығының алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Бұл байқау — өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруда, бейбіт өмірдің бағасын ұғындыруда маңызды қадам болды. Бала жүректен шыққан суреттер — өткен мен бүгінді жалғаған руханиАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/990573?lang=kk
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ШЫМКЕНТТЕ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА 18.05.2025
Бүгінде Шымкент қаласында мүгедектігі бар азаматтарға арналған бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда.Бозарық шағынауданында 150 орынға лайықталған оңалту орталығының құрылысы басталды. Нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда.Психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан азаматтарға арналған №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының аумағынан қосымша 50 орындық ғимарат салынуда. Нысан жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.№2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары аяқталып, мемлекеттік сараптамаға ұсынылуда.№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар биыл тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда.Биыл 3-18 жас аралығындағы психоневрологиялық және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған 150 орындық жаңа орталық ашу көзделіп отыр.18-35 жасқа дейінгі азаматтарға арналған 50 орындық арнайы мекеме де биыл ашылады. Екі нысанның да құрылыс жұмыстары мамыр айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.Бұл бастамалар мүгедектігі бар жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болары сөзсіз.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/990597?lang=kk
ТҮРКІСТАННАН ШЫҚҚАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ: АНАРБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ 18.05.2025
Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округіне қарасты Сынтас ауылында Ұлы Отан соғысында ерліктің үлгісін көрсеткен абыз ақсақал тұрады. Ол 1926 жылы Жаңатұрмыс колхозында дүниеге келген. 1944 жылы 18 жасқа толғанда әскер қатарына шақыртылып, Семей қаласында әскери дайындықтан өтіп, Белорусь майданына жөнелтілген. Батыр жауынгер 1-пулеметшілер құрамында, атақты маршал Г.Жуков басқарған әскердің сапында шайқасқан. Ол - Анарбай Мырзахметов.Майдангер алғашқы ұрысын Польша жерінде бастап, Варшаваны азат ету операцияларына қатысқан. 1945 жылдың мамырында Беларусь фронтының жауынгері ретінде Эльба өзеніне жетіп, Магдебург пен Бланкенбург қалаларын азат етудегі ауыр шайқастарда ерлік көрсеткен. Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған Анарбай ақсақал 1946 жылға дейін Германияда әскери міндетін атқарған. Кейін 1948 жылы Иванов қаласында әскери борышын толық аяқтап, 1950 жылы елге оралады.Соғыстан кейін бейбіт өмірге араласып, жүргізуші, кейін ферма меңгерушісі қызметін атқарған. Жұбайы Шәман Мырзахметовамен бірге 10 ұл-қыз тәрбиелеп, бүгінде 47 немере, 93 шөбере және 2 шөпшек сүйіп отыр.Анарбай Мырзахметов - «Берлинді алғаны үшін», «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/991296?lang=kk
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАНДАР ТҮРКИЯДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ 18.05.2025
Түркияда 20 жасқа дейінгі балуандар арасында өткен “VICTORY CUP” халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар қатарында Түркістан облысының өрендері де ерекше көзге түсіп, ел қоржынына үш бірдей медаль салды.Атап айтқанда, 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Махдия Усманова тамаша шеберлік пен табандылық танытып, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді. Ал 76 келі салмақта бозкілемге шыққан Меруерт Назарбаева күміс жүлдеге қол жеткізсе, 59 келіде сынға түскен Балнұр Нұрлан қола жүлдені еншіледі.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/993647?lang=kk