Шет ауданында ТЖ режимі енгізілді
24.02.2025 03:08:28 253
Шет ауданында энергиямен жабдықтау жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі енгізілді.
«Шет-Энерго» «Жезқазған электр тарату желісі компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын беру жөніндегі талаптарын орындамайды. Осыған байланысты ауданда электр қуатын беруге шектеу қойылды, бұл туралы Шет ауданының әкімі өз әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
«Шет-Энерго» көп жылдар бойы электр желілерін жаңғыртуға қаражат салған жоқ. Бұл энергиямен жабдықтаудың жүйелі іркілістеріне әкелді.
Тұрғындар жиі өшірілуден зардап шегеді, тек жарықсыз ғана емес, жылусыз да қалады. Тұрақты ескертулерге қарамастан, «Шет-Энерго» қызметтерінің сапасы жақсармай тұр.
Аудан әкімдігі электр энергиясын беруді қалпына келтіру үшін жергілікті ауқымдағы ТЖ режимін жариялады.
Бұл қадам энергиямен жабдықтау саласында тәртіп орнатуға, сапалы қызметтерді қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/943062