Владислав Киреев Азия ойындарында екінші медаль жеңіп алды

Владислав Киреев Азия ойындарында екінші медаль жеңіп алды

21.02.2025 04:17:15 627

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында биатлондағы соңғы марапаттар ойнатылды. Қазақстан ерлер командасы эстафетада Жапония құрамасына есе жіберіп, екінші орынды иеленді.
Күміс медальді Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Кирилл Бауэр және Владислав Киреев құрамындағы біздің квартет жеңіп алды. Жарысқа жеті елдің командалары қатысты.
Бұл қазақстандық биатлоншылардың IX қысқы Азия ойындарындағы төртінші медалі. Бұған дейін жеке жарыста Теміртау қаласының тұрғыны, Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі Владислав Киреев чемпион атанса, Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.
Қазақстанның әйелдер құрамасы да эстафетада үздік үштікке енді.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/937296